Лекция: 45 сағ. Практикалық (семинар) сабақ: 15 сағ. СӨЖ: 60 сағ. Обс¤Ж: 60 саѓ. Барлық сағат: 180 сағ


К.А. ГЕЛЬВЕЦИЙ, Д. ДИДРО, И. ГЕРБАРТТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ



жүктеу 3.86 Mb.
бет13/22
Дата28.04.2016
өлшемі3.86 Mb.
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22

К.А. ГЕЛЬВЕЦИЙ, Д. ДИДРО, И. ГЕРБАРТТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ.



Қарастырылатын мәселелер:

  1. XVIII - ғасырдың көрнекті философы К. А. Гельвецийдің педагогикалық көзқарастары.

  2. Д.Дидроның тәрбие жөніндегі пікірлері.

  3. Иоганн Гербарттың қызметі мен педагогикалық теориясы.


1. XVIII - ғасырдың көрнекті философы К. А. Гельвецийдің педагогикалық көзқарастары.
К. А. Гельвеций өз заманындағы тәртіптің адам төзгісіз ретсіздігін әшкерелей отыра, барлық азаматтарға бірдей болатын тәрбиенің міндет – мақсатын құру қажеттігін айтты.

Мұндай тәрбие, - деді Гельвеций, бүкіл қоғамды дұрыс жолға салады, оны жағдайлы етеді, көпшілік азаматтардың тұрмысы жақсарады.

Тәрбие арқылы азаматтар өздерінің жеке басы мен ұлт қамқорлығын ұштастыра білетін патриоттарды тәрбиелейді деді.

Гельвецийдің мұндай мақсат қоюы тәрбиенің сол кездегі дворяндық – сословиялық міндет – мақсатынан мүлдем өзгеше болды, сондықтан оның бұл пікірлерінің тарихи жағынан прогресшіл мәні бар еді.

Бірақ Гельвеций тәрбиені шексіз құдіретті деп есептейді, тек тәрбие арқылы әлеуметтік құрылысты да өзгертуге болады деп, тәрбиенің кү.ші мен ролін асыра бағалады.

Гелвеций мен Дидро өздерінің педагогикалық пікірлерінде схолостикалық оқуды, мектептегі үстемдікті батыл сынады, діннен бөлінген, тәжірибеге негізделген жаңа ғылым мен ақыл – ой тәртібін жоғары бағалады.

Дидроның Ресейдегі мектеп ісі жөнінен хабары болды. Ол Ресей мектептеріне реальды білім енгізу жөнінен өз пікірін ұсынды.

Осылай француз материалистері мектеп білімі жөнінен сол кездегі алдыңғы қатарлы буржуазиялық талаптарын жақтады.

Француз материалистерінің тәрбие туралы ілімі 1789 – 1794 жылдардағы буржуазиялық революция қайраткерлерінің және ХІХ ғасырдағы социалист – утопистердің педагогикалық идеялары күшті әсер етті.


  1. Д.Дидроның тәрбие жөніндегі пікірлері.

Францияда ұлы буржуазиялық революцияны идеялогиялық жағынан сол дәуірдің атақты ойшылдары , ағартушылары әзірледі.

1751 жылы ХVIII ғасырдың көрнекті материалист – философы

Д. Дидроның реакциясымен “Француз энциклопедиясы” шыға бастады. Энциклопедия феодализмге қарсы бағытталған күрестің идеялогиялық орталығына айналды, ол шіркеуді де, феодалдық тәртіптің негізін де сынап отырды.

Энциклопедияның айналасына сол кездегі революцияшыл буржуазия инттелигенциясының көрнекті өкілдері философтар мен жазушылар топтасты.

Атақты француз ағартушылары Дидро, Гольбах, Даламбер, Вольтер, Руссо т.б. феодализмнің тірегі болып саналған дінге, феодалдық құрылысқа, феодалдық идеялогияға қарсы келіспес күрес жүргізді.

Француз ағартушылары жаңа заманның, мәңгі ақыл - санасының үстемдік құратын кезеңін күтті. Француз материалистерінің ішінде педагогикалық көзқарастары кеңірек баяндалғаны Гельвеций мен Дидро болды.

Олар тәрбиенің зор күшіне сенді, оларша жаңа адамды тәрбиелеу арқылы бүкіл әлемді, қоғамды қайта өзгертуге болады, ағарту ісінің нәтижесінде жалған әдет – ғұрыптар, ескінің қараңғылығы жойылады, бүкіл феодализмге тән кертарпалық алысталынады делінді.

Тәрбие жөніндегі Гельвеций көзқарастарының негізгі принциптерін Д.Дидро (1713 – 1784) қолдады.

Бірақ Дидро өзінің “Гельвецийдің “Адам” атты шығармасына жүйелі түзетулер” – деген еңбегінде тәрбиенің күші мен мүмкіншілігін шектен асыра құдіретті көрсеткен Гельвеций көзқарастарына қарсы шығып баланың табиғи ерешеліктері мен қабілеттерін мойындады.

Сөйте тұра Дидро да тәрбиенің ролі мен орны жөніндегі мәселені дұрыс шеше алмады. Ол адам табиғатын өзгермейтін абстрактылық зат деп есептеді.


3. Иоганн Гербарттың қызметі мен педагогикалық теориясы.
Иоганн Фридрих Гербарт 1776 жылы Германияда чиновник жанұясында туған. Ол әуелі классикалык латын мектебін, онан кейін Иен университетін бітіреді. Оқуын бітіргеннен кейін Швейцарияда жеке үйлерде сабақ беретін оқытушы болады. Осы кезде атақты педагог Г. Песталоццимен танысады, бірақ Гербарт оның көзқарасындағы демократияшыл бағыттан әсер ала алмайды.

1802 жылдан бастап Гербарт Геттинг және Кенигсберг университеттерінде профессорлық қызметте болады. Осы қызметінде ол кең салалы педагогикалық жұмыспен айналысып, Кенингсберг университетінде мұғалімдер әзірлейтін семинар құрады, педагогикалық практика жүргізу үшін оның жанынан шығып мектеп ашады, онда өзі де сабақ береді.

Осылай Гербарт өзінің университеттегі профессорлық қызметін педагогикалық тәжірибиемен ұштастырды. Бұл оған педагогикалық мәселелерін тереңірек қарастыруға жағдай туғызды.

Гербарттың педагогикалық идеялары оның жазған мынадай еңбектерінде “Тәрбие мақсаттарының негізіндегі жалпы педагогика ” (1806), “Психология оқулығы” (1816), “Психологияны педагогикаға пайдалану жөніндегі хаттар” (1931), “Педагогика лекцияларының очеркі” (1835) баяндалған. Гербарт педагогика ғылымының жүйесін идеалистік философияның негізінде, әсіресе этика мен психологияға байланысты зерттеуді көздеді. Өзінің философиялық пікірлері бойынша, ол метафизик болды. Оның пікірінше, дүние шексіз көп, өзгермейтін мәңгілік, абсолюттік мазмұндардан тұрады, бұларды адам танып біле де алмайды.Дүниенің өзгеруі жөніндегі адамның елестеулері мен түсініктері алдамыш; болмыс, болмыстың мазмұны да өзгермейді дейді ол.

Гарбарт психологиялық мәселелерді зертеуде де метафизик болды. Оның ойынша, адам жаны да өзгермейтін, қарапайым мазмұн. Жан адам денесімен ұштасып, байланысу кезінде өзіндік дербестікке ие болып, сол тән арқылы бірнеше түйсіктерге ұшырайды, адамдағы басқа денелермен байланысады, осыдан елестеулер туады.

Гербарт бүкіл психиканы елестеулермен байланыстырды, адамның бүкіл мазмұны елестеулерден тұрады деп есептеді. Оның ойынша, психология елестеулер жөніндегі, солардың пайда болуы, ұштасуы мен жойылуы жөніндегі ғылым. Ес, қиял тағы басқаларды Гербарт сол елестеулердің өзара қатынастары арқылы түсіндірді. Сезіну – оның топшылауынша, елестеулердің әр салалы түрлері жағынан өзгерістері ғана.

Гербарт – ассоциативтік психологияның көрнекті өкілі. Оның психологиялық теориясында апперцепция ұғымы кең орын алады, бұл ұғымды ол адамның бұрынғы тәжірибесінің оның елестеулеріне әсер етуі ретінде түсінді. Гербарт апперцепцияға осындай мән бере отыра, оны ес, қызығушылық тағы басқа психикалық функциялармен байланыстырды.

Осылай Гербарт адам психикасының әр түрлі салаларының ерекшеліктерін мойындамады. Ол психикалық әрекеттің күрделі, алуан салалы, терең диалектикалық процесін елестеулердің жай құрамына әкеліп тіреді. Ол баланың елестеулеріне ықпал ете отыра, сол арқылы оның сезімдері мен еркінің де қалыптасуын әсер етуге болады деп есептеді. Осыдан келіп Гербарттың ойынша дұрыс ұйымдастырылған оқу тәрбиелі сипатта болуға тиіс деген пікірлер туды.

Гербарт өзінің саяси пікірлерінде XVIII ғасырлардағы француз буржуазиялық революциясына, неміс қоғамының алдыңғы тобының ішіндегі сол революцияның әсерімен өрістеген прогрессившіл қозғалысқа теріс қарады.

Тәрбиенің мәні жөніндегі ұғымды Гербарт идеалистік философиядан, ал тәрбиенің мақсатын этикадан шығарды. Ол этикалық теорияны тым метафизикалық тұрғыда құрды. Оның ойынша, қоғамдық және жеке адамдардың адамгершілігі белгілі бір өзгермейтін және мәңгілік адамгершілік идеялардың негізінде қалыптасады. Осы идеялар, оның ойынша, таптан тыс, жалпы адамгершіліктің негізі болады. Оның бұл ойлары сол кездегі пруссияшылдық монархиядағы үстемдік етіп тұрған қоғамдық қатынастар мен адамгершілік бағыттарды күшейтуге тиісті.

Өзінің этикалық теориясына сүйене отырып, Гербарт тәрбиенің мақсаты - адамдағы ізгілік пен жақсылықты қалыптастыру, бұл ізгілік пен жақсылық та мәңгі және өзгермейді деп тұжырымдады. Демек, Гербарттәрбиенің мақсаты – ізгілік пен жақсылық дей отыра, өмір сүріп отырағн қоғамдық қатынастарға икемделе алатын адамдарды тәрбиелеуді, қалыптасқан тәртіп сыйлай білетін, соған бағына білетін адамдарды тәрбиелеуді көздеді.

Гербарт тәрбиеде екі түрлі қажетті және ілгеріге бағытталған, іске асуға тиісті мақсаттар болады деді.

Бұл мақсаттар адамның бүкіл іс - әрекетінің кез – келген салаларына қажетті. Іске асуға тиісті мақсаттар адамның алдына белгілі бір мамандықтардың салалары бойынша қойылады.

Бүкіл тәрбие процесін Гербарт үш салаға бөлді: басқару, оқыту және адмгершілік тәрбие.



Басқару. Оқу процесі кең өрістегенге дейін балаларда өз іс -

әрекеттеріне түсінбейтін “тағылық тәрізді тентектік” кезең болады, бүл

кезде оны тәрбиелемей, бағындырып басқару керек.

Басқарудың бірінші құралы – қорқыныш туғызу. Бірақ бұл көздеген мақсаттарға жеркізе бермейді. Күшті және мықты балалар мұны ескере бермейді, мойындамайды да, қайта сотқарлығы күшейе түседі. Ал әлсіз мінезді балалар қорқынышқа жете түсіне алмайды. Сондықтан бағындыра басқаруда қорқыныш туғызуға қосымша құрал ретінде қадағалап бақылау құралын да қолдану керек, мұны әсіресе баланың ертерек жасында қолданған жөн. Бұл да нәтижесіз болуы мүмкін, бақылаудағы бала үнемі сонан құтылатын кезең мен жолдарды іздеумен болады.

Сондықтан баларға бұйрық және тыйым салу әдістерін де қолдану керек, бұл балалар үшін дәл және нақты болуға тиіс.

Белгіленген ережелерді бұзған балалар үшін мектепте штраф кітабы құрылады, мұны үйде де қолданған жөн. Бағындырып басқарудың құралдары ретінде Гербарт жазалауға, оның ішінде ұрып – соғуға көп көңіл бөлді.

Гербарт ұсынған жазалардың түрлері неміс, орыс гимназияларында, француз лицейлерінде және басқа да елдердің орта дәрежелі оқу орындарында қолданылды. Ол ересектердің беделі мен сүйіспеншілік білдіруін басқарудың қосымша құралдары ретінде ұсынды.

Сонымен Гербарт ұсынған балаларды басқару жүйесі оларды жазалауға, ретсіз қайталауларға бағыттала құрылған.

Ол басқаруды, яғни тәртіптендіруді тек қана тәрбиенің алдындағы кіріспе жағдай деп, оны адамгершілік тәрбиесінен бөліп алып қарады. Бұл теріс көзқарас, өйткені тәртіп шындығында тәрбиенің алдындағы жағдай емес, ол тәрбиенің құралы және нәтижесі.

Оқыту. Гербарттың педагогикалық жүйесінің орталығы оқыту теориясы болды. Тәрбиенің мақсаты – ізгілік, жақсылық, ал оның маңызды құралы – оқу, ол оқудың тәрбиелі сипатта болу идеясын ұсынды.

Өзінің оқыту теориясы негізінде Гербарт адамның алуан салалы қызығушылықтарын алды. Адамдағы қызығушылықтар айналысын қоршаған дүниені танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады. Біріншісіне жататын қызығушылықтар: эмпирикалық; бұл – айналасын қоршаған дүниенің кейбір оқиғаларын білуге бағытталады. Ойлауға негізделген ақыл – ой қызығушылығы; эстетикалық қызығушылық – оқиғаларды көркемдік жағынан бағалай білушілікті көрсетеді. Қызығушылықтың екінші тобына жататындар: симпатикалық қызығу, бұл жеке адамдар арасындағы қатынас туғызады, әлеуметтік қызығу әр түрлі қоғамдық ұйымдардың ара қатынасын анықтайды; дінге қызығу – діни ұғымды күшейтеді.

Осы алты түрлі қызығушылықтар оқушылардың меңгеретін білім мазмұнын анықтайды деді.

Гербарт анықтаған қызығушылықтар жүйесі оның идеалистік көзқарастарынан туған логикалық тұжырымдар еді. Жоғарыдағы қызығушылықтар ақыл – ой түріндегі топшылаулар сипатында болды да, практикалық өмірмен байланыспады. Сөйткенмен де оқушылардың әр салалы қызығушылықтарын дамыту тұрғысынан және оларды оқуға негіздей жүргізу жөнінен Гербарт топшылауының құптарлық пікірі де болды.

Гербарт баланың қызығушылықтарына сәйкес оқылатын білімнің шеңберін белгілей отыра оқу оқушылардың ақыл – ой әрекетін дамытуы тиіс деді. Оқу материалдарын орналастыру мәселесінде білімнің білімнің жүйелі берілу принципін негіз етті.

Гербарт оқудың мазмұны жөніндегі проблеманы оқытудың сатысы жөнінде теориямен тығыз байланыстыра зерттеді.

Оның ойынша, оқу процесі немесе сабақ төрт сатыдан тұрады, мұны әдетте оқытудың формальды сатылары деп те атайды. Олар: 1) анықтық – айқындық, 2) ассоциация, 3) жүйе, 4) єдіс.

Бірінші – анықтық – айқындық сатысында оқылатын материалды оқушылар басқалардан бөліп алып, тереңірек оқиды. Дидактикалық тұрнғыдан алғанда, бұл сатыда оқушы жаңа материалды хабарлап, көрнекілікті қолданады.

Екінші саты – ассоциацияда – жаңа материал оқушылардың мұнан бұрынғы өткен сабақтарда алған мәліметтері өмірден алған елестеулерімен ұштасады. Дидактикалық жағынан бұл кезде оқытушының оқушылармен әңгіме жүргізуі тым сәтті болады.

Үшінші саты – жүйе. Мұнда оқушылар оқытушының басшылығымен өткен сабақта алған мәліметтерін байланыстырып, жаңаның негізіде тұжырымдар мен қорытындыларды, анықтамаларды және заңдарды іздестіреді. Дидактика саласында бұл сатыда әр түрлі оқу жаттығулары жүргізіледі, оқытушылар оқушылардың бұрынғы меңгерген білімдерін талап етеді, олардың логикалық және творчестволық ойлауын бақылайды.

Міне, осы оқыту сатылары, Гербарттың ойынша, оқудың бір ізділігі мен жүйелілігін анықтайды. Бірақ бұл сатылар формальды болды, себебі бұлар оқу материалының нақты мазмұнына да, оқушылардың жасына да, сабақтың дидактикалық міндеттеріне де байланысты болмады.

Оқуды мұндай оқшау универсальдық схемаға ғана салу ғылыми педагогикаға қайшы келді, себебі оқудың әдістері мен құралдарын таңдау оқу материалының нақты мазмұнына да, оқушылардың жасына да, сабақтың дидактикалық міндеттеріне де байланысты болады. Сабақты жоғарыдағыдай жеке – жеке тұратын төрт сатыға міндетті түрде бөліп тастаудың өзі де теріс, себебі күнделікті оқу процесінде бұл сатылар араласып келіп отырады. Ақырында, Гербарттың ұсынған сатылары оқушыларға жеке – жеке, дара қатынас орнатуға қажетті жағдай туғызбады.

Гербарттың дәлелдеуінше, адамгершілік тәрбиесінің мақсаты – мінез – құлықты қалыптастыру. Бұл тәрбие негізінен оқу арқылы жүргізіледі. Осылай Гербарт адамгершілік тәрбиесін түгелдей интеллектуализм тұрғысынан есептеді.

Осыған байланысты Гербарт адамгершілік тәрбиесі де оқу сияқты баланың әр салалы қызығушылықтары мен адамгершілікті елестетулеріне негізделеді деп есептеді.

Ол адамгершілік принциптерін жоғарыда айтылған баланы бағындыра басқаруға қарсы қойды. Бағындыра басқаруда баланың еркі мен саналылығы кемітіледі, тежеу жасалынады, ал адамгершілік тәрбиесінде бүкіл әдістер балада болатын барлық жағымды, жақсы сапаларға арқа сүйеуге негізделеді. Тәрбиеші тіптен тәртіпсіз баланың өзінен жақсы сапаларды іздестіруі тиіс деді ол.

Гербарттың ойынша, адамгершілік тәрбиесінің оқудан басқа мынадай жолдары болады:



  1. Баланы тежеп ұстау. Балалар мінез – құлқының шеңберін белгілеу.

  2. Баланы анықтап біле отыра, бағыттау. Бала тек оқытушының нұсқауынша ғана емес, өз тәжірибесі арқылы да мінезін бағыттап отыруы тиіс.

  3. Мінез – құлықтың нақты ережелерін құру.

  4. Баланың шындыққа деген сенімін туғызу.

  5. Баланы мақылдау және оның кемістігін көрсету.

  6. Балаға насихат – өсиет айту, жіберген қателерін көрсету, оларды түзету.

Адамгершілік тәрбиесінде жазалаулар да қолданылды, бірақ тәрбиелік бағыттағы жазалар кек алуға соқпай, бала үшін мейірімді түріндегі ескерту ретінде болды.

***


Сонымен Гербарттың кейбір теориялық қағидалары өз заманында ірі педагогикалық проблемаларды зерттеуге себепкер болды. Ол алғаш рет оқытудың сатыларын зертеуге тырысты, психологиямен педагогиканың арақатынастарын қарастырды.

Гербарт зерттеген кейбір ұғымдар (“Оқудың тәрбиелілігі”, “Әр салалы қызығушылық” т.б.) кейіннен психология мен педагогикаға енді. Бірақ Гербарт концепциясын түгелімен алып қарағанда ол ғылыми жағынан дәлелсіз болды. Өйткені оның ұсынған проблемалары мәнді болғанымен, олардың теориялық жағынан шешілуі метафизикалық еді.

Гербарттың оқыту “сатылары” дегені өте схематикалық болды да, онысы оқуды бір ғана қалыпқа бағыттады, формализмге апарып соқтырды, сабақ құрылысындағы бір сарындылықты негіздеді.

Гербарттың реакцияшыл әлеуметтік – саяси көзқарастары әсіресе оның зерттеген этикасынан айқын байқалады. Ол халықтағы ең ізгілік пен жақсылық сол халықтың үстем тапқа бағына білуінде деп есептеді.

1948 жылғы бастыстағы буржуазиялық революциядан кейін еңбекшілер мүддесі аяққа басылғанда, буржуазия өз үстемдігі мен тәртібін күшейту үшін Гербарт теориясымен әуестенді. Реакционерлер өздерінің демократияға қарсы теорияларын негіздеу үшін әрдайым Гербарттың материалдарын пайдаланды.

Россиядағы ХІХ ғасырдың 70 – 90 жылдарындағы реакция кезінде консерватившіл бағыттағы методистер мен орта мектеп оқытушылары Гербартқа жүгіне бас иді.




33 – таќырып

И.Г. ПЕСТАЛОЦЦИДІЊ ПЕДАГОГИКАЛЫЌ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТЄЖІРИБЕСІ

Ќарастырылатын мєселелер:

  1. И.Г. Песталоццидіњ педагогикалыќ ќызметі

  2. Тєрбиеніњ маќсаты – адамныњ барлыќ табиѓи к‰штерін, ќабілеттерін жан – жаќты дамыту

  3. Педагогикалыќ теориямен тєжірибеніњ мєні




  1. И.Г. Песталоццидіњ педагогикалыќ ќызметі

И.Г. Песталоцци жас кезінен Швейцария шаруаларыныњ ауыр т±рмысын µз кµзімен кµрді. Оларды, бір жаѓынан, дворян – помещиктер ќанаса, екінші жаѓынан, тоќыма µндірісініњ иелері ќанады.

И.Г. Песталоцци неміс бастауыш мектебінде жене латын орта мектебінде оќыды.

Жан – Жак Руссоныњ “Эмиль” жєне “Ќоѓамдыќ шарт” атты ењбектері И.Г. Песталоцциге ‰лкен єсер етті. И.Г. Песталоцци 1774 жылы “Кедейлер ‰йін” ашып оѓан елуге тарта жетім жєне панасыз балаларды жинады. Балалардыњ µздері ењбек етіп, тапќан табыстарымен б±л ‰йді ±стауѓа болады деп есептеді.

И.Г. Песталоцци оќуды ењбекпен ±штастырды. Ол ењбекті тєрбие берудіњ ќ±ралы деп баѓалады.И.Г: Песталоццидіњ б±л тєжірибесініњ кемшілік жаќтары да болды. Кемшілік жаѓы біріншіден, тек ќана балалардыњ табысы мен тєрбие ‰йініњ ќаражатын µтеуге болады деуі. Екіншіден, оќу мен ењбекті ±штастыруы іске аспады.

Ќаражаттыњ тапшылыѓынан тєрбие ‰йі 1780 жылы жабылып ќалды.

Ол “Лингард жене Гертруда” деген єлеуметтік - педагогикалыќ роман жазды. Б±л ењбегінде шаруашылыќты д±рыс ±йымдастыру жене балаларды тєрбиелеу ісін д±рыс жолѓа ќою арќылы шаруалардыњ т±рмысын жаќсарту идеясын насихаттады.

И.Г. Песталоцци 1799 жылы Бургдорф ќаласындаѓы мектепте м±ѓалім болып орналасады. Б±л мектептегі тєжірибе ж±мыстарыныњ нєтижесінде оќыту жене санауѓа ‰йретудіњ тиімді єдістерін ±сынды.

Ол єдістерді кењірек тарату ‰шін Бургдорфта интернаты бар орта мектепті баќару жєне оныњ жанынан ашылѓан м±ѓалімдер даярлайтын бµлімге басшылыќ ету И.Г. Песталоцийге ж‰ктелді.

ХІХ ѓасырдыњ бас кезінде жарияланѓан “Гертруда балаларын ќалай оќытады?”, “Аналар кітабы”, “Баќылау азбукасы”, “Сан жµнінен кµрнекі ілім” – атты ењбектерінде И.Г. Песталоций бастауыш білім берудіњ жања єдістерін ±сынды.


2. Тєрбиеніњ маќсаты – адамныњ барлыќ табиѓи к‰штерін, ќабілеттерін жан – жаќты дамыту
И.Г. Песталоццидіњ д‰ниеге кµзќарасы демократиялыќ сипатта болды. Біраќ ол ењбекшілердіњ т±рмысын оларѓа білім берумен, тєрбие берумен жаќсы жолѓа ќоюѓа болады деп ќате т‰сінді.

Адамдардыњ єлеуметтік жене праволыќ тењсіздігініњ себебі сол ќоѓамдаѓы ќоѓамдыќ ќатынастыњ нєтижесі екенін ол т‰сінбеді. Халыќтыњ кедейлігініњ себебін экономикалыќ жаѓдайдан емес, оныњ ќарањѓылыѓынан, білімініњ жоќтыѓынан кµрді.

Оќыту жене тєрбие барлыќ адамѓа берілу керек дей отырып, И.Г. Песталоцци ќоѓамды ќайта ќ±рудыњ негізгі ќ±ралдарыныњ бірі – мектеп деп есептеді. Адамды дамытудыњ, тєрбиелеудіњ басты ќ±ралы – ењбек деп санады.

Ењбек адамныњ к‰шін ѓана дамытып ќоймайды, оныњ ойын дамытып, мінез – ќ±лќын ќалыптастырады, ењбек еткен адам ењбектіњ ќоѓам µміріндегі мєнін т‰сінеді деді.

И.Г. Песталоцци дінге ќарсы болды. И.Г. Песталоцци бьаланыњ тєрбиесін д±рыс ±йымдастыруда отбасыныњ, ананыњ, рµлін µте зор баѓалады. Ќоѓамдыќ тєрбиеде отбасындаѓы тєрбиеніњ жаќсы жаќтары єрі ќарай дамытылады. Олар: балаѓа деген с‰йіспеншілік, балаѓа сенім білдіру, тєртіп, шыдамдылыќ, борыштыќ сезім.

И.Г. Песталоццидіњ педагогикалыќ ж‰йесініњ негізгі мєселесі – балаларѓа элементарлыќ білім беру теориясы. Элементарлыќ білім беру теориясына И.Г. Песталоцци дене тєрбиесін, ењбекке тєрбиелеуді, моральдыќ, эстетикалыќ, аќыл – ой тєрбиесін беруді жатќызды. И.Г. Песталоцци моралдыќ тєрбиені діни тєрбиемен байланыстырды. Ол дінді сынаѓанмен, егер адам ќ±дайды ќадірлесе, бір – біріне бєрі туыс болып табылатын барлыќ адамдарды ќадірлейді деп есептеді.



3. Педагогикалыќ теория мен тєжірибеніњ мєні
Песталоцци оќыту баќылауѓа, тєжірибеге негізделіп ±йымдастырылып ќорытынды жасауѓа, жалпылауѓа ќарай ж‰ргізілу керек деді. Баќылаулар

арќылы балада кµру, есту, т‰йсіну пайда болады,солардыњ негізінде сµйлеу

мен ойлау дамиды. XVII-ѓасырда И.Г.Песталоцци дамытып

оќыту принциптерініњ ж‰йесін дєлелдеді, бастауыш білім беру єдістерініњ негізін жасады .

Оќытуды жењілдету маќсатымен Песталоцци д‰ние заттары туралы білімніњ

ењ жай элементтерін білу арќылы адам айналадаѓы д‰ниені таниды деп кµрсетті. Ондай элементтерге ол заттыњ санын , формасын, атын жатќызды.

Білім белгілі ж‰йемен, ретпен берілу керек деп есептеді. Алѓан білімін пайдалана білмеу тєрбиеніњ ‰лкен кемшілігі болып табылады. Мектеп баланыњ

ќабілетін дамыту жєне білім берумен ќатар , оларды іс-єрекетке, даѓдыѓа ‰йретеді, ол ‰шін балаларды жаттыќтыру ќажет деді. Оќытудыњ міндеттерін кµрсете отырып, Песталоцци м±ѓалімдерге ‰лкен талаптар ќойды.

¤зініњ жалпы дидактикалыќ пікірлеріне с‰йене отырып, Песталоцци бастауыш

білім берудіњ єдістемесініњ негізін салды.

Песталоцци буржуазиялыќ-демократиялыќ педагогиканыњ ірі µкілі болып табылады. Ол кедейдіњ балаларына тєрбие беру мєселесіне µз µмірін арнады.

Песталоцци баланыњ дамуында тєрбиеніњ рµлін µте жоѓары баѓалады, отбасында жєне мектепте жоспарлы т‰рде тєрбиені ±йымдастырудыњ ќажет-

тігін атап кµрсетті.

Н. К. Крупская : “ Песталоцци халыќ ќажетін” µтей алатын, халыќтыњ кµњілінен

шыѓатын жєне халыќтыњ µзі ±йымдастыратын мектеп ашуды арман етті деп жазды. Кейбір кемшіліктеріне, ќате пікірлеріне ќарамастан, Песталоццидіњ

педагогикалыќ ж‰йесі педагогикалыќ идеяныњ дамуына ќосылѓан зор ‰лес болды.


¤зін - µзі баќылауѓа арналѓан с±раќтар:

1. Песталоцци кµзќарастарындаѓы дене, ќ±лыќ жєне аќыл – ой тєрбиесі.

2. Песталоццидіњ пдагогикалыќ теориясы мен ќызметіне сипаттама.
34 – таќырып

А.ДИСТЕРВЕГТІЊ ПЕДАГОГИКАЛЫЌ ЌЫЗМЕТІ,

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
Ќарастырылатын мєселелер:


  1. Дистервег тєрбиеніњ мєні оныњ маќсаттары мен принциптері жайлы

  2. Дистервегтіњ оќушыѓа ќатысты оќыту ережелері

  3. Дистервег м±ѓалім жайлы.

Кµрнекті неміс педагогы Адольф Дистервег ХІХ ѓасырдыњ орта шенінде Герман буржуазиялыќ – демократиялыќ педагогикасыныњ прогрессивті µкілі болып табылады.

Адольф Дистервег 1835 жылы µзініњ бай тєжірибесіне с‰йене отырып “Неміс м±ѓалімдерініњ білімін жетілдіруге басшылыќ” атты ‰лкен ењбегін жариялады.

Адольф Дистервег математикадан, неміс тілінен, географиядан, астрономиядан 20 – аса оќулыќ жєне оќу ќ±ралдарын жазды. Олар Германия жєне басќада елдерде кењ пайдаланылды.

1827 жылдан бастап Адольф Дистервег “Тєрбие жєне оќыту жµнінде Реин беттері” атты журнал шыѓарып т±рды. Ол журналѓа педагогика мєселелеріне арналѓан 400 – ден аса маќалалар жазды.

Адольф Дистервег бастауыш мектептіњ м±ѓалімдерін даярлауды жаќсарту ‰шін к‰ресті, Германия халыќ м±ѓалімдерін біріктіру жµнінде кµп ж±мыс ж‰ргізді. Осы ќызметтері жєне хадыќтыњ м‰ддесін жаќтаѓаны ‰шін Адольф Дистервегті пруссия ‰кіметі ќуѓындап, Берлин м±ѓалімдер семинариясыныњ директоры ќызметінен босатады. Халыќ м±ѓалімдерін біріктіруде кµп ењбек еткенін баѓалап Адольф Дистервегті Германия м±ѓалімдер одаѓыныњ председателі, кейін пруссия депутаттар палатасына µкіл етіп сайлады. Ол шын мєніндегі “Неміс м±ѓалімдерініњ ±стазы” болатын.

1851 жылдан бастап Адольф Дистервег “Педагогикалыќ жылдыќ” атты жинаќ шыѓара бастады. Ол Пруссия ‰кіметініњ халыќ аѓарту саясатын батыл сынады. Єсіресе 1854 жылы ќабылданѓан мектеп жµніндегі реакцияшыл зањды єшкереледі. Б±л зањ арќылы Пруссия ‰кіметі мектепті толыѓынан шіркеуге баѓындыруѓа тырысты, бастауыш мектепте берілетін білімніњ кµлемін азайтып, дін сабаѓын негізгі сабаќ етіп ж‰ргізді.

Тєрбие туралы. Адольф Дистервег жалпы халыќтыќ білім беру идеясын жаќтады, яѓни сословиелыќ тєрбиеге ќарсы болды. Мектептіњ маќсаты – азаматтарды саналы адамгершілік рухта тєрбиелеу деп белгіледі, жалпы адамѓа жєне халыќќа деген с‰йіспеншілік бала тєрбиесінде ±штасып жатуы ќажет деп кµрсетті.

Адольф Дистервег психологияны тєрбие туралы ѓылымныњ негізі деп баѓалады. Ол педагогиканыњ дамуыныњ негізі деп баѓалады. Ол педагогиканыњ дамуыныњ негізі ретінде педагогикалыќ тєжірибені атап кµрсетті, оны жинаќтау ќажет деп есептеді. Тєрбиеге ќойылатын негізгі міндеттердіњ бірі ретінде балалардыњ белсенділігін дамытуды ±сынды.


  1. Дистервегтіњ оќушыѓа ќатысты оќыту ережелері

Песталоцци сияќты Дистервег те оќытудыњ негізгі міндеті балалардыњ аќыл – ойын жєне ќабілетін дамыту деп кµрсетті. Оќыту арќылы адамды жан – жаќты дамытумен ќатар, балаѓа моральдыќ тєрбие беру ќажет, мектепте оќытылатын єрбір пєнніњ білім берумен ќоса тєрбиелік єсері болуѓа тиісті деп есептеді.

Балаларѓа білім беруде тарих, география, ана тілі мен єдебиеттіњ зор мєні бар деп білді. Балалардыњ аќыл – ойын дамытуда жаратылыс жєне математика пєндерініњ ролін жоѓары баѓалап, ол пєндердіњ жалпы білім беретін мектептердіњ бєрінде оќытылуын жаќтады. Жеке пєнді оќыту арќылы балаларды болашаќ ќызметке керекті білімдермен ќаруландыруѓа ерекше кµњіл бµлуді талап етті.

Адольф Дистервег єрі білім беретін, єрі тєрбие беретін оќытудыњ дидактикасын жасады. Оныњ дидактикасы оќыту мєселесі жµнінде 33 зањмен жинаќталѓан ережелерден т±рады.

Кµрнекі оќытуды Адольф Дистервег “жаќыннан алысќа”, “жай нєрседен к‰рделіге”, “жењілден ауырѓа”, “белгіліден белгісізге” деген ережелермен байланыстырды. Б±л ережелерді б±рын Коменский ±сынса, енді Адольф Дистервег одан єрі дамытты. Мысалы “жайдан к‰рделіге” деген ережені ол “наќты ±ѓымдардан абстракты ±ѓымдарѓа ќарай” деп аныќтай т‰сті.

Адольф Дистервег оќыту ісіне балардыњ оќу материалын саналы т‰рде игеруін зор мєн берді. Саналы т‰рде материалды игерудіњ кµрсеткіші – негізгі мєселені толыќ т‰рде айтып бере алуында. Сондыќтан ол “Балалар т‰сіне алмайтын материалды балаларѓа оќытпа” немесе “Уаќытынан ерте еш нєрсе оќытпа” деген ереже ±сынды. Білім берік болуы ‰шін балаларѓа шамасы келмейтіндей мєліметтер бермей, тек ќана негізгі мєліметтерді ѓана т‰сіндіру керек деп есептеді.

Материалды пысыќтауѓа Адольф Дистервег ‰лкен мєн берді. Ол жµнінде оќытудыњ мынандай: “оќушылардыњ оќыѓан материалын ±мытпауына ќамќорлыќ жасау керек” деген ережесін ±сынды.


3. Адольф Дистервег м±ѓалім жайлы.

Адольф Дистервег оќытуда оќу жоспарына жєне жаќсы оќулыќќа ‰лкен мєн берді. Біраќ оќытудыњ нєтижелі болуына негізгі себепші м±ѓалім деп есептеді. Жаќсы м±ѓалім µз пєнін жете білумен ќатар, µз мамандыѓын жєне балаларды с‰юі ќажет. Сабаќ ‰стінде балалар еркін болуы керек, м±ѓалім сабаќты ќызу ќарќынмен ж‰ргізу арќылы олардыњ аќыл ойын дамытып, еркін шыныќтырып, мінез – ќ±лќын ќалыптастыру ќажет.

М±ѓалімніњ еркініњ к‰шті болуыныњ, жаќсы мінезініњ, єсіресе табанды болуыныњ тєрбиелік мєнін µте жоѓары баѓалады.

М±ѓалімніњ ісі мектеп ж±мысымен ѓана шектеліп ќоймай, халыќ арасында саяси – аѓарту ж±мысын ж‰ргізуін талап етті. О±ытушы ‰немі µз білімін жетілдіріп отыруы ќажет. Ол µз пєнін жете білумен ќатар, тарих, єдебиет жене педагогика, психология, єдістеме жµніндегі жања ењбектермен ‰немі танысып отыру тиіс деді.

Адольф Дистервег м±ѓалімдерді педагогтыќ даѓдылар мен шеберліктерге ‰йрету мєселесіне кµп кµњіл бµлді. Адольф Дистервег белгілеген оќыту дидактикасы, оныњ оќулыќтары бастауыш мектептіњ дамуында ‰лкен рол атќарды. Ол халыќтыќ мектеп ‰шін к‰ресті.


: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл


1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет