Лекция 30 сағат Практикалық (семинар) сабақ 15 сағат СӨЖ 45 сағат обсөЖ 45 сағат Барлық сағат саны 135 сағат



жүктеу 2.89 Mb.
бет12/17
Дата25.04.2016
өлшемі2.89 Mb.
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
: CDO -> Sillabus -> Bio
Bio -> Пәнінен Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «биология» кафедрасы
Bio -> Лекция 30 сағат Практикалық (семинар) сабақтар 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат СӨЖ 45 сағат
Bio -> I.«Омыртқасыздар зоологиясы» пәні бойынша
Bio -> Оқу-әдістемелік кешен
Bio -> Лекциялар конспектісі Құрастырған б.ғ. к доцент С. Е. Келдібеков Жетісай-2006ж. Кіріспе Курстың мақсаты
Bio -> «Жаратылыстану» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «Тұрмыстық химия» пәні бойынша
Bio -> Сабақтың тақырыбы: Геоботаникалық негізгі ғылыми мектептер. Жоспары: Фитоценоз. Биоценоз Биогеоценоз
Bio -> «Химия-биология» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен

Су күзені немесе қара күзен - терісі аса бағалы және құрғақта да, суда да тіршілік етеін аң.Бұл сусар тұқымасына жататын жыртқыш.Дене тұрқы 35-45 см, салмағы 1-1,5кг. Қысқы жүні біркелкі қара қоңыр келеді.Тек иек астында дағы болады. Бұл аң суда өте тамаша жүзеді және сүгігіш келеді.Су күзені ағаштарға да жақсы өрмелейді. Су күзенінің негізгі мекені –Солтүстік Америка. Ол інін су жағасына тас астынан қазады немесе құлап қалған ағаштың қуысына паналайды. Індері су жиегінен 50метр қашықтыққа дейін орналасады. Ұя төсеніштері- кепкен ағаштар. Әр күзен орта есеппен 15гектардай жерді иемденеі.Су күзені көбінесе ұсақ балықтармен, баурмен жорғалаушылармен және су кеміргіштермен қоректенеді.Әр күзен қорек іздеп қыста 15-20километр жерге дейін кетеді.Су күзені қымбат терісіне болса қсыта кәсіптік тұрғыдан ауланатын аң. Біздің елімізде қазіргі кезде жыл сайын орта есепен 20-30мың жабайы су күзенінң терісі дайындалады.Су күзені ьфермаларда да өсіріледі. Өзі қолға тез үйренеді.

Аққалақ - сусар тұқымдасына жататын ең кішкентай жыртқыш аң.Дене тұрқы 13-26 және құйрығы 4-9сантиметр,салмағы 30-250грамдай. Қсықы жүні таза ақ .жазда арқасының жүні қызғылт қоңыр немесе қара бурыл,бүйірі қоңырлау, бауырыақ болады. Аққалақ немесе аққұлақ ақкіске ұқсас. Құйрығы қысқа және ұшы қара емес. Денесі жіңішке және икемді келеді. Жүні жұмсақ, бірақ қысқа болады.Аққалақ Европада,Солтүстік Африкада,Азияда,Солтүстік Америкада кездеседі. СССР-де көп тараған. Әр түрлі қоныстарда мекендейді.Орман ішінде өзен мен көл жағасында ,сай-сайларда,тауқұздарда кездеседі. Шөл және шөлейт аудандарда кең тараға.Мойынқұм, Балқаш,Бетпақдала,Қызылқұм аймақтарында құмды төбелерді қонсытанады. Қыстың аязды күндері ауыл төңірегінен жиі көрінеді.Аққалақ көбінесе ақкіс аз тараған жерлерде қоныстанады.Аққалақтың қорегі –тышқан тәрізді ұсақ кеміргіштер. Бір аққалақ күніне 15-тей тышқан ұстайды.Дала тышқандарын індеріне кіріп ұстап алады.Шөлді аймақта негізінен құм тышқандармен қоректенеді.Баспана есебінде кеміргіштердің ескі індерін пайдаланады.Қыс айларында тұрқақты жатағы болмайды.Жемін іздеп үнемі бір жерден екінші жерге қоныс аударып отырады.Қысқа азық жинайды. Азықты көбінесе түнде,ал жазда күндіз де іздеуге шығады.Бірақ аққалақ күніне кішкентай он бес үй тышқанын сияқты кеміргішті ұстайды.Аққалақ батыл және айлакер аң.Аққалақ өте өсімтал.Ол жылдың барлық уақытында көбейеді. Үштен тоғызға дейін күшік туады.Жылына бір рет түлейді.Аққалақ –терісіне бола қыста ауланатын аң. Сондай-ақ аққалақ тышқан тәрізді зиянкес ұсақ кеміргіштермен қоректену арқылы ауыл шаруашылығына әсіресе егіншілікке едәуір пайда кетіреді.

Борсық - терісі мен майы үшін кәсіптік тұрғыда және әуесқой жолмен ауланатын аң.Денесінің ұзындығы 70 сантиметрдей, күзде әбден семірген кезде салмағы 15 килограмға жетеді. Бұл –сондай-ақ иісшіл және сақ аң.Борсық Қазақстанның барлық териториясында кездеседі, әсіресе Жетісуда.Бұл өңірдің Жоңғар, ІлеАлатауларында көп кездеседі.Сонымен бірге Шу, Іле,Қаратал Өзендеріндің жағасында бар.Бұл жыртқыш аң әртүрлі жерде меккндейді.Шөл және шөлейт аймақтарда өзен жағаларында,өзенге жақын жоталарда жүреді. Мәселен, Алматы облысында Балқаш көлінің жағасында сексеуіл мен жыңғыл өсетін құмтөбешіктердің арасында жиі кезқдеседі.Мұнда 1968 жылдың күзінде борсықтың жалпы саны орта есеппен 4 мыңдай болған.Борсық Жоңғар,Іле Алатауларында таудың алма ағашы мен шырша өскен беткейлеріндегі ормандарда жүреді. Борсық –бүкіл жыл бойы інде тұратын жыртқыш.Жатағын көбіне өзі қазады. Тұрақты індкрінде ұя камерасы 3метр тереңдікте орналасқан.Оған құрғақ шөп төсейді. Төсеніштің салмағы 5килограмға дейін жетеді.Бұл аңның бір ерекшелігі –осы шөпті көктемде ұясынан алып шығып ,күн көзіне кептіреді.Оның інінің төңрегіне жайып тастайды. Құрғағаннан соң жатағына қайта тасиды. Сонымен қатар іні таудың ағашсыз күн шуақ беткейіндегі және таудың теріскей беткейіндегі қалың, биік ағашты орман арасында да кездеседі.Жазық ерлерде борсық жатағы биіктеу төбелерде орналасады.Суық түссе ұйқыға кетеді.Борсық көбіне ұзындығы 10метрдей келетін інде жатады.Борсық жылына бір рет түлейді.Қысқы ұйқы кезінде ол салмағының 50-60процентін жоғалтады. Борсық жылына бір рет балапан,3-4кейде 6-ға дейін күшік табады. Жас борсықтар үш айдан кейін өз беттерінше күн көруге көшеді.Борсықтың негізгі қорегі –құрт –құмырсқа ,кесіртке,көлбақа,жылан, ұасқ кеміргіштер мен құстар және ұсақ құстардың жұмыртқалары балапандары.Сонымен бірге ол әр түрлі ағаштардың жемістерін жейді.Қазірде өңірдежылына ең кемінде 5-6 мыңдай борсық дайындап,майын жинауға толық мүмкіндік бар.Халық медицинада борсық майы ревматизм,туберкулез ауруларына қолданылады.Қорыта айтқанда,терісі мен майы пайдалы және орман бағбаны –борсықты броконьерлерден қорғап оларға қамқорлық жасау-көшіліктің міндеті.

Құну - терісі бағалы аң.Ол жалпы түрі жағынан борсыққа ұқсас келеді. Жүні қара бурыл немесе қызыл қоңыр келеді. Бүйірінде иығынан құйрығына дейін созылып жатқан ақшыл сарғыш үтсті немесе қызыл қоңыр жолағы болады.Денесінің ұзындығы құйрығымен қоса алғада 1метрдей салмағы 25-32 кг .

Құну Норвегия,Швеция,СолтүстікАмерика, Азия, Алтай тауларында Қазақстанда таралған.Біздің республикамызда құну тек оңтүстік алтайда кездеседі.Бұл жерлерде құну негізінен қалың орманды, әсіресе жартастарда,ағаш арасында мекен етеді.Жаз айларында тау басындағы қар жатқан жиекке дейін кездеседі.Әсіресе қысты күні қорек іздеп көп жүреді.Қүну қоянды .ұсақ кеміргіштерді,алкейде құдыр, жас марал,бұғының төлін де қорек етедіҚұну аңдардың ізіне түсіп, жасырын ұстайды немесе жатқан жерінде бас салады.Қар қалың және көк тайғақ болған жылдары ол тұяқты аңдарды жақсы ұстайды.Бұл аң июль-август айларында ұйығып,март та 1-4 күшік табады.Күшіктейтін ұясын тастың қуысына және басқа жасырын жерлерге салады.Құну аң шаруашылығына зиян келтіреді.Кейбір кездерде ол орманда жайылымда жүрген малдарға да шабады.Құну Қазақстанда сирек кездесетін болғандықтан оның аң терісі кәсібінде алатын орны өте төмен.Сондықтан да құнуды қорғауға алып,санын көбейтіп, келешекте оны аулап отыруға барлық мүмкіншілікті жасауды қажет етеді.Құнудың терісі әйел киімдерінің жағасына салынады.Одан бөрік те жасалады.



Лекция №29

Тақырыбы: Жануарлар ресурстарын қорғау шаралары. Қорықтар.

Жоспары:

1.Барсакелмес қорығы.

2.Қорғалжын қорығы.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі

а) негізгі:

1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.

2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.

3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.

4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.

5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.

6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.

7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.

8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.

ә) қосымша

9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.

10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.

11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.

12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.

13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.

14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.

Лекция мақсаты: Қорықтар мен таныстыру.

Барсакелмес қорығы.

Лекция мәтіні: Елімізде өсімдіктер мен жануарларды қорғайтын тұтас табиғи аймақтар қорықтар деп аталады.

1.Алтаты қорығы (Іле Алатауы)

2.Ақсу – Жабағалы мемлекеттік қорығы (Талас Алатауы)

3.Барсакелмес мемлекеттік қорығы (Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігі)

4.Қорғалжын мемлекеттік қорығы (Ақмола облысының су – батпақты аймағы)

5.Наурызым мемлекеттік қорығы (Қостанай далалы аймағы)

6.Марқакөл мемлекеттік қорығы (Оңтүстік Алтай)

7.Үстірт қорығы (Маңғыстау)

8.Батыс Алтай қорығы (Шығыс Қазақстан)

9.Алакөл қорығы (Алматы облысы ,Талдықорған)

бұлардан басқа өсімдіктер мен жануарларды қорғау мақсатында 57 қорықша, 7 ұлттық саябақ (Алтынемел, Баянауыл, Көкшетау, Іле Алатауы, Қарақаралы, Катонқарағай, Шарын) ұйымдастырылған.

Барсакелмес мемлекеттік қорығы - 1939 жылы ұйымдастырылған. Ол Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі Барсакелмес аралында орналасқан. Барсакелмес – оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай созылған арал.

Алғаш рет Арал теңізінің картасында Барсакелмес аралы 1831 жылы белгіленген. Бұл аралды тұңғыш рет зерттеуші лейтенант А.И. Бутаков болып саналады. 1929 жылы Барсакелмес аралында аң шаруашылығы ұйымдастырылған болатын. Сондай-ақ, мұнда сұр кекіліктер, қырғауылдар, ор қоян, қарақұйрықтар және ақбөкен сияқты бағалы хайуанаттар жіберілген. 1939 жылы осы шаруашылықтың негізінде Барсакелмес қорығы құрылды.

Барсакелмес қорығы алғашқысында саны азайып, құрып бара жатқан бағалы тұяқты аңдардың бірі – ақбөкенді қорғау мақсатында құрылды.

Жер бедері мен ауа райы. Барсакелмес қорығы орналасқан ұзынша келген аралдың жағалауы аз тілімденгендіктен, қолтық, қойнау шығанағы көп емес. Бұл арал-сазды, тақырлы, ал қалған жері құмды келеді. Биіктігі 100 метрдей үстіртті келген оңтүстігі теңізге тік жарқабақ болып тіреледі, солтүстік - батысы ойпаттау. Жері көбіне белесті, сирегірек төбелер де кездеседі. Аралдағы құм төбелерде көптеген өсімдіктер өседі. Мұнда өсетін өсімдіктердің көбі хайуанаттардың сүйіп жейтін қорегі болып саналады. Төбелердің биіктігі 6-7 метрге жетеді. Қыс айларында мұндай төбелердің арасы әр түрлі хайуанаттардың паналауына қолайлы келеді. Бұл аралда тұщы су өте тапшы. Жер асты суы көбінесе ащы келеді. Ауыз суды құдықтан алады. Сонымен бірге, аралдың тұрғындарын таза сумен қамтамасыз ету үшін қыс айында теңіздің жоғарғы бетіндегі мұзы дайындап, оларды арнайы қазылған шұңқырларда сақтайды. Ал жабайы тұяқты аңдар жаз айында суды теңізден ішеді. Мұның өзі осы жердегі мекендейтін жабайы жан-жануарлардың теңіздің ащы суын ішуге бейімделгенін көрсетеді.

Аралдың ауа райы республикамыздың солтүстігіндегі қоңыржай шөлді аймақтар секілді. Жазы өте ыстық, қысы суық болады.мұндай қыс 2-2,5 айға созылады.жылдық жауын-шашыны 100-200 мм мөлшерінде түседі. Қыста ауаның жоғары температурасы – 300 болса, ең ыстық июль айында +380, +390 болады. Ноябрь айынан бастап ауа райы суыта түседі де, ал февральдың аяғында қар ери бастайды. Мартта орташа температура – 3,50 болады. Қыс айында жауған қар жерде көп жатпайды, оның себебі түскен қарды көбінесе солтүстік-шығыстан соққан жел ұшырып алып кетеді.

Қорыта айтқанда, Барсакелмес аралы - өзінің жер бедері, климаты, топырағы жөнінен аймақтық ерекшелігі бар және бүтіндей, тұтас бағалы обьектілерді қорғауға және терең зерттеуге өте қолайлы орын.

Өсімдіктері. Аралдың өсімдіктері де көбіне шөл даланың өсімдіктері типтес. Мұнда 256 түрлі жоғары сатыдағы күрделі гүлді өсімдіктер өседі. Солардың ішінде алабота тұқымдастар, күрделі гүлділер, дәнді шөптер, айқыш гүлділер тұқымдасы, бұршақ тұқымдас өсімдіктеркөбірек кездеседі. Аралдың сазды, тақырлы аймақтарына көбіне жусан, бұйрығын, кейде сексеуіл мен итсигек өседі. Сондай-ақ, тек аралдың шөлді өңірінде ғана өсетін күйреуік (бір түрі), қара жусан, қара және сексеуілдер сияқты өсімдіктер де кездеседі. Аралда қылша, рауғаш, итсигек, адыраспан, жанаргүл, нәр, сораңшөп сияқты дәрілік өсімдіктер өседі. Мұнда кездесетін улы өсімдіктерге сидам құлан-құйрық, ушырмауық, укекіре, найзақара жатады. Қазірге тек кіші-гірім реликті өсімдіктерден тікенек киеуілі, шоберт ақтікені, қоян жоңышқа немесе бал жапырақ кездеседі. Сөйтіп, қорық флорасының ішінде халық шаруашылығы үшін маңызы бар көптеген пайдалы өсімдіктер кездесетіндіктен олары жан-жақты зерттеудің және қорғаудың маңызы өте зор.

Үстірттің шет жағасындағы құмды жерлерде бидайық, бетеге, арпабас, қоңырбас, мортық сияқты көптеген жабайы жануарлар сүйсіне жейтін өсімдіктер өседі. Тарихи мәліметтерге қарағанда, бұдан 25-30 жыл бұрын аралда сексеуілдер қалың өскен екен. Құмды жерлерге сексеуілден басқа жыңғыл, қарағай, шеңгел, жүзген сияқты бұталы өсімдіктер өседі. Мұндай жерлер аңдар мен құстардың мекендеуіне ыңғайлы. Мұнда өсетін қылша, жүзген сияқты өсімдіктердің тұқымдары көптеген жануарлардың сүйікті азығы болады. Мысалы, жүзгенмен қарақұйрық, ақбөкендердің көктемде туған лақтары қоректенеді.



Жануарлар дүниесі. Барсаклмес қорығындағы хайуанаттардың тіршілік ету жағдайы шөлді аймаққа ұқсас, Аралда жан-жануарлар түрлері өте аз. Мұнда аңдардың 12, құстардың 200-ге жуық, жыландардың 8, қосмекенділердің 1 түрі кездеседі. Ал Арал теңізі жағасындағы шөлді аймақтарды мекендейтін жануарлар дүниесімен салыстырғанда Барсакелмес аралында бауырымен жорғалаушылардың 27, құстардың 95, сүтқоректілердің 30 проценті ғана кездеседі. Мұндағы шөлді өңірде кездесетін аңның бірі – құлан. Бұл – сымбатты жануар. Құлан есектен үлкендеу, жылқыдан аздап кішілеу келеді, салмағы 320 кг-ға дейін болады. Құланның биелері екі жасында үйірге түсіп, жылына бір құлын туады.

Құлан – біздің елімізде кездесетін жабайы жылқының бір түрі. Дәмді еті мен терісі үшін талан-таражға салып, аулаудың салдарынан тұқымы азайып, саны кеміп кеткен.

Қорықта құландар мекендейтін аймақтан қарақұйрықты да кездестіруге болады. 1930 жылы қорыққа тоғыз қарақұйрық жіберілген болатын. Олар жерсініп, өсіп-өніп көбейеді. 1976 жылы оның қорықтағы саны 350-370-тей болды. Сөйтіп, қазіргі уақытта өте сирек кездесетін қарақұйрық сияқты тамаша шөл хайуанаты адам қамқорлығына алынып отыр. Бұл хайуанат көбінесе ашық-далалы, шөлді жерлердің адыр-қырлы төбешіктерінде тіршілік етеді. Қорықта ол, әсіресе құмды сексеуілдің арасында мекендейді. Шөл-шөлейтті аймақта тіршілік етуге бейімделген қарақұйрық қырыққа жуық өсімдік түрімен қоректенеді. Ол, әсіресе жусан, күйреуік, бұйырғын сияқты ащы шөптерді сүйсіне жейді. әдетте, ашық далада қарақұйрықтар




екіден – бестен топтасып жүреді. Жабайы тұяқты аңдардың (ақбөкеннен) басқаларына қарағанда қарақұйрық өте өсімтал келеді. Ешкілерінің басым көпшілігі көбіне егіз туады. Кең байтақ республикамыздың шөл және шөлейт аймақтарында ертеде қарақұйрық сонша көп болғанымен, қазір өте азайып кетті.



Қорықтың территориясында құлан, қарақұйрықтан басқа дала аруы ақбөкен де таралған.






Ақбөкен - өте өсімтал келеді. Көбінсес, егіз лақ туады, лақтар екі айлығында өз бетімен жайылады. Ақбөкеннің тез көбеюі, өсімталдығының екінші себебі-жас шыбыштарыбір жасында-ақ алғашқы лағын туады.






Ақбөкен өсімдіктердің жүзден аса түрімен қоректенеді. әсіресе, изен, жусан, бидайық, күйреуік, арпабас, киікоты сияқты шөптерді сүйсіне жейді. Сонымен бірге ақбөкен көптеген жабайы аңдар мен үй жануарлары жемейтін итсигек, қызылқұйрық, шытыр, жылан қияқ секілді улы және тұзды өсімдіктермен де қоектенеді. Ақбөкеннің жейтін азығының құрамында 13 процент улы өсімдіктер болатыны анықталып отыр. Күз айларында шөл далада көк шөптер қаншама мол болса да, ақбөкендер негізінен жусанмен көбірек қоректенеді. өйткені, бұл өсімдік құрамында хайуанаттың ішек-қарнында болатын зиянды құрттарды өлтіретін заттар болады. Міне, жабайы хайуанаттардың мұндай әдіспен өздерін өздері емдеуі – табиғаттың оларға берген тамаша қасиеті. Қазір республика бойынша оның жалпы саны шамамен 700-800 мыңдай.



Құстар. Қорықта таралған жан-жануарлардың арасында көбірек кездесетіні – құстар. Құстар күзде қыстайтын жеріне қайтар кезінде және көктемде жылы жаққа сапар шеккенде көп ұшырайды. әсіресе, көктем мен жазда алуан түрлі құстар кездеседі. Соның ішінде қарабауыр бұлдырық, итала қаз, барылдауық қаз, шүрегей, қараала қаз сияқты кәсіптік маңызы бар құстар мекендейді.Аралдың негізгі сазды, сортаң шөлді аймақтарында ең көп кездесетін құстардың бірі – кішкентай бозторғайлар. Май айының басында әрбір шақырым сайын бозторғай шоғырлары кездеседі және сазды әуендері үздіксіз естіледі. Ол бетеге немесе жусанның арасында немесе жерді шұқырлап ұя жасайды да, оған шұбар түсті 3-6 жұмыртқа салады. әр түрлі өсімдіктің пісіп төгілген тұқымын,сондай-ақ арам шөп дәнін, насекомдарды жеп, пайда келтіретін құс. Бозторғайлардан кейінгі көбірек кездесетіндері – шақшақайлар. Бұл қанаттылар балпақтың ініне және жардың қуысына ұялайды. Әсем сазды әнімен белгілі құстың бірі – жылқышы. Бұл – тұмсығы ұзын, төмен қарай иілген, жалпы сұрғылт реңді құс. Жылқышы жерде өте тез жүгіріп жүреді. Бұл құста шөп арасына кішкентай шұңқырға ұя жасап, оған үш-төрт жұмыртқа салады. Жылқышы балық, кесіртке, өсімдік дәндерін жейді. Ол да зиянды насекрмдарды жойып, пайдасын тигізеді. Жылқышы – дәмді еті үшін ауланатын құс. Сондай-ақ, сазды шөлдің арасында азиялық және теңіз балықшылары сияқты екі түрі жиі мекендейді.
Бұл аймақта қарабауыр бұлдырық та ұялайды. Тақыр жерлерде жұптасыпұшып жүрген қарала қаз бен түлкінің ініне ұялайтын итала қазды да кездестіруге болады.

Төбешік құмдарда адамның көзіне басқа құстардан көбірек көрінетіні - әдемі түсті сарыторғай. Бұл құс қатты дауыспен салған сазды әнімен осы аймаққа тамаша сән береді. Осы аймақта, сондай-ақ, сұр жылқышы, сұр тағанақ, қара қарға, түн кептер және жабайы кептер мекендейді. Теңіздің тік жағаларының қуыстарына ұзақ, сұр қарлығаш сияқты құстар ұя салады. өзеннің жағасындағы қамыс тоғайының арасына сары шымшық, қамысторғай, қаратамақ және сұр қаз бен шүрегей ұялайды. Сонымен қатар, өзеннің ортасындағы аралға өгіз, сұр және көк шағала, суқұзғыны және басқа шағаланың төрт түрі мен қызылаяқ балшықшы кездеседі.



Лекция № 30


Тақырыбы: Қазақстанның Қызыл кітапқа енген жануарлары.

Жоспары:

1.Сырдария тасбекіресі.

2.Пілмай , Арал бекіресі.

3.Арал албырты (балық).

4.Шу сүйрік қанаты (балық)

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

а) негізгі:

1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.

2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.

3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.

4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.

5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.

6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.

7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.

8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.

ә) қосымша

9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.

10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.

11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.

12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.

13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.

14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.

Лекция мақсаты: Қазақстанның Қызыл кітапқа енген жануарлары мен таныстыру.

Лекция мәтіні: “Қызыл кітап ” – сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мақсатымен жазылады.

Қазақстанда “Қызыл кітап ” тұңғыш рет 1978 жылы шықты. Онда омыртқалы жануарлардың сиреп бара жатқан түрлері тіркелді. Екінші басылым 1991 жылы ,үшінші басылым 1996 жылы шықты. Мұнда балықтардың 16, қосмекенділердің 3, бауырмен жорғалаушылардың 10, құстардың 56, сүтқоректілердің 40 түрі енгізілген.



Адамның табиғатқа әсерінен жануарлар мен өсімдіктер қырғынға ұшырауда , соның салдарынан ағзаның көптеген түрлері жойылып кету шегіне жетті.Мәселен 90 – жылдардың ортасына дейін , 40 жыл бойы бөкен Қазақстанның негізгі кәсіптік жануар болды. 1991-1993 жылдарда 800-900 мың бөкендер бар еді . 1998 жылы – 470 мың , 2001 жылы –80 мың , ал 2003 жылы бар болғаны 21 мың бөкен қалды.

Сырдария тасбекіресі – құрып бітудің қарсаңындағы өте сирек кездесетін түр . Бұрын Сырдария су алқабын Қарадария сағасына дейін мекендеген .Қазақстанда өте сирек болатын , ол соңғы 25 жылда Сырдың суын реттеп , суару жүйелерін салудың нәтижесінде тіптен кездеспейді . 1980 жылдан ол туралы хабар нақтылы деректермен бекімеген . Нашар зерттелген . Ұзындығы 27 см . Қолдан өсірілмеген. Осы түрдің сақталған жерінде қорық ұйымдастырып , қолдан өсіруді жлға қою керек.




Пілмай , Арал бекіресі ( Арал популяциясы) - Арал су алқабының ерекше өзгеруіне байланысты популяция жойылып кетуге жақын . Табиғи таралған жерлері Арал теңізі мен оған құятын өзендер . Ересекетерінің ұзындығы 200 см, салмағы 60 кг. Жайық Каспии мен Іле – Балқаш есебінен сақтауға болады. Қолдан өсірілмеген бірақ , оның әдістері , негізінен басқа бекірелерді қолдан өсіру әдісіне ұқсайды . Өзбекстанның Қызыл кітабына енгізілген (1983) . Суқоймалары жағдайына сәйкес қолдан өсіруді ұйымдастырып балықтарды қорғайтын құрылыстарды жетілдіруді іске асыру керек.





Арал албырты – Аралдың таралу аймағының ең шығысында кездесетін түрі қазір құрып біткен де шығар ; 50 жылдан астам ол туралы нақтылы деректер жоқ . Бұрын Арал теңізінде бірен саран ауланатын . Әмударияда да кездесетін , осы өзенмен Кафирниган және Вахш салаларына дейін өрістейтін . Осы маңайда Әмудария бахтағымен будандасуы мүмкін болатын . Ұзындығы 100 см . Қолдан өсірілмеген , бұл түрдің қайта келуін Әмудариядағы жергілікті бахтахты пайдаланып іске асыру мүмкін сияқты , бірақ оның да әуесқойлық аулануын шектеу қажет.






Шортан тәрізді ақмарқа –туыстың әр жерде таралған екі түрінің бірі . Әмудария мен Сырдария су алқабының өзендері , каналдары мен су қоймаларының тегістіктегі бөліктерінде тіршілік етеді . Ұзындығы 50 см, салмағы 3 кг . Саны барлық жерде өте аз . Соңғы жылдары таралу аймағы , әсіресе Қазақстанда таралды.Өзендердегі су құрылыстарының және су жүйелерінің әсерінен бізде жойылып кету қауіпі бар ; соңғы 40 жылда кездеспеген . Оны Республикада қолдан өсіруді ұйымдастырып , сондай – ақ суару жүйелеріне өткізбейтін шараларды күшейту керек .




Шу сүйрік қанаты- тек Арал су алқабында тіршілік етеді . Аз зерттелген , сирек кездесетін балық . Денесінің ұзындығы 16 см Табиғи таралу аймағы – Бішкек қаласынан төменгі Шу өзенінің су алқабы . 1960 жылдан бері бұл балық туралы нақтылы деректер жоқ . Осы су алқабының Қазақстандағы бөлігінде 1990-1993 жылдардың әр түрлі маусымдарында арнайы зерттеулер ешқандай нәтиже бермеді. Қолдан өсірілмеген . Арнайы қорғау шаралары белгіленбеген . Оның таралу аймағының және табиғи көбею мүмкіндігін анықтау үшін бұл түрді іздестіруді жалғастыру керек.




Жетісу бақатісі - Жоңғар Алатауының батыс бөлігіндегі тау өзендерінің бастауы мен бұлақтарда көп кездеседі . Әр 100 м жылға жағасынан 20-25 бақатісті кездестіруге болады екен Дегенмен . бір кезеңдерде бақатістің емдік қасиетіне байланысты халық медицинасына көптеп пайдалануы, осы мақсат үшін ауланып , сатылуы ал таулы жерде елді мекендердің көбеюі бұл жәндік санының азайып , құрып кету қаупін туғызды. Қазір , құйрықты қосмекенділер тритонның бір түріне жататын Жетісу бақатісі Қазақстан Республикасының “Қызыл кітабына ” тіркелген : оларды қорғау шаралары арнайы жүргізілмеген.

Жетісу бақатісін жойылып кетуден сақтау үшін ең алдымен , көптеп аулауға тыйым салынуы және олар ең көп мекендейтін аймақта шағын қорықша болуы керек .







Қызғылт бірқазан –аз санды , шектеулі жерлерде ұя салатын түр . Саны бірте- бірте кеміп бара жатыр . Қазақстанда бұрын кең таралған болатын . қазір оның жеке ұялары Торғай ойпатындағы көлдерде , Наурызым қорығында , Балқаш көлінде және Іле , Тентек , Қара Ертіс өзендерінің атырауларында сақталған . Нулы қамысты мекендерде мекендейді Қазақстанда мекен ететіндері 8 мыңдай . Санының азаю себептері – заңсыз аулаушылық , өрт , ұя басу кезінде мазалау . Іленің атырауында қорық ұйымдастырып , құстың мерзімді қорығын нағыз қорыққа айналдыру керек . Бұл бірқазандар мекенінің маңайында қандай да бір шаруашылық жұмыстарға тыйым салу , оны заңсыз аулаушыларға қарсы күрес шараларын жүргізу керек .





Мәрмәр шүрегей - Жоғалып кету қаупі тұр . Қазақстанда соңғы 20 жылда бірде –бір кездеспеген. Бұрын Сырдария бойында , Еділ мен жайықтың аралығында жиі кездесетін . Саны барлық жерде азайған . Туркияда 70- жылдары бар болғаны 2 мыңдайы ғана қыстаған . Санының азаюы себептері анықталмаған . Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерінде бұл түрджі терең зерттеу жұмысдтарын жүргізіп , жойылу себептерін анықтап, оны сақтап қалудың шараларын белгілеу керек .






Балықшы тұйғын –жойылып кету жағдайында тұрған түр . Ертеректе Қазақстанның балығы мол және ұя салуға ағаштары бар көптеген суқоймаларын мекендеген . Қазір ұя басар кезінде көптеген бірнеше жерлерде : Марқакөл ( Оңтүстік Алтай ) , Жайық , Ертіс, Іле өзендерінде ғана кездеседі. Саны 60-70 –ке дейін (оның жартысы Шығыс Қазақстанда ) кеміді . Жойылуына негізгі себептер – орманды кесу , балық қорларының таусылуы , ересек құстарды жою . Ұяларды есепке алып , олардың арқайсысының айналасын тыныштық аймаққа айналдыру керек .






Ителгі-жойылып кету қаупі бар өте сирек түр . Африка, Орталық Азияның тауларында тіршілік етеді . Ол Қазақстанның оңтүстігіндегі және шығысындағы таулардың шағын ацймақтарын мекендейді . Қазақстанда саны өте аз , солардың алтауы Алматы қорығында ұялайды . Алматы қаласында күз және қыста 1-5 бидайықты кездестіруге болады. Санының азаю себептері және жалпы тіршілігі туралы деректер жоқ . Олардың ұяларын тауып ,оны қорғау керек және қорғау әдістерін зерттеу қажет.






Лашын-жойылып кету қаупі бар түр . Лашын жер шарында кең таралғанмен , Қазақстанда анық екі – ақ жерде ұясын тапқан – біреуі Наурызым қорығында (1935 ж) , екіншісі Оңтүстік Алтайда (1958) табылған . Бұдан кейін оның Қазақстанда ұя салғанын ешкім де көрген емес . Республикамыздың үстінен қыста да ұшып өткенімен , бізде қыстайтындардың саны азаюда ; масалы , Алматыда 1883-1888 жылдары 2-ден 5-ке дейін лашындар қыстаған . Қолдан өсіріп жетілген балапандарын еркіне жіберуге ұйымдастыру керек .





Ақ тырна –жойылып кету жағдайында тұр . Солтүстік Азияда , Ресейдің Солтүстігінде ұялайды . Қазақстанда наурыз мамыр және қыркүйек қараша айларында республикамыздың батыс жағынан ұшып өтеді . Түрдің жалпы саны 1,5 мыңнан аспйды . Қазаұстанда ұшып өтетін ақ тырналар тек Наурызым мен Қорғалжың қорыфқтарында ғана қорғалады. Ақ тырнаның қоныс аудару жолында орналасқан Торғай қорығын құруды тездету керек .




Дуадақ-жойылып кету қаупі бар түр. Бұрын Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысындағы дала мен тау бөктеріне кең тараған еді. 50- жылдары тың жерлерді игерудің нәтижесінде көп жерлерже жойыла бастады. Саны оншақты есе азайды . Қазіргі уақытта Қакзақстандағы саны белгісіз, өте сирек кездеседі және әр тобында 18- ден аспайды . Қазақстанның барлық далалық аймағында оларды қорғайтын қорықтар жүйесін ұйымдасчтыру қажет.



Тарғақ-жойылып кету қаупі бар түр . Қазақстан мен Ресейде таралған. Қазақстандағы таралу аймағы республикамыздағы Солтүстігіндегі даланы түгел қамтиды. Қазіргі саны туралы нақтылы деректер жоқ , бірақ барлық жерде оның саны бірте – бірте азайып келеді Бұдан 20-30 жыл бұрын оны кездестіру дағдылы жағдай болатын . Санының азаюының негізгі себептері . – жерді жырту , малды көп жаю , химиялық қосылыстарды ретсіз пайдалану , аңшылық . Ауыл шаруашылық жұмыстарын экологиялық тұрғыдан ұйымдастырып , оны қорғауды халық арасында насихаттау керек.





Шитұмсық шалшықты- өте сирек , жойылып бара жатқан түр. Таралуы толықтай анық емес , себебі өте сирек кездесетін ұялау орындары Сібірдің әртүрлі аудандарында шашырап жатыр. Бұталар өскен шымтезекті батпақтарда қоныстанады, ұшып өту кезеңінде батпақтарда кездеседі. Қазақстанда Еділ – Жайық өзендерінен Ертіске дейін , яғни республиканың Солтүстік бөлігінде кездейсоқ кездесіп қалады. Саны белгісіз жылына 10-ға дейін шалшықты есепке алынады . Шектеу фактарлары анықталмаған . Сақталған жерлерін іздеу және олардың биологиясы мен экологиясын жан- жақты зерттеу қажет. Осы мәселелерді анықтағанға дейін барлық шалшықтыларды қорғау қажет.






Реликті шағала-жойылып кету қаупі бар түр . Бар –жоғы 3 жерде оңтүстік шығыс Байкал маңында , Ордоста және Шығыс Қазақстанда ұялайтыны белгілі . , соңғысында аумағы кішкене аралдардың бірінде оның коллониялары орналасқан . Жалпы саны – 5 мыңдай . Қазақстанда әр кезе 20-дан 1200-ге дейін мойнақ шағала ұялайды. Колониялары орналасқан Алакөлде “Реликті шағала ” атты қорықша ұйымдастырылған . Алакөл қоры

ғын құру қажет.







Еуропа қара күзені - Қазақстанда жойылған түр . Негізінен Батыс Қазақстанда мекендеген , ал Солтүстік Қазақстанда бір аң ғана кездескен. Бірен –саран күзеннің Ресейден келуі мүмкін . Күзеннің тіршілігі тұщы су қоймалары мен тығыз байланысты. Мекендейтін жайлы орындары – жағасында қалың шөп өскен өзектер мен өзендер , көлдер . Қолда өсіп өнеді. Түрді сақтап қалу үшін хайуанаттар паркі мен аң фермаларында өсіру қажет.




Балжегі (итаю)-сирек кездеседі . Таралу аймағы Қазақстанның солтүстігі . Үстіртте таралған ; сексеуіл өскен жазықты және шағын қыратты жерлерде мекендейді , сол сияқты боялыш , қараған , түйесінің өскен жерлерінде кездескен. Қазақстанда бірен – саран жерлерде кездескені белгілі, қорғау шаралары дайындалмаған . Кездескен жерлерді Үстірт қорығына қосу қажет.




Қабылан - өте сирек , Қазақстанда жойылып бара жатқан түр . Үстіртте таралған ; ертеде Маңғыстау мен Қызылқұмда тіршілік еткен ; шөлді тау бөктерлерін , тау жұрнақтары мен құзды жартастарды мекендейді . Таралу аймағының тарылып , санының кемуінің негізгі себептері- шаруашылықты дұрыс жүргізбеу , басты қоректің обьектілердің санының азаюы және қаскерлік . Алматы қорығында ойдағыдай көбеюде.





Қарақал - сирек , жойылып бара жатқан түр. Маңғыстау мен Үстіртте таралған :

сексеуіл , бұталар өскен құмдар мен құз- жартастарды мекендейді . Қазақстанда бірнеше ондаған бас есептелінген. Санының азаюының негізгі себептері- қатал әрі қары көп қыс және қаскерлік . Қолда өсіп- өнеді . Ташкент хайуанаттар паркінде 1968-1970 жылдары төрт рет күшіктеді. Үстірт қорығы мен екі қорықшада қорғалады. Маңғыстауда қорғалатын аумақтар жүйесін құруды реттеу қажет.





Алтай арқары-сирек таралу аймағы тарылып, саны азаюда. Оңтүстік Алтайда таралған , аласа орташа және биік таулардың шалғындары мен жазықтау жерлерді мекендейді. Қазақстандағы жалпы саны 60бас шамасындай ; санының азаюына негізгі себептері- қаскерлік және оның мегкендейтін жерінде шектен тыс мал жаю . Қолда өсірілмейді. Күршім жотасының Оңтүстік сілемдерінде қорықша немесе Марқакөл қорығының бөлімшесін ұйымдастыру қажет.




Қызылқұм арқары - Қазақстанда жойылып кеткен : 18-19 ғасырларда Сырдария мен Қуаңдария зендерінің сағаларының аралығында мекендеген. Көршілес Өзбекстанда Нұрата қорығында қорғалады . Оларды Шымкент хайуанаттар паркінде өсіру , сонымен қатар Оңтүстік Қазавқстанда оларды кейіннен табиғи ортаға қайта жіберу үшін қолда өсіруді ұйымдастыру қажет.



Қаратау арқары -өте сирек жойылуға жақын . Тек Сырдария Қаратауында ғана таралған, таудың жазықтау жоталарын мекендейді. Жалпы саны 100 бас ; санының азаюының негізгі себептері – қаскерлік және ол мекендейтін жерлер де малды шектен тыс жаю. Арнайы қорғайтын орындар жоқ . Қаратау қорығын ұйымдастыруды тездету қажет.





Жалман –тек Қазақстанда ғана ; Арал сыртында (Қарсақпай жалманы) , Бетпақдалада , Балқаш маңының солтүстігінде , шығысында (Алакөл шұңқыры) , Жоңғар қақпасы төңірегінде өте сирек кездесетін , үй тышқанына ұқсайтын кішкене ғана аң. Терісі қалың жүнді , жібектей жұмсақ құлағы едәуір үлкен .

Баялыш бұталарының , ақ жусандардың ішінде жүреді. ИЖерде жайлап ғана секіріп баяу қозғалады. Бірақ бұталарда тез, жақсы өрмелейді. Негізінен бунақденелерді аулап жейді . Жақсы көретін қорегі шегіртке , бүйі қыршаян тәрізді өрмекшілерді де аулайды . Қорегін үңгірде кейде таңғы салқын кездерде ширақ іздейді. Күндіз және түнде ұйықтайды .Ауа температурасы +3 С төмен болатын күз , көктем мезгілдерінде және қыста ұйқыда жатады .

Жалманның биологиясы жөнді зерттелмеген . Сондықтан Қазақстанның және бұрынғы КСРО-ның Қызыл кітаптарында бұл аңды аулауға тыйым салынғаны хабарланып , қорғаудың неғұрлым тиімді шараларын жүргізу үшін оның биологиясын зерттеу қажет.





Бидайық – жойылып кету қаупі бар . Африка , Орталық Азияның тауларында тіршілік етеді, ол Қазақстанның оңтүстігіндегі және шығысындағы таулархдың шағын аймақтарында мекендейді . Қазақстанда саны өте аз , солардың алтауы Алматы қорығында ұялайды. Алматы қаласында күз және қыста 1-5 бидайықты кездестіруге болады. Олардың ұяларын тауып , оны қорғау керек және қолдан өсіру зерттеу әдістерін жасау қажет.



Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі.

«Сырдария» университеті




1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет