Лекция: 30 сағат Семинар: 24 сағат СӨЖ: 126 сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)



бет4/7
Дата03.05.2016
өлшемі1.5 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7

Бақылау сұрақтары:

1.Түсті металлургияда қолданылатын негізгі шикізаттар мен қосымша материалдардың,отын,электроэнергия және су жұмсалудың мөлшері.

2.Осы факторлардың түсті металлургия кәсіпорындарының орналасуына әсері.

3.Түсті металлургияның басқа салалармен байланысы,туынды шикізат көздерін пайдалану.

4. Туынды шикізат кәсіпорындарының орналасу ерекшеліктері.

Лекция. № 19

Тақырыбы: Алюминий өндірісі.

(1 сағат)

Жоспар:

1.Боксит пен нефелиннен глинозем алудыњ тєсілдері.

2.Электролиттік тєсіл.

Лекцияның мақсаты:Глинозем алудың тәсілдерін қарастыру.
Лекцияның мәтіні.

1.Боксит-алюминий металы алынатын негізгі руда. Бокситтіњ негізгі бµлігі алюминийдіњ сулы тотыќтарынан, темір, кремний, титан, кальций, магний, марганец, фосфор тотыќтарынан жєне басќа минералдыќ компоненттерінен т±рады. Т‰сі т‰рлі рењді ќызыл, ќоњыр ќызыл, с±р, ш±бар,тыѓыздыѓы 2900-3500 кг/м3, ќаттылыѓы моос шкаласы бойынша 6-ѓа дейін, ќ±рылымы яшма, б±ршаќ тєріздес, оолит,ќуысты, боксит тєріздегі алюминий тотыѓыныњ мµлшері 28 % тен 60% -ке дейін не одан да жоѓары болады. Бокситтен алюминий алу ‰шін кремнийлік модуль 2,1-2,6-дан кем болмауы керек. Бокситтен бояу,абразивтер, ќара металлургия флюсі,м±най тазартатын сорбент алынады. Бокситті пісіріп цемент, электр пештерінде балќытып электрокорунд алады. Аз темірлі бокситтен отќа тµзімді б±йымдар жасалады.

Алюминий рудалары минералдыќ ќ±рамына ќарай екі топќа бµлінеді.

1.Негізгі алюминий рудасына боксит.

2.Алюминий силикаттары ( нефелин, лейцит,лабрадорит, анартозит,алюминий тотыѓына бай саздар жєне каолиндер) мен сульфаттары (алунит,алунитті жыныстар) жатады.

Нефелин каолинитті єктасты ќосып к‰йдіруден алюминий тотыѓы,сода цемент алынады. Алуниттен алюминий тотыѓымен бірге калий сульфаты, к‰кірт ќышќылы алынады. Капиталистік жєне дамып келе жатќан елдерде алюминий бокситтен алынады, ал СССР-де онан басќа нефелинді жыныстар да кењ ќолданылады. Алюминий кендері бар нефелинге бай жыныстар Краснояр µлкесі мен Сібірдіњ кµп жерінде, Кола т‰бегінде, Есіл-¦лытау аймаѓында, Целиноград облыстарында орналасќан.АІ2О3-алюминийдіњ оттекпен ќосылысы, т‰ссіз кристалды зат.Тыѓыздыѓы 3960 кг/м3, балќу температурасы 20500с. Табиѓатта корунд, рубин, сапфин деп аталатын минерал т‰рінде кездеседі. Корунд ќаттылыќ жаѓынан алмастан кейін екінші орын алады,оны ќайрањ тас ретінде пайдаланады.Рубин мен сапфин асыл тастар ќатарына жатады.Олар дєл оспаптар механизміне саѓат тасы ретінде т.б. ќолданылады. Алюминий тотыѓыныњ гидратталѓан т‰рі белгілі. Алюминийдіњ гидрототыѓына кµптеген бокситтердіњ ќ±рамына жататын гидраргиллит. АІ (ОН) 3 жєне жасанды т‰рде алынатын АІ (ОН) 3 байерит жатады. Алюминий тотыѓы жєне оныњ гидратталѓан т‰рлері суда ерімейді, ол амфотерлі сілтілер жєне ќышќылдармен єрекеттеседі. Алюминий тотыѓын алу ‰шін боксит, нефелин, наолин сияќты табиѓи заттар пайдаланылады. Оны алюминий алуѓа, катализатор жєне адсорбент ретінде ќолданады.

2.Электролиттер (электро.., жєне грек. Lutos-еру, ыдырау) – еріген не балќыѓан к‰йінде электр тогын µткізетін заттар. Электролиттерге ќышќыл, негіз, т±здыњ судаѓы ерітінділері жатады, б±ларда электр тогы иондар арќылы тасымалданады.Электролиттер ерітінділерінен ток µткенде электроттарда тотыѓу тотыќсыздану процестері- электролиз ж‰зеге асады. Электролиз Фарадей зањдарына сєйкес ж‰реді, ол таза металдар, хлор к‰шті сілтілер алуда кењ ќолданылады. Диссоциациялану дєрежесіне ќарай электролиттер єлсіз жєне к‰шті болып екі негізгі топќа бµлінеді. Єлсіз электролиттерге дисоциацияланѓан ерітінділерде иондарѓа жартылай ыдырайды. Єлсіз электролиттерге кµптеген органикалыќ ќышќылдар, негіздер, сондай-аќ кейбір органикалыќ емес ќышќылдар мен негіздер жатады. К‰шті электролиттерге ерітінділерде т‰гелдей ионѓа ыдырайды. Барлыќ т±здар, кµптеген орнганикалыќ жєне органикалыќ емес ќышќылдар мен негіздер к‰шті электролиттерге жатады. Ѓылым мен техникада электролиттердіњ мањызы зор. Тірі организмдер денесіндегі барлыќ с±йыќтар электролиттер болып саналады.

Электролиз (электро... жєне грек.Lusis-бµлу, еріту) –ерітінділер не балќыѓан электролиттер арќылы электр тогы µткенде ж‰ретін химиялыќ процестер энергияѓа айналады.Электролиз электролитпен толыќтырылѓан ыдысќа екі электрод орналастырып, оларды т±раќты ток кµзініњ полюстеріне жалѓастыру нєтижесінде ж‰реді.


Бақылау сұрақтары:

1.Бокситтің негізгі бөлігі нелерден тұрады.

2.Бокситтен алюминий алу үшін кремнийлі модуль қанша болу керек.

3.Алюминий рудалары минералдық құрамына қарай қанша топқа бөлінеді.

4.Электролиз дегеніміз не.
Лекция. № 20

Тақырыбы: Машина жасау кешені.

(1 сағат)

Жоспары:


  1. Машина жасау кешенінің халық шаруашылығындағы ерекше орны.

  2. Оның басқа салаларымен байланысы.

  3. Негізгі және қосымша материалдарға пайдаланып жұмыс істейтін әртүрлі машина жасау кәсіпорындары.

  4. Технологиялық процестерді автоматтандыру.



Лекцияның мақсаты:Машина жасау кешенінің халық шаруашылығындағы маңызын қарастыру.
Лекцияның мәтіні.

1.Барлық өнеркәсіп салаларының ішінде ғылыми-техникалық прогресті ілгерілетуде және еліміздің экономикалық дамуын арттыруда машина жасау кәсіпорындарының маңызы зор. Машина жасау кәсіпорындары аса маңызды еңбек құралдарын станоктарды, көлік экспорттары мен аспаптарды, ауыл шаруашылығы машиналарын жасап шығарады. Машина жасау кәсіпорындары бүкіл шаруашылықтың техникалық қайта құрылуын, өндірісті кешенді механикаландыру және автоматтандыруды қамтамасыз етеді. Машина жасау республикамыздың материалдық-техникалық базасын құруда жетекші роль атқарады. Машина бөлшектерін жасайтын, дайын тетіктерден машиналарды құрастыратын жеке және арнаулы кәсіпорындар бар. Еліміздің жеке аудандарының табиғи-экономикалық жағдайларын дұрыс пайдалану, машина жасау өнеркәсібіндегі тасымалдауға жұмсалатын шығынды азайтады. Сондықтан шикізатты көп қажет ететін бөлшектер шығаратын машина жасау кәсіпорындары шикізат көзіне, машина құрастыру кәсіпорындарына сондай-ақ тұтыну аудандарына мүмкіндігінше жақын орналастырылады. Машина жасау өндірісі ұйымдастырудың және кооперативтендірудің дамуына байланысты дамиды. Машина жасау зауыты бір-бірімен тығыз технологиялық және өндірістік байланыстары бар машина жасау өнеркәсібінің негізгі шикізаты – қара және түсті металдар. Бұрын машина жасау өнеркәсібінде шойын, болат, латунь, қола ғана пайдаланылған болса, қазіргі кезде жоғарғы температураға шыдамды, коррозияға берік болттың көптеген түрлері пайдаланылады. Сонымен қатар әр түрлі металдар, оның ішінде, сирек кездесетін металдар, шыны, пластмасса қолданылады. Жаңа материалдардан реактивті қозғалтқыштар, газ құбырлары, атом ракеталары, бақылау қондырғылары және басқа бөлшектер жасалуда, машина жасау салаларына көп мөлшерде бояу менлак қажет.

2.Машина жасау – түрлі машиналар мен олардың тетіктерін, құрал-жабдықтармен аспаптар жасайтын өнеркәсіп саласы. Ол шаруашылықтың барлық салаларын еңбек құралдарымен қамтамасыз етеді. Алуан түрлі өнімдер шығарғанымен, машина жасау зауыттарының бәрінің технологиялық процесі біртектес. Олар дайындама жасау, тетіктер өндіру және дайын тетіктерді құрастырудан тұрады. Соған сәйкес , машина жасау зауытында құю, ұста-пресс, механикалық және құрастыру цехтары болады. Машина жасау өнеркәсібі шығаратын өнім түріне қарай; ауыр машина жасау, электротехникалық машина жасау, көліктік машина жасау, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, құрылыс және жол машиналарын жасау, сондай-ақ станок және аспап жасау б.т.

Кез келген машина жүздеген, тіпті мыңдаған тетіктерден тұрады. Электровоз жасау үшін 210 мың тетік, бір ұшақ жасауға 120 мың тетік керек. Осы тетіктердің барлығын бір зауытты жасау ыңғайсыз әрі тиімсіз. Сондықтанда негізгі зауыт дайын өнім жасауға бірлесе қатысатын басқа кәсіпорындармен бірігеді.Ұлы Отан соғысы кезінде батыс аудандардан көшірілген зауыттар Қазақстанның қалаларына орналастырылып, машина жасау өнеркәсібі дами бастады.Мыс; 1941 ж Мәскеу, Воронеж, Харьков қалаларынан көшірілген зауыттар Шымкент өаласындағы пресс-автомат зауыты, Петропавл изолятциялық материалдар зауыты және Ақтөбе рентген аппараттары зауыты Астана машина жасау зауытына бөлшектер жеткізіп отырды. Тың игеруге байланысты Павлодар трактор зауыты салынды. Ең алғашқы трактор 1968 ж. Конвейерден шықты. Металды пайдалануына байланысты машина жасау салаларының бір-бірінен айырмашылықтары бар. Машина жасау өнеркәсібінің әр түрлі салалары металды бірдей мөлшерде пайдаланбайды. Металдары көп қажет ететін машиналарға; Кен қазатын комбайндар, экскаваторлар, қуатты автосамосвалдар, трансформаторлар жатады. Алматы ауыр машина жасау зауыты – түсті және қара металлургия, химия комбинаттары үшін күрделі құрал-жабдықтар, бұрғылау машиналарын, крандар мен кен қазатын комбайндар шығаруда.

3.Кентаудағы экскаватор зауыты - Өскемен электр станциялары үшін қажет жабдықтар жасайды. Ал мұнай мен газ өндіру өнеркәсібінің құрал-жабдықтары Атырау, Ақтөбе, Павлодар қалаларыындағы зауыттарда жасалынады.Шымкент қаласында алып пресс – автоматтар шығаратын зауыт жұмыс істейді. Бұл зауыт басқарушы құрылғылары мен автоматты желілері бар жоғарғы дәрежедегі автоматтандырылған станоктар жасайды. Зауыт өнімін дүние жүзінің көптеген елдеріне шығарады. (Аргентина, Канада, Бразилия, Уругвай). Шымкент пресс-автомат зауытының станоктары халықаралық стандарт деңгейіне сай.

4.Қазақстанда бүгінгі күнге дейін автомобиль құрастырушы ретінде 1996 ж. Алматыда құрылған «УСКЕР - ГАЗ» кәсіпорны белгілі. Мұнда жүк тасымалдайтын машиналарды, кішігірім автобустарды құрастырады. Бұрынғы №1 Алматы авто жөндеу кәсіпорнында «Газель» микроавтобусы мен «КамАЗ»-дың 3 түрін құрастыру қолға алынды. Татарстанның Набержный Челны қаласындағы ауыр жүк тасымалдайтын Кама автомобиль зауытынан екі ел арасындағы өзара келісім бойынша Оңтүстік астанаға машина жасау кешендері әкеленеді. 2001 ж бастап 100-ден аса жүк машиналары құрастырылып, олар шаруашылыққа тартылды. «Ускер -ГАЗ» кәсіпорны-мұнайшылар мен геологтар үшін арнайы автомобиль техникаларын отандық зауыттармен бірлесіп шығаруда. Бұдан басқа келешекте жол машиналарын шығаратын зауыттармен бірлесіп қызмет көрсету нұсқалары талқылануда. Бұл жүзеге асқан жағдайда «КамАЗ» автомобиль базасының негізінде Қазақстанда бензин және су тасымалдайтын машиналар құрастырылады деп күтілуде.


Бақылау сұрақтары:

1.Машина жасау кәсіпорындарының халық шаруашылығындағы маңызы.

2.Машина жасау өнеркәсібінің негізгі шикізаты.

3.Қазақстанда эксковатор зауыты қайда орналасқан.

4.Металлды көп қажет ететін машиналарға нелер жатады.

Лекция. № 21

Тақырыбы: Машина жасау кешені.

(1 сағат)

Жоспары:


  1. Машина жасау техналогиялық сызбасының өзіне тән ерекшелігі

  2. Әртүрлі машиналар өндірісінің ортақ техналогиялы болуы.

  3. Машина құрастырудың әдістемелері.



Лекцияның мақсаты: Машина жасау кешенінің өзіне тән ерекшеліктерін және оны құрастырудың әдістемелерін студенттерге үйрету.
Лекцияның мәтіні.

1.Қазіргі машина жасау саласына XX ғасырдың екінші жартысында пайда болған салалар жатады. Олар: электроника, радиотехника, робот техникасы, ғарыштың т. б. өнеркәсіптер;XIX гасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында пайда болган салалар. Олар: әуе және әуе көлігі техникасы, бумен және жылумен жүретін (жүзетін) кеме жасау, халық шаруашылығы мен өнеркәсіптің көптеген салаларына қажетті автомобиль, құрал-жабдықтар, т.б. қосымша бөлшектер жасайтын салалар.

—Ескі машина жасау саласына XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың бірінші жартысында пайда болған экономиканың алғашқы салаларына (ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы) қажетті металл бұйымдар (қүрал-жабдықтар, саймандар) жатады.Машина жасау Англиядағы өнеркәсіп революциясынан (XVIII ғ.) кейін бастау алды. Қазіргі өндірістер ішінде машина жасау саласы жұмысқа тартылған адам саны (80 млнға жуық) және Өнімнің құны жеңінен дүниежүзілік өнеркәсіп саласында бірінші орынды алды. Бұл салаға дүниежүзілік өнеркәсіп өнімінің 1/3-і тиесілі.Машина жасау салалары бірімен-бірі тығыз байланыста және құрылымы да өте күрделі. Ол машина жасау және құрал-жабдық жасаудан басқа, шаруашылықтың басқа салаларын да қамтиды (тұрмыстық және мәдени бұйымдар жа­сау, т.б.). Өндірілетін өнім түрлеріне қарай машина жасау 70-тен астам салаларға бөлінеді.

2.Сонымен қатар өнім түрлеріне қарай машина жасау — энергетикалық, көліктік, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және өнеркәсіп салаларының технологиялық жабдықтарын шығарумен, т.б. айналысады.

Машина жасау өнеркәсібі өндірісі мынадай факторлар бойынша орналасады:

- еңбекті көп қажет ететін;

- ғылымды көп қажет ететін;

- шикізаттық;

- тұтыну.

Дамушы елдерде машина жасаудың бір саласы — металл өңдеу жақсы дамыған. Бұларда көлікті жөндеу шеберханалары, кең байыту өнеркәсібі және қарапайым ауыл шаруашылығы құрал-жабдықтарын жасау қалыптасқан.Дамыған елдердің ерекшелігі — олардағы машина жасау өндірісінің толық циклді электртехникалық саласы маңызының ұлғаюы, өнімнің сапасы мен бәсекелестік қабілетінің жоғары деңгейде болуы.Соңғы 20 жыл ішінде дүниежүзілік машина жасаудың аумақтық құры-лымында елеулі өзгерістер болып жатыр. Егер бұрындары машина жасау өнімдерінің 9/10-ы «үлкен жетілік» елдеріне тиесілі болса, соңғы онжылдықта жаңа индустриялық елдер және Қытай, Ресей, Үндістан, Түркия, Бразилия, Мексика, т.б. елдердің үлесі ұлғайып отыр.Машина жасаудың станок жасау саласында алдыңғы орында Жапония, одан кейін Қытай, Германия, т.б. елдер тұр. Ал ауыл шаруашылығы машинасын жасауда алдыңғы үштікке Жапония, Үндістан және АҚПІ кіреді.Дүние жүзінің экономикалық картасына қарап, машина жасаудың төрт аймағын бөліп көрсетуге болады (Солтүстік Америка, Шетелдік Еуропа, Шығыс және Онтүстік-Шығыс Азия және ТМД елдері).

Машина жасау дегеніміз – жеке детальдарды машина тараптарына біріктіру арқылы олардан механизм немесе агрегат, бұлардан белгілі бір машина құрастыру жұмысының жиынтығы.

3.Машина құрастыру ажырамалы және ажырамайтын қосылыс детальдарын біріктіріп жинастыру арқылы жүзеге асырылады. Құрастыру жұмыстары ауыл – шаруашылық машиаларда барлық жұмыстың 20-30 пайызына ал кейбір машина да 40 пайызға жуықтайды. Машина құрастыруда ажырамалы қосылыстар тойтару бпалғасы не машинасы, пісіру агрегаты, бұрғылау машинасы т.б көмегімен орындалады. Машина құрастыру кезінде детальдар өзара ауыстырымда болса оларды жинау құрастырда аранаулы жабдықтармен құралдарды тиімді пайдалану құрастыру жұмыстарын механикаландырудың және автоматтандырудың маңызы зор. Машина құрастыру жұмыстары заводтың арнаулы цехында жүргізіледі. Егер бір машина бір орында тұрып – ақ құрастырылатын болса, ол орнықты жағдайлардағы құрастыру деп аталады. Бұл тәсіл өте ауыр машиналараға тән. Ал жылжымалы құрастыру тәсілі кезінде машина тұғыры бір орыннан екінші орынға арнаулы конвейер арқылы жылжиды. Арнай бір орынға келгенде оның белгілі бөлігі құрастырылады.

Жылжымалы құрастыру жұмыстары жеке – жеке жұмыстарға бөлінеді. Әрі бір – бірімен өзара байланыстырады.

Машина құрастыру машина жасау өнеркәсібінің ең соңғы және жауапты кезеңі болып саналады.


Бақылау сұрақтары:

1.Қазіргі машина жасау саласыны нелер жатады.

2.Өнімнің құны жөнінен дүние жүзілік өнеркәсіп салаларының ішіндегі бірінші орынды алатын сала.

3.Машина жасау дегеніміз не.

4.Машина жасау кәсіпорындары қандай факторлар бойынша орналасады.


Лекция. № 22

Тақырыбы: Химия өнеркәсібі.

(1 сағат)

Жоспар:

1. Химия өнеркәсібінің маңызы және құрылымы.

2.Басқа салалармен байланысы және кәсіпорындарының орналасу ерекшеліктері.

3. Күкірт қышқылы


Лекцияның мақсаты:Химия өнеркәсібінің мпңызын және құрылымын,олардың орналастыру ерекшеліктерін түсіндіру.
Лекцияның мәтіні.

1.Химия өнеркәсібі - ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларының бірі. Еңбек заттарын өңдеуде негізінен әдістерді баса қолданатын өндіріс салаларының комплексі. Іштей химия және мұнай-химия, кен-химия (фосфорит, апатит, ас тұзын өндіру және байыту т.б. алу), негізгі химия, жасанды талшық, талшықтар, синтетикалық шайыр және пластикалық массалар, сыр-бояу өнеркәсібі (әк, сыр, эмаль т.б. өндіру), химия және синтетикалық бояғыштар, кен-химия, тұрмыстық химия. Мұндай химия өнеркәсібі синтетикалық каучук негізгі органикалық синтетика өнімдерін өндіру, резина-асбет өнеркәсібі жатады.Химия өнеркәсібінің кәзіргі салаларын (синтетикалық амиак және оны азотты тыңайтқыштарға қайта өңдеу, органикалық шала өнімдер, күрделі анимин бояғыштар, синтетикалық каучук, пластмассалар, жасанды талшық, шина өнеркәсібін) дамытуда.Химия өнеркәсібі республика ауыр индустриясының халық шаруашылығында жалпы ғылыми техникалық прогресті қамтамасыз ететін барынша серпінді салалардың бірі. Бұл салада ешқандай қалдық болмайды. Химия өнеркәсібінің саласы белгілі бір өндірістің қалдықтарын пайдаланып өнеркәсіп үшін тиімді жаңа материалдармен халық тұтынатын тауарлар шығарады. Жоғарғы сатыда дамыған химия өнеркәсібі болмайынша ауыл шаруашылығы тиісті деңгейде өркендеуі мүмкін емес. Ауыл шаруашылығы химия өнеркәсібінен минералды тыңайтқыштар мен улы химикаттарды алып отырады. Қазақстанның химия өнеркәсібі 3 саладан тұрады.

1.Негізгі химия.

2. Кен химия

3.Органикалық синтез химиясы.

2.Республикада химия өнеркәсібін дамытуға қажетті шикізат базасы фосфорит, барит, бром, ас тұзы және калий тұзы, натрий сульфаты өңделген мұнай мен кокс химиясының қалдықтары түсті металлургия кәсіпорындарының күкіртті газы бар. Қаратаудың Батыс беткейінде өсетін дермене Батыс Қазақстанда кездесетін қыша секілді жабайы өсімдіктердің химия өнеркәсібі үшін зор құндылығы бар. Қазіргі уақытта Қазақстанда жақсы дамыған кен химия химия өнеркәсібі мен негізгі химия қазба химиялық шткізаттарды өндіру мен биорганикалық қышқылдар фосфор, күкірт және минералды тыңайтқыштар өндіру мен шұғылданады. Органикалық синтез химиясының салалары жақсы дамыған. Бұл салада синтетикалық каучук, синтетикалық талшықтар, пластмассалар өнеркәсібі бар. Қазақстанның химия өнеркәсібі Оңтүстік және Батыс Қазақстанда өте мол фосфорит қорларына мұнай, газ өнеркәсібінің дамуына металлургия өнеркәсібінің күкірт газын пайдаға асыруда Солтүстік және Оңтүстік Қазақстандағы әртүрлі тұздарды т.б. химиялық шикізаттарды пайдалануға негізделген. Қазақстанның жер қойнауында Менделеев таблицасының 110 элементтерінің 99-ы аталған 78-і табылған, ал 60-н астамы пайдаланады. Қазақстан фосфариттерінің 64,7%-н, азбестінің 20,1%-і, бариттердің 81,7%-і, калций корбидінің 40%-н өндіреді. Қазақстанда химия өнеркәсібінің дамуына және қалыптасуына Бөген және Шаян өзендерінің жағасында өсетін дермене жусалы негізінде Шымкент Сантанин заводын тұрғызудан қарапайым тұз кәсіпорындарын шағын және желім қайнату кәсіпорындарының пайда болуына мүмкіндік туғызды. Химия өнеркәсібінің дамуы бірнеше бағытта жүріп келеді.

1.Орасан мол фосфарит қорларын игеру және фосфорлық тыңайтқыштарды өндіру.

2. Түсті және қара металургияның күкірт қышқылының пайдаға асру.

3. Мұнай ,химия синтез өнімдерін өндіру.

4.Шаруашылық айналымға әр түрлі тұз қорларын енгізу және т.б.

Фосфаридтік кендерінің орасан зор қорлары Оңтүстік және Батыс Қазақстанда Қаратау және Ақтөбе фосфаридтерның негізінде ірі фосфор өнеркәсібінің қалыптасып дамуына себеп болды. Қаратау фосфор бассейіні соғыстың алдында барланған. Осы бассейін негізінде алдымен Қаратау кен-тау химия конбин Тараз Супер фосфат заводы салынды. Қаратау комбинатының 2-ші кезеңін құру басталды. 60 жылдары Жамбыл, Қаратау аймақтарының өндіріс кешені қалыпты. Қаратаудың фосфаритті негізінде Шымкент фосфор бірлестігі және Орта Азия Республикасының бірнеше химия өнеркәсіпорындары жұмыс істейді. Тек қана Қаратау бассейінде Қазақстанның фосфор кенінің 80%-ы шоғырланған.

3.Қаратау фосфоридінің құрамындағы ерекшелігі магнит тотығы жәіне май корбанат барлығы. Осы себептер оларды фосфорлық тыңайтқыштар алуға тікелей пайдалануға жарамсыз болып келді. Өйткені фосфорлардың шикізатқа магнитінің болуы тыңайтқыштарды су тартқыш қылады. Ал корбанат күкірт қышқылының шығынын өсіреді. Сондықтанда Қаратау фосфаридінен қыздыру әдісін пайдалану қажет. Өскемен, Ленинагор, Балқаш және Жезқазған қалаларында күкірт қышқылы шығарылады. Шикізат ретінде металургия өнеркәсібінің қалдық күкіртті өнеркәсібі пайдаланады. Теміртауда Қарағандыды көмірін кокстеуден шығатын қалдықтарды пайдаланып амоний сульфаты өндіріледі. Өскемен титан магний комбинатында қосымша өнім ретінде аздаған мөлшерде каллий тыңайтқыштары шығарылады. Ақтөбеде бром қосылыстары заводы Атырауда полиэтелен, Ақтауда пластмассалар заводы жұмыс істейді. Күкірт қышқылы. Сусыз күкірт қышқылы-түссіз май тәрізді сұйық. 10,37 градус С-та қатаяды. Күкірт қышқылы күшті тотықтырғыш,қыздырғанда көміртек, күкірт және көптеген металдардан (Cu,Hgт.б.) оңай тотықтырып, өзі күкіртті ангидридке дейін тотықсызданады. Егер тотықсыздандырғыш күшті болса, күкірт не күкіртті сутек түзіледі. Сұйытылған күкірт қышқылының тотықтырғыш қыщқылдық қасиеттері басқа күшті қышқылдар тәрізді сутек ионына байланысты.

Су ерітіндісінде ол Н+ және НСО4- иондарына диссоциацияланады. Na2SO4және бисульфаттар NaHSO4 түзеді. Көптеген тұздардың халық шаруашылығында маңызы зор. Көмір қышқылының суда жақсы еріп, көп мөлшерде жылу бөледі. Сондықтанда оны еріткенде суға көмір қышқылын ептеп құяды, бірден көп құйса бөлінген жылудың әісерінен су қайнап, ыдыстан шашырап шығуы мүмкін. Концентрациялы күкірт қышқылы теріге тисе қатты күйдіреді, матаны ойып түсіреді, сондықтан күкірт қышқылы мен жұмыс істегенде өте сақ болу керек. Күкірт қышқылын алу үшін арнаулы пеште колчеданды (FeS2) өртейді немесе күкірт) (S) не күкіртті сутекті(H2S) жағады. Бұлардан түзілген күкіртті газды оттек пен күкірт ангидридіне дейін тотықтырып, оны суда еріткенде күкірт қышқылы түзіледі. Осы кезде күкіртті ангидрит көбіне түсті металлургияның қалдық газдарынан коксхимиялық заттар газдарынан алынады. Контакт әдісінде газ күйіндегі күкіртті ангидритті оттек пен не ауамен араластырып катализатордан өткізгенде күкірт ангидридіне айналады. Оны суда немесе сұйытылған күкірт қышқылында ерітеді. Нитроза әдісінде күкіртті ангидриті құрамында азот тотықтары еріген күкірт қышқылының ерітіндісімен (нитроза) өңдейді. SO2+N2O3+H2O= H2SO4+2NO

Осыдан шыққан азот тотығы оттек пен оңай тотығып, азот қос тотығына айналып, өндірістік цикілде реакцияға қайта түсе береді. Күкірт қышқылының түрлі қышқылдар мен тұздар, органикалық заттар, бояу, қопарғыш заттар т.б. алуға, сондай-ақ мұнай, металл өңдеуде, мата, былғары өнеркәсібінде қолданылады. Суперфосфаттар, аммиак сульфаты т.б. тыңайтқыштар алуда жұмсалады


Бақылау сұрақтары:

1.Қазақстанның химия өнеркәсібі неше саладан тұрады.

2.Республикада химия өнеркәсібін дамытуға қажетті шикізаттар.

3.Химия өнеркәсібінің даму бағыттары.

4.Қазақстандағы фосфорит кендерінің қорлары қайда орналасқан.
Лекция№ 23

Тақырыбы: Химия өнеркәсібі.

(1 сағат)

Жоспары.


  1. Күкірт қышқылының қолданылуы.

  2. Оны алудың тәсілдері.

  3. Күкірт қышқылдарының шикі зат базасы.


Лекцияның мақсаты: Күкірт қышқылының қолданылуын,оларды алу тәсілдерін қарастыру.
Лекцияның мәтіні.

1.Күкірт қышқылын өндірудің нитроздың әдісі бойынша әр түрлі қоспалардан тазартылған және кептірілген күкірт (ІV) оксиді NO2 арқылы тотығып SO3 – ке айналады. Осы реакцияны судың қатысында жүргізіп күкірт қшқылын алады. Түзілген азот ІІ оксиді NO ауадағы оттегімен әрекеттеніп, қайтадан күкірт қышқылын түзуге қатысады. Күкірт қышқылы суды күшті сіңіреді сондықтан оны лабороторияда әр түрлі заттарды кептіру үшін қолданады. Күкірт көп мөлшерде табиғаттағы бос күйде кездесетін сап күкірттен алады. Сап күкірттегі құм, саз сияқты қоспалардан бөлу үшін кенді қоздырғанда күкірт оңай балқып бос жыныстардан бөлінеді. Күкірт қышқылы өнер кәсібінің негізгі өнімдерінің бірі. Күкірт қышқылы көп мөлшерде минералдық тыңайтқыштар өндіруге жұмсалады. Ол тұрақты қышқыл оны басқа қышқылдарда және тұздар өндіруге, мұнайды және одан алынатын өнімдерді тазартуға қолданады. Бұл кешен әр түрлі химиялық заттармен қатар конструкциялық материалдар шығарады. Ол өнеркәсіп пен құрылыстың шикізат базасын кеңейтіп, ауыл шаруашылығының интенсивті дамуына ықпалын тигізеді және халықты тауармен қамтамасыз етеді. Химиялық кешен дәрі-дәрмек, өсімдіктерді қорғайтын, суды тазалайтын және ағын суды залалсыздандыратын заттар шығарады. Бұл тұрғыдан алғанда ол – жер бетіндегі барлық тірі организмдердің (қорғанышы).

Химияның салааралық байланыстары ауқымды.

Химия өндірісіне 3 ерекшелік тән. Олар: 1) табиғатта кездеспейтін, жасанды заттар шығарады, мысалы, пластмассалар. Бұл заттар көп жағдайда өздерінің қасиеті жөнінен дәстүрлік констукциялық материалдардан да асып түседі; 2) шикізат базасы ауқымды болып келеді; 3) көмірмен (көмір-химия), металлургиямен (коксохимия), мұнай өңдеу өнеркәсібімен (мұнай-химия) құрамдасады. Оларды кез келген жерде құруға болады. Бірақ, ол үнемі тиімді бола бермейді.

2.Химия кәсіпорындарын орналастырудың негізгі факторларына – шикізат, су, энергетика, тұтыну және экологиялық факторлар жатады. Зауыттарда өндіріс процестерін автоматтандыру кеңінен қолданылады. Жұмысшылар, мысалы, металлургияға қарағанда аз қажет. Сондықтан, химия зауыттарын аз қоныстанған жерлерде де сала береді.

Химия кешеніне 5 ірі сала: 1) кен-химия (минералдық шикізаттар-фосфорит, ас тұзы, гипс, әктас өндіру); 2) негізгі химия (қышқылдар, қоспалар, фосфор, минералды тыңайтқыштар алу); 3) полимерлер химиясы (пластмасса, химиялық талшық); 4) полимерлерді өңдеу (шина, пластмасса өнімдерін шығару); 5) химия-фармацевтикалық (дәрі жасау).

Қазақстан «химиясының» құрылымы жетілмеген: онда полимерлік химияға қарағанда негізгі химияның үлесі басым. Фармацевтика өнеркәсібі негізінен алғанда жаңадан құрылуда.

Химия өндірісінің географиясы. Еліміздегі негізгі химиясын «төрт таған» - қышқыл, химиялық қосылыстар, фосфор мен минералдық тыңайтқыштар өндірісі ұстап тұр.

Күкірт қышқылын «қышқылдардың қышқылы», химия өнеркісібінің «наны» деп атайды. Ол басқа қышқылдар, химиялық қосылыстар, тыңайтқыштар, дәрілер өндірісінде, металлургияда кеннен уранды бөліп алу үшін қажет. Бұл өте белсенді, қауіпті, аз тасымалданатын зат (тасымалдау үшін арнаулы ыдыстар қажет). Сондықтан, оның өндірісі тұтынушыларға жақын орналасады. Сонымен бірге шикізат және экологиялық факторларда (күкірт газын ұстап қалу) маңызды.

3.Қышқыл алу үшін күкірт пен су қажет. Күкірт гипстің, күкірт газының және түсті металдар кендерінің күйіндісінің құрамында болады. Күкірт қышқылын: 1) ауыр металдардың металлургиялық орталықтарында (Жезқазған, Балқаш, Өскемен, Риддер); 2) уран алатын орталықтарда (Степногор, Ақтау); 3) фосфатты тыңайтқыштар өндірісі орталықтарында (Тараз) шығарады. Бірінші жағдайда негізгісі – шикізаттық және экологиялық факторлар; ал екіншісі мен үшіншісінде – тұтыну факторы.

Металдардың химиялық қосылыстары кеңінен қолданылады. Мысалы, хром қосылыстары флотация үшін реагенттер болып табылады. Одан басқа, олар тері илеуде, фотоматериалдар мен бояулар дайындауда қажет. Негізгі шикізат – хром кені.
Бақылау сұрақтары:

1.Күкірт қышқылын көп мөлшерде не өндіруге жұмсалады.

2. «Қышқылдардың қышқылы», химия өнеркәсібінің «наны» деп қай қышқылды атайды,себебі неде.

3.Қышқыл алу үшін ең басты не қажет

4.Күкірт қышқылың қандай орталықтарда шығарады.
Лекция. № 24

Тақырыбы: Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі.

(1 сағат)

Жоспары:

1. Ағаш өнеркәсібінің маңызы.

2. Ағаш дайындау жұмыстары,орманнан тасып шығару.

3. Ағаш тілу өндірісі.

4. Фанера тәсілі.
Лекцияның мақсаты:Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібінің маңызын қарастыру.

Лекцияның мәтіні.

1.Ағаш өңдеу өнеркәсібі – ағашты механикалық жолмен өңдеуді жүзеге асыратын орман өнеркәсібінің саласы.Соғысқа дейінгі бесжылдықтарда ағаш өңдеу өнеркәсібінің негізі болып табылатын ағаш дайындауды дамытуға ерекше көңіл бөлінді.осы жылдарда солтүстікте, Оралда және Печора, Волга өзендері жағасында ағаш тілетін ірі завоттар салынды. Соғыстан кейінгі жылдарда жаңадан ірі құрылыстар салу өрістеліп, бұрынғы кішігірім ағаш кесетін, фанер және мебель кәсіпорындары ұлғайтылды. Жетіжылдық (1959-1965) кезінде Енисейде, Чумскіде, Асиновскіде ағаш кесетін ірі комбинаттар, одан кейінгі жылдарда Пермьдегі фанер заводының екінші кезегі іске қосылды. Шатурада және Ленинградта мебель коибинаты мен Мәскеуде мебель фабрикасы өнім бере бастады. Қазақстанда ағаш өңдеу өнеркәсібі –Республикамыздағы ең жас өнеркәсіп саласы. Бұрынғы бытыраңқы кәсіп орындардың орнына 1962 ж ірі арнаулы кәсіпке көшірілген.

Ағаш өнімдерін механикалық өңдеуден алдыңғы орындарда АҚШ, Ресей, Жапония, Бразилия, Турса ағашты химиялық өңдеуден жетекші орындарды АҚШ, Канада, Жапония, Швеция, Финляндия иеленеді. Оңтүстік орман белеуінен өндірілетін ағаш өнімдерінің дені Бразилиядан алынады. Солтүстік орман белдеуінде дайындалған ағаш өнімдерінің іске жарайтыны 80-100 пайызға жетсе, оңтүстік белдеуде ол бар-жоғы 10-20 пайызды құрайды.

2.Ағаш дайындау жұмыстары-ағаш құлату, құлатылған ағашты орманнан тасып шығару, бұтақтарын кесу, алғашқы өңдеу, оларды өзен мен ағызатын орынға немесе басқа да транспорттық қатынас орындарына тасымалдау және тиеу. Кейде ағаш дайындау жұмыстарына тек ағаш құлату мен тиеу жұмыстарының комплексі ғана жатқызылады. Ағаш дайындау жұмыстарындағы процестер жоғарғы және төменгі қоймаларда орындалады. Жоғарғы қоймаға ағаш құлататын орын, ал төменгі қоймаға ағаш материалдарын тұтынушыларға жөнелтетін транспорттық орындар жатады.

Ағаш құлату, жығу-ағашты түбірінен кесу не түп тамырымен жұлу. Ағашты электр және бензин маторлы аралармен кейде қол ара, балтамен де кесіп құлатады. Ол үшін құлайтын жақ түбірінен ағашты аздап кесіп, қарсы жағынан құлағанша еңістеп кеседі. Ағаш құлату жұмысы жыл бойы жүргізіледі. Түп тамырымен құлату жоғарғы сортты ағаш алу үшін және жер участоктарын ағаштан тазарту үшін жүргізіледі.

3.Бұтақ кесу қолмен атқарылады. Бұл операция РЭС-1 және РЭС-2 дискілі электр бұтақ кескіштермен механикаландырылған Ағаш сүйрету операциясы жермен де, аспалы не жартылай аспалы минералмен де жүргізіледі. Ағаш сүйрету тракторымен тасымалдау да кең тараған. Батпақты жерде сүйреу лебедкалары, ал таулы жерде аспалы қондырғылар пайлаланылады.

Ағаш тиеу-ірі пакет түрінде жүзеге асырылады. Шынжыр табанды крандар мен т.б. көтергіш құралдармен жабдықталады. Ағаш сорттау, үю және оны транспортқа тиеу үшін төменгі қойма ағаш тасығыштарымен, консальды крандармен қамтамасыз етіледі.

Ағаш тілгіш рама - бөренелерді, кеспектер мен брустарды бойлай тілетін машина. Қайталамалы –ілгермелі қозғалысқа келетін аралары болады. Ағаш тілгіш рамасы өндірісте кең тараған. Онымен бөрене және кеспектер тілінеді, 12 не одан да көп арасы болады. Көлденең ара тілгіш рамада горизонталь бекітілген бір ғана ара бар. Ол фанер өндірісінде қолданылады. Өңделетін ағашты рамаға беріп тұратын және тілінген материалдарды қабылдайтын арбалар мен рольгангілер. Ағаш тілгіш рама құрамына кіреді.

4.Фанера – екі не одан да көп жұқа ағаш тақтайларды бір-біріне беттестіріп желімдеу арқылы алынатын ағаш материал. Фанера жасау үшін көбінесе қайың, сондай-ақ қанды ағаш, қарағай т.б. ағаштың түрлері пайдаланылады. Фанера тақтайларының қалыңдығы 1-19 мм, ұзындығы мен ені 725-2440 мм болады. Фанераның арнаулы түріне бакелиттендірілген. Фанера сәндік, фанера профильденген фанера жатады. Фанера құрылыста сондай-ақ автомовиль, вагон, кеме және тік ұшақ жасауда, мебель өндірісінде т.б. қолданылады

Орман ресурстарының Жердегі тіршілікті сақтауда орасан зор роль атқарады. Олар оттегін қалпына келтіріп отырады, топырақты бұзылудан қорғайды. Ормандардың құртылуынан жер асты суы дереу төмендейді, осыдан барып өзендер тайызданып, топырақ құрғап кетеді. Бұған қоса орман ресурстары алуан түрлі конструкциялық материалдар алынатын негіз, дүние жүзінің көптеген аудандарында ағаш әлі күнге дейін отынға пайдаланылады.

Ормандар құрлықтың 30 пайызын алып жатыр. Осының өзінде ең көп орман алқабы Азияда сақталған, ең аз сақталған жер Австралия. Алайда континенттердің үлкендігі әр түрлі болғандықтан, олардың ормандылығын, яғни, орман өскен алқаптың жалпы ауданға қатынасын есепке алу маңызды. Бұл көрсеткіш бойынша дүние жүзінде бірінші орында – Оңтүстік Америка. Орман ресурстарын шаруашылық тұрғысынан бағалағанда ағаш сүрегінің қоры дейтін көрсеткіш бірінші дәрежелі маңызға ие. Бұл жағынан Азия, Оңтүстік және Солтүстік Америка алда. Жекелеген мемлекеттер арсында ағаш сүрегі қорлары жөнінен төрт ел: Ресей, Канада, Бразилия, АҚШ жетекші орындарды алады.Осының өзінде көптеген елдерде ормандар емес ағаш сирек өскен алқаптар көп. Орман мүлдем жоқ, өте аридтік жағдайдағы елдерде бар (Бахрейн, Катар, Ливия және т.б.).

Дүние жүзінің орман ресурстарының картасында ұзыннан ұзақ созылып жатқан және орман алқаптарының аумағы жөнінен де, ағаш сүрегәінің қоры жөнінен де шамалас екі орман белдеуі – солтүстік орман белдеуі мен оңтүстік орман белдеуі анық аңғарылады.


Бақылау сұрақтары:

1.Ағаш пластикаларын өндіру.

2.Өндірістің орналасу ерекшеліктері.

3Гидролиз өндірісі.

4.Ағашты гидролиздеудің спирт және басқа өнімдерін алудағы мәні.

Лекция. № 25

Тақырыбы: Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі.

(1 сағат)

Жоспары:


  1. Бөренелерді тілудің негізгі тәсілдері.

  2. Ағаш пластикаларын өндіру.

  3. Целлюлоза қағаз өндірісі.



Лекцияның мақсаты:Бөренелерді тілудің,ағаш пластикаларын,целлюлоза қағаз өндірістерінің тәсілдерін студенттерге таныстыру.
Лекцияның мәтіні.

1.Ағаш дайындайтын және оны өңдейтін өнеркәсіп салаларының жиынтығы орман қоры дайындау жұмысын орман шаруашылығы кәсіпорындарының өздері жүргізеді. Орман өнеркәсібін құрайды. Табиғи орман қорына бай елдер мен аудандарда ағаш дайындау өндіруші өнеркәсіп сыпатында ұйымдастырылып орман өнеркәсібі жалпы жүйесіне кіретін дербес ағаш дайындау өнеркәсібі ретінде жұмыс істейді.

2.Ағаштан мыңдаған өнім түрлерін шығаратын орман өңдеу өнеркәсібі салалық құрылымына қарай ағашты мех, және ішінара химиялық механикалық жолмен өңдейтін ағаш өңдеу өнеркәсібі ағашты химиялық жолмен өңдейтін целлюлоза – қағаз өнеркәсібі топтарына жіктеледі. Мысалы ағаш дайындайтын және ағаш өңдеу өндірісі орман және ағаш өңдеу өндірісі мин- лігіне біріктірілген.

3.Целлюлоза негізгі құрам бөліктері өсімдік клеткаларының қабығын түзетін үлкен молекулалы углевод. Целлюлоза макромолекулаларының қарапайым бұтақтары. Целлюлоза негізінен кейбір өсімдіктер талшықтарының құрамында болады. Мысалы мақта талшығында 97-98% ағашта 40-50 % тінді даңыл талшықтарында бір жылдық өсімдік сабақтарында т. Целлюлозаны гидролиздеу және одан түзілген глюкозаны оның химиялық өңдеу жолмен алынған эфирлері жасанды талшық жұқа пленка – сыр пластмасса мыңның дәрісін өндірцу де қолданылады.


Бақылау сұрақтары:

1.Ағаш пластикаларын өндірудін тәсілдері.

2.Орман өндеу өнеркәсібі салалық құрамына қарай қалай бөлінеді.

3.Целлюлозаны гидролиздеу қандай жерлерде қолданылады.



Лекция. № 26

Тақырыбы: Тоқыма өнеркәсібі.

(1 сағат)

Жоспар

1. Тоқыма өнеркәсібінің салалық құрамы және маңызы.

2. Шикізат ресурстары.

3. Тоқыма өнеркәсібінің шаруашылықтың басқа салаларымен байланысы.


Лекцияның мақсаты:Тоқыма өнеркәсібінің құрамын,маңызын және оның басқа салалармен қарастыру.
Лекцияның мәтіні.

1.Тоқыма өнеркәсібі – жеңіл өнеркәсібінің мал жүнінен, өсімдік, жасанды және синтетикалық талшықтардан мата тоқу ісімен шұғылданатын салалар жиынтығы. Оған мақта – мата, жүн, зығыр, кендір кенеп өнеркәсібі, мақта өндірісі, мата емес материалдар өндірісі т.б. салалар жатады.

Табиғи тоқыма талшықтың ең маңызды, әрі арзан, әрі кең тараған түрі – мақта талшығы. Ол мақта құқымынан өсіріледі. Мақта талшығы берік, жіңішке және ылғал тартқыш болып келеді.

Қабықтық талшықтар ( зығыр және кендір талшықтары т.б.) – техникалық талшықтар түрінде өсімдіктердің сабағынан, жапырағы мен жемістерінен алынады. Олардан арқан, брезент т.б. арналған жіптер иіріледі, сондай – ақ киіз басылады және киіз аяқ – киімдер дайындалады.

Шикі жібек – жібек құртының пілләсін ширату арқылы алынатын табиғи талшық.

2.Мақта-матаөнеркәсіптері Оңтүстікте шоғырланған. Барлық мақта тазалау зауытары (олар 30-дай) Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Жіпті Алматы мен Шымкентте иіреді. Матаны ең көп шығаратын - «Мата тоқу компаниясы» АҚ (бұрынғы Алматы мақта-мата комбинаты). Ол негізінен катаң мата түрін шығаруға маманданған. Мақта кешені Оңтүстік Қазақстан облысында құрылуда.Жүн өнеркәсібі мардымсыз дамыған. Жүнді бастапқы өңдеу фабрикалары Оңтүстікте (Таразда, Шымкентте, Алматыда) және Шығыста (Семейде), ал мата тоқитын фабрикалар Фабричный кентінде (Алматы маңында), Қостанай мен Семейде орналасқан. Өскеменде жасанды талшықтардан мата тоқылады. Тоқыма өнеркәсібінде Алматы ерекше орын алады.

3.Былғары, аяк киім және тері өңдеу өнеркәсіптері бір-бірімен тығыз байланысты. Тері өңдеу (табиғи былғары алу)

шикізат көзіне, су мен электр энергиясына жақын орналасады. Еліміздегі тері өңдеу өнеркөсібінің 4 негізгі орталығы -Петропавл, Тараз, Рудный мен Семейдегі зауыттар. Қостанайда, Алматыда, Таразда, Ақтауда аяк киім фабрикалары жұмыс істейді.Семейдің «Тері-былғары» комбинаты елімізде кой терісін өңдеу арқылы өнім шығаратын (тон, ішік, бас киім) ірі кәсіпорын болса, Шымкенттегі «Қазақиталқаракөл» - қаракөл терісін өңдейтін бірден-бір кәсіпорын болып табылады.Киізден жасалатын аяқ киімнің (пима) 70%-дайы Қостанай облысында шығарылады.Жеңіл Өнеркәсіптің «кез келген жерде» орналаса беретін саласы - тігін өнеркәсібі. Ол көбінесе тұтынушыға таяу орналасады. Өнімнің негізгі бөлігін шағын тігін шеберханалары шығарады. Бірақ Шымкенттегі «Восход» сияқты ірі фабрикалар да бар.


Бақылау сұрақтары:

1.Тоқыма өнеркәсібі.

2.Табиғи тоқыма талшықтын ең маңызды, әрі арзан,әрі кен тараған түрі.

3.Тері өңдеу шикізатының орналасуына әсер ететін негізгі фактор.

4.Еліміздегі тері өндеу өнеркәсібінің негізгі орталықтары.
Лекция. № 27

Тақырыбы: Тоқыма өнеркәсібі.

(1 сағат)

Жоспар:


  1. Химия талшықтарының салыстырмалы өсуі және оның экономикалық маңызы.

  2. Мақта мата өнеркәсібі.

  3. Мақта мата өнеркәсібінің орналасу ерекшеліктері.


Лекцияның мақсаты:Химия талшықтарының экономикалық маңызын,мақта мата өнеркәсібінің орналасу ерекшеліктерін түсіндіру.
Лекцияның мәтіні.

1.Талшықтың құрамында қарай тоқыма біртекті аралас, аралас және біртекті емес болып ажыратылады. Біртекті тоқыма иірілген, жіптің тек бір түрінен ғана пайдаланады. Әр түрлі талшық араластырып жүн мен матадан өрілген немесе жүн мен химиялық талшықтан өндіру иірілген мата түрінде болады. Тоқыма талшықтың құрамы әр түрлі жіппен тоқылады.

Қазақстанда тоқыма өнер кәсбі 12 – ғасырларда өрс алған. Бұл көбінесе Өзбекстан, Қазақстан мен Жетісудың қалаларында қоныстарында дамыған. Мақта, мата тоқымаларын бота, бөз, тор, шыт деп аталады. 1941-1945 жыл Ұлы Отан соғысы кезінде неміс-фашист басқыншылары басып алған территориядағы тоқыма машинасын жасау заводтары, тоқыа өнеркәсібі қиратылды. Тоқыма өнер кәсібі соғысқа дейінгі дәрежесінен едәуір асып түсті. Мысалы, мақта-мата өндіру 2,4 есе жүн маталарын өндіру 2,9 есе.

Қазақстанда тоқыма өнер кәсібі негізінде Ұлы Отан соғысынан кейін кең даму жолына түсті. Қазір Республикаызда тоқыма өнер кәсібі жеңіл өнер кәсіптің мақта, мата, жүн өндіру саласына тапқы өңдеуден өткізу фабрикалары: Аякөз жүн иіру фабрикасы, қарғаны шуға комбинаты, семей мәуіті - шуға өндірістік бірлестігі, Алматы кілем фабрикасы, Қостанай мәуіті-шұға комбинаты жатады.

2.Орман өнеркәсібі – ағаш дайындайтын және оны өңдейтін өнеркісіп салаларының жиынтығы.Орман қоры тапшы елдер мен аудандарда ағаш дайындау жұмысын орман шаруашылығы кәсіпорындарының өздері жүргізеді.Табиғи орман қорына бай елдер мен аудандарда ағаш дайындау өндіруші өнеркәсіп сипатында ұйымдастырылып. Орман өнеркәсібінің жалпы жүйесіне кіретін дербес ағаш өңдеу өнеркәсібін құрайды. Ғылыми – техникалық рпогрестің және еңбектің қоғамдық бөлінісінің өркендеуі барысында орман өңдеу өнеркәсібі құрамында жаңа өндіріс салалары туып қалыптаса бастады. Ағаштан мыңдаған өнім түрлерін шығаратын орман өңдеу өнеркәсібі салалық құрамына қарай ағашты механикалық және ішінара химиялық-механикалық жолмен өңдейтін ағаш өңдеу өнеркәсібі ағашты химиялық жолмен өңдейтін целлюлоза-қағаз өнеркәсібі топтарына бөлінеді.Орман өнеркәсібі қай министрлікке бағынатынына қарай да салалық топтарға жіктеледі.(Мыс:ағаш дайындау және өңдеу өндірісі.Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі министрлігіне біріктірілген).

3.Орман өнеркәсібінің дамуы барысында оның еліміздің экономикасының сұранысына барынша қанағаттандыратын және жаңа қогғамдық өндірістік тиімділігін арттыратын прогресшіл салалары қарқынды сипатталды. Мысалы: Кесінді материалды ауыстыратын ағаш тақта, картон қағазға өндірістің үздік дамуы нәтижесінде оағаш дайындауды ұлғайтуға, халық шаруашылығының мұқтажына ағаш шикізатынан жасалған өнер кәсіп бұйымдарын көптеп және түр – түрімен шығаруға мүмкіндік туады. Фанер (неміс Furnier – жабдықтпау реттестіру) – екі не оданда көп жұқа ағаш тақтайларды бір – біріне беттестіріп желімдеу арқылы алынатын ағаш материал. Фанер жасау үшін көбіне қайың, сондай – ақ қанды ағаш, қарағай т.б.ағаштың түрлдері пайдаланады. Фанер тақтайларының қалыңдығы 1-19 мм, ұзындығы мен ені 725-2440 мм болады. Фанердің арнаулы түріне бакелиттентірілген фанер, сәньдік фанер, профильденген фанер жатады. Фанер құрылыста сондай – ақ автомабиль, вагон, кеме,самалет жасауда, мебель өндірісінде тб қолданылады.


Бақылау сұрақтары:

1.Мақта –мата өнеркәсібі.

2.Мақта тазалайтын заводтардың орналасу ерекшеліктері.

3.Жүнді алғашқы өндеу.

4.Жүнді жуудың қажеттілігі және тәсілдері.
Лекция. № 28

Тақырыбы: Тамақ өнеркәсібі.

(1 сағат)

Жоспары:

1. Тамақ өнеркәсібінің маңызы және құрамы.

2. Негізгі тамақ өнімдерін өндіру мөлшері.

3.Тамақ өнеркәсібінің ауылшаруашылығымен және өнеркәсіптің басқа салаларымен байланысы.


Лекцияның мақсаты:Тамақ өнеркәсібінің маңызын және құрамын,оның басқа салалармен байланысын анықтау.
Лекцияның мәтіні.

1.Бұл өнеркәсіптегі «ең жалпы халықтық» және «тек қалада» ғана орналаспайтын сала.Онда өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің 1/4-нен астамын беретін кәсіпорындардың ең көп саны (5000-дай) жұмыс істейді. Наубайханалар, сүт, ет, көкөніс зауыттары ауылдык жерлерде де жұмыс істейді. Тамақ өнеркәсібі машина жасаумен, саудамен, көлікпен тығыз байланысты. Бірақ ол, ең алдымен, ауыл шаруашылығымен байланыс жасайды: оның шикізаттарын өңдеп, мал шаруашылығын жеммен камтамасыз етеді (арнайы дайындалған немесе өндіріс қалдықтары) және ауыл шаруашылығы салаларының дамуына оң ықпал жасайды.Көптеген «тамақ фабрикалары» көлемі үлкен, қымбат құрал-жаб-дықтар пайдаланады. Кейбір тауарларды алу технологиясы күрделілігі жағынан ауыр өнеркәсіптен қалыспайды. Сонымен қатар кішігірім зауыттар (май шайқайтын, шұжық шығаратын цехтар) кәдімгі 2 – 3 бөлмеге сыйып кетеді. Ондай зауыттар болмағандықтан, оларды шағын кәсіпорындар да сатып алады.

2.Тамақ өнеркәсібі - тұтас салалар кешені. Тек біздің еліміздегі олардың саны 14.Оның орналасуына шешуші әсерін тигізетіндер - шикізат және тұтыну факторлары.Материалды көп қажет ететін салаларында дайын өнімбірлігін шығаруға кететін шикізат шығыны үлкен. Мысалы, 1 т күнбағыс майын алуға 2-3 т күнбағыс дәні, ал май алуға - 5-5,5 т мақта дәні кажет. Ондай көсіпорындарды көбінесе шикізат өндіретін аудандарда орналастырады.Шикізат базаларына май айыру өндірісі, яғни өсімдік майын алу бағытталып орналасады. Қуатты зауыттар күнбағыс өсірілетін (Өскемен), мақта мен мақсары өсірілетін (Шымкент) аймақтарда орналаскан. Алматы мен Актөбенің зауыттары негізінен тасымалданып әкелінген майды рафинадтайды. Өскемендегі май айыру өндірісі халуа шығарумен үйлестірілген. Жеміс-көкөнісөнеркәсібі тез бұзылатын өнімдер - көкөніс, жеміс өңдеумен айналысады. Ол толығымен дерлік Қазақстанның оңтүстігінде, әсіресе, Алматы облысында орналаскан.Тұтыну орындарына өндірістік өңдеуден өткен шикізатты пай-даланатын салалар таяу орналасады. Олардың өнімдері нашар сақталатын (торт, пирожный, басқа да кондитерлік өнімдер, нан) немесе жасалған шикізатынан тасымалдануы қиын болып келеді. Мысалы, 60 тонналық темір жол вагонына 55 т ұн, ал макаронның 20 т ғана сыяды.Бұл өнеркәсіптегі “ең жалпы халықтық” және “тек қалада” ғана орналаспайтын сала. Онда өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің 1/4 – нен астамын баратін кәспорындардың ең көп саны жұмыс істейді. Наубайханалар, сүт, ет, көкөніс зауыттары ауылдық жерлерде жұмыс әстейді. Тамақ өнеркәсібі машина жасаумен, саудамен, көлікпен тығыз байланысты. Бірақ ол, ең алдымен, ауыл шаруашылығымен байланыс жасайды: оның шикізаттарын өңдеп, мал шаруашылғын жеммен қамтамасыз етеді және ауыл шаруашылығы салаларының дамуына әсер етеді.

Көптеген тамақ фабрикалары көлемі үлкен, қымбат құрал- жабдықтарды пайдаланады. Кейбір тауарларды алу технологиясы күрделілігі жағынан ауыр өнеркәсіптен қалыспайды. Сонымен қатар кішігірім зауыттар 2-3 бөқлмеге сыйып кетед. Ондай зауыттар қымбат болмағандықтан, оларды шағын кәсіпорындар сатып алады.

3.Тамақ өнеркәсібі орналасу сипаты жағынан барлық жерде кездесетін сала болып табылады. Оның кәсіпорындары күнделікті қажетті шикізат- астық, картоп, көкөністер, жемістер сүт, т.б. міндетті түрде табылады.

Тамақ өнеркәсібі- тұтас салалар кешені. Оның орналасуына шешуші әсерін тигізетіндер шикізат және тұтыну факторлары.


1-кесте


шикізатқа

тұтынушыға

шикізатқа және тұтынушыға

жарма

кондитерлік

ет

Май айыру

Нан пісіру

сүт

қант

макарон

Ұн тарту

косерві

Шай шығару




балық







Каталог: CDO -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)
Tar -> «Жалпы гидрология» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет