Лекция тезистерінің жинағын дайындаған: ХҚту профессоры, Х.ғ. к. Жұмаділлаева С. А



бет10/10
Дата01.12.2019
өлшемі3.39 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проекторсызба – кестелер, видео-, дыбыс аппаратурасы.

Оқытудың әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру, кіріспе лекция

Деңгейлік тапсырмалар:

1деңгей. Қоршаған ортаның химиялық элементтермен ластануы. Ластаушы көздер және олардың адам денсаулығына әсері туралы жазыңыз.

2-деңгей. Экологиялық мониторинг жайлы түсіндіріңіз.

3-деңгей.Бірлестірілген экологиялық жүйенікөрсетіңіз.



ОБСӨЖ тапсырмалары: Табиғи нысаналардың химиялық ластануын анализдеу әдістері.

СӨЖ тапсырмалары: Озон қабаты және озон тесіктері.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Жұмаділлаева С., Баешов А., Жарменов А. Қоршаған орта химиясы. – Алматы, 1998.

2. Джумадуллаева С., Баешов А., Жарменов А., Мамырбекова А. Практикум по химии окружающей среды. Учебник. – Алматы, 2000.

3. Голдовская Л.Ф. «Химия окружающей среды ».М.: Мир, 2005.



Лекция №15 Қоршаған орта сапасын бағалау критерийлері.

Лекция мақсаты мен міндеті: Қоршаған орта сапасын бағалау критерийлері, тірі және өлі табиғаттағы экологиялық-химиялық процестерді зерттеудің эксперименттік әдістері, қоршаған орта нысаналарын қадағалау әдістері жөнінде білімдер қалыптастыру.

Лекция мазмұны: Тірі және өлі табиғаттағы экологиялық химиялық процестерді зерттеудің эксперименттік әдістері

1. Жалпы ережелер

1. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлері Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16 және 175-баптарына сәйкес әзірленді. 

2. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлері - халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаның жай-күйінің нашарлауын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы.

3. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлері төтенше экологиялық ахуал аймағын немесе экологиялық зілзала аймағын анықтау кезінде пайдаланылады. 

4. Төтенше экологиялық жағдай аймағын немесе экологиялық зілзала аймағын анықтау қолайсыз экологиялық ахуалдың неғұрлым жоғары дәрежесін көрсететін бір немесе бірнеше негізгі және қосымша көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады. 



5. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлері халық денсаулығы мен қоршаған ортаның жай-күйін анықтаудың басқа да мақсатында пайдаланылуы мүмкін. 

6. Осы аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлерінде қолданылатын ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталатын мағыналарда пайдаланылады.

Селитебтік аумақтар ауасының ластануы

Ауа бассейні ластануының қолайсыз әсері екі негізгі жолмен болады, олар болатын ықтимал экологиялық зілзаланың аймақтарын зерттеу кезінде ескерілуі тиіс: 

-ластанған ауамен тікелей байланыс нәтижесінде

-атмосферадан ластаушы заттардың түсуі және су мен топырақтың қайталама ластануының нәтижесінде. 

Әсер етудің кеңістік ауқымы ластану көздерінің және әсер ету объектілерінің сипаттамасынан тәуелді өте кең шектерде ауытқиды. 
      Жеке жергілікті көздерден ластаушы заттардың шоғырлануы қоспалардың бытырау және түсу процестерінің нәтижесінде арақашықтықпен тезірек кетеді. Ең көп шоғырланулар құбырдың шамамен 20 биіктігінің арақашықтығында белгіленеді. Сондықтан, осындай көздерден адам денсаулығы үшін қауіпті шоғырланулар, әдетте, 10-100 км 
аспайтын ауданда байқалады. Адаммен салыстырғанда атмосфераның ластануына сезімталдығы бірнеше есе жоғары болатын қылқан жапырақты ормандар үшін өсімдіктің зақымдану алаңы 100-1000 км дейін жетуі мүмкін. 

Ірі өнеркәсіптік агломерацияларда жеке көздерден ластанудың жиналуы болады және қолайсыз әсердің жалпы алаңы агломерацияның өз алаңына жақын немесе одан асып түсуі мүмкін. 

Атмосфералық ауа ластануының дәрежесі қауіптілік сыныбын, ауа ластануларының биологиялық іс-әрекетінің сомалануын және ШРШ асуларының жиілігін ескере отырып, ШРШ асуының еселігі бойынша белгіленеді. 
      Қолданыстағы ШРШ сәйкес, ауаның ластану дәрежесін бағалау үшін соңғы бірнеше жылдар бойы, бірақ кемінде 2 жыл іс жүзіндегі ең көп бір жолғы және орта тәуліктік шоғырланулар пайдаланылады. 
      Өлшеулердің нәтижелері әрбір қадағалау бекеті, заты және жылы үшін бөлек өңделеді және ұсынылады. Әрбір зат бойынша кемінде 200 қадағалау (сынама) болуға тиіс: 


1) орташа тәуліктік шоғырланулар бойынша атмосфералық ауаның ластану дәрежесін бағалау;

ластану дәрежесін бағалау үшін бірдей уақыт аралығы арқылы 24 сағат ішінде үзіліссіз аспирация немесе ең аз дегенде тәулігіне 4 рет үзілісті аспирация жолымен алынған орташа тәуліктік сынамалар пайдаланылады. 
      Әрбір орташа тәуліктік шоғырлану үшін асудың еселігі»"Е" есептеледі. Сарапталған кезең (жыл) ішінде»"Е" көрсеткіші бойынша есептелген қатар 2.4-кестеде келтірілген өлшемдерге сәйкес бағаланады. Сомалау әсері бар заттар комбинациясы болған кезде келтірілген Отс бол. орташа тәуліктік шоғырлануы (2.2) формулаға ұқсас есептеледі. Бағалау Отс бол. бойынша жүргізіледі. 
      Көрсетілген критерийлері ескере отырып, аумақтар атмосфера ластануының барлық түрлері бойынша материалдар ұсынады, олардың негізінде аумақты осы немесе өзге аймаққа жатқызудың сараптамалық бағасы жасалады. 
           Ауаның әр түрлі сыныптағы қауіптілік заттарымен ластануының дәрежесі ШРШ бойынша нормаланған олардың шоғырлануларын қауіптіліктің 3-сыныбы заттарының шоғырлануына»"келтірумен"»мына формулаға сәйкес анықталады:


                        Ш3сын = Шjn

      мұнда n-изотиімділік коэффициенті, j - қауіптілік сыныбы (j=1 үшін n=2,3; j 2 үшін n=1,3, j = 4 үшін n=0,87). ШРШ бойынша нормаланған шоғырланулар шамасы 1-сынып үшін 2,5-тен жоғары, 2-сынып үшін 5-тен жоғары, 3-сынып үшін 8-ден жоғары, 4-сынып үшін 11-ден жоғары, 3-сыныпқа»"келтіру" болған кезде ШРШ бойынша нормаланған шоғырланулар мәндерін тиісінше 3,2; 1,6; 1 және 0,7 көбейту жолымен жүзеге асырылады). 
      Егер атмосфералық ауа қауіптіліктің әртүрлі сыныптарына жататын заттармен ластанған болса, кешенді көрсеткіштің есебі Е жүргізіледі. 
     


Экологиялық факторлар

Кез келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланыста ғана өмір сүре алады. Олар – топырақ, су, минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар. Табиғи ортаның компоненттері ( ірі немесе ұсақ бөліктері ) тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір организмнің өзіне ғана қолайлы ортасы мен мекені болуы тиіс. Мәселен, көлбақа үшін қалыпты өсіп көбеюіне қолайлы орта ылғалы мол көл жағасы. Сонымен орта дегеніміз – организмнің өсіп көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуына тікелей жанама әсер ететін айнала қоршаған орта компоненттерінің жиынтығы.



Экологиялық факторлар дегеніміз- организм үшін қажетті немесе теріс әсерін тигізетін ортаның элементтерін айтамыз. Табиғатта экологиялық факторлар жиынтық күйінде әсер етеді. Организмдер болса факторлардың әсеріне әртүрлі реакция (жауап) береді. Мәселен, ащы суда тіршілік ететін организмдер үшін тұз және минералды заттар шешуші роль атқарса, ал тұщы су организмдері үшін қажеті шамалы.

Шөл шөлейтті жерлердегі өсімдіктер үшін жоғары температура, ылғалдың аздығы қолайлы фактор болса, ал орман өсімдіктеріне бұл қолайсыз ортаның факторлары болып табылады. Міне, осы жағдайлар мен факторлар оларға организмдердің бейімделуі ұзақ жылдар бойы қалыптасқан географиялық белдемдері айқындалады.

Факторлар үш негізгі топқа жіктеледі:абиотикалық, биотикалық және антропикалық.



Абиотикалық факторлар дегеніміз- организмдерге әсер ететін бейорганикалық ортаның жиынтығы. Олар химиялық (атмосфераның химиялық құрамы, теңіз және тұщы сулар, шөгінділер,т.б.) және физикалық (температура, қысым, ылғал, жел, радиация, т.б.) деп бөлінеді.

Биотикалық факторлар дегеніміз- тірі организмдердің бір біріне және ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер ету. Бұл өте күрделі процесс.

Антропикалық факторлар дегеніміз – айнала қоршаған ортаға тигізетін адам баласы іс әрекетінің тікелей немесе жанама әсері. Адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін табиғат байлықтарын игеруге мәжбүр болады.

Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің реакциясы бірдей болмайды. Сондықтан организм үшін факторлардың бұрыннан қалыптасқан жиынтығы ғана қажет. Ал, басқа факторлардың оның қалыпты тіршілігіне кері әсерін тигізеді.



Негізгі абиотикалық факторлар және организмдердің соған бейімделуі.

Жарық. Жарық тірі организмдер үшін негізгі факторлардың бірі. Күн сәулелерінің жер бетіне келіп жететін барлық мөлшерінің 50% ғана бізге көрінсе, қалған бөлігін көрінбейтін инфрақызыл және ультракүлгін түсті сәулелер құрайды.Жануарлар әлемінде денесінен жарық шығаратын құбылыс болады. Оны-биолюминесценция дейді. Бұл организм денесіндегі күрделі органикалық қосылыстардың тотығу тотығу процесінің нәтижесі.

Жылу режимі- жер шарындағы өсімдіктер мен жануарлардың таралуына фактор ретінде әсер етеді. Десе де организмдер үшін температура мен қатар, басқа да факторлар жиынтығы елеулі роль атқарады. Оған жер шарының жылу, географиялық, климаттық, белдеулері, топырақтың құрамы, ауа райы, т.б. көптеген факторлар жатады.

Ылғал. Су. Құрлықта тіршілік ететін организмдер үшін су негізгі экологиялық фактор болып саналады. Су- клетка протоплазмасы, ұлпа, қан және өсімдік пен жануарлар денесіндегі негізгі зат ретінде көптеген қызметтер атқарады.

Жануарлар дүниесі де ылғалмен тікелей байланысты өмір сүреді. Олардың өсімдіктерден айырмашылығы денесіндегі тұрақты ылғал немесе суды сақтап тұру үшін іздеу, қозғалу немесе қашу мүмкіндігіне ие болған. Су режимі барлық организмдер үшін өте қажетті факторлардың бірі.

Су режиміне қатысты өсімдіктер мен жануарлардың бірнеше экологиялық топтарын ажыратуға болады. Су режиміне байланысты құрлықтағы организмдердің үш экологиялық тобын ажыратамыз: гигрофильдер (ылғал сүйгіштер), ксерофильдер (құрғақ сүйгіштер) және мезофильдер (орташа ылғалды қажет етушілер).

Гигрофиттер- ылғалды тропикалық аймақтарда өсетін, су тапшылығын көтере алмайтын өсімдіктер жатады. Бұл өсімдіктер жоғары температура мен жоғары ауа ылғал жағдайында ғана өсіп өніп, көбеюге бейімделген.

Мезофиттер - ылғалды орташа, өзен, көл бойымен жанасып жатқан шалғындықтар, агробиоценоздар, орман, тоғайлы жерлердің шөл жайылым өсімдіктері құрайды.

Ксерофиттер - құрғақ жер өсімдіктері. Қазақстанның шөл шөлейтті, далалы жерлерінде өсетін өсімдіктер. Бұлардың бейімделу қабілеті өте жоғары. Ксерофиттерді екі топқа бөледі: суккуленттер және склерофиттер.

Организмдердің негізгі тіршілік орталары.

Тіршілік ортасы дегеніміз- кез келген организмнің өсіп өніп, көбеюіне, ұрпақтарын жалғастыруға қолайлы табиғи, тарихи қалыптасқан орта. Қазіргі кезде жер шарында негізгі төрт тіршілік ортасы бар. Олар: су, құрлық, әуе, топырақ және организмдердің өзі.

Су ортасының факторларына байланысты гидробионттарды бірнеше экологиялық топқа бөледі. Судың қалың қабатын- пелегиаль деп, оны екі топқа бөледі: нектон және планктон.



Планктон дегеніміз- судың беткі қабатында оның ағысымен қалқып жүретін ұсақ омыртқасыз жәндіктер. Планктондардың өзі зоопланктон және фитопланктон деп бөлінеді.

Нектондар дегеніміз- судың терең қабаттарында еркін жүзіп жүретін балықтар, т.б. организмдер. Нектондардың суда жүзуге икемді денесі, жүзу қанаттары, жақсы дамыған сезім мен қозғалу мүшелері бар.

Топырақтағы организмдердің экологиялық топтары. Топырақ организмдер үшін қолайлы болғандықтан көптүрлілігі жөнінен де сан алуан болып келеді. Оның негізгі үш экологиялық тобын ажыратамыз.

Геобионттар- топырақтың тұрақты тіршілік иелері. Олардың барлық тіршілігі топырақта өтеді. Негізгі өкілдері: микроорганизмдер, қарапайымдылар, ұсақ жәндіктер, жауын құрттары, т.б.

Геофильдер- тіршіліктің біраз бөлігі топырақпен байланысты организмдер. Оларға: шегірткелер, қоңыздар, қандалалар, ұзын аяқтылар, масалар т.б. жатады.

Геоксендер- топырақ қабаттарын уақытша немесе тұрағы (мекені) үшін ғана пайдаланушылар. Оларға: қоңыз, қандала, сол сияқты ерекшеліктеріне қарай да бірнеше топтарға бөлінетін жәндіктер жатады.

Микрофауна мен микрофлора – дене тұрқы өте кішкентай микроскопиялық организмдер. Негізінен органикалық заттарды ыдыратушы бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар мен көк жасыл және жасыл балдырлар. Олар топырақ пен өсімдік және жануарлар арасында қоректік тізбектер арқылы табиғаттағы зат және энергия айналымдарының негізгі қозғаушы күшіне айналады.

Мезофауна- дене тұрқы алдыңғыларға қарағанда ірілеу, топырақ қабаттарында еркін тіршілік етуге бейімделген жұмыр құрттар, жәндіктердің личинкалары, кенелер, ұсақ омыртқасыз жәндіктер.

Макрофауна- денесі ірі жәндіктер мен олардың личинкалары, жауын құрты, бұзаубастар, т.б. Топырақ ортасының бұл өкілдерінің қарашірік түзу процесінде ролі ерекше. Мәселен, жауын құрты.

Мегафауна мен метафлора- дене тұрқы ірі келген сүтқоректілер және ағаштардың тамырлары. Мәселен, суыр, борсық, қосаяқтылар, соқыр тышқандар, жайралар,кірпілер, т.б.


Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проекторсызба – кестелер, видео-, дыбыс аппаратурасы.

Оқытудың әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру, кіріспе лекция

Деңгейлік тапсырмалар:

1деңгей. Қоршаған орта факторларын жіктеп жазыңыз.

2-деңгей. Экологиялық мониторинг жайлы түсіндіріңіз.

3-деңгей.Экологияның зерттеу обьектілерінің сатылама деңгейлері көрсетіңіз.



ОБСӨЖ тапсырмалары: Қазақстан территориясының химиялық ластануы.

СӨЖ тапсырмалары: Аэрозольдер және олардың жіктелуі.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Жұмаділлаева С., Баешов А., Жарменов А. Қоршаған орта химиясы. – Алматы, 1998.

2. Джумадуллаева С., Баешов А., Жарменов А., Мамырбекова А. Практикум по химии окружающей среды. Учебник. – Алматы, 2000.

3. Голдовская Л.Ф. «Химия окружающей среды ».М.: Мир, 2005.



4. Зилов Е.А. Химия окружающей среды.-Иркутск, 2006.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет