Лекция сабақтарының күнтізбелік тақырыптық жоспары 050116



жүктеу 1.63 Mb.
бет7/15
Дата25.04.2016
өлшемі1.63 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
: CDO -> OBSOJ -> Geo
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
Geo -> Медициналық география» пәні бойынша 050116-«География» мамандығының 3 курс студенттерінің білімін бақылауға арналған обсөЖ және емтихан тапсырмалары
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> «Табиғатты қорғау және ерекше қорғалатын территориялар»
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> Гуманитарлық білім” факультеті География және қоғамдық пәндер” кафедрасы
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> «Гуманитарлық білім» факультеті «География және қоғамдық пәндер» кафедрасы

Тақырыбы: Атмосфераның жалпылама айналымы



Атмосфера — жердің ауа қабығы. Атмосфераның төменгі шекарасы жер беті болып табылады. Оның төменгі қабаты азот, оттегі мен сирек кездесетін көміртегінен, аргоннан, сутегіден, гелийден тағы басқа газдардан тұрады. Бұған су буы да араласады. Атмосфера түсінің көк болып келуі газ молекулаларының жарық сәуле шашуына байланысты. Жоғарылаған сайын атмосфера бірте-бірте сирей береді, қысымы төмендеп, оның құрылысы да өзгереді. 12 км биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын тропосфера деп атайды. Тропосферада бұлт, жауын-шашын, жел және тағы басқа құбылыстар орын алып отырады. Тропосферадан жоғары 75 км биіктікке дейінгі қабат стратосфера деп аталады. Бұдан жоғары ионосфера қабаты орналасады. Атмосфера ауа деп аталатын газдар қоспасынан тұрады, сонымен қатар ауада сұйық және қатты бөлшектер де бар. Ауаның фмзикалык күйі оның тығыздығымен, қысымымен, температурасымен т.б сипатталады. Атмосфераның жерге жақын қабатында ауа ылғалды болып келеді, ягни оның құрамында басқа газдармен қатар газ күйіндегі су (су буы) да болады. Атмосфераның физикалық күйіне байланысты су буы сұйық жөне қатты күйге көше алады. Сондықтан метеорологияда алдымен күрғақ ауа жөне су буы жеке түрде, ал содан кейін ылғалды ауа қарастырылады. Қатты және сұйық бөлшектерден тазартылған құрғақ ауаның құрамы барлық жерде бірдей, шамамен 25 км биікке дейін тұрақты болады. Құрғақ ауа (көлемі бойынша) азоттан-78.08% оттегіден-20,95% аргоннан -0,93% көмірқышқыл газынан -0,03% және басқа да газдардан -0,01% тұрады (2.1 кесте). Басқа газдар неон Ие, гелий Не, метан СН. криптон Кг, сутегі Н, азоттың шала тотығы N2О, ксенон Хе, озон О3, азот қостотығы NО2, күкірт қостотығы SО2, аммиак NН3, улы газ СО, иод І2, радон Rn және т.б.

Тропосфера — жер бетінен экватор тұсында шамамен 18 км, полюстерде 6 км, ал орта ендіктерде 10— 12 км биіктікке дейін созылатын атмосфераның төменгі қабаты. Ол атмосферадағы барлық су буларын қамтып, өте-мөте мөлдір боп келеді де, жерден шыққан жылудың едәуірін өзіне сіңіреді. Бұл жағдай осы қабаттағы су булары мен бұлттардың болуына байланысты. Сондыңтан тропосфера көбінесе жер беті арқылы қызады. Оған температураның жоғарыдан төмен қарай тез ысуы (шамамен әрбір километр биіктікке +5°) дәлел. Температураның мұндай өзгеруі ауаның вертикалды бағытта араласуына, су буларының қанығуына, бұлттардың түзілуіне, жауынінашынның жаууына және басңа да ауа райымен байланысты құбылыстарға әкеп соғады да, климат пен ландшафтының вертикальды зоналықтарын құрайды.

Консультация

5 – апта. Бағалау балы – 1,5

Тақырыбы: Ауа райы және климат


Климат (грекше: κλίμα (klimatos) — еңкейіс[1]) — белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі, яғни осы жерде болуға тиісті ауа райы жағдайларының жиынтығы мен оның бір ізбен өзгеріп отыруы.

Ол физикалық (климат жасайтын) процестердің, күн радиациясының, атмосфералық циркуляцияның, жер беті бедерінің туындысы. Белгілі бір жердің климатын толық білу, оның басқа жердің климатымен салыстырғандағы ерекшеліктерін айыру, сонымен қатар берілген жердің климатының өзгеруін байқау тек көп жылдар бойы жүргізілген байқауларды жүйелеу, қорыту негізінде айқындалады. Жер шарының әр нүктесіндегі климаттың әр түрлі болуы — климат құрайтын факторлардың, ягни осы процестерді жасайтын географиялық жағдайлардың айырмашылығынан туады.

Антарктикалық климат — Оңтүстік жарты шардағы поляр облысының климаты. Бұл жер шарындағы ең суық климат. Антарктика жағаларындағы ең жылы айдың орта температурасы 0° төмен, ал суығы —20°, —30° болып келеді. Мұндағы байқалған төменгі температура —50°, —60°. Ал Антарктиданың ішкі аудандарына қарай температура —80°-қа дейін жетеді.

Арктика климаты — Солтүстік жарты шардағы поляр аймағының климаты. Мұнда қысқы поляр түндерінде температура —40°, ал кей түндері —50°қа жетеді. Арктиканың европалық бөлегінде боранды қатты жел соғады. Жаз айларының ең жылы күндерінде әдетте температура 0°, ал —2°, —3°тан, не одан жоғарылауы ете сирек. Материкке жақын жатқан аралдарда жаз айларында кей күндері —10°, —15° болады.

Микроклимат — белгілі бір мөлшері шағын ауданның немесе аумақтың климаты мен климаттық ерекшеліктері.

Нивальдық климаттар — жылдың жылы мезгілдерінде қарлары еріп және буланып үлгермейтін климаттық аймақтар. Жылдан-жылға қалатын артық қар мұздыққа айналады.

Теңіздік климат — бұл континенттік климатпен салыстырғанда ауа температурасының төуліктік және жылдық аз амплитудасымен, бір күннен екінші күнге температураның аз өзгеруімен, күннің жоғары және төмен тұруымен салыстырғанда, максимум және минимум температураның кешігуімен (Солтүстік жарты шарда микимум январьда емес, февральда немесе мартта, максимум июньде емес, июльде немесе августа), жазда салыстырмалы ылгалдылығының үлкендігімен, бұлтты күннің жиілігімен және жауын-шашынның молдығымен, сондай-ақ теңізден соғатын желдің басым болуымен сипатталады.




Тест сұрақтары

Тақырыбы: Ауа райы және климат

Түсініктеме: тест сұрақтарында жалпы жертану курсында өтілетін атмосфера, гидросфера, литосфера және биосфера секілді табиғат кешендері мен олардың құрылымы, құрамы, адамзатпен ара қатынасы т.б. тақырыптарға сәйкес сұрақтар берілген. Студенттер әр тақырып бойынша алған өз білімдерін осы тест сұрақтары арқылы анықтай алады.
1. Су өткізбейтін екі қабаттың аралығында жатқан жер асты суы

А)қабатаралық су

Б) пластаралық су

С) минералды су

Д) артезиан суы

Е) пластаралық су

2. Су буы қатты күйге айналатын температура

А)0С


Б) 10С

С) –100С


Д) 20С

Е) –50С


3. Жерге түскен жауын – шашынды өлшейтін құрал

А)гидрометр

Б) осадкометр

С) анероид

Д) барометр

Е) сыналық барометр

4. Өзендегі жыл бойғы су шығыны

А)Қатты ағын

Б) жылдық ағын

С) су шығыны

Д) баяу ағын

Е) межень(сабан)

5. Дүние жүзілік мұхит табиғат кешеніне жата ма

А)тек ішкі теңіздері ғана жатады

Б) жатпайды

С) Аралдар тобы ғана

Д) жатады

Е) тек оның жеке бөліктері жатады

6. Дүние жүзілік мұхит түбінің 70 пайызын альп жатқан

А) мұхит жазығы

Б) материк тік қайраң

С) материк тік беткей

Д) мұхиттық жота

Е) шұңғыма

7. Мұхит суында кездесетін балдырлар түрі (мың )

А)5


Б) 6

С) 7


Д) 9

Е) 10


8. Беткейлері ойыс ( батыңқы) етегіне жақын біртіндеп көлбей түседі. Мұндай көрініс мұздықтар әрекетінен болған.

А) астау тәрізді

Б) террасалар

С) жар қабақ

Д) каньон

Е) шатқал

9. Мұхиттағы су массаларының тұрақты түрде бір бағытта ауысуын

А) мұхит ағыстары

Б) мұхит толқыны

С) цунами

Д) тайфун

Е) су тұздылығы

10. Сулары қоректік заттарға бай, сондықтан фітопланктон мен жоғары су өсімдіктері зор дамыған көлдер

А)евтрофты

Б) эдафикалық

С) мезотрофты

Д) олиготрофты

Е) дистрофты

10. Ар алас, жыл бойыншы құбылмалы стратификация қалыптасқан көлдер

А)Байкал, Ладога, Онега

Б) Балхаш, Зайсан, Марқкөл

С) Женева, Ыстықкөл, Оңтүстік Америка

Д) Канаданың, Сібірдің кейбір көлдері.

Е) жауабы жоқ

11. Микроскопты өсімдік және жәндік ағзалары, олар суда жүзбе түрінде, сумен бірге қозғалады.

А)планктон

Б) нектон

С) бентос




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет