Лекция: 37 сағат Практикалық (семинар) сабақ: 15сағат Лаборатория 15 СӨЖ: 158 сағат Барлық сағат: 225 сағат



бет7/14
Дата28.04.2016
өлшемі3.12 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Бақылау сұрақтары

1. Италия Қайта өрлеу мәдениетінің алтын бесігі

2. Әулие Петр күмбезі

3. Алъберти квартроченто дәуірінің



15 Лекция. Таќырыбы: 13-14 ғасырдағы Италия өнері.
Жоспары:

1. 13-14 ғасырдағы сәулет өнері



Лекция маќсаты: 13-14 ғасырдағы сәулет өнеріне шолу жасау
Лекция мєтіні (қысқаша) 1. 13-14 ғасырдағы сәулет өнері Италия мәдениет қайраткерлері мен гуманистер өз дәуірлерінде өнер өрлеуін аса жоғары бағалады.Антикалық мәдениет үлгілерімен ұзақ уақыт бойы Батыс Еуропада кертартпа заман басталды.Жаңа дәуірдің туғызған мәдениет үлгілері антикалық мұралар үлгісімен сабақтас жалғасты.ИталиҚайта өрлеу мәдениетінің алтын бесігі.Онда өнердің оөық үлгілері өмірге келді.Әлемді шарлап,қоғамда ,табиғатта болып жатқан сан алуан құбылыстар зер салып, олардың заңдылығын өзара байланысын түсіндіруге тырысты.Шапшаң дами бастаған ғылым мен техника өз қызметтерін жаратты.Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері анатомия ,археология, математика,, философиямен терең шұғылданды.

Осындай сапалы іздену , өмір құбылыстарын парасатты зерттеу , тамаша жеміс берді.Рнесаннс шеберлері көркемдік мәні терең реалистік өнер үлгілерін болашақ ұрпақтарға тарту етті.

Италия-Қайта өрлеу мәдениетінің алтын бесігі. Онда өнердің озық үлгілері дүниеге келді.Бейнелеу өнері живописъ,мүсін,,әдебиет,поэзия саласында теңдері жоқ қайталанбас жұмыстар жасалды.Жалпы Италияның Қайта өрлеу дәуірі негізінен екіге бөлінеді.15 ғасырдағы алғашқы қайта өрлеу дәуірі негізінен екіге бөлінеді.15 ғасыр алғашқы өрлеу ал кейінгі 16 ғасыр жоғары қайта өрлеу дәуірңі деп аталады.Ерте немесе алғашқы қайта өрлеу дәуірінің негізі дамыған кіндігі орталығы Флоренция болды.Ол кейіннен 16 ғасырда Римге ауысты, сонымекн қатар Венеция да үлкен ролъ атқарды.Ең бірінші негізі түбірлі өзгеріс сәулет саласында болды.

Сәулетшілер Италияда етек жайған романдық және готикалық стилъден біржолата бас тартты.Антикалық сәулеттің бағытымен соның әсерінен күмбезді сарай ғимараттар ,діни ғибадатханалар тұрғызу әдетке айналды. Сол кездегі сәулет өнерінің негізі үлгісі антикалық Римдегі Пантеон болды.Қайта өрлеу дәуіріндегі ең атақты ғимараты Әулие Петр күмбезі бұл ғимаратта жүз жылдан астам уақыт бойы тұрғызды.Құрылысқы басшылық жасаған ондаған басшылар мен сәулетшілер ішінен ғимараттың алғашқы жобасын жасаған сәулетшілер Браманте мен Микеланджело болды . Микеланджелоның қай шығармасын алсаңызда ең алдымен адамды оның ақыл-парасатын ерлігін еңбегін арқау етті.Ел бақыты ереіндікте бейқұт бостандықта деп білген алғыр ойлы суреткер халық қамын жейтін адамзат баласына адамгершіліктің ізгі қасиеттерін көркем бейнелеген.»Бүкжиген бала »картинасы.Рим мәдениеті өнері этрустар мен гректердің пәрменді ықпалымен дамыды.Алғашында олардың мәдениеті мен өнеріне этрустар едәуір әсер етті.Олар әсіресе халықты жік-жікке бөлді.Әдет-ғұрыптарды діни-наным сенімдерді құрылыс тәсілі мен шайқастарды өздеріне дарытты солардан қабылдап,үйренді.Римдіктер тарихында бірнеше ғасырға дейін мәдени тұрғыдан басылымдылығы сақталып келді.Рим шеберлері сарайлар мен салуда шығыс елдерінің бай тәжірибесін пайдаланды.

Рим сәулетін айтқанда рим форумы ерекше аталды.Қорым кезінде қоғамдық ғимараттар тоғысқан орталық болған.Қазір қорымнан қалғаны Сатурн храмының сегіз гранит бағанасы еді. Бейнелеу өнерінде римдіктер портретке көп көңіл бөлді.Сол кездегі елеулі мүсіннің бірі Римнің соңғы патшасы Тарквинді қуған көтеріліс басшысы Бруттың бейнесі еді. Рим өнерәі тұтастай алғанда грек өнерінен туып өскен дәлелдеуге болады.Флоренциядағы атақты Уффици галереясында 15 ғ екінші жартысында флоренциялық даңқты шебер Андреа Вероккионың «Христостың шоқынуы» атты картинасы сақтаулы тұр. Бір өзі живописъші де, мүсінші де гравер де әрі зергер де болған. Вероккионың көркем мұрасы бізді әлі күнге дейін қуантуда. Алайда,оның осы картинасыв тек сол жақ қанаттағы алдыңғы періштенің фигурасы ғана ерекше назар аударарлықтай. Сол бейнеге зер салып, онан соң басқаларының

Тұлғасына көз жүгіртсек онымен салыстырсақ бізге қимыл әрекеті дөрекелеу сүйектері шығыңқы бейне бір көрініске сыймай үш өлшемге жете алмай екі өлшемді қалған сияқты болып көрінеді.15 ғасырдағы италъян сәулетшілері суретшісі Қайта дәуірлеу кезіндегі италъян живописъшілері, мүсіншілері, тамаша биографы Вазари «Леонарданың періштесі Вероккионың фигурасынан әлдеқайда жақсы шыққан.Бұл Андреаның содан былай живописътен мүлде қол үзгісі келгеніне себепші болды,шәкіртінің өнерлігі өзінің шеберлігінен артық екенін өкініш санағандықтан сондай шешімге келді.»Көп жылғы ықпалынан кейін италъян суретшілері живописъті таң қалдыратындай ғажайып шығармалар туындатты бірақ нақты өмірді бейнелей алған жоқ.Суретшілердің өнерін көрермендер аумақты терең дүние ретінде сезінбейді, ол өнер ешкімді кеңістік әсеріне бөлемейді,тіпті ондай мақсатты суретшілер өздерінің алдына қойған емес.Өнер қоғамдық тұрмыстың ажырамас бөлігі 13 ғасырда атақты живописъші Чимабуэ өзінің үлкен «Мадоннасын»салып бітіргенде оның замандастары таң-тамаша болғаны соншалық қуаныш кварталы деп аталып кеткен.



Бақылау сұрақтары

1. 13-14 ғасырдағы сәулет өнері
16 Лекция. Таќырыбы: Флоренция мен Тоскандағы ерте кезеңдегі мүсін өнері Жоғарғы қайта өркендеу дәуіріндегі флоренциялық-римдік өнер. Венециядағы жоғарғы қайта өркендеу дәуірі

Жоспары:

1.Донателло мүсіндері.

2. Венециядағы жоғарғы қайта өркендеу дәуірі

Лекция маќсаты: Флоренция мен Тоскандағы ерте кезеңдегі мүсін өнері Жоғарғы қайта өркендеу дәуіріндегі флоренциялық-римдік өнер. Венециядағы жоғарғы қайта өркендеу дәуірімен танысу

Лекция мєтіні (қысқаша)

1.Донателло мүсіндері. Донателло творчествосының ауқымы кең. Ол нағыз асқақ драмалық образдар жасады, сол сияқты мейірімді лирикалық нәзік дауылды динамикалық тұлғада дүниеге әкелді. Оның шалқар шабыты мен шеберлігі әрбір тақырып үшін нағыз көркем уақытында ешкім асып кете алмаған бейнелер таба білді. Оның ғажайып шығармаларының бірі Флоренция шіркеуіндегі әншілерге арналған билеп жүрген періште сәбилердің бедерлі суреттермен әшекейлеген атақты кафедра Муратов өзінің «Италия образдары»деген кітаюбында былай жазған. Бұл фигураларды жасаған суреткердің тұла бойында телегей теңіз өміршеңдік күш қайнап жатқан болса керек.Ренесанстың үш атасының 15 ғасырдағы бірінші жартысындағы Флоренцияның үш кемеңгер суретшілерінің арасында Мазаччо ең алдымен өте жастай дүние салды, достары Донателло өз заманының өнеріне тіпті бүкіл әлемдік өнерге баға жетпес әрі ұмытылмас үлес қосты.Өйткені композициялық Вазари айтқандай бірінші болып,композицияны тік тұрғызды.Мүсін өнері 15 ғасырда жүзеге асты.Бізге белгілі аса тамаша шебер Вероккио квартроченто кезеңінде Донателлодан кейінгі шын мәніндегі аса ірі мүсінші саналады. Онымен терезесі тең емес одан кейінгі үздік шыққан суреткер.Венеция алаңдарында аспанмен таласып тұрған «Коллеони»атты қола мүсінінде Вероккио даңқы шыққан кондотъерге орнатылған ескерткіш қаһарлы қолбасшы ат үстінен әлемге көз тігіп,тұрған бейнесін көрсеткен. Бұл монумент өнердің өте әсерлі туындысы екендігін күмән жоқ.

Қайта өркендеу дәуір суретшілері әр алуан салада байқап көрді архитектуралық чертеждер сызу Пизаны Флоренциямен қосатын канал жобасын су күшімен қозғалысқа келетін диірмендердің шұға басатын машиналар мен снарядтардың суреттерін сызды.»Гүл ұстаған құдай ана »деген картинасы осы кезеңге жатады.Бұл туындысын жазған кезде ол жиырима алтыда еді. Бұл кезеңде суретші ұлы живописъ өнерінде кәмелетті шеберлікке жетті.Бұл картинаның барлығы соншалықты қарапайым өмірдің өзі сияқты шексіз күрделі. Болмыс заңдарын талмай зерттеген шығарманың авторы өз туындысын мейлінше еркін жасай алатын дәрежеге жеткен тұңғыш суретші еді.

Жарық пен көлеңке нәзік кіріктіру арқылы ол өзі бейнелеген фигуралардың ауқымдылығын аша түседі. Адам табиғаттың жетілген перзенті оның қожасы ретіндегі ролі күш-жігері мен еркіне толық бостандық береді.Барлық өнердің ішінде Леонарда живописъті ең алдыңғы орынға қояды. Өйткені ол живописъші әр түрлі адамдардың және барлық заттардың өкім жүргізушісі болып табылады. Онша белгілі емес с уретші және гуманист ақын ұлфы Рафаэлъ Санти жоғары құрметке ие болды. Рим папасы бұрын живописъші жетіп көрмеген биік тұғырға көтермек болды, тек мезгілсіз келген ажал кедергі болды. Рафаэлъ Перуджионың шәкірті болды., ол жас кезінен оның суретшілік өнері ұстазына ұқсас еді. Оның ең ертеңгі шығармаларында өзінде жаңа идеалдың нышаны байқалған еді. Лондонда Ұлттық Галереяда 1500 жылы он жеті жасар кезінде салған суреті «Рыцардың түсі»атты ғажайып картинасы ілулі тұр. Жас жігіт тамаша табиғат көрінісіне фонында бейнелеген ол тұлғалы болып көріне қоймауы мүмкін әлдебір ішкі ұстамдылық пен жан дүниенің сабырлығы үйлесім тапқан, әсемдікке бөленген.1506 жылдары көптеген портреттер салды,автопортрет.»Көк оранған құдай-ана»»Ғажайып бағбан»атты картиналары бар.

2. Венециядағы жоғарғы қайта өркендеу дәуірі Джотто образдарындағы нақтылық замандастары үшін тың құбылыс болды. Бірақ оның реализмі құдайларды «денесіз»бейнелейтін Византия өнерін жоққа шығара алмайды, екі өнерде шабыт құсының қанат қақтығыстары қуатты, өйткені бағыты де шабыт ұшу биіктігі бірдей. Флоренция мен Римнің живлписъіне қарағанда Венеция живописъі өнердің жаңа бір беті еді. Венецияның асқан кемеңгер суретшісі Тициан Микеланджелоны да ,Рафаэлъді,Л. до Винчиді өнер тарихының алтын беттерінен алып тастай алған жоқ. Тициан картиналары тамашалай отырып нағыз құдіретті живописъ, осы ғана деген тұжырымға келесің.Флоренция мен Римде өздері әрі мүсінші, әрі сәулетші болғандықтан өнердің сол түрлерінің ықпалы живописътік творчествосына әсер еткен суретшілер жұмыс істеді. Олар өздерін логикаға негізделген ежелгі мәдениеттің мұрагеріміз деп есептеді. Көркем көрінісімен көз қуантатын Тоскана табиғаты суретшілердің шын мәніндегі айқын түрге әдемі айшықты көрініске геометриялық жағынан мінсіз композицияға деген ынтасын оятты. Венеция живописъі дүниені сезіммен түйсінуге негізделген. Онда классикалық дәстүрдің болмысы тікелей ролъ атқарған. Венеция шеберлері картиналарының ерекшелігі композицияның архитектуралығы мен геометриялық дәлдігі айқындалады. Ол шеберлер тек живописті ғана мұрат етіп тұтты.

Венеция мектебі өз мақсаттарына тек живописътің ғана шамасы келетін құралдармен жетеді, яғни олар түр-түстің құдіретіне құлай беріліп бояуды ғаламат құлпырта алады. Қайта дәуірлеу кезеңін ұйқыдан ояну немесе жастықтың кемелденту сәтімен салыстьыруға болады, ол кезде дүниедегінің бәрі бар болмысын айқын қуанышты түрде қабылданып, әлем адамға өзінің көз тұндырарлықтай алуан қырлы әсемдігімен көрінді. Венециялық ұлы живописъ квартроченто дәуірінде даңқ нұрға бөленді. Тициан даңқы Италияға содан соң бүкіл БатысЕуропаға жайылды. Тициан таңдауы білімді қауым арасында ұзақ өмір сүрді. Оның өмірі дүниенің әсемдігімен сүйсінумен ұлы живописъ өнерінде паш етумен өтті. «Пенделік махаббат пен пейіштік махаббат»»Флора»»Венера мейрамы»атты картиналары бар.



Бақылау сұрақтары

1.Донателло мүсіндері.

2. Венеция мектебіне живописътік бағыт.

3. Венеция мектебі



17 Лекция. Таќырыбы: Германиядағы қайта өркендеу дәуірі. 17 ғасыр Батыс Европа өнеріне жалпы сипаттама. 16ғ соңы мен 17ғ 1-ші жартысындағы Италия өнері

Жоспары:

1. Дюрер творчествосы.

2. Өнердің аристократиялық,демократиялық сипаты.

3. Италия бароккосы.



Лекция маќсаты: Дюрер творчествосына,өнердің аристократиялық,демократиялық сипатына, Италия бароккосына тоқталу.

Лекция мєтіні (қысқаша)

1.Дюрер творчествосы Алъбрехт Дюрер (1471-1528) бұлар өмір сүрген кезең Германия тари хында елеулі кезеңдерді бастан кешірді.Ол қолөнер,өнеркәсіп, сауда-саттық істермен аты шыққан Нюренберг қаласында дүниеге келді.Алъбрехт әке өсиеттерін бұлжытпай орындап ол әсіресе сурет,графика, өнеріне ерекше назар аударады.Дюрер салған суреттер “Автопортрет””Әке портреті”

“Адасқан ұл”т.б.болды.Ол портрет жанрының шебері еді. Лукас Кранах (1472-1553)Солтүстік Франкониядағы Кронах деген шағын қалашықта өмір сүрді. Портре жанрымен шұғылданды, және кескіндеме саласында пейзажбен көп шұғылданды. Германияда қайта өрлеу дәуірі Италиядағыдай ұлы өзгеріс, ескінің бәрінен шынайы тазару процесін келмеді. Онда орта ғасырдағыдай ой- өріс, сана –сезімі әлі күшті сақталды.

Сәулет өнерінде готикалық әсер күшті болды. Оның бір айғағы – фасадтары көшеге қараған инедей үшкір шпилдердің көптігі.Бірақта ел билеушілері ең ақсүйектердің әсем сарайлары Ренесанс әдісі құрылысқа бет бұрды.Осындай баяу дамыған өзінде Германияда Қайта өрлеу өзіндік белгі із қалдырды. әсіресе неміс сұңғатының бұрын-соңды болмаған биікке көтерілді Бірақ та сұңғаттың бұл ағымы көпке ұзамады, оның өмірі қысқа болды.Небәрі жиырма отыз жылға созылды. 15 ғасырдың аяғы мен 16 ғасырдың басында елде жүргізілген діни –«Сенімді тазалау»реформациясы және ішкі тап күресі, шаруалар күресі Германияда жағдайды шиеленістіріп өркендеп келе жатқан тамаша Ренесан с өнері біржолата құртты. Германияда қайта өрлеу дәуірі сұңғаты Италия суретшілері сұңғаты өзіндік ерекшелігі болды. Италия сұңғатында өмірге деген құлшыныс қуаныш сезімі басым болса неміс өнерінде қайғы-мұң , қатаңдық ,өшпенділік сезімдер белең алып жатты.Неміс сұңғатын тілге тиек етіп алсақ ең бірінші еске түсетінні –Матияз Грюнвалъд.»1470-1528) Бұл суретшінің аты да жұмыстары да жүздеген жылдар бойы айтылмай келді, халық көзінен тысқары сақталды. Бұл шығармалары күшті драматизмге толы, ашық шындықты жеріне жеркізе білген,әсерлі суретші болды.Ең атақты жұмыстарының бірі – «Колмара»»Франк»

Қаласындағы Изейнгеиск алътарындағы туындылары.Соның бірі –майлы бояуумен жазылған биіктігі үш метрлік ағаш атанған Хайса пайғамбардың бейнесі.Суретші көп қиналған жан түршігерлік азаптауды басынан өткізген қансыраған пайғамбар бейнесін керемет әсерлі бере білген.



2.Өнердің аристократиялық, демократиялық сипаты. Қолтумадағы қара қошқыл фонт-аспан қайғылы уақиғаны одан әрмен қоюландыра түседі. Осы дәуірдегі ұлы суретшінің бірі әлем өнер ілімінде өзіндік жол салған ғұлама ғалым, график Алъбрехт Дюрер (1471-1528) Ол бұрын-соңды болмаған қайталанбас график суретші болды. Ғалыс суретші алғаш рет сурет салудың ілімін толық қанды етіп, жазды.Алғаш рет бас салудың ықшам , дұрыс әдістемесәін сызып ойлап тапты. Тағы бір тамаша суретшінің бірі Лукас Кранах тың үлкені болды. 1472-1559)

Бұл суретші көбінесе портреттер мен үлкен қолтумалар алътардағы жазумен айналысты. Оның қолтумаларының негізгі арқауы діни аңыздағы қиял ғажайып құбылыстар.Оюлары көбінесе ашық жарқын түсті болып келеді, жұмыстарындағы тағы бір ерекшелік әсіресе адам бейнесін жазғанда кейіпкердің бастарын домалақтау етіп, көздерін ұзыншақ қыли қиықтау етіп алады.Осы ерешелігімен ақ Лукас жұмыстарын тез тануға болады.

Рим империясы құлағаннан кейін Батыс Еуропада орта ғасыр дәуірі деген дәуір басталды.Бұл дәуір мың жыл шамасына созылды. Рим империясы құлағаннан кейін солтүстікте әр түрлі халықтар тайпалар империя жеріне қоныс аудара бастады.Әсіресе солтүстіктен герман тобындағы халықтар көптеп келіп, қоныстана бастады.Сол кезде олардың мәдени деңгейі римдіктерге қарағанда көп төмен еді.Сондықтан да оларды римдіктер варвары деп атады.Олар римдіктерден христиан дінін қабылдады.,осы күнге кіргенннен кейін қалған өнер көздері мәдени ошақтар құрып кетуден аман қалды. Тоналған қиратылған Батыс Еуропада бірнеше жабайы королъдігі пайда болды, соның ішіндегі күштісі франктер болды.

Оларда сол кезде феодалдық құрылыс етек жайған еді. Франктер мемлекетінде меровигтік және королигтік әулет кезеңі дәуіріндегі өнер солардың атымен аталды. Варварлардың атымен қол өнері күшті дамыды.Олар Еуропаға күшті дамыған тоқыма қол өнер әкелді.Көздің жауын алатын алуан түрлі ою-өрнек өте нәзік нақышты әсемдеу өнері күнделікті қолданатын ыдыс-аяқ заттарда басым болды.Тоқып жасаған заттарою-өрнек бірінн-бірі қайталамайтын әсем ырғақтардан тұрды.Бұл заттарда ғажайып ою-өрнекпен қоса түрлі аңның адамның таңғажайып бейнелері кескіндері бейнеленді.Осы кезеңде кітап безендіру де жақсы дамыды.Монастырларда монахтар «Библияны»және басқа да кітаптарды көшіріп көркемдеді.Мұндай кітап көркемдеуді «минатюра»деп атады.

Меровигтік дәуірде минатюрадағы адам жан-жануар бейнесі жалпылама жазықтық түрінде бейленді ал Каролинг дәуірінде әсіресе Ұлы Карл тұсында бейнелеу шыншылдыққа жақын табиғи кейіпке келтірді.Ұлы Карл өзі оқымаса да өнер мен ғылымға үлкен қамқорлық жасап отырды.Ұлы Карл тұсында франктер мемлекетінде Франция , Голландия, Белъгия Германияның бір бөлігі, Италия, Испания кірді. Осы тұста көбінесе тас шіркеулер тұрғызылды.Олар өте қарапайым ұсқынсыз болды.Бұл шіркеулер көбінесе римдік базилік жобасында тұрғызылды. Христиан дінінің күшеюінен мұнда да мүсін өнері онша дамымады. Ұлы Карл империясы ыдырағаннан кейін оның орнына үш мемелекет пайда болды. Олар Франция,Германия,Италия.Срол кезде Каролиг өнері жаңа ғасыр өнерінің дәуіріне аяқ басқан еді. Енді сол өнердің түрлі ағымдарына тоқталсақ.

16 ғасырда соңында Италияда жаңа ағым өмірге келді.Ол ағым «барокко»деп атады.Бұл өзгеше дегенде білдіреді.Тың ғажайып өзгешелігімен бас айналдыра шым-шытырық әшекейлерімен адам ойланғаннан асып түсетін безендірумен көрер енді таңдандырды. Бұл өнердің қызметін католиктік шіркеу иелерің мен ел билеушілер жақсы пайдаланды.Осы өнер арқылы олар өздерінің айбынды билігін күшін көрсетті.Барокко сәулет өнерінің туған отаны Рим болды.Бұл жаңа өнер ағымы шіркеу құрылысында кеңінен қолданылды.Соның бір айғағы Римдегі Санта-Сусана шіркеу ғимараты.Ғимарат екі фасадтан тұрады.16-17 ғасыр бүкіл италъян өнері өзінің барлық болмысы мен үйлесімділігін әсемдікті қанағатшыл өрілген ғой онда сезім ақыл мен логика жеңіп ең ұқсас шабытпен өзін сабасына түсірді.Осы орайда кемел алған адам идеалынан өзінің ең асқақ мұраттарына сүйеніп тапқан бүкіл дүние жүзілік тарихта ең ұлылардың бірінен саналатын суретші бар. Ол суретші Рафаэлъ.Портреттік живописътің аса үздік шығарма қатарына туған Кастилъоненің атақты портреті жатады.

Сіз берген сюжеттерге мен суреттер салдым деп жазады оның ұстазы Кастилъонеге Егер көрермендер бәрі жарамсақтар болмаса ол суреттерім олардың бәріне ұнады бірақ менің өзімді қанағаттандырмайды.Себебі олар сізді қанағаттанудан ұқорқады. Рафаэлъ Санти жоғары құрметке ие

Рим папасы оны бұрын живописъші жетіп көрмеген биік тұғырға көтермек еді, тек мезгілсіз келген ажал ғана Рафаэлъдің кардинал болуына кедергі жасады.Бұл тіпті теория саласында ең үздік живописъші сол болуы мүмкін, сонымен қатар ақыл-парасатты деген адамдардың өздеріне іске асырылуы мүмкін емес болып көрінетін өте күрделі дүниені ойлап табу жүзеге асыратын аса дарынды архитектор.Ол рим қаласының бұрынғы тұлғасын қайтадан қалрпына келтіруге қабат-қабат қирандыны аршып,басылып қалған іргетасқа жете құрылыстың бәрін ертедегі авторлврдың сипаттамасы сай қалпына келуге ол папа лев пен барлық римдіктер .

Бірінші картинасының композициясында соның алдындағы ғасырдан қалған белгілер әлі де көп, мұндағы алыстан келген орта ғасырлық леп еседі.Архангелъдің қимылынан әлі де болса толық еркіндік сезілмейді.

Өнері жастық кезінде әрдайым ақылды аттап, шамадан тыс кетпеушілікке бағындырылады.Жанына батқандықтан ыңсырған құбыжықтың мойнына қатты тірелген архангелдің сол аяғымен төмен қараған көз қатты фигураның соншалықты серпінді қимылын тоқтата оянды.



3. Италия бароккосы. Барокколық ағым негізін салушы Караччилер семъясы болды.Италияның барокко заманында ең әигілі сұңғат шебері Караваджо болды,толық аты Микеланджело да Караваджо. Суретші көбінесе жарық пен көлеңкені тылсым табиғатын зерттей келе оны өз еңбектерінде шеберлікпен пайдаланды.Оның белгілі жұмысының бірі «Корзинкамен жеміс-жидек ұстаған бала» Мұнда суретші қарапайым қызметші баланы бейнелеген.Туындыда жеміс-жидек өмірдегідей бейнеленген

Барокко заманында мүсін өнері дамып, сәулет өнерінің бөлінбес бір бөлігі болып қалыптасты.Әр түрлі мүсін бейнелері сарай бөлме ішін әсемдеуге үйдің фасадтарын көркемдеуге қолданылды.Живописътің ең алғашқы барокколық бағыты осы Италияда пайда болды.Италияның атақты сарайлары мен шіркеулері барокко стилъіндегі сұңғаттармен безендірілді.. Cіз әлем картасына қарасаңыз , Франция мен Голландия аралығында бір шеті сонау Солтүстік теңізімен шектескен шағын ғана ел жатыр,

Бұл-Фландрия: Халқы сондай қонақжай, әрі сауықшыл келетін бұл жер несімен әйгілі десең , ең алдымен Рубенс есімін мақтанышпен атайды . Сол бір шағын елдің шалқар байлығындай көрінетін әйгілі суретші 1577 жылы июль айында дүниеге келіп , күллі

Жастық шағын Антверпен қаласында өткізіпті. Латынша сауатын ашқан ол антикалық жазушылардың шығармаларының тұп нұсқасын оқуға мүмкіндік алады , көне мәдени мұралармен жете танысады .Ғылым, білім, өнер туындыларын зерек көңілге тоқи өскен .

Питер белгілі суретшілер, пейзаж шеберлері Тобиас Верхахт,

Адам ван Ноорт , Отто Вениус шеберханаларында ол төрт жыл тәлім алып, өзі мұрат еткен өнердің тылсым сырларына үңіледі.

«Көрсем , танысам, үйренсем «--бұл Рубенстің арманы еді. Оның сәті

1600 жылдары түседі. Ол Рим , Флоренция, Генуя , Мантуя сияқты қалаларды аралауға аттанады. Осы сапарында Қайта өрлеу дәуірінің

ғажайып мұраларымен, бұрын тек атын естіген Леонардо да Винчи,

Рафаэль, Микеланджело, Джорджоне, Тициан, Каррачи, Караваджо

Шығармаларымен танысады. Осылай үш жыл бойына көптеген елдерді аралап , өмір тәжирбесін байытқан П.Рубенс 1609 жылы Фландрияға қайтып оралды. Іске құлшына кіріскен Питер енді барлық творчестволық уақытын сурет өнеріне арнады.

Бақылау сұрақтары

1.Дюрер творчествосы.

2.Өнердің аристократиялық,демократиялық сипаты.

3. Италия бароккосы



18 Лекция. Таќырыбы: Рубенс Ван Дейк Фламандық натюрморт. 17ғасыр Голландия өнеріне жалпы сипаттама. Портреттің, тұрмыстық жанрдың,пейзаждың, натюрморттың гүлденуі. Кішкене голландықтар

Жоспары:

1. Рубенс Ван Дейк шығармашылығы

2.Голландия живописъі.

1. Өнердің демократиялық сипаты.



Лекция маќсаты: Рубенс Ван Дейк Фламандық натюрморт. 17ғасыр Голландия өнеріне жалпы сипаттама. Портреттің, тұрмыстық жанрдың,пейзаждың, натюрморттың гүлденуі. Кішкене голландықтар

Лекция мєтіні (қысқаша)

Рубенс Ван Дейк шығармашылығы Барокколық ағым негізін салушы Караччилер семъясы болды.Италияның барокко заманында ең әигілі сұңғат шебері Караваджо болды,толық аты Микеланджело да Караваджо. Суретші көбінесе жарық пен көлеңкені тылсым табиғатын зерттей келе оны өз еңбектерінде шеберлікпен пайдаланды.Оның белгілі жұмысының бірі «Корзинкамен жеміс-жидек ұстаған бала» Мұнда суретші қарапайым қызметші баланы бейнелеген.Туындыда жеміс-жидек өмірдегідей бейнеленген

Барокко заманында мүсін өнері дамып, сәулет өнерінің бөлінбес бір бөлігі болып қалыптасты.Әр түрлі мүсін бейнелері сарай бөлме ішін әсемдеуге үйдің фасадтарын көркемдеуге қолданылды.Живописътің ең алғашқы барокколық бағыты осы Италияда пайда болды.Италияның атақты сарайлары мен шіркеулері барокко стилъіндегі сұңғаттармен безендірілді.. Cіз әлем картасына қарасаңыз , Франция мен Голландия аралығында бір шеті сонау Солтүстік теңізімен шектескен шағын ғана ел жатыр,

Бұл-Фландрия: Халқы сондай қонақжай, әрі сауықшыл келетін бұл жер несімен әйгілі десең , ең алдымен Рубенс есімін мақтанышпен атайды . Сол бір шағын елдің шалқар байлығындай көрінетін әйгілі суретші 1577 жылы июль айында дүниеге келіп , күллі

Жастық шағын Антверпен қаласында өткізіпті. Латынша сауатын ашқан ол антикалық жазушылардың шығармаларының тұп нұсқасын оқуға мүмкіндік алады , көне мәдени мұралармен жете танысады .Ғылым, білім, өнер туындыларын зерек көңілге тоқи өскен .

Питер белгілі суретшілер, пейзаж шеберлері Тобиас Верхахт,

Адам ван Ноорт , Отто Вениус шеберханаларында ол төрт жыл тәлім алып, өзі мұрат еткен өнердің тылсым сырларына үңіледі.

«Көрсем , танысам, үйренсем «--бұл Рубенстің арманы еді. Оның сәті

1600 жылдары түседі. Ол Рим , Флоренция, Генуя , Мантуя сияқты қалаларды аралауға аттанады. Осы сапарында Қайта өрлеу дәуірінің

ғажайып мұраларымен, бұрын тек атын естіген Леонардо да Винчи,

Рафаэль, Микеланджело, Джорджоне, Тициан, Каррачи, Караваджо

Шығармаларымен танысады. Осылай үш жыл бойына көптеген елдерді аралап , өмір тәжирбесін байытқан П.Рубенс 1609 жылы Фландрияға қайтып оралды. Іске құлшына кіріскен Питер енді барлық творчестволық уақытын сурет өнеріне арнады.

Мюнхен, Дюссельдорф, Дрезден, Антверпен, Мадрид, Вена, Ленинград.....

Мәдениет пен өнердің әйгілі орталықтары болып аталатын бұл қалалардың қайсысына болсын бара қалсаңыз, сәулетті биік залдарда Рубенс қылқаламда шыққан туындылары кездеседі.Рубенс творчествосының алғашқы дәуірінде суретші дәстүр бойынша «Крест орнату»»Крестен түсіру» шығармалары арқылы оның шіркеу композициясына әсіресе мифология тақырыбына көбірек назар аударған.Суретшінің көптеген шығармасында Италия классикалық көркемөнер әсерін байқаймыз.Аантикалық миф кейіпкерлері әсемдік құдайы Венера оның сүйген жары аңшы Адонисъ шығармада Қайта өрлеу дәуірі өнерінің үлгісімен бейнеленген.Венера нәзік ,сымбатты жарқын жүзіне үңіле қарады.Кейіпкерлердің дене қимылы олардың сарқылмас күшін айқын да шебер көрсетіп отыр.Шығарма композиция жағынан атақты «Лаокоон»деп аталатын антикалық туындыға көп ұқсайды.Антверпен –Фландриядағы ірі қалалардың бірі өндіріс мәдениет орталығы.Рубенс өмірінің көп жылдары ең бақытты жылдары осы қалада еді.Фландрия үшін Рубенс тек теңдесі жоқ қылқалам шебері ғана емес ол талай қиын түйіннің шешуін тапқан қоғам қайраткері дипломат елші.


: CDO -> Sillabus -> BOS
BOS -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
BOS -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
BOS -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
BOS -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
BOS -> Лекция: 30 сағат. Семинар: 30 сағат. СӨЖ: 30 сағат. Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> Лекция:: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат. СӨЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> 2. Практикалық сабақты өткізу уақыты және орны
BOS -> Лекция 30. СӨЖ. 30. ОбсөЖ. 30 Барлық сағат саны. 90 с. Емтихан. 6-семестр. Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынш


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет