Лекция: 30 сағат Семинар 10 сағат СӨЖ: 95 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)



жүктеу 1.5 Mb.
бет7/9
Дата25.04.2016
өлшемі1.5 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
: CDO -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)
Tar -> «Жалпы гидрология» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2

Бақылау сұрақтары:
1.Тарихи еңбектердегі француз империализмінің сыртқы саясатының апологиясы

2.П.Ренувен еңбектері

3.Ж.Дюрозель еңбектері
ЛЕКЦИЯ 24 Франция тарихнамасы

Жоспары:

1.Француз имперализмінің сыртқы саясатының апологиясы саяси қызметкерлер мемуарларында және тарихи еңбектерінде

2.Француз тарихнамасыныдағы екінші дүниежүзілік соғыс мәселесі.

3.Қазіргі француз тарихнамасы



Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:Афанасьев Ю.Н. Ведущие направления французской историографии // Современная зарубежная историография. С.136-159

Қосымша әдебиеттер:

Далин В.М. Историки Франции ХІХ-ХХвв- М., 1981

1.Соғыстан кейінгі кезеңде француз тарихнамасының дамуының негізгі бағыттары

2.Анналдар бағыты

3 Әлеуметтік-экономикалықтарихты зерттеу

Лекцияның мақсаты: Франция тарихнамасының дамуын қарастыру
Лекцияның мәтіні:

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Францияның саяси-экономикалық өмірінде ірі өзгерістер болды.Мемлекеттік –монополистік капитализм шапшаң дамыды. Француз отаршылдық империясы ыдырады.Францияда басқа елдердегідей ғылыми-техникалық революция өріс алды.Халықтың әлеуметтік құрылымы өзгерді.Соғыстан кейінгі Францияның тарихи жағдайлары француз тарихнамасындағы өзгерістерге негіз болды.Профашистік бағыт жойылды.Соғыстан кейінгі француз тарихшыларының жаңа буыны бұрынғы позитивистік тарихнаманың зерттеу тақырыптарын мазмұнын, зерттеу әдістерін қайта қарады.Негізінен тарихи оқиғаларды қарастыратынпозитивистерге қарағанда, жаңа тарихшылар «құрылым», «процесстерді» талдауды басты деп есептеп, «оқиғалық» тарихтан «құрылымдық» тарихқа өтті, басты назарды экономикалық, әлеуметтік тарихқа аударды.1961 ж. қорғалған диссертациялардың 41 % осы тақырыптарды зерттеуге арналған.Француз тарихшылары аграрлық, сауда, өнеркәсіп, экономикалық «коньюктуралар тарихы бойынша бірқатар ірі еңбектер жазды.Ф. Бродель және Э. Лабрусс редакциясымен көп томды «Францияның экономикалық және әлеуметтік тарихы», Ж. Дюби және А. Валлон редакциясымен «Селолық Франция тарихы» атты еңбектер жарық көрді.Соғыс және қарсыласу, ұлт-азаттық , коммунистік қозғалыс,Төртінші және Бесінші республикалар тарихы, 1968 ж. мамыр-маусым оқиғалары көптеген публицистикалық және мемуарлық әдебиетке негіз болды.Дәстүрлі университеттік жүйемен қатар жаңа және қазіргі заманның көкейтесті мәселелерін зерттеуцмен айналысатын арнаулы ғылыми орталықтар құрылды.


Бақылау сұрақтары:

1.Н.Крузе еңбектері

2.Француз тарихнамасындағы екінші дүниежүзілік соғыс мәселесі

3.Француз тарихнамасындағы экономикалық-географиялық бағыт



ЛЕКЦИЯ 25. Англия тарихнамасы.

Жоспары:

1.Консервативтік бағыт

2.Британ имперализмінің сыртқы саясатын ақтау

3.Д. Тревельян-либерал –буржуазиялық бағыттың өкілі


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Историография истории новейшего времени стран Европы и Америки. Под ред. А.В. Адо М., 1989

Қосымша әдебиеттер:

Методологические и историографические вопросы исторической науки. Томск., 1982
Лекцияның мақсаты: Англия тарихнамасының дамуын қарастыру
Лекцияның мәтіні:

Британ тарихнамасының либералдық бағытының ірі өкілі белгілі еигтік тарихшы және либералдық партияның қайраткері Дж. О. Тревельяннің Улк Дж. М. Тревельян (1876-1962), 1924 жылдан бастап Кембридждің жаңа тарих кафедрасын басқарды. ХІХ ғасырдың соңынан бастап ортағасырлық, негізінен Англия тарихы бойынша бірқатар еңбектер авторы.

Тревельян негізінен ірі, көп уақытқа созылған оқиғаларды зерттеген. Оның ең ірі еңбегінің бірі «Англия тарихы» (1926), ерте заманнан 1920 жылға дейін. Бұл еңбектің мақсаты «ағылшын халқының оның экономикалық жағдайымен, саяси институттары, сыртқы территориядағы қызметімен байланыстыра отырып әлеуметтік дамуын зерттеу». Бұл мақсатта Тревельян көптеген материал жинақтап, бір жүйеге келтірді.

Сонымен қатар Тревельян чартизмді де зерттеген. Оның пікірінше чартизмнің шығуына себеп болған жаңа кедейлер туралы заңның шығуы мен фабрикалардағы ұзақ жұмыс күні қозғалыстың әлсіздігін буржуазиямен одақтан бас тартуынан көрді. Бұл қозғалысты Тревельян ағылшын жұмысшыларының парламенттік реформа үшін күресі деп қарастырды. ХVІІ ғ. ортасында Ағылшын революциясын Тревельян «Пуриталдық революция», немесе «Ұлы азаматтық соғыс» деп атаған. Бұл көтерілістің қозғаушы күші-діні мәселе.

Жалпы ХVІІ- ХVІІІ ғ.ғ. тревельяннің айтуы бойынша ағылшындар өз елінде және отарларында саяси және діни еркіндіктердің алдыңғы қатарлы жүйесін құрды. Сөйтіп ХХ ғ. алғашқы ширегінде ол Ұлыбританияның дамуының «ерекше» жолы туралы пікір айтты.

20 ж.ж. соңы мен 30 ж.ж. басында ағылшын тарихының либералды тұжырымдамасына көрнекті консервативті тарихшы Л. Нэмир (1888-1960) қарсы шықты. Ол тарихи даму процесіндегі радикалды қайта құруларға қарсы шықты.

Л. Нэмир –ХХ ғ. ағылшын тарихнамасының ең ірі өкілі. Ол ХVІІІ ғ. бастап Европаның саяси тарихына көптеген еңбектерін арнады. Екі еңбегі нәтижесінде ол әлемге танымал болды. «Георгий ІІІ таққа келген кездегі саяси құрылым» (2 тт, 1927), «Американ революция кезеңіндегі Англия» (1930)

«Саяси құрылым....» атты еңбегінде Нэмир өте қысқа хронологиялық кезеңді-1760 жылы қарастырды. Көптеген деректерді зерттей отырып ол сол кездегі Англияның сайлау жүйесін, парламенттің құрамы мен қызметін, министрлер кабинетін зерттейді. Нәтижесіндеғ сол уақытта Англияда екі партиялық жүйе қалыптасты деген ұғымды жоққа шығарды.

Ағылшын экономикалық және әлеуметтік тарихының қайта қарауға әрекет жасаған Кембридж университетінің профессоры Дж.Х. Клэлем (1873-1946) 1926-1939 ж.ж оның «Ұлыбританияның экономикалық тарихы» атты үш томдық еңбегі жарыққа шықты. Оның еңбегі ресми парламенттік материалдарға негізделіп, кең көлемді мәселелерді қарастырған: өнеркәсіп салаларының, қаржы және банк жүйесінің, экономикалық дамудың әлеуметтік салдарын, демографиялық процестердің дамуын.

Қарастырылып отырған кезеңде либералистік тарихнамада дамыды. Олардың зерттеуінің жалғыз тақырыбы-жұмысшы қозғалысының тарихы.

Либералистік тарихнаманың ірі өкілі-Оксфорд профессоры, Фабиан қоғамының төрағасы, елгілі тарихшы Дж. Коул (1889-1959). Оның танымал еңбегі «Ағылшын жұмысшы қозғалысының қысқаша тарихы» (3 тт, 1925-1927). Мұнда жаңа замандағы британ жұмысшы қозғалысының тарихының тұжырымдамасы берілген.

Бақылау сұрақтары:

1.Қазіргі замандағы ағылшын тарихнамасындағы консервативтік бағыт

2.Тарихнамадағы британ империализмінің сыртқы саясатын ақтау

3.Ағылшын тарихнамасындағы Мюнхен саясатын талқылау


ЛЕКЦИЯ 26. Англия тарихнамасы

Жоспары:

1.Тарих ғылымының ұйымы мен оның алдыңғы қатарлы идеялары.

2.І-дүниежүзілік соғыстың шығуы, тарихнамасы.

3.Либералдық бағыт.

4.Либералистік тарихнама.

5.Тарих ғылымы ІІ-дүниежүзілік соғыс жылдарында.


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі :

Историография истории новейшего времени стран Европы и Америки. Под ред. А.В. Адо М., 1989

Қосымша:


Методологические и историографические вопросы исторической науки. Томск., 1982

Лекцияның мақсаты: Англия тарихнамасының дамуын қарастыру

Лекция мәтіні:

Бұл кезеңдегі ағылшын тарихнамасы бірқатар қарама-қайшы фактілердің ықпалы мен дамыды. Бір жағынан Англия І-дүниежүзілік соғыста жеңіп шыққан, держава болды. Ол өзінің отарлық иеліктерін ұлғайтты да аз уақыт Франция мен Европадағы үстемдік үшін таласты. Бірақ күн сайын өсіп отырған экономикалық қиыншылықтар Англияның АҚШ-на жартылай Жапониядан кейін қайтадан Германиядан артта қалуы «Британ буржуазиялық «Алтын күннің өтіп кеткеніне дәлел болды. 30- жылдың соңында Англияда қайтадан Германияның қаупі төнді. Сонымен қатар елдің ішінде де тұрақтылық болмады. Мысалы: 1918-1921 жылдары Ұлыбританияда Компартия құрылды 1926 жылы жаппай ереуіл Дүние жүзілік экономикалық дағдарыс жылдарындағы 1929-1933 жылдары әлеуметтік күрестердің шиеленістері. Осы жылдары билік етіп отырған либералдық партияның орнына либералистік партия келеді. Бұл кезеңдерде тарих ғылымының ұйымдардың бірі университеттер болды. Кембридж, Оксворд, Эдинбург, Манчестер, Лондон университеттері болды. Британ тарихының басым көпшілігі тарихи ассосация кірді. Бұл ұйымның негізгі бағыты тарихты оқытуға көмек көрсету және осы салаларға ғылыми зерттеу жұмыстарын дамыту. Сонымен қатар басқада қоғам болды. Мысалы: Шотландияның тарихи қоғамы, әскери тарихты зерттеу қоғамы және Британиның мұрағаттар ассосациясы (бірлестік одақ) бірқатар ғылыми зерттеу мекемелерін құрды. 1915 жылы Шығыс Европа елімен тарихын зерттеу институты, 1920 жылы халықаралық қатынастар институты, 1921 жылы Лондон университеті сияқты маңызды тарихи зерттеу институттары ашылды. 1938 жылы экономикалық және әлеуметтік зерттеулердің ұлттық әлеуметтік экономикалық институттары ашылды. Тарихи тақырыбындағы мақалалар туралы бірқатар басылымдар болды.



  1. «Ағылшын тарихи шолуы»

  2. «Кембридждің тарихи журналы»

  3. «Тарих журналы»

  4. «Экономикалық тарих бойынша шолу»

  5. «Тарих бүгін»

Бұл уақыттағы ағылшын тарихында 2 негізгі бағыт бар.

  1. Консервативтік бағыт

  2. Либералдық бағыт.

Методология салаларында дәстүрлі Британияның эмпиризм үстемдік етті. Сонымен қатар релятивизм күшейіп, тарихи білімнің обьективтік сипатын және тарихи заңдылық пен прогресті жоққа шығарудағы қолдың саны өсті. Каммендуланың негізгі еңбегі 1946 жылы «Тарих идеясы» жарыққа шықты. Философиялық тарихи сюджетке арналған еңбек. Ол неопозитивистік филосоияға қарсы шыққан. Сонымен Коленбург тарих ғылымының мақсаты жеке санамен саяси идеянын дамуын зерттеу қажет деп есептеді. Қарастырып отырған кезеңдегі ағылшын тарихының дәстүрлі проблематикасы ХVІІІ ғасырда ағылшын революция, өнеркәсіптік төңкеріс және оның салдары ХVІІІ ғасырда саяси тарих болып либералистік тарихшылар бірқатар зерттеген өнеркәсіптік революциясы кезіндегі жұмысшылар қарсы және британияның еңбекшілерінің жағдайын зерттеуге арналды.

Сыртқы саясат тарихпен айналысқан британ тарихшыларының ең басты зерттеу тақырыптарының бірі І-дүниежүзілік соғыстың шығуы туралы мәселе болды.

Либералдық тарихшылардың ірі өкілдерінің бірі Требелимен (1876-1962) Требелимен 1927 жылы Кембридж университетінің жаңа кафедрасының меңгерушісі болды. ХІХ ғасырдың соңынан бастап орта ғасыр, жаңа заман тарихы бойынша бірқатар еңбектер жазды. Оның еңбектері жоғары деңгейдегі әдеби шеберлігімен ерекшеленеді. Требели үшін тарих өнердің бір түрі болды. Тарих құбылыстар жеке және қайталанбас сипатқа ие деп саналды. Сонымен оларды салыстыру оны заңды анықтау мүмкін емес дейді. Оның ірі еңбектерінің бірі 19269 жылы жарық көрген «Англия тарихы » мұнда ол Англия тарихын көне заманнан бастап 1920 жылға дейін қарастырады. Автордың мақсаты: ағылшын хал-ахуалын әлеуметтік дамуын көрсету. Бұл бағдарламаларды іске асыруда Требели үлкен жетістіктерге жетті. Ол көптеген материалдарды жинақтайды бір жүйеге келтірді. Требелидің пікірі бойынша Англияның тарихы өзіндік ерекше жолмен дамып ешбір елдердің тарихнамасына ұқсамайды. Ағылшын тарихи прогресінің шыңы соңғы Викториялық қоғам деп есептеледі. Бұл жүйеде либералистік бағыт ерекше орынға қойылды. Жалпы ХVІІ- ХVІІІ ғасырларда Требелидің пікірі бойынша ағылшындар өз елінде саяси жәнедіни бостандықтардың дамытып басқа елдерден ерекше жүйе құрды және осы жүйені өздерінің отаршылдық еліне енгізді.

Қарастырып отырған кезеңде либористік бағыт тарих ғылымының өзіндік бағыттарына айналады. Лейборис тарихшыларының зерттеген тақырыптары өте шектеулі болады. Олар айналып басты мәселе : ағылшын жұмысшы қозғалыстары болды. Лейбористік тарихшыларының көрнекті өкілдерінің бірі Оксфорд университетінің профессоры социал реворализм теоретигі Коул 1889-1959 жылдары өзінің саяси көзқарастары бойынша лейбористік партияның солшыл қажеттіліктерін қолдаушылардың бірі болды. Англия таптық қайшылықтарды мойындай отырып капиталистік социализмге бейбіт жолмен өту қажеттігін мойындады.



Бақылау сұрақтары:

1.Д.Тревельян –либералдық-буржуазиялық бағыттың өкілі

2.А.Тойнби көзқарасы

3.Лейбористік тарихшылар көзқарастары


ЛЕКЦИЯ 27. АҚШ тарихнамасы.

Жоспары:

  1. АҚШ тарихнамасындағы І-дүниежүзілік соғыс мәселесі.

  2. Американ сыртқы саясатының тарихын идеализациялау.

3.Либералды –экономикалық бағыт.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

Негізгі:


Итсориография новейшей истории стран Европы и Америки. Учебник для студентов вузов. М.,1984
Қосымша:

Болховитинов Н. Н. Согрин В.В. Об основных тенденциях в развитии историографии США / Современная зарубежная немарксисткая историография… с 78-101



Лекцияның мақсаты: АҚШ тарихнамасының дамуын қарастыру
Лекция мәтіні
I-ші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ капиталистік әлемнің ең қуатты мемлекеті ретінде бекітілді.

Капитализмнің тұрақтануы уақытша болды. 1929 жылы ең терең әлемдегі эканомикалық дағдарыс басталды. 1933 жылы Рузвельттің «жаңа курсының» көмегімен елді дағдарыстан шығару әрекеті жасалды. 30 жылдардың соңы мен 40 жылдардың басында қоғамдық көңіл күйге екінші әлемнің ықпалы зор болды.

АҚШ-ң қоғамдық-саяси өмірінде екі қарама-қарсы бағыт қалыптасты , американ халқының демократиялық күштері фашизмге қарсы күресті, ал реакциялық Совет одағына қарсы көңіл күйдегі монополистік күштер АҚШ-тың дүниежүзілік үстемдікке ұмтылуын қолдады.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін тарих ғылымының методикалық негіздерінде дағдарыс күшейді. Тарихи танымның объективтілігін жоққа шығарған реплтивизм одан әрі дамыды. Мұнда прагматизм филасофиясы үлкен роль атқарды.

Прагматизмнің ең ықпалды түрінің бірі американ филосыфі Джон Дьюн негізін қалаған инструментализм болды. Дьюн гносеологиясы обьективті шындықты жоққа шығарып, ғылыми түсініктерді тек ғана «инструмент» ретінде қарастырған. Қандай да болмасын теорияның шынайылығы оның практикалық қорытындысымен айқындалған.

Бірақ американдық тарихнамада позитивизм методологиясы шешуші роль атқарды. Релятивизм тарихи зерттеулер тәжірибесіне енген жоқ, сондықтан көнені зерттеуде көптеген тарихшылар «теңқұқылы факторлар» позитивистік теориясын басшылыққа алды.

Жаңа ішкі және сыртқы саяси міндеттер, тарих ғылымының ұйымдастыру негіздерінің нығаюымен әлеуметтік функцияларының кеңеюіне алып келді. Американ тарихи ассоциациясы өз қызметін жалдандырды. 1945 жылы оның құрамында 833 жергілікті тарихи қоғам болған.

Ғылыми білімнің мамандануы және оқырмандардың кең топтпрына әсер етуге ұмтылу АҚШ тарихы бойынша бірнеше еңбектердің шығуына негіз болды, ондағы жұмысқа көптеген ғалымдар қатысты. Олардың ішінде ең маңыздылары «Америка хроникалары» (50 тт, 1918-1921) , «Американдық өмір тарихы» (12 тт, 1927-1948), олар әлеуметтік және мәдени өмірге көп көңіл бөлді.

I-ші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-да тарихи журналдар саны өсті. 1918 жылдан бастап «Испан-американ шолуы» шыға бастады, ал Латын Американың тарихына арналған. 1929 жылдан бастап Жаңа замандағы Европалық елдер тарихын зерттеуге бағытталған «Жаңа заман тарихы журналы» , 1935 жылы «Оңтүстік тарихы журналы» , тағы басқа шықты. 1945 жылы АҚШ-та 65 тарихи журнал болды.

Қоғамдық – саяси тәжірибесі ықпалымен және тарих ғылымының дамуы нәтижесінде тарихи зерттеулер проблематикасы кеңейді.

Эканомикалық бағыт американ тарихнамасының негізгі бағыттарының бірі болды. Оның өкілдерінің саяси бағыты либералды буржуазиялық-реформистік өкілдерінің көзқарастарына жақын болды. Тарихшы –«экономисттердің» басым бөлігі Ф. Рузвельттің «Жаңа курсы» саясатымен және идеяларымен байланысты болды. Эканомикалық бағыттың тарихшылары әлеуметтік – эканомикалық иәселелердің зерттеуімен айналысты. Олардың түсінігінде эканомика – халықтың өсуі, техника мен айырбастың дамуы.

Тарихи процестің қозғаушы күші- «топтық эканомикалық мүдделердің» қақтығысуы деп түсіндірді.

Эканомикалық бағыттың негізін қалаушылардың бірі XIX ғ -XX ғ басында Ф. Тернер болды. Ол «шекаралар» теориясын ұсынды. Эканомикалық бағыттың өкілі Чарльз Бирд (1874-1948жж) . ол американ тарихының тұжырымдамасын ұсынған европалық тарих, халықаралық қатынастарға аса көп көңіл бөлген.

Ч. Бирд .Ф. Рузвельттің «Жаңа курсының» қолдаушысының бірі. 1927 жылы оның «американ өркениетінің көтерілуі» атты еңбегі жарық көрді, онда автор өзінің тарихи тұжырымдамасын ұсынды. XVIII-XXғғ АҚШ тарихының негізгі мазмұны аграрлық және өнеркәсіптік мүдделер күресі деп есептеп, тарихи процесті осы күрес тегі күштер арақатынасына байланысты кезеңдерге бөлген.

Эканомикалық дағдарыс жылдарында (1929-1933) және Ф. Рузвельттің «жаңа курсы» кезеңінде американ тарихшыларының бір бөлігі либералды- реформистік тұжырымдамаға қарсы шықты.

АҚШ-ң отаршылдық саясат , тәуелсіздік үшін соғыс мәселелерін зерттеуде консервативті «империялық мектептің» тарихшылары белгілі орын алды. Ч. Эндрюс «американ тарихының отаршылдық кезеңі» (4 тт, 1934-1938жж)еңбегінде, Э. Чаннинг «АҚШ тарихы» (6 тт, 1905-1925жж) т.б американ отарларын Британ империясының бір бөлігі ретінде, ал тәуелсіздік үшін соғыс – ағылшын отаршылдық жүйесінің дамуының бір кезеңі деп қарастырды.

Консервативті бағыт тарихшы – бурбондар қызметінен айқын көрінді. Бұл тарихшылардың басым бөлігі шығу тегі, қоғамдық бағыт бойынша Оңтүстіктің плантаторларымен тығыз байланыста болды. Оның көрнекті өкілі – У. Филлипс еңбектері «АҚШ-тағы негрлер құлдығы» (1918ж) «Ескі оңтүстіктегі өмір мен еңбек» (1929ж) . бұл еңбектердің басты тақырыбы құлдықтың эканомикалық және әлеуметтік қажеттілігі.

Тарихшылардың басқа бөлігі –Дж. Рэндела «Азаматтық соғыс және Реконструкция еңбегінде» (1937ж) және Э. Крейвен «Азаматтық соғыстың шығуы» (1942 ж) азаматтық соғыстың либералды тұжырымдамасына қарсы шықты. Американ жұмысшы қозғалысы тарихнаманың маңызды оқиғасының бірі 1918 жылы «АҚШ-тың жұмысшы қозғалысы тарихының» алғашқы екі томының шығуы. Оған Дж. Каммонс басшылық етті. Дж. Каммонс (1862-1945 жж) , 1904 жылы Висконсин университетінің эканомика профессоры болды. Ол АҚШ-ң эканомикалық дамуы , тредюнионизмнің дамуы жөнінде бірқатар еңбектер жазды.



Бақылау сұрақтары:
1.АҚШ тарихнамасындағы бірінші дүниежүзілік соғыс мәселесі

2.АҚШ тарихнамасындағы вильсонизмді мадақтау

3.Изоляционизмнің АҚШ тарихнамасына әсері
ЛЕКЦИЯ 28 АҚШ тарихнамасы

Жоспары:


  1. АҚШ тарихнамасындағы ІІ-дүниежүзілік соғыс тарихнамасы

2 «Қырғи-қабақ соғысы» американ тарихнамасы

3.Американ тарихнамасындағы совет –американ қатынастар мәселесі



Пайдаланылатын әдебиеттер:

Негізгі:


Итсориография новейшей истории стран Европы и Америки. Учебник для студнтов вузов. М.,1984
Қосымша:

Болховитинов Н. Н. Согрин В.В. Об основных тенденциях в развитии историографии США / Современная зарубежная немарксисткая историография… с 78-101



Лекцияның мақсаты: АҚШ тарихнамасының дамуын қарастыру

Лекция мәтіні:
XX ғасырдың 40 жылдарың соңы мен 50 жылдардың басында АҚШ-тың саяси өмірінде неоконсерватизм үстем болды. Ішкі және сыртқы саясаттағы реакция Тафт-Хартли заңымен , «қырғи-қабақ» соғысынан көрініс тапты.

Көптеген заманауи капитализмді суреттецтін модельдер арасында 50 жж соңы мен 60 жж басында «индустриялық қоғам» тұжырымдамасы алға шықты, яғни ол капитализмнің дамуын ғылыми- техникалық прогреспен байланыстырды.

Соғыстан кейінгі кезеңде тарих ғылымының идеологиялық және саяси потенциялының артуына байланысты тарихи зерттеулер көлемі өсті.

Тарихи зерттеулердің дамуында негізгі рольді Гардворд, Колумбия, Висконсин, Калифорния, Чикаго, Корнель, Принстон университеттері атқарды. Сонымен қатар кейбір мәселелерді зерттейтін әсіресе халықаралық салада, советалогияда көптеген институттар ашылды. 70 жж АҚШ- та КСРО-ң тарихын, эканомикасын, саясатын зерттейтін 150 зерттеу орталықтары болған, оның 20-сы кеңестік дәуірмен айналысқан. 1975 жылы «Орыс және кеңестік тарихтың қазіргі энциклопедиясы» шыға бастаған (25 тт).

Кәсіби ұйымдар арасында ең ірісі Американ тарихи ассоциациясы, оның басты органы «Американ тарихи шолуы» атты журнал. Сонымен қатар «Американ тарихының журналы», «Оңтүстік тарихының журналы», «Қазіргі заман журналы», «Жұмысшы қозғалысының тарихы», «Негрлер тарихының журналы».

Соғыстан кейін АҚШ тарихы бойынша бірқатар көптомды басылымдар жарық көрді. Лоардың ішінде «АҚШ-тың эканомикалық тарихы», «Оңтүстік тарихы», «Америка халқы».

Мұрағаттық істе алға басты. Тарихи құжаттар негізінен «Ұлттық мұрағат және Вашингтондағы конгресс кітапханасында, штаттардың тарихы қоғам кітапханаларында сақталған.

Соғыстан кейінгі кезеңде тарихи ғылымның теориялық-метадалогиялық негізінде де өзгерістер болды. Метадалогияда тарихнама европалық неокантиондық және американ прагматизмі , экзестенционализм, бихевиоризм дәстүрлеріне сүйенген. Бұл философиялық ағымдардың барлығы субъективті идеализмнің варианттары. Оны қолдаушылар неокантиандықтардың жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар метадалогиясы арасындағы принцепияалды айырмашылық туралы түсінігін қайталады, яғни олардың пікірінше қоғамдық ғылымдарда жалпылама заңдар орнату мүмкін емес. Мұндай релятивистік идеялар «Тарихи зерттеулердегі теория мен тәжірибе» атты еңбнгінде жинақталды.(1946 ж ), бұған көптеген американ тарихшылары қатысты.

Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары американ тарихнамасында «келісілген мүдделер» теориясы кең тарады (consensus). Ол американ қоғамы өз дамуында қоғамдық-саяси құрылымның іргелі мәселелері бойынша әлеуметтік –саяси сипатта дағдарыстар болмағандығын жариялайды.

Неоконсервативтік бағыттағы тарихшылар АҚШ-тың бүкіәл тарихын қайта қарады, бірақ аса көңіл бөліп зерттегендері ерте кезең , себебі сол уақытта американ ұлтының бірлігінің негізі қаланған.

Бұл бағыттағы тарихшылар салыстырмалы және мәдени – тарихи әдістерді қолданды. 1955 жылы Л. Харцтің « Америкадағы либералды дәстүр» атты еңбегі жарық көрді. Оның пікірінше Европадағы таптық күрес әртүрлі идеологиялық жүйелердің тығыз байланысынан пайда болған.

Ал тарихшы Л. Браун « Орта тап демократиясы және Массачусетсдегі революция» (1955ж) атты еңбегінде американ отарларында әлеуметтік теңдік болғандығын дәлелдеуге тырысқан. Яғни эканомикалық демократия негізінде «орта таптың» саяси демократиясы қалыптасқан.

Бұл тарихшылардың барлығы американ қоғамының отаршылдық кезеңіндегі дамуының ерекшеліктерін зерттеген , яғни оны абсалютке айналдырды, АҚШ-ң тарихи дамуының «ерекшелік» теориясымен ұсынды.

Неолибералды тарихшылар тарихи процестің қозғаушы күші деп либералды реформизмді есептеді. Бұл бағыттың көрнекті өкілдері – Р. Хофстедтер (1916-1970 жж) және А.М. Шлезингер кіші Хофстедтердің тарихи көзқарастары «Американ саяси дәстүрі» (1948 ж) , «Реформалар эрасы» (1955 ж), «Американ өміріндегі антиинтеллектуализм» (1963 ж). олардың басты тақырыбы – реформизм. Хофстедтер ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында АҚШ индустрияландыруын кең көлемде суреттейді. Қалалық ұсақ буржуазия – дін қызметкерлері, заңгерлер, дәрігерлер, ұсақ кәсіпкерлер ( Хофстедтер терминалогиясы бойынша « ескі орта тап» елдің әлеуметтік өмірінде өз позициясын жоғалтты, ал оның жанынан « жаңа орта тап» қалыптасты ( техникалық персонал, корпорация қызметкерлері т.б.).

Осы бағыттың тағы да бір өкілі - Шлезингер – кіші – реформизм теоретигі. 1957 жылы ол үш томдық «Рузвельт эрасы» атты еңбегін жазды.Шлезингер Ф.Рузвельттің рольін асырып оны «Ұлы көшбасшы» деп бағалайды.

1963 жылы шыққан « Мың күн» еңбегінде президент Кеннедидің қоғамдық-саяси шараларын талдап, оны Ф.Рузвельттің тікелей рухани мұрагері ретінде қарастырады.



Бақылау сұрақтары:
1.АҚШ тарихнамасында американ сыртқы саясатының тарихын идеализациялау

2.АҚШ тарихнамасындағы либералды-экономикалық бағыт

3.АҚШ тарихнамасындағы екінші дүниежүзілік соғыс қорытындысы

ЛЕКЦИЯ 29. Қазақстан тарихнамасы.

Жоспары:


  1. Ежелден ХVІІІ ғасырға дейінгі тарихнама және деректану

  2. ХVІІІ ғ. ек. жарт.-ХХ ғ. бас. Деректану және тарихнама



1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет