Лекция: 30 сағат Семинар: 15 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны 135 сағат



жүктеу 2.88 Mb.
бет10/19
Дата28.04.2016
өлшемі2.88 Mb.
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
: CDO -> Sillabus -> Bio
Bio -> Пәнінен Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «биология» кафедрасы
Bio -> Лекция 30 сағат Практикалық (семинар) сабақтар 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат СӨЖ 45 сағат
Bio -> I.«Омыртқасыздар зоологиясы» пәні бойынша
Bio -> Оқу-әдістемелік кешен
Bio -> Лекциялар конспектісі Құрастырған б.ғ. к доцент С. Е. Келдібеков Жетісай-2006ж. Кіріспе Курстың мақсаты
Bio -> «Жаратылыстану» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «Тұрмыстық химия» пәні бойынша
Bio -> Сабақтың тақырыбы: Геоботаникалық негізгі ғылыми мектептер. Жоспары: Фитоценоз. Биоценоз Биогеоценоз
Bio -> «Химия-биология» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен

Лекция №18



Тақырыбы:Симметрия және инверсия.
Жоспары:

1. Симметрия.

2. Ассимметрия.

3. Инверсия.


Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.

2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.

3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.

4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.

5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.

6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.

7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов.-М,1980

8.Е.С.Асқаров,Е.А.Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері.А,2004.

9.Соколов В.Н. Педагогическая эвристика. М., 1995. С.110-206.

10.Эвристика. Разработано О.Е.Столяровой.

Қосымша:

1.Роках А.Г. Логика и эвристика научно-технических решений. Саратов, 1991, С.39-87.

2.Гурова Л.Л. Психологический анализ решений задач. Воронеж, 1976.С.32-52, 898-177, 236-304.

3.Шумилин А.Т. Проблемы теорий творчества. М., 1989. С.13-32,54-71.

4.Пушкин В.Н. Эвристика-наука о творческом мышлении. М., 1967.

5.Серебрянников О.Ф. Эвристические принципы и логические исчисления. М., 1970.




Лекция мәтіні:
1.Симметрия (лат-шамаластық, сай келушілік, мөлшерлестік) – қандай бір обьектілер арасындағы қатынас түрі. Обьектілердің орындарын ауыстырғанда олардың арасындағы қатынастың мәні өзгермейді. Мысалы, егер А фигурасы В фигурасына “тең” (ауданы бойынша) болса, онда В фигурасы А фигурасына “тең” дегенде “тең” қатысы симметриялы.

2.Ассиметрия – обьектілердің орнын ауыстырғанда олардың арасындағы қатынас өзгеретін қатынас түрі. “Үлкен” қатынасы ассиметриялы, өйткені егер А>B ақиқат болса, онда B>A жалған. “Одан жоғары” (“выше, чем”) қатынасы ассиметриялы болып табылады. Ассиметриялы қатынас үшін қатынас таңбаларына қатысты мүшелердің орнын ауыстыру мүмкін емес, өйткені бұл кезде олар күшін жояды. Ассиметриялық қатынастың параметрлері болып обектілердің саны және сапасының бірлігі ретіндегі өлшем және сандық-сапалы өзгерістердің өзара тәуелділік шегін көрсететін категория табылады.



Симметриялы емес қатынас – симметриялы да , ассиметриялы да болып табылмайтын қатынас. Мысалы, “жақсы көреді” қатынасы симметриялы емес. Расында, егер “егесі итін жақсы көреді” болжамы ақиқат болса, онда қатынас обьектілернің орны алмастырылған болжамға қатысты қосымша ақпаратсыз анық ештеңе айта алмаймыз. Ол ақиқат болуы да, жалған болуы да мүмкін.

Симметриялық қатынастар шешімді эвристикалық іздеуде, сондай-ақ көмекші есептер қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Егер есепте симметриялы элементтер бар болса немесе оларды енгізуге мүмкіндік болса, онда оларды ескеріп, өзара алмастырылатын бөліктерін пайдалану ыңғайлы болады және бірдей функцияны орындайтын элементтерге бірдей амал қолдануға болады.

Симметрия идеясы есепті шешуді қысқартатынын мысалда қарастырайық.

Мысалы: АВ түзу кесіндісі газ құбырын бейнелейді. С және D – елді мекендер, Х – газ таратушы станция.


C D
A B

X

C және D елді мекендерін газбен қамтамасыз ету үшін газ таратушы Х станциясын газ құбырының CX+XD ұзындығы ең аз болатындай етіп газ құбырының қай нүктесінде құру керектігін анықтау керек.



Математикалық терминдер арқылы есепті былай қалыптастыруға болады. Түзу және оның бір жағында жатқан C және D нүктелері берілген. АВ түзуінде СХ+ХD қосындысы ең аз болатын Х нүктесін табу керек.

Х нүктесін табу және ол есептің талаптарын қанағаттандырады деп негіздеу үшін D нүктесіне симметриялы D көмекші нүктесін салу мүмкін.

C D

A B


D
Енгізілген нүктені пайдаланып С және D нүктелерінің ең қысқа қашықтығын табуға болады.
C D

A B


X

D


D және Dсимметриялы екенін пайдаланып Х ізделінді нүкте деп ұйғаруымызға болады, өйткені CD=CX+XD

Қарастырылған есеп симметриялы элементтерді енгізу берілген есепке қарағанда шешу оңай болатын эквивалентті көмекші есеп қалыптастыруға көмектесетінін көрсетеді. Эвристикалық амал ретінде симметрия мына принциптерге негізделген:

-есептің құрылымында және мазмұнында кездескен кез келген симметрия есептің жауабында да өз бейнесін табады.

-есептің құрылымында және мазмұнында кездескен симметрия тек “шешу обьектісінде” емес, сондай-ақ “шешу процедурасында да” бейнеленуі тиіс;

-симметрия симметрияны тудырады

эвристикалық симметрияны жалпыланған түрде инверсия деп атайды. (Инверсия лат-аудару, орын ауыстыру). Ол былай сипатталады: егер қандай да бір обьектті әдетте сыртынан қарастыратын болса, инверсия әдісін қолданғаннан кейін ол обьект ішінен зерттеледі. Егер қарастырылып жатқан құрылғыда қайсыбір деталь үнемі вертикаль орналасса, инверсия басын төмен қаратып аударады, горизанталь жағдайға қояды немесе қандай да бір бұрышқа бұрады. Егер жүйенің бір бөлігі қозғалатын, ал екінші бөлігі қозғалмайтын болса, онда инверсия бұл бөліктердің орнын ауыстыруды білдіреді.

Инверсия есеп және оның элементтері туралы жаңа нәрселер алудың қарапайым және күшті әдісі болып табылады.

3.Инверсиялық ойлау жалпы белгіленген позиция мен көзқарастарға сүйенгісі келмейтінімен сипатталады. Ол проблеманың түрлі бөліктерінен назарды оңай және еркін ауыстырады. Инверсиялық ойлау көбінесе «үйреншікті жолмен жүруді» білдіретін инерциялық ойлауға қарама-қарсы қойылады. Ол шығармащылық қызметте едәуір бөгет болуы мүмкін. Алайда, ескі әдістерді қолдануға болмайды деп тұрып алуға болмайды, тек әдістердің көп екенін естен шығармау керек.




Лекция №19
Тақырыбы:Салыстырудың эвристикалық функциялары
Жоспары:

1. Салыстыру.

2. Таным.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.

2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.

3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.

4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.

5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.

6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.

7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов.-М,1980

8.Е.С.Асқаров,Е.А.Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері.А,2004.

9.Соколов В.Н. Педагогическая эвристика. М., 1995. С.110-206.

10.Эвристика. Разработано О.Е.Столяровой.

Қосымша:

1.Роках А.Г. Логика и эвристика научно-технических решений. Саратов, 1991, С.39-87.

2.Гурова Л.Л. Психологический анализ решений задач. Воронеж, 1976.С.32-52, 898-177, 236-304.

3.Шумилин А.Т. Проблемы теорий творчества. М., 1989. С.13-32,54-71.

4.Пушкин В.Н. Эвристика-наука о творческом мышлении. М., 1967.

5.Серебрянников О.Ф. Эвристические принципы и логические исчисления. М., 1970.


Лекция мәтіні:
1.Салыстыру – қоршаған дүниені танудың негізгі тәсілдерінің бірі, ұғымды анықтау мүмкін емес немесе қажет болмаған жағдайда затты танудың тәсілдерінің бірі. Салыстыру обьектілерді олардың арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау мақсатында оларды өзара салыстырудан тұрады да өздігінше эвристикалық операция мен стратегияны білдіреді.

Оқушының оқу іс-әрекетінде салыстыру өте маңызды роль ойнайды. Мәселен, есімдік пен етістікті, көбейту мен бөлу операцияларын, есептің компаненттерін (құрамдас бөліктерін, құрылымдық элементтерін), үшбұрыш пен тікбұрышты, орман, дала мен шөлді салыстыра отырып оқушы осы заттар мен құбылыстардың ерекшеліктерін терең тани бастайды.

Заттар мен құбылыстарды сәтті түрде салыстыру импликацияның (бір обьектілерді өзге обьектілермен тығыз байланыстыратын логикалық операция) негізінде жатыр және де ол қандай да бір сұраққа жауап беру үшін, белгілі бір көзқарас тұрғысынан мақсатқа бағытталуы тиіс. Ол заттар мен құбылыстардың ұқсастығын анықтауға (бұл операциялар тарихи-салыстырмалы әдістердің негізінде жатыр) немесе айырмашылықтарын анықтауға немесе екеуін де бірдей анықтауға қарай бағытталуы мүмкін. Мысалы, егер де үй жануарларын олардың адамға пайдалылыға жағынан зерттейтін болса, салыстыру олардың арасындағы ұқсас белгілерді анықтауға немесе оларды тұқым критерийлеріне сәйкестігі тұрғысынан әр түрлі номинациялар (номинация – тілдік элементтерді белгіленетін обьектілермен арақатынасын белгілеу процесі ретіндегі атау) бойынша бөлуге бағытталуы мүмкін.

Зерттеулер көрсеткендей, егер де салыстыру кезінде салыстырылатын өзгеше қосымша затты беретін болса, төменгі сыныптың оқушылары заттар арасындағы сәйкестікті жылдамырақ табатын болады. Оқушылар үй жануарлары сиыр мен қойдың бейнелерін салыстырып ұқсас белгілерін онша көп байқай бермейді. Егер де сиыр, қой және ит бейнеленген үш суретті көрсетер болсақ, онда оқушылар сиыр мен қойдың арасында ұқсас белгілерді көбірек табады.

2.Кез келген обьекті мен құбылысты тану біздің оны өзге обьектілерден ажыратуымыздан және оның өзіне жақын обьектілерге ұқсастығын анықтауымыздан басталады. Таным – бұл айырмашылық пен ұқсастық: бір-бірімен үздіксіз байланыста болатын процесс, сондықтан салыстыру барлық ойлау процесімен өзара байланыста қолданылады. Салыстыру нәтижесінде дұрыс қорытындыны алу мынадай бірқатар қажетті жағдайларды сақтауға байланысты:

1). Шындықтың біртекті обьектілерін немесе құбылыстарын бейнелейтін тек біртекті ұғымдарды ғана салыстырған жөн.

2). Заттарды олардың елеулі мәні бар белгілері бойынша салыстыру қажет.

Танымдық тұрғыдан стол мен векторды (белгілі бағыттағы тура сызықтың кесіндісі), үшбұрыш пен батылдықты салыстыру пайдасыз. Мұндай салыстырудың болашағының жоқ екендігі «пұтты аршынмен салыстырма» (ауырлықты ұзындықпен салыстырма) деген халық мәтелінде келтірілген.

Салыстырудың танымдағы және нақты ғылыми қызметтегі мәні өте үлкен. Мәселен салыстырудың көмегімен ғылыми мәтіннің шынайы жұмыс немесе компиляция (мәтінді өзгелердің зерттеулерінің немесе шығармаларының негізінде құру) екенін оңай ажыратуға болады. Алайда, салыстырудың өзі толыққанды білімді бере алмайтындығын ескеруіміз керек. Бірнәрсені тану – бұл тек ұқсастықтары мен ерекшеліктерін табу ғана емес, мәнін де анықтау.

Салыстыруды танымның әдісі мен амалы ретінде адам әрекетінің барлық саласында: ғылымда, педагогикада, әдеби көркем шығармашылықтан табуға болады. Жалпылама түрде салыстыруды қоршаған дүние заттарының арасында болатын ұқсастық пен айырмашылықтың шынайы қатынастарының адам санасында бейнелену процесі ретінде анықтайды. Танымды салыстырудың негізінде зерттеу үшін қарапайым салыстыру ұғымын жиі енгізеді. Мұнда салыстыру талабына сәйкес келетін бір обьектіні өзге бір обьектімен қандай да бір қасиеті бойынша салыстыруды ұғынады.

Процесс ретіндегі салыстырудың қарапайым актісінің тқұрылымында келесі құрамдас бөліктерді бөліп тіктеуге болады:


  • салыстыруға ұшырайтын обьектілер

  • бірінші обьектпен салыстырылатын обьект

  • салыстырудың негізгі – обьектілерді салыстыратын қасиет

  • салыстырудан шығатын қорытынды

салыстыру процесінің танымдық құндылығы тек қана салыстыратын обьектілердің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтың қатынасын анықтауда ғана емес, салыстырылатын обьектілердің бірінің өзге біреуіне қатысты сипаттамасында жатыр. Тек осы жағдайға байланысты салыстыру сыртқы заттарды (предметы) теңестіру мен ажырастырудың психикалық қасиетінен эвристикалық мәнге ие танымның логикалық амалына айналады.

Мұндай зерттеу оқудың белгілі бір кезеңінде эвристикалық сипатқа ие болады, себебі оның прцесінде салыстыру кейбір заңды қасиеттерге алып бара алады. Осы салыстырылатын заңдылықтың байқалуын, гипотезаның пайда болу сәтін, дамуы мен негіздерін көру – бұл елеулі эвристикалық рөлді салыстыру атқарған эвристикалық ізденісті жүзеге асыру.

Салыстырудың осы қарастырылған сапалары ұсынылған есепті бұрын шығарылған есеппен салыстыру процесінде


  • есептің компоненттерінің аналогиясы (ұқсастығы) мен олардың шешу стратегиясына ықтимал ықпалын айқындауға;

  • құрылымның жалпы элементтері мен құрылымдық байланысты айқындауға;

  • шешім статегиялары мен олардың элементтерінің мүмкін боларлық ұқсастығын анықтауға;

  • есептің компоненттік құрамында, құрылымында және олардың жалпы стратегияға ықпалында айырмашылық жүргізуге мүмкіндік береді.

Педагог – ғалымдар таным прцесіндегі салыстырмалы әдіске үлкен мән беріп отырды: «салыстыру кез келген ұғыну мен кез келген ойлаудың негізі. Біз дүниеде бәрін басқа емес, тек салыстыру арқылы білеміз... Сыртқы табиғаттың сырларын ұғынудың өзге жолы жоқ ». (Архонгельский С.И.Учебный процесс в высшей школе, его закономерные основы и методы.М. 1980. С. 112-113).

Салыстыру обьектілерді немесе құбылыстарды салыстырмалы түрде сипаттаудан кейін жүзеге асырылатын жалпылаумен тығыз байланысты. Ұқсастығы бойынша қорытындылар кезінде де алдын ала жалпы мен ерекшеліктер айқындалады. Кейбір ғылыми салаларда салыстыру зерттеулердің іргелі әдістерінің негізі болып қаланды. Мәселен жоғарыда атап өтілген тариғи – салыстырмалы әдіс зерттеудің тәсілі ретінде қарыштап дамыды. Бұл жерде осы құбылыстардың формасы бойынша ұқсастықтарын анықтаудың негізінде олардың генетикалық туыстығы жайында қорытынды жасалады. Тарихи – салыстырмалы әдістің сипаты ерекшелігі сонда, оның бастапқы пункті ретінде материалдық мәдениет пен білімнің әр түрлі салалары үшін ортақ көне элементтерді қалпына келтіру мен салыстыру қызмет етеді; тарихта осыған байланысты кезеңдестіру жүргізіледі (кезең – қандай да бір аяқталған процеспен сәйкестендірілетін уақыт аралығы), яғни даму процестерін айқындалған заңдылықтарға сәйкес негізгі ерекше кезеңдерге бөлшектеу.



Лекция №20
Тақырыбы:Ой қорытудың эвристикалық және дәлелдік қасиеттері (схемалары).
Жоспары:

1. Ойқорытудың эвристикалық және дәлелдік (доказательные) қасиеттері.

2. Қайшы ойлар.


Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.

2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.

3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.

4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.

5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.

6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.

7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов.-М,1980

8.Е.С.Асқаров,Е.А.Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері.А,2004.

9.Соколов В.Н. Педагогическая эвристика. М., 1995. С.110-206.

10.Эвристика. Разработано О.Е.Столяровой.

Қосымша:

1.Роках А.Г. Логика и эвристика научно-технических решений. Саратов, 1991, С.39-87.

2.Гурова Л.Л. Психологический анализ решений задач. Воронеж, 1976.С.32-52, 898-177, 236-304.

3.Шумилин А.Т. Проблемы теорий творчества. М., 1989. С.13-32,54-71.

4.Пушкин В.Н. Эвристика-наука о творческом мышлении. М., 1967.

5.Серебрянников О.Ф. Эвристические принципы и логические исчисления. М., 1970.


Лекция мәтіні:
1.Барлық эвристикалық әрекет шешу стратегияларын дайындауда фундамент болып табылатын эвристикалық ережелер мен амалдарға негізделген. Ол шындыққа жақын пікірлермен өзара байланысқан эвристикалық әрекеттің элементтерінің жиынын білдіреді және шындыққа жақын жоспарды қалыптастыруға бағытталады. Индукцияға, аналогияға және басқа да ойлау процестеріне негізделген эвристикалық амалдар шындыққа жақын пікірлердің (ойлардың) дербес жағдайлары болып табылады. Мұндай біріккен әрекеттерде дәлелдеуші ой қорытуларда қолданыс табады. Бұл ой қорытуда қандай да бір пікірдің салдары дәлелденеді. Олар салдар дәлелденгенде бастапқы пікір шындыққа жақындау болатын эвристикалық ой қорытумен тығыс байланысты. Бұл ой қорытулар ақпараттық қамтамасыз етуге тәуелді түрде бір түрден екінші түрге өтуде бір-бірін толықтырады. Бұл байланысты логика схемаларына ұқсас схемаларда қарастырайық.

Салдарды (нәтижелі) дәлелдеу. А-қандай да пікір болсын, ал В-А-ның қандай да бір салдары. Алғашқы кезде А және В пікірлерінің ақиқаттығы туралы ешнәрсе белгісіз. Сонымен, бізде А-дан В шығады деген ақпарат қана бар. Егер В-ның жалғандығын дәлелдей алсақ, онда А-ны да жалған деп айтуымыз мүмкін. Дәлелдеуші ой қорыту аламыз.

А-дан В шығады

В жалған

(1)

А жалған
Схема сөзбен былай беріледі: егер А-дан В пікірі шығатыны және В пікірінің жалған екендігі белгілі болса, онда А-ның жалғандығы шығады.

Енді В-ның ақиқат болуы мүмкін жағдайын қарастырайық. Онда қорытынды дәлелдеуші күшін жояды. Шамамен айтқанда А пікірінің қайсыбір В пікірін дәлелдеу А-ны дәлелдемейді, бірақ оны шындыққа жақындау етеді. Алынған схема эвристикалық ой қорытудың фундаментальді индуктивті схемасын береді.
А-дан В шығады

В ақиқат


(2)

А шындыққа жақындау


Осылайша, салдарды дәлелдеу болжамды шындыққа жақындау етеді.

Бірнеше салдарды тізбектей дәлелдеу. Алдымен қиық конустың бүйір бетінің ауданын табу есебін қарастырайық.

А. қиық конустың бүйір бетінің ауданы.

формуласымен есептеледі. Эвристикалық әрекеттің идеясы негізінде белгілі дербес жағдайларда формуланың алдыңғы білімдерімізбен үйлесімділігін тексереміз. R=r болғанда қиық конус цилиндрге айналады және есеп былай қалыптасады:

В1. Цилиндрдің бүйір бетінің ауданы формуласымен анықталады. h – цилиндр биіктігі, r – табан радиусы.

Бұл салдар алғашқы есеппен үйлесімді. r=0 деп А есебінің басқа дербес жағдайын аламыз. Қиық конус конусқа айналады.



В2. Конустың бүйір бетінің ауданы формуласымен есептеледі. Һ-конус биіктігі, R – табан радиусы.

А есебінің осы В2 салдары А-ны әрі қарай дәлелдеуге қызмет етеді.

Келесі дербес жағдайда һ=0 болып, қиық конус сақинаға айналады.

В3. Радиустары R және r екі концентрлі шеңберлер арасындағы сақина ауданы формуласы арқылы анықталады.

В3 салдары қиық конустың бүйір бетінің ауданын табуда ұсынылған гипопезаның жаңа дәлелдеулерін береді.

r=h=0 болғанда дөңгелек аламыз.

В4. Радиусы R дөңгелектің ауданы формуласымен есептеледі.

Төрт дене – цилиндр, конус, сақина және дөңгелек, әр түрлі, алайда жалпы формуланың дербес жағдайлары болып, онымен үйлеседі.

Формуланың дұрыстығы туралы эвристикалық тексеруді төмендегі индуктивті схема негізінде жүргіздік.
А-дан Вn+1 шығады

Bn+1 A есебінің алдыңғы дәлелденген

В1, В2, ...Вn салдарынан қатты ерекшеленеді

Вn+1 ақиқат

(3)


А ерекше шындыққа жақын
Қарастырылған мысалдан жаңа салдарды дәлелдеудің үлкен мәнге не өз мәніне ие болуы осы жаңа салдардың алдыңғы дәлелденген салдардан қаншалықты айырмашылығы барына тәуелді. Бір қарағанда өзара үйлеспейтін және оның түсінілген бірнеше фактілер негізінде қорытынды жасалатын, заңдылық табылатын мұндай салдарлар жүйесінде үлкен эвристикалық күшті белгілеу мүмкін. Мұндай эвристикалық амал (2)-ші индуктивті схеманы былайша жетілдіреді.
А-дан В шығады

В өте сенімсіз

В ақиқат

(4)

А шындыққа өте жақын

Осы схема мына түрде болуы мүмкін:

А-дан В шығады

В өте сенімді

В ақиқат

А шындыққа сәл жақын
Осылайша, салдарды дәлелдеудің қаншалықты мәнге ие болуы осы салдардың қаншалықты сенімділігіне тәуелді. Басқаша айтқанда, А-ның шындыққа жақындығы дәлелденген шындыққа жақын салдардың санына тәуелді.

2.Қарама-қайшы болжамдар. А және В болжамдарын бір құбылысты түсіндірсін. Оларды бір-біріне қарсы тұрады деп қарастырайық. Бұл болжамдар өзара бірлескен не бірлеспеген болуы мүмкін. Мұндай шарттар А және В қарама-қайшы болжамдар ретінде айтуға мүмкіндік береді. Қарама-қайшы болжамдар арасындағы қатынасты жарыстағы қарсыластар арасындағы қатынастар ретінде қарастырған жақсы. Қарсыластарыңыздың кез келгенінің позициясының әлсіреуі сіздің позицияңыздың күшейгенін білдіреді.



Лекция № 21
Тақырыбы:Болжаудың формальды схемасы
Жоспары:

1. Мүмкін негізді зерттеу.

2. Қарама-қайшы болжамдарды зерттеу.

3. Қорытынды кесте.

4. Аналогия бойынша ойқорыту.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.

2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.

3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.

4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.

5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.

6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.

7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов.-М,1980

8.Е.С.Асқаров,Е.А.Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері.А,2004.

9.Соколов В.Н. Педагогическая эвристика. М., 1995. С.110-206.

10.Эвристика. Разработано О.Е.Столяровой.

Қосымша:

1.Роках А.Г. Логика и эвристика научно-технических решений. Саратов, 1991, С.39-87.

2.Гурова Л.Л. Психологический анализ решений задач. Воронеж, 1976.С.32-52, 898-177, 236-304.

3.Шумилин А.Т. Проблемы теорий творчества. М., 1989. С.13-32,54-71.

4.Пушкин В.Н. Эвристика-наука о творческом мышлении. М., 1967.

5.Серебрянников О.Ф. Эвристические принципы и логические исчисления. М., 1970.

6. Альтшуллер Г.С. Найти идею. Введение в теорию решения и:изобретательских задач. 2 изд. -Новосибирск: Наука. 1991, 224 с.
Лекция мәтіні:
1.Мүмкін болатын негізді зерттеу. Берілген А пікірін дәлелдеу немесе теріске шығару қажет болсын. А пікірімен қандай да бір жұмыстарды орындаған соң басқа В болжамы бар екенін анықтаймыз: В-дан А шығады.Бізге В-ның ақиқаттығы белгісіз,бірақ енді В А үшін мүмкін негіз болып табылады. Пікірлеу схемасы оның ақиқаттығына байланысты. Дәлелдеуші схема – бұл логиканың классикалық схемасы(логикалық предмет болып мәнді (смысловых)амалдардың обьектісі есептеледі), ал эвристикалық жағынан өткен тақырыптағы 2-ші фундаментальды индуктивті схемаға ұқсас және сөзбен былай беруге болады: гипотеза үшін мүмкін болатын негіз бұзылса, гипотезалық сенімділігі төмендейді.

2.Қарама-қайшы болжамдарды зерттеу. А және В қарама-қайшы болжамдар болсын. А В-мен үйлеспецйді, екі болжамның бірінің ақиқаттығынан екіншісінің жалғандығы шығуы керек, егер бұлай болмаса, онда логикалық қате орын алады (логика ережелерінің немесе заңдарының бұзылуы). А және В-ның ақиқаттығына қатысты біз ешнәрсе білмейміз, бірақ екеуінің де ақиқат бола алмайтындығын білеміз, алайда екеуі де жалған болуы мүмкін.

Қарастырылған жағдай жаратылыстану ғылымдарында орын алуы мүмкін. Бір ғалым қандай да бір құбылысты түсіндіру үшін А болжамын айтады, екінші ғалым сол құбылысты басқаша түсіндіріп В болжамын айтады. Түсіндірулері үйлеспейді. Екі ғалымның да болжамы дұрыс болуы мүмкін емес, бірақ екеуі де қателесуі мүмкін. Мұндай кезде пікірлеудің келесі схемалары болуы мүмкін:

Үйлесімсіз қарама-қайшы болжамдар құрыса, қалған болжамдарға біздің сенімділігіміз тек артуы мүмкін.

3.Қорытынды кесте. Қарастырылған барлық мүмкін негізді және қарама-қайшы болжамдарды зерттеу схемаларында зерттелетін элемент ақиқаттықтың ақырғы шектерінде жалғаннан ақиқатқа дейін және кері бағытта үздіксіз өзгеріп отырды. Осы өзгерулерге сәйкес қорытынды да үздіксіз өзгерді. Осы заңдылықты пайдаланып, қарастырылған схемаларды келесі кестеде жүйелендіруге болады:



Зерттеудің

бағыты


Дәлелдеуші

схема


Әлсіз

дәлелдеуші

схема


Әлсіз

индуктивті

схема


Индуктивті схема

Салдарды

зерттеу


АВ

В жалған


А жалған


АВ

В шындыққа

сәл жақын

А шындыққа

сәл жақын


АВ

В шындыққа

көп жақын

А шындыққа

бірнеше көп

жақын


АВ

В ақиқат


А шындыққа көп жақын

Мүмкін

негізді


зерттеу

А←В

В ақиқат

А ақиқат


А←В

В шындыққа көп жақын

А шындыққа көп жақын


А←В

В шындыққа сәл жақын

А шындыққа сәл кем жақын


А←В

В жалған


А шындыққа сәл жақын

Қарама-қайшы болжамдарды зерттеу

АВ

В ақиқат

А жалған


АВ

В шындыққа

көп жақын

А шындыққа сәл жақын



АВ

В шындыққа

сәл жақын

А шындыққа бірнеше көп жақын



АВ

В жалған

А шындыққа көп жақын


Қарастырылған схемаларда кестеге барынша қысылған түрде жазу үшін логикалық предметтік облыстың символикасы қолданылды. Олардың көмегі арқылы төмендегі жазуларды алмастырдық:


А-дан В шығады АВ

А В-дан шығады А←В

А мен В үйлесімсіз АВ
4.Анология бойынша ой қорыту. А пікірі дәлелденген болсын.

А. ауданы берілген барлық жазық фигуралардың ішінде периметрі ең азы дөңгелек. А пікірінің ақиқаттығын пайдаланып В гипотезасын ұсынамыз.

В. Ауданы берілген барлық мембраналардың ішінде негізгі жиілігі ең азы дөңгелек.

Гипотезаны тексеру үшін аудандары тең мембраналардың негізгі жиіліктері өлшенеді. Алынған мәліметтер гипотезаның пайдасына индуктивті дәлелдер береді, бірақ оны дәлелдемейді. Алайда дөңгелектің мәліметтермен индуктивті бекітілген ұқсас физикалық қасиеттері де ақиқат болып табылады. Бұдан шындыққа жақын ой қорытудың маңызды схемасын аламыз.

А В-ға ұқсас

В ақиқат


А шындыққа көп жақын
Ұқсас болжам ақиқат болған кезде, болжам шындыққа көп жақын болады. ұқсастықты (аналогияны) арттырғанда ұсынылған гипотезаның шындыққа жақындығы артады. Егер қарастырылған геометриялық фигуралар қатарына тағы басқаларын қосса, онда олардың негізгі жиіліктерін бағындыру эвристикалық қорытындыны күшейтеді:
А В-ға ұқсас

В шындыққа көп жақын

А шындыққа бірнеше көп жақын

Осылайша, ұқсас гипотеза шындыққа көп жақын болғанда, гипотеза шындыққа бірнеше көп жақын болады. Қарастырылған схемалар дәлелдеуші схемалар болып есептеледі және күдік келтіруі мүмкін емес. Шындыққа жақын ой қорытулардың схемасы болып табылатын ең даулы шекке дейінгі (допредельный) схемалар «әлсізденудің» тең өлшемді процесі жолымен сәйкес шекті схемалардан туындайды.


Шекке дейінгі

(допредельно)



АВ

В ақиқат

А шындыққа көп жақын


АВ

В шындыққа көп жақын

А шындыққа бірнеше көп жақын


А←В

В жалған

А шындыққа көп жақын


А←В

В шындыққа сәл жақын

А шындыққа бірнеше көп жақын


Шекті

(предельный)



АВ

В ақиқат

А ақиқат


АВ

В шындыққа көп жақын

А шындыққа көп жақын


АВ

В жалған

А ақиқат


АВ

В шындыққа сәл жақын

А шындыққа көп жақын




Лекция №22
Тақырыбы:Эвристикалық әрекеттің элементтерінің сипаттамалары
Жоспары:

1. Анықтаушы сипаттама.

2. Әрекет сипаты.

3. Ақпараттық динамиканың сипаты.


Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.

2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.

3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.

4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.

5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.

6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.

7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов.-М,1980

8.Е.С.Асқаров,Е.А.Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері.А,2004.

9.Соколов В.Н. Педагогическая эвристика. М., 1995. С.110-206.

10.Эвристика. Разработано О.Е.Столяровой.

Қосымша:

1.Роках А.Г. Логика и эвристика научно-технических решений. Саратов, 1991, С.39-87.

2.Гурова Л.Л. Психологический анализ решений задач. Воронеж, 1976.С.32-52, 898-177, 236-304.

3.Шумилин А.Т. Проблемы теорий творчества. М., 1989. С.13-32,54-71.

4.Пушкин В.Н. Эвристика-наука о творческом мышлении. М., 1967.

5.Серебрянников О.Ф. Эвристические принципы и логические исчисления. М., 1970.

6. Альтшуллер Г.С. Найти идею. Введение в теорию решения и:изобретательских задач. 2 изд. -Новосибирск: Наука. 1991, 224 с.
Лекция мәтіні:
1.Қарастырылған эвристикалық әрекеттің элементтері (шындыққа жақын пікірлер, эвристикалық ережелер, амалдар және стратегиялар) нақты эвристикалық іздеуде қаншалықты өзара байланысты болса да оқшаулау және оңаша (обособленно) сипатталған. Нақты бір есепті шешу кезінде олардың бастыларын анықтау қиын. Эвристикалық әрекеттердің элементтерінің жүйелі қолданылуын процедура (процедура – қандай да бір мақсатқа бағытталған әрекетті орындаудың және жүзеге асырудың механизмі) ретінде сипаттау үшін оларды басты сипаттамалар негізінде классификациялаймыз (тіктейміз) және идентификациялаймыз (идентификация – теңбе-теңдік орнату) және бастысын анықтаймыз.

Эвристикалық әрекеттің элементтері оқытудың дәстүрлі жолдарында ойлау амалдары ретіндке қарастырылады. Бірақ, онда жиыны ойлау әрекетінің картинасын анықтайтын олардың көптеген сипаттамалары ескерілмейді. Мұндай сипаттамаларға әрекет сипатын, информациялық динамиканы және эвристикалық функцияларды жатқызуға болады.


Анықтаушы сипаттама

Жоғары бағалау (1) Альтернативті (баламалы, ұқсас) іздеу

ережесі жағдайында мүмкін әрекетті таңдау бойын-

ша эвристикалық сипаттағы ұсыныс.


Элементар эврис- (2) Есепті түсінуге, оны шешуде жеткіліксіз

тикалық әрекет болған ақпаратты іздеуге және оның ішкі,

сыртқы байланыстарын табуға бағытталған

бастапқы деңгейі.


Редукция (3) Берілген есепті шешуі оңай болатын

көмекші есепке не олардың жүйесіне

келтіру және солардың негізінде берілген

есепті шешу жолын іздеуге қайта оралу.


Есепті шешу (4) Берілген есепті шешудің мүмкін болатын

Жоспарын құру жоспарын қалыптастыруға мүмкіндік беретін

көмекші есептердің тізбегін таңдау

стратегиясы.


Индукция (5) Жекелеген фактілерден жалпылама

қорытынды жасауға өтілетін құбылыстарды

бақылау негізінде экспериментальды үйрену

жолы.


Анология (6) Түрлі обьектілердің теңбе-тең емес

пропорция, сәйкестік, ұқсастық, өлшемі

негізінде белгілері немесе қатынастары,

қандай да бір қасиеттері туралы эвристика-

лық қорытынды.
Жалпылау (7) Обьектілердің кіші (аз) жиынын қарас-

тырудан үлкен жиынға, бастапқы жиындар-

дан тұратын жиынға өту
Специялизация (8) Берілген обьектілер жиынын қарастыру-

дан бастапқы жиынның обьектілерінің ішкі

жиынын қарастыруға өту.
Суперпозиция (9) Бастапқы есепті барлық мүмкін бола-

тын жағдайларды сапқа пайдаланатын

жеке жағдайларға келтіру.
Симметрия (10) Қандай да бір обьектілер немесе

олардың бөліктерінің арасындағы қаты-

нас түрі. Обьектілердің немесе олардың

бөліктерінің орнын ауыстырғанда қаты-

нас түрі өзгермейді.
Инверсия (11) Обьектілерді эвристикалық симмет-

риялы-қарама-қарсы жағдайда қарасты-

руға назар аударту.
Салыстыру (12) Есептер арасындағы айырмашылық-

ты және ұқсастықты анықтау мақсатын-

да салыстыру.
Біртіндеп

жуықтау әдісі (13) Алдыңғы сынаулардың қатесін

жөндеуге тырысатын бірнеше сынау-

лардан тұрады.


Шындыққа жататын (14) Эвристикалық амалдарда табылған

пікірлер (ойлар) байланыстарға және тәуелділіктерге,

сенімді фактілерге негізделген пікірлер.
2.Әрекет сипаты

(1)– эвристикалық әрекеттің тиімді өтуін реттейді.

(2)– есепті элементар бөліктері қаттырақ зерттелетін жеке компаненттерге келтіру.

(3)– бастапқы есептің өзекті белгілері негізінде есеп қалыптастыру.

(4)– бастапқы есепті нәтижелілігі төмен көмекші жүйеге келтіру.

(5)– нәтижелілігі жоғары есепке өту.

(6)- ұқсас есепке келтіру.

(7)– нәтижелілігі жоғары есепке өту.

(8)– нәтижелілігі төмендеу есепке өту.

(9)– біріккен шешімдері бастапқы есептің толық шешімін табуға мүмкіндік беретін нәтижелілігі төмендеу есепке өту.

(10)– табылған ұқсастық негізінде эквивалентті есепке өту.

(11) – шешімдері бастапқы есептің шешімдеріне бағыттайтын түрі өзгертілген есепке өту.

(12) – бастапқы есепте ұқсастық пен айырмашылықтарды анықтай алатын ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табу.

(13) – нәтижелілігі төмендеу есепті қалыптастыру және шешу.

(14) – эвристикалық жоспар дайындау бойынша интегралдаушы әрекет.
3.Ақпараттық динамиканың саны


  1. – эвристикалық іздеуді ақпараттық қамтамасыздандырудың тиімділігін реттейді.

  2. – есептің ақпараты түсінікті схема түрінде детальданған (бөлшектенген).

  3. – кеңейтілген ақпараттық қамтамасыздандыру.

  4. – дискретті ақпарат негізінде есепті шешуге әрекет жасау.

  5. – жалпы заңдылықтарды табу.

  6. – квазиэквивалентті есептің ақпаратын пайдалану.

  7. – обьектілердің кеңдеу жиынын қамтитын есепті қалыптастыру.

  8. – эвристикалық іздеудің ақпараттық қамтамасыздандырылуын арттыру.

  9. – жеке есептердің шешімі туралы ақпаратты біріктіру.

  10. – эвристикалық іздеудің ақпараттық қамтамасыздандырылуын арттыру.

  11. – ақпараттарды қайта топтау немесе құрастыру.

  12. – ұқсас ақпараттарды табу және тасымалдау.

  13. – сынау санының өсуімен ақпараттың өсуі.

  14. – эвристикалық стратегияға сенімді ақпараттарды интегралдау.

Негізгі сипаттамалары бойынша қарастырылған және жүйелендірілген эвристикалық әрекеттің элементтері оның мәнін терең түсінуге, сондай-ақ оларды оқу-тану процесінде, шығармашылық жұмыста, кибернетикадағы ғылыми әрекеттерде пайдалануға мүмкіндік береді.

Қарастырылған барлық сипаттамалар эвристикалық әрекеттің элементтерінің табиғаты және маңызымен анықталады. олардың табиғаты адамның әрекетіне, ал мәні – осы әрекетті жалпылауға негізделеді.

Лекция №23
Тақырыбы:Эвристикалық іс-әрекет элементтерін жүйелі қолдану
Жоспары:

1.Комбинация.

2.Жүйелік жақындау. (Системный подход).

3.Есептерді логикалық-эвристикалық зерттеудің және кері байланыстар негізінде шешу жоспарын тізбектей корректировка жасаудың жүйелік әдістері.



Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.

2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.

3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.

4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.

5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.

6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.

7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов.-М,1980

8.Е.С.Асқаров,Е.А.Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері.А,2004.

9.Соколов В.Н. Педагогическая эвристика. М., 1995. С.110-206.

10.Эвристика. Разработано О.Е.Столяровой.

Қосымша:

1.Роках А.Г. Логика и эвристика научно-технических решений. Саратов, 1991, С.39-87.

2.Гурова Л.Л. Психологический анализ решений задач. Воронеж, 1976.С.32-52, 898-177, 236-304.

3.Шумилин А.Т. Проблемы теорий творчества. М., 1989. С.13-32,54-71.

4.Пушкин В.Н. Эвристика-наука о творческом мышлении. М., 1967.

5.Серебрянников О.Ф. Эвристические принципы и логические исчисления. М., 1970.


Лекция мәтіні:
1.Эвристикалық іс-әрекет элементтерінің системасын қарастыру есептерді шығару іс-әрекетінде информациялық процестерді және ойлау белсенділігін ұйымдастыруға бағытталған. Мәліметтер және мақсат арасында шамалы информациялық үзінділері бар есеп үшін, оларды жою үшін шамалы әрекеттер керек. Күрделі есептерде эвристикалық іс-әрекеттің көлемі және қажеттілігі артады (өседі), сондықтан бұл есептерді шығару үшін эвристикалық іс-әрекеттердің комбинациялары (амалдары) ( комбинация (амал)-бұл бір оймен біріктірілген әрекеттер тәсілінің жиынтығы) және эвристикалық іс-әрекет элементтер жүйесін жұмылдыру қажет; мұндай шешім алғашқы жоспардағы кемшіліктерді жою үшін арналған, ал есептің мәліметтері және мақсаты арасындағы байланыстардыңі ықтималдарына негізделген. Басқаша айтқанда алғашқы жоспар, ереже бойынша, гипотетикалық, онда шындық түйіндері ықтималдармен кезектеседі.Мұндай іс-әрекет ғылыми мағлұматтардың және әлеуметтік іс-тәжірибенің жүйелі тәсіліне негізделеген.(жүйелі тәсіл бұл ғылыми мағлұматтардың және іс-тәжірибенің методологиялық бағыты, обьекттерді жүйе ретінде қарастыруға негізделген) немесе есепті логико-эвристикалық зерттеудің жүйелі әдісі және осындай зерттеу жолында осындай жаңа информацияны алу және пайдалану негізінде жоспарлардың дәйекті (бір ізді) коррекциясы (коррекция алдын-ала келісілген, элементтердің байланысы және бір-біріне тәуелділігі). Жүйелі тәсіл методикасы жүйе анализбен тығыз байланысты, яғни ғылыми және техникалық сипаттағы күрделі проблемалардың шешімін дәләлдеу үшін пайдалынылатын, методологиялық амалдардың жиынтығы.

2.Мұндай әдістер келесі принциптерге (түлкі бастама) және ұғымдарға (пікір) негізделу керек.

1.Іздену –информациялық сипаттағы іс-әрекеттердің барлығы және ойлаудың психологиялық белсендетілуі есепті шешу жоспарын құруға (1), бағытталу керек, ол логика-эвристикалық процесте оның зерттеулері коррекцияланады және мәліметтер және мақсаттың байлансы логикалық дәлелге дейін жеткізіледі, яғни ең анық жоспар.

2.Алғашқы жоспарды құрастыру есептің құрылымдық компоненттердің ерекшеліктерін анықтауға негізделген, әр бір компоненттерді ұқыпты зерттеу және алдын шешілген нақты есептің ерекшелігін анықтау, олардың шешімінің алгоритмі ұсынылады.

3.Логика-эвристикалық іс-әрекет шешімде жүзеге асады, қарапайым (элементарлы ) эвристикалық іс-әрекеттен бастап анық жоспар құрастырылуы мүмкін. Керісінше жағдайда эвристикалық іс-әрекет күшейтіледі және күрделенеді,онда әр-түрлі эвристикалық операциялар және стратегиялар келтіріледі, бұл мүмкін болған информациялық ізденуді қамтамсыз етеді.Олар шыңға жақын пікірлермен байланыстырылады.

4. Методикада шын білімнің материалының кемшіліктерін толықтыруға тырысып жатқан жоқ.Ол ізденуді ұйымдастыруға, ойлауды белсендетуге және оптималды информациялық жағдайды қалыптастыруға көмектеседі, іздену сұрақтарын және есепті шығарушыны жалпыдан керекті информацияны сұрыптауға ынталандырады.

5. Методиканың ең негізгі эдлементтерінің бірі болып ретроспективті зерттеу кезеңі болып табылады, ол шешімнің басқа жолдарын табуға бағытталған, яғни ол келесі есептерді нәтижелі шешуге мүмкіндікті қамтамасыз етеді.
3.Есептерді зерттеуде логико-эвристикалық жүйелі әдіс және кері байланыстардың негізінде шешімнің дәйекті ( бір ізді) корректировкасының жоспары

1.Қарапайым эвристикалық іс-әрекетті өткізііңіз. Мәліметтер және белгісчіз арасында логикалық байланысты орнатуға болама? Егер болса онда жоспар құрыңдар және жүзеге асырыңыз.Ретроспективті ( өткенді шолатын) анализ шешімін тексеріңіз.есептерді талдап қорытуға болама? қайсысын ? Егер шешім табылса, онда сіздің есебіңіз алгоритмдік сипатта болған. Егер жоспар болмаса, онда оны құрастыруға кірісіңіз.

2.Ол үшін есептің компонеттерін әрі қарай зерттеуге кірісіңіз-құрылысы, құрылымы және мазмұны. Алдын кездескен компоненттерден қандай айырмашылықтары бар? Ол айырмашылықтар жоспарға қалай әсер етуі мүмкін?Есептің негізгі түсініктерін белгілеңіз. Олар қандай информацияны әкелуі мүмкін? Анализ , синтез және олардың комбинациясының (жиынтығының) негізінде жоспарды құрастыруда мүмкіндігін бағалаңыз.Логикалық және эвристикалық ойлау негізінде жоспардың үлгісін жасаңыз және ондағы кемшіліктерді белгілілеңіз.

3. Кемшіліктерді алдымен шындыққа жақын немесе дәлелденетін ой арқылы жоюға тырысыңыз. Кейін жақын ой пікірді дәлелді ойға жеткізуге тырысыңыз, яғни дәлелдеңіз. Қай информация жеткіліксіз? Неге күмәнданып жатырсыз? Жоспарды дәлелдеуді жалғастырыңыз.

4. Егер сіздің жоспарыңызда әлі кемшіліктер болса, сәйкес келетін эвристикалық операцияны пайдаланыңыз. Соның негізінде жоспардағы кемшіліктерді жойыңыз.

Жоспарды коррекциялаңыз(түзету).

5. Жоспарда әліде сезілетін кемшіліктер бар. Сыртқы информацияны қарастырыңыз. Жасырынды анықтаңыз.Жоспарды коррекциялаңыз(түзетіңіз).

6. Жоспарда кемшілік бар. Екі жақты редукцияны (жеңілдеті, жетілдіру ) өткізіңіз. Жоспарға қандай қосымшалар енгізу керек? Мүмкін сіз біренеше эквивалентті (баламалы, құны бірдей ) есептерді көріп жатсыз.

7. Шешу мүмкін болмай жатыр. Бір жақты редукция (жеңілдету, жетілдіру) жүргізіңіз. Сізге ең жақын есепті шешу жоспарға корректировканы (түзетуді ) енгізіңіз.

8.Жоспарда кемшілік бар . Есепке батыл «әрекет» өткізіңіз: Мәліметтерден барлық мүмкін екен деген өлшемдерді табыңыз, оларды комбинациялаңыз, жаңаларды алыңыз және т.б. Алған нәтижелердің байланысын бақылаңыз, жоспарды жақсартатын бағыттарды таңдаңыз. Жоспарды коррекциялаңыз (түзетіңіз).Егер жоспар жеткілікті дәрежеде байланысты болса, біртіндеп қалған кемшіліктерді жойып оны жүзеге асыруға кірісіңіз.

9. Бәрі бір сізді жоспар қанағаттандырмаса онда ода елеулі кемшіліктер бар.Басқа эвристикалық операцияларды пайдаланып одан жаңа информацияларды табыңыз. Жоспардағы кемшіліктерді жойыңыз.

10. Есепті жоспар бойынша шешіңіз. Шешімді ретроспективті (өткенді шолатын) анализ арқылы тексеріңіз. Есепті шешу процедурасында қиыншылық тудырған бөлімдерді белгілеңіз. Себебін анықтаңыз. Есепті қатесіз шешуге боладыма? Басқа жоспар болуы мүмкінбе? Қандай? есепті жалпылауға тырысыңыз.

Бұл әдіс оқу есептерін шешуде жүйелі айқындауға, ( жүзеге асыруға) мүмкіндік және жүйелілікке негізделген. Жүйелілік жүйелі құрылымдардың және олардың өзар қарым-қатынасытң әртүрлілігі туралы ғылым.Яғни бұл жағдайда педагогикалық эвристиканың барлық мүмкіншіліктерін пайдаланады. Бұл әдістің құрылымы кері кері байланысқа негізделген. Іс-әрекеттің әрбір кезеңі бұл мақсатқа жетудің белгілі қадамы.




1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет