Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)



бет4/9
Дата16.04.2016
өлшемі1.83 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Лекция № 12


Тақырыбы: Халықтың денсаулығы және табиғи ортаның экологиялық сапасы.
(1 сағат)
Жоспар:


  1. Ірі қалаларда топырақтың өнеркәсіп қалдықтармен және сарқынды сулармен ластануы.

  2. Өнеркәсіп аудандарының экологиялық жағдайы.

  3. Азық – түлік тағамдарының сапасы және халық денсаулығы.


Лекцияның мәтіні.

Сабақтың мақсаты: Ірі қалаларда топырақтың өнеркәсіп қалдықтармен және сарқынды сулармен ластануын, өнеркәсіп аудандарының экологиялық жағдайын,азық – түлік тағамдарының сапасы және халықтың денсаулығына әсері айтылады.
1.Адамның тірішілік көзі Азық – түлік қорымен үздіксіз қамтамасыз ету – адамзат қоғамының басты мақсаты азық – түлік молшылығын қамтамасыз ету үшін жер, су т.б ресурстар кеңінен пайдаланады. Азық – түлік қоры дүние жүзінде әртүрлі қалыптасқан. Қазақстанда 800 ден аса өсімдік және мол өнімдері шығарылады. Тамақ өндірісінің 32 проценті ет және одан шығатын өнімдерді шығаруға негізделген.

Ет өнідерін шығаратын өндірістер негізінен Алматы, Петропавл, Орал т.б қалаларда ораласқан. Барлық өнімдері зауытында өндіріледі.

Қазақстанда ауыл шаруашылық алқабының ауданы 1996ж 222,2 млн ға болды. Оның 14,3 % - егістік 2,3 % жемшөптік 83, 4 % млнға жерден 12,3 млн т дән жиналды оның үштен екі бқөлігі астық.

Қазақстан халқының ет, сүт, балық, жұмыртқа, жеміс – жидек өнімдерін пайдалануы төмендеді. Нан тағамдарын көбірек пайдаланатыны байқалды.

Қазақстан үшін келешекте Азық – түлік өнімдерін түрлі ассортименпен өндіру өзекті мәселе.

2.Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көптүрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.

Су айдындарының ластануын былайша топтады.

- биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар.

- химиялык ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамыи бүлдіретіндер;

- физикалық ластану.- жылу-қызу, электромагнитті өріс, радио


активті заттар. |

Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам саиалық көрсеткішін ұсынған. Ал, Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ. 287482 бойынша 3О міндетті көрсеткішпен анықталады.

Су бассенінінің ластануының негізгі себептері — тазартылмаған ағып суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:

-тұрғыи-үй коммуналдық шаруашылықтар;

-өиеркәсіп орындары;

-ауыл шаруашылығын химияландыру;

-халық шаруашылығының басқа да салалары.

Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді;

Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді.

Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58%, минералдық заттар 42 % -тен болады. Өнер кәсіпте пайдалаиатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен судың ластануы өте қауіпті. Бұл заттар химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс-жидек, бау-бақша, теплица (жылы жай) зиянкестерше қарсы бұрынгы Кеңес өкіметі кезеңінде өте көп химиялық заттар қолданылған. Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен микрофлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. Өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық-түлікпен адам организіміне кері әсерін тигізеді.

Қазіргі кездс ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары да сарқынды, шайынды сулармен және еріген зиянды заттар мен ластанып отыр.

Жср асты суларында әр түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар, вирустар кездеседі.

Қазақстан жағдайыңда өзен-көлдердің ластануы көбінссс өиеркәсіп шоғырланған аймақтарда, полигондар мсн мұнай-газ өндірілген жерлерде жаппай сипат алуда.

Өзендердің ішінде Ертіс су алабы, Өскемен қорғасыи-мырыш комбинаты, Лениногор қорғасын зауыты, Березов кені, Зырян Шуыты секілді өндіріс орындарының сарқынды лас суларымен ластануда. Су құрамында қорғасын, мырыш, сынап, т.б. ауыр металдар шекті мөлшерден асып кетуі жиі байқалады

Жеңіл өнеркәсібіне зығырды, конопляны, кендірді, жүиді жібск пен мақтаны бірінші өндеуден өткізетін, мақта шығаратын кәсіпорындар, тері зауыттары және халықтың мұқтажына қажетті тауарлар өндіретін фабрикалар жатады.

Қазақстанда ең дамыған, халық мұқтажын өтеуде зор мағызы бар салаларға тігін жүн, тоқыма, тері-аяқкиім жәнс аң терісінен қажетті бұйымдар шығаратын өндірістерді жатқызуға болады

3.Тігін өнеркәсібі республиканың барлық облыстарында дамыған әсіресе Алматы мен Қарағанды облыстарын aтауғa болады. Жүн жуатын өнеркәсібі негізіндс Жамбыл мен Шығыс Қазақстан облыстарында шоғырланған.. Ал мақта шығару өиеркәсібінің дамып келе жатқан аймағы Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстары Қазақстанда көптеген мөлшерде жүнді мата, былғары аяқ киім шығарылады. Қостанай облысында химиялық жіп қосқан биязы шұға, пальто мен костюмдік жүн маталар өндірістері бар. Республикада былғары аяқ киім өнеркәсібіндегі ірі мекемелері "Жетісу" Алматы аяқ киім бірлестігі, Қарағанды, Қостанай, Семей, Тараз аяқ киім фабрикалары жатты.

Тұтыну рыногін өз тауарларымызбен толтырудың қажеттілігі бүгінгі күннің мәселесі болып отыр, Бұл жаңа линиялар салып, бұрынгы жеңіл өнеркәсіп саласындағы линияларды кеңейтіп, жаңаша қайта құруды талап етеді.

Соңғы жылдары ең құлдырап кеткен саланың бірі осы жеңіл өнеркәсібі, осыған сәйкес олардың қоршаған ортаға тигізетін әсері де төмендеп отыр.

Бұл салада негізгі атмосфераны ластайтын кездер электролиз ванналары, шикізат тиейтін және түсіретін жерлер, оларды майдалайтын дірмендер, араластырғыштар, кептіргіш барабандар, темір жәнс де басқа металл бұйымдарын тегістеп өидейтін станоктар, тоқыйтын және жүн түтетін машиналар, аң және мал терілерін арнайы өңдсйтін аспаптар мен бояйтын жабдықтар.

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ауаға шығаратын заттары күкірт диоксиді, көміртек, азот, ванадий оксидтсрі, бензин, эгилацстат, бутилацетат, ацетон, бензол, толуол, аммиак, күкіртті сугек, басқа да әртүрлі қосылыстар мен қатты қалдықтар.


Бақылау сұрақтары:


  1. Дүниежүзілік су қорларының ластануы.

  2. Су бассенінінің ластануының негізгі себептері?

  3. Азық – түлік тағамдарының сапасы және халық денсаулығы.



Лекция № 13
Тақырыбы: Ауа бассейнінің экологиялық жағдайы.
(1 сағат)
Жоспар:

 


  1. Табиғаттың апатты құбылыстары және олармен күресу жолдары

  2. Туған өлке табиғатын қайта түлетіп, жаңғырту

 

Лекцияның мәтіні.
Сабақтың мақсаты: Қоршаған ортаның табиғат жағдайларынан тыс, адам әрекетінен қалыптасқан өзгерістері де адам тіршілігіне әсері айтылады.
1.Адам тіршілігі үшін қолайлы және қолайсыз аумақтардың болуы жергілікті табиғат жағдайларымен байланысты. Егер жаз жылы, қыс қоңыржай болса, мұны қолайлы жағдай деуге болады. Ал қуаңшылық, құмды шөлдер, биік таулар, қатал қыс, қапырық жаз - өте қолайсыз факторлар. Қоршаған ортаның табиғат жағдайларынан тыс, адам әрекетінен қалыптасқан өзгерістері де адам тіршілігіне ықпал етеді. Бұл экологиялық жағдайдың салдарларымен тығыз байланысты. Мысалы, өнеркәсіпті қалалармен салыстырғанда шалғай ауылдарда ауаның ластануы әлдеқайда аз. Қалалар сумен орталықтандырылған жүйемен қамтамасыз етілетіндіктен, мұнда ауыз су сапасы ауылды жерлерге қарағанда жақсырақ. Қазақстан аумағында бірнеше экологиялық аудандар қалыптасқан:

- экологиялық жағдайы қолайсыз аудандар;

- экологиялық жағдай орташа аудандар;

- экологиялық жағдайы салыстырмалы түрде қолайлы аудандар.

Экологиялық жағдайы қолайсыз аудандар қатарына мұнай, газ, көмір кен орындары мен металлургиялық заводтар, шахталар орналасқан аумақтар, өнеркәсіпті қалалар, Арал маңы мен ядролық сынақ аудандары жатады.

Экологиялық аудандардың екінші тобына ауыл шаруашылықты аудандар жатады. Мұнда табиғат өзгерістері су ресурстары мен топырақты дұрыс пайдаланбау нәтижесінде пайда болған.

Экологиялық жағдайы салыстырмалы түрде қолайлы аудандар қатарына орман алқаптары мен табиғи ландшафттары адам әрекетінен аз өзгерген таулы аудандар жатады.

2.Табиғаттың апатты құбылыстары және олармен күресу жолдары.

Табиғаттың апатты құбылыстарын шығу тегіне қарай эндогенді (ішкі) және экзогендік (сыртқы) деп бөлуге болады.

Эндогендік құбылыстар Жердің әртүрлі қабаттарында жүріп жатқан өзгерістерге (жер сілкінулер және т.б.) байланысты болады. Оңтүстік Қазақстанның биік таулары әлі толы қалыптасып бітпеген жас құрылымдар деп есептеледі жене сейсмикалық апатты аудандар қатарына жатады. Сондықтан мұнда жер сілкінулер жиі болады. Мысалы, Алматыда (бұрынғы Верный) 1887 және 1911 жылдары апатты жер сілкінулер болған.

Экзогендік апаттар негізінен адам әрекетінен туындайды. Республикадағы таулы аудандарда сел, қар көшкіндері болып тұрады. Биік таулы аудандарда 2724 мұздық бар. Бұл мұздықтардың қарқынды еруі және көп мөлшерде қардың түсуі жойқын сел тасқындарын тудырады. Мұндай күшті селдер 1921 жылы Алматы қаласына лап қойған, 1963 жылы Есік қаласы маңында, 1973 жылы — Медеу, ал 1971 жылы Үлкен Алматы өзені аңғарында жүрген.

Алматы қаласын сел тасқындарынан қорғау мақсатында Медеу шатқалында бөгет салынып, таулы белдеудегі сел қаупінен алдын ала хабар беретін дабыл қондырғылары орнатылды. Сейсмология институтының ғалымдары жаңа технологиялардың көмегімен және жер сілкінуді алдын ала сезінетін кейбір жануарлардың түрлеріне бақылау жасау арқылы жер сілкінулерді зерттеп, оларды болжаумен айналысады.

Республиканың географиялық орны мен климат ерекшеліктеріне байланысты, жазда егістік алқаптарға көп зиян тигізетін аңызақ желдер жиі соғады. Күшті дауылдар үйлерді, электр желілерін, қатынас жолдарын бұзады. Ғарыштан жүргізілетін метеорологиялық зерттеулер көмегімен аңызақ желдер мен дауылдардың болатынын алдын ала болжайды. Апатты жағдайлардың алдын алу үшін салынып жатқан тұрғын үйлердің сейсмикалық жағынан қауіпсіздігі мен мықтылығына ерекше назар аударып, елді мекендердің құрылысын жобалауда табиғи ерекшеліктерді ескерудің маңызы зор. Сонымен қатар, табиғат заңдарына сәйкес жүріп жатқан циклдық ырғақтылыққа байланысты өзгерістерге бақылау жасау қажет.

Туған өлке табиғатын қайта түлетіп, жаңғырту — республика азаматтарының басты борышының бірі. Табиғат пен қоғам бір-бірімен өзара тығыз байланысты болғандықтан, адамның қоршаған ортадан оқшау өмір сүруі мүмкін емес. Табиғи ортаның байлықтарын тиімді пайдалану, табиғатқа аялы көзқарас қоғамның болашақ дамуының негізі болып табылады. Қоршаған орта адамның көптеген қажеттіліктерін қамтамасыз ететін шикізат көзі болып табылады. Ол адамның мамандану сипатына, денсаулығына тікелей ықпал етеді. Сол себепті әрбір адам табиғатты қорғау ісіне өз үлесін қосуы қажет.

Отырғызылған әрбір ағаш, тазартылған бұлақ, жан-жануарға деген қамқорлық - туған табиғатты жаңғыртуға жасалған қадам, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бағдарламаның бір бөлігі.

Бақылау сұрақтары:


  1. Экологиялық жағдайы қолайсыз аудандар.

  2. Экологиялық жағдай орташа аудандар.

  3. Экологиялық жағдайы салыстырмалы түрде қолайлы аудандар.

  4. Табиғаттың апатты құбылыстары және олармен күресу жолдары.

  5. Туған өлке табиғатын қайта түлетіп, жаңғырту.



Лекция № 14-15
(2 сағат)
Тақырыбы: Атмосфераның ластануы және халықтың денсаулығына әсері.
Жоспар:
1. Атмосфераның ластануы және халықтың денсаулығына әсері.

2. Атмосфераның ластануының климатқа әсері.

3. Озонның жұқаруы.



Лекцияның мәтіні.

Сабақтың мақсаты: Атмосфера табиғи жолмен адамның іс-әрекеті нәтижесінде табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни әртүрлі аурулар қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары жататындығы айтылады.
1.Атмосфера табиғи жолмен адамның іс-әрекеті нәтижесінде ластанады. Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (жерде бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы активті түрде), тау жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардың тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде), теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді тамшыларының құрғауына, тірі организмдердің іріп-шіру процестеріне байланысты.

Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни әртүрлі аурулар қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары жатады. Сонымен қатар атмосфераны ластайтындар қатарына космос шаң-тозаңын жатқызуға да болады. Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Секундына атмосфера арқылы орасан жылдамдықпен (11-ден 64 км/с дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер ауа қабатынан өтіп отырады, 60-70 км биіктікте көбісі жанып үлгереді. Ғалымдардың болжамына сәйкес тәулігіне жер бетіне 1018 кішігірім метеорит түседі. Жерді атмосфера үлкен космостық жарқыншақтардан да сақтайды. Жыл сайын жерге 2-5 млн. т космостық шаң түсіп отырады. Табиғи шаң да жермен жанасқан атмосфераның құрамдық бөлігіне жатады. Ол ауада қалқып жүретін радиустары 10-6-10-5 м шамасындағы бөлшектерден тұрады.

Табиғи шаң бөлшектерінің тегі органикалық және анорганикалық, олар келесі процестер нәтижесінде түзіледі:


  • тау-кен жыныстарының және топырақтың бұзылуы мен желмен мүжілуі;

  • жанартаудың атқылауы;

  • орман, дала және шымтезек өрттері;

  • теңіз бетінен судың булануы.

Атмосфераның төменгі қабаттарын шаңмен ластайтын көздердің арасында шөлд дала мен басқа да сусыз даланы айрықша атап кетуге болады.

Атмосферадағы шаң буды суға айналдырумен қатар, күн радиациясын тікелей сіңірді және тірі ағзаларды күн сәулесінен қорғайды.

Заттектердің биологиялық жолмен ыдырауы көп мөлшерде күкіртті сутектің, аммиактың, көмірсутектерінің, азот оксидтерінің, көміртектің оксиді мен диоксидінің және т.б. түзілу және олардың атмосфераға түсуіне апарады.

Атмосфералық ластануға табиғаттың алапатты құбылыстарының қосатын үлесі айтарлықтай жоғары. Мысалы, орта есеппен жаңартаулардың атқылау нәтижесінде жылына атмосфераға есеппен жанартаулардың атқылау нәтижесінде жылына атмосфераға жылына атмосфераға 30-150 млн. т газ және 30-300 млн. т ұсақ дисперсті күл тасталып отырады, тек Пинатубо (Филиппин) жанартауы атқылаған кезде (1997) атмосфера ауасына 20 млн. т күкірт диоксиді шығарылды. Жанартаулар атқылағанда атмосфераға бірқатар фитопатогендік активтлігі жоғары химиялық ластағыштар – сынып, мышьяк, қорғасын, селен түседі. Ірі орман өрттерінің салдарынан да атмосфера көп мөлшердегі шаңмен ластанады. Батыс Сібірде 1915 ж. болған орман өрті 1,5 млн. км2 ауданды қамтып, одан шыққан түтін 6 млн. км2-ге жуық аумаққа таралды.

2.Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы, т.б. жатады. Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады: шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар, өнімдер, атмосфераға таралатын шығарындылар (газ,бу,ауа,тозаңы), энергетикалық шығарындылары, шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өріс, жарық, ультракүлгін, лазерлі сәулелер, иондағыш шығарындылар және т.б Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының түріне, өндірісте қолданылатын шикізатқа, оларды өңдейтін техналогияға байланысты келді.

Атмосфераға тасталатын 52 Гт әлемдік антропогендік шығарындының 90%-ін көмір қышқыл газы мен су буы құрайды (булар әдетте ластағыштар қатарына кіргізілмейді).Техногенді шығарындылардың құрамында бірнеше мыңдаған қосылыстар кездеседі. Бірақ-та олардың ішінде ең көп мөлшерде, яғни тонналап атмосфераға шығарылатындарға қатты бөлшектер (шаң , түтін, күйе), көміртек оксиді күкірт диокситі, азот окситері, әр түрлі ұшпа көмірсутектері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммиак, хлор, фторлы сутек жатады. Осылардың ішінде алғашқы бесуі ауа бассейніне млн. тонналап тасталады. 6.2-ші кестеде олардың дүниежүзі бойынша мөлшері және Ресейге қатысты мәліметтер келтірілген.

6.2-ші кесте. Негізгі ластаушы компоненттердің атмосфераға тасталатын мөлшері (млн.т) (Т. А. Акимова, А. П. Кузьмин, В. В. Хаскин, 2000)

Заттектер



Дүние жүзі бойынша

Ресей

Тұрақты көздер

Көлік

Тұрақты көздер

Көлік

Қатты бөлшектер

57

80

6,4

3,7

Көміртек оксиді

177

200

7,6

10,7

Күкірт диоксиді

99

0,7

9,2

-

Азот оксиді

68

20

3,0

1,1

Көмірсутектері

4

50

0,2

2,0

3.Барлық ұйымдастырылған көздерден шығатын ластағыштардың жалпы жылдық массасы осы бесеуінікі бірге қосқанда орта шамамен 800 млн.т құрайды. Бұл көлемге жел эрозиясының, орман өрттерінің және жанар таулардың атқылау салдарынан ауаға бөлінетін ластағыштар және әр түрлі жолмен тазаланатын газдардағы зиянды заттектер кірмейді.

Атмосфераның ең көп ластанатын жері өнеркәсіпті аймақтар, атап айтқанда, ірі кәсіпорындар орналасқан және көлік жүйесі дамыған қалалардың ауа бессейіні.

Атмосфераға антропогендік әсер тікелей немесе жанама түрде болуы мүмкін. Жанама әсер- биосферанын басқа компоненттерінде экологиялық тепе-тендіктің бұзылу салдарынан атмосфераның жағдайына әсердің тиюі. Бұған ормандар, жойылған алқаптар, жыртылған егістік жерлер, ұйымдастырылған үлкен су қоймаларын, өзгертілген өзен ағыстары, мелиоративтік жұмыстар, пайдалы кен қазбаларын ашық әдіспен жаппай алыну жатады.

Жер бетінің қасиеті мен сипаттамасының өзгеруі жер-атмасфера энергиялық жүйесіндегі алмасу процестеріне, алъбедо (беттің шағылыстырғыш қабілеті) шамасын, жер бетінің жылу сипаттамасын және осыған сәйкес атмосфераға берілетін жылу мөлшеріне, атмосфераға өтетін ылғалдылыққа әсерін тигізеді.
Озон мәселесі-Атмосфераның озон мәселесінің адам қызметіне қатысты өзара байланысты екі аспектісі бар:жоғары қабатағы бұзылу («озон қабаты») және жер маңы кеңістігіндегі концентрацияның артуы.

Озон қабаты полюстерде 9-30 км, экватордан 18-32 км биіктікте орналасқан. Ондағы озонның концентрациясының 0,01-0,06 мг/м3. Егер қабаттағы озонды таза күйде бөліп алса, оның қалыңдығы 3-5 мм құрайды. Озонның мөлшері сантиметрмен (0,3-0,5) немесе Донсон бірлігімен (100 есе үлкейтілген миллиметр – 300-500 бірлік) есептеледі. Атмосфераның жоғары қабатындағы озон оттегі молекулалардың (О2) ультракүлгін сәулелері әсерінен ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Бос оттегінің оттегі молекуласына қосылуына озон түзіледі. Бір уақытта озон молекулаларының ыдырап, оттегіне айналуы процесі жүреді. Реакция жүруінің шарты ультракүлгін сәулелерінің болуы және олардың инфрақызыл жылулық сәулелерге айналуы болып табылады. Озон толқын ұзындығы 200-320 нм болатын сәулелерді сіңіреді. Олардың бір бөлігі, ұзын толқындармен қатар жер бетіне дейін жетеді. Ұзындығы 300-400 нм сәулелер биологиялық белсенді ультракүлгін сәулелер категориясына жатады.

Соңғы жылдары атмосфераның жоғары қабаты озонның мөлшерінің кемуі байқалуда. Солтүстік жарты шардың орталық және жоғары ендіктерінде кему 3% құраған. Мәліметтер бойынша озонның кемуі терінің қатерлі ісігімен ауру деңгейін 70%-ға арттыру мүмкін.

Озонның ең көп мөлшері Антарктиданың үстінде қойылған. Мұнда соңғы 30 жылда озонның мөлшері 40-50% кеміген. Озонның концентрациясының кемуі нәтижесінде түзілген кеңістікті «озон тесіктері» деп атайды. «Тесіктің» көлемі жылына 40% артып отыр. Қазіргі кездегі оның мөлшері АҚШ-тың көлемінен артық. Сонымен қатар, «көшіп жүретін тесіктердің» пайда болуы жиілеп барады. Оның мөлшері 10-100 мың км3 «озон тесіктерінің» пайда болу себептері әлі де болса толық анықталмаған. Олар алғаш рет осы ғасырдың 80-жылдарында байқалған. Аз уақыттық бақылау қандай да бір нақты қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді.

Қазіргі кездегі озон қабатын бұзатын негізгі антропогендік фактор фреондар (хладондар) болып есептеледі. Бұл хлорфтор – көміртектер бөлме температурасында қайнайды. Олар тоңазытқыш құрылғыларында әр түрлі баллондарда тасымалдаушы – газ ретінде, т.б. қолданылады.
Бақылау сұрақтары:


  1. Атмосфралық ауаны ластаушы көздер мен ластағыштардың құрамы.




  1. Озон мәселесі.


Лекция № 16-17
Тақырыбы: Топырақ ресурстары мен олардың экологиялық жағдайы.

(2 сағат)
Жоспар:
1. ТМД елдеріндегі топырақ ресурсының сипаттамасы мен олардың экологиялық жағдайы.

2. Топырақ эрозиясы, тұздануы, шөлейттену пестицидтермен ластануы.




Сабақтың мақсаты: топырақтардың әлемдегі таралу заңдылықтары, жер бетінің алтыдан бір бөлігін алып жатқан кеңбайтақ тәуелсіз мемлекеттер достығы елдеріне де тән. Бұл өзгерістердің терістіктен оңтүстікке қарай межелерін айқындайды.
Лекцияның мәтіні.
1.Жоғарыда келтірілген топырақтардың әлемдегі таралу заңдылықтары, жер бетінің алтыдан бір бөлігін алып жатқан кеңбайтақ тәуелсіз мемлекеттер достығы елдеріне де тән. Бұл өзгерістердің терістіктен оңтүстікке қарай межелері анық байқалады. ТМД елдерінің негізгі бөлігі мұхиттардан алыс, ішкі құрлықта орналасқан. Жер көлемдері аса көп емес. Терістік жарты шардың бұл бөлігінде құрлық секторында терістіктен оңтүстікке қарай, яғни Арктикалық тундрадан бастап оңтүстіктегі құрғақ шөлдермен қатар ылғалды субтропикалық зоналық топырақтарға шейін түгел кездеседі. Топырақ түзуші факторлар зоналық тәртіпке бағынып, ретімен тарағандықтан, осы факторлардың әсерінен пайда болған, табиғат денесі – топырақ та осы тәртіпке бағынады.

Сонымен жазық территорияларда терістіктен оңтүстікке қарсы байланысты топырақтың да өзгеріп әр түрлі зоналарға бөлініп топырақтың көлденең (ендік) зоналығы дейді.

Ал биік таулы аймақтарда табиғат жағдайы жазық алқаптарға қарағанда өзгеше. Таулы аймақтардың ауа райы да, өсетін ағаш өсімдіктері мен жан-жануарлар дүниесі де басқаша. Бұл өзгерісін тау етегінен жоғары көтерілген сайын анық білініп, көзге түседі. Географиялық жағынан алып қарағанда таулы аймақтар алқапта орналасқанымен жоғары қарай өрлеген сайын табиғат климатының өзгешелігі байқала береді. Осындай өзгерістер топырақтан да көруге болады. Топырақтың былай өзгеріп, әр түрлі зоналарға бөлінуін топырақтың тік (белдеулік) зоналылығы деп аталады. Кеңбайтақ ТМД елдерінің әр аймақтарында топырақтардың көлденең зоналықтары да және олардың тік (белдеулі) зоналықтары тараған алқаптары кездеседі.

Дегенімен жер бетінде таулы алқаптардың аздығына байланысты негізінен топырақтың көлденең зоналық таралуы басым. Соған байланысты білдер ТМД елдерінің жазық территориясындағы негізгі зоналық (ендік) топырақтардың қысқаша сипаттамасына тоқталамыз. Бұны солтүстіктен оңтүстікке қарай келтірген ыңғайлы.

1. Полярлық белдеу. Тундра зонасы. Бұл зона Ресейдің солтүстік шеткі бөлігін алып жатыр. Оған Солтүстік Мұзды мұхиттағы кейбір арктикалық аралдар да кіреді.

Бұл зонаның көлемі 180 млн гектардай, яғни ТМД елдерінің барлық жер көлемінің 8,1% - ін алып жатыр. Бұл көлемге қосымша негізінен Сібір өңіріндегі таулы-тундралық топырақтар көлемі 150-160 млн гектар жерде қосылады. Геологиялық дәуірі жағынан алып қарағанда, бұл аймақ дәуірінен кейін босаған ең жас аймақ.

Біршама жерлерін әлі де мұз басып жатыр. Бұл Ресейдің суық зонасы. Қысы 7-8 айға дейін созылады да, жазы өте қысқа әрі салқын болады. Бұл зонадағы вегетациялық кезеңнің ұзақтығы небары 2-3 ай ғана. Ылғал аз түседі, жылына 150-300 мм, әрі күн суық, булану аз болады және топырақтың астын мыңдаған жылдан мәңгі тоң басып жатқандықтан, ылғалдық жерге сіңуі де жоқтың қасы. Ылғалдық жер бетіне сіңуінің мардымсыздығынан аз түске ылғалдың өзі бұл жерде керекті мөлшерден артық. Батыстан қарай мөлшері азайып, оның есесіне күн суыта түседі.

Бұл аймақта қалыпты өмр сүруге қажет күн сәлесі жетіспейді, ауа райы суық, тіршіліктің дамуына қолайсыз. Күннің суықтығынан айырақ қабаттары ұзақ жылдар бойы жатады. Тек жылдың 2-3 айларында ғана топырақтың беткі жұқа қабаты еріп, арылады. Жалпы тундраның өзі терістіктен оңтүстікке қарай оңашаға бөлінеді: 1) арктикалық тунра; 2) кәдімгі тундра; 3) орманды тундра. Алғашқысы ең терістіктегі қар-мұз басқан жалаңаш тундра. Екіншісі жөнді дамымыған батпақты – глейлі жапырақтар, біркелкі түзілмеген ойдым-ойдым бөлшектерден тұрады. Булану аз болғандықтан, жер бетін ылғал басып, оның астына ауа бармағандықтан, онда анаэробтық құбылыстар жүріп, шаңырақтағы темірлі қосылыстар тотықсызданып, топыраққа көкшіл-жасыл түс береді. Осындай топырақтарды глейлі жапырақтар деп атайды. Жалпы "тундра" деген сөз жергілікті карель ішінде жөнді дамымаған, ормансыз деген түсінікті береді. Жөнді дамымаған, мәңгі мұзы мол топырақтар орманның өсуіне сөзсіз қалайсыз. Мұнда глегейлі-батпақты топыпраққа бейімделген батпақты шөптер, мүктер қыналар өседі. Ал оңтүстікке жылжыған сайын орманды зонаға шекаралас бөлігінде, әсіресе өзен бойларында орманды-тундра зонашасы орын алады. Табиғат жағдайына сай мұнда өсетін өсімдіктер де шамалы. Негізінен қына мен мүк, қышқыл өлең шөптер, бұталар, қара бүлдірген өніп өседі, ал оңтүстікке таман жылжыған сайын бал қайың, шілік және басқа ағаштар өсетін орманды-тундра басталады. Дегенімен бұл жерлердің де ағаштары мардымсыз.

Тундра топырағы тоңның әсерінен әр түрлі бөлшекке бөлінетін ыдырмалы, бетпақты-күлгінді болып келеді.

Бұл зонада негізінен бұғы шаруашылығы жақсы дамыған. Егіншілік жоқтың қасы. Кейбір жел тимейтін ықтасын жерлерге топырақты дұрыстап өңдеп, тыңайтқыштар енгізіп, көң төгіп, аз мөлшерде ерте пісетін көкөніс, басқа да дақылдар егуге болады. Ал жабық жылытқышы бар қондырғыларды көкөністерді жыл бойы өсіруге болады.

2. Бореалды белдеу. Орманды зонаның күлгінді және шымды күлгінді топырақтары. Тундраның оңтүстігіне қарай өте кең алқапты орманды (тайга) зонасы алып жатыр. Оның көлемі ТМД елдерінің негізінен Ресейдің территориясының 52%-ке жуық (11520 мың км2). Негізінен орманды тайга. Зонаның 20%-ке жуығы бетпақты жерде. Олар ойпатты Сібір, Беларус, Балтық бойы аймақтарын қамтиды. Бұл аймақта да өткен дәуірлерде де түгелдей мұз жатқан. Сондықтан мұз әскерінің қалдықтары әлі сақталған.

Бұл зонаның да ауа райы салқын, дегенмен тундрдан жылы. Қысы ұзақ, әрі суық қатты болса, жазы қысқа, жылы желге 350-600 мм-дей мөлшерде ылғал түседі. Булану болғандықтан, түскен осы ылғалдың өзі мөлшердің артық болуы топырақ қабаттарындағы суға ерігіш және басқа заттар топырақ астына шайып әкетеді. Ал мұның өзі біраз жерлерді бетпақты аймақтардың пайда болуына әкеп соғады.

Кең алқапты зонаның батысынан шығысына қарай ауадан түсетін ылғал азайып, күн суыта түседі. Бұл заңдылық Қиыр шығыста, мұхит жағалауында бұзылып, мұнда ауадан түсетін ылғалда молайып, ауа райы да біршама жылынады. Дегенмен жалпы зона бойынша бір типке жататын топырақ түзіледі. Себебі, зонаның Батысы мен Қиыр шығысында ауадан түсетін ылғал молырақ болғанына қарай орташа температура жылырақ, булану мол болады. Әрине әр аймақтың табиғи климаттық ерекшеліктеріне сәйкес топырақтардың да жергілікті провинцияларды өзгешеліктері анық байқалады.

Адамдар және олардың шаруашылығы жер бетіне тікелей және жанама зор ықпал-әсерін тигізіп келеді. Егер де жылына ауаға дүние жүзі бойынша 1 млрд. тонна деңгейінде антропогендік зат тектер (СО2 есептемегенде), гидросфераға шамамен 15 млрд. тасығыштар енгізіліп отырылыса, жерге түсетін техногенді қалдықтардың мөлшері 90 млрд. т. Кейбір ғылыми мәліметтерге сүйенетін болсақ, ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының аяғында жерге жинақталған қалдықтар көлемі 4000 млрд.тоннаға дейін көтерілген.

Топырақтың ластануына байланысты қазіргі уақытта құрлықтың жартысына жуығын антропогендік ладшафт алып жатыр. Ғылымдардың арасында тараған пікір бойынша дүние жүзіндегі шөлдердің барлығының шығу тегі де антропогендік. Антропогендік шөлдің аумағы жалдан-жылға үнемі ұлғаюда, оның көлемі қазіргі шақта 10 млн. км2 –ден асып отар, бұл бүкіл құрлықтың 7 процентін құрайды.

Топырақты ластайтын компоненттерге қарай топырақтың ластануының түрлері: физикалық, химиялық және биологиялық болады.

Физикалық ластану радиоактивті заттектермен байланысты. Мысалы, уран рудаларын ашық әдіспен алғанда, жер қыртысында активтілігі жоғары сәулелерін сұйық және қалдықтар қалады.

Биологиялық ластану – ауру тудыратын және де басқа жағымысз жағдайға итеретін микроорганизмдердің қоршаған ортада болуы. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек және тағы басқада ауру қоздырғыштар 2-3 тәулік бойында сақталса, ластағыштармен әлсіреген қоздырғыштар бірнеше ай мен жылдарға дейін сақталып, едәуір аумаққа таралады.

Химиялық ластану – топыраққа тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы.

Топырақты ластайтын көздерге өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындылары, көлік, ауыл шаруашылығында қолданылатын көп шөпжойғыштар мен минералды тыңайтқыштар, қалдықтар, жылу энергетика кешені, атмосфералық жауын-шашын, апатты жағдайда ласталатын шығарындылар, әскери-өндірістік кешендері жатады.

Түсті металл кендерін алу, байыту және таза металлдар алу процесстерінен шыққан өнімдермен және қалдықтармен топырақ көп ластанады. Ауыр металдардан топырақтың ластануының зардабы тұрақты болып келеді. Түсті металлургия кәсіпорындарының маңындағы топыраққа қорғасын мен басқа ауыр металлдардың мөлшері нормадан 10-20 есе асып отырған жерлер белгілі.

Ауыл шаруашылығында улы химикаттар көп қолданылатын және өндірісі дамыған аймақтарда улы заттектер ана сүтінде, қанның құрамында болатыны байқалған. Топырақ көптеген аурулардың (ботулизм, күйдіргі, дизентерия, аскридоз және т.б.) қоздырғыштарын сақтайтын ортаға жатады.


Каталог: CDO -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> «Жалпы гидрология» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2
Tar -> Лекция: 30 Лаборатория: 15 обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Барлық сағат саны: 135 Қорытынды бақылау: емтихан (40 балл)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет