Лекция мәтіні Нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы жағдайында



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата31.10.2019
өлшемі0.85 Mb.
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Аймақтық экономиканың қалыптасуының ғылыми-теориялық негіздері 

Лекция  мәтіні:1.Нарықтық  қатынастардың  қалыптасуы  мен  дамуы  жағдайында 

экономикалық реформаларды ғылыми негіздеу ҥшін аймақтық экономиканың маңызы 

ерекше.  Аймақтық  экономика  –  экономикалық  қайта  қҧрулар  экономикалық  кеңістік 

қҧруда,  аймақаралық  байланыстарды  рационалдауда,  аймақтық  рыноктарды 

қалыптастыруда негізгі роль алады. Аймақтық экономика мазмҧны негізгі рационалды, 

ғылыми негізделген аймақтық саясат пен стратегияның қалыптасуына ықпал етеді. Ол 

экономикалық  қайта  қҧруларды  ғылыми  қамтамасыз  етіп,  біріңғай  экономикалық 

кеңістікте  аймақаралық  байланыстарды  жҥзеге  асырып,  аймақтық  рыноктарды 

қалыптастыруда ерекше роль атқарады. 

Осыған  орай  аймақтық  экономика  ғылымының  шҧғылданатын  мәселесі:  нақтылы 

облыстар,  райондар,  қалалардағы  шаруашылықтың  қҧбылыстары  мен  процестерін 

зерттеу болып табылады. 

2.Аймақтық  экономиканың зерттеу пәні  бҧл  ӛндіргіш кҥштерді  орналастыру  және 

аймақтардың заңдылықтары мен ерекшеліктерін, даму факторларын айтамыз. 

Аймақтық  экономика  географиямен  жақындығына  қарамастан  экономиканың 

қҧрамдас бӛлігі болып табылады. 

Аймақтық  экономика  экономикалық  теориямен,  маккроэкономикалық  болжаумен, 

салалық  экономикамен,  статистикамен,  жергілікті  басқарумен  басқа  да  әлеуметтік-

экономикалық  ғылымдармен  байланысты.  Ол  тек  қана  аймақтардың  экономикалық 

мәселеелрін  ғана  зерттемейді,  ол  сонымен  қаатр,  экологиялық,  әлеуметтік  мәселелер 

яғни демография, география, этнография, басқару, әлеуметтену, қала қҧрылысы сияқты 

басқа ад аралас ғылымдармен тығыз байланысты. 



3. Аймақтық экономиканы зерттеудің келесі әдістері пайдаланылады. 

1.  Баланстық  .  Аймақтық  баланстарды  қҧру  мен  қортындылады.  Бҧл  аймақ  пен 

аймақтық  кешенді  толықтыратын  салалардың  мамандануының  арасындағы  дҧрыс 

қатынасты  таңдауға  мҥмкіндік  береді.  Баланстар  тиімді  ішкі  аймақтық  және 

аймақаралық байланыстарды жасау мен аймақтағы жеке кәсіпорындардың орналасуын 

негіздеу  ҥшін  қажет.  Баланстар  кӛмегімен  ресурстар  мен  товарларға  қажеттілік 

анықталады.  Баланстық  есептер  тҥрлі  квалификациялық  жҧмыс  кҥшін  анықтауда 

қажет. 


2.Картографиялық,  яғни  карталарды,  картосхемаларды,  картограммаларды 

пайдалану. 

 

 

ТАКЫРЫП 1. АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БАСҚАРУ ПӘНІ. АЙМАҚТАР 



ҦҒЫМЫ ЖӘНЕ ТИПОЛОГИЯСЫ 

1.1.Аймақтық экономика мен басқаруды зерттеудің пәні, негізгі міндеттері. 

1.2. Аймақтық экономика мен басқарудың әдістері 

1.3. Аймақтық экономика мен басқарудың экономикалық ғылымдар жҥйесіндегі орны. 

1.4.Аймақтық экономиканың негізгі ҧғымдары. 

1.5. Аймақтарды типтерге бӛлу қажеттілігі 

1.1.Аймақтық экономика мен басқаруды зерттеудің пәні, негізгі міндеттері 

Аймақтық 

экономика, 

біріншіден, 

«ҧлттық 

экономика 

қҧрылымындағы 

территориялық-ӛндірістік кешеннің шаруашылық  ӛмірін ҧйымдастыру тәсілі»,  екіншіден 

—  «экономикалық  қатынастардың  территориялық-функционалды  аспектілерін  зерттейтін 

ғылым саласы». 

Нарықтық  қатынастардың  қалыптасуы  мен  даму  жағдайында  кҥрделі  экономикалық 

реформаларды  ғылыми  негіздеу  ҥшін  аймақтық  экономика  зор  маңызға  ие  болады,  яғни 

ӛндіргіш кҥштерді орналастыру, аймақ экономикасының негіздері жайлы ғылыми ілімдер 

саласы. 


Экономикалық  қайта  қҧруларды  ғылыми   саралау  мен  қамтамасыз  ету,  аймақаралық 

байланыстардың  тиімділігін  арттыру  мақсатында  бірегей  экономикалық  кеңістікті  қҧру, 

аймақтық нарықтарды қалыптастыруда аймақтық экономика аса маңызды рольге ие. 

Білім  саласы  ретінде  аймақтық  экономика  аймақтанудың  маңызды  қҧрамдас  бӛлігі 

болып  табылады,  яғни  тарихи,  демографиялық,  ҧлттық  діни,  экологиялық,  саяси-

қҧқықтық,  табиғи-ресурстық  ерекшеліктерді  ескере  отырып,  аймақтың  әлеуметтік-

экономикалық жҥйесінің қалыптасу және қызмет ету заңдылықтарын зерттейтін кешенді 

де интегралды әлеуметтік-экономикалық ғылым. 

Сондықтан,  аймақтық  экономика  басқарушылық  және  қҧқықтық  ғылымдарға, 

экономикалық  және  әлеуметтік  география,  әлеуметтану,  экология  сияқты  ғылыми 

пәндерге сҥйенеді. 

Аймақтық экономиканың мазмҧны рационалды, ғылыми негізделген аймақтық саясат 

пен стратегияны ӛңдеуге ықпал етеді. 

Қазіргі  таңдағы аймақтық экономика — экономикалық білім салаларының бірі. 

Аймақтық  экономика  —  кҥрделі  шаруашылық,  әлеуметтік,  ҧйымдық,  ғылыми-

техникалық  жҥйе.  Ол  табиғи-ресурстық,  ӛндірістік,  еңбек  және  ғылыми-техникалық 

сияқты жалпы экономикалық потенциалға ие. 

Ҧлттық шаруашылық жҥйеде бір экономикалық кеңістікте немесе елдің экономикалық 

кеңістігінде әрекет ететін бірнеше деңгейлерді бӛліп қарастыруға болады. 

1. Еларалық деңгей, яғни елдің ҧлттық экономикасының ӛзге елдермен, жалпы әлемдік 

шаруашылық  жҥйемен,  аймақтық  қауымдастыққа  біріккен  елдердің  шаруашылық 

жҥйелерімен ӛзара әрекет ету деңгейі. 

2.  Жалпыҧлттық  макроэкономикалық  деңгей,  яғни  елдің  ҧлттық  экономикасының 

ішкішаруашылық ӛзара әрекеттесу ауқымы. 

3. Аймақтық  деңгей, яғни елдің әрбір аймақтарының ӛзара байланысу деңгейі. 

4.  Аймақішілік  деңгей,  яғни  елдің  шаруашылық  субъектілерінің  ішіндегі  қоғамдық 

еңбек бӛлінісі шеңберіндегі ӛзара қатынастар жҥйесі. 

5. Ҧлттық экономика салаларының кешендері: АӚК, ТЭК және т.б. 

6.  Ҧлттық  шаруашылық  жҥйесінің  жекелеген  салаларының  деңгейі  —  ӛнеркәсіп, 

қҧрылыс, ауылшаруашылығы. 

7.  Салаішілік  деңгей.  Мысалы,  ауылшаруашылығындағы  мал  шаруашылығы  мен 

ӛсімдік  шаруашылығының,  қҧрылыстағы  ӛнеркәсіптік  және  тҧрғын  ҥй  қҧрылысының 

ӛзара әрекеттесу деңгейі. 

8. Барлық формадағы кәсіпорын, ҧйымдардың ӛнеркәсіптік-қаржылық топтарға бірігу 

деңгейі. 

9.  Елдің  заңнамасымен  қарастырылған  шаруашылық  етудің  жекелеген  ҧйымдық-

қҧқықтық формаларының деңгейі. 

10.  Ӛндірісішілік  деңгей:  кәсіпорын,  компания,  кәсіпорындар,  фирмалар,  ҧйымдар, 

бірлестіктердің цехтері мен қызметтік бӛлімшелері. 

Ел  экономикасы  қызмет  етуінің  барлық  деңгейлері  ҧйымдық-қҧқықтық, 

экономикалық,  әлеуметтік,  технологиялық  және  ӛзге  де  байланыстар  кешенімен 

біріктірілген. Аталмыш ӛзара байланыстар келесілерге қатысты: 

- меншік формалары; 

- шаруашылық процеске қатысатын және еңбек шығындары, шикізат, энергия, капитал 

формасында  шаруашылық  айналымға  тартылған  тҥрлі  ресурстардың  материалды 

ағындарының қозғалысы; 

-  ақша  массасының  ағыны  (қол  ақша  және  қолма-қол  емес  ақша),  сонымен  қатар 

барлық қҧнды қағаздардың қозғалысы (акциялар, облигациялар, т.б.). 

Барлық  қатынастар  елдің  мемлекеттік  билігінің  заңнамалық  және  нормативтік 

актілерімен,  сондай-ақ  елдегі  мемлекетаралық  шарттар  мен  келісімдер  жҥйесімен, 

халықаралық қҧқық нормаларымен реттеледі. 


Мемлекет пен қоғамның мҥдделерін ескере отырып, шаруашылықтың дамуын тиімді 

басқаруда  аймақтық  экономиканың  саласы  ретінде  қарастыруға  болатын  экономикалық 

ғылым  (ЭҒ)  зор  рольге  ие.  Мҧнда  аталмыш  экономикалық  ғылым  мынадай  маңызды 

мәселелерді шешеді: 

1)  объективті  экономикалық  заңдарды  зерттеу  негізінде  ол  кеңейтілген  ҧдайы 

ӛндірістің әлеуметтік-экономикалық процестерінің даму заңдылықтары, кӛлемі, қарқыны, 

пропорциялары тҥріндегі спецификалық формаларды талдайды

2)  бҧл  әлемдік  және  отандық  тәжірибені  терең  де  негізделген  талдау  арқылы 

шаруашылық  жҥйелердің  типтерін,  оларды  ҧйымдастыру  мен  басқару  формаларын 

зерттейтін, қандай да бір уақыт кезеңіндегі нақты ҧдайы ӛндірісті қамтитын шаруашылық 

шешімдерді ӛңдеп, болып жатқан әлеуметтік-экономикалық процестер мен ҧдайы ӛндіріс 

қҧбылыстарын  ескере  отырып,  макроэкономикалық  деңгейдегі  шешімдерді  жҥзеге 

асыратын адамзат іс-әрекетінің саласы; 

3)  экономикалық  ғылым  ҧдайы  ӛндіріске  қатысты  макроэкономикалық  тәсілдемені 

сипаттайды; 

4)  ғылым  —  бҧл  ӛткен,  нақты  және  болашақ  кезеңдердің  әлеуметтік-экономикалық 

процестерін есепке алатын шаруашылық тәжірибенің саласы; 

5)  ғылым  әлеуметтік,  демографиялық,  экономикалық,  қҧрылымдық,  технико-

технологиялық,  инвестициялы-инновациялық,  ақша-несиелік,  валюталық,  кедендік  және 

ӛзге  саясаттардың  шаруашылық  шешімдеріне  тҥзетулер  мен  ӛзгертулер  енгізу  ҥшін 

аймақтың  шаруашылық  жҥйесінің  даму  заңдылықтары  мен  қарқынын  анықтайтын 

факторларды зерттеуге арналған

6) ҧдайы ӛндіріс процесінің интегралды кӛрсеткіштері талдауға алынады. 

Ғылым  мен  адамдардың  шаруашылық  тәжірибесінің  саласы  ретінде  аймақтық 

экономика мынадай қҧрамдас бӛліктерді қамтиды: 

 



 ғылымның объектісі; 

 



 ғылымның пәні; 

 



 ғылымның әдістемелік қҧралдары, 

 



 ғылымның субъектілері. 

Аймақтық экономиканың объектісі — аймақтың шаруашылық жҥйесі. 

Аймақтық  экономиканың  пәні  —  елдің  ӛндіргіш  кҥштерінің  орналастырылуын, 

әлеуметтік-экономикалық  аймақтық  дамудың  негізгі  қарқындарын,  экономика 

салаларының 

орналастырылуын, 

аймақтың 

маңызды 


табиғи-экономикалық, 

демографиялық  және  экологиялық  ерекшеліктерін,  аймақаралық,  аймақішілік, 

мемлекетаралық  байланыстарды  зерттеу.  Басқаша  айтқанда,  аймақтық  экономиканы 

зерттеу  пәнінінің  маңызды  қҧраушысы  —  қоғамдық  ҧдайы  ӛндірістің  кеңістіктік 

аспектісін зерттеу. 

Аймақтық  экономиканың  қҧралдары  —  жҥйенің  даму  параметрлерінің  жағдайын, 

факторлары,  мәселелерін,  заңдылықтары  мен  қарқындарын  талдауға  қатысты  теоретико-

әдістемелік тәсілдемелер және осы негізде ӛңделген елдің және ел халқының мҥдделерін 

ескеретін макроэкономикалық шаруашылық шешімдерді дайындау мен жҥзеге асырудың 

шаралары, әдістері және қҧралдары. 

Аймақтық  экономиканың  субъектілері  —  экономикалық  ғылым  мен  шаруашылық 

тәжірибесінің  алдында  тҧрған  қызметтер,  мақсаттар  мен  мәселелерді  жҥзеге  асыратын 

аймақтардың шаруашылық жҥйесін басқару органдары. 

1.2. Аймақтық экономика мен басқарудың әдістері 

Ғылым  ретінде  аймақтық  экономикада  тҥрлі  зерттеу  әдістері  қолданылады: 

бағдарламалы-мақсатты,  салыстырмалы-географиялық,  статистикалық,  циклдық  және 

шығындар әдісі.  

Бағдарламалы-мақсатты  әдіс  сәйкес  мақсатты  бағдарламаларды  ӛңдей  отырып, 

жоспарлау  мен  болжамдаудың  алғашқы  кезеңдерінде  аймақ  территориясында  ӛндірісті 

орналастыру сызбаларын ӛңдеу барысында қолданылады. 



Ол келесілердің қарастырылуын кӛздейді: 

 



 қандай  да  бір  аймақтардың  шаруашылығын  дамыту  деңгейлерінің 

нҧсқаларын; 

 

 аймақтар бойынша территориялық экономикалық пропорция нҧсқаларын; 



 

 жекелеген 



аймақтарды 

экономикалық 

дамыту 

қҧрылымдарының 



нҧсқаларын. 

Экономикадағы 

бағдарламалы-мақсатты 

әдіс 


бағдарламалардың 

кӛмегімен 

мақсаттарды ресурстармен байланыстырады. Әр бағдарлама  «мақсаттар бҧтағы» кҥйінде 

реттелген  шаруашылықты  дамытудың  бір  немесе  бірнеше  мақсаттарын  жҥзеге  асыру 

бойынша  шаралар  кешенін  қамтиды.  Бағдарламалардың  тҥрлі  нҧсқаларын  бағалау  мен 

таңдау  арнайы  тәсілдер  арқылы  (мысалы,  бағдарламалы  матрицалар)  тҥрлі  критериялар 

бойынша (шығындар минимумы немесе соңғы кӛрсеткіштерді жҥзеге асыру барысындағы 

уақыт минимумы) жҥзеге асырылады. 

Салыстырмалы-географиялық әдіс ҥш негізгі қҧраушыларға жіктеледі: 

1.  аймақтық  әдіс  —  территорияларды  қалыптастыру  мен  дамыту  жолдарын  зерттеу; 

аймақтық дамудағы қоғамдық ӛндірісті дамыту мен орналастырылуын зерттеу; 

2. салалық әдіс — географиялық аспектідегі экономика салаларының қалыптасуы мен 

қызмет  ету  жолдарын  зерттеу;  салалық  шеңберде  қоғамдық  ӛндірістің  дамытылуы  мен 

орналастырылуын зерттеу; 

3.  жергілікті  әдіс  —  жекелеген  қала  ӛндірісін  қалыптастыру  мен  дамыту  жолдарын 

зерттеу;  оның  алғашқы  ҧяшықтары  бойынша  ӛндірісті  дамыту  мен  орналастырылуын 

зерттеу. 

Статистикалық  әдіс.  70-90  жылдары  статистикалық  мәліметтерді  ӛңдеу  әдістеріне 

арналған бірқатар еңбектер жарияланған болатын. Кӛп шамалы ақпаратты талдаудың кең 

таралған  әдістерінің  біріне  факторлық  талдауды  немесе  кластер-талдауды жатқызуға 

болады.  Ол  жасырын  ауыспалылардың  аз  санына  кӛшуден  тҧрады.  Аймақтық 

зерттеулерде  қолданылатын  статистикалық  модельдердің  алғашқыларының  біріне 

экономикалық база моделін жатқызуға болады. Ол 30 жылдары АҚШ ғалымы Г.Хойтпен 

қалыптастырылып,  кӛптеген  жылдардың  ішінде  АҚШ-ң  100-ден  астам  жекелеген 

аймақтық зерттеулерінде қолданылған болатын.  Экономикалық базаны талдау аймақтық 

экономикалық  ӛсімді  болжамдаудың  жылдамдатылған  әдісі  болып  табылады,  мҧнда 

жеңілдетілген  ӛсім  теориясы  қолданылады  және  ақпаратқа  деген  қажеттіліктер 

минималды  болып  табылады.  Алынған  нәтижелер  тек  негізгі  және  қызмет  кӛрсетуші 

секторлардың дамуын болжамдаудан ғана тҧрады. 

Циклдық әдіс. Локальды ҧдайы ӛндіріс циклдеріне келесідерді жатқызу қажет: 

- табиғи ресурстарды пайдалану; 

- жанармай-энергетикалық цикл; 

- химия-орманды циклы; 

- инвестициялық-қҧрылыс циклы; 

- агроӛнеркәсіптік цикл; 

- ақшалай-қаржылық цикл; 

- ӛндірістік инфрақҧрылым циклы; 

- институционалды-ақпараттық инфрақҧрылым циклы; 

- халық ҥшін азық-тҥлік емес тауарларды ӛндіру циклы. 

Аталған циклдардың барлығы ӛз мақсаттары мен міндеттері бар дербес қҧрылымдар 

ретінде  қарастырыла  алғанмен,  олар  аймақтағы  шаруашылық  субъектілердің 

қызығушылықтарын  оның  даму  міндеттерімен  байланыстыра  отырып,  бір  территорияда 

табиғи тҥрде ӛзара әрекеттеседі. Жалпыаймақтық мәселелердің бірқатарын шешуге ықпал 

ете  отырып,  олар  инфрақҧрылымдық  қызмет  кӛрсете   және  халықтың  ӛмір  сҥру 

деңгейінің  артуын  қамтамасыз  ете  отырып,  жекелеген  кәсіпорындар  мен  ҧйымдардың 

нақты  мҥмкіндіктерін  кеңейтеді.  Аймақтың  кешенді  экономикалық  және  әлеуметтік 

дамуы,  экономиканың  қҧрылымдық  қайта  қҧрылу  міндеттеріне  жауап  беретін 


пропорцияларды  қалыптастыру,  халықты  әлеуметтік  қорғау,  қоршаған  ортаны  қорғау  — 

осының барлығы аймақтық ҧдайы ӛндіріс циклын басқару нәтижелері болып табылады. 

Шығындар  әдісі.  Аталмыш  әдіс  «шығындар-шығару»  әдісі  немесе  салааралық 

балансты ӛңдеу әдісі деп те аталады. Аймақтық нҧсқада «шығындар-шығару» әдісі тҥрлі 

тауарлар  мен  қызметтерді  ӛндіру  мен  тҧтынудың  кеңістіктік  бӛлінуін  тҥсіндіруге 

мҥмкіндік  береді.  Ол  әр  ӛнімге  жалпы  сҧраныс  пен  оны  шығарудың  жалпы  кӛлемі 

арасындағы  теңдікті  сақтау  шартында  әр  саламен  ӛндіріліп,  тҧтынылатын  тауарлар  мен 

қызметтер  кӛлемін  есептеу  ҥшін  қолданылуы  мҥмкін.  Аталмыш  әдіс  соңғы  сҧраныстың 

ӛзгеруіне байланысты ӛндіріс кӛлемі мен қҧрылымын болжамдау ҥшін қолданыла алады. 

Аймақтық  талдауда  «шығындар-шығару»  матрицасын  қолдану  сапалы  жаңа  деңгейде 

аймақтық  ҧдайы  ӛндірістің  жиынтық  кӛрсеткіштерін  қалыптастыру  мәселесін  шешуге 

мҥмкіндік береді. 

Аймақтық экономиканы пәніне, оның теориясы мен әдістемесіне әрі қарай тереңірек 

ену ҥшін минималды болса да негізгі тҥісініктерді анықтау қажет. 

1.3. Аймақтық экономика мен басқарудың экономикалық ғылымдар жҥйесіндегі орны 

Аймақтық  экономика  және  басқару  —  салыстырмалы  жас  ғылыми  пән,  кеңестік 

мектепте  оны  экономикалық  білімнің  бастапқы  циклы  болып  табылатын,  яғни 

экономикалық  теорияға  дейін  оқытылатын  "экономикалық  география"  алмастырған 

болатын.  Алайда  аталмыш  курс  қазіргі  таңдағы  экономикалық  пәндермен 

(макроэкономика  және  микроэкономика)  әлсіз  байланысты  болғандықтан,  ол 

трансформациялық кезеңнің кҥрделі мәселелерінің зерттелуін тыс қалдыра берді. 

Керісінше,  қазіргі  таңдағы  экономикалық  ғылымда  аймақтық  экономика  дербес  те 

маңызды  білім  саласы  ретінде  кеңінен  танымал  бола  бастады.  Сонау  кеңестік  кезеңнің 

ӛзінде  академик  Гранбергтің  басшылығымен  экономика  және  ӛнеркәсіптік  ӛндірісті 

ҧйымдастыру Институтында қалыптасқан новосибирлік мектеп әлемдік деңгейде танымал 

болған әлемдік деңгейдегі ғылыми мектептер қалыптасқан. 

Қазіргі  таңдағы  ғылымдар  жҥйесіндегі  аймақтық  экономиканың  орнын  екі  ӛлшемде 

қарастырған жӛн. Бір жағынан, аймақтық экономика аймақтар жайлы ғылымдар жҥйесіне 

енеді. Екінші жағынан, ол экономикалық ғылымдар жҥйесіне тән. 

ХХ  ғасырдың  50  жылдарында  Батыста  аймақтық  экономика  қалыптасқан.  Оның 

идеологы  мен  ҧйымдастырушысы  -  У.  Айзард.  Бҧл  аймақтық  экономиканы  тҧтастай 

қамтитын  синтетикалық  ғылым  пәнаралық  зерттеулерге  басымдық  бере  отырып, 

аймақтарды  тҧтастай  жҥйе  ретінде  зерттеуге  тырысады.  Аймақтық  ғалым  экономист, 

географ,  әлеуметтанушы,  саясаттанушы,  инженер,  сәулетші,  заңгер,  психолог  та  бола 

алады.  Олардың  барлығын  зерттеудің  бір  ортақ  та  кӛп  аспектілі  объектісі  біріктіреді  - 

аймақтар.  Аймақтар  жайлы  білімдер  кешенін  сипаттау  ҥшін  аймақтану,  регионология, 

регионалистика  сияқты  терминдер қолданылады.  Аймақтық  экономиканың  аймақ  жайлы 

ӛзге  ғылым  салаларын  қамтитынын  айта  кету  керек:  демография,  әлеуметтану, 

мәдениеттану, саясаттану сияқты ғылымдардың экономикалық аспектілері. 

Енді  экономикалық  ғылымдар  жҥйесіндегі  аймақтық  экономиканың  орнын 

қарастырайық.  Аталмыш  мәселенің  қиындығы  аймақтық  экономиканың  тек  ӛзіндік 

зерттеу  пәні  мен  объектісіне  ғана  ие  болмай,  сондай-ақ  экономикалық  ғылымның  ӛзге 

салаларына ене отырып, қоғамның экономикалық ӛмірінің аймақтық аспектілерінің алуан 

тҥрлілігімен де айналысатынынан тҧрады. 

Сурет 1.1. Ғылымдар жҥйесіндегі аймақтық экономика 

1.1-ші  сурет  экономика  мен  аймақтану  сияқты  екі  ғылымның  ӛзара  әрекеттесуін 

кӛрсетеді. 

Сурет 1.2. Экономикалық ғылым және оның ҥш полюстік ядросы 

Ал  1.2.  суреттен  келесіні  байқауға  болады:  экономикалық  ғылым  мен  экономикалық 

білім  қҧрылымында  екі  полюс  әрекет  етеді:  микроэкономика  және  макроэкономика. 

Алайда аталмыш базистік ғылымдардың ҥйлесуі тҧйық жҥйені қҧрамайды. Ҥшінші полюс 

аймақтық  экономика  болуы  тиіс.  Сонда  экономикалық  ғылымның  ядросы  ҥш  полюстік 



жҥйе  ретінде  қалыптасатын  болады:  макроэкономика,  микроэкономика,  аймақтық 

экономика.  Мҧнда  аймақтық  экономиканы  қандай  да  бір  мезаэкономика  ретінде 

қабылдаудың  дҧрыс  емес  екенін  айта кеткен жӛн,  яғни  макро  және микроэкономиканың 

арасында  тҧратын  ғылым  ретінде  тҥсінбеу  қажет.  Оның  себебі  —  аймақтық  экономика 

пәні макро және микроэкономика пәндерінің жиыны емес, дербес сипатқа ие болуында. 

1.4.Аймақтық экономиканың негізгі ҧғымдары 

Қарастырып отырған білім саласының бастапқы тҥсінігі болып территория табылады 

—  белгілі  ауданмен,  географиялық  орналасумен  және  ӛзге  де  белгілермен  сипатталатын 

Жердің  қатты  бӛлігінің  шектелген  бӛлігі.  Толықтырушы  тҥсініктер  ретінде 

қарастырылатындар акватория  —  Жердің  су  бетінің  шектелген  бӛлігі  және  аэротория  — 

белгілі  территориямен  немесе  акваториямен  ҥйлестірілетін  Жердің  әуе  бетінің  бӛлігі. 

«Территория»,  «акватория»,  «аэротория»  тҥсініктерінің  мазмҧнын  біріктіретін 

тҥсінікке геоторияны жатқызуға болады. 

Әрі  қарай  «территория»  тҥсінігі  басым  қолданылатын  болады,  алайда  «акватория» 

және  «аэротория»  тҥсініктері  де  экономикалық  кеңістікті  зерттеу  барысында 

қолданылады. 

Тҥрлі  белгілер  бойынша  территорияның  біртекті  болмауы  немесе  белгілі  зерттеу 

мақсаттары  тҧрғысынан  территорияның  шамадан  тыс  кӛлемі  территорияның  бӛліктерге 

бӛлу қажеттілігін тудырады — яғни аймақтар. 

Аймақ  —  бҧл  бірқатар  белгілер  бойынша  ӛзге  территориялардан  айрықшаланатын 

және  белгілі  тҧтастықпен,  қҧраушы  элементтердің  ӛзара  байланыстылығымен 

сипатталатын  белгілі  территория.  «Аймақ»  сӛзі  —  латын  тілінен  аударғанда  (regio 

тҥбірінен) ел, ӛлке, облыс дегенді білдіреді. 

Тҥрлі  ғылымдар  мен  тәжірибелік  іс-әрекет  салаларында  аймақтарды  бӛліп 

қарастырудың  ӛзіндік  қағидалары  болатыны  анық.  Жекелей  алғанда,  экономика  ҥшін 

әкімшілік  және  экономикалық  басқару  тҧрғысынан,  территориялық  еңбек  бӛлінісіндегі 

орны  тҧрғысынан,  еңбек  нарығы,  тауарлар  мен  қызметтер  нарығы  тҧрғысынан, 

әлеуметтік-экономикалық  мәселелер  тҧрғысынан  аймақтарды  бӛліп  қарастырудың 

маңызы зор. 

Э.Б.  Алаевтың  анықтамасына  сәйкес,  «аудан  —  бҧл  ӛзге  территориялардан 

айрықшаланып,  қҧраушы  элементтердің  бірлігі,  ӛзара  байланыстылығы  және 

тҧтастығымен сипатталатын территория». Шетелдік ғылыми әдебиетте кӛбінесе  «аймақ» 

тҥсінігі қолданылады. Аудан, аймақ, ареал, зона — зерттеу объектісі ретінде, оның соңғы 

нәтижесі ретінде, әрекет ету объектісі ретіндегі зерттелетін территорияны бӛлудің ӛлшемі 

ретінде қолданыла алады. 

География  мен  аймақтық  экономикада  «аймақ»  термині  кӛптеген  анықтамаларда 

қолданылады,  және  ғылыми  әдебиеттер  мен  периодикалық  басылымда  ол  біртіндеп 

«аудан»  терминін  ығыстырады.  Бҧл,  мҥмкін,  аудан  терминінің  кӛбінесе  «экономикалық 

аудан»,  «әкімшілік  аудан»  тҥсініктерімен  ҧқсастырылатындығында  шығар.  Ал  «аймақ» 

термині неғҧрлым иілмелі тҥсінік болып табылады. 

Еуропалық Одақ (ЕО) қҧжаттарында «аймақ» тҥсінігіне келесідей сипаттама берілген: 

«аймақ» — географиялық кӛзқарас тҧрғысынан тҧтастықты білдіретін территория. Немесе 

халқы  мәдени,  экономикалық  және  әлеуметтік  прогресті  ынталандыру  мақсатында 

ӛздерінің  тҧрмыс-тірлішігі  мен  қҧндылықтарын  сақтауға  ҧмтылатын  территориялық 

бірлік. 

Сонымен,  территорияларды  аймақтарға  бӛлуді  райондау  (аудандау)  деп  атауға 

болады.  Тәжірибеде  райондау  нақты  даму  кезеңі  ҥшін  айтарлықтай  тҧрақты 

территориялық  қҧрылымдарды  бӛліп  қарастыру  ҥшін  қажет.  Ол  алға  қойылған 

мақсаттарға сәйкес жҥзеге асырылады, яғни ҥнемі мақсатты немесе мәселелі бағдарланған 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет