Лекция: 30 сағат Семинар: 24 сағат СӨЖ: 126 сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)



бет1/7
Дата03.05.2016
өлшемі1.5 Mb.
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7

Ф-ОБ-007/017



Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

«Сырдария»университеті

«Гуманитарлық білім»факультеті


«Тарих және география» кафедрасы

“Өндірістің техникалық – экономикалық негіздері ” пәні бойынша


5В 011600- «География» мамандықтары студенттері үшін


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

(Силлабус)

Оқу түрі: сыртќы_____________________

Курс: III


Кредит саны 4

Лекция: 30 сағат

Семинар: 24 сағат

СӨЖ: 126 сағат

Барлық сағат саны: 180 сағат

Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)

Қорытынды бақылау: емтихан (40 балл)

Жетісай, 2011

Құрастырған: оқытушы: Сырбаева АА.

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН


(Силлабус)

“Өндірістің –техникалық экономикалық негіздері ” пәні бойынша

5В 011600- «География» мамандықтарының студенттері үшін әзірлеген


Силлабус : Университет Ғылыми кеңесінде бекітілген Оқу бағдарламасы, жұмыс оқу жоспары (28.08.2010ж),және пәннің жұмыс бағдарламасы негізінде жасалған.

Кафедраныњ мєжілісінде қаралған


Хаттама №____ «_____»_____ 20 ж
Кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., доцент ___________Апашева С.

Факультеттің әдістемелік бюросында мақұлданған


Хаттама №_____ _____ «________» 20 ж
ОӘК төрағасы/төрайымы/ ___________ Исламова М.

Университеттің Оқу-әдістемелік Кеңесінде бекітілген


Хаттама № _____«______» _____ 20 ж
ОӘК төрағасы/төрайымы/ ___________т.ғ.к, доцент, Мамраимов С.Д.

Мазмұны


  1. Алғы сөз ….…………………………………………............................

  2. Жалпы мәліметтер………………………….………...........................

  3. Курстың мақсаты мен міндеті …………………………………….....

  4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері.………….....................

  5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме.……...............................................

  6. Оқу сабақтарының құрылымы………………………..........................

  7. Студентке арналған ережелер…………………..................................

  8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып

бойынша бөліну кестесі .………........................................................

  1. Лекция сабақтары.................................................................

  2. Семинар сабақтарының жоспары.........................................................

  3. СӨЖ жоспары және орындау кестесі...................................................

  4. Пайдаланатын әдебиеттер мен web сайттар тізімі...................................

  5. Студенттердің білімін бақылау түрлері (тест, бақылау сұрақтары т.б)..........

  6. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі..........


  1. Алғы сөз

Оқу әдістемелік кешен “Өндірістің техникалық- экономикалық негіздері ” пәні бойынша 011600 «География» мамандықтарының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрылым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.

2. Жалпы мәліметтер:




Аты-жөні

Сабақты өткізу, орны

Байланыстырушы мәлімет

Аудиториялық сабақтар

СӨЖ




1

Сырбаева.А.А.





Уақыты __________

Ауд ______




Уақыты _______

Ауд ________



Тел:___________

Каб:___________

Корпус:________



3. Пәннің мақсаттары мен міндеттері, оның оқу процесіндегі ролі
Курстың мақсаты -халық шаруашылығы кешені, маңызды салаларының технологиясы мен қазіргі техниканың, негіздері жайлы, өндіргіш күштерді тиімді орналастыру, студенттерге экологиялық-экономикалық тәрбие берудің, дағдыларын үйрету болып табылады. Сонымен бірге табиғи ресурстарды үнемді пайдалану арқылы табиғи орта мен өндіріс арасындағы тепе-теңдікті сақтау жолдарын ашып көрсету.

Бұл мақсатты орындау келесі міндеттерді жүзеге асыру арқылы орындалады:

- суденттерді өндірістік процесстерді басқарумен байланысты түсініктермен таныстыру;

- студенттерді өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салалары бойынша негізгі технологиялық процестермен таныстыру;

- салалар арасындағы сан алуан формалы байланыстардың, нарық жағдайында осы салалардың, орналасуы мен қызмет етуіне тигізетін әсерін көрсету.

Осы курс "табиғи орта-адамзат қоғамы" жүйесінің негізгі эконом-географиялық тізбек яғни табиғат қорғау және экологиялық түсініктерді қамтитын пән болуымен түсінідіріледі. Осы калыптасқан ілім жүйесі кейіннен оқылатын эконом-географиялық пәндер жүйесін дұрыс түсінуге қажет болатындығын өмірлік тәжірибе көрсетіп отыр. Сондықтан эконом-географиялық пәндерді және болашақ ұстаздарды политехникалық біліммен қамтамасыз ету мақсатында университеттер мен педагогикалық институттардың география-экология факультеті студентері үшін "Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісінің негіздері" пәні енгізіліліп отыр.



Курстың міндеттері ең алдымен студенттерді қазіргі техника мен өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісі негіздерімен таныстыру яғни өнеркәсіптің, манызды салаларының, технологиялық сызбаларымен, өндіріске пайдаланылатын негізгі және қосалқы материалдармен, отын және энергия түрлерімен, шикізат, отын, электроэнергия және судың шығыны мөлшері жайында мәлімет беру. Сонымен бірге жер өңдеудің, негізгі формалары және әдістерімен, маңызды ауыл шаруашылықтың дақылдарын күтіп-баптау, үй малдарын өсіру, ауыл шаруашылық өндірісін механикаландыру, оның өнімділігі мен қарқындылығын арттыру, әртүрлі өндірістердің, негізгі және жанама түрлерімен, қалдықтарды пайдалану ісімен таныстыру. Курстың міндетіне сонымен бірге студенттерді жекелеген, өнеркәсіптік және ауылшаруашылықтық өндірістердің күрделілігімен оның көп қырлы байланыстарымен таныстыру да кіреді.

Осы факторлардың өндіріс орналасуына тигізетін әсерінің формасы мен дәрежесі және аумақтық өндіріс кешендердің қалыптасу ерекшеліктері де осында айтылатын болады.

Курс материалдары әртүрлі әдебиеттерді, графикалық материалдармен, шикізаттар, жартылай фабрикаттар, дайын өнімдер, отын, ауыл шаруашылық дакылдары, тұқымдарды пайдалану аркылы өткізілетін дәріс және машықтану сабақтары негізінде оқытылады.

Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының жекелеген салаларымен таныстырудың тиімді жолы осы кәсіпорындарға экскурсиялар жасау. Осы мақсатқа бөлінген пактикалардан бөлек үлкен мүмкіндіктер алыс маршруттық кешенді практикалар кезінде ашылады. Өндіріспен толығырақ танысу үшін мұражайлар мен көрмелердің жәдігерлерін де пайдалануға болады, осылардың қорытындысы нәтижесінде студенеттер білуге тиісті:



  • халық шаруашылығы кешенін, негізгі өндірістері жайлы түсініктерді;

  • негізгі түсініктер мен терминдерді;

  • табиғат жағдайлары мен ресурстарына шаруашылық баға беру, кәісіпорындар қызметін экономикалық бағалау, олардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін;

  • республика өнеркәсіп секторының жетекші салалары географиясын білу;

  • өнеркәсіптің қоршаған ортаға әсерін салыстырмалы-географиялық
    зерттеулер арқылы білу үшін ақпарат тасқынында жұмыс істей білу;



4. Курстың пререквизиттері және постреквизиттері




Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өткізілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

1

Картография, топография негіздерімен

Тарихи география

2

Туризм және экскурсиятану негіздері

Дүние жүзінің қазіргі саяси мәселелері



5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме


Курс

Кредит саны

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

Бақылау

Жұмысы


Қорытынды бақылау

Аудиториялық сабақтар

Аудидориядан тыс сабақтар

Лекция

Семинар

СӨЖ

3

4

180

30

24

126




емтихан


6. Оқу сабақтарының құрылымы:

Жұмыс бағдарламасында сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөл-інген: лекция, семинар,СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.



Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет



Семинар сабақтарындастудент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проб-лемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құраст-ыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.


7. Студентке арналған ережелер (Rules):


  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

  3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.

  4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелін-еді.

  6. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.



8.Оқу сағаттарының тақырып

бойынша бөліну кестесі




Лекция тақырыбы

Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан тыс сабақтар

Лекция

Семинар

Сөж

1

Кіріспе. Өндірістің техникалық- экономикалық негіздері пәні

1

1

5

2

Отын – энергетикалық кешен

1




5

3

Отын – энергетикалық кешен

1

1

5

4

Мұнай өнеркәсібі

1


1

5

5

Мұнай өнеркәсібі

1


1

5

6

Табиғи газ өнеркәсібі

1





5

7

Табиғи газ өнеркәсібі

1


1

4

8

Көмір өнеркәсібі

1


1

4

9

Көмір өнеркәсібі

1


1

4

10

Электроэнергетика

1


1

4

11

Электроэнергетика

1


1

4

12

Қара металлургия

1


1

4

13

Қара металлургия

1


1

4

14

Болат өндірісі

1


1

4

15

Болат өндірісі

1


1

4

16

Түсті металлургия

1

1

4

17

Түсті металлургия

1




4

18

Алюминий өндіріс

1

1

4

19

Алюминий өндірісі

1

1

4

20

Машина жасау кешені

1




4

21

Машина жасау кешені

1

1

4

22

Химия өнеркәсібі

1




4

23

Химия өнеркәсібі

1

1

4

24

Орман және ағаш өндеу өнеркәсібі

1




4

25

Орман және ағаш өндеу өнеркәсібі

1

1

4

26

Тоқыма өнеркәсібі

1

1

4

27

Тоқыма өнеркәсібі

1

1

4

28

Тамақ өнеркәсібі

1

1

4

29

Тамақ өнеркәсібі

1

1

4

30

Тамақ өнеркәсібі

1

1

4







30

24

126

9. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ

Лекция № 1

Тақырыбы: Кіріспе.

(1 сағат)

Жоспары:

1. Пәннің мақсат-міндеттері.

2. Пәнаралық байланысы.

3. Материалдық өндірістің салалары.


Лекцияның мақсаты:Қазақстандағы өнеркәсіп орындарын студенттерге таныстыру.

Лекцияның мәтіні.
1.Өнеркәсіп–Қазақстан шаруашылығының басты саласы.Экономикадағы барлық алға басушылық соған байланысты. Оның дамуы жаңа қалалар мен жолдар салуды ілестіре жүреді.Ол ауыл шаруашылығының, құрылыстың, қызмет көрсету саласының даму деңгейіне де үлкен әсер етеді. Сонымен бірге оның қоршаған ортаға да әсері зор.

Өнеркәсіптің құрылымы. Өнеркәсіптің құрылымы күрделі. Ол көптеген кәсіпорындардан тұрады. Өндіретін өнімнің, пайдаланатын шикізаттың немесе технологияның ұқсастығына байланысты кәсіпорындар салаларға бірігеді.

Барлық салалар 3 топқа бөлінеді. Олар бөлшек салаларға бөлінеді. Мысалы, отын өнеркәсібі мұнай, мұнай өңдеу, көмір және газ салаларын біріктіреді. Ал жеңіл өнеркәсіптің құрамына тоқыма, тігін, тері өңдеу, аяқ киім және т.б. салалар кіреді.

2.Өнеркәсіпте негізінен өндіріс құрал-жабдықтарын шығаратын (отын, металл, машиналар мен құрал-саймандар): энергетика, металлургия, машина жасау және т.б. басты рөл атқарады. Оларды ауыр өнеркәсіп деп атайды. («А» тобы). Әсіресе, маңыздылары машина жасау (онда жаңа машиналар мен құрал-саймандар жасалады), химия өнеркәсібі (жаңа материалдар) және электр энергетикасы. Олар экономиканың барлық салаларындағы ғылыми-техникалық прогресті анықтайды, сол үшін оларға салалардың «авангардтық үштігі» деген «атақ» берілген. Халық тұтынатын тауарларды өндіретін салаларды (азық-түлік, киім, аяқ киім), «Б» тобына жатқызады. Онда тамақ және жеңіл өнеркәсіптері ерекше орында.

3.Материалдық өндірістің салаларымен географиясы яғни өнеркәсіп, яғни ауыл шаруашылығы транспорт әлеуметтік экономикалық географияның басты салаларының бірі. Территория шаруашылық кешенді дамуы мен территориялық құрылымына баға беру үшін өнеркәсіпті жан-жақты зерттеу керек. Өнеркәсіпті зерттеудің басты мақсаты территорияның нақтылы табиғаттық географиялық және әлеуметтік экономикалық жағдайына сәйкес өнеркәсіпті оптимальдық құрылымын табу. Өнеркәсіпті зерттеуде қазіргі кезеңде мынадай жағдайға көңіл бөледі:Өнеркәсіптің орналасуы мен табиғатты қорғау мәселесіндегі өзара байланыс және олардың территориялық ерекшеліктері.



  1. Халықаралық еңбек байланысының өнерінің дамуымен орналасуына әсері.

Материалдық өндірістің басты салаларының бірі транспорт. Ол жаңа өнім бермейді, бірақ өндірілген өнімдерді тасмалдау арқылы оның құнын өсіреді. Транспорт географиясын негізінен 3 бағытқа бөліп қарастырады:

  1. Теориялық және әдістемелік негізі. Яғни транспорттың дамуы мен орналасу заңдылықтары әртүрлі транспортқа табиғат жағдайларының әсері, транспорт географиясының даму ерекшелігі, транспорттың экономикалық байланыстары, транспорттық бекеттер, транспорттар, аудандар.

  2. Глобальдық масштабта транспорттық географияны зерттеу.

  3. Әртүрлі аймақта, ауданда, қоғамдық фармациядағы транспорт жүйесін зерттеу.

1960 жылдан бастап әлеуметтік экономикалық географияның жаңа саласы халыққа қызмет көрсету сферасы дамыды. Бұл ғылым адамның экономикалық жағдайының жақсарту үшін оның территориялық ерекшелігі мен заңдылықтарын зерттейді. Материалыдық өндірістің салаларын далалық зерттеуде бір-бірімен байланысты үш мәселеде: даму деңгейі, құрылымы, территориялық ұйымына көңіл бөледі.

Өнеркәсіпті салалық әлеуметтік экономикалық зерттеу бірнеше тараудан тұрады.



  • Даму және орналасу факторы.

  • Өндіріс өнімінің көлемі және өсу қарқыны.

  • Салалық құрылымы, саланың өндірістік қорғаудың құны жалпы өнім және жұмыскерлер құрылымы бойынша өзіндік үлесі маманның және қосымша қызмет етуші салалар.

  • Жекелеген салаларда өзіндік сипаттама беру яғни кәсіп орынның құрылымы өндірістің өнімдер көлемі мен қарқыны оның тиімділігі, орналасуы, шикізат еңбек ресурстарын пайдалану.

  • Өнеркәсіп орындары, транспорты, кешендері.


Бақылау сұрақтары:

1.Курстың мақсаты, міндеті.

2.Өнеркәсіп орнының жіктелуі.

3.Өнеркәсіптің салалық құрылымы.

4.Өнеркәсіптің халық шаруашылығындағы орны.

Лекция № 2

Тақырыбы: Отын энергетикалық кешен.

(1 сағат)

Жоспары:

1.Отын өнеркәсібінің маңызы мен құрылымы, оның қолданылуы.

2.Өндіріс масштабы.
Лекцияның мақсаты:Студенттерді отын өнеркәсібінің түрлерімен таныстыру.

Лекцияның мәтіні.

1.Отын энергетикалык кешен отын өнеркәсібі мен электр энергетикасын біріктіреді, оның негізгі міндеті – халыќты шаруашылыќпен барлыќ салаларын ќамтамасыз ету үшін энергияның әр түрін өндіру және сыртќа шығару ОЭК отынды өндіру мен оны алғашќы өңдеуді электр энергиясы мен жылу өндіру оларды тұтынушыларға электр жеткізу желісі мен ќұбыр арќылы жеткізіп беру процестерін ќамтиды. Отын энергетика кешені еліміздегі барлыќ шаруашылыќ жұмыстарын ќамтып еңбек өнімділігін арттыруға көмектеседі. Ќазаќстанның ОЭК жоғарғы өсу ќарќыны күрделі ж±мсалымѓа тартымдылыѓы басќа салааралыќ кешендермен тыѓыз байланысшыларыныњ 20 пайызы жєне к‰рделі ж±мсалымныњ 2/3 бµлігі тиеді. ОЭК –металлургия µнімдерініњ ірі т±тынушысы. Оныњ тапсырысымен ірі машина жасау зауыттары орындайды. Отын темір жолмен тасымалданатын ж‰ктіњ жартысынан кµбін жєне су кµлігі ж‰ктерініњ 9/10 бµлігін ќ±райды. Кешенніњ ауданды ќалыптастырудаѓы рµлі зор. Энергетикалыќ кµздер µндірісті тартып ќалалар мен кенттердіњ µсуіне серпін береді. Сонымен ќатар ОЭК-біздіњ еліміз ‰шін негізгеі валюта табушысы. Оныњ Ќазаќстан тэкоспортындаѓы ‰лесі 3/5-тен астам. Кешенніњ табиѓи негізін энергетикалыќ ресурстар ќ±райды. Оѓан минералдыќ отын м±най кµмір мен су ќоры жатады. Біздіњ елімізде ядролыќ отынныњ жанѓыш таќта тастыњ жєне таусылмайтын энергетикалыќ ресурстардыњ – К‰н жєне жел энергиясыныњ мол ќазынасы бар. Ќазаќстан отынныњ барланѓан ресурстары жµнінен д‰ние ж‰зінде жоѓарѓы орындарды алады. Олар эканомиканы кµптеген он жылдыќтарѓа толыќ ќамтамасыз етуге жетеді. Отынныњ єр т‰рініњ жылу шыѓару ќасиеті бірдей емес. Оларды салыстыру ‰шін шартты отын деген арнаулы т‰сінік енгізілген. 1кг шартты отынныњ жану жылуы 7000 килокалорияѓа немесе 29 мегаджольге тењ. Соѓан байланысты 1 тонна кµмірді - 0,4т ш о жанѓыш таќта тасты 0,3 т ш о ал 1000м табиѓи газды-1,5т ш о тењестіреді. Есептеу арќылы 1т ш о орташа алѓанда, 2000 квт саѓ электр энергиясына тењ. Жоѓарѓы калориялы отын д‰ниеж‰зінде кењінен сатылып, бір ќ±рлыќтан екінші ќ±рлыќќа тасымалданады.

2.Аз калориялы энергоресурстарды алыс ќашыќтыќќа тасымалдау тиімсіз. Оларды жергілікті жерде пайдаланады. Олар отынныњ жергілікті т‰рлеріне жатады. Отынды µндіру мен пайдаланудыдыњ ќатынасын есептеу ‰шін отын-энергетикалыќ балансын ќ±растырады. Отын – энергетика балансы – отынныњ єр т‰рлері мен µндірілген энергияныњ шыѓарылуы мен пайдалануыныњ араќатынасы. Еліміздіњ отын энергетика балансы туралы жобамен алѓандаѓы т‰сінікті. Ќазаќстандаѓы энергоресурстарды пайдалану жылдан жылѓа µсуде. Оныњ ќ±рлымы да µзгерді. Табиѓи газ м±найдыњ ‰лесі кµбейді. Біраќ єзірге негізгі энергия кµзі кµмір болып саналады. Еліміздіњ ОЭК–і шетелдік компаниялармен ынтымаќтастыќтыњ басты сферасы. 1990 жылдары олар кешенніњ барлыќ саларында – м±най, газ, кµмір электр энергетикасы салаларында ж±мыс істей бастады. Б±л Ќазаќстандыќ кен орындарыныњ ірі аумаќты жєне µте к‰рделі болуымен байланысты. Оларды игеру ‰шін республикада ќажетті техналогия мен ќаржы болмады. Атаќты фирмаларѓа да ондай кен орындарын бір µздері игеру к‰рделі болып келеді. Сондыќтан олар уаќытша келісімдер жасайды. Одан да ірі тењіздік Ќашаѓан кен орнын игеру ‰шін алты компания бірікті.
Бақылау сұрақтары:

1.Отын өнеркәсібінің маңызы, құрамы.

2.Отынның түрлері , қасиеттері , қолданылуы.

3.Энергетикалық ресурстар.



Лекция № 3.

Тақырыбы: Отын – энергетикалық кешен.

(1 сағат)

Жоспары.

1.Энергияның түрлері мен көздері,олардың қасиеттері мен пайдалануы.

2.Энергетикалық ресурстар.

Лекцияның мақсаты: Отын энергетикалық кешеннің қасиеттері мен құрылымын студенттерге таныстыру.
Лекцияның мәтіні.

1.Отын энергетикалық кешенінің құралы құрылымы және маңызы отын энергетикалық кешен (ОЭК) отын өнеркәсібі мен оның негізгі міндеті халықты шаруашылықтың барлық салаларын қамтамасыз ету үшін энергияның әр түрлі өндіру және ОЭК отынды өндіру мен оны алғашқы өндіруді электр энергиясы мен жылу өндіру оларды тұтынушыларға электр жеткізу желісі (ЭЖЖ) мен құбыр арқылы жеткізіп беру процесстерін қамтиды.

Отын энергетика кешені еліміздегі барлық шаруашылық жұмыстарын қамтып еңбек өнімділігін арттыруға көмектеседі. Қазақстан ОЭК жоғары өсу қарқыны күрделі жұмсалымға тартымдылығы басқа салааралық кешендермен тығыз тығыз байланысы ерекшелендіреді оның үлесіне барлық өнеркәсіп жұмысшыларының 20%-ы және күрделі жұмсалымның 2/3 бөлігі тиеді.

ОЭК металлургия өнімдерінің ірі тұтынушысы оның тапсырыстарын ірі машина жасау зауыттары орындайды. Отын темір жолмен тасымалданатын жүктің жартысынан көбін және су көлігі жүктерінің 3/10 бөлігін құрайды.

Кешеннің ауданды қалыптастырудағы рөлі зор. Энергетикалық көздер өндірісті тартып қалалар мен кенттердің өсуіне серпін беруі. Сонымен қатар ОЭК біздің еліміз үшін негізгі валюта табушысы оның Қазақстан экспортындағы үлесі 3,5 тен астам.

2.Кешеннің табиғи негізін энергетикалық ресурстар құрайды. Оған минералдың отын (мұнай табиғи газ көмір мен су қоры өзеннің құлама суының энергиясы жатады. Біздің елімізде ядролық отынның уран жанғыш тақта тастың және таусылмайтын энергетикалық ресурстардың мал қазынасы бар. Қазақстан отынның барлығын ресурстары жөнінен дүние жүзінде жоғары орындарды алады. Олар экономиканы көптеген онжылдықтарға толық қамтамасыз етуге жетеді. Отынның әр түрінің жылу шығару қасиеті бірдей емес. Оларды салыстыру үшін шартты, отын деген арнаулы түсңнік енгізілген 1 кг – на шартты отынның жану жылу 7000 килоколограм (к калл) немесе 29 мегеджоулге МДж тең оған байланысты 1 тонна көмірді 1 тонна шартты отынға (ш.о) мұнайды 1,5 л тш.о теңестіреді. Есептеу арқылы 1 т. ш.о орташа алғанда 2000 квт жоғары калориялы отын мұнай табиғи газ көмір дүние жүзінде кеңінен сатылып бір құрлықтан екінші құрлыққа тасымалданады. Мысалы қоның көлі жағыш тақта тас алыс қашықтыққа тасымалдау тиімсіз оларды жергілікті түрде пайдаланады. Олар отынның жергілікті түрлеріне жатады. Отынды өндіру мен пайдаланудың қатынасын есептеу үшін отын энергетикалық балансын құрастырады.

Отын энергетика балансы отынның энергияның шығарылуы кірісі мен пайдалануының шығыс арақатынасы Еліміздің оятын-энергетика балансы туралы жобамен аландағы түсінікті.

Қазақстандағы энергоресурстарды пайдалану жылдан жылға өсуде оның құрылымы да өзгерді табиғи газ бен мұнайдың үлесі көбейді. Бірақ әзірге негізгі энергия көзі көмір болып саналады.

Еліміздің ОЭК-і шетелдік компоненттері мен ынтымақтастықтың басты сферасы 1990 жылдары олар кешеннің барлық салаларында мұнай газ көмір электр энергетикасы салаларында жұмыс істей бастады. Бұл Қазақстанды кен орындарының ірі аумақты және өте күрделі болуымен байланысты оларды игеру үшін республикада қажетті технология мен қаржы болмады.
Бақылау сұрақтары:

1.Өнеркәсіп өндірісін ұйымдастырудың негізгі түрлері.

2.Шоғырландыру.

3.Мамандану.

4.Ынтымақтасу.

5.Құрамдастыру.




Лекция № 4.

Тақырыбы: Мұнай өнеркәсібі.

(1 сағат)

Жоспары:

1.Мұнайдың қасиеттері және қолданылуы.

2.Мұнайды өңдеу.

3.Мұнайды алғашқы өңдеу


Лекцияның мақсаты:Мұнайдың қасиеттері мен оны өңдеу жолдарымен таныстыру.

Лекцияның мәтіні.

1.Отын энергетика кенініњ б±л саласы екі тармаќќа бµлінеді, м±най жєне газ шыѓару м±най жєне газ µњдеу. Ќазаќстанда єсіресе м±най жєне газ шыѓару саласы дамыѓан. Ќазаќстан жерінде бірінші м±най фонтанын 1889 жылы Ќараш±нѓыл барлау алќабы атты, кейін Доссор 1911 жыл жєне Маќат 1915 жыл екі м±най кен орындары іске ќосылды. Осы ‰ш м±най кен орындары республиканыњ батысында Атырау облысында орналасќан. М±най с±йыќ каустобалиттерге жататын табиѓи шикізат. Ашыќ сары, жасыл жєне ќошќыл ќоњыр рењді кейде ќара т‰сті болып келетін, ультрак‰лгін сєулелерден жарыќ шыѓаратын с±йыќтыќ. М±най µндіру µнеркєсібініњ терењнен б±рѓалау скважиналары ал таяздан арнаулы тау кен ќазбалары арќылы м±най жєне онымен бірге кездесетін газ µндіруге арналѓан саласы. Д‰ние ж‰зінде µндірілетін м±найдыњ дені ќ±рлыќта жєне тењізде б±рѓыланатын скважиналардан алынады. М±найы т±тќыр жєне терењ орналасќан м±най кендері ѓана шахталыќ єдіспен немесе ашыќ карьерлер арќылы µндіріледі. 2.М±най µндірісі адамзатќа кµне заманнан белгілі.Таяз ќабаттан шыѓатын м±найды ќ±дыќтарѓа жинаќтау єдісі Шыѓыс елдерінде ерте кезден–аќ пайдаланылѓан. Россиядаѓы ењ алѓашќы м±най заводы Ухта µзенініњ бойында 1745 жылы салынды. М±най µнеркєсібі ауыр µнеркєсіп саласы. Ол м±най жєне сонымен бірге алынатын газды µндіруді м±найды жєне м±най µнімдерін ќ±быр арќылы тасымалдауды ќамтиды. М±най µнеркєсібі отын µнеркєсібіндегі жетекші рµлді атќарады. Сонымен бірге негізгі стратегиялыќ шикізат кµзі болып есептеледі. М±найдан 300 т‰рлі µнімніњ т‰рін алады. Ењ ќажетті µнімдерініњ бірі машиналарѓа арналѓан отын жєне химия µнеркєсібіндегі полимер материалдарыныњ негізгі шикізаты. Ќазаќстандаѓы м±най µнеркєсібі 19 ѓ. аяѓынан бастап ќолѓа алынды. 1911 ж. Орал–Ембі м±най газ алабындаѓы Доссор кенішінен игеріле бастады. Оныњ жењіл майлы м±найы кµбінесе зымырандардыњ отыны жєне майлаѓыш майлар ретінде пайдаланылды. 1960 ж. ортасында осы аймаќтаѓы Мањѓыстау алабы ашылды. Ондаѓы ¤зен жєне Жетібай кен орындарыныњ м±найы ќ±рамында парафинніњ кµп болуынан бµлме температурасыныњ µзінде илене бастауы. 1970 ж. аяѓында геологтар оншалыќты терењ емес ќабаттардан Ќаражанбас, Ќаламќас жєне т.б. кен орындарындаѓы м±найѓа барлау жасады. 1980 ж. басында республикамызда ‰шінші м±най–газ алабы –Оњт‰стік Торѓай ашылды. Ірі кен орны Ќ±мкµл. Ќ±мкµл м±найы тез ќатады жєне ќ±рамында табиѓи газ бар. 1990 ж. басында ењ ‰лкен м±най–газ алабы ашылды. Ќазаќстан-Каспийшельф компаниясы Каспий тењізініњ солт‰стігіндегі ќайрањнан ењ ‰лкен м±най кен орны Ќашаѓанда ашты. М±най ќоры жаѓынан 4,8 млрд тонна Ќашаѓан д‰ние ж‰зінде ‰шінші орында. 3.М±найыныњ ќ±рамы Тењіз кен орныныњ м±найына ±ќсас. М±найды µндіруде ірі компаниялар Шеврон –Тексако, Ќытай ¦лттыќ м±най компаниясы, Петро–Ќазаќстан компаниясы Ќ±мкµл м±найын игеруде. Ќазаќстанныњ ењ ірі ±лттыќ м±най компаниясы ЌазМ±найГаз. Ќазаќстандаѓы магистральді м±най ќ±бырыныњ ±зындыѓы 7000 км артыќ. М±най µндірудіњ жылдам жєне ќарќынды дамуы елімізде жеке танкерлер флотыныњ пайда болуына єсер етті. Астана жєне Алматы танкерлері тењіз арќылы Ресей жєне Єзербайжан порттарына Ќазаќстанныњ м±найларын жеткізуде.
Бақылау сұрақтары:

1.Мұнай өнеркәсібінің қасиеттері және оны қолдану.

2.Мұнай өндіру.

3.Мұнай өнімдерін сақтау , тасмалдау.

4.Мұнай өңдеудің әдістері , оларды пайдалану.

Лекция № 5

Тақырыбы: Мұнай өнеркәсібі.

(1 сағат)

Жоспар:

1.Мұнайды физикалық және химиялық тәсілмен өңдеу.

2.Мұнай өнімдері және оның қолданылуы.
Лекцияның мақсаты:Мұнайды өндеу тәсілдерін,өнімдері мен қолданылуымен студенттерді таныстыру.
Лекцияның мәтіні.

1.Мұнай өнеркәсібі географиясының маңызды ерекшеліктерінің бірі мұнай қорының 80 % -ға жуығының және өндірілетін өнімнің 50%-ның Таяу Шығыста және дамушы елдерде орналасуы.

Мұнай дүниежүзіндегі 90-нан астам елде өндіріледі. өндірілетін мұнайдың 40%-дан астамын ОПЕК елдері құрайды. Оның ішінде Парсы шығанағы жағалауындағы елдерге дүние жүзіндегі мұнай қорының 2/3-сі және өндірілетін мұнайдың 1/3-і тиесілі. Дүниежүзінде мұнайды өндіруден жектекші елдерге: Сауд Арабиясы, БАӘ, Иран, Ирак, Ресеий жатады. 20-ғасырдың кейінгі жартысында мұнай өндіру Қытайда, Қазақстанда қарқынды өрлеуде. Қазақстаннның 62% аумағы мұнайлы-газды деп саналады.

Парсы шығанағы елдерінен басқа мұнай Латын Америкасында, Солтүстік Америкада, Африкада, Батыс Еуропада, ТМД елдерінде сонымен қатар Австралия және Мұхиттық аралдарда өндіріледі.Дүниежүзіндегі өндірілген мұнайдың 40%-дан астамы халықаралық саудаға түседі. Дүниежүзілік шаруашылықта мұнайды өндіру және оны тұтынуда орасан зор аумақтық алшақтық байқалады. Оны жою мақсатында мұхит арқылы мұнайды тасмалдайтын мұнай көпірлері қалыптасты.Мұнайды шетке шығаратын елдер: Ресей, Ұлыбритания, Нарвегия, Мексика, Сауд Арабиясы, Қазақстан т.б. өңдеу мен айыру негізінен дамыған елдердің үлесінде. ҚХР-да мұнай өндірумен айналысып келуде. Ресейде мұнай өндіретін негізгі аудан Батыс Сібір ауданы.

2.Мұнай өндірудің бірден-бір жағдайын қатал көліктің жетуі қиын өңірлерге жылжуына байланысты оны өндіруге жұмсалатын шығындар едәуір өсуде.

АҚШ-та мұнай оңтүстікте, ал соңғы жылдары Аляска қайранында өндірілуде. Энергетикалық дағдарыс жылдарында бұл елдің мұнайды импорттау географиясы күрт өзгерді.

80 жылдардың ортасында мұнай бағасының күрт төмендеп кетуі ОПЕК-ке мүше елдердің мұнайды өндіруді азайтуға қатысушы елдері өндірудің жоғарғы есептерін қатаң есептеуге мәжбүр етті.

Мұнай тасмалдаудың негізгі бағыттары Парсы шығанағында аса ірі мұнай портттарынан басталып, Батыс Еуропа мен Жапонияға қарай ағуда.

Ең ірі танкерлер алыс жолмен Африканы айналып өтті.

Суэц каналы арқылы мұнай тасымалданады. ШығысЕуропа елдерін мұнаймен жабдықтауда Ресей басты орын алады.

Мұнай өнеркәсібі отын өндірісінде жетекші рөлді атқарады. Сонымен бірге негізгі стратегиялық шикізат көзі болып табылады.
Бақылау сұрақтары:

1.Мұнай өнеркәсібінің қасиеттері және оны қолдану.

2.Мұнай өндіру.

3.Мұнай өнімдерін сақтау , тасмалдау.

4.Мұнай өңдеудің әдістері , оларды пайдалану.
Лекция № 6

Тақырыбы: Табиғи газ өнеркәсібі.

(1 сағат)

Жоспар:

1. Табиғи газ және оның түрлері.

2. Құрылымы, қасиеттері және қолданылуы.




Лекцияның мақсаты:Табиғи газдың түрлері мен қасиеттерін студенттерге таныстыру.

Лекцияның мәтіні.

1.Газ өнеркәсібі мұнай өнеркәсібіне қарағанда жас салалардың бірі. Оның жан-жақты игерілуі 1960 жылдарда Маңғыстау мұнай-газ алабынан басталады. Соған дейін тек қана мұнаймен бірге шығатын ілеспе газды игерумен шектеліп келді. Газ өндіру көлемі көп жылдар бойы баяу жылжыды. Оның серпіліп кең көлемде өндірілуі КПО консорциумының Қарашығанақ кен орнын игеруімен байланысты болды. Қарашығанақ республикамыздағы газ өнеркәсібінің өркендеуін жеделдетіп экспортқа шығаруға мүмкіншілік берді. Отынның ішінде газ - жоғары қуаттылығы бар, салыстырмалы түрде арзан және тасымалдауға қолайлы. Сонымен бірге химия өнеркәсібінің құнды шикізатының бірі. Оны - пластмасса, химиялық талшық, синтетикалық каучук, азот тыңайтқышын шығаруда қолданады. Халықтың үй тұрмысында отынмен қамтамасыз етуде рөлі жоғары.

Қазіргі кезде республикамызда көптеген газ қорлары барланды. Бірақ 2/5 бөлігі Қарашығанақ кен орнының үлесінде. Келесі ірі кен орындарына Қашаған, Имашев, Жаңа жол жатады. Газдың негізгі қоры көбінесе мұна-газ кен орындарында мұнаймен бірге кездеседі. Оңтүстігімізде Шу- Сарысу газ алабы біртіндеп қолға алынып, игеріле бастады. Қазір республикамыз ілеспе газбен бірге табиғи газды да өндіруде. Оны негізінен газконденсат және газ кен орындары береді. Сондықтан да газ өнеркәсібінің географиялық таралуы мұнай өнеркәсібінің таралуымен парапар. Батыс Қазақстан - бұл өнеркәсіптегі жетекші облыс. Өндірілген шикі газ құрамында су, сұйық көмір, сутегі, күкіртті сутек кездеседі. Сол себепті де алғашқы кезде газ еліміздегі немесе шет елдердегі тұтынушыларға жеткізіледі. Газдың біраз бөлігі жоғары қысыммен арнайы ұңғыма арқылы мұнай қабатына жіберіледі. Мұндай әдіс мұнайды өндіруді жеңілдетеді.

Мемлекетіміздегі өндірілген газдың көлемі тұтынылатын газдың көлемінен артық. Бірақ мемлекет ішінде газбен қамтамасыз етілу толық дамыған.

Табиғи газ еліміздің 9 облысына ғана жеткізілген. Қалған облыстар МӨЗ-ы өндірген сұйық (ерітілген) газды пайдалануда Бұл жағдайлар тасымалдаушы газ құбырларының жоқ болуынан. Газ құбырларының жалпы ұзындығы, мұнай құбырларынан да ұзын (10000км-ден де жоғары). Онгың негізгі бөлігі транзитті газ құбырлары Орта Азия - Орталық (ОАО) және Бұхара - Орал. Осы құбырлар арқылы Түрікменстан мен Өзбекстанның газы Ресейге, Украинаға, басқа елдерге жеткізіледі. Тек қана Бұхара - Алматы газ құбыры Қазақстанның оңтүстік аудандарын табиғи газбен қамтамасыз етеді. Республикамыздағы өзекті мәселенің бірі бірыңғай газ құбыры жүйесін құру.

Қазіргі кезде қазақстандық тұтнушыларға «ҚазТрансГаз А лматы» және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ры және компанияның еншілес кәсіпорындары жеткізіп береді.

2.Қазақстанның көршілері табиғи газды өндіру мен пайдалануда жоғары деңгейлі мемлекеттер болып табылады. Сондықтан географиялық орнына байланысты біздің еліміз арқылы газдың транзиттік бағыттары өтеді. Осыған байланысты Қазақстанның транзиттік әлеуетін тиімді әрі ұтымды пайдалану «ҚазТрансГаз» АҚ-ның газ тасымалдаау саласындағы стратегиялық міндеті болып саналады.

2007 ж. от жағу маусымы басталар алдында Қазақстанның оңтүстік облыстарында электр қуаттары тарифтерін төмендету де әлеуметтік шаралардың бірі болып табылады. Атап айтар болсақ республика Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес «Самұрық» мемлекеттік холдингі «ҚазМұнайГаз» және «ҚазТрансГаз» АҚ-на Жамбыл ГРЭС-не қосымша көлемде табиғи газ жеткізу жөнінде тапсырма берген. Соған орай Өзбек газын жеткізу көлемін ұлғайту жөнінде ресейлік «ГазПром» ААҚ-пен уағдаластыққа қол жеткізілді. Ал Жамбыл ГРЭС-дегі электр энергиясы тарифін алғашқы белгіленген әр кВт сағат үшін 6 теңгеден 4, 5 теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Оның өзі шамамен 27-28% құрайды.


Бақылау сұрақтары:

1.Газ өнеркәсібі , жанар газдың түрлері.

2.Газдың құрамы , қасиеттері.

3.Қазіргі кезде Қазақстандық тұтынушыларға газды қай компаниялар жеткізіп отырады.



Каталог: CDO -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)
Tar -> «Жалпы гидрология» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет