Лекция: 37 сағат Практикалық (семинар) сабақ: 15сағат Лаборатория 15 СӨЖ: 158 сағат Барлық сағат: 225 сағат



бет2/14
Дата28.04.2016
өлшемі3.12 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Испандық африкалық суреттерде садақшылардың қаумалап аң аулаудағы кейбір көріністері барынша шегіне жеткізіліп адуын құйынға айналған қозғалыстың өз бейнесіндей ала жөнелуге дайын тұрған асау жігердей бұл жағынан алғанда кейбір сценалар шын мәнінде өшпес із қалдырады. Мұның үстіне бұл бейнелеу өнерінде жартастағы графикада алғашқы қауым бейнелеу өнерінде тұңғыш рет бұл әсем нәзіктікке деген талпыныс айқын байқалып өз мақсатын көбіне керемет орындап шығады. Неолиттің жартастағы бейнелеу өнерінде адамдар мен аңдардың кескіндері көбіне болжап қана берілетіні соншалық жай ғана белгілерге айналып кетеді,сөйтіп нені бейнелегені әрең ажыратылады. Ырғақтылық пен ішкі динамизм бейнелеу өнеріне әрдайым дерлік шабыт беріп қарапайым өрнекке дейін төмендеуден сақтайды. Ласко үңгіріндегі суреттерде мұнда шапшаңдық дамылсыз қимыл және еркін қиял тамаша жаңа шабыт серпіні.

2.Неолит өнері Неолитке тән өнердің алғашқы қауымдық қатынастарды сақтаған африкалық тайпалардың арасында әлі де ұзақ сақталғаны көп нәрсені аңғартады. Мәселен, Оңтүстік Африкада ол бұл жерлерге европалықтар келгенге дейін өмір сүрді. Бушмендердің жартастағы тамаша бейнелеу өнері шабыты мен стилі жөнінен неолитке жатады.


Көрген адамның әңгімесіне қарағанда, өткен ғасырдың соңына таман егде тартқан ақ сақалды үш бушмен үңгір қабырғаларына сурет салып жатады. Олардың әр қайсысы өз суреттерін дербес жасап жатыр. Бушмендердің барлығы бірдей суретші болмаған, бұл өнермен сурет сала білетін азшылығы ғана айналысқан. Әйелдер еркектердің жұмысын тек сырттай қызықтайтын. Сурет салушылар ең алдымен қызыл бояулы кішкентай құмыра мен антилопаның қылынан жасалған (кейін жылқының қылынан дайындалады), тарамыспен таяқшаға байланған қатты қаламды қолына алады. Олар қыл қаламды бояуы бар құмыраға батырып қабырғаға сурет салады. Қанша бояу керек болса, сонша құмыра пайдаланылады... Бояуды олар ерітілген майға езеді. Қабырғаларға сурет салмастан бұрын бушмендер болашақ суреттің нобайын алдын ала кішірейтілген күйінде шағын жалпақ тастарға салады.

Аса бағалы куәлік 1 Жартастарға сурет салушылардың қалай жұмыс істегендері жөнінде біздің бар білетініміз осы.

Европалық отаршылар келген кезде бушмендердің қоғамдық құрылысы ежелгі рулық қоғам ғана еді. Бушмендерді – Оңтүстік Африканың ежелгі тұрғындарын – бурлар мен ағылшындар қатігездікпен жойып жіберді. «Тас ғасырдың» ақырғы суретшісі –бушмен – атып өлтірілді деген дерек бар. Оның белбеуінде мүйізден жасалған, әрқайсысына ерекше бояулар құйылған он ыдыс болған.

Міне, біздің жерде табылған кейінгі неолит бейнелеу өнерінің ескерткіші. Бұл Онега көлінің шығыс жағындағы Бесов Нос деревнясы маңынан Эрмитажға жеткізілген гранит жартастың бөлігі төрт мың жылдай бұрын оған ондаған кескіндер қашап жасалған. Бұландар мен бұғылар, үйректер мен аққулар және ескекшісі бар үлкен қайықтар. Мұның бәрі айқын бейнеленген. Бірақ бұлардан басқа өскін екені немесе ұзын сырыққа шаншылған екені белгісіз шеңберлер бар. Біз олардың нені бейнелейтінін білмейміз. Күнге табыну ма? Әлде айға ма? Бірақ тұтас алғанда, бұлар адамның аңнан үстем болуына жол ашатын сиқырлы мистерия, яғни адамның табиғаттан тағы да үстем түсуін бейнелейтіндігі айқын. Қола ғасыры мен темір ғасыры адамзат дамуындағы асқаралы жаңа баспалдақтар оның прогрес жолындағы қарышты қадамын енді ешкім тоқтата алмайды. өнер жаңа формаларға ие болады. Лена мен Ангара құздарындағы бұландардың кескіні де Выга өзенінің Ақ теңізге құяр тұсындағы Залавурга деген жердегі жартастарда шынайы реалистік кұшпен бейнеленген жақында мүк астынан табылған бұғылардың декоративті тізбегі тамаша. Біздің эрамыздан бұрын шамамен елу мың жыл шамасында аяқталған ерте палеолит дәуірінде қаһарлы мұзь кезеңінде адам жағдайы осындай болды Палеолиттен мұздақтардан шегінуден кейін мезолит орта тас ғасыры одан кейін жаңа тас немесе неолит ғасыры өңделген тас ғасыры келеді. Ерте тас ғасыры өрнегінің ғаламат пафосы біртіндеп тұншыға береді. Өйткені ол жастық пафосы айналадағы дүниені алуан түрлі аңдар патшалығын бейнелеу арқылы игерудің алғашқы талпынысы болды. Бейнелеу өнер ескерткіштері мен сол заманғы иероглифтер жартасқа салынған суреттер өте сан-алуан жерлерге таралған.Олардың топтанған орындары бүкіл Африкада стилъі жөнінен Испанияның шығысында кездеседі. Өзбекістан, Азербайжанда, Ақ теңізде Сибиръде бар.Палеолитке тән нәрсе өнерден біраз ерекшелінеді аңның бейнесін нысанадай арманды мақсаттай дәл беретін реалистік пафос біршама үйлесімді жинақтауға стилъдендіруге сөйтіп ең бастысы қозғалысты бейнелеуге ұмтылады.


Испандық африкалық суреттерде садақшылардың қаумалап аң аулаудағы кейбір көріністері барынша шегіне жеткізіліп адуын құйынға айналған қозғалыстың өз бейнесіндей ала жөнелуге дайын тұрған асау жігердей бұл жағынан алғанда кейбір сценалар шын мәнінде өшпес із қалдырады. Мұның үстіне бұл бейнелеу өнерінде жартастағы графикада алғашқы қауым бейнелеу өнерінде тұңғыш рет бұл әсем нәзіктікке деген талпыныс айқын байқалып өз мақсатын көбіне керемет орындап шығады. Неолиттің жартастағы бейнелеу өнерінде адамдар мен аңдардың кескіндері көбіне болжап қана берілетіні соншалық жай ғана белгілерге айналып кетеді,сөйтіп нені бейнелегені әрең ажыратылады. Ырғақтылық пен ішкі динамизм бейнелеу өнеріне әрдайым дерлік шабыт беріп қарапайым өрнекке дейін төмендеуден сақтайды. Ласко үңгіріндегі суреттерде мұнда шапшаңдық дамылсыз қимыл және еркін қиял тамаша жаңа шабыт серпіні.


4.Бақылау сұрақтары.

1. Бесов Нос деревнясы маңынан Эрмитажға жеткізілген гранит жартас туралы анықтама айт

2. Алғашқы қауым бейнелеу өнері

3. Жартастағы суреттер

4. Неолит өнері

5. Мезолит өнері



4 - лекция Тақырыбы: Ежелгі Мысыр өнері. Ежелгі Мысыр өнерінің дүниетанымдық түсінікпен байланысы

Жоспары:

1. Мысыр патшалығы

2. Гиза пирамидасы

Лекция маќсаты: . Мысыр патшалығы, Гиза пирамидасына шолу жасау
Лекция мєтіні (қысқаша)

1.Мысыр патшалығы. Рулық құрылыс ыдырағаннан кейін үлкен өзендер бойында пайда болған құл иеленуші мемлекеттердің арасында Египет бірінші болып шын мәніндегі қуатқа жетті, төңірегіндегілерге өктемдік жүргізген ұлы державаға айналды жердің ежелгі египеттіктерге ғана белгілі шағын көлемінде болса да дүние жүзілік талап еткен бірінші империяға айналды. Ауыз бірлікті мықты ұйымшылдығы берік халық билік жүргізуші топқа толық бағынған мемлекет. Өз күшіне деген сенім оны сақтап еселей беруге деген билеуші топтың бүкіл дүниетанымын айқындап египеттіктер дінінің негізінде алынды. Жаңа пайда болған Египет ұлы державалығы және көршілердің онан қорқу жаңа пайда болған Египет мектебі египет халқының өзінің жоғары өкімет сіңіруге тиісті қорқыныш біржолата

Белгіленген түсініктер мен сенімдердің болуын талап етті. Египет өнері де патшаларды мадақтау сол патшалар өздерінің жеке дара билік жүргізуіне негіз етіп алған мызғымас және түсініксіз идеяларды мадақтау негізінде жасалды. Мұның үстіне бұл өнер эстетикалық ләззаттың қайнар көзі ретінде оның үстіне бұл өнер эстетикалық ләзаттың қайнар көзі ретінде емес осы йдеялардың өздері мен ресми атағына сай ізгі құдай перғауын билігін қиялды да таңданарлық формалар мен бейнелер арқылы орнықтыру үшін жасады.

Бірақ бұл жеткілңксіз. Перғауын билігінің Египет халқына, египет мемлекетінің көрші тайпалармен патшалықтарға билігі барған сайын берік орныға түсті. Ал, енді мұны адамды күтіп тұрған

Ең қорқынышты нәрсемен- ажалмен қалай үйлестіруге болады.

Осындай көз көріп құлақ естімеген құдірет соншама билік, кенет мұның бәрін өлім өшіреді. Бұл мүмкін емес бұл болмайды да.

Бірде бір басқа цивилизация ажалға қарсылық египеттегі сияқты

Осыншалықты айқын, нақты және мүлтіксіз бейнесін тапқан емес.

Бұл- бірнеше жылдар бойы Египнтке шабыт берген батыл да табанды қарсылық.

Египеттіктерге ғаштық өмірдің табиғи ағысын бұзушылық болып көрінген ажалды тоқтату жеңіп шығу жөніндегі ынтық үміт аруаққа табыну, Египеттің бүкіл өнеріне өз таңбасын салды. Ежелгі Египеттік құл иеленуші қоғамның тоқырау сипаты жалпы Египеттік өнердің бір сарындылығын белгіледі. Египеттік суретшілер өздерінің жеке қасиеттерін өздерінің творчестволық тынысын таныта білді. Жалпы алғанда қатып қалған сияқты, бірақ өз қуаты жөнінен жаңадан пайда болған әрі қайталанбас стильдің айқындылығы мен мүлтіксіздігі жөнінен үздік асқаралы сұлулығымен мәңгі табындыратын Египет өнері сонымен бірге өзінің жанды нәзіктігімен, дүниені дүркіреткен алып қанат серпіні арқылы ерекше тартымдылығымен елітеді.

Египет патшалары мен шонжарларының суреттегі музейлерге қойылған . Мазарларда өмірдің сұлулығын бейнелеген ұлы Египеттік өнер бүгінде тірі.Египеттік аңыз уақыт өзені пирамидалардың мызғымас сұлулығының алдында дәрменсіз. Перғауындардың өздері жөнінде олардыңкүш қуатымен істері жөніндегі түсінік баяғыда-ақ «ұмытылу құрдымына» кеткен, кәзіргі кезде де осы алып мазарларға қарап, біз «жер бетіндегінің бәрі уақыттан сескенеді, ал уақыт пирамидалардан сескенеді», - деген қанаты сөздерді еріксіз қайталймыз. Тас алыптар жерден көтеріліп жаңа орындарға тасылды жартаста ойып жасалған ғимараттар осылай мұқият бөлшектеліп содан кейін бұрынғы күінде қалпына келтірілді бірнеше мынң жылдар бұрын жасалған алып ескерткіштер құм арқылы басқа жақтарға қарай бет алды. Кезінде тек адам қолымен орнатылған алып ескеткіштер енді осы заманғы ең қуатты техниканың көмегімен көшірілді. Нілдің суы тамаша ескеткіштері мәнгі қазыналарға , зор сеніммен тарихта теңдесі жоқ міндетті шешу ісіне үлес қосуға әрбір ізгі нейетті адамды шақырды. Тұңғыш рет тұтас аймақтар өте мұқият және кең көлемде өнер ескеткіштері мыңдаған жылдар бойы жатқан жерінен қазылып алындаы. Египет сәулет өнерінің атақты ескерткіштері зор мүсіндер қайтадан жинауға көшірілді осы соңғы нәрсе сәулет ескерткіштерін жаңа жерде Орнату өте маңызды үш мың жылдан бұрын Амадта салынған храм жаңа орынға көшірілді. Храмның жаңа жеті залы ерекше көркем суреттермен безендірілген мұнда көптеген жазулар бар. Мұның теңдесі жоқ аңғартатын жайлар.



: CDO -> Sillabus -> BOS
BOS -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
BOS -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
BOS -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
BOS -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
BOS -> Лекция: 30 сағат. Семинар: 30 сағат. СӨЖ: 30 сағат. Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> Лекция:: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат. СӨЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> 2. Практикалық сабақты өткізу уақыты және орны
BOS -> Лекция 30. СӨЖ. 30. ОбсөЖ. 30 Барлық сағат саны. 90 с. Емтихан. 6-семестр. Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынш


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет