Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)



жүктеу 1.53 Mb.
бет4/9
Дата03.04.2016
өлшемі1.53 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ЛЕКЦИЯ 18-19. Әлемді отаршылдық бөлуддің аяқталуы.

Жоспары:

1.Индустриялық даму кезеңіндегі отарлар ролі.

2.Германияның отаршылдық экспансиясының басталуы

3.Африка –ұлы державалар саясатында



Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Бересков В.М. Страницы дипломатической историиМ., 1984

Қосымша әдебиеттер:

Барановский В.Г.Европейское сообщество в системе международных отношении. М., 1986


Лекцияның мәтіні:

ХІХ ғасырдың соңына таман, капитализмнің империализм сатысына өту кезеңінде оның капитализмге тән эканомикалық әркелкілігі күшейе түсті. Эканомикалық дамудың теңсіздігі дүниежүзілік саудаға бәсекені ұлғайта түсті.

Шығыстағы дағдарыс жылдарында Англия Гибралтар, Жерорта теңізі, Суэц каналы және Қызыл теңіз арқылы Үндістанға қысқа теңіз жолын игере бастады. Бұл теңіз жолында тек Суэц каналы ғана Англияның бақылауынан тыс қалды. 1875 жылы Мысыр манархынан Суэц каналын сатып алған Англия, бұл каналмен өтетін кеме қатынасын толық бақылауға мүмкіндік алды. Суэц каналына бақылау орнатқан, ал кейін Кипр аралын жаулап алған Англия Африкадағы Мысыр отарларын жаулап алу жоспарларын дайындай бастады.

Ағылшын үкіметі Мысырда қарулы интервенция жүргізу бағытын ұстады. 1882 жылы ағылшын әскерлері Александрияны зеңбіректеп атқылап, Мысырды басып алды. Осындай сыртқы күрделі саясат жағдайында Франция қарулы күшпен Тунисті жаулап алды. Англияның Мысырды, Францияның Тунисті иемденуі капиталистік жыртқыштардың әлі бөлінбеген Африканың орталық және батыс аудандарын жаппай бөлісу үшін күресіне түрткі болды. Африканы бөлісу үшін Англия мен Францияның бақталастығы ХІХ ғасырдың 80-90-жылдарындағы басты мәселеге айналды. Англия мне Франциядан кейін Африкаға Бельгия, Германия, Италия басқыншылары ұмтылды.

1884 жылы Конго бассейнінің басым бөлігін Бельгия бақылауына алды. 80-90-жылдары Франция өзінің иеліктерін Алжмрмен көрші Сахара шөлін қосу арқылы кеңейте түсті. 1886 жылы Франция Мадагаскар аралдарын жаулап алды.

Англия мен Францияның бөтен жерлерді жаулап алу барысында бақталасатын орны жалғыз Африка ғана болған жоқ..Оларды сондай-ақ Азияның оңтүстік-шығысындағы бай аудандар қызықтырды.1877 жылдың соңында Англия Малайзияны құлдыққа түсіруді аяқтады, сөйтіп онда өзінің протекторатын орнатты. Франция Үндіқытайдың оңтүстік бөлігін иемденіп, Орталық Вьетнамға соғыстардан соң Вьетнам Францияның қол астына өтті.

Англия 1885 жылы Бирманы жаулап алуға асықты. Францияның Вьетнамды бағындыруы және Англияның Бирманы басып алуы бұл мемлекеттерді енді Сиам (Таиланд) үшін күреске киліктірді. Ақырында басқыншылар бұл елді бөлісіп алды.Батысын – Англия, шығысын Франция иемденді.

1884 жылы 24 сәуірде Германия Ангро-Пекенаға және оның маңындағы аумаққа протектораттығын жариялады. Осылайша Оңтүстік- Батыс Африкада бірінші герман отары пайда болады. Осындай жолмен 1884-1885 жылдары Камерунде, Того және Шығыс Африкада герман отарларының негізі қаланды.

90- жылдардың соңында Англия Африканы бөлісуді аяқтауға кірісті. 1896 жылы ағылшындар генерал Китгенрдің басшылығымен Суданды жаулап алуға кірісті. Сосын ағылшын әскері Ніл өзені бойымен жоғары қозғалды. 1898 жылы Фашода қарауыл постысында олар Франсуз әскери отрядтарымен кездесті. Мұнда ағылшын және Франсуз әскерлері қақтығысқа түсті. Ағылшын үкіметі Францияға соғыс ашпақшы болып қорқытты.Өзінің ежелгі жауы Германия жақын тұрғандықтан, Франция Англиямен соғыспауға шешім қабылдады. Франсуз отряды Фашоданы Африканы бөлісу туралы келісім жасасты.

Италиялық отарлау Италияның бірігуінен соң басталды. Жас корльдік өзін күшті сезініп, отарлық иеліктерін кеңейтіп жатқан басқа державалардан артта қалғысы келмеді. Сол уақытта «Қара материкті» бөлісу қызу жүріп жатқандықтан, италиялықтар да соған қарай ұмтылды. 1882-1885 жылдары Абиссиния мен Қызыл теңіздің үлкен жағалауы бойындағы Ассаб қаласын және Массауа айлағын иемденді. Сондай-ақ Сомали түбегіне иелік жасады. Арабтармен соғыстан кейін италиялықтар 1894 жылы Кассала қаласын иемденіп, Абиссиниядан батысқа қарай жылжыды. Абиссиниямен (1895-1896) соғыста Италия сәтсіздікке ұшырады.

1894 жылы шілденің соңында Жапония Қытайға қарсы соғыс ашты. Соғыс 1895 жылы 17 сәуірде Жапонияның Симоносеки қаласында бітімге қол қоюмен аяқталды. Қытай Жапонияның сауда кемелері еркін кіретін бірнеше порттық қалаларын ашуға және 200 млн. лян өтемақы төлеуге мәжбүр болды.

Жапонияға өтемақы төлеу үшін Ресей мен Франция Қытайға несие берді. Ресей 1896 жылы Қытаймен одақ жасасып, егер Жапония жағынан Қытайға басқыншылық жасалса, онда Қытайды қорғауға міндетті. Ал Қытай Ресейге Шығыс Қытай теміржолын салуға және пайдалануға концессия берді.

1897 жылдың соңында герман империалисттері Қытайдың Циндао порты мен Цзяочжоу бухтасын басып алды және Шаньдун провинциясын өзінің ықпал ету аймағына айналдырды. Франция Қытайдың Гуа,нжоувань бухтасына өзінің ықпал жүргізуін қамтамасыз етті және көршілес Үндіқытайға теміржол құрылысын сала бастады. 1898 жылдың басындағы орыс-қытай келісімі бойынша Қытай Ресейге Порт-Артур мен Ляодун түбегін жалға берді.

ХХ ғасыр басында дүние жүзін аумақтақ тұрғыдан бөлісу аяқталды. «Бос жер» тіпті қалған жоқ. Империалистік державалардың мақсаты тауар өткізу мен шикізат көзін соғыс арқылы табу болатын. Өздерін Африкадағы бөлістен құралақа қалдық деп есептеген герман импералистері оның орнын Таяу шығыстан толтырмақ болды. 1898 жылы ІІ Вильгельм түрік сұлтанымен кездесті және Босфор –Кіші Азия –Месопотамия-Кувейт-парсы шығанағына шығатын үлкен теміржолын бірігіп салуға келісті.

Англия Германияның Түркияға өтуіне қатты мазасызданды. Өйткені ол Арабия мен Месопотамияны жаулап алуды жоспарлап жүрген. Ал немістердің парсы шығанағына жылжуы Үндістан жолына қауіп төндірді. Германияның шығанаққа шығуын кесіп тастау үшін, Англия 1901 жылы Кувейт портын басып тастау үшін, бәрі екі импералистік жыртқыштардың арасындағы қайшылықтарды шиеленістіре түсті.

ЛЕКЦИЯ № 20-21. XIXғсоңы.- XXғбас. халықаралық қатынастар

Жоспары:


  1. Негізгі халықаралық қарама-қайшылықтар

  2. 2.Антантаның қалыптасуы.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Деборин В.П. Международные отношения до первой мировой войны(1871-1914)- Саратов., 1978



Қосымша әдебиеттер:

Ерусалимский А.С. Внешняя политика и дипломатия германского империализма в конце ХІХ в. М., 1957



Лекцияның мәтіні:
ХІХ ғ. соңы -ХХ ғасырдың басында І-ші дүниежүзілік соғысқа қатысушы елдердің одақтары пайда болды. Бір жағынан германия, Австро-Венгрия, Италия үштік одақты (1882ж) құрса, Англия, Франция және Ресей (1904-1907ж.ж.) антанта одағына төрттік Австро-Германиялық және роман-британиялық одақта басты рөлді Герси және Англия атқарды. Осы екі мемлекет арасында конфлект алдағы дүниежүзілік соғыстың негізі болып табылады. Германия өз орнына таласса, Англия қалыптасып қалған дүниежүзілік иерархияны қорғады.

Германия ғасырдың басында дүниежүзінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі бойынша екінші орынға шықты, Европада 1-ші орынға ие болды. (1913 жылы Германия 16,8 млн т шойын, 1507 млн т болат өндірді, Англия 10,4 млн т 9 млн т Франция 5,2 млн т және 4,7 млн т, Ресей 4,6 млн т 4,9 млн т сонымен қатар Германияның ұлттық шаруашылығының басқа да салалары тез дамыды- ғылым, ілім т.б.)

Германияның геосаяси орналасуы – монополияларының шапшаң дами түскенін күшіне, мемлекеттің амбициясына сай болмады. Мысалы, Германияның отарлық иеліктері, басқа индустриялы елдермен салыстырғанда аз еді. Англия, Франция, Ресей, Германия, АҚШ, Жапонияның отарлық иеліктері 65 млн шаршы км құрамында онда 526 млн адам өмір сүрген. Ал Германияның иеліктерінде (І-дүниежүзілік соғыс қарсаңында) 2,9 млн шаршы км (3,5 %) 12,3 млн адам (2,3%). Ал Германияның өз халқы саны бүкіл Батыс Европа елдерінен көп болған.

ХХ ғасырдың басында Германияның Таяу Шығыстағы экспанциясы күшейді, Бағдат темір жолының салынуымен, Қытайда –Цзяочжоу портын аннекциялау мен (1897) Шаньдун жартылай аралына өз протекторатын орнатуымен германия сонымен қатар өз протекторатын бірқатар жерлерде орнатты: Сосиоа, Тынық мұхиттағы каралин, Мариан аралдарында, Шығыс Африкада-Того, Камерун отарларына ие болды. Осы оқиғалар біртіндеп англо-герман, герман-франция, герман-орыс қарама-қайшылықтарын шиеленістіре түсті. Сонымен қатар герман-франция қатынастары Эльзас, Лотарингия, Рур проблемасымен күрделене түсті, герман-орыс Германияның Балқан мәселесіне көрісуінен, оның түрікше, Австро-Венгрия саясатын қолдауымен герман-америка сауда қатынастары да шиеленісе түсті. Себебі Латын Америкасы, Оңтүстік Шығыс Азия, Таяу Шығыс елдеріне машина жасау өндірісінің товарын экспортқа шығарған (ХХ ғасырдың басында Германия саясаты дүниежүзінің машина экспортында -20,1 % болған, ал АҚШ -26,8 %). І-дүниежүзілік соғыс қарсаңында -Мороккан дағдарысы (1905-1911ж.ж), орыс-жапон соғысы (1904-1905 ж.ж), Италияның триполитаниямен Шриланканы басып алуы, Итало-түрік соғысы (1911-1912 ж.ж), Балқан соғыстары (1912-1913 ж.ж).

Соғыс қарсаңында барлық елдерде милитаризм мен шовинизм пропагандасы күшейді. Алдыңғы қатарлы индустриялдық мемлекеттер экономикалық дамудағы ұлттық расалық өктемдігін көрсеткісі келді, ол идеялар ХІХ ғасырдың орта шенінде саясаткерлер мен таратылса, ХХ ғасырдың басында ресми мемлекеттің идеологиялық бір бөлігін құрайды. 1891 жылы құрылған Пангерман одағы ең басты дұшпаны Англия деп түсіндірді де, оның құрамына кірген мемлекеттердің барлығын Англияның территориясын, Ресей, Франуия, Бельгия, Голландия жерлерін тартып алуға шақырды. Идеологиялық негіз болып неміс ұлтының өктемдігі туралы концепция табылды. Ал италияда Жерорта теңізіндегі үстемдікті кеңейту пропагандасы кең таратылды. Туркияда пантюркизм идеясы тарады, Түркияның негізгі дұшпаны –Ресей және панславизм қарама-қарсы полюсте, Англияда отарлық идеясы тарады, Францияда –армия культі, Ресейде империя игидасымен барлық словяндарды қорғау доктринасы және панславизм.

Идеялогиямен қатар соғысқа әскери- экономикалық дайындық жүргізілді. ХІХ ғасырдың 90-жылдарында 1913 жылы алдыңғы қатарлы мемлекеттерде әскери бюджеттері 80 % аса өсті. Әскери-қорғаныс өнеркәсібі тез өсті. Германияда онда 115 жұмысшы қызмет етті, Автро-Венгрияда -40 мың, Франция -100 мың, Англияда-100 мың, Ресейде -80 мың адам соғыс басында Германиямен. Австро-Венгрияның әскери өнімдер өндірісі Антанта елдерінен сәл ғана аз еді. Бірақ Антанта көпке созылатын соғыс жағдайында өз одағын күшейтуге және соғысты жүргізуге көп мүмкіндігі болды.

Осы соңғы жағдайды ескере отырып, герман стратегистері блицкриг жоспарын (А. Шлифен (1839-1913), Х. Мольтке (1848-1916), З. Шмехтинг, Ф. Бернарди ) т.б. әзірлеуде еді. Неміс жоспары бойынша Батыста тез арада жеңіске жетуді көздесе, Шығыс майданында қорғаныс қимылдары ресейді талқандады; Австро-Венгриялық штаб екі майданда соғысуды көздеді. (Ресейге қарсы және Балқанда ). Ал қарсыластары екі бағытта соғысуды көздеді. Орыс әскері Германияға қарсы және Оңтүстік- Батыс-Австро-Венгрияға қарсы, 800 мың адаммен герман саясаткерлері мен әскери стратегтері Англияның бейтараптығына үміттенді, соғыстың басында, ол үшін 1914 жылы жазда Австро-Венгрияны Сербиямен соғысқа итермеледі.


ЛЕКЦИЯ 22-23. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы дипломатиялық күрес

( 1914-1918жж)

. Жоспары:

1.Әскери-саяси блоктардың мақсаты мен міндеттері

2.Бірінші әлем соғысының себептері мен сипаты

3.Европаның бейтарап елдері үшін дипломатиялық күрес

4. АҚШ-тың соғысқа кірісуі. 14 бап1.Әскери-саяси блоктардың мақсаты мен міндеттері

2.Бірінші әлем соғысының себептері мен сипаты

3.Европаның бейтарап елдері үшін дипломатиялық күрес

4. АҚШ-тың соғысқа кірісуі. 14 бап



Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

История первой мировой войны.1914-1918 гг.В 2-х тт. М., 1975



Қосымша әдебиеттер:

Крепак А.В. Германо-американское соперничество по вопросам колониальной экспансии на рубеже ХІХ-ХХ вв. Л.,1986.


Лекцияның мәтіні:

1914 жылы 28 маусымында Австро-Венгрия тағының мұрагері Франц Фердинандтың Сараево қалсында өлтірілуінен кейін Австро-Венгрия тез арада Сербияға қарсы әскери қимылдар бастады, Сербияға қолдау көрсету мақсатымен 31 шілде күні Николай ІІ, Ресейде жаппай мобилизация туралы жарлық шығарды. Германия мобилизацияны тоқтатуды талап етті, Ресей бас тартты. 1914 жылы 1 тамыз күні Германия Ресейге соғыс жариялады, ал 3 тамыз күі-Францияға Германияның Англияның бейтараптық туралы үміті ақталды. Англия Бельгияны қорғау туралы ультиматум жариялады, оның мерзімі аяқталған соң Германияға қарсы әскери қимылдар бастады. Теңізде, ол ресми түрде соғысты 4 тамызда жариялады.

Бұл соғыс басында көптеген мемлекеттер бейтараптық туралы жариялады. Ол : Голландия, Дания, Испания, Италия, Норвегия, Португалия, Румыния, АҚШ, Швеция.

1914 жылы Батыс –европалық майдандағы әскери қимылдар Германия жағынан басқыншы болды, оның әскері Бельгияның солтүстігінен өтіп, Франция территориясына кірді. Қыркүйек басында Верден мен Париж арасында үлкен шайхас болды. (2 млн-ға жуық адам қатысты), неміс әскері жеңіліске ұшырады. Ал Шығыс европа бағытында орыс әскері басып келе жатты: Солтүстік-Батыс, Батыс майданында (генерал Ранинхамлф, Самьонов басқаруымен) әскерлерін неміс әскерлері тоқтатты. Оңтүстік-Батыс майдан әскері Львов қаласын алды. Сонымен қатар әскери қимылдар Кавказ, Балқан майдандарында әскери қимылдар жүріп жатты. Жалпы алғанда Антанта блицкриг жоспарын іске асырылуына кедергі жасап, соғыс ұзаққа созылып, позициялық сипатқа ие болды.

1915 жылы Батыс –Европалық майданда үлкен өзгерістер болған жоқ. Жалпы алғанда Ресей 1915 жылы компартияда жеңіліске ұшырап, Австриялықтарға Львов қаласын, немістерге Лиспай, Варшава, Новогеоринвск қалаларын беруге мәжбүр болды.

Соғысқа дейінгі міндеттеріне қарамастан Италия Австро-Венгрияға соғыс жариялады, оның нәтижесінде жаңа Итальян майданы ашылды. 1915 жылы қыркүйек айында Австрия-Германия-Белгаро- Түрік одағы құрылды. Оның құрылуының бірден бір себебі Сербияның жеңуі және оның әскерінің (120 мың адам) Корфу аралына эвакуациялануы.

Осы жылы Кавказ майданындағы әскери қимылдар Иран территориясына өтті де, оған тек ғана Ресей мен Түркия емес, Англия да қатысты. Ағылшын-Франция әскері Солоникиге келгеннен кейін Солоника майданы ашылып, Оңтүстік-Батыс –Африка территориясын ағылшындар басып алды. Ал 1915 жылы теңіз шайқастары ішінде ірі Босфор және Дарданеллы үшін шайқастар болды.

1916 жылы Батыс-Европалық майданында екі ірі шайқастар болды: Верден маңында және Сомме өзенінде, екі жақтан осы шайқастарда, өлтірілген, жарақатталған және тұтқынға алынған адам саны 1 лмн 300 мың болды. Верден шайқасы кезеңінде Ресей әскері Солтүстік-Батыс, Батыс майдандарында басқыншы операциялар жүргізді. Сонымен қатар Оңтүстік –Батыс майданында тарихқа генерал А. Брусиловтың (1853-1926ж.ж) атымен көрген оқиға болды, оның нәтижесінде 409 мың Австрия жауынгері мен офицерлері тұтқынға алынып, 25 мың шаршы км территория басып алынды.

Кавказды орыс әскері Эрзерум, Трапезунд, Рувандуз, Муш, Битлис қалаларын алды. Англия Солтүстік теңізде І-дүниежүзілік соғыстың ең ірі теңіз шайқасында (Ютланд шайқасында) жеңіске жетті. Жалпы Антанта мемлекетінің жеңісі герман басшылығын (генерал Людендарф (1865-1937), Гинденбург) 1916 жылдан бастап барлық майданда қорғанысқа өтуге мәжбүр етті.

Бірақ келесі жылы орыс әскері Рига қаласын берді. Әлсіреген Антанта позициясын соғысқа АҚШ, Қытай, Греция, Бразиялия, Куба, Панама, Либерия, Сламенияның Антанта жағында соғысқа кірісуді күшейтті. Иран майданында ағылшындар Бағдад қаласын алды, Африкада Тогомен Камерундегі жеңісін бекітті.

1918 жылы Антанта мемлекеттерінің біртұтас басшылығы құрылды. Орыс майданының жоқтығына қарамастан немістер мен Австриялықтар 75 девизияға дейін ұстады. Неміс басшылығы Самме өзенінде ірі басып алу басталған еді, бірақ ел жеңіліске ұшырады. Герман генерал штабы келіссөз сұрайды. 1918 жылы 11 қарашада Комьпенде келіссөзге қол қойылды. 1919 жылы 18 қаңтарда Версаль сарайында конференция ашылды, 27 мемлекеттің қатысуымен 1919 жылы 28 маусымда бітім жасалды. Ал Кеңестік Ресей 1918 жылы наурызда Германия мен сепараттік бітім жасағаннан кейін, Версаль жүйесіне қатысқан жоқ .
ЛЕКЦИЯ №24. Версаль - Вашингтон жүйесінің құрылуы.

Жоспары:

1 Париж бітімі конференциясы

2. Версаль бітімі, оның негізгі тараулары мен сипаты

3.Вашингтон конференциясы

4. Версаль - Вашингтон жүйесінің жетістіктері мен кемшіліктері

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Кейнс Дж. М. Экономические последствия Версальского мироного договора .М-Л., 1984



Қосымша әдебиеттер:

ЛютовИ.С. Носков А.М. Коалиционное взаимодействие союзников: опыт первой и второй мировых войн. М., 1988

Никольсон Г. Как делался мир в 1919 г. М., 1945
Лекцияның мәтіні

1918 ж Компьен бітімі бойынша Германия батыс жаулап алған терроршы, ол оның әскері Рейннен кетуге міндетті болды. Шығыс Европадан Антанта әскері келгеннен кейін кетуге тиісті болды. Сондықтан қатар барлық әскери тұтқындалды. Әскери олжаны одақтастарға беруге тиісті болды.

1919 жылы 18 қаңтарда Париж конференциясы өз жұмысын бастады. Оның жұмысына 27 мемлекет қатысты. Конференцияда негізгі ролді АҚШ президенті Вудро Вильсон (1856-1924) Англия приемьер -министрі Дэвид Илойд Джордж, Францияның Клемансо атқарады. Бұл конференцияда жеңілген мемлкеттер және Ресей шақырылған жоқ. АҚШ үшін бірінші әлем соғысы жағдайын жаққа қарай өзгертті. Соғыс барысында Американың экономикасы көтерілді және ол әскери теңіз флотын құрды. Елдің ішінде Американдық сыр саясат жөнінде күрес жүрісп жатты. АҚШ -ң соғысқа кірісуіне себеп болған Германияның су астында шексіз соғысты жариялауы еді. Оның салдарынан теңізде еркін жүру принципі бұзылды. ьАзаматытқ кемесінде американдықтар қаза тапты. АҚШ германияға соғыс жариялауға мәжбүр болды. Белсенді сыр саясатты қолдаушысы президент Вильсон АҚШ роінің өзгеру дүние жүзілік құтқаруға мүмкіндік туып отырғанын айтып халықаралық қатынастар деп аталады. Жаңа принциптерді ұсынды өзінің принциптерінің 14 бабында білдірілді. 1918 жылы 8 қаңтарда жарияланды. Онда мынандай талаптар қойылды.

Құпия дипломатиядан бас тарту. Сауда теңіз келгенінне еркін жүрулі қамтамасыз ету. Қарусыздану АҚШ, Белгияны қайта қалпына келтіруді Францияға Эльзас пен Лотариндияны қайтаруды бибітшілікті қарау мақсатында халықаралық ұйым құруды ұсынды. 1918 ж Америка санатында республикалар басым болды.

Англия. Англияның басты мақсаты Германияның флоты жойылды. Греманиняның отарының жартысын өз бақылауына алады. Сонымен бірге Франция Эльзас пен Лотариндияның қайтаруды талап етті. Соған кейінгі қайта құрудағы басты талабы қарусыздандыру және ұлттар лигасын құру. Бұл уақытта англияның саяси жағдайда бірқатар мәселелер бойынша Англия өзінің күшінен айрыла бастады. Оның да далишон-ры өзінің тәуелсіздігін ала бастады. Үндістан мен Ирландияға өзін -өзі басқаруды беру көп айтылды.

Франция. Франция территориясында әскери қимылдар жүргізілді. Эльзас пен Лотаринда Ақпан революциясы қарсаңында патша үкіметі мен Германияны бөліп республикалық сол жағасында Буферлік тәуелсіз немес мемлекетін құру туралы шешім қабылданды. Франция Германияға ең реформация қоюды талап етті. Демек империяның мұралығына көзтікті.

Формальды түрде бітімнің дайындығы Вудро Вильсонның 14 бабы негізінде жүрді.

Париж конференциясында халықаралық қатынастың бірқатар маңызды мәселелері қарастырылды.

Оның ішінде Азаттық тынық мұхит аймағындағы жағдай мен қарусыздандыру мәселесі. Бұлардың шешу үшін 12 қараша 1921 ж Вашингтон конференциясы шақырылды. Оның жұмысына Қиыр шығыстық республика мен Кеңестік Ресей шақырылған жоқ. Конференция нәтижесінде бірнеше келісімдер жасалды.


  1. Теңіз қарауын шектеу туралы.

Бұл келісім бойынша кемесінің жалпы сан олардың мөлшері және танаж төмендегідей болып белгіленеді. 5: 5 : 3, 1,75: 1,75.

АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Франция, Италия.

Ұлыбритания алғаш рет формальды түрде өзінің әскери теңіз флотын АҚШ-тың флотымен теңестіруді шын мәніндде АҚШ басым болған. Конференцияда қарастырылған бір мәселе ол Қытай мәселесі. Парижде Германия отарларын қайта қарау барысында қытайдағы Германияның отарларын Жапонияға беру туралы шешім қабылданды. Бұл Қытай халықтарының шаруашылығын тудырды.

Германияның тынгық мұхиттағы отарларына ие болғаннан кейін Жапонияның күшейтілген АҚШ дорықты. Сондықтан Вашингтон Жапонияға қысым жасады. Осы себептен Жапония Германияның отарын Қытайға қайтаруға мәжбүр болды.

Вашингтон конференциясында «9 келісім» жасалды. Бұл келісім Қытайдың тәуелділігі және біртұтас и жариланды. Сонымен қатар ұлы державалар Қытайды ықпал сфераларына бөлмеде міндеттенді.

Версаль - Вашингтон жүйесінің тұрақсыздығы мен кемшілігі.

Париж және Вашингтоон конференциясының шешімдері Версаль - Вашингтон жүйесінің негізін қалады. Оның шешімдері халықаралық қатынастары принциптерінің жаулау қажеттілігін көрсетті. Яғни, халықтардың өз тағдырын шешуге деген құқығы мойындалды, халықаралық дау - дамайларды шешуде соғыстан бас тарту қажеттілігі мойындалды және бұл кезеңдегі халық қатынастарының басты оқиғасы алғашқы халықаралық ұйымның ұлттар лигасының бірқатар европалық елдердің тәуелсіздігі мойындалды. Бірақ осы жетістіктерге қарамастан бұл жүйенің өзі тұрақсыздығы жаңа бұл жүйе көптеген халықтарды ауыр жағдайға қойды және бұл жүйеге қарсы шығу мүмкін емес еді.

Соғыстан кейінгі барлық ауыртпашылық жеңілген мемлкеттерге жүктейді. Репарация белгіленген кезде жеңіске жеткен державалар жеңілген мемлекеттің мүмкіндігін ескерген жоқ. Шовенизм және ұлтшылдықта тоқтата алмады. Шекара жөніндегі шешімдер де бұл идеялардың кем тарауын тоқтата алмады және оны бекіткен державаның өзі келісім шарттарын бірнеше рет бұзып ал басқа мемлкеттиер оған көз жұмды. Кеңестік Ресей жүйеден тыс қалды. Жеңген мемлкеттер үшін Ресей Германиялық сепараттық бітім жасаған сатқын болды. Жеңген мемлекеттер большевизмге қарсы болды және оны жоюға деген әрекет жасады.

1812 - 1819 Кеңестік Ресейге қарсы интервенция жасады. Елдегі өкілдерін Парижге және Вашингтонға шақырмауға сылтау болды. Ал осы уақытта азаматтық соғыста болшевиктер жеңіп Ресейдің соғысқа дейін шекарасын қалпына келтірді. Бірақ Кеңестік Ресейдің қолы бірде - бір келісімге қойылған жоқ. Дүниежүзілік мәселелерді шешуден ығысқан Ресей Версаль - Вашингтон жүйесіне оппазицияда болды. Германия отарлары мен Осман империясы халықтары жөнінде Версаль Вашингтон жүйесі оларға тәуелсіздік берген жоқ тек қана

Олар үшін мандаттың жүйе енгізілді. Енді бұл халықтарды басқару үшін ұлттар лиғасын мандатын алу қажет еді. Бұл жүйе отаршылық езгіні әлсірету мақсатында құрылған еді. Ұлттар лигасының қамқорлығы тек қана қағаз жүзінде сақталды. Мандаттық жерлердің отарлардан айырмашылығы болған жоқ.

Сондықтан отарлыққа қарсы күрес одан әрі жалғасын тапты. Париж конференциясына қатысушы державалар келісімнің экологиялық салдарында ескермеді. Репарациялық төлемдер дүние жүзілік шаруашылықты ауыр жағдайға қойып ғасырлар бойы қалыптасқан экономикалық байланыстарды бұзды. Орталық Европада 3 империя территориясында бірнеше тәуелсіз мемлкеттер құрылып бұл аймақ саяси тұрақсыз сипатқа ие болды.

ЛЕКЦИЯ № 25-26. 1918-24 жылдардағы халықаралық қатынастар

Жоспары

1. Сыртқы саясаттың екі түрі

2. Генуя конференциясы

3. Рапалло келісімі

4. Гаага конференциясы

5. Лозанна конференциясы



Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі :

Документы внешней политикий ССР І-ІІ том, М, 59

История международных отношениий и внешней политики СССР. М, 86-87

Қосымша:

Внешняя политка капиталистических стран, М 83

Европа в международных отношениях 1917-39 М, 79

Илюхина Р.М. Лига наций 1919-34 гг.М., 1982



Лекция мәтіні:

Бітімдерге қол қойып және жеңген мемлкеттер арасындағы негізгі қарама - қайшылықтардың шешілуі халқыаралық қатынастардың тұрақтануына алып келді. Сонымен қатар халықаралық қатынастарда сыртқы саясаттың екі түрі.

1. Социолистік сыртқы саясат негізін қалаушы В.И.Ленин болды. Қазан тауларынан кейін қалыптасқан халықаралық қатынастарды жан жақты мұқият зерттеу кезінде ол алғашқы кеңестік мемлекеттің сыртқы саясаты негізгі принциптерін белгіледі.

1. Социолистік мемлекеттерді қарым - қатынас пролетарлық интернациолизм негізінде құру.

2. капиталистік ел мен қарым қатынаспен қатар бейбіт негізінде құру. Пролетарлық интернационализм

Маркс пен Энгельстің еңбектеріне арқа сүйеді. Ал бейбіт қатар өмір сүрді.

Бұл принцип бойынша елдер арасында бейбітшілікті сақтау және қолдану қажет, даудамайды шешуде соғыстан бас тарту қажет және саяси экономикалық медениетші салаларда өзара байланыстар орнату қабылдаған.

Декрет соғысқа қатысушы мемлекеттерге тез арада соғысты тоқтатып келіссөзді бастауға шақырды. Алексия контребуциясыз әділ тәртіп орнатуға шақырды. Құпия депрессиядан бас тарту қажеттілігі бітім туралы келісімдерде жүргізу туралы патша үкіметі мен уақытша үкіметтің құпия келісімдерінен бас тарту қажеттілігі айтылды. Кеңестік Ресей барлық елдерге тез арада бітім жасауды ұсынды. 1918 ж 5 қаңтарда Англия премьер министрі Джордж соғыс туралы мәлімдеме жасады. Оның айтуы бойынша Польшаға тәуелсіз 1918 ж 8 қаңтарда Бурда Вильсон 14 бабын жариялады.



  1. 14 бабтың І пунктында АҚШ барлық елдерді ашық бітім туралы келіссөзге шақырды. Іс жүзінде АҚШ құпия келісімнен бас тартқан жоқ.

  2. Теңіз еркіндігі туралы барлық теңіз жолдарының АҚШ -ң кемелері үшін ашық болуы тиіс.

  3. Сауда еркіндігі Барлық елдердің рыноктары АҚШ, Герман, ашық болуы таулары үшін

  4. Ұлттық қаруды қысқарту туралы

  5. Отарларға байланысты мәселелерді еркін түрде шешу талабы.

  6. Ресге қайтарылған германияның басып алған орыс территориясын босату туралы Рессейге саяси жолды таңдау мүмкіндігі

  7. Виль Ильи азат ету және егемендігін қалпына келтіру

  8. Францияға Эльзас пен Латариндияны қайтару

  9. Италияның шекараларын өзгерту туралы

  10. Австровенгрия құралғандағы халықтарға Автономия беру туралы

  11. Румыния Сервия территориясының Германия басып алған жерлерін азат ету.

  12. туркия құралғандағы халықтарға автономия беру туралы барлық елдердің кемелері үшін қара теңіз бұғазын ашу.

  13. тәуелсіз Польша мемлкеттерін құру туралы

  14. Ұлттар лигасын құру туралы

Санкция - латын тілінен шыққан бұлжытпай орындалатын қаулы.

  1. Мемлекет басшысының жоғары орындарының заң жобасын бекітіп оны үкіміне енгізуі. Бір нәрсе келісу, рұхсат ету.

  2. Заңды келісім шарты т.б. бұзғаны үшін қолданған жазалау шаралары

  3. Халықтық құқықта шартты бұзған мемлкетке қарсы қолданған шаралар (экономикалық, қаржы, әскери санкция )

  4. әскери немесе әскери емес күш қолдану немесе шет елмен сауда жасау жөнінен шек қою шаралары

АҚШ президентінің бағдарламасы АҚШ -ң империалистік мүдделердің көрінісі болды. Әлемдік саясатта супер орбитрге айналуды көздеген АҚШ ұлттар лигасын құру туралы ұсыныс жасайды. Ұлттар лигасын өз үстемдігін орнатудағы қаруға айналдыруды көздеді. Сонымен АҚШ -ң ұсынған экспанциялық саясаты Европалық державаның елдерінің саясатынан өзгеше болды. Сонымен Америка территориясында ықпал сфера отарларын бірінші әлем соғысында жеңімпаз елдер қайта бөлісуге ұмтылған жоқ. «Жаңа әлемдік тәртіп» орнатуды көздеді. «Жаңа әлеуметтік тәртіпке» «тең мүмкіндігінен» «ашық есік саясаты» негіз болуға тиісті болды . Сонымен қатра отар мәселесін ұлттар лигасы арқылы шешуді көздеді.

14-бапты ұсынуға тағы басқа маңызды негіздері болды. Оның салдарынан қоғамның құрылымдары да өзгерер болды. Еркін бәсеке капитализм қоғамының терең дағдарысқа ұшырады. Сонымен түбегейлі қайта құруды қажет еттіОның салдарынан бұқара халқының қозғалысы басталды. Бұқара халқының демократиялық қайта құруды талап етті. Ресейде Қазан төңкерісі германия мен Венгриядағы революциялық оқиғалар әлемді әлеуметтік әділдік негізінде қайта құруды бұқаралық үстемдігін жою талаптарын қойды. Отарларда және тәуелді елдерді ұлтазаттық қозғалыстар өршіді. Осы жағдайда президент Вильсон саясаттар рентінде капитализмге қауіп төнген жақсы түсіп осы идеялар мен қозғалыстарға демкратиялық қайта құрудың жобасын ұсыну қажеттілігін түсінді. 1921 ж Қазан айында Кесес үкіметі ұлы державаларға Квропада бейбітшілік және экономикалық қарым - қатынас орнату үшін конференция шақыруды ұсынды. 1922 ж 7 қаңтарда державаның тапсырмасы бойынша италиян үкіметі Кеңес үкіметіне Генуяға конференцияға шақыру жолдайды.

1922 ж ақпан айында Ресей Федеративтік Республикасы Армян Кеңестік республикасы, Грузия Қиыр Шығыс республикалары өз ара келісім жасап олардың атынан Генуяға Кеңестік социолистік республикасына баратын-на келісім жасады. 1922 ж 10 сәуірде Генуя қаласында өтті. 29 мемлекетің өкілдері қатысты. АҚШ-ры конференцияға қатысудан бас тартты. Конференцияның ұйымдастырушылары кеңес үкіметінің делегацияларына алдын -ала үкіметінің делегацияларына алдын ала дайындалған мемарандум тапсырылды. Орыс қарызы жөнінде арнаулы комиссия құру және кеңестік ресейде шетелдер үшін рессейде грекше сауда монополияларын жою талаптары қабылданған. Кеңестік демократия бұл талаптардан бас тартып 39 млрд сом көлемінде шетелдік интервенция шығындардың орнын толтыру талаптарын қойды. Сонымен Генуя конференциясы ұлы державалар өз мақсатына жеткен жоқ. Кеңес үкіметі бұл Германиямен келісім жасау үшін пайдаланды. 1922 ж 16 сәуірде Генуя шар-ғы Раппало деген жерде Ресей мен Германия соғыс барысындағы әскери және т.б. шығындардың орын толтыруын бас тарту туралы келісім жасады. Ресейдегі Германияның мемлекеттік және жеке меншігінің ұлттан Германия мойындады. Кеңестік үкімет Германия репарация алудан бас тартты. Екі ел арасында дипломатиялық және консулдық қарым - қатынастар қалпына келтірілді.

Ралпало келісімі Кеңестік Ресейді заңды түрде мойындағаны болып табылады. 1922 ж 15 маусым 20 шілде Гага конференциясы жұмыс істеді. Мұнда экспертте жиналды. Олар Рессейге меншіктік қайтаруды немесе оның орнына композияция төлеуді талап етті. Кеңестік делегация бұдан бас тартты. Шетел капиталына шаруашылық шаруашылық обьектілерді шетелдік капимталға концессияға беруге келісті, яғни Кеңес үкіметі оны заңды түрде мойындады.



: CDO -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)
Tar -> «Жалпы гидрология» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2
Tar -> Лекция: 30 Лаборатория: 15 обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Барлық сағат саны: 135 Қорытынды бақылау: емтихан (40 балл)


1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет