Лекция тезистерінің жинағын дайындаған: ХҚту профессоры, Х.ғ. к. Жұмаділлаева С. А



бет3/10
Дата01.12.2019
өлшемі3.39 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Табиғи смог. Смог табиғи жолмен де пайда болады. Мысалы, жанартаулар атқылаған кезде ауаға көтерілетін күкіртті газ көбейіп, атмосферада смог түзіледі. Мұндай жанартаулық смогты ағылшынша Vog (Vulcan fog) деп атайды. Табиғи смог Индонезияда да орын алады. Онда өртке оранған орманнан шыққан смогқа ұқсас түтін Индонезиядан бөлек Тайландқа, Филиппинге, Сингапурға және Малайзияға жетеді.


Фотохимиялық тұмша. Атмосфера қабатында азот оксидтері, көмірсулар, озон, күннің радиациясының фотохимиялық реакцияға ұшырауы нәтижесінде пайда болатын улы түтін. Оның лондондық тұмшадан айырмашылығы автокөлік моторларынан шығатын газдар күндізгі жағдайда улы түтін түзуге бейім келеді. Фотохимиялық тұмша алғаш рет 1930 жылдары Лос-Анджелес қаласы үстінде есепке алынды. Одан соң бұл құбылыс Нью-Йорк, Токио, Сеул, Афин, т.б қалаларда байқалғаны тарихқа мәлім.

Фотохимиялық смог- азот оксидтерінің көмірсутектермен әрекеттесуінің өнімі. Жоғарыда айтып өткендей,азотдиоксиді күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен азот оксидіне және оттегі атоммына ыдырайды.Олар көмірсутектермен оңай әрекеттеседі. Тізбекті ракция нәтижесінде азотасқын тотығы және органикалық қосылыстар түзіледі, ал олар біршама уытты заттар. Шығарылатын газдар құрамында азот оксидтері де, және көмірсутектер де болғандықтан, ең алдымен қайсы компонентке бақылау жасау қажет деген сұрақ туады.

Фотохимиялық смог пайда болуына әкелетін ракцияның жылдамдығы оның концентрациясына тура пропорционал емес. Двигательде түзілетін азот оксидтері салыстырмалы түрде уытты емес деугге болады,олар ультракүлгін жарықты сіңірмейді және фотохимиялық ракцияға түспейді. Бірақ олар ауада азот диоксидіне дейін оңай тотығады:


2NO +O2 → 2NO2
Бұл реакцияның жылдамдығы, негізінде, едәуір дәрежеде азот оксидінің конценнтрациясымен анықталады(жылдамдық тұрақтысы концентрациялар көбейтіндісіне [NO]2 .[O2] пропорционал). Шығарылатын газ ауаның артық мөлшерімен жанасатындықтан, тотығу жылдамдығы [NO]2 шамасына тәуелді болады. Бұл ракция газдардың сыртқа шығарылуының әсіресе алғашқы сатыларына тән. Азот диоксидінің фотолизі нәтижесінде түзілген озон және отек атомдары көмірсутектермен, солардың ішінде ең алдымен қос байланысты көмірсутектермен ,ракцияға түсуі мүмкін. Мысалы бутен-2 озонмен әреке
СН3СН=СНСН3→СН3СН(О.СН(О2.)СН8→СН3С.СН3СНО (7.14)

Бос радикалдардың әрекеттесу қабілеті жоғары болғандықтан, олар оттегімен және озот оксидімен ары қарай ракцияға түсіп, уытты өнімдер түзеді.

Көмірсутектер осы ракцияның «жанар майы» болып табылады, сондықтан бір қарағанда ең алдымен солардың мөлшерін бақылау керек сияқты. Бірақ смогтың түзілуінің жылдамдығы азот оксидінің концентрациясына тәуелді және NO2-нің уытты болуы, оксидтер мөлшерін бақылау қажеттігін тудырады.

Көмірсутектер аз концентрацияларда уытты емес, бірақ фотохимиялық смогтың түзілуіне қатысқандықтан, олардың мөлшерін қадағалау керек. Қанықпаған көмірсутектердің ракцияға түсуі қабілктті анағұрлым жоғары және олар келесі көрсетілген сатылар арқылы өзгеріске ұшырайды.


Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проекторсызба – кестелер, видео-, дыбыс аппаратурасы.

Оқытудың әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру, кіріспе лекция

Деңгейлік тапсырмалар:

1деңгей. Комплекстердің түзілуін ескеріп, тепе – теңдік жағдайларын қарастырудың жалпы әдісін диаграмма түрінде көрсетуге болатынын жазыңыз.

2-деңгей. Гидросферадағы фосфордың айналымын түсіндіріңіз.

3-деңгей. Сулы жүйелерде кездесетін кәдімгі лигандтарды жазып көрсетіңіз.



ОБСӨЖ тапсырмалары: Химиялық ластағыш заттардың биосфераға және оның компоненттеріне әсері.

СӨЖ тапсырмалары: Гидросферада химиялық ластағыш заттардың таралуының жалпы заңдылықтары.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Жұмаділлаева С., Баешов А., Жарменов А. Қоршаған орта химиясы. – Алматы, 1998.

2. Джумадуллаева С., Баешов А., Жарменов А., Мамырбекова А. Практикум по химии окружающей среды. Учебник. – Алматы, 2000.

3. Голдовская Л.Ф. «Химия окружающей среды ».М.: Мир, 2005.



4. Зилов Е.А. Химия окружающей среды.-Иркутск, 2006.
Лекция №5 Атмосфераның химиялық экологиясы.

Лекция мақсаты мен міндеттері: Атмосфераның табиғи компоненттерінің шығу көздері, аз мөлшерлі газдардың шекті концентрациялары, атмосферадағы жүретін химиялық реакциялар табиғаты жөнінде білімдер қалыптастыру.

Лекция мазмұны: Атмосфера (көне грекше: аτμός — бу және σφеρα — шар) – жерді қоршаған газ қабықшасы. Атмосфера 78% азоттан, 21% оттегіден және болымсыз мөлшердегі басқа газдардан тұрады. Атмосфераның төменгі қабаты тропосфера деп аталады, ол 10-12 км биіктікке дейін (орта ендіктерде) созылып жатады. Одан биіктеген сайын температура төмендейді. Онан жоғары стратосферада температура тұрақты дерлік болып қалады (-400С маңында). Ал шамамен 25 км-дей биіктіктен бастап бұл қабат Күннің ультракүлгін сәулелерін жұтатындығынан температура баяу артып отырады.Жер атмосферасының жоғарғы қабаттарында күн сәулелері күшті иондану туғызады.

Сурет 1.Жер атмосферасының құрылысы


Жер бетіне ең жақын орналасқан қабат тропосфера деп аталады.Оның биіктігі жерде орналасқан орнына байланысты:экватор бойында -16-18 км, ал полюстің бойында-8-10 км ді құрайды. Тропосферада жер бетіндегі қазіргі «ауа райына тән» барлық құбылыстар жүреді. Атмосфераның бұл бөлігінде барлық жауын шашын,бұлт, найзағай, және дауылдар түзіледі. Биіктеген сайын тропосферада температура төмендей береді. Тропосферадан жоғары стратосфера қабаты орналасады. Стратосферада алғашында температурасын сақтап, бірақ белгілі бір деңгейден кейін температура жоғарылай береді. Стратосферада атмосфералық озон шоғырланып, күннің ультракүлгін сәулесін сіңіреді.Жоғары концентрленген озон 25-30 км биіктікте орналасады. Жерден 50 км жоғары биіктікте мезосфера қабатында температура қайтадан төмендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет