Лекция 30 сағат Практикалық (семинар) сабақ 15 сағат СӨЖ 45 сағат обсөЖ 45 сағат Барлық сағат саны 135 сағат



жүктеу 2.89 Mb.
бет10/17
Дата25.04.2016
өлшемі2.89 Mb.
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
: CDO -> Sillabus -> Bio
Bio -> Пәнінен Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «биология» кафедрасы
Bio -> Лекция 30 сағат Практикалық (семинар) сабақтар 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат СӨЖ 45 сағат
Bio -> I.«Омыртқасыздар зоологиясы» пәні бойынша
Bio -> Оқу-әдістемелік кешен
Bio -> Лекциялар конспектісі Құрастырған б.ғ. к доцент С. Е. Келдібеков Жетісай-2006ж. Кіріспе Курстың мақсаты
Bio -> «Жаратылыстану» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «Тұрмыстық химия» пәні бойынша
Bio -> Сабақтың тақырыбы: Геоботаникалық негізгі ғылыми мектептер. Жоспары: Фитоценоз. Биоценоз Биогеоценоз
Bio -> «Химия-биология» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен

1.Далалы жерлерде кездесетін қосмекенділер. Сүйір тұмсық көлбақа.


2.Орманды дала жерлерінде кездесетін қоcмекенділер.Қызыл бауыр шұбар бақа. Сібір бұрыштістісі. Шөпбақа. Тарбақа . Сүйіртұмсықты көлбақа .

3.Шөл мен шөлейтті жерлерде кездесетін қосмекенділер . Жасыл құрбақа.Қызылаяқ бақа.



Қолданылатын әдебиеттер тізімі

а) негізгі:

1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.

2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.

3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.

4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.

5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.

6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.

7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.

8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.

ә) қосымша

9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.

10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.

11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.

12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.

13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.

14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.

Лекция мақсаты: Далалы жерлерде кездесетін қосмекенділер мен таныстыру.

Лекция мәтіні: Сүйіртұмсық көлбақа –Қазақстанда Солтүстікке қарай Орал- Қарағанды- Аягөз- Үшаралды мекендейді . Өзен, көл саз жағаларында кездеседі. Суда тек көбею кезінде тіршілік етеді. Сәуірден қыркүйекке дейін белсенді . Аталық бақалардың бақылдауы – бұл күйттеу әні . Аналығы жылына бірнеше мыңдаған уылдырығын шашу күйінде , су асты өсімдіктеріне бекітеді, ал аталығы оларды өзінің сүтімен ұрықтандырады . Мұндай мол өнім уылдырығы мен итшабақтары , балықтар мен басқа да су жануарлары үшін маңызды қорек болып табылады. Аз ғана мөлшерде тірі қалған итшабақтар ғана бақаға айналып , құрлыққа шығады. Көлбақалар су түбінде , сонымен қатар , құрлықта да шөптің астында , тамырда ,шұңқырларда тағы басқа жерлерде қыстайды. Жәндіктер , шаянтәрізділер және басқа ұсақ су , су маңы , жердегі омыртқасыз жануарлармен қоректенеді. Қансорғыш қосқанаттылармен көптеп қоректену нәтижесінде , қоршаған ортаны тазартады.

Орманды дала жерлерінде кездесетін қосмекенділер.

Қызыл бауыр шұбар бақа-Қазақстандағы құйрықсыз қосмекенділер отряды , дөңгелектілер тұқымдасының жалғыз өкілі . Арқасы жасыл немесе қара дақтары бар сұр түсті , құрсақ жағы қаракөк дақтары бар қызғылт не ашық қызғылт түсті , дене пішіні кішілеу бақа (ұзындығы 3-5 см ) Еуропада кең таралған . Қазақстанда тек Жайық өзенінің аңғарында кездеседі. Мұнда ол ағынсыз сулар ұсақ шұңқырлар , бақшалар , тағы басқа жерлерді мекендейді . Су беті өсімдіктері көп , түбі лай жерлерді ұнатады. Бұл бақаның бүкіл өмірі суда өтеді, судан тек түнде таңсәріде шығады . Ешқашан судан алысқа кетпейді. Ең ұзақ алыс кететін уақыты – күз . Қызыл бауыр шұбар бақаның судан 0,5 км-ге қыстайтын шұңқыры болатындығы белгілі. Басқа құйрықсыз қосмекенділерден айырмашылығы – уылдырығын топтамай жеке- жеке не 2-12 уылдырықтан тастайды , уылдырық тастау уақыты мамырдың басы . Аталықтары осы кезе өздеріне тиіс “у, у “ деген қатты дыбыстарын шығарады.. Аталақтары өте сирек шығатын дернәсілдерінің метоморфозы біткенше , маусымның аяғына дейін дыбыс шығарады . Ересектері су шабақтарымен , ал итшабақтары балдырлармен қоректенеді. Бұл бақаның ерекшелігі – сүтқоректілердің сілекей қабығын қатты күйдіретін , терісінен улы шырыш бөліп шығарады. Сүтқоректілер мен құстарды шаққанда , олардың тыныс алуын әлсіретіп , бұлшықеттерін жансыздандырады. Сондықтан қызыл бауыр шұбар бақаны ешқандай аң , құс , балық жемейді.

Сібір бұрыштістісі - Қазақстанда бұрыштістер туысының жалғыз өкілі, ал Шығыс Азияда 15 түрі бар . Бұрыштістер тұқымдасында 31 түр бар , бұлар тритон

(құйрықты бақа ) мен саламандраға жақын қарапайым құйрықты қос мекенділер . Бұрыштіс деген ат таңдай тістері иілген немесе бұрыш болып орналасқандығын білдіреді. Сібір бұрыштістісі Сібір тайга ормандарында кең таралған , тіпті Поляр шеңберіне де кіреді , ал таралу аймағының оңтүстік шекарасы Республикамыздың солтүстік шекарасына дейін жетеді. Қазақстанда солтүстік Қазақстан облысының Конюховскии ауданында бір рет кездескен. Орынбор облысына шекаралас аз зерттелген жерлерден кездесуі мүмкін . Орынбор жерінде Сібір бұрыштістері дағдылы , уақытының көбін ылғалды жағалаудағы баспаналары мен суда өткізеді. Суға уылдырығын шашу арқылы көбейкді . Сырттай ұрықтанады. Итбалық кезеңінен кейін ересекке айналады. Тамыз аяғында метаморфоз аяқталып , кікентай бұрыштістінің құрлыққа шығуы жүреді.



Шөпбақа –Қазақстандағы бақалар туысының 4 өкілінің бірі. Ірі бақа , ұзындығы 10 см . Тұмсығы алдыңғы жағынан дөңгеленген . Денесі ашық сұр . ашық сары түстен қара түске дейін боялған . Әдетте , ұшы алдына бағытталған желкесіне бұрыштәрізді қара дағы болады, арқасын бойлай қара жолақ жатыр . Аяқтары көлденең қара жолақтармен қапталған. Бұл Еуропа бақасы шығыстан Обь өзеніне кіреді . Қазақстанда Солтүстік Қазақстан облысының қайыңды орманды далаларында ., әдетте Петропавл қаласы және Елек пен Жайық өзендерінде кездеседі. Уақытының көбін құрлықта өткізеді., су басқан шабындықтар мен сазды тжерлерді мекендейді. Сәуірдің аяғынан бастап белсенді. Бұлар көптеген су қоймаларының бетінде әлі де мұз жатқан кезде шағылысады. Аналығы 1,5 мыңнан 4 мыңға дейін уылдырық шашады. Дернәсілдің метоморфозы бақалардікінен аз уақытта өтеді. Ол 45-50 күге созылады. Жәндіктер өрмекшілер және құрттармен қоректенеді. Су астында лайға көміліп қыстайды.

Тарбақа - Қазақстандағы Еуропалық қосмекенділердің тағы бір өкілі . Бұл тарбақалар тұқымдасына жататын басқа нағыз бақалардан өзіндік анатомиялық ерекшеліктері бар . , дене пішіні орташа ұзындығы 5-8 см қосмекенді. Қазақстанда Жайық өзенінің аңғарында және Ырғыз – Торғай су қоймасында мекендейді . Шұбар бақадан айырмашылығы ; суда тек көбею кезеңінде ғана болады. , басқа уақытта құрлықта кеміргіштердің інін , қалың шөптің арасындағы қуыстарды паналайды . Су өсімдіктері қалың өскен ,тереңдігі 60-70 см ағынсыз су қоймаларында уылдырықтарын шашады. Көбею кезеңінен басқа кезде , ымырт пен түнде белсенді, ал күндіз баспаналарында отырады. Тарбақаның өзіндік ерекше қасиеті – артқы аяқтарымен жерді қазып тығылады. Осылай 1,5 метр тереңдікке күзден сәуірге дейін тығылып , қыстан шығады. Күйлеу кезеңінде аталықтары мен аналықтары су маңына жиналып тук ,тук днген баяу дыбыстар шығарады. Уылдырық шашу кезінде аталығы алдыңғы аяқтарымен аналығының белінен құшақтап , 1200-1300 уылдырықтан тұратын ұзын-ұзын бау-бау уылдырықтарды ұрықтандырады. Дернәсілдері 5-7 күннен кейін шығып , су астында тіршілік етеді. Итшабақтарының дамуы 90-100 күнге созылады. , осы уақытта олардың ұзындығы 17- см –ге жетеді. Кейде олардың дамуы бір жазда бітпей, итшабақ күйінде қыстап шығады. Ересектері жәндіктер , олзардың дернәсілдері , былқылдақденелілермен , ал итшабақтары балдырлармен және басқа су өсімдіктерімен қоректенеді. Ұзындығы 6-7,5 см және тұисығы сүйір .Түсі де өте өзгермелі. Күйлеу кезеңінде арқасы мен көкірегі көгілдір түсті болады Қазақстанда барлық орманды далаларда таралған. Ормандар мен бұталы тоғайларды мекендейді . Әдеттегі қоныстанатын жері - ылғал топырақты қайыңды шоғыр ормандар мен томарлы саздар . Суда да құрлықта да мысалы , үстін қалың жапырақпен жапқан шұңқырда қыстайды .Сәуірден қыркүйеккедейін белсенді. Аталықтарының дауысын-суға салған бос бөтелкенің аузынан шыққан ауаның бүлкілдеуімен салыстырады. Кішкентай көлбақалар құрлыққа маусымның басында шығады. Жәндіктермен былқылдақденелілермен , сирек жауынқұрттары және көпаяқтылармен қоректенеді.. Ересек көлбақалар жазда таңертең мен кеште , ал ткішкентай көлбақалар түсте қоректенеді. Ересектеріне қарағанда , кікентай көлбақалар қыстауға кеш кетеді.

Шөл мен шөлейтті жерлерде кеpдесетін қосмекенділер .

Жасыл құрбақа –Қазақстанда кең таралған қосмекенді . Дала, шөл, шөлейттерде мекендйді. Бақадан айырмашылығы уақытының көбін судан тыс жерде өткізеді, суға тек көбею кезінде , яғни уылдырығын шашатын кезде барады. Денесінің ұзындығы 7-14 см , терісі кедір- бұдырлы, үсті сұр немесе сұр жасыл түсті . Ымырт пен түнде белсенді ұшып жүрген жәндікті , әсіресе қатты қанаттыларды ұзын тілімен ұстап қоректенеді. Кемергіштер інінде , тас астында және басқа да баспаналарда қазан –қарашадан наурызға дейін қыстайды. Күйлеу кезінде аталығы ән салады,құс дауысына ұқсас ұзақ құбылған дыбыс шығарады. Аналығы мамыр маусымда тоспа суларда 12 мың уылдырық шашады . Шыққан итшабақтары балықтар ғана емес , басқа да жануарлар үшін қорек . Сондықтан итшабақтардың шамалысы ғана кішкене құрбақаларға айналады,бірақ соның өзі , әсіресе шөлдегі құрғап жатқан шалшықтарда көп болады. Құрбақа өте пайдалы жануарлардың бірі.

Қызылаяқ бақа –жалпы келбеті мен дене пішіні жағынан ұзындығы 8-см сүйіртұмсық бақаға ұқсас , бірақ денесінің төменгі жағы ашық қызыл дақты( көктемде – қызғылт) Қазақстанда тек Балқаш су қоймасында таралған, соңғы 50-жыл ішінде оның саны азайып , таралуы қысқарды. Сондықтан бұл “орлталықазия бақасы ” деген атпен Қазақстан Қызыл кітабына енгізілді. Мұның санының төмендеуі- көлбақаның оны ығыстырып шығаруына байланысты деп есептейді . Уақытының көбін құрлықта өткізеді, күндіз белсенді. Жәндіктермен қоректенеді. Аналығы сәуірде таяз суаттарда 600- 1200 уылдырық салады. Қазаннан наурызға дейін су өсімдіктері бетін жапқан терең емес су қоймаларының түбінде қыстайды.

Лекция №22

Тақырыбы: Жер бетіндегі омыртқалылар. Бауырмен жорғалаушылар.

Жоспары:

1.Жазықты жерлерде кездесетін бауырмен жорғалаушылар.

Кәдімгі сарыбас жылан.Дала сұржыланы.

2.Орманды далалы жерлерде кездесетін бауырмен жорғалаушылар.

Саз тасбақасы.Секіргіш кесіртке.Тірі туатын кесіртке.

3.Шөл мен шөлейтті жерлерде кездесетін бауырымен жорғалаушылар.



Қолданылатын әдебиеттер тізімі

а) негізгі:

1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.

2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.

3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.

4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.

5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.

6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.

7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.

8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.

ә) қосымша

9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.

10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.

11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.

12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.

13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.



14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.

Лекция мәтіні: Жазықты жерлерде кездесетін бауырымен жорғалаушылар.

Кәдімгі сарыбас жылан- Батыс және Шығыс Қазақстанда , сонымен қатар Оңтүстік Балқаш пен Алакөл шұңқырында кездеседі. Шөлейт және қуаң далаларда ылғалды жерлерде - өзен , көл , су қоймасы жағалауларында мекендейді . Бұл орташа пішінді жылан денесінің ұзындығы 1,5 м Қарасұр , кейде арқасы қоңырқай сарғыш түсті , басының екі жағындағы ашық сары түсті үлкен дағы арқылы оңай тануға болады . Басқа сарыдбас жыландар сияқты усыз. Бақалар балықтар , кейде ұсақ құстар , кеміргіштермен қоректенеді. Маусым шілде ылғалды жерлерде аналығы 20 жұмыртқа салады. Қыркүйекте ұрпақтары пайда болады . Қарашадан наурызға дейін жекелеп немесе топ болып қысқы ұйқыға кетеді. Өте көп болған жерлерде балықтың көбеюіне зиянын тигізеді.

Дала сұржыланы - Қазақстанда барлық жерде кездеседі. , әсіресе далалы аймақтарында кең таралған. Қуаң далаларда ,өзен аңғарларда саз және көл жағалауларын мекендейді. Жылына 7-8 ай белсенді (қысқы ұйқы қарашадан наурызға дейін ) Жазда ымырт пен түнде өте белсенді , жылдың басқа уақытында күндіз белсенді. Көптеген басқа жыландардан айырмашылығы – жұмыртқа салмайды , ұрпағы өзінің ішінде жетіледі. Аналығы алты өсімге дейін береді. Ұсақ кеміргіштер және басқа ұсақ жануарлармен , сонымен қатар жәндіктерменде қоректенеді. Жемтігін уы арқылы өлтіреді. Сұржыланның уы жыртқыштар мен ірі жануарлардан қорғану қызметін атқарады . Өте кең таралған мал шаруашылығына зиянын тигізеді. Әсіресе ірі қара малдар мен жылқыларды. , кәбіне ернінен шағады. У миға және басқа да маңызды орталықтарға тез жетеді. Сұржыланның шаққан уы адам өмірі үшін өте қауіпті . дегенмен өлім қатарі аз . Сұржыланның шағуынан сақтану үшін – басып кетпеу немесе басқадай жолмен мазаламау . Егер шақса жарадан көбірек уды алып тастап , дәрігерге көріну керек.Сұржылан уы медицинада вакцина жасау үшін қолданылады.

Орманды далалы жерлерде кездесетін бауырымен жорғалаушылар.

Саз тасбақасы –Еуропадан шыққан түр болғандақтан , тек солтүстік –батыс Қазақстанда мекендейді. Ол Еділдің атырауынан Ырғыз су қоймасы мен Сырдария сағасына дейін Қазақстанның солтүстік шекарасына дейін тіршілік етеді. Соңғы кезе саз тасбақасы Қостанай облысының кейбір өзендері мен көлдерінде кездесіп жүр. Ағысы жай тұщы су қоймаларын мекендейді. Өзендер және көлдер мен шалшық суларда мекендейді. Паналайтын жері су қоймасының түбіндегі лай әрі сол жерде қыстайды. Тасбақа су түбінде болғанда өкпесіне ауа толтыру үшін су бетіне шығады, сөйтіп тек тұмсығының ұшын ғана судан шығарады. Жазда шуақты күнде су бетіндегі ағаш пен томарға шығады. , егер қауіп төне қалса , түбінде қыстаушы тасбақалар қырылып қалады. Негізгі қорегі – су жәндіктері, ұсақ балықтар мен шаянтәрізділер де жейді, тіпті өсімдіктермен де қоректенеді. Аналығы мамырда , содан кейін маусым шілдеде күнге жақсы қыздырынатын құрғақ жерден 12 см тереңдіктегі шұңқыр қазып , 10 жұмыртқа салады . Жұмыртқаларды көміп , сауытымен топырақты көміп , аналығы суға оралады. Келесі жұмыртқа салғанша ., бұл жерге келмейді . Инкубациялық уақыты 60 күннен 110 күнге дейін созылады. Ұсақ тасбақалар жұмыртқадан тамыздың аяғы мен кыркүйектің басында шығады.

Секіргіш кесіртке –ашық сұр қоңыр немесе жасыл түсті ірі кесіртке денесінің ұзындығы 120 мм . Күйлеу кезеңінде аталығының үсті қою жасыл түсті болады , күзде бұл түс қою жасыл түске айналады. Аналығы мен ұрпақтары сұр немесе қоңыр түсті болады. Қазақстанның Солтүстік бөлігінде таралған, шығыста оңтүстік шығыс таулары Жоңғар және Күнгей Алатауларына дейін кіреді. Орманды дала аймақтарында орман шетінде , сирек бұталардың , өзен мен көлдердің жағалауларындағы жайылымдарда кездеседі. Суаратын каналдар арқылы алыс егістік жерлерге дейін кетеді . Баспана ретінде інді өзі қазады , бірақ көбіне кеміргіштердің інін пайдаланады. Сүйсініп суға түсіп , су астында 12 минутқа дейін болады. Мамырдан кыркүйекке дейін , тіпті қазанда да белсенді. Жәндіктермен және олардың дернәсілдерімен қоректенеді. , жиі өз ұрпақтарын жейді. Аталығы мен аналығы қыстан шыққаннан кейін , көп кешікпей шағылысады. Аналығы маусымда 3-15 жұмыртқа салады. Ұрпақтары тамыздың ортасынан кыркүйектің басына дейін шығады.

Тірі туатын кесіртке-секіргіш кесірткеден кішілеу денесінің ұзындығы 75 см Денесі қоңыр және сары түске боялған , жоны қара жолақты екі бүйірі екі қатар ақ теңбілді ; аналығының құрсағы сары немесе жасыл реңді ақ , ал аталығыныкі қызғылт сары түсті. Қазақстанда тірі туатын кесіртке орманды дала аймағының бірнеше жерінен ғана табылады . Орал мен Көкшетау қалаларының маңы солтүстікте – Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облысы. Бұл кесірткенің бұлай аталу себебі. Жұмыртқасы ұзақ уақыт аналығының жұмыртқа жолында қалып қояды . . Жұмыртқалаған кезде , кішкентай кесірткелер саны 2-12 дейін бірнеше минуттан кейін ғана шығады. Ұрпақтарыны пайда болу уақыты созылыңқы ; бір мезгілде әр түрлі ұрпақтары мен буаз аналықтары да кездеседі , Жапырақты және қылқан жапырақты ормандардың сазды , шымтезекті ылғал жерлерінде тіршілік етеді . Ағаш тамырларының түбінен таяздау ұя қазады да , осында қыстайды . Секіргіш кесірткемен қатар ұя салудан қашады, себебі ол мұның ұрпақтарын жеп қояды. Жәндіктер олардың дернәсілдері және жауын құрттарымен қоректенеді.

Шөл мен шөлейтті жерлерде кездесетін бауырымен жорғалаушылар

Сұр кесел- Қазақстандағы ең ірі кесіртке денесінің ұзындығы 60 см , құйрығы 100 см , самағы 3,5 кг – ға Ежелгі сарғыш түсті кесіртке сияқты ашық – қара сары көлденең жолақтары бар және піспегі сияқты ұзын айыр тілін жиі көрсетеді. Қазақстанда тек Қызылқұм шөлі менОңтүстік Қазақстан облысындағы Сырдария өзенінің сол жағында мекендейді. Негізінен құмды шөл және сазды шөлмен шекаралас жерде қоныстайды. Қыркүйектен наурызға дейін ұйқыға кетеді. Күндіз ұясында жатады , таңертең кеше құмтышқан , сарышұнақ , кесіртке жыландарды аулайды. Аналығы маусымда құмға 20-25 жұмыртқа салады. Одан ұрпақтары тамыз кыркүйекте шығады. Олар үшінші жылы жынысты жағынан жетіледі . Сұр кеселдің қорқынышты түрінен көптеген аңыздар туған. Оның бірі былай айтылады. ; Сұр кеселді кездестірген адам ауру болады. . Бұл жануардың аты “кесел ” деп аталуы “ ауру ” дегенді білдіреді. Сондықтан оны жиі өлтіреді, онсыз да сирек кездесетін жануар мүлдем азайып кетті. Ол Қазақстанның Қызыл кітабына және Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген .

Дала ешкіемері- немесе бұғақты ешкіемер – ешкіемерлер тұқымдасына жататын бауырымен жорғалаушы . Ірі денесінің ұзындығы 12 см , салмағы 45 г , сұр қоңыр түсті , оның , қабыршағы қатты тікенді жабын денесінен айқын бөлінген . Күйлеу кезеңінде температурадан немесе қозған кезде аталығының тамағы мен денесінің екі шеті көк түске , ал аналығының арқасыдағы қоңыр дағы қызыл түске боялады. Халық бұл кесірткені жиі “ кесел ”деп атайды . Осыдан оны ең қолайсыз жерлерде кездестіргені туралы аңыздар шыққан . Шөл және шөлейтті жерлерде кең таралған . Кеміргіштердің ұяларын пайдаланадыБұтаның ұшына шығып алып , тік тұратын әдеті бар . Көптеген әдебиеттерде оны қатты қызған құмнан қашқандықтан деп түсіндіреді . Негізінде олай емес , дегенмен ол осылай өз көршілеріне осы аймаққа деген құқын көърсететін болса керек . Қысқы ұйқысы 5 айға созылады. (қазаннан наурызға дейін ) . Жазда күндіз белсенді, тек түстен кейін жиі бұтада көрінеді. Жәндіктермен , өрмекшілермен , шамалы өсімдік жапырақтары , гүлдерімен қоректенеді. Жаппай шағылысу – сәуірде , аналығы мамырдың ортасында 5-14 жұмыртқа салады. Инкубация ұзақтығы 50-60 күн мамырдың соңында екінші рет жұмыртқа салады.

Оқ жылан –Жіңішке ақшыл түсті жылан , ұзындығы 125 см , тегіс қабыршақтары денесіне тығыз жабысқан . Қазақ аңыздарының бірінде бұл жыланның улы және өте шапшаң екендігі . , адамды оқ сияқты тесіп өтетіндігі , сонымен қатар өлтіретіндей етіп шағып та үлгеретіндігі айтылған . Шындығында ол өте жылдам . Аңызда айтылғандай , оқ жыланда улы безі бар, бірақ оның адамды шағуы мүмкін емес., себебі улы тістері ауыз қуысында терең , жоғарғы жағының түбінде орналасқан . Жемтігін мысалы кішкентай тышқанды , қатты тістегенде ғана шағады , яғни саусағыңды жыланның аузына салмау керектігін естен шығарма . Оқ жылан Қазақстандағы шөл мен шөлейттерде , құрғақ ыстық тау аңғарларында кездеседі. Кеміргіштердің інін , тас арасындағы қуысты жер жарықтарын паналайды . Бұталарға оңай шығып олармен жебе сияқты қозғалады. Қазанның соңынан сәуірдің басына дейін ұйқыда болады . Ересектері кесірткелермен , кішілері жәндіктермен көбіне шегірткелермен қоректенеді.

Дала тасбақасы –қазіргі кезде көбіне Орта Азиялық тасбақа деп атайды Қазақстан шөлдеріндегі тасбақалар отрядының жалғыз отрядының жалғыз өкілі . Аналығының ұзындығы 20 см , салмағы 2,5 кг , аталықтары кішілеу . Қауіпті жағдайда басы мен аяқтарын жинап тығылатын сүйекті сауыты болады , ол тасбақаны төрт аяқты жыртқыштардан берік қорғайды. Бірақ кейбір қырандар тасбақаны биіктен тасқа лақтырып , сауытын жаруға машықтанып алған . Ал сауыты қатпаған жас тасбақаларды , тіпті қарғалар да шоқып тастайды . Жағындағы мүйізді . қатпары тасбақаға тек өсімдікпен қоректенууге мүмкіншілік жасайды. Тасбақа небары 3-4 ай наурыздың соңынан маусымның соңына дейін белсенді , қалған уақыттарын жерде не құмда 2 метр тереңдікке дейін көміледі де , ұйқыда өткізеді . Көктемде , жазда және күзде белсенді . Сәуірде шағылысады . Аналығы сәуір мамырда екі рет 1-4 жұмыртқасын жердегі шұңқырларға салады . Олар көбіне қанатты және төрт аяқты жыртқыштарды қорегіне айналады : шөлде тасбақа жұмыртқасының қабығын көптеп кездестіруге болады . Аман қалған кішкентай тасбақалар өз бетінше тіршілік етеді . Еуропа елдеріне экспорт нысаны болып табылады . 20 ғасырдың 70-90 – шы жылдарында Қазақстанда жылына 100 мың тасбақа дайындалса , қазір бар жоғы 20мыңдайы ғана ұсталады.

Құлақты батпат –Қазақстанда мекендейтін осы туыстың 6 түрінің ішіндегі ең ірісі денесінің ұзындығы 12 см. Оның аузының екі шетінде шашақты тері қатпары бар , осы арқылы аузын қатты ашып , қорқынышты кейпін көрсетеді . Құмды шағылдарды мекендейді , қауіп төнген кезде өте тез аңдушысының көзінше денесінің ұсақ тербелмелі қозғалыс жасауы нәтижесінде құмға сіңіп жоқ болады . Бұл ірі кесіртке қорқақ емес . Жалпы бояуы құм түстес , сондықтан қозғалыссыз құмда жатқан кесіртке байқай қоюы оңай емес . Кесіртке тығылғанда . қашуға кеш болса , осылай қозғалыссыз жата береді . Қазаннан наурыздың соңы сәуірдің басына дейін ұйқыда болады. Күйлеу кезеңі мамырдың басында басталады, мамырдың ортасынан шілденің аяғына дейін аналығы қанша рет жұмыртқа салатыны белгісіз . Ұрпақтары тамыз кыркүйекте пайда болады. , екінші жылдың аяғында ғана жынысты жетіледі.

Жалтырауық жармасқы - бұл өзгеше түнгі кесіртке , тек құмда мекендейді . Қазақстандағы ерекше жармасқы тұқымдасының 6 түрінің бірі . Бұл кесірткенің сырт пішіні қызық : қысқа және толықша денесінің ұзындығы 11 см , үлкен бұрышты басында күндізгі жарыққа үйренбеген үлкен көздері бар . Түнде жарықтың түсу бұрышына байланысты көздері біресе суық жасыл түспен , біресе ашық қызыл рубин түспен жанады . Жалтырауық жармасқының санын есептеу әдісі осыған негізделген , осы уақытта есепшінің көзіне керемет көрініс көрінеді. : ыстық шөл түндеріндегі қара түнекте шексіз көп суық сәуле түсіруші өрмекшілер мен басқа түнгі омыртқасыздар арасынан жекелеген ашық қызыл рубиндер көрінеді . Бұл түнгі жануардың терісі өте нәзік , байқамай тиіп кетсе , киім сияқты үстінен шешіліп қалады ., ал құйрығын лезде тастайды . Жәндіктер және олардың дернәсілдерімен , көбіне шегіркелермен қоректенеді.

Құм айдахаршасы – кішілеу ұзындығы 60 см, қоңыр түсті , қысқа доғал құйрықты жылан . Алыстан екі жағы бірдей жуандықта сияқты болп көрінеді сондықтан екі басы бар бұл екі жылан , біресе бір жағына біресе екінші жағына қозғала алады деген аңыз пайда болған . Каспии маңы мен Қызылқұм шөлдерінде , яғни батыс пен оңтүстік Қазақстан құмдарында тіршілік етеді. Құмға өздері ін қазады , ал сазды жерлерде баспана ретінде сарышұнақ пен қосаяқтың індерін пайдаланады. Күндізгі белсенділігінің екі кезеңі бар : таңертең және кеші Кемірушілер ұсақ құстармен қоректенеді . Ересектері таңғы 7 ден кейін демалысқа кетеді , ал жастары сағат 10-11 де белсенді жәндіктермен қоректенеді Кеміргіштердің інінде қазаннан наурыз – сәуірге дейін қысқы ұйқыға кетеді . Усыз жемтігін орап , жаншып өлтіреді. Маусым шілдеде аналығы ұзындығы 12-13 см кішкентай жыланды туады. Сырдарияның жағасындағы шөлдерде басқа тү шығыс айдахаршасы тіршілік етеді . Сырт пішіні мен тіршілік етуі жағынан құм айдахаршасына ұқсас . Бұл құмды шөлден басқа , сазды сары топырақты шөл . тіпті жусанды далаларда да кезеседі . Бұл да усыз жылан .

Тақыр батпаты – орташа пішінді кесіртке денесінің ұзындығы 6 см , жалпақ жапырылған денесі сыртынан әр түрлі кедір бұдырлы қабыршақпен қапталған . Ақасы сұр немесе қоңыр түсті , көлденің қоңыр дақтары бар Мойынының екі шетіндегі бір – бірден қызыл дағы ақшыл көгілдіртүспен көмкерілген. Құрсақ жағы ақ тек құйрығының төменгі жағы қызыл түсті. Тақыр , сортаң , балшықты , тастақты және әр түрлі басқа топырақтарда және шөлейттерде кең таралған . Қысқы ұйқыдан наурызда шығып , қайта қазанда ұйқыға кетеді. Күндіз белсенді .Ашық ыстық күндері аз қашықтыққа өте қатты жүгіреді. Тіпті үрейлі көзінің өзінде 10-20 метрден кейін тығылады. Тақыр жерде көзден мүлде жоқ болады . Ұсақ омыртқасыз жануарлармен және сарышаяндармен қоректенеді. Аналығы мамырдың ортасынан маусымның аяғына дейін бірнеше рет жұмыртқа салады.

Лекция №23


Тақырыбы: Жер бетіндегі улы жыландар. ЖЫЛАНДАР (OPHIDIA)

Жоспары:

1.Сарбас жылан тәрізділер (Calubridae).

2.Су сарбас жыланы (Ntessalata).

3.Қалқантұмсық..



Қолданылатын әдебиеттер тізімі

а) негізгі:

1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.

2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.

3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.

4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.

5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.

6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.

7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.

8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.

ә) қосымша

9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.

10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.

11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.

12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.

13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.

14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.

Лекция мақсаты: Улы жыландар мен таныстыру.

Лекция мәтіні: Жыландар шөптесін жерлерде бауырымен жылжып қозғалуға, көлемді заттарды тұтасымен жұтуға бейімделген жануарлар. Сыртқы пішініне қарағанда жыландар аяқсыз кесірткелерге ұқсайды. Аяқсыз кесірткелерден айырмашылығы жыландардың жақ аппаратының оң жақ және сол жақ бөлімі жылжымалы болып байланысқан қозғалмалы қабағы, дабыл жарғағы болмайды.

Жыландардың бір қатарында ғана мойын бөлімі байқалады. Көпшілігінің денесі –бас, дене және құйрық бөлімдеріне бөлінеді. Жыландардың аяқтары және олардың скелеттері жүруге жарамайды. Тек ғана айдаһарларда ғана артқы аяқтың қалдығы, мықын сүйегі мен ортан жіліктің қалдығы сақталған. Соқыр (Typhiopidae) жыланында да жамбас сүйегінің қалдығы болады.

Жыландардың денесі мүйізді қабыршақтармен қапталған. Сарбас жыланның кейбір түрлерінде ғана тері безі болады. Басқа түрлерінде тері безі болмайды. Түлеген кезде алдымен терінің үстіңгі қабатының жаққа бекіген жері ажырайды да, дененің артқы бөліміне қарай қолғап сияқты сыпырылып түсіп қалады. Бұл кезде көздерінің үстін жауып тұрған қабыршақтары да түсіп, бұрынғысынан да мөлдір болып көрінеді.

Қозғалу ерекшеліктеріне байланысты жыландардың омыртқа жотасы біркелкі, көптеген (200-450) омыртқадан тұрады. Омыртқаның мұндай құрылысы, омыртқа тізбегіне ерекше мықтылық беріп, ирелендеп қозғалғанда, оның тез қозғалуын қамтамасыз етеді.

Жақ аппаратының сүйектері және онымен байланысатын таңдай, қант тәрізді және бұдыр бетті сүйектер бірімен-бірі қозғалмалы болып орналасқан. Мұндай ерекшелік ірі жануарларды түгелімен жұтып қоюына мүмкіндік береді. Ірі қоректерін жұту механизмі төменгі жағының оң және сол бөлімінің кезектесіп қозғалуы арқылы орындалады. Осындай ірі заттардың жұтылуын сілекей безінен бөлінетін сөл жеңілдетіп отырады. Жыландардың көпшілігі улы болмайды, сондықтан олар жануарларды тістелеп немесе оны денесімен орап алып, қысып өлтіреді. Улы жыландардың алдыңғы бірнеше тістері ірі болады да онда у құйылатын сайша немесе канал болады.

Жыландардың қазіргі 2300-2500-ге жуық түрі белгілі. Олар жер бөліктерінің барлығына тараған, әсіресе ыстық жерлерде көп кездеседі. Солтүстікте полярлық шеңберге дейін еніп жатады. Оңтүстікте –Оңтүстік Америкаға дейін тараған. Отты жерлерде, Жаңа Зеландияда және Полинезияның көптеген аралында жыландар болмайды. Жыландар ағашты, далалы, таулы жерлерге, кейбір түрлері суда жер астында тіршілік етеді.

Олар жұмыртқа немесе тірі жұмыртқа салып көбейеді. Тек қана жануар тектес заттармен қоректенеді. Жануарды сескендіріп барып , тез шабул жасап, ұстайды. Бұған қосымша, улы жылан адамды тек қана мазалағанда шағатынын айтуға болады.

Сарбас жылан тәрізділер (Calubridae) тұқымдарына жыландардың 1000-ға жуық түрі жатады. Бұлардың ішінде залалсыздары да, өте улы түрлері де болады. Бұл тұқымдастың сұр жыландардан ерекшелігі улы тістері және оның каналы болмайды, улы тісінің алдыңғы жақ бетіндегі сайшалар арқылы құйылады. Көбірек тараған түрінде кәдімгі сарбас жылан (Natrix natrix) жатады. Түсі қоңыр, тіпті қара деуге де болады. Самайының арт жағына симметриалы орналасқан екі сарғылтр жолағы болады. Сондықтан да бұларды сарбас жылан деп атаған. Кейбір түрлерінде сары жолақ болмайды. СССР-дің Европалық бөліміне Сибирьге, шығыста Забайкальеге дейін және Орта Азияның кейбір жерлеріне тараған. Батпақтың, өзеннің және тоспаның жағасын мекен етеді. Бақалармен, кесірткелермен, кемірушілермен, аздап та болса насекомдармен, өте сирек балықтармен қоректенеді. Жұмыртқа салып көбейеді. Жұмыртқаларын шірінділердің арасында салады.

Біздің елдің оңтүстігінде су сарбас жыланы (Ntessalata) мекендейді. Кәдімгі сарбас жыланнан айырмашылығы түсі ашық сұр, қара дақты болады. Көбінесе суда тіршілік етеді. Балықтармен қоректенеді.



Полоздар (Coluber Elaphe) сарбас жыландарға жақын, ұзындығы 2 м болатын жыландар. Улы тістері болмайды. Егер адам қуса қарсыласып, тістеуге ұмтылады, өте қатты тістейді.

Көзілдірікті сарбас жыландар тұқымдасына жалпы халыққа белгілі улы жыландар да жатады. Бізде Түрікменияның оңтүстігінде сұр кобра (Naja oxiana) деген түрі кездеседі. Денесі біркелкі сұр түсті, дағы болмайды. Аңғарларда және адам мекеніне жақын жерлерде тіршілік етеді. Шаққаны өте қауіпті. Көзілдірікті жыланның (Naja naja) мойының желке жағында көзілдірік сияқты екі дағы болады. Олар Оңтүстік Азияны мекендейді.

Кәдімгі сұр жылан (Vipera berus ) біздің еліміздің Европалық бөлігінде және Сибирьде таралған . Түсі сұр қара жолақты , немесе мүлдем қара болады. Олар көбінесе тоғайлы жерде болады, ол батпақты жерлерде кездеспейді. . Бұларды күндіз үйінділердің , ағаш түбірінің үстінен , таулы жерлердің күнгей жағынанкөруге болады , қорегін аулауға түнде шығады. Негізінен тұшқандармен тдала тышқандармен , сирек болса да құстармен, кесірткелермен, бақалармен, және насекомдармен қоректенеді. Тірі жұмыртқа туып көбейеді. Қысқа қарай бірнешеуі бірігіп , ағаш тамырының мастында , терең індерде қыстап шығады. Сұр жыланның шаққанынан денсаулығы нашар адамдар үшін аса қауіпті болмағанменкөп азап шегеті.

Орта Азия мен Кавказда сұр жыланға жақын қара жылан гюрза (Vipera lebetina) кездеседі. Оңың ұзындығы 2 м болады. Олар ш өл даланы және аласа таулы жерлерді мекендейді . Шаққаны өте қауіпті. Орта Азияның оңтүстік бөлігінде , Африкада және Аравияда құм эфасы таралған . Оның ұзындығы 70 см болады. , түсі жалпы сарғылт құм түсті. Бұлардың да шаққаны өте қауіпті. Қалқантұмсық улы жылан , өзіне тән ерекшеліктері- құйрығы қысқа . Көзі мен танау тесігінің ортасында шұңқыры болады. Денесінің жалпы ұзындығы 75 см . Еділ өзенінің бойынан Қазақстан арқылы Орта Азияға , Оңтүстік Сибирге , Қиыр Шығысқа дейін тараған және Закав казьеде де кездеседі.

Сұр жыландарға Американың сылдырмақты жыланы да жатады.Бұл жыландарды сылдырмақты жыландар деп атауыныңсебебі , олардың құйрығында дыбыс шығаратын қозғалмалы байланысқан мүйізді бунақтардың болуына байланысты. Айбат шеккен кезде , құйрығын қозғалтып сылдырлаған дыбыс шығарады. Аса қауціпті улы жылан.

Лекция №24


Тақырыбы: Құстар. Құстардың аңшылық- кәсіптік түрлері.

Жоспары:

1.Қаз тәрізділер.

2.Тауық тәрізділер.

3.Кептер тәрізділер.



Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

а) негізгі:

1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.

2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.

3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.

4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.

5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.

6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.

7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.

8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.

ә) қосымша

9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.

10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.

11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.

12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.

13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.

14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.

Лекция мақсаты: Құстардың аңшылық- кәсіптік түрлері мен таныстыру.

Лекция мәтіні: Құстар жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың ұшуға биімделген ерекше маманданған бұтағы деуге болады. Құстар генетикалық жағынан рептилилерге жақын, оның прогрессивті бұтағы.

Құстарды рептилилерден ажыратуға болатын белгілері:

а) құстардың орталық нерв системалары жақсы жетілген, сондықтан олар әр түрлі жағдайларға биімделіп, мінез – қылықтарын өзгертеді.

Б) денесінде зат алмасу процесінің жылдамдығы мен дене жылуының реттелуінің дұрыс болуына байланысты температурасының жоғары және тұрақты болуына әкеліп соққан,

в) ауа кеңістігінде ұшу қабілеті көпшілігінің қозғалу, өрмелеу қабілетін жоймаған,

г) көбею біршама жетілген жұмыртқаларын басуы және балапандарын қоректендіруі.


Қаз тәрізділер Бұл отрядқа ірі және орта үлкендікте болатын, ұзын мойынды, қысқа аяқты құстар жатады. Олардың саусақтары төртеу, оның үш саусағы денесінің алдына бағытталып, оларды тері жарғақтарымен қосылған. Әдетте олардың тұмсығын жалпақ, үстіңгі жағынан төмен қарай қысыңқы келеді. Тұмсығының сырты жұқа терімен қапталған, тұмсығының ұшында мүйізді бөлімі болады, оны «тырнақша» деп атайды. Тұмсығының үстіңгі бөлімінің ішкі жағында мүйізді пластинкалары бар. Кейбір түрлерінде (крохалдарда) жақтарының жиектерінде мүйізді тісшелері болады. Жамылғы қауырсыны тығыз, қатты, шеткі қауырсындары болады. Құйымшақ безі жақсы дамыған.


Еркектерінің шағылыс оргындары болады. Жылына бір рет жұмыртқа салады. Жұмыртқадан шыққан балапандары ширақ болады. Қаз тәрізділердің бүкіл дүние жүзінде 200 – дей түрі бар. Бізде олардың елуге тарта түрі кездеседі. Кәсіптік құстардың көпшілігі осы отрядқа жатады. Бұлардан үй құстарының көптеген түрлері шығарылған.

Кептертәрізділер отряды – Columbiformes. Майда және орташа денелі (3 кг-ға дейін), жақсы үшатын, тіршілігі орман тоғаймен байланысты қүстар. Қызылшақа балапанды және шөпқоректілер, түмсығының түбінде балсірі болуы мүмкін. Аяғында 4 саусағы бар, артқы саусақ жетілген. Жемсауы жақсы дамыған және етті қарны күшті. Тропика мен қоңыржай аймақта көп кездеседі. Үшуы шапшаң, жерде жақсы жүреді. Отряд екі отряд тармағына: бүлдырықтар мен кептерлерге бөлінеді. Кептертәрізділерге 310 түр (49 туыс) жатады. ТМД елдерінде 16 түр (5 туыс) бар, оның 14 үялайды. Қазақстанда 13 түрі кездеседі, көпшілігі республикамызда үя салып, балапан үшырады. Қорегі аралас өсімдік - жануартектес (түқым, насекомдар) азықтар.

Түқымдастардың 16 түр (2 туыс) бар. ТМД елдерінде 4 түр - 2 түр бүлдырық және 2 түр қылқүйрық үялайды. Қазақстанда ақбауыр (Pterocles alchata), қарабауыр (P. orientalis) булдырықтар және қылқұйрық не қылаңтөс (Syrrhaptes paradoxus) мекендейді. Үшеуі де Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.




Кептертәрізділер отряды.

1.Көк кептер; 2-Қүз кептері; З-Ақтөс кептер; 4-Қоңыр кептер; 5-Түз кептері; 6-Дыркептер; 7-Түркептер; 8-Үлкен түркептер; 9-Сақиналы түркептер; 10-Кіші түркептер; 11-Жасыл кептер; 12-Тибет қылқүйрығы; 13-Қылқүйрық не қылаңтөс; 14-Ақбауыр бүлдырық; 15-Қарабауыр бүлдырық..

Кептерлер отряд тармағы – Columbae. Кептерлердің аяқтары бүлдырықтарға қарағанда үзын. Артқы саусағы жетілген және басқаларымен бір деңгейде орналасқан. Үлкен екі айрық жемсауы болады. Жіңішке, үшында үзарған ілмегі бар түмсығының түбінде танау тесіктерін жауып жататын балсірі болады. Отряд тармағында 2 түқымдас бар.

Дронттектестер түқымдасы - Raphidae. Қазба қүстар, 16-17 ғасырларда Маскарен аралдарында толықтай жойылған. 3 түрі болған, ірі (10 кг дейін) қүстар, қанаттары әлсіз, ұшу қабілеті толықтай жойылған. Балсірі болмаған, тұмсығы күшті, үстіңгісінің үшында ілмек болған. Руль қанаттары болмаған. Өсімдік қоректі қүстар болғанға үқсайды. Шығу тегі түсініксіз-бір авторлар дронттарды кептерлермен байланыстыруға тырысса, басқалары сутартарлардың ауытқып кеткен бір бүтағы болуы керек деп деп есептейді.

116 сурет. Дронт - Raphus cucullatus

(Карташевтан алынған)

117 сурет. Тәжілі кептер - Goura critsata

(Карташевтан алынған)

Кептертектестер түқымдасы - Columbidae. Дене мөлшері әртүрлі - 30 г- 3 кг жететін қүстар. Қауырсындануы тығыз. Түмсығының түбінде балсірі жақсы жетілген. Моногамдар. Реңінде металл тәрізді жылтыр басым. Жақсы және мәнерлеп үшады. Үялайтын орны алуан түрлі - ағаш қуысы, саңылауы және т.б. Үяда 1-2 жүмыртқа болады. Балапаны қызылшақа, соқыр.

Ересектері оларды жемсауындағы қүсықпен қоректендіреді. Қоңыржай аймақта бір мәрте, жылы жерлерде 2-3 мәрте үялайды.Қорегі алуан түрлі, негізінен өсімдіктер, бірақ жануартектес азықты да пайдалана береді. Қоңыржай және ыстық аймақтарда кең тараған.









Тауықтәрізділер отряды

1-Қоқыс тауығы (Alectura lathami); 2-Үлкен аргус (Argusianus argus); 3-Айдарлы кракс (Сгах alector); 4-Дәукөз күркетауық (Agriocharis ocellata); 5-Мысыр тауығы не Цесарка (Numida melagris).
Тәжілі кептер өте әдемі (117 сурет).Барлығы 286 түр бар. ТМД елдерінде 12 түр (6 туыс) бар, оның 10 үялайды. Қазақстанда кептерлер мен түркептерлердің 10 түрі есепке алынған, 9түрі үялайды (115 сурет). Қоцыр кептер (Columba eversmanni) Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.

Тауықтәрізділер отряды – Galliformes. Пішіні және мөлшері жағынан алуан түрлі қүстар - салмағы 45 г-нан 10 кг-ға дейін ауытқып түрады. Жер шарына кең тараған. Бүлардың арасында отырықшы және жыл қүстары бар. Көптеген тауықтәрізділер спорттық аңшылықтың нысандары. бұлардың түмсығы қысқа, аяқтары күшті және артқы саусағы қысқарған. Өңешінде көлемді жемсауы болады. Соқыр ішек және өт қапшығы болады. Жабын қауырсындарында жанама өзек болады, қауырсындануы тығыз. Тауықтәрізділердің қанаты қысқа әрі жалпақ. Бүлар жақсы үша алмайды. Огрядқа 85 туысқа жататын 253 түр жатады, бүлар 8 түқымдасқа бөлінеді. Тауықтәрізділердің екі отряд тармағы (тауықтар мен гоациндер) морфологиялық және экологиялық жағынан бір-бірінен өте жақсы ажыратылады.

Тауықтар-отряд тармағы – Galli .Бұл отряд тармағының өкілдерінің салмағы 45 г-нан 10 кг-ға дейін жетеді. Қабырғаларында ілгек тәрізді өсіндісі болады, төсінің қыр сүйегі жақсы дамыған. Жіліншіктің алдыңғы жағында екі қатар көлденең орналасқан мүйізді қалқанша, өңеште жүқа қабырғалы үлкен жемсау болады. Етті қарынның бүлшық еті күшті және ішкі жағынан қатты мүйізтектес кутикуламен қапталған. Ішек өсінділері дамыған. Қораздары ірі және ашық түсті, яғни жыныстық диморфизм байқалады. Балапандары ширақ , жұмыртқадан шыға сала аналықтың соңынан еріп жүреді және оған еліктеп өзгеше қоректене бастайды. Тауықтар отряд тармағы 2 түқымдас үстіне, 6тұқымдасқа, 84 туысқа бөлініп, 252 түрді біріктіреді. ТМД елдерінде 12 туыстың 21 түрі, ал Қазақстанда 13 түрі үялайды.

Кракстер тұқымдасүсті – Cracoidea. Бүған ең қарапайым тауықтар жатады, олардың тепкісі (батқы) болмайды, ал артқы саусағы басқа саусақтармен бір деңгейде орналасады. Жүмыртқаны жарып шыққан балапандарда қақпа қауырсындардың түбіртегі болады.

Тұқымдас үсті 2 түқымдасқа бөлінеді.



Үлкен аяқтылар не қоқыс тауықтары тұқымдасы - Megapodiidae.

Салмағы 2 кг-дай болатын қүрлықта тіршілік ететін қүстар жатады. Денесі тығыз, аяқтары ұзындау, кейде ұзын қүйрықты. Басында қауырсынсыз терілері болады. Тұқымдаста 7 туысқа жататын 11-дей түр бар. Қоқыс қүстардың көбею процесі өте қызық және ол бүта куркетауыгында (Alectura lathami) жан-жақты зерттелген. Бүл қүс Оңтүстік - Батыс Австралияның шөлейтті аудандарында мекендейді. Алдымен аталығы тереңдігі 0,5м және диаметрі 3-5 м болатын шүңқыр қазады, содан соң шұңқырды жапырақпен толтырады, үстінен топырақ төгеді, нәтижесінде биіктігі 1 м-дей үйінді пайда болады. Жапырақтар жайлап шіриді, үйінді ішінде температура біртіндеп көтеріледі, 2-3 айдан соң оған жүмыртқа салатын уақыт болады. Аталығы үйіндінің ортасына дейін тар жол жасайды, аналығы бірінші жүмыртқасын салады. Келесі жүмыртқа 4 күннен кейін салынады және т.т. Сонымен арасынан 4 күннен салып 20-25-ке дейін жұмыртқалайды. Жүмыртқа салу кезегін аталығы реттеп отырады, ол ауа- райы қолайсыз күндері, үйінді ортасына жол салуға ерініп, аналығына кедергі келтіреді, ол жүмыртқасын жақын жерге салып жоғалтады. Үйінді ішінде жұмыртқа шайқалып жатқан кездегі температураны да аталығы реттейді, ол ауа-райы мен маусымға байланысты топырақ қабатын не ашады, не жабады, жұмыртқа жатқан камерадағы жылылықты реттеп, оңтайлы 34-40 ° температураны үстап түрады. Температура бас терісінің жалаңаш учаскесі немесе тілі арқылы реттелуі мүмкін. Инкубация 2-3 айға созылады. Үя инкубатор ретінде 6-9 ай қызмет атқарады. Балапандары ширақ, жұмыртқадан шыға салысымен - ақ өз бетінше тіршілік ете бастайды. Қоқыс

тауықтары кез-келген өсімдіктектес және жануартектес азықпен қоректенеді.Қоқыс тауықтары Австралияда пайда болған деп есептейді.

Кракстер түқымдасы - Cracidae. Салмағы 4 кг-ға дейін жететінОрталық және Оңтүстік Американың ормандарында таралған қүстар.Қаңқасында ауа көп болады. Кеңірдегі, әсіресе аталықтарында, өте үзарған және түзақ қүрайды. Кейбір түрлерінің басында қауырсынды айдары болады. Кракстар аталығының шағылысу мүшесі (пенис) болады.

Моногамдар, жерде-ағашта тіршілік етеді, ағаш сүлбелерінде қарапайым үя жасйды. Үясында, әдетте 2 жүмыртқа болады, оны аналығы шайқайды.Шамамен бір айдан соң көзі ашық, үстін мамық басқан, қақпақауырсындарының түбіртегі дамыған балапандар шығады. Алғашқы күндерібалапандары ағаш сүлбесінде ересектері әкелген омыртқасыздарды, жемістерді, түқымдарды жеп тіршілік етсе, бір аптадан соң олар бүтақтан-бұтаққа қалықтап үшып, ересектеріне еріп, өз бетінше қорегін іздейді.

Кракстардың пайда болған орталығы Оңтүстік Америка болып табылады және түқымдасқа 11 туысқа жататын 39 түр бірігеді.
Қырғауылдар түқымдасүсті – Phasianoidea

Бүл түқымдас үстіне тауықтәрізділердің негізінен жас түрлері бірігеді. Артқы саусағы кракстарға

қарағанда қысқа және басқаларынан жоғары орналасқан. Кейде жіліншігінде тепкі

.

(батқы) дамиды. Пенис болмайды. Аталықтары аналықтарына қарағанда әдетте ірі және біршама ашық түсті. балапандары ширақ, өз бетінше қоректенеді. Ересек қүстар балапандарының қауіпсіздігін бақылайды және үйретеді. Жастары, қауырсынданған балапандары, алғашқыда жынысына байланыссыз, мекиенге үқсас болады.Қырғауылдар түқымдас үстіне 4 түқымдас (құртектестер, қырғауылтектестер, цесаркатектестер және күркетауықтектестер) бірігеді.



Құртектестер тұқымдасы - Tetraonidae. Қүртектестер Европа, Азия және Солтүстік Американың ормандарында, тундрада, орманды далаларда және далалы аймақтарында кең тараған. Салмағы 5 кг-ға дейін жетеді. Жерде немесе ағашта тіршілік етеді. Көпшілік түрлері - отырықшы, жыл қүстары аздау. Ерекше белгілері: танау тесіктері қауырсынмен жабылған, жіліншіг

Тауықтәрізділер отряды

1-Қүр, 2-Мещреу қүр, 3-Кавказ қүры , 4-Тас қүры; 5-Гималай үлары; 6-Алтай үлары; 7-Тибет үлары, 8 - Кавказүлары;9-Каспииүлары; 10-Қырғауыл, қиыршығыс формасы; 10 a-Кавказ формасы.


Тауықтәрізділер отряды

1-Ақ шіл, жазда және қыста; 2-Тундра шілі, жазда және қыста; 3-Монтайшіл; 4-Сүр қүр; 5-Бөдене; 5а-қиыршығыстық форма; 6-Сақалды шіл; 7-Шөл-дала шілі; 8-Кекілік; 9-Сүр шіл; 10-Турач; 11-Үшоймақ шіл.
қауырсынды (толықтай не жартылай). Көптеген түрлерінде қысқа қарай
саусақтарының екі жағынан мүйізді немесе қауырсынды «шаңғы» түзіледі, ол
қарда малтықпай жүру қызметін атқарады. Біраз түрлері - моногамдар (шіл,
сүр қүр), басқалары -полигамдар (меңіреу қүрлар, қүрлар, монтайшіл). Мекиені ұя салуға және балапандарын тәрбилеуде белсенді Балапандары ширақ, 10 күнде бүғынуға немесе аса биік емес бүтаққа ұшып-қонуға қабілетті. Жыныстық жағынан 1-2 жылда жетіледі. Негізінен өсімдікқоректілер - өсімдіктердің жасыл бөлігін, түқымын, жидекті,
насекомдарды, қүрттарды қорек етеді. Қыста азық қүрамы көп емес - бүршік,
қылқанжапырақ, жас өркендер. Бүл түқымдаста 11 туысқа бірігетін 17 түр бар, олардың 8 түрі (5 туыс)' ТМД елдерінде кездеееді және үялайды. Қазақстанда 5 түр (4 туыс) мекендейді.

Қырғауылтектестер түқымдасы - Phasianidae. Бүл отрядтың негізгі
түқымдасы, Антарктида мен Солтүстік жарты шардың биік ендіктерінен басқа
барлық континенттерде кең тараған 175 түр жатады.

Қүртектестерден ерекшілігі қырғауылтектестердің танау тесіктері қауырсынмен жабылмаған және жіліншігі жалаңаш. Қырғауылтектестерді шорманда, далада, шөлде және таудың түрлі биігінде кездестіруге болады. Жерде тіршілік етуте бейімделгел; десе де ағашқа қонақтайды және оның сүлбесінде түнейді. Құртектестер сияқты, бүларға да күрделі құсойнақ тән. Біраз түрлері - моногамдар, басқалары - полигамдар. Үясы топырақтағы жай шүңқыр, үяда түр ерекшеліктеріне байланысты 5-20 жүмыртқа болады. оларды әдетте мекиені шайқайды. 2,5-4 аптадан соң балапандары аздап ұша бастайды, Ірі түрлерінің балапандары біршама кеш үша бастайды және жыныстық жетілуі де кеш - 1-3 жылға созылады. Көп үшпайды, бірақ жылдам жүгіреді және шөп пен бүта арасында жақсы жасырына алады, Көбеюден басқа кезде аздаған топ қүрып, жерде қоректенеді. Өсімдік қоректі азықты -


түқым, жидекті үнатады, қүрттар, моллюскалар, насекомдардан да бас
тартпайды.Қырғауылтектестерде 175 түр (48 туысқа бірігеді) бар, олар әсіресе
Оңтүстік-Шығыс Азияда көп. ТМД елдерінде 7 туысқа жататын 12 түр
үялайды. Қазақстанда 8 түр кездеседі, ал 7-і: кәдімгі қыргауыл, сур жсәне
сақалды шіл, гимлай және алтай үлары, бөдене (бытпылдақ) және кекілік
мекендейді..Түқымдас ішіндегі қатынас шат-шытырман, бірақ бірнеше топты:
1- америкалық бөденелер; 2-ескі дүние бөденелері; 3-шілдер, кекіліктер,
ұларлар; 4-аргустар, тауыстар (павлин); қырғауылдар, нағыз тауықтар,
трогопандар топтарын ажыратуға болады.Үй тауықтарының түқымдары жабайы күйінде Оңтүстік-Шығыс Азияда мекендейтін банкив тауыгын (Gallus gallus) қолға үйрету нәтижесінде пайда болған деп есептейді

.Цесяркатектестер түқымдасы - Numididae. Түқымдасқа 5 туысқа бірігетін 7 түр жатады. Бүлар - тек Африкада мекендейтін, теңбіл түсті, болмайтын тауықтәрізді қүстар . Мекендейтін ортасы - түрлі бұталар, орман алқаптары, тау бөктері. Тез жүгіреді, сирек үшады. моногамдар. Үяда 20-ға дейін жүмыртқа болады. Үясын мұқият түрде жасырады. Қорегі-өсімдіктер және майда омыртқасыздар.Қазіргі кезде көптеген елдерде цесаркаларды қолда өсіреді. Үй түқымдары ісршама ірі (3-4 кг), ал жабайы түрлерінің салмағы 1 кг-ға әзер жетеді.



Лекция №25

Тақырыбы: Жазықты жерлерде кездесетін құстар.

Жоспары:

1.Тарғақ. Аққанат бозторғай. Қара бозторғай.

2.Дала бозторғайы.Дуадақ. Үлкен шалшықшы. Безгелдек.

3.Ақбас тырна. Дала қарақасы.

4.Дала құладыны. Дала қыраны.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

а) негізгі:

1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.

2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.

3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.

4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.

5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.

6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.

7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.

8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.

ә) қосымша

9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.

10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.

11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.

12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.

13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.



14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.

Лекция мақсаты: Жазықты жерлерде кездесетін құстар мен таныстыру.

Лекция мәтіні: Тарғақ – орташа пішінді дала балшықшысы. Салмағы 230гр. Осы әдемі, сымбатты құстың негізгі ұялары қазақ далаларында орналасқан. Қыста жылы жаққа ұшып кетеді.(қыркүйектен наурызға дейін) Жерде, шұңқырта орналасқан, ұясында, сәуірде төрт шұбар жұмыртқаларын салады. Аталығы мен аналығы кезектесіп басып, 3-аптадан кейін мамықты балапандары шығады да, ұяларын бірден тастап кете береді.Балапандары ересектері сияқты жәндіктер мен шекіртке, қоңыз және ауылшаруашылық зиянкестері мен қоректенеді.Балапандары бір айдан кейін ұшады. Қазақстанның далалы мен шөлдерінде кездесетін бұл құстар түрі жойылып кеткен. Қызыл кітапқа енген.

Аққанат бозторғай- Дала құсы ылғалды жерлерді ұнатады. Негізгі таралу аймағы Қазақстан далалары. Республикамыздың Солтүстігіндегі ақселеулі және жусанды далаларда мекндейді, басқа жерден көктемгі және күзгі ұшып өту кездерінде кездестіруге болады. Бұл құстың біразы Маңғыстау түбегі мен Солтүстік Каспийде қыстайды, көбі қазан наурызға дейін Қазақстаннан тыс жерге ұшып кетеді.Дала бозторғай туысының ішіндегі пішіні орташа өкілі басқалар сияқты денесі шымыр емес. Салмағы 38-50 гр. Қанаттының шетіндегі жалпақ ақ жиегі және сары түсті қауырсынымен ерекшленеді. ұшқанда бұл жиектеррі көрінбейді қанаттары үшкір және үшкір әрі жіңішке сияқты болып көрінеді . Жерде де ауадада әндетеді . Әні күрделі , әрі әдемі. Ойнақ салып ұшуы –жоғарғы және төменгі нүктелеріне жанасқанға деиін қанаттарын қалықтатып терең қағады. Жазда екі рет балапан басып шығарады. Балапандарын жәндіктермен , негізінен шегірткелермен асырайды.

Қара бозторғай - Қазақстан мақтанышы. Оны Қазақстан даласының эндемигі деп есептеуге болады. Бұл құс Қазақстан жерінен тыс , екі ұлы орыс өзендері-Еділ мен Ертістің оң жағалауында ғана мекендейді. Қара босторғай қыста Қазақстанда бір жерге тұрақтамайды, оңтүстікке ғана емес , солтүстікке де қоныс аудара береді. Қара бозторғай аталықтары алабажақ Сұр туыстарынан айырмашылығы- жазда және көктемде қауырсыны түгел қара түсті және тұмсығы ақшыл болады. Күзгі түлеуден кейін(шілде тамыз) , олар қыстық жабынын киеді . Арқасы сұр түсті және бауыр жағы қара ақшыл теңбілді қанаты мен құйрығы қара түсті бірақ әрбір қауырсыны ақшыл сарғыш жиекпен көмкерілген . Жылдың бар мезгілінде аналығының қауырсыны әдеттегі бозторғай реңі – сұр қоңырқай түс Жас бозторғайлар сияқты ашық түрлі түсті . Денесі ірі (салмағы 50-75 г) Қуаң даланың жусанды жерлерін ұнататын . Барлық бозторғайлар әдеті: жерде тез жүгіреді , қатты , шапшаң ұшады, ауада ұзақ уақыт әндетеді. Шаңға шомылғанды ұнатады Жемін іздеу жолында қатты тұмсығымен жерді, ал қыста қарды қопсытады. Жазда үнемі суатқа ұшады Қара босторғайлар жылдың көп уақытында өсімдіктермен қоректенеді. Бірақ көктемде жәндіктерді жейді, балапандарын да жәндіктермен қоректендіреді. Жазда жұптасып, қалған уақытта топтасып өмір сүреді Ұясы жердегі шұңқыр . Күй – ойнақ кезінде аталығы көз тартарлықтай кейіпті алады: кішкентай меңіреу құр сияқты қанатын жайып , құйрығын желпуіш тәрізді бұрып , басын жоғары көтереді , Одан кейін әндете және қанатарын қаға қанаттарын қағып ұшады. Ұясындағы 3-4 шұбар жұмыртқаларын аналығы басып шығарады , бірақ балапандарын аталығы екеуі қоректендіреді. Жазда екі рет көбейеді.

Дала бозторғайы - Қазақстандағы 13 бозторғайдың ішіндегі ең ірісі (салмағы-55-65г) Далалы аймақтың барлық жерінде таралған .Қазақстаннан тыс жерде қыстайды, наурызда ұшып келіп , қазанда ұшып кетеді. Дала бозторғайы туысының әдеттегі өкіліне тән белгілер : шымыр денелі, аяғы ұзын, арқасы алабажақ сұр. Денесінің төменгі жағы ақ түсті. Көкірегінде қос қара дағы бар Осыған ұқсас қара алқалы бозторғайдан айырмашылығы: қанатының артқы жағындағы қауырсындары жалпақ ақ жолақпен көмкерілген және құйрығындағы шетеі қауырсындары түгелдей ақ түсті . Ұшқан кезде екеуі де жақсы көрінеді. Ұшқанда ұзақ әндетеді және көп ұшады. Бозторғайдың әні ішіндегі - ең жақсы , сыңғырлаған қатты әуен . Құс әнін бағалаушылардың көбі бұлбұл әнінен гөрі бозторғай әнін ұнатады. Барлық бозторғайлар сияқты жұптасып, ұя салады . Жердегі құрғақ шөп төселген шұңқыр ұясындағы 4-5 шұбар жұмыртқаларын аналығы басып шығарады, кейде аталығы кезектесуі мүмкін. 17 күнде жұмыртқаны жарып , балапандары шығады. Олар ұясын 10 күннен кейін тастайды, бірақ тағы бір апта ата- анасы асырайды. Жазда екі рет балапан басып шығарады. Жаз соңында , ұшар алдында , үлкен топ құрайды.

Дуадақ - өте ірі құстардың бірі , ересек аталық дуадақтың салмағы 16 кг жетеді . Күшті ұзын аяқтарында кескінді кеудесі , ұзын жуан мойнында кішілеу басы орналасқан және тұмсығының шетінде мұрты – қатты қауырсындары орналасқан болады. Қазіргі кезде тарнатәрізділер отряды, дуадақтар тұқымдасында небары 22 түрі ғана бар, оның үшеуі Қазақстанда тіршілік етеді. (дуадақ, безгелдек, жекдуадақ). Дуадақ –сақ құс. Егістік алқаптарын мекндейді, ұясы жерде болады. Ұясына 2-3 жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын аналығы басып шығарады., ал аталығы оларды қорғап , маңында жүреді. Дуадақтар өсімдік тұқымдары , тамырсабақ жәндіктер , құрттар тіпті ұсақ омыртқалы жануарлармен – бақа кесіртке тышқан және ұсақ құстардың балапандарымен қоректенеді. Қазақстандағы тың жерді жырту және шектен тыс аулаудың салдарынан , 20- ғасырдың 70- ші жылдарнда елімізде дуадақ жоқ болып кетті. Дуадақ Қазақстанның Қызыл кітабына жойылап кетуі ықтимал деп енгізіліп отыр , аулауға толық тыйым салынған. Қазақстанда соңғы

5 жылда дуадақтың саны жайлап өсуде.




1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет