Лекция Есептің экономикалық және баланстық теориялары жоспар есептің экономикалық теориясы және оның негізі Есептің баланстық теориясы және оның негізі



жүктеу 122.52 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі122.52 Kb.
түріЛекция
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары

ЖОСПАР

1. Есептің экономикалық теориясы және оның негізі



2. Есептің баланстық теориясы және оның негізі

  • Лекция мақсаты: Студенттерді экономикалық және баланстық теориялармен таныстыру

  • Түйінді сөздер:

  • 1. Есептің экономикалық теориясы және оның негізі

  • Бухгалтерлік есептің экономикалық теориясында бухгалтерлік есеп саясиэкономиканың бір бөлігі сияқты қарастырылады. Бухгалтерлік есеп теориясында экономикалық бағыт ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болды. Шаруашылық процесстердің тиімділігін табу есеп жүргізудің басты мақсаты болып табылады.

  • Тиімділік – бұл кіріс және шығыс негізінде көрініс табатын шаруашылық қызметтен туындайтын нәтиже. Кіріс және шығыс түсінігі негізінде шоттарда тіркелу негізгі қағида болып табылады: келіп түскені дебеттеледі де, кеткені кредиттеледі. Екі жақтылық заңы айырбас (құндылықтар айырбасы) түсінігіне негізделеді.

  • Бұл ереже шаруашылық құралдарды жіктеуге әкелді. Құқықтық бағыттағы өкілдерге қарағанда экономикалық теорияны жақтаушылар, құндылықтарды өтеп болғаннан кейін ғана пайда табу мүмкін болады (құқықтық мектепке сәйкес пайда табу құқығы құндылықтарды тапсырып болғаннан кейін пайда болды, яғни тиеп жөнелтуден кейін) деп есептейді.

  • Экономикалық теорияны сынаушылар (баланстық бағыттың өкілдері) оның маңызды кемшіліктерін белгілейді.

  • Экономикалық теорияны сынаушылар оның маңызды кемшіліктерін белгілейді. Мысалы, операциялардың барлығын түгелдей айырбасқа апаруға болмайды (өртте жоғалған тауарлар немесе бағаның өсуі немесе кемуі негізінде тауарлар құнының өсуі). Сондықтан да, айырбас заңының көзқарасынан екі жақты жазбаны түсіндіру мінсіз таза бола алмайды.

  • Бірақ та өз заманында, құқықтық теорияға қарағанда, экономикалық теория аса жетілген болды және де ол қайшылыққа түспеді. Өйткені азаматтық заңнаманың негізі айырбас актілерден құралады, сондықтан да шаруашылық өмірдің барлық фактілері құндылықтармен айырбас жасаудан ағып шыққан шартты түрдегі табиғатымен түсіндіріледі.

  • Кәсіпорынның барлық шаруашылық қызметі шаруашылық айналымы деп аталатын құндылықтармен жасалатын операциялардан тұрады.

  • Экономикалық теорияны жақтаушылар қатарына Сиверс пен Блатовты жатқызуға болады.

  • Николай Александрович Блатов (1875 - 1942) – орыс және кеңестік бухгалтер, айырбас заңы негізінде екіжақтылық жазулардың объективті түсіндірмелерінің жақтаушысы. Ол екіжақтылық жазумен бейнеленген «профессор Блатов квадратында» шаруашылықтағы айырбастың барлық мүмкін болатын түрлерінің моделін құрастырған. Осылай, айырбас теориясы құндылықтардың үш тобын белгілейді: заттық (В), ақшалай (Д) және шартты (У).

  • Сызба шоттардың топтастырылуымен қатар олардың арасындағы корреспонденцияны да алдын ала анықтайды. Бұл бухгалтерлік баланс екі жақты жазудың нәтижесі деген қортындыға әкеледі. Профессор Блатовтың квадраты (шаршысы) құндылықтардың барлық бағыттарын суреттейді:

1 - Заттай құндылықтарды ақшаға айырбастау (мысалы, тауарларды қолма-қол ақшаға сату);

2 - Ақшаны заттай құндылықтарға айырбастау (мысалы, тауарларды қолма-қол ақшаға сату)

3 - Заттай құндылықтарды шартты құндылықтарға авйырбастау, яғни төлемді уәде ету (мысалы, төлемді кейінге қалдырып тауарларлды сату, бұл дебиторлық қарыздың пайда болуына әкеледі)

4 - Шартты құндылықтарды заттай құндылықтарға айырбастау (мысалы, төлемді кейінге қалдырып тауарларды сатып алу, бұл кредиторлық қарыздың пайда болуына әкеледі)

5 - ақшаны шартты құндылықтарға айырбастау (мысалы, есеп беруші тұлғаға ақша беру)

6 - шартты құндылықтарды ақшаға айырбастау (мысалы, сатып алушылардың шоттарды төлеуі)

7 - заттай құндылықтарды басқа заттай құндылықтарға айырбастау (мысалы, ғимаратты ағаш үшін бұзу)

8 - шартты құндылықтарды басқа шартты құндылықтарға айырбастау, (мысалы, қарызды аудару және өзара талаптарды есепке алу.)



  • 2. Есептің баланстық теориясы және оның негізі

  • Бухгалтерлік есептің баланстық теориясын көбінесе Еуропаның германтілді мемлекеттерінің өкілдері сонымен қатар ресей авторлары әзірлеген.

  • Баланстық теорияның өркендеуі ХХ ғ. бірінші жартысына сай келеді. Заңнама және экономика мектептері бухгалетерлік есепті сәйкесінше заңнамалық және саяси экономикалық тұрғыдан ғана түсіндірсе, ал баланстық теория өкілдері бухгалтерияның өзіне негізделді.

  • Олар бухгалтерлік есептің мәнін бухгалтерге келіп түсетін құжаттардан және есеп тіркемелерінен көрді. Есепке алу рәсімі- бұл бухгалтерлік есептің мақсаты, әдісі және пәні.

  • Балансытық мектептің үлкен бір еңбегі есеп техникасын дамытуында, есепті жүргізудің карточкалық түрін жасауда, есептен хронологиялық жазбаны алып тастауда, математикалық және статистикалық әдістерді таратуда, шот жоспарын бір ізге салу (бірегейлендіру).

  • Неміс мектебінде есептің екі циклы нақты шекараланған:

  • Сауда бухгалтериясы –кәсіпорынның сыртқы байланыстарының есебі, құралдардың құрамын айқындау және қаржылық нәтижені анықтау

  • Өндірістік бухгалтерия –кәсіпорын ішіндегі өндірістік операциялар.

  • Бұл бағыттар бір бірін өзара толықтырып дамытып отырған. Саудалық бухгалтерия баланс жүргізуде теориялық негіздемені тапты, ал өндірістік бухгалтерия –калькуляциялауда.

  • Баланстық мектеп өкілдерінің ең танымал теорияларын қарастырайық.

  • Берлинер теориясы. 1924 жылы Манфред Берлинер ұсынған есептік теорияның негізінде өз иесінен оқшауланған шаруашылық түсінігі жатыр. Шаруашылықтың мүліктік жағдайы оның актив және пассив деген екі бөліктен құралған балансында айқындалады.

  • Актив оң мүліктер жиынтығын көрсетеді, ал пассив-теріс (қарыздар), ол оң мүлікті жартылай немесе толықтай құртуы мүмкін. (қарыздарды төлеу активтердің шығуымен немесе капиталдың азаюымен байланысты).

  • Активті (+) және пассивті (-) баптардың өзгеруі тек екі түрде ғана болуы мүмкін: өсу (кіріс+) және азаю (шығыс -). Сол жағы (актив) мәндері бойынша шоттардың дебетіне (+), ал оң жағы (пассив) –шоттардың кредитімен (-) сәйкес келетін балансты кәсіпорынның жинақтаушы шоты деп есептесек, екі жақты жазуды математикалық түрде ұсынуға болады(оң және теріс сандарды қосу ережесі негізінде):

1)+(+мүлік)= +, яғни оң мүліктің көбеюі дебетке жазылады;

2) –(+мүлік)= - , яғни оң мүліктің кемуі кредитке жазылады;

3)+(-мүлік)= - , яғни теріс мүліктің көбеюі кредитіне жазылады

4) –(-мүлік)=+, яғни теріс мүліктің азаюы дебетке жазылады.



  • Берлинер актив пен пассивтің барлық өзгерістерін сыртқы (үшінші жақтармен қарым-қатынастар) және ішкі (қалғандардың барлығы) деп бөліп шаруашылық айналым деп атайды. Барлық айналымдар негізінде ауысу акты жатыр, ол бір уақытта және бірдей мөлшерде бір баланс бабының өсіун және басқа баланс бабының кемуін көрсетеді. Яғни әр шаруашылық айналым өзінің табиғаты бойынша екіжақты болып келеді.

  • Баланстық мектеп өкілдеріне А.М.Галаган, Джузеппе Росси, Л.Кольманн, Леон Пти, Иоганн Фридрих Шер, Ф. В. Езерский, Н.С. Лунский, Жан Батист Дюмарше жатады.


5 Тақырып ХХ ғасырда бухгалтерлік есептің негізгі идеялары

10 лекция Британ-американдық есеп жұйесінің негізгі мазмұны



ЖОСПАР

1. Британ-американдық есеп жұйесінің сипаттамасы



2. Институалистермен персоналистер идеялары

  • 1. Британ-американдық есеп жұйесінің сипаттамасы

  • ХХ ғасыр - өнеркәсіп, сауда және әлеуметтік өмірде қайта құрудың ғаламдық кезеңі болды. Біріншіден, Ресейдегі әлеуметтік революция әлемді екі бәсекелес экономикалық және саяси блоктарға бөліп тастады. Ал екіншіден, екі дүниежүзілік соғыс Европа елдерінде Ұлы экономикалық тоқыраудың пайда болуына әкеп соқтырды.

  • АҚШ елі де барлық экономикалық жабығудың қиын кездерін басынан кештірді, ХХ ғасырдың басында АҚШ ұлы экономикалық жабығуды басынан кешті. Европа соғысып және сол соғыстан кейін қалпына келтіріліп жатқан кезінде, АҚШ Европа елдеріне өздерінің азық-түліктерін, әскери техника және т.б. өткізу арқасында экономикасын өркендете бастады. Сондықтан ХХ ғасырдағы бухгалтерлік есептің дамуы АҚШ тағы коммерциялық және саяси экспансия саясаты ықпалымен өтті.

  • Соғыстан кейінгі кезеңде елдің экономикалық әлеуеттілігінің өсуі, өнеркәсіптік капиталдың шоғырлануы, бірлескен меншік формаларының дамуы, бухгалтерлерлік қызметке деген сұранысты жоғарлатып, бухгалтерлік есептің теориялық және тәжірибиелік жүзінде дамуына жол берді.

  • ХХ ғасырдың бірінші жартысының ең әйгілі дара зерттеушілері В.А.Патон(1922),Т.Н.Хатфилд және У.Моор(1938), С.Гилман (1939) болды.

  • Сандерс, Хатфилд және Моор өз зерттеулерін қаржылық есептілікті құрастыратын және қолданатын тұлғаларды сұрастыру негізінде, әр түрлі әдебиеттер мен заңнамаларды талқылау негізінде жүргізді. Нәтижесінде олар кірістер мен шығыстар туралы есеп, баланс, шоғырландырылған баланс, түсініктер мен ескертулер принциптерін (қағидаларын) анықтады. Осы принциптердің ең негізгілеріне келесілер жатады:

  • Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық жағдайы мен пайдасының қалыптасуы туралы ақпаратты хабарлауы тиіс;

  • Капитал мен пайда баптарының шектеулі болуы;

  • Талдау жасау үшін өткен кезеңдегі мәліметтердің ашық, түсінікті болуы;

  • Объектілердің есептілік түсіндірілуі жүйелі болуы;

  • Керітартпалық көзқарас басымды болуы (айналымнан тыс активтер қалдық құнмен бағалануы қажет; ал қорлар мен шығындар кемінде екі шамадан өлшенуге тиіс: өзіндік немесе нарықтық құнмен бағалануы керек; шығындарды жабу және шартты міндеттемелерді тану үшін міндетті түрде резервтің болуы)

  • Толықтай жүзеге аспаған пайданың, кіріс есебіне алынбауы;

  • Өткізуден тыс пайданың жеке есепке алынуы;

  • Алдағы есепті кезеңдеріндегі қателіктерге өзгертулер мен түзетулер кірістер мен шығыстар есебінде көрсетілуі;

  • Шығындар мен нәтижелердің сәйкес келуі.

  • Гилман бухгалтерлік есептің талаптары мен шарттарын мінездеп,атап көрсетті. Біріншілерге ол консерватизмді, ашылымдық, жүйелілік және материалдылықты, ал екіншілерге дербес шаруашылық субъектіні бағалау мен есептілік кезеңді жатқызды. Коллективтік зерттеулер университет пен кәсіптік ұйымдар кешенінде өткізілген болатын. Американдық бухгалтерлік қауымдастық (ААА) 1936 жылы бухгалтерлік есеп принциптерінің уақытша жағдайын жариялады.

  • 2. Институалистермен персоналистер идеялары

Институалистермен персоналистер бағытынфң негізін қалаушылар:

  • Френсис Пикслей - институалист

  • Вильям Эндрю Патон - персоналист

  • Кез келген коммерциялық ұйымның негізгі мақсаты пайда табу болып табылады. Бухгалтерлердің алдына қаржылық нәтижені дәл және дер кезінде анықтау ғана емес, сонымен қатар кәсіпорын әкімшілігін шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету міндеті тұрды. Нарықтық экономика жағдайында баға сұраныс пен ұсыныстың қатынасымен анықталған кезде пайданы арттыру тек қана шығындарды тиімді басқару кезінде мүмкін болады. Сондықтан есептің дамуының екінші бағыты болып басқарудың ақпараттық талаптарын қамтамасыз ететін өндірістік есеп саналады.

  • Бұл мақсатқа жету үшін (есеп беруді басқару құралы ету) ең алдымен шығындар есебінің жаңа жүелерімен байланысты жаңа ойлар ұсынылған.

  • 1918 ж инженер Г.Эмерсон «Еңбек өнімділігі - еңбек ақының және жедел жұмыстың негізі ретінде» атты еңбегінде дәстүрлі бухгалтерияның кемшілігіне нұсқады яғни нақты бары және болуға тиістінің арасындағы ешқандай қатынасының болмауына, есептің нағыз мәні сақтықтың саны мен жиілігін жоғарылатуда деп тұжырымдады. Сақтықтың мәні нормадан ауытқуды бекітіп отыруда.


11 лекция Есепті Еуропада және халықаралық деңгейде стандарттау

1. Бухгалтерлік есеп және аудит бойынша стандарттар мен нормаларды құрастыру

2. Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдары және олардың қызметі


  • 1. Бухгалтерлік есеп және аудит бойынша стандарттар мен нормаларды құрастыру

  • Бухгалтерлік стандарт деп бухгалтерлік есептіліктің әр көрсеткіші негізінде бухгалтерлік есеп әдістемесінің сипаттамасын түсінеді.

  • Әр түрлі елдердің кәсіби бухгалтерлік ұйымдары шаруашылық субъектілерімен тәжірибеде қолданылатын бухгалтерлік есеп әдістерінің біртүрлілігіне қол жеткізуге тырысады.

  • Мысалы, Англия және Уэльстың ант еткен бухгалтерлер институты 1946 жылы әдістемелік ұсыныстарды жария етуді бастады.

  • Австралиялық институт және Жаңа Зеландия қоғамы да осындай жұмыстарды бастады. Бірақ стандарттар тек Тәжірибеде оқтын-оқтын қиындықтар туғызған жеке сұрақтар, ереже бойынша жасалды.

  • Бухгалтерлік есеп басқарушылық шешімдер қабылдауға негіз бола отырып барлық шетелдік және отандық пайдаланушыларды ақпаратпен қамтамасыз етуі тиіс. Соның нәтижесінде есепті есепті стандарттау қажеттілігі туындады.
  • 2. Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдары және олардың қызметі



  • ХІХ ғасырдың аяғында Еуропада ең бірінші бухгалтерлік ұйымдар ұйымдасқан болатын. Бірақ та, олар маңызды ықпалын тигізе алмады. Қоғамдық бухгалтерлердің американдық қауымдастығы (ҚБАҚ) бухгалтерлер тәжірибелерінің біріктіруіне байланысты Нью-Йорк штатында 1899 жылы құрылды, ал 1902 жылы олар ант еткен АҚШ бухгалтерлерінің қоғам Федерациясы, штаттар көлемінде біріктірілді.

  • Федерация 1904 жылы қазіргі кезеңге дейінгі 5 жыл өткізіліп отыратын (екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінен басқа) бухгалтерлердің бірінші халықаралық конгрессіне жәрдем ақы берді.

  • 1996 жылы 1150 мүше есептелінген қауымдастық АҚШ бухгалтерлер институтына өзгертілді. 1917 жылы институт бухгалтерлердің Американдық институты болып жаңадан аталған болатын және 1957 жылға дейін дипломдалған қоғамдық (ант берген) бухгалтерлердің Американдық институты (AICPA) болып қайта тіркелген кезіне дейін қызметін жүргізді.

  • Бухгалтерлер-теоретиктер (университеттің оқытушылары) 1916 жылы Американдық бухгалтерлік қауымдастыққа бірікті, бұл ұжымдық ғылыми-тәжірибелік зертеулер жүргізу үшін зерттеушілерді біріктіруге өз септігін тигізді.

  • Өндіріс және басқарумен байланысты болған АҚШ бухгалтерлері 1919 жылы басқару есебі бухгалтерлерінің Ұлттық қауымдастығын (ICMA) ұйымдастырды.

  • Қазіргі кезде Ұлы Британияда алты аса ірі ант еткен бухгалтерлер қауымдастықтары қызмет етуде:

  • 1. Шотландияның антеткен бухгалтерлер институты, 1854 жылы ұйымдасқан;

  • 2. Англия мен Уэльстің антеткен бухгалтерлер институты, 1880 жылы ұйымдасқан;

  • 3. Ирландияның дипломы бар бухгалтерлер институты, 1988 жылы ұйымдасқан;

  • 4. Дипломдалған бухгалтерлер қауымдастығы, 1904 жылы ұйымдасқан;

  • 5. Бухгалтер-менеджер институты;

  • 6. Бухгалтерлік іс және мемлекеттік қаржы институты.

  • Аталған қауымдастықтар мен институттар бірігіп бухгалтерлік кеңестер бойынша консультациялық комитет құрды. Комитеттің ішінде ұлттық бухгалтерлік стандарттар бойынша комитет құрылған, сол комитет ұлттық стандарттарды құрастырып бекітеді.

  • Канадада әрбір оныншы провинцияда бар өкілдіктер бас ұйымның достық деңгейіндегі ұйымы CICA ұйымы болып табылады. Австралияда бухгалтерлік есептің кәсіптік реттелуін екі ұйым жүзеге асырады: қазіргі кезде 75000 адам көлемінде есептелген және ХІХ ғасырдан бері өмір сүріп келе жатқан дипломдалған тәжірибе-бухгатерледің Австралиялық қоғамы (ASCPA) және 15000 адам көлемінде есептелген басқа ұйымдармен бірігу жолымен пайда болған Австралиялық ант берген бухгалтерлер институты (ICAA).

  • Жаңа Зеландия бухгалтерлік есепті дамыту шараларымен 1894 жылдан бері өмір сүріп келе жатқан әр түрлі кәсіптік ұйымдардың өзгертулері жолымен пайда болған Жаңа Зеландияның бухгалтерлер қоғамы (NZSA) жүзеге асырылады.

  • ХХ ғасырдың екінші жартысында бухгалтерлік есеп өте үлкен мағынаға ие болады. Сондықтан оның әдістемесін тек қана бухгалтерлер құрастырып қоймай ұкіметтік ұйымдарда реттеуге кірісті. Бухгалтерлік есепті реттеу мүдделес жақтардың қатысуымен британ-американдық елдерде жүзеге асырылды.

  • АҚШ-та бухгалтерлік есепті мамандандырылған ұйымдар басқарады. Оларға мынадай ұйымдар жатады:

  • Бухгалтерлік стандарттар бюросы

  • Ұлттық бухгалтерлер қауымдастығы (ассоциациясы)

  • Америка бухгалтерлері қауымдастығы

  • Антеткен бухгалтерлер институты

  • Басқару бухгалтерлерінің институт

  • Қорыта келгенде, ХХ ғасырдың аяғына қарай заң шығарушы нормалардың дамуы нәтижесінде, бірлестіктердің реттеуші қызметі және бухгалтерлік есеп стандарттарын енгізу барысында бухгалтердің сыртқы пайдаланушылар үшін мәліметерді айқындау құжаттарына шектеулер көбее түсті.




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет