Лекция тезистерінің жинағын дайындаған: ХҚту профессоры, Х.ғ. к. Жұмаділлаева С. А



бет4/10
Дата01.12.2019
өлшемі3.39 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Атмосфера – ауа, химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе. Ол биосферадағы физико-химиялық және биологиялық процестердің жүріуінің шарты және метеорологиялық режимнің маңызды факторы. Атмосферадағы жекелеген құрамдастардың қатынасы оның радиатцияға, жылу және су режиміне, өздігінен тазартуға қабілетін анықтайды. Атмосфераның газдық құрамы, су буы және әр түрлі қоспалар жер бетіне күн радиациясының өту деңгейін және жер маңы кеңістігіндегі жылуды ұстап тұруды анықтайды. Егер атмосферада қоспалар болмаса, онда жер бетіндегі орташа жылдық температура +15º С емес, -18ºС болар еді. Атмосфераның орташа қалыңдығы - 150 км.


Атмосфераның төменгі шекарасы жер беті болып табылады. Оның төменгі қабаты азот, оттегі мен сирек кездесетін көміртегінен, аргоннан, сутегіден, гелийден тағы басқа газдардан тұрады. Бұған су буы да араласады. Атмосфера түсінің көк болып келуі газ молекулаларының жарық сәуле шашуына байланысты. Жоғарылаған сайын атмосфера бірте-бірте сирей береді, қысымы төмендеп, оның құрылысы да өзгереді.

1.2 Атмосфераның химиялық құрамы









Газ

Көлемі
бойынша, %

Салмағы
бойынша, %

Азот

78,084

75,50

Оттек

20,946

23,10

Аргон

0,932

1,286

Су

0,5-4



Көмірқышқыл газ

0,0387

0,059

Неон

1,818×10−3

1,3×10−3

Гелий

4,6×10−4

7,2×10−5

Метан

1,7×10−4



Криптон

1,14×10−4

2,9×10−4

Сутек

5×10−5

7,6×10−5

Ксенон

8,7×10−6



Азоттың шала тотығы

5×10−5

7,7×10−5




Су буы (H2O)

~0.40% атмосфера үстінде, бет жағында жалпы 1%-4%







1.3 Атмосфераның ластаушы көздері

Атмосфераның ластануы — әр түрлі газдардың, қатты және сұйық заттардың немесе табиғи булар мен қалдықтардың ұсақ түйіршіктерінің тектес заттар ауаға қосылуы. Бұлардың ішінде газ атмосфераға шығарылатын ластағыштардың шамамен 90%-ін құрайды. Көп тараған атмосфера ластағыштарына күкіртті газ (SO2), азот оксидтері(NO2) , кеміртек оксидтері (иіс газы СО), хлор, формальдегид (НСНО), фенол-бенз(а)пирен, шаң-тозаң жатады.

Атмосфера бізді микрометеориттердің үздіксіз атқылауынан және ғарыш сәулелерінің – жедел қозғалатын бөлшектердің ағынының бүлдіру әрекетінен де сақтайды. Атмосфера Жердің жылу балансында ерен маңызды роль атқарады. Көрінетін Күн сәулелері атмосфера арқылы ешбір бәсеңсімей өте алады. Оларды Жер беті жұтады, осыдан келіп ол жылынады да, инфрақызыл сәулелер шығарады. Осы күнгі көзқарастар бойынша гидросфераның және атмосфераның болуы арқасында ғана жерде тіршілік пайда болған. Міне, сондықтан да экология мәселесі, біздің бірегей ғаламшарымыздың табиғатын қорғау ерекше маңыз алуда. Қоршаған ортаға енген немесе шектен тыс мөлшерде пайда болған және ортаны ластайтын кез-келген физикалық агенттерді, химиялық ластаушы заттарды және биологиялық микроорганизмдерді ластағыштар деп атайды. Ластағыш ластаушы заттардың коршаған ортаға әсері физикалық, химиялық қасиеттеріне, олардың ыдырауы арқылы пайда болған өнімдердің қасиеттеріне және қоршаған ортаға тасталған әртүрлі өндіріс шығарындыларының мөлшеріне байланысты. Ластағыштардың атмосферада таралуын анықтайтын ең негізгі параметрге олардың атмосферада болатын уақыты жатады. Осыған байланысты ластаушы заттардың өзі немесе шығарындылар үш түрге бөлінеді:

- әлемдік көлемде ластайтындар - кай жерде шығарылса да қоршаған ортада әлемдік аумақта тарайтын кабілеті барлар, атмосферада көп уақыт бойы (бірнеше жыл немесе айлар) сақталатын шығарынды (тастанды) заттар (көмір кышқыл газы, фреондар, жартылай ыдырау мерзімі бір айдан жоғары радионуклидтер);

- аймактық. (регионалды) көлемде ластайтындар (бірнеше мемлекеттердің территориясы немесе бір елдің едәуір әкімшіліктік бөлігі кіруі мүмкін) - үлкен аймақты ластайтын, бірақ та оның мөлшері осымөлшерде жан-жаққа таралып, шектеулі уақыт (әдетте бірнеше тәулік) бойы атмосферада сақталатын шығарынды ластаушы заттар (күкірт пен азот оксидтері, пестицидтер, ауыр металдар);

- жергілікті көлемде ластайтындар (бір жердің шеңберінен аспайтын) - атмосферада аз уақыт қана сақталатын шығарынды ластаушы заттар (ірі дисперсиялык аэрозольдар, күкіртті сутек және басқа ластаушы заттар, сонымен қатар жоғарыда келтірілген түрлердің өкілдері, мысалы, аласа көздерден шығатын күкірттің, азоттың, т.б. оксидтері).

Атмосферадағы ластағыштардың кейбіреуі адам организміне тікелей әсер етіп, оның әр түрлі қызметтерінің бұзылуына алып келсе, екіншілері – халық тіршілігінің санитарлық жағдайларын нашарлату арқылы жанама әсер көрсетеді. Ауаны ластанудан қорғау шаралары. Ауаны ластанудан қорғау үшін төмендегідей кешенді шаралар жүргізу керек:

-қоршаған орта мониторингін жүргізетін біртұтас кешенді бақылау жүйесін құру және қабылданған РШК сақталуын қатаң бақылау;

-өндіріс орындарында атмосфераға уытты, зиянды қалдықтар жібер-мейтін тазартқыш қондырғылар орнату;

-елді мекендерде санитарлық-қорғау аймақтарын қатаң сақтау;

-автокөліктер және жанармайлар сапасын арттыру, олардың жүрісін реттеу, зияны аз жанармайлар шығару, жанар-жағар май сапасының төмен болмауын қадағалау;

-автокөліктерді техникалық тексеруден дұрыс өткізіп, олардың улы-лықты өлшейтін арнаулы құралдармен қамтамасыз етілуіне қол жеткізу;

-ескірген, артта қалған технологияларды жаңартып, қалдықсыз, қалдығы аз технологияға көшу;

-отынның (энергияның) қалдығы аз түрлерін ойлап табу;

-халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру;

Күн сәулесінің  әсерінен олар күрделі химиялық реакцияға қатысып, нәтежиесінде уытты фотооксидантты (озон, азот қышқылы) түзілуіне үлес косады. Атмосферада азот оксидтерінің фотооксиданттардың концентрациасы жоғары болған кезде адам улануы мүмкін. Соның салдарынан өкпесі ісінеді, сілемейлі қабығында жара пайда болады, басы ауырады, ұйқысы қашады. Құрамында азоты бар  зиянды шығындылардың мөлшерін азайту үшін іштен жанатын двигательдердің шығаратын газдарын катализатор қатысында жағу, сонымен қатар өнеркәсіп кәсіпорындарының түтін шығаратын құбырларында азотсыздандыратын қондырғыларды орнату қажет болады.

Ауадағы зиянды ластаушы заттардың- мөлшері олардың турбулентті ағыспен шашырауына, жауын-шашынға немесе гравитациялык күш арқылы төмен түсуіне байланысты. Атмосфераның ластануы мен негізгі биогенді элементтер айналымы арасында анық байланыс бар. Қоршаған ортаға енген немесе шектен тыс мөлшерде пайда  болған және ортаны ластайтын кез-келген физикалық агенттерді, химиялық ластаушы заттарды  және   биологиялык  микроорганизмдерді ластағыштар деп атайды. Ластағыш ластаушы заттардың коршаған ортаға әсері физикалық, химиялық қасиеттеріне, олардың ыдырауы арқылы пайда болған  өнімдердің қасиеттеріне және қоршаған ортаға тасталған әр түрлі өндіріс шығарындыларының мөлшеріне байланысты. Ластағыштардың  атмосферада таралуын анықтайтын ең негізгі параметрге  олардың атмосферада болатын уақыты жатады. Осыған байланысты ластаушы ластаушы заттардың өзі немесе шығарындылар үш түрге бөлінеді:

- әлемдік көлемде ластайтындар — кай жерде шығарылса да  қоршаған ортада әлемдік аумақта тарайтын кабілеті барлар,  атмосферада көп уақыт бойы  (бірнеше жыл немесе айлар)  сақталатьн шығарынды (тастанды) заттар (көмір кышқыл  газы, фреондар, жартылай ыдырау мерзімі бір айдан жоғары радионуклидтер);

-аймактық (регионалды) көлемде ластайтындар (бірнеше мемлекеттердің территориясы немесе бір елдің едәуір әкімшіліктік  бөлігі кіруі мүмкін) — үлкен аймақты ластайтын, бірақ та оның мөлшері осы жердің шекарасынан асқасын тез төмендегеніне қарамай ластанудың іздік мөлшерде жан-жаққа таралып, шектеулі уақыт (әдетте бірнеше тәулік) бойы атмосферада сақталатын  шығарынды заттар (күкірт пен азот оксидтері, пестицидтер, ауыр металдар);

- жергілікті көлемде ластайтындар (бір жердің шеңберінен  аспайтын) — атмосферада аз уақыт қана сақталатын шығарынды  заттар (ірі дисперсиялык аэрозольдар, күкіртті сутек және басқа заттар, сонымен қатар жоғарыда келтірілген түрлердің  өкілдері, мысалы, аласа көздерден шығатын күкірттің, азоттың, т.б. оксидтері). Әр түрлі көздерден шығарындының шығу ұзақтығына байланысты олар: үздіксіз және бір дүркінді болып бөлінеді. Апатты жағдайлардағы шығарындылар бір дүркінділер тобына жатқызылады. Атмосфераға газ тәрізді ластағыштар мен аэрозольдар түтін мұржалары, аэрациялық шаң тартқыштар және әр түрлі желдеткіш қондырғылары арқылы тасталады. Биіктігіне карай ластаушы заттар шығаратын көздер биік (Н > 50 м), орта биіктіктегі (Н = 10-50 м), аласа (Н = 2-10 м), жер үстіндегі (Н < 2 м) болады. Ластаушы компоненттердің ауада таралуы мен концентрациясы көздердің биіктігіне байланысты келеді.

Атмосфера табиғи жолмен және адамның іс-әрекеті нәтижесінде ластанады. Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (жерде бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы активті түрде), тау жыныстарының үгітілуіне, шанды дауылдардың тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде), теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді тамшыларының құрғауына, тірі организмдердің іріп-шіру процестеріне байланысты.

Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни әртүрлі аурулар қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары жатады. Сонымен катар атмосфераны ластайтындар қатарына космос шаң-тозаңын жатқызуға да болады. Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Секундына атмосфера арқылы орасан жылдамдыкпен (11-ден 64 км/с дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер ауа кабатынан өтіп отырады, 60-70 км биіктікте көбісі жанып үлгереді. Ғалымдардың болжамына сәйкес тәулігіне жер бетіне 10/18 кішігірім метеорит түседі. Жерді атмосфера үлкен космостық жаркыншактардан да сактайды. Жыл сайын жерге 2-5 млн. т космостык шаң түсіп отырады. Табиғи шаң да Жермен жанасқан атмосфераның құрамдық бөлігіне жатады. Ол ауада қалқып жүретін радиустары 1О6-1О5 м. Атмосфераның төменгі қабаттарын шаңмен ластайтын көздердің, арасында шөлді дала мен басқа да сусыз даланы айрықша  атап кетуге болады.

Атмосферадағы шаң буды суға айналдырумен қатар, күн радиациясын тікелей сіңіреді және тірі ағзаларды күн сәулесінен қорғайды.Ластаушы заттардың биологиялық жолмен ыдырауы көп мөлшерде күкіртті сутектің, аммиактың, көмірсутектерінің, азот оксидтерінің, көміртектің оксиді мен диоксидінің және т. б. түзілуіне және олардың атмосфераға түсуіне апарады.

Атмосфералык ластануға табиғаттың алапатты қүбылыстарының қосатын үлесі айтарлықтай жоғары. Мысалы, орта есеппен жанартаулардың атқылау нәтижесінде жылына атмосфераға 30-150 млн. т газ және 30-300 млн. т ұсақ дисперсті күл тасталып отырады, тек Пинатубо (Филиппин) жанартауы атқылаған кезде (1997) атмосфера ауасына 20 млн. т күкірт диоксиді шығарылды. Жанартаулар аткылағанда атмосфераға бірқатар фитопатогендік  активтілігі жоғары химиялық ластағыштар — сынап, мышьяк,  қорғасын, селен түседі. Ірі орман өрттерінің салдарынан да атмосфера көп мөлшердегі шаңмен ластанады. Батыс Сібірде 1915 ж. болған орман өрті 1,5 млн. км2 ауданды қамтып, одан шыккан түтін 6 млн. км2-ге жуық аумаққа таралды.

Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, түрған үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы, т. б. жатады. Біріншіден, кейбір газдардың концентрацияларының жоғарылауына байланысты жаһандық экологиялық зардаптарға әкеліп соқтырады: қышқыл жаңбыр (SO2, NO, NO2), озон қабатының бұзылуы (фреондар), парниктік эффект (СО2,NH4, фреондар және N2O). Екіншіден, ауаның жоғары жылдам қозғалысынан зиянды заттардың шығарындылары аздаған уақыттың ішінде жүздеген, тіпті мыңдаған шақырымдарға тасымалданады. Бұл жағдайлар биосфера компоненттерін жаһандық ластануға әкеледі, соның ішінде, су бетінің, топырақ пен өсімдіктер.

Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортага әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлсрге бөлуге болады: шикізат, материалдар, құрал-жабдыктар, отын, электр энергиясы, су,  қалдықтар, онімдер, атмосферага таралатын шыгарындылар (газ,  бу, ауа тозаңы), энергетикалық шығарындылар, шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өріс, жарык, улыракүлгін, лазерлі сәулелер, иондағыш шығарындылар және т. б. Ауаны ластайтын компоненттердің химиялык қүрамы отын-энергетика ресурстарының түріне, ендірісте қолданылатын шикізатқа, оларды өңдейтін технологияға байланысты келеді.

Атмосфераны ластайтын негізгі заттардың табиғаты және шығу тегі. Атмосфераның ауасын ластайтын негізгі антропогендік көздер қатарына өнеркәсіп орындарының кейбір салалары, автокөлік, және жылу энергетикасы жатады. Қазақстанда тұрақты өнеркәсіп орындарының көздерінен атмосфераға жыл сайын (1995 ж – 3,1млн. г,1997 ж – 2,37; 1998 ж – 2,33) зиянды заттар шығады атмосфераға кететін зиянды қосындылардың жартысына жуығын энергетика, ал түсті металдар – 22,7%, қара металдар – 15,7% береді.

Жылу энергетикасы. Отын жану процесі жылытуға, тұрмыста тамақ дайындауға, өнеркәсіпте электр энергиясын алуға қолданылады. Жұмысы отын жағумен байланысты жылу электр станциялары (ЖЭС), кез келген өнеркәсіп және коммуналдық мекемелер жылу энергетикасына жатады. Бұл өндірістер ауа ортасының техногенді ластануының негізгі көздеріне жатады.

Отын жағу – атмосфераны ластаушы көздердің бірі. Атмосфералық ауаны ластаушылар ішінде ең кең тараған түрі – отын жаққанда бөлініп шығатын түтін. Қазіргі уақытта отын ретінде көмірдің әр түрлі сорттары, мазут, сланец, шымтезек, газ және т.б. қолданылады. Электр станциялары, әр түрлі қазандықтар, іштен жану двигательдері, пештер жұмыс істеуі үшін сұйық және қатты отын түрлері қолданылып, атмосфераға құрамында көміртегі тотығы, күйе, қарамайлы заттар, күкіртті газ, жеңіл күл және т. б. заттар бар түтін бөлінеді. Күйе өз алдына улы емес, бірақ канцерогенді қасиеті бар қара майлы заттарды (мысалы, бенз(а)пиренді) тасымалдаушы болып табылады. Адамның денсаулығына әсер етумен қатар, ауадағы түтін қала микроклиматын нашарлатады. Күкіртті газдың түтін құрамындағы мөлшері де отын түріне байланысты. Мұнай жанғанда күкіртті газ өте көп бөлінеді, бірақ, күкіртті газдың басты көзі – көмір, шымтезек, сланец жағу.

C+O2→CO2 + Q (1.1)

2H+1/2O2→H2O + Q (1.2)

Егер оттегі саны көміртегінің толықтай тотығуына жеткіліксіз болса, онда келесідей реакция жүреді.

C+1/2O2→CO+Q (1.3)

немесе, СО2 затымен көміртекпен әрекеттесіп, көміртегі монооксидін түзеді

C+CO2→CO3-Q (1.4)

Осылайша, оттегінің жетіспеушілігінен СО газының үлкен көлемі түзілуі мүмкін. Сонымен қатар, толықтай отын жану реакциясында бөлінген жылудың саны төмендейді.

Органикалық отынды жағатын жылу электр станциялары өзінің зиянды жану өнімдерімен атмосферадағы ауа бассейнін ластаушылардың негізгі көзі болып табылады. Электр энергиясы мен жылуды өндіруде басты рөл алатын газ-мазут қазандықтары үшін жану өнімдерінің ең зиянды компоненті NOx азот оксидтері болып табылады. Бұл электрстанцияларды өзенге жақын жерде немесе үлкен су қоймаларының қасында орналастырады. Суытуға тәулігіне 7 млн. м3 астам су жұмсалады және бұл кезде салқындатқыш-су қоймасының жылулық ластануы жүреді.

Жылу энергетикасы ірі көлемде шығарылатын қатты қалдықтардың негізгі көзі болып табылады, олардың қатарына көмір байыту қалдықтары, күлдер, шлактар кіреді. Көмір байыту фабрикаларының қалдықтарының құрамы келесі кестеде келтірілген.

Кесте 1. Көмір байыту фабрикаларының қалдықтары



Компонент

Құрамы, масс.%

Компонент

Құрамы, масс.%

SiO2

55-60

CaO

0,5-1,0

AL2O3

22-26

K2O

4,0-4,5

Fe2O3

5-12

C

5



Автокөлік - атмосфераны ластаушы көздердің бірі. Автомобиль көлігінің дамуы шудың көбеюіне және автомобиль газдарымен шығатын газдардың атмосфералық ауаны ластауына әкеледі. Бұл газдар құрамына 20-дан астам заттар кіретін күрделі қоспа болып табылады. Олардың ішіндегі ең қауіптісі – көміртегі тотығы (СО), оның автомобиль газы қүрамындағы мөлшері 12%-ға жетеді, азот тотығы (NO) және азоттық қос тотығы (NO2). Бұлардан басқа ауаға көмірсутектер, олардың ішінде канцерогенді түрлері, күйе және т. б. заттар шығады. Пайдаланылатын жанармай түріне байланысты автомобиль газдарының құрамында күкірт және қорғасын қосылыстары болуы мүмкін. Автомобиль газдарының құрамындағы заттар адам және жануарлар организміне, өсімдіктерге зиянды әсер етеді. Қазақстанның үлкен қалаларында автокөліктердің зиянды заттарды шығарудағы үлесі 60 – 80 пайыз құрайды. Ал Алматы қаласында — 90 пайыз. Ең көп тарайтын улы заттар – углеродтың оксиді (СО), күкірттің диоксиді (SO2) азоттың оксиды (МОх) көмірсутегі (Cn Hm) және қатаң заттар (шаң). Атмосфераға одан да гөрі улы заттар шығады, мысалы, фтордың қосындысы, хлор, қорғасын, сынап және бензапирен. Осы күндері атмосфераға 500-ден астам улы заттар шығады, оның саны күннен күнге ұлғаюда.

Кесте 2. Стационарлы көздер мен автокөліктердің жану өнімдері қалдықтарын салыстырмалы бағалау



Жану өнімдері

Жану көздері

Автокөліктер

ЖЭС,зауыттар және

Көміртегі (ІІ) оксиді

59,7

5,2

Көмірсутектер және басқа да органикалық заттар

10,9

6,4

Азот оксидтері

5,5

6,5

Күкірті бар қосылыс

1,0

22,4

Макробөлшектер

1,0

9,8



Өнеркәсіп пен көлік мекемелерінің ауаға шығаратын ластаушы заттарының 31,9 пайызы иісті газ, 27 пайызы күкіртті газ, 1,1 пайызы азот тотығы, 28,3 пайызы қалқып жүретін қатты түйіршіктер. Өнеркәсіп салалары ішінен ауаны ластаушылар қатарына жылу электрстанциялары, қара және түсті металлургия, мұнай өңдеу мен мұнай – химия өнеркәсібі мен құрылыс материалдар өндіру кәсіпорындары жатады.
Кесте-3. Өндірістің негізгі салаларының ауаға шығаратын ластаушы заттардың үлес салмағы


Негізгі өндіріс салалары


Шаң-тозаң


Күкіртті газ


Көміртек оксиді


Азот оксиді


Көмірсутек


Жалпы үлес салмағы


Жылу электр станциялары

39

38







29,0

Құрылыс материалдарын өндіру

25









8,1

Қара металлургия

10

16

43

23

3

24,0

Түсті металлургия

16

22







10,5

Мұнай өңдеу, мұнай-химия өндірісі



3

13



82

15,5

Химия өнеркәсібі







12



1,3























Тау кен және металлургиялық өнеркәсіп. Тау-кен ісі кен ісі – ғылым мен техниканың жер қойнауын игеру, пайдалы қазылымдар өндіру жұмыстарын қамтитын саласы. Ол жер қыртысына техногендік әсер етудің барлық түрін қамтиды. Тау-кен ісі негізінен жер қойнауындағы пайдалы қазбаларға барлау жүргізу, құрамы мен сапасын анықтау, өндіру жүйесін тағайындау, алынған пайдалы қазылымдарды алғашқы өңдеуден өткізу және тау-кен технологиясы саласында ғылыми-зерттеуші жұмыстарын жүргізумен айналысады. Содан кейін ғана кен қазу үшін дайындық жұмыстары (кенді ашу, дайындық қазбалар жасау, жер астылық және жер үстілік қажетті құрылыстар тұрғызу, т.б.) орындалып, кен белгіленген жүйемен қазыла бастайды.

Металлургия - ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің кеннен немесе басқа да материалдардан металл алу процестерін, сондай ақ металл қорытпаларға олардың химиялық құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын саласы. Металлургия өндірісі атмосфералық ауаның шаң-тозаңмен, күкіртті газбен, көміртегі тотығымен ластауын туғызады.
Кесте 4. Түсті металдарды өндіруде атмосфераға тасталған химиялық элементтер


Элемент

Өндіріс

Мыс-никельді

Цинк-кадмийлі

Қорғасынды

Мышьяк

3,0

0,591

0,363

Кадмий

0,2

0,5

0,005

Мыс

2,5

0,14

0,072

Сынап

-

0,042

0,002

Никель

9,0

-

0,085

Қорғасын

3,09

2,54

6,36

Цинк

0,845

15,72

0,11

Бұл элементтердің ішіндегі ең қауіптісі мышьяк пен сынап, мыс никельді өндірістің шығарындыларында көптеп мышьяк, цинк кадмийлі өндірістің тастандыларында сынап бөлінеді.


Кесте 5. Металлургиялық шлактардың орта есеппен алғандағы химиялық құрамы


Шлак түрлері

Негізгі компоненттер

SiO2

Al2O3

CaO

MgO

Fe2O3

FeO

MnO

SO3

Домналық

38

9,5

42,5

3,5

0,5

0,9

1,6

2,3

Мартендік

23,5

4

39

11,5

3

8,5

7,5

0,4

Түсті металлургия

37,5

8

16

4,5

1,5

27,5

0,25

1,25

Түйіршіктерді конвейер машинада қыздырып, содан кейін 5-20 мм өлшемде болатын тотыққан түйіршіктер (сурет 5) түзіледі. Оның құрамындағы темір-67% дан кем емес, және кремнезем -3,36% дан аспайды. Түйіршіктейтін зауыттан тотыққан түйіршіктер шахта пешінің транспортері арқылы металданатын цехқа түседі. Ал металданған түйіршіктер (сурет 6) орташа 5-20 мм өлшемді, темір мөлшері көп 87,3% ал күкірт фосфор түсті металл мөлшері аз болады. Түйіршіктер металданған цехтен өткізгіштер арқылы болатты балқытатын электродоғалық пешке (сурет 4) барып түседі.














Мұнай өндіру және мұнай химиясы өнеркәсібі. Мұнайдың буы онша зиян болмағанымен, сұйық мұнай адам денесіне әртүрлі тері ауруларын (экземе) қоздырады. Бензин мен керосин адам ағзасына тыныс жолдарымен кіріп, одан ішек қарын арқылы қанға өтеді. Сөйтіп орталық жүйке тамырына әсер етеді, уландырады, кейде соңы өлімге апарады (ШРК дан асып кетсе); Көмірдің тотығы (СО) иісі мен дәмі жоқ иіссіз газ. Жұмыс істейтін аймақта оның ШРК мөлшері – 20 мг/ м3. Егер концентрациясы 300 ден 600 мг/м3 болса адам жеңілдеу уланады, 1800 мг/м3 болса қатты уланады, ал 3600 мг/м3 де 2-3 рет тыныс алғанда - ақ адам өліп қалады. Азот оксиді қанды улайтын түссіз газ. Орталық жүйке тамырына тікелей әсер етеді. Азоттың қос тотығы тұншықтыратын исі бар, қоңыр түсті газ.

Пайдасы мен бірге мұнай өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері де аз емес. ТМД дағы ең үлкен мұнай өндіру мұнаралардың бірі (сурет 7) Каспий теңізінде орналасқан. Қоршаған ортаның ластануы іздеу – барлау және мұнай, газ өндіретін ұңғымалар (скважиналар) құрылысынан басталады. Бұл кездегі ластаушы көздерге бұрғылау қондырғыларында орнатылған дизельдерден шығатын түтіндер, азот пен көміртек оксидтері, шаң, бұрғылау ерітінділері және т.б. Бұрғы мұнарасынан 800 алшақтыққа дейін топырақ және өсімдіктер бұрғылау сұйығымен (құрамында 20-ға жуық химиялық реагенттер болады) ластанып, зардап шегетіні ғылыми түрде дәлелденген.

Мұнайды алғанда табиғатқа тиетін зардаптар мынадай: апатты жағдайлардың болуын азайту мақсатында көптеген шаралар қолдануға тиіс. Мысалы, коррозиямен күресудің нәтижелі жолдарын іздестіру және тасмалдау құбырларын жиі тексеру, жөндеу жұмыстарын уақытылы ұйымдастыру. Мұнайды жер бетіне шығару үшін біраз жер ресурстарының әр түрлі құрылыс обьектілерін салуға айналымнан шеттелуі, жер сұрқының бұзылуы, ластануы. Ластаушы заттар бөлініп, атмосфераның жер бетіндегі және жер астындағы сулардың, топырақтың бұлармен ластануы. Мұнаймен қоса жер бетіне жоғары минералды судың шығуы. Бұрғылауда шыққан қалдықтарды көму. Мұнайдың төгілуі. Мұнай өнеркәсібі қоршаған ортаны ластайды. Ластанудың жалпы бірнеше түрі бар. Олар инградиентті, параметрлі, биоценотикалық, стационалдық болып бөлінеді. Негізінде негативті әсерді мұнай шығаратын кәсіпорындар атмосфералық ауаға тигізеді. Осы өндірістен шығатын ластаушы компоненттерге көмірсутектері (48%), көміртек оксиді (33%), қатты заттар (20%) жатады. Осы салада мұнаймен бірге қосыла шығатын газ әлі толығымен қолдануын таппағанына байланысты, жыл сайын оның көлемінің 20% пайдасыз алауда жағылады, сондықтан қоршаған ортаны ластаумен қатар табиғи ресурс ысыраптанылады. Осыған байланысты бұл газдарды кәдеге асыру жолдарын іздестіру қажет. Бұрғылайтын қондырғылармен магистральдық газ – мұнай тасымалдайтын құбырлар кездейсоқ апатты жағдайға ұшыратуы мүмкін, осы кезде қоршаған ортаның, әсіресе жер бетіндігі сулардың ластануы орын алады. Апаттық жағдайдың тууының негізгі себебі тасымалдау құбырларының коррозия процесіне ұшырап жарылуы (90,5%), сонымен қатар құрылыс техникасының осы құбырларды басып езіп кетуіне немесе технологиялық және құрылыстық ақаудың болуына да байланысты келеді. Мұнай шығаратын өндірістер басқалармен салыстырғанда суды көп жұмсайтын болғандықтан олардың суаттарға жіберетін ластанған ақаба суларының көлемі де жеткілікті. Қоршаған ортаның мұнаймен ластануы инградиентті ластануға жатады. Өнеркәсіптік энергоқондырғыларда, жылу электрстанцияларында, т.с.с. мұнай өнімдерін жағу салдарынан ауа басейінің зиянды заттармен ластануы қауіптірек болады. Мұнай өнімдерінде кездесетін күкіртті және азотты заттар, жану кезінде күкірт оксидін түзеді, ондай оксидтер аппаратураны коррозияға ұшыратады, атмосфераға қосылып, ауа ағысымен таралады, олар барлық тіршілік атаулыға өте қауіпті болады.

Күкірт сутекті ауаның оттегі тапшылығында жаққанда, күкірт бөлінеді:

H2S+O2→2S+2H2O

ал оттегінің артық мөлшерінде-күкірт газы түзіледі:

2H2S+3O2→2SO2↑+ 2H2O
Мұндай элементтерді бөліп шығару мақсатымен мұнай өнімдеріне гидро тазалау қолданып өңдейді – сутегіні қатыстырып, катализатор қосып, қыздырады. Бұл кезде күкіртті заттар мен азоты бар заттар айырылады да күкіртсутегі Н2S мен аммиак NH3 түзіледі. Ол заттарды бөліп алып падаланады. Көмірсутек өндірісте күкірт және күкірт қышқылын өндіру үшін жұмсалады. Өндіріс қалдығынан алынған күкірт қышқылы, колчедан негізінде өндірілетін қышқылдан көп арзан болатын көрінеді. Мұнай өңдейтін және мұнай газ зауыттарында айналадағы ортаны сақтаудың басқа да қорғаныс шаралар бар. Адам табиғатты бүлдіруі туралы сөз еткенде ең алдымен мұнай – газ кешені кәсіпорындарын ауызға аламыз. Олар ауаға зиянды газдардың 90% таратуда. Зиянды өндірістік қалдықтар көлемінің үштен екі бөлігінен астамы солардың үлесіне тиеді. Ал олардың бейтараптану дәрежесі бір пайыздың ширегіне де жетпейді.

Атмосфералық ауаны ластағыштарға мұнай өндіру зауыттарынан шыққан қалдықтар туралы мәлімет кесте 6-да келтірілген.
Кесте 6. Мұнай өндіру зауыттарының атмосфераға газ шығарындылары


Ластағыш заттар

Атмосфераға тасталған шығарындылар

Тазарту қондырғыларында болуы

Тазартудан кейін

Көмірсутектер

190

0,520

Күкіртсутектер

0,64

0,002

Көміртегі (ІІ) оксиді

219

0,600

Күкір (ІV) оксиді

115

0,310


Жеріміздің мұнай өнімдерімен ластануы да халықты қатты алаңдатып отыр. Технологиялық, авариялық және басқа атаулыларды тағынған ондаған жер қоймалары (амбарлар) бар. Мұнай коллекторларының жарылып, істен шығуы да бізде жиі болып тұрады. Мұнай мен газға жүргізілетін бұрғылау жұмыстарының да қоршаған ортаға зиянды әрекеттері әзірге баршылық. Мұнда жердің беткі қабаты бұзылады, жер асты сулар ластанады. Ал скважиналарды сынау кезінде дизельдердің жұмысы жағдайында жер улы компоненттермен зақымданады. Табиғатта барынша аз салмақ келтіретін іздеу жұмыстарын жүргізудің бағдарламасы жоқ емес, бар. Скважиналарды тұрғызу жобаларында қоршаған ортаны қорғау мақсатында ең жаңа, қазіргі заманғы технологияны пайдалануда уақытылы қарастырылған. Қоршаған ортаға кең көлемде және ұзақ мерзімде әсер ететін мұнай – газ кешенінің негізгі кәсіпорны – теңіз. Осы Теңізді игеру кезінде атқаратын жұмысқа 2 млрд. доллар жұмсалған. Жобалар мен техникалық шешімдер кешенді іске қосуды қиындатты және экологиялық қауіпсіздік талаптарына сай келмеді. Ақыры айтарлықтай дәрежеде қайта жұмыс жасау керек болды. Экологиялық жағынан тереңірек қарастырылған өте күрделі және қиыншылықпен шешіледі.

Химиялық өнеркәсіп. Химиялық ластану  қоршаған ортаның табиғи химиялық қасиеттерінің қарастырылып отырған уақыт кезеңі үшін қайсыбір заттардың көпжылдық орташа ауытқуларынан асып түсетіндей болып өзгеруі немесе қоршаған ортаға әдетте онда болмайтын заттардың түсуі немесе нормадан артық шамада түсуі. Химиялық ластануға қоршаған ортада табиғи, табиғи – антропогенді және антропогенді немесе тіршілік ортада болып жатқан физикалық – химиялық процестер кезінде зиянды, улы заттардың пайда болуын жатқызамыз. Дамуы жоғары елдерде соңғы екі – үш онжылдықта қолданылған шараларға байланысты қоршаған ортаның химиялық ластануы екінші орынға түсіп, бірінші орынға радиактивті ластану шығып отыр. Біздің елімізді қоршаған ортаның химиялық ластану қаупі әлі де жоғары болып тұр. Қазіргі кезде химиктерге химиялық заттардың 4 – 5 млн түрі белгілі. Олардың саны жыл сайын 10% өсіп отырады. Адам организміне әр түрлі жолдармен (тамақпен, ауамен, сумен) түсіп тұратын организмге жат химиялық ластаушы заттарды ксенобиотиктер (грек. ксенос – жат, биос - өмір) деп айтады. Жердің геосферасы бойынша атмосфераның, гидросфераның және литосфераның ластануын айтады.

Ортаның химиялық ластаушы көздерін мынадай үлкен топтарға бөлеміз:
1) қоршаған ортаға сұйықтық, газды және қатты түрдегі өндірістік қалдықтарын шығаратын техникалық қондырғылар;

2) ластанушы заттар шығаратын немесе оларды жинақтап, сақтайтын шаруашылықтар;
3) ластаушы заттар келіп тұратын (трансшекаралық жылу) аймақтар;
4) планетарлық ластануға әкелетін атмосфералық жауын – шашын, тұрмыстық, өндірістік және ауылшарушылық қалдықты сулар.

Химиялық ластаушылар
 - экожүйедегі концентрациясы нормадан жоғары немесе басқа жақтан енген заттар. Ауаның мейлінше ластануы өнеркәсіп қажеттілігі үшін отындарды жағу, үйлерді жылыту, транспорттардың жұмысы кезінде, тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жағу, қайта өңдеу кезінде байқалады. Атмосфераны қатты ластайтын улы заттарға: көміртегі қосылыстары (көмір қышқыл газы, көміртегі тотығы, альдегидтер, қышқылдар), күкірт қосылыстары (күкіртті ангидрид, күкірт қышқылы), азот тотықтары (NO және N02) жатады. Екпе ағаштар газдар үшін механикалық бөгет және атмосфераның химиялық ластануына қорғаныш бола алады. Күкірт оксидін жақсы жұтатын ағаштарға: терек, жөке, қайың ағаштарын жатқызуға болады. Фенолдарды мамыргүл, аюбадам жақсы сіңіреді. Сондықтан жерге түскен жапырақтарды өртемей, жерге көміп тастаған дұрыс. Орман экожүйелері ядролық жарылыстардың зардаптарын төмендетуде үлкен роль атқарады. Ағаштардың қылқандары мен жапырақтары радиоактивті йодтың 50% жинақтай алады. Орманы жоқ жерде радиоактивті тұнбалардың белсенділігі 32 есе жоғары болады. Қоршаған орта өндірістік қалдықтар мен автокөлік түтіндерінен ластанғанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы төмендеп, сол арқылы адамдардың денсаулығы зардап шегеді. Әсіресе минералды тынайтқыштар мен зиянкестерге қолданатын аестицидтер жеміс-жидек арқылы адам организміне нитрат ретінде түседі. Мерзімінен ерте піскен көкөністерде (қарбыз, Қауын, картоп, пияз, сәбіз және т.б. нитраттар көп болады. Мысалы, мамыр айларында піскен көкөністерде көбіне зиянды заттардың шекті мөлшері 2-3 есеге артып түседі. Сондықтан ерте піскен көкөністерді пайдаланғанда сақ болған жөн.
Кесте 6.Химиялық өнеркәсіптің атмосфераға шығаратын зиянды қалдықтары


Өнеркәсіп өнімі

Ластағыш заттар

Азот қышқылы

NO, NO2, NH3

Күкірт қышқылы:

Нитрозды әдіс

Контактты әдіс

NO, NO2, SO2, SO3, H2SO4, Fe2O3 (шаң)

SO2, SO3, H2SO4, Fe2O3 (шаң)

Тұз қышқылы

HCl, Cl2

Фосфор және фосфор қышқылы

P2O5, H3PO4, HF, (шаң)

Аммиак

NH3,CO

Сода

NH3

NaCl cулы ерітіндіcінің электролизі

Cl2, NaOH

Хлорлы асбест

Cl2, CaCl2 (шаң)

CO және CH4 конверсиялау әдісімен сутегі

CO

Кокс химиялық өндірістің өнімдері

СО, СО2, фенол, нафталин, бензол және оның туындылары

Карбамид

NH3,CO,(NH3)2CO (шаң)

Аммиакты селитра

CO,NH3, HNO3, NH4NO3(шаң)

Суперфосфат

H2SO4,HF

Күрделі тыңайтқыштар

NO,NO2,NH3,HF,H2SO4, P2O5,HNO3

Карбофос

SO2, P2O5, H2S

Қағаз және целлюлоза

H2S

Поливинилхлоридті шайырлар

Hg, HgCl2, NH3

Қымыздық қышқылы

NO,NO2,C2H2O4

Сірке қышқылы

CH3COH, CH3COOH

Тетрахлорэтилен

HCl, Cl2

Метанол

CH5OH, CO

Капролактам

NO,NO2,C2H2O4 (шаң)

Ацетон

CH3COH, (CH3)2CO

Жасанды талшықтар

H2S, CS2

Синтетикалық каучук

Стирол, толуол, ацетон, изопрен

Лактар мен бояулар


CxHy


Құрылыс материалдарын өндіру. Құрылыс материалдарын өндіру атмосфераны ластаушы көздердің бірі. Құрылыс материалдарының өндірісі атмосфераны көптеген шаңдармен, яғни материалдарды өңдеуде үгіту процесі мен дайын өнімдерді тегістеуде шаңдар бөлінеді. Пайдалы қазбаларды алу қол жетімді, бірақ атмосфераны ластауда елеулі орын алады. Жыл сайын құрылыс материалдарын өндіруде 2 млрд. т минералды шикізат қолданылады. Цемент және құрылыс материалдарын өндіру - атмосфераның әртүрлі шаң–тозаңмен ластануын туғызады. Химиялық өнеркәсіп мекемелері атмосфералық ауаны әр түрлі химиялық заттардың буларымен және газдарымен ластануына себеп болады. Оладың көбі өте улы болып келеді.

Гипс өндірісінде жұмыс орнында қоршаған ортаның шаңдануы өте кең көлемді, яғни атмосфералық ауа 1-1,5 км радиусын алып жатады. Күйдірілген гипс (CaSO4)2·H2O немесе алебастрды табиғи гипсті CaSO4·2H2O 150-1800С-та қыздыру арқылы алады.

2(CaSO4·2H2O) (CaSO4)2·H2O+3H2O↑

Алебастрді құрылыста азбест, құм және сумен қоспасы бұласыр (штукатурка), ал медицинада гипстік байлауыштар ретінде қолданылады.

Шыны және одан жасалатын заттарды өңдеуде бөлінетін кварцтың шаңдары өте қауіпті. Кәдімгі терезеге арналған шыны өндірісіне SiO2 кварцты құм, Na2CO3 сода және CaCO3 әк тас пайдаланылады. Бұл заттарды мұқият араластырып, 15000C температурада қыздырады.

Na2CO3 + SiO2 Na2SiO3 + CO2

CaCO3 + SiO2 → CaSiO3 + CO2

Еден жамылғылары (линолеум)- органикалық полимерлі материал поливинилхлоридтен (ПВХ) тұрады. Оның құрамында фталаттар пластификатор ретінде қолданылады.

Фталь қышқылының күрделі эфирлерінің формуласы мынадай:



ПВХ және винилхлоридтің сополимерлері полимер нарығында шамамен 75%-ды құрайды. Германияда жасалған еден жамылғылары, 28-50%- ПВХ, 25-60%-толтырғыш, 10-20%- пластификатор, 1-5%-пигменттер мен 1-2%-май мен тұрақтандырғыштан тұрады.

Құрылыс индустриясы басқа салалардың қалдықтарын да пайдаланады. Мысалы, мұнай байыту өндіріснен шыққан қалдықтардан жеңіл бетон, фосфогипс, цемент, ағаш өңдеу өнеркәсібінде шыққан қалдықтардан ДВП,ДСП

және арболит өнімдерін алады. Сондай қалдықтарды бетон өндірісінің зауыты (сурет 8) Астана қаласында орналасқан.

Құрылыс материалдар өнеркәсібі екіншілік ресурстарды пайдаланады, мысалы:

-шыны өндірі-шыны талшықтарының өндірісінде;

-полимер материалдарының қалдықтарының тұтыну - линолеум тақтайшаларында өндірісінде;

-макулатура (жарамсыз қағаз, кітап және т.б.) – жұмсақ шатырлардың өндірісінде;

-автокөліктің майда резеңке



Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проекторсызба – кестелер, видео-, дыбыс аппаратурасы.

Оқытудың әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру, кіріспе лекция

Деңгейлік тапсырмалар:

1деңгей. Атмосфераның құрамын жазыңыз.

2-деңгей. Атмосфераны ластайтын негізгі заттардың табиғаты және шығу тегін

түсіндіріңіз.

3-деңгей. Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздерін көрсетіңіз.

ОБСӨЖ тапсырмалары: Жер үсті суларының химиялық құрамы: негізгі иондар, биогендік элементтер, суда еріген газдар, микроэлементтер, органикалық қосылыстар.

СӨЖ тапсырмалары: Судың интегральды көрсеткіштері. Оттегідегі биологиялық тұтыну.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Жұмаділлаева С., Баешов А., Жарменов А. Қоршаған орта химиясы. – Алматы, 1998.

2. Джумадуллаева С., Баешов А., Жарменов А., Мамырбекова А. Практикум по химии окружающей среды. Учебник. – Алматы, 2000.

3. Голдовская Л.Ф. «Химия окружающей среды ».М.: Мир, 2005.

4. Зилов Е.А. Химия окружающей среды.-Иркутск, 2006.

Лекция №6 Жылыжай эффектісі туралы жалпы түсінік.

Лекция мақсаты мен міндеттері:Жылыжай эффектісі, жылыжай эффектісінің оң және теріс әсерлері, тұманды түтіндің пайда болуы, оның денсаулыққа әсері жөнінде білімдер қалыптастыру.

Лекция мазмұны: Атмосфераның құрамы мен жағдайы ғарышпен жер арасындағы сәуле, жылу алмасу процесіне әсер етеді. Күннен жерге немесе жерден ғарышқа қуат берілу процесі биосферадағы температураны белгілі бір деңгейде сақтайды, орташа алғанда +15°. Бұнда биосферадағы температура жағдайын сақтап тұруда Жерге жылу қуатын алып келетін күн радиакциясының рөлі жоғары. Осы процесс бірі-бірімен тығыз байланыста болады. Сондықтан Жердегі жылу балансының өзгеруі биосфераның орта температурасының ұлғаюына әкелуі мүмкін. Бұл жағдай антропогендік қосындылардың атмосферада соңғы жылдары көбеюіне байланысты болып отыр. Атмосферадағы газдар мен басқа қосындылардың көбеюінен, Жерден ғарышқа көтерілетін жылудың көлемі азаяды да, Жер бетінде қалып қояды. Ал бұл жағдай климаттың жылынуына әкеліп соғады. Бұл процесте көмірқышқыл газының рөлі өте зор. О бастан көмірқышқыл газының жердегі климат пен температураны қолдап тұратын концентрациясы 0,003 пайыздан аспаған ал кейінгі жылдары бұл газдың көлемі әр он жыл сайын 2 жылға ұлғайып отыр. Бұл жылдамдық соңғы жылдары тездетіп барады. Жер тұрғындары жылдан-жылға ормандардың көлемін азайтуда және отын жағуда.

Климаттың әр түрлі моделін жасап, зерттеу 2050 жылы жерде орташа температура 4,5°С дейін көтерілуі мүмкін. Жер шарының мұндай жылынуы мәңгілік мұздардың еруіне әкелетін болса, Әлемдік мұхиттың деңгейі 0,5-1,5м көтеріледі. Климаттың одан ары жылынуы 2100ж Әлемдік мұхиттың деңгейін 2метрге дейін көтереді. Ал бұл 5млн шаршы километр құрлықты су басып кетуіне әкелуі мүмкін. Ал бұл – барлық құрлықтың 3 пайызындай көлемі, жер шарындағы қолданбалы жердің 30 пайызындай көлемі. Парниктік эффектің Жер тұрғындарына алып келер зардабы ұшан теңіз. Сондықтан осы күрделі мәселелер жөнінде адамзат алдын ала тиімді шаралар қабылдамаса, жердегі өмір – тіршілікке үлкен қатер туындауы мүмкін.



Тұмша (ағылш.smog, smoke — түтін, fog — тұман) немесе смог — өнеркөсіп орталықтары мен ірі қалалардың қатты ластанған ауасы, құрамы түтін, тұман және шаңнан тұратын аэрозоль. . Түтін немесе көсіпорынның газ қалдықтары қосылған қалың тұман және шоғырлануы жоғары тозаңдар мен ащы газдардың бүркеніші (тұмансыз) болатын түрлері сараланады.

Смог өндірісі жақсы дамыған қалалардың атмосферасында отынды құрғақ айыру кезінде пайда болатын күйенің, күлдің ұсақ бөлшектерінен құралады; ал ылғалды атмосферада сұйық тамшы түрінде кездеседі. Ауа райы құрғақ, ыстық кезде смог сарғыш бүркеніш сияқты болып көрінеді. Атмосферада жиналған смог адамдардың денсаулығына өте қауіпті. Смогтың салдарынан тұрғындар арасында тыныс алу және қан айналысы органдарының аурулары көбейеді.[2]



Смог-түтінді тұман.Смог сөзі ағылшынша «smoke» — түтін, «fog» — тұман деген сөздердің бірігуінен шыққан. Смог — түтіннен, тұманнан және шаң-тозаңнан тұратын аэрозоль, улы түтін. Мұндай смогтар үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында жиі болады. Алғашында, Смог ұғымы деп көп мөлшерде көмірді жаққанда пайда болатын түтін мен күкірт диоксиді қосылысын түсінетін. 1950 жылдары смогтың жаңа түрі жайлы сипаттама пайда болды. Ол — фотохимиялық смог болатын.

Азот оксиді. Мысалы: азот диоксиді; тропосфералық (жерге жақын) озон; ауада ұшып жүрген органикалық қосылыстар. Мысалы, бензиннің, бояудың, еріткіш- тердің булары: азот қышқылдарының тотығы. Фотохимиялық смогты тудырушы басты фактор – автокөлік пен өндіріс ошақтарының улы газдары мен түтіндері. Жоғарыда аталған органикалық қосылыс- тар химиялық жағынан өте активті, тез қыш-қылдана алады. Сол себептен де фотохимия- лық смог қазіргі кезде экология үшін өте маң- ызды проблеманың бірі. Денсаулықтың қас жауы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет