Лекция: 30 сағат Семинар: 24 сағат СӨЖ: 126 сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)



бет2/7
Дата03.05.2016
өлшемі1.5 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Лекция № 7

Тақырыбы: Табиғи газ өнеркәсібі.

(1 сағат)

Жоспар:

1.Өндіру,тасымалдау және сақтау.

2.Табиғи газдан алынатын өнімдер.
Лекцияның мақсаты:Табиғи газдан алынатын өнімдермен таныстыру.
Лекцияның мәтіні.

1.Қаз Мұнай Газ ұлттық мұнай газ холдингінің құрамына кіретін ҚазТарансГаз ұлттық компаниясы АҚ өзінің 2007 ж өндірістік шаруашылық қызметін жеткілікті деңгейде табысты деген тұрғыда сипаттады. Қазақстанның көршілері табиғи газды өндірумен пайдалануда. Жоғары деңгейлі мемлкеттер болып табылады. Сондықтан географиялық орналасуына байланысты біздің еліміз арқылы газдың транзиттік бағыттары өтеді. Осыған байланысты Қазақстанның транзиттік әлеуметтілігі тиімді әрі ұтымды пайдалану қажет.

Қазіргі таңда табиғи газды Қазақстандық тұтынушыларға ҚазТрансГаз Алматы және ҚазТрансГаз аймақ акционерлік және компанияның еншілес кәсіпорындары жеткізіп беріп отырады.

Газ өнеркәсібі мұнай өнеркәсібіне қарағанда жас салалардың бірі. Оның жан-жақты игерілуі 1960 жылдарда Маңғыстау мұнай – газ алабынан басталады. Соған дейін тек қана мұнаймен бірге шығатын ілеспе газды игерумен шектеліп келді. Газ өндіру көлемі көп жылдар бойы баяу жылжыды. Оның серпіліп кең көлемде өндірілуі КПО консорциумының Қарашығанақ кен орнын игеруімен байланысты болды. Қарашығанақ республикамыздағы газ өнеркәсібінің өркендеуін жеделдетіп экспортқа шығаруға мүмкіншілік берді. Отынның ішінде газ - жоғары қуаттылығы бар, салыстырмалы түрде арзан және тасымалдауға қолайлы. Сонымен бірге химия өнеркәсібінің құнды шикізатының бірі. Оны - пластмасса, химиялық талшық, синтетикалық каучук, азот тыңайтқышын шығаруда қолданады. Халықтың үй тұрмысында отынмен қамтамасыз етуде рөлі жоғары.

Қазіргі кезде республикамызда көптеген газ қорлары барланды. Бірақ 2/5 бөлігі Қарашығанақ кен орнының үлесінде. Келесі ірі кен орындарына Қашаған, Имашев, Жаңажол жатады. Газдың негізгі қоры көбінесе мұнай-газ кен орындарында мұнаймен бірге кездеседі. Оңтүстігімізде Шу-Сарысу газ алабы біртіндеп қолға алынып, игеріле бастады.

2.Қазір республикамыз ілеспе газбен бірге табиғи газды да өндіруде. Оны негізінен газконденсат және газ кен орындары береді. Сондықтан да газ өнеркәсібінің географиялық таралуы мұнай өнеркәсібінің таралуымен парапар. Батыс Қазақстан - бұл өнеркәсіптегі жетекші облыс. Өндірілген шикі газ құрамында су, сұйық көмір сутегі, күкіртті сутек кездеседі. Сол себепті де алғашқы кезде газ өңдеу зауыттарында өңдеуден өткізіледі. Өңделген газ сол күйінде еліміздегі немесе шет елдердегі тұтынушыларға жеткізіледі. Газдың біраз бөлігі жоғары қысыммен арнайы ұңғыма арқылы мұнай қабатына жіберіледі. Мұндай әдіс мұнайды өндіруді жеңілдетеді.

Мемлекетіміздегі өндірілген газдың көлемі тұтынылатын газдың көлемінен артық. Бірақ мемлекет ішінде газбен қамтамасыз етілу толық дамымаған.Табиғи газ еліміздің 9 облысына ғана жеткізілген. Қалған облыстар МӨЗ-ы өндірген сұйық (ерітілген) газды пайдалануда. Бұл жағдайлар тасымалдаушы газ құбырларының жоқ болуынан. Газ құбырларының жалпы ұзындығы, мұнай құбырларынан да ұзын (10000 км-ден де жоғары). Оның негізгі бөлігі транзитті газ құбырлары Орта Азия - Орталық (ОАО) Бұхара-Орал. Осы құбырлар арқылы Түрікменстан мен Өзбекстанның газы Ресейге, Украинаға, басқа елдерге жеткізіледі. Тек қана Бұхара-Алматы газ құбыры Қазақстанның оңтүстік аудандарын табиғи газбен қамтамасыз етеді. Республикамыздағы өзекті мәселенің бірі бірыңғай газ құбыры жүйесін құру.

Бақылау сұрақтары:

1.Табиғи газдарды өндіру , сақтау , тасымалдау.

2.Газ құбырлар жүйесі.

3.Не себепті алғашқы кезде газ өндеу өнеркәсіптерінен өндеуден өтеді.



Лекция № 8

Тақырыбы: Көмір өнеркәсібі.

(1 сағат)

Жоспар:

1. Қазынды көмірдің түрлері және олардың қасиеттері.

2. Көмірді өндіру.
Лекцияның мақсаты:Көмірдің түрлерімен таныстыру.Көмір кен орындарын анықтау.
Лекцияның мәтіні.

1.Көмір өнеркәсібі- ауыр индустрияның аса маңызды салаларының бірі. Ол қазба көмірді өндіру және өңдеу(байыту және брикеттеу ) шараларын қамтиды. Көмір өнеркәсібі халық шаруашылығының ең көне саласы.

Қазақстанда көмір өнеркәсібінің тууы ХІХ ғасырдың ортасына жатады. 1855ж. Қарағанды, 1869ж. Ленгір, 1895ж. Екібастұз көмір кен орындары іске қосыла бастады. Шағын рудниктер мен заводтар және жергілікті халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін өлкеде кішігірім көмір кен орындары да пайдаланылды.

Халық шаруашылығын индустрияландыруға байланысты Қазақстанда көмір өнеркәсібі 30 жылдары Қарағанды бассейнін қарқынды игеру негізінде кеңінен дамыды. Бұл көмір кен орнының КСРО-ның ірі көмір базасына айналуына себеп болған оның ұтымды географиялық орналасуы, көмірдің мол көзі және оның кокс өндіруге жарамдылығы.

Қарағанды көмір бассейнінің маңызының өсуіне себеп біріншіден, оған жақын жерде мол темір, марганец және жез рудаларының ашылуы, сөйтіп металлургия, тау-кен, химия және өнеркәсіптің басқа салаларының дамуына қолайлы жағдай тууы; екіншіден, Қарағандының оның өнімін пайдаланатын Оралға, Еділ бойына және Орта Азияға жақын орналасуы.

Көмірдің геологиялық қоры 51млрд. тонна деп бағаланады және ол 3000 шаршы км тығыз қабатта жатыр. Қарағанды көмір қорының 40%-ы кокс шығаруға жарамды. Көмірдің құрамында күкірттің және фосфордың аздығы сапалы кокс өндіруге мүмкіншілік береді, ал бұл болса азкүкіртті және азфосфорды шойын өндіруге өте маңызды.

Павлодар облысында келешегі мол Екібастұз көмір кен орны орналасқан. 1954жылы Екібастұз бассейні іске қосылды. Көмір қабатының геологиялық жағдайы кенді ашық тәсілмен қазуға мүмкіншілік беруі бұл бассейннің бірегейлігін дәлелдейді.

Отын-энергетикалық құрылымын талдау, республикада қат-қабат пеш пайдаланатын бу жіберетін қазандар орнатылған кәсіпорындарға қажет арзан көмірлер жетіспейтіндігін көрсетеді. Бұл себептен Павлодар облысындағы Майбөкен бассейнінде көмір шығаруды молайтудың маңызы өте зор. Бұл бассейннің көмірі жоғары сапалы, жеңіл балқытылады және арзан. Мамандардың пікірі бойынша, келешекте Майбөкен көмір кен орнында жылына 20-25млн. тонна көмір шығаруға болады.

Қостанай облысының шығыс жағында Обаған басейнінде ірі көмір қоры барланған, оның геологиялық қоры 50млрд. тоннадан астам.

Қазақстанда көмір өнеркәсібінің дамуына байланысты мәселелерді шешу кезінде екі күрделі байланысты екі негізгі технологиялық және экономикалық тиімділігін ескеру қажет. Біріншісі, көмірдің әртүрлі қасиетінің сапалық сипаты оларды халық шаруашылығында пайдаланудың ерекшелігін ескеруді қажет етеді; екіншісі, көмір өнеркәсібінің экономикалық тиімділігінің деңгейін көрсетеді.

2.Соңғы жылдары көмір өндіру өнеркәсібі біршама шапшаң дамып келеді. Мұның өзі энергетикалық жағдайдың шиеленісуімен байланысты. Көмір өндіретін негізгі елдерге ҚХР, АҚШ, Ресей, Польша жатады. ҚХР-да көмірдің көбі елдің шығыс аудандарында өндіріледі. АҚШ-та көмірдің басты бассейні Апалачи, мұнда көмір ең жақсы жағдайда өндіріледі, 60% ашық әдіспен өндіріледі. Ресейдің ірі көмір шығаратын аудандары Кузнец және Иркутск.

Дүние жүзілік нарықта көмірдің бәсекелестік қабілетінде оның өзіндік құны аса маңызды рөл атқарады. Ал мұның өзі ашық, қазып алу мүмкіндігіне көмір қабаттарының қалыңдығымен орналасу ерекшеліктеріне байланысты.

Көмірді экспортқа шығарушы,өндіру жағдайлары жақсы елдерге АҚШ, Ресей, ОАР жатады. Қоңыр көмір өндіру жөнінен Германия дүние жүзінде бірінші орында. Көмір металлургияда, электр энергетикасында, коммуналды-тұрмыстық шаруашылықта кеңінен пайдаланылады, шикізат ретінде химия өнеркәсіптерінде қолданылады. Кокстелетін көмірден кокс алу барысында газ және шайыр бөлініп шығып, азот тыңайтқышын, пластмасса, синтетикалық талшық, бояғыштар жасауда қоспа ретінде қолданылады. Қазақстан Республикасы көмір ресурстарымен толық қамтамасыз етілген. Республикамызда көмірдің геологиялық қоры 162млрд. тонна. 1950ж. орта кезінен бастап Екібастұз көмір алабы жағынан Қарағанды көмір алабынан басып озып, қазіргі кезде негізгі көмір кен орындары Майкүбі, Шұбаркөл кен орындарымен бірге жұмыс істей бастады . Семей полигоны жабылған соң Қаражыра көмір кен орны игеріле бастады. 1990 ж. болған экономикалық дағдарыстан кейін көмір өнеркәсібі қайтадан ік құны жоғары болады. Байытылған көмір – брикетке айналып, тұтынушыларға жіберіледі. Қарағанды көмірін негізгі тұтынушылар – Қазақстан мен Ресейдің металлургиялық зауыты мен электр станциялары. Екібастұз көмір алабы шеткеректе орналасқанымен мемлекетіміздің көптеген өнеркәсіп аудандарымен темір жолдар арқылы байланысқан. Екібастұз көмірі тас көмір болғанымен, күлі көп, сапасы төмен, өте ауыр байытылады және кокстеуге келмейді. Екібастұз көмірі республикада өзіндік құны ең арзан көмір болып табылады. Екібастұз көмір алабынан оңтүстікке қарай Майкүбі қоңыр көмір алабы кездеседі. Көмірі төмен сапалы, бірақ күлі аз, құрамында күкірті аз болып келеді. Бұл көмірді байытуға, брикеттеуге, сонымен бірге ұзақ уақытқа сақтауға болады. Коммуналды-тұрмыстық шаруашылыққа пайдалануға таптырмайтын көмір түрі. Майкүбі көмірін ашық әдіспен алады, өзіндік құны арзан.
Бақылау сұрақтары:

1.Көмір өнеркәсібінің қасиеттері.

2.Жер асты көмірлерінің жүйелері.

3.Көмір өндіру жүйелері.



Лекция № 9

Тақырыбы.Көмір өнеркәсібі.

(1 сағат)

Жоспары:

1.Көмірді энергетикалық және технологиялық мақсатта пайдалану.

2.Кокстеу,газға айналдыру және сұйылту,алынатын өнімдер.

Лекцияның мақсаты: Көмірді қандай мақсатта пайдалану жолдарымен таныстыру.

Лекцияның мәтіні.

1.Қазақстан Республикасы көмір ресурстары мент толық қамтамасыз етілген мемлекеттердің қамтамасыз жатады.Республикадағы көмірдің геологиялық қоры.162 млрд қазіргі деңгеймен өндіріп отырсақ 200 жылдан астас уақыт жетеді мемлекетіміздегі көмір өнеркәсібі ХІХ ғасырдың орта кезінен бастап қолға алына бастады. Алғашында Қарағанды --- Екібастұз және Шығыс аймақтарда игерім бастады. 1930ж алғашқа болып. Қарағанды көмір алабы игеріліп. Сол кездегі КСРО мемлекетінің үшінші көмір алабына айналды. 1950 жылдың орта кезеңінен бастап Екібастуз көмір алабы игерім бастады. 20 жылдың ішінде өндіріс көлемі жағынан қарағанды көмір алабы басып озып, қазіргі кезде негізгі көмір бозамызға айналды. Өткен ғасырдың 80-жылдарында жаңа кен орындары.Майкүбі Шұбар көп және Семей полигоны жабылған соң қаржы игеріле бастады.Қазіргі кезде Республикада 15 көмір кен орындары мен алаптары игерілуде.

2.Көмір қабатының қалыңдыңы 1,5-15 метр,бірақ тереңде орналасқан қазып алынатын орташа тереңдігі 300 метр. Сондықтанда жер астында шахталық әдіспен өндіріледі.Бұндай жағдайда өндірілген көмірдің өзіндік құны жоғары болды 1 тоннасы 17 АҚШ доллары.Соңғы жылдардағы мұндай және газ өнеркәсібінің қарқынды дамып келе жатқандығына қарамастан пайдаланылатын оттың 3/5 бөлігі көмірдің үлесіне тиеді. Көмір металлургияда, электр энергетикада комуналды-тұрмыстық шаруашылықта пайдаланылады. Шикізат ретінде химия өнеркісібіндеқолданылады. Кокістелген көмірден кокс алу барысында газ және шойыр бөлініп шығып азот тыңайтқышын, пласмаста синтатикалық талшық болғыштар жасауда қоспа ретінде қолданылады.


Бақылау сұрақтары:

1.Көмір өнеркәсібінің қасиеттері.

2.Жер асты көмірлерінің жүйелері.

3.Көмір өндіру жүйелері.

4.Көмірді байыту , көркейту.

Лекция № 10

Тақырыбы:Электроэнергетика.

(1 сағат)

Жоспары:

1Электроэнергетиканың халық шаруашылығындағы маңызы,басқа салалармен байланысы.

2. Су электр станциялары, оның артықшылығы және кемшілігі.

3. Атом электр станциялары.


Лекцияның мақсаты: Электр энергиясы,оның халық шаруашылығындағы маңызын қарастыру.
Лекцияның мәтіні.

1.Электр энергетикасы- Қазақстан Республикасы экономикасының аса маңызды салаларының барынша прогресшіл турлерінің бірі. Қазақстанның су байлықтары ғана жылына 163 млрд т квт сағат электрэнергетиканы өндіруді қамтасыз ете алады.Қазақстанның электр станциялары 1989ж 90 млрд квт сағатқа жуық электроэнергетика өндірді. Ертіс өзенінде – Бұқтырма Өскемен, Сырдарияда-(Ертіс) Шардара, Іледе-Қапшағай СЭС салынған. Барлық электр станцияларын жоғары вольтты бір желіге біріктіретін біріңғай энергетика жүйесін құру Қазақстан Республикасы электрэнергетика дамытудың аса маңызды міндеті болып табылады.Қазір елімізде жергілікті бірнеше энергетика жүйелері бар: Алтай,Орталық Қазақстан,Павлодар,Алматы.СЭС-тердің үлесі 20% қурайды.СЭС-терден электр энергияны көп өндіру АҚШ,Ресей,Бразилия,Канада,Қытай елдерінде жақсы алға қойылған. Норвегия түгелімен дерлік электр энергиясын СЭС-терден алады. Дамушы елдерден Бразилия елдегі бүкіл электр энергиясының 93% -ға жуығын СЭС –терден өндіреді.

3.АЭС,ядролық электр станциясы ядро энергиясын электр энергетикада турлендіретін қондырғы.Бұл тәсіл бірінші рет СССРден жүзеге асырылды 1954ж Обнин Қазақстанда дүние жүзілік тұңғыш ток АЭС берді.Оның қуату 5мвт болатын. АЭС біреу ғана Ақтауда 1973ж салынған. Бұл дүние жүзінде шапшаң нейтронды реактормен жумыс істейтін бірінші АЭС.Атом электр станцияларына дүние жүзінде өндірілген электр энергиясының 1/6і тиесілі.АЭС –тер 30 елде салынған. Ірілері:Фукусима (Жапония) Гравлин (Франция),Брус (Канада),Ангра (Бразиля). Ірі АЭС-АЭС Обниск қаласында 1954 салынды.Қазір Ресейде 29 АЭС бар.Смоленск,Тверь,Курск,Нововоронеж ,Ленинград бұлардың жалпықуаты 4млн квт. Атом ядросы –протандар мен нейтрондардан тұратын атомыныңорталық және ең ауыр бөлігі Оның орташа тығыздығы 70/14г/см 3 ал радиусы 10 -12-10-13см.ядролық отын ретінде реакторда уран ( v 232-235-238 ) плутний Ри 239 ториc Th 232 пайдаланды.

Бақылау сұрақтары:

1.Электр энергетикасы маңызы , құрамы.

2.Жылу электр станциялары.

3.Атом электр станциялары.

4.Су электр станциялары пайдаланудың маңызы.
Лекция № 11.

Тақырыбы: Электроэнергетика.

(1 сағат)

Жоспары:

1.ЖЭС –лары олардың түрлері,технологиялық сызбасы,орналасу ерекшеліктері.

2.СЭС-нің типтері,жұмыс істеу принциптері


Лекцияның мақсаты: Электроэнергетика,олардың жұмыс істеу принциптерімен танысу.
Лекцияның мәтіні.

1.Электр энергетикасы. Отын – энергетика шаруашылығында электр энергетикасының үлесі жылдан-жылға ұлғайып келеді.Өндірілген электр энергиясының негізі (65%-ға жуығын) ЖЭС-терге тиесілі. СЭС-тердің үлесі 20%-ды құрайды. СЭС-терден электр энергияны көп өндіру АҚШ, Ресей, Бразилия, Канада, Қытай елдерінде жақсы жолға қойылған.Норвегия түгелімен дерлік электр энергиясын СЭС-терден алады. Дамушы елдерденБразилия елдегі бүкіл электр энергиясының 93%-ға жуығын СЭС-терде өндіреді. ТМД елдерінде бұл топқа Қырғызыстан мен Тәжікстан кіреді.

Атом электр станцияларында дүние жүзінде өндірілген электр энергиясының 1/6-і тиесілі, АЭС-тер 30 елде салынған.Ірілері: Фукусима (Жапония), Гравлин (Франция), Брус (Канада), Ангара (Бразилия), т.б.

2.Ірі АЭС-тер АҚШ-та, Жапонияда, Францияда, ГФР-де және Ресейде орналасқан. Бұл елдерде энергияны аулдың “толық ядролық циклі” қалыптасқан. Мысалы, дүние жүзіндегі өндірілген электр энергиясының жан басына шаққандағы мөлшері жылына 2,5 мың кВт-сағ құрайды. Экономикасы дамыған елдерде бұл көрсеткіш 5-10 мың кВт-сағ-қа дейін көрсетсе, дамып келе жатқан кейбір елдерде 1 мың кВт-сағ-қа да жетпейді.ХХ ғасырдың соңында дәстүрлі емес электр энергиясы кездері бүкіл өндірілген электр энергиясының 1%-ға жуығын берді. Негізінен, мұндай энергияны геотермальды электр станциялары, су толқынына негізделген электр станциялары және жел электр станциялары құрайды. Мұндай баламалы электр станцияларының келешегі зор. Жел өтінде орналасқан электр станцияларының біздің елімізде де болашағы бар.




Бақылау сұрақтары:

1.СЭС- тердің жұмыс істеу принциптері.

2.Дүние жүзіндегі ең ірі АЭС қайда орналасқан.

3.Қай елдерде СЭС – терден энергияны өндіру жақсы жолға қойылған.

4.АЭС – да дүние жүзінде өндірілетін электр энергиясының қанша пайызы тиесілі.
Лекция №12.

Тақырыбы: Қара металлургия.

(1 сағат)

Жоспар:

1.Қара металдар, олардың қасиеттері және қолданылуы

2.Қара металлргияның құрамы ,маңызы.

3.Металлургиялық кәсіпорындар типтері.


Лекцияның мақсаты:Қара металлургияның қасиеттері мен қолданылуын қарастыру.

Лекцияның мәтіні.

1.Дүние жүзіндегі қазіргі ауыр өнеркәсіп салаларының ішіндегі қара металлургия ең ежелгісі саналады. Қара металлургия географиясы 150ж астам уақыт бойы тас көмір алабының негізінде дамыды. Болатың 80 % АҚШ-та Ұлыбританияда, Германияда, Бельгияда, Люксенбургте және Ресейде шоғырланған. Өнеркәсіптің бұл салаларын техникалық тұрғыдан жарқаттандыруүшін маңызы зор.Дүние жүзінде кенді шикзаттарды экспортқа шығаруда Қытай, Бразиля Үндістан,Либерия,Австралия,ОАР.алдыңғы қатарда. Шығыс Еуропаның темір кенінің негізгі экспорттаушы елдер Ресей,Украйна сырттан әкелетін кендер, кейде кокстелетін көмір де Батыс Еуропа елдерімен Жапонияда жағаларындағы металдардың қалыптасуына ықпалынт тигізеді . Қазақстан металлургиясы құрамында бес сала қалыптасқан :тау-кен өнімдерін шығаратын, отқа төзімді материалдар шығаратын метал сынықтарын өңдейтін салалар.Бұл салаларда жұмыс істейтін темір кенін шығаратын кәсіп орындар (Соколов-Сарыбай, Лисановск,Қашар КБК және Атасу кен басқармасы ) хромит шығаратын (Дон КБК) марганец ( Жезді кен баскармасы) қарағанды металлургия комбинаты, және екі ферроқорытпа завоттары ( Ақсу және Ақтөбе қалалары) Ақсу қаласының ферроқорытпи заводы істейді ол 1971-1975 жж бүкіл КСРО –ң ферроқорытпалығың өнімін жалғыз өзі берді. Ақсу заводы республикадағы шетелге товар шығарушы кәсіпорын Соколов және Сарыбай өте ірі магнитті темір кені табылды. Осылардың негізінде 1954ж. Тау-кен байту комбинаты салына бастады. Алт және Лисалков пен орындарында солитті (ұсақ-түйірлі темір кенінен ірі қоры салынды).Шығарылатын темір кенінің 80% Оралға,Батыс Сібірге, Орта Азияға, Грузияға, Латвияға тасымалданады.Орталық Қазақстан Республика қара металлургиясының шойын болат,прокат,кокс,химиялык өнімдер өндіруге маманданған салалардың өнімдерін өндіретін жетекші аудан. Ақтөбе ауданы өте ірі храмит кенін шығаратын база.Мұнда ТМД елдерінің храмит кенінің 95% өндіріледі. АҚШ, Жапония, Франция, ГФР –де және Ресейде орналасқан.Францияда 78% Бельгия және Корея Республикада 50% Жапония 30 % Электр энергиясын қолданады.Ал,Ресейде 11,2%.

2.Металлургия адамзатты конструкциялық материалдармен – қара және түсті металдармен қамтамасз етеді. Пластмассалардың бәсекелестігі күшейгенінен қарамастан, болат дүние жүзінде экономикада негізгі конструкциялық материал болып отыр. Дүниежүзілік болат өндірісі жыл сайын шамамен 800млн. тонна мөлшерінде. Бұл орайда осы мөлшердің 80 пайызына жуығы дамығанг елдердің, ал 20 пайызы дамушы елдердің үлесіне келеді. Болатты көп өндіретін елдер- Жапония, АҚШ, Ресей, Украина, ҚХР, ГФР.Батыстың дамыған елдерінде қара металлургияның дамуының соңғы жылдарға тән ерекшелігі болатты өндіру мен тұтынудың азаюы болып табылады. Тосыннан қарағанда мұндай оқаш беталыстың үш себебі бар. Бірішіден, дүние жүзінде өнімге жұмсалатын металдың жалпы азаюының прогресті процесі жүріп жатыр. Екіншіден, металдарды пластмассалар пәрменді түрде ығыстыруда. Үшіншіден, қара металлургияның біразы онша “таза” өндіріс болмағандықтан.Ресейде өнім жасауға металдың жұмсалуын азайту бағыты көзделіп отыр. Алайда ондағы машина жасауда металл емес конструкциялық материалдардың үлесі АҚШ- тағыдан аз. Металл сынықтарын пайдалану деңгейі де төмен. Соңғы жылдары дүниежүзілік темір руда базасының географиясы көп өзгерді. Дамушы елдерден келетін бай руданың пайдаланылуы және жергілікті жұмыс күшінің арзан болуы Батыс Еуропаның темір рудасы бассейндерінің біразында өндірудің тоқтатылуына әкеп тіреді.Руда шикізатының негізгі экспортшылары – Бразилия, Үндістан, Либерия, Австралия, ОАР. Шығыс еуропа елдерінде темір рудасын ең көп жіберетін ел- Рсей болып табылады.Импорттық руданың ағыл- тегіл әкелінуі Батыс Еуропа елдерінің көптеген елдері мен Жапонияда теңіз жағасындағы металлургияны дамытты. Батыстың дамыған елдерінен АҚШ пен ГФР- де ғана қара металлургияның ішкі орталықтары басым. АҚШ- та олар Ұлы көлдерге орналасқан. Германияда Рур және Саар металлургия аудандары басым. Шикізат пен кокс импортынан тәуелсіз елдерде металлургия комбинаттары көмір және темір рудасыбазалары маңында не олардың арасында орналасқан. Металл өндірушілер арасында Польша да елеулі орын алады.Қара металлургия дамушы елдерде шапшаң қарқынмен дамып келеді. Металыд көп өндірушілер қатарына Бразилия, Үндістан, Корея Республикасы қосылды.

Екі салааралық кеешндер мен екі өнеркісіп салалары шикізатты конструкциялық материалдарға айналдырады. Дайывн өнім шығару мен құрылыст қолданылатын материалдар конструкциялық материалдар деп аталады.Қазіргі заманғы техника берік әрі әр алуан конструкциялық материалдарды қамтамасыз етеді. Сондықтан олардың түрлері үнемі молайып отырады. Металл пластиктердің, металл керамиканың, темір бетонның, яғны аралс материалдардың маңызы артуда. Олар қазіргі технологиялық процестерге тән жоғары қысымға, үлкен жылдамдықтар мен температуралық ауытқуларға төзімді келеді.

3.Конструкциялық материалдар салалары өндірістің барлық сатыларын – шикізатты өндіруді, өңдеуді, дайын өнім алуды тұтастай қамтиды. Олар – табиғи қорлардың ірі тұтынушылары әрі қоршаған ортаны ластаушылары болып табылады.Қарапайым механизмдерден күрделі машиналарға дейінгі негізгі өндірісм құралдары металдан жасалған. Сондықтан металл өндіретін салалардың үлкен шаруашылық маңызы зор. Тығыз байланыстар арқылы олар біртұтас металлургия кешенін құрайды. Бұл кешен металдар мен олардың қорытпаларын шығарады. Металлургия өнеркәсібі екі салаға бөлінді: қара және түсті болып.Қара металлургия ең жаппай қолданылатын конструкциялық материал- болат шығарады. Оны негізінен шойыннан алады. Болат пен шойын темірдің көміртектік қорытпасы. Болат қорыту үшін шикізат пен отын қажет. Отынды кокстелетін тас көмірден алады. Ал негізгі шикізат темір кені болып табылады.
Бақылау сұрақтары:

1.Бастапқы материалдар және оларды дайындау,темір рудалары,оларды байыту және агломерациялау,отындар,флюстер.

2. Бастапқы материалдардың өзіндік шығыны;құрыштаушы элементтер,отқа төзімді материалдар,ауа шығындары

3.Домна өндірісі.

4.Домна пішіні,құрылысы.Домна процесі.

5.Шихта.


Лекция № 13

Тақырыбы: Қара металлургия.

(1 сағат)

Жоспары:

1.Бастапқы металлдар және олардың қасиеттері.

2.Темір рудалары оларды байыту, отындар флюстер.
Лекцияның мақсаты:Темір рудаларын байыту жолдарын қарастыру.
Лекцияның мәтіні.

1.Дүниежүзіндегі қазіргі ауыр өнеркәсіп саласының ішінде қара металлургия ең ежелгісі саналады. Оған кен және кенді емес байлықтарды өндіру байыту және өңдеу кәсіпорындары кіреді. Өнеркәсіптің бұл саласының машина жасау құрылыс сияқты шаруашылықтың басқа да салаларын техникалық тұрғыдан жарақтандыру үшін маңызы зор. Қара металлургия географиясы 150 ж астам уақыт бойы тас көмір алап-ң негізінде дамыды. ХХ ғасырдың басында қара металлургия бірнеше елдерде дамыған болатын.Мысалы: Болаттың 80%-ы АҚШ-та Ұлыбританияда, Германияда, Бельгияда, Люгсенбургте және Ресейде шоғырланған. Одан кейінгі жылдарда қара металлургия саласының географиясы кеңейе түсіп, дамып келе жатқан елдердерде жатты.

Бірақ ХХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап шойын мен болат өндіру мөлшері төмендеп кетті. Мұндай бетбұрыстың үш себебі болды.

1-ден металды қажет ететін өнімдердің үлесі төмендеді.

2-ден металдар пластмассасымен ығыстырыла бастады.

Кейінгі кезде темір кендері базалардың географиясы да өзгерді. 2.Дүниежүзінде кенді шикізаттарда экспортқа шығаруда Қытай, Бразилия, Либерия, Австралия, ОАР алдыңғы қатарда Шығыс Еуропаның темір кенін негізгі – экспорттаушы елдер Ресей, Украина. Сырттан әкелетін кендер кейде кокстенетін көмір де Батыс Еуропа елдері мен Жапонияда теңіз жағалауларындағы металдардың қалыптасуына ықпалын тигізеді. Дамыған елдерде тек АҚШ пен Германияда ғана металлургия елдің маңында Германияда Рур және Саор алаптарда дамыған.

Шикізаты мен кокстенген көмірі бар Ресей, Украина, Қытай, Қазақстан т.б. елдердің металлургиялық комбинаттары көмір және темір кендері базасы жанында соған жақын жерлерде орналасқан дамушы елдердегі қара металлургиялық ірі орталықтары Бразилия, Үндістан т.б.


Каталог: CDO -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)
Tar -> «Жалпы гидрология» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет