Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)



бет2/9
Дата16.04.2016
өлшемі1.83 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9


6. Оқу сабақтарының құрылымы:

Жұмыс бағдарламасында сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөл-інген: лекция, семинар,СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.



Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет



Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проб-лемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құраст-ыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.


7. Студентке арналған ережелер (Rules):

  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

  3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.

  4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелін-еді.

  6. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.




8.Оқу сағаттарының тақырып

бойынша бөліну кестесі





Лекция тақырыбы

Аудиториялық сабақтар

Лекция

Семинар

Сөж

1

Кіріспе.

1.ТМД және Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелері пәнінің мақсат міндеті.

2.Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері мен құрылымы.

3 .Ғылыми техникалық прогрестің қоршаған ортаға әсері.



1

1

5

2

Кіріспе.

1.ТМД және Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелері пәнінің мақсат міндеті.

2.Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері мен құрылымы.

3 .Ғылыми техникалық прогрестің қоршаған ортаға әсері.



1




5

3

Әлемдік қазіргі кезеңдегі экологиялық мәселелер.

1.Әлемдік негізгі экологиялық мәселелер , олардың пайда болу себептері.

2.Экологиялық проблемалардың түрлері

3.Эколгиялық мәселелердің пайда болуының табиғи тарихи жағдайлары.



1

1

5

4

Әлемдік қазіргі кезеңдегі экологиялық мәселелер

1.Экологиялық дағдарыс туралы түсінік.

2.Қоршаған орта тұрақсыздығының себептері.

3.ТМД және Қазақстанға ортақ экологиялық мәселелер.



1


1

5

5

Соғыс әрекетінің қоршаған ортаға экологиялық жағдайына ықпалы.

  1. Жер шарының дүниежүзілік және мемлекетаралық соғыстар.

  2. Соғыстың табиғатқа келтірген зияндары.

  3. Соғыс қажетіне табиғат ресурстарын пайдалану.




1


1

5

6

Соғыс әрекетінің қоршаған ортаға экологиялық жағдайына ықпалы

  1. Химиялық бактерологиялық және атомдық қаруларды қолданудың зардаптары.

  2. Мемлекеттердің әлеуметтік – экономикалық жағдайларына соғыстың әсері.




1





5

7

Соғыс әрекетінің қоршаған ортаға экологиялық жағдайына ықпалы.

  1. Топырақ құнарлылығының бұзылуы

  2. Батпақтану

3. Шөлге айналу және топырақ эрозиясы.



1


1

5

8

Соғыс әрекетінің қоршаған ортаға экологиялық жағдайына ықпалы

  1. Химиялық бактерологиялық және атомдық қаруларды қолданудың зардаптары.

  2. Мемлекеттердің әлеуметтік – экономикалық жағдайларына соғыстың әсері.




1


1

5

9

Экологиялық апат зоналары.


  1. Мұхиттардың, теңіздердің атмосфера мен топырақтың мұнай өнімдерімен ластануы.

  2. Экологиялық апат зоналары: Байкал, Ладога, Арал, Чернобыль, Семей және т.б.




1


1

5

10

Халықтың денсаулығы және табиғи ортаның экологиялық сапасы.

  1. Табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалану.

  2. Атмосфераның, судың, топырақтың зиянды және техногенді заттармен ластануы.




1





5

11

Халықтың денсаулығы және табиғи ортаның экологиялық сапасы.

  1. Табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалану.

  1. Атмосфераның, судың, топырақтың зиянды және техногенді заттармен ластануы.




1





4

12

Халықтың денсаулығы және табиғи ортаның экологиялық сапасы.

  1. Ірі қалаларда топырақтың өнеркәсіп қалдықтарымен және сарқынды сулармен ластануы.

  2. Өнеркәсіп аудандарының экологиялық жағдайы.




1


1

4

13

Ауа бассейнінің экологиялық жағдайы.

  1. ТМД –ның өнеркәсіптік қалаларының ауа бассейнінің жағдайы.

  2. Қазақстанның Орталық, Шығыс, батыс, Оңтүстік облыстарындағы ауыр индустриялды аудандар.




1





4

14

Ауа бассейнінің экологиялық жағдайы.

  1. Атмосфераның ластануы және халықтың денсаулығына әсері.

  2. Атмосфераның ластануының климатқа әсері

  3. Озонның жұқаруы.




1


1

4

15

Ауа бассейнінің экологиялық жағдайы.

  1. Атмосфераның ластануы және халықтың денсаулығына әсері.

  2. Атмосфераның ластануының климатқа әсері

  3. Озонның жұқаруы.




1





4

16

Топырақ ресурстары мен олардың экологиялық жағдайы.

  1. ТМД елдеріндегі топырақ ресурстарының сипаттамасы мен олардың экологиялық жағдайы.

  2. Топырақ эрозиясы, тұздануы, шөлейттену пестицидтермен ластануы.




1

1

4

17

Топырақ ресурстары мен олардың экологиялық жағдайы.

1. ТМД елдеріндегі топырақ ресурстарының сипаттамасы мен олардың экологиялық жағдайы.

2. Топырақ эрозиясы, тұздануы, шөлейттену пестицидтермен ластануы.


1




4

18

Топырақ ресурстары мен олардың экологиялық жағдайы.

  1. Ауыл шаруашылығында химикатты пайдалануды қысқартудың жолы. Биологиялық күресу шаралары.

  2. Топырақ қорларын қайта қалпына келтіру мен сақтауға қатысты шаралар.



1

1


4

19

Топырақ ресурстары мен олардың экологиялық жағдайы.

  1. Ауыл шаруашылығында химикатты пайдалануды қысқартудың жолы. Биологиялық күресу шаралары.

  2. Топырақ қорларын қайта қалпына келтіру мен сақтауға қатысты шаралар.




1

1

4

20

Cу ресурстары және олардың экологиялық жағдайы.

  1. ТМД мен Қазақстанның су ресурстарының сипаттамасы.

  2. Судың ластануының негізгі жолдары.

  3. Судың тазалығын бақылау.




1




4

21

Cу ресурстары және олардың экологиялық жағдайы.

1. ТМД мен Қазақстанның су ресурстарының сипаттамасы.

2. Судың ластануының негізгі жолдары.

3. Судың тазалығын бақылау.




1

1

4

22

Cу ресурстары және олардың экологиялық жағдайы.

1. ТМД мен Қазақстанның су ресурстарының сипаттамасы.

2. Азов, Қара балтық, Баренц теңіздерімен байкал көлінің экологиялық жағдайлары:

3.Ластанудың артуымен эко жүйесіне ықпалы.




1




4

23

Өсімдіктер әлемінің экологиясы.

  1. Орман байлығын қорғау жолдары, қылқан жапырақты, аралас, сексеуіл ормандары.

  2. Антропогендік факторлардың әсерінен олардың жағдайының нашарлауы.




1

1

4

24

Өсімдіктер әлемінің экологиясы.

  1. Орман байлығын қорғау жолдары, қылқан жапырақты, аралас, сексеуіл ормандары.

  2. Антропогендік факторлардың әсерінен олардың жағдайының нашарлауы.




1




4

25

Өсімдіктер әлемінің экологиясы.

  1. ТМД-ның Қазақстанның Қызыл кітабының ролі.

  2. Өсімдіктерді қорғау тәсілі: Қорықтар, ұлттық парктер ботаникалық бақтар.




1

1

4

26

Өсімдіктер әлемінің экологиясы.

  1. ТМД-ның Қазақстанның Қызыл кітабының ролі.

  2. Өсімдіктерді қорғау тәсілі: Қорықтар, ұлттық парктер ботаникалық бақтар.







1

4

27

Жануарлар әлемінің экологиялық жағдайы.

  1. ТМД-ның табиғат зоналары, абиотикалық және антропогендік факторлардың әсерінің жануарлар әлемінің өзгерісі.

  2. Қазақстанның сирек жануарларының Қызыл кітабы.




1

1

4

28

Экологиялық мәселелерді ұйымдастыру.

  1. ТМД-ның территорияларында табиғатты қорғау жөнінде комитеттер құру.

  2. Табиғи ортаны қорғауға қатысты ұйымдар мен қоғамдық экологиялық қозғалыстар.




1

1

4

29

Экологиялық мәселелерді ұйымдастыру.

  1. ТМД-ның территорияларында табиғатты қорғау жөнінде комитеттер құру.

  2. Табиғи ортаны қорғауға қатысты ұйымдар мен қоғамдық экологиялық қозғалыстар.




1

1

4

30

Экологиялық мәселелерді ұйымдастыру.

  1. Арал маңының экологиялық проблемалары.

  2. Каспий теңізіңің экологиялық проблемалары.

  3. Балқаш экологиялық проблемалары.




1

1

4


9. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ

Лекция № 1–2
(2 сағат)
Тақырыбы: Кіріспе.
Жоспар:


  1. Пәнді оқытудың мақсат міндеттері.

  2. ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

  3. ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСТІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ



Лекцияның мәтіні.

Сабақтың мақсаты: табиғатта болып жатқан барлық өзгерістердің себебін анықтау, баға беру және оның зиянды жақтарының алдын алу мәселелерін қарастырады.
1.Экология (грекше оікоз — үй, тұрақ, мекен, Іо§оз — ғылым) "мекен еткен табиғи орта туралы білім" деген мағынаны білдіреді. Шынында да экология қоршаған ортаның тазалығын сақтау, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Қазір экология кешенді ғылымдар ретінде дамып отыр. Сонымен бірге экология табиғатта болып жатқан барлық өзгерістердің себебін анықтау, баға беру және оның зиянды жақтарының алдын алу мәселелерін қарастырады. Ең алғаш 1866 жылы "экология" терминін неміс биологы Э.Геккель ұсынып, оның анықтамасын берген.

Экология — тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын коршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым. Бұл анықтама қазір ғылыми-техникалық прогреспен және адамның іс-әрекетімен байланыстырыла айтылып, оның аясы кеңейе түсуде.

Егер біз байыптап қарасақ, адам баласы ерте кезден бастап-ақ өзінің тұрған мекенін таза ұстаған. Үйінің айналасына тал егіп, ауласының, көшесінің тазалығына көңіл бөлген. Осының бәрі барлық халықтың салт-дәстүрінде қалыптасқан жағдайлар. Бертін келе жер шарында адам саны өсіп, ғылымы мен білімі дами бастады. Адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін табиғат байлықтарын (орман, су, топырак, қазба байлықтар, т.б.) барынша игеруге тырысты. Елді мекендер еркендеп, қалаға айналды. Ғылым мен білім дамып, ғылыми-техникалық прогресс қарқындап өсе бастады. Жер шарында жаңа дамыған мемлекеттер пайда болып, олардың арасында табиғат байлықтарын бөлісу, азық-түлік жетіспеушілігі, жер үшін күрес, т.б. әлеуметтік-экономикалық проблемалар туды. Табиғат ресурстары жоспарсыз пайдаланылды. Осының бәрі 2000 жылдың ішінде Жердің "бет-бейнесін" — табиғатын мүлдем өзгертіп жіберді. Осы жағдайларды болдырмау адамдардың үлесіне тиді. Ендігі жерде қоршаған ортаның өзгеруін зерттейтін, биосферадағы барлық тіршіліктің тұрақтылығын сақтайтын ғылым жүйесі қажет болды. Осыдан келіп, экология ғылымының мақсаты мен міндеттері және нені зерттейтіні айқындала бастады.

Енді экология ғылымының қазіргі кезеңдегі зерттеу бағытына тоқталайық. Олар:



  • тірі организмдер тіршілігіндегі тұрақтылықтың сан және сапа жағынан өзгеру себептері;

  • табиғи бірлестіктер, популяциялар және экожүйелер;

  • тіршілік ортасындағы өзгерістер және оған әсер етуші
    факторлар;

  • антропогендік факторлардың зардабы және оны тұрақтандыру шаралары;

  • жергілікті және аймақтық экологиялық. проблемалар;

  • дүниежүзілік экологиялық проблемалардың туу себептері;

  • қоршаған ортаның ластану факторлары және оны болдырмау;

  • адам - қоғам - табиғат арасындағы үйлесімділікті тұрақтандыру;

  • қоршаған орта және адам денсаулығы, т.б. мәселелер.
    Экология ғылымының мақсаты - барлық тіршілік атаулының табиғи ортасын тұрақтандыру, бүлінуге, ластануға жол бермеу, табиғат қорларын тиімді пайдалану, болашақ, ұрпақтың салауатты өмір сүретін ортасын қалыптастыру.

Экология биология ғылымының бір саласы ретінде XIX ғасырдың орта шенінде айқындалғанымен, жеке ғылым ретінде сол ғасырдың соңында ғана қалыптаса бастады. Әйтсе де, алғашқы экологиялық зерттеудің элементтерін біз көне дәуір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Аристотель, Теофраст еңбектерінен көреміз. Табиғат құбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар тіршіліғіндегі морфологиялық бейімделушіліктерді, олардың табиғи ортаға тәуелділігін экологиялық тұрғыдан қарастырған.

2.Экология ғылымының қалыптасуы негізгі 3 кезеңнен тұрады.



I кезең. Биоэкологиялық зерттеулердің алғашқы кезеңі. Бұл кезең XVII ғасырдың басынан XVIII ғасырдың соңына дейінгі уақытты қамтиды. Мәселен, К.Линней (1707—1778), Ж.Ламарк (1744—1829), А.Гумбольдт (1769—1859), Н.А.Северцов (1827— 1885), А.Н.Бекетов (1825—1902), Ш.Уәлиханов (1835—1865), Ч.Дарвин (1809—1882), Э.Геккель (1834—1919), В.В.Докучаев (1846—1903), т.б. табиғат зерттеуші биологтер, систематиктер, географтар экологиялық сипаттағы ғылыми зерттеулер жүргізіп, экология ғылымының дамуына өз үлестерін косты.

II кезең. Экологияның жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезең Э.Геккель, Е.Варминг, К.Мебиус сияқты шетелдік және Ресей табиғат зерттеушілерінің есімдерімен байланысты. Бұл кезең XIX ғасырдың басы мен XX ғасырдың 70—80-жылдарыы қамтиды. Атап айтқанда, Мәскеу университетінің ғалымдары Н.А.Северцов, М.А.Мензбир, Б.М.Житков, Д.Н.Кашкаров, Л.С.Берг, Н.П.Наумов, А.Н.Формозов, Н.И.Калабухов, т.б. жан-жақты экологиялық зерттеулер жүргізсе, Қазан университетінде Н.Ф.Леваковский өсімдіктер экологиясын зерттеумен айналысты.

ІІІ кезең. Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология бүкіл ғаламдык ғылым мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларды қамтитын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай экология ғылымының колданбалы бағыты дами түсуде. Экологияның жаңа салалары бойынша теориялық және практикалық зерттеулер жүргізілуде. Олардың қатарына А. Гиляровтың "Популяциялық экология" (1990), М.Захарченконың "Экогигиенаның қазіргі проблемалары " (1995), Н.Реймерстің "Экология" (1994), А.Израэльдің "Экологиялық мониторинг" (1995), Н.Реймерсгің "Экологияландыру" (1993), Г.Сидоренконың "Экологияның қазіргі заманғы проблемалары" (1993), т.б. еңбектерін жатқызуға болады.

Экологая ғылымының қалыптасуына қазақстандық ғалымдардың қосқан үлесі де мол. Шын мәнінде, бүкіл тіршілік-тынысы табиғатпен етене байланысты болған, табиғат аясында көшіп-қонып өмір сүрген қазақ халқы табиғатты тиімді пайдалана да, қорғай да білген. Оны біз аты аңызға айналған Асан Қайғы мен Қорқыттың өсиеттері мен табиғатқа деген сүйіспеншілікке толы сөздерінен көреміз. Ата-бабаларымыздың жер-су аттарын қадірлеуге, орман-тоғай, өзен-көлдерін қастерлеуге, аң мен құстарын қорғауға бағытталған жырларынан, мақал-мәтелдерінен және нақыл сөздерінен туған жерге деген сезімдері күшті болғанын білеміз. Қазақ халкының төрт түлік малды өсірудегі жайылымды (қыстау және жайлау) экологиялық жағынан сауатты пайдалануы — осының айғағы.

Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев еңбектерінде табиғатқа деген көзқарастың ғылыми-теориялық негіздері жатқандығын байқау қиын емес. Олардың экологиялык тұрғыда ізсазылған ғылыми түжырымы бар еңбектері де жоқ емес.

Қазақтың ақын-жазушылары С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, І.Жансүгіров, Қ.Аманжолов, М.Әуезов өз еңбектерінде табиғаттың кіршіксіз тазалығын, әсемдігін сипаттай келіп, көпшілік қауымды оны қорғауға, аялауға әрі адам мен табиғат арасындағы байланыстың қалпын сақтауға шақырады.

Қазақ жеріндегі экологиялық бағыттағы зерттеулер XX ғасырдың орта тұсында Қазақ КСР Ғылым академиясының ашылуымен байланысты түбегейлі ғылыми жолға қойылды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының география, зоология, ботаника, геология, т.б. ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары экология ғылымының озық тәжірибелерін меңгере отырып, Қазақстан табиғаты туралы іргелі зерттеулер жүргізді. Олар: Қ.Сәтбаев, А.Машанов, Д.Қонаев, А.Голузо, Е.Гвоздев, И.Байтулин, т.б.

Қазақстанның жоғары оқу орындарында 1970 жылдан бастап "Экология" жөне "Табиғат қорғау" курстары оқытылса, ал 1991 жылдан бастап эколог мамандарын арнайы дайындау үшін факультеттер ашыла бастады. Қазақстанда тұңғыш Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде "Үздіксіз экологиялык білім мен тәрбие беру тұжырымдамасы" (Ө.Бейсенова) жазылып, 1991 жылы география-экология факультеті ашылды. 1991 жылдан бастап көпшілікке экологиялық білім беру бағытында жаратылыстану пәндерінде экологиялық тәрбиені қалыптастыру іске асты. Сонымен бірге оқу құралдары, сөздіктер, түсіндірме сөздіктер, журналдар мен газеттер жарық көре бастады. Мәселен, Г.Сағымбаевтың "Экология негіздері", "Экология жөне экономика", А.Биғалиев пен Е.Жамалбековтің "Қазақстан топырағының экологиясы", А.Быковтың "Экологиялық сөздік", В.Фурсов пен Т.Ерғалиевтың "Жалпы экология", С.Тілеубергеновтің "Адам экологиясы", Ж.Жатқанбаевтың "Биосфера", осы оқулық авторлары Ә.Бейсенова мен Ж.Шілдебаевтың "Экология негіздері", "Экология", Ж.Шілдебаевтың "Қызықты экология" деген және т.б. ғалымдардың еңбектері жарык көрді.

Экология ғылымының қазіргі кездегі құрылымы өте күрделі. 1-сызбанұсқада оның қарапайым құрылымы ұсынылып отыр.



Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы адам мен қоғамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын күрделендіріп жіберді.

Пайдалы қазба қорларының тиімсіз пайдаланылуы, жер бетіндегі өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесінің көп түрлілігінің азаюы және табиғи ортаның шектен тыс ластануы күрделі экологиялық проблемаларды тудыруда. Кейбір өндіріс орындарынан бөлінген зиянды қалдықтардың шектен тыс көбеюі қоршаған орта жағдайының нашарлауына, адам денсаулығының бұзылуына апарып соғуда. Осының бөрі қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуге және қалпына келтіру жүмыстарымен айналысуға, сондай-ақ оның ресурстарын тиімді пайдалануға итермелейді. Сондықтан жыл сайын жерді суландыру, орманды қалпына келтіру, өндірістік қалдықтар мен ақаба суларды тазартудан өткізу, топырақтың құнарлылығын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.

Табиғаттағы өзгерістер баяу, байқаусыз өтеді. Ал ондағы өзін-өзі реттеу мен қалпына келтіру процестері ұзаққа созылады. Адамның зиянды істері де бірден байқалмайды, оны адамдар көбінесе ұзақ жылдар өткен соң ғана байқайды да, түзету жұмыстары күткендей нәтиже бере қоймайды.

Өткен кезеңдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, табиғатқа ұқыптылықпен қарап, әр істің нөтижесін бақылап, болашақта апатқа айналмауын ескеріп отыру керек.

Табиғаттың заңдылығына селқос қараудың зардапты мысалдары қазіргі кезде баршаға белгілі.

XX ғасырдың ортасында Қарабұғазкөл Каспий теңізімен бөгет арқылы жалғасқан болатын. Бұл теңіз деңгейінің бір қалыптылығын сақтау үшін істелген еді. Көптеген ғалымдар бұғаз суын бөлу теңіз деңгейінің уақытша төмендеуін тоқтатады деп есептеді.

Кейін Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі бұғазбен байланысты еместігі, оның жердің эволюциялық даму заңына бағынышты екендігі анықталды. Мұндай құбылыс 1929, 1933, 1941 жылдары байқалған. Сөйтіп, бұғазды теңізден бөлуге байланысты ағат шешім үлкен экологиялық-экономикалық зиян келтірді. Егістердің және мал шаруашылығының өнімділігі азайып, халық арасында өлім-жітім мен ауру көбейіп кетті.

Кезекті геологиялық ырғақтың қайталануына байланысты 1978 жылдан бастап Каспий теңізі деңгейі көтеріліп, жағаларды су баса бастады. Енді бөгетті тосқауылды алып тастап, теңіз суын қайтадан бұғазға жіберу туралы шешім қабылданды.

Табиғат дамуының заңдылықтарын білмеу, кейде оларды есепке алмау бос шығынға, адамдардың өмір сүру жағдайының және табиғи ортаның нашарлауына алып келеді. Мұндай жағдай Арал теңізінің тағдырына да тән. Мақта және басқа егістіктер көлемінің артуына байланысты, Арал теңізіне құятын өзендердің суын пайдалану мақсатымен, көптеген су қоймалары мен суару каналдары салынды. Мұндай су жүйелері өзендер суының азаюына, түптеп келгенде, оның көлемінің шұғыл тартылуына алып келді.

Қазір теңіз деңгейінің күрт төмендеуі өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесінің жұтаңдануъш, т.б. экологиялық проблемаларды тудырып отьф.

Еліміздегі Арал апаты ғаламдық сипат алып, оның зиянды әсері қазірдің өзінде көптеген мемлекеттерде байқалуда. Сондықтан АҚІП, Жапония, т.б. мемлекеттер Аралды құтқаруға байланысты шараларға қатысуға келісімдерін беріп отыр.

Қазіргі кезде Арал теңізін құтқарудың жаңа жоспарлары жасалып, ғалымдардың ұсыныстары талқылануда (мысалы, Кіші Арал туралы). Мүмкін, Аралды құтқаратын күн де алыс емес шығар.

Келтірілген мысалдар адамзаттың табиғатқа жауапсыз қарауға болмайтындығын дәлелдейтін, қоршаған ортамен қарым-қатынас кезінде өз іс-әрекетінің салдарына көңіл бөліп, әрдайым дұрыс жолды таңдау қажеттілігін көрсетеді.

Дүние жүзінде адамның іс-әрекетінен болатын экологиялық зардаптар мен дағдарыстар көп-ақ.

Мысалы, жидек тергенде, аң аулағанда немесе егіс алаңын тазартқанда табиғатқа белгілі бір мөлшерде зиян келтіріледі. Адамның бұл әрекеті аз мөлшерде болғандықтан, табиғи орта ретке келтіріліп, орнын толтырып отырған, Яғни табиғаттың тепе-теңдігі сакталғандықтан, өзгеріс көп елене коймайды.

Ал мал шаруашылығы мен егін шаруашылығына пайдаланылатын алқаптардың жыртылуы, ормандардың кесіліп, өртелуі, каналдар мен жолдардың ойластырылмай салынуы көп мөлшерде сол жерлердегі өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесіне зиян келтіреді.

XX ғасырдың екінші жартысында қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының жаңа бір саласы — алып өндіріс орындары көптеп бой көтере бастады.

Зауыттар мен фабрикалардың еселеп өсуі барған сайын шикізат түрлерінің мол пайдаланылуына, энергия шығынының өсуіне, қазба байлықтардың қарқынды игерілуіне алып келді.

Ғылыми-техникалық прогрестің табиғатқа тигізетін кері әсері дауыл, су таскыны, жанартаулар, жер сілкіністері сияқты апатты құбылыстардың зардаптарымен теңбе-тең, тіпті олардан асып түсетіндей жағдайға жетті. Мұның өзі табиғи ортаның қалып-тасқан заңдылығын бұзып, биосферадағы энергия мен табиғи зат алмасуға теріс әсер етті.

Адамның табиғатты өзгертуі өте қауіпті экологиялық жағдайлардың тууына алып келді. Атап айтқанда, біріншіден, Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін өнеркәсібі дамымаған мемлекеттер соғыстан кейін индустриялды даму жолына түсті. Осы мақсатта адамдар табиғи ресурстарды игеріп, жаңадан зауыт, фабрикалар және жолдар сала бастады. Өнеркәсіптің жаппай дамуы табиғатқа тиетін кері әсер ауқымын кеңейтіп, жаңа кен орындарының ашылуына және игерілуіне үлес қосты. Бүл қоршаған ортаның ластануын күшейтті.

Екіншіден, дүние жүзіндегі демографиялық жағдай күрт өзгерді. Жер шары халқының саны тез өсіп, 1700 жылы 620 млн адам болса, 1850 жылы оның саны 1200 млн-ға жетті, яғни екі есеге артты. 1950 жылы жер шарындағы халық саны 2500 млн-ға жетсе, 1986 жылғы санақ бойынша халық саны 5 млрд-қа өсті. Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) есебі бойынша, 2050 жылға қарай дүние жүзі халқы 11,9 млрд болады деген болжам бар.

Халық санының жылдам өсуі табиғат байлықтарына деген сұранысты тудырды. Қазірдің өзінде табиғат ресурстары (су, топырақ, пайдалы казбалар, отын қорлары) өзін-өзі қайта қалпына келтіре алмайтындай деңгейде пайдаланылуда. Бұл табиғаттың тозып, бүлінуіне соқтырады.

Үшіншіден, қалалар мен олардың тұрғындарының саны тез өсуде. Егер 1900 жылы қалаларда 300 млн адам тұрса, 1950 жылы олардың саны 700 млн-ға, 1980 жылы 1800 млн-ға, ал 2000 жылы шамамен 3300 млн-ға жетті. Соңғы 100 жылдың ішінде халықтың жалпы санының қалаларға тиесілі бөлігі 20%-дан 51,5%-ға өсті.

Осынша адамның шағын аумақта тіршілік етіп, қоршаған ортаға кері әсерді ұлғайтуы қала мен оған жақын жерлердің қатты ластануына себепші болады.

Әрине, адамзат қоғамының дамуы табиғат қорлары есебінен болуы әбден мүмкін. Алайда бұл процестер ғылыми тұрғыда реттеліп, зиянсыз болуы керек.

Адамзат әр уақытта табиғатқа бағынышты болып, оның ресурстарын өз қажеттілігіне жұмсап келген. Сонымен бірге адамдарда үнемі табиғатқа "қожайындық ету" арманы болған.

Адамзаттың табиғатқа, табиғи ортаға деген көзқарасы болашақ ұрпақ мүддесі үшін тиімділікті, саналылықты керек ететін көзқараспен қатар жүруі қажет.

Табиғат ресурстарына баю мен пайда табу көзі ретінде қарамау керек. Аз уақыттық табысқа бола оларды ретсіз жұмсауға, қоршаған ортаны адамдар мен барлық тіршілік үшін зиянды қалдықтармен ластауға болмайды.

3.Ғылыми-техникалық прогресс адамдарды табиғи ортаға әсер етудің ауқымды мүмкіндіктерімен және құралдарымен жарақтандырып қана қоймай, сонымен бірге бүл ортаны сақтау мен қалпына келтірудің тәсілдері мен жолдарын көрсетіп береді.

Ғылым мен техниканың жетістіктері адам баласына табиғи ортаны сақтау мен оның ластануына жол бермеудің мынадай мүмкіндіктерін ұсынады:


  • ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік беретін қалдықсыз техно-
    логияны енгізу;

  • ортаның ластануын барынша азайту;

  • су шығынын едәуір қысқартуға мүмкіндік беретін өндірістік
    суды тазартып, қайта пайдалану;

  • топырақтың ылғал жинауына және ауадағы атмосфералық
    газдардың тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік беретін орман
    алқаптарын сақтау және қалпына келтіру;

  • жылу мен энергияны табиғи көздерден өндіру;

  • жаңа технологияны пайдалану.

Адамзат баласы мұндай әдіс-тәсілдерді қолданған жағдайда жер шарының тыныштығы мен байлығын сақтауға мүмкіндік аламыз.

Ендігі қоғам алдында тұрған мақсат — адамдардың бұған дейін қалыптасқан табиғатқа немқұрайды карау көзқарасын өзгерту. Шындығында, табиғат бізсіз тіршілік ете алады, ал біз одан тыс өмір сүре алмаймыз. Осы қарапайым ғана шындықты түсінетін уақыт жеткен сияқты.

Ендігі жерде өндіріс көлемін ұлғайтуда қалдықты аз бөлетін және қалдықсыз технологияға көшу, кен орнын кешенді түрде өндіру, өндіріс қалдықтарын қайта пайдалану мен тұтыну, табиғи ортаны ластаудың алдын алу, энергия мен шикізаттың дәстүрлі түрлерін қазіргі заманғы экологиялық таза түрге ауыстыру қажет.

Барлық уакытта қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау ата-жұртсалты. Алайда бүл дұрыс экологиялық көзқарас материалдық игілікті өндіру кезінде не оны қажетке жарату туралы сөз болғанда ұмытылып кетеді. Осы қарама-қайшылықтардан шығатын дұрыс жол таппаған коғам мен адам табиғат мүддесін аяққа басып, оны "құрбан" етеді, оны қорғай алмайды. Мұндай кезде "бәрі солай істейді" дейтін көзқарас көрініс табады. Әрине, басқалардың келеңсіз тәжірибесі мен табиғи ортаны бүлдірудің жалпылама сипатына сілтеме жасау — сөзсіз қателіктерге әкеледі. Гүлдеп тұрған алаңқайдың қоқысқа, әдемі көлдің батпаққа, шұрайлы шалғын мен жайылымның көшпелі құмға айналуына табиғатты тиімсіз пайдаланатын қоғам мен адам кінәлі. Табиғатты қалпына келтіретін адам басқалардан осыны күтпей, өзі бастауы керек. Көп жағдайда зауытта немесе фабрикада су көзін немесе ауаны ластап жатса, бұған көп алаңдамайды. Осылайша қат-қабат мораль көрініс тауып, табиғатқа жаны ашымау түсінігі қалыптасады.

Мамандар арасында да экономистер мен экологтерді қоса алғанда, экологиялық проблемаларға деген ортақ түсінік жок. Бір ғана әрекеттің нәтижесін бағалау кезінде қарама-қайшы, бір-бірін жоққа шығаратын пікірлер көп. Көбінесе техникалық-экономи-калық көрсеткіштерді талдау мен талқылау әдетке айналған, ал бағдарламаның немесе жобаның экологияға қатысты жағын анықтауға келгенде — құлық жоқ. Табиғаттың үйлесімді құрылған дүние екендігін және онда жүріп жатқан процестерге араласуға болмайтындығын адамзат баласы түсінген болса, табиғатпен ең жақсы қарым-қатынас орнату тәсілін табуға болатын еді.


Каталог: CDO -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> «Жалпы гидрология» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2
Tar -> Лекция: 30 Лаборатория: 15 обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Барлық сағат саны: 135 Қорытынды бақылау: емтихан (40 балл)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет