Лекция: 45 сағ. Практикалық (семинар) сабақ: 15 сағ. СӨЖ: 60 сағ. Обс¤Ж: 60 саѓ. Барлық сағат: 180 сағ



жүктеу 3.86 Mb.
бет6/22
Дата28.04.2016
өлшемі3.86 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Үшінші топ – мадақтау және жазалау әдістері. Өткізілетін тәрбиелік шаралардың сапасын және тиімділігін арттыру үшін, кейде, адамгершілік тәрбиесінің әдістері көмектесуді қажет етеді. Бұл жағдайда мадақтау және жазалау әдістері пайдаланылады. Мадақтау тәрбиеленуші іс - әрекетінде және мінез – құлқында белсенділікке ынталандырады. Жазалау – баланы өзінің теріс мінездері үшін ұялтады, оның теріс қылықтарын тежейді.

Сонымен, Санкт – Петербург педагогикалық институтының ғалымдары жасаған тәбие әдістерінің жіктеуінде ең алғашқы рет баланың адамгершілік санасы мен мінезі туралы анықтамалар берілген. Бірақ бұл екі ұғым тығыз бірлікте қалыптасуы қажет.

Мектеп өмірінде В. А. Сластенин жасаған тәрбие әдістерінің жіктеуі ойдағыдай қолдануда. Бұл жіктеуде тәрбие әдістерінің 4 тобы қарастырылады.

Бірінші топ. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері: әңгіме, лекция, пікірталас, өнеге.

Екінші топ. Қоғамдық мінез – құлық тәжірибесін қалыптастыру және іс - әрекетті ұйымдастыру әдістері: педагогикалық талап, қоғамдық пікір, тапсырма, жаттықтыру, тәрбиелеуші ситуация.

Үшінші топ. Іс- әрекетін және мінез – құлықты ынталандыру әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау.

Төртінші топ. Бақылау, өзін-өзі бақылау және тәрбиеде өзін - өзі баға беру әдістер: педагогикалық бақылау, әңгіме, сұрау (анкета, ауызша, т.б.). қоғамдық пайдалы іс - әрекеттерінің нәтижелерін талдау, балалар ұйымдарының тапсырмаларын орындау.

Тәрбие әдістерінің бұл жіктеуінде ІІІ, ІV топтар ғана қарастырылады. Өйткені І, ІІ топтар дағы тәрбие әдістері Санкт – Петербург ғалымдары жасаған жіктеудегі І, ІІ топтарда баяндалады.

Айрықша қолданылатын ІІІ топтағы әдістер жарыс, мадақтау, жазалау деп тұжырымдайды В. А. Сластенин, Т. Е. Конникова т.б.

Жарыс балалардың ұжымында іс - әрекетін ұйымдастыру және ынталандыру әдісі. Ұжым жарыстың барысында өзінің жетістігі және жарысушы ұжымдардың табысы үшін әрекет жасайды. Жарыс оқушылардың, әсіресе енжар оқушылардың белсенділігін арттырады, жауапкершілігін, ұжымшылдығын дамытады.

Жарысты ұжымдық және дара түрінде өткізуге болады. Ұжымдық түрге сыныптар спорт командалары, оқушылардың өндірістік бригадалары, звенолары арасындағы жарыс жатады. Мұнда негізгі мақсат ар – намыс, құрмет үшін күресу. Жарыстың дара түрлері: жауынгерлік, еңбек даңқы орындары бойынша жорық туралы жақсы әңгімелер сайысы, жақсы әндерді, билерді орындау сайысы т.б. Кейде жарысты дәстүр түрінде де пайдалануға болады. Мысалы: а) үйге берілетін оқу тапсырмасын үнемі орындау ә) сабақ үстінде ескертпесіз жұмыс істеу б) мектеп және үй режимін сақтау в) өте кәрі адамдарды күту, көмектесу.

Мадақтау – бұл баланың жағымды мінез – құлқын ынталандыру құралы. Егер бала өзінің жетістігін және ұжым алдындағы жауапкершілігін білсе, онда мадақтаудың құндылығы арта түседі. Орынсыз мадақтаудан балада мен – мендік тәкаппарлық, дандайсушылық туады. Сондықтан мадақтау үшін жеткілікті мәліметтер керек.

Жазалау – бұл балаға қоғамдық талап қою, оның мінез-құлқында байқалатын теріс қылықтарды тежеу тәсілдері. Жазалауда жабырқаушылық болмайды, ол болған қателікке қайғыру дейді А. С. Макаренко. Жазалау үшін оның шындығын толық білу, сонымен бірге ұжым пікірі жазалау жағында болғанда ғана баланы жазалауға болады. Жазалауда жеке адамның абыройын төгіп, балағаттау, қорлау ешқандай моральдық нормаға сыймайды.

ІV – топтағы әдістердің ішінде педагогикалық бақылау және психологиялық сұрақтарды еске алған жөн. Педагогикалық бақылаудың бірнеше түрі бар. Олар: тікелей бақылау, ұзақ мерзімді бақылау т.б.

Тікелей бақылау зерттеуші мен объект арасындағы бақылау арқылы тікелей байланыс, қатынас.

Ашық бақылауды қатысушылар біледі. Жасырын бақылауды теледидардан, жасырын дыбыс жазу, арақашықтық (дистанциялық) бақылау үшін тура микрофон байланысы көмегімен жүргізуге болады.

Қысқа мерзімде бақылау сабақ, үзіліс және бүтін жұмыс күні барысында жүргізіледі.

Ұзақ мерзімді бақылау оқу тоқсанының және жыл бойында жүргізіледі.

Жеке адамның тәрбиелілігін (әдептілігін) зерттеуде бақылау әдісін қолдану үшін нақты бағдарлама жасалады. Осыған орай, фактыларды жазу жүйесін ойластыру, оларды бақылау күнделігіне, бақылау картасына жазып отыру керек.

Психологиялық сұрақтар ұжым мүшелері арасындағы қатынастарды, жолдастық құштарлықты немесе теріс қатынастарды анықтайды. Мұндай сұрақтар дер кезінде қайшылықты анықтауға және оны іскерлікпен шешуге мүмкіндік береді.

Тәрбиенің нәтижелерін анықтауда мынандай көрсеткіштер еске алынады: оқушылардың моральдық норманы игеруі; мемлекет заңдарын білу және сақтау: сынып пен мектептің қоғамдық өміріне қатысуы; біздің еліміздегі және шетелдердегі жағдайларды бағалай білу.

Сонымен, әрбір тәрбие әдістерінің мақсаты оқушыларды адамгершілік көзқарасқа сендіре білуге, жеке және қоғамдық өмірдегі мінез – құлық нормаларын меңгеруге үйретеді.

Айта кету керек, басқа да толып жатқан тәрбие әдістерінің жіктеулерін жасауда бірсыпыра үлес қосқан ғалымдарға В. И. Коротов, В. А. Каспин, И.С. Марьенко т.б. жатады. Олардың жіктеулері де оқыту мен тәрбие процесінде еске алынады.

Не себепті осы уақытқа дейін тәрбие әдістерінің бірынғай ғылыми негізделген жіктеуі болмай келді.

Оның себебі, біріншіден, тәрбие әдістерінің жіктеуін жасауда бірыңғай пікірдің жоқтығы толық дәлел бола алады; екіншіден, тәрбие - өте күрделі процесс, ол әр түрлі әдістердің өткізілетін тәрбие шараларының мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келуін талап етеді.
4.Тәрбие әдістерін таңдап алу шарттары.

Тәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, педагогикалық ситуацияларға тәуелді. Мысалы, үйрету әдісі кіші мектеп жасындағы балалар тәрбиесінде жиі қолданылады. Үйрету әдісі арқылы балаларды мектепте, үйелменде әр түрлі іс - әрекетіне дағдыландыруға болады.

Тәрбие жұмысында әр баланың жеке даму ерекшелігін еске алған жөн. Ұжымның бірінші сатысында ұжым толық қалыптаспаған, сүйеніші, яғни өмір тәжірибесі жоқ. Бұл жағдайда тәрбиеші балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру керек. Ұжым қалыптасқаннан кейін оқушылар белсенді тобы (активі) құрылады. Осыған сәйкес тәрбие әдісі өзгереді. Оқушылардың әдет-ғұрып, іскерлігін, дағдысын қалыптастыру үшін үйрету, жаттықтыру әдістері қолданылады. Бұл әдістер оларды орындағыштыққа, кішіпейілдікке, ыждағаттылыққа, ұқыптылыққа үйретеді. Ұжымның ІІ-ІІІ даму сатысында қоғамдық пікір, тапсырма, пікірталас, өзін - өзі бақылау, өзіне - өзі баға беру т.б. қолданылады.

Сонымен, біріншіден, тәрбие әдістері көмегімен оқушыларыдың әр түрлі іс - әрекеттері ұйымдастырылады, мақсатқа сәйкес бағытталады, олардың адамгершілік тәрбиесі байыйды; екіншіден, тәрбие әдістерінің көмегімен оқушылардың дүниеге көзқарасы қалыптасады, олар қоғамдық өмірге қатысады, тәрбиенің әлуметтік мақсаты іске асырылады.

Барлық тәрбие әдістері бір – бірімен өзара байланысты, өзара тәуелді. Ешбір әдіс тәрбиенің универсальды құралы бола алмайды. Мысалы, оқушыларды әдептілікке тәрбиелеу үшін көбінесе үйрету әдісі қолданылады, дедік. Егер ұжым адамгершілік, мораль элементтерінің ұғымдарымен таныс болмаса, жеке адамның санасын қалыптастыру әдістерін (әңгіме, әңгімелесу, пікірталас, лекция т.б.) пайдалану керек. Бұл ситуацияда пікірталас және әңгіме әдістерінен гөрі, этикалық тақырыптарға әңгімелеу немесе лекция әдістерін қолдану өте қолайлы. Егер оқушылар ұжымының адамгершілік нормасы жөнінде белгілі түсініктері болса, онда пікірталас немесе этикалық әңгімені қолданған жөн. Осы әдістер бойынша адамгершілік нормасы туралы сөз ету, оқушыларға өз бетімен қорытынды шығаруға, дұрыс баға беруге, теріс көзқарастарды сынай білуге көмектескен жөн.

Барлық тәрбие әдістері бір – бірін толықтырады. әдістердің бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етеді, балалардың білімін, іскерлігін және дағдысын тереңдетеді; қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады; жалпы мәдениетін, ой өрісін кеңейтеді.



Пікірталас – тәрбиеленушілерді қызықтыратын әр түрлі тақырыптарға арналған қызу пікір сайысы. Мұндай тәрбиелік әдіс орта және жоғары сыныптарда әр түрлі қоғамдық-гуманитарлық тақырыптарда қолданылады.

Өнеге-өрнек - өте күшті тәрбие әдісі. Бұл әдіс келесі заңдылыққа негізделеді: көру арқылы қабылданатын құбылыстар тез әрі ешбір қиындықсыз санада бекиді.

Талап – бұл тәрбиеленушінің белгілі бір іс-әрекетін тежеп не ынталандырып, жекелей қарым-қатынаста жоғарылайтын, баланың белгілі қасиеттерінің көрінуіне себепші әсер ететін тәрбие әдістерінің бір түрі.

Үйрету – бұл пәрменді жасалатын дағдыландыру. Тез және жоғары деңгейде керекті сапаны қалыптастыру қажеттілігі туғанда осы әдісті қолданамыз.

Жарыс – адамға, қоғамға қажетті сапаларды тәрбиелеуде оқушылардың табиғи, бәсекелестік қасиеттерін бағыттайтын әдіс. Жарысу әсіресе, үлгермеушілер арасында маңызды болып, олардың дамуы үшін қажет болған мақсатты ынталануға жол ашады. Жарысты ұйымдастыруда мына мақсатқа орай ескеру қажет:

  1. жарысты белгілі мақсатқа орай ұйымдастыра білу;

  2. жарыстың бағытын белгілеп, мазмұнын анықтау.



8 - тақырып

ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫ, ОНЫҢ ТҰЛҒАҒА ӘСЕРІ.

Ќарастырылатын мєселелер:

  1. Ұжым –тәрбие құралы.

  2. Ұжымның даму кезеңдері, олардың бір - бірімен сабақтастығы.

  3. Оқушылардың ұжымын құру, ұйымдастыру және дамыту.

  4. Ұжым өмірінде жеке қатынас, өзара жауапкершілік қатынас және

гуманистік қатынастың мәні.
Негізгі тірек ұғымдар:

Ұжым. Топ. Ұжымның белгілері. Болашақ жолдар жүйесі. Қоғамдық пікір.



Пәнаралық байланыстар:

Жалпы психология, философия, әлеуметтану, мәдениеттану.


1. Ұжым –тәрбие құралы.

Ұжым және жеке адам проблемасы қазіргі заманның ең өзекті әлеуметтік проблемаларының бірі болғандықтан педагогика ғылымының да басты мәселесі болып отыр.

Педагогика оқушылар ұжымын ұйымдастыруды және тәрбиелеуді жан - жақты тәрбиенің теориясы мен практикасының негізгі, жетекші проблемалары ретінде қарайды.

Тәрбие теориясының негізгі бір принципі - "ұжымда, ұжым үшін, ұжым арқылы тәрбиелеу" деп анықталған.

Тәрбиенің ең негізгі құралы– мектеп ұжымы, ол - ортақ мақсатпен, іс - әрекетпен, гуманистік қарым - қатынаспен және жоғары жауапкершілікпен біріккен балалар мен ересектердің одағы.

Ұжым проблемасын бірнеше қоғамдық ғылымдар зерттейді. Әлеуметтік ғылымдар саласында "ұжым" ұғымы ең бір маңызды категория болып есептеледі. Әлеуметтік психология адамдардың бір - бірімен қарым - қатынасының барысын анықтайды. Сонымен қатар педагогиканың негізгі категориясы — тәрбиеленуші ұжым, ол ұжымның ерекше типі - өскелең ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Сондықтан ұжым және оның проблемасы, әлеуметтік, күрделі әрі маңызды проблема болған және болып келеді.

Оқушылар ұжымы - тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет.

Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский аса зор көңіл аударып зерттеді.



  • А.В.Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады деді. Оның айтуынша, адам біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс. Тұлға ұжым негізінде ғана дамиды.

  • Н.К.Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп атады. Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым - қатынастарына үлкен мән берді. Балаларды ұжымда өмір сүре және жұмыс істей алатындай етіп тәрбиелеудің қажет екенін ескертті.

  • А.С.Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бірізді педагогикалық теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және іс - әрекеті, қарым - қатынас, дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі болды.

АС.Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен өмір сүре білуі қажет. А.С.Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетті.

1. Ұжым - тәрбиенің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.



  1. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті
    ұйымдастыруға біріктіреді.

  2. Ұжым - барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның
    бөлігі.

  3. Ұжымның өзін - өзі басқару органдары және өкілдері -
    ұйымдастырушылары болады.

Әрбір ұжым — бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжым контактылы ұжым — бұл ұжым белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым — бұл контактылы ұжымдардың бірлестігі, Мысалы, контактылы ұжым — бұл студенттер тобы, негізгі ұжым — факультет т.б.

Қазіргі кезеңде А.С.Макаренко идеясын дамытуда И.П.Ивановтың "Коммунар әдісі" игі әсер етуде. Коммунар әдісінің мәні - ұжым өмірінің айқын бейнесін ұйымдастыру. Онда барлығы өнегелік принципіне, шығармашылыққа негізделеді. Бұл мәселелер И.П.Ивановтың "Коллектившілдерді тәрбиелеу” атты еңбегінде қарастырылған.

Сонымен ұжым – бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен мақсаттылық, іс -әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.


  • В.А.Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде ("Мудрая власть коллектива", "Коллективтің құдіретті күші" ) т.б баяндалды.

ВА.Сухомлинский пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым - қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі, В.А.Сухомлинскийдің қарым - қатынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр. Демек, ынтымақтастық балалармен қарым - қатынас жасаудың нәтижесінде туды. Ынтымақтастық идеялары жаңашыл мұғалімдердің еңбектерінде ғылыми - әдістемелік тұрғыдан қарастырылған.

Біздің елмізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы - мектеп ұжымы баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Мектептегі оқушылар ұжымы — бұл іс - әрекеттермен (оқу, еңбек т.б.) бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі.

Мектеп ұжымының негізінде бірнеше өзара байланысты оқушылар ұжымдарының типтер пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұзартылған күн тобы, клубтар, секциялар оқушылардың еңбек бірлестіктері т.б. Бұлардың барлығын бастауыш ұжымдар деп атайды.
2. Ұжымның даму кезеңдері, олардың бір - бірімен сабақтастығы.

Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезендерін айқындаған А.С.Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс - әрекеттің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара -қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты.

Бірінші кезенде оқушылар ұжымы - жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап іс - әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою - балаларды мінез - құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдайлар бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғары сыныптарында болуы мүмкін.

Бірінші кезең аяқталуы үшін мына мәселелерді еске алған жөн:



  • ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;

  • ұжым іс - әрекетінің дамуы;

  • жеке адам арасындағы қарым – қатынас, іскерлік және
    гуманистік қатынастардың пайда болуы;

  • барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының
    бөлінуі;

Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі - оқушылардың ұжымдық іс - әрекетін ұйымдастыру, оларды әртүрлі іс - әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.

А.С.Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет дейді.

Екінші кезенде ұжым өзін - өзі басқаруға, яғни сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметінен тұрақты ұжым органдарыно көшеді. Сондықтан бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы, жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс - әрекеттерін бақылау т.б.

Мұғалімнің қызметі — коммуникативті, яғни балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш қуатын нығайту.

Ұжымның бұл даму кезеңінде параллельді ықпал жасау принципі қолданылады, яғни тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.

Үшінші кезең - бұдан былай белсенді топтың және ұжым іс -әрекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық (ұжымдық) пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдық, гуманистік қатынастар дамиды, демек, ұжымда тілектестік, бір — біріне ілтипатты болу сияқты болымды қасиеттер пайда болады.


3. Оқушылардың ұжымын құру, ұйымдастыру және дамыту.

Ұжымды ұйымдастыруды неден бастау керек? Ұжым - әлеуметтік жанды тұлға. Сондықтан А.С.Макаренко: "Дұрыс тәрбиелеудің бірден - бір жолы жеке адамды тәрбиелеу деп санамаймын, бүтін ұжымды тәрбиелеу деп санаймын. Өзім де 17 жасымнан мұғалім болдым, өзімде көпке дейін ең жақсысы — жеке оқушыны ұйымдастыру, соны тєрбиелеу, екіншісін, үшіншісін, оныншысын тәрбиелеу, бәрі де тәрбиелі болған кезде олар жақсы ұжым болады деп ойладым. Ал кейін мен жеке оқушымен сөйлеспей-ақ бәріне айту керек, әрқайсысы амалсыз көпшілікпен ортақ әрекетте болатындай форма жасау керек деген қорытындыға келдім. Міне сонымен біз ұжымды тәрбиелейміз, оны шыңдаймыз, оны мықты етеміз, сонан кейін оның өзі үлкен тәрбиеші күш болып алады," — деп ұжымды ұйымдастыруды неден бастау қажеттігін түсіндірген.

Қандай болмасын ұжымды ұйымдастыру негізі оның мүшелерінің қоғамдық ортақ мақсатқа бағытталған ісі болады.

Ұжым құруды мақсат ете отырып балалар ісін ұйымдастыруда ең алдымен педагогикалық міндеттерді шешу керек: іс - әрекетті тондау және сол істің мақсаты мен мазмұнына балаларды қызықтыру.

Оқушылар ұжымы іс - әрекеттің әр түрлі саласында қалыптасады.(еңбекте, ойында, оқуда т.б).

Талап қою ережелерінің педагогикалық негізі — талаптың бір — бірімен байланыстылығы, талап қоюға дайындық, алдын — ала ұжым ережелерін зерттеп білу, бірінші күннің зор шешуші рөлін түсіну, талап түсінікті, нанымды, балалар орындай алатын, нақтылы, жігерлі түрде айтылуы, біртіндеп қиындатылуы, әр талаптың орындалу жолдары және сенімді, дәйекті болуы көзделінеді.

А.С.Макаренко талап қоюдыең алғашқы кездесуді, жалпы оқушылар жиналысын бастаудың пайдалы,нәтижелі екенін көрсетті.

А.С.Макаренко: "Өз тәжірибемде мен өзімнің тәрбиеленушілеріме толық кең түрде, ешқандай жеңілдіксіз талап қойып та отырдым және мүлтіксіз, айқын, тікелей, үзілді — кесілді талап қою педагогиканың дұрыс заңы болуға тиісті деп санаймын" деген.

Белсенділер тобын іріктеп алып жұмыс жүргізу - мұғалім, мектеп талабын іске асырудың негізгі мақсаты, іс - әрекетті ұжымның өміріне пайдаланудың басты жолы болып есептеледі. А.С.Макаренко ұжымды тәрбиелеуде сол ұжымнан шыққан ең алдыңғы топ — мықты активтің рөліне үлкен мән берген, активті ол педагогтардың ең жақын тірегі ретінде қараған.

Белсенділер дегеніміз - балалар мекемесіндегі пайдалы және қажетті резерв, бұл ұжымдағы ұрпақтардың орнын басады, коллективтің стилін, бейнесі мен дәстүрін сақтайды. Өсіп келе жатқан актив қоғамдық жұмыста оқу бітіріп кеткен тәрбиелеушілердің орнын басады, сөйтіп мекеменің біртұтастығы қамтамасыз етіледі.


4. Ұжым өмірінде жеке қатынас, өзара жауапкершілік қатынас және

гуманистік қатынастың мәні.

Қазіргі мектеп ұжымы бір — бірімен тығыз байланысты болатын екі ұжымның - педагогтар және оқушылар ұжымдарының құрамынан тұрады. Тұтас педагогикалық процесс барысында бұл ұжымдардың өзара байланысты әрі сабақтастық қызметі атқарылады.

Қазіргі жағдайда педагогикалық ұжымның негізгі міндеттері қоғамның мектеп алдына қойып отырған әлеуметтік талаптарына байланысты күрделеніп отыр.

Педагогикалық ұжымның ең негізгі тәрбиелік міндеттеріне мыналар жатады:



  • оқушыларды қайта құру ісіне белсенді қатысуға, негізгі әлеуметтік
    қызметтерді жауапкершілікпен орындау үшін мақсаттылыққа
    тәрбиелеу; оқушылардың рухани қажеттілігін және творчестволық
    қабілеттерін, интеллектуалдық потенциалын айқындау және
    дамыту;

  • оқушыларды талаптылық пен инициативаға, іскерлік пен саналы
    тәртіптілікке тәрбиелеу;

  • ұжымды демократияландыру, гуманитарландыру, оқушылардың
    өзін - өзі басқару принциптерін жүзеге асыру.
    Педагогиклық ұжымның жоғарыдағы аталған міндеттері оқушылар

ұжымымен өзара пікірлестік принципі болғанда ғана орындалады. Оқушылар ұжымы - өте күрделі, өзіндік арнайы құрылысы бар әлеуметтік бірлестік. Жалпы білім беретін орта мектеп жағдайында бірнеше оқушылар ұжымы болады: бастапқы ұжым, жеке - жеке сыныптар, жастар ұйымдары, бүкіл мектептік оқушылар комитеті. Оқушылардың талап — тілектері қызығушылығы мен бейімділігіне, мамандық бағыт — бағдарларына қарай әр салалы оқушылар топтары құрылады.

Оқушылардың өзін - өзі басқаруын дамыту, оқушылардың қоғамдық белсенділігін көтермелеу әрқашан мектептің өзекті міндеттерінің бірі болып келді.

Педагогика ғылымының теориясында оқушылардың өзін - өзі басқару проблемасы қоғамдық өзін - өзі басқарудың бір түрі ретінде қарастырылып, болашақ ұрпақты өмірге, еңбекке, қоғамдық жұмысқа дайындаудың маңызды жолы болып есептелінеді. Сонымен бірге өзін - өзі басқару проблемасы жайлы білім беретін мектеп жұмысының әртүрлі кезеңдерінде тұтас педагогикалық процесті жолға қоюдың неғұрлым сипатты ерекшеліктерін бейнелейтін өзіндік ерекшелікке ие болып отырды.


9- тақырып

СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ ҚЫЗМЕТІ.
Ќаралатын мєселелер:

1. Сынып жетекшісінің қызметінің оқу –тәрбие процесінде алатын орны.

2. Сынып жетекшісінің негізгі қызметі мен міндеттері және сынып жетекшісі

жұмысының мазмұны.

3. Сынып жетекшісінің жұмысын жоспарлау және есепке алу.

4. Сынып жетекшісіне қойылатын талаптар.
1. Сынып жетекшісінің қызметінің оқу– тәрбие процесінде

алатын орны.

Сынып жетекшісі өте маңызды да әрі жауапты міндеттерді атқарады. Ол сыныптағы тәрбие жұмыстарының ұйымдастырушысы және оқушылардың ұстазы болып табылады. Сынып жетекшісін тәрбиелі және беделді мұғалімдерден мектеп директоры тағайындайды. Сынып жетекшісіне негізінен мынындай үш түрлі басты мінде жүктеледі:



  1. Өз сынып мұғалімдерінің жұмысын үйлестіріп отыру.

  2. Сыныпта оқушылармен бүкіл тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жүргізіп, оған бағыт беріп отыру.

  3. Мектеппен отбасының байланысын жасау.

Сынып жетекшісі өз жұмысын белгілі бір жүйемен жүзеге асырған жағдайда ғана өзінің мақсатына жетеді және ең жақсы нәтижелерге ие болады. Жан – жақты тәрбиенің мақсаты мен міндеттерінен туындайтын өзара байланысты тәрбие щараларының жиынтығы сынып жетекшісі жұмысының жүйесі деп аталады.Жүйе сынып жетекшісінің оқушылармен жүргізетін барлық жұмысының бағыттарын қамтиды. Яғни саяси идеялық, адамгершілік, дене, эстетикалық, еңбек тәрбиесі т.б.

Сынып жетекшісі өз сабақтарында және басқа сабақтарға қатынасып, сынып жиналыстарында, сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға зер сала бақылау арқылы, оқушылардың өзімен және оның жолдастарымен, ата – аналарымен әңгімелесу арқылы және оқушылар жайлы неғұрлым толық мағлұмат алады.


2. Сынып жетекшісінің негізгі қызметі мен міндеттері және сынып жетекшісі жұмысының мазмұны.

Басты міндетті шешу үшін, сынып жетекшісі оқушыларды зерттеп, оларды жақсы білуі керек.

К.Д. Ушинский “Адам - тәрбие нысанасы ” – деген еңбегінде былай деп жазды: “Егер педагогика адамды жан – жақты етіп тәрбиелегісі келсе, онда педагогика ең алдымен сол адамды барлық жағынан білуі керек”.

Сынып жетекшісі жеке шәкірттер жайлы мынадай мәліметтерді білуі қажет:

А) баланың денсаулығы;

Ә) отбасындағы баланың өмірі мен тұрмыс жағдайы;

Б) баланың ішкі жан дүниесі, рухани байлығы;

В) мінез – құлқын, темпераментін, қабілетін, қызығушылығын, еркін, зейін т.б. психологиялық ерекшеліктерін;

Г) ‰лкендермен, кішілермен, ата – анасымен, жолдас – жораларымен қарым – қатынасы;

Д) моральдық бейнесін, адамгершілік қасиеттерін;

Е) еңбекке көзқарасы;

Ж) эстетикалық талғамдарын, қызығуларын, өнерге, әдебиетке дем қоятындығы;

З) интеллектуалдық дамуын;

И) саяси сауаттылығын;

Сынып жетекшісі оқушыларды зеттеп, білуде әр түрлі тәсілдерді қолданады:

А) бақылау тәсілі (сабақта, сенбіліктерде, сыныптан тыс жұмыстарда);

Ә) єңгімелесу тәсілі (пән мұғалімдерімен, дәрігермен, ата – аналармен,

кітапханашымен, оқушылардың жолдастарымен, өзімен);

Б) анкеталарды толтыру тәсілі;

В) ќұжаттармен танысу (оқушының жеке ісімен, күнделігімен, үлгерім

журналымен);

Г) оқушының шығармашылық жұмысымен танысу тәсілі (шығарма, сурет);

Д) табиғи эксперимент;

Сынып жетекшісі отбасымен жиі қарым – қатынас жасайды, ол ата – аналарға балалардың оқу - жұмыстары туралы мәлімдеп отырулары керек.

Сынып жетекшісі ата – аналармен мынандай жұмыстар жүргізулері тиіс:

А) оқушының отбасына барып тұру, отбасы жағдайын зерттеу;

Ә) ата – аналарды мектепке шақыру, жеке әңгімелесу, ата – аналармен хат алысу, ата – аналар жиналысы;

Б) сұрақ – жауап кештері;

В) ата – аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру;

Г) ашық есік күндері;

Д) пікірталастар;

Е) ата – аналар комитетімен жұмыс жүргізу т.б.


3. Сынып жетекшісінің жұмысын жоспарлау және есепке алу.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспары – педагогикалық құжат. Тәрбие жоспарын құру, оның орындалуындағы жауапкершілік сынып жетекшісіне жүктеледі. Жоспар мынандай педагогикалық талаптарға жауап беруі керек:



  1. жоспардың белгілі мақсатқа бағытталуы;

  2. сыныптағы тәрбие жұмысы мазмұнының, формаларының, әдістерініің әр түрлі болуы;

3) оқушыларды тәрбиелеудің сабақтастығын, жүйелілігін, дәйектілігін қамтамасыз ету.

4) жоспардың нақты болуы;

5) жұмысты келісіп жоспарлау;

Сынып жетекшісінің жоспары мынандай бөлімдерден тұрады:

1) сыныптың қысқаша сипаттамасы және оқушылар жайында жалпы мәліметтер;

2) сынып ұжымы қызметінің негізгі бағыттары мен формалары;

3) тәрбие міндеттері;

4) сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс;

5) ата – аналармен жұмыс;
4. Сынып жетекшісіне қойылатын талаптар.

Сынып жетекшісі басқа мұғалімдерге қарағанда оқушыларға тәрбие беруде өте маңызды міндеттер атқарады. Сондықтан оған педагогикалық талаптар қойылады. Сынып жетекшісіне қойылатын талаптар:

а) жоғары идеялық және қоғамдық саналылық;

ә) жоғары моральдық бедел;

б) педагогикалық шеберлік;

в) мәдени өріс;

г) педагогикалық әдептілік;

д) балаларға деген сүйіспеншілік пен құрмет;

е) ±йымдастырушылық қабілет;

ж) сынып жетекшісінің мамандығын арттыру;

з) тәрбие жұмысына шығармашылық көзқарас.
10- тақырып.

ОТБАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ
Ќаралатын мєселелер:


    1. Мектеп– тәрбие жұмысының орталығы.

    2. Отбасы - адам баласы тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.

    3. Отбасы тәрбиесінің кейде сәтсіздікке ұшырауының себептері.

    4. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының формалары.


1. Мектеп– тәрбие жұмысының орталығы.

Мектеп - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп ешуақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, өз бетінше жеке автономиялық мекеме болаған емес. Сондықтан оның іс - әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен табиғи байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік функциясы осында.

Мектеп тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру рөлін атқарады. Ол ішкі тәрбие процесін басқарып қана қоймайды, сонымен бірге мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан мектеп балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың, жеке адамның дамуында және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын үйлестіріп, біріктірудің орталығы.

Мектепте іс - әрекеттің ең бастысы – тәрбие түрлерінің (дүниетаным, еңбек, мінез – құлық, эстетикалық және дене тәрбиесі) мақсаттары және міндеттері жүзеге асырылады.

Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары көптеп саналады. Олар: ата – аналармен жұмыс: сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің үйелменмен жұмысы; сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары. Осы жұмыстардың барлығына мектеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.

2. Отбасы - адам баласы тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.

Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.

Отбасы оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөніндегі мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені, бала тәрбиесінің отбасыда, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.

Отбасы тәрбиесі – бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата – аналардың борышы. Өкімет отбасына үнемі қамқорлық жасауда. Оған дәлел: балалар мекемелері жөніндегі халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балаларды еңбек, спорт лагерьлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми – техникалық және көркем шығармашылық үйірмелерінің жұмысын кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.

Отбасында басты мәселелердің бірі – баланың ттіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу - әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.

Бала өмірін және іс - әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі – ұтымды ырғақ жасау. Күн ырғағы өмір тәртібі, еңбекпен демалыстың парасаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптарды орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру.

Күн ырғағын жасауда ата – ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағының бірлігін еске алуы тиіс. Отбасыда күн ырғағының негізгі құрамды элементтері – еңбек, демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, ұйқы т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет. Күн ырғағын сақтау негізінде мидың үлкен жарты шарының қабында шартты рефлекстер жүйесі (динамикалық стереотип) пайда болады. Мысалы, бала белгілі бір уақытта ұйықтауға үйренсе, оның ми қабында тежелу процесі басым болады да тез ұйқыға кіріседі. Сондықтан, ата – аналар белгілі бір уақытта сабаққа дайындалуға, ұйықтауға, тұруға үйретулері, яғни, ырғақ элементтері берік орындалуы тиіс.

Балалардың бос уақыты – бұл шығармашылық елігу, қызығу дүниесі. Бала бос уақытында қоғамдық пайдалы істерге, спорт ойындарына, кинофильмдерге, спектакльдерге қатысады. Көптеген отбасыларда ата – аналардың балаларымен бірігіп серуендеуі ізгі дәстүге айналды.

Отбасыда балалардың тәрбие процесіне табысты ықпал жасауда басқа да жағдайларды сипаттайтын белгілерді атауға болады. Оларға мына мәселелері жатады:

1. Отбасының этикалық құрамы және құрылымы: толық емес отбасы, бір балалы, көп балалы отбасы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы.

2. Тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік құрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл – ауқаты, селодық және қалалық отбасы.

3. Отбасының мәдени потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті,күн ырғағы, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаттарын пайдалана білуі, спортпен айналысу, отбасылық дәстүрлік мерекелер.

4. Ішкі отбасылық қатынастар микроклиматының сипаттамасы, үйелменде көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне көз қарасы.

5. Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысы.

6. Отбасының тәрбиелік потенциалы: отбасылық тәрбие, қолданылатын әдістер, ата –аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі.

Отбасының өзіне тән ерекше функциялары бар. Олар халықтың өсуі, адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыру, қажетті шаруашылық функциясы, отбасы мүшелерінің өзара және туған – туысқандарымен қатынас жасау функциясы.


3. Отбасы тәрбиесінің кейде сәтсіздікке ұшырауының себептері.
Үйелмендік тәрбие бірқалыпты жағдайда іске асырылып, отырмайды. Зеттеу мәліметтеріне қарағанда отбасылық тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының басты себебі – үлкен адамдардың педагогикалық көзқарастарының қауқарсыздығынан болады.

Біріншіден отбасында болатын өктемдік баланы өзін өзі билеушілігінен айырады, әрбір қадамына бақылау жасайды, ол өз күшіне мүмкіншілігіне сенімсіз және ішкі жай – күйі төмен болады.

Екіншіден, баланы еркелетушілік, бетімен жіберушілік ата – аналардың бәрін кешірушілік сүйіспеншілігіне байланысты. Баланың жетегіне түсіп еркіне жіберушілік өзімшілдікке тәрбиелейді.

Үшіншіден, әке мен ананың және басқа отбасы мүшелерінің тарапынан бірыңғай талаптың жоқтығы. Осының нәтижесінде ата – аналарды немесе ересек отбасы мүшелерінің көзқарастарындағы алалықты пайдалнып, бала екі жүзді және жағымсыз нәрсеге бейім болып өседі.

Төртіншіден, ата – аналар балаларды еркімен қарым – қатынас жасаудан, өмірден аулақтауға тырысады, бөгет жасайды. Бұл баланың қалыптасуына, дамуына залалды әсер етеді.

Бесіншіден, егер әке мен ана өз баласының іс - әрекетіне немқұрайды, жауапсыздықпен қараса, онда соны пайдаланып, кездейсоқ, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіндік алады.

Біздің халқымыздың отбасы жағдайында жас ұрпақ тәрбиесіндегі жетекші буын ата мен әже іс - әрекетінің төңірегінде шоғырланған. Себебі, отбасында әке мен шеше негізгі еңбек иелері, отбасы қажеттілігін қамтамасыз етушілер. Ал ата мен әженің өмір тәжірибесі өз дәрежесіне даналық ақыл – ойдың, орында дүниетанымының, талғамның, денсаулық бағбанының, орынды тәртіп пен мінез құлықтық мектебі болып табылады.

Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының формалары.

Мектеп оқу – тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасайды, ата – аналарды, барлық жұртшылықты қатыстырады.

Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бірнеше формалары бар. Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы ата – аналар жиналысы. Онда көптеген мәселелер, мысалы, күнделік өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бол уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланады, оларды одан әрі жетілдірудің нақты формалары қарастырылады.

Байланыс формаларының бірі – педагогтардың оқушылар үйіне баруы. Мақсат: оқушылардың үй жағдайымен, күнделік өмірімен, тұрмысымен танысу, оқу және тәрбиеге байланысты әртүрлі тақырыптарда ата – аналармен әңгіме өткізу, пікір алмасу.

Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының тағы бір формасы педагогикалық насихат, яғни ата – аналарға педагогикалық білім беру.

Қазір ата – аналар және қалыњ бұқара арасында психологиялық және педагогикалық білімді насихаттаудың маңызы өте зор. Насихат жұмысы оқыту мен тәрбие міндеттерін шешуде болымды әсер етеді. Н.К.Крупская өзінің еңбектерінде ата – аналарды педагогикалық минимуммен қаруландырудың қажет екенін бірнеше рет айтқан болатын.

Ата – аналардың тәрбие жұмысы процесінде жеке адамның қалыптасуына ықпалы, олардың жалпы және педагогикалық мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық – психологиялық білім негіздерімен ата – аналарды қаруландыру мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі.

Мектептің ата – аналар комитеті мұғалімдерге, ата – аналарға көмектеседі, балалардың демалысын, қиын отбасыларды шефке алуды, балалардың тұрған жеріндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады. Ата – аналар жиналыстарын, олардың конференцияларын, пікірталастарды, балалар мерекелерін өткізудің дайындық жұмыстарына қатысады.

Мектептің, отбасының, бүкіл халықтың және мемлекеттің негізгі мақсаты- қазіргі заманның талаптарына сай балаларды және жастарды тәрбиелеу, оларды мамандық таңдауға, арнайы орта және жоғары оқу орындарына түсуге халық шаруашылығының салаларында еңбек етуге даярлау.

Міне, осы тұрғыдан тәрбие бүкіл жұртшылықтың ісі болып отыр.



11 - тақырып

ЭТНОПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА
Қарастырылатын мәселелер:

1.Этнопедагогика – жалпы педагогика ғылымының құрамды бөлігі.

2. Халық педагогикасы жайлы жалпы ұғым және әртүрлі көзқарастар.

3. Адамзат тәрбиесіндегі халық педагогикасының рөлі.

1.Этнопедагогика – жалпы педагогика ғылымының құрамды бөлігі.

Этнопедагогика белгілі бір халықтың , тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік, мәдени мұрасы. Этнопедагогика ғылымы екі саладан тұрады:



  1. Халықтың ауыз әдебиеті мен салт – дәстүрлерінен құралған ауыз әдебиеті.

  2. Ұлттық тәлім – тәрбиенің жазу мәдениетіндегі көрінісі.

Ғылымда жеке бір халықтың, тайпаның этностық ерекшеліктерін айқындайтын ғылыми салаларына “этнос” түбірі қолданылады.

Қазақ этнопедагогикасының негізгі саласы - әдеп.

Қазақ этнопедагогикасының қайнар бұлағы – біздің заманымызға дейінгі дәуірден бастау алады.

Қазақтың жазу мәдениеті арқылы белгілі болған ұлттық педагогикалық ойлардың тарихы ертедегі тас жазулардан (Күлтегін, білге қаған т.б.) басталады.

Қазақтың жазу мәдениетінде Қорқыт атаның, тәрбиелік мәні зор жырлары мен мақал – мәтелдері, Әл – Фарабидің ұлттық мәдениет пен ғылым, білім, поэзия, музыка жөніндегі тұжырымдары, Ахмет Яссауидің діни тәрбиенің мәні туралы ойлары, Жүсіп Баласағұнидің кемелді ел басќару жолдарын көрсетуі, Мұхаммед Хайдар Дулатидың ұлы тәлімгерлік ойлары, Абайдың өсиеттері, Ыбырайдың педагогикалық ойлары, Шоқанның ел мәденитін арттыру үшін істеген әрекеттері, Байтұрсыновтың ұлттық білім беру жүйесі, Жұмабаевтың қазақ педагогикасын түзуі, Ж. Аймауытовтың қазақ психологиясы ғылымын жетілдіру, кейінгі ғалымдардың қазақ этнопедагогикасын ғылым ретінде қалыптастырып, пән ретінде оқытуға ұсынуы ұлттық педагогиканың, яғни қазақ этнопедагогикасының дамып қалыптасу жолдарын көрсетеді.

Этнопедагогика дегеніміз – ұлттар мен ұлыстардың атадан балаға мирас болған тәлім – тәрбиелік тәжірибе жүйесін зерттейтін ғылым.


2. Халық педагогикасы жайлы жалпы ұғым және әр түрлі көзқарастар.
Халық педагогикасы жайлы ұғымды анықтау, әр түрлі ғылыми – педагогикалық көзқарастарды қалыптастыру поблемаларына көптеген ғалымдар, педагогтар көңіл аударды, құнды пікірлер айтты.

Олар орыс педагогтары К.Д. Ушинский, Н. Крупская, А.С Макаренко, В.А Сухомлинский, В.Н. Водовозов, Г.С. Виноградов, чуваш педагогы Г.Н Волков, татар педагогы Я.И Ханбиков, азербайжан педагогы А.Ш Гашимов, грузин педагогы А.Ф Хинтибидзе, қырғыз ғалымы академик А.Ә Измайлов, қазақтың көрнекті педагогы Ы.Алтынсарин, қазақтың асқан ақыны, педагог М. Жұмабаев т.б.

Халықтық педагогика дегеніміз - әр этностық белгілердің қолданылу сипатындағы жинақталған тәлім – тәрбиелік білімдердің жүйесі.

Халық педагогикасының тарихын зерттеу, оның мағлұматтарын бүгінгі және болашақ ұрпақтың игілігіне айналдыру, салт – санамызды, әдет – ғұрпымызды, ұлттық дәстүрімізді өскелең өмір талаптарына сай жүзеге асыру - аса басты міндеттердің бірі.

Халық педагогикасының мақсаты – бірнеше ғасырларға созылған халық тәжірибесіне сүйене отырып, болашақ ұрпақты еңбекке, өмірге дайындау, өнер, білімге баулу, бүкіл елдің қамын ойлау сияқты ең жоғары адамгершілік, имандылық қасиеттерге тәрбиелеу.

Халық педагогикасының негізіне халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халық ойындары, отбасы тәжірибелері т.б. жатады.


3. Адамзат тәрбиесіндегі халық педагогикасының рөлі.
Қай заманда болмасын ұрпақ тәрбиесі адамзаттың парызы.

Әрбір халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын жас түлектерді ғасырлар бойы тәрбие әдістері мен тәсілдерін қолданып, өмір тәжірибесі сынынан өткен әдептілік, сыпайылық, адалдық, инабаттылық, іскерлік, мейірімділік, қайырымдылық, еңбек сүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қасиеттерді олардың бойына сіңіреді.

Халықтың даналық ойлары халық педагогикасының негізі болған. Халық даналығы мақал – мәтел, ертегі, өлең – жыр түрінде, ақын – жыраулардың, шешендердің сөздері, толғау, өсиет өлеңдері арқылы баяндалып отырған.

Халық педагогикасының құрамды бөліктері қазақтың ұлттық ойындары, мақал – мәтелдер, жұмбақтар, ауызша есеп т.б. ерте заманнан бастап жас өспірімдердің ой - өрісін, зеректігін дамыту және тапқырлығы мен шешендігін анықтау үшін тәрбие құралы түрінде қолданып келді.




12- тақырып

ДИДАКТИКА


ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНІҢ МӘНІ, ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ
Қарастырылатын мәселелер:

  1. Дидактика пәні және категориялары

  2. Оқыту процесінің мәні, оның ерекшеліктері мен қызметі


1. Дидактика пәні және категориялары

Дидактика – педагогикалық маңызды саласы. Дидактика (didaktikоc – оқытушы, didasko –оқушы) ұғымы грек тілінен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз.

Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571–1635). Сол мағынада бұл ұғымды чех педагогы Я.А. Коменский пайдаланып, 1657 жылы өзінің “Ұлы дидактика” еңбегін жарыққа шығарады. Оның ойы бойынша, дидактика “нені оқыту” және “қалай оқыту керек” деген сұрақтарға жауап береді. Заманауи ғалымдардың зерттейтін сұрақтары: кімді, қашан, қайда, неге оқыту.

Қазіргі түсінік бойынша, дидактика –білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп те аталады. Дидактиканың зерттеу пәні – оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелері.

Зерттеу пәні аясында жалпы және жеке дидактикалар айқындалады. Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерін қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұнын, барысын, түрі мен әдістерін зерттеуіне қарап оқыту әдістемесі деп аталады. Мысалы, математиканы оқыту әдістемесі, тарихты оқыту әдістемесі.

Дидактика әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми – теориялық және қолданбалы қызметтер орындайды. Дидактиканың ғылыми – теориялық қызметі: білім беру мен оқыту процестерінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу. Дидактиканың қолданбалы қызметі: білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендіру, оқыту принциптерін белгілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу.

Дидактика (тәрбие, педагогтік іс –әрекет, білім беру) пайдаланылады. Сонымен қатар педагогиканың жалпы категорияларыннан, (міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі) басќа дидактиканың өз категориялары да бар: білім беру, оқыту, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі, мақсаты. Кейбір категорияларға анықтама берейік.

Оқыту – оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын–ала жоспарланған іс әрекет.

Оқыту мазмұны– өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжірибесінің бөлшегі. Ол – оқытудың нәтижесі болатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.


2. Оқыту процесінің мәні, оның ерекшеліктері мен қызметі

Оқыту процесі – білімді, біліктілік пен дағдыны меңгеретін, оқушылардың дүниетанымын, күш қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс–әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана–сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.

Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне назар аударайық.

Оқыту – мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.

Оқыту – таным процесі. Танымдық ерекшелігі - оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.

Оқытудың міндеті – оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп, дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі.

Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым тарихымен, оның әдістерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады.

Оқыту – даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан–жақты жетілуін түйістіреді.

Оқыту –екі жақты процесс. Оқыту - оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту – мұғалімнің білім берудегі негізгі іс–әрекеті болса, оқу – баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті. Сөйтіп, оқушының таным әрекеті мұғалімнің басшылығы арқасында ғана жүзеге асады.

Оқыту – жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен мұғалімнің және арнайы жазылған оқу құралдарының көмегіне сүйене отыра меңгереді.

Сөйтіп, оқыту процесі оқушылардың жас ерекшеліктерінің сәйкестігін ескере отырып, таным қызметінің формасы мен әдістерін соған орай өзгертіп отырады.

Оқыту – бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл–ойы мен творчестволық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнісі, жеке тұлғаға біртұтас (комплексті) ықпал жасауды көздейді. Осы негізде, оқыту процесінің бірінші қызметі – оқушыларға білім беру.

Білім беру, біріншіден, ғылым негіздеріне сай оқушыларды нақты фактілермен, қағида және түсініктермен, заңдылықтармен қаруландыруды қамтамасыз етсе, екіншіден солардың негізінде, айналасындағы әр түрлі құбылыстарға олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

Екінші қызметі – тәрбиелеу. Оқыту барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыту. Сонымен бірге оқыту барысында тәрбиенің мақсат, міндеттері және мазмұны мен тәсілдері анықталады. Оқытуда тәрбие мен оқытудың байланысы біржақты қарастырылмайды, керісінше біртұтастық принципке негізделіп, бірлікте қолданылады. Демек, тұлғаға білім бере отырып, оны тәрбиелейміз, тәрбиелей отыра білім береміз. Сөйтіп, тәрбие процесі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқытудың барысына қолайлы ықпал етеді, соның негізінде тұлғаның танымдық қызметі мен оқуға деген қызығушылығы артады.

Үшінші қызметі – дамыту. Оқыту барысында оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл – ойы, сана – сезімі, шығармашылық қабілеті т.б. көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына, біліктіліктері шыңдалып, қабілеттерінің артуына оң әсер етеді. Демек, тұлға жан –жақты қалыптасып дамиды (байқағыштығы, ойы, есі, қиялы секілді психикалық процестері де қарастырылады).

Даму қызметінің ерекшелігі сол, ол өз алдына жеке өмір сүрмейді, керісінше оқытудың білім беру мен тәрбиелеу қызметінің жалғасы боп есептеледі. Сондықтан, дамудың қарқынды, жан –жақты әрі, терең болуы білім беру мен тәрбиенің қандай дәрежеде іске асырылуына байланысты. Бұдан шығатын қорытынды, оқытудың білім беру мен тәрбиелеу қызметінің негізі болып саналса, даму өз алдына олардың қызметінің нәтижелі болуына қолайлы ықпал етеді.

Дидактикада “Жетілдіре оқыту” процесі 1960 жылдардан бастады. Осы негізде Л.В. Занков, Н.А.Менчинская, Д.Б. Эльконин, В.В.Давыдов, М.А.Данилов, М.Н. Скаткин еңбектерінде, оның жолдарын шешу үшін әртүрлі принциптерді ұсынады. Солардың ішінде Л.В.Занков оқу процесі арқылы білім беруді қарқынды ұйымдастыру, оқушылардың оқуды саналы меңгеруін қамтамасыз ету ережесін ұсынды.

Бұл, дамуда тек ойды қалыптастырумен ғана емес, ол тұлғаның дамуына оңтайлы әсер етеді.
13– тақырып

ОҚЫТУ ПРОЦЕСІ, ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Қарастырылатын мәселелер:

1.Оқыту процесінің қозғаушы күштері

2. Оқыту процесінің негізгі кезеңдері.

3. Оқытудың түрлері.
Оқыту процесі – тәлім –тәрбиелік қарым–қатынастарды ұйымдастырудың тәсілі. Оқыту процесін ұйымдастыратын педагог. Оқыту процесі –бірнеше элементтен құрылатын жүйе. Педагогикалық процестің үш құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік, психологиялық.

Педагогикалық процесің педагогикалық құрылымы: мақсат – принциптер –мазмұн –әдістер –құралдар– түрлер.

Мақсат –ұстаз бен шәкірт арасындағы педагогикалық қатынастардың нәтижесі. Принциптер мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Мазмұн – мақсатқа жету жолында оқушыларға берілетін тұлғалар тәжірибесінің бөлігі. Әдістер–мұғалім мен оқушының мазмұнды жетілдіру –қабылдауға арналған іс–әрекеттері. Құралдар – мазмұнмен жұмыс жасайтын материалдық тәсілдер мен әдістер.

Педагогикалық процестің әдістемелік жүйесін жасау үшін мақсат бірнеше міндеттерге бөлінеді. Әрбір міндет ұстаз бен шәкірт іс –әрекеттерінің кезеңдерін анықтайды. Мысалы, сабақтың әдістемелік құрылымы: сабаққа дайындалу, сабақты өткізу, сабақты талдау; экскурсияның әдістемелік құрылымы: дайындық, керекті жерге бару, бақылау, көргенді бекіту, нәтижелі талдау.

Педагогикалық процестің психологиялық құрылымы: танымдық процестер (қабылдау, ойлау, есте сақату, ақпарат сіңіру), оқуға қызығушылық (оқуға қызығуды, қабілетті, ынтаны айқындау), қуат (көтеріңкі не түсіңкі дене мен жан күш–қуаты, белсенділік, еңбекқорлық не шаршау динамикасы).

2. Оқытудың мазмұны. Жас ұрпақты ғылымның жетістіктерін меңгеруді, білімдерін дамытуды міндеттейді. 3. Оқыту формалары мен тәсілдері. Оқыту мазмұнын қандай амал–тәсілдермен, нақтылы практикалық жолдармен меңгеруді баяндайды. 4. Оқыту нәтижесін талдау және бағалау. Мұғалімнің және оқушының оқу әрекетінің құрылымын бірлесе отыра сараптама жұмыстарын жүргізуі, оқушылардың оқу әрекетінің сапасына көзқарасын білдіріп, бағалап және білім деңгейін тексеріп отыруы. Оқушылардың өзін–өзі қадағалап, тексеріп отыруы.

Мектеп тарихының бастапқы кезеңінен оқыту, білімдер жүйесін оқушылардың меңгеруі белгілі бір дидактикалық буындардан немесе кезеңдерден тұрады:

1. Оқушыға берілетін білім мақсаты мен қажетін түсіндіру және оларды әрекетке бағыттайтын мотивтерді туғызу. Осыған орай оқу міндеттерін (тапсырмаларды) анықтау.

2. Оқушыға жаңа берілетін білімді баяндау және оны қабылдауға жағдай туғызуы.

3. Оқушының білімді қабылдауы және оның санасында жаңа білімнің қорытылып, ғылыми ұғымдар мен тұжырымдардың қалыптасуына мүмкіндік беру.

4. Берілген білімді бекітуге басшылық ету.

5. Білімді практикада қолдануға қаракет ету.

6. Оқушының білімі мен дағдысының сапасы және деңгейін есепке алу, тексеру және бағалау.


: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет