Лекция сабақтарының мазмұны лекция №1



бет1/4
Дата18.04.2016
өлшемі1.03 Mb.
түріЛекция
  1   2   3   4

9. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ


Лекция №1
Тақырыбы: Кіріспе. Эволюциялық идеялардың даму тарихы.
Жоспары:
1.Дарвин дәуіріне дейінгі кезеңде эволюциялық идеялардың қалыптасуы және дамуы
2.Антик дәуір философтарының (Гераклит, Эмпедокл, Аристотель, Лукреций, Теофраст, Демокрит т.б.) еңбектеріндегі эволюциялық идеялар.

3.Орта ғасырлар дәуірінде Европада ғылымның тоқырауы (ғылымның

дамуындағы метофизикалық дәуір және креоцинистік көзқарастардың үстем болуы).


Лекция мәтіні :
1.Эволюция (латынша – “еvolutіо”) – тарихи даму өзгеру, өрлеу деген мағынаны білдіреді, яғни органикалық дүниенің күрделі және ұзаққа созылған тарихи даму процесін айтады. Тірі организмдердің тарихи даму себептерін, қозғаушы күштерімен жалпы заңдылықтарын эволюциялық ілім түсіндіреді.

Ертедегі Грецияда жаратылыс ғылымдарының дамуы мен көне философия тарихы бір – бірімен байланысты. Біздің эрамызға дейінгі V – II ғасырда гректің алғашқы философ – матералистері, бір жағынан философ, ал, екінші жағынан олар табиғаттағы әртүрлі құбылыстарды түсінгісі және түсіндіргісі келген тұңғыш жаратылыс зерттеушісі болды. Олардың көзқарастары, тозығы жеткен алғашқы қауымдық қоғам құрлысының орнына жаңа қоғамдық құрылыс – құл иелену қоғамы орнап , қоғамдық қатынастар түбегейлі өзгерген дәуірде қалыптасты.


2.Матералистік философияның әрімен қарай дамуы эфестік ойшыл Гераклиттің ( біздің эраға дейінгі IV ғасырдың аяғы, V ғасырдың басы ) ілімімен байланысты.

Гераклит табиғаттағы заттар және құбылыстар өзіне қарама – қарсы көшеді деген ойды дамытады.

Эмпедокл тірі денелердің пайда болуы жөнінде бірсыпыра пікірлер айтады. Оның ойынша тіршілік күн жоқ кезде пайда болған. Жерге өте қатты жауын жауып, су түбіндегі ұймада алғашқы өсімдіктер пайда болған. Кейінен жануар денесінің жеке мүшелері мойынсыз бас, иықсыз қол, маңдайсыз көз пайда бола бастаған.Дененің осы мүшелері бір – бірімен жалғасатын болған.

Көне философия өзінің дамуында, сол кездің ең даңқты энциклопедистерінің бірі Демокриттің ( шамамен біздің эрамызға дейінгі 460 – 370 жылдары ) ілшімінің де жоғары шыңына жетті. Демокрит материя құрлысының тұңғыш атомдық теориясын құрды. Ол табиғаттағы барлық зат бөлінбейтін материялық бөлшектерден – атомнан құралады деп үйретті.


Грецияда Эмпедокл мен Демокрит дамытқан идеалар кейіннен Рим империясына да таралды. Рим философы және ақыны Лукреций Кар ( біздің эраға дейінгі I ғасырда “ Заттың табиғаты жайында” деген поэмасында грек ойшылдарының көзқарасына ұқсас бір қатар пікірлер айтады.
Аристотельше тіріге үш негізгі белгі тән:
1.өсу мен көбею үшін - тамақ ;

2.организмді қозғалтатын – сезім;

3.ойлау;
Бұл белгілер жанның қасиетін анықтайды. Әртүрлі организмдердің жаны да әр түрлі:
1)Қоректендіруші жан (өсімдіктерде)

2)Сезуші жан ( жануарларда)

3)Ақылды жан (адамда) болады. Осы жандардың әр бірі өзінше тірі дененің мақсатты дамуын қамтамасыз етеді.
3.Әйгілі ағылшын философы Ф.Бэкон (1561 – 1626) индукция әдісін ойлап шығарып, ғылыми зерттеулер тек тәжірибе жүзінде жүргізілуі тиіс деген ұсыныс жасады.

Мысалы; 1543 жылы А.Везалий адам денесінің құрлысын зерттеп, оған сипаттама берсе , 1628 жылы У.Гарвей қан айналымы жөніндегі ілімін жариялады.

Тірі табиғатты жүйелеуде аса зор еңбек сіңірген швед ғалымы Карл Линней (1707 – 1778) болды. Ол түрдің табиғи жан – жақтылығын және ақиқат барлығын айтса келіп, түр құрлысы жағынан ұқсас, көбеюі кезінде өздеріне ұқсас ұрпақ беретін көптеген туыстас ағзалар жиынтығы деді.

1749 жылы Ж.Бюффон “Табиғи тарих” атты көп томдық еңбегінде “ бейорганикалық заттардан тірі ағзалар ( алдымен , өсімдіктер , одан кейін жануарлар мен адам) пайда болды дей отырып, түрдің өзгергіштігі жайлы ілімді қолдады. Органикалық дүниенің эвалюциясы жөніндегі дұрыс ой – пікірлер Д.Дидронның , Ч. Дарвиннің атасы Эразм Дарвиннің , И.Канттың еңбектерінде жазылған.

Ресейде табиғат туралы эволюцилық идеалар XVIII ғасырдың 2 – ші жартысында қалыптаса бастады.

Жер қыртысының тарихы туралы еңбектерінде М.В. Ломоносов өлі табиғаттағы өзгерістердің тірі табиғаттағы өзгерстерге тікелей байланысты екенін айтса, Санкт – Петербург академигі К.Ф. Вольф алғашқылардың бірі болып , ұрықтың дамуы жөнінде дұрыс пікір ұсынды.

А.Н. Радищев табиғатты біртұтас деп тауып, ондағы даму қарапайымнан күрделі құрлысты ағзаларға жүреді деген пікірде болды. Зоолог К.Ф. Рулье түрлердің тұрақтылығы жайлы метафизикалық көзқарасты қатты сынап, ағзаларды қай – қайсысы болса да айналадағы ортаның әсерінен өзгереді, ал өз кезегінде ағзалар сыртқы ортаны өзгертеді деді.

Бақылау сұрақтары

1.Дарвин дәуіріне дейінгі кезең?

2.Антик дәуір философтарының еңбектеріндегі эволюциялық идеялар.?




Лекция №2
Тақырыбы: Ж.Б. Ламарктің эволюциялық концепциясы

Жоспары:


1.Ж.Б.Ламарктің дүниеге көзқарастарының философияның негізі.

2.Табиғаттың эволюциялық жолмен даму идеясы.

3.Эволюция себептерін баяндау.
Лекция мәтіні :
1. Ж.Б.Ламарк өзінің эвалюциялық теориясын “Зоология философиясы” деген еңбегінде баяндады. Бұл трактат 1830 жылы айтыстан жиырма жыл бұрын жарияланған болатын.

Ламарктың эвалюциялық ілімін талдауға кірісерде, ең алдымен оның философиялық және жалпы биологиялық концепцияларымен танысуға тиістіміз. Көптеген басқа деистер сияқты , Ламарк та материяны және табиғатты, яғни оның қозғалыс заңдарын құдай жаратты деп түсінеді.Құдіреттің жарату ісі осымен тынады. Табиғаттың барлық келешектегі дамуы, оның өз заңдары арқылы жүзеге асырылып отырылды.

Ламарк ақырғы мақсат (себеп) принципі жайындағы теология ұғымына қарсы шығып, табиғатта мақсат бар, ондағы әрекеттер санамен орындалып отырылады деп түсінуші табиғат зерттеушілері адасып жүр дейді. Ол рухты материяға қарама - қарсы қою дұрыс емес, себебі, бұл материяның функцясы деп қарайды. Материя белгілі мөлшерде жаралды, бірақ ол өзгерісте болатындықтан , онда үнемі жаңа түзіліс болып отырады.

Сыртқы жағдайлар органикалық және онорганикалық табиғатқа әр түрлі ықпал етеді: өлі денеге әсер етіп, оны бұзады: ал олар тірі денеге әсер етіп тіршілігін сақтайды. Өлі заттардың ұлғаюы , мысалы ; кристалдың ұлғаюы сыртынан үстеп қосылу жолымен, яғни сол дененің сыртына жаңа бөліктердің қосылу жолымен жүреді, организмдегі ұлғаю, оның денесіне заттардың ену нәтижесінде болады, олзаттар тірі дененің заттарына ұқсас болып, денеге қосылып соның мүшесіне айналып отырады. Анорганикалық табиғат қоректі керек етпейді, органикалық табиғатқа қоректену процесі қажет, себебі, бұл денедегі ыдырау мен жаңару санымен байланысты. Өлі зат ұрықтан басталады. Ең ақырында, ешбір анорганикалық дене өлмейді, себебі онда тіршілік қабілеті жоқ, ал әрбір тірі дене сөзсіз өлуге тиіс.

“Сөйтіп өлі немесе анорганикалық денелер мен тірі денелердің үлкен айырмашылық , терең үзіліс (hyatus) бар; екінші сөзбен осы екі түрлі денелердің бір – бірінен алшақтығы сонша , ешбір анорганикалық дене ең қарапайым деген тірі денеге жақындаса алмайды. Тіршілік және денеде оны құрап тұрғандардың бәрі , тірі денелердің , барлық тіршілігі жоқ денелердей елеулі айырмашылығы бар көрсетеді”. Егер тірі денелердің осындай ерекшеліктері болса, онда олар тіршілік жайындағы өзінше ілім – биология пәнінің обьектісі болуы тиіс.
2.Ламарк жануарлар дүниесінің табиғи системасын дамыта отырып,К. Линней жасаған класты қосып алып, жануарларды он төрт класқа топтастырды. Ол өзінің системасында ең қарапайымдар (инфузория класы) мен ең күрделі құрылыстылар (сүтқоректілер класы) арасына құрылыс дәрежелерінің біртіндеп күрделенуіне қарай басқа барлық кластарды орналастырады. Линней кезінен бері жануарлар кластарын орналастыру тәртібі айтылғандарға мүлде қарама – қарсы болатын ; яғни сүтқоректілерден басталып қарапайым құрлысты құрттпен аяқталып келеді. Ламарк егер кластарды осылай (Линнейше) орналастырсақ, жануарлар систематикасына шолу жасағанда, олардың құрылысы деградациялағаны және қарапайымдалғаны байқалар еді деген пікір көрсетеді. Бұған керісінше, Ламарктың он төрт класты орналастыру бағытын алсақ, жануарлардың құрылысы баспалдақ сипатында біртіндеп күрделеніп отыратындығын – гродацияны көреміз. Мұнда он төрт клас алты сатыға орналастырлып, Ламарк ойынша бұлардың әрқайсысы келесіне органдарының негізгі системалары жөнінде нерв және қан тамырлар системаларының құрылысы күрделенуі жөнінен айырмашылықтары бар, мұнда да өсімдік топтарының құрылысының күрделігіне қарай орналасады ондай қатарлар (градация) жануарлар дүнйесінде де қарапйымнан басталып күрделі құрылысты денені организмдермен аяқталады. Бұл тәртіп органикалық формалардың қарапайымнан күрделіге, қарапайым құрылыстан күрделі құрылысқа қарай тарихи даму процесі жүріп тұратындығын көрсетеді. Ламарктың пікірінше, орта факторлары өсімдік органдарына тікелей әсер етіп өзгертіп отырады. Ақырында, бұл бір мүшелердің пайда болуына және дамуына, басқа бір мүшелердің әлсіреуіне немесе жойылуына себеп болады. Егер бір түрге жататын особьтардың біреулері жақсы қоректенетін болса және өсуіне қолайлы жағдай болса, ал екіншілеріне қорек жеткіліксіз болса, бұлардың арасында елеулі айырмашылық байқалады. Жауынсыз құрғақ көктемде шалғындық шөптер нашар өседі, әлсірейді, аласа күйінде гүлдеп , жеміс береді. Көктемгі жауында болатын кездерде сол шөптер қарқындап өсіп кетеді.

Ламарк жануар организміне орта жағдайларының тигізетін ықпалын айта келіп, мұнда орта жағдайы өсімдіктердегідей тікелей әсер қана қоймай, жануарлардың нерв системасы арқылы жанама әсер етуі мүмкін деп қарайды. Ламарк орта мен бүкіл ішкі органдарды өз ара үйлестіру міндетін атқаратын механизм- нерв системасы екенін түсіндірмекші болады. Нақтылы материалдың тым аздығымен қорытындығын көлемділігі жөніндегі сәйкесіздік сол сияқты нервтік процестерді механикалық формада ұғыну XVIII ғасырдың табиғат зерттеушілеріне тән сипат болатын. Ламарктың ой өрісі де осындай.


3.Ламарктың бірінші заңы. Өзінің даму шегіне жетпеген, қандай жануар болсада , кез келген органның жиі және ұзақ пайдалануы мерзімнің ұзақтығына сәйкес сол органды біртіндеп әлдендіреді, дамытады және оны ұлғайтып күш енгізеді, ал ұдайы пайдаланбау органның қайсысын болса да біртіндеп әлсіретеді, кері кетіреді, үнемі оның қабілетін төмендетіп отырады, ең аяғында жойылып кетуіне себепкер болады.

Ламарктың екінші заңы. Бұрыннан тіршілік еткен орта жағдайының әсерімен табиғаттың жануарлар тұқымына қосқаны не жойғанының бәрі, демек денедегі кейбір мүшені ұдайы пайдалану немесе пайдаланбау салдарынан болған қасиеттің бәрі, егер иеленген өзгерістер екі жынысында да болса да не олардың өздері шыққан ата- аналарында болса ондай өзгерістер өсіп- өнуі арқылы жаңа особьтарда сақталып отырады.


Бақылау сұрақтары :

1.Ж.Б.Ламарктің дүниеге көзқарастары?

2.Табиғаттың эволюциялық жолмен даму идеясы?

3.Эволюция себептерін баяндау?




Лекция №3

Тақырыбы: Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының қалыптасуындағы жалпы алғы шарттар.

Жоспары:
1.ХІХ-ғасырдың І-ші жартысында Англияда жүзеге асқан қоғамдық-экономикалық өзгерістер.

2.ХІХ- ғасырдың І-ші жартысында жаратылыстану ғылымдарының даму (систематика, салыстырмалы анатомия, эмбриология).

3.ХІХ- ғасырдың І-ші жартысында ауыл шаруашылық практикасының даму дәрежесі

Лекция мәтіні :


1.Канттың “ Жалпы жаратылыстық тарих және аспан теориясында” баяндалған жаңалығы, табиғатты зерттейтін барлық ғалымдардың одан ары қарай қозғауының аттаныс нүктесі болды. Сол кездің өзінде – ақ Жердің өзгеріп отыратын туралы ұғым мен жер бетінде тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің өзгермеуі жайындағы ілім арасында қайшылық пайда болды.

Екінші саңылау геология мен палентология дамуына байланысты пайда болды. Геологиялық қабаттардың жатысы және ондағы жануарлар мен өсімдіктер қалдықтары жайындағы мәліметтерді жүйеге келтіру , жер бетінің және онда тіршілік етуші жануарлар мен өсімдіктердің тарихы бар екенін мойындаттыруға тиіс болды.

Метафизикалық дүние танудағы үшінші саңылау органикалық химия табыстарымен байланысты пайда болды. 1828 жылы Ф.Велер мочевинаны қолдан жасап , бірінші рет органикалық затты қолдан синтездеуді жүзеге асырды. Сөйтіп, химия заңдарының органикалық емес заттар үшін сондайлық маңызы болса, органикалық дененлер үшін сондайлық маңызы бар екені және тірі табиғат пен өлі табиғаттың арасында өте алмайтындай шыңырау жоқ екендігі дәлелденді.

Энергияның айналуын дәлелдеу арқылы физика төртінші саңылау жасады. “ Осы уақытқа дейін, табиғатқа әсер етуші сансыз тсебептердің бәрі түсініксіз әлдеқандай құпия болып келген күштер – механикалық күш, жылу сәуле шашу (жарық және сәулелік жылуы) электр , магнитизм, химиялық күштің қосылу және айырлуы энергияның ерекше формалары, оның өмір сүру тәсілдері екені енді дәлелденді”.

Шын мәнінде биология ғылымында төңкеріс орнатқан Чарльз Дарвиннің эволюциялық ілімінде осы екі проблема дәлелді ғылыми түрде шешілді. Бұл ілім метафизикалық дүние көзқарасына соңғы негізгі саңылау жасап берді.

Өсімдік және мал шаруашылығы саласындағы адамның практикалық жұмыстарына жүргізген. Дарвинің терең талдауы , органикалық дүниенің тарихи дамуы жайында жаңа ілім шығуына себеп болды. Сондықтанда дарвинизмнің отаны – дамыған ауыл шаруашылықты ел- Англия болғанына таңдануына болмайды.


2.XIX ғасырдың ортасына таман тек Англияда ғана капиталистік өндіріс әдісі толық даму шегіне жетеді осыған орай капиталистік елдердің ішінен дүние жүзілік базарда ең бірінші орынға ие болады. Осы кезде ауыр өндіріс әсіресе тас көмір шығару, шойын және болат қорыту жөнінен, сондай-ақ жеңіл өндіріс ойдағыдай дамыды. Англия колониялы күшті державаға айналады.

Клетка теориясының құрылуы. Эволюциялық идеяның келешек дамуына өткен ғасырдың 30- жылдарындағы биология ғылымында болған екі уақиға себеп болды. Оның бірі клетка теориясының құрылуы , екіншісі – “Жануарлардың даму тарихы “ атты екі томдық тракттатың жарыққа шығуы.


Көптеген ғалымдардың материяның нәзік құрылымын зерттеудегі ұзақ қажырлы еңбек етулерінің нәтижесінде клетка теориясы құрылды. Дұрыс айтсақ бұл құрылымдарды зерттеу әдісі жоғарыда аталып кеткен К.Ф.Вольфтың трактатында жазылған болатын.

Клетка теориясы М.Шлейден мен П. Шванның классикалық жұмыстарында өрісті дамытылды. Бұрынғылардың идеяларын үйлесімді жинақтаушы теория етіп қалыптастырған осылар.

Клетка ілімі органикалық дүниенің бірлігі жайындағы проблеманың шешуін жаңа арнаға салады. Бір кезде Жоффруа Сент - Илердің ойдан шығарған “Құрылыс тұрғысының” бірлігі деген жорамалының орнына , барлық организмдердің клеткалы құрылысының жаңа ашылған заңдылықтары баяндалды. Ал, бұл органикалық материяның даму проблемасының шешілуіне себеп болады.

Эмбриологиядағы салыстырмалы әдіс. Сол 30-жылдары клетка теориясының қалыптасу кезеңінде биологияның жаңа бір саласы салыстырмалы эмбриология қалыптасты. К.Ф.Вольф Петербургке келген соң Россия ғылым академиясы эмбриологияның бесігі болды. Орыс эмбриологиясының тұңғыш корифейлерінің бірі К.М.Бэр оның “Жануарлардың даму тарихы” атты классикалық еңбегі 1828- ден бастап 1838 жылы жарыққа шықты. Осы екі томдық трактатында Бэр өзінің салыстырмалы эмбриология саласын,дағы зерттеулерінің қорытындысын берді. Бэрдің еңбектерінде терең принципі мәні бар жаңалықтар көп. Ең алдымен сүт қоректілердің жұмыртқа клеткасының ( соның бірі адамның жұмыртқасы ) ашылуы , омырқалылардың жота сымының ашылуы сондай –ақ жануарлардың жеке даму процесінде ұрық қабаттарының қалыптасуы туралы білімнің терең дамуы да Бэрдің еңбегімен байланысты.

Бэр барлық омыртқалы жануарлардың жекен дамуындағы ортақ сипатты көрсете тұрса да, ол өзі ашқан осы заңнан эволюциялық қорытынды жасаған жоқ. Бұл жөніндегі еңбек Ламарктан кейінгі, Дарвиннің бастамашысы ірі орыс биологы Москва университетінің профессоры Кари Францевич Рульенкі еді ( 1814- 1858) Рульеде эволюциялық идеяның қалыптасуы XIX ғасырдың 30-40 жылдарындағы , декабристер қозғалысын басып тастағаннан кейін , Николай реакциясының қара түнек жылдарына тән элеументтік және идеялық шиеленіскен күрес дәуірге тұтасады.Осыған байланысты патша үкіметінің негізіне балта шабатын , діни догманы теріске шығаратын материалистік жаратылыстану қайта қуғынға ұшырады.

Бұған қарамастан , орыс жаратылыс тануындағы М.В.Ломоносов негізін қалаған А.Н.Радищев орнатқан материалистік дәстүрлер алдыңғы қатардағы орыс ғалымдардың еңбектерінде орын тепті , солардың бірі К.Ф.Рулье болатын. Ғылымды сүйіп және оған сене отырып Рулье жаратылыстық ғылыми білімдерді кең уағыздау талабында болды. Бұл жөнінде ол А.И.Герцин, Н.Г.Чернышевский сияқты жаратылыстанудың өте көрнекті насихатшылардың қатарынан орын алды.Рулье “Жаратылыс ғылымдар хабары” атты орыстың көпшілікке арналған бірінші жаратылыстық ғылыми журналын ұйымдастырып оны редакциялады. Оның қаламынан биология мен ауыл шаруашылығының әртүрлі тақырыптарда көпшілікке арналған көп мақалалар шықты.


3.Органикалық дүниенің тарихы дамуы жөніндегі пікірлерін Рулье университетінің профессор кафедрасында баяндаумен шектелген жоқ. 1845 ылдың өзінде-ақ “Жануарлар тіршілігінде сыртқы жағдайлардың әсері деген тақырыпта көпшілік алдында лекция оқыды.Рулье табиғат мәңі ондағы барлық құбылыстар өзара байланысты және біртұтас деп атады. Шексіз алуан түрлі болып көрінетін осы тұтастықтың барлық бөліктері олардың араларында қажетті ішкі байланыс болғандықтан ғана өмір сүреді.Сондықтан затты табиғат құбылысын бір-бірінен айыруға болмайды, оларды өзара байланысты түрінде зерттеу керек. Сол себепті тірі денелерді олардың мекендеген өзара байланысқан сыртқы ортасынан бөліп зерттеуге болмайды. Жануарлардың қайсысы болсада, сыртқы жағдайларға тәуелді яғни ауаға ,суға, климат жағдайларына топыраққа өсімдікке және басқа жануарларға ең ақырында адамға байланысты .

Бақылау сұрақтары :

1.ХІХ-ғасырдың І-ші жартысында Англияда жүзеге асқан қоғамдық-экономикалық өзгерістер?

2.ХІХ- ғасырдың І-ші жартысы?

3.ХІХ- ғасырдың І-ші жартысында ауыл шаруашылығы?

Лекция №4

Тақырыбы: Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы

Жоспары:


1.Ч.Дарвиннің өмірбаяны және еңбектері.

2. “Түрлердің шығу тегі” еңбегіндегі негізгі қағидалар

3.Мәдени формалардың эволюциясын дәлелдеу
Лекция мәтіні :

1.Чарльз Роберт Дарвин 1809 жылы 12 февральда Шрюсбериде дүниеге келді. Атасы Эразм Дарвин атақты ғалым, дәрігер және ақын болған адам. Оның қаламынан “Табиғат храмы” атты тамаша поэма шыққан. Дарвиннің әкесі де дәрігер. Дарвин өзінің өмірбаянында әкесі менің білуімше өте ақылды, бақылаушылық қабілеті күшті және кісіге өте мейрімді адам еді деп жазады.

1818 жылы Чарльз Шрюзберидегі мектепке барады, бұл классикалық мектеп болса да, одан мен ештеңе үйренгенім жоқ деп жазады. Ол 1826 жылы октябрьде ол Эдинбург университетінің дәрігерлік факультетіне түседі. Екі жылдан кейін әкесінің ұйғаруымен Кембридж унивеситетінің дін хадистері факультетіне ауысады. Бірақ, Дарвинді діни ілім емес жаратылыс тарихы жайындағы әр түрлі кітаптар қызықтырды. Оның жаратылыс зерттеушілік ықыласының осы кезде қалыптасуы басталады. Бұл жөнінде университет профессорларынан жас ғылымға ерекше ықпал еткен ботаник Дж Генслоу мен геолог А Сджевик болатын. Осылардың басшылығы мен Дарвин табиғат жағдайында геологияны зерттеп экскурсияларға шығады.

Гумбольдтің жас күнделігін оқуы оны саяхаттарға әуестендіреді. 1831 жылы Дарвин университетті бітіреді сол жылы професор Генслаудың ұсынысымен “Бигль” (“Исшіл ит”) кемесіне натуралист есебінде қабылданып жер шарын айналу саяхатына аттанады.

Дарвин “Бигл” кемесімен 1831 жылы 27 декабрьде Девонпорттан сапарға шығады. Экспедицияның негізгі міндеті толық теңіз карталарын жасау үшін Оңтүстік Американың шығыс және батыс жағалауларын және соған таяу аралдарды картаға түсіру болатын. Бұдан басқа “Бигль” экспедициясының алдына қойылған екінші міндет- Жер шеңберіне хронометрлік өлшеулер жасау еді. Осыған байланысты жер шарын айналып шығу саяхаты жасалды.

1835 жылы 5 сентябрьде “Бигль” Оңтүстік Амереканың батыс жағалауынан Галапагос архепелогына қарай жол тартады. Джемс аралында өсетін өсімдіктердің 38 галапагостік түрлерімен 30 түрі тек осы аралда ғана кездеседі, сольбеморлда да осылай, ондағы 26 галапогостік өсімдіктердің 22-сі осы аралдың эндемиктері. Бірсыпыра аралдардың өзеніне тән таспақа, қуақы және тау шымшықтардың түрлері кездеседі.

Галапагос аралдарынан “Бигль Австралия жағалуына жол тартып, оның оңтүстік жағын аралап шығады. 1836 жылы 1 апрельде Суматрадан 600 миль қашықтықта жатқан Үнді мұхитындағы Килинг және Кокос аралдары көкжиектен көрнеді. Осы топ аралдарға Дарвин ерекше зейін бөледі, себебі олардың барлығы дерлік маржандардан құралған және ерте кезде су астындағы рифтер түрінде болған . Дарвин осы аралдардың тіршілігін зерттейді, кеиінірек осы зерттеуінің нәтижесінде маржан аралдарының шығу тегі және дамуы жайында тұңғыш теория құрады, ондағы рифтердің барлық түрлері біртіндеп жүйелі дамудан пайда болған деп қарап, оларды өзара байланыстырады.
2.Сонымен мұхит аралдарының фаунасы мен флорасының ерекшеліктері осы кездегі маржандардың тіршілігіндегі ерекшеліктерді және тропиктік өсімдіктердің тұқымдары мен жемістерінің таралу жолдарын зерттеу арқылы шешілді. Органикалық табиғат ұдайы өзгеріп отырады, өзгерісті пайда ететін күшті факторлардың бірі организмдердің өздері деп Дарвинге қортынды жасатқан Әулие Елена аралына жүргізген зертеулері болатын. Материктен алшақ, Атлант мұхитының ортасында жатқан бұл аралдың фаунасы мен флорасы өзіне ерекше сипатта. Өсімдіктердегі бұл өзгерістер құрлық фаунасына, әсіресе моллюскалар мен насиком фаунасына көп өзгеріс енгізді. .

1859 жылы 24 ноябрьде Дарвиннің ‘Табиғатты сұрыптау жолымен түрлердің шығуы немесе тіршілік үшін күресте қолайлы тұқымдардың сақталып қалуы” деген әйгілі кітабы шығады. Еңбектерінің ішінде ерекше зейін аударатыны екеу. «Үй жануарлары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі» және «Адамның тегі және жыныстық сұрыптау» бұлар «Түрлер тегі» мен бірге тұтас ғылыми теория құрады.


3.Дарвин өсімдіктердің айқас тозаңдануында күрделі бейімділіктер бар екенін дәлелдейді. Бұл фактыны эвалюциялық теория тұрғысынан талғау айқас тозаңданудың рөлін анықтауды қажет етті. Бұл жөнінде жасалынған көптеген эксперименттердің нәтижесіне сүиеніп, Дарвин айқас тозаңданудың. биологялық пайдасы бар деген қорытындыға келеді, себебі өздігінен тозаңданумен салыстырғанда айқас тозаңданудан әлді және тұрақты ұрпақтар алынады. Дарвиннің бұл зерттеуінің қорытындысы өсімдік дүниесінде айқас және өздігінен тозаңданудың әсері деген арнаулы еңбегінде баяндалды.

Бақылау сұрақтары :

1.Ч.Дарвиннің өмірбаяны және еңбектері.?

2. “Түрлердің шығу тегі” еңбегіндегі негізгі қағидалар?

3.Мәдени формалардың эволюциясын дәлелдеу ?

Лекция №5

Тақырыбы: Дарвиннің өзгергіштік формалары, заңдылықтары және себептері жайлы көзқарастары.

Жоспары:


1.Айқын және айқын емес, ара қатынастық және компенсациялық өзгергіштіктер.

2.Доместикация ілімі

3.Монофилия және полифилия принциптері

4.Қолдан сұрыптау ілімі


Лекция мәтіні:

1.Дарвин теориясының негізгі қағидасы – адамның мәдени түрге айналдырған өсімдіктері мен жануарларының елеулі өзгеріске ұшырады деп тану. Мұны жер шарының әр жерінде шығарған сүт қоректілер мен құстардың көптеген тұқымдарымен, сондай – ақ өсімдік сорттарынан көреміз. Солтүстік Африканың шөлдерінде финис пальмасынан 38 түрше шығарылған. Полинезияның бір ғана аралында нан ағашының 24 түрі және сонша банан түрлері егіледі.

Сүмбіл гүлдің 1200-ден астам түрін иеленген голландиялық гүл маманы Верхульем ешбір қатесіз бір ғана жуашығына қарап өсімдіктің қай сортқа жататынын ажыратады екен.

Жануарлар мен өсімдіктердің өзгергіштіктері жайындағы нақтылы материалдарын талдай келіп, Дарвин тіршілік жағдайларындағы өзгерістердің қандайы болса да өзгеріс туғызады, организмде мұндағы әрқилы өзгерістер әр түрлі организмдерге түрліше әсер етеді деген қорытындыға келді.

Үй жағдайында тіршілік жағдайының өзгерістері организмге елеулі өзгерістер енгізетінін байқаймыз. Бұл өзгерістер кейде көмескі түрде болады оның қандайда бір себебі бола тұрса да, бірге өздігінен болған өзгеріс сияқты көрініп, себебі белгісіз болып қалып отырады. Осыған байланысты Дарвин өзгергіштікті екі түрге бөледі айқын (топтық) өзгеріс және айқын емес(жеке өзгеріс)


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет