Лекция: 45 сағ. Практикалық (семинар) сабақ: 15 сағ. СӨЖ: 60 сағ. Обс¤Ж: 60 саѓ. Барлық сағат: 180 сағ



бет10/22
Дата28.04.2016
өлшемі3.86 Mb.
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22

Жеке дара жұмыс оқушыларды өз бетімен білім алуға ынталандырады, тәртібін күшейтіп, оқуға ықыласын арттырады. Сабақта оқушылардың оқу–таным әрекетін ұйымдастыруда жеке–дара жұмыс түрінен басқа олардың топтық және ұжым болып жұмыс істеуінің маңызы ерекше.

Оқушылардың топтық танымдық жұмыстары сабақ барысында оқу міндеттерін шешуде, өзара көмекке негізделген екі, төрт, алты т.с.с оқушылар тобының белгілі бір жұмыс көлемін атқаруын көздейді.


Жұмыстың бұл түрі негізінен екі бағытта іске асады: біркелкі немесе бірыңғай (однородный) және бірнеше бөлшекке бөлу (диференция) жағдайында ұйымдастыру.

Оқушылардың бірыңғай, біркелкі оқу жұмыстары мұғалімнің барлығына ортақ бірыңғай тапсырмасын шағын топтарға бөліп өзара әрекеттесу жағдайында орындауы жатқызылады.

Ал бөлшекке бөліп оқыту – бір мезгілде бірнеше тапсырманы әртүрлі тәсілдермен оқушылардың бірнеше тобы арқылы орындалуы қарастырылады.

Жұмыстың бұл түрі топ ішінде оқущылардың тапсырманың мақсатын, мазмұнын, оны орындау тәсілдерін бір–бірімен өзара ақылдасып шешуі, оның нәтижесін талдауы, бағалауымен ерекшеленеді. Оқушылардың өзара осындай өзара бірлесіп атқаратын оқу–танымдық жұмыстары олардың жеке дара жұмыстарына қарағанда әлдеқайда жемісті болып келеді. Әрі уақытты аз және тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызады.

Сонымен қатар бір сыныптағы оқушылардың оқу міндеттерін топ болып шешуде өзара әрекеттесуі немесе жарысы олардың ортақ іске деген жауапкершілік сезімін тудырады.

Мұндай жұмыс барысында оқушылардың өз тобының нәтижесіне өзара әсерленуінің (переживание) маңызы ерекше.

Мұғалімнің топтық жұмысты нәтижелі ұйымдастыру шартына:


      • оқушыларды өздігінен жұмыс істетуге үйрету;

      • жолдастарымен ақылдасуға үйрету;

      • оқушылардың жекеленген топтарына оқу тапсырмалары жүйесінің нақты болуы;

      • тапсырмаларды оқушылардың жекелеген топтарына үлестіру іскерлігінің болуы т.б.

Оқытуды осындай тәртіппен ұйымдастыру оқушылардың тәрбиесіне, атап айтқанда өздігінен білім алу белсенділігін, олардың өзара тату–тәтті ұжымдық қарым–қатынасын, жауапкершілігін, әсерленушілдігін (күінішін, сүінішін) т.б. әлеуметтік қасиеттерін қалыптастырады.

Оқушылардың ұжымдық жұмысы дегеніміз – ортақ мақсатты көздейтін жұмыс. Алайда, бұл ортақ мақсатқа жету жолына оқу әрекетінде белгілі бір өте күрделі еңбек бөлінісіне жол беріледі. Оған сыныптағы оқушылардың жеке–дара және топтық жұмыстарының элементтері кіреді.

Сондықтан ұжымдық жұмыстың ерекшелігі, өз бетімен істейтін дара жұмысқа бөгет болмайды, керісінше әрбір оқушыға өзінің алдына қорйылған міндеттерін жақсы ұғынуға көмектеседі.

Фронталдық жұмыс ерекшелігі – бір сыныптағы барлық оқушылардың бір бағытта бәріне ортақ бірыңғай тапсырманы мұғалім басшылығымен біркелкі жағдайда орындауы.


  1. Мұғалімінің сабаққа дайындалу жұмыстары.

Тақырыптық және жеке сабақтардың жоспары


Мектептің аса жауапты міндеті – оқушыларды ғылым негіздерімен терең және берік қаруландыру, табанды және жемісті білім алуға оқушылардың ынтасын арттыру, оларды µздерінің алған білімдерін практикада қолдана білуге үйрету және дағдыландыру болса, осы орайда мұғалімінің жауапкершілігі, оның сабақтар жүйесіне даярлануы оқу жұмысын ұйымдастыру үшін аса зор мәні бар. Жақсы жоспарланған, мұғалімнің нәтижелі даярлығын бейнелейтін сабақ сыныптағы оқу жұмысын ойдағыдай өткізудің ең жақсы кепілі болады.

Сабаққа мұқият дайындалу, оның мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесін ойластыру жұмысын әрбір мұғалім өзімнің ең басты міндетім деп сезінуі тиіс.

Егер сабақ көңілсіз өтсе, мұғалімдер сабақты босаң және енжарлықпен өткізсе, онда, сөз жоқ, бұл мұғалімдердің сабаққа дайындалу ісіне немқұрайлықпен қарауы, сабаққа деп бөлінген 45 минут уақытты толық әрі жан–жақты пайдалануға деген оның ұмтылысының жоқ екендігіне деп қарауға болады. (Осы орайда айта кетуге болады: 40 жыл мұғалім болып істесең де 45 минут сабағыңа әзірленуді ұмытпа!).

Мұғалімнің сабаққа дайындалуы –аса жауапты іс. Мұғалім өзі оқытатын пәнді қанша жақсы білгенімен, егер ол сабақтар жүйесі жөнінде тыңғылықты жұмыс істемесе және әр сабаққа жеке даярланып отырмаса, оның сабақ оқытуында ірі кемшіліктері болмақ. Бұл –педагогтік стажы бар көп мұғалімдерге де қатысты.

Әрбір мұғалімнің сабаққа дйындалуы жөніндегі талап, педагогикалық процестің күрделігінен туады. Соған сәйкес мұғалімнің сабаққа әзірленуі барысында төмендегідей сұраққа жауап керек:


  1. Сабақтың мақсаты қандай?

  2. Оқушылар қандай жаңа білімдер алуы қажет және олар практика жүзінде нені үйретеді?

  3. Сабақта айтылатын ойдың бастысы қайсысы?

  4. Бұл ойлар қандай жүйемен баяндалмақ?

  5. Олар қандай жолмен негізделмек?

  6. Қандай қорытындылар керек?

  7. Сабақта қандай әдістер және көрнекті құралдар пайдаланылмақ?

  8. Оқушылардың білімін тексеру үшін оларға қандай бақылау сұрақтарын беру керек?

  9. Оқушылар алған білімдерін пысықтау және практикада қолдану мақсатында қандай жаттығулар беру керек?

  10. Үй тапсырмасына нені беруге болады және оны қалай тапсыру керек?

Озық тәжірибелі мұғалімдер сабаққа белгілі бір тиянақты жүйемен даярланады дедік. Ол төмендегідей кезеңдерден құралады:

а) Алдағы оқу тоқсанына оқу материалын жоспарлау.

б) Өтілген сабақтың табыстары мен кемшіліктерін еепке ала отырып, келесі тақырыпты белгілеу.

в) Кезекті сабақтың жоспарын жасау.

Мұғалім жұмысындағы мұндай жүйелік оқу процесін үздіксіз жетілдіре беруге, әрбір жеке алынған сабақты сабақтар жүйесіндегі буын ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Оқу жұмысының мазмұнын ойластырып алу–сыныпта оқу материалын өтудің бірізділігі жөнінде айқын да анық түсінік құрып алу деген сөз. Сондықтан мұғалімнің оқу бағдарламасын жүргізетін жұмысы оларға оқу тоқсанына белгіленген материалдың өтілуін қысқаша жоспарлап алу болып табылады. Бұлай ету оларға әр тақырып не болмаса тақырыпша шеңберінде сабақтарды неғұрлым айқын жоспарлауға мүмкіндік береді.

Мектепте оқу материалы әрбір жарты жыл бойынша жоспарланады. Мұндай жоспардың түрін күнтізбелік (календарный) жоспар деп атайды. Күнтізбелік жоспар жүйесіне белгілі бір тоқсан ішінде өтетін тақырыптар енгізілді.

Тақырыптық жоспарлау – белгілі бір пәнге қатысты оқытудың барлық формасының бірлігі мен байланысының көрінісі (Ильина, 363).

Ол мұғалімге бір сабақтан келесі сабаққа өту барысында дидактикалық мақсаттарды анықтауда бірізділік пен жүйелікті анықтауға септігін тигізді, оқу материалының мазмұнындағы негізгі ойды бөліп қарауға, оқушылар мен мұғалімдердің негізгі оқу әрекеттерін белгілеуге, пәнаралық байланысты орнықтыруға, оның барысында пайдаланылатын көрнекі және техникалық құралдарын ойластыру, сонымен бірге нақтылы тақырыптарды оқыту нәтижелерін алдын ала болжауға мүмкіндік береді.

Тәжірибелі мұғалім тақырыптарды зерттегенде, оқу материалын оқып біледі, осы тақырып бойынша өткен оқу жылынада жүргізген сабақтардың тәжірибесін ескереді, жеке сабақтарға арналған тақырыптың мазмұнын жоспарлайды және сабақта тек білімдік міндеттері ғана емес, сол сияқты тәрбие міндеттерінің шешілуін де белгілейді.

Сабаққа осындай жүйемен даярлануда мұғалімдер оқушылардың оқу еңбегін жақсы ұйымдастырады, әрбір жеке оқушыға зейін қойып, сезімталдықпен қарайтын болады, соның арқасында оларға жоғары сапада білім беріп, жеке басын нәтижелі тәрбиелеуге қол жеткізеді. Себебі, сабаққа тұтас тақырып бойынша даярлау белгілі оқу материалын мектепте өту үшін жақсылап жоспарлау ғана емес, сол сияқты оқушылардың ұжымдық және дара жүргізетін оқу жұмысын, сабақ үстінде оқушылардан сабақ сұрауды және артта қалушыларға көмек көрсетуді күні бұрын ескеруге мүмкіндік береді.

Оқу бағдарламасының тараулары бойынша сабақтардың тақырыптарын жасап болғаннан кейін, іле–шала мұғалім алдағы әрбір сабақтың мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесін толық ойластырып алады.

Жеке сабақтардың жоспары– әрбір мұғалімнің жеке сабақ құжаты. Ол мұғалімнің тақырып жөнінде алдын – ала қандай жұмыс жүргізетіндігімен анықталады. Сондықтан тиімді жасалған жоспар –тиімді өткен сабақ болып табылады.

Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде қалыптасқан мұғалімнің жеке жоспарының үлгісі төмендегідей:


  1. Оқу бағдарламасының берілген тарауы бойынша сабақтың күні мен саны анықталады.

  2. Сабақтың тақырыбы.

  3. Сабақтың мақсаты.

  4. Сабақтың құрылымы немесе дидактикалық кезеңдері.

  5. Сабақтың мазмұны.

  6. Оқыту әдіс–тәсілдері.

  7. Сабақ құралдары.

  8. Үй тапсырмасы.

  9. Қорытынды, сабақтың аяқталуы.

Сабақтың анағұрлым негізгі бөлігі – оның төртінші және бесінші кезеңі болып табылады.

Сабақтың әрбір құрамы буынына немесе дидактикалық элементтеріне мұғалімнің жұмсайтын уақытын көрсетудің мәні зор. Содан кейін барып оның қалған буындары мен мазмұны ашып көрсетіледі. Сабақты бұлай жоспарлау мұғалімге сабақ барысын нәтижелі ұйымдастыруға қолайлы жағдай туғызады.

Одан әрі қарай оқушылардың тәжірибелік жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдері қарастырылады. Оқыту әдістерін қолдану нақты атап көрсетіледі.

Содан кейін сабақта қолданылатын әр түрлі оқу құралдары (карта, глобус, приборлар, оқу–әдістемелік кітаптары, көмекші оқу құралдары т.б.) және оны пайдалану әдістемесі көрсетіледі. Сабақтың соңғы буыны –үй тапсырмасын беру.

Н.К.Крупская мұғалімдердің назарын тапсырманы орындау жөнінде оқушыларға мұқият түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруға, оның мақсаты түсінікті болуына, бұл мақсат оларды рухтандыратындай дәрежеде болуына аударады. “Ең қызық тапсырма – дейді ол, – баланың өз бетінше жұмыс істей алуын барынша дамытып, оның ойын оятатын тапсырма екендігі мәлім”–деген тұжырымдама жасайды.

Сонымен бірге Н.К.Крупская мұғалімдердің сабаққа әзірлену барысында оқушылардың үй тапсырмасында теңестірушілікке жол берілуге болмайтындығына олардың назарын баса аударады. “Тапсырманы дараландыру керек, оқушының олқы жерлерін, оның білімі мен дағдыларының жиынтығын есепке алу қажет, сабаққа күштірек оқушыларға берілетін тапсырмалар оларды тым алға сүйреп әкетпей, олардың алған білімін тереңдете, оның сапасын жақсарта түсетін болсын” – дейді ол (Таңдамалы шығармалары, 202–203 беттер орыс тілінде).


18 – тақырып.

ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ.

Қарастырылатын мәселелер.

    1. Оқыту әдіс – тәсілдері.

    2. Оқыту әдістерін жіктеу

Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады. Себебі, оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының біртұтастығы болып табылады.

Әдіс деген сөз гректің “metodos” деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. Оқыту әдістері туралы әрбір автор өз анықтамасын береді.

Қысқаша психологиялық –педагогикалық сөздік “әдіс” –мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс–әрекет”–деген анықтама береді.

Оқыту әдісі–оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым–қатынасының тәсіл–амалдары–деген де пікір айтылады.

Оқыту әдістері–оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады.

Оқыту әдістері–мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті.

Оқыту әдістері–мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары.

Оқыту әдістері– мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.

“Әдіске” қатысты анықтамаларда бәріне ортақ пікір: “белгілі бір мақсатты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым–қатынас және іс–әрекет”.

Олай болса оқыту әдістері–оқытудың мақсат–міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал–тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс–әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.

Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал–тәсілдерімен қатар оның құралдарын да пайдаланады.

Оқу құралдарына оқу кітаптары, көрнекі және техникалық құралдар жатады.



  1. Оқу кітаптары –оқулықтар, оқу–әдістемелік кітаптар, анықтамалар, сөздіктер, есептер жиыны т.б.

  2. Көрнекі құралдар –кестелер, сызбалар, чертеждар, суреттер, фотосуреттер, альбомдар, тарихи, экономикалық–географиялық карталар т.б.

  3. Техникалық құралдар – үнтаспа, телеарна, бейнетаспа, компьютер т.б.

2. Оқыту әдістерінің көптүрлілігі, оларды топтастыру.

Оқыту әдістері педагогика саласында талас тудыратын күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Соған орай бүгінгі таңда оқыту әдістерінің анықтамасы және оларды топтастыру мәселесінде ортақ пікір қалыптаспаған.

Бұл мәселені зерттеуші авторлар (С.И.Архангельский, С.И. Зиновев, Н.В. Кузьмина, Т.А. Ильина, Н.Д. Никандоров т.б.) оқыту әдістеріне анықтама беріп, оларды әр түрлі негізде топтастыруды ұсынады.

Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде топтастырудың жиырмадан астам түрі бар екен.



  1. Оқушылардың таным белсенділігіне қарай (М.Н. Скаткин, И.Я. Лернер):

      • түсіндірмелі - хабарлау әдісі;

      • репродуктивтік әдіс;

      • проблемалық баяндау әдісі;

      • эвристикалық әдіс.

  2. Оқытудың мақсаттары мен құралдарына қарай (М.А.Даниалов, Б.П. Есипов, Т.А. Ильина):

      • жаңа білім беру әдісі;

      • біліктілер мен дағдыларды қалыптастыру әдісі;

      • техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі;

      • µзіндік жұмыс істеу әдісі;

      • білімді тексеру әдісі;

      • проблемалық, программаланған оқыту әдісі.

  3. Тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай (Ю.К. Бабанский):

      • оқу –танымдық әрекеттерді ұйымдастыру;

      • оқуға ынталандыру;

      • оқытудағы бақылау және өзін–өзі бақылау әдістері.

  4. Әдістің логикалық және психологиялық сипатына қарай (Р.Г.Лемберг):

      • ауызша баяндау әдісі;

      • есеп шығау әдісі;

      • өнер құралдарын пайдалану әдісі.

  5. Мұғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің ерекшеліктеріне қарай (В.Оконь):

      • жаңа білімді игеру әдісі;

      • өзіндік білім әдісі;

      • проблемалық әдіс;

      • көркем әдебиет пен өнер құралдарын пайдалану әдісі.

Солардың ішінде ең көп тарағаны – білім берудің көздеріне сәйкес

(И.Т. Огородников, С.И. Перовский, Е.Я. Голант):



      • сөздік немесе ауызша баяндау әдісі;

      • көрнекілік әдістер;

      • тәжірибелік әдістер.

Бұл әдістің ерекшелігі: егер мұғалім оқу материалын ауызша

баяндаса, онда білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады немесе мұғалім оқушыларға білім беруде көрнекіліктерді қолданса, онда білім алу көзі көрнекіліктер болып есептеледі т.с.с.



19 – тақырып.

ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНЕ СИПАТТАМА
Қарастырылатын мәселелер:

1 . Оқыту әдістеріне жалпы сипаттама.

2. Оқыту әдістерін жетілдіру және мұғалімнің сабақтар жүйесінде оларды

таңдай білу.
1 . Оқыту әдістеріне жалпы сипаттама

Білімді меңгерту қандай жолдармен немесе тәсілдермен іске асса да, оқыту әдістерін таңдау негізінен, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттеріне сәйкес анықталады.

Оқу процесінде білім берудің көздеріне қарай қолданылатын әдістер:

Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс.

Көрнекі әдістер: иллюстрация және демонстрация, бақылау.

Тәжірибелік әдістер: лабораториялық, практикалық, графикалық, әр түрлі жаттығу жұмыстары.

Оқыту процесінде ең көп тараған дәстүрлі әдіс– сөздік немесе мұғалімнің ауызша баяндау әдісі. Бұл әдіс оқыту процесінде басқа әдістерге қарағанда жетекші роль атқарды. В.А. Сухомлинский: “Сөз–ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың..” –деп оның маңызына ерекше назар аударады.

Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондайақ дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет. Бұл ойымыз дәлелді болу үшін Ы.Алтынсаринның пікірін келтірейік: “Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кіналамай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін–өзі кіналауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан, әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек”.

Бұл әдісті қолданғанда мұғалім оқушыларға білім берумен қатар олардың таным белсенділігін арттыруға (зейін, қабылдау, ойлау т.б. процестерін) байланысты әрекет жасайды.

Мұғалімнің оқу материалын ауызша баяндауы көп жағдайда түрлі көрнекі және техникалық құралдарды пайдаланумен ұштастырылады.

Ауызша баяндаудың тағы бір ерекшелігі, оқытушының түсіндіруі мен оқушылардың ұғыну процесінің қатар жүруінде. Түсіндіру барысында әңгіме, әңгімелесу, ауызша–жазба және лабораториялық жұмыстарын қажетіне сай қатар қолдану керек.

Түсіндіру – оқу материалын мұғалімнің логикалық тұрғыдан дәйекті де сындарлы баяндауы. Оның себебі, түрлі заңдылықтар мен ережелерді түсіндіру белгілі дәрежеде логикалық жүйелікті қажет етеді.

Түсіндіру әдісінің мақсаты: заттардың елеулі белгілерін ашып көрсету, фактілер мен құбылыстарды талқылау. Сондықтан мұғалімнің оқу материалын түсіндіруінде әрқашанда пайымдау, қорыту, дәлелдеу көп болды.

Түсіндіру әдісінің ең маңызды мәселелері– оқушылардың алдына жаңа мәселені айқын, ашық етіп қойып, оқу материалын тыңғылықты баяндап шығу. Түсіндіру әдісінің табысты болуы мұғалімнің нақтылы деректерді қаншама сәтті қолдана білгендігіне де байланысты.

Түсіндіру әрқашанда заттар мен фактілердің, құбылыстардың мәнін ашу, қағидаларды түсіндіру, осылардың негізінде оқушыларға жаңа білімді баяндауда оны терең және түсінікті ұғынуларына мүмкіндік туғызады. Бірақ ол оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сынып және пән ерекшеліктеріне қарай өзгеріп отырады.

Әңгіме – мұғалімнің сабақ барысында оқушылармен араласуының неғұрлым қолайлы тәсілі болып табылады. Сөйтіп, оқушыларға жаңа білімді түсіндірудің неғұрлым қарапайым және түсінікті түрі.

Әңгіме барысында мұғалім құбылыстарды бірізділікпен көркем суреттей отыра, өз сөзін әртүрлі көркем шығармалар (картина, фотосурет) мен көрнекі құралдарды қолдану арқылы жалғастырып отырады. Оқытуды бұлай ұйымдастыру оқушылардың фактілер мен құбылыстарды жақсы түсініп, ұғынуына көмектеседі.

Бұл әдісті қолдану барысында мұғалім мен оқушылар арасында диалог пайда болады. Әңгіме оқытудың түрлі міндеттерін орындауға бағытталады: жаңа білімді хабарлау, оны бекіту мақсатында қолданылатын әңгіме; өткен материалды жаңамен байланыстыру, өткен қайталау, оны тексеру және бағалау үшін қолданылатын әңгіме.

Әңгіме әдісі көбінесе бастауыш немесе орта буын сыныптарда кеңінен қолданылады.

Мұғалімнің сабақта әңгіме әдісін қолдану ұзақтығы, берілетін оқу материалының сипатына байланысты болып келеді.

Әңгімелесу – мұғалім мен оқушылар арасында жаңа білімдерді хабарлау, пысықтау, қорытындылауды дұрыс ұйымдастырылған сұрақ–жауап тәсілінде қолданылады. Сондықтан әңгімелесу оқытудың аса күрделі әдісі болып есептеледі. Бұл әдісті нәтижелі пайдалану мұғалімдер тарапынан өте мұқиат дайындықты талап етеді.

Әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың жеке басының қабілетін, зейінін (т.б. психикалық процестерін), таным ерекшеліктерін танып біледі, баяндап отырған немесе өтілген оқу материалын олардың қалай ұғынғанын анықтайды.

Әңгімелесуде баяндау, талдау, қорытынды болады. Бұл әдіс,сонымен қатар, сұрақ–жауап тәсілі арқылы да іске асады. Ол үшін мұғалімнің сұрақтары дәл, жинақы, оқушының ойын оятуға, дамытуға бағытталған болуы тиіс.

Лекция – сөзге негізделген оқыту әдісі ретінде ол өзінің құрылымы, баяндалатын оқу материалының дәлдігі және сабақтың өн бойында тыңдаушыларының ойлау қабілетін белсенді етуі жағынан басқа әдістерге қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар.

Лекция әдетте жоғары сынып оқушылары арасында көптеп қолданылатын әдістің бірі. Лекция барысында оқушылар жаңа оқу материалын тыңдайды, қабылдайды, ұғынады, мұғалім сөзіне зейін қоя тыңдайды, мазмұнын қадағалап отырады.

Лекцияның басқа ауызша баяндау әдістерінен тағы бір ерекшелігі, мұғалімнен жаңа білімді баяндамас бұрын оқушыларға оның жоспарымен, қажетті әдебиеттер тізімімен таныстыруын қажет етеді. Оқушылардың лекция жоспарымен алдын–ала танысуы, оның мазмұнын баяндауда мұғалімнің ойын жақсы ұғынуға көмектеседі.

Ол үшін лекция мақсатының идеялық бағыты, оның нақтылығы, берілетін білімнің оқушыларға түсінікті болуы мұғалімдер тарапынан үлкен шеберлікті қажет етеді.

Лекция барысында баяндалған оқу материалының мазмұнын оқушылардың қысқаша жазып отыруы, оны өз беттерінше қайталап оқуы, дағдылануы да қажеттілік болып табылады.

Лекция және әңгіме әдістері оқу материалына жұмсалатын уақытты үнемдеу жағынан тиімді болғанымен де, оқушылардың өз ойын, пікірін айтып, кеңес алуға қолайлы жағдай туғыза алмайды. Бұл турасында әңгімелесу әдісінің мүмкіндігі мол.

Мұғалім лекцияға дайындалу барысында оның мазмұнына, амал–тәсілдеріне және құрылымына назар аударады. Лекцияның мазмұнын ол оқу бағдарламасы, оқулық және оқу құралдарына байланысты анықтайды. Бірақ, бағдарламада көрсетілген барлық мәселелердің ішінен түйінді мәселелерді айырып, ғылымның соңғы жаңалықтары мен табыстарын озат тәжірибемен байланыстырып, материалдың белгілі бір бөлігін оқушыларға оқулықтан, басқа әдебиеттерден өздігінен оқып алуға тапсырмалар беріп отыруды оқытушы мұқият ойластыруы қажет. Сонымен, лекцияның мазмұны, баяндау формасы, оқытушының шеберлігі лекцияның тиімділігін арттырудың кепілі.

Оқулықпен және кітаппен жұмыс істеу әдісі – оқушылардың жаңа білімдерді қабылдау, сыныпта алған білімдерін бекіту, біліктілік пен дағды қалыптастыруда тиімді әдіс болып табылады.

Кітап– білімнің сарқылмас қайнар бұлағы. Ол білім мазмұнын кеңірек ашып, оқушылардың оны терең игеруіне көмегін тигізеді. Оқулық және кітаптың көмегімен оқушылар сабақта немесе сабақтан тыс кездерінде түрлі жаттығу жұмыстарын орындап, мұғалімнің басқаруымен сыныпта алған білімдерін толықтырып отырады.

Оқушылар оқулықтармен және басқа оқу кітаптарымен жұмыс істей отырып, белгілі білім жүйелерін меңгереді, өздерінің көзқарастарын қалыптастырады, ой–өрісін дамытады, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыланады.

Кітаппен жұмыс істеу оқушы үшін оқытуда күрделі тәсіл болып танылады. Қазіргі мектеп тәжірибесіне жүгінсек, көптеген жағдайда, оны бітірушілер арасында кітапты оқи немесе нәтижелі қолдана білмейтіндер кездеседі.

Кітапты немесе оқулықты оқи отыра, оның нақтылы мазмұнын, тақырыптың негізгі ойын, құнды деректер мен қағидаларын жеке қарастыру, жетекші идеяларын ашып көрсете немесе өз сөзімен тиянақты баяндай алмау мәселелерін ұмытпаған жөн. Ол үшін оқушы оқу материалының құрылымымен жалпы танысу, оны көз жүгірте қарап шығу, содан кейін барып кейбір маңызды бөліктеріне жете мән беру, оған қатысты жаттығу жұмыстарын жасау, ең соңында оқығанын есінде сақтауға күш салуға дағдылануы тиіс.

Екінші мәселе, бастауыш сыныптан бастап оқушылардытдауыстап оқуға, одан кейін тез, іштей оқуға, оқығанды өз сөзімен айтып беруге дағдыландыру қажет.

Мәтінмен жұмыс істегенде оқушыларды, оның ең негізгі мазмұнын айтуға, бөліктерге бөліп жоспар жасауға, қорытынды мен тұжырымдар жасауға үйрету керек. Егер оқушы осындай тәсілдерді қолдана білсе, онда ол оқығандарын тек жаттап алуға дағдыланады.

Кітаппен жұмыс істеудің өзіндік мәнді психологиялық ерекшелігі бар. Кітап оқу мұғалімнің сөзін тыңдауға қарағанда оқушының ақыл–ой күші мен ерік–жігерін көп керек етеді. Ол оқушының өзіндік ойлауын, іс–әрекетін жандандырып, оның білім деңгейін, дүниетанымын арттырады. Қоғамға, өмірге, адамдар–арасындағы қарым–қатынаста басқаша көзқараспен қарауға тәрбиелейді. Яғни, ол білім беру көзі ғана емес, сонымен қатар тәрбие құралы.

Дегенменде, оқушының үй тапсырмасын кітап немесе оқулық көмегімен орындау барысында қажетті уақытты тиімді пайдалану, өзіне–өзі бақылау немесе есеп беру жұмыстарында айтарлықтай кемшіліктер бар. Барлық оқушылар бірдей біздің жоғарыда айтқан кітаппен жұмыс жасау тәсілдеріне мән бермейді, оның талаптарын толығымен сақтамайды. Соның негізінде білім мазмұны нашар меңгеріледі.

Сондықтан оқушының кітаппен өз бетінше нәтижелі жұмыс істеуін, оның саналы көзқарасын және өзіне–өзі бақылауды үйрету, ұйымдастырып отыру мұғалім тарапынан жауапкершілікпен көңіл аударып отыруды қажет етеді.

Көрнекілік әдістер оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіндік береді.

Бұған демонстрация, иллюстрация және бақылау тәсілдері жатады.

Демонстрация (көрсету) оқушыларды құбылыстар, процестер және заттардың нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Әдістің бұл түрі оқылып отырған құбылыстың қозғалысын анықтау, заттың ішкі құрылысы және сыртқы көрінісімен немесе бірыңғай заттардың орналасу жағдайымен таныстыруды көздейді.

Табиғи нысананы көрсету негізінен сыртқы көрінісінен басталады (көлемі, түсі, формасы, өзара байланысты т.б.). Келесі кезекте оның ішкі құрылысы немесе жекелеген құрамы бөлініп көрсетіледі. Заттың үлгісі және көркем туындылар оқушылар тарапынан біртұтастық жағдайында қабылданады.

Демонстрациялау көбінесе оқушылардың практикалық оқу әрекетімен ұштаса жүргізіледі. Приборлар мен нысандарды демонстрациялау нәтижесінің табысты болуы бірнеше жағдайға байланысты болады.

Сабақ барысында оқытудың демонстрациялау әдістерінен қолдануда оқу киносы, диапозитив, диафильм, магнитофон, радио, үнтаспа, киноскоп, эпидиоскоп, теледидар, видеофильм секілді техника құралдары көптеп пайданылады.

Заттар мен құбылыстарды, кейбір жағдайда, қажеттігіне сай табиғи ортада көрсетуге болады. (Мысалы, табиғат, оның құбылыстары, жан–жануарлар, өсімдіктер, ауылшаруашылығы техникалары, өндіріс құралдары т.б.).

Иллюстрация – демонстрация әдісімен тығыз байланыста болады. Бұл әдісті иллюстративті құралдарды (плакаттар, картиналар, суреттер, чертеждер, портреттер, портреттер, картограммалар, модельдер) көрсетуде қолданады.

Иллюстрация әдісінің нәтижелі болуы, негізінен оның қолдану тәсілдерін мұғалімнің қаншалықты меңгергеніне байланысты болып келеді. Соның негізінде оқушылар мен мұғалімге оқу материалын табысты меңгеруге айтарлықтай көмек бере отыра, ғылыми ұғымдарды жеңіл меңгеруге септігін тигізеді.

Мектеп тәжірибесі көрсеткендей сабақта иллюстрациялы материалдарын көптеп қолдану, оқушылардың назарын нақтылы оқу материалынан ауытқуына әкеп соғады. Сондықтан, көрнекі құралдарды пайдаланудың дидактикалық қолданысын және таным процесінде олардың рөлін алдын–ала жақсылап ойластырып алу қажет. Бұған қосымша мұғалімдер көрнекі құралдардың тиімді көлемін де анықтауы қажет.

Бұл әдістердің ішінде ең басты рөл атқаратыны – бақылау әдісі. Ол барлық оқу пәндерін оқытуда кеңінен қолданылады.

Бақылау әдісі сабақта нақты заттар мен көрнекі және техника құралдарын көрсету кезінде, экскурсияда, лабораториялық жұмыстарда, еңбек операцияларын орындау барысында ерекше орын алады. Бақылау мұғалімнің басшылығымен сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта мұғалімнің тапсырмасына байланысты немесе оқушылардың өздерінің қалауы бойынша кеңіәнен іске асырылады. Дұрыс қолданған бақылау әдісі оқушылардың байқағыштық, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.

Бақылау әдістерін қолданудың тиімділігі мынадай тәсілдерді қолдана білуге байланысты:

– байқаудың мақсатын анықтау;

– қабылдайтын нәреслердің мөлшерін белгілеу, салыстыру арқылы олардың көптеген белгілерінің ішінен ең негізгісі, бастыларын ажырату;

– оларды топтастырып, қорытындылар мен тұжырымдар жасау.

Байқайтын нәрселердің, бейнелердің ерекшеліктеріне байланысты бақылау әдісінің негізгі түрлері:

– демонстрациялық бақылау;

– экскурсиялық бақылау;

– лабораториялық бақылау;

– техникалық бақылау;

– оқушылардың өздігінен дербес бақылауы;

Оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың күші құралы– бақылау. К.Д.Ушинский “Бақылау – логикалық ойлаудың негізгі”,–деп жай айтпаған. Ұлы педагог логикалық ойлауға үйрету үшін, ең алдымен, балаларды жан–жақты бақылауға үйрету керектігін де ескертеді.

Бақылау өткізудің негізгі әдістемелік талаптары:

1. Мұғалім оқушыларды белгілі нәрсені жан – жақты бақылауға, оның неғұрлым көп және әртүрлі қасиеттерін, ерекшелңктерін, мүмкіндігінше, көру, есту, дәм, иіс т.б. сезім мүшелерін қатыстыру арқылы зерттеуге бағыт беруінің маңызы зор. Бақылау тек көру т.б. сезім мүшелерінің жұмысымен ғана емес, ол адамның ойлау әрекетімен тығыз байланысты болуы керек.

2. Мұғалім бақылауда оқушыға анализ бен синтез арқылы заттардың негізгі қасиеттерін ажырату, топтастыру, қорытындылау сияқты ойлау процестерін қолдануға басшылық етуі қажет.

3. Мұғалім оқушылардың бақылауын ұйымдастыру үшін, ең алдымен, бақылаудың мақсатын, байқайтын нәрселердің мөлшерін немесе көлемін анықтап, жоспарын жасап беруі керек.

Тәжірибелік әдістер. Оқушылардың сабақта алған теориялық білімдерін, біліктілік пен дағдыларын тереңдету және жетілдіру түсу мақсатында олардың практикалық жұмыстарының маңызы ерекше.

Оқытудың негізгі дәстүрлі әдістерімен қатар мұғалім оқушылармен бірігіп сабақта, оқу–тәжірибе участогінде оқу приборлары және техника құралдары көмегіне сүйеніп оқу тәжірибелерін жүргізеді.

Оқытудың зертханалық тәсілі негізінен биология, химия, физика пәндеріне жиі қолданылады. Аталған пәндердің мазмұны зертханалық жұмыстарды қажет етеді.

Зертханалық жұмыстар жаппай түрде немесе оқушының жеке–дара орындауы арқылы жүреді. Жаппай түрде жүргізгенде сыныптағы оқушылардың бәрі бірыңғай тәжірибе жасайды, ал жеке оқушылар орындағанда әрқайсысының жасайтын тәжірибесі әр түрлі болады да, кейін ол жинақталады.

Оқушылардың зертханалық жұмыстарын мектеп жанындағы оқу–тәжірибе учаскесінде жүргізілетін тәжірибелермен де тығыз байланысты. Олар дайындау, өткізу, қорыту кезеңі болып бөлінеді.

Дайындау кезеңінде оның мақсаты белгіленеді, жоспары жасалады және оқушыларды қажетті аспаптармен, реактивтермен, басқа да оқу құралдарымен, жұмыс істеу принциптерімен таныстырады.

Өткізу барысында мұғалім әр оқушының қойған тәжірибесін мұқият бақылайды және қажет болған жағдайда оларға көмектеседі.

Қорыту кезеңін бірнеше тәсілмен өткізуге болады. Біріншіден, әр оқушы өзінің орындаған жұмысын хабарлайды, екіншіден, ұжымдық түрде орындалған жұмыстың нәтижесі туралы әңгіме өткізіледі, үшіншіден, зертханалық жұмыстардың нақтылы қорытындыларын мұғалімнің өзі жинақтап, оқытушылар орындаған жұмыстардың нәтижесін қорытып баяндайды

Графикалық жұмыстар барлық пәннен орындалады. Бұған кестелер жасау, диаграммалар құру, сызбалар сызу секілді оқушылар әрекеттері жатады. Графикалық жұмыстар география мен тарих, сурет сабақтарында кеңінен пайдаланылады.

Тәжірибелік әдістердің ішінде ең көп қолданылатыны – жаттығу әдісі. Бұл әдіс оқушыларда біліктер мен дағдыларды қалыптастырады. Оқу барысында теориялық ережелер мен қағидаларды қайта пысықтап, тиянақты меңгерту жаттығу арқылы орындалады. Сондықтан, бұл әдіс барлық пәндерді оқытуда кеңінен қолданылады.

Жаттығу жұмыстары негізінен тіл мен математика, сонымен бірге, шет тілдерін оқу пәндерінде көбірек жүргізіледі. Оқушылар осы пәндердің мазмұнына қатысты теориялық білімдерін пысықтау барысында практикалық жұмыстарын атқарады. Мысалы, есеп сабақтарында жазбаша есеп шығару, тіл сабақтарында диктант жазу, граматика және фонетика жұмыстарын орындау т.б.

Жаттығу оқушылардың оқу жұмысын өздігінен орындау белсенділігін арттырады. Өзіндік жұмыстарына оқушылардың шығармашылықпен атқаратын реферат, шығарма жұмыстары да жатады. Оқушылардың осындай жұмыстары жазбаша жаттығу деп аталады.

Ауызша жаттығу оқушының оқу материалын ауызекі баяндауға дағдылану мақсатын көздейді. Бұны негізінен үш түрге бөлуге болады. Біріншісі – ғылыми пәндердің ережелері мен қағидаларын жатқа айта білу. Екіншісі– оқу материалының мазмұнын ауызекі баяндау. Үшіншісі – көркем әдебиеттерден жатқа үзінділер оқу, баяндамалар жасау немесе өздерінің жазған шығармаларын ауызша айтып беру.

Оқыту әдістері – оқыту процесінің барлық кезеңдерінде оқытудың түрлі мақсат –міндеттерін орындау барысында оқушылардың таным әрекетін арттыруға бағытталуы тиіс. Сондықтан, оқыту процесінде оқушылардың таным әрекетінің белсенділігін арттыруға септігін тигізетін әдістерге айрықша назар аудару қажет.


2. Оқыту әдістерін жетілдіру және мұғалімнің сабақтар жүйесінде оларды таңдай білу.

Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз беріледі.

Алайда, оқыту әдісін қайта құру – күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Тіпті әр тақырыптың өзі де оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Сондықтан, оқытуда әртүрлі әдістерді қолдану қажет.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.

Олай болса, оқыту әдісін мұғалімнің таңдап алуы белгілі шарттарға байланысты болып келеді.

1. Оқыту әдістерін оның мақсат–міндеттеріне, оқушылардың жас және таным әрекетінің еркшеліктеріне сай қолдану.

2. Қолда бар нақтылы көрнекі және техника құралдарын, кабинет жабдықтарын ескерту.

3. Мектептің географиялық орналасуын ескеру. Мысалы, оқытудың қала мектептерінде оқушылардың өндіріс орынддарында экскурсия жасау мүмкіндігімен, ал ауыл мектептерінде мектеп жанындағы участкелерге, табиғатқа, ауылшаруашылық өндірісіне бару жағдайымен байланыстыру.

4. Мұғалімнің іс–тәжірибесінің шығармашылық сипатына, оның шеберлігіне тікелей байланысты шараларды іске асыру.

Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын түп қазық – мақсаттың жүзеге асуы. Мұғалім қандай тақырып өтсе де, ен алдымен, оның мақсатын анықтауы тиіс. Бұл мұғалімнің өзіне қажет. Себебі оқылатын оқу материалын баяндауда оның негізгі идеясын немесе оқушылардың назар аударатын басты мәселесін есте сақтауға тиіс және оқушының назар аударатын басты мәселесін есте сақтауға тиіс және оқушының ойында бекітілуге қажетті қосымша материалдарды анықтау жұмыстарын атқармай тұрып, оның мақсатын белгілей алмайды.


20 – тақырып

ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ДАҒДЫЛАРЫНТЕКСЕРУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Қарастырылатын мәселелер:

  1. Оқушылардың оқу–танымдық әрекетін тексеру және бағалау.

  2. Оқыту процесінде білімді есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы, қызметі.

Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу–тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасуы дәрежесі анықталады.

Осы тұрғыда білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау мәселесіне тоериялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.

Бақылаудың тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық мәселелері П.Горбунов, Е.С.Березняк, В.И.Иващенко, А.К.Исақов, Е.И.Перовский, С.Ф.Сухорский, Н.В.Чертинский, В.О.Онищуктің ғылыми - педагогикалық еңбектерінде талданған.

Бақылауды ұйымдастырудың жекелеген әдістемелік мәселелері жайында М.Р.Львов, Н.Н.Светловский, А.П.Пышкало, Т.Л. Коган және т.б. теориялық талдау жасаған.

Оылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деп қорытынды шығаруға болады, себебі “есепке алу”, “бақылау”, “бағалауды” ұйымдастырудың мәні, олардың оқу–тәрбие прорцесіндегі қызметі, формалары мен тәсілдері анықталған.

Екіншіден, оқыту сапасын тексерудің “5” балдық жүйесі оқушылар білімдерінің нақтылы дайындық дәрежесін барлық жағдайда дұрыс көрсетпейді. Ондағы негізгі кемшілік, оның жеткілікті түрде ішкі және сыртқы кері байланысты қамтамассыз ете алмауында, соның нәтижесінде оқыту процесінің сапасын арттыруда мұғалім әркезде бағалау жүйесін дұрыс қолдана алмайды.

Бақылау – кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың творчестволық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.

Бағалау – оқытудың құрамдас бөлігі қорытындылау сатысы. Бағалау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу–таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал.

Келесі кезекте білім, білік және дағдыны бақылау және бағалау қызметіне тоқталамыз. Ол негізінен үш жақты сипатта болып келеді: білім беру, тәрбиелеу және дамыту.

Бақылаудың білім беру қызметі негізінде оқушылар жаңа білімдерді қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырып, жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді.

Тәрбиелік қызметі оқушыларды жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді. Бақылаудың нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершілдік сезімдері артады.

Дамыту қызметінің маңызы сол, оқушылар өз бетінше оқу тапсырмаларын орындауда жаңа білімдерді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар әзірлейді, хабарламалар жасайды.

Бағалаудың да қызметі үш топқа бөлінеді: хабарлаушылық (ниформирующие), басқарушылық (управляющие), тәрбиелеушілік (воспитывающие).

Бірінші топ өз алдына: белгілеп қоюшылық (фиксирующая), бағдарлаушы (ориентирующая), бақылаушы (контролующая) болып келеді. Бұл топтың қызметі білім, білік және дағдыны бағалауды, әрбір бағаның көрсеткіштері мен өлшемдеріне мұғалім мен оқушылардың арқа сүйеуі жағдайында іске асады.

Екінші топ: ұйымдастырушылық (организующая), реттеушілік (регулирующая), дәлдеп түзетушілік (корректирующая) болып келеді. Осы топты жүзеге асырудың қажетті шарты бағадағы көрініс тек қана оқытудағы қол жеткізілген нәтиженің мөлшері ғана емес, сонымен бірге сапасын белгілейтін көрсеткіш.

Үшінші топ: қалыптастырушылық (формирующая), дамытушылық (развивающая), ынталандырушылық (стимулирующая) болып келеді. Бұл топтың қызметінің нәтижелі болуының кепілі, баға оқытудың нәтижесін нақты бейнелей білуде.
2. Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары

Педагогика ғылымы саласында білім, білік, дағдыны бақылаудың көптеген түрлері кең тараған. Мысалы, ғалым–педагогтар Ю.К. Бабанский, Н.А. Сорокин бақылауды күнделікті, оқтын–оқтын, қорытынды деген пікірлер айтады. Ал Г.И. Щукина – күнделікті, тақырыптыќ, оқтын–оқтын, қорытынды және емтихан деген көзқарастарын білдіреді. Е.А. Дмитриев – күнделікті, тақырыптық және қорытынды, нәтижесі деген тұжырымға келген.



Күнделікті бақылау оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу–танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы байланысты жан–жақты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады, соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді.

Күнделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсмырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілік сезімін ынталадыруда үлкен маңызға ие болады.

Тақырыптық бақылау – оқу бағдарламасындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінен оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге, мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелерді оқушылардың есіне салады.

Қорытынды бақылау – барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынгады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады. Сондықтан қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалары шығарылады. Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтмасыз етіледі. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Бұл әдістерге қарғанда бағдарламалап бақылау әдіңстерінің өзіндік ерекшеліәгі бар. Олар машинасыз және машиналы бағдарламалап бақылау әдістеріне бөлінеді.

Оқыту процесінде бақылаудың фронтальдық, топтық және дербес формалары қалыптасқан. Оның тиімділігі – мұғалімінің оларды дұрыс ұйымдастыруна байланысты.

Фронтальдық (жаппай) бқылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындау барысында оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық, махаббат сезім пайда болады, бір біріне сұрақтар қойып, жауаптарын толдықтырады, орындалған жұмыстарды өзара тексеріп, іске асырады. Демек бірігу іс әрекетінде әлеуметтік құнды мотивтер қалыптасады.

Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақ барысында мұғалімнен тапсырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір оқушылар түрлі себептерге байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру, ауру т.б.), қосымша көмекті қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн

Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін, іскерлігін және дағдысын терең, жан–жақты анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылау бағдарламалап және дифференциялды оқыту барысында жақсы нәтиже береді. Дербес бақылауда оқушылар жауабының логикалық бірізділігі, олар өз пікірлерін қалай байымдайды, қалай дәлелдейді, міне, осы мәселелерге аса көңіл аудару керек.

Оқыту процесінде оқушылардың өзін–өзі бақылауы өте қажет. Өзін–өзі бақылау, олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі және дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамассыз етеді. Өзін–өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды.

Баға білімді есепке алу ғана емес, ол тәрбиелік құрал.

Сондықтан, оқушы білімін бағалауда немқұрайлылыққа салынуға болмайды.

Баға “балл” есебінде көрсетіледі. Келесі кезекте баға және оның өлшемі қандай, соған тоқталамыз. Қазіргі кезде білім беру саласының барлық құрылымында оқу–таным әрекетінің сапасын анықтайтын дәстүрлі “5” балдық жүйелер қолданылады.

“5” бағасы – оқу материалын толық, дәл логикалық, бірізділікпен айтылған жауапқа қойылады;

“4” бағасы – оқу материалын толық біледі, бірақ болар–болмас кемшілігі бар жауапқа қойылады;

“3” бағасы – жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, білімді кейбір проблемелер еске алынбаған жауапқа қойылады;

“2” бағасы – оқушы жауабында қателер, білімінде елеулі кемшіліктер бар жауапқа қойылады;

“1” бағасы – тексерілген оқу материалы бойынша білімі жоқ, толып жатқан өрескел қателер үшін қойылады.

Зачет (сынақ) –қорытынды бақылаудың айрықша түрі, ол белгілі бір тарау немесе тақырып бойынша атқарылған оқу жұмыстарының бүкіл өн бойында мұғалім қолданған тексерудің барлық түрлерін ескере отыра қойылады. Ол (1959 жылдан енгізілген) оқу бағдарламасының негізгі бөлімдері және тақырыптардағы білім, білік, дағдыларды жүйеге келтіру, тереңдету міндеттерін шешеді.

Емтихан – оқушылардың білімін қорытынды тексерудің және бағалаудың арнаулы формасы. Ол (1944 жылдан енгізілген) оқушылардың білімін жинақтауға және бір жүйеге келтіруге, оларды оқу жылы бойынша оқуға ынталандырады, оқу жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі.

Емитихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады.


21 – тақырып

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰЖЫМДЫҚ ТАНЫМДЫҚ ІС–ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қарастырылатын мәселелер:

    1. Ұжымдық танымдық іс әрекеттер жөнінде түсінік.

    2. Оқу белсенді топтарының жұмысы.

    3. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру.

Ұжымдық танымдық іс–әрекеттер жөнінде түсінік. Диалектиканың қарама–қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез келген нәрсені, құбылыс, процесс қарама–қарсы, бірін–бірі жоққа шығару және бір мезгілді өзара шарттастық сияқты өзара қарым – қатынаста болатын қарама–қарсы жақтардың қарама–қайшылықты бірлігі болып табылады. Белгілі бір құбылысты, нәрсені дамыту процесінде соңында күрес арқылы шешілетін қарам–қайшылықтардың күшеюіне әкеп соғатын қарама–қарсылықтардың арасында сәйкессіз элементтер пайда болады. Олай болса, дамытудың қозғаушы күші де, қозғалыс көзі де қарама–қайшылық.

Оқу процесінің субъектілерінің қарым–қатынасы мен өзара әрекеттестігінің феномені педагогикалық әдебиеттерде және мектеп тәжірибесінде ұжымдық танымдық іс – әрекет ретінде түсініледі. Бұл мәселелердің теориялық әдіс–тєсілдері Н.К.Крупская еңбектерінде қарастырылған. Ал педагогикалық процестің оқудан тыс бөлігі жағдайында оқушылармен ұжымдық жұмыс жүргізу әдістемесін Н.К.Крупская, П.П.Блонский, А.С.Макаренко жасаған.

Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде ұжымдық жұмыс ұғымын көп жағдайда фронтальды жұмыс ұғымымен қатар қояды. Көбінесе оқушылардың жаңа оқу материалдарына деген белсенді танымдық қатынастарын және соның негізінде пайда болатын оқушылар арасындағы жақын қарым–қатынас, жалпы үлгерім бойынша жүргізілетін жұмыстар, интеллектуалдық құндылықтармен алмасу мүмкіндіктері, салыстырулар, жасалатын қарым–қатынастың зерделетін объектілері тұрғысындағы әртүрлі қимыл бірлігі сияқты белгілері бар жұмыстарды ұжымдық жұмыстарға жатқызады. Жалпы ұжымдық танымдық іс әрекеттердің мәні мұғалімнің жетекшілігімен оқу процесін ынтымақтастықпен, қарым–қатынаспен байытуда.

Оқу белсенді топтардың жұмысы. Ұжымдық танымдық іс – әрекет сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын жұмыс түрлерінің жүйесі болуы мүмкін. Ұжымдық оқу әрекетінің тұлғаға, сол тұлғаның өзінің белсенділігіне қарай әсер етуі мүмкін, яғни ұжымдық танымдық іс – әрекет оқушының белсенділігін талап етеді. Оқушылардың басым көпшілігі белсенділік танытуы үшін танымдық іс – әрекет барысында қалаптасатын белсенді оқу әрекеттеріне сүйену қажет.

Белсенді топтар жұмысын ассистенттердің, кеңесшілердің, еңбекті ғылыми ұйымдастарудың мектебін құрудан бастау керек, ал мүшелерін таңдау белсенділердің, оқу ұжымының, мұғалімнің қалауы бойынша жүргізіледі. Сонымен бірге оқу белсенді тобының қызметін оқу ісінің меңгерушісі басқарады және ол беделді, өзіндік маңызы бар топ болуы керек, оның жүргізген жұмыстарының барысы семинарларда, мектептік қорытынды конференцияларда тыңдалып отыруы қажет.

Мектепте оқу белсенді топтарының мүшелерінің санасының артуы кабинеттердің жұмыстарын қайта қарауды талап етеді. Оқу кабинеті нақты пән бойынша сабақта және сабақтан тыс уақытта жүргізілетін жұмыстардың орталығы болуы керек. Бұл орталықтың иесі оқушылардың өзі. Мұғалім жетекшілігімен кабинет кеңесі мүшелерінің қатысуымен көрнекі құралдар, сабақтарда берілетін тапсырмалар, бақылау караточкалары, таратылатын дидактикалық материалдар, тақырыптар бойынша папкалар мен альбомдар және кабинетте бар диафильмдердің, әдебиеттердің, папкалардың, көрнекі құралдардың картотекасы дайындалады. Бұл оқу белсенді тобының мүшесі, оның ішінде ассистентке аз ғана уақыттың ішінде сабаққа қажетті материалдарды дайындауына мүмкіндік жасайды.

Оқу белсенді тобының мүшелерінің ішінде оқушылардың ішінен таңдалатын ассистент, кеңесші, лаборант, кітапханашы, безендіруші, шаруашылықты жүргізуші маңызды рөл атқарады. Олардың әрқайсысының атқаратын белгілі бір қызметі бар. Мысалы, безендіруші мұғалімге көрнекі құалдар (кестелер, графиктер, диаграммалар және т.б.) дайындауға, оқу стенділерін, оқу кабинеттерін безендіруге, ақпараттар парақтарын шығаруға көмектеседі; лаборант лабораториялық, практикалық сабақтарды өткізуге қажетті техникалық құрал–жабдықтарды дайындайды, тәжірибелерді көрсетуге көмектеседі және т.с.с.; кітапханашы мектеп кітапханашысымен бірігіп пән бойынша жаңа қызықты әдебиеттерге шолу дайындайды, көрмелер ұйымдастырылды, пән бойынша қызықты материалдар жинайды, мектеп кітапханасында және оқу кабинеттеріндегі әдебиеттер бойынша картотека жасайды.

Топтық жұмыстарды ұйымдастыру. Ұжымдық танымдық іс – әрекеттердің әртүрлі формалары мен түрлі жүйесінде топтық жұмыс және оның әртүрлілігі маңызды орын алады. Топтық жұмыс өзінің барлық белгілері көрініс табатын оқу ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылады.

Педагогикалық әдебиеттерде сабақтарда оқушылардың оқу іс–әрекеттерін ұйымдастырудың фронтальды, топтық, даралау тәсілдерінің бірыңғай анықтамасы жоқ. Мысаоы, дәстүрлі дидактика топтық жұмысты, негізінен, оқушылардың бірнеше тобы әртүрлі қиындықтағы тапсырмалардың көлемі орындалатын еңбекке үйрету, политехникалық білім беру және практикалық дағдыларды игеру сияқты мәселелерін шешу немесе оқыту, даралау мақсатында лабораторияларда, оқу шеберханаларында, мектеп жанындағы участоктерде жүргізілетін жұмыстармен байланыста қарастырады. Басқа жағдайда оқушылардың іс – әрекетін ұйымдастыру формаларын оқытуға қатысушылардың өзара әрекеттестігі ретінде қарастырады, ал фронтальды және топтық жұмыстар ұжымдық принцип бойынша ұйымдастырылады. Соған байланысты топтық жұмысты сынып оқушыларын 3–8 мүшелері бар, оқу материалдарымен бірігіп өзара жауапкершілікте алдын ала келісілген жоспар мен рет бойынша жұмыс істейтін топтарға бөлетін сабақтарды ұйымдастыру формасы ретінде түсіндіруге болады.

Топтық жұмыстарға жұптасып жұмыс істеуді (әр топта екі оқушы), мұғалімнің тапсырысымен сабақта жұптасып хабарлама жасауды, топтық сұрақ, кеңестік сұрақ жұмыстарын және т.б. жатқызуға болады. В.К.Дьяченконың зерттеуі өлеңдерді жаттауда, жаттығуларды, мысалдар мен есептерді ауызша және жазбаша орындатуда, көбейту мен бөлу кестесін жаттауда, сұрақтар мен жұмыс істеуде және т.б. жұптық жұмыстардың яғни жұптық – ұжымдық жұмыстардың тиімді екендігін көрсетті.
22–тақырып
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР.
Қарастырылатын мәселелер:


  1. Технологиялар туралы ұғымдар. Педагогикалық технологияларға негізгі

сипаттамалар.

2. Оқытудың әдеттегі дәстүрлі технологиясы.

3. Кейбір жаңа педагогикалық технологиялар.

Негізгі ұғымдар: технология, педагогикалық технология, біртұтас педагогикалық процесс, инновация–лық мектептер, сабақ, творчество (шығармашылық), творчестволық іс – әрекет, мұғалімнің шеберлігі.

Пәнаралық байланыстар: философия, социология, кибернетика, психология, педагогика тарихы, этнопедагогика, жеке әдістемелер.

Технологиялар туралы ұғымдар: Педагогикалық технологияларға негізгі сипаттамалар.

Қазіргі кезеңдегі психологиялық педагогикалық әдебиеттер ғылыми–технологиялық процестің жетістіктері мен білім беру саласына “жаңа компьютерлік технологияларды” енгізумен бірге келген “технология” деген ұғым жиі кездеседі. Ғылымда арнаулы технологиялық бағыт пайда болды. Бұл бағыт XX ғасырдың 60 – шы жылдарында АҚШ және Англияда пайда болды және қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүниежүзі елдеріне тарады.

Барлық жасалған және қазіргі күнде адам қолданып жүрген технологияларды екі түрге бөлуге болады: өндірістік және әлеуметтік, өндірістік технологияларға үлгі ретінде табиғат шикізатын қайта өңдеу технологиясы болады. Бұл жағдайда технология деп бастапқы материалды өнім “шығуында” белгілі бір алдын ала берілген қажеттерді бөліп алу мақсатымен қайта өңдеу прцесі деп атайды.

Педагогикалық іс – әрекет саласына “технология” деген сөздікті енгізу “индустриялдық” технология (Ф.Б. Гильбрейт, Ф.У. Тейлор және т.б.) деген идеяға негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты. Бұл бағытты бірқатар бұрынғы кеңестік үкіметтің аймағында ғалымдар (В.П.Беспалько, П.И. Пидкасистый және т.б.) қолдайды. Білім беру саласындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалын талдау техникасын, мұғалім мен оқушылардың оқу іс – әрекетін (Т.А. Ильина) ұйымдастыруды іздестіруде. Осымен қатар педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді принциптері мен әдістерін анықтауға бағытталған.

Бірақ, егер материалдық өндіріс саласында еңбек затын бірте–бірте терең меңгеру негізінде еңбек өнімінің өсуіне әкелетін жаңа технологиялар жасалса, ол білім беру саласында басқаша технологиялар ұстаз іс – әрекетінің жеке жақтарына сай жасанды, қолдан істелген конструциялар ретінде жасалынады. Ғылыми әдебиеттердегі бар терминдер технологияны жасаушылардың дара жеке мәселелерге (проблемаларға) білім меңгеруге бағытталған оқу моделі жағына өлшем жасалған.

Назар аударған: (оқыту технологиясы, ойын технологиясы, тест жасау информативтік – оқыту технологиясы, дистанциондық оқыту технологиясы, рейтингілік оқыту технологиясы және т.б.) (Г.К. Селевко).

Шындығында педагогикалық технологияны жасаушылардың назары (терминдік түсініктемелеріне қарағанда) педагогикалық еңбектің жеке құбылыстар саласына бағытталған. Білім беру технологияларының басым көпшілігі негізінен оқушылардың белгілі бір білім жиынтығын меңгеруге бағытталған. Концепция жсаушылардың “ұстаздар – оқушылар” жүйесінің ерекшеліктерімен ұстаз еңбегінің технологиясының өзгешіліктері арасындағы өзара байланыстардың түрленген түрлерін көрсетудің басылмауы олардың ең осал жері. Егер кәсіби іс–әрекеттке жеке өзгерістер енгізілсе еңбек саласында түбегейлі өзгерістерге жету және оның нәтижелеріне аса ықпал жасау мүмкін емес. Бұл тағы да “технология” ұғымының мазмұны туралы айтуға мәжбүр етеді.

“Технология” деген термин гректің түп тамыры techne - өнер, шеберлік, кәсіп және loqos – ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе ілімді беретін сөзді құрайды, ол өндірістік процестері жүргізудің тәсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы, мысалы металдардың технологиясы, химиялық технология, құрылыс жұмыстарының технологиясы және т.б. Бұл осы термин өнімді өндіру процесі барысында жүзеге асырылып шікізатты материалдарды немесе жартылай фабриканттарды өңдеудің жасаудың, жағдайларын қасиеттерін, формаларын өзгерту әдістерінің жиынтығы ретінде міндеті – практикада өндіріс процестерінің ең тиімділерін анықтау мен қолдану мақсатында физикалық, химиялық, механикалық және тағы басқа заңдылықтарды анықтау. Міне осыдан бірқатар өте маңызды айқын анықтамалар туады:

– технологияны жасау үшін нақтылы еңбек затының қасиеттерін байланыстары мен қатынастарының жолын сипаттайтын заңдылықтарын білу керек;


  • еңбек затын өңдеу тәсілдерін білу;

  • еңбек затының жағдайын анықтай білу (диагностика);

  • еңбек затының жағдайын өзгерту тәртібін (әрекет тізбегін) жасау.

Негізінен ең алдымен көрсетілген технологияның белгілері педагогикалық еңбектің технологиясы дегеніміз не екеніне анықтау береді.

“Білім беру” ұғымына берілген анықтамалар педагогикалық технологиялар егер олар білім берудің мақсаттарына – біртұтас педагогикалық процестегі тұтас тұлғаның қалыптасуына қызмет еткен жағдайда анықталатындығын көрсетеді. Демек педагогикалық технология егер ол”педагогтар – оқушылар” жүйесінің ерекшелігіне оның жағдайының өзгеруі біртұтас педагогикалық процесс болатындығына негізделе отырып жасалған.

Қазіргі уақытта “педагогикалық технология” ұғымы әртүрлі түсіндіріледі. Көп тараған анықтама - В.П. Беспалько ұсынған: ол педагогикалық технология оқу мен тәрбие процестерінің (теориялық негізделген) еске түсіру барысында қолданған құралдар мен әдістер жиынтығы, олар білім мақсатын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық технология қол жеткен жетістіктерді сатылы өлшеу мен қорытынды бағалаудың объективті мүмкіншілігін жеткілікті дәрежеде сақтайтын мақсаттары мен тапсырылған оларға сәйкес ғылыми жобалардың болуын қалайды. Бірақ бұл анықтамадағы көрсетілген бір–бірімен тәуелсіз және дербес өмір сүруін оқыту және тәрбие процестері болады деген оймен келісу қиын. Тұлға дегеніміз тұтастай тұратын құрылым, және ол біртұтас педагогикалық процеспен байланысты. (Ильин В.С.), демек педагогикалық технологияда осы педагогикалық процестің басты белгісіне сәйкес болуы керек.

Педагогикалық технологияда берілген басқа да анықтама бар, ол: оқыту процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникада (В.П. Беспалько), педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі), оқыту процесін ұйымдастырумен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс–әрекетінің моделі (В.М.Монахов), барлық сабақ беру процесін жасаудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі, білімді меңгерудегі техникалық және адам және олардың өзара әрекеттерін ескеру (ЮНЕСКО), мазмұнын қорытындылау (Г.К.Селевко). В.Н.Бордовская мен А.А Реанның көрсетуінше білім беру технологиялары дегеніміз бұл білім беру процесіндегі ұстаздар мен оқушылардың жүйелілік іс–әрекеттеріне, ол мақсат, мазмұн, әдістерді ұйымдастырудың белгілі бір нақтылы принциптері мен өзара байланыстылығына сай нақтылы идея негізінде жасалынады.

Г.М. Құсайыновтың есебінше, педагогикалық технология әдеттегі түсініктерден басқа – ол мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеудегі мақсаттары мен нәтижелерге жету мен сабақ беру процесі емес, ол кәсіби ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің және өзара оқыту процесі, ол білім берудің мазмұны мен оқу жоспарлары мен бағдарламаларында ескерілген іс – әрекеттердің сол түрлерін меңгеру жұмыстарының әрбір сатыларындағы болатын өзгерістер мен қайта құру болады.

Оқытудың дәстүрлі технологиясы. Оқытудың дәстүрлі технологиясы деп ең алдымен XVII ғасырда дидактика принциптерінде қалыптасқан, Я.А. Коменский негіздеген және қазіргі дейін дүниежүзі мектептерінде басым көпшілігі қолданылатын оқытуды класс – сабақтық ұымдастыру деп түсінеді. Класс – сабақ жүйесі педагогикалық процестің одан әрі жетіліп ұйымдастырылған дайындау қажеттілігіне байланысты пайда болған, себебі сол ғасырдың ортасында оқуға келушілердің санының көбейе түсуіне байланысты шамамен бір жастағы балаларды оқу топтарына жинақтай бастады.

Соңғы жүз жылдықта класс –сабақ жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған бірнеше зерттеулер жүргізілген. Олар оқу жұмысының ұйымдастырудың мынадай формаларын іздестірумен байланысты болады. Ол сабақтың кемшіліктеріне, айталық оның орта оқушыға бағытталуын, оқудағы алға басушылық қорытындыларының мазмұнының біркелкілігі мен орташа шамасы, құрылымының өзгермейтіндігі: үйге берген тапсырманы сұрау, жаңа сабақты баяндау, үйге тапсырма беру. Дәстүрлі сабақтың кемшілігінің нәтижесі, ол оқушылардың танымдық белсенділігіне, дамуы мен және оның дербестігіне тежеу болатындығында.

Дәстүрлі класс – сабақ технологияларының аса көрнекті белгілері ол: біржастағы оқушылардың тұрақты құрамы мен дайындық деңгейлері; кластың бірыңғай жылдық оқу жоспары мен бағдарламасымен жұмыс істеу; сабақ оқудың негізгі бірлігі; әрбір сабақ бір оқу пәніне, тақырыпқа арналған, себебі класс оқушылары ортақ бір материалмен жұмыс істейді; сабақтардың үнемі тұрақты алмасуы кесте (расписание), мұғалімнің басқарушылық ролі және с.с.

Сонымен, оқушы, оқу күні, сабақтар кестесі, оқу каникулдары, үзілістер – бұл класс сабақ жүйесінің белгілері.

Дәстүрлі оқыту технологияларының концептуалдық негізін Я.А. Коменский жасаған педагогика принциптері: ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, беріктілік, белсенділік, сапалылық, көрнекілік, теорияның практикамен байланыстылығы, жас аралық пен өзіндік ерекшеліктерді ескеру.

Оқыту деп ересек үлкен ұрпақтардан емес өсіп келе жатқан ұрпақтарға білім, білік және дағдыларды, әлеуметтік тәжірибені алып беруін айтамыз. Бұл тұтас процестің құрамына мақсат, мазмұн, әдістер мен құралдар кіреді.

Оқытудың мақсаттары бірқатар жағдайларға байланысты тиісті бір құрамдас бөліктен кіргізетін ойнақы өзгерткіш категория болады. Мақсаттың ерекшелігіне сай дәстүрлі оқыту дегеніміз тұлғаны белгіленген қасиеттермен, тәрбиелеу болып табылады. Мақсаттың мазмұнына байланысты дәстүрлі оқыту тұлғаны дамытуға (жан – жақты дамыту тек қана мәлімдеме ғана) емес көбіне білім, білік және дағдыларды меңгеруге бағытталған. Қазіргі кездегі жалпы мектепте мақсат біршама өзгерген, айталық идеологияландыру шығарылып тасталған, жан – жақты үндестірілген даму ұраны алып тасталған, адамгершілік тәрбиесінің құрамы да өзгерістерге ұшыраған, бірақ мақсатты жоспарланған қасиеттер, сапалар (оқыту стандарттары) жиынтығы ретінде қарастыру парадигмасы бұрынғы сияқты қалып отыр.

Білім берудің дәстүрлі т‰рі жалпы мектептің мазмұны бұрынғы кеңес үкіметі жылдарында қалыптасқан, ол елді индустриазациялау міндеттері мен дамыған капиталистік елдердің техникалық деңгейіне қиыншылықпен, жалпы ғылыми–техникалық прогрестің ролімен және ол осы күнге шейін технократиялылығымен анықталады.

Дәстүрлі технология ең алдымен авторитарлық педагогиканың талаптарына сай оқушының ішкі өмірімен байланыспайтын, өте нашар білім болып табылады, ал ол әртүрлі сауалдар мен мұқтаждардан тұрады, онда тұлғаның өзіне тән қабілеттерін көрсету үшін жағдайлары мен творчестволық көріністері болмайды. Оқыту процесінің авторитарлығы іс–әрекетті реглантациялаудан көрінеді: оқуды атқару тәртібінің ықтиярсыз істелінетіндігі (“мектеп талаптарды даралайды”); бақылауды бір орталықтандыру; орташа оқытушға бағыттанушылық (“мектеп талаптарды өшіруде”). Онда оқушы позициясы ықпал етуге оқыту объектісіне бағынған, оқушы “тиісті” оқушы әлі толықанды. Тұлға емес, рухсыз “винт” ретінде көрінеді. Ал мұғалімнің позициясы – ол командир, жалғыз инициативті адам, төрешісі (“әрқашанда ол дұрыс айтады”) жас үлкен адам (ата–ана) оқытады; пәнмен балаға, “жазалаушы оқ” стилі.

Білімді меңгеру әдістері дайын білімдерді хабарлауға негізделеді. Оқыту белгілі бір үлгілермен, (индуктивтік логикамен жеке даралықтан жалпылыққа механикалық есте сақтауға, көзбен көргенді мазмұнын айқын беру, репродуктивтік еске түсіру, елестеу.) ж‰ргізіледі.

Дәстүрлі оқыту технологияларының әдістерін екі келесі топтарға жатқызуға болады:


  1. Иллюстративті–түсіндіру әдістері (лекция, баяндау, әңгімелесу, тәжірибелерді көрсету, еңбек опера–циялары, экскурсиялар және т.б) мұғалім түсіндіреді және оқу материалын көрнекті түрде көрсетеді.

  2. Репродуктивтік әдіс: мұғалім білімді, іс–әрекет тәсілдерін, тапсырмаларды шешуді тәжірибелерді елестету үшін тапсырмалар құрастырады; оқып үйренуші оқу материалдарын белсенді еске түсіреді. (сұрақтарға жауап береді, есептер шығарады және с.с.), сонымен “білім көшірмелерін қалыптастырады”.

Сонымен дәстүрлі оқыту технологиясының артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады: ерекшеліктердің жүйелілігі; оқу материалын логикалық дұрыс бере білу, ұйымдастырудың анықтылығы; мұғалім тұлғасының оқушыларға єдістері, тұрақты әсерлі эмоция сезімдік ықпал, жалпы оқу барысында қаржыны орынды жұмсау. Бұл технологияның нашар жақтары мыналар: біркелкілік, табандық құрылым, сабақ уақытын тиімсіз бөліп тарату, оқушылардың бір–бірімен қатынастардан изоляциялау, оқшаулау, оқушыларда дербестіктің болмауы, енжарлық немесе көзбоярлықтағы белсенділік); оқушылардың сөз іс–әрекетінің нашарлығы; оқушыларға орташа өшеммен қарау, индивидуальді оқытудың таза болмауы, нашар қайта байланыс. Бұндай сабақтарда материялдан тек қана хабардар болу қамтамасыз етіледі, ал ең жоғарғы деңгейге жету үй тапсырмасын орындауға қолданылады.

Сабақ негізгі форма ретінде оқыту–тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың басқа формаларымен толықтырылуы мүмкін. Олардың бір бөліктері сабақты параллелді дамытады; яғни класс–сабақ жүйесі шеңберінде (экскурциялар, консультациялар, үй жұмысы, оқу конференциялары, қосымша сабақтар.) Жоғары оқу орындарында қолданылатын лекция–семинар жүйесінен алынып пайланған. Олар оқушылардың жас ерекшелігін ескеруге бейімделген (лекциялар, семинарлар, практикумдар, зачеттар, экзамендер). Мысалы, лекция–семинар–зачет оқу жүйесінде (формасында) алдымен класқа оқу материалы лекциялық әдіспен беріледі, содан соң семинар, практикалық және лабораториялық сабақтарда талқыланады (меңгеріледі, қолданылады) және меңгеру нәтижесі зачеттік формада тексеріледі.



Кейбір жаңа педагогикалық технологиялар.

ХХ ғасырдың 80–шы жылдары Россияда жаңашыл–мұғалімдер топтары қалыптасады, олардың әрқайсысыныњ баланы оқыту, тәрбиелеу және дамытуда өзіндік жаңалықтары болады, олар ең жоғарғы нәтижелер береді. Сонымен бірге олардың жалпы ортақ белгілері болды. Мектеп оқушысының оқу жұмысы тәсілдерін жеңілдету және жандандыру, танымдық іс–әрекетті (сүйеніш схемалар, сигналдар) үлкен блоктар арқылы материялдарды оқу және т.б. аса айрықша көрсететін жаңашыл педагогтардың мұғалімдер позициясын, бағытын авторитарлықтан демократиялыққа, гумандыққа ауыстырға деген ұмытушылықты айтуға болады, бұл жаңа педагогикалық ынтымақтастық деген бағытқа орын береді.

Барлық осы технологиялардың көрнекті өкілдері ішінен Ш.А.Амонашвилиді–бастауыш класс оқушыларын эксперименталды оқытушы деп жаңашалап атау керек. Ш.А.Амоношвили өзінің эксперименталдық мектебіндегі ынтымақтастық педагогикасын, жеке тұлғалық бабын табу бағыты, тішл мен математиканы, есепті оқытудың бір реттілік әдістемесін, педагогикалық іс–әрекетінің қорытындысын, өзінің тракты “О начальной ступени образования, построенного на принципах гуманноличностной педагогики” деген еңбегінде баяндаған.

Академик М.П.Иванов–коммунарлық тәрбие әдістемесінің, коллективтік істің әдістемесінің авторы қазіргі жағдайда А.С.Маренконың идеясын дамыта түседі. Жаңашыл–педагогтың тәжірибесіндегі басты әдістемелік коллективтік еңбек ісінің ерекшелігі–ол тұлғаның субъктивтік позициясы.

Санк–Петербургтағы №84 мектептің әдебиет пәнінің мұғалімі Е.Н.Ильин әдебиет сабағын өнер және адамгершілік–этикалық курс ретінде берудің жүргізудің біргейлі соны концепциясын жасады, ол әрбір оқушыға адам болып қалыптасуына көмектесті. Ұстаз мақсатты басшылыққа ала отырып, жас өспірімге өз күшін тексеруге, оның өзіндегі ең жақсы тұлғалық қасиеттерін айтуға, гуманизмнен адамзаттық биіктеріне әкелуге көмектеседі. Е.Н.Ильиннің әдебиет сабақтары–ол жай жұмыс емес, кестедегі сағат емес.

СССР Халық мұғалімі В.Ф.Шаталов дәстүрлі класс–сабақ тәсілімен оқытудың әліде болса ашылмай жатқан орасан зор қорын көрсетіп, оқытуды интенсифтендірудің технологиясын жасап практикаға кіргізеді.

В.Ф.Шаталовтың әдістемелік жүйесі әрбір оқушыны оқу іс–әрекетіндегі белсенділікке қатыстыруға , дербес ерікті танымдықты тәрбиелеуге, әрбір жеке оқушыда өзінің адамгершілігін, сезімін өзінің күштері мен қабілеттеріне сенімділік нығайта түсуге мүмкіндік береді.

Жаңашыл–педагог И.П.Волков творчестволықты дамытатын оқытудың технологиясын жасап жүзеге асырады, осыған сай тұлғаның творчестволық қабілеттері баланың оқудан тыс іс–әрекетін еркін таңдап алу негізінде бірізді қалыптасады.

Қ.О.Бітібаева (Усть–Каменгорск ) практика жүзінде ынтымақтастық педагогиканы жүзеге асырады. Ол үшін ынтымақтастық педагогикасы ол адамгершілік педагогикасы. Оның көптеген оқушылары өздерінің ұстазының ізін басып отыр. Олар әдебиетіз, Қ.О.Бітібаеваның ойлауынша, даналық сабағын аттап өте алмайды.

Қазіргі білім беру технологиялары санатындағы дамытатын, жетілдіретін оқу технологияларын көрсеткен жөн. (Д.Б Эльконин –В.В. Давыдов,Л.В.Занков, Г.С. Альтшуллер және т.б.) Дамытатын оқыту белсенді іс–әрекеттенген оқыту типі. Дамытатын оқыту дамудың заңдылықтарын ескеріп қолданады, индивид деңгейі мен ерекшелігіне бейімделеді, тұлғаның мұралық нышандарының дамуына дем береді, бағыттайды және тездетеді, баланы толық құнды іс–әрекеттің субьектісі ретінде бағалайды.

Жаңашыл педагог Н.А.Зайцев сауаттылыққа ерте оқыту және интенсивті оқыту технологиясының авторы болады, бұл технология өте жоғары нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін сауаттылыққа оқытудағы принципиалды жаңа бағытқа негізделген.Н.А.Зайцевтің технологиясының мәні сонда, ол оқу процесін бала дамуының табиғаттың негізіне сүйене отырып, қатынас және іс–әрекет арқылы, болатын танымдық күшін жан –жақты үдетуге арқылы жасайды.

“Преемственность ” бағдарламасының авторы В.Н. Зайцев бастауыш мектептегі жалпы оқу біліктерін дамыту технологиясын негіздеді. Бұл технологияның негізінде –дигностика және өзін–өзі диагностикалау, сабақтастық, білім дамуында жеткен денгейді тұрақты қолдау жатыр.

Қазіргі замандағы білім беру технологиялары компьютерлік оқыту (жаңа информатиктік ) технологиясы жатады.

Компьютерлік оқыту формаларын қолданатын қазіргі деңгейдегі дамыған телекоммуникациялар, дистанциондық технологиялар, информациялық технологиялар алдағы жүзжылдықта оқыту процесінің даму негізін құрайды.

Дистанционалдық білім беру жүйесі университеттердің ғылыми және білім беру мүмкіншіліктерін нағыз үлкен оқушы аудиториясы үшін толық қолдануға жинаған тәжірибесін информациялық оқыту технологияларды жүзеге асырумен қолдану үшін толқ мүмкіндік береді.

Дистанционалдық білім беру (Д.Б.б) үздіксіз білім беру жүйесінің бір формасы болады, ол әртүрлі оқушылар категорияларына бірдей мүмкіншілік беруге жағдай жасайды.

Біздің республикамызда 1998 жылдан бастап иесі аталған мектептер кеңінен Қазақ ССР Халыққа білім беру министрлігі бекіткен “Республикалық иесі аталған мектептердің ережелері ” негізінде ашылды. Олар СССР халық мұғалімі, қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Айтқалиев, Құсайын Айтқалиұлының мектебі; Бучина Валентина Людвиговичтің өнермектебі, биология пәнінің мұғалімі Очкур Елена Афанасьевнаның мектебі, бастауыш классатрының мұғалімі Мор Галина Яковлевнаның мектебі; Қазақ ССР еңбек сіңірген мұғалімі, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Фокин Юрий Павловичтің мектебі Республикалық иесі аталған мектептердің мақсаты тұлғаның өзін –өзі көрсетуге ең жақсы режим жасау, оқытудың бірегейлі және тиімді “технологиясын” іздеуге қолдану жасау болады.


Каталог: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет