Лекция: 30 сағат Практикалық (семинар) сабақтары: 15 сағат Лабораториялық сабақтары: 15 сағат СӨЖ: 60 сағат



жүктеу 2.69 Mb.
бет5/15
Дата25.04.2016
өлшемі2.69 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл

Бақылау сұрақтары:

1.Психодиагностикалық әдістемелер және олардың зерттеу әдістемелерден айырмашылығы?

2.Бланктық әдістемелерді сипаттап беріңіз.

3.Сұраулы әдістемелер және психодиагностикадағы оның орны?

4.Суретті психодиагностикалық әдістемелер және олардың орны.
Студенттің өзіндік жұмыстарының тақырыбы:

1.Объективті әдістемелердің артықшылығы мен кемшіліктері.



Әдебиеттер:

1.Бурлачук Л. Ф. Психодиагностика- СПб., 2003

2.Гуревич К. М. Что такое психологическая диагностика М., 1985

3.Немов Р.С. Психология. В т.3 - М., 2001

4.Общая психодиагностика. Под. Ред. Бодалева А.А., Столина В.В.- М.,-2003

5.Шванцари Й. Диагностика психического развития. – Прага : медицинское издание Авиценнум , 1978.



10-тақырып.
Психодиагностикалық әдістемелерге қойылатын талаптар.
Қарастырылатын мәселелер.
1. Тест – психодиагностиканың негізгі құралы.

2. Тесттің түрлері.



Лекцияның мақсаты:

Студенттерді психодиагностикалық әдістемелерге қойылатын талаптармен таныстыру. Тест, тест түрлері деген ұғымдарды түсіндіру.


1. Тест – психодиагностиканың негізгі құралы.

Психологияда тест деп психодиагностикалық стандартты әдістемелерін айтады. Бұл әдістемелер зерттелетін қасиеттердің даму дәрежесінің салыстырмалы сапалық және сандық көрсеткіштерді алуға көмектеседі. Барлық кезде бірдей болғандықтан бұл әдістемелерді стандарттық деп айтамыз,зерттелетін адам алатын жағдай мен нұсқаудан бастап, есептеу мен интерпретацияны алатын көрсеткіштермен аяқтайды. Тестпен алынған бағаларды қашан қай жерде алынғанына қарамастан, бір бірімен салыстыруға болады, сондықтан біз оны салыстырмалы дейміз. Тесттерге қойылатын психодиагностикалық әдістемелердің ішіндегі ең қатаңы деп валидтық нақтылықты және бірегейлікті көздейтін әдістемелерді айтамыз. Бірнеше топтарға бөлінетін тесттердің көп түрлері бар: Тесттелетін қасиетіне қарай, тестте қолданылатын есептердің ерекшеліктеріне қарай, зерттелетін адамға ұсынылатын материалына қарай, бағаланатын объектісіне қарай. Тесттер интеллектуалдық (адамның әртүрлі қызығушылық процестердің даму дәрежесін бағалайтын), тұлғалық және тұлғааралық болып бөлінеді. Қолданылатын есептердің ерекшеліктеріне қарай практикалық , бейнелік және вербальдық тесттер болып бөлінеді. Ұсынылатын тест материалына қарай тесттер бланктық , аппараттық болып бөлінеді.Баға объектісіне – процессуальдық, жетістік тесттер, құбылыстар мен қасиеттер тесттері.Интеллектуальдық тесттер- адамның интеллектік даму деңгейін бағалауға, жеке когнитивтік процестерін (қабылдау, зейін, жады, сөйлеу) бағалауға арналған. Тұлғалық тесттер - адамның жеке тұрақты ерекшеліктерінің психодиагностикасымен байланысты: темпераментке, мінезге, мотивация, эмоция, қабілеттерге арналған тесттер. Тесттердің арасында тұлғаның жағдайын немесе оның жеке қасиеттерінің даму дәрежесінің жүйелі бағасын беретіні кездеседі. Комплекстік (жүйелілік) тесттерге КЕТТЕЛ, ММРІ және т.б. жатады. Жекешеленген тесттерге - адам тұлғасының жеке бір қасиеттерін бағалайтын тесттер жатады. Тұлғааралық деп- әртүрлі әлеуметтік топтардағы адам қарым - қатынастарын бағалайтын тесттерді айтамыз. Мысалы, социометриялық тест, топтың ұжым ретінде өзін- өзі тексерудің әлеуметтік - психологиялық тесті. Практикалық тест тапсырмалары- есептер мен жаттығулардан тұрады.Образдық тапсырмалар- суретті, схемалық, бейнелік тапсырмалардан тұрады. Вербальдық тесттер- тәсілдік сөздермен тапсырмалардан тұрады. Мысалы, ұғымдарды анықтау, ой қорытындылары, сөздердің көлемі мен мазмұнын салыстыру, әртүрлі логикалық тәсілдердің түсініктерін орындау және т.б. Тестте қолданылатын көп тапсырмалар кешендік болып келеді, яғни практикалық, теориялық, бейнелік, вербальдық іс - әрекеттерден және тапсырмалардан тұрады.Адамға өмірде кездесетін көп есептер кешенді болып келеді, ал тест адамның іс-қимылдарын және мүмкін болатын жетістіктерін лабораториялық жағдайда емес, өмірде болжау үшін өткізіледі. Бланктік тест деп- зерттелетін адамның алатын тест материалы бланк түрінде (суреттер, схемалар, таблицалар, сұрақ-жауаптар және т.б.) болады. Аппаратуралық тесттерде- нәтижелерді өңдеу үшін әртүрлі аудио- видеотехника,электрондық есептеу машиналары қолданылады. Процессуальдық тесттер- психологиялық және іс- әрекеттік процестерді зерттеп, нәтижесінде нақты сапалық және сандық мінездеме беріледі. Тест жетістіктері тобына- адамның әртүрлі іс әрекеттердегі жетістіктері бағаланатын тесттер жатады. Мысалы, танудың түрлі ортасында: естің (жадының) жетістігі,ойлау логикасы, зейіннің тұрақтылығы, вербальдық ойлаудың даму деңгейі және т.б. Тесттердің жағдайы мен қасиеттері, адамның тұрақты психологиялық қасиеттерінің диагностикасына қатысты болады. Жобалау тесттерін жеке бір топ етіп бөлуге болады. Олар адамның психологиялық сапасын тура емес , жанама бағалауға негізделген. Мұндай бағалау көптеген объектілерді адам қалай қабылдап және интерпретация жасап, талдау нәтижесінде алынады, алынған мазмұнды объектілері: сюжеттік суреттер, формасыз дақтар, бітпеген сөйлемдер және т.б. болуы мүмкін. Бұл тесттерге қатысты, мысалыға, Роршахтың, Апперцептивтік тақырыптық тесттер және т.б. жатады.

Жобалық тесттер деп зерттелетін адамның жасырын немесе еркінен тыс басынан өткізетін психологиялық ерекшеліктердің психодиагностикасын айтамыз. Психодиагностикалық эксперимент әдіс ретінде жеке жағдайларда ғана қолданылады: егер керекті қасиетті басқа әдіспен анықтауға болмайды.

Процессуалдық тесттер зерттелетін адамның психикалық және іс-әрекеттік просцесстердің өту ерекшеліктері зерттеушілерді қызықтырады. Ал жетістіктер тесттер қабілеттер, дағдыларды бағалау есебі шешілген кезде қолданылады.

Жеке топқа интеллект тесттері жатады. Олар адамның интеллектуалдық дамуыныың жалпы деңгейін нақты және сапалық жағынан анықтаған кезде қолданылады.

Тесттерге нақты психодиагностиканың әдістері ретінде ерекше талаптар қойылады.


  1. Тесттің социокультуралық адаптациясы. Бұл дегеніміз тест тапсырмаларының және тест бағаларының сәйкестігі. Мысалы Еуропада пайда болған интеллект тесті құрылымында сөздік-логикалық емес, образдық-практикалық ойлау басым болатын, интеллекті бар елде қолданылса, ол міндетті түрде әлеуметтік-мәдени түрде адаптациядан өту керек. Кері жағдайда біз сол елдің тұрғындарының ой дамуының деңгейіне сәйкес келмейтін төмен нәтижелерді аламыз.

Және, керісінше, практикалық ойлауға тапсырмалары бар интеллект тесті вербалдық интеллекті басым елде қолданған кезде біз ой дамуының адекваттық емес көрсеткіштерді аламыз.

Егер тест пайда болған жағдайлардан мүлдем басқа жағдайда қолданылатын болса, міндетті түрде ол жаңа жағдайларға бейімделіп, адаптациядан өту керек. Бірінші кезекте бұл нәрсе бланктік тесттерге қатысты, өйткені олар басқа елден алынған және сол елдің тілінде жазылған. Тест тапсырмаларының бір тілден екіншіге аудармасы ешқашан нақты болмайды. Көбінесе сөзбе-сөз емес мағынасына қарай аударылады.

Екінші талап- тұжырымдамалардың қарапйымдылығы және тест тапсырмаларының бір мағыналылығы. Бұл талап бойынша сөздік және басқа тапсырмаларда адамдар әртүрлі мағынада түсініп қалмау керек олар: (сурет, сөздер болуы мүмкін).

Үшінші талап- тест тапсырмаларын орындау үшін бөлінген уақыт. Психологиялық тест тапсырмаларын орындау үшін бөлінген уақыт 1,5-2 сағаттан аспау керек, өйткені бұдан ұзақ уақытта адам, өзінің жұмыс істеу қабілетін жоғары деңгейде сақтай алмайды.

Төртінші талап- белгілі тест үшін тест нормалары.

Бұларға репрезентативтік орташа көрсеткіштер жатады, яғни ол бір топ адамдар. Белгілі бір адамның көрсеткіштерін оның психологиялық даму деңгейін бағалап сол адамдармен салыстыруға болады. Тест нормасы зерттелетін адамдардың жасына, жынысына қарай және алынған бағаны жасына, жынысына және басқа релеванттық көрсеткіштердің дифференциамен орталандыру нәтижесінде алынады.

Тест нормасы дегеніміз зерттелетін адамға бірнеше әлеуметтік – демографиялық мінездемелер бойынша ұқсас адамдардың үлкен шынтығының дамуының орта деңнейі. Барлық нормалар адамдардың психологиялық дамуында жылдап өзгеретін табиғи өзгерістерімен бірге өзгереді. Мысалы ХХ ғасырдың 25-ші жылдарындағы интеллектуалдық даму нормасы 90-шы жылдардағы адамның ой даму денгейімен салыстыра алмаймыз. Эмпирикалық ереже бойынша бес жылда бір рет тест нормалары қайта қарастырылу керек.

Бұл қайта қарау төмендегідей өту керек. Біріншіден, бір топ адам зерттеуді жүргізу үшін керек. Содан соң өзінің әлеуметтік – демографиялық мінездемелері бойынша топшаларға бөлінеді. Әр топша үшін тесттің көмегімен құрметті адамдар іріктеліп зерттеледі. Соңында көрсеткіштерді орталандыру жолмен белгілі адамдардың жиынтығы үшін тест нормасы анықталады. Тестті сипаттаған кезде міндетті түрде норма кімге , қай кезде , қалай орнатылғаны туралы айту керек.

Тестті өткізу үшін , нәтижені өңдеп интерпретация жүргізу үшін қатаң ережелер белгіленген:

1.Бір тестті қолдану үшін, психолог оны бірінші өзіне өткізу керек. Бұл нәрсе тесттің нюанстарын білмеу қателіктерінен сақтайды.

2.Зерттелетін адамдар тест инструкциясымен мұқият танысып, оны жақсы түсініп алу керек.

3.Тест барысында зерттелетіндер бір-бірінен көмек сұрамай, жеке өз алдына жауап беру керек.

4.Әр тест үшін нәтижелерді өңдеп, интерпретация жүргізу үшін тексеруден өткен процедура болу керек. Әсіресе бұл мәліметтерді математико-статистикалық әдістерге қатысты. Практикалық тест өткізу үшін белгілі дайындық жүргізу керек. Біріншіден, зерттелетіндерге тестті беріп түсіндіреді, не мақсатта өткізілетіні, оның нәтижесінде қандай мәліметтер алынуы мүмкін және өмірде олар қалай қолдануы мүмкін.

Содан соң ол инструкцияны түсініп алу керек. Соның бәрінен кейін психолог тестті жүргізеді.



Бақылау сұрақтары:

1.Тест түрлері және оны қолдану салалары.

2.Тест жүргізу үшін қойылатын талаптар.

3.Тест нормаларының ұғымы және орнату әдісі.


Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары:

1.Психодиагностиканың негізгі ұғымдары туралы.

2.Тесттердің әлеуметтік зерттелуі.

Әдебиеттер:

1.Бурлачук Л. Ф. Психодиагностика- СПб., 2003

2.Гуревич К. М. Что такое психологическая диагностика М., 1985

3.Немов Р.С. Психология. В т.3 - М., 2001

4.Общая психодиагностика. Под. Ред. Бодалева А.А., Столина В.В.- М.,-2003

5.Шванцари Й. Диагностика психического развития. – Прага : медицинское издание Авиценнум , 1978.




11-тақырып.

Тесттердің сәйкестілігі ( валидтығы) мен сенімділігі.
Қарастырылатын мәселелер.
1. Диагностикадан өткізілетін құндылық сапасының нәтижелеріне сәйкестігі ретінде.

2. Құндылықтың түрлері.

3. Сенімділік нақты өлшемді орындауы ретінде.
Лекцияның мақсаты:

Студенттерді психодиагностикалық әдістемелерге қойылатын талаптармен таныстыру. «Валидтық» деген ұғымның анықтамасын түсіндіру. Сенімділік, бірегейлік пен анықтамаларын түсіндіру.


1. Диагностикадан өткізілетін құндылық сапасының нәтижелеріне сәйкестігі ретінде.

Психологиялық - педагогикалық эксперимент -зерттеудің сенімді құралы болуы үшін және одан дұрыс нәтижелерді алу үшін қолданылатын психодиагностикалық әдістемелер ғылыми негізделген болуы керек.Ондай әдістемелер төмендегідей талаптарға сай болуы керек, олар: валидтық, сенімділік, бірегейлік және нақтылық. Әр талапты бөлек –бөлек қарастырып көрейік. «Валидтық» деген термин европа тілдерінен шыққан. Ол «құнды», «жарамды», «сәйкес» дегенді білдіреді. Валидтық психодиагностикалық әдістеме дегеніміз- сол әдістеменің нақты психологиялық сапаны бағалауға жарамды болуы. Валидтық әдістеме өлшейтін заты туралы мәліметтерді ғана емес, сол заттың жағдайы туралы хабарды, оның қолдану салалары туралы мәліметтерді ала алады. Валидтық-теориялық және практикалық (эмпирикалық), ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Теориялық валидтық зерттелетін сапаның нәтижелерінің сәйкестігі анықталады. Бұл нәтижелер нақты әдістемелер көмегімен алынатын, теориялық нәтижелерге негізделген тәуелділігі анықталады. Теориялық валидтықты бір теорияға негізделген әртүрлі әдістемелердің көмегімен бірдей қасиеттің көрсеткіштерінің корреляциясымен тексереді. Эмпирикалық валидтық зерттелетін адамның бақыланатын іс-әрекеттері мен реакцияларға диагностикалық көрсеткіштердің нақты іс-әрекетіне сәйкестілігімен тексеріледі. Мысалы, бір зерттелетін адамның қасиеттерін белгілі бір әдістеме көмегімен бағалаймыз. Бұл әдістеме эмпирикалық валидтық деп айтамыз, тек егер нақты адам өмірде әдістеме болжайтындай өзін ұстайды.

Эмпирикалық валидтықтыың критерийлерімен әдістемені өзінің көрсеткіштерінің адамдардың іс жүзіндегі әрекеттердің көрсеткіштерімен салыстыру жолымен тексеріледі.



Ішкі валидтық - дегеніміз әдістемедегі тапсырмалардың, субтесттердің, әртүрлі ойлардың, пікірлердің әдістеменің жалпы мақсатына сәйкестігі. Егер сұрақтар, тапсырмалар әдістемеге керек нәрселерді өлшемесе, онда ол әдістеме ішкі валидтық болып есептелінбейді.

Сыртқы валидтық- эмпирикалық валидтық сияқты, бірақ бұл жерде зерттелетін адамның іс-әрекетіне қатысты маңызды сыртқы қасиеттерімен әдістеменің көрсеткіштері арасындағы байланысты айтамыз.

Әдістемені құрған кезде оның валидтықтыбірден бағалау өте қиын. Әдістеменің валидтығы оның ұзақ қолданылу процесі барысында тексеріліп анықталады. Валидтықтыңтүрлерінен басқа валидтықтың критерийлері туралы білу керек.

1.Іс-әрекеттің көрсеткіштері – зерттелетін адамның өмірдің әртүрлі ситуациялардағы реакциялар , іс-әрекеттер.

2.Әртүрлі іс-әрекеттердегі зерттелетін адамның жетістіктері:оқу , еңбек , шығармашылық т.б.

3.Әртүрлі бақылау тапсырмаларды орындау туралы мәліметтер.

4.Басқа әдістемелер көмегімен алынатын мәліметтер.

3.Сенімділік өлшеу процедураның нақтылығы ретінде.

Тұрақты көрсеткіштерді алу әдістеменің сенімділігін көрсетеді (бұл жерде зерттелетін адамнан , экспериментатордың іс-әрекеті мен өзгеретін психологиялық қасиеттерінен емес, өлшеу құралына тәуелді тұрақтылық дәрежесі есептелінеді).

Психологиялық тесттің нәтижелері қиын бақыланатын факторларға тәуелді: өлшеу құралының сапасына , психологиялық тесттің ситуациясының релеванттық мінездемелердің тұраұтылығына. Аталған факторлардың біреуі өзгертсе өлшеу сенімділігінің дәрежесі төмендейді. Бірақ іс жүзінде бұл факторларды үнемі тұрақты етіп ұстап тұруға мүмкін емес болғандықтан , кез келген психодиагностикалық әдістеменің сенімділігі жоғары болуы мүмкін емес. Аталған факторлардың ішінде ең маңыздысы болып әдістеменің сенімділігі саналады, өйткені қалғандары алынатын нәтижелердің тұрақтылығына аз мөлшерде әсер етеді.

Психодиагностикалық әдістеменің сенімділігін екі әдіспен анықтауға болады:осы әдістеменің көмегімен әртүрлі адамдармен алынған нәтижелерді салыстыру жолымен және осы әдістемені бірдей жағдайларда қолданғанда алынған нәтижелерді салыстыру жолымен .

Әдістеменің нақтылығы психодиагностикалық эксперимент барысында бағаланатын қасиеттердің аз өзгерістердің өзіне жауап қайтару қабілеттілігі болып есептелінеді. Психологиялық әдістеменің нақтылығын өлшеу техникалық құралдарының нақтылығымен салыстыруға болады. Мысалы , сантиметрге бөлінген метрден , миллиметрге бөлінген сызғыштың ұзындықты әлдеқайда нақтырақ өлшейді. Ал микрометр деген прибор ұзындықты 0,001мм дейін нақты өлшейтін сызғыштан әлдеқайда нақтырақ.

Психодиагностикалық әдістеме неғұрлым нақтырақ болса, соғұрлым нақты градацияларды бағалауға болады. Бірақ практикалық психодиагностикада баға нақтылығының өте жоғары дәрежесі барлық кезде талап етілмейді.Оның қажетті практикалық мерасы дифференциация тапсырмасымен немесе зерттелетін адамдарды топтарға бөлумен анықталады. Мысалы , егер зерттелетін адамдарды екі топқа бөлуге болатын болсақ , сонда қолданылатын әдістеменің нақтылығы осы бөлікке сәйкес болу керек.

Егер зерттелетіндерді бес топшаларға бөлетін болсақ онда бес пункттен тұратын өлшеу шкаласы бар әдістемені қолдануға тура келеді.

Әдістеменің бірігейлігі дегеніміз белгілі бір әдістеме бір қасиетті бағалау үшін осы әдістеменің көмегімен алынған мәліметтер тек сол бір қасиеттің өзгерістерін кескіндейтін дәрежесі. Егер осы қасиетімен қатар алынатын көрсеткіштерде әдістемеге байланысты емес басқа көрсеткіштер кескінделсе , онда әдістеме бірігейлік критерийге сәйкес емес деп саналады, сонымен қатар ол валидтық деп есептеліне береді.


Бақылау сұрақтары:

1.Әдістеменің валидтығы дегеніміз не және ол қалай анықталады?

2.Әдістеменің сенімділігі дегеніміз не?

3.Психодиагностикалық әдістеменің нақтылығы мен бірегейлік дегеніміз не?

Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары:

1.Мектептегі психологиялық -педагогикалық бақылаудың негізгі функциялары.

2.Мектептегі тест әдістемелерін қолданудың жалпы педагогикалық негіздері.

3.Педагогикалық тест нұсқаулардың жалпы әдістемесі.


Әдебиеттер:

1.Бурлачук Л. Ф. Психодиагностика- СПб., 2003

2.Гуревич К. М. Что такое психологическая диагностика М., 1985

3.Немов Р.С. Психология. В т.3 - М., 2001

4.Общая психодиагностика. Под. Ред. Бодалева А.А., Столина В.В.- М.,-2003 5.Шванцари Й. Диагностика психического развития. – Прага : медицинское издание Авиценнум , 1978.

12-тақырып.
Тесттердің бейімделуі мен құрылу технологиясы.
Қарастырылатын мәселелер.
1. Тесттердің әлеуметтік - мәдени бейімділігі.

2.Тест өткізудің ережесі, оның нәтижесінің өңделуі және интерпретациясы.



Лекцияның мақсаты:

Студенттерді психодиагностикалық тесттерге қойылатын талаптармен таныстыру, тест мөлшері ұғымын түсіндіру және тест өткізудің ережесімен таныстыру.


1. Тесттердің әлеуметтік - мәдени бейімділігі.

Психодиагностикалық тесттерге ерекше талаптар қойылады. Бірінші талап- тесттің әлеуметтік- мәдени бейімділігі. Ол дегеніміз- тест тапсырмалары мен бағаларының сәйкес келуі. Егерде тест басқа елден алынған жағдайда, зерттелетін адам тапсырмаларды орындау барысында олардың мәдени ерекшеліктеріне мән беруі керек. Мысалы, бір елде құрылған тесттің танымдық құрамында сөздік – логикалық емес, бейнелік және практикалық ойлау басым болып тұрса және ол тест Европада пайда болып, басқа елде қолданылса, онда ол міндетті түрде сол елдің әлеуметтік-мәдени жағдайына бейімделуі керек. Керісінше, ол ортаға икемделмеген жағдайда қолданатын болсақ, біз басқа елдің тұрғындарының ойлауының даму деңгейіне сәйкес келмейтін өте төмен нәтижелер аламыз. Егер де ақыл-ой тестінде практикалық ойлауға арналған тапсырмалар көп болып, оны вербальдық танымы басым елде қолданса, біз ол жерде ой дамуының адекваттық емес көрсеткіштеріне ие боламыз. Егер тест қайта қолданған жағдайда, алғашқы құрылған кездегіден өзгеше болса, мұндай жағдайда тестті бір-бірімен салыстыру немесе жаңа жағдайға бейімдеу талап етіледі. Әсіресе мұндай жағдай өзге елде құрылып, басқа тілде жазылған бланк тесттерге қатысты. Бір тілден басқа тілге аударма ешқашан нақты болмайды.Ол үшін сөзбе- сөз аударудан гөрі мағынасына қарай аудару нақтырақ болады.



Екінші талап- тұжырымдамалардың қарапайымдылығы мен тест тапсырмалардың бірегейлігі. Бұл талапқа сәйкес сөздік және басқа тапсырмаларды орындау барысында адамдар әртүрлі қабылдайтын нәрселер болмауы керек( мыс: сөздер, суреттер т.б.).

Үшінші талап- тест тапсырмаларын орындауға бөлінген уақыт. Тестті орындау үшін 1- 1,5 сағаттан көп бөлінбеу керек. Өйткені бұдан көп уақыт орындаса, адам өзінің жұмыс істеу қабілетінің жоғары деңгейін сақтай алмайды.

Төртінші талап- тест үшін берілген тест мөлшері. Тест мөлшері дегеніміз- бір топ адамдармен жеке тұлғаның көрсеткіштерін салыстыруды айтамыз. Мұнда жеке тұлғаның психологиялық даму деңгейі бағаланады, яғни мөлшер дегеніміз нақты бір тесттің репрезентативтік орта көрсеткіштері. Тест мөлшері әдеттегідей, зерттелетін адамдардың жасы мен жынысына қарай таңдап алынған тест нәтижелерімен және жасына, жынысына қарай келесі релеванттық дифференциациясы көрсеткіштерінің орташа алынған бағасымен анықталады. Сонымен тест мөлшері дегеніміз-зерттелетін адамға әлеуметтік-демографиялық мінездемелері бойынша ұқсайтын адамдардың үлкен жиынтығы дамуының орта деңгейі. Жылдан жылға адамдардың психологиялық дамуы өзгеріп тұрады, сондықтан тест мөлшері де өзгеріп отырады.

Әрбір норма уақыт өткен сайын адамдарда болатын психологиялық дамуындағы асылда болатын өзгерістермен бірге өзгереді. Ғасырдың бірінші 25-жылдарда анықталған интеллектуалдық дамудың нормалары соңғы 25-жылдарда сай келмейді, өйткені бұл уақыттың ішінде адамдардың ой даму деңгейі өте жоғарлап кеткен. Эмпирикалық анықталған ереже бойынша әр бес жыл сайын тест нормалары , әсіресе интеллектуал , қайта қарастырылып тұруы керек.

Ол былай болуы керек. Белгілі тест көмегімен зерттеу жүргізілген бір топ адал анықталу керек. Әлеуметтік – демографиялық сипаттама бойынша айырмашылығы бар адамдар топшаларға бөлінеді. Әр топша үшін тест көмегімен белгілі адамдар зерттеледі. Алынған көрсеткіштер орталандыру нәтижесінде әр адам тобы үшін тесттік норма анықталады. Тест сипаттамасында қашан, қай жерде, кімге анықталғаны жазылады.

Талаптармен қатар тест жүргізу үшін бірнеше ережелер анықталған.

1. Белгілі бір тестті қолданудан бұрын , оны өзіне немесе басқа бір адамға жүргізіп көру керек.

2. Тест алдында зерттелетін адамдар нұсқаулар мен жақсы танысып алу керек.

3. Тест барысында зерттелетіндер өзінше жұмыс істеу керек , бір-біріне тәуелді болмай, ықпал етпей.

4. Әр тест үшін нәтижелерді өңдеу және интерпретациялау процедурасы болу керек. Ол , әсіресе, математика-статистикалық өңдеу әдістеріне қатысты.

Практикалық тест өткізу үшін дайындық жұмыс жүргізу керек. Зерттелетіндерге тест ұсынылып, оған тест не үшін керек, қандай мақсаттары үшін, оның нәтижесінде қандай нәтижелер алынуы мүмкін, олар өмірде қалай қолдануға болатынын түсіндіреді. Нұсқау таратылып, барлық зерттелетіндер оны жақсылап түсініп алу керек. Содан кейін барып тест жүргізіледі.

Бақылау сұрақтары:

1. Тест процедурасын өткізуге қойылатын талаптар.

2. Тест нормасының анықтамасы мен анықтау әдістері.

3. Тест жүргізу ережелері.



Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары:

1. Педагогикалық құбылыстардың диагностикалық зерттеулердің негізгі принциптерінің маңызы мен мазмұны.

2. Диагностикалық процедураларды өткізуге қойылатын ұйымдастыру – педагогикалық талаптар.


Әдебиеттер:

1.Бурлачук Л. Ф. Психодиагностика- СПб., 2003

2.Гуревич К. М. Что такое психологическая диагностика М., 1985

3.Немов Р.С. Психология. В т.3 - М., 2001

4.Общая психодиагностика. Под. Ред. Бодалева А.А., Столина В.В.- М.,-2003

5.Шванцари Й. Диагностика психического развития. – Прага : медицинское издание Авиценнум ,1978.



13-14 -тақырып.

Жалпы және арнайы қабілеттердің психодиагностикасы.
Қарастырылатын мәселелер.
1. Жалпы қабілеттер туралы түсінік және олардың дамуы.

2. Арнаулы қабілеттер туралы түсінік және олардың дамуы.



Лекцияның мақсаты:

Студенттерге жалпы және арнайы қабілеттер және олардың дамуы туралы түсінік беру. Психодиагностикалық қабілеттердің қолдану салаларымен таныстыру.


1. Жалпы қабілеттер туралы түсінік және олардың дамуы.

Қабілеттіліктің өлшемі – белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің (музыкалық саңылау, түстерді жақсы ажырата алу, қолдың икемділігі т.б.) қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп айтады.

Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрініп отырады.

Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады. Мәәселен, оқушыда техникалық қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін техникалық конструкциялардың құрылысын жақсы білуі, оны тәжірибе жүзінде пайдалана алуы қажет. Баланың білімі тереңдеп, икемділігі артып, дағдысы көбейе түссе, оның қабілеті де ойдағыдай дамып отырады.

Қабілет негізінен екіге бөлінеді. Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көріністік өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.

Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының, математик-ғалымның, ақын-жазушының қабілеттерін жатқызуға болады. Соңғы кездері кейбір зерттеушілер қабілеттің үшінші түрі деп практикалық іске қабілеттілікті айтып жүр. Бұған ұйымдастырғыштық, педагогтық, конструктивті-техникалық қабілеттерді жатқызады. Қабілеттердің осы түрлері іс-әрекеттің басты салаларына (ғылым, өнер, практика ) орайлас бөлінеді.

Адам қабілетінің дамуы қоғамдық прогреске, оның әлеуметтік сипатына ғылыми-техникалық прогреске байланысты болып отырады.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет