Лекция 30 сағат Практикалық (семинар) сабақ 15 сағат СӨЖ 45 сағат обсөЖ 45 сағат Барлық сағат саны 135 сағат



жүктеу 2.89 Mb.
бет9/17
Дата25.04.2016
өлшемі2.89 Mb.
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
: CDO -> Sillabus -> Bio
Bio -> Пәнінен Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «биология» кафедрасы
Bio -> Лекция 30 сағат Практикалық (семинар) сабақтар 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат СӨЖ 45 сағат
Bio -> I.«Омыртқасыздар зоологиясы» пәні бойынша
Bio -> Оқу-әдістемелік кешен
Bio -> Лекциялар конспектісі Құрастырған б.ғ. к доцент С. Е. Келдібеков Жетісай-2006ж. Кіріспе Курстың мақсаты
Bio -> «Жаратылыстану» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «Тұрмыстық химия» пәні бойынша
Bio -> Сабақтың тақырыбы: Геоботаникалық негізгі ғылыми мектептер. Жоспары: Фитоценоз. Биоценоз Биогеоценоз
Bio -> «Химия-биология» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен

Қантты жүгері.


Жүгері- Орталық Америка (Перу, Чили, Мексика)халықтарының ежелгі (3 мың жыл бұрын белгілі болған) дақылы. Қантты жүгері- жалбыз тұқымдас, биік тік сабағы бар бір жылдық өсімдік. Тамыр жүйесі 2,5 м дейін тереңдікке кетеді. Түптеген кезде қосалқы тамырлар түзейді. Тұқымды қатарлау әдісімен қатардың арасын 70 см етіп себеді, Қазақстанның оңтүстік аудандарында – егістің тереңдігі – 6 – 8 - см, ал солтүстік аудандарда –4 – 6 см .

Дән 8 – 10 0 С – де көктей бастайды. Көктемгі қысқа суықтар жас өсімдіктің жапырақтарына зақым келтіреді. Жүгері, әсіресе собықтар қалыптала бастаған кезде - олар шашақ бастар пайда бола бастаудан бір апта бұрын қалыпталады – суаруды өте қажет етеді.

Жүгеріге ашық жарық учаскелер бөледі . Өсімдік жиі болса , ол жоғары созылады , собықтар аз құралады және нашар өседі. Жүгері жеңіл, құнарлы, көгентамырлы арамшөптер баспаған жерде жақсы шығады. Ауыр сазды, жауын –шашын көп болғанда батпақтанып кетіп жерде жүгері нашар өседі. Топрақты қопсыту, орташа суару арқылы күтіп баптайды.

Жүгері тез пісетін сорттары аталық гүлдерінің шашақтары көктеп шыққаннан кейін, 50-60 тәулікте шешек атады. Ал ұрғашы гүлдердің аталық аузы 7-8 тәулік кеш пайда болады. Сабақтардың табарлы пісуі, көктем шыққаннан кейін 80-100 тәулікке созылады, ал толық пісуіне сорттары мен температураға байланысты 115-190тәулік керек. Жүгеріні бұрын күздік дақылдармен томат егілген жерге жақсы. Жүгері әсіресе фосфорлы тыңайтқыштармен өсімдіктің қуаншылыққа төзімділігін күшкйтетін қалайы және молибдені бар микротыңайтқыштарда жақсы қабылдайды. Оңтүстікте жүгерінің ең қас жауы- жүгері жетім көбелегі. Оның жұлдыз құрттары дәнді зақымдап сабықтардың ішінде қысьтап шығады. Бұл зианкеске қарсы метафоз аэрозолдарын , севин мен хлорофосты қолданады. Өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін зақымдайтын көпіршік қаракүйеден сақтау үшін жүгері дәндерін ТМТД және фентиураммен улайды.


Лекция №16


Тақырыбы: Қазақстанның улы өсімдіктері.

Жоспары:

1.Бәрпі. Жоңғар бәрпісі.Қаракөл бәрпісі.

2.Талас бәрпісі.Дәрі бәрпі.

3.Қаракөл бәрпісі.



Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

а) негізгі:

1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.

2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.

3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.

4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.

5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.

6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.

7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.

8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.

ә) қосымша

9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.

10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.

11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.

12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.

13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.

14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.

Лекция мақсаты: Улы өсімдіктермен танысу.

Лекция мәтіні: Көктемнің алғашқы күні нұры төге бастасымен-ақ айналадағы бар табиғат қымтанған қысқы тыныштықтан босап шығып, біртіндеп ояна бастайды.

Улы өсімдік деп құрамындағы заттарының бір түйірі немесе ұсақ бөлшегі адам немесе хайуан организміне түссе, оның қалыпты жұмысын бүлдіріп, ауру туғызатын өсімдіктерді айтады. Мұндай өзгерісті улану деп атайды. Уланудың зардабы ауыр болуы мүмкін, кейде ол өлімге әкеп соғады. Алғашқы адамдардың өзі өсімдіктердің әр түрлі қасиеттерін біле бастаған. Себебі, табиғатпен жекпе-жекке шыққан алғашқы адамның көзіне алғаш көрінген өсімдік. Бір өсімдік жеуге жараса, екіншісі жарамайды, ал үшінші біреулері уландырып өлтіріп жібереді. Осылай көп жыл бойы өмірін құрбандыққа шалу арқылы адам улы өсімдіктерді өз пайдасына жұмсауды үйрене берді.

Өсімдікте удың жиналуына топырақтың құрамы мен ауа райының жағдайы үлкен әсер етеді. Өсімдік өскен жерінде оңтүстікке қаншалықты жақындаған сайын, соншалықты улылығыда арта түседі. У өсімдіктің барлық бөлігіне бі р келкі жинақталмайды. Бір өсімдікте у тамырына көп жиналса, екінші өсімдікте тұқымында, ал үшінші біреулері сабағында, жапырағында,гүлінде және жемісінде көп болады. Өсімдіктің даму фазасының әр түрлі кезеңінде у әр түрлі мөлшерде жиналатыны да болады. Бір түрде у гүлдеу кезінде көп жиналса, басқаларыда гүлдегенге дейін немесе жемісі піскенн кезде молайады. Кептірілген өсімдіктерден гөрі жас, жаңа жұлынған өсімдіктер қауіптілеу. Кептірілген өсімдік жас кезіндегіге қарағанда улылығын әжептеуір жоғалтады. Бірақ кейбір өсімдіктерді кептіргеннің өзінде улылығы баяу тарайды. Мұндай өсімдік кепкеннен кейінде қауіпті.

Өсімдіктің улылығы құрамындағы әртүрлі химиялық заттарға байланысты. Ол заттар алкоголойдтар, гликозиттер, органикалық қышқылдар жатады. Алкоголойдтар өсімдікте тұз түрінде кездеседі. Гликозиттер құрамында қант, аглркон болады. Бұл заттар негізінен жүрекке әсер етеді. Сондай - ақ гликозиттерде су мен қосылып сабын көпіршігі сияқты көпіршігі сияқты көпіршік жасайтын сапонин, ауыжды уылдыратын илік заттар, ауыздағы дәм жүйкелерін қоздыратын ащы заттар да болады. Органикалық қышқылдардан Өсімдік құрамында синиль, қымыздық филик, т . б .қышқылдар бар. Кейде улы қасиеті өте күшті сүт шырындары және шайыр сияқты әлі толық зертелмеген күрделі қосылыстар да табылады.

Улы өсімдіктер мен уланып қалу негізінде оны пайдалы және зиянсыз өсімдіктерден айыра алмаудан шығады. Жеуге жарамды өсімдік орнына шатастырып улы өсімдіктің тамырын жеп уланып қалған оқиғалар кездесіп тұрады. Улы өсімдіктерді өздігінен емделуге немесе балгерлердің айтуымен пайдаланып бақытсыздық жағдайға ұшырайтында бар. Бадам, лало, көкнәр сияқты кейбір өсімдіктердің ауамен бөліп шығаратын заттары да адамғаулы әсер етеді.

Енді өзі улы, әрі өте әсем шипалық қасиеті өте күшті және азайып кетуінебайланысты кейбір түрлері табиғат қорғаудың одақтық “Қызыл кітабына”жазылған өсімдіктің бір туысына тоқталйық. Ол сарғалдақтар (лютиковые) тұқымдасына жататын бәрпі (борец). Бұл туысқа жататын түрлер табиғатта СССР – дің Европалық бөлігінде, Сібірде, Орта Азияда, және Қазақстанда кездеседі. Қазақстанда 14 –түрі өседі. Туыс ішіндегі түрлерінң тік немесе оралып өсетін сабақтары бар шөптесін өсімдіктер. Бір гүлдегі күрделі күлтелерінің пішіндері мен көлемдері бір – бірімен ұқсамайды, гүл арқылы ойша сызық жүргізгенде теңдейбөлікке бөлінбейді. Сондықтан Бәрпі гүлін дұрыс емес немесе зигоморфты гүлдер тобына жатқызады. Жеке күлтелері түрін өзгертіп балшырын жинайтын шырындыққа (нектаринк) айналып кеткен.

Бәрпінің латынша аты аконит. Ертедегі Грециядағы Геркаль қаласындағы кеме тоқтайтын айлақтың атымен қойылыпты. Ол жерде ашық әдемі гүлді өсімдіктер өскен көрінеді. Улылық қасиетіне байланысты орыстар бәрпіні қасқыр өлімі (вольчя смерт), қасқыр тамыр (волчий корень), темір дулыға (железный шлем), улы патша (царь – зелье) деп те атайды. Ал қазақта халы қ арасында бәрпіні “уқорғасын” дейді. Оның мәні өлім әкелетін мылтықтың қорғасын оғына теңегені болса керек.

Бәрпіні түйнегі, тұқымдары арқылы көбйтуге болады. Жер аты түйнегін күзде бөліп алып бірден өсіретін жерге отырғызады. Бұл әдіспен көктемде көбейту көбіне жақсы нәтиже бермейді. Жаңадан жиналған тұқымдарын жартылай көлеңкелеген жерге себу керек. Өркендерінің биіктігі 100 – 150 сантиметрге жетеді. Жапырақтары ірі бес бөлімді, немесе бес тілімді, пішіні көбіне қаздың табанына ұқсайды. Бұл суыққа төзімді, күй таңдамайтын өсімдік, қандай топырақ болсада өсе береді. Тек суы аса көп топырақта өсе алмайды. Әсемдік мақсатында жалғызданда топтанда өсіруге болады.



Медицинада бәрпі шипалық өсімдік ретінде жоғары бағаланады. Бәрпінің түйнегінде 0,18-3 процент жер үсті бөлімінде 0,2 процент алколойдтар бар. Бұл алколойдтар екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа - құрамында меллйкаконлтин бар аконитин жатады. Бұл улылығы өте күшті топ. Екінші – улылығы одан әлсіздеу - атизиндер алколойдтары. Барлық улы түрлеріндегі негізгі алколойд аконитин заты. Бәрпінің кейбір түрлері балшырынды өсі мдік ретінде пайлалы (С. Г. Минков, 1974.) бұл мақсатта ақезу бәрпі (борец белоустный) деген түрі қолданылады. Бұл биіктігі 70 - 200 сантиметірге жететін көп жылдық өсімдік. Гүлі қара көк күлтесінің ішкі жағы ақ. Орталық Қазақстанда, Алтайда, Тянь – Шянь тауларындағы ориандарда, оман алаңдарында өседі. Гүлдеріне бал жинаған аралар жаздың ыстық кезінде келеді, қалған жағдайда олардың уланып, өліп қалатыны бай қалады. Өсімдіктің барлық бөлі мі улы десекте, тозаңы мен балшырыны барлық кезде улы болмайды.

Жоңғар бәрпісі (Борец джунгарский). Бұл түрді кейде “Ыстықкөл тамыры” (Исиккульскийкорень) деп те атайды. Тарбағатай Қырғыз Алатауының ормандарындағы биік өсетін шөптер мен биік тау жайылымдарында және бұталардың арасында өседі. Іле Алатауында Алматы қаласының айналасында көп кездеседі. Бұл ұзындығы 60 – 100 сантиметрге жететін сымбатты өсімдік. Саусақ тілімді жапырағының сырты жалтыр. Ұзынды ғы 20 сантиметрге жететін жіңішке цилиндір тәрізді гүлшоғырына диаметірі 3,5 – 4 см жеке ірі гүлдері бар. Топыраққа терең кетпей, көлбеуорналасқан тамыр сабақтарында ірі конус тәрізді түйнектері бекиді. Өсімді ктің барлық бөлігі улы. Қолдан тамыры тұқымы арқылы оңай көбейтуге болады. Көшеті 2 – 3 жылдан кейін гүлдейді. “Қызыл кітабына енген”

Қаракөл бәрпісі (борец каракольский) Бұл түр Шығыс Тянь-Шяньда, Солтүстік-Шығыс Тянь – Шянь мен Жоңғар Алатауының орман және биік тау орман шалғындарында кездеседі. Мұның жоңғар бәрпісінен айырмашылығы онша көп емес. Жапырақтары жіңішке тілімді және жоңғар бәрпісіне қарағанда ұсақтау көп гүлі бар. Тамыры және тұқымдары арқылы қолдан оңай көбейтуге болады. Бақтарда көп жылдық әсем гүлдермен бірге өсірсе әлгілермен жақсы үйлесім табады. “Қызыл кітабына енген”.

Талас бәрпісі (борес таласский). Одақтық “қызыл кітапқа” жазылған. Ол түрлерден айырмасы бар. Жапырақтары бес бөлімді. ОЛ бөлімдер жапырақ алақанының түбіне дейін тілімделу арқылы бір бірінен айырлады да, сына тәрізді үшкірленген, үшкірлеу тілімді жеке жапырашаларына бөлінеді. Гүлдері көгілдір түт\сті. Батыс Тянь – Шяньның аршалы жоталарында кездеседі. Өркеннің биіктігі 80 – 180 см жететін көп жылдық өсімдік Июнь – июль айларында гүлдейді.

Дәрі бәрпі (борец противоядный) . Бұл бәрпі туысының басқа түрлерінен биохимиялық жағынан ерекше түр. Ол қасиеті жағынан жоғарыда айтылған улы түрлерге қарама – қарсы. Бұл түрдің құрамында болатын алколойдтардың уланған адамдардың уын қайтаратын қасиеті бар, тіпті өз туысы жоңғар және қаракөл бәпісінен уланған жағдайда да адамның уын таратып жібереді. Табиғатта Тарбағатай және Жоңғар Алатауында, республиканың солтүстігінде, солтүстік шығысында және Алтайда кездеседі. Биіктігі 100см дейін жететін көп жылдық өсімдік. Сары гүлдерінің жасылдау жіңішке жолақтары бар. Жұп түйнектерінің пішіні жұмыртқа тәрізді немесе сопақша, ұзындығы 2-5, көлденеңі 1,5-2см жетеді. Түйнектері арқылы өсіргенде жаңа жерде жақсы өсіп кетеді, жыл сайын әдемі гүл береді. Тұқымы арқылы өсірсе 2-3 жылда гүлдейді.

Бәрпімен уланған адамның белгісі мынадай болады. Адам организміне бәрпі түскеннен кейін жүрегі айнып құсқысы келеді, іші ауырады. Жүрегі қыжылдайды, алдымен ерні мен тілі, одан соң аяқ қолы тырысып, сіңір тартылып қалады. Басы айналып ауырады, тынысы тарылады, адам әлсірейді, аузынан көбік ағып, көзі шарасынан шыға бастайды. Ақырында адам көруден, естуден қалып сандырақтайды да өледі.

Бәрпімен уланған адамға қандай көмек көрсетуге болады? Уланудың алғашқы белгісі білінісімен немесе организмге уланудың кеткені анық белгілі болса бірден дәрігер шақырып адамның өзі жақын емханаға баруы керек. Уланған адамға дәрігердің келуін алғашқы көмек беру әсресе, дәрігер алыс болған жағдайда өте қажет. Организмдегі уды шығару үшін адамның құсқысы келе бастағанда оған бірнеше стакан жылы суға тұз қосып ішкізіп, құсуын жалғастырады. Іштегі удың қанға тарап кетпеуі үшін 250 грамм суға немесе 0,5 литр сүтке 2-3 жұмыртқа белогын араластырып береді. Ол іштегі уды қоршап алып, оның еріп қарынның басқа бөлігіне және қанға таралуын баяулатады. Бұдан 20-30 минут өткен соң қайтадан әлгі әдіспен құстыруға тырысады. Үйдегі ауаны таза ұстаған жөн. Ең негізгі уланбас үшін улы өсімдіктен пайдалы өсімдікті айыра білу керек.

Лекция №17

Тақырыбы: Қазақстанның табиғи флорасындағы пайдалы өсімдіктерді тиімді пайдалану және қорғау. Қазақстанның Қызыл кітапқа енген өсімдіктер.

Жоспары:

1.Шренк тобылғытүс.

2.Алтай сибиркасы.

3.Бұйра лалагүл.



Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

а) негізгі:

1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.

2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.

3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.

4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.

5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.

6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.

7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.

8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.

ә) қосымша

9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.

10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.

11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.

12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.

13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.

14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.

Лекция мақсаты: Қазақстанның Қызыл кітапқа енген өсімдіктері.

Лекция мәтіні: “Қызыл кітап ” – сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мақсатымен жазылады. Қазақстанда “Қызыл кітап ” тұңғыш рет 1978 жылы шықты. Онда омыртқалы жануарлардың сиреп бара жатқан түрлері тіркелді. Екінші басылым 1991 жылы ,үшінші басылым 1996 жылы шықты. Мұнда балықтардың 16, қосмекенділердің 3, бауырмен жорғалаушылардың 10, құстардың 56, сүтқоректілердің 40 түрі енгізілген. Өсімдіктерге арналған Қазақстанның

Қызыл кітабы ” 1981 жылы жарық көрді.Бұл кітапқа өсімдіктердің 303 түрі сипатталған.



Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктер түрлерін атап өтсек: ақ түкті астрагал, альберт құртқашашы, алтай қасқыржидегі, ақ тұңғиық, ақсары жуа, алтай раушаны, ақжолақ сасыр, альберт қызғалдағы, берік сүттіген, бор сылдыршөп, дәрмене жусан, кавказ таудағаны, кәдімгі емен, қаратау шөмішгүлі, қопал астрагалы, қаратау түйетабаны, қаратау ұшқаты, зайсан лақсасы, т.б.

Шренк тобылғытүс (раушангүлдер тұқымдасы) – Қазақстан шөлдеріндегі ерекше бұта. Қазақстанда бұл түрлердің еш жерде жабайы түрде кездеспейді. Біздің республикамыздағы ежелгі өсімдіктердің бірі, жасы 30 миллион жылдан кем емес, ол құрғақ сирек ормандарда және бұталы ормандарда кездеседі. Бетпақдала және Қаратау тауларында (Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан) облыстарында кездеседі. Бетпақдала шөлінде тасты топырақтарда, тақырлардың шетінде тобылғытүс онша биік емес, ұзындығы 2,5 м, шашырай өскен бұтақтардан құралған, қалың діңі бар, сұрғылт сары қабықты, жапырақтары жіңішке таспа тәрізді, қауырсынды, 15-80 дейінгі жұптасқан ұсақ, жуандау бөліктерге бөлінген. Гүлшоғыры сопақша, сирек сыпыртқы. Жылдық өркендердің ұшында жетіледі. Гүлдері ақ, немесе бозғылт күлгін, хош иісті, ұзақ уақыт түспейтін 5 желектері және 20-25 аталығы бар. Гүлдеу мерзімі маусымда 20 күннің ішінде жүреді, жемісі тамызда піседі. Вегетативті түрде көбеймейді, тек тұқыммен ғана көбейеді. Тұқымдары 10-15 жылда ғана гүлдейді. 40-50 жылдан кейін ғана мықты жетіледі. Тобылғытүстің жалпы тіршілік ұзақтығы 100 жылдан асады. Өрттен кейін тобылғытүс жер асты өркендерінің есебінен өсіп жетілуі мүмкін. Мұндай жағдайда бірінші жылы ұзын өркендер өсіп шығады, ал екінші жылы гүлдеуі мүмкін, бірақ тұқым бермейді. Шренк тобылғытүсі ерекше өте тартымды, құрғаққа төзімді өсімдік. Тамыры 3,5 м тереңдікке кетеді. Жалпы ұзындығы 5 м-ден кем емес. Бұл Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Алтай сибиркасы (раушангүлділер тұқымдасы) – ерекше бұта, Алтай эндемигі, Қазақстанның аумағында таралған. Бір түбінің биіктігі 1,5 м-дей болады, кең жайылып бұтақтанған. Бұтақтары барынша жуан, қызғылт-қоңыр қабығымен және күңгірттеу жасыл түсті жапырақтарымен жақсы ерекшеленеді. Гүлдері дара жынысты, бөлектенген шашақ тәрізді, сыпыртқы гүлшоғырына жиналған. Тостағанша жапырақшалары және желектері, барлық раушан гүлдердікіне ұқсас. Тостағаншасының диаметрі 0,5 см. Сибирка маусым-шілдеде гүлдейді. Шілде-тамызда жеміс береді. Жемісі 5 тік тұратын жапырақшалардан тұрады, әрқайсысында 2-ден ұсақ қоңыр түсті тұқым болады. Жапырағын, кейде шәйдің орнына пайдаланады. Ал халық медицинасында безгекті, бауыр ауруларына, жүрек ауруларын емдеуге пайдаланады. Бұлар гүлдеген мерзімде күзде жапырақтары ашық қызыл түске боялған, өте тартымды. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Алтай қасқыржидегі (тимелеялар тұқымдасы) – сирек кездесетін түр, Қазақстанда кездесетін екі түрдің біреуі Алтай және Зайсан оңтүстігіне қарай Сауыр Тарбағатай жерлерінде кездеседі. Бұл онша биік емес, биіктігі 80 см бұтақ, солтүстік беткейлерде, тау етегінде және онша қалың емес жапырақты ормандарда өседі. Гүлдері қос жынысты, жәй гүл серігінің, қысқарған бұтақтардың аяқ жағында соңында ұзынша 3-7-ден тобыменен орналасады. Гүл серігі қардай аппақ, цилиндр тәрізді, түтікті, дөңгелек. Гүлдері күшті хош иіс бөледі және аздап сиренің гүлдеріне ұқсас, тек ұсақтау. Қасқыржидек мамыр-маусымда гүлдейді, жеміс тері шырынды, қара сүйекшелер, жалғыздан тұқымы бар, маусым-шілдеде піседі. Өсімдіктің барлық бөлігі улы. Бұтақтардың қабығы және өркендері жемістерімен қоса халықтық медицинада тіс ауруларына қарсы қолданады. қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Бұйра лалагүл (лалагүлдер тұқымдасы) – туыстың Қазақстандағы жабайы түрде өсетін табиғат өкілі. Аралас және жапырақты ормандарда, шалғындықта және тау беткейлерінде, кейде субальпілік беледеуіне дейін көтеріледі. Алтай және Тарбағатай таулары, Жоңғар Алатауының солтүстік беткейінде Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында өседі. Қазақстанда қайыңның түбінде сирек кездеседі. Лалагүлдің жер асты органдары, мүшелері жалтыраған сары түсті қатпарланған, қабыршақты көп жылдық пиязшық. Сабағы биік, 1,5 м. Гүлдері ірі диаметрі 4-см –ге дейін, ашық күлгін бояумен , күңгірт дақтарымен ерекшеленеді.

Салбыраған гүлдің барлық алты жоғары қақиған жапырақшалары сәл ғана оралған, бұйралау. Осыдан келіп түрдің орысша атауы шығады. Аталықтары ірі қошқыл күлгін тозаңдарымен тиімді оқшауланады. Бұл түрдің гүлдеу мерзімі маусым-шілде, шілде-тамызда жеміс береді. Жемістері ірі, алты қырлы, үшкір қабырғалары бар қорапша, өзінің қайталанбас ерекшелігімен көңіл аудартады. Тұқымы қоңырлау сары, тегіс үш ұяшықтың әр қайсысына екі қатарлап жинақтала қойылған. Қазіргі кезде бұл жабайыдан алынған 100-ге жуық түр бар. Пиязшықтары шикі және қайнатқан күйінде жеуге жарамды, кейбір жерлерде кофенің орнына және қойдың ірімшігіне азықтық қосымша есебінде пайдаланады. Олардын мата үшін қара бояу алынады. Халықтық медицинада пиязшығының тұнбасы бауыр ауырғанда, нерв шаршағанда, шикі күйінде ревматизмді, түрлі қабынуларды және жараны емдеуге қолданылады. Гүлдері аралар үшін шірне көзі болып табылады. Гүлшоқтары үшін жаппай жинау және пиязшықтарын ұдайы қазу бұл бағалы түрдің азайып кетуіне жол ашады, сондықтан ол Қазақстанның Қызыл кітабының екінші басылымына ұсынылған.



Ұсақ торлы жуа (лалагүлдер тұқымдасы) – Қазақстанда Алтайдың тек батыс бөлігінде кездеседі. Кейде тау өзендерінің аңғарларында үлкен алаңдарды алып жатады және самырсынды шыршалы ормандарда, әсіресе Риддер қаласының төңірегінде кездеседі. Басқа пияздардан жалғыз емес, түптенген тамырсабақтармен жіңішке цилиндр тәрізді пиязшығымен, сұрғылт торлы қабығымен ерекшеленеді. Сабағының биіктігі 76 см, төменгі бөлігі күлгін қабықшалармен оралған, ортасын да екі, көбіне үш тегіс жалпақ эллипс тәрізді жапырақтары болады. Торлы жуаның жапырағының пішіні жағынан меруертгүлдің жапырағына өте жақын. Гүлдері ұсақ (0,5 см) сарғыш, шатыр тәрізді гүлшоғырына жиналған. Бұл түр маусым-шілдеде гүлдейді. Шілде-тамызда жеміс береді. Тұқымымен және вегетативті түрде көбейеді (тамырсабағы бұтақтану арқылы). Пиязшықтары және жер үсті бөлігі эфир майын және көп мөлшерде С дәруменін бөледі, сондықтан ұзақ торлы жуа барлық өзі өсетін орындарда қалаулы тағамдық өсімдік болып табылады. Үнемі жаппай жинаудың нәтижесінде көптеген жерлерде, әсіресе елді-мекендердің маңайында торлы жуаның саны азайып барады, сондықтан Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Кәдімгі таушымылдық (сарғалдақтар тұқымдасы) – Қазақстандағы үш түрдің ішіндегі жаппай кездесетін түр. Тек Алтай тауларында, жапырақтары және аралас ормандарда, алаңқайларда, шалғынды беткейлерде өседі. Жиі қалың шілік құрады. Бұл мықты, биіктігі 100 см-ге дейін, көп жылдық сабақтан бастап біркелкі жуандаған тамыры және ірі, диаметрі 15-18 см-ге дейін, гүлдерімен ерекшеленеді. Сабақтары бірнешеу төменгі жағында да бірнеше қабыршақты жапырақтарымен. Басқа сабақтағы жапырақтары ірі, сағақты және тақталы, саусақ салалы (тарамды) көп бөліктерге бөлінген. Гүлдері жалғыздан, бес қабықты тостағанша-жапырақшалы, бес желекті. Желектердің саны жиі онға дейін өсіп отырады, кейде жартылай бұйра гүлдер кездеседі. Олардың түсі жиі өзгеріп отырады, күңгірт-қызыл, ашық-күлгін, кейде ақ. Таушымылдық мамыр-маусымда гүлдеп, тамызда жеміс салады. Тамыры алкагольсіз сусын даярлау үшін пайдаланады. Жаппай жинаудың салдарынан саны азайып барады. Сондықтан түрді Қазақстан Қызыл кітабына енгізу ұсынылып отыр.

Лекция №18

Тақырыбы: Өсімдіктер ресурстарын қорғау шаралары. Қорықтар.

Жоспары:

1.Алматы қорығы.

2.Өсімдіктер дүниесі.

3.Ақсу - Жабағалы қорығы.

4.Өсімдіктер дүниесі.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

а) негізгі:

1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.

2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.

3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.

4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.

5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.

6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.

7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.

8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.

ә) қосымша

9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.

10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.

11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.

12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.

13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.

14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.

Лекция мақсаты: Қорықтар. Алматы қорығы мен таныстыру.

Алматы қорығы

Лекция мәтіні: Елімізде өсімдіктер мен жануарларды қорғайтын тұтас табиғи аймақтар қорықтар деп аталады.

1.Алтаты қорығы (Іле Алатауы)

2.Ақсу – Жабағалы мемлекеттік қорығы (Талас Алатауы)

3.Барсакелмес мемлекеттік қорығы (Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігі)

4.Қорғалжын мемлекеттік қорығы (Ақмола облысының су – батпақты аймағы)

5.Наурызым мемлекеттік қорығы (Қостанай далалы аймағы)

6.Марқакөл мемлекеттік қорығы (Оңтүстік Алтай)

7.Үстірт қорығы (Маңғыстау)

8.Батыс Алтай қорығы (Шығыс Қазақстан)

9.Алакөл қорығы (Алматы облысы ,Талдықорған)



бұлардан басқа өсімдіктер мен жануарларды қорғау мақсатында 57 қорықша, 7 ұлттық саябақ (Алтынемел, Баянауыл, Көкшетау, Іле Алатауы, Қарақаралы, Катонқарағай, Шарын) ұйымдастырылған.

Алматы мемлекеттік қорығы - алып тұлғалы Алатау қойнауында орналасқан. Бұл қорық Іле Алатауындағы Кіші Алматы орман шаруашылығының территориясында 1931 жылы ұйымдастырылды. Бұдан кейінгі жылдары қорықтың жер көлемі бірнеше рет өзгерді. 1935 жылы қорық территориясына Үлкен Алматы, Талғар, Есік, Түрген, Шелек, Таушелек, Табанқарағай орман алқаптары қосылды. Ал 1936 жылы оған тағы да Сөгеті даласы, Бұғыты тауы және Іле өзені жағасындағы Сарышаған менҚаракүлтек жері енді. Ол кезде қорықтың жер көлемі 856,7 мың гектарға дейін жеткен еді. Қазыр Алматы қорығының территориясы 89,6 мың гектар.



Жер бедері мен ауа райы. Алматы қорығы Іле Алатауының теріскей беткейінен орын тепкен. Биік шыңдары мәңгі мұзбен қар басқан сұлу шыршалы ормандарына қараса көз тоймайтын әсем таукімді болса да қызықтырмай қоймайды. Алматы қорығына Іле Алатауының орталық бөлігі – теңіз деңгейінен 1400 – 5017 м биіктік аралығында орналасқан Талғар тау жоталары енеді. Жер бедері күшті тілімделген. Жерінің 25мың гектарын тасты құздар алып жатыр. Топырағына эрозия зор әсер еткендігі көзге ұрып тұрады. Оның үстіне қорық территориясына “ән салатын” құмды таулар кіреді. Шағын ғана жері бар осы қоныста табиғаттың әр алуан көрінісінің ұштасуы ғажап-ақ. Шөлды аймақтың тау етегіне жақын орналасуы оның ауа райына үлкен әсерін тигізеді. Соған сәйкес таудан төмен түскен сайын жылына болатын жауын-шашын мөлшері де азая береді. Қорық территориясы кіші-гірім өзеншелер арқылы бөлінетін бірнеше тау қыраттарынан тұрады. Ондағы суы мол саналатын негізгі өзендер – Талғар мен Есік. Басын мәңгі мұздардан алатын бұл өзендердің ені 3-5 м, тереңдігі 0,5-1 метірдей болып, ағысы қатты келеді.Өзендердің су деңгейі тіпті тәулік ішінде бірнеше рет өзгереді. Жаз айларын да су деңгейінің тәуліктік ауысуы кейде 40-50 сантиметрге дейін жетеді. Ара-тұра тауда нөсерлеп жауған жаңбырдың арты селге айналатын жағдайлар да кездеседі.






Өсімдіктері. Алматы қорығының бір артықшылығы – тау беткейлерінде орманды-дала, субальпі және альпі өсімдік белдеулерінің ұштасып жатуы. Шөлді аймақ “әнші тау” төңірегін қамтиды. Орманды-дала белдеуі қорық жерінде 1300-2600 м биіктік аралығында өтеді. Оның төменгі етегінде жапырақты ағаштар мен бұталар өседі. Олардың көпшілігі жабайы жеміс ағаштары. Бұл белдеудегі ормандағы негізгі ағаш түрлері – алма, өрік, долана, көктерек, тал.




Бұталар мен топтаса қарақат, итмұрын және ұшқат ұшырасады. Қорықта жапырақты орман тұтасып жатпайды,ойдым-ойдым болып өзен аңғарларында, тау жоталарында кездеседі. Мәселен,жабайы алма бағы 1700м биіктікке дейінгі тау қыраттарының етегіндегі жазық ойпаттарда көбірек өссе өрік сол биіктікте таудың күнгей беткейін ала орналасқан.Көктерек жоталардың солтүстік және шығыс беткейлерінде көбірек болады. Жалпы жабайы жеміс ағаштарының алып жатқан аумағы 157гектардай.Алматы қорығындағы шырша орманның көлемі 5,3мың гектардай болады.Шырша орманының су режимі бір қалыпты сақтауда топырақтың құрылымын жақсартуда. Орманды-дала белдеуінің ашық алаңдарында шабындық –көксамай шөптер өседі.Таудың салқынсамлды қыраттарында боз, бетеге, қарабасшалғын бетеге, жусан сияқты өсімдіктер жайқалып,жақсы өседі. Сондай-ақ бұталы ағаштар арасында тау таспасы,қозы бұлақ, тянь-шянь қоңырбас, аюбалдырған, тағы басқа

балауса шөптер көктемде қаулап шығып,тау беткейін көкорай шалғынға айналдырады.Алматы қорығының шырша орманының жоғарғы жағын субальпі белдеуі алып жатыр.Белдеу теңіз деңгейінен 2600-3000м биіктікте орналсқан. Бұған тән өсімдік –биіктігі 0,5-1,0м болып өсетін арша.Бұл бұталы ағаш таудың күнгей беткейін ала 700 жылға дейін жасайды.Алыстан қарағанда, тау беткейінде тұтаса өскен аршалар жайып қойған жасмыл кілем түріндей әсер қалдырады. Субальпі арша тоғайының тау топырағын бекітуге және онда мекендейтін хайуанаттардың тіршілігі үшін маңызы зор.Альпі белдеуі 3000-3600м биіктікте орналасқан,одан әрі қар мен мәңгімұзорын тебеді.Алатауда дәрі-дәрмек алынатын өсімдіктердің көптеен түрлері кездеседі.Олардың бастылары-долана,итмұрын жемістері және кәдімгі киіктоты,тасшөп.Осындай адам денсаулығына қажетті шикі зат беретін өсімдіктер қорын, олардың биологиялық ерекшеліктерін терең зерттеу де қорық қызметкерлерінің абыройлы міндеті. Көрікті де әсем Алатаудың қыраттары теріскей бетте аласара келіп Іле өзенінің жағасындағы шөлді жазира даламен ұласады.Осы өзеннің оң жағалауында қорықтың шөлді аймағы орналасқан.Оның жер бедері сай-саламен жырымдалып, негізінен жазық болып келеді.Шөлді өңір құмды-“Әнші тау” төңірегін алып жатыр.Ол-сексеуіл өскен құмды төбелер.Онда шөлге тән сораң, бұйырғын және жусан өседі.

Жануарлар дүниесі. Қорықтың жер бедерінің күрделілігі, ауа райының әр белдеуінің ала-құлағы,осған сәйкес өсімдік түрлерінің көптігі жан-жануарлар турлерінің кең таралуына әсерін тигізеді.Мұнда құстардың 200-ден аса,ал сүт қоректілердің 40-тай түрі тіршілік етедщі.Қорықтың шырша орманында самырсын құсы,шырша торғайы,шиқылдақ торғай, қызылқұйрық торғай, тоқылдақтар мекендесе, орманды дала белдеуінде кәдімгі мысықторғай, қара шымшық, бұлбұл, маубас жапалақ,қара қарға, үкі, кептер, құр және басқа құстар тіршілік етеді.Таудың биік құздарында ұлар мен қозықұмай ұшарасады.Бұл-сушыл қара қоңыр торғай еді.Ол,негізінен,. Ағыны қатты таудан аққан өзендер бойын мекендейді.Тіршілікгінің бәрі сумен байланысты. Негі қорегі су насекомдары және олардың личинкалары болып табылады.Күні бойы дамыл таппай су түбінде жүзуіде осыдан.Көктемде барлығы бірлесе жұптасып, өз территорияларын жақсы қарғайды. Ерте көбеді. Мартта бұлар ұя сала бастайды.Осы кезде қоразы көп сайрап, “күй салатынын” өткізеді.Сушыл қара ұясын судағы тастар қуысына немесе өзен жарқабағына салады. Салған ұялары өте әсем болады. Ұясын шар тәрізді етіп,бүйірінен есік шығарып, сондай ғажап жасайды.3-6 жұмыртқа салып балапан басады.Қыс айларында да қорегін су түбінен табады.




Су түбінде бір минуттай болады және күніне жалпы ұзындығы 3-4 шақырымдай жол жүреді.Қыстың 25-30градус суығына қарамай, мұз астында қорек іздеуге бұл құстар жақсы бейімделген.Өзен аңғарындағы жабайы алма ағашында ұшып-қонып әсем құс- мысықторғай немесе сарғалдақ жүр. Әсіресе, оның көктемгі көрінісі сұлуақ. Қоразының түсі айқын сары болып, тек қанаттары сарғыштау дақ араласқан қара келеді. Көбею кезінде мекиендерінің арқасы, басы мен мойны жасыл сары реңді болады. Олар көбінесе жапырақты орманды ұнатады. Қорық территориясында жабайы алма,өрік және көктерек өскен тау беткейлерін, өзен бойындамекендейді.Т ауға 1500-1700м, кейде 1900-2000м биіктікте дейін көтерілетін құс.Мысыторғай қараторғайдан сәл үлкенрек. Оның ән салғандағы үні алыстан естіледі.Бір нәрседен сезіктенген кезде мысықтың ми яулағандай дыбыс шығарады.Балапандары қорек сұрағанда “ки-ки-ки” деп дауыстап,ауыздарын ашады.Сарғалдақ торғайлар ұясын қайың,тал, алма ағаштарының бұтақтарына аспалы тор сияқты іліп қояды.Осында көктемде 3-5 жұмыртқа салып, балапан шығарады.Балапандарын тәрбиелеуге, еркек-ұрғашысы бірдей жұмылады.Мысықторғай орман мен бақ ағаштарына зиян келтіретін насекомдармен қоректеніп, біраз пайда келтіреді.Қар шымшық та ағаш бұтағына қонып, “и-хи-хи-хи”тәрізді үн шығарып шырылдайды.Бұл құс жапырақты, қылқан жапырақты, қылқан жапырақты ормандарда кездеседі.Әдетте суға жақын өскен бұталы тоғайды мекендеуді ұнатады.

Іле Алатауында 600-2600м биіктікте тіршілік етеді.



Жаз айларында жауын,құрты,қоңыздар,молюскалармен,ал күз бен қыс айларында долана,итмұрын, ұшқат,арша жемістерімен қоректенеді.Қара шымшық та орман үшін пайдалы құс, сондай-ақ оның кейбір бұталы ағаштардың жемісін бір жерден екінші жерге тартуға септігі бар.Бұл құс та ұясын ағаш бұтағына ағаш қуысына салады.Онда 3-7 жұмыртқа салып, көбейеді.Қыс айларында қара шымшықты тау етектерінен,тіпті Іле өзені бойындағы торғайлардан да көруге болады.

Құр ағаштың арасына жасырынып тіршілік етеді.Әдетте құр Тянь-Шянь тауларында шырша мен арша өскен белдеуді паналайды.Тіршілігінің көбін жерде өткізеді,тек қыста қорегін ағаш бұталарынан теріп жейді.Қорықтағы тау жоталарында көктемнің алғашқы белгісі сезіле басталысымен-ақ құр тобына ерекше қимыл, абыржу пайда болды. Қыстай тобымен жүрген олар енді бөліне бастайды.Апрельдің аяғы –майдың басында құрдың қоразыдары шырша бұтағынада отырып, судың бүлкілдеп аққанындай дыбыс шығарады.Бұл оладың “күй салтанаты” көп ұзамай басталады деген хабар.Оны өткізу үшін қораздары көбіне орман ішіндегі ашық алаңды таңдап алады. Оған 10-15-тей құс жиналып өздерінің “күй салтанатын” өткізеді.Таң бозара бастасымен-ақ алаңға ең алдымен ересек қорздары жиналы.Қораздары қанатын сүйреп,құйрығын-қанатын үрпитіп, ерекше қимылдарын жасап, алаңның орталық бөлігін иемденіп алу үшін бір-бірмен шайқасады.Бұл кезде бір жас пен екі жас аралығындағы құрлар алаңның шет жағын айналшықтап жүреді.




Олар “күй салтанатына” ересектерінен кейін қатысады.Қорздарының салған әніне егіліп,мекиендері де осы жерге келеді.Олардың алдымен осы шайқаста жеңіп шыққан күшті қораздары иемденеді,солармен шағылсады.Ересек мекиендері осылай ертерек шағылсып ,ұя сау қамына кіріседі.Олар ұяға 16-ға дейін ғана жұмыртқалайды.Қорық территориясында құр біркелкі тарағанмен,коры әлі көбейе қойған жоқ.

Іле Алатауы қойнауындағы шырша орманын мекен еткен құстың бірі-самырсын құсы.Ол-ұзақтан сәл кішірек,ақшыл жолақтары бар, қоңыр қызыл келген құс .Ағаштың басына шығып отыруды ұнатады.Ұя басар кезде қалың орман ішіне кетіп, адам көзіне түспеуге тырысады.Қорықтың қылқан жапырақтары орманында самырсын құсы көктем мен жазда шырша зиян кестері: сүен, бізтұмсық қоңыздары қоректеніп пайдасын тигізеді.

Ақсу-Жабағалы мемлекеттік қорығы.

1922-1923 ж Орта Азия мемлекеттік университетінің көрнекті ғалымдары профессор Д. Н. Қашкаров , М. А. Попов, Е.П Коровин , Н.А. Димо Ақсу мен Жабағылы өзендері ағвсының жоғарғы жағында зертетеу жұмыстарын жүргізді .Бұл өңір табиғатының сұлу көріністеріне , өсімдктері мен жануарлар дүниесіне таң қалған олар Тянь – Шань тауының осы бөлігін қорыққа айналдырды .Жабағылы мен Ақсу өзендерінің жоғарғы жағында қорық боларлықтай Өзіне тән артықшылықтары бар : мұнда тек осы өңірге тән , әлі ешқандай кәсіптік мақсатқа пайдаланылмаған өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі тіршілік етеді. Табиғаты сондай әсем ,сәулетті және үлгі боларлықтай қорық екендігін ашты. Сонымен 1926 жылдың 14шілдесінде Ақсу- Жабағылы мемлекеттік қорығы ұйымдастырылды. Бұл қорықты ұйымдастырудағы басты мақсат – Тянь –Шаньның лдандшафтың сол табиғи қалыпта сақтап, осы тау жүйесіндегі табиғат комплекстерінің даму заңдылығын зерттеу.Бұл қорық Қазақстанның тұңғыш қорығы болып саналады.

Таулы алқапта 30 мың гектар жері бар табиғат қорғау жөніндегі бұл жаңа мекемені құруда Б .П . Тризнаның еңбегін айрықша атауға болады .Ол табиғат байлықтарын қорғауда зор жұмыстар атқарды.






Жер бедері мен ауа райы. Ақсу- жабағылы қорығы Талас Алатауының солтүстік –батыс бөлігінің біразын және оған көршілес Өгем жотасын алып жатыр. Оның негізгі территориясы Шымкент облысының Түлкібас, Ленгір және Алғабас аудандары жерінде орналасқан. Сонымен қатар, қорық құрамына екі поллеонтологиялық бөлік кіреді: бірі Қарабастауда, жер көлемі 126гектардай, екіншісі- Әулие, Жер кәлемі 100 гектардай Екеуі де Алғабас ауданы территориясында. Қорықтың негізгі территориясынан 120 шақырымдай қашықтықта орналасқан.

Қазірде қорықтың жалпы жер көлемі 74416 гектар. Оның 20616 гектары Ленгір ауданында болса, 224 гектары Алғабас ауданының үлесіне тиеді. Қорықтың орталығы Түлкібас темір жол станциясынан 18-20 шақырымдай жердегі Нево – Николаевка ауыланда орналасқан.

Ең биік шыңдары мәңгі мұзбен таласқан, ірі құзды Талас Алатауы шығыста Талас өзенінің жоғарғы ағысынан батыста Шыршық пен келес өзендерінің жоғарғы ағысына дейін 250 шақырымнан аса қашықтыққа созылып жатыр. Талас Алатауының оңтүстік беткейі Өгем, Піскем, Шатқал тау жоталарына бөлініп, батысқа және оңтүстік батысқа қарай созылып жатыр. Талас Алатауының солтүстік жағы Шоқпақ Майдантал асулары арқылы арқылы Қаратаумен жалғасып кетеді.

Ақсу мен Жабағылы өзендерінің басталар жоғарғы жағынан жан-жаққа Жабағылы , Алатау, Балдыбірек және басқа да біраз тау жоталары кетеді . Арнасын осы жоталардан алатын өзендер Арысөа келіп құяды. Жабағылы тауының ең биік шыңы теңіз деңгейіне 2915 м. Алатаудікі-4012 м, Өгем жотасынікі –4072 м биіктікте . Таудың беткейлері көьінесе тік келеді . Тау беткейлеріне тән қасиет –онда орман ағаштары жоқ . Тек кейбір бөліктерінде ойдым-ойдым болып өскен орманды көруге болады. Көбіне тау қойнаулары тастақ келеді. Судың жуып шаюынан өзендер бойында терең . беткейлері тік аңғарлар кездеседі .

Қорық территориясынан ағып өтетін өзендер , Топшақ пен Майданталдан басқалары Арыс өзенінің тармақтары болып саналады . Қорықтағы ең ірі өзен Ақсу . Ұзындығы 120 км, ені 10 , кей жерлерде 20 м, суының тереңдігі жарты метрдей , суы тасыған кезде 2 метрге дейін жететін ағыны қатты тау өзені болып саналады. Мұнда су түсінің өзгеріп тұруы қызық -ақ: мамыр айында көгілдір түсті болса, ал жаз айында, өзен тасыған кезде, оның түсі сүт ақ бурыл болады, бұл өзеннің аты да осыған байланысты қойылған болуы керек. Жабағылы өзенінің ұзындығы Ақсуға қарағанда екі еседей қысқа :суының түсі тасыған уақытта сары болады, кейде ондағы саз қоспаларының әсерінен қызыл түсті де болады. Өзендер басын мәңгі мұзбен қардан алады. Сондықтан да сәуір және май айларында екі рет тасиды . Әсіресе жазда тасығанда өзендер кейде арнасынан шығып , жолынағының бәрін өзімен бірге ала кететін кездері де болады .

Ақсу – Жабағылы қорығында көлдер жоқтың қасы. Тек көлемі бірнеше ондаған шаршы шақырым болатын иірімдер пайда болады. Мәселен: мұндай көлдерге Қызылжар, Айнакөл, Қызөлген жатады .

Қорық жерінде бұлақтар да бар . Бірақ көбісі күзге қарай құрғап қалады. Тауда мәңгі қар теңіз деңгейінен 3300 м биіктікте жатады .

Талас Алатауының жоталары негізінен қалыңдығы 2000 метрге дейін жететін палеозойлық әк тасты тау жыныстарынан құрылған . Гранит пен сиенит жыныстары аз кездеседі. Олардың әк тасымен араласқан жерінде мрамор пайда болады Таудың 1800 м биіктігіне дейін әк тастың бетін бор және үштік дәуірлеріне тән құмтастар, балшық, слонец жыныстары басқан. Мәселен слонецтер бір парақ қағаз сияқты жұқа пластинкалардан тұрады. Сондықтан да кейде оны қағазды слонецтер деп те атайды. Олардың түсі ақшыл сұр кейде ақ келеді. Бұл жыныстар әбден қатқанға дейін Қаратау бассейнінің етегінде жұмсақ лай, тұнба күйінде қалған. Кейіннен қатқан бұл тұнбалар өз беттерінде осы жерде бұдан 120 миллион жыл бұрын тіршілік еткен өсімдіктер мен жануарлардың таңбаларын сақтап қалған Бұл жерде 60- тан астам өсімдік түрлері табылған .

Мұнда пайдалы қазбалар да мол. Темір, мыс, қорғасын қорлары көп. Қорықта ауа райы өте құбылиалы. Қысы суық, кейде қалың қарлы болса, жазы ыстық, жауын- шашын тапшы келеді Тәуліктік ауа температурасы да өзгермелі. Тауда жаз айының кейбір күндерінде өте суық болады. Орташа жылдық температура тау етегінде -7,6 градусқа тең; қаңтар айынды орташа температура -4,9 градус болса. Шілдеде ол +21,6 градусқа жетеді. Көбіне көктемде бұ жер жауын -шашанды болып келеді. Жалпы алғанда ауа райы басқа жоталарға қарағанда ылғалды.

Таулы өңірде биіктікке байланысты да ауа райы өзгеріп отырады. Таудың биік щыңдарында күшті желдер де болып тұрады .Тау етектерінде қар 4-5 ай жатады, кей жерлерде қардың қалыңдығы метрге дейін жетеді. Март айында бұл -өңірде ауа райы күрт өзгереді, қар еріп , күн жыли бастайды. Бәйшешектер гүлдеп, қара ала торғайлар келіп , тау ішін әнге бөлеген кезде кенеттен қар жауып , суық болып кететін жағдайлар көктемде көктемде байқалады. Бұл жағдай ерте ұшып келген құстардың тіршілік етуін қиындатып жібереді.

Таудың белдеуінде қыс 6-7 айға дейін созылады. Қар қалың түседі, көбіне тау жоталарының теріскей беті қарлы келеді де, күнгей жағы қарсыз болып, онда тіршілік ететін елік, арқар, таутеке сияқты хайуанаттардың қыстап шығуына қолайлы жағдайлар тудырады.

Өсімдіктер дүниесі. Жер бедері мен ауа райының әр түрлі болуы өсімдіктер дүниесінің әр алуан түрлі болуына жағдай жасайды. Тасты құзды келетін белдеуінде (3000-4000м) топырақ онша қалың емес. Субальпі белдеуі (2000-3000 м) қоңыр топырақты келсе, орманды дала белдеуі (1200-2000 и) қызыл қоңыр топырақты, ал тау етектері сұр топырақты болып келеді.

Ақсу- жабағылы қорығы өсімдіктер дүниесіне бай. Оның территориясында мүктік 61, қынаның 58-ден астам , жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1336 түрі өседі. Бұл бүкіл Қазақстанның өсімдік құрамының төрттен бірі.

Қорық территориясы түгелімен дерлік ьиіктігі 12000- 4200метрге дейін таулы өңірде орналасқандықтан, мұнда жартылай шөлейтті , далалы, орманды-далалы, субальпі мен альпі белдеулеріне тән өсімдіктерді кездестіруге болыды .Мәселен, жартылай шөлейтті белдеуге тән баданалы қоңырбас, арпабас, қиақ, қозықұлақ, шоқайна сияқты шөптерді Ақсу, Талдыбұлақ, Жабағылы өзендері бойынан 1200-1250м биіктік аралығынан ұшырастырамыз. Қорық орманында ағаштардан қара арша, балғын арша және сауыр арша деп аталатын аршаның үш түрі өседі. Таудағы тоғайларда жапырақты ағаштардан - талас терегі, тал мен қайыңның бірнеше түрлері кездеседі. Тау беткейлерінде жабайы алма, түркістан доланасы, кавказ тауында өсетін қарқас, мойыл бақтарын көрсек, ойда аздап шеттеннің екі түрі, үйеңкі ағашы, жоңғар доланасы кездеседі. Ал, алтай доланасы мен регель алмұрты тек 10-20 түптей ғана (Қармышева, 1973).

Бұталы ағаштың 60-тай түрі бар. Олардың ішінде ұшқаттың 8 түрі, итмұрынның 10 түрі, қарақат бұталар көбірек таралған. Сондай-ақ, ақ тікенектің 3 түрі, тобығының 2 түрі, шиенің 3 түрі, бадам осы арадан табылады (Кармышева, 1973).

Ақсу- Жабағылы қорығында өсімдік түрлерінің көп екендігін төменде келтірілген мәліметтер айқын байытады және бұл мәліметтерден өсімдік тұқымдастарының арақатынасын да жақсы айыруға юолады.

Өсімдіктер тұқымдастарының жалпы саны 438, түр саны 1306. Оның ішінде күрделі гүлділер тұқымдастарының саны-69 (түр саны-216), бұршақ тұқымдастар –14 (131), астық тұқымдастар-41 (122), ерінді гүлділер -24 (70), шатырша гүлділер -34 (69) болса, раушан гүлділер тұқымдастарының саны -24 (түр саны-68), қалампыр тұқымдастар -15 (60), лалагүл тұқымдастар- 11(56), сарғалдақ тұқымдастар -18 (49), сабынкөк тұқымдастар -12(48), айлық тұқымдастар -21 (40), айқыш гүлділер -21(39). Ал басқа бірқатар өсімдіктердің тұқымдастар саны 1-ден 8-ге дейін ғана.



Қара арша. Ақсу өзені маңында тау жотасының күнгей бетін ала, 1200 м биіктіктен бастап өседі. Сауыр аршасы 1700-2400 м биіктікте көбіне тау қыраттарының теріскей беткейінде өсуді ұнатады. Қорықтағы адамның баруы қиын жерлердегі аршалы орман 200-350 жылдай жасаған. Мұндағы аршаның биіктігі 13метрге дейін жетеді. Нағыз биік аршалы орманды осы жерден көріп, тамашалауға болады.

Қара арша, әсіресе Ақсу, Кіші және Үлкен Балдыбірек өзендері төңірегінде 3300 гектардай жерді алып жатыр. Аршаның бұл түрі Ақсу өзенінен солтүстікке қарай сирек кездеседі. Оқта-текте әр жерде сорайып тұрған бұл арша Аршалысайда, Талдыбұлақта, Жабағылы өзендері аңғарында ұшырасып қалады . Сауыр аршасы қорықта басқа арша түріне қарағанда көбірек таралған, көлемі 5200гектардай. Оны Үлкен жене Кіші Қайыңды өзендері аралығында 1700-1900м биіктіктен көреміз, Балдыбірек пен Жабағылы өзендері маңындағы тау жоталарында да өскен , Ақсу өзенін көмкеретін қыраттардың күнгей беткейлерінде кездеседі. Балғын аршасы қорықь жерінде субальпі белдеуіне тән тұтасып өседі. Мұнда бұл арша 11 мың гектардай жерді алып жатыр. Тауда жақсы өніп- өсіп, тау беткейлерін жасыл түске бояйды. Жалпы алғанда

Ақсу - Жабағылы қорығы территориясының 30 проценті аршалы алқап. Арша - аса бағалы, мәңгі жасыл өсімдік.

Ақсу- Жабағылы қорығында жапырақты орман көлемі онша көп емес, бар болғаны 210 гектардай өзен аңғарындағы жерлерді қамтиды. Өзен бойындағы бұл тоғайлардың да су режимін реттеуде маңызы зор.Қорық территориясында жемшөптік, дәрі-дәрмектік, техникалық эфмр майлы, жеміс беретін өсімдіктер көп. Тамаша жемшөптік өсімдіктер- жабайы тянь- шань жоңышқасы, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде қорық жерінде жайқалып өседі. Жеміс-жидек беретін өсімдіктерден жабайы алманы, шетенді, шиені, қарақатты, т.б. айтпай кетуге болмайды. Тіпті піскен жуасын жеуге пайдаланып қоймай, сонымен қатар онымен өкпе туберкулезі мен сарып ауруын да емдейді. Сондай-ақ тауға әр түрлі реңді сән беретін қызғалтақ гүлдеген кезінде маңайды құлпыртып жібереді.



Жануарлар дүниесі. Қорық жерінің таулы және ауарайының құбылмалы болып келуі жер шарының әр түрлі ендіктерінде мекендейтін сан алуан аңдар мен құстардың осында шоғырлануына жағдай туғызған. Оның шағын терреиториясында Европа, Солтүстік Африка, Англия және Орта Азияның әр түрлі ландшафтарында мекендейтін хайуанаттар ұшырасады. Міне осылай бір жерде шығу тектері әр түрлі аңдар мен құстардың шоғырлануы – Батыс Тянь-Шань тауы хайуанаттарының тарихы күрделі және өзінше ерекше екендігін көрсетеді.

Соңғы деректерге қарағанда, қорық территориясында және оған жақын тау етектерінде құстың 238, сүт қоректілердің 42, бауырымен жорғалаушылардың 9, қосмекенділердің 2 және балықтың 2 түрі мекендейді екен. Насекомдардың да алуан түрлері осы төңіректе қоныстанған.






Қорықта қанаттылардан кекілік, ұлар, шіл, бөдене, кептер секілді кәсіптік маңызы бар құстар тіршілік етеді. Кекілік көбіне орманды-дала, субальпі белдеулерінде қоныстанған, қыс айларында таудың төменгі етегіне қарай қоныс аударып отырады. Ақсу-Жабағылы қорығында мекендейтін құстар туралы әңгімелегенде үнді қара ала торғайына (майна) тоқталмай кетуге болмайды. Ол негізінен Индия, Бирма, Пакистан, Ауғанстанда мекендейтін құс. Үстіміздегі ғасырдың бас кезінде Ауғанстаннан бұл қара ала торғай әуелі Амудария өзені бойына, одан кейін Сырдария жағалауына дейін қоңысын кейтті. Қазірде Самарқанд, Ташкент маңында көптеп кездеседі. Осы маңнан Қазақстан территориясына еніп отыр. Бірінші рет қорық территориясында бұл құс 1962 жылы байқалған. Соңғы жылдары үнді қара торғайы Оңтүстік Қазақстанда өзінің таралу аймағын одан әрі кеңейтіп келеді. 1962 жылы бұл сәнді құс тіпті Алматыға жерсіндірілді. Қала төңірегінде ол өзінің мекендейтін қоныстарын жылдан-жылға үлкейтіп келеді.

Ақсу-Жабағылы қорығының, әсіресе, кәсіптік маңызы бар сүтқоректілерді қорғауда рөлі зор. Бұлар-арқар, таутеке, елік, марал, жабайы шошқа, барыс, мәлін, тас сусары, ақкіс, түлкі, борсық, ұзын құйрықты суыр және мензбир суыры. Сонда таудың күнгей беткейіне жайылып шығып, көктемде қорыққа оралады. Сол кезде арқардың біразы бракьонерлердің оңай олжасы да болады. Рас, бұл тұяқты аңның аздаған бөлігі Жабағылы өзенінің оң жағалауындағы қыста қары аз болатын тау беткейінтебіндепшығады. Арқарға қарағанда қорық жері таутекенің мекенднеуіне қолайлы.





Тау-тасты, тік жарлы, құзды өңірде тіршілік етуге бейімделген ол таудың ең қиын учаскелерінен азық тауып жей алады. Жаздың ыстық күндерінде тастар көлеңкесінде тынығады. Таңертеңгілік және кешкілік мезгілде оның үйір-үйір болып тау адырларында жайылып жатқанын жиі көруге болады. Тек қыста ғана тау етектеріне қарай төмендейді. Қорық қызметкерлерінің соңғы жылдары жүргізген есебі бойынша, бұл тау ешкісінің қоры үш мыңдай болып отыр.



Арша орманының негізгі тұрғындарының бірі – елік. Ол Жабағылы өзенінің бойында көбірек кездеседі. Сондай-ақ, бұл бағалы хайуанаттың саны тек қорық территориясында ғана емес, сонымен қатар онымен көршілес тау жоталарында да өсіп келеді. 1962-1963 жылдары қорықтың аршалы тоғайында 200-дей елік мекендейді деп саналса, қазірде оның саны 2-3 есе өсіп отыр.

Ертеректе Батыс Тянь-Шаньда әсем мүйізді маралдар мекендеген. Бірақ, кейіннен браконерлік әсерінен олар жойылыпкеткен болатын. Бұрынғы қоныстарын игеру мақсатымен 1952 жылдан бері қорықта марал өсіріле бастады. Олар жаңа қонысқа жақсы бейімделіп, жылдан-жылға көбейіп отыр. Көбіне арша, жабайы алма өсетін және жапырақты орманды жерлерде мекендейді. Маралдар жазда субальпі белдеуінде, қыста тоғайлы жерде тіршілік етеді. Қорықтағы бұталы өзендер жағасында жабайы шошқаларда кездеседі. Бірақ қоры онша көп емес. Батыс Тянь-Шань тауының жоталарында маң-маң басып, марғау қозғалған қоңыр аюларды көргенде бір таңданып қаласын. Негізінен ормандарда тіршілік ететін бұл ірі жануар қорық территориясында ағаш өспеген ашық тау беткейлерін мекендей береді. Бұлар мұнда өздеріне қолайлы қонысты құздар арасындағы тас қуыстарынан және аршалы ормандардан табады. Осы жерлерден ол алыс сапарға шығып тұрады. Көктемде тау жоталарынан қызғалдақ жуашығын қазса, жазда сонау биіктегі қарлы белдеуге жақын жүреді де, онда өсетін кейбір өсімдіктерді қорек етеді.



Жаз айларындағы бұл аюдың сүйсіне жейтін азығы – рауғаш пен сасыр. Тастарды қопарып, олардың арасынан насекомдарды да теріп жейді. Күз айларында жеміс бақтарынан алма, алмұртты жесе, азық құрамында суыр, қарақас, тоқалтістер де болады. Қоры жеріндегі аю саны едәуір. Мұнда 730 шаршы километр өңірде 50-60 аюдан келуі бұған дәлел. әсіресе, Ақсу өзені бойында көбірек көзге шалынады. Қыста бұл хайуанаттар үңгірлерде аз уақытқа ұйқыға кетеді. Қорықшалар аю үңгірлерін 2000-2400 м биіктікте кездестіріп жүр. Басқа жыртқыштардан – қасқыр, қызыл түлкі, сусар, ақкіс және аққалақ сияқты, терісі бағалы аңдар кең тараған. Кейде тау етектерінде қарсақта көзге түсіп қалады.



Лекция №19

Тақырыбы: Су омыртқалылары. Балықтар.

Жоспары:

1.Каспий тілтісті.

2.Майқап.

3.Торта балық.

4.Табан балық.

5.Мөңке балық .



Қолданылатын әдебиеттер тізімі

а) негізгі:

1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.

2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.

3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.

4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.

5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.

6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.

7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.

8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.

ә) қосымша

9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.

10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.

11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.

12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.

13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.



14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.

Лекция мақсаты: Балақтарыдың түрлерімен танысу.

Лекция мәтіні: Каспий тілтісті дөңгелек ауыздылар класының өкілі. Балықтәрізді жануарлардың ұзындығы 2 см , салмағы 200 г дейін. Аузы түтік тәрізді, көптеген мүйізді тістері болады, оны сорғыш ретінде пайдаланады. Уақытының көбін Каспий теңізінде тұзды суында өткізеді, ал уылдырық шашу үшін Жайық өзеніне көтеріледі. Су температурасы 110о-қа төмендегі көбею үшін, қоныс аудару басталады. Уылдырығын өзеннің құмды, топырақты таяз жерлеріне шашады. Уылдырық шашудың ауыр жолын игеру үшін , жолға шығар алдында денесінің 34% май болады. Бұрын бұл жануарларды ұстап, кептіріп, майын жарық үшін пайдаланған болатын, қазір тамақ үшін пайдаланады.

Майқап- Қазақстандағы талбырттардың бір өкілі. Оңтүстік Алтай өзендері мен Марқакөл көлін мекендейді.Бұл қарақоңыр жалтыраған жжыртқыш балықтың салмағы 2,5 кг. Бентос балық немесе суға түскен сүтқоректілермен қоректенеді. 4 жылдан кейін жынысты жетіледі. Көктемде құмды және ұсақ тасты таязх суларда уылдырықтарын шашады. Кәсіптік түр.

Торта балық- өте кең таралған, өзгергіш тұщы су балығы. Тортаның бірнеше түршелері бар, халық оны әр түрлі атпен атап, әрқайсысы жеке түр есептейді.Қара теңіз су қоймасында – тыран балық, Каспийде – Каспий тортасы, Аралда – Арал тортасы, Ыстықкөл мен Сібірде – Кергек балық тіршілік етеді. Көзінің қызыл сары түсі болуысыртқы мөлдір қабығы жоғарғы жағындағы қызыл дағымен ерешелінеді. “Өтпел” түрлер (яғни теңізде тіршілік етіп, өзендерде уылдырық шашады) – тыран, торта балықтар және де “тұрғылықты” (яғни уылдырығын тіршілік ететін жерінде шашады) торта балықтар. Қоректенуі әр түрлі - өсімдік, әрі жануар тектес ( жәндіктер дернәсілі , ұсақ былқылдақ денелілер ) қоректер . Ірі болып өспейді, кәсіптік аулауда 18-35 см балықтар басым өтпелі түрлердің кәсіптік маңызы зор , оларды уылдырық шашу немесе қыстар алдындағы жиналған жерінде аулайды. Бұл балықты жаңа ауланған , тұздалған қақталған күйінде жейді.

Табан балық –тұрқы балықтар отрядяның бағалы кәсіптік балығы. Денесі екі жағынан жалпақ , ұзындығы 45 см , салмағы205-3 кг . Кішкентай табандар күмісше жалтыраған сұр түсті., есейе келе алтын сияқты жалтырайды. . Табан түбі құм , лай сазды және тыныш , суы жылы өзендер мен шығанақтарда тіршілік етеді. Қазақстанда әуелден Каспии мен Арал теңіздері су қоймаларында қоныстанған . Ертіс Балқаш , Талас су қоймаларында , Солтүстік және Орталық Қазақстан көлдерінде ойдағыдай жерсіндірілген. Уылдырықты ерте көктемде шашады. Көбіне торта балықпен бір мезгілде , сондықтан осы екі түрдің буданы жақсы белгілі . 3-6 тәуліктен кейін өсімдікке жабысқан уылдырықтан дернәсілдері шығады . Олар тағы екі тәулігін өсімдікке жабысып өткізеді. Алғашқы кезде шабақтар ұсақ су жәндіктерімен , одан кейін су түбі жәндіктерінің дернәсілімен , өсе келе былқылдақденелілер мен ұсақ шаянтәрізділермен қоректенеді. Табан балықтың жоғары сапалы тамақ ретінде кәсіптік және әуесқой жолмен аулауда зор маңызы бар .

Қабыршақсыз көкбас –тұқы балықтар өкілі , тау өзені мен көлдеріндегі өмірге бейімдеген түр. Қабыршақсыз деп аталуы , денесін бір-бірінің үстін басып жатпайтын сирек ұсақ қабыршақтар басып жатады. Денесінің бояуы алуан түрлі. – қара немесе көк түсті арқасы мен жалтыраған бүйірі бар балықтар өзенде, ал алтындай қоңыр жалтыраған түрлері көлде тіршілік етеді. Балқаш , Алакөл , Ертіс , Сырдария су қоймаларын мекендейді Негізінен жәндіктер дернәсілі және балдырмен , өсе келе былқылдақденелілермен , ұсақ балықтармен қоректенеді. Өте баяу өседі, денесі 25-30 см- ден артық болмайды. Кей жерлерде Мысалы Ыстықкөлде кәсіптік түр болып табылады. Қазақстанда қабыршақсыз көкбастан басқа , қабыршақты көкбас тіршілік етеді. , оның денесі түгел қабыршақпен қапталған.

Балқаш алабұғасы- Балқаш Алакөл су қоймасының эндемигі, өсімдігі мол өзендер мен көлдерде тіршілік етеді. Уылдырық шашу үшін Балқаштан Ілеге шығаты. Бұл кішілеу ұзындығы 01,5 м, салмағы 1,5 кг , тікегнекті жүзу қанаты бар . , төменгі жағы алға шығыңқы балық . Ұсақ және талма балықтармен , кейде, өз ұрпақтарымен де қоректенеді. 1961 жылға дейін Балқашта жылына 2300 тонна алабұға аулайтын , бірақ оның саны күрт азайып , Қазір Қазақстанның Қызыл кітабына енгізіліп отыр . САнының азаюын басқа эжаңа жыртқыш балықтарды кеңінен жерсіндіру әсері және судың гидрологиялық құрамының бұзылуына байланысты.

Сібір хариусы- албырттың жақын туысы , бірақ үлкен арқа жүзу қанаты бар Тұщы су балығы Алтай өзендері мен Марқакөл көлінде тіршілік етеді. . Денесінің бояуы өте құбылмалы. – ақшыл және қара түрлері бар . Салмағы 1 кг- ға жетеді. Ерте көктемде ұсақ тасты таяз суларда көбейеді. Су түбіндегі жәндік дернәсілдері мен ұсақ балықтармен қоректенеді

Қарабалық немесе оңғақ –тұқы тұқымдасының балығы , өз атын «оңғақ» деген сөзден алған , себебі судан шығарған кезе , түсін өзгерте қояды. Оның толық жалпақ денесі тығыз ұсақ әртүрлі қабыршақпен қапталған , бірақ әрқашан жасыл түспен жарқылдайды. Басында кішкентай ашық қызыл көздері бар 60 см –ге дейін өжседі, салмағы 7,5 кг ұсақ су түбі омыртқасыздарымен қоректенеді. Көлдер мен өзендердің өсімдікті шығанеақтарында тіршілік етеді. Қазақстанда кең таралған әсіресе оның Солтүстік бөлігінде, Арал мен Балқаш су қоймаларында.

Жыланбас балық- басы үшін осылай аталған , төбесі тегіс және жыланның қабыршағына ұқсас жабылған . Жыланбастар тұқымдасыныңжалғыз өкілі . Амур су қоймасынан Сырдария су қоймасына жерсіндірілген , қазір Оңтүстік Қазақстанның көптеген жылы суаттарында мекендейді. Әдеттен тыс сыртқы түрінен басқа , жыланбаста көптеген ерекше қасиеттер бар солардың бірі – отмосфералық ауамен тыныс алу . Сондықтан құрлыққа шығып , кепкен бір суаттан екіншісіне бара алады . Жас кезінде ұсақ омыртқасыздармен , есейе келе балықтар бақалармен қоректенеді. Ұзындығы 80 см , салмағы 7 иткг – ға жетеді. Олардың көбеюі ең ыстық уақытта құрамында оттегі аз тоспа суаттарда өтеді. Алдымен ересектері орын дайындайды , қамыс қоғаның ортасындағы судың бетін тазартады, содан кейін осы жерде су астында уылдырық шашады , үлкен майлы тамшысының арқасында су бетіне көтеріліп , тыныс алады және жылынады. Шырышты бөлінулердің көмегімен , аталығы уылдырықтың айналасына көбікті бос жер – ұя салады. Дернәсілдері 2 күннен кейін шығады. Аталықтары ұрпақтары өз бетінше тіршілікке көшпейінше , 2 апта бойы ұяны қорғайды.

Мөңке балық- тұқы тұқымдастың орташа пішінді балығы . Ертеден тоғандарда өсірілетін көпшілікке белгілі балық , барлық жерде жерсіндідрілген . Оның биологиялық ерекшелігі қызық- табиғатта бір жынысты тоы ғана белгілі , ол аналықтан ғана тұрады. Көбеюі үшін басқа туыс аталықтары – оңғақ тұқы және басқалар жеткілікті даму кезінде тек аналығының белгілерін ғана алады. Сондықтан тоғандық өсіру кезінде , тек аналықтарынан тұратын тобын пайдаланады. Бұл кішілеу ұзындығы 45 см . салмағы 1 кг балық , судағы ұсақ жәндіктермен қоректенеді . Қазақстанда Каспии , Ертіс су қоймаларында , Солтүстік және Орталық Қазақстанның тұйық су жүйелерінде , Сарысу мен Сырдария өзендерінде мекендейді көптеген тоғанды шаруашылықтарда да өсіріледі. Көпке таныс керемет әсем – аквариумдық алтын балық ол осыдан 1000 жыл бұрын Қытай мөңке балығынан алыңған . Ұзақ сұрыптау нәтижессінде Қытай , Корей және Жопонияда бұл сәндік балықтың бірнеше жүздеген түрі шығарылды.

Лекция №20

Тақырыбы: Қазақстанда ауланатын балықтар.

Жоспары:

1.Бекірелер.

2.Шортан, Сазан.

4.Құбылмалы форель немесе бахтах

5.Қара балық немесе шармай

6.Жайын.


Қолданылатын әдебиеттер тізімі

а) негізгі:

1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.

2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.

3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.

4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.

5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.

6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.

7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.

8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.

ә) қосымша

9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.

10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.

11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.

12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.

13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.



14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.

Лекция мақсаты: Қазақстанда ауланатын балықтар мен таныстыру.

Лекция мәтіні: Бекірелер- Қазақстанда бұл отрядтың 7 өкілі бар: қартпа, сүйрік балық, бекіре, сібір бекіресі, шоқыр, мекіре, тасбекіре тіршілік етеді. Бекірелер сүйекті –шеміршекті балықтар, басқа балықтардан сыртқы пішіні және құрлысымен ерекшеленеді. Денесі ұзынша ұршық тәрізді, бес қатар сүйекті өсінділермен жабылған ( бір қатары арқасында, екеуі екі бүйірінде және екеуі құрсағында), осы қатарлардың ортасында ұсақ сүйекті түйіршіктер мен тақтайшалар бар. Басы конус тәрізді созылған және тұмсығы күрек тәрізді. Төменгі жақта тісі жоқ. Бекірелер ұзақ өмір сүретін, кеш жетілетін балықтар, әр түрлі түрінің аталықтары 5- 13-тен 8-18 жаста, ал аналықтары 8- 12-ден 16-21 жаста жынысты жетіледі. Сонымен қатар, дене пішіндері өте үлкенг болады. Мысалы, қортпаның салмағы 1 тоннаға дейін, ұзындығы 4- 4,5 метрге дейін жетеді, 2 тонналық балықты ұстаған жағдайлар да белгілі. Тасбекіре 40 см- ден артық өспейді. Олар уақытының көбін теңізде өткізеді (Каспий және Арал теңіздері) , ал ұрығын шашу үшін өзенге көтеріледі. Барлық бекірелерді бағалы, жоғары сапалы еті және қара уылдырығы үшін әрқашанда көп ауланған. ХХ ғасырдың аяғында саны азайып кетті, сондықтан бұл кәсіптің уақытын реттеуге тура келді. Қазіргі кезде бекіре балығын ұстау үшін арнайы рұхсат керек, кей түрлері Қазақстан Қызыл кітабына енгізілді (тасбекіре мен мекіре ) және ұстауға тыйым салынады. Қазақстанда қортпа, бекіре , шоқыр – Каспий теңізі мен Жайықта; Сібір бекіресі- Бұқтырма су қоймасы мен Ертісте ; сүйрік бекіре- Жайық, Ертіс, Тобыл өзендерінде; мекіре- Каспий теңізі мен Жайықта, ертеректк ол Арал теңізінде кездесетін, Қазір Балқаш су қоймасында жерсіндірілген, ал тасбекіре – Сырдария өзені мен оның суармалы каналдарында таралған.

Шортан- Солтүстік жарты шарларда кең таралған, бала кезден ертегіден таныс жыртқыш балық. Шортанның денесі ұзынша жебе тәрізді, ұсақ қабыршақпен қапталған және қоршаған ортасына байланысты алуан түске боялған. Денесінің астыңғы жағы алға шығыңқыраған, жалпақ тұмсықты. Аузында тістері көп, олар ұшымен кері бағытталған, сондықтан аузына түскен жемтігі мұндай қақпаннан қайтып шыға алмайды. Шортан- жыртқыш, балықты басынан бастап жұтады, 1,5 метрге дейін өседі, салмағы 30-35 кг. Қазақстанда шора\тандар ағыны жай өзендер мен су маңы өсімдіктері жақсы жетілген көлдерде кездеседі.Тек Балқаш- Алакөл ойпаты мен Талас өзені су қоймасында кездеспейді. Бұл ерте көктемде таяз суларда уылдырық шашады да, уылдырықтарын өсімдіктерге жабыстырады.Жарып шыққан шортаншалар біраз уақыт жұмыртқадан қалған, сарыуыз қабығындағы қоректік заттарды пайдалынады, одан кейін ұсақ шаянтәрізділермен қоректенеді. Ұзындығы 5 см-ге жеткенен кейін, олар түгелдей жыртқыштық жолмен қоректенеді, шабақтарды аулайды.

Сазан ( қалантыр ) - тұқы балық тұқымдасының ірі балығы, мәдени тұқының жабайы шыққан тегі . Тығыз жалпақ денелі, денесі жасыл-сұр кейде сары түсті , ол тығыз ірі қабыршақпен қапталған . Тез өседі , екінші жылдың соңында ұзындығы 30 см , салмағ,ы 0,5-0,6 кг –ға жетеді (ең үлкені 2 метрге дейін өсіп , салмағы 20 кг ) өседі 30 жылға дейін өседі . Қазақстанда барлық жарамды су қоймалары және ну өсімдікті өзен шығанақтарында мекендейді . Қорек талғамайтын балық . Кәсіптік түр болдып табылады., оны кәсіптік деңгейде де, әуесқойлар балықшыларда аулайды. Адам әуелден қалантырды «үй балығына » айналдырды.. Басқа балықтармен салыфстырғанда судағы оттегі құрамын көп талап етпейді , оның уақытша төмендеуіне шыдай береді., тоғандағы жағдайға тез үйренеді . Көп ғасырлық сұрыптау нәтижесінде тұқы балықтың бірнеше түрі алынған , солардың ішінде көпке белгілі –жалтырауық тұқы , Айна сияқты екі бүйірін жауып тұратын үлкен қабыршақтары үшін осылай аталады.

Құбылмалы форель немесе бахтах – бұл балықтың Отаны – Солтүстік пен Орталық Америка. Форель албырттарға жатады. Бағалы қызғылт түсті еті үшін адамдар бұл балықты кең таратуға тырысты. Нәтижесінде бұл балық тоған болық шаруашылығының нысаны болады, дүние жүзінде көпеген елдерде жерсендіріледі. Ол Қазақстанда Шелек өзені су қоймасында тіршілік етеді. Бұл орташа пішінді (ұзындығы 0,5 метрдей, салмағы 6 кг ), арқасы сұр түсті, бүйірінде жарқыраған теңбілдері мен қызыл (аталықтары уылдырық шашу кезінде) бүйір жолақтары бар балық. Өзінің “құбылмалы” деген атын кей түрлерінің ашық бояоғандығын алған. Қоректенуі алуан түрлі- бентос, ұсақ балықтар, жәндіктер және т. б. Форельге жақын балық – албырт. Қазақстанда 2 түрше – Каспий және Арал албырттары тіршілік етеді, олар Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген.

Қара балық немесе шармай – Қазақстанда мекендейтін екі шармайдың бірі Шармай тау өзендері мен Азия көлдеріне бейімделген тұщы су балығы , Қазақстанда Сырдария , Талас су қоймалары мен Қаратау өзендерін мекендейді . Денесі ұсақ қабыршақтармен қапталған , бояуы құбылмалы. Сондықтан қоңыр бояуына түскен ақ дағы бар бұл балықты тау өзендерінен байқау қиын. Талғаусыз қоректі , 0,5 метрге дейін өседі, салмағы 1,5 кг . Шармай тау аңғары мен таулы аймақтардағы әуесқойлық жолмен ауланатын шалғыз түрі , дегенмен оның уылдырығы мен құрсағында төселген қара жұқа қабығы улы екенін есте сақтау керек Қазақстанда бұдан басқа Балқаш шармайы тіршілік етеді.

Жайын-Қазақстандағы жацйын тәрізділер отрядының жалғыз өкілі , көпке танымал балықтың түрі. Жайынның денесі жоғарыдан төмен қарай шамалы жалпайған , арқасы қара , құрсағы ақшыл түсті , екі бүйірінде дақтары бар . Үлкен аузының жоғарғы жағында екі ұзын мұртшасы және төменгі жағында 2 қысқа мұртшасы болады. Бұл қорек талғамайтын балық . Қорегінің көп бөлігін балықөтар . бақалар құрайды. Жайын ыстық күндері терең шұқыр немесе судағы табиғи ағаш түбінде жатқанды ұнатады. Жайын өзіне тән өсімдіктен жасалған таяз жердегі ұясында уылдырығын салады. Алғашқы кезде , дернәсіл шыққанға дейін , ұяны аталығы қорғайды . Жайын тез өседі. 3-4 жылдан кейін жынысты жетіледі. Ұзындығы 5 метрге , салмағы 300 килограмға дейін жетеді.

Лекция №21

Тақырыбы: Қосмекенділер.

Жоспары:


1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет