Лекция:: 30 Лабораториялық: 15 Обсөж 45 СӨЖ



жүктеу 4.49 Mb.
бет2/24
Дата25.04.2016
өлшемі4.49 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
: CDO -> 2013-2014
2013-2014 -> Лекция: 30 сағат лбс: 15 сағат С¤Ж: 45 сағат обс¤Ж: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағ
2013-2014 -> Лабораториялық сабақтардың әдістемелік нұсқауы Пән: Омыртқалылар зоологиясы
2013-2014 -> Лекция: 30 сағат Практикалық: Лаборатория: 15 сағат обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Барлық сағат саны: 135 сағат
2013-2014 -> Курс жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұСҚАУ
2013-2014 -> Лабораториялық сабақтардың Әдістемелік нұСҚауы пән Компьютерлік желілер Мамандық
2013-2014 -> Лекция Тақырыбы: Алфавиттер, тізбектер және тілдер
2013-2014 -> Бағдарламасы Жетісай 20 ж мемлекеттік емтихан бағдарламасы құрастырған: Р. А. Кошкаров Кафедра мєжілісінде қаралған
2013-2014 -> Лекция:: 15 Семинар: 13 СӨЖ: 62 Барлық сағат саны: 90 Аралыќ баќылау (АБ)- 60балл
2013-2014 -> Лекция: 30 сағат Лаборатория: 30 сағат обсөЖ: 60 сағат Барлық сағат саны: 180 сағат

5. Оқу жоспарынан көшірме







Кредит

саны


Семестр

Жалпы сағат саны

Аудиториялық

сабақтар


Аудиториядан тыс

сабақтар

Қорытынды бақылау


Лекция

Лаборатория

СӨЖ

Обсөж

Емтихан




1

3

5

135

30

15

45

45




.

6. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

Жұмыс бағдарламасында (силлабус) сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.

Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет

Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.

Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.

Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.


7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР:

Сабаққа кешікпеу керек.

Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

Сабаққа іскер киіммен келу керек.

Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.



Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.


8. ОҚУ САЃАТТАРЫНЫЊ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ





Тақырыптың аты

Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан тыс сабақтар

Лекция

Лаб

СӨЖ

ОБСӨЖ

1

Бейнелеу өнері н оқыту әдістемесін оқытудағы теориялық және практикалық тұрғыдағы бастты бағыттары.

2

1

3

3

2

Ежелгі Ассирия мен Египет мемлеккетеріндегі ,алғашқы қауымдық қоғамда бейнелеп сурет салу әдістемесі.

2

1

3

3

3

Сурет салу әдісінің Греция Рим мемлекеті орта ғасырларда құрылуымен тығыз байланысты.

2

1

3

3

4

Қайта өркендеу дәуіріндегі академиялық білім беру жүйесіндегі бейнелеу әдістемесі және оның құрылуы.

2

1

3

3

5

Ресейде сурет салуға оқыту әдіс тәсілдері және оның 17-18 ғасырлардағы сурет Академиясындағы әдістердің болашақта өркендеп дамуы.

2

1

3

3

6

Бейнелеу өнерін мектепте оқыту әдістемесінің мақсаттары мен міндеттері

2

1

3

3

7

Сурет салуға үйрету әдістемесінің шет елдердегі, Ресейдегі, кеңес мектептеріндегі,ТМД мемлекеттерінің тарихы

2

1

3

3

8

Жаңа бағдарламамен жұмыс істейтін Қазақстан мектептеріндегі бейнелеу өнері сабақтарының мазмұны

1

1

3

3

9

Оқушылардың әр түрлі көркем материалдармен жұмыс істеу тәсіліне үйрету

2

1

3

3

10

Бейнелеу өнерінен сыныптан тыс жұмыстар

2

1

3

3

11

Безендіру,өнерді қабылдау,мүсіндеу,нұсқадан сурет салу,батик,қағаз пластикасы және сабақтардың теориялық негіздері.

2

1

3

3

12

Қазақ сәндік өнері дәстүрін сабақта, үйірмелерде пайдалану.

2

1

3

3

13

Оқу пәндері мазмұны түзілімінің теориялық негіздері және бейнелеу өнері сабағына мұғалімді дайындау.

2

1

3

3

14

Бейнелеу өнері сабақтарын талдау

2

1

3

3

15

Педагогикалық тәсіл және түсілтануға оқыту.

1

1

2

2

16

Сабақтың дидактикалық бөлімін жұмыстың толық бағытын меңгере отырып игеріп алу

1




1

1




Барлығы

30

15

45

45


1-кредит
9. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ
1- лекция. Таќырыбы: Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесін оқытудағы теориялық және практикалық тұрғыдағы басты бағыттары
Жоспары:

1.Бейнелеу өнерінің әдістемесі пән ретінде

2.Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму тарихы

Лекция маќсаты: Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесін оқытудағы теориялық және практикалық тұрғыдағы бастты бағыттары туралы жалпы түсінік
Лекция мєтіні (ќысќаша)

1. Бейнелеу өнерінің әдістемесі пән ретінде . Әдістеме - белгілі бір мақсатқа, нәтижеге жету үшін істелетін іс-әрекет барысындағы әдіс-тәсілдерінің жүйелі бірлігі деген ұғымды білдіреді. Іс-әрекетті жүйелі әдістемелік бірлікте дұрыс жүргізу, яғни сол іс-әрекеттің мақсатына жетудің қысқа да нәтижелі жолын табу болып табылады.

Белгілі бір күрделі жұмысты орындау барысында тәжірибелі адам ол күрделі жұмысты жекелеген бөліктерге бөліп , жұмыстың әдіс-тәсілдерін жүйелі бірізділікпен пайдаланып біртіндеп орындайды. Ал суретші белгілі бір бейнені,көріністі бейнелеу үшін алдымен оны қарап , зерттеп күрделілігін анықтап,содан соң бейнені жазықтық бетіне композициялық шешімін тауып орналастырады. Содан соң бейнедегі жекелеген заттардың көлемін пропорциялық сәйкестігін нақты көрсетіп бейнелейді. Соңында бейнеленген жұмысқа қайтадан жалпы қарап, ондағы бейнелердің көркемдік үйлесімділігін, бірлігін тексереді.

Ал педагогика ғылымындағы әдістеме - оқытушы мен оқушы арасындағы мақсатты оқу-тәрбие іс-әрекетіндегі әдіс-тәсілдердің жүйелі жиынтығы.

Әдістеме негізінде, жалпы және жеке болып екі түрде қарастырылады. Біріншісінде – жалпы пәндер бойынша оқу-тәрбие мәселелеріне байланысты әдіс-тәсілдер жүйесі қарастырылса, соңғысында – жекелеген пәндер бойынша оқу-тәрбие жүйесі қарастырылады. Біз жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын бейнелеу өнері пәнін қарастырамыз.

Педагогика ғылымында оқытудың әдістері, мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білім, іскерлік дағды игеріліп, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды. Яғни, оқыту әдістері- мұғалім мен оқушылардың арасындағы оқу-тәрбие жұмыстарын нәтижелі етіп ұйымдастыру іс-әрекетінің тәсілдері. Дәлірек айтқанда, әдіс белгілі бір мақсатқа жету іс-әрекетінің нақты жүйеге келтіретін тәсілдердің жиынтығы. Сонымен бейнелеу өнерін мектепте оқыту жұмысында жеке пән әдістемесі- педагогикалық дидактика негіздерін бетке ұстай отырып, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына, көркемдік идеяларын түсінуге мүмкіндік тууы тиіс, яғни оқушылардың ойын, қиялын дамытуға, өз бетімен шығармашылық тұрғыда ізденіп жаңа білімді меңгеруіне ықпал жасауы керек.

Жоғарыда айтылғандай, оқыту әдісі белгілі бір мақсатқа жету әр мұғалімнің сол тәсілдерді тиімді таңдап алып, шебер пайдалана отырып оқыту процесін ұйымдастыруына, оқушылардың қабылдау дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенді педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.

Бейнелеу өнерін мектепте оқыту әдістемесіне байланысты әр түрлі таласты пікірлер бар екендігі рас. Кейбір әдіскерлер бейнелеу өнерін оқытуда оқушының қиялын, қоршаған ортадан алған алғашқы әсерлік сезімін алға қойып, екінші кезеңде бейнелеу ереже заңдылықтарын баланың сол сезімдік әсерін пайдалана отырып оқытуды ұсынады.

Ал кейбір әдіскерлер баланың алғашқы сезімдік әсерін жүйелеп, бейнелеу іс-әрекетін белгілі бейнелеу ереже заңдылықтарына бағындыру арқылы оқытуды ұсынады. Енді бір әдіскерлер бейнелеу өнерін мектепте оқытуды-тек оқушыларға эстетикалық тәрбие беріп, шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытындағы жұмыс деп түсіндіреді.

Сондықтан педагог-әдіскерлер осы пікірлердің жігінен жол тауып, қазіргі кездегі оқу – тәрбиенің мақсаты мен міндеті болып отырған, жеке басы жан-жақты дамыған, одан әрі өз бетімен дами алатын қоғам азаматын дайындауда ғылыми –шығармашылық ізденіспен жұмыс істеу керек.

Бейнелеу өнері жалпы білім беретін мектепте оқушыға тек эстетикалық тәрбие беріп қана қоймай, сонымен қатар, дүниетанымын, кеңістік қиялын, ой-өрісін тағы басқа көптеген жақсы қабілеттерін дамытуды көздейді. Сондықтан да педегогика ғылымдарының негізін салушылар И.Г. Песталоцци, Ж.Ж. Руссо, Дж.Локк, Я.А.Коменскийлердің өз еңбектерінде, баспаларда бейнелеу өнерінің баланы жан-жақты дамытуда, тәрбиелеуде, білім беруде үлкен рөлі бар екендігін ғылыми дәлелдеп жазып, жалпы білім беретін мектептерге пән ретінде енуіне себепші болды.

Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымның бір саласы, ол практикалық жұмыс тәжірибесін теориялық ғылыми жүйелендіріп таратады. Яғни бейнелеу әдістемесі педагогика ғылымы , психология, эстетика және өнертану негіздерін басшылыққа алып дамиды. Ол бейнелеу өнеріне оқытудың жаңа ереже заңдылықтарын жасайды, жинақтайды,ұсынады. Бұл әдістемені бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесі деп алуымызға болады. Сонымен қатар, сол бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесін жинақтап, зерттеп ұсынған әдіс-тәсілдерді оқу –тәрбие процесінде жүзеге асыруды практикалық әдістеме деп атайды. Педагогикалық жұмыстағы әдістемелік өсу, педагогикалық іскерлік дағдыларын меңгеру мұғалімнен белгілі бір қабілеттілікті және бейімділікті талап етеді, өйткені ол қиын да, күрделі және аса жауапты педагогикалық өнер.

Кейбіреулер оқыту оңай да қарапайым, тіпті оған оқудың да қажеті жоқ, тек өз пәніңді білсең болды деп ойлайды. Бірақ, әрине ол олай емес, тамаша суретші, жазушы, ғалым болғанымен, жақсы оқытушы болмауы мүмкін. Оған дәлел көптеген дәлел көптеген белгілі суретшілер оқыту әдістемесі рөлінің маңыздылығын ескермей, оқытушылық істерінде үлкен дағдарыстарға ұшырады. Оқытуда да өнердегідей шабыт,сезім, тапқырлық, іске шығармашылық көзқарас болуы маңызды. Кей жағдайда сабақ барысында сабаққа аяқасты өзгерістер енгізугн тура келеді. Мысалы, сыныпқа түсіндірген жаңа сабақ материалын оқушылар меңгере алмады, онда мұғалім өткен сабақ материалына оралып жаңа сабақты кішкене бөліктерге бөліп, біртіндеп кезеңдеп түсіндіреді. Кезеңдеп түсіндіру барысындабір кезеңді оқушылар меңгергеннен кейін ғана екінші кезеңге көшеді. Сөйтіп жаңа сабақтың меңгерілуі жеңілдетіледі. Міне, сондықтан да дер кезінде сабақты аяқастынан қайта құру мұғалімненәдістемелік тапқырлықты , шығармашылық көзқарасты, педагогикалық сауаттылықтыталап етеді. Мұғалімнің жеке тәжірибелік әдістемесін байытудың бірден-бір жолы – ол педагогика ғылымының жаңа жетістіктерін , жаңа педагогткалық технологтяларды жинақтап, зерттеу.

Бейнелеу өнерін оқыту барысында педагогткалық компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы дизайн, сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарын өткізуге болады. Мысалы, «Құрақ құрау» сабағында жалпы құрақ құрау өнері және технологиясы айтылып, сабақтың машықтық кезеңінде жұмысты компьютердің көмегімен орындау тапсырылады. Оқушылар алдына мынадай мәселе қойылады:


  • 1- нұсқадағы оқушылар жұмысты жылы түстік реңде, ал 2-нұсқадағы оқушылар суық түсте орындау;

  • Оқушылардың бір-бірінің жұмысын қайталамауы.

Мұнда оқушылар мәселені шешу жолында саналы ізденіспен, шығармашылықпен еңбектенеді.

Сонымен, әдістемені жақсы меңгеру – біріншіден өткен тәжірибедегі ең жақсы жетістіктерді жинақтау, зерттеу. өйткені ол тәжірибені іс жүзінде пайдаланып, қандай нәтижеге жетуге болатындығы белгілі. Бірақ бұл «өз шығармашылық педагогикалық жаңалығыңды тәжірибе жасаудан баста» деген сөз емес.

Мектептегі бейнелеу өнері - басқа оқу пәндеріне ұқсамайтын өзіндік атқаратын міндеті мен тәрбиелік мүмкіндігі зор пән.

Оның басты мақсаты - өмір шындығының қос қоғамдық ерекше тәлім тәрбие беру. Беинелеу өнерін оқыту аиналадағы өмір шындығын көркем беинелеу ерекшеліктерін танытуды , оқушылардың табиғат сұлулығын , халық өмірінің көріністерін жүиелі қабылдауын оның мүмкіндігінше өзінің көркем беинелеу жұмыстарында қолдана білу қалыптастыруды көздейді. Бұл пәннің мазмұны мен мақсаты мектептің жалпы оқу тәрбие жұмыстарының негізгі талаптарымен де ұштасып жатады. Сол себепті әрбір сабақты оқыту мен тәрбие процесінің тығыз бірлігі осы өнерді меңгертеудегі негізі болып табылады.

Бейнелеу өнер сабақтарында оқушылардың практикалық білімі мен көркемдікті түисіндік үилесімді ұштастыра білуге шындық пен өнердегі әсемдікті дәл сезіне білуін, шығарманың ынтасына өнерге деген ықыласы мен қызушылығына және материалдық дүние танымының қалыптасуына ықпал етеді. Айналадағы өмір шындығы көріністерін көркем беинелеу әдістері мен тәсілдерін меңгеру белсенді шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың көркем мәдениет құбылыстарды олардың қоғам өміріндегі мәні.

Айналадағы шындық объектілері мен құбылыстары эстетикалық тұрғыдан қабылдаи білуге баулу. Балалардың көру мен есту ,баиқампаздық қабілетін бояу түстерін ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.Оқушылардың шындық пен өнерге деген белсенді эстетикалық сезімталдық қабілеттерін тәрбелеу өнердегі икемділектерін дағдыларын еңбекке оқуға паидалана білуге үйрету. Туған халқының сәндік қолданбалы өнер түрлерімен таныстыру.

Әрбір сабақта қазақ дәстүрлерінің үлгісін паидалана отырып әдепті тазалыққа сұлулыққа түсіне білуге тәрбиелеу.

Бейнелеу өнері оқыту барысында қолданылатын педагогикалық әдістің бірі болып табылады.

Бейнелеу өнері пәнінің мүмкіндіг шексіз мұндай нақты бір шешім болуы мүмкін емес, әр оқушының белгілі затты немесе құбылысты қалай қабылдаса солай бейнелеуге тырысады.

Сондықтан бір оқушының тапқан шешімі екінші оқушының жұмысына ұқсамайды. Осы жағдай кластағы барлық оқушының сабаққа толық ынтамен қатынасуын қамтамасыз етеді. өйткені талантсыз оқушы жоқ, ойын үстінде баланың творчествалық қабілет мүмкіндігі толық ашылады.

Бейнелеу өнерінен үй тапсырмасы берілмейтінін апталық сағат саны бір сағат қана екенін және творчествалық тапсырмалармен жаттығулардың аздығын ескерсек, ойын-тапсырмалардың бейнелеу өнерін оқытуда қаншалықтымаңызды екенін байқау қйын емес. Бейнелеу өнерін оқыту барысында ойын элементтеріаралас тапсырмалар беру оқушылардың сабаққа деген қызыушылығын арттырып , олардың сабақта творчествалықпен жұмыс стеуіне себебін тигізеді.

Бейнелеу өнері сабақтары өзінің терең мазмұндылығымен оқушелардың сбаққа деген ынта-ықыласын қызығуын, творчествалық шабытын арттыратындай болу тиіс, деп көрсетілген.

Мектепте бейнелеу өнері туралы білім беруде оқушылардың кеңістік жөніндегі ұғымын дамытудың маңызы зор. Оқушылар заттың бейнесін дұрыс алғанымен , оның кеңістігі орналасуын дұрыс көрсете алмайды.

Бейнелеу өнерін оқыту программасында композиция теориясымен оның бейнелеу өнерінің барлық түрлері жанырларына қатысты заңдылықтарымен, бейнелеу әдістерімен таныстыру мәселесі де қамтылған.

Бейнелеу өнері программасында бірінші класста композиция бойынша жұмыс істегенде қағаз бетіне үйлесімді орналастыру, ал мүсіндеу және сәндік суретте тұтас бейнені сала білуге үйрету керек, екінші класста оқушылар композиция үшін обьектіні өздері таңдап , түрлі суреттер сала бастайды. Үшінші класта композициямен кеңістіктегі заттардың үйлесімділігін сақтаңдар басты көңіл бөлінеді. Сурет салу 4-6 кластарда суреттің мәніне байланысты кеңістіктегі қалпын түс ерекшеліктерін нәрсенің үстіне түсіп тұрған жарықты үйлестірумен тығыз байланысты делінген.

Сәндік сурет салу бейнелеу өнері сабақтарының бір түрі. Оқушылардың бейнелеу жұмысы кезінде олардың өрнекті формат бетіне орналастыруына, бояу кезінде қылқалам мен жұмыс істеу әдістеріне назар аударамыз.

Сабақ соңында жақсы жасалған жұмыстарды оқушыларға көрсете отырып бағалаймыз. Сурет салу үшін суретшілердің алуан түрлі жабдықтары, мен материалдары пайдаланатыны белгілі. Олардың ішінде ең көп қолданылатын кәдімгі графит қарындаш.



2.Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму тарихы Адам баласының қоршаған ортаны бейнелеуге ынтасы ежелгі дәуірлерден басталған. Оған алғашқы адамдардың сүйектерге, мамонт мүйіздеріне және үңгірлерге бейнелеген суреттері дәлел. Ол бейнелер сол кездегі адамдардың тұрмыс тіршілігін, қоршаған орта туралы көзқарасын көрсетеді. Біртіндеп осы бейнелер негізінде жазу пайда болды. Сөз жоқ, алғашқы адамдар жасаған бейнелеу өнерінің үлгілері аяқ астынан пайда болған жетістікемес, ол көптеген жылдар бойы дамып жетілген тәжірибе мен дәстүрдің жемісі болатын.

Алғашқы сурет салуға үйрену тікелей көргенді қайталау, яғни көргенді көшіру еді. Алғашқы бейнелер үлкендердің тіршілік үшін жасаған еңбек процесіне, тіршілік көзі болған табиғатқа, жануарларға байланысты болды.

Неолит дәуіріндегі (б.з. б. 5-3 мың .ж.) жер өңдеу мен қолөнердің пайда болуы адамдардың өнерге деген көзқарасын мүлдем өзгертті. Адамның суретсала білу шеберлігі, қолөнер бұйымдарын, соның ішінде қыштан жасалған бұйымдарды безендіру басталды.

Нағыз өнерге оқыту, мектепте ұйымдастыру тек өркениет дәуірінде пайда бола бастады. Оған дәлел ретінде ежелгі Мысырда (Египет) дамыған жоғары дәрежелі мәдениетті қарастыруға болады.

Тарихи деректер бойынша ежелгі Мысырда суретсалу мектепте сызу пәнімен қатар оқытылғанын білуге болады. Мектеп бітіруші жерді өлшеуді, бөлме жобасын, су құбырының кестесін сызуды білуге міндетті болды.

Мысыр мектептерінде оқушыларға суретсалуды оқытуға ерекше көңіл бөлінді, өйткені иероглифтік жазу әр түрлі заттар бейнелерінен тұрды. Мысалға А әрпі құс бейнесінде, Б әрпі адамның аяғының бейнесінде салынды.

Тәрбиелеу мен оқыту тәртібі бұл мектептерде өте қатал болды: мектеп немесе оқушы ережесін болмашы бұзушыларды таяқпен соққыға алып жазалауға дейін барды, тіпті кей жағдайларда оқушының қол-аяғын байлап ғибадатханалардың қараңғы бөлмесіне ұзақ уақытқа қамады. Ол мектептер заңында былай делінген: «Күнделікті жұмысқа ынталы бол, жігерлі бол. Бір күн де ерінбе, болмаса соққыға жығыласың».

Оқыту әдісі мен тәртібі барлық суретші педагогтарда бірдей болды. Алғашқы болып ежелгі мысырлықтар жас ұрпақты сурет салу дағдысына оқытуда белгілі бір жүйеге негізделген теориялық заңдылықтарды жасай бастады. Олар суретсалуға оқыту процесін қоршаған ортаны тануға, байқауға емес, сызбаларды, қағидаларды (канондарды) жаттау арқылы үлгілерді көшіруге негіздеді.

Ал Ежелгі Грек суретшілері оқыту мен тәрбие мәселесіне жаңаша тұрғыдан қарады. Олар қоршаған ортадағы өсімдікке, табиғи құбылыстарға көңіл бөлу қажеттілігін мойындап, бейнелеу өнерін оқытудың өзіндік ережелерін жасады. Гректер әдеміліктің мәні сымбаттылық,симметриялық, бөліктердің тұтастық үндестігі, дұрыс математикалық тепе-теңділік деп тұжырымдады.

Грекияда б.з.д. VI ғасырда бірнеше сурет мектептері болды. Олар-Сикиондық,Эфестік және Фивандық мекиептер. Бұл мектептер әр түрлі әдістемелік бағыт ұстады. Фивандық мектеп жарық, көлеңке арқылы өмір шындығын және елесті көрсетуге бағытталды. Эфестік мектепте сыртқы сұлулыққа және табиғатты көркемдік тұрғыдан қабылдауға, соның ішінде шығармашылық, эстетткалық шабытқа мән берілді.

Сикиондық суретмектебі жаратылыстанудың ғылыми мәліметтеріне және табиғат заңдарына негізделді. Сикион суретмектебі оқыту әдістемесінің дамуына ғана емес, сонымен қатар жалпы бейнелеу өнерінің дамуына үлкен әсер етті. Бұл мектеп оқыту әдістемесін ғылыми негізде құрып, оқушыны табиғатты зерттеуге, оның заңдылықтарын ашуға жетелеп, табиғат сұлулығына деген сүйіспеншілік көзқарасын тәрбиеледі. Сикиондық мектептен Памфил, Мелантий Павзий және ұлы Апелес сияқты атақты суретшілер шықты. Сикиондық мектептің басшысы болған Памфилдың арқасында суретсалу Грекияның жалпы білім беретін мектептерінің барлығына пән ретінде енгізілді. Супетсалуға оқытудың міндеті өмір шындығындағы заттарды тек көшіріп бейнелеу ғана емес, сонымен қатар, ол заттардың құрылысының заңдылықтарын зерттеп , тану екендігін алғаш рет Памфил дәлелдеді.

Ежелгі римде де өнерге, соның ішінде бейнелеу өнеріне өте үлкен сүйіспеншілікпен қарады. Ауқатты адамдар грек суретшілерінің туындыларынан коллекциялар жинап, тіпті ақсүйектер мен үкімет қызметкерлері сурет және кескіндемемен (живопись) айналысты. Суретке оқыту Римдегі жалпы білім беру мектерінде жүргізілді.

Бірақ Римдіктер грек суретші педагогтарының жасаған бейнелеуге оқыту әдістемесін одан әрі дамытып жетілдірмеді, керісінше, кейбір оқыту әдістерін олар сақтай алмады. Грек суретші-пелагогтары бейнелеу өнерінің басты мәселелерін шешуге талпынып, өз шәкірттерін бейнелеуге оқуды ғылым арқылы игеруге шақырып, бейнелеуге ұсақ кәсіп ретінде емес үлкен шығармашылық ретінде қарау керектігін түсіндірсе , ал Рим империясының суретші –педагогтарын бейнелеу өнерін оқытуды одан әрі дамыту мәселелері көп алаңдатпады. Олар бейнелеу өнеріне ұсақ кәсіп ретінде қарап, бейнелеуге оқытуда тек үлгіден көшіру әдісімен шектеліп, ұлы грек шеберлерінің жұмыс тәсілдерін қайталады.

Сөйтіп римдік суретшілер гректер жасаған бейнелеуді оқыту әдістемелерін біртіндеп жоғалта бастады.

Ұлы Рим империясы құлаған соң орта ғасырда шынайы өнер жетістіктері мүлдем жоққа шығарылды. Суретшілері бейнені жазықтық бетінде тұрғызу ережелерін, гректер жасаған оқыту әдістерін (император Константин және папы Сильвестр тұсында) білмеді. Ағарту ісіне қарсы болған христиан шіркеулері грек шеберлерінің теориялық еңбектерін, сонымен қатар бейнелеу өнерінің аса құнды туындыларын аяусыз құртып талқандады. Өнерге деген сүйіспеншілік, өнерге табынушылық деп танылып қудаланды.

IX-XI ғасырлардағы дағдарыс-тоқыраудан кейінгі қайта өрлеу дәуірі бейнелеу өнерінің және оны оқыту әдістемесінің даму тарихына үлкен әсерін тигізді.

Бейнелеу мәселелерімен Ченнини Ченнино, Альберти, Леонардо да Винчи, Дюрер және т.б. бейнелеу өнерінің шеберлері айналыса бастады. Олар табиғи құбылыстар заңдылықтарын түсіну мақсатындағылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып, бейнелеу өнерін ғылыммен байланыстырды. Жұмыстың нәтижелі болуына археологиялық қазбалардан табылған өнер үлгілері және Ежелге Грекияның ұлы өнері жөніндегі тарихшылар қалдырған деректер көмектесті. Қайта өрлеу суретшілері антикалық өнерүлгілерін зерттеу барысында игерген теориялық білімдерін өздерінің шығармашылық жұмыстарында пайдаланды және перспектива, анатомия, пропорция ілімдерін зерттеп жетілдіруді басты мақсат етіп алды.

Бейнелеу өнерінің адам баласының заманнан заманға рухани, эстетикалық байлығы ретінде ұласып келе жатқан өнер саласы. Бейнелеу өнері жеке өнер саласы емес, бірнеше өнер cаласының өмірге келуіне себепкер болған бейнелеу өнерінің атасы.

Сурет тарихы бұл адамзат тарихы. Оның айналасындағы ортаны тануына сана сезімінің жетілуіне эстетикалық тәрбие алуына ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұралар қалдыруға үлкен . Үлес қосқан өмірмен өзектес өнер. Сурет-бұл шежіре. Ондағы ғасырбүкіләлем тарихын жеткізген бірден-бір куәгер.Осы куәгер сурет арқылы мыңдаған жылдар жемісіндегі тіршіліктің тынысын әдет-ғұрпын, кәсібін,мәдениетін,мың құлпырған бояуын жан-жануар дүниесінің алуан тірлігін танып білеміз.Өнер тарихы сабағының мақсаты студенттерге бейнелеу өнерінің тарихы және теориялық даму процесі жөнінде тереңірек білім алып көркем шығарманы талдауға және ол туралы өз пікірін сауатты жеткізе.үйрету.Өнер тарихы мен теориясы пәнінің негізгі міндеті бейнелеу өнерінің кеңістік пен уақыт аралығындағы көркемдік ырғақта форма мен образдың көріну сипатын ашу.

Кеңістік- біз үшін әлеуметтік рухани және мәдени орта. Уақыт тарихи кезең. Берілген пәннің міндеті заманның әлеуметтік рухани талап тілектерінентуындайтын мәселелер өнер шығармасы көркемдік образ және образды сомдаушы суреттер жөнінде көркем құбылыстар мен стиъдік бағыттар туралы мағлұматтар беріп осылардың ішкі бірлігі мен үндестігіне өзара қатынасы мен табиғи байланысына деген теориялық танымды тереңдету болып табылыды. Теориялық мәселелерді талдау барысында мынадай проблемаға көңіл бөле отырып міндеттер Батыс мәдениеті мен Шығыс өнерінің түрлері арасындағы пластикалық тіл айырмашылықтары әсіресе бейнелі өнер живописъ,графика,мүсінөнері,бейнесіз пластикалы кеңістік ажыратулы мен жіктеулі арасындағы сипаттық айырмашылықтарға мән беру және осы ерекшіліктерге жеке проблема ретінде қарастыра отырып салыстырмалы дәлелдеу жасау.Студенттерге мынадай талаптар қойылады. Теориялықматериалды жете меңгеру,білімді тәжірибемен ұштастыра білу. Еңбек мақаланы дұрыс пайдаланып конспектілей білу.Ұстаздық мамандықты жете меңгеру, кәсіптік даярлығын өрістетіп отыру.Бейнелеу өнері басқа оқу пәндеріне ұқсамайтын өзіндік атқаратын міндеті мен тәрбиелік мүмкіндігі зор.Оның басты мақсаты өмір шындығының қос қағымдық ерекше бір мезетін көркем бейнелеу арқылы мәңгілікке тоқтаудың қыр-сырын балаларға үйрету содан эстетикалық тәлім тәрбие беру.Бейнелеу өнерін оқыту айналадағы өмір шындығын көркем бейнелеу ерекшеліктерін танытуды оқушылардыңтабиғат сұлулығын халық өмірінің көріністерін жүйелі қабылдауын оның мүмкіндігіншеөзінің көркем бейнелеу жұмыстарында қолдана білу машықтарын қалыптастыруды көздейді. Бұл пәннің мазмұны мен мақсаты мектептің жалпы оқу тәрбие жұмыстарының негізгі талаптарымен де ұштасып жатады.Сол себепті әрбір сабақты оқыту мен тәрбие процесінің тығыз бірлігі осы өнерді меңгертудегі негізгі болып табылады.Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың практикалық білімі мен көркемдікті түйсінуін Үйлесімді ұштастыра білуге,шындық пен өнердегі әсемдікті дәл сезіне білуін шығарманың ынтасына өнерге деген ықыласы мен қызығушылығына және материалдың дүние танымының қалыптасуына ықпал етеді.Айналадағы өмір шындығын көріністерін көркем бейнелеу әдістері мен тәсілдерін меңгеру белсенді шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың көркем мәдениет құбылыстарды олардың қоғам өміріндегі мәні. Айналадағы шындық объектілерді мен құбылыстарды эстетикалық тұрғыдан қабылдай білуге баулу. Балалардың көру мен есту байқампаздық қабілетін бояу түстерін ажырата білу түстерін дағдыларын қалыптастыру. Бейнелеу өнері сабақтары оқушылардың практикалық білім мен көркемдікті түсінуін үйлесімді ұштастыра білген, өнердегі әсемдікті сезіне білген. шыңдалу биіктігіне көтерілді. Әсіресе мүсін өнері көне грек дәуірінде дамыды. Солардың бірі екі қанатты қыз баланың бейнесі апалы-сіңлілі оларды муза деп атады. Өнер мен ғылымды мәңгі жастық шақты паш ететін өнер туындысы болды. Жалпы бейнелеу өнері , суретші қауымы арасында үлкен дағдарысты әңгімелер туғызды. Суретші еңбектері енді жарамсыз оның ішінде құны төмендейтін болар деген тәрізді оған қарамай тіпті кейін түрлі-түсті бейне шығаратын техникалық құралдар пайда болса бейнелеу өнері оның ішінде живописъ өнері өз құнын жойған бүгінгі күннің мыңдаған суретшілері көптеген өнер мектептері дәлел бола алады. Сәндік әсемдік өнері халықпен бірге туған өнер халыққа су мен ауадай қажет,деп орыстың ұлы философы Достоевскии. Шынында адамзат өнерсіз болмайды. Негізінде адам баласы жазу сызу ілімі болмаған дәуірде

сурет өнерімен айналысқан . Бұған дәлел жер үңгірлеріндегі тасқа қашап салынған ерте дәуірдің суретшілерінің туындылары.

Бейнелеу өнері - басқа оқу пәндеріне ұқсамайтын өзіндік атқаратын міндеті мен тарихы, тәрбиелік мүмкіндігі зор пән.

Оның басты мақсаты - өмір шындығының қос қоғамдық ерекше тәлім тәрбие беру. Беинелеу өнерін оқыту аиналадағы өмір шындығын көркем беинелеу ерекшеліктерін танытуды ,оқушылардың табиғат сұлулығын ,халық өмірінің көріністерін жүиелі қабылдауын оның мүмкіндігінше өзінің көркем беинелеу жұмыстарында қолдана білу қалыптастыруды көздеиді. Бұл пәннің мазмұны мен мақсаты мектептің жалпы оқу тәрбие жұмыстарының негізгі талаптарымен де ұштасып жатады. Сол себепті әрбір сабақты оқыту мен тәрбие процесінің тығыз бірлігі осы өнерді меңгертеудегі негізі болып табылады.




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет