Лекция:: 30 Лабораториялық: 15 Обсөж 45 СӨЖ



жүктеу 4.49 Mb.
бет17/24
Дата25.04.2016
өлшемі4.49 Mb.
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
: CDO -> 2013-2014
2013-2014 -> Лекция: 30 сағат лбс: 15 сағат С¤Ж: 45 сағат обс¤Ж: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағ
2013-2014 -> Лабораториялық сабақтардың әдістемелік нұсқауы Пән: Омыртқалылар зоологиясы
2013-2014 -> Лекция: 30 сағат Практикалық: Лаборатория: 15 сағат обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Барлық сағат саны: 135 сағат
2013-2014 -> Курс жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұСҚАУ
2013-2014 -> Лабораториялық сабақтардың Әдістемелік нұСҚауы пән Компьютерлік желілер Мамандық
2013-2014 -> Лекция Тақырыбы: Алфавиттер, тізбектер және тілдер
2013-2014 -> Бағдарламасы Жетісай 20 ж мемлекеттік емтихан бағдарламасы құрастырған: Р. А. Кошкаров Кафедра мєжілісінде қаралған
2013-2014 -> Лекция:: 15 Семинар: 13 СӨЖ: 62 Барлық сағат саны: 90 Аралыќ баќылау (АБ)- 60балл
2013-2014 -> Лекция: 30 сағат Лаборатория: 30 сағат обсөЖ: 60 сағат Барлық сағат саны: 180 сағат

1-сыныпқа арналған сабақтың жазба жоспарының үлгісі

І. Сабақтың тақырыбы: Ұлттық киімді әшекейлейік.

ІІ. Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Ұлттық киім үлгілерімен таныстыру.

Бас киімді бейнелеу және безендіру әдістерін үйрету.



2. Тәрбиелік: Қазақтың ұлттық қол өнеріне құрметті көзқарас қалыптастыру.

3. Дамытушылық: Ой-өрісін, қиялын, эстетикалық талғамын дамыту.

ІІІ. Сабақтың түрі: Сәндік сурет және көркем құрастыру. Ар алас.

ІҮ.Сабақтың әдісі: Ауызша, көрнекілік, машықтық.

Ү. Сабақтың көрнекілігі: Ұлттық киім, ою-өрнек үлгілері, бас киімді бейнелеу кезеңдері, фото суреттер, диафильмдер.

ҮІ. Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың жұмыс орнын ұйымдастыру, сабаққа көңілдерін аудару.



2.Үй тапсырмасын тексеру

    • Балалар, біз жаңа сабаққа кіріспес бұрын өткен сабаққа оралып, үй тапсырмасына шолу жасайық. Қазір мен сіздерге өткен сабақ бойынша бірнеше сұрақтар қоямын мұқият тыңдап, ойланып естеріңе түсіріп жауап беріңіздер.

1.Өткен сабақта қандай тақырыпта сабақ өттік?

2.Қандай суреттерді натюрморт деп атайды?

3.Дастаржанда болатын қандай ұлттық тағамдарды білесіздер?

Қане, енді үйге берілген тапсырмалардың кейбіреуін бірігіп талдап көрейік. (Екі-үш оқушының үлгілі жұмыстарының қағаз беті не орналасуы, ұқыптылықтығы, түстік шешімі басқа оқушылардың қатысуларымен талданады).



3.Жаңа сабақ

- Балалар, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы “Ұлттық киімдерді әшекейлейік”. Бұл сабақта біздер бірнеше ұлттық киімдермен танысып, ер адам бас киімін әшекей леп безендіреміз. Сондықтан да жаңа сабақты мұғият тыңдап қатысып отырайық, өйткені сабан соңында жаңа сабан бойынша сұрақтар қоямын, бағалаймын.

Қазақ халқы өте ерте замандардан киім тігу, оны әдемелеп безендіріп әшекейлеуге үлкен мән берген. Киім адамды қыста суықтан, желден, жазда ыстықтан сақтайды. Сонымен қатар ол киімдер қоршаған орта табиғат сұлулығына, жан-жануарларға байланысты әсем ою-өрнектермен безендірілген. /Бірнеше әсем ұлттық киім үлгілері көрсетіледі. Олардың атаулары, безендірілуі жөнінде жалпылама ғана айтылады/.

Соның ішінде қазақ халқында бас киімдерге өте ерекше көңіл бөлген, оны аяқ астына тастамай үнемі үйдің төрінде, жоғарыда ұстаған. “Киіп жүрген бас киімді сыйға тартуға болмайды, маңдайыңа жазылған бағың таяды” деген ұғым бар. Жас та, кәрі де жалаңбас жүрмеген, ер адамдар тақия, қалпақ, қасаба, сәукеле, кимешектер киген. Ол бас киімдер аң терісі, асыл тастар, алуан түрлі ою-өрнектермен /өсімдік тектес/ әшекейленген (көрсету барысында сұрақ-жауаптар арқылы оқушылар пікірі тыңдалады).

1.Тақияны әшекейлеуге қандай ою-өрнектер пайдаланылған?

2.Сәукелені әшекейлеуге қандай материалдар пайдаланылған?



    • Ендеше, балалар, бізде осы шеберлер сияқты бүгінгі сабағымызда ер адамдар бас киімі “айыр қалпақты” бейнелеп әшекейлеп көрейік.

Ол үшін алдымен мына бейнелеу кезеңдеріне мұқият қарап түсініп алайық.

      1. Қағазды көлденең алып оның ұзындығы мен енінің дәл орталарынан өтіп, бір-бірімен қиылысатын түзулер жүргізіледі. Ол көмекші сызықтар қатты бастырылмай жеңіл сызылуы керек.

      2. Жоғарыдан төмен қарай сызылған көмекші сызық дәл ортасынан өтетіндей етіп үш бұрыш сызамыз. Үш бұрыштың төбесі қағаздың жоғарғы шетінен басталып, табаны қағаздың төменгі бөлігіне жетпей орналасады.

      3. Қағазды көлденең бөліп тұрған көмекші сызық ортасы болатында етіп үш бұрыштың табанының үлкен жарты шеңбер сызылыды.

      4. Пайда болған екі фигурадан қалпақтың бейнесін белгілеп, қалған көмекші сызықтарды кеті ріп тастап, пайда болған қалпақ бейнесін тақтада берілген ою-өрнек үлгілерін пайдаланып немесе осыған дейін таныс ою-өрнектерді пайдаланып әшекейлеп безендіреміз. Әшекейлеуге бұрынғы алған білімді пайдаланамыз. Түстік шешімін өз қалауларыңызша алуға болады.

/шығармашылық тапсырма ретінде/

4.Машықтық кезең

Оқушылар машықтық жұмысқа кіріседі. Мұғалім сыныпты ара лап оқушылардыі іс-әрекетін қадағалап, керек болған жағдайда нұсқау беріп көмектеседі. Жұмыс барысында мұғалім оқушылардың басым көпшілігі жіберіп отырған кемшіліктерін байқаса, оны түзету ретін тақтада көрсетеді. Ал сыныпта бірен-саран жіберілген қателіктерді сол оқушылардың Жанна барып көмектеседі. Орындалоу барысы дұрыс кейбір жұмыстары сынып алдында көрсетіліп үлгі етеді.



5.Қорытындылау және үйге тарсырма

Аяқталған бірнеше жұмыстардан тақтада шағын көрме ұйымдастырылады. Жекелеген жұмыстар оқушылардың қатысуымен талданады. Жаңа білімді пысықтау мақсатында сұрақтар қойылады /дидактикалық ойындар ұйымдастыру түрінде өткізуге болады/.

Қандай ұлттық киімдер түрлерімен таныстық?

Ұлттық бас киім түрлерін кім атайды?

Сәукелені кім киген?

Үйде ата-анаңның немесе апа-ағаларыңнан тағы қандай ұлттық бас киімдер болатындығын біліп келіңдер /сыныпта аяқталмаған жұмыс болса, үйден аяқтау тапсырылады. Жұмыс орыны/



2. Саналылық пен белсенділік принципі - Педагогикада саналылық пен белсенділік дегеніміз білімді саналылықпен белсене қабылдап,оның өмірмен тәжірибемен байланысын тереңдету, оқылатын деректер мен құбылыстардың мәніне түсіну болып иабылады. Бұл принцип те оқыту жүйесіндегі ең маңызды принциптің бірі болып саналады, өйткені жаңа білімді оқушы саналы түрде өз бетімен терең ойланып, ой елегінен өткізуі керек. Білімді саналы түрде қабылдап меңгеру, оны өмірде, машықтық жұмыста өз бетімен пайдалану белсенділігін арттырад. Саналылық пен белсенділік екеуі мүлдем екі бөлек ұғымды білдіргенімен оқыту барысында екеуін бір-бірінен ажыратып қарауға болмайды, өйткені олар үнемі бірін-бірі толықтырып тұрады. Оқушының белсенділігінсіз саналы білім меңгерілуі мүмкін емес, ал санасыз белсенділік құр айғай-шу болып қалады. Саналылықпен, белсенділікпен алған білім қашанда оқушының алдына қойған оқу міндеттерін шешіп және ол білімді санасында мықты бекітіп сақтауына мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар саналылық пен белсенділікжаңа алынған білімді тереңдетіп молайтуға, шығармашылық ізденіске, машықтық жұмысқа қызығушылықты арттырады. Оқушы әр жаңа білімнің өз дүниетанымын қалыптастыратын, қоршаған ортамен байланыс іс-әрекет мүмкіндігін молайтатындығын сезініп түсінеді.

Мұғалім сабақ барысының әр кезеңінде де оқушылардың саналы белсенділігін қадағалап ұйымдастырып отыруы қажет. Тәжірибеден белгілі болғандай оқушы мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіріп, әңгімесін салғырт тыңдап қабылдаған болса, онда берілген жаңа білім меңгерілмейді, яғни оқушы сабақтың кейінгі басқа кезеңдерінде жақсы нәтижеге жетпейді деген сөз. Кей жағдайда оқушы сабақтың жаңа біліммен танысу кезінде салғырттық танытып, ал кейінгі өзіндік жұмыс кезінде белсенділік танытып жұмысқа кірімеді. Бұл жағдайда да оқушы жұмысы нәтижелі болмайды.

Сондықтан да мұғалім сабақтың әр кезеңінде де оқушылардың саналы белсенділігін ояту үшін оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдердің шебер пайдалана білуі керек.

Жаңа сабақты түсіндіру кезінде жанама сұрақтар қою, немесе жаңа мәселе туралы оқушылардың пікірін тыңдау, сұрақ-жауап т.б. әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың саналылығын, белсенділігін арттыруға болады. Мысалы, мұғалім ұлттық қолөнермен таныстыру сабағында қолөнер түрлерін әңгімелеп, оған байланысты түрлі-түсті әсем репродукциялар т.б. көрнекіліктер көрсетіп, оқушылардың сабаққа саналы белседілігін ояту мақсатында сұрақтар қояды: «Қолөнер бұйымдары несімен тартымды?» бұл сұраққа оқушылар бұйым бейнелерін жай қарамай саналы зерттей, талдай қарап жауап іздейді. Ал «бұл бұйымдар қандайөрнек түрлерімен безендірілген?» деген сұраққа оқушылар өткен сабақтардаалған білімдерін еске түсіре отырып жауап береді. Немесе осы көрсетілген бұйымдардың тұрмыста қолданылуы, материалы, безендірілуі жөнінде оқушылардың пікірін тыңдау арқылы олардың жаңа білімді меңгеруге саналы белсенділігін ұйымдастыруға болады. Бұл оқушылардың жаңа білімді саналылықпен белсенді меңгеріп әрі бірден бекітуіне мүмкіндік жасайды.

Сабақтың машықтық кезеңінде оқушыларға ою-өрнектерден жолақтың немесе шаршының ішіне композиция жасау тапсырылады. Сабаққа оқушылардың саналы белсенділігін арттыру мақсатында тапсырманы белгілі бір бұйымды безендіру үлгісі ретінде орындауға болатындығы ұсынылады. Жұмысқа үйде орындаған эскиздер немесе өткен сабақтарда танысып бейнелеген ою-өрнек элемнттерін басшылыққа алу ұсынылады. Оқушылар жұмыс барысында өздігінен ізденіп, өткен білім мен жаңа білімді ұштастыра отырып, белсенді жұмыс істейді.

Мұғалім үнемі оқушыларды сыныпта немесе үйде өз бетімен жұмыс істеуге үйретуі керек. Өз бетімен жұмыс жаңа білімді, іскерлік дағдыны бекітіп, дамытып қана қоймай, сонымен қатар шығармашылық ізденіске, саналы белсенділікке тәрбиелейді.

Өз бетімен жұмыс тапсырмалары мән мағынасына қарай әр түрлі болуы тиіс: заттан қарап бейнелеу немесе сәндік сурет және көркем құрастыру т.б. Ол оқушыға жан-жақты іздену аясын кеңейтіп әр түрлі материалдармен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастырады. Өздік жұмыс нәтижесінен оқушының білім деңгейін, іскерлік қабілетін байқап, ол оқушымен жұмыс істеуді жоспарлау мәселесін айқындауға болады. Сонымен саналылық және белсенділік принципін іске асыруда мұғалім мен шәкірттің бірлесіп істейтін шығармашылық жұмыстарының игі әсері мол.

Оқушылардың саналылық және белсенділік қабілеттеріне дамытуда әр баланың жеке бас ерекшеліктеріне де аса көңіл бөлінуі керек. Баланың психологиялық ерекшелігіне байланысты мадақтау, өз мүмкіндігіне сенімін молайту, ар-намысына тимей байыпты сынау. Мұғлімнің жекелеген оқушымен жұмыс кезі ол көбіне сабақтың машықтық кезеңінде өтеді. Оқушы жұмысындағы кемшіліктерге байланысты нұсқау беру, түсіндіру, қайталау, ескертулер, түзетулер енгізу. Бұл жұмыста мұғалім оқушы жұмысының кемшілігін түзетуші рөлінде емес, керісінше оқушымен ынтымақтастық бірлікте, кемшіліктің жіберілу себебін анықтап оны бірігіп түзету мәселесін ұйымдастырушы болғаны жөн.

Оқушының мұғаліммен бірлестікте жұмыс істеуі оның сенімін молайтып, белсенділігін арттырады.

Мысалы, заттан қарап бейнелеу сабағында оқушының құмыраны бейнелеген жұмысынан кемшілік байқаған мұғалім оқушының жанына келіп «Мұқият қарашы, құмырамыз дұрыс тұр ма, бір жағына қарай қисайып бара жатқан жоқ па? Қане тексеріп көріңдерші» деуі қажет. Ол үшін құмыра аузының ортасынан қағазымыздың жанынан табанына қарай параллель көмекшісызық түсіреміз. Оқушы құмыраның аузы мен табанысәйкес келмей тұрғанын анықтап жұмысты өз бетімен түзетуге кіріседі.

Негізінен өз тәжірибесінде әр түрлі сабақ түрлеріне арналған оқушылардың өз машықтық жұмыс барысын, жаңа материалды игеруін өздері тексеріп отыру әдістерінің жүйесін жасап, сабақ барысында пайдалануға ұсынған жөн. Ол оқушылардың өз жұмысын үнемі тексеріп отыруға дағдыландырады.

Саналылық және белсенділік принципінің жүзеге асуы мынадай қағидаларға негізделеді:



  • оқушыға алдағы жаңа білімнің және оған байланысты жұмыстардың мақсат, міндеттерін және оның болашақта пайдалылыған айқын түсіндіру;

  • оқыту барысында танымдық материалдарды ұтымды пайдалану, топтық зерттеу және жеке зерттеуге мүмкіндік жасау;

  • бейнелеу жұмысында жаңа бейнелеу материалдары мен құралдарын меңгерту, жаңа бейнелеу терминдерін ұсыну және пәнаралық байланысты пайдалану;

  • мектептегі бейнелеу өнерін оқытуда мұғалімнің басты міндеті суретші емес, бірінші жеке тұлға тәрбиелеу керектігін ескерту;

  • бейнелеу өнерінің және оған байланысты білім мен іскерлік дағдының және адам тұрғысында, қоғамда, қоршаған ортада алатын орнын ашып көрсету.

  • Сабақты ұйымдастыруда жаңа педагогикалық технологияларды, озық іс-тәжірибелерді пайдалану.

Сонымен саналылық пен белсенділік барлық оқу-тәрбие барысында басты нысана болуы керек, өйткені қазіргі саналы да белсенді оқушы – ертеңгі қоғамның саналы да белсенді мүшесі.
Жүйелілік және бірізділік принципі- Педагогика ғылымы әрбір жаңа білімнің, дағды немесе жаңа тапсырманың бұрынғы өткен білімге және іскерлік дағдыға негізделіп берілуін талап етеді. Жаңа білім мен дағдыны меңгеру келешекте өтетін сабақ пен өткен сабақтың байланысын анықтайды. Жаңа сабақтың материалын өткен сабақпен байланысытырып, бірізділікпен оқыту оқушының білімін тереңдетеді. Жаңа оқу материалы оқушының есіндегі бұрынғы білімді тексереді және оны толықтырады. Оқыту процесіндегі ең басты болып саналатын осы жүйелілік пен бірізділік принципі қаншалықты үздіксіз байланыста жүрсе, соғұрлым жұмыс та нәтижелі болады. Осыған орай Я.А.Коменский: «бүгінгі мен кешегіні бекітіп, ертеңгіге созылта жол салуы үшін барлығы үздіксіз бірізділікпен жүргізілуі тиіс» деп айтқан болатын.

Бейнелеу өнеріне оқытуда жүйелілік принципі бейнелу жүйелілігінің ережелерін қатал сақтауды талап етеді. Ол - өткен сабақтағы материалдарды меңгермей, оны бекітпей жаңа сабақ материалына көшпеу. Оқушы бейнелеудің әрбір кезеңдерін бірізділікпен жеке-жеке меңгеруі, бекітуі қажет, өйткені әрбір келесі кезең өткен кезеңнің құрамдас кезеңінен туындайды.

Мектептегі бейнелеу кабинетінің заттық (натуралдық) қорының кедейлігінен кейде мұғалім әр түрлі натюрморттық қойылымға бір затты пайдаланады. Ол оқушылардың сабаққа қызығушылығын азайтады және оқытудың жиілілігі мен бірізділігін бұзады. Заттан қарап бейнелеу сабақтарында қолданылатын заттар кездейсоқты болмауы тиіс.

Әрбір жаңа сабаққа қойылатын зат пішіні біртіндеп күрделенеді, әр сабақта оқушылар алдына жаңа міндеттер қойылады.

Сабақ барысында педагог әр сабақты бейнелеу өнері пәнінің толық тарауларындағы міндеттерді бір-бірімен саналы әрі жүйелі байланыстырғанда ғана жұмыс жемісті болмақ. Сондықтан да мұғалім әр сабақ немесе әр сабақтың кейбір кезеңдерін жеке-дара қарастырмай, толық пән міндеттерімен байланыстыра қарастырыу тиіс.

Бейнелеу өнері пәнінің мазмұнындағы жазықтықта бейнелеу, сәндік қолданбалы өнер, мүсін, сәулет өнері тарауларына байланысты сабақтар көбінесе, мектепте жеке-дара қарастырылып оқытылатын жағдайлар кездеседі. Осыдан бейнелеу өнерін оқытудың жиілілігі мен бірізіділігі бұзылады.

Тараулар арасындағы байланысты жоймас үшін мұғалім әр тақырыптың мазмұндық құрылымына, тақырып бойынша істелінетін машықтық жұмыстағы бейнелеу іс-әрекетіне терең талдау жасап байланыс көзін іздеу қажет.

Дегенмен, мынандай байланыс көзінің үлгілерін ұсынып көрейік. Мысалы, сәндік сурет, көркем құрастыру және тақырыптық бейнелеу, заттан құрап бейнелеумен тығыз байланысты, ал бейнелеу өнері туралы әңгіме барлық қалған тарау сабақтарымен байланыста болады. Осы көрсетілген әр сабақтың түрлері бірін-бірі толықтырып, оқушылардың жалпы бейнелеу өнері бойынша түсініктерін байытады.

Мысалы, сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында мұғалім оқушыларға қолөнер суретшісі өзінің безендіру жұмыстарына ою-өрнектерді, шынайы табиғаттағы заттарды, құбылыстарды қарап оларды қалай өрнекке айналдыратыны жөнінде айтып көрсетеді. Әрине табиғаттағы өсімдік жапырақтарын, жан-жануарларды стильдік, сәндік суретке айналдыру бірден оңай меңгерілетін жұмыс емес. Сондықтан, бұл жерде бірінші оқушының заттан қарап бейнелеу сабақтарында алған білімдерін еске түсіру қажет болады. Онда оқушылар зат бейнесін бейнелемесбұрын оны мұқият қарап, құрылысымен танысыпсодан соң оны белгілі бейнелеу кезеңдері бойынша жазықтық бетіне түсіреді. Бірінші заттың жалпы жазықтық бетіндегі алатын орны белгіленеді. Сол белгіленген заттың жалпы сыртқы бейнесінің үстіне оның пропорциялық ерекшеліктері түсіріледі. Екінші белгіленген пропорциялық ерекшеліктері бойынша заттың жалпылама бейнесі айқындалады. Міне, заттан қарап бейнелеудің осы кезеңіндегі пайда болған бейнені заттың стильдік бейнелеудің алғашқы қадамы ғана. Стильдік бейнелеуде заттың немесе құбылыстың құрылысының ырғақтылығына симметриялы, ассиметриялығына, түстік үйлесіміне мән беріледі.

Сонымен, сәндік сурет салуды меңгеру үшін басқа да сабақтармен байланыс жүйелілігі үнемі сақталу керектігі айқындалады.

Сабақта немесе сыныптан тыс жұмыстарда кескіндеме және композиция негіздерін оқытудағы жүйелілік пен бірізділік барысында аса көңіл бөлінуі керек. Іс жүзінде осы мәселелер бойынша жүйелілік пен бірізділік принципі бұзылып жататыны рас. Ол: кескіндеменің көркемдік мүмкіндігін, композиция негіздерін оқытуда пайдалану, сыныптар сатысы жоғарылаған сайын біртіндеп күрделенетін тақырыптық композицияларды кескіндеме материалдарымен орындау. Бұл жұмыстарда сыныптан тыс шаралардың да мүмкіндігі зор.

Қазіргі мектептердегі бейнелеу өнері бағдарламаларында заттан қарап бейнелеу, түстану, композиция, мүсіндеу, өнер туралы әңгіме т.б. сабақтары бойынша тақырыптар әр сыныптарда қайталанып келеді (әсіресе әр сыныптағы түстану композиция сабақтарының мавзмұны бойынша). Осыған орай осы сабақтардағы мәселелерсынып сайын қайталанып бірін-бірі көшіріп кетпей ме, бұл жағдайда оқытудың жүйелілігі, бірізділігі сақтала ма деген сұрақтар туындайды.

Ол үшін мұғалім бейнелеу өнері пәнін оқу бағдарламасына сүйене отырып, тақырыптың күнтізбелік жоспарын құрсатыруда осы материалдарын әр сынып бойынша бөліп, сонымен қатар әр сыныптарда сол материалдардың оқытудағы білімдік, танымдық мөлшерін анықтап жоспарлайды.

Мұғалім әр сыныпта бір тақырып бойынша оқушыларға қандай жаңалық ұсынатындығын белгілеп жоспарлағанда оқытудың үдемелі жүйелілігі мен бірізділігі сақталады.

Мысалы, мұғалім сыныптар бойынша «Түстану» тақырыбына байланысты мынадай міндеттерді белгілейді:


  • 1 сыныпта оқушыларға түстану бойынша негізгі түстер және олардың қоспасынан пайда болатын қосымша түстер: қызыл мен сарының қызғылт сары, сары мен көктің қоспасынан жасыл, көк пен қызылдың қоспасынан күлгін түс шығатындығын, түстердің жылы және суық болып бөлінетіндігі жөнінде әңгімелеп көрнекіліктерден көрсетіледі;

  • 2-3 сыныпта оқушылар көркем бояулар жүйелерімен, атауларымен танысады: ашық сары, ашық қоңыр (охра светлая), қызыл қоңыр (кадмий оранжевый), алқызыл (кадмий алый), қызыл қоңыр (охра красная), көгілдір көк (кобалый голубой), жасыл көк (изумрудный зеленый) т.б. акварель, гуашь бояуларының түрлерімен, өзіндік қасиеттерімен танысып, осы бояуларды қолданып (акварель немесе гуашь), оқулықта көрсетілген негізгі түстердің ашықтан қоюға дейінгі реңдерінің өзгеруін қылқаламмен орындайды;

  • 4 сыныпта оқушылар өткен сыныптарда алған білімдерін одан әрі тереңдетіп «түсті рең» және олардың үйлесімділігі, зат реңінің фонға байланысты өзгеруін, мысалы, қою қараңғы фондағы ашық реңді нәрсе одан әрі ашық болып, ал ашық фондағы сол ашық нәрсе күңгірт болып көрінетіндігі жөнінде, түстердің түстік шеңберде орналасу реті жөнінде мәлімет алады. Бояулардың бір-бірімен араласу ерекшеліктерін, соның ішінде, мысалы, көк пен қызғылт сары қоспасынан, қызыл бояу мен жасыл, сары мен күлгін бояулардың қоспаларынан кір түс шығатындығы жөнінде біліп, тәжірибе жұмыстарын жүргізеді.

Осындай сыныптар бойынша оқу мазмұнын жүйелілік пен бірізділік принципін сақтай отырып жоспарлауда әр сыныпқа ұсынылатын материалдың мүмкінділігі мен сәйкестілігі ескерілуі қажет.

Түсініктілік және сәйкестік принципі - Оқытудың түсініктілік принципі мұғалімнен жаңа материалдың күрделілік деңгейін және оны әр сыныпта меңгерілу мүмкіндігін білуді, сонымен қатар оқушылардың жас ерекшелігін, жеке іскерлік және танымдық қабілетін білуді талап етеді. Оқу материалын оқушының жас ерекшелігіне, жеке іскерлік қабілетіне сәйкес түсінікті етіп жоспарлау үшін мұғалім оқушылардың әр жаста белгіленген уақыт ішінде қандай білік және іскерлік дағдыларды меңгере алатындығын білуі тиіс.

Оқыту барысында түсініктілік және сәйкестік принципін сақтамау оқушылардың жаңа білімді, іскерлік дағдыларды қабылдап, меңгеруіне қиындық туғызады, қызығушылықтарын азайтады. Мысалы, 1сынып оқушылары заттан қарап бір немесе екі заттан тұратын бейне салуы мүмкін, бірақ ол заттардың көлемін жарық, көлеңке түсіріп көрсете алмайды. Немесе 1 сыныптағы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі бойынша сурет салу сабағында оқушылар ертегі мазмұнын түсініп әңгімелей алғанымен, оған байланысты композициялық заңдылықта құрастырыпбейне жасау қиындыққа түседі. Дегенмен, жекелеген ертегі кейіпкерлерін бір-бірімен композициялық байланыссыз бейнелеген жұмыстар орындаулары мүмкін.

3-4 сыныптарда оқушылар жазықтық бетінде бейнелеген тақырыптың суреттерінде образдық кейіпкерлерінің арасында қарапайым композициялық байланысты көрсете алу дағдысын меңгереді. Бірақ ол образдардың көркемдік, пластикалық тақырыпқа эмоционалдық қатынасы болуы мүмкін.

Сөйтіп оқушылардың осындай материалды меңгерудегі мүмкіндікиерін алдын ала ьолжау мұғалімнің сабақ барысын жоспарлауда түсініктілік және сәйкестік принцрипін сақтауына мүмкіндік жасайды. Ал бұл дидактикалық принципті сақтау оқушылардың жаңа материалды қабылдауына нәтижелі етеді.

Қабылдау – психологтардың айтуынша дамның көз алдындағы бейне адам санасына айна тәрізді шағылысу емес, қабылдау әрқашан өткен тәрбиемен байланысты. 1-2 сынып оқушыларының көріп қабылдау тәжіриибесі 4 сынып оқушыларына қарағанда әрине өте аз. Баланың көріп қабылдауын байыту арқылы біз оның елестету қабілетін де байытамыз. Ал елестету қабілетін дамыту арқылы біз оның қиялының да дамуына себепші бола аламыз.

Бұл психологиялық қабілеттер тек көркемдік іс-әрекетбарысында дамиды. Соның ішінде бейнелеу өнері де кенже орында қалмайды. Дегенмен оқыту барысында түсініктілік және сәйкестілік принципіне байланысты мәселені реттеу, ұйымдастыруда мұғалім оқушылар мүмкіндігін мүлдем төмендетіп алмауын да қарастыру қажет. Оқушыларды белгілі қиындықты жеңуге бағыттап, белсенді жұмысқа жұмылдырып отыруы керек, сонла ғана оқушылар біліктілік және іскерлік дағдыларын меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар, өз күшімен жеңген қиындық пен шығармашылық жұмыстан қуанышьы көңілге бөленеді.

Мысалы, бастауыш сыныптарда сәндік суретжәне көркем құрастыру сабақтарында берілген үлгі сызба бойынша қағаздан бүктеп (оригами) көлемді бейне жасайды, бүктеудің бірнеше үлгілерін көрсетеді. Содан соң мұғалім оқушыларға үлгі сызбасыз түрлі-түсті қағаздардан бейнелер бүктеп шығарудытапсырады. Бұл оқушылардң жеке ынтасын оятып, жұмысқа шығармашылық тұрғыдан қарауына ұйытқы болады.

Кейбір педагогтар бірінші және екінші сынып оқушылары тек үлгі арқылы жұмыс істеуі керек деген пікірді ұсынатыны белгілі. Жалпы өнерді шығармашылық сырымен көркем де мәңгі деп бағалайтын болсақ, онда үлгіден көшіру, тек үлгі арқылы жұмыс істеу ешқашанда сырлы да көркем шығармашылық дүние тудырмайды. Оқушының тек үлгіге сеніп жұмыс істеуі оның өз бетімен шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамытпайды, яғни өз бетімен ойлауы тежеледі.

Бұл жерде түсініктілік және сәйкестілік принципін оқу барысында іске асыруда мұғалім әр баланың жеке ммүмкіндігін, қабілетін де ескеруі қажет, өйткені сынып оқушыларының қабілеттері бірдей болуы мүмкін емес, кейбіреуі жаңа білімді тез арада меңгерсе, кейбіреуі үлкен қиындықпен меңгереді, кейбіреуі жұмыс әдісін тез игерсе, енді біреулері сол әдісті ұзақ уақыт игере алмай, жұмыс уақытын созып алады. Сондықтан да мұғалім жаңа білімді игерудегі міндетті деңгей мен мүмкіндік деңгей арасын айқын көрсетіп жұмысқа бағыттанғаны дұрыс.

Оқытудың дидактикалық принциптері жөніндегі ойымызды қорыта келіп айтатын сөз – осы көрсетілген принциптер бір-бірімен өте тығыз байланыста бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да оқыту мен тәрбиенің нәтижелі болуы осы жүйенің бұзылмауына байланысты демекпіз.

Бақылау сұрақтары.


      1. Бір сабақты талда

      2. Оқыту принциптері


28- Лекция Таќырыбы: Педагогикалық тәсіл және түсіл тануға оқыту

Жоспары:

  1. Педагогикалық тәсіл

2. Түсілтануға оқыту

Лекция маќсаты: Педагогикалық тәсіл түсілтануға оқыту

туралы жалпы түсінік



Лекция мєтіні (ќысќаша)

Бейнелеу өнерін оқыту әдістерін сөз етпес бұрын жалпы педагогика ғылымындағы әдіс, тәсіл ұғымдарына тоқталып өтейік.



1.Педагогикалық тәсіл Педагокалық энциклопедияда “Оқыту әдістері-мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды”,-деп берілген.

Яғни, оқыту әдістері мұғалім мен оқушылардың арасындағы оқу-тәрбие жұмыстарын нәтижелі етіп ұйымдастыру іс-әрекетінің тәсілдері. Дәлірек айтқанда әдіс-белгілі бір мақсатқа жету іс-әрекетін нақты жүйеге келтіретін тәсілдердің жиынтығы. Ол оқу-тәрбие жұмысындағы әдістерді педагогикалық дидактика негіздерін бетке ұатй отырып оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни оқушылардың ойын, қиялын дамытуға, өз бетімен ізденіп жаңа білім меңгеруге ықпал жасауы тиіс.

Оқыту әдісі белгілі бір мақсатқа жетудің сапалы түрде қолданылатын тәсілдері, ал мақсатқа жету мұғалімнің сол тәсілдерді тиімді тыңдап алып, шебер пайдалан отырып оқыту барысын ұйымдастыруына, оқушылардың қабылдауға даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенді педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.

Жалпы әдіс пен тәсілді ажыратып жіктеп көрсету пікірталас туғызады, өйткені оқыту барысында екеуі бір-бірімен ауыспалы болып келуі мүмкін.

Мысалы:


  1. Мұғалім сабақта ауызша баяндау барысында кейбір суретшілердің шығармаларынк көрнекі көрсетсе, онда көрнекі әдіс әдістемелік тәсілге айналады.

  2. Өнер туралы әңғіме сабағында оқушылар белгілі бір көрнекіліктер арқылы суретші шығармаларын зерттеп, талдап нақты білім алса, онда осы сабақта қолданған жетектеме ауызша баяндау тәсілге айналады да, көрнекі көрсету әдіс болып табылады.

Сонымен, мектептегі бейнелеу өнері пәнін оқыту және тәрбиелеу мақсат-міндеттерін орындауға пайдаланатын бірнеше педагогикалық әдіс-тәсілдер бар. Мұғалім осы әдіс-тәсілдерді таңдап пайдалануда оқылатын жаңа сабақтың мазмұнын, мақсат-міндеттерін, оқушылардың танымдық деңгейін ескеруі қажет. Бір сабақ барысында бірнеше әдіс-тәсілдер пайдалануы мүмкін.

Бейнелеу өнерін оқытуда пайдаланылатын негізгі мынадай әдіс-тәсілдерге тоқталып өтейік.

Ауызша әдіс- сабақтың қандай кезеңінде болса да, сұрақ-жауап, әңгімелесу, пікірлесу, нұсқау беру сабақ кезеңінде басым орын алады.

Мұғалім ауызша баяндайтын материалын адын ала дидактикалық талаптарға сай дайындайтьын, ол мәтіннің анық оқушыларға түсінікті болуы көзделеді. Егер де мәтінде оқушыларға жаңа терминдік сөздер ұсынылса, онда оның мән-мағынасы ашылып түсіндірілуі керек. Оқушылардың тақтаға жазылып көрсетілген жаңа терминдік сөзді жұмыс дәптерлеріне түсіріп алғаны жөн. Мұғалімнің әңгімесіндегі мәліметтер белгілі деректермен, ғылыми дәлелдермен бекітілуі керек.

Сабақтың ауызша әдісіне бөлінетін уақыт сабақтың тақырыбына байланысты атқарылатын іс-шара мазмұнына немесе сабақтың бейнелеу өнері түрі бойынша қаралуына байланысты.

Мысалы, 1-2 сыныптардағы заттан қарап бейнелеу сабақтарында жаңа сабақты баяндауға 8-10 минут уақыт бөлінсе, ал 2-3 сыныптарда 10-13 минут уатық бөлінуі мүмкін. Ал өнер туралы әңгіме сабақтарында сабақтың көптеген уатыты (30-35 минут) ауызша әдіске беріледі. Әрине бұл сабақтарда ауызша әдістен басқа әдіс-тәсілдер пайдаланбай деген сөз емес, ауызша әдіс көбінесе көрнекілік әдіспен жетеленіп отырады.

Ауызша әдісте сұрақ-жауап, пікірлесу, әңгімелесу сабақтары қызықты өте түседі, оқушылар тек тыңдаушы болып қана қалмай, өзін сол мәселеге қатысушы, араласушы ретінде сезінеді. Оларды басты және өте маңызды мәселелердің мазсұнын, өзара байланысын анықтауға талпындырады. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа шабыттандырып өздеріне сенімін молайтады, мәселе туралы жеке пікірлерін құрау дағдыларын қалыптастырады. Ауызша әдісте оқушылардың болашақ машықтық жұмысына шығармашылық көзқарасын, қиялын, шабытын ояту үшін тақырып мазмұнына байланысты поэтикалық шығармаларды мәнерлеп оқып, оны қысқаша талдау үлкен нәтиже береді.

Дыбыстық тәсілдерде сабақ барысында оқушылардың жаңа материалды меңгеруіне, қиялдануына, шығармашылық образды елестетуіне мүмкіндік жасайды. Бұл тәсіл грампластинкалар, магниттік таспалар, әртүрлі музыка аспаптары арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, “Ертегілер кейіпкерлерін бейнелейік” тақырыбындағы сабақта белгілі бір ертегіні толық немесе үзіндісін грам пластинка, магниттік таспа арқылы тыңдатып, оқиға желісін, мазмұнын оқушыларға талдатуға болады. “Табиғат көрініс бейнелейік” деген тақырыпта өткізілетін сабақта өзен-көлдердегі құстардың, терек жапырақтардың шулы немесе музыкалық шығармалар пайдаланып оқушылардың қиялына, елестеуіне көмектссуге болады.

Сонымен көрнекілік әдіс-тәсілдер педагогикалық процестің барлық кезеңінде қолданылады. Олар жан-жақты образды қабылдауға және ойлануға негізгі тірек болады.

Практик алық әдіс теориялық білімді белгілі бір іс-әрекетте жүзеге асару, меңгеру үшін қолданылады. Ол жаттығулар, нобайлар, эскиздер және сабан тақырыбы бойынша суреттер орындау, көркем жобалау (дизайн) жұмыстары болып табылады.

Бейнелеу өнері пәнінде практикалық әдіс басты әдістердің бірі болып саналады, өйткені онда көру, сезініп қабылдаудан басқа барлық дерлік сабақта машықтың іс-әрекет арқылы икемділік, іскерлік дағдыларын қалыптастыру орын алады.

Жаттығу ол қарындашпен штрих түсіру (тік, көлбеу, доға), қылқаламмен бояу (құрғақ қағаздарды бояу, сулы қағаздарды бояу) жұмыстарына машықтану арқылы сапалы іскерлік дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.

Нобайлар, эскиздер орындау заттан арап немесе тақырыптық бейнелеу алдында орындалады, ол болашақ салынатын бейненің композициялық шешімін, тақырыптың мазмұнын, перспективалық көрінісін дұрыс табу мақсатында орындалады.

Машықтық әдіс барысында мұғалім оқушылардың жаңа материалды қалай қабылдағаны және оған байланысты іскерлік дағдыларды қалай меңгергенін де бақылап байқауына болады.

Машықтық әдісті сабан барысында екі түрлі негізде жүргізуге болады, ол жаңа сабақ материалы,жұмыс ережелері түсіндіріліп болған соң оқушылар толық өз бетімен жұмыс істейді, мұғалім бақылаушы,қажет болған жағдайда бейнелеу іс-әрекетінің әрбір кезеңдерін жеке-жеке түсіндіріп,бейнелетіп, мұғалім оқушыларды машықты жұмыс барысында жетелеп отырады.Оқушыларды сабақ барысындағы машықтық іс-әрекеттерді жоспарлы,жүйелі, саналы жүргізуге дағдыландыру керек. Ол оқушыларды кез келген жұмыс барысын жүйелі, ұқыпты ұйымдастыруға тәрбиелейді.

Ол белгілі бір берілген білімді немесе мұғалімнің тапсырмасы бойынша іс-әрекеттің тәсілін қайталау, еске түсіру болып табылады. Мұғалім бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың алдына ұсынылған жаңа білім, жаңа іс-әрекеттерді өткен сабақтардағы біліммен іс-әрекеттерді бірнеше рет еске түсіру арқылы оқытуды ұйымдастырады.

Репродуктивтік әдіс өткен білімді, іс- әрекетті үнемі қайталап еске түсіре отырып жаңа білімді, іс-әрекетті жүйелі бірізділікпен қабылдауды көздейді.

Мысалы,1-сыныптағы “Ұлттық киімдерді әшекейлік” тақырыбындағы сабақта өткен сабақтардағы танысқан ою-өрнектер түрлерін және жолақ ішін безендіру әдістерін сұрақтар қою арқылы еске түсіріп, сол ою-өрнектерді безендіру әдісін қайталап,осы сабақтағы безендіу жұмысына тірек етіп алуға болатындығын айтуға болады.

Репродуктивтік арқылы мұғалім оқушылардың білімдік қорының деңгейін тексеріп, бақылап отыруына қол жеткізеді және оқушылардың өздері меңгерген іс-әрекеттер мен білімдердің өзара тығыз байланысты екендігін танула мүмкіндік жасайды.

Бұл әдісті әр оқу тоқсанның немесе оқу жылы аяғындағы сабақтарда кеңінен қолдану нәтижелі болады.

Пробемалық әдіс-оқу тәрбие барысында оқушылардың алдына тақырыпқа байланысты дүниетанымдық, іс-әрекет проблемалық жағдайлар туғызу. Ол сабан мазмұнына байланысты белгілі бір проблемалық сұрақтар, тапсырмалар, оқушылар сол проблеманы ғылыми, шығармашылық тұрғыдан ізденістер жасап, зерттеп, салыстырып, ойланып шешуге талаптанады.

Проблемалық тапсырмалар жеке оқушыларға немесе ұжымдық, топтық шешу мақсатында беріледі. Ұжымға немесе топтарға қойылған проблемаларды шешу барысында оқушылар бір-бірімен ақылдасып, пікірлесіп, ойланып шешуге әркет жасайды. Ол әрекет оқушыларды ұжымдыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелейді. Сонымен қатар ол әдіс оқушының логикалық ой-өрісін, қиялын, дүниетанымын молайтып, сабаққа ынтасын арттырып, өз ой-пікірлерін дәлелдей білуге үйретеді.

Зерттеу әдісі оқушылардың шығармашылық танымдық жұмыстарын ғылыми деңгейге жақындатуды көздейді. Оның негізгі жаңа проблемаларды шешу жолында оқушылардың ізденушілік, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін ұйымдастыру болып табылады.

Зерттеу обьектісін мұғалім өзі көрсетіп практикалық тапсырма береді. Ол практикалық зерттеу тапсырмалары сабақ барысында қысқа мерзімдік немесе сыныптан тыс ұзақ уақыт мерзімде орындауға берілуі мүмкін.

Мысалы, “Қазақстан бейнелеу өнеріндегі реалізм және сюреализм бағыттарында орындалған шығармаларды жіктеп көрсет” деген немес Қанапия Телжановтың “Көкпар” шығармасының композициялық құрылымын зерттеу секілді тапсырмалар беріледі.

Осындай зерттеуге берілген тапсырмалар оқушылардың өнерді қабылдауын, өнер зерттеушілік деңгейге жақындатады және өздерінің шығармашылық жұмыстарында зерттеу нәтижесінде жтнақталған тәжірибелерін пайдаланады. Зерттеу барысында жұмысты жоспарлау, материалдар жинақтау, талап зерттеу, болжам пікір айту, нәтижені қорытындылау іс-әрекет дағдыларын қалыптастырады.

Жоғарыда көрсетілген оқытудың негізгі әдіс-тәсілдерінен басқа педагогика ғылымында тағыда оқу танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру әдісі, оқу-танымдық іс-әрекетінің ынталандыру әдістері, оқутыдағы бақылау әдістері де зерттеліп көрсетілген.



1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет