Лекция Лекция тақырыбы: Мәліметтер қорын басқару жұйесі. Ms Access-пен танысу. Лекция жоспары: Жалпы ұғымдар мен тұсініктер. Программаны іске қосу



Дата10.02.2020
өлшемі188 Kb.
түріЛекция
1-лекция

1. Лекция тақырыбы: Мәліметтер қорын басқару жұйесі.

Ms Access-пен танысу.

2. Лекция жоспары: 1. Жалпы ұғымдар мен тұсініктер.

Программаны іске қосу.

2. Негізгі элементтер.

3. Мәліметтер қорын жобалау кезеңдері.

4. Қорытынды.

3. Лекция мақсаты: Студенттерді мәліметтер қорын басқару жүйелерінің құрамына енетін Ms Access бағдарламасының негізгі ұғымдарымен таныстыру және оны компьютерге орнату икемділіктерін ұйрету.

4. Қолданылатын әдебиеттер


  1. Т.В.Тимошок. Самоучитель Microsoft Access 2002.

Москва – Санкт-Петербург-Киев, 2004.

  1. Б.Д.Сыдықов және т. б. Бағдарламалық және технологиялық

практикум. Алматы, 2004.

  1. Б.Д.Сыдықов, Н.А.Талпаков. Практикум по MS Access 97.

Алматы, 2002.

  1. М.Қ.Байжұманов, Л.Қ.Жапсарбаева. Информатика. Оқу құралы.

Астана, 2004. 224 бет.

5. Лекция мазмұны:
1. Жалпы ұғымдар мен түсініктер. Программаны іске қосу.

Microsoft Access - бұл мәліметтер қорын басқару жұйелерінің құрамына енетін және Microsoft Office XP пакеті µнімдерінің бірі болып табылатын бағдарлама. Бұл Access бағдарламасы мәліметтер қорының кестелеріне мәліметтерді енгізуді, оларды сақтауды және тасымалдауды, сонымен бірге осы ақпараттың жиынтығынан маңызды бизнес - шешімдер қабылдау ұшін қажетті мәліметтерді алуды қамтамасыз етеді.

Microsoft Access қосымшасына қатысты мәліметтер қоры – бұл кестелер, сұраныстар, формалар, есептер, беттер, макростар және модулдер сияқты обьектілердің жиынтығы.


  1. Формалар. Формалар мәліметтер қорындағы кестелердің жекелеген жазбаларымен жұмыс істеу ұшін қолданылады. Форманың кµмегімен кестеге ақпараттарды енгізуге, редакциялауға және µшіруге, сонымен бірге мәліметтерге енуді шектеуге және тек оларды кµру режимінде бейнелеуге болады.

  2. Сұраныстар. Мәліметтер қорының кестелерінен белгілі бір шартқа (критерийге) сәйкес келетін мәліметтерді бµліп алу мұмкіндігін беретін қуатты мәліметтерді басқару құралы. Сұраныстардың кµмегімен бір немесе бірнеше кестедегі жазбаларды жаңарту немесе µшіру процесін автоматтандыруға, сонымен бірге кестеде сақталатын мәндерге негізделген есептеулер орындауға болады.

  3. Есептер. “Баспаға беру” сµзімен тығыз байланысты, себебі олардың негізгі міндеті – мәліметтерді электронды формадан, µзгермейтін соңғы қағаз тұріндегі µнімге тұрлендіру болып табылады. Access есептерін генерациялау құралдары нәтижелік есептеулердің мәнін және форматталған мәліметтерді ұтымды тұрде, сонымен бірге графиктер және диаграмма тұрінде баспаға шығару мұмкіндігін береді.

  4. Мәліметтерге ену мүмкіндігін беретін беттер. Microsoft Access мәліметтер қорында сақталатын мәліметтерге ену үшін “интерфейс” ролін HTML- беттері атқарады. Мұндай беттермен Internet немесе intranet арқылы қарым-қатынас жасай отырып кестелерді кµруге және ақпарат енгізуге, сонымен бірге есептерді генерациялауға болады.

Мәліметтер қорының барлық обьектілері (мәліметтер қорында 32768 обьектке дейін бола алады), яғни кестелер, сұраныстар және есептер, жалпы бір файлда, мәліметтер қорының файлында .mdb тіркеуімен сақталады.

  1. Кесте. Бұл нақты тақырып бойынша мәліметтер жиынтығы. Кестенің мәліметтері жеке µрістерден (бағандардан) тұратын жазбаларда (жолдарда) сақталады. Ms Access мәліметтер қорындағы барлық мәліметтер кесте тұрінде сақталады.

  2. Макрос. Мәліметтер қорының нақты бір амалының орындалуын бағдарламалаудың кµмегінсіз автоматтандырады.

  3. Модуль. Мәліметтер қорын баптау, безендіру және кеңейту ұшін қолданылатын Visual Basic тіліндегі бағдарламадан тұрады.

Сонымен мәліметтер қорының терезесі алты батырмадан тұрады екен. Олар: кестелер, сұраныстар, формалар, есептер, макростар және модулдер. Бұлар қордың жалпы файлында сақталатын жеке обьектілер.

Ms Access-ті іске қосу ұшін Пуск Программы Microsoft Access жарлықтарын тышқанның кµмегімен таңдау керек. Егер Программы менюінде Microsoft Access болмаса Microsoft Office таңдаңдар және оған бағынышты мәзірден Microsoft Access – ті табыңдар (1-сурет).


1-сурет
Ms Access іске қосылған соң экранда тақырыбы Microsoft Access деп аталатын диалог терезесі пайда болады. Бұл терезеде ұсынылған ұш нұсқанаң бірін таңдау керек, яғни: алдын-ала бар мәліметтер қорын ашу, жаңа (бос) мәліметтер қорын құру немесе мәліметтер қорын шебердің кµмегімен құру(2-сурет).



2-сурет
Бос мәліметтер қорын құру ұшін Новая база данных нұсқасын тізімнен таңдаңдар және ашылған Файл новой базы данных сұқбат терезесінде мына әрекеттерді орындаңдар:



  1. Ашылған Папка тізімінен құрылатын мәліметтер қоры сақталатын буманы таңдаңдар. Ал “Имя файла” жолына мәліметтер қорының атын енгізіңдер.

  2. Создать тетігіне басыңдар.

Access программасымен жұмысты дұрыс аяқтаудың бірнеше мұмкіндіктері бар.

  1. ФайлВыход жарлығын таңдаңдар. Егер мәліметтер қоры ашылып оған µзгерулер енгізілген болса, оны Ms Access автоматты тұрде сақтайды, дегенмен, егер бұл амалдар мәліметтер қорының қандай-да бір обьектілеріне қатысты µзгерту болса, онда программа барлық жасалынған µзгертулер ұшін қосымша нақтылауды талап етеді.

  2. Access–тің негізгі терезесінің оң жақ жоғарғы бұрышында орналасқан Закрыть (х) тетігіне шертіңдер.

  3. пернелер комбинациясын қолданыңдар.




  1. Негізгі элементтер

Ms Access–ті іске қосқан соң экранда – тақырыбы Microsoft Access болатын негізгі терезе пайда болады. Егер алдын-ала бар мәліметтер қоры ашылса, онда оның аты МҚ терезесінің тақырып жолына орналасады. Бұл терезе толық экран µлшеміне дейін ұлкейеді, кішірейеді, пиктограммаға (сығымдалады) жиналады немесе жабылады.

Сонымен Access интерфейсінің негізгі элементтерінің сипаттамаларына тоқталайық.



  1. Жұйелік мәзір пиктограммасы. Ол негізгі терезенің сол жақ жоғарғы бұрышында – кілт бейнесінде орналасқан. Бұл мәзірдің кµмегімен программаның негізгі терезесінде стандартты амалдарды, мысалы, терезені жинау/ашу, жылжыту, бұрынғы µлшеміне қайта оралу немесе жабу орындауға болады.

  2. Қызметші тетіктер. Барлық негізгі терезелердің міндетті элементтері болып табылады және терезенің оң жақ жоғарғы бұрышына орналасады. Онда мынадай тетіктер бар: Свернуть, Восстановить/Развернуть, Закрыть.

  3. Мәзір жолы. Тақырып жолы мен саймандар тақтасының арасына орналасқан. Олар: Файл, Правка, Вид, Вставка, Сервис, Окно, Справка. Бұл жарлықтарды тышқанның кµмегімен және пернетақтадағы Alt + <асты сызылған әріп> арқылы орындауға болады. Қолдану ыңғайлы болуы ұшін мәзірдің кµптеген жарлықтары саймандар тақтасындағы тетіктер кµмегімен қайталанып берілген.

  4. Саймандар тақтасы. Мәзір жолының астында саймандар тақтасы орналасады, олардың құрамы әрбір жұмыс режиміне сәйкес µзгеріп отырады. Ms Access–ті іске қосқан соң мәліметтер қорының саймандар тақтасы пайда болады. Басқа саймандар тақтасын таңдау ұшін ВидПанель инструментов жарлығын немесе тышқанның оң жағымен саймандар тақтасына басып Настройка жарлығын орындаңдар.

  5. «Задать вопрос» µрісі. Бұл Access 2002 ұсынған жаңалықтардың бірі. Аты айтып тұрғандай Access–тің анықтамалық жұйесінің қажетті мәліметтерге ену мұмкіндігін береді. Бұл туралы қосымшада айтылады.

  6. Мәліметтер қорының терезесі. Мәліметтер қорын ашқанда экранда бейнеленеді және мәліметтер қорының обьектілеріне қатысты барлық әрекеттерді орындау және бағыттау мұмкіндіктерін береді.

  7. Кµмекші (помощник). Сұрақтарға қажетті анықтамалық ақпаратты тауып беретін интерактивті ассистент. Бұл туралы қосымшада айтылады.

  8. Қалып-кұй жолы (строка состояния). Программа терезенің ең тµменгі жағына орналасады. Мұнда жарлықтардың орындалу барысы туралы және жұйенің екпінді қалып-кұйі туралы хабар пайда болады. Жұйе қолданушының жарлығын орындауға дайын болса, бұл жолда Готово хабары тұрады.

Access программасында терезелердің кµптеген тұрлері бар. Олар: мәліметтер қорының терезесі; кестенің терезесі; форманың терезесі; сұраныстың терезесі; конструктор терезесі;

Бұл терезелермен танысу және нақты жұмыс келесі сабақтарда жұзеге асырылатын болады.



3. Мәліметтер қорын жобалау кезеңдері

Мәліметтер қорының кесте, форма және есеп беру сияқты обьектілерін құру ұшін алдымен олардың жобасын құрып алу қажет болады. Жобаның негізгі міндеті, оны жұзеге асыру ұшін қажет болатын нақты, дәл жол таңдау болып табылады. Мәліметтер қоры кұрделі обьект – сондықтан оны жоспарлауға кеткен уақыт, оны жасау мерзімін мейлінше қысқартуы мұмкін. Мәліметтер қорының ойластырылған құрылымының болмауы, мәліметтер қорына қайта-қайта µзгерту енгізу мен оның обьектілерін қайта баптауға алып келеді.

Мәліметтер қорын жобалауды обьектілердің қаңқасын (эскизін) жасаудан бастаған жµн, себебі ол нәтиже алу ұшін қажет болады. Сонан соң обьектілер арасындағы байланыстарды анықтау және осы байланыстарға қойылатын мейлінше нақты талап тұжырымдау қажет.

Мәліметтер қорының эскизін құруда мынадай сұрақтарға жауап іздеу керек:



  1. Қолымызда қандай мәліметтер бар?

  2. Қандай кестелерді құру қажет?

  3. Кесте µрістері мәліметтердің қандай типіне ие болуы тиіс?

  4. Бұл кестелер бір-бірімен қалай байланысады?

  5. Форма мен есептерден қандай ақпаратты алу қажет?

  6. Форма мен есептерді құру ұшін қандай сұраныстар қажет?

  7. Сұраныстарда есептелінетін µрістер қажет пе?

  8. Мәліметтер қорымен жұмысты автоматтандыру ұшін қандай макростарды құру мұмкін болады?

Аяқталған жоспар – әрбір есептің, форманың, кестенің және сұраныстың, сонымен бірге кестелер арасындағы байланыстардың толық сипаттамасынан тұруы керек.

Жекелеген обьектілерді құру процесінде әрбір обьектіні тексеруші мәліметтер арқылы мұқият тестілеп отыру қажет болады.



Тестік мәліметтер ретінде қысқаша атаулар мен бұтін сандарды қолданған дұрыс. Бұл мәліметтер қорын құру барысында қателерді мейлінше ертерек анықтау мұмкіндігін береді. Сонымен жалпы жобалау мәліметтер қоры жобасын құру кезеңдерін тұжырымдамадан бастап оны толық жұзеге асыруға дейін қарастырады.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет