Лекция: 45 сағ. Практикалық (семинар) сабақ: 15 сағ. СӨЖ: 60 сағ. Обс¤Ж: 60 саѓ. Барлық сағат: 180 сағ



жүктеу 3.86 Mb.
бет11/22
Дата28.04.2016
өлшемі3.86 Mb.
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22

Дамыта оқыту технологиясы



1.Л.В. Занков жүйесі

2. Дәстүрлі оқыту мен дамыта оқыту жүйесін салыстыру.

Дамыта оқытудың Л.В. Занков жасаған жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталып өтелік. Бұл жүйе дәстүрлі оқытудан төмендегі ерекшеліктермен, өзгешеліктермен айқындалады:



  • оқыту мазмұнындағы өзгешеліктер;

  • мақсаттағы айырмашылықтар;

  • дидактикалық принциптердегі өзгешеліктер;

  • әдіс – тәсілдердегі ерекшеліктер;

  • оқытуды өзгеше ұйымдастыру;

  • мұғалім еңбегінің нәтижелілігін анықтаудың жаңа көрсеткіштері;

Л.В. Занков жүйесіне сәйкес бастауыш мектептің негізгі мақсаты - баланы жалпы дамыту. Ал жалпы даму деп байқампаздығын, ойлауын дамыту және практикалық іс – әрекетті меңгеруі қабылданады. Сондай – ақ ақыл, ерік – жігері, сезімдерінің дамуы алынады.

Осы тұста мұндай көзқарасты ұлы Абай да уағыздап кеткендігіне тоқталған жөн. Қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, Абай ақыл мен сана еңбек барысында қалыптасатындығын айтады. Ол адамның ішкі сезімді қуаттарын біртұтас етіп алады. Оның он жетінші сөзіндегі қайрат, ақыл жүректің сөз таластыруына тек бірлесіп ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын үш түрлі жан құбылысын әдеби – публицистикалық тұрғыдан көрсеткенін байқаймыз. Бұдан бұл мәселенің ұлттық психологиямыз бен философиямызда да ежелден көтеріліп келе жатқандығын көруге болады.

Мазмұндағы өзгерістер оқу жоспарын тарих, география сияқты пәндердің енуімен қамтамасыз етеді. Ал дәстүрлі пәндердегі сабақ материалдары пропедевтикалық бағытта тереңдей ұсынылады. Бұл жүйе бойынша “негізгі, қосымша” пәндер деген ұғым жоқ. Әр пән баланың жаңа қырларын ашып, оны дамытуға өзінше үлес қосады деп табылады. Және олар бір – бірімен тығыз байланыса отырып, қоршаған дүниені тұтас күйінде қабылдауға әсер етеді деп саналады.

Л.В. Занков жүйесі дәстүрлі оқыту жүйесінен басқаша дидактикалық принциптерге негізделеді. Енді ерекше тоқталуды қажет ететін кейбір принциптердің мәнін аша кетейік.



Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің саластырмалы сипаттамасы

Педагогикалық процесінің компоненттері

Мазмұнындағы басымдылық


Дәстүрлі

иллюстрациялық –түсіндірме әдісі

Дамыта оқыту


Мақсат

Оқушыларда білім, білік, дағды қалыптастыру

Байқампаздығын, ойлауын, практикалық әрекеттін дамыту

Бастапқы мазмұн

Факторлар, мысалдар, тақырыптар, дәлелдер

Заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдары, ережелерді қорыту

Оқытудың формалары

Жеке, топтық, фронтальді

Бірлескен ұжымдық іс – әрекет

Оқыту әдістері

Ауызша түсіндіру, көрнекілік, практикалық

Проблемалық баяндау, ізденушілік, зерттеушілік

Бақылау, бағалау

Оқытудың нәтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы

Өзін – өзі бақылау, өзін – өзі бағалау, рефлексия



23 – тақырып.

МЕКТЕПТАНУ

ХАЛЫҚҚА БІЛІМ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖҮЙЕСІ.




Қарастырылатын мәселелер:

    1. Мектеп жасына дейінгі тәрбие.

    2. Жалпы орта білім.

    3. Мектептен тыс тәрбие мен оқу.

    4. Кәсіптік – техникалық білім, орта арнаулы білім, жоғары білім.

Бұл мәселе жөнінде ҚР – ң Заңында толық түсініктеме берілген. Бірақ халыққа білім және тәрбие беру мекемелерінің желісін және мазмұнын қысқаша баяндау қажет сияқты.

Білім беру жүйесі мынадай құрылымнан тұрады:

Отбасындағы тәрбие. Отбасы және адамның жан – жақты және үйлесімді дамуына жатады. Балалардың отбасында тәрбиеленуі білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмыстарымен ұштасады.

Жергілікті білім беру органдары мен мекемелер, ғылыми – зерттеу институттары, қоғамдық бірлестіктер, еңбек ұжымдары бірге отырып, оқыту мен тәрбие жұмысын жақсартуда ата – аналарға, оларды алмастаратын адамдарға отбасы мен тәрбиесі жайында көмек көрсетеді, жағдайлар жасайды.



Мектеп жасына дейінгі тәрбие. Мектеп жасына дейінгі тәрбие балалар мекемелерінде жүзеге асырылады. Мұнда балалар 3 жастан 6 жасқа дейін тәрбиеленеді.

Мектеп жасына дейінгі балаларды отбасынеда тәрбиелеуге үкімет көмектеседі. Ол үшін ата – аналарға өтем төлемдері беріледі.



Жалпы орта білім. Жалпы білім беретін орта мектептің мақсаты– әр жақты дамыған, адамгершілігі мол, жеке өзінің және қоғамдық мүдделердлі ұштастыра білетін, халық мәдениетін жетілдіру ісінде өз ұлты мен жалпы адамзат қазынасын тиімді пайдалана алатын, зиялылыққа тән қасиеттерді бойына сіңіре алатын адамды тәрбиелейді.

Жалпы білім беретін орта мектептің құрылымы баланың ер жетуіндегі жас ерекшелігің үш кезеңіне (балалық шақ, жеткіншектік шақ, жасөспірімдік шақ) сәйкес орт мектеп үш сатыдан тұрады:



  1. Бірінші саты – бастауыш мектеп (І – IV сыныптар)

  2. Екінші саты – негізгі мектеп (І – IX сыныптар)

  3. Үшінші саты – жалпы білім беретін орта мектеп (І – ХІ сыныптар)

Мектептен тыс тәрбие мен оқыту. Балалардың қабілеттілігі мен бейімділігін дамыту, қоғамдық белсенділігін арттыру, еңбекке, кәсіби бағдар беруге, ғылыми техникаға, өнерге, әдебиетке, спортқа, ұлтттық дәстүрлерге құштарлығын тәрбиелеу, олардың мәдени демалысын, бос уақытын, дұрыс ұйымдастыру мақсатында осы жұмыстардың бәрін мектептен тыс білім және тәрбие беру мекемелері ұйымдастырады.

Кәсіптік – техникалық білім. Халық шаруашылығының барлық салары үшін қажетті маман жұмысшы кадрларды дайындау мәселесі кәсіптік - техникалық училищелерде жүзеге асырылады. Бұлар кәсіптік және жалпы білім беретін оқу мекемелері.

Орта арнаулы білім. ҚР – ң азаматтары орта арнаулы оқу орындары арқылы кәсіптік білім алады. Негізгі сатыны бітірген оқушылар кәсіптік білім мен бірге толық орта білім алып шығады. Орта арнаулы оқу мекемелеріне әртүрлі колледждер, педагогикалық, медициналық, әскери т.б. училищелер жатады.

Жоғары білім. Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университеттерде, институттарда, академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында білім алады.

Арнаулы білім мекемелері. Бұлардың бірнеше түрлері бар.

Жетім балалар, ата – аналарыныан қорғансыз қалған балалар жалпы білім беретін мектеп – интернаттарында, балалар үйлерінде тәрбие мен білім алады.

Ақыл– ойында кекмістігі бар және уақытқа емделуді қажет ететін балалар үшін арнаулы мекемелер ұйымдастырылады.

Жоғары оқу орынан кейінгі білім. Республика азаматтарға аспирантураларда, доктарантураларда оқып ғылымдар кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен профессор атақтарын алуға мүмкіндік береді, ғылыми кадорларға деген қажеттігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Кадрлардың бірлестігін арттыру және оларды қайта даярлау. Жұмысшылар мен мамандардың, басты қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау арнайы білім беру мекемелерінде, кәсіпорындарында , ғылым мен оқу орталықтарында ұйымдастырылады.

Қосымша білім беру үшін дене шынықтыру–сауықтыру, техникалық, мәдениеттану, тіл және басқа бағыттағы мекемелер жүйесі құрылады. Оларды Білім министрлігі және жергілікті үкімет басқару орындары бекітеді.

Сонымен білім мен тәрбие беру – бұл Республика азаматтарының құзретін және адамгершілік, интеллектуалды, мәдени дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз тұтас педагогикалық процесс.



Білім жүйесінде халықаралық байланыстың маңызы.

Дүние жүзілік білім кеңестігіне кіру және халақаралық байланыс елімізде білім жүйесін жасауға мүмкіндік туғызады. Осындай мүмкіндіктерді еске ала отырып, отандық білім жүйесін дүние жүзілік білім деңгейіне жеткізу ең басты мәселелердің бірі.

Қазақстан Республикасының білім туралы Заңы бойынша Қазақстан азаматтары (оқушылар, студенттер, аспиранттар) шет мемлекеттердің оқу мекемелерінде оқуға қақылы. Бұл мәселе мемлекет аралық келісімге сәйкес жүзеге асырылады. Жыл сайын орта және жоғары оқу орындарын бітірген дарынды жастарды шет мемлекеттердегі жоғарғы оқу орындарына, аспирантураға жіберуді әдетке айналдыру қажет.

Қазақстан Республикасында тұратын шет мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар республикамыздың азаматтарымен тең дәрежелі білім алуға, қызымет істеулеріне қақылы. Ал шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмайтын азаматтарды халықаралық келісім бойынша білім алуға, жұмыс істеулеріне мүмкіндік алады.

Қазақстан Республикасының білім беру мекемелері шет елдік мекемелермен және ұйымдармен тікелей байланысты дамытып жетілдіреді, рухани тілік білдіреді. Олардың өзара қарым–қатынастары және ынтымақтастығы, достық байланыстары дамиды.

Елімізде білім жүйесін дүние жүзілік үлгіге сәйкес жетілдіру зерттеуді қажет ететін келелі мәселелерге байланысты. Сондықтан Білім министрлігі, Ұлттық Ғылым академиясы, ірі университтетер және институттар мен бірлесіп, Қазақстанда ұлттық білімнің стратегиясы мен тактикасын және интеграцияның нақты саясаты мен принциптерін жасайды.




24– тақырып
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ МЕН НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ

Қарастырылатын мәселелер:

  1. Білім жүйесін басқарудың қоғамдық–мемлекеттік басқару және мектепшілік менеджмент.

  2. Мемлекеттік басқарудың негізгі белгілері.

Педагогика ғылым мен тәжірибеде тұтас педагогикалық процесті басқару ғылыми тұрғыдан қарастырып, оған қатаң ғылыми негізделген сипат беруге деген ұмтылыс күшейе түсуде. Шындығында басқару тек техникалық және өндірістік процестерге ғана емес, сонымен бірге педагогика сияқты күрделі әлеуметтік жүйе үшін де қажет.

Жалпы басқару дегенді–шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытындысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Басқару нысаны биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін. Әлеуметтік жүйенің бірі ауыл, аудан, облыс, мемлекет көлемін қамтитын білім беру жүйесі деп білеміз. Бұл жерде білім жүйесі ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері, аудандық білім бөлімдерін атаймыз. Ал орта мектеп күрделі қозғалыстағы әлеуметтік жүйе ретіндегі мектепішілік басқарудың нысаны болады. Біз мектепті басқару немесе оның компоненттері туралы айтқанда олардың жалпы жүйе – орта мектепті басқарудың бөліктері ретінде қарастырамыз. Ол бөліктерге тұтас педагогикалық, сынып сабақ жүйесі, мектеп тәрбие жұмысының жүйесі, оқушыларға эстетикалық тәрбие, кәсіптік бағдар беру жүйесі және т.б.

Мектепшілік басқару дегеніміз біртұтас педагогикалық процеске қатыстылардың барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі. Біртұтас педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеті мынадай бірізді, өзара байланысты әрекеттер мен қызметтердің тізбегінен тұрады, олар: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзету.

Мектепшілік басқарудың дәстүрлі ұғымдарын жаңа ұғымдар алмастыруда. Мысалы, “ыќпал ету” ұғымының орнына “өзара әрекеттесу”, “ынтымақтасу”, рефлексивті басқару” ұғымдары қолданылады.

Сол сияқты мектепті басқару теориясы, мектепшілік менеджмент теориясы басшы қызметінің өзара құрметке, қарамағындағы қызметкерлерге сенім білдіруді, олардың табысты еңбек етуіне қолайлы жағдай туғызуымен ерекшеленеді. Менеджменттің осы қыры мектепшілік басқару теориясын одан ары байыта түскен.
2. Мемлекеттік басқарудың негізгі белгілері.

Қазіргі заманның білім жүйесінің басты ерекшеліктерінің бірі–мемлекеттік басқарудан мемлекеттік–қоғамдық басқаруға өту. Білім беруді мемлекеттік–қоғамдық басқарудың негізгі идеясы –білім проблемаларын шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күш–қуатын біріктіру, мұғалімдер, оқушылар мен ата–аналарға оқу процесінің мазмұны мен түрін ұйымдастыру әдістерін және білім беру мекемелерін таңдауға барынша кең құқық пен еркіндік беру.

Білім беру жүйесінің мемлекеттік сипаты елде “Білім туралы” заң негізінде бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізілуімен ерекшеленеді. Заң аясында Қазақстан Республикасының білім саласына басымдық берілген, яғни еліміздің әлеуметтік–экономикалық, саяси, халықаралық салаларындағы жетістіктері білім саласындағы жетістіктерімен байланыстырылады. Білім саласының басымдылығы білім жүйесінің материалдық, қаржылық мәселелерін бірінші кезекте шешуді талап етеді.

Сонымен бірге білім беруді басқарудың мемлекеттік сипаты “Білім туралы” заңда белгіленген мемлекеттік саясат принциптерін мынадай бағыттарымен де айқындайды:

– білім берудің гуманистік сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығын, жеке тұлға бостандығының басымдылығы. Азаматтық пен Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

– республикадағы мәдени және білім беру кеңістігінің біртұтастығы, аз ұлттардың білім беру жүйесінің дайындығы, даму деңгейі мен ерекшеліктеріне бейімделгіштігі;

– білім жүйесінің еркіндігі мен көптүрлілігі;

– білім беруді басқарудың демократиялық, мемлекеттік қоғамдық сипаты. Білім беру мекемелерінің дербестігі.

Білім беруді басқарудың жергілікті органдары мемлекеттік саясатын мемлекеттік білім стандарттарын сақтау арқылы іске асырады. Білім стандарты оқу бағдарламасының міндеті минимумы мен оқушылар жүктемесінің максимум көлемін және бітірушілерге қойылатын талап деңгейін қамтиды. Білім беруді басқару органдарың міндеті білім алуды формальді түрде қамтамасыз етумен шектелмейді, ол сонымен бірге жеке тұлғаның өзін–өзі айқындалуына қолайлы жағдай туғызады.

Білім беру саласында мемлекеттік саясат дәйекті іске асыру үшін білім беруді басқарудың мемлекеттік органдары құрылады. Олар республикалық, облыстық, қалалық және аудандық басқару мекемелері.

Мемлекеттік басқару оргондары–білім және ғылым министрлігі ,облыстық білім департаменттері өздерінің компетенциясы шеңберінде білім берудіњ мақсат бағдарламаларын жасайды және іске асырады; мемлекеттік білім стандарттарын жасап, білім туралы құжаттардың баламаларын айқындайды; білім мекемелерін қаржыландырады және т.б. көптеген мәселелерді шешеді.

Қазіргі жағдайда білім беруді басқару жүйесін орталықсыздандыру процесі жүреді. Оның мәні жоғарғы басқару органдарының бірқатар функциясын жергілікті оргондарға беру. Бұл жерде республикалық органдар стратегиялық бағыттырды талдап жасаумен айналысса , жергілікті оргондар нақты қаржылық, кадрлық, материалдық және ұйымдастырушылық мәселелермен айналысуы тиіс.


Қоғамдық басқарудың негізгі белгілері

Мемлекеттік бсқару органдары мен қатар қоғамдық басқару органдары да құрылады.

Оның құрамына мұғалімдер мен оқушылар ұжымы, ата– аналар, жұртшылық өкілдері енеді. Олардың басқаруға қатысатындары мектеп ұжымында ғылыми ізденіс атмосферасын және қолайлы психологиялық климат қалыптастыруға алғы шарт қалайды. Білім беруді басқарудың қоғамдық сипатының нақты көрінісі– мектеп кеңесі сияқты ұжымдық басқару органдарының қызметінен танылады. Кеңес жұмысының мазмұны мен қызметі мемлекеттік нормативтік құжаттарымен айқындалады.

Мектептің ең жоғарғы басқару органы жылда бір рет өткізілетін конференция болып есептеледі Оның өкілеттігі өте кең; жалпымектептік конференция мектеп кеңесін , оның төрағасын сайлайды, олардың қызметінің мерзімін белгілейді. Әрбір оқу орны конференцияда оқу орнының жарғысын қабылдап, нақты жағдйға қарай оқу орнының дамуын, оның міндеттері мен мақсаттарын белгілейді.Сондықтан да бір мектептің Жарғысы екінші мектептікінен өзгеше болуы мүмкін. Мектеп кеңесі алқалы орган болғандықтан дамудың негізгі бағыттарын, оқу– тәрбие процесінің сапасын көтеру шараларын белгілейді. Сонымен бірге мектеп кеңесі оқу орнының жұмыс бағыттары бойынша тұрақты комиссия ,штаб құрып, олардың құқықтары мен міндеттерін өкілеттік шегін белгілейді. Ал, конференцияға шешуші дауыспен орталау және жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер, оқу орнының басқа да қызметкерлері, ата–аналар жұртшылық өкілдері сайланады. Конференциялар аралығында жоғарғы басты органнның рөлі мектеп кеңесіне беріледі.

Мектеп кеңесінің қызметі мынандай негізгі бағыттарда іске асады:


      • конференция шешімдерін іске асыруды ұйымдастырады ;

      • мемлекеттік және қоғамдық органда оқушылардың мүддесіне қатысты мәселе қарастырғанда ата – аналармен бірге оқушылардың әлеуметік қорғалуын қамтамасыз етеді;

      • бірінші сыныпқа оқушылар ќабылдағанда олардың жасын, оқу түрін белгілейді.

      • бюджет шығындарын есебін талқылайды, оқу орнының жеке ќорын қалыптастырады, оқу орнның бюджеттік және бюджеттен тыс қаржысының жұмсауының негізгі бағыттарын айқындайды;

      • мектеп директорының, оның орын басарларының, жекелеген мұғалімдерді есептерін тыңдайды;

      • Мектеп әкімшілігі және жұртшылық өкілдерімен бірігіп ата–аналарға педгогикалық білім беруге жағдай туғызады. Жұртшылық немесе ата–аналар өкілдерінің бірі басқаратын мектеп кеңесі мектеп әкімшілігі және қоѓамдық ұйымдармен тығыз бірлікте жұмыс жүргізеді.Кеңестің шешімі ата–аналарға хабарланады. Әрине, кеңес шешімі оған қатысқандардың үштен екісі қоштап дауыс бергенде заңдық күші бар деп есептеледі.

Білім беруді басқарудың қоғамдық сипатының арта түсуі білім жүйесін мемлекетсіздендіру және білім мекемелерін диверсификациялаудан көрінеді.

Мемлекетсіздендірудің мәні мемлекеттік білім беру жүйесімен бірге мемлекеттік емес білім мекемелерінің де құрылуын аңғартады. Олар мелекеттік ақпарат құралына енбейді, мұғалімдер мен тәрбиешілер,оқушылар мен ата–аналар өздерінің жеке мүдделері , аймақтық, ұлттық,кәсіптік, діни бірлестіктің, топтың мүддесіне жұмыс жасайды. Ал диверсификация (латын тілінен алғанда–көптүрлілік, дамудың жан–жақтылығы) бір мезгілде білім беру мекемелерінің бірнеше типінің қатар дамуы. Мысалы, гимназия, лицей, колледж, жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын, мемлекеттік емес білім беру мекемесінің бір қатар ерекшеліктері болады. Ондай мекемені басқару тікелей оның құрылтайшысы немесе сол құрылтайшы тағайындаған қамқоршылар кеңесі іске асырылады. Мемлекеттік емес білім мекемелерінің қамқоршылар кңесінің өкілеттілігі, басқару құрылымы, мекеменің бсшысын сайлау, тағайындау тәртібін айқындайтын өз жарғысы болады.



Педагогикалық жүйені басқарудың жалпы қағидалары

Кез келген әрекет, соның ішінде басқару әрекеті де ұйымдастырушы мен басшылық жасаудың барлық функцияларын іске асыруда басшылыққа алатын бір қатар қағидаларды сақтауға негізделеді. Ол қағидалар мақсат қою және жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылау және т.б. топтастырылады. Ал басқару қағидалары басқару заңдылығының бейнелеу және нақты іске асуын танытады. Мектепшілік менеджменттің негізгі заңдылығы талдағыштық, мақсатқа сәйкестік, ізгілік, басқарудағы демократиялық және мектеп түрлі басқару ќызметіне дейін болуы сияқты компоненттерді қамтиды. Осы заңдылықтардан мектеп диреторының, менеджердің оқу жүйесін басқарудағы басшылыққа алатын негізгі қағидалары туындайды. Сонымен негізгі қағидаларға мыналар жатады: педагогикалық жүйені демократизациялау және ізгілеу ; орталықтандыру және орталықсыздандырудың парасатты үйлесімі ; жеке билік пен алқалы биліктің бірлігі ; педагогикалық жүйені басқару ақпараттарының объективтілігі және толықтылығы.



25 – тақырып
МЕКТЕП ЖҰМЫСЫН ЖОСПАРЛАУ
Қарастырылатын мәселелер:

  1. Мектептің жылдық жұмыс жоспарның мазмұны.

  2. Мектептің жылдық жұмыс жоспарының сыртқы көрінісі.

Мектептің жылдық жұмыс жоспарының мазмұны.

Мектеп жоспары мазмұнының некгізгі бөлігін мектепте жүргізуге тиіс шаралар құрастырады. Бұл шараларды бірнеше тарауларға бөледі. Тараулардың бірі ұжымның міндетті жалпы орта білімді жүзеге асыру бойынша іс – әрекетіне арналған. Онда мектеп маңайында тұратын мектеп жасына жеткен балаларды толық тіркеу шаралары қолданады.

Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мақсатында мектепте өз – өзіне қызмет жасау, қоғамдық – пайдалы еңбек жұмыстары, жағдайлар болған кезде оқушылардың шамасына сай өндірістік еңбегі бойынша жұмыстар қарастырылады. Жоспарларда мектептегі еңбек мейрамдары мен басқада шаралар (көрмелер, байқаулар, жарыстар) да қарастырылады, техникалық үйірмелер мен секциялар жұмысы ұйымдастырылады. Мұнда оқушаларға экономикалық тәрбие беру бойынша, іскерлік қасиеті мен қазіргі заман адамының басқа да жеке қасиеттері қалыптастыру бойынша шаралар көретіледі. Оқушларға эжкологиялық тәрбие беру жұмыстары да жоспарланады: тәжірибелік жұмыс, экологиялық аумақ, экологиялық соқпақ құру, жануарлар мен өсімдіктер күтімі, табиғатты сақтау бойынша жұмыс, экологиялық мейрамдар, байқаулар өткізу.

Бұл тарауда жанұя тәрбиесімен байланысты оқушылар ата – анасымен жүргізілетін жұмыс көрініс тапқан мәселелер де бар. Ата – аналармен кездесу өткізу, оларға ақыл – кеңес беруді ұйымдастыру, ата – аналар жиналыстарын өткізу, ата – аналар комитеті жұмысына көмектесу, ата – аналарды мектептегі тәрбие жұмысына араластыру, жанұя тәрбиесінің озат тәжірибесін зерттеу мен қорытындылау жұмыстары қарастырылады.

“Педагогикалық кадрлармен жұмыс” тарауында мұғалімдер мен тәрбиешілердің әдістемелік деңгейін көтеруге бағытталған жұмыстар қарастырылады. Мұғалімдер ұжымы мүшелерінің кәсіби біліктері мен дағдыларын болжау жоспарланады, бұл озат педагогикалық тәжірибені анықтауға, сондай – ақ мұғалімдердің тәрбие мен оқыту әдісінің саласындағы қажеттіліктері мен сұраныстарын анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік кеңес пен әдістемелік бірлестіктер (кафедралар) жұмысының жоспарлары осы тараудың құрамды бөлігі болып табылады.



Мектептік жылдық жоспарының сыртқы көрінісі.

Мектеп жоспарының сыртқы көрінісі түсіндірме мәтін түрінде (жоспардың мәсіндік түрі) болуы мүмкін. Бұл мәтінде жоспардың негізгі бөлігін құрайтын барлық шаралар суреттелінеді. Жоспардың бұл түрі жоспар – графикпен толыќтырылуы мүмкін (жылдық жоспарды жоспар – график түрінде де қарастырылады). Жоспар – графиктің ең қарапайым түрі 3 графадан тұратын кесте түрінде болады, бірінші графа – шаралары тізімі, екінші графа – осы шараларды ұйымдастыру мен өткізуге жауапты адамдар тізімі, үшінші графада осы шараларды өткізу уақыты жазылады.

Жоспар – графиктік басқа түрлерінде, сондай – ақ, мақсат графасы (мақса бағыты), жоспардың осы тарауының орындалу бағытын бақылау графасы, тараудың орындалғаны турлы графа (немесе өткізілген шараның қысқаша талдауы мен бағасы) болады.

26–тақырып
МЕКТЕПТЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР
Қарастырылатын мәселелер


  1. Дербес формалары

  2. Ұжымдық формалары

Дербес формалары:

Тұтас педагогикалық процестің сапасы мұғалімнің жалпы дайындығына, педагогикалық біліміне және әдістемелік шеберлігіне байланысты.

Мектепте мұғалімдер үшін педагогикалық және әдістемелік жұмыстардың дербес және ұжымдық формалары пайдаланылады.

1. Педагогикалық және психологиялық әдебиеттерді, дидактиканы, тәрбие теориясын және пән бойынша әдістемелік, ғылыми педагогикалық әдебиеттерді мұғалім зерттеп оқиды. Ол проблемаларды өз еркімен таңдап алады, өйткені қай пролемалардың өте қажет екендігі оған белгілі.

2. Арнайы тақырыптар бойынша әдістемелік ұсыныстар, әдістемелік оқу құралдарын жасау, оқу–тәрбие жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыруға байланысты өз тәжірибесінен баяндама жазып, ауданда, облыста, республикада өткізілетін ғылыми–практикалық конференцияларға, “Педагогикалық оқулықтарға” белсенді қатысу.

3. Пән бойынша оқулықтар жазу, түрлі сайыстарға қатысу.

Дербес педагогикалық және әдістемелік жұмыстардың ішінде түрлі сайыстар ерекше орын алады. Қазақстан Республикасында жыл сайын “Жыл мұғалімі” сайыстарын өткізу дәстүрге айналды. Сайыстарға қатысушы әрбір мұғалім балаларға білім және тәрбие саласында, өзінің білімін, іскерлегін көрсетуге оқытудың, тәрбиенің теориясы мен практикасына сүйеніп дәлелдеуге тырысады.

Мұханова “Информатик және білім беру” Халықаралық ЮНЕСКО конгресінің мәліметтерінен сәтті компьютерлік бағдарламалардың жоқтығын байқады. Осы жағдайды ескеріп 1990 жылы қыркүйек айынан бастап, өз мектебінде “Информатика негіздері және есептеу техникасы” курсын IX және X сыныптарда және “Бағдарламалау” курсын XI – сыныпта зерттеу үшін эксперимент бастады. Экспериментті ҚУВТ – 86 машиналарымен жабдықталған кабинетте өткізді. Осындай жемісті істің нәтижесінде С. Мұхановтың “Компьютер в школе” “Дань мод. Или необходимость” атты шығармашылық жұмысы пайда болды.

Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – балаларды ақпаратты жөндеуге, есептер шығаруға, адамдармен қарым–қатынас жасауға, қоғамда болып жатқан өзгерістердің мәніне түсінуге үйрету қажет болады.

Мұндай жұмыстар мұғалімнің ғылыми – педагогикалық деңгейін көтереді, шығармашылық шеберлігін арттырады және өз бетімен білім алуының құрамды бөлігі болады.
Педагогикалық және әдістемелік жұмыстардың ұжымдық формалары:


  1. Мектептің педагогикалық кеңесі.

  2. Мектептің әдістемелік кеңесі.

  3. Мұғалімдердің әдістемелік пен бірлестіктері.

  4. Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктері.

  5. Кіші шығармашылық топтар.

  6. Психологиялық–педагогикалық семинарлар.

  7. Практикумдар – семинарлар.

  8. Ғылыми – практикалық конференциялар.

  9. Педагогикалық оқулар.


27– тақырып
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЗАТ ТӘЖІРИБЕ
Қарастырылатын мәселелер:

  1. Педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау

  2. Педагогикалық озат тәжірибені енгізу


1. Педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау

Мектептерде педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің біріне жатады. Педагогикалық тәжірибе – оқыту мен тәрбиенің практикасын жан – жақты зерттеу объектісі, фактілер мен ғылыми мәліметтерді жинақтаудың негізгі көздерінің бірі. Сондықтан педагогикалық озат тәжірибе оқу – тәрбие жұмысын үнемі дамыту мен жетілдіруде үлкен орын алады. Осыған орай, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, өз ісінде шеберлік пен пайдаланудың жолдарын қарастырады.

Мұғалім өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі мұғалімдердің тәрбие жұмыстарымен танысады, сабақтарына қатысады. Олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің қолданып жүрген әдістерімен салстырады, тиісті қорытынды жасайды.

Зерттеу жұмысына байланысты құжаттарды мұғалім бірте – бірте жинастыра береді. Оларға: сабақ жоспары, бағдарлама тақырыптары бойынша жасалатын тақырыптық перспективалық жоспар оқушылардың жазба бақылау жайын және кестелік жұмстарын, дәптерлері, сынып жетекшісінің оқу – тәрбие жұмысының жоспары, түрлі тақырыптарға жазылған оқушылардың баяндамалары жатады. Осы құүжаттардың негізінде мұғалім өз жұмысына талдау жасайды, жүзеге келтіріп жинақтайды. Әрине, мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтап жазып шығуы оп – оңай жұмыс емес. Оған ең кемінде бір немесе екі жылдай мерзім керек.

Зерттеу жұмысы аяқталғаннан кейін оның мектеп мұғалімдерінің ғылыми – практикалық конференцияснда талқылайды, құнды деп тапса, аудандық “Педагогикалық оқуларға” ұсынады. Сөйтіп, мұғалімнің бұл шығармашылық еңбегі бірте – бірте облыстық, Республикалық талқылардан өтіп, көпшіліктің игі ісіне айналады.

Педагогикалық жұмыста зор табыстарға жетіп, өзін – өзі іс жүзінде көрсете білген шебер мұғалімдердің жұмыс жүйесі зерттеп, жинақтау – озат тәжірибенің кеңінен таратудың басты формасына жатады. Бұл жұмысты педагогикалық кеңестің шешімі бойынша әдістемелік пән бірлестігі басқарады. Жоспар бойынша зерттеу жұмысы ең алдымен танысу жіне бақылау этаптарынан өтеді:

1. Іс – тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің өзі мен сабақ беретін сыныптарындағы сынып жетекшілері мен оқушлрдың үлгерімі және тәртібі, олардың қоғамдық жұмысы мен қоғамдық пайдалы еңбекке қатысу және белсенділігі туралы әңгіме жасалады, зерттеуші кейбір мәселелерді анықтайды.

2. Оқу – тәрбие жұмыстарына байланысты соңғы екі - үш жылдардың ішіндегі құжаттар зерттеледі. Олар: сабақ жоспары, тақырыптық, күнтізбелік жоспар, сынып жетекшілерінің тәрбие және үйірме жұмыстарының жоспары, сынып журналы, оқушылардың дәптері, рефераттары, техника және көркем шығармашылық жұмыстары, мұғалімнің әдістемелік және педагогикалық тақырыптарға жасалған баяндамалары, журнал беттерінде жарияланған мақалалары мен басқа еңбектері.

3. Алдын ала тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің сабақтарына кіріп, тәрбие жұмыстарына қатысып бақылау жүргізіледі.

4. Зерттеу жүргізілетін сыныптардағы басқа мұғалімдердің сабақтарына немесе тәрбие жұмысына қатысып, олардың іс – нәтижелері тәжірибесі зертелетін мұғалімнің жұмысымен салыстырылады.

5. Басқа сыныптарда немесе басқа мектептерде осы пән бойынша ұқсас тақырыптарға өткізілетін тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына кіріп, олардың жұмыс нәтижесі, тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің ісімен салыстырады.

Танысу және бақылау жұмыстарын жүргізіп болғаннан кейін тікелей зерттеу басталады. Зерттеу жұмысы өте құнды болса, ғылыми зерттеу институтының жазба пікірі бойынша “Педагогикалық оқуларға”, егер көлемді болса, баспаларда жариялануға ұсынылады.


2. Педагогикалық озат тәжірибені енгізу

Педагогикалық озат тәжірибені практикаға енгізудің кейбір жолдары:

1. Оқыту және тәрбие сласындағы жаңа педагогикадық әдістер, жақсы тәжірибелер жетістіктерін насихаттаудан бастау. Оларды мұғалімдердің кең талқысына салып, ғылыми – әдістемелік ұсыныстар түрінде нақты шешім қабылдау.

2. Педагогикалық озат тәжірибені терең зерттеу және оқу – тәрбие процесіне енгізу үшін, оны педагогикалық еңбектің шеберлеріне (бір – екі бастауыш сынып мұғалімдеріне, бір – екі жоғары сынып пән мұғалімдеріне) тапсыру керек. Олар әдістемелік пән бірлестігі жетекшілерімен бірігіп зерттеу жоспарын жасайды, ол педагогиклық кеңесте бекітіледі.

3. Мектеп дирекциясы әдістемелік кеңеспен бірлесіп зерттеу жұмысына басшылық етеді, талдау жасайды. Әдістемелік ұсынбаларды жинақтайды, оны педагогикалық кеңесте мұғалімдерге хабарлап отырады.

4. Әрбір мұғалімнің зерттеу жұмысы жүргізіліп жатқан сыныптардың оқу – тәрбие жұмысына белсенділікпен қатысуына болады.

5. Озат тәжірибе педагогикалық практикада өз орнын берік алғаннан кейін, оқу – тәрбие процесіне жаңа тәсілдер мен әдістерді енгізу қорытындысын жасау, оны мектеп мұғалімдерінің сонан соң кең түрде педагогикалық жұртшылықтың талдауынан өткізу қажет.

28 – тақырып


: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл


1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет