Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат



жүктеу 2.62 Mb.
бет1/9
Дата28.04.2016
өлшемі2.62 Mb.
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
: CDO -> 2011-2012
CDO -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
CDO -> Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев
CDO -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
2011-2012 -> Жас өспірімдер физиологиясы мен мектеп гигиенасы пәнінен
2011-2012 -> «Жаратылыстану негіздері» пәні бойынша 050102- «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі»
2011-2012 -> Лекция: 45 сағат Семинар: 15 сағат СӨЖ: 60сағат обсөЖ: 60 сағат Барлық сағат саны: 180
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

«Сырдария»университеті


«Гуманитарлық білім» факультеті
« География және қоғамдық пәндер » кафедрасы

«Дүние жүзінің шаруашылық географиясы» пәні бойынша


050116 - «География» мамандықтарының студенттері үшін


Оқу-әдістемелік кешен

(Силлабус)

Оқу түрі: күндізгі

Курс: 3 - 4, кредит саны 3

Лекция: 45 сағат

СӨЖ: 45 сағат

ОБСӨЖ: 45 сағат
Барлық сағат саны: 135 сағат

Қорытынды бақылау: емтихан (40 балл)


Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)

Барлық балл саны: 100 (кредитке)

Жетісай - 2008

Құрастырған: аға оқытушы Исмайлова Кулайым Бердалықызы




ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН


(Силлабус)

«Дүние жүзінің шаруашылық географиясы» пәні бойынша

050116 - «География» мамандықтарының студенттері үшін әзірлеген


Оқу-әдістемелік кешен Университет Ғылыми кеңесінде бекітілген оқу бағдарлама негізінде құрастырылған.

Оқу-әдістемелік кешен кафедра мәжілісінде талқыланған


№ Хаттама________ «________» 2008ж

Кафедра меңгерушісі ______________


Факультеттің әдістемелік кеңесінде мақұлданған
№ Хаттама________ «________» 2008 ж

Әдістемелік кеңесінің төрағасы:_______________________


Университеттің Ғылыми кеңесінде мақұлданған
№ Хаттама ________ «______» 2008 ж

050116 – мамандығын дайындайтын кафедра

меңгерушісімен келісілген _____________________________

Мазмұны


  1. Алғы сөз …….………………………...................................................

  2. Жалпы мәліметтер ……………………..............................................

  3. Курстың мақсаты мен міндеті .....……………………………………

  4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері .....…………................

  5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме..........................................................

  6. Оқу сабақтарының құрылымы .…………………………....................

  7. Студентке арналған ережелер ..……………………............................

  8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып

бойынша бөліну кестесі .……….........................................................

  1. Лекция сабақтарының мазмұны ..........................................................

10. ОБСӨЖ жоспары және орындау кестесі ............................................

11. СӨЖ жоспары және орындау кестесі ..................................................

12. Студенттердің білімін бақылау түрлері: .............................................

а) бақылау сұрақтары

б) тест сұрақтары

13. Студенттердің академиялық білімін

рейтингтік бақылау жүйесі .....................................................................

14. Пән бойынша оқу процесінің картасы ...………………......................




Алғы сөз


Оқу әдістемелік кешен «Дүние жүзінің шаруашылық географиясы» пәні бойынша 050116 «География» мамандықтарының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрылым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.

ОБСӨЖ – оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы, СӨЖ- студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.

II. Жалпы мәліметтер.

Аға оқытушы Исмайлова Кулайым Бердалықызы


«География» кафедрасы №1 корпус, 4-этаж, 46 кабинет

Телефон: - 229

Кафедрада болу уақыты: 9.00-18.00
Өткізу уақыты және орны




Аты-жөні

Сабақты өткізу, орны

Байланыстырушы мәлімет

Аудиториялық сабақтар

СӨЖ




1

Исмайлова К.Б.

Уақыты __________

Ауд ______28




Уақыты _______

Ауд __28_______



Тел:___________

Каб:___________

Корпус:________


III. Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері

Пәннің мақсаты: Дүние жүзінің шаруашылық географиясы – жалпы дүние жүзінің, сонымен қатар оның жеке аймақтары мен елдерінің халқы мен шаруашылығының орналасу және даму заңдылықтарын зерттейтін қоғамдық географиялық ғылым. Адам мен қоғамның өзара іс- әрекетін, адамзаттың ғаламдық проблемаларын және халықаралық қатынастарды қамти отырып, дүние жүзілік саясат пен экономикадағы – ТМД елдері мен Қазақстанның орны мен ролін салыстыру арқылы, бұл пән қазіргі кезеңдегі әлемнің жалпы даму сипатын дұрыс ұғынуға көмектеседі. Дүние жүзілік әлеуметтік- экономикалық мәселелерді географиялық тұрғыда қарастыру барысында осы заманғы әлемдік өмірімен өте тығыз байланыстағы, әрі география пәндерін тәмамдайтын курс болуы себепті- «Дүние жүзінің шаруашылық географиясы» бүкіл осы ғылым жүйесінің негізгі желісі және қорытындылаушы бөлігі болып табылады.
.Пәннің міндеті:Аталмыш оқу курсын оқып- тыңдауда студенттің білімі мен біліктілігне қойылатын талаптар


  • Әлемнің және оның жеке аймақтарының саяси картасы мен олардың қалыптасу кезеңдері;

  • Геосаясат және геоэкономиксы мәселелері. Аймақтар мен елдердің геосаяси, экономикалық және транспорттық географиялық жағдайларының жәй- күйі;

  • Дүние жүзінің және оның аймақтарының табиғат жағдайлары мен ресурстары. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері;

  • Әлем халықтарының ұдайы өсу және таралып орналасу заңдылықтары, жекелеген аймақтар халқының құрамы, мәдениеті мен тұрмыс- салты. Демографиялық мәселелер;

  • ҒТР кезеңіндегі дүние жүзілік шаруашылық және географиялық еңбек бөлінісі. Аймақтар мен жекелеген елдердің территориялық және салалық шаруашылық құрылымы. Дамыған және дамушы елдер;

  • Адамзаттың ғаламдық және аймақтық проблемалары, олардың туындауының басты себеп- салдары,

  • Халықаралық экономикалық қатынастар. Аймақтық және мемлекетаралық интеграция. Халықаралық ұйымдар мен экономикалық одақтар.



IV. Курстың пререквизиттері және постреквизиттері




Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өткізілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

1

Өндірістің техникалық негіздері

Шетелдік Орта Азияның физикалық

географиясы



2

Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық географиясы

Дүние жүзінің қазіргі саяси мәселелері



V. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме


Кредит саны

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

Семестр

Қорытынды бақылау

Лекция

СӨЖ

ОБСӨЖ

№1кредит

135

45

45

45

7

Емтихан


VI. Оқу сабақтарының құрылымы:
Жұмыс бағдарламасында сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөл-інген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.

Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет



ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.

Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.

Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құраст-ыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.


VII. Студентке арналған ережелер (Rules):


  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

  3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.

  4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтіледі.

  6. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.




VIII.Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып

бойынша бөліну кестесі.




Лекцияның тақырыбы

Лекция

СӨЖ

ОБСӨЖ

1 тарау. Дүние жүзінің шаруашылық географиясына кіріспе





Кіріспе.

1

1

1



Дүние жүзілік шаруашылықтың даму кезеңдері

1

1

1

3

Халықаралық еңбек бөлінісі және дүниежүзілік шаруашылық



1

1

1

4

Ғылыми – техникалық революция және өндіргіш күштердің орналасуы




1

1

1

5

Энергетика

1

1

1

6

Өңдеуші өнеркәсіп

1

1

1

7

Ауыл шаруашылығы


1

1

1

8

Көлік


1

1

1

9

Халықаралық экономикалық байланыстар


1

1

1

2 тарау Еуропа елдерінің шаруашылығы


10

Дамыған елдердің шаруашылық географиясы


1

1

1

11

Дамушы елдердің шаруашылық географиясы

1

1

1

12

Еуропа елдерінің шаруашылық географиясы




1

1

1

13

Германияның шаруашылық географиясы




1

1

1

14

Ұлыбританияның шаруашылық географиясы




1

1

1

15

Францияның шаруашылық географиясы




1

1

1

16

Италияның шаруашылық географиясы




1

1

1

17

Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдерінің шаруашылық географиясы




1

1

1

18

Солтүстік Еуропа елдерінің шаруашылық географиясы




1

1

1

19

Орта Еуропа елдерінің шаруашылық географиясы. Нидерландының шаруашылық географиясы.




1

1

1

20

Оңтүстік Еуропа елдерінің шаруашылық географиясы
Испанияның шаруашылық географиясы

1

1

1

21

Шығыс Еуропа елдерінің шаруашылық географиясы




1

1

1

22

Чехияның шаруашылық географиясы


1

1

1

3 тарау. Шетелдік Азия елдерінің шаруашылығы.

23

Шетелдік Азия елдерінің шаруашылық географиясы


1

1

1

24

Оңтүстік – Батыс Азия елдерінің шаруашылық географиясы


1

1

1

25

Азиядағы мұнай экспорттаушы елдердің шаруашылық географиясы











26

Түркияның шаруашылық географиясы











27

Оңтүстік Азия елдерінің шаруашылық географиясы


1

1

1

28

Үндістанның шаруашылық географиясы











29

Азияның жетекші елі Жапонияның шаруашылық географиясы




1

1

1

230

Азияның жетекші дамушы елі- Қытайдың шаруашылық географиясы




1

1

1

231

Азиядағы жаңа индустриялды ел Корея Республикасының шаруашылық географиясы




1

1

1

4 тарау Американың жоғары дамыған және Латын Америкасының дамушы елдерінің шаруашылығы


32

Американың жоғары дамыған елі АҚШ –тың шаруашылық географиясы





1

1

1

333

Канаданың шаруашылық географиясы




1

1

1

334

Латын Америкасының дамушы елдерінің шаруашылық географиясы




1

1

1

335

Бразилияның шаруашылық географиясы




1

1

1

336

Орта Америка немесе Мезоамерика елдерінің шаруашылық географиясы


1

1

1

337

Анд елдерінің шаруашылық географиясы


1

1

1

38

Ла – Плата елдерінің шаруашылық географиясы


1

1

1

5 тарау Африканың дамушы елдерінің шаруашылығы




39

Африканың дамушы елдерінің шаруашылық географиясы




1

1

1

40

Солтүстік Африка елдерінің шаруашылық географиясы










41

Батыс Африка елдерінің шаруашылық географиясы




1

1

1

42

Орталық (Экваторлық) Африка елдерінің шаруашылық географиясы





1

1

1

43

Шығыс Африка елдерінің шаруашылық географиясы




1

1

1

44

Оңтүстік Африка елдерінің шаруашылық географиясы





1

1

1

6 тарау Аустралия және мұхиттық аралдардағы елдердің шаруашылығы

45

Аустралия және Мұхиттық аралдары елдерінің шаруашылық географиясы

1

1

1



Барлығы :

45

45

45



Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

«Сырдария » университеті

«Гуманитарлық білім» факультеті


« География және қоғамдық пәндер» кафедрасы

«Дүние жүзінің шаруашылық географиясы» пәні бойынша


050116 - «География» мамандықтарының студенттері үшін

Лекцияның Қысқаша курсы

Жетісай – 2008 ж




IX. Лекция сабақтары

Кредит№ 1.
Лекция №1
Тақырыбы: Кіріспе

(1 сағат)

Жоспар:1. Курстың – географиядағы алатын орны мен маңызы, пәнаралық байланысы.

2. Дүние жүзінің шаруашылық географиясының географиядағы алатын орны.



Пайдаланатын әдебиеттер:
а) негізгі:

1. Т.О. Увалиев Дүние жүзініңқазіргі саяси картасы. Алматы, 1998 ж.

2. Ахметов Е., Увалиев Т., Ахметов Қ. Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы. Алматы, 2006 ж.

3. Копылов В.А. География промышленности М.., 1999г.

4. Кузнецов А.П. География : население и хозяйство мира. М.., «Дрофа», 1998г.

5. Увалиев Т.О. Халықаралық ұйымдар (оқу құралы) – Алматы, 2000ж.

6. И.А.Родионова, Т.М.Бунакова Экономичесая география. М,2001г.

7. Максаковский В.П. Экономическая и социальная география мира. Методическое пособие. – М.., 2004г.

8. Шлемова Н.А. Экономическая и социальная география: Азия, Африка, Латинская америка. – Алматы, 2001г.

б) қосымша

9.Т.О. Увалиев, А.М. Полтушев Международные организации ООН и Казахстан (учебное пособие). Алматы, 1997г.

10.А:П. Кузнецов Хрестоматия по экономической географии зарубежных стран Москва, 1985г.

11.И.В. Лиева Экономическая география зарубежных стран. Москва, 1984г.

12.И.С. Иванова Страны мира Москва, 1999г.

13.Ю.Г. Липец География мирового хозяйства Москва, 1999г.

14.А.П. Кузнецов География население и хозяйство мира Москва, 1998г.

15.В.А. Копылев География промышленности Москва, 1999г.

16.С.Б. Лавров, Ю.Н. Гладкий Глобальная география Москва, 1997г.

17.М.Б. Вольф, Ю. Д. Дмитревский География мирового сельского хозяйства Москва, 1981.




Лекцияның мәтіні:
Дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз өзара байланысты ұлттық шаруашылықтар жүйесі; оның негізі халықаралық еңбек бөлінісі, әр түрлі экономикалық және саяси қатынастар болып табылады.Мұның өзі барлық елдерді қамтиды, оның әр текті және іштей қайшылықты болатыны да сондықтан.

Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылуының тарихи маңызы бар. Әр алуан елдер , аймақтар мен тұтас бір континенттер арасында жүйелі сауда – қаржылық және өндірістік байланыстардың қалыптасуы олардың ғасырлар бойы ұлттық – шаруашылық тұрғыдан оқшаулануын жойды,ал бұл оқшаулану болса, дүние жүзіндегі әлеуметтік – экономикалық прогресті тежеп келген болатын.

Оның құрылу процесі капитализмнің дамуының мануфактуралық кезеңінде – ақ (XVI-XVIII ғғ.) басталғанымен, XIX- XX ғасырлардың межесінде, Еуропа елдерінде ірі машиналы индустрияның дамуы нәтижесінде аяқталды. Бұл индустрия орасан көп шикізат тасып әкелуді және шапшаң көбейген қалалар халқына азық- түлік жеткізуді керек еткен еді. Дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуының шарты көліктің, континентаралық кең байланыстардың,дүниежүзілік рыноктың қауырт дамуы болды. Отарлық жүйенің пайда болуы толып жатқан отар елдердің империалистік державалардың аграрлық- шикізаттық шылауына айналуына әкеліп соқты.

Ресейдегі Қазан төңкерісінің салдарынан дүниежүзілік шаруашылық екі негізді құрылымға айналды; бұл құрылым екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Шығыс Еуропа мен Азияның бірқатар мемлекеттері социалистік экспериментті жүзеге асыруға кіріскен кезде одан әрі орнықты. Алайда Шығыс Еуропа мен бұрынғы КСРО елдеріндегі соңғы жылдардағы оқиғалар дүниежүзілік экономикалық қатынастарға әлеуметтік бөгеттер қоюға болмайтынын көрсетті. Дүниежүзілік шаруашылық өзара байланысты, біртұтас қана бола алады.

Шығыс пен Батыс елдерінің араларындағы экономикалық байланыстар бірден – бір сан салалы бола түсуде. Мұның өзі – сауда, бірлескен кәсіпорындар салу, ғылыми – техникалық және басқа да алуан түрлі қарым – қатынастар. Бұл қарым – қатынастар әрі өзара тиімді.

Батыс өз өнімдерін өткізетін ауқымды нарыққа ие болды, ал Шығыс болса дүниежүзілік нарықта кейде өте тапшы тауарлары үшін орныөте валюта және жаңа технология алып отыр.Деңгейлері әр түрлі елдер арасындағы экономикалық, ғылыми – техникалық, мәдени және басқадай байланыстар дүние жүзінде жаңа қарым –қатынастың іргетасын қалайды, халықаралық шиеленісті бәсеңдетеді. Шығыс және Батыс елдерінің экономикасы арасында аспас асу жоқ.

Оларда айырмашылықтар қатар (меншік түрлерінің әр түрлі арақатынасы, өмір игіліктерін бөлу механизмінің әркелкілігі және т.б.) ұқсас нышандар да көп болып шықты. Ешбір экономика тауар айырбасын оларды өндіруге жұмсалған еңбектің мөлшеріне сәйкес реттеп отыратын құн заңын ілікке алмай қоймайды. Банктер, пайда және т.б. ортақ категориялар болып табылады. Мұның бәрі әлеуметтік, ұлттық немесе таптық негізіне қарамастан адамның жаратылысы бірдей екендігінің айғағы. Сондықтан да адамзат қоғамы өзінің өмірлік қарекеті үшін ең жақсы, мінсіз экономикалық мәдениетті елемеушілік қай елді болсын артта қалдырады.

Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы, әлбетте, өте күрделі. Оның құрамында экономикалық және саяси арқаулармен байланысқан көптеген ұлттық шаруашылықтар мен мемлекетаралық шаруашылық бірлестіктер бар.

Дүниежүзілік шаруашылықты оның салалық құрылымы тұрғысынан сипаттауға болады. Бұл орайда ол өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, сауда және т.б. салаларға бөлінеді.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет