Лекция «Адам қаңқасы»



жүктеу 309.98 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі309.98 Kb.
түріЛекция
Модуль №1

Тәнтану 8-сынып

Тірек-қимыл жүйесі (7 сағат)

«Қаңқа» «Бұлшықет»







Сағат саны

Сабақ мазмұны мен түрі

Уақыты

Кіріспе бөлім

1 сабақ

1. модульдің құрылысымен таныстыру.

2. Лекция 1. «Адам қаңқасы»

а) көрнекілік арқылы оқыту

б) тірек сызбаларымен жұмыс

в) негізгі түсінігін ажырату

г) үйге тапсырма беру.



5 мин

35 мин


4 мин

1 мин


Сөйлесу бөлімі

2 сабақ


1. «Бірін-бірі оқыту» рольдік ойыны

2. «Түсінік, терминдер» эстафетасы

3. Қорытындылау



25 мин

17 мин


3 мин


3 сабақ

1. Рольдік ойын сабағы.

2. Қорытындылау.



42 мин

3 мин


Кіріспе бөлім



4 сабақ


Лекция 2. «Бұлшықет».

а) тірек-сызбалар арқылы түсіндіру.

б) қысқаша конспект жазу.

в) негізгі түсінігін ажырату.

г) үйге тапсырма

30 мин


9 мин

5 мин


1 мин


Сөйлесу бөлімі


5 сабақ



1. Бірін-бірі оқыту сабағы (Брейн-ринг)

2. Қорытындылау




42 мин

3 мин



6 сабақ



Сұрақ –жауап ойыны.

Бағалау



42 мин.

3 мин



Қорытындылау бөлімі

7 сабақ

1. Релелік тапсырмалар

2. Тест жұмысы.

3. Қорытындылау


20 мин

20 мин


5 мин

Девиз: «Білім еске сақтау арқылы емес, тек өзіңнің ойлау қабілетіңнің күшімен меңгерілгенде ғана білім бола алады»

Л.Н.Толстой

Оқушылар меңгеруі тиіс:


  1. Тірек-қимыл жүйесінің қызметі.

  2. Адам мен қаңқасының ерекшеліктері

  3. Сүйектің байланысу түрлері.

  4. Адам қаңқасы бөліктері.

  5. Сүйектің құрылысы мен құрамы.

  6. Сүйектің өсуі.

  7. Қаңқа зақымданғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем түрлері.

  8. Сүйек аурулары.

  9. Бұлшықеттің қажуы.

  10. Сымбаттың бұзылуы, жалпақтабандылықтың даму себебін айқындау

  11. Бұлшықетті жаттықтыруда дене шынықтырудың маңызы



Мақсаты:
Білімділік:

Тірек-қимыл жүйесінің қызметі, құрылысы, топтары, бөліктерімен таныстыру, түсінігін қалыптастыру.


Дамытушылық:

Оқушылардың ізденушілігін қалыптастыру. Тірек-қимыл жүйесі туралы ой-өрісін кеңейту.


Тәрбиелік:

Білімділікке, алғашқы нәрделі түрлерін көрсете білуге, сымбаттылықты қалыптастыруға, дене еңбегімен шұғылдануға тәрбиелеу.




Қаңқа (220 сүйектен)




Бас сүйегі

Иық белдеуі

Жамбас белдеуі

Тұлға қаңқасы


Ми сауыты

бет сүйегі

бұғана+жауырын

жамбас сүйегі

омыртқа жотасы

(33-34)


төс

Қабырға (24)

Төбе

Самай


Шүйде

маңдай


жақ

танау


таңдай

көз ұясы

кеңсірік алақан толарсақ 5 сегізкөз

тіл асты


тоқпан жілік

кәрі жілік

шынтақ, шыбық

білезік


Алақан

саусақ


ортан жілік

тізе


тобық

асықты жілік

Толарсақ

табан башпай сүйектері садақ сүйек





7 мойын омыртқа

12 арқа


5 бел

5 сегізкөз

4-5 құйымшақ





4 аралық

6 жалған


14 негізгі


Сүйектің химиялық құрамы

Бейорганикалық заттар су органикалық заттар

60% 10% 30%

Мықтылық қасиет иілгіштік, серпімділік



Сүйектің құрылысы:


  1. сүйек қабығы 3. өзекшелер 5. жүйкелер

  2. сүйек жасушасы 4. қан тамыры


Сүйектің өсуі – шеміршек ұлпасы жасушасының бөлінуі арқылы жүреді.

Өсуге әсер етеді:

Гипофиз дәрумендер А, Д

Қалқаншабез кальций, фосфор
Алғашқы көмектер

Сіңірдің созылуы – сүйектерді жалғастырып тұрған буындағы байланыстың зақымдануы. (қар, суық су, мұз басу)
Буынның шығуы – оқыс қимылдан буын сүйектерінің орнынан таюы.

(қозғалмайтын жағдай жасау, шендеуіш салу, орамалмен таңу, суық су, мұз басу, дәрігер)


Сынық

Ашық жабық

(қан тоқтату, шендеуіш салу, емханаға жеткізу)

Буын аурулары – қоректік заттардың алмасуының бұзылуы. (Дене еңбегі, уқалау, ыстық басу, шипалы балшық, сүт, көкөніс тағамдары)



Тірек-қимыл жүйесі




Қаңқа бұлшықет

Атқаратын қызметі: тірек, қорғаныш, қозғалыс.


Сүйек түрлері




Ұзын қысқа жалпақ

Жілік омыртқа бас сүйек

Іші қуыс табан жамбас

қол сүйек қабырға

жауырын

жақ, самай, бет

Сүйек байланысу түрлері





Қозғалмалы қозғалмайтын аз қозғалатын

Қол, аяқ, иық бас, жамбас омыртқа

Кеуде сүйек


Жалғасу
-сүйектің дәнекер және шеміршек арқылы байланысуы;

-сүйектің қозғалмалы байланысы-





Буын қалтасы шеміршекті бөлік сұйықтық қуысы май ұлпасы
Сыртқы ішкі буын
Талшықты сұйықтығы
(дәнекер ұ.) (эпителий ұ.)
2-сабақ

2.1. «Бірін-бірі оқыту» рольдік ойыны

Мақсаты: оқу материалын тиянақты меңгеру, негізгі ұғымдарды ажырата білу. Бірін-бірі тыңдау, бағалау дағдысын қалыптастыру.

Ойын шарты: (түсіндіруге 2 мин)

Әрбір отырған оқушысабақта оқытушы, оқушы ролін кезектесіп орындайды. Ойын 3 кезеңнен тұрады барлық жұп бір мезгілде жұмыс жасайды.



I кезең 5мин.

Оқытушының берген жоспары бойынша дайындалуға 5 мин. Уақыт беріледі

Оқушы §16-18 сүйек сынғанда сіңір созылғанда сіңір созылғанда буын шыққанда көрсетілетін жәрдем.

Оқытушы §17-18 сүйек аурулары



II кезең 9 мин

Оқушылар оқытушыға түсінігін айтады. Жарты оқушы- жауап беруші, жарты оқушы- тыңдаушы ролін орындайды.



III кезең 9 мин

Оқытушылар ролдерін алмастырады. Тыңдаған оқушылар түсінігін айтады, яғни оқушы ролінде ойнайды. Ал оқушылар оқытушы болады.



Қорытынды кезеңі

Оқушылар жауап бағаларына тиісті бағаларын қояды




2.2. «Түсінік, терминдер» эстафетасы.
Мақсаты: «Бірін-бірі оқыту» рольдік ойынындағы меңгерген білімдерін айқындау, логикалық ойлауын қалыптастыру.

Шарты: Оқушыларға 1,2-нұсқада 10 сұрақтан жазылған парақтар үлестіріледі.

17 минутта жауабын жазып болуы тиісті. Оқушылар бірін-бірі тексеру арқылы жауап парағына бағалайды.

9-10 ұпай – «5»

7-8 ұпай – «4».

5-6 ұпай – «3»

4-3 ұпай – «2»

1-2 ұпай – «1»

Қорытынды бағаны оқытушы қояды. Сабақ соңында оқушылардың бағалары айтылып сабаққа ерекше дайындықпен келіп, жақсы араласқан оқушылар аталады.



сұрақ

Аты-жөні


№1

№2

Қорытынды баға

1













2












1 нұсқа






  1. Тұлға қаңқасының сүйектері

  2. Омыртқаның құрылысы

  3. Тірек-қимыл жүйесінің маңызы

  4. Сүйек байланысының түрлері

  5. Сәйкес жауабын тап:

А. Сүйектің бір-бірімен дәнекер, шеміршекпен байланысуы.

Б. Сүйектің қозғалмалы байланысы

В. Сүйекті жалғастырып тұрған буындағы байланыстың зақымдануы

Г. Буын сүйектерінің орнынан тайып кетуі

Д. Сүйектің шеміршек ұлпаларының бөлінуі, сүйек ұлпасына айналуы
Жауаптары:


  1. сіңірдің созылуы

  2. буынның шығуы

  3. буын

  4. сүйектің өсуі

  5. жалғасу

6. Сүйектің химиялық құрамы

7. Иық белдеуінің сүйектері

8. Қысқа сүйектер

9. Буын шыққанда көрсетілетін алғашқы жәрдем

10. Сүйек құрылысы

2 нұсқа

1. Жамбас белдеуіне кіретін сүйектер

2. Сүйектің құрылысы

3. Сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдемнің түрлері

4. Буын неден тұрады?

5. Сәйкес жауабын тап:

А. Буын сүйектерінің орнынан тайып кетуі

Б. Сүйектің қозғалмалы байланысы

В. Сүйектің шеміршек ұлпаларының бөлінуі, сүйек ұлпасына айналуы

Г. Сүйекті жалғастырып тұрған буындағы байланыстың зақымдануы

Д. Сүйектің бір-бірімен дәнекер, шеміршекпен байланысуы
Жауаптары:

1. буын


2. сүйектің өсуі

3. буынның шығуы

4. жалғасу

5. сіңірдің созылуы

6. Жалпақ сүйектер

7. Бас сүйегінің бөліктері

8. Сүйектің химиялық құрамы

9. Адам қаңқасының жануар қаңқасынан ерекшелігі

10. Жіліктің түрлері

«Түсінік терминдер» эстафетасының жауаптары


1 нұсқа

1.Омыртқа жотасы (33-34)

Мойын омыртқа 7, арқа 12, бел 5, сегіз көз 5, құйымшақ 4-5 омыртқадан тұрады, төс, қабырға (24) аралық қабырға 4, жалған 6, негізгі 14 қабырға.

2. Омыртқа денесі, доғасы, өсінділері, омыртқа өзегі.

3. Тірек, қозғалыс, қорғаныш.

4. Қозғалмалы (қол, аяқ, иық, кеуде)

Қозғалмайтын (бас жамбас)

Аз қозғалатын (омыртқа)

5. А5, Б3, В1, Г2, Д4

6. Бейорганикалық заттар 60%, су 10%, органикалық заттар 30%

7. Бұғана, жауырын, тоқпан жілік, кәрі жілік, шынтақ, шыбық сүйек, білезік, алақан, саусақ.

8. Омыртқа, табан, қол сүйектері

9. Қозғалмайтын жағдай жасау, шендеуіш салу, орамалмен таңу, суық су, мұз басу, дәрігерге көрсету.

10. Сүйек қабығы, сүйек жасушасы, өзекшелер, қан тамырын, жүйкелер.

2 нұсқа
1.Жамбас сүйегі, ортан жілік, тізе, асықты жілік, садақ сүйек, тобық, толарсақ, табан, башпай сүйектері

2. Сүйек қабығы, сүйек жасушасы, өзекшелер, қан тамыры, жүйкелер

3. Қан тоқтату, шендеуіш салу, емханаға жеткізу.

4. Буын қалтасы, шеміршекті бөлік, сұйықтық қуысы, май ұлпасы.

5, А3, Б1, В2, Г5, Д4

6. Бас сүйегі, жамбас, қабырға, жауырын, жақ, самай, бет сүйегі

7. Ми сауыты (төбе, самай, шүйде, маңдай)

Бет сүйегі (жақ, танау, таңдай, көз ұясы, кеңсірік, тіл асты)

8. Органикалық заттар 30%, су 10%, бейорганикалық заттар 60%.

9. Аяқ сүйектері жуан, мықты. Қол сүйегі еңбекке бейімделген. Кеуде қуысы жалпақ. Ми сауыты мықты. Омыртқасы иілімді

10. Ортан жілік, асықты жілік, тоқпан жілік, кәрі жілік

3-сабақ
«Рольдік ойын сабағы».
Мақсаты: Оқыған материалды қорытындылау, оқушының ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін, теориялық білімін практикада қолдана білуге тәрбиелеу, дені сау ұрпақты қалыптастыру.

Ойынның шарты:

Оқушыларға қысқаша түсіндіру, оқушылар арасынан эксперттер мен дәрігерлер тағайындау, фирмаларға атау беру. Фирма берілген тапсырманы түгел орындап, дәрігерлік тілмен түсіндіре білуі тиіс қосымша материалдан қарауға рұқсат беріледі.

Жүргізілу барысы:



  1. Фирма атауы, девизі, эмблемасы.

  2. Фирмалардың тапсырмалар алуы.

  3. Дайындалу, жұмыс жасау.

  4. Қорғау

  5. Эксперт тобының жұмысы

  6. Ойынның аяқталуы

  7. Ойынды қорытындылау, талдау.

  8. Кеңес беру

Рольдік ойынға қатысушылардың қызметі.

  1. Оқытушы

Методикалық материалды дайындайды, рольдік ойынды басқарады, команданы бағалауда эксперттерге бағыт береді, тақтаға ұпайды жазады, ойынды қорытындылайды.

  1. Эксперт кеңесі (2-3 оқушы)

Фирмаларға тапсырма береді, жауап алады, сараптайды, әрбір эксперт өз фирмасымен жұмыс істейді, қиындық болса басқа эксперттен көмек алады.

  1. Бас дәрігер

Өз фирмасының жұмысын басқарады, жауап іздеуге топтастырады, жауапты экспертке тапсырады.

Ойын барысында ұзақ үзіліс жасауға болмайды. Фирма жауап алып келгенде жедел түрде басқа сұрақ берілуі тиіс. Егер фирма басқа фирмалардан бұрын жауап берсе қосымша сұрақ беріледі.

Әрбір турдан соң оқытушы сұрақтың дұрыс жауабын оқиды.

Ойынға қажет құралдар:



  1. Тапсырмалар

  2. Қосымша әдебиеттер.

  3. Құм сағат

  4. Гонг

  5. Бор

Әр турға 10 минут уақыт беріледі. Әрбір толық, дәл жауап 10 ұпаймен есептеледі. Барлық фирма бірдей тапсырма алады, сондықтан дайындалғанда тыныштық қажет.

Гонг соғылғанда жауап бағалануға эксперитке берілуі тиіс.

I тур. Жақыннан көргіш адамдардың дене бітімі неліктен алға қарай бүкірейеді? (жақыннан көргіш адамдар көзәйнек кимесе, оқығанда, жазғанда үнемі төмен еңкейгеннен денесі бүкірейеді. Бүкірлікті әртүрлі арқа бұлшықетін қатайтатын дене жаттығуларын жасау арқылы емдейді).

2. Ауыр атлетикамен айналысу баланың өсуін тоқтатады дегенге қосыласыз ба? (сүйекке қай бағытта көп күш түссе, сүйек сол бағытта тез өседі, ал ауыр атлетикамен айналысу өсуді тездетеді. Сүйек, бұлшықет қатаяды. Ауырлық күші жасына сай болуы керек).

3. Сүйек ұзынынан, көлденеңінен қалай өседі? (сүйектің жуандап өсуі, сүйек қабығының ішкі беті жасушаларының жедел бөлініп, сүйек жасушаларының жаңа қабаттары сүйек бетіне жинала береді. Осы жасуша айналасында жасуша аралық заттар пайда болады. Ұзарып өсуі сүйек ұшындағы шеміршек ұлпасы жасушаларының бөлінуі есебінен және өсу гармоны соматотрофты гармон әсерінен жүреді).


II тур


  1. Қабырғасы сынған адамға қандай алғашқы көмек жасауға болады? (жарақаттанушы терең тыныс шығаруы керек және тыныс алуды тоқтата тұруы тиіс сол кезде тұлғаны қатты орап тастау керек, ол жай тыныс алуға мүмкіндік береді. Қабырға қозғалысы азаяды, сүйек жасушаларының бөлінуінен сынған қабырға бітіседі, болмаса басқа мүшелердің зақымдануынан орама қорғап тұрады.)

  2. Көп күндік туристтік саяхатта саяхатшы тобығын қайырып алды. Тобық буыны тез ісіп, ауырғанан аяғын баса алмай қалды. Алғашқы көмек түрін қалай көрсетесіз, содан кейінгі күні не істеу керек? (ауруын басу үшін салқын су қажет. Ол үшін өзен, теңіз суына аяғын батыруға болады немесе салқын су құйылған пакетті басу қажет. Тобық буынын қатты қысып байлап, ісіктің алдын-алу керек. Азғантай уақыт балдақпен жүргізіп немесе мүлдем жүргізбеу керек. Жарақатқа инфекция түсуден сақтандыру қажет)

  3. Қажет жеріне белгі қойып кестені толтырыңдар



Қаңқа сүектері

Бас сүйектері

Иық белдеуі

Жамбас белдеуі

Тұлға сүйектері

Кеңсірік













Кәрі жілік













Жауырын













Ортан жілік













Құйымшақ













Қабырға













Толарсақ













Шыбық сүйек













Шүйде













Самай















III тур

  1. Сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем.(сынықтың ашық және жабық түрлері болады. Ашық сынықта сүйек бұлшықеттерді, қан тамырларын, теріні, жүйкені жарақаттап, жырып кетеді. Жарақатқа ауру қоздырғыш микробтар түсуі мүмкін, сондықтан сынықты таза шүберекпен жауып, қан тоқтату жұмыстарын орындау керек. Сынған жерді қимылдамайтындай етіп, шендеуіш салып, таңу керек. Сынған аяқты сау аяққа, сынған қолды денеге қысып таңады. Омыртқа жотасы, бас сүйегі сынғанда науқасты жатқызып, дәрігер шақырту керек).

  2. Сүйек аурулары неден пайда болады? (1. Түрлі сәулелердің әсерінен сүйекте зат алмасу, оның қозғалу қасиеті өзгеріп, сүйектің өсуі, жаңаруы бұзылады. 2. Суда , топырақта кальций жетіспегенде буын ауырып, жуындап нашар қимылдайды, сұйек ұлпасы сиретеп жілік жұмсарады. 3. Ағзада стронций көп болса сүйек қатаймайды. 4. Минералды заттардың мөлшері азайғаннан сүйек аурулары пайда болады. 5. Туыстық некеден мешел бала дүниеге келед. 6. Фосфор тұзы қанға сіңбесе мешел болады. 7. Сүйек құрамында ақуыз, минералды заттар жетіспесе сүйек сынғыш келеді.)

  3. Омыртқа жотасының қисаюынан қалай сақтануға болады? (Тірек-қимыл жүйесі қалыптасатын кезеңде дене мөлшеріне сай жұмыс орындауын қадағалау. Ауыртпалық күші тең түсуі керек. Партада дұрыс отыру: кеудені тіремей, аяқты еденге түзу қою, қолды шынтақ буыны арқылы үстел үстіне бос ұстау. Шынтақтан көзге дейінгі қашықтық 30-35 см болуы керек. Үстел парта биіктігі адам денесіне сай болуы қажет.)

  4. Жалпақтабандылықтан сақтану жолдары (табан ортасы көтеріңкі, ойыс болуы жүрісті жеңілдетіп, дене серпімділік беріп, соққыны бәсеңдетеді) аяқтың ұшымен жүріп, суда жүзумен жаттығу, жүгіріп, секіріп, түрлі ойындармен айналысу керек. Табанға әр түрлі жаттығулар жасау қажет.

Қорытынды

Сабақ соңында ойынға жақсы қатысқан оқушыларға баға қойылады.




Қаңқа бұлшықеті



Ет талшықтары

















Сіңір



Дәнекер ұлпасы


жүйке





Қан тамыры



Құрылысына қарай: 1. Бірыңғай салалы (ішкі мүше бұлшықеті)

2.Көлденең жолақты (қаңқа бұлшықеті)

Сыртқы пішініне қарай: 1. Қысқа, жуан (омыртқа бұлшықеті)

2.Ұзын, жіңішке (аяқ, қол, бұлшықеті)
Атқаратын қызметіне қарай: 1.буын бүккіш

2.буын жазғыш

3.жақындатқыш

4.алшақтат

Орналасуына қарай: 1.бас (шайнау, бет қимыл)

2.тұлға (кеуде, арқа, құрсақ)

3.аяқ, қол бұлшықеті


«Сұрақтар мен жауаптар» ойыны.
Ойынды материалды өз бетінше игерудің бірінші кезеңінде, яғни сөйлеу бөлімінің біірінші сабақтарында өткізуге болады.
I тур.
Оқушылар әдеттегідей қатармен партада отырады. Барлығы 6 қатар


1-қатар

2-қатар

3-қатар

4-қатар

5-қатар

6-қатар

Мұғалім әр жұпқа игеріліп жатқан тақырып бойынша 10 сұрақ жазылған қағаздарды таратады. (немесе тақтаға жазады), 20 мин ішінде әр жұп оқулықтардан жауап іздеумен айналысады.


II тур.

2 және 3-қатарда отырған оқушылар орын ауыстырады, 4 және 5-қатарларда солай істейді, яғни жаңа жұптар пайда болады.

1қатар+ 3 қатар

4 қатар+6 қатар

2 қатар+ 5 қатар

Енді қатар отырған оқушылар кезекпен бір-біріне сұрақтарды қоя бастайды (сұрақтардың бұрыңғы тізімі бойынша)

Әр оқушыда жауаптарды бағалау үшін жеке бланк болады.

Осылайша оқушы тек жұп (немесе тақ) сұрақтарға ғана жауап береді. Әр жауаптың уақыты - 2 мин.

Бағаны жұптасы қояды.

III тур.
II турдағы жұмыс біткеннен кейін қатарлар қайтадан алмасады.

Енді кездесетіндер: 1қатар+6 қатар

2қатар+3 қатар

4қатар+ 5 қатар

(қатарлардың нөмірлері ойын басынан сақталады). Басында берілген сұрақтардың тізімі бойынша оқушылар бір-бірін қайтадан тексереді.

Егер II турда оқушылар жұп нөмірлі сұрақтарға жауап берсе, онда III

турда тақ нөмірлі сұрақтарға жауап береді.



Сұрақ – жауап ойынының сұрақтары


  1. Бұлшықет қандай қызмет атқарады?

  2. Бұлшықеттің құрылысы қандай?

  3. Бұлшықет қандай топқа бөлінеді?

Бұлшықет топтары жұмысы қалай реттеледі?

  1. Пішініне қарай, атқаратын қызметіне қарай бұлшықеттер қандай топқа бөлінеді?

  2. Бас, тұлға, аяқ-қол бұлшықетінің қызметі

  3. Бұлшықеттің үйлесімді әрекеті неге байланысты?

  4. Бұлшықеттің қажуы неге байланысты?

  5. Еңбек өнімін арттыру үшін жұмысты қалай ұйымдастыру қажет?

  6. Сымбаттылық дегеніміз не?

  7. Бұлшықетті жаттықтырудың маңызы қандай?



Турдың N

Оқушының аты-жөні

Сұрақтардың N

баға

II




1

3

5

7

9




III




2

4

6

8

10




Турдың N

Оқушының аты-жөні

Сұрақтардың N

баға

II




1

3

5

7

9




III




2

4

6

8

10




Турдың N

Оқушының аты-жөні

Сұрақтардың N

баға

II




1

3

5

7

9




III




2

4

6

8

10





6-сабақ

«Брейн-ринг» оқыта үйрету ойыны
Құрал-жабдығы:

  1. нөмірлер, жетондар (1,2,3,4,5,6)

  2. 6 бөлікті жаймалар

  3. фишкалар (көк-5, жасыл-4, сары-3, жарты)

  4. үстел сілтемесі (А, Б, В, Г)

  5. бағалау парағы

  6. үш деңгейлік тапсырмалар

Ойынның жүру барысы


Сынып 6 адамнан топқа бөлінеді: 5 ойыншы, 1 жүргізуші. Ойынға қатысушыларға номерлі жетондар таратылады. Әр топ өз үстеліне отырады. Үстелде-сілтемелер, жаймалар, I, II, III деңгей сұрақтары бар карточкалар орналастырылады.

Үстіңгі III деңгей сұрағына дайындықсыз жауап беріледі, II деңгейге 3-5 минут, I деңгей сұрағына 7-10 минут уақыт беріледі.

Жаймаға 2 саны түссе, 2 номерлі оқушы, 4 саны түссе, 4 номерлі т.б ойыншы жауапбереді

Жауап берген оқушыға жауабына қарай фишка беріледі. Толықтырса жарты фишка алады. Қорытындысы ортақ бағалау парағына түсіріледі.


Ортақ бағалау парағы




Оқушының аты-жөні

Баға

Ортақ ұпай

1
















2
















3
















4
















5















І деңгей сұрақтары




  1. Адамның жануарлармен жақсы дамыған бұлшықетерін ата. Ол неге байланысты? (тік жүруіне, еңбек етуіне байланысты бұлшықеттер)

  2. Бұлшықеттің негізгі топтарын атап, қызметін сипатта.

  3. Стадионда 400м жүгіру жарысы болады. Алғашқы 200метрде спортшы өте қатты жылдамдықпен жүгіріп өтеді. Кейбір тағы 100 метрге жақсы жүгіреді, бірақ 300 метрге жақындағанда жылдамдық күрт төмендейді, неге? (Алғашқы 200м бұлшықет энергияны көп жұмсайды, энергия қоры азая бастайды, ал зат айналым тез болғандықтан, бұлшықетке қорек келіп үлгермейді, сондықтан жұмысы бәсеңдейді. Жаттыққан спортшыларда бірнеше минуттан соң бұлшықет жұмысы жұмсарады)

  4. Жоғары кернеулі электр тоғы соққанда зардап шегуші адамның қолы тоқты айырғанша сымнан ұстап тұратындығы неге байланысты? (Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасының ет талшықтары жиырылуға қабілетті, оған бұлшықетке келетін импульстар әсер етеді. Импульстің жиі келуіне ұзақ уақыт бұлшықетте жиырылу болады. Қозу процесі тоқтың әсерінен физиологиялық белсендіәрекетке айналады да, бұлшықет ұлпасы талшықтары ұзындығын өзгертеді, яғни тежелу болады. Буын бүккіш, буын жазғыш бұлшықеттер арасындағы үйлесімділік бұзылған)

  5. Дене еңбегімен, спортпен шұғылданбайтын адамдар неліктен тез шаршайды?

ІІ деңгей сұрақтары




  1. Бұлшықет талшықтарында қандай жиырылғыш ақуыздар бар? (Миофибрилл құрамында жиырылғыш ақуыздар актин, миозин бар)

  2. Адамның жүрісінің әртүрлі болуы неге байланысты?

(Адам аяқтың көмегі арқылы жүреді, ол кезде адам денесіндегі барлық бұлшықеттер қимылдайды, олардың кез-келген үйлесімділігінің бұзылуы жүріске әсер етеді)

  1. Бұлшыеттің жиырылуы қалай аталады?

  2. Бұлшықеттер неге қажиды?

  3. Бұлшықеттің динамикалық, статистикалық жұмысын түсіндір

ІІІ деңгей сұрақтар




  1. Бұлшықет маңызы қандай?

  2. Бұлшықеттің құрылысы

  3. Сыртқы пішініне қарай бұлшықеттер қандай топтарға бөлінеді?

  4. Тұлға бұлшықеттерінің қызметі не?

  5. Бұлшықетті жаттықтырудың маңызы қандай?

7-сабақ
Релелік тапсырмалар


Мұғалім бірінші сабақта (оқу модулінің кіріспе бөлімінде) оқушыларға релелік сынақ билеттеріне енетін негізгі сұрақтары береді. Әр билетте 2-3 сұрақтан. «О» белгімен берілген сұрақтар тобы жоғары күрделілік дәрежесіндегі тапсырмалар, «» белгімен – орташа дәрежедегі, «∆»- қарапайым тапсырмалар. Тиісті белгісі қойылған билеттер мұғалім үстелінің үстіне үш қатарға бөлініп қойылады.(Барлық сұрақтар мен тапсырмалар білім стандартының талаптарына сай).

Оқушылар өз қалауы бойынша кез-келген қатардағы билеттен алады. Таңдап алған билетінің мазмұнымен таныс болған соң оқушы орнына барып, тапсырмаларды орындауға кіріседі немесе басқа билет, бірақ бұл жолы басқа қатардан алады. Бір қатардан билетті қайталап алуға болмайды. ∆ белгісі бар билетті алған оқушы сынықтан 3 бағасын

 4 бағасын

O 5 бағасын алуы мүмкін


Кез-келген деңгей сұрақтарына жақсы жауап берген оқушы күрделі деңгейдің билетін алып, бағасын жақсартуына болады. Жауапқа дайындалу уақыты 10-15 минут. Әрбір оқушы мұғалімнен бір рет кеңес алуға болады. Сынақ тапсырмалары жазбаша, ауызша және құрама болуы мүмкін.











Оқушылардың аты-жөні



Баға




Ортақ балл

1 тапсырма

2 тапсырма

3 тапсырма

1













2













3













4













5













6
















Оқушылардың аты-жөні



Баға




Ортақ балл

1 тапсырма

2 тапсырма

3 тапсырма

1













2













3













4













5













6
















Оқушылардың аты-жөні



Баға




Ортақ балл

1 тапсырма

2 тапсырма

3 тапсырма

1













2













3













4













5













6













1-билет


  1. Адам қаңқасы қандай сүйектерден тұрады?

  2. Бұлшықеттің дәнекер ұлпасының маңызы

2-билет



  1. Жалғасу деген не?

  2. Қан тамыры, жүйкелердің маңызы

3-билет




  1. Буын деген не?

  2. Ұзын, жіңішке бұлшықеттерді ата?

4-билет



  1. Ұзын сүйекке қандай сүйектер жатады?

  2. Жүрек бұлшықеті қандай болады?

5-билет



  1. Қысқа сүйекке қандай сүйектер жатады?

  2. Арқа бұлшықетінің қызметі?

6-билет


  1. Ми сауытына қандай сүйектер жатады?

  2. Құрсақ бұлшықетінің қызметі?

7-билет

  1. Бет сүйектерін ата?

  2. Аяқ бұлшықетінің қызметі?

8-билет



  1. Сүйекті органикалық бейорганикалық заттар маңызы қандай?

  2. Бұлшықет үйлесімділігі деген не?

9-билет



  1. Сіңірдің созылуы деген не?

  2. Керексіз улы заттар ұлпадан қалай шығады?

10-билет


  1. Шендеуішті қалай салады?

2.«Тәні саудың-жаны сау» дегенді қалай түсінесің?

1-билет



  1. Тік жүруіне байланысты адам қаңқасындағы өзіне тән ерекшеліктер

  2. Қимыл белсенділігі төмендегенде ағзада қандай өзгерістер болады?

2-билет



  1. Сүйектердің қосылу түрлерінің айырмашылығы неде?

  2. Сымбаттылық деген не?

3-билет



  1. Ұзын-қысқа сүйектердің құрылысы?

  2. Тірек-қимыл жүйесі дамуындағы дене шынықтырудың пайдасы?

4-билет


  1. Омыртқа жотасы қандай бөліктерден тұрады?

  2. Ұлттық әдет-ғұрып ойындарының бұлшықеттің шынығуына тигізетін пайдасы

5-билет

  1. Қабырғаның түрлері

  2. Жылдың әр мезгілінде дене шынықтырудың қандай түрлерімен шұғылданған пайдалы?

6-билет


  1. Иық белдеуі қандай сүйектерден тұрады?

  2. Бас бұлшықеттерінің қызметі

7-билет


  1. Жамбас белдеуі қандай сүйектерден тұрады?

  2. Адамның дене қимылына байланысты бұлшықет қызметінің өзгеруі

8-билет


  1. Аяқ-қол сүйектері

  2. Топ серуенмен шұғылданудың денсаулық үшін пайдасы

9-билет


  1. Жас адам мен ересек адамның сүйектерінің құрамында қандай айырмашылық бар?

  2. Тұлға бұлшықеттерінің қызметі?

10-билет


  1. Сүйек, буын аурулары

  2. Пішініне қарай бұлшықет түрлерін ата.

1-билет



  1. Жануар және адам қаңқаларының ұқсастығы мен айырмашылығы

  2. Бұлшықет талшықтарында қандай ақуыздар бар?

2-билет


  1. Тірек-қимыл жүйесінің маңызы

  2. Бұлшықеттің негізгі топтарын ата

3-билет


  1. Сүйек байланысының түрлері, мысалдар келтір

  2. Бұлшықеттің жиырылуы қалай жүреді?

4-билет



  1. Буынның құрылысы

  2. Созылмалы, бүгілмелі буын бұлшықетінің үйлесімділігі қалай жүзеге асады?

5-билет
1.Бас сүйегі қандай сүйек бөлімдерінен тұрады?

2. Бұлшықеттің қажуы деген не?

6-билет


  1. Омыртқа жотасының құрылыс ерекшелігі қандай?

  2. Еңбек өнімділігін арттыру үшін жұмысты қалай ұйымдастыру керек?

7-билет



  1. Кеуде қуысы қандай сүйектерден құралған, оның маңызы?

  2. Қаңқа бұлшықетінің құрылысы?

8-билет


  1. Сүйектің құрамы неден тұрады?

  2. Омыртқа жотасының қисаюынан қалай сақтануға болады?

9-билет



  1. Қаңқа сүйектерінің жуандап, ұзарып өсуі неге байланысты?

  2. Жалпақтабандылықтан сақтану жолдары

10-билет



  1. Буын шыққанда, сүйек сынғанда алғашқы жәрдем қалай көрсетіледі?

  2. Белсенді қимылдың маңызы

Тест жұмысы


  1. Сүйектің қай бөлігі қан жасайды?

А. Сүйектің беткі қабаты

В. Шеміршек

С. Сүйек ұлпасы

Д. Қызыл кемік сүйек

Е. Сары кемік сүйек
2. Адам қаңқасы сүйектерінің қай бөлігі қозғалмайды?

А. Бас сүйегі

В. Кеуде бөлігі

С. Жамбас белдеуі

Д. Иық белдеуі

Е. Қол сүйектері


3. Тік жүруге байланысты қандай бұлшықет жақсы жіктелген?

А. Желке

В. Арқа

С. Көкірек



Д. Мытып

Е. Қол бұлшықеті


4. Бұлшықеттің статикалық жұмысы деген не?

А. Бұлшықеттердің үнемі жиырылып тұруы (тонус)

В. Бұлшықеттердің босаңсыған күйде болуы

С. Бұлшықеттер топтарының кезектесіп жиырылуы

Д. Бүгуші бұлшықеттердің жұмысы
5. Қайсы сүйек ұзын түтік сүйек?

А. Қабырға

В. Омыртқа

С. Ортан жілік

Д. Төс сүйек

Е. Жауырын


6. Қайсы сүйектер аяқтың буынын құрайды?

А. Табан-алақан сүйектері

В. Шынтақ және шыбық сүйек

С. Жамбас-ортан жілік



Д. Тоқпан жілік, ортан жілік

Е. Жауырын-тоқпан жілік




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет