Лекция №8 Тақырыбы: Оқу процесін ұйымдастыру және басқару тиімділігіне негізделген оқыту технологиясы Жоспар 1



бет1/2
Дата07.10.2019
өлшемі303.09 Kb.
түріЛекция
  1   2
Лекция №8

Тақырыбы:Оқу процесін ұйымдастыру және басқару тиімділігіне негізделген оқыту технологиясы


Жоспар

1. Ұжымдық оқыту тәсілі

2. Ұжымдық оқытудың мақсаты

3. Топпен жұмыс жасауда оқытудың тиімділігі


Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оқыту технологиясында өзгерістер болып жатыр.

Соның ішінде, ең бастысы, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы алғашқы қадамдар жасалуда.Бүгінгі таңда мұғалімнің ең қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған, жеке, дарынды тұлға тәрбиелеу. Әр мұғалімнің алдындағы сәулелі мұраты – өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың "менін” ашу, сол "менді” шығармашылыққа жеткізіп, баланың өзіне деген сенімін туғызу. Кәсіби білікті мұғалім болу — заман талабы. Әрбір оқушы талантты. Әр оқушының өзіндік мүмкіндіктері бар. Сол мүмкіндіктерін ашуға қолайлы, жайлы ортаны ұйымдастыра білу, мұғалімнің міндеті. Оқытудың жаңа әдістері оқушыларды басқа қырынан танытуға, оқушыларды жан-жақты ашуға, әрқайсысының тұлғасын көре білуге, олардың мінез-құлықтарының ерекшеліктерін байқауға көмектеседі.

Адамша ойлау, ізденімпаздық – табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылатыны сөзсіз, бірақ біреуге аз, біреуге көп дегендей.

Менің негізгі қолданатыным оқытудың ұжымдық технологиясы. Ұжымдық оқыту әдісі дегеніміз оқу үрдісін төрт түрлі ұйымдастыру түрлері, яғни, жекелей, жұптық, топтық, ұжымдық тәсілдер арқылы жүзеге асыру. Ұжымдық оқыту әдісі әр оқушының бір сәтте әрі оқушы, әрі мұғалім ретінде болатындай етіп оқу үрдісін белсендіре түседі. Оқу әрекетін ұйымдастыруда ұжымдық оқыту әдісі әр оқушының өз мүмкіндігін барынша қолдануға, ал мұғалімге әр балаға деңгейіне сай оқуына мүмкіндік туғызады. Мұндай оқыту түрі тек қана бірлесіп жұмыс істеу емес, сонымен қатар, жарысқа түсу, бәсекелесуді қарастырады ("ХХІ ғасыр – білім мен ғылым бәсекесінің ғасыры” Н.Назарбаев).

Ұжымдық іс-әрекет және оның құрылымы:

- Ұжымда бір мезгіл жұмыс жасау (ең қарапайым түрі);

- Жұптасып жұмыс жасау (2 оқушы);

- Топтасып жұмыс жасау, ең азы-3 оқушы, ең көбі-6-7 оқушы.

- Топаралық жұмыс, топаралық мақсат, міндет айқындалады.

 

Ұжымдық оқыту тәсілі



Мұнда жеке адамның басымдылығы жоқ, әркім өзінше мұғалім. Өзі екінші біреуді оқытушы және оқушыны оқушы ретінде сынау, қабілетіне қарай еңбек етуіне жағдай туғызу мақсаты қойылған. Бұл үлкен жауапкершілікті керек етеді. Мұндағы ерекшелік – оқушы білімді саналы меңгереді, біреуге үйрету, біреуден үйрену арқылы логикалық ойлау, салыстыру, дәлелдеу т.б. дағдылары қалыптасады.



Ұжымдық оқытудың мақсаты:

Адамды жан-жақты тәрбиелеу

-оқушының рухани дүниесін байыту;

- оқырмандығын күшейту;

- ауызша, жазбаша тіл мәдениетін дамыту;

- ойлау, елестете алу қабілетін қалыптастыру;

- көзқарасын тереңдету;

- өзінше бағалап, пайымдай білуге дағдыландыру;

- ойын жеткізе, талдай білуге үйрету;

- танымдық оқу ауқымын кеңейту;

- шығармашылық ізденіске жол ашу.



Ұжымдық оқыту технологиясы оқушының жеке тұлға ретінде және ақыл-ой зердесін дамытуда үлкен рол атқарады.

Ұжымды оқытуда оқушы мынадай ролдер атқарады:

Әр оқушының еңбегі пайдалы болу керек. Өзінің ғана емес, өзгенің еңбегі де жауапкершілікпен қаралуы керек. Түсінген әр оқушы басқаға, серіктесіне меңгергенше түсіндіру. Өзі оқи отырып, өзгені оқытуға үйрену.

Сабақта негізгі білім көзі мұғалімнің сөзі мен оқулық болса, қазір оқушының жеке ойы мен көзқарасы құнды болып отыр. Психологтар тұлғаның жетілуі үшін топтық жұмыстар қолайлы жағдай туғызатынын ашып көрсетеді. Педагогтар оқытуда топтық жұмыстардың атқаратын рөлін қарастырады. Олардың ойынша, топтық жұмыс оқыту процесін байыта түседі, оқу жұмыстарын нығайтып, сыныпта жылулық атмосферасы сезіледі. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» түріндегі өзара іс — қимылға қарағанда, «оқушы — оқушы» қатынасына түсе отырып, негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады.

Топтарға арналған ережелерді құру: Ережелер топтардағы жұмыс жағдайында өте пайдалы болуы мүмкін.

Мысалы, мынадай ереже тізімі:

1.Бір-бірін мұқият тыңдау;

2.Сөйлеушінің сөзін бөлмеу;

3.Бір-бірінің пікірін құрметтеу;

4.Мен және менің пікірім;

5.«Тоқта» ережесі;

6.Ортақ пікірге келу;

7.Құпиялылық т.б.

Топтық жұмыста оқушыларға берілетін тапсырма бір сарынды емес, әр түрлі сипатта болуы керек. Талап бойынша топтық жұмыста жеке тапсырма, жұптық тапсырма, топтық тапсырмалар беріліп отырады.



Топпен жұмыс жасауда оқытудың тиімділігі:

Топ ішінде ортақ проблеманы шешуде идея тастауы, өз пікірін дәлелдеуі, талқылауы, оқушылардың ортақ ойға келуі. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап, айтады; болжамдар ұсынып, талқылайды. Талқылау кезінде олар «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді.

Осындай сценарий бойынша оқушылар бір-бірін тыңдап, өз жауаптарын талдайды. Оқушылардың дәлелдері пікір алмасудың нәтижесі болып шығады. Балалар өз топтарын артта қалдырмау мақсатында жұмыла жұмыс жасайды және әркім жауапкершілікті сезінеді.

Қалай оқу керектігін үйретудің идеялары осы диолог арқылы оқытумен тығыз байланысты. Яғни мұнда оқушылар өздігінен білім алуға жауапкершілігін түсінеді. Өзара әңгімелесу арқылы өзінің пікірі қалыптасады.

Оқытудың маңызды бір бөлшегі – оқушылардың өзін-өзі бағалауы, өз жұбын бағалауы және өзара топ мүшелерін бағалауы. Мысалы, диалогтік оқыту әдістемесі негізінде жүргізілген алғашқы сабақтарымда оқушылар өздерін, жұбын, тобын бағалаған кезде жаймашуақ бағаласа, келесі сабақтарда балалар бағалау кезеңінде мұғалімнің кеңесі бойынша берілген критерийлерге жүгініп, толық мағыналы және әділ бағалады.

Пікір сұрау, талдау әдістемесі менің сабағымда кеңінен қолданылады. Бұл әдістеме кіріспе сабақта да, қорытынды сабақта да қолданылады. Мұндай сабаққа дайындалу үшін мұғалім ең алдымен, тақырыпты талқылауға арналған сұрақтар дайындайды. Жұмыс топтарының саны сұрақтар санына байланысты болады (әдетте 4-5 сұрақ). Сынып топтарға бөлінеді. Әр топ жұмыс алгоритмі мен сұрақ алады.

Ұлы ағартушысы К.Д.Ушинский: «Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат», - деп өз замандастарына терең ой салған. Сондықтан қазіргі заманда оқушының білім алуға құштарлығын ояту үшін мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жағдай жасауы тиіс. Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығы мен қызығушылығына тікелей байланысты.Заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына жеткізуші» болуы тиіс.Оқушыларды жалықтырып алмай қызығушылықтарын арттыру мақсатында берілетін тапсырмалар бір сарында емес, әр-түрлі сипатта болуы керек. Қызықтыру мақсатында оқушыларға тапсырмаларды конвертке салып тарату, ұяшықты таңдау немесе бейнероликтер көрсету және т.б. арқылы беруге болады.

Бұл жүйедегі оқыту әдісін оқушының білім сапасын молайтып, олардың пәнге деген қызығыушылығын арттырып, үнемі ізденіс үстінде жан-жақты даярланып жүретіндігімен пайдалы деп ойлаймын.

Ұжымдық оқыту тәсілі мұғалімді күнделікті тексеруден босатып, осыған орай әр оқушыға жекелей көмек көрсетуге уақытының болатынымен де құнды.Бұл технологияның тәрбиелік мәні де ерекше, оқушының өзіндік әрекеті, бір-біріне деген жолдастық қарым-қатынасы арта түсіп, бір-біріне бар ынта жігерімен көмектесіп,үйретуге,топтық жарыстар кезінде жетекшінің ұйымдастыру қабілетінің арта түсетіндігі,оқушы бағалауының әділ болатындығы және бірнеше оқушыны бағалау мүмкіндігі туатындығы және т.б. оқушыларды топтап оқытудың қолайлы екендігінің бірден-бір дәлелі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет