Лекция:: 30 Лабораториялық: 15 Обсөж 45 СӨЖ



жүктеу 4.49 Mb.
бет9/24
Дата25.04.2016
өлшемі4.49 Mb.
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
: CDO -> 2013-2014
2013-2014 -> Лекция: 30 сағат лбс: 15 сағат С¤Ж: 45 сағат обс¤Ж: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағ
2013-2014 -> Лабораториялық сабақтардың әдістемелік нұсқауы Пән: Омыртқалылар зоологиясы
2013-2014 -> Лекция: 30 сағат Практикалық: Лаборатория: 15 сағат обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Барлық сағат саны: 135 сағат
2013-2014 -> Курс жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұСҚАУ
2013-2014 -> Лабораториялық сабақтардың Әдістемелік нұСҚауы пән Компьютерлік желілер Мамандық
2013-2014 -> Лекция Тақырыбы: Алфавиттер, тізбектер және тілдер
2013-2014 -> Бағдарламасы Жетісай 20 ж мемлекеттік емтихан бағдарламасы құрастырған: Р. А. Кошкаров Кафедра мєжілісінде қаралған
2013-2014 -> Лекция:: 15 Семинар: 13 СӨЖ: 62 Барлық сағат саны: 90 Аралыќ баќылау (АБ)- 60балл
2013-2014 -> Лекция: 30 сағат Лаборатория: 30 сағат обсөЖ: 60 сағат Барлық сағат саны: 180 сағат

Бақылаусұрақтары

    1. Жүйелілік және бірізділік принципі

    2. Түсініктілік және сәйкестік принципі


13- лекция. Таќырыбы: Сурет салуға үйрету әдістемесінің шет елдердегі,

Ресейдегі, кеңес мектептеріндегі, ТМД мемлекеттерінің тарихы
Жоспары:

  1. Педагогика ғылымдарының негізін салушы И.Песталоций ,Ж.Руссо.

  2. Чех педагогы Ян Амос Коменский,ағылшын педагогы философы Джон Локк»Тәрбие туралы ойлар»кітабы


Лекция маќсаты: Сурет салуға үйрету әдістемесінің шет елдердегі, Ресейдегі, кеңес мектептеріндегі, ТМД мемлекеттерінің тарихы туралы жалпы түсінік
Лекция мєтіні (ќысќаша) 1. Педагогика ғылымдарының негізін салушы И.Песталоций ,Ж.Руссо. 19 ғасырдың басында Швейцария педагогы Иоганн Генрих Песталоццидің (1746-1827 ж.ж.) ықпалымен бейнелеу өнері жалпы білім беретін мектептерге пән ретінде енгізіле бастады. Песталоцци сурет салуға оқытудың, әсіресе бастауыш сыныптарда маңызы зор екендігін айтты. Оның айтуынша жазуға үйренбес бұрын сурет салуға үйрену керек, өйткені суретсалу дағдысы жазуды меңгеруді жеңілдетеді.

Дұрыс ойлану үшін қошаған ортадағы табиғатты дұрыс көре білу керек. Ол біліктілікке жетудің бірден бір тәсілі – сурет салу деді.

Песталцци сурет салуға оқыту әдістемесі туралы көзқарасын өзінің «Гертруда өз балаларын қалай оқытады?» кітабында жазды. Песталоцци өзі суретші болмағандықтан, суретсалу әдістемесінің кәсіби ережелерін жасамады, бірақ сурет салуда көз мөлшерді дамытуға, нәрсе көлемін түсінуге, сурет салу әдісін меңгеруге жеке-жеке әдістеме жасау қажет екендігін айтты. Осы жұмыстарды оның шәкірттері мен ізбасарлары жалғастырды. Песталоццидан соң бейнелеу жалпы білім беретін пән ретінде барлық бастауыш мектептерге енгізіле бастады. Сонымен қатар орта білім беретін мектептерге де арналған бейнелеу әдістемесіне байланысты еңбектер көптеп басылып жарық көрді. Соның ішінде Песталоццидің шәкірті Иосиф Шмидтің еңбектері аса жоғары танымал болды.

И.Шмидтің ойынша бейнелеуге оқыту барысында арнаулы жаттығулар дайындау қажет:

1. Қолды дамытуға және оны сурет салуға дайындау жаттығуы;

2. Әдемі пішінді табу және жасау жаттығуы;

3. Елестетуді дамытуға арналған жаттығу;

4. Нәрселерді геометриялық бейнелеу жаттығуы;

5. Перспективада бейнелеуге жаттығу.

19ғасырдың бірінші жартысында ағайынды Александр және Фрединанд Дюпюилердің жасаған әдістемелері ерекше танымал болды. Сол кезде олар жасаған әдістеме дұрыс, жаңа және алдыңғы қатарлы деп табылып, дүние жүзінің көптеген оқытушыларының тәжірибесінде қолданылды. 1835 жылы Парижде олар қолөнершілерге және оқушыларға арнап ақысыз бейнелеу мектебін ашты. Ағайынды Дюпюилер өздерінің әдістемелерін осы мектепте пайдаланады. Фрединанд алғашқы оқыту сатысының әдістемесімен жұмыстанды, ал Александр адам бсын және адам денесін бейнелеуді оқыту әдістемесін жасады.

Ресейде бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі өте ертеде қалыптасты.

11 ғасырда кітап графикасы мен миниатюра өзінің жоғарғы дамуында болды. Осы кездегі үлгілер бейнелеу өнерімен шұғылданған оқушылардың сурет салу сауаттылығын меңгергенін байқатады. Бұл кездегі суретті жалпы ұштықпен салу дами отырып, бейнелеу өнерінің оқыту әдістемесі көшіріп сурет салумен шектелді. Ресейде сурет салу жалпы білім беру пәні ретінде 18 ғасырдың басында бірінші рет дами бастады.

Сурет жалпы білім беру пәні ретінде кең өріс алып, 1732 жылы Кадет корпусында, 1747 жылы Ғылым академиясы жанындағы гимназияда, 1764 жылы Воскресенск монастыріндегі кішігірім сурет шеберханасында өрбіді.

Осы оқу орындарының бәрі кәсіби-суретшілер дайындауды алға мақсат етіп қойған жоқ, олар өз тәрбиеленушілерінде қарапайым білім беретін мақсатты ұстанды.

1735 жылы неміс және орыс тілінде И.Д.Прейслердің «Негізгі ереже немесе көркем сурет салудағы қысқа жетекшілік» атты сурет туралы оқулық жарық көрді. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесіне үлкен үлесқосқан Сурет Академиясының суретші-педагогтары А.П.лосенко және В.К.Шебуев көп еңбек сіңірді.

19 ғасырдың басында орыс көркем академиясы Батыс Еуропа көркем академияларының алдыңғы қатарынан орын ала бастады. Орыс көркем академиясының алғашқы түлектерінің бірі – О.А.Кипренский.

18 ғасырдың бірінші жартысы мен 19 ғасырда Орыс көркем академиясы сурет мектебінің Ресейлегі ең үздік әдістемелік орталығы болып саналады.

1834 жылы А.П.Сапожниковтың «Сурет салу курсы» атты жалпы білім беретін оқу орындарына арналған алғашқы оқулық жарық көрді. А.П.Сапожников әдістемсінің мақсаты көріністен, яғни тұлғадан қарап сурет салудың негізін қалайды.

1804жылы училище, гимназияларға орта мектептерде сурет пән ретінде қабылданды. 1879 жылы Строганов мектебінде сурет мұғалімдерін даярлайтын курсашылып, ресей мектебін бейнелеуөнері маманы бойынша мұғалімдерменқамтамасыз етіп отырды.

Жалпы алғанда, бейнелеу өнеріне сабақ ретінде көңіл аударылуы және оның әсіресе тәрбиелік мәнінің зерттелу 1970 жылдардың аяғы, 1980жылдардың басынан басталды. Мысалы, 1978 жылы Я.Я.Чарнецкийдің «Преемственности в изобразительной деятельности дошкольников и младших школьников как фактор формирования художественных интересов учащихся» атты зерттеуі жарық көрді. Онда балабақша жасындағы балалар мен бастауыш сынып оқушыларының қызығушылық езімін қалыптастыру жөнінде айтылады. Келесі бір зерттеу жұмысы В.Т. Тихомировтың «Восприятие произведений изобразительного искусства как средство общего и нравстенного развития младших школьников» /1983/ деп аталады. Бұл жұмыста бастауыш сынып оқушыларының қабылдауы туралы айтылады. Осы тұрғыдан бұл жұмыс біз зерттеп отырған мәселемен үндесіп жатыр. Тақырыпта көрсетілген автор бейнелеу өнері пәніндегі қабылдаудың жалпы тәрбиелік ықпалы мен әсіресе, адагершілікке тәрбиелеудегі ықпалын тәптіштеп ашуға ден қояды. 20 ғасырда Ресей бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі Кеңес үкіметіне дейінгі ғылыми ізденістердің аясында болды. Оған мысал ретінде Г.В.Беданың «Бейнелеу өнерінің сауаттылығының негіздері» еңбегін келтіруімізге болады.

Педагогика ғылымдарының негізін салушылар И.Г. Песталоцци, Ж.Ж. Руссо, Дж.Локк, Я.А.Коменскийлердің өз еңбектерінде, баспаларда бейнелеу өнерінің баланы жан-жақты дамытуда, тәрбиелеуде, білім беруде үлкен рөлі бар екендігін ғылыми дәлелдеп жазып, жалпы білім беретін мектептерге пән ретінде енуіне себепші болды.

Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымның бір саласы, ол практикалық жұмыс тәжірибесін теориялық ғылыми жүйелендіріп таратады. Яғни бейнелеу әдістемесі педагогика ғылымы, психология, эстетика және өнертану негіздерін басшылыққа алып дамиды. Ол бейнелеу өнеріне оқытудың жаңа ереже заңдылықтарын жасайды, жинақтайды, ұсынады. Бұл әдістемені бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесі деп алуымызға болады. Сонымен қатар, сол бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесін жинақтап, зерттеп ұсынған әдіс-тәсілдерді оқу-тәрбие прпоцесінде жүзеге асыруды практикалық әдістеме деп атайды. Педагогикалық жұмыстағы әдістемелік өсу, педагогикалыққ іскерлік дағдыларын меңгеру мұғалімнен белгілі бір қабілеттілікті және бейімділікті талап етеді, өйткені ол қиын да, күрделі және аса жауапты педагогикалық өнер.

Кейбіреулер оқыту оңай да қарапайым, тіпті оған оқудың да қажеті жоқ, тек өз пәніңді білсең болды деп ойлайды. Бірақ, әрине ол олай емес, тамаша суретші, жазушы, ғалым болғанымен, жақсы оқытушы болмауы мүмкін. Оған дәлел көптеген белгілі суретшілер оқыту әдістемесі рөлінің маңыздылығын ескермей, оқытушылық істерінде үлкен дағдарыстарға ұшырады. Оқытуда да өнердегідей шабыт, сезім, тапқырлық, іске шығармашылық көзқарас болуы маңызды. Кей жағдайда сабақ барысында сабаққа аяқасты өзгерістер енгізуге тура келеді. Мысалы, сыныпқа түсіндірген жаңа сабақ материалын оқушылар меңгере алмады, онда мұғалім өткен сабақ материалына оралып жаңа сабақты кішкене бөліктерге бөліп, біртіндеп кезеңдеп түсіндіреді. Кезеңдеп түсіндіру барысында бір кезеңді оқушылар меңгергеннен кейін ғана екінші кезеңге көшеді. Сөйтіп жаңа сабақтың меңгерілуі жеңілдетіледі. Міне, сондықтан да дер кезінде сабақты аяқастынан қайта құру мұғалімнен әдістемелік тапқырлықты, шығармашылық көзқарасты, педагогикалық сауаттылықты талап етеді. Мұғалімнің жеке тәжірибелік әдістемесін байытудың бірден-бір жолы – ол педагогика ғылымның жаңа жеістіктерін, жаңа педагогикалық технологияларды жинақтап, зерттеу.

2. Чех педагогы Ян Амос Коменский,ағылшын педагогы философы Джон Локк»Тәрбие туралы ойлар»кітабы Бейнелеу өнерін жалпы білім беретін пайдалы пән ретінде тану жөнінде чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670 ж.ж.), ағылшын педагогы және философы Джон Локк (1632-1670 ж.ж.) «Тәрбие туралы ойлар» кітабында, француз философ –энциклопедистті Жан Жак Руссо (1712-1778 ж..ж.) «Эмиль» еңбектерінде жазды. Руссо қоршаған орта шындығында тану үшін балалардың сезім мүшелерін нәрсеге қарап суретсалу арқылы дамытуға болады деп жазды. Ол сурет салуды табиғатаясында өткізу керек, өйткені, оқушы перспективалық заңдылықтарды өз көзімен көріп түсінеді, сонымен қатар табиғатты байқау арқылы ол өзінің талғамын тәрбиелейді, табиғатты сүюді үйренеді, оның әдемілігін түсінеді. Бейнелеуге оқыту тек қана нәрседен қарап бейнелеуге негізделуі керек. Баланың табиғаттан басқа оқытушысынемесе нәрсенің дәл өзінен басқа көшірмесі болмауы тиіс, үйден үйден, теректі теректен қарап бейнелеуі керек деген болатын.

Әдіскерлер баланың алғашқы сезімдік әсерін жүйелеп, бейнелеу іс-әрекетін белгілі бейнелеу ереже заңдылықтарына бағындыру арқылы оқытуды ұсынады. Енді бір әдіскерлер бейнелеу өнерін мектепте оқытуды-тек оқушыларға эстетикалық тәрбие беріп, шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытындағы жұмыс деп түсіндіреді.

Сондықтан педагог-әдіскерлер осы пікірлердің жігінен жол тауып, қазіргі кездегі оқу – тәрбиенің мақсаты мен міндеті болып отырған, жеке басы жан-жақты дамыған, одан әрі өз бетімен дами алатын қоғам азаматын дайындауда ғылыми –шығармашылық ізденіспен жұмыс істеу керек.

Бейнелеу өнері жалпы білім беретін мектепте оқушыға тек эстетикалық тәрбие беріп қана қоймай, сонымен қатар, дүниетанымын, кеңістік қиялын, ой-өрісін тағы басқа көптеген жақсы қабілеттерін дамытуды көздейді. Сондықтан да педегогика ғылымдарының негізін салушылар И.Г. Песталоцци, Ж.Ж. Руссо, Дж.Локк, Я.А.Коменскийлердің өз еңбектерінде, баспаларда бейнелеу өнерінің баланы жан-жақты дамытуда, тәрбиелеуде, білім беруде үлкен рөлі бар екендігін ғылыми дәлелдеп жазып, жалпы білім беретін мектептерге пән ретінде енуіне себепші болды.

Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымның бір саласы, ол практикалық жұмыс тәжірибесін теориялық ғылыми жүйелендіріп таратады. Яғни бейнелеу әдістемесі педагогика ғылымы , психология, эстетика және өнертану негіздерін басшылыққа алып дамиды. Ол бейнелеу өнеріне оқытудың жаңа ереже заңдылықтарын жасайды, жинақтайды,ұсынады. Бұл әдістемені бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесі деп алуымызға болады.

Композиция (латын тілінде «құрастыру», «тәртіпке келтіру» деген мағынаны білдіреді) – шығарманың құрылысы, оның негізгі бөлшектерінің орналасуы, оқиғалардың баяндалу реті. Суретшінің қолында композицтя – көркем құрал. Ол комподзиция арқылы кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс-әрекетін ашып бейнелеп отырған өмір құбылыстарынөз түсінігінше жеткізіп көрсетеді.

Композиция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнның неғұрлым айқын, нанымды, әсерлі шығуына жағдай жасайды.

Қарапайым тілмен айтқанда көркем шығарманың ішкі құрылысы толып жатқан бөлшектерден тұрса, композиция сол бөлшектерді өзара құрастырып, біртұтас етеді. Жұмысты бастар кезде композицияның орны ерекше, ал қалған салалары соған байланыстылығын ұмытпаған жөн. Сондықтан да суретші, нақ нұсқаны қойып, өз орнын белгілегенсоң, салынар суретті қағаз бетіне қалайша әсерлі орналастыруды ойластырды.

Композицияның негізгі талабы – шығарманың көркемдік бірлігін табу. Шығарма авторы сурет, кескіндеме, роман, пьеса, симфония, т.б. болсын, солардың жекелеген бөліктерін біріктіріп, тұтас бір әсер беретіндей ету немесе әр қилы дүниелерден ортақ бір композициялық ойға бағындырылған шығарма жасау. Бұл үшін суретші алдымен композицияның орталық нүктесін табу керек. Композицияның қалған бөліктерін соған байланысты құрады.

Көрерменнің көзіне бірден түсетін, көлемі жағынан үлкен немесе көп орын алмайтын, бірақ назарды бірден өзіне аударатын, шығармадағы сәулелі немесе күңгірт тұсты, өзінің айналасындағы ортадан айшықталған, автордың қалауымен ерекшеленген ортаны композициялық орталық (бір немесе бірнеше заттардың тобын) деп атаймыз.

Композициялық орталықты қандай тәсілмен анықтау әр суретшінің өз қалауы. Кейде кейбір картинаның шебер де, нәзік орындалғаны сондай, композициялық орьалықты табу оңайға түспейді. Ешқашан да картинаның композициялық орталығын оның геометриялық орталығымен топтастыруға болмайды. Көп жағдайда сәйкес келеді де. Сондай-ақ композициялық орталық тақырыптық орталықпен де қабыса бермейді. Ал геометриялық, композициялық, тақырыптық орталықтардың бір жерден шығуы сирек құбылыс.
Бақылау сұрақтары.

1. Сурет салуға үйрету әдістемесінің шет елдердегі,

2. Ресейдегі тарихы.

3.Сурет салуға үйрету әдістемесінің кеңес мектептеріндегі,ТМД мемлекеттерінің тарихы


14- лекция. Таќырыбы: Сурет салуға үйрету әдістемесінің шет елдердегі, Ресейдегі, кеңес мектептеріндегі, ТМД мемлекеттерінің тарихы
Жоспары:

1.Француз энцеклопедист Жан Жак Руссо- «Эмиль» еңбегі

2. А.П. Сапожников «Сурет салу курсы» оқулығы
Лекция маќсаты: Сурет салуға үйрету әдістемесінің шет елдердегі, Ресейдегі, кеңес мектептеріндегі, ТМД мемлекеттерінің тарихы туралы жалпы түсінік
Лекция мєтіні (ќысќаша)

1. Француз энцеклопедист Жан Жак Руссо- «Эмиль» еңбегі Бейнелеу өнерін жалпы білім беретін пайдалы пән ретінде тану жөнінде француз философ –энциклопедистті Жан Жак Руссо (1712-1778 ж..ж.) «Эмиль» еңбектерінде жазды. Руссо қоршаған орта шындығында тану үшін балалардың сезім мүшелерін нәрсеге қарап суретсалу арқылы дамытуға болады деп жазды. Ол сурет салуды табиғатаясында өткізу керек, өйткені, оқушы перспективалық заңдылықтарды өз көзімен көріп түсінеді, сонымен қатар табиғатты байқау арқылы ол өзінің талғамын тәрбиелейді, табиғатты сүюді үйренеді, оның әдемілігін түсінеді. Бейнелеуге оқыту тек қана нәрседен қарап бейнелеуге негізделуі керек. Баланың табиғаттан басқа оқытушысынемесе нәрсенің дәл өзінен басқа көшірмесі болмауы тиіс, үйден үйден, теректі теректен қарап бейнелеуі керек деген болатын.

Бірақ, осындай белгілі адамдардың қолдауы бола тұра XVII-XVIII ғасырларда бейнелеу өнері жалпы білім беретін мектептерге өз алдына жеке пән ретінде енгізілмеді. Тек XIX ғасырдың басында Швейцария педагогы Иоганн Генрих Песталоццидің (1746-1827 ж.ж.) ықпалымен бейнелеу өнері жалпы білім беретін мектептерге пән ретінде енгізіле бастады. Песталоцци сурет салуға оқытудың, әсіресе бастауыш сыныптарда маңызы зор екендігін айтты. Оның айтуынша жазуға үйренбес бұрын сурет салуға үйрену керек, өйткені сурет салу дағдысы жазуды меңгеруді жеңілдетеді.

Дұрыс ойлану үшін қоршаған ортадағы табиғатты дұрыс көре білу керек. Ол біліктілікке жетудің бірден бір тәсілі- суретсалу деді.

Бейнелеу өнері жалпы бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық дүниетанымын қалыптастыратын пәндердің құрамдас бірі ретінде оқытылады.

Әйтсе де оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мен оқытудағы бейнелеу өнерінің ролі төмендегі көрсетілген талаптарға сай болғанда ғана тиімді болмақ.


  1. Бейнелеу өнері сабақтарында оқыту мен тәрбие беру мақсат-міндеттерін біртұтас шешу.

  2. Оқушыларға бейнелеу өнеріне оқытуда дидактикалық принциптерді сақтау.

  3. Бейнелеу өнері сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану.

  4. Бейнелеу өнері сабақтарында көрнекіліктерді және техникалық құралдарды кеңінен қолдану.

  5. Ана тілі, математика, дүниетану, музыка, еңбекке баулу т.б. пәндермен бейнелеу өнері арасындағы пәнаралық байланысты сақтау.

  6. Оқушылардың шығармашылығын, өзі жасаған өнердегі образдарға эмоциональды көзқарасын, жалпы бейнелеу өнері сабақтарында ойын, сайыс элементтерін пайдалану.

  7. Бейнелеу өнері сабақтарының сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстармен тығыз байланысын сақтау.

  8. Бейнелеу өнерін оқыту бағдарламасының негізгі тараулары бойынша оқыту әдістемесін үнемі жетілдіру.

  9. Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың жеке бас ерекшеліктері мен шығармашылық мүмкіндіктерін ескеру.

  10. Оқыту мен тәрбие барысында озық іс-тәжірибелерді пайдалану.

Бейнелеу өнерін оқыту мен тәрбие беру барысында озық іс-тәжірибелерді жинақтау, талдау, зерттеу мұғалімнің өз әдістемелік шеберлігін байытудың бірден-бір жолы.

Күнтізбелік тақырыптық жоспар-бағдарламаны және мемлекеттік стандарт бойынша шығарылған оқулықтарды, оқу кешендерін негізге Ала отырып құрылады. Бейнелеу өнері сабағына аптасына 1,5 сағат бөлінуіне байланысты күнтізбелік жоспарды екі түрлі бағытта құруға болады. Бірінші бағыт бойынша бір тоқсанда аптасына 1 сағат, келесі тоқсанда аптасына 2 сағаттан құрылады. Ал екінші бағыт бойынша бір аптада 1 сағат, келесі аптада 2 сағаттан құрылады. Бұл бағыт, оқулықтардағы тақырыптардың мазмұндық жүйелілігінің сақталуына мүмкіндік жасайды. Сабақ кестесіндегі сабақ сандары өзгермес үшін аптасына 1,5 сағат жүргізілетін музыка пәнімен үйлестіріп құруға болады.

Бейнелеу өнерін оқытуды ұйымдастыру және сабақты ұйымдастыру және сабақтың құрылысы

Оқыту мен тәрбиенің мақсат-міндеттерін нәтижелі шешу оқытуды білікті ұйымдастыруға және сабақты әдістемелік шеберлікпен өткізуге байланысты. Әрбір сабан мазмұнды, біртұтас, мұқият ойластырылған, толық аяқталған болуы тиіс, сонымен қатар жалпы осы пәннің ортақ мақсат-міндеттерін көздейтін сабақтар жүйесімен тығыз байланыста болуы керек.

Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері сабағының құрылысы басқа қатар оқытылатын пәндер сабақтарының құрылысынан аса айырмашылығы жоқ деп. айтуға болады. Ол ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын тексеру, жаңа сабақты түсіндіру, машықтық жұмыс қорытынды үйге тапсырма кезеңдерінен тұрады.

Осындай сабақ кезеңдері барлық сыныптарда сақталады, тек ол кезеңдерге бөлінетін уақытмөлшері сабақтың мазмұндық ерекшелігіне байланысты болады.

Сабан үнемі бір сарынды жоспарланбай әртүрлі әдіс-тәсілдермен түрлендіріліп, жаңа педагогикалық технологиялармен толықтырып отырылуы міндетті. Оған бейнелеу өнері пәнінің мазмұндық құрылымының әртүрлі жұмыс түрлерін қамтитындығы мүмкіндік жасайды. Өйткені оқушылар заттан арап сурет салу сабақтарында графика және кескіндеме жұмыстарымен шұғылданса; сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында әртүрлі өрнектер бейнелеп безендіру жұмыстарымен, қаріп, көркем жазу ережелерімен танысады; өнер туралы әңгіме сабақтарында сәулет, грфика, кескіндеме, Мусін, сәндік қолөнерлермен танысады.

Оқытудың ұжымдық түрі әсіресе, сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында пайдалануға болады. Ол мысалы: түрлі-түсті қағаздардан ұзымдық көркем композиция құрастыру, немесе оригами тәсілімен бүктеліп жасалған әртүрлі гүлдерден гүлшоғаның композициясын орындау.

Бұл оқытудың ұжымдық түрі қозғалғыш жұп немесе ауыспалы жұп түрінде өтеді. Онда оқушылар бір-бірімен жай жұптасып қана қоймай, әр бала кезек бойынша әр баламен кездесіп жұмыс істейді. Демек, барлығы жұптасып жұмыс істейді, бірақ жұптардың құрамы үнемі өзгеріп отырады.

Бұл жағдай сабақ кезінде қалай іске асырылады?

Әр минут сайын балалардың ішінен біреуі тез жан-жаққа арап бір оқушыны табады, серігімен жұмысты аяқтаған немесе бітіре бастаған оқушы қолын көтеріп, оған белгі береді. Осыдан кейін екеуі бірігіп, жұмысты жалғастырады. Оқытуды ұйымдастырудың топтық түрі сабақта қолданылады. Оқушылар бірнеше топқа бөлінеді, әр топта 4-5 оқушыдан болады. Шығарма композициясының эскизін топ мүшелері бірлесе отырып жобалайды. Осыдан кейін жазықтық бетіне келісім бойынша әрбір оқушы бір бей нені өз бетімен орындайды. Соңында әрбір топтық жұмыс қорытындысы ұжымдық түрде талқыланады. Жұмыстың нәтижесін жолдастарының ұсынысы бойынша бір оқушы баяндайды. Мұғалім жеке топтың жетістіктерін бағалайды және топтың әрбір мүшесінің бағасын жинақтайды.

Сабақта жұмыстың мұндай түрін пайдалану оқушылардың өзара әрекеттесу тәсілдеріне себепші болады. Ол жұмыс барысындағы топтық пікірлатас, ынтымақтастық, өзара жәрдем, өзара түсінісу нәтижесінде оқушылардың тұйық мінезділігін, ұжымнан бөлектену әдетін болдырмауға негізделеді. Крит кескіндемесінің гүлденген шағы – б.з.б. XVI ғасыр, әрине, бұдан кейінгі кезеңдерде де талантты шығармалар дүниеге келген.

Крит патшаларының қолында мысыр перғауындары мен вавилон әміршілерінің құрметіндей қуат жоқ еді. Срә,Критте құдайлар мен билеушілердің алып мүсіндері мен діни ғимараттардың салынбаған себебіосы болуға тиіс. Арал тұрғындары табиғат көріністерін бейнелеуді ғана әдет еткен. Б.з.б. 3мың жылдықтың аяғында криттіктер қыш құмыралар жасай бастады. Осы тұста олар ыдыстардың бүйіріне су өткізбейтін, металл сияқты жарқырап тұратын қоңыр күрең немесе қара түсті ерекше сыр ойлап тапты.

Б.з.б. 2 мың жылдықтың бас кезінде Криттің шеберханаларынан қара бояулармен өрнек салынған жүздеген құмыралар шықты.

Археологтар осы құмыраларды алғаш тапқан үңгірдің атымен «камарес құмыралары» деп атады. Бұларға сән беретін шытырман өрнектер – ұлудың, балық пен бақаның мәнерлеп салынған бейнелері, өрілген жаырақтар, анемон гүлдері.

Бұл керамиканың керемет үлгісі Фестен табылған (б.з.б. 1803 ж шамасы). Б.з.б. XVI ғасырда ыдыстар қабырғасын өрнектеу тәсілінде өзгерістер жасалды, бұйымдардың ашық түсті бетіне қоңыр сырмен салынған бейнелер пайда болды. Теңіз тұңғиығында тіршілік ететін жәндіктердің: теңіз жұлдыздарының , балдыр, маржандардың, дельфиндер мен спруттардың (сегіз аяқты ұлудың) жанды бейнелерін көреміз. (Палекастрадан табылған сегіз ұлу бейнесі салынған құмыра. Керамика. Б.з.б. 1500 ж шамасы Гераклион. Археологиялық мұражайы).

Кейде криттік-микенылық деп аталатын эгейлік өнер – қола дәуірінде Эгей теңізі бассейнінде: осы теңіздің аралдарында, материктік Грекияда (Пелопонес түбегінде) және кіші Азияның батыс жағалауында пайда болған мәдениеттің жемісі. Оның басты орталығы – Крит, ал онан соң - Микены болды.

Микены ең жоғарғы даму шегіне б.з.б. XVI және XIII ғасырлар арасында жетті. Пайда болған эгейлік өнер Крит күйрегеннен кейін де гүлдене берді.

Микены мен Тиринф маңының алып қорғандары біздің заманымызға дейін сақталды. Асқақтаған Микены акрополі (үстіңгі қала) айналадағы алқапқатөніп тұр. Оның ұзындығы – 900 метр, дуалының қалыңдығы – 6 метрден -10 метрге жетеді. Тиринф дуалы да орасан зор.

Қалыңдығы – 17,5 м дуалдың ішінде өтпелі жолдар (галерея) мен азық-түлік, қару-жарақ сақталатын қоймалар жасалған.

Микены мен Тиринфтің дуалдары тастан қаланған. Олардың арасындағы саңылаулар балшықпен, қиыршақ тастармен толтырылған. Гректер бұл дуалды аңыздағы жалғыз көзді жалмауыз дәулер (цилоптар) тұрғызған деп есептеген. Ғалымдар тасты осылай қалауды «цилптық тәсіл» деп атайды. Микены қорғанына кіретін орталық қақпа маңдайшасына бедерлі бейнелі үш бұрышты ақ тас тақта қойылған. Тақтаның ортасында – колоннаның екі жағында қатыр қалған қос арыстан бейнелеген. Арыстанды қақпа – эгей өнеріндегі монументтік мүсіннің жеке дара үлгісі, Микены мемлекеттерінің мызғымас құдіретін білдіретін белгі. Криттердің әдемілік жоспарымен салыстырғанда, Микены сарайы жоспарының сәулеткерлік ой-өрісінің қарапайымдылығымен көзге түсті.

Орталықта той-думандар мен жиындар өткізуге арналған салтанат бөлмесі – мегарон орналасқан. Бай сарайлар Тиринфтенде, Пилостанда табылды. Олардың бәрінің тіршілік тынысы мегарон төңірегінде өтетін, ал мегарон жоспары кейін храм композициясының негізіне айналды. Мегаронды Элладаның қоғамдық ғимараттарының болашақ бейнесі деуге болады. Микены өнері жалпы эгей мәдениеті арасында дамыды. Сарайлар қабырғаларындағы өрнектер криттік нұсқаларды еске түсіргенімен, бұлардан басқаша бір стиль байқалады. Жаңалық бәрінен бұрын сюжеттерден көрінеді: микенылық суретшілер аң аулау көріністері мен соғыс шайқастарын бейнелеуді ұнатқан.

Б.з.б. XVII-XVI ғасырлардың аяғында қайтыс болған микенылық билеп – төстеушілерге жартастан тік бұрышты терең қабір қазылатын. Оларды «оқпанды» оба дейді. 1876 жылы немістің ұлы археологы Шлиман Микены акрополінің ішінен осындай сағананың тігінен құйылған екі қатар тас тақталарымен шегенделген бірінші шеңберін тапқан еді, ал 1951 жылы қола дуалының сыртынан қабірдің екінші шеңбері табылды.

XVI ғасырдың аяғында көп мазарлар салына бастады. Осы мазардың ең әйгілісі шартты түрде Атрей қазынасы атанған. Пелоес, Атрей және оның баласы Агамемнонның сарқылмас қазынасының қоймасы деген сенім болған.

Эгей өркениеті тарихы Пелопоннестің ертедегі құл иеленуші мемлекеттерінің опат болуымен аяқталды.



1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет