Лекция: 30 сағат Семинар: 24 сағат СӨЖ: 126 сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)



бет5/7
Дата03.05.2016
өлшемі1.5 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7

Тамақ өнеркәсібін жалпы алғанда барлық жерде орналысуына қарамастан кейбір салаларының өзіндік орналасу ерекшеліктері бар. Материалды көп қажет ететін салаларында дайын өнім бірлігін шығаруға кететін шикізат шығыны үлкен.


Бақылау сұрақтары:

1.Тамақ өнеркәсібінің басқа өнеркәсіп салаларымен байланысы.

2.Тамақ өнеркәсібінің орналасу ерекшеліктері.

3.Біздің елімізде күнбағыс қай ауданда өсіріледі.


Лекция.№ 29

Тақырыбы: Тамақ өнеркәсібі.

(1 сағат)

Жоспары:

  1. Ұн тарту өндірісі.

  2. Ұн тарту кәсіпорындарының типтері.

  3. Ұнның өнімділігі және сапасы.

  4. Ұн тарту заводтарының жанының жарма және құрама жемдер жасайтын цехтар құру.


Лекцияның мақсаты:Тамақ өнеркәсібінің түрлерімен таныстыру.

Лекцияның мәтіні.

1.Тамақ өнеркәсiбiнде ұн тарту үлкен орын алады. Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Павлодар, Ақмолада iрi диiрмен зауыттары салынған.Ұн-жарма өнеркәсiбi жоғары сапалы ұн, ұнтақ жарма және т.б. бағалы өнiмдер бередi. Тың өлкесiнiң бидайы-ең тәуiр бидай, жоғары сапалы жарма, макарон жасалатын қатты сорттары егiледi.

Нан өнеркәсібі –тамақ өнеркәсібінің саласы.Нанның түрлі сортын,бөлке нан,шипалық және диеталық т.б нан тағамдарын жасап шығарады.Ресейде 1-дүние жүзілік соғыстың қарсаңында Мәскеуде,Киевте,Одессада,Кронштадта бірнеше ірі кәсіп орындар жұмыс істеді.Бірақ онда санитарлық жағдайы тым нашар майда наубайханалар басым болды.СССР-де нан өнеркәсібін механикаландырылған құрылыстар соғысқа дейінгі бесжылдықтар кезінде кеңінен өрістетілді.Ұлы Отан соғыс жылдарында (1941-1945)уақытша жау қолында қалған жерлерді нан кәсіпорындарының көпшілігі қиратылды.Соғыстан кейінгі жылдары қиратылған кәсіпорындар қалпына келтіріліп ,жаңадан жүздеген нан завоттары салынды.Қазақстанның нан өнеркәсібі шығарылатын өнім көлемі жағынан 3-топқа Тәулігіне 20 т нан пісіретін ұсақ ,20-60 т нан өндіретін орташа,60 т астам нан өндіретін ірі кәсіпорындарға бөлінеді.Қазақстанда 30 ж дейін нан ұсақ наубайханаларда пісіріліп келеді,нан пісірудің барлық процесі қолмен жасалады. 1930 ж нан заводтары салына бастады.

2.Жартылай механикаландырылған пешпен жабдықталған тұңғыш нан заводтары 1930 ж Өскеменде салынды.1941 ж Алматыда нан заводтары пайдалануға берілді.1960 ж барлық Облыс орталықтарында және ірі өнеркәсіпті қалаларында комплексті механикаландырылған ,конвейірлі решпен жабдықталған және ұн сақтау қоймасы бар нан заводтары салына бастады.1973 ж Қазақстанда жан басына 92,2 кг нан және бөлке тағамдары өндірілді.Қазіргі нан өнеркәсібіндегі тахникалық прогресс қамыр дайындау ,оны илеу және кесу ,нанды пісіру жұмыстарына түйдекті әдісті енгізу арқылы өндіріс процесін комплексті механикаландыру және автоматтандыру ,электр мен мұнай-газбен қыздырылатын конвейірлі пеш орнату,ұнды диірменнен ,қоймадан нан заводтарына ыдыссыз тасымалдау әдісін енгізу,пісірілген нанды жинастыруды және сақтауды ,оны сауда торабына тасымалдауды механикаландыру процестеріне негізделген. Нан өнеркәсібінен басқа да социалистік елдерде ойдағыдай дамытылып келеді.Капиталистік елдер арасында нан өнеркәсібі АҚШ-та мейілінше механикаландырылған.

3. Ұн-дәнді дақылдарды ұнтақтау арқылы алынатын тағамдық өнім.Ол бидай ,жүгері,арпа,сұлы,бұршақ т.б.дәндерінен дайындалады.Ұннан сондай-ақ кондитер,макарон өнімдерн т.б. дайындау үшін пайдаланады.Ұнның химиялық құрамы ,тағамдық және технологиялық сапасы дәннің түріне ,ұнтақталу дәрежесіне т.б. байланысты. Ұнның 2-ші сортында және еленбеген ұнда витаминдер көп болады.Ал оның жоғарғы сортында бұл витаминдердің мөлшері өте азайып кетеді.Қара бидай ұны көбіне бір сорттан ғана шығарылады.Сондай-ақ 96 проценттік бидай-қара бидай ұны да дайындалады.Ұзақ сақталған ұнның сапасы нашарлайды.Ұнның ылғалдылығы 15 пайыздан аспауы керек.Ылғалдылығы 15 пайыздан артып кетсе,ұн қышқылданып көгереді және өздігінен қызып кетеді,ал ылғалдылығы одан төмен болса ұн аши бастайды.Бидай дәнінен ұн дайындау процесі ұн диірмендерінде орындалады.Нан пісіру –даяр нан алуға арналған технологиялық процесс.Біздің елде нанның 200-ден астам түрі пісіріледі.Нан пісіру үшін бидай мен қара бидайдың т.б. дақылдардың ұны пайдаланады.Қосымша шикізат ретінде ашытқы,тұз және қант,сүт,жұмыртқа секілді тағамдық және дәмдік заттар қосылады. Нан пісіру қамыр илеу ,ашыту ашыған қамырды пісірілетін нанның түріне сәйкес күлшелеу ,оны арнайы пештерге салып пісіру ,ең соңында суыту секілді жұмыстардан тұрады.Нан завоттарындағы нан пісіру процестері толық механикаландырылған.Қамыр иленетін ұн еленеді әрі магниттік апараттан өткізіліп бөгде қоспалардан артылады.Қамыр арнаулы қамыр илеуіш машинада даярланады.Қамырды ашыту мерзімі 3-4,5 сағатқа созылады.осы мерзім өткен соң қамыр әр түрлі күлшелеу машиналарынан өткізіледі де температурасы 33-38 градус С арнаулы конвейірлі камерада белгілі бір уақыт (20-40 мин)сақталады.Бұл мерзімде қамырқажетті дәрежеге дейін ашиды.Осыдан кейін пісіру үшін температурасы 200-300 градус С –тық пешке салынады.Нан арнайы метал қалыпта және қалыпсыз бос күйінде пісіріледі.Алматының нөмері 5 нан заводының конвейірлі пеші тәулігіне 17 т нан пісіріп шығарады.Пісірілетін нанның түріне байланысты қамыр даярлау да түрлі-түрлі болады.Мысалы,тоқаш пісірілетін қамырға ашытқыдан басқадай қосымша тағамдық заттар араластырылады.

4.Қамыр бір рет көтерілгеннен кейін иін қандыру үшін екінші рет қайта иленеді.Қамыр күшеленіп арнаулы табаларға салынған соң оның бетіне жұмыртқа не крахмалды су жағылады.Пештен алынған нан температурасы 30-40 градус С дейін төмендегенше суытылады.Бидай наны 3 сағат ,ал қара бидай наны 4 сағат мерзім суытылады.Осыдан кейін нанның сапалық көрсеткіштері тексеріліп ,сауда орындарына жөнелтіледі.Елімізде нан пісірудің ортақ рецепінен өзгедей республикалық,облыстық яғни жергілікті ре -

цептері бар. Республикамызда нанның таба нан,бауырсақ секілді ұлттық түрлері пісіріледі.
Бақылау сұрақтары:

1.Тамақ өнеркәсібінің ең маңызды саласы.

2.Бидай қандай дәнді дақылдардан алынады.

3.Қазақстанның диірмен зауыттары қай қалаларда салынған.



Лекция. № 30

Тақырыбы: Тамақ өнеркәсібі.

(1 сағат)

Жоспары:

1.Ет өнеркәсібі.

2.Май шайқау өндірісі.

3.Қант өндірісі.


Лекцияның мақсаты:Ет өнеркәсібі,Май шайқау,Қант өндірістерімен студенттерді таныстыру.
Лекцияның мәтіні.

1.Өнеркәсiп республикадағы бүкiл өнеркәсiп өнiмiнiң 1/4-iне жуығын бередi және өзiнiң үлес салмағы жөнiнен бiрiншi орын алады.

Қазақстандағы тамақ өнеркәсiбiнiң неғұрлым дамыған саласы - ет өнеркәсiбi. Оның кәсiпорындары республика территориясына айтарлықтай бiркелкi орналасқан, өйткенi мал шаруашылығы барлық жерде дамыған. Қазiр Қазақстанда 40-шақты ет комбинаты бар. Өте iрi ет комбинаттары Семей, Орал, Петропавл, Алматы, Қызылорда қалаларында орналасқан. Қуаты жөнiнен Достастық елдерiнде Москва мен Энгельс қалаларындағы комбинаттардан кейiн үшiншi орын алатын Семей ет комбинаты ерекше көзге түседi. Бұл комбинат малдың тiрiлей салмағын 98% пайдалана отырып, дайын және жартылай дайын өнiмiнiң 100-ден астам түрiн шығарады. Ет өнеркәсiбiнен кейiнгi орынды сүт өндiру және май шайқау өнеркәсiбi алады. Солтүстiк Қазақстанда 130-дан астам май шайқайтын және iрiмшiк жасайтын зауыт,сондай-ақ бiрнеше сүт консервiлерiн дайындайтын зауыт бар.

Нан өнеркәсiбi шығаратын өнiмiнiң мөлшерi жөнiнен екiншi орын алады. Бұл саланың кәсiпорындары әрбiр елдi мекенде дерлiк бар. Бұл салмағы артатын өнiмдер шығаратын және тек қана тұтыну принципi бойынша орналасатын салаға тән мысал болып табылады.

2.Республикада астықты Үқсататын басқа салалардан дамығаны - ұн өнеркәсiбi. ұн тартудың аса iрi орталықтары-Алматы, Қарағанды, Петропавл, Қостанай, Ақмола,Семей қалалары.

Май шайқау-сыр қайнату-Қазақстандығы тамақ өнеркәсiбiнiң маңызды саласы. Ол барлық жерде дамыған, бiрақ бұл саланың негiзгi аудандары-Солтүстiк және орталық Қазақстанда республикадағы iрi қараның көп бөлiгi шоғырланған. Олар Қазақстанда шығарылатын бүкiл мал майының жартысына жуығын бередi. Солтүстiк Қазақстанда 130-дан астам май шайқайтын және iрiмшiк жасайтын зауыт,сондай-ақ бiрнеше сүт консервiлерiн дайындайтын зауыт бар.

3.Қазақстанның оңтүстiгiндегi қант қызылшасын өсiретiн аудандарда қант өнеркәсiбi дамыған. Бұл салмағы кемитiн өнiмдер шығаратын салағы тән мысал бола алады,өйткенi 1 т құмшекер шығару үшiн 6-7 т қант қызылшасын Үқсату керек. Сондықтан құмшекер зауыттары шикiзаты бар аудандарға ғана салынады. Республикада 10-ты қант зауыттары жұмыс iстейдi, олардың бәрi де қызылша егiлетiн Жамбыл, Талдықорған және Алматы облыстарында орналасқан.

Тамақ өнеркәсiбiнiң iшiнде Оңтүстiк Қазақстанда бiрiншi орынды қант өндiрiсi құрайды. Тараз, Алматы, Талдықорған, Шу, Жансүгiров, Алакөлде қант зауыттары, Шымкентте май зауыты, Қызылорда iрi күрiш тазалайтын зауыт салынған. Барлық облыс орталықтарында ет комбинаттары бар.

Алматы қаласында сонымен бiрге кондитер және темекi зауыты,жемiс консервiсiн шығаратын зауыттар мен шампан шарабын жасайтын зауыт орналасқан. Көптеген аудан орталықтарында сүт өнiмдерiн жасайтын көәсiпоарындар салынған. Арал теңiзiнiң жағалауы мен аралдарында, Сырдария өзенiнiң Бөген поселкесiне жақын жағалауында, Көкарал, ұзынкайыр және ұялы аралдарында балық зауыттары орналасқан. Кiшiгiрiм балық зауыттары Балқаш пен Алакөлдiң жағалауларын да салынған.
Бақылау сұрақтары:

1.Талшықты дақылдарды алғашқы өндеу.

2.Сабақты талшық алу әдістері;алынған талшықтар мен талшық дақылдарын алғашқы өндеу қалдықтарын пайдалану

3.Май - шайқау сыр- қайнату өнеркәсібінің негізгі орталықтары.



10. Практикалық (Семинарлық ) лабараториялық сабақтың жоспары





Семинардың тақырыбы, мазмұны

Сағат саны

Бақылау түрі


Әдебиттер


1
Кіріспе. Өдірістің техникалық-экономикалық негіздері.

1.Мақсат,міндеттері.

2.Басқа пәндермен байланысы.



1


Үй жұмысы.

Тест

1,2,3,4,5,6,7,8


2

Отын – энергетикалық кешен

1. Отын балансы және оның құрылымы.

2.Елдің экономикалық даму кезеңдеріндегі оның өзгерісі.

1

Картамен жұмыс.

Тест

1,2,3,4,5,6,7,8


3

Мұнай өнеркәсібі.


1. Мұнай өнімдері және оның қолданылуы.

2.Мұнай өндеу зауытының орналасу ерекшеліктері.


1


Бақылау сұрақтары.Тест

1,2,3,4,5,6,7,8



4

Табиғи газ өнеркәсібі.

1. Табиғи газ және оның түрлері.

2. Табиғи ғаздан алынатын өнімдер.


1

Глоссарий

1,2,3,4,5,6,7,8



5

Мұнай өнеркәсібі.


1. Мұнай өнімдері және оның қолданылуы.

2.Мұнай өндеу зауытының орналасу ерекшеліктері.



1

Картамен жұмыс

Тест

1,2,3,4,5,6,7,8



6

Электроэнергетика.

1. ЖЭС.Олардың түрлері.

2. СЭС-ң типтері,жұмыс істеу принципі.

3. Су ресурстарын кешенді пайдалану.



1

Реферат

1,2,3,4,5,6,7,8


7

Электроэнергетика.

1. АЭС.


2.Жұмыс істеу принципі,халық шаруашылығындағы маңызы.

3.АЭС –терді орналастыру ерекшеліктері.



1

Картамен жұмыс.

Тест

1,2,3,4,5,6,7,8



8

Қара металлургия.

1.Бастапқы материалдар және оларды дайындау,темір рудалары,оларды байыту және агломерациялау,отындар,флюстер.

2.Бастапқы материалдардың өзіндік шығыны;құрыштаушы элементтер,отқа төзімді материалдар,ауа шығындары.


1

Бақылау сұрақтары.Тест




1,2,3,4,5,6,7,8



9

Қара металлургия.


1. Домна өндірісі.

2.Шихта..Домна процесі.

3.Шихта.


1

Глоссарий


1,2,3,4,5,6,7,8



10

Болат өндірісі.

1.Прокат өндірісінің өнімдері.Прокат стандары.

2. Құймасыз прокат өндіірісі.


1

Жазбаша бақылау


1,2,3,4,5,6,7,8



11

Болат өндірісі.


1. Қара металлургияның басқа салалармен байланысы.

2. Қара металлургиядағы құрамдастыру.



1

Үй жұмысы.Тест


1,2,3,4,5,6,7,8



12

Түсті металлургия.


1. Мыс өндірісі.

2. Мыс рудалары.

3.Қара мысты электролиздеу,таза өнім алу және бағалы қалдықтарды өңдеу.


1

Картамен жұмыс


1,2,3,4,5,6,7,8



13

Түсті металлургия.

1.Қорғасын,мырыш,никель,қалайы өндірудін принципиалды технологиялық сызбалары.

2.Олардың рудалары.


1

Картамен жұмыс


1,2,3,4,5,6,7,8



14

Алюминий өндірісі.

1.Түсті металлургияда қолданылатын негізгі шикізаттар мен қосымша материалдардың, отын,электроэнергия және су жұмсалудың мөлшері.

2.Осы факторлардың түсті металлургия кәсіпорындарының орналасуына әсері.




Бақылау сұрақтары


1,2,3,4,5,6,7,8



15

Алюминий өндірісі.

1.Түсті металлургияның басқа салалармен байланысы,туынды шикізат көздерін пайдалану.

2.Туынды шикізат кәсіпорындарының орналасу ерекшеліктері.


1

Картамен жұмыс


1,2,3,4,5,6,7,8



16

Машина жасау кешені.


1.Өндірісті ұйымдастырудың негізгі формалары тасқынды немесе түйдектік әдіс.

2 Осы салада ерекше көрінетін мамандандыру және ынтымақтасу-өндіріс ұйымдастырудың айрықша формалары.



1

Глоссарий


1,2,3,4,5,6,7,8



17

Машина жасау кешені.


1. Көп салалы болып келетін машина жасау кешенін жеке топтарға жіктеу.

2. Оларды орналастыру.



1

Картамен жұмыс

Тест

1,2,3,4,5,6,7,8



18

Химия өнеркәсібі.


1. Минералдық тынайтқыштар өндірісі.

2. Қоршаған ортаны қорғау проблемалары.



1

Картамен жұмыс


1,2,3,4,5,6,7,8



19

Орман және ағаш өндеу өнеркәсібі

1. Ағаш пластикаларын өндіру.

2. Өндірістің орналасу ерекшеліктері.


1

Картамен жұмыс


1,2,3,4,5,6,7,8



20

Орман және ағаш өндеу өнеркәсібі.

1. Гидролиз өндірісі.

2.Ағашты гидролиздеудің спирт және басқа өнімдерін алудағы мәні.


1

Бақылау сұрақтары



1,2,3,4,5,6,7,8



21

Тоқыма өнеркәсібі.

1.Мақта –мата өнеркәсібі.

2.Мақта тазалайтын заводтардың орналасу ерекшеліктері.


1

Номенклатура

1,2,3,4,5,6,7,8

22

Тоқыма өнеркәсібі

1.Жүнді алғашқы өндеу.

2.Жүнді жуудың қажеттілігі және тәсілдері.


1

Глоссарий

1,2,3,4,5,6,7,8

23

Тамақ өнеркәсібі.

1.Нан пісіру.

2.Қолданатын шикізат және қосалқы материалдар.


1

Картамен жұмыс

1,2,3,4,5,6,7,8

24

Тамақ өнеркәсібі.

1.Талшықты дақылдарды алғашқы өндеу.

2.Сабақты талшық алу әдістері;алынған талшықтар мен талшық дақылдарын алғашқы өндеу қалдықтарын пайдалану.


1

Бақылау сұрақтары

1,2,3,4,5,6,7,8







24







Каталог: CDO -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)
Tar -> «Жалпы гидрология» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет