Лекция:: 30 Лабораториялық: 15 Обсөж 45 СӨЖ



жүктеу 4.49 Mb.
бет8/24
Дата25.04.2016
өлшемі4.49 Mb.
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
: CDO -> 2013-2014
2013-2014 -> Лекция: 30 сағат лбс: 15 сағат С¤Ж: 45 сағат обс¤Ж: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағ
2013-2014 -> Лабораториялық сабақтардың әдістемелік нұсқауы Пән: Омыртқалылар зоологиясы
2013-2014 -> Лекция: 30 сағат Практикалық: Лаборатория: 15 сағат обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Барлық сағат саны: 135 сағат
2013-2014 -> Курс жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұСҚАУ
2013-2014 -> Лабораториялық сабақтардың Әдістемелік нұСҚауы пән Компьютерлік желілер Мамандық
2013-2014 -> Лекция Тақырыбы: Алфавиттер, тізбектер және тілдер
2013-2014 -> Бағдарламасы Жетісай 20 ж мемлекеттік емтихан бағдарламасы құрастырған: Р. А. Кошкаров Кафедра мєжілісінде қаралған
2013-2014 -> Лекция:: 15 Семинар: 13 СӨЖ: 62 Барлық сағат саны: 90 Аралыќ баќылау (АБ)- 60балл
2013-2014 -> Лекция: 30 сағат Лаборатория: 30 сағат обсөЖ: 60 сағат Барлық сағат саны: 180 сағат

Бақылау сұрақтары.

  1. Бейнелеу өнерін мектепте оқыту әдістемесінің мақсаттары мен міндеттері

2. Педагогика ғылымында оқытудың әдістері

3. Проблемалық әдіс


12 - лекция. Таќырыбы: Бейнелеу өнерін мектепте оқыту әдістемесінің мақсаттары мен міндеттері
Жоспары:

  1. Бейнелеу өнерін оқыту әдістері

  2. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің принциптері


Лекция маќсаты: Бейнелеу өнерін мектепте оқыту әдістемесінің мақсаттары,әдістері мен міндеттері туралы жалпы түсінік Лекция мєтіні (ќысќаша) 1. Бейнелеу өнерін оқыту әдістері Бейнелеу өнерін оқыту әдістерін сөз етпес бұрын жалпы педагогика ғылымындағы әдіс, тәсіл ұғымдарына тоқталып өтейік. Педагокалық энциклопедияда “Оқыту әдістері-мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды”,-деп берілген.Яғни, оқыту әдістері мұғалім мен оқушылардың арасындағы оқу-тәрбие жұмыстарын нәтижелі етіп ұйымдастыру іс-әрекетінің тәсілдері. Дәлірек айтқанда әдіс-белгілі бір мақсатқа жету іс-әрекетін нақты жүйеге келтіретін тәсілдердің жиынтығы. Ол оқу-тәрбие жұмысындағы әдістерді педагогикалық дидактика негіздерін бетке ұатй отырып оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни оқушылардың ойын, қиялын дамытуға, өз бетімен ізденіп жаңа білім меңгеруге ықпал жасауы тиіс.

Оқыту әдісі белгілі бір мақсатқа жетудің сапалы түрде қолданылатын тәсілдері, ал мақсатқа жету мұғалімнің сол тәсілдерді тиімді тыңдап алып, шебер пайдалан отырып оқыту барысын ұйымдастыруына, оқушылардың қабылдауға даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенді педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.

Жалпы әдіс пен тәсілді ажыратып жіктеп көрсету пікірталас туғызады, өйткені оқыту барысында екеуі бір-бірімен ауыспалы болып келуі мүмкін.

Мысалы:


  1. Мұғалім сабақта ауызша баяндау барысында кейбір суретшілердің шығармаларынк көрнекі көрсетсе, онда көрнекі әдіс әдістемелік тәсілге айналады.

  2. Өнер туралы әңғіме сабағында оқушылар белгілі бір көрнекіліктер арқылы суретші шығармаларын зерттеп, талдап нақты білім алса, онда осы сабақта қолданған жетектеме ауызша баяндау тәсілге айналады да, көрнекі көрсету әдіс болып табылады.

Сонымен, мектептегі бейнелеу өнері пәнін оқыту және тәрбиелеу мақсат-міндеттерін орындауға пайдаланатын бірнеше педагогикалық әдіс-тәсілдер бар. Мұғалім осы әдіс-тәсілдерді таңдап пайдалануда оқылатын жаңа сабақтың мазмұнын, мақсат-міндеттерін, оқушылардың танымдық деңгейін ескеруі қажет. Бір сабақ барысында бірнеше әдіс-тәсілдер пайдалануы мүмкін.Бейнелеу өнерін оқытуда пайдаланылатын негізгі мынадай әдіс-тәсілдерге тоқталып өтейік. Ауызша әдіс- сабақтың қандай кезеңінде болса да, сұрақ-жауап, әңгімелесу, пікірлесу, нұсқау беру сабақ кезеңінде басым орын алады.

Мұғалім ауызша баяндайтын материалын адын ала дидактикалық талаптарға сай дайындайтьын, ол мәтіннің анық оқушыларға түсінікті болуы көзделеді. Егер де мәтінде оқушыларға жаңа терминдік сөздер ұсынылса, онда оның мән-мағынасы ашылып түсіндірілуі керек. Оқушылардың тақтаға жазылып көрсетілген жаңа терминдік сөзді жұмыс дәптерлеріне түсіріп алғаны жөн. Мұғалімнің әңгімесіндегі мәліметтер белгілі деректермен, ғылыми дәлелдермен бекітілуі керек.Сабақтың ауызша әдісіне бөлінетін уақыт сабақтың тақырыбына байланысты атқарылатын іс-шара мазмұнына немесе сабақтың бейнелеу өнері түрі бойынша қаралуына байланысты.Мысалы, 1-2 сыныптардағы заттан қарап бейнелеу сабақтарында жаңа сабақты баяндауға 8-10 минут уақыт бөлінсе, ал 2-3 сыныптарда 10-13 минут уатық бөлінуі мүмкін. Ал өнер туралы әңгіме сабақтарында сабақтың көптеген уатыты (30-35 минут) ауызша әдіске беріледі. Әрине бұл сабақтарда ауызша әдістен басқа әдіс-тәсілдер пайдаланбай деген сөз емес, ауызша әдіс көбінесе көрнекілік әдіспен жетеленіп отырады. Ауызша әдісте сұрақ-жауап, пікірлесу, әңгімелесу сабақтары қызықты өте түседі, оқушылар тек тыңдаушы болып қана қалмай, өзін сол мәселеге қатысушы, араласушы ретінде сезінеді. Оларды басты және өте маңызды мәселелердің мазсұнын, өзара байланысын анықтауға талпындырады. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа шабыттандырып өздеріне сенімін молайтады, мәселе туралы жеке пікірлерін құрау дағдыларын қалыптастырады. Ауызша әдісте оқушылардың болашақ машықтық жұмысына шығармашылық көзқарасын, қиялын, шабытын ояту үшін тақырып мазмұнына байланысты поэтикалық шығармаларды мәнерлеп оқып, оны қысқаша талдау үлкен нәтиже береді. Түсіндіру-жаңа білімді, ереже –заңдылықтарды, бейнелеу құралдары, материалдармен жұмыс істеу ережелерін ауызша айтып көрсету немесе бейнелеу өнеріне байланысты жаңа бейтаныс сөздердің (терминдерді) мағынасын ашып айту болып табылады. Мысалы, заттан қарап бейнелеу сабағындағы натюрморт жанры туралы әңніме барысында “натюрморт” француз сөзінен алынған “өлі табиғат” деген ұғымды білдіретіндігін түсіндіреді. Түсіндіру, әсіресе жаңа сабақ мазмұнын ауызша әңгімелеу барысында жиі қолданылады, бірақ бұл түсіндірулер ауызша әңгімелеу жүйесін бұзбай кезеңімен қолданылғаны жөн. Сонымен қатар түсіндіру сабақтың машықтық кезеңінде де орын алады.

Түсіндіру мынадай талаптарға сай болуы керек:


  • жүйелі түсіндіру;

  • дәлелдер келтіру;

  • өлшемдік, түстік салыстыру, мысалдар келтіру;

  • сұрақтарды нақты тұжырымдау.

Әңгімелесу-ол оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім тақырыпқа байланысты әңгіме туындататын сұрақты мұқият ойластырып дайындайды. әңгімелесу жаңа білімді, іс-әрекетр ережелерін жеңіл меңгеруге жол ашады. Проблеманы түсінуде, шешуде мұғалім мен оқушының іс-әрекетін ынтымақтастықта ұйымдастыруға мүмкіндік туады.

Әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімдік қорын тексеріп байқауына болады.

Әңгімелесу арқылы оқушылардың ой-өрісі, өзіндік жеке пікір құрастырып, оны жариялау, комуникативтік қабілеттері дамиды, яғни сөйлесу, пікірлесу мәдениеті қалыптасады.

Әңгімелесу нәтижесі көбінесе қойылатын сұрақтардың мазмұнына байланысты. Мұғалім оқушылардың әңгімелесу барысында жауаптары толық, аяқталған болуын қадағалауы тиіс.

Әңгімелесу бейнелеу өнері пәнінің заттан арап бейнелеу сабағында заттардың көлемін, құрылысын, түстік ерекшелігін талдауда, жекелеген өнер туындыларын, композициялық, мазмұндық құрылымына талдау жасауда, оқушылардың аяқталған практикалық жұмыстарын талдауда кеңінен өткізіледі.

Оқу-тәрбие барысында дидактикалық талаптарға сай жоспарланған әңгімелесудің мынадай мүмкіндіктері бар:



  • ой-өрісті, тілі дамыту;

  • оқушылардың білімін тексеру;

  • оқуғы ынтасын арттыру;

  • сөйлеу, сөйлесу мәдениетін дамыту;

  • тәрбие беру;

  • оқытуды ізгілендіру.

Педагогика ғылымында оқытудың әдістері Көрнекілік әдісті әсіресе бастауыш сыныптардың алғашқы сатысында кеңінен қолдану өте маңызды. Ол оқушылардың құбылысы, оқиғаны, мәселені, оны шешу жолдарын көріп сезініп қабылдауына, түсінуіне, есінде сақтауына, заттардың құрылысын, қасиетін өз беттерімен немесе оқытушылардың көмегімен зерттеп тануына мүмкіндік жасайды. Көрнекілік әдіс сонымен қатар оқушының байқампаздық, есте сақтау, салыстыру арқылы талдау қасиеттерін дамытады.

Бейнелеу өнері сабағында көрнекілік әдісі демонстрациялау, иллюстрациялау, экранды бейнелеу, дыбыстық тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.



Демонстрациялау-ол заттың сыртқы пішінін, ішкі құрылысын зерттеу, қатар тұрған нәрселердің пропорциялық қатынасын, кеңістікте орналасуын көрсету, табиғат көрінісін, көңіл-күйін көрсету. Демонстрациялау кезіндегі бақылау, талдау, зерттеуді жүйелі жүргізу керек. Ол заттардың немесе табиғаттың жалпы бейнесін жекелеген ерекшеліктеріне көшу.

Оқушылардың демонстрациялаған көрініс немесе заттар туралы өздері әңгімелеуі өте маңызды. Ол оқушылардың қоршаған орта туралы өз пікірін, көзқарастарын қалыптастырады, коммуникативтік қабілеттерін арттырады. Демонстрациялау кезінде мұғалім әңгімесі басты рол атқармай жетекші рол атқаруы қажет. Иллюстрациялау-ол заттың, құбылыстың көріністің суреттік бейнелері, яғни бейнелеу ережелері, суретшілер шығармаларының репродукциялары, фото суреттер, кестелер, технологиялық карталарды көрсетужәне сабақ барысындағы мұғалімнің тақтаға орындаған түсіндірме суреттері болып табылады. Бұл тәсіл бейнелеу өнері сабақтарының барлығында дерлік қолданылады. Иллюстрациялау тәсілі мен демонстрациялау тәсілдері бір-бірімен өте тығыз байланысты болып келеді. Мысалы, сабақта перспектива заңдылықтарын әңгіме еткенде оны алғашында шынайы кеңістікте демонстрациялап көрсетсек, содан соң оны жазықтық бетінде бейнелеу ережелерін ілме көрнекіліктерден немесе тақтада иллюстрациялап көрсетеміз. Иллюстрациялау тәсілінің нәтижелі болуы ол, мұғалімнің көрсету әдістемелік шеберлігіне баланысты. Ол үшін мұғалім көрсетілетін көрнекіліктің сабақ барысындағы дидактикалық маңызын, танымдық ролін анықтап білуі қажет. Тәжірибеден белгілі болғандай сабан барысында шамадан тыс көрнекіліктер оқушылардың көңілін негізгі мәселеден ауытқуы мүмкін. Сондықтан да мұғалім Алдан Ала дайындаған көрнекіліктерді әңгіме болатын мәселе кезінде ғана бастап көрсеткені дұрыс.Экранды бейнелік тәсілі мәселені, көріністерді, репродукцияларды, т.б. мәліметтерді кодоскоп, эпипроектор, киноаппараттар, бейнемагнитафон, теледидар, компьютер арқылы көрсету болып табылады. Бұл тәсіл оқушылардың сабаққа ерекше қызығушылығын артырады, танымдық деңгейін көтереді, мәлімет алудағы техникалық құралдардың орнын көрсетеді. Осы техникалық құралдарды, оларға салынатын мәліметтерді мұғалім алдын ала әзірлеп, диафильм, кинофильмдердегі жетекші мәтіндер мазмұнымен танысады. Бұл тәсіл көбінесе суретшілер шығармашылығымн, бейнелеу өнерінің түрлерімен танысу сабақтарында кеңінен қолданылады. Экранды бейнелік тәсіл тек жаңа мәлімет беру ғана емес, сонымен қатар тексеру, бекіту, қорытындылау, яғни дидактикалық іс-әрекеттердің барлығында пайдаланылады.Бұл тәсілдің тағы да бір ерекшлігі қоршаған ортадағы немесе жұмыс барысындағы ұзақ мерзімді процесті тездетіп көруге болады.Мысалы, жазғы табиғат көрінісінің күзге айналуын, соған байланысты аспан, жердің өсімдіктердің түстерінің өзгеруі барысын немесе қас-қағымды тез орындалатын жұмыс барысын баяу көтсетуге болады.Дыбыстық тәсілдерде сабақ барысында оқушылардың жаңа материалды меңгеруіне, қиялдануына, шығармашылық образды елестетуіне мүмкіндік жасайды. Бұл тәсіл грампластинкалар, магниттік таспалар, әртүрлі музыка аспаптары арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, “Ертегілер кейіпкерлерін бейнелейік” тақырыбындағы сабақта белгілі бір ертегіні толық немесе үзіндісін грам пластинка, магниттік таспа арқылы тыңдатып, оқиға желісін, мазмұнын оқушыларға талдатуға болады. “Табиғат көрініс бейнелейік” деген тақырыпта өткізілетін сабақта өзен-көлдердегі құстардың, терек жапырақтардың шулы немесе музыкалық шығармалар пайдаланып оқушылардың қиялына, елестеуіне көмектссуге болады. Сонымен көрнекілік әдіс-тәсілдер педагогикалық процестің барлық кезеңінде қолданылады. Олар жан-жақты образды қабылдауға және ойлануға негізгі тірек болады. Практик алық әдіс теориялық білімді белгілі бір іс-әрекетте жүзеге асару, меңгеру үшін қолданылады. Ол жаттығулар, нобайлар, эскиздер және сабан тақырыбы бойынша суреттер орындау, көркем жобалау (дизайн) жұмыстары болып табылады.Бейнелеу өнері пәнінде практикалық әдіс басты әдістердің бірі болып саналады, өйткені онда көру, сезініп қабылдаудан басқа барлық дерлік сабақта машықтың іс-әрекет арқылы икемділік, іскерлік дағдыларын қалыптастыру орын алады.Жаттығу ол қарындашпен штрих түсіру (тік, көлбеу, доға), қылқаламмен бояу (құрғақ қағаздарды бояу, сулы қағаздарды бояу) жұмыстарына машықтану арқылы сапалы іскерлік дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Нобайлар, эскиздер орындау заттан арап немесе тақырыптық бейнелеу алдында орындалады, ол болашақ салынатын бейненің композициялық шешімін, тақырыптың мазмұнын, перспективалық көрінісін дұрыс табу мақсатында орындалады.Машықтық әдіс барысында мұғалім оқушылардың жаңа материалды қалай қабылдағаны және оған байланысты іскерлік дағдыларды қалай меңгергенін де бақылап байқауына болады. Машықтық әдісті сабан барысында екі түрлі негізде жүргізуге болады, ол жаңа сабақ материалы,жұмыс ережелері түсіндіріліп болған соң оқушылар толық өз бетімен жұмыс істейді, мұғалім бақылаушы,қажет болған жағдайда бейнелеу іс-әрекетінің әрбір кезеңдерін жеке-жеке түсіндіріп,бейнелетіп, мұғалім оқушыларды машықты жұмыс барысында жетелеп отырады.Оқушыларды сабақ барысындағы машықтық іс-әрекеттерді жоспарлы,жүйелі, саналы жүргізуге дағдыландыру керек. Ол оқушыларды кез келген жұмыс барысын жүйелі, ұқыпты ұйымдастыруға тәрбиелейді.

Зерттеу әдісі оқушылардың шығармашылық танымдық жұмыстарын ғылыми деңгейге жақындатуды көздейді. Оның негізгі жаңа проблемаларды шешу жолында оқушылардың ізденушілік, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін ұйымдастыру болып табылады.

Зерттеу обьектісін мұғалім өзі көрсетіп практикалық тапсырма береді. Ол практикалық зерттеу тапсырмалары сабақ барысында қысқа мерзімдік немесе сыныптан тыс ұзақ уақыт мерзімде орындауға берілуі мүмкін.

Мысалы, “Қазақстан бейнелеу өнеріндегі реалізм және сюреализм бағыттарында орындалған шығармаларды жіктеп көрсет” деген немес Қанапия Телжановтың “Көкпар” шығармасының композициялық құрылымын зерттеу секілді тапсырмалар беріледі.

Осындай зерттеуге берілген тапсырмалар оқушылардың өнерді қабылдауын, өнер зерттеушілік деңгейге жақындатады және өздерінің шығармашылық жұмыстарында зерттеу нәтижесінде жтнақталған тәжірибелерін пайдаланады. Зерттеу барысында жұмысты жоспарлау, материалдар жинақтау, талап зерттеу, болжам пікір айту, нәтижені қорытындылау іс-әрекет дағдыларын қалыптастырады.

Жоғарыда көрсетілген оқытудың негізгі әдіс-тәсілдерінен басқа педагогика ғылымында тағыда оқу танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру әдісі, оқу-танымдық іс-әрекетінің ынталандыру әдістері, оқутыдағы бақылау әдістері де зерттеліп көрсетілген.

Бейнелеу өнерін оқыту тәжірибесінде осындай дәстүрлі әдіс-тәсілдермен қатар дәстүрден тыс әдіс-тәсілдердермен қатар дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді пайдалану да маңызды, олар ойын, сайыс, көрме т.б. соның ішінде:


  • тірілген туынды-туынды оқиғасын кеңістікте ойнап көрсету;

  • мазмұн мен көңіл күйді көшіру-ол музыканы жазықтық беті не көшіру;

  • ұстап тану-жұмылу көзбен белгілі бір бұйымды Остап тану және мүсіндеу;

  • ауада сурет салу-белгілі бір бейне ізін ауада сызып көрсету;

  • ауызша сурет салу-музыканы, поэтикалық шығарманы ауызша суреттеу.

Сабақ жүйесінде енгізілген осындай дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер оқушылардың шығармашылық ізденіске деген құштарлығын оятып өзіндік образ, өзіндік іс-әрекет жобасын құруға мүмкіндік жасайды.

Қоршаған ортадан, үлкен өнер туындыларынан сұлулықты кеөріп қана қоймай, оны өз бетімен іздеу дағдысын ұйымдастырады. Осыған орай акадлемик Б.М. Неменский өз еңбектерінде “мұндай сабақтарға енгізілген дәстүрден тыс әдіс-тәсілден оушылардың арасында бір-бірімен шығармашылық білікті, оқытушы мен оқушының арасында іскерлік бір лікті қалыптастырады” деген. Репродуктивтік әдіс Ол белгілі бір берілген білімді немесе мұғалімнің тапсырмасы бойынша іс-әрекеттің тәсілін қайталау, еске түсіру болып табылады. Мұғалім бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың алдына ұсынылған жаңа білім, жаңа іс-әрекеттерді өткен сабақтардағы біліммен іс-әрекеттерді бірнеше рет еске түсіру арқылы оқытуды ұйымдастырады.

Репродуктивтік әдіс өткен білімді, іс- әрекетті үнемі қайталап еске түсіре отырып жаңа білімді, іс-әрекетті жүйелі бірізділікпен қабылдауды көздейді.

Мысалы,1-сыныптағы “Ұлттық киімдерді әшекейлік” тақырыбындағы сабақта өткен сабақтардағы танысқан ою-өрнектер түрлерін және жолақ ішін безендіру әдістерін сұрақтар қою арқылы еске түсіріп, сол ою-өрнектерді безендіру әдісін қайталап,осы сабақтағы безендіу жұмысына тірек етіп алуға болатындығын айтуға болады. Репродуктивтік арқылы мұғалім оқушылардың білімдік қорының деңгейін тексеріп, бақылап отыруына қол жеткізеді және оқушылардың өздері меңгерген іс-әрекеттер мен білімдердің өзара тығыз байланысты екендігін танула мүмкіндік жасайды.Бұл әдісті әр оқу тоқсанның немесе оқу жылы аяғындағы сабақтарда кеңінен қолдану нәтижелі болады.Пробемалық әдіс-оқу тәрбие барысында оқушылардың алдына тақырыпқа байланысты дүниетанымдық, іс-әрекет проблемалық жағдайлар туғызу. Ол сабан мазмұнына байланысты белгілі бір проблемалық сұрақтар, тапсырмалар, оқушылар сол проблеманы ғылыми, шығармашылық тұрғыдан ізденістер жасап, зерттеп, салыстырып, ойланып шешуге талаптанады.Проблемалық тапсырмалар жеке оқушыларға немесе ұжымдық, топтық шешу мақсатында беріледі. Ұжымға немесе топтарға қойылған проблемаларды шешу барысында оқушылар бір-бірімен ақылдасып, пікірлесіп, ойланып шешуге әркет жасайды. Ол әрекет оқушыларды ұжымдыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелейді. Сонымен қатар ол әдіс оқушының логикалық ой-өрісін, қиялын, дүниетанымын молайтып, сабаққа ынтасын арттырып, өз ой-пікірлерін дәлелдей білуге үйретеді.Мысалы, 2-сыныпта “Көктем келді” тақырыбына табиғат көрінісін бейнелеу сабағында оқушыларға мынадай проблемалық сұрақ қоюға болады. Табиғат көрінісіндегі шөптердің, ағаш жапырақтардың жасыл түсі алыстап көкжиекке барған сайын неге көгілдік түске айнала береді?Көктемгі жылғалардан аққан суға, қағаздан жасап жіберген қайығымыз неге батып кетпейді? 4-сыныптағы “Затқа қарап сурет салу” тақырыбындағы сабақта көк құмыраға түскен сары алманың сәулесі қандай түс болады? Немесе К.Муллашев “Жер және уақыт” шығармасында көкжиек сызығын неге төмен алған? Деген секілді проблемалық сұрақтар қоюға болады. Проблемалық әдіс оқушыларды тек сол қойылған проблема төңірегінде ғана емес, сонымен қатар соған ұқсас проблемаларды да еске түсіріп ойлануға, болжамдар айтуға, дәлелдер келтіруге, шешім қабылдауға үйретеді.

Бұл әдіс оқу-тәрбие процесінде оқушылардың алдына қойылған проблемаларды бірте-бірте өз беттерімен шешу үшін алдан ала зерттеу жолдарын ұйымдастыруды үйретеді. Мұғалім оқушылар алдына қойылған проблеманы шешу жолдарын өздерімен бірігіп жоспарлайды. Мысалы, жоғарыда айтылған К.Муллашевтың “Жер және уақыт” шығармасында көкжиек сызығын неге төмен алған? деген проблемалық жағдайды шешу үшін керектігін, екіншіден оған өз бетімен болжам айту керектігін, үшіншіден ол өз болжамын деректермен қорытындылап дәлелдеу керектігін, төртіншіден оны тексеру жолдарын құрыстыру керектігін айтады. Мұғалім осындай жүйе бойынша проблеманы шешуге әкелетін сұрақтар қояды және іздену кезеңдеріне оқушылардың тегіс қатысуын қадағалап ұйымдастырады. Оқушылар осыған дейін алған білімдерін пайдаланып ізденеді.

2. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің принциптері Саналылық пен белсенділік принципі - Педагогикада саналылық пен белсенділік дегеніміз білімді саналылықпен белсене қабылдап,оның өмірмен тәжірибемен байланысын тереңдету, оқылатын деректер мен құбылыстардың мәніне түсіну болып иабылады. Бұл принцип те оқыту жүйесіндегі ең маңызды принциптің бірі болып саналады, өйткені жаңа білімді оқушы саналы түрде өз бетімен терең ойланып, ой елегінен өткізуі керек. Білімді саналы түрде қабылдап меңгеру, оны өмірде, машықтық жұмыста өз бетімен пайдалану белсенділігін арттырад. Саналылық пен белсенділік екеуі мүлдем екі бөлек ұғымды білдіргенімен оқыту барысында екеуін бір-бірінен ажыратып қарауға болмайды, өйткені олар үнемі бірін-бірі толықтырып тұрады. Оқушының белсенділігінсіз саналы білім меңгерілуі мүмкін емес, ал санасыз белсенділік құр айғай-шу болып қалады. Саналылықпен, белсенділікпен алған білім қашанда оқушының алдына қойған оқу міндеттерін шешіп және ол білімді санасында мықты бекітіп сақтауына мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар саналылық пен белсенділікжаңа алынған білімді тереңдетіп молайтуға, шығармашылық ізденіске, машықтық жұмысқа қызығушылықты арттырады. Оқушы әр жаңа білімнің өз дүниетанымын қалыптастыратын, қоршаған ортамен байланыс іс-әрекет мүмкіндігін молайтатындығын сезініп түсінеді.

Мұғалім сабақ барысының әр кезеңінде де оқушылардың саналы белсенділігін қадағалап ұйымдастырып отыруы қажет. Тәжірибеден белгілі болғандай оқушы мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіріп, әңгімесін салғырт тыңдап қабылдаған болса, онда берілген жаңа білім меңгерілмейді, яғни оқушы сабақтың кейінгі басқа кезеңдерінде жақсы нәтижеге жетпейді деген сөз. Кей жағдайда оқушы сабақтың жаңа біліммен танысу кезінде салғырттық танытып, ал кейінгі өзіндік жұмыс кезінде белсенділік танытып жұмысқа кірімеді. Бұл жағдайда да оқушы жұмысы нәтижелі болмайды.

Сондықтан да мұғалім сабақтың әр кезеңінде де оқушылардың саналы белсенділігін ояту үшін оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдердің шебер пайдалана білуі керек.

Жаңа сабақты түсіндіру кезінде жанама сұрақтар қою, немесе жаңа мәселе туралы оқушылардың пікірін тыңдау, сұрақ-жауап т.б. әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың саналылығын, белсенділігін арттыруға болады. Мысалы, мұғалім ұлттық қолөнермен таныстыру сабағында қолөнер түрлерін әңгімелеп, оған байланысты түрлі-түсті әсем репродукциялар т.б. көрнекіліктер көрсетіп, оқушылардың сабаққа саналы белседілігін ояту мақсатында сұрақтар қояды: «Қолөнер бұйымдары несімен тартымды?» бұл сұраққа оқушылар бұйым бейнелерін жай қарамай саналы зерттей, талдай қарап жауап іздейді. Ал «бұл бұйымдар қандайөрнек түрлерімен безендірілген?» деген сұраққа оқушылар өткен сабақтардаалған білімдерін еске түсіре отырып жауап береді. Немесе осы көрсетілген бұйымдардың тұрмыста қолданылуы, материалы, безендірілуі жөнінде оқушылардың пікірін тыңдау арқылы олардың жаңа білімді меңгеруге саналы белсенділігін ұйымдастыруға болады. Бұл оқушылардың жаңа білімді саналылықпен белсенді меңгеріп әрі бірден бекітуіне мүмкіндік жасайды.

Сабақтың машықтық кезеңінде оқушыларға ою-өрнектерден жолақтың немесе шаршының ішіне композиция жасау тапсырылады. Сабаққа оқушылардың саналы белсенділігін арттыру мақсатында тапсырманы белгілі бір бұйымды безендіру үлгісі ретінде орындауға болатындығы ұсынылады. Жұмысқа үйде орындаған эскиздер немесе өткен сабақтарда танысып бейнелеген ою-өрнек элемнттерін басшылыққа алу ұсынылады. Оқушылар жұмыс барысында өздігінен ізденіп, өткен білім мен жаңа білімді ұштастыра отырып, белсенді жұмыс істейді.

Мұғалім үнемі оқушыларды сыныпта немесе үйде өз бетімен жұмыс істеуге үйретуі керек. Өз бетімен жұмыс жаңа білімді, іскерлік дағдыны бекітіп, дамытып қана қоймай, сонымен қатар шығармашылық ізденіске, саналы белсенділікке тәрбиелейді.

Өз бетімен жұмыс тапсырмалары мән мағынасына қарай әр түрлі болуы тиіс: заттан қарап бейнелеу немесе сәндік сурет және көркем құрастыру т.б. Ол оқушыға жан-жақты іздену аясын кеңейтіп әр түрлі материалдармен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастырады. Өздік жұмыс нәтижесінен оқушының білім деңгейін, іскерлік қабілетін байқап, ол оқушымен жұмыс істеуді жоспарлау мәселесін айқындауға болады. Сонымен саналылық және белсенділік принципін іске асыруда мұғалім мен шәкірттің бірлесіп істейтін шығармашылық жұмыстарының игі әсері мол.

Оқушылардың саналылық және белсенділік қабілеттеріне дамытуда әр баланың жеке бас ерекшеліктеріне де аса көңіл бөлінуі керек. Баланың психологиялық ерекшелігіне байланысты мадақтау, өз мүмкіндігіне сенімін молайту, ар-намысына тимей байыпты сынау. Мұғлімнің жекелеген оқушымен жұмыс кезі ол көбіне сабақтың машықтық кезеңінде өтеді. Оқушы жұмысындағы кемшіліктерге байланысты нұсқау беру, түсіндіру, қайталау, ескертулер, түзетулер енгізу. Бұл жұмыста мұғалім оқушы жұмысының кемшілігін түзетуші рөлінде емес, керісінше оқушымен ынтымақтастық бірлікте, кемшіліктің жіберілу себебін анықтап оны бірігіп түзету мәселесін ұйымдастырушы болғаны жөн.

Оқушының мұғаліммен бірлестікте жұмыс істеуі оның сенімін молайтып, белсенділігін арттырады.

Мысалы, заттан қарап бейнелеу сабағында оқушының құмыраны бейнелеген жұмысынан кемшілік байқаған мұғалім оқушының жанына келіп «Мұқият қарашы, құмырамыз дұрыс тұр ма, бір жағына қарай қисайып бара жатқан жоқ па? Қане тексеріп көріңдерші» деуі қажет. Ол үшін құмыра аузының ортасынан қағазымыздың жанынан табанына қарай параллель көмекшісызық түсіреміз. Оқушы құмыраның аузы мен табанысәйкес келмей тұрғанын анықтап жұмысты өз бетімен түзетуге кіріседі.

Негізінен өз тәжірибесінде әр түрлі сабақ түрлеріне арналған оқушылардың өз машықтық жұмыс барысын, жаңа материалды игеруін өздері тексеріп отыру әдістерінің жүйесін жасап, сабақ барысында пайдалануға ұсынған жөн. Ол оқушылардың өз жұмысын үнемі тексеріп отыруға дағдыландырады.

Саналылық және белсенділік принципінің жүзеге асуы мынадай қағидаларға негізделеді:



  • оқушыға алдағы жаңа білімнің және оған байланысты жұмыстардың мақсат, міндеттерін және оның болашақта пайдалылыған айқын түсіндіру;

  • оқыту барысында танымдық материалдарды ұтымды пайдалану, топтық зерттеу және жеке зерттеуге мүмкіндік жасау;

  • бейнелеу жұмысында жаңа бейнелеу материалдары мен құралдарын меңгерту, жаңа бейнелеу терминдерін ұсыну және пәнаралық байланысты пайдалану;

  • мектептегі бейнелеу өнерін оқытуда мұғалімнің басты міндеті суретші емес, бірінші жеке тұлға тәрбиелеу керектігін ескерту;

  • бейнелеу өнерінің және оған байланысты білім мен іскерлік дағдының және адам тұрғысында, қоғамда, қоршаған ортада алатын орнын ашып көрсету.

  • Сабақты ұйымдастыруда жаңа педагогикалық технологияларды, озық іс-тәжірибелерді пайдалану.

Сонымен саналылық пен белсенділік барлық оқу-тәрбие барысында басты нысана болуы керек, өйткені қазіргі саналы да белсенді оқушы – ертеңгі қоғамның саналы да белсенді мүшесі.

Жүйелілік және бірізділік принципі - Педагогика ғылымы әрбір жаңа білімнің, дағды немесе жаңа тапсырманың бұрынғы өткен білімге және іскерлік дағдыға негізделіп берілуін талап етеді. Жаңа білім мен дағдыны меңгеру келешекте өтетін сабақ пен өткен сабақтың байланысын анықтайды. Жаңа сабақтың материалын өткен сабақпен байланысытырып, бірізділікпен оқыту оқушының білімін тереңдетеді. Жаңа оқу материалы оқушының есіндегі бұрынғы білімді тексереді және оны толықтырады. Оқыту процесіндегі ең басты болып саналатын осы жүйелілік пен бірізділік принципі қаншалықты үздіксіз байланыста жүрсе, соғұрлым жұмыс та нәтижелі болады. Осыған орай Я.А.Коменский: «бүгінгі мен кешегіні бекітіп, ертеңгіге созылта жол салуы үшін барлығы үздіксіз бірізділікпен жүргізілуі тиіс» деп айтқан болатын.

Бейнелеу өнеріне оқытуда жүйелілік принципі бейнелу жүйелілігінің ережелерін қатал сақтауды талап етеді. Ол - өткен сабақтағы материалдарды меңгермей, оны бекітпей жаңа сабақ материалына көшпеу. Оқушы бейнелеудің әрбір кезеңдерін бірізділікпен жеке-жеке меңгеруі, бекітуі қажет, өйткені әрбір келесі кезең өткен кезеңнің құрамдас кезеңінен туындайды.

Мектептегі бейнелеу кабинетінің заттық (натуралдық) қорының кедейлігінен кейде мұғалім әр түрлі натюрморттық қойылымға бір затты пайдаланады. Ол оқушылардың сабаққа қызығушылығын азайтады және оқытудың жиілілігі мен бірізділігін бұзады. Заттан қарап бейнелеу сабақтарында қолданылатын заттар кездейсоқты болмауы тиіс.

Әрбір жаңа сабаққа қойылатын зат пішіні біртіндеп күрделенеді, әр сабақта оқушылар алдына жаңа міндеттер қойылады.

Сабақ барысында педагог әр сабақты бейнелеу өнері пәнінің толық тарауларындағы міндеттерді бір-бірімен саналы әрі жүйелі байланыстырғанда ғана жұмыс жемісті болмақ. Сондықтан да мұғалім әр сабақ немесе әр сабақтың кейбір кезеңдерін жеке-дара қарастырмай, толық пән міндеттерімен байланыстыра қарастырыу тиіс.

Бейнелеу өнері пәнінің мазмұнындағы жазықтықта бейнелеу, сәндік қолданбалы өнер, мүсін, сәулет өнері тарауларына байланысты сабақтар көбінесе, мектепте жеке-дара қарастырылып оқытылатын жағдайлар кездеседі. Осыдан бейнелеу өнерін оқытудың жиілілігі мен бірізіділігі бұзылады.

Тараулар арасындағы байланысты жоймас үшін мұғалім әр тақырыптың мазмұндық құрылымына, тақырып бойынша істелінетін машықтық жұмыстағы бейнелеу іс-әрекетіне терең талдау жасап байланыс көзін іздеу қажет.

Дегенмен, мынандай байланыс көзінің үлгілерін ұсынып көрейік. Мысалы, сәндік сурет, көркем құрастыру және тақырыптық бейнелеу, заттан құрап бейнелеумен тығыз байланысты, ал бейнелеу өнері туралы әңгіме барлық қалған тарау сабақтарымен байланыста болады. Осы көрсетілген әр сабақтың түрлері бірін-бірі толықтырып, оқушылардың жалпы бейнелеу өнері бойынша түсініктерін байытады.

Мысалы, сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында мұғалім оқушыларға қолөнер суретшісі өзінің безендіру жұмыстарына ою-өрнектерді, шынайы табиғаттағы заттарды, құбылыстарды қарап оларды қалай өрнекке айналдыратыны жөнінде айтып көрсетеді. Әрине табиғаттағы өсімдік жапырақтарын, жан-жануарларды стильдік, сәндік суретке айналдыру бірден оңай меңгерілетін жұмыс емес. Сондықтан, бұл жерде бірінші оқушының заттан қарап бейнелеу сабақтарында алған білімдерін еске түсіру қажет болады. Онда оқушылар зат бейнесін бейнелемесбұрын оны мұқият қарап, құрылысымен танысыпсодан соң оны белгілі бейнелеу кезеңдері бойынша жазықтық бетіне түсіреді. Бірінші заттың жалпы жазықтық бетіндегі алатын орны белгіленеді. Сол белгіленген заттың жалпы сыртқы бейнесінің үстіне оның пропорциялық ерекшеліктері түсіріледі. Екінші белгіленген пропорциялық ерекшеліктері бойынша заттың жалпылама бейнесі айқындалады. Міне, заттан қарап бейнелеудің осы кезеңіндегі пайда болған бейнені заттың стильдік бейнелеудің алғашқы қадамы ғана. Стильдік бейнелеуде заттың немесе құбылыстың құрылысының ырғақтылығына симметриялы, ассиметриялығына, түстік үйлесіміне мән беріледі.

Сонымен, сәндік сурет салуды меңгеру үшін басқа да сабақтармен байланыс жүйелілігі үнемі сақталу керектігі айқындалады.

Сабақта немесе сыныптан тыс жұмыстарда кескіндеме және композиция негіздерін оқытудағы жүйелілік пен бірізділік барысында аса көңіл бөлінуі керек. Іс жүзінде осы мәселелер бойынша жүйелілік пен бірізділік принципі бұзылып жататыны рас. Ол: кескіндеменің көркемдік мүмкіндігін, композиция негіздерін оқытуда пайдалану, сыныптар сатысы жоғарылаған сайын біртіндеп күрделенетін тақырыптық композицияларды кескіндеме материалдарымен орындау. Бұл жұмыстарда сыныптан тыс шаралардың да мүмкіндігі зор.

Қазіргі мектептердегі бейнелеу өнері бағдарламаларында заттан қарап бейнелеу, түстану, композиция, мүсіндеу, өнер туралы әңгіме т.б. сабақтары бойынша тақырыптар әр сыныптарда қайталанып келеді (әсіресе әр сыныптағы түстану композиция сабақтарының мавзмұны бойынша). Осыған орай осы сабақтардағы мәселелерсынып сайын қайталанып бірін-бірі көшіріп кетпей ме, бұл жағдайда оқытудың жүйелілігі, бірізділігі сақтала ма деген сұрақтар туындайды.

Ол үшін мұғалім бейнелеу өнері пәнін оқу бағдарламасына сүйене отырып, тақырыптың күнтізбелік жоспарын құрсатыруда осы материалдарын әр сынып бойынша бөліп, сонымен қатар әр сыныптарда сол материалдардың оқытудағы білімдік, танымдық мөлшерін анықтап жоспарлайды.

Мұғалім әр сыныпта бір тақырып бойынша оқушыларға қандай жаңалық ұсынатындығын белгілеп жоспарлағанда оқытудың үдемелі жүйелілігі мен бірізділігі сақталады.

Мысалы, мұғалім сыныптар бойынша «Түстану» тақырыбына байланысты мынадай міндеттерді белгілейді:



  • 1 сыныпта оқушыларға түстану бойынша негізгі түстер және олардың қоспасынан пайда болатын қосымша түстер: қызыл мен сарының қызғылт сары, сары мен көктің қоспасынан жасыл, көк пен қызылдың қоспасынан күлгін түс шығатындығын, түстердің жылы және суық болып бөлінетіндігі жөнінде әңгімелеп көрнекіліктерден көрсетіледі;

  • 2-3 сыныпта оқушылар көркем бояулар жүйелерімен, атауларымен танысады: ашық сары, ашық қоңыр (охра светлая), қызыл қоңыр (кадмий оранжевый), алқызыл (кадмий алый), қызыл қоңыр (охра красная), көгілдір көк (кобалый голубой), жасыл көк (изумрудный зеленый) т.б. акварель, гуашь бояуларының түрлерімен, өзіндік қасиеттерімен танысып, осы бояуларды қолданып (акварель немесе гуашь), оқулықта көрсетілген негізгі түстердің ашықтан қоюға дейінгі реңдерінің өзгеруін қылқаламмен орындайды;

  • 4 сыныпта оқушылар өткен сыныптарда алған білімдерін одан әрі тереңдетіп «түсті рең» және олардың үйлесімділігі, зат реңінің фонға байланысты өзгеруін, мысалы, қою қараңғы фондағы ашық реңді нәрсе одан әрі ашық болып, ал ашық фондағы сол ашық нәрсе күңгірт болып көрінетіндігі жөнінде, түстердің түстік шеңберде орналасу реті жөнінде мәлімет алады. Бояулардың бір-бірімен араласу ерекшеліктерін, соның ішінде, мысалы, көк пен қызғылт сары қоспасынан, қызыл бояу мен жасыл, сары мен күлгін бояулардың қоспаларынан кір түс шығатындығы жөнінде біліп, тәжірибе жұмыстарын жүргізеді.

Осындай сыныптар бойынша оқу мазмұнын жүйелілік пен бірізділік принципін сақтай отырып жоспарлауда әр сыныпқа ұсынылатын материалдың мүмкінділігі мен сәйкестілігі ескерілуі қажет.

Түсініктілік және сәйкестік принципі - Оқытудың түсініктілік принципі мұғалімнен жаңа материалдың күрделілік деңгейін және оны әр сыныпта меңгерілу мүмкіндігін білуді, сонымен қатар оқушылардың жас ерекшелігін, жеке іскерлік және танымдық қабілетін білуді талап етеді. Оқу материалын оқушының жас ерекшелігіне, жеке іскерлік қабілетіне сәйкес түсінікті етіп жоспарлау үшін мұғалім оқушылардың әр жаста белгіленген уақыт ішінде қандай білік және іскерлік дағдыларды меңгере алатындығын білуі тиіс.

Оқыту барысында түсініктілік және сәйкестік принципін сақтамау оқушылардың жаңа білімді, іскерлік дағдыларды қабылдап, меңгеруіне қиындық туғызады, қызығушылықтарын азайтады. Мысалы, 1сынып оқушылары заттан қарап бір немесе екі заттан тұратын бейне салуы мүмкін, бірақ ол заттардың көлемін жарық, көлеңке түсіріп көрсете алмайды. Немесе 1 сыныптағы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі бойынша сурет салу сабағында оқушылар ертегі мазмұнын түсініп әңгімелей алғанымен, оған байланысты композициялық заңдылықта құрастырыпбейне жасау қиындыққа түседі. Дегенмен, жекелеген ертегі кейіпкерлерін бір-бірімен композициялық байланыссыз бейнелеген жұмыстар орындаулары мүмкін.

3-4 сыныптарда оқушылар жазықтық бетінде бейнелеген тақырыптың суреттерінде образдық кейіпкерлерінің арасында қарапайым композициялық байланысты көрсете алу дағдысын меңгереді. Бірақ ол образдардың көркемдік, пластикалық тақырыпқа эмоционалдық қатынасы болуы мүмкін.

Сөйтіп оқушылардың осындай материалды меңгерудегі мүмкіндікиерін алдын ала ьолжау мұғалімнің сабақ барысын жоспарлауда түсініктілік және сәйкестік принцрипін сақтауына мүмкіндік жасайды. Ал бұл дидактикалық принципті сақтау оқушылардың жаңа материалды қабылдауына нәтижелі етеді.

Қабылдау – психологтардың айтуынша дамның көз алдындағы бейне адам санасына айна тәрізді шағылысу емес, қабылдау әрқашан өткен тәрбиемен байланысты. 1-2 сынып оқушыларының көріп қабылдау тәжіриибесі 4 сынып оқушыларына қарағанда әрине өте аз. Баланың көріп қабылдауын байыту арқылы біз оның елестету қабілетін де байытамыз. Ал елестету қабілетін дамыту арқылы біз оның қиялының да дамуына себепші бола аламыз.

Бұл психологиялық қабілеттер тек көркемдік іс-әрекетбарысында дамиды. Соның ішінде бейнелеу өнері де кенже орында қалмайды. Дегенмен оқыту барысында түсініктілік және сәйкестілік принципіне байланысты мәселені реттеу, ұйымдастыруда мұғалім оқушылар мүмкіндігін мүлдем төмендетіп алмауын да қарастыру қажет. Оқушыларды белгілі қиындықты жеңуге бағыттап, белсенді жұмысқа жұмылдырып отыруы керек, сонла ғана оқушылар біліктілік және іскерлік дағдыларын меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар, өз күшімен жеңген қиындық пен шығармашылық жұмыстан қуанышьы көңілге бөленеді.

Мысалы, бастауыш сыныптарда сәндік суретжәне көркем құрастыру сабақтарында берілген үлгі сызба бойынша қағаздан бүктеп (оригами) көлемді бейне жасайды, бүктеудің бірнеше үлгілерін көрсетеді. Содан соң мұғалім оқушыларға үлгі сызбасыз түрлі-түсті қағаздардан бейнелер бүктеп шығарудытапсырады. Бұл оқушылардң жеке ынтасын оятып, жұмысқа шығармашылық тұрғыдан қарауына ұйытқы болады.

Кейбір педагогтар бірінші және екінші сынып оқушылары тек үлгі арқылы жұмыс істеуі керек деген пікірді ұсынатыны белгілі. Жалпы өнерді шығармашылық сырымен көркем де мәңгі деп бағалайтын болсақ, онда үлгіден көшіру, тек үлгі арқылы жұмыс істеу ешқашанда сырлы да көркем шығармашылық дүние тудырмайды. Оқушының тек үлгіге сеніп жұмыс істеуі оның өз бетімен шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамытпайды, яғни өз бетімен ойлауы тежеледі.

Бұл жерде түсініктілік және сәйкестілік принципін оқу барысында іске асыруда мұғалім әр баланың жеке ммүмкіндігін, қабілетін де ескеруі қажет, өйткені сынып оқушыларының қабілеттері бірдей болуы мүмкін емес, кейбіреуі жаңа білімді тез арада меңгерсе, кейбіреуі үлкен қиындықпен меңгереді, кейбіреуі жұмыс әдісін тез игерсе, енді біреулері сол әдісті ұзақ уақыт игере алмай, жұмыс уақытын созып алады. Сондықтан да мұғалім жаңа білімді игерудегі міндетті деңгей мен мүмкіндік деңгей арасын айқын көрсетіп жұмысқа бағыттанғаны дұрыс.

Оқытудың дидактикалық принциптері жөніндегі ойымызды қорыта келіп айтатын сөз – осы көрсетілген принциптер бір-бірімен өте тығыз байланыста бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да оқыту мен тәрбиенің нәтижелі болуы осы жүйенің бұзылмауына байланысты демекпіз.



1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет