Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)



жүктеу 1.53 Mb.
бет5/9
Дата03.04.2016
өлшемі1.53 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ЛЕКЦИЯ 27-28. 1924-1933 жж халықаралық қатынастар

Жоспары:

  1. Европадағы халықаралық қатынастардың тұрақтануы.

  2. 1929-1933 жылдардағы дүние жүзіндегі экономикалық дағдарыс және державалар арасындағы қарама-қайшылық шиеленісуі.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Европа в международных отношениях 1917-1939. М., 1979

Европа в системе международных отношении. 1917-1945 гг. Свердловск., 1990

Қосымша әдебиеттер:

Европа между миром и войной:1918-1939 гг. М., 1992



Лекцияның мәтіні:

Бітімдерге қол қойылу және негізгі қарама-қайшылық шиеленісуі халықаралық қатынастардың біршама тұрақтануына алып келді. 1924 жылдан бастап Батыс елдерді КСРО-мен дипломатиялық қатынастар орнатып халықаралық деңгейде мойындай бастады. Тек ғана АҚШ мойындаудан бас тартты. Ресей мен Батыс елдердегі қатынастарда теңдік болған жоқ. Ол халықаралық қауымдастықтың мүшесі ретінде мойындамады. Соғыста жеңілген мемлекеттер әсіресе германия үшін бітім шарттары жеңілдетілді. 1921 жылы белгіленген репарация Германия үшін ауыр болды. Сонымен қатар 1924 жылы Америкалық банкир Ч. Даос ұсынған жоспар бойынша АҚШ пен Америка Германияға үлкен несие беруді жоспарлады. 1929 жылы репарацияның жалпы көлемі қысқарды және жаңа саясат жаңа германиямен жүргізу ұсынысы жасалды. Бұл идеяның авторлары Аристид Бриен және Густав Шреземан болды. 1925 жылы Рейн гарантиялық фактіге қол қойылды. Бұл Францияға Германия және Белгия арасындағы келісім. Бұл келісім Германияны тең мемлекет ретінде алғаш рет мойындалған алғашқы келісім. 1926 жылы Германия ұлттар лигасына кеңестің тұрақты мүшесі ретінде қабылданды. Яғни оған ұлы держава статусы берілді. Осы іс-шаралардың экономикалық қатынастардың одан әрі тұрақтануына негіз болды. 20 жылдары халықаралық құқықтың дамуына үлкен алға басу қадамы жасалды. Алғаш рет үкіметаралық деңгейде қарусыздану мәселесі қарастырылды. 1925 жылы Женева конференциясында қол қойылды. Бұл химиялық және бактереологиялық қаруды қолдануға тиым салу туралы Францияның сыртқы істер министрі Брион соғысынан бас тарту келісіміне қол қойды. Сонымен қатар АҚШ-ң Европалық және әлемдік істерден оқшаулануы басталды. Себебі 20 жылдары АҚШ билік басында республикалық болды. Соғыстан соң АҚШ-тың экономикасы шапшаң дамыды, басқа мемлекеттер бұдан қарыз алды.


ЛЕКЦИЯ № 29-30 1931-1933 жж Қиыр Шығыстағы халықаралық қатынастар

Жоспары:

1.Жапонияның сыртқы саясаты

2.Маньчжурияны оккупациялау

3Жапонияның Қытайдағы агрессиясы



Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Кутаков Л.Н. Внешняя политика и дипломатия Японии М., 1964



Қосымша әдебиеттер:

Европейские государства и США в межддународных отношениях первой половины ХХ в. Л., 1983

Лекция мәтіні

Жапония мен Германияның екінші дүние жүзілік соғыста жасаған одағы көптеген себептермен туындаған. Соның ішінде бірінші дүние жүзілік соғыстың қортындысын шығарған және дүние жүзінің соғыстанкейінгі құрылымын анықтаған Вашингтон конферренциясының нәтижелеріде бар.

Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша, болашақтағы қақтығыстар мен одақтардың негізі Версаль-Вашингтон жүйесінде қаланған деп есептелінеді. Олай болса, ХХғ агрессиялық саясат жүргізген Жапония мен Германия жақындасуы, одақтасуы сол кезде қалыптаса бастаған болып табылады.

Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарында Жапония Антанта елдерінің жағында соғысты. АҚШ бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде Жапонияның Қытайдағы ерекше мүддесін мойындап, үнемі Жапониямен компромиске барып отырды. 1917жылы Америка Жапониямен Лансин-Исити келісімін жасап соған сәйкес әрекет етті. Париж бейбіт конференциясы Жапонияның Қытайдағы Германияның меншігіне құқын таныды. Алайда, Қытай мәселесі бойынша париж келсімін қайта қарауға ұмтылған қозғалыс Қиыр Шығыста арнайы конференцияның шақыруына әкеліп соқты.

1921жылы қарашада Вашингтон конференциясы шақырылды.

Вашингтон конференциясында Жапония иемденген Шаньдун провинциясы Қытайларға қайтарылды деген шешім қабылдады.Алайда, Жапония осы провинцияда саяси ықпалын сақтап қалды, біраз жеңілдіктерге ие болды. Ақыш жасаған қысымның нәтижесінде Жапония Вашингтон конференциясында оқшауланып қалған болатын. Англия Жапонияға ешқандай қолдау көрсетпеді. Осының бәрі Қиыр Шығыста күш ара салмағын өзгертті. ХХ ғасырдың 20 жылдары Жапонияның Қытайда позициясының әлсіреуі Қытай елінде саяси жағдайға үлкен ықпалын тигізді.

ХХ ғасырдың 1920-1930 жылдары Жапонияда бітіспес саяси күрес жүрді. Ол жағдай жапон қоғамын да, армиясын да қамтыды. Бұл күрестің басты мазмұны Жапон қоғамының барып тұрған радикалды тобының алдыңғы қатарға ұмтылуы және осы туралы қоғамдық ой-пікір қалыптастыруға тырысу еді.

1927 жылы Жапонияда министірлер кабинеті ауысты. Елдің премьер-министірі болып, басқарушы топтыңагрессиялық бағыттағы лидері генерал Танака тағайындалды. Танака тобы өзіне дейін болған Кенсэйкай партиясын Вашингтон конференциясының шешімдерін үнсіз орындаған әлсіздік көрсеткен партия деп сынға алған болатын. Бірақ, конференция жүріп жатқан кезде Жпония өкіметінің басында Сэйюкай партиясы тұрған. Солай бола тұрса да, Кесэйкай партиясы жабылды. 1927 жылы генерал үкіметі жапон әскерін Шаньдун провинциясына жіберді. Армяға Гоминьдан армиясының солтүстікке, Пекинге қарай жылжуына кедергі келтіру міндеті жүктелді



Лекция 31-32 1933-1939 жж халықаралық қатынастар
Жоспары:

  1. 1930 жылғы халықаралық қатынастарға сипаттама.

  2. Гитлердің саясаты және агрессорлардың жақындасуы.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Европа в международның отношениях 1917-1939 М., 1992

2.Европа в системе международных отношений. 1917-1945, Свердловск, 1990

3.Европа между миром и войной: 1918-1939. М., 1992



Қосымша әдебиеттер:

Илюхина Р.М. Лига наций 1919-1934. – М., 1982


Лекцияның мәтіні:

І-ші әлем соғысына дейін екі үлкен экономикалық дағдарыс болды. 1900-1901 ж, 1907 ж. Екі соғыс аралығында тағы үш дағдарыс болды. 1920-1921, 1929-1933, 1937-1938 , 20-30 жылдары мемлекеттің басым бөлігінде жұмыссыздық, инфляция тұрақты созылмалы сипатқа ие болды. Өнеркәсіптік өндіріс АҚШ-та 46,2 %-ке қысқарды, Германияда 40,2 %, Францияда 30,9%, Англияда 16,2% болды. Дағдарыс дүние жүзінің барлық елдерін қамтиды. Мысалы:Чехиянікі 40%-ға қысқарды. Ресми көрсеткіштер бойынша 32 мемлекетте дағдарыстың 3 жылдығында жұмысшылардың саны 5 млн. 26,4 млн-ға дейін өсті. Алғашынқы уақытта барлық мемлекеттің өкіметтері «мемлекеттің экономикалық өмірге араласпау саясатын» ұстанды. Бұл сасяат рыноктың тұжырымдамасына негізделген. 30 жылдың басынан бастап мемлекет белсенді түрде экономикалық және әлеуметтік салаларға кірісе бастады., яғни мемлекет монополистік, капитализм қалыптаса бастады. Әр бір мемлекетте мемлекеттің экономикаға араласуы өзіндік ерекшеліктері болған. Ол мемлекеттің тарихи дамуына оның деңгейіне әлеуметтік экономикалық саяси қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты болады. Бірақ осыған қарамастан оны 3-ке бөлуге болады.

1. Либералдық -реформистік

2. Социал-реформистік-бұл бағыт Скандинавия елдері мен Францияға тән болады.

3. тоталитарлық-Германия мен КСРО.

Дүниежүзінде экономикалық дағдарыс халықаралық қатынастарды шиеленістірді. Жаңа соғыстың ошақтары қалыптасты. Экономикалық дағдарыс барысында елдер мемлекеттер бір саясат ұстанбай пайда болды. Мәселелерді әркім өз бетінше шешті. Оның салдарынан экономикалық бәсеке өсті және біртұтас жүйе құру мүмкіндігі жойылды. Сол себептен агрессивті елдердің белсенділігі артты. 1931 жылы Жапония солтүстік Қытайды яғни Манчжурияны басып алды. Ұлттар лигасы Қытайдың өтініші бойынша осы проблемалармен айналысу үшін арнайы комиссия құрды. Бұлконституция Жапон әскерін Манчжуриядан шығарып оны халықаралық бақылауға беру туралы заң шығарады. 1933 жылы Жапония ұлттар лигасының құрамынан шықты. Ұлттар лигасы Жапонияға қарай ешқандай іс шара қолданған жоқ, сол себептен 1935 жылы Италия қолданды. 1935 жылы 3 қыркүйек Италиян әскери Сомали территориясымен Эфиопияға басып кірді, ұлттар лигасы Италияны агрессор етіп, жариялайды. АҚШ пен Англия бейтараптық жарияланып екі елге де қару экспортына тиым салды.

1936 жылы Италия Эфиопияны жаулап алуды аяқтайды.

Фащизм батыс өркениетінің негізгі қарама-қайшылықтарының дамуының нәтижесі болып табылады. Оның идеологиясы росизм және әлеуметтік теңдік идеяларына технократиялық және эпопистік тұжырымдамаларына негізделді. 1915 жылы неміс жұмысшысы Антон Дрекспер «еркін жұмысшы» комитетін құрды. Оның негізінде ұлтшыл социалистік жұмысшы партиясы құрылды. 1921 жылы Италияда Фашистік партия құрылды. Оның құрамында 300 мың жұмысшы болған. Оны саяси күш ретінде мойындаған Италия королі 1922 жылы партияның жетекшісі Бигента Мусалиниге министрлер кабинетін құруға тапсырма береді. 1925 жылы ол Фашистік кабинетке айналды. 1933 жылы Адольф Гитлер сол кездегі германияның президенті Пауль Фон Гиндельбун қолынан регсканспер лауазымына ие болды. 1933 жылы Германия Ұлттар лигасынан шықты. 1934 жылы Германияда әскери авиация құру туралы шешім қабылданды. 1935 жылы жаппай әскери міндетке енгізілді. 1936 жылы германияның қарулы күштері Рейн демелитаризациялық зонасына басып кірді.


Лекция №33-34. 30жж. бейбітшілік және қауіпсіздік үшін күрес.

Жоспары:

  1. Кеңес одағының бейбітшілік және қарусыздану үшін күресі

  2. 30 жылдардағы отарлаушы елдердің бейбітшілік және қауіпсіздік үшін күресі.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Европа в международных отношениях 1917-1939. М., 1979

Европа в системе международных отношении. 1917-1945 гг. Свердловск., 1990

Қосымша әдебиеттер:

Европа между миром и войной:1918-1939 гг. М., 1992



Лекция мәтіні:
20 жылы Версаль –Вашингтон жүйесін жоюға бағытталған күштер жандана бастады. Жер шарының әртүрлі аудандарында алдыңғы қатарлы империялық державалар арасында оның ішінде Англия мен АҚШ арасында капитал қолданатын сфера шикізат көзі тауар сататын рынок үшін күрес шиеленісті. Версаль бітіміне наразы болған елдерде реваншистік көңіл-күй өсті. Соғыста жеңілген германия тез арада өзінің экономикасын қалпына келтіріп әлемді жаңа бөліске салуды көздеді. Фашистік Италия Шығыс Африка мен Жерорта теңіз бассейндерінде отарлық иеліктерді кеңейтуді талап етті. Импералистік экспанцияның кең бағаланған Жапон милитаристері жариялады. Олар Азиялық мемлекеттерде және Қытайда өз үстемдігін орнатуды мақсат етті. Импералистік қарама-қайшылықтың шиеленісу негізінде қару бәсекесі өсті. Бұл Версаль –Вашингтон жүйесін сақтауға мүдделі болған Англия мен Францияның қорқынышын тудырды. Бұл елдердің сыртқы саясаты 20 жылдардың ортасында халықаралық қатынастарда status-quo жағдайын сақтау. Бұл елдер өзіне қолайлы қару мен қарулы күштер деңгейін орнатып оны бекітуді көздеді. Өздерінің саясатын білдірмей олар дүниежүзі қауымдастықты өз жағына қарай тартты. Яғни олар басқарып отырған ұлттар лигасы пацифистік ұрандармен яғни қпрусыздану ұранын алу түрде қолдануға кірісті.

1925 жылы желтоқсанда Ұлттар лигасы қарусыздану конференциясына дайындық комиссияны құру туралы шешім қабылданды. Оның жұмысына КСРО –мен қосқанда 21 мемлекет қатысты. Бірінші мемлекеттердің жылдар бойы дайындық комиссиясының сессиясында қаруды қысқарту қажеттігі туралы келешекте қаруды толық қарусыздануды іске асыру туралы әңгімелер тоқтамады. Шын мәнінде Англия, Франция т.б. капиталистік мемлекеттер өздерінің әскери қуатын сақтауды, өсіруді көздеді. Пікір таласқа қатысқан мемлекеттердің арасындағы қарама-қайшылықтың дайындық комиссиясының жұмысын жоққа шығарды.

1927 жылы қарашада КСРО делегациясы жаппай және толық қарусыздану жоспарын ұсынды. 1928 жылы наурызда импералистік елдердің өкілдері бұл жоспардан бас тартты. КСРО делегациясы дайындық комиссиясының кезекті сессиясына қарсызданудың барлық түрлерінің бірте-бірте қысқарту туралы конвенциясын ұсынды және оны іске асыру үшін арнайы халықаралық бақылау орнатуды ұсынды. Бұл жоспарлардан да бас тартты. Оның орнына әр ел өзінің қару деңгейін анықтаған ұсыныстар қабылданды.

1927 жылы сәуірде Францияның сыртқы істер министрі Бриам АҚШ мемлекеттік хатшысы Келлог екі жақты «Мәңгі достық және соғысты заңнан тыс» деп жарияланған екіжақты Франко-Американ келісіміне қол қоюды ұсынады. АҚШ соғыстан кейін Европалық экономикалық дамуына үлкен инвестиция құйған, сол себептен Европаға саяси жағдайды тұрақты етіп сақтауға мүдделі еді. 1928 жылы тамызда Парижде 15 мемлекеттің өкілдері Бриам-Келлог фактіне қол қойды.

1928 жылы қыркүйекте КСРО бұл фактіге қол қояды. 1929 жылы ақпанда Мәскеу қаласында пратоколға қол қойылды. Оның негізі КСРО және оның батыс көршілері Польша, Румыня, Эстония Бриам-Келлог фактін мерзімінен бұрын енгізуді жариялайды және өзара қарым-қатынастарының оның принциптері негізінде құрылғандығы туралы міндеттеме қабылданды. Осы жылдардың сәуірінде Мәскеу протоколына Туркия мен Литва қосылды. 1929 жылы шілдеде бұл құжат заң күшіне енді. Бұл құжат та т.б. келісімдер де ірі импералистік державалар арасындағы қарама-қайшылықты жоя алмады. Ол қарама-қайшылықты одан әрі шиеленісуі 1929-1933 жылдары экономикалық дағдарыстан кейін халықаралық жағдайды одан әрі шиеленістірді.

Лекция№ 35-36. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы дипломатиялық күрес

(1939-1945 жж)

Жоспары


  1. КСРО мен Германияның жақындасуының басталуы.

  2. Соғыстың басталуы.

  3. Тегеран Қырым конференциялары.

  4. Берлин операциясы және соғыстың аяқталуы.

  5. Берлин конференциясы

  6. Париж конференциясы

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Исраэлян В.Л. Дипломатия в годы войны(1941-1945) М., 1985

История международных отношений и внешней политики СССР1917-1987. В 3-х тт. М., 1986-1987

Қосымша әдебиеттер:

Розанов Р.Л. Сталин. Гитлер: Документальный очерк советско-германских отношений

1939-1941М., 1991

Лекция мәтіні:
Мюнхен конференциясына Кеңес Одағы шақырылмады. Кеңес Одағы мен Чехословакия арасындағы жасалған келісімдердің маңызы жойылды. Көп ұзамай Франция Германиямен келісімге қол қойды. Оның мәні екі ел арасындағы шабуыл жасаспай фактімен тең болды. Сонымен қатар Қиыр шығыста Жапониямен қарама-қайшы шиеленісті 1932 жылы жазда Жапон әскері Касаи өзенінің маңына КСРО территориясына басып кірді. 1939 жылы мамырда КСРО-ның сыртқы істер халық комисарияты Литвинов түсіріліп, орнына Молотов тағайындалды. 1939 жылдан бастап Кеңес Одағының халықаралық жағдайы жақсара бастаған еді. Осы жылы Англия мен Франция, Румыния мен Польшаға гарантия береді. КСРО ұжымдық қауіпсіздік саясатынан бас тарта бастады, ал керісінше Англия мен Франция КСРО мен жақындасу жолдарын іздестіре бастады. 1939 жылы наурызда Англия КСРО-ға Франция мен Польшамен бірігіп ортақ диклорация жасауды ұсынды. Осы жылдың сәуірінде Англия мен Франция Германиямен соғысқа тартылған мемлекетке қолдау көрсету туралы хат алмасуды ұсынды. Кеңес Одағы нақты міндеттер көрсетілген 3 жақты келісім жасауды ұсынды. Кеңес Одағы өзінің әскерін Румыния мен Польша территориясына кіргізуі туралы талабын қойды. Польша мен Румыния бұған қарсы болды, сол себептен Мәскеу қаласында 12 тамызда басталған 3 жақты Ағылшын Француз КСРО келіссөздері нәтижесі болды. Жапон әскері 1939 жылы жазда Монғолия Халпинголь маңында әскери операция бастады. Осының барлығы Кеңес өкіметін германия мен жақындасу жолдарын іздестіруге мәжбүр етті. Чехия мен марабилин басып алғаннан кейін келесі кезек Польшанікі болды. 1939 жылы 21 тамызда Сталин Гитлерден жедел хат алды. Бұл жедел хатта қандайда болмасын шартта Германия КСРО мен шабуыл жасаспауға дайын екендігін мәлімдеді. Тиісті құжаттарға қол қою үшін 23 тамыздан кешікпей Германияның сыртқы істер министірі иСталиннің қабылдауын сұрады. Осы күші Сталин Англия мен Франциямен жүргізіліп жатқан келісімдерді белгісіз мерзімге тоқтату туралы бұйрық берді және ол Гитлерге жедел хат жолдады. Онда Рибеинтропты қабылдауға келісім берді. Аз уақытқа созылған Рибеинтроп пен Молотов 1939 жылы 23 тамызда шабуыл жасаспау туралы келісімге және оған қосымша құпия хаттамаға Кремльде қол қойды. Хаттамада екі жақ «Мүдде сферасын» болу туралы келісті. Шығыс Европада Германия КСРО-ның «мүдде сферасы» деп бұрын Ресей империясының құрамына кірген Эстония, Литвия, Бессарабияны КСРО-ның сферасы деп мойындады. Ал Кеңес Одағы Литваны Германияның сферасы деп мойындады. Польшаның бөліну мүмкіндігі туралы айтылды. Бөлінген жағдайда КСРО мен Германия арасында Нариф, Висла, Саил өзендерімен белгіленген. Мәскеуде қол қойылған құжаттар Кеңес Одағының сыртқы саясаты бағытын өзгертті.

Осы оқиғадан кейін 3 қыркүйек 1939 жылы Англия мен Франция берген гарантиясына байланысты германияға қарсы соғыс жариялайды. Соғысқа әлемнің 61 мемлекет қатысты. Соғысқа қатысқан мемлекеттің әскерлерінен 100 млн адам қатысты. Кеңес Одағының шығыны 65-67 млн адам болды. Хронологиялық жағынан ІІ-дүниежүзілік соғысты 3 үлкен кезеңге бөлуге болады.

1)1-қыркүйек 1939 жылы маусымда 1942 жылы соғыстың көлемі күннен-күнге кеңейіп агрессорлар күші басым болды.

2)маусым 1942 жылы -1944 жылы қаңтарға дейін түбегейлі бетбұрыс болды. Гитлерге қарсы комиссия мемлекеттері басымдылыққа ие болды.

3)1944 жылы қаңтардан -2 қыркүйек 1945 жылға дейін соғыстың шешуші кезеңі Гитлерге қарсы комиссия елдердің басымдылығы сақталып агрессорлық мемлекеттерде олардың режимі құлады.

28 қыркүйек 1939 жылы КСРО мен Германия арасында достық және шекара туралы келісім жасалды. Бұл келісім Польшаның бөлінуін бекітіп Германия мен КСРО арасында шекараны белгілейді. Шекара 23 тамыздағы құпия протоколмен салыстырғанда Поляктар мекендеген этнографиялық шекарамен белгіленді. Литва осы өзгерістерге байланысты КСРО сферасына берілді. 2 қыркүйек 1939 жылы Поляк әскерінің соңғы бөлімшелері тізе бүкті.



ЛЕКЦИЯ №36 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық аренада күштердің орналасуы (1945-50 жж соңы)

Жоспары:

  1. Берлин конференциясы.

  2. БҰҰ-ның құрылуы.

  3. Париж бітім конференциясы

  4. Ұжымдық қауіпсіздік идеясы

  5. Трумэн доктринасы

  6. Маршалл жоспары және Германияның тағдыры.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Истягин Л.Г. Общественно-политическая борьба в ФРГ по вопросам мира и безопасности(1949-1987). М., 1988Еропа: новое начало. Декларация Шумана. 1950-1990. Европа и проблемы расширения. М., 1994



Қосымша әдебиеттер:

История дипломатии / под ред. В.А. Зорина.М., 1959



Лекция мәтіні:
Конференцияда 1945 жылы 17- шілдеде -2 тамыз арасында Берлин маңында Подздам деген жерде өткен Германия территориясы 4 акулациялық зонаға бөлінді. Ол КСРО, АҚШ, Франция, Ұлыбритания аймақтары. Конференцияның басты мақсаты одақтас мемлекетінің Германиядағы жүргізетін саясатын айқындау. Оның нәтижесінде барлық ұлтшыл социалистік ұйымдарды тарату туралы бұры тыйым салынған саяси партиялар мен негізгі азаматтық бостандықтарды қалпына келтіру туралы, әскери өнеркәсіпті жою туралы, картельдері жою туралы шешімдер қабылданды. Нацистік Германияның қолға түскен жоғары басшылығымен халықаралық трубуиалдардың сотына беруге шешім қабылданды. Германияның мемлекеттік шекарасы біржолата бекітілді. Германиядан Шығыс Пруссия бөлініп Польша мен КСРО –ға берілді. Жалпы алғанда 1938 жылмен салыстырғанда Германияның территориясы 4/1 қысқарды. Оның 1938 жылдан бастап басып алған территорияның барлығы қайтарылды. Сонымен қатар осы территория немістердің жаппай қоныс аударуына конференция өзінің рұқсатын берді. Конференцияда әр түрлі аймақтарда қалған әскери тұтқындарды өзара репотриациялау туралы келісім жасалды. Сонымен қатар АҚШ пен Англия КСРО –дан батысқа қарай қашқан барлық азаматтарды күштеп репотриацияларға өз келісімін берді. Германияға қойылған репартациялардың жалпы көлемі 20 млрд долларға тең болды. Оның 50 айызы КСРО ға тиесілі болды.

1945 жылы 25 сәуір мен 26 маусым аралығына АҚШ-тың Санфранциско қаласында БҰҰ –ын құру жөніндегі конференция өтті. Конференцияда оның жарғысы өтті. Жаңа ұйымның мақсаты-халықаралық бейбітшілк пен қауіпсіздікті сақтау және қолдау елдер арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту, экономикалық және әлеуметтік гуманистік сипаттағы мәселелерді шешуде халықаралық ықпалдықты іске асыру. БҰҰ-ң барлық мүшелірінің теңдігі дау-дамайды бейбіт жолмен шешу күш қолданбау принциптеріне негізделген. БҰҰ мемлекеттердің ішкі істерге араласуына құқылы емес. Оның жоғарғы органы бас ассамблеясымен белгіленді. Жылына бір рет бас аасаблеяның сессиясына жиналады және қауіпсіздік кеңесі 11 мүшеден құралған 5 тұрақты, 6 тұрақсыз.

5 тұрақты: КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай.

6 тұрақсыз мүшелерді бас ассамблеяның сессияларында 2 жылға сайлаған. Қауіпсіздік кеңесі агрессорға қарсы санкция қоюға және күш қолдануға құқылы. Бас ассамблея экономикалық кеңесті әлеуметтік кеңесті қамқорлық жөніндегі кеңесті халықаралық сотты және бас хатшы бастаған секретариатты сайлайды. Кейінгі уақытта БҰҰ –ың жетекшілігімен көптеген арнаулы ұйымдар құрылды. Мысалы: ЮНЕСКО-бұл БҰҰ ғылым білім және мәдениет мәселесі бойынша ұйым.

Юнисефт-БҰҰ балалар қоры. БҰҰ жарғысына 50 мемлекет қол қойды.

1946 жылы Париж қалсында бітім конференциясы өтті. Жалпы бұл конференцияда Болгария, Венгрия, Италия, Румыния және Финляндия мен бітімге қол қойды. Болгария мен Венгрия 1919 жылы бекітілген шекарасын сақтады. Румыния КСРО-ға Бесарабия мен Солтүстік Буховинаны берді. Италия барлық отарларынан айрылды.


ЛЕКЦИЯ 37. Отаршылдық жүйенің құлауы.
Жоспары:

  1. Отаршылдық жүйе туралы түсінік.

  2. Отаршылдық жүйенің құлдырау кезеңдері.

  3. Дамушы елдер классификациясы.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Новейшая история стран Азии и Африки. Под ред. Родригеса М., 2004



Қосымша әдебиеттер:

Брутенц К.Н. Современные национально-освободительные революции. Некоторые вопросы теории и идеологической борьбы.М., 1972



Лекция мәтіні:
Отаршылдық жүйе дегеніміз-метрополияның жаулап алған халықтар мен территорияларға бағытталған саясаты. Отар мен отаршылдық саясат капитализмге дейінгі уақыттарда болған. Ал ХІХ-ғасырдың соңынан бастап ірі отаршылдық державалар дүние жүзінен бөліп алуды аяқтады. Ол дүние жүзінің алдыңғы қатарлы индустриялық Батыс өркениетінің елдері яғни Ұлыбритания, Франция, германия, Голландия, Испания, Португалия, Италия, АҚШ т.б. мемлекеттер. Бұл елдердің арасында ерекше орында тұрған экономикалық дамуында үлкен алға басу қадамын жасап Оңтүстік Шығыс Азияны бөліп алуға қатысты. Алдыңғы қатарлы батыс елдері Африка мен Поленезияны басып алды. Азия мен Латын Америкада өз позицияларын нығайтты. Отаршылдық иеліктер территориясы 40 тан 65 млн шаршы км-ге дейін өсті. Ал отар халықтарының саны 500 млн адамға жетті. Сонымен отаршылдық жүйе дүниедүние жүзілік жағдайға айналды. Ал отаршылдық шикізат көзі арзан жұмыс қолы дайын тауарларды сататын рынок ретіндегі рөлі күн сайын өсті. Бірақ отаршылдық жүйе деген түсінік тек ғана отар мен метрополиямен шектелмейді. Сонымен қатар түрлі жартылай отаршылдықтың тәуелділіктің түрлері бар. Жартылай отар болған Қытай, Иран, Түркия жартылай отар саяси тәуелсіздітерін сақтаған мен іс жүзінде көптеген экономикалық әскери саяси келісімдерімен сайланып олардың тәуелсіздіктерін жоққа шығарды.

ХХ ғасырдың басында батыс өркениетінің дағдарысы І дүние жүзілік соғыс және одан кейін әлеуметтік саяси өзгерістер дүниежүзіндегі отаршылдыққа қарсы күрестің өршуіне әсер етті. Азия, Африка, Латын Америка халықтары рыноктың қатынастарға тартылды. Тәуелді елдерде жеке-меншік нығайды. Жаңа әлеуметтік құрылым элементтерді қалыптастырады. Батыс мәдениеті және батыс ілімі кең тарады және батыс үлгісімен қайта құрулар жүргізілді. Бірақ батыс елдерінде тоталитарлық бағыттың өсуі 2 соғыс арасында россизм идеологтарымен, россизм саясатының күшеюімен қатар жүрді. Бұл метрополияға қарсы және отаршылдыққа қарсы күрестерінің күшеюіне алып келді. Сондықтан ІІ дүниежүзілік соғыста демократия күшінің фашизмді жеңуі капитализмге қатысты социалистік жүйенің пайда болуы мен отаршылдық жүйенің күйреуіне қолайлы жағдай туды.

Алғаш рет халықтардың қамқорлық жүйесі немесе отаршылдық мәселесі Санфрансиско конференциясының күн тәртібіне енгізілді. Бұл конференцияда КСРО өкілдері отар болған халықтарға тәуелсіздік беру принципін қолдайды. Ал олардың апаценттері ағылшындар ол халықтарға өзін-өзі басқаруды беруді ұсынады. Соғыс аяқталған кейін 10 жылдан кейін отаршылдық және жартылй отаршылдықтың тәуелділік 1,2 млн адам азат етілді. Дүниежүзілік қатарда 15 тәуелсіз мемлекет пайда болды. Онда бұрынғы отаршылдық халықтарының 5/4 өлігі өмі сүрді ірі ағылшын отары Үндістан 1947 жылы Сирия, Ливан, 1943 жылы Жапонияның отаршылдық тәуелсіздігінен Вьетнам азат етілді. Яғни 1945 жылы Франция тәуелсіздігін алғаннан кейін 8 жылдық соғыс нәтижесінде Вьетнамда солтүстік Кореяда социалистік сипаттағы революциялар жеңді. 50 жылдықтың басынан бастап отаршылдық жүйе ыдырай бастады. 1960 жылы БҰҰ бас ассамблеясы КСРО-ның ұсынысымен бұрынғы отар елдеріне тәуелсіздік беру туралы деклорация қабылданды.


: CDO -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)
Tar -> «Жалпы гидрология» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2
Tar -> Лекция: 30 Лаборатория: 15 обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Барлық сағат саны: 135 Қорытынды бақылау: емтихан (40 балл)


1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет