Лекция тезистерінің жинағын дайындаған: ХҚту профессоры, Х.ғ. к. Жұмаділлаева С. А



бет5/10
Дата01.12.2019
өлшемі3.39 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

«Смог» терминінің шығу тарихы.Алғаш рет 1905 жылы доктор Генри Антуан де Воның «Тұман және түтін (Fog and Smoke)» мақаласында «Smog» деген терминді қолданды. 1905 жылы 26-шілдеде лондондық Daily Graphic газеті жаңа терминнің пайда болғандығы жайлы және келесі күні доктор Генри Антуан де Воның қоғам үшін үлкен еңбек атқарғанын жазды. Доктор Во тілге тиек еткен түтін Лондон қаласында пайда болған тұманды түтін болатын.


Смогтың түрлері.Құрғақ смог (лос-анджелестік смог) – күн радияциясының әсерінен қалдық газдарда болатын фотохимиялық реакцияның салдарынан пайда болатын смог. Тұмансыз, ауаның түсі көкшілдеу түске боялып, ауада улы газдар тарайды. Ылғалды смог (лондондық смог) – табиғи тұманның өндіріс орындарынан шыққан газдар мен түтіндерге араласуынан пайда бол-ған смог. Бұндай смог тұманды Лондонға тән. Радиациялық тұман – жердің беті радиациялық процесс бойынша салқындағанда тұман пайда болады. Оған қоса шықтың (шөптердің бетіндегі шық) бойындағы ылғалдылықбар болып, екеуі тұман түзеді. Ондай тұман жердің беткі қабатындағы жылы ауа массасын жоғарыға жібермей ұстап қалады. Ал ол дегеніміз өндіріс орталықтарында смог түзеді деген сөз.Тұманды түтінің пайда болуы.Смог үлкен қалалар мен индустриялық өндіріс орталықтарында кез-келген ауа-райы жағдайында пайда болады. Оған себеп — ауаның ластығы. Смог жаздың ыстық күндері, желсіз күндері қауіптірек болады. Өйткені ауаның жоғарғы қабаты қатты ысып кеткен-діктен ластанған ауаны жоғары жібермей ұстап қалады. Мұндай жағдай таудың тасасы мен сайлы аймақтарда орналасқан қалаларда жиі болады. Оған мысал ретінде Алматы қаласын атауға болады. Алматының ауасы қысы-жазы түтінді әрі тұманды болып тұрады. Бір рет пайда болған смог тезірек тарай қоймайды. Оның басты себебі — Алматының шетіндегі биік таулар мен қаладағы құмырсқадай қаптаған автокөліктер. Әлемдегі халқы көп қалалардың ішінде смогтан ең көп зардап шегетін қалалардың қатарына мыналарды жатқыза аламыз: Лондон, Лос-Анджелес, Мехико, Афины, Гонконг, Пекин және Москва. Гонконгтағы смогтан биік ғимараттардың басы көрінбейтіндей жағдайға жетеді. Мұндай жағдайлар Қытайдың өндірісті және халқы көп шоғарланған аймағында байқалады. Ресейде жыл сайын смогтың кесірінен 300 мың адам көз жұмады екен. Ал БҰҰ-ның деректері бойынша әлемде 1 млрд.-тан астам адам лас ауамен тыныс алса, жыл сайын 3 миллион адам ластанған ауаның кесірінен көз жұмады.Лондон қаласындағы смог мәселесі.Лондондағы түтінді тұман орта ғасырдан бері бар. 1273 жылы король Эдуард I көмірді жаққанда пайба болатын түтіннің көптігінен қалада көмір жағуға тыйым салды. XIX ғасырдың соңынан бастап Лондон мен смог айырылмастай болды. 1952 жылы 8-12 желтоқсан аралығында Лондон қаласындағы смогтың кесірнен 4000-нан астам адам қаза тапты. Ал одан кейінгі уақыттарда 8000-нан астам адам қаза табады.

Ғаламдық жылыну —жердің бетіндегі орташа температураның артуы. Соңғы жүз жылда температурасы шамамен 0, 6 ºС-қа артты. Ауаны ластау, өнеркәсіп санының артуы, ормандарды кесу, жанартаулардың атқылауы және Күндегі өзгерістер, адамның әр түрлі әрекеттері ғаламдық жылынудың басты себептері болып тұр.


Атмосфераға таралған негізгі парникті газдар

Концентрация

CO2

CH4

Фреон-11

Фреон-12

N2O

Индустрияға дейінгі


280

млн-1




0,79 млн–1

0

0

288 млрд-1

Қарапайым

354

млн-1



1.717 млн-1

280 трил-1

484 трил-1

310 млрд-1

1980-1990 ж жылдық өсімі

1,6 млн-1

(0,5%)


0.15 млн-1 (0.9%)

10 трил-1 (4%)

17 трил-1 (4%)

8 млрд-1 (0.25%)

Таралу периоды, жыл

50-200

10

65

130

150

Парниктік газдар — табиғи газдар, мысалы, хлорфторкөмірсутектер. Парниктік газдардың басты алты түрі бар, олар: су буы, көмірқышқыл газы, метан, азот тотығы, озон және хлорфторкөмірсутектер. Осы парник газдарының әсерінен озон қабаты жұқ аруда.Озон қабаты оттегінің бір түрі озоннан тұрады. Бұл қабат Жерді Күннен шығатын зиянды ультрокүлігін сәулелері нен қорғайды.Ол ультрокүлгін сәулелерін 97-99 %-ын өзіне сіңіріп алады. Зиянды ультрокүгін сәулелері тері ісігін,шелдерді тудырады. Егін түсіміне және суға зиянды әсерін тигізеді. 1985 жылы 3 Британдық ғалым Джозеф Фарман, Брайан Гардинер және Джонатан Шанклин озон қабаты тесігін тапты.

Ғаламдық жылынудың басты әсерлері мыналар: климаттың өзгеруі, жылу толқындарының жиі болуы, теңіз деңгейінің көтерілуі, мұздықтардың еруі, тасқындар, құрғақшылықтар мен дақылдардың шықпай қалуы секілді табиғи зардаптар.

Мұз қабаттарының еруі. Ғаламдық жылынудың нәтижесінде мұз қабаттары еруде. Мұз қабаттары дегеніміз — жердің қар мен мұз қаптап жатқан бөліктері. Мұздықтар мұзының қалыңдығы 1000 м-ден жоғары, аумағы 51 800 км² болады. Мұз қабаттарының еруі нәтижесінде теңіз деңгейлері артуда. Арктикалық теңіздердің мұздықтары да ғаламдық жылынудың әсерінен төмен тұсуде. Төмен түсудің қазіргі деңгейі әр онжылдықта 8%-ға тең болып тұр. Бұл 2060 жылға қарай жер бетінде Арктикалық теңіздердің жойылатынын білдіреді.

Климаттың өзгеруін зерттейтін БҰҰ-ның мемлекетаралық эксперттер тобының пайымдауынша (және Үлкен Сегіздік елдерінің ұлттық академияларының келісімімен) XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап жердің орташа температурасы 0,7 °C көтерілді және соңғы 50 жылдағы жылыну процесінің көп бөлігі адамзаттың кесірінен орын алған, бірінші кезекте газдардың атмосфераға шығарылуынан туындаған көмірқышқыл газы (CO2 ) мен метанның (CH4 ) «көшетхана эффектісі» (Greenhouse effect).

IPCC ұйымының климаттық модельдерге байланысты алынған мәліметтері бойынша: XXI ғасырда Жер бетінің орташа температурасы 1,1 °C-тан 6,4 °C-қа көтеріледі-мыс. Ал кейбір аймақтарда керісінше сәл төмендейді. Дүниежүзілік мұхит деңгейінің өсуімен қатар ғаламдық температураның да өсуі атмосфералық жауын- шашын мөлшерінің өзгеруіне алып келеді. Нәтижесінде табиғи катаклизмдер жиілеуі мүмкін, мысалы: су тасқындары, қуаңшылықтар, дауылдар және басқалары, жапа шеккен аймақтарда ауылшаруашылық өнімдерінің мөлшері төмендейді және басқа аймақтарда жоғарлайды (көмірқышқыл газы концентрациясының көтерілу есебінен). Жылыну процесі — мұндай құбылыстардың масштабы мен жиілігін жоғарлатуы ықтимал. Климаттың ғаламдық жылуы - биосфераның антропогендік ластануының бір көрінісі. Бұл климаттың және биотаның өзгеруі: экожүйедегі өнімділік процестерінің, өсімдіктер қауымдастықтары шекараларының, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігінің өзгеруінен білінеді. Әсіресе климаттық өзгерістер Солтүстік жарты шардың жоғары және орта ендіктерінде қатты байқалады. Бұл аймақтардың табиғаты әртүрлі әсерлерді қабылдағыш келеді, сондықтан да оның қайта қалпына келуі өте баяу жүреді. Болжамдар бойынша, температураның көтерілуі дәл осы жерлерде жоғары болады. Тайганың аумағы кей жерлерде солтүстікке қарай 100-200 км-ге, кей жерлерде одан азырақ жылжиды. Температураның көтерілуіне байланысты мұхиттардың деңгейі 0,1- 0,2 м көтеріледі. Бұл өз кезегінде үлкен өзен аңғарларының (әсіресе Сібір өзендерінің) су астында қалуына алып келеді.

Мәліметтер бойынша келесі ғасырдың басына дейін Жер бетінің температурасы 1,4°С-қа көтеріледі. 1997 ж. Киото хаттамасына сәйкес, өнеркәсібі дамыған елдер 2008-2012 жылдары 1990 жылмен салыстырғанда парникті газдардың атмосфераға бөлінуін 55%-ға дейін азайту керек. Алайда бұл хаттаманың шешімдері әлі күнге дейін күшіне енген жоқ. Өйткені дамыған елдер бұл шешімнің дұрыстығына күмәнмен қарауда. 2000 жылы Гаага қаласында өткен конференцияда әрбір индустриалды елде зиянды заттарды атмосфераға бөлуді азайтудың ұлттық саясаты жүргізілу керектігі туралы шешім қабылданды. Өкінішке орай, көптеген елдер көміртегінің атмосферадағы азаюын ормандар мен топырақтың сіңіруінен емес өздерінің іс-әрекеттері арқасында деп көрсеткісі келеді. Қазақстан да 2006 жылға дейін 2008-2012 жылдар аралығында парникті газдарды атмосфераға шығаруды азайту бойынша міндеттеме алып, анықталуы керек еді. Бірақ іс жүзінде бұл мәселе тек қағаз жүзінде қалып отыр.

Климаттың жылынуынан келесі қауіп туындауы мүмкін: кейбір жануар немесе өсімдік түрлерінің таралу аймағының полярлық зоналарға ығысуы; жаға зоналары мен аралдарда мекендейтін саны аз түрлердің жойылуы. Кейбір зерттеушілердің ойынша, ғаламдық жылыну — бұл тек миф, ал кейбіреулері бұл процеске адамның қатысы мүлдем жоқ деп санайды. Бірен-саран зерттеушілер ғаламдық жылынуға сенгенімен, климатқа қатты әсер ететіндердің бірі - бұл өндірістік қалдықтар дегенге сенбейді.

Ауа температурасының өсуі шөлейттенуді арттырады, топаң суларды көбейтеді, мұхит деңгейі өсе түседі деп айтылмақ, алдын-ала мәліметке қарағанда. Тропикалық аймақтарда кедей елдер аса көп зардап шегеді деген болжам айтылмақ, ауыз су тапшылығы көбейіп, егін өнімдері азаяды деген болжам жасалмақ. Ресей мен Канада елдерінде керісінше ауыл шаруашылығына қолайлы жағдай көбейеді деген жорамал бар.

Адамзат баласы мен Табиғат-ананың айқасы жанайқай шегіне жетіп қалған сияқты. “Табиғатты бағындыру” қағидасы ұранға айналған ХХ ғасырдағы адам әрекеті қоршаған ортаның табиғи тепе-теңдігінің іргетасын шайқалтты. Тіршілік атаулы табиғатпен үйлесімді әрекеті арқылы ғана дами алатындығын, өзі де сол Табиғат- ананың бір баласы екенін жиі естен шығаратын адамзат тойымсыз тәбетін табиғатты тұқырту тәсілімен қанағаттандыру жолына түскен еді.

Өзін “адамзат рухының құлдырау кезеңінде туғаныма өкінемін” деп санаған атақты неміс-француз ойшылы, әйгілі гуманист Альберт Швейцер “Малына қорек үшін шабындықтағы мыңдаған өсімдіктерді отайтын шаруа, еріккеннің ермегі үшін жол жиегінде өсіп тұрған бір тал гүлді жұлуға тиісті емес, себебі бұл жағдайда ол, ешқандай қажеттіліктен тумаған, табиғатқа қарсы қылмыс жасайды”, деген екен. Себепсіз бір тал гүл жұлмақ түгілі, тұтас ормандарды отап, теңіздерді құрғатқан адамзаттың “Асау табиғаттың бермегенін тартып алайық!” деп даурыға ұрандағанын да білеміз. Әлі де “аттандап” келеді. Қанша жомарт болса да Жер жарықтық тойымсыздықтан тұншықты, қанша төзімді болса да Табиғат-ананың тынысы тарылды.

Тарылғаны сол емес пе, ХХІ ғасыр бастауы табиғи апаттар мен сілкіністерден ес жиғызбай барады. Мәңгі жасыл құрылықтарды жаз ортасында қар басып, Гренландияның мұз құрсаулырының жыл сайын 250 млрд. тоннасы еріп, бу мен суға айналып жатыр.

Ғалымдық жылынуға мызғымайтындай көрінген Гренландия аралында пайда болған сөгінді-жарық ұлғайып келеді. Арктика мұздары көлемiнiң кiшiреюi де бұл қауіптің басы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сараптамасы бойынша, климаттың ғаламдық өзгеруінен бүгінде 150 мыңнан астам адам көз жұмған. Бүгінде әлемнің барлық жерінде ауа райының жаһандық жылыну үрдісі байқалып, бұл әлемдік экологтардың дабыл қағуына түрткі болып отыр. Естеріңізге сала кетейік, халықаралық қауымдастық 1980 жылдан бастап ғаламдық жылыну мәселесіне назар аудара бастаған болатын.

Атмосфераның ластануы, жыл сайын ауа температурасының көтерілуі полюстердегі мәңгілік мұздардың еруіне алып келіп, соның салдарынан мұхит суларының деңгейі көтеріліп, жағалау бойына жыпырлай орналасқан ірі қалалар, елді мекендер су астында қалады деген қауіп айтыла бастады. Бұл алдымен адамның табиғатқа тигізіп жүрген залалын ойланбастан жасаған шаруашылық қызметінің салдары, көмірқышқыл газы мен метанның ауаға шамадан тыс бөлінуінің әсері деген ғалымдар пайымдауы біраз жайды аңғартты. Шынында да, жыл сайын әуеге көтерілген метан мен көмірқышқыл газы жерді қатты қызып кетуден сақтайтын инфракүлгін сәулелерді жұтып, планета температурасының көтерілуіне алып келді. Әсіресе, жылу, жарық беретін стансалардан, қаладағы кәсіпорындардан бөлінген көмірқышқыл газы атмосфералық қабатқа өтетін газдың 1/3 бөлігін құрап, қауіптің деңгейі өсе түсті.

Планетадағы жасыл алқаптар – ормандар бұл газдың біраз бөлігін қажетіне жаратқанымен, барлығын жұтуға шамасы жетпейтін болды. Ғалымдар планетадағы климат жылылығы 2 градусқа жоғарылағанның өзінде Жер шарында 500 млн. адам ауыз судан тапшылық көреді, 3 градусқа жылығанда 3 млрд. адам ауыртпалық тартады деп есептейді. Мұз көлемінің азаюы мен жұқаруының Солтүстік мұзды мұхитындағы ағыстар мен Арктикаға ғана емес, Солтүстік Атлантикаға да әсері бар екендігі айтылады. Ғалымдар арада 30-40 жыл өткенде Солтүстік мұзды мұхитының жылдың жылы мезгілдерінде толығымен мұз құрсауынан босанатындығын алға тартады. Әлемнің ең биік мұзарт шыңды Гималай тауларының да мұздақтарына еру қаупі ұлғайып келеді. Егер дәл бүгінгі қарқынмен ол әрі қарай жүре берсе, онда 2060-жылдары мұздақтардың үштен екісі, ал 2100 жылдары барлығы да еріп кетуі мүмкін.

Парниктік газдардың әсерінен жылулық баланстың өзгеруі нәтижесінде мүмкін болатын жер шарының температурасының ғаламдық артуын – парниктік эффект деп атайды. Негізгі парниктік газ көмірқышқыл газы болып табылады. Көмірқышқыл газының парниктік эффектіге қосатын үлесі әр түрлі мәліметтер бойынша 50%-дан 65%-ға дейін жетеді. Басқа парниктік газдарға метан, (шамамен 20%), азот оксидтері (шамамен 5%), озон, фреондар және басқа да газдар (парниктік эффектінің шамамен 10-25%) жатады. Барлығы 30-ға жуық парниктік газдар, олардың атмосферадағы мөлшеріне ғана емес, сонымен қатар бір молекулаға әсерінің салыстырмалы белсенділігіне де байланысты болады. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап атмосферадағы СО2 мөлшерінің өзгерісі 12-15% артқан. Жер бетіне негізінен жылулық емес, көрінетін сәулелер ағыны түседі. Бұл сәулелер парниктік газдар арқылы өзгермей өтеді. Парниктік газдар жылу сәулелерінің космос кеңістігіне кетуіне қарсы әсер етеді. Олар қақпанға түскендей болып жиналады да ауаның температурасының артуына әкеліп соқтырады. Мәліметтер бойынша парниктік газдардың әсерінен соңғы жүз жылдықта Жердің орташа жылдық температурасы 0,3-0,600 С –ға артқан. Әр түрлі болжамдарға сүйенсек, планетаның орташа жылдық температурасының 1-3,50С-ға артуына әкеледі. Ауа райының жылынуы әсерінен, мәңгі мұздықтардың еруі салдарынан әлемдік мұхит 1,5-2 м көтерілуі мүмкін, ол шамамен 5 млн. км2 құрлықтың су астында қалуына әкеледі. Ауа райының жылынуы әлемдік мұхитттың деңгейінің көтерілуінен басқа да құбылыстар: ауа райының тұрақсыздық дәрежесінің артуы, дауылдардың жиіленуі, жануарлармен өсімдіктердің жойылу жылдамдығының артуына әкеліпсоқтыруы мүмкін. Көмірқышқыл газының атмосфераға түсуінің негізгі техногенді көзі — органикалық отынды жандыру болып табылады. Қазір тек жылу энергетикасынан атмосфераға шамамен жылына бір адамға 1 т көміртегі немесе Жер шарында жылына 6 млрд. т бөлініп шығады. Атмосферадағы көміртегінің мөлшерін кемітетін негізгі факторлар фотосинтез бен мұхиттың сіңіруі болып табылады. Мұхит адам қызметінің нәтижесінде түзілген көмірқышқыл газының 50%-ын сіңіреді.


Жаһандық жылынудың қоршаған ортаға әсері

Иә, жаһандық жылыну аңыздан ақиқатқа айналды. Қазіргі таңда жаһандық жылыну үрдісінің қоршаған ортаға орасан зор қауіп төндіріп келе жатқанына ешқандай күдік қалмады. Жер шары қызып барады. Өткен ғасырда ауаның температурасы бүкіл дүние жүзінде Цельсия бойынша 0,7 градусқа жылынған. Соның салдарынан Килиманджаро шыңдарын ғасырлар бойы құрсаған қарлар еріп, теңіз түбіндегі маржанды жартастар ізсіз жоғалуда. Сонымен “жаһандық жылыну қатері” дегеніміз не?

Климаттың өзгеру қаупі туралы ең алғаш 1975 жылы сөз қозғалды. 1975 жылы 8 тамызда “Scіence” атты журналда америкалық климатолог Уоллес Брокер ауа райының күрт өзгере бастағанын алға тартып, алғаш рет “жаһандық жылыну” терминін өмірге әкелді. Ауа райының өзгеру құбылысын екі мың жылға тарта тарихы бар климатология ғылымы зерттеп келеді. Алайда өткен ғасырдың соңына дейін бұл ғылымның ізденістеріне адамзат қауымдастығы тарапынан аса бір қызығушылық таныла қойған жоқ. Тіпті өткен ғасырдың 60-шы жылдарында, ең алғаш, климаттың күрт жылынып бара жатқандығы туралы дабыл қағып, жердің жоғары қабатының қызуы артқанын байқаған белгілі кеңестік климатолог А. Будьконың болжамдарын басқалар түгілі, кейбір ғалымдардың өзі жүре тыңдады. Міне, енді төрткүл дүниенің төрт бұрышында да жердің жоғарғы қабатының қызуы жоғарылап кеткендігі талас тудырмайтын шындыққа айналды. Ғалымдар арасындағы талас енді жаһандық жылыну шындық па, әлде жалған ба деген тұрғыда емес, бұл проблеманың төркіні ерте ме, кеш пе жылыну үрдісі климаттың күрт төмендеуіне әкеліп соғатын табиғи құбылыс па, әлде қоршаған ортаға жаһандық ауқымда кесірін тигізген адамзаттың техногендік әрекеттерінің салдары ма деген тұрғыда өрбіп жатыр.

Жаһандық жылыну дүркін-дүркін қайталанып тұратын қалыпты табиғи құбылыс деп дәлелдейтіндер не дейді? Олардың айтуынша, соңғы екі мың жыл ішінде Жер шарын мекендейтін тіршілік атаулы үш рет жаһандық жылыну кезеңін, үш рет жаһандық суыған кезеңді бастан өткерген. Температураның соңғы төмендеу кезеңі ХІХ ғасырдың бірінші жартысында аяқталыпты. ХІХ ғасырдың екінші жартысында ауа райы қалпына келіп, ХХ ғасырда қайтадан жаһандық жылыну кезеңі басталып, сол ғасырдың соңында 0,7-0,8 градусқа жеткен. Сондықтан, дейді табиғи тәсілді жақтаушылар, бүгінгі жаһандық жылыну кезеңі ұзамай ауа температурасының төмендеу кезеңіне ауысады. Оның Жер орбитасы параметрлерінің өзгеруіне байланысты Күн қызуының құбылуы сияқты астрономиялық, Гольфстрим атты мұхиттар ағысы қуатының әлсіреуі сияқты табиғи себептері бар көрінеді.

Енді жаһандық жылынуды адам факторымен байланыстыратындардың дәлелін сараптап көрейік. Біріншіден, олардың айтуынша, ауа температурасының мұндай жылдамдықпен жылынуы бұрын-соңды болмаған құбылыс көрінеді. Бар болғаны соңғы жүз жылға жетер-жетпес кезеңде ауаның орташа температурасы 0,7-0,8 градусқа ысуы мың жылда да болмаған. Тіпті соңғы 15 жыл ішінде ғана ауа температурасы жылынуының жылдамдығы 0,3-0,4 градусқа артқан. Қалыпты табиғи факторлар мұндай жылдамдықпен атмосфераны жылыта алмаса керек. Бұған сөзсіз адам әрекеті себеп болып отыр. Екіншіден, техногендік дәуірде ауаға бөлінген көмірқышқыл газы мен метанның көлемі шектен тыс асып кеткен. Қазіргі кезде қуат өндіретін стансалардан, өнеркәсіп орындарынан шығатын көмірқышқыл газы атмосфералық қабатқа өтетін газдың 1/3 бөлігін құрайды. Осыған байланысты ғалым- дар қазіргі жаһандық жылыну үрдісіне себеп болып отырған кесапаттың 90 пайызы адам қолымен жасалып отыр деген тұжырымға тоқтаған.

Бүкіләлемдік климаттық конференцияда сөйлеген сөзінде БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун “Арктикадағы жылыну үрдісі Жер шарының басқа өңірлеріне қарағанда тым жылдам белең алып барады. Осылай бара беретін болса, 2030 жылға таман ондағы мұз қалқанының мүлде жойылып кету қаупі бар. Арктикадағы бүгінгі болып жатқан өзгерістер климаттың жаһандық жылынуын жылдамдата түспек”, деп атап көрсетті. Сөйтіп, жер бетіндегі мәңгі мұздардың күрт еруі басталды. Бүгінгі таңда біздің планетамызда атмосфера тепе- теңдігін сақтап тұрған екі алып мұздақ бар. Оның бірі Гренландияда, бұл мұз қабатының қалыңдығы 2 шақырымнан асады. Екіншісі, Антарктиканың мұз қабатының қалыңдығы 4 шақырымға жетеді. Сонымен бірге Солтүстік Мұзды мұхиттың көп жылдық мұз қабаттары4 метрқалыңдыққа дейін қатады. Одан басқа құрлықтардағы биік таулардың мәңгі мұз құрсанған шыңдары бар. Қорыта айтқанда, жер бетінде жаһандық жылыну салдарынан күрт еритін қаупі бар мұздақтар жеткілікті. Міне, ғалымдарды ерекше алаңдатып отырған күрделі қауіп те осы мәңгі мұздақтардың күрт еруіне байланысты болғалы тұр.




Жаһандық жылыну себеп салдары

Күн райы қырық құбылатын болды. Бүгiн-ақ сұп-суық жел есiп, жаңбыр жауса, ертесiне күн қызып, жер бетiн 39-40 градус қайнаған ыстыққа орай салады. Әсiресе, соңғы жылдардағы ауа райының өзгеруi адамдарды таңқалдырып отыр. Неге? Себеп көп. Әлем ғалымдары бас шайқап мұның себебiн ғаламдық жылыну салдарынан iздейдi. БҰҰ жанын-дағы Әлемдiк метеорология ұйымының мәлiмдеуiнше, биылғы мамыр айы ауа райының тым құбылмалылық танытқан айы боп, рекорд жасалды. Бiр қызығы мұндай өзгерiстер маусым, шiлде айларында да орын алды. Ғалымдардың пiкiрiнше, ауа райының бұлайша өзгеруi климаттағы құбылыстың әсерiнен. Яки, олардың тiлiмен айтсақ, бұл — ғаламдық жылыну.

Қазақстандық қоғамның дамуына ауа райының ғаламдық өзгерiстерi қаншалықты әсер етпек? Климаттағы өзгерiстер, ғаламдық жылыну қазiр бүкiл дүниежүзi бойынша ең талқыланатын тақырыптың бiрi. Президент Н. Назарбаевтың Жолдауында айтылған экологиялық мәселелердiң бәрiн халықаралық стандартқа сәйкестендiру мәселесi де осы ғаламдық жылынуға байланысты. Қазақстанда өткен жылы Экологиялық кодекс қабылданды. Сонымен қатар, Киот хаттамасына сәйкес, қазiрдiң өзiнде бiрқатар жобалар iске асырылды. Мұның бәрi экологияның жақсаруына оң әсер етедi.

Климаттың өзгеруi — ядролық қаруды қолдану немесе соғыстар емес. Ол одан да алапат қауiп. Мұндайда қазақ «Алла зiлзаладан, топан судан сақтасын» дейдi. Бiрақ осы өзгерiстердiң ауқымы мен олардың салдарлары қалай болатынын әлi күнге дейiн дәлме-дәл тап басып айту қиын. Температураның өзгеруi — бұл жаңалық емес, осы өзгерiстiң жылдамдығы қандай болмақ? Мiне, жаңалық осы.

Қазiр жер шары бұрынғыға қарағанда 1,1 градусқа жылыған. Егер жер шары 3-4 градусқа қызса, онда апат болатынын, мамандар шiмiрiкпей-ақ айтып жүр. Шынында да алдағы жүзжылдықта адам баласының салғырттығынан жердегi тiршiлiк иелерiнiң жартысы жойылып кетпек пе? Әлемдiк экологияның өзгеруiне бiрден- бiр себеп — мұздықтардың еруi. Жер шарының екi полюсi де мұздықтарға оранып жатқанымен, табиғаттың бұл тылсымдығы бұзылудың аз-ақ алдында тұр. Қазiр әлем ғалымдары күннiң шамадан тыс қызуы салдарынан полюстiк мұздардың тез ерiп бара жатқандығын айтумен келедi. Мәселен, Арктиканың мұздықтары еруiн жарты ғасыр бұрын бастаған. Жаһандық жылыну бүкiл планетаға ортақ қауiп болғандықтан дүниежүзi елдерiнiң ғалымдары жиi бас қосып, осы мәселенi шешудiң жолдарын қарастыруда. Ең бастысы — мұздықтардың еру процесiн тоқтату. Грендландия мұздары ерiп кетсе, мұхит деңгейi 7 метрге көтерiледi. Мұндай жағдай орын алғанда Мальдив сияқты теңiз деңгейiнен бiр метрге ғана жоғары орналасқан елдер су астында қалары сөзсiз. Ал Антарктида мен Арктика мұздығы ерiсе мұхит суы 60-70 метрге жоғарылайды. Бұл кезде атом бомбасының зардаптары түкке тұрғысыз болып қалады. Егер осы апат болып жатса жер бетiнiң өсiмдiктер мен жануарлар әлемi түгелдей өзгерiп, су тапшылығынан 3 млрд. адамның өмiрi қыл үстiнде қалады. Жаһандық жылыну – дүниежүзi елдерiнiң басына төнген қатерлi қауiп. Бұл сұрапыл апаттың алғашқы белгiлерi айқындала бастады.

Мұзарттарды қалай аман сақтаймыз?

Ал Қазақстан кәрi құрлықтың қақ ортасында орналасқан, ендеше бiзге келер ешбiр қатер жоқ дей алмаймыз. Бiздiң елiмiздегi ауа температурасы да бiрте-бiрте көтерiлiп келедi. Онсыз да шөлейттi аймақ баябан шөлге, ал суы мол ылғалды жерлер шөлейтке айнала бастайды. Соңғы он жыл шамасында Iле Алатауының солтүстiк беткейiндегi мұздықтардың жартысына жуығы ерiп кеткен. Сондай-ақ, Алатау сiлемдерiнiң жылдам еруiне Арал теңiзiнен ұшып келген тұздар да әсер етiп жатыр. Бұдан былай да мұздықтардың еру процесi бұрынғыдан жылдамдай түспек. Эколог-климатологтардың айтуынша, ХХI ғасырда асқақтаған Алатауымызда адам көзiн сүйсiндiрер мұздық қалмайды. Бұл деректер “2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан экологиясы” атты мемлекеттiк бағдарламада көрсетiлген. Мың жылдан берi қатталған мұздықтар ерiсе, тау шыңдарының ойыстарында алып көлдер пайда болып, тасқындар көбейедi. Мәселен, 1963 жылы Iле Алатауындағы мұздықтардың еруi салдарынан Есiк көлiнен алапат сел басталып, етектегi елдiң есiн алған. Бұл оқиғадан кейiн тау басында мұздықтардан пайда болған “Ақкөл” көлi қалды. Ендi мұздықтар ери қалған жағдайда Ақкөлдi арнасынан асырады, өз кезегiнде ол Есiк көлiне тағы бiр сарқуы мүмкiн. Жаһандық жылыну процесiнен Iле Алатауынан бастау алатын өзендердiң суы соңғы жылдары 16%-ға кемiптi.

Қазақстанда су тапшы. Елiмiз шетелден келетiн тұщы су көздерiнiң есебiнен өмiр сүрiп келедi, яғни Қытай, Қырғызстан, Түркiменстаннан бастау алатын өзен суларын пайдаланамыз. Жалпы алғанда, Қазақстан халқы ерiген мұздықтардан құралған өзендердiң суын асқа жаратып отыр, ал елiмiздiң территориясының басым көпшiлiгi шөлейттi зонаға жатады.

Әлде де болса дүниежүзiнiң эколог ғалымдарының бас қатырып жүргенi бiр ғана сауал — жылыну процесiн қалай тоқтату керек?

Болашақ қауiптiң алдын алуға жанталасқан Швейцарияда қазiр Альпi тауларының мыңжылдық мұздықтарының еру процесiн баяулату үшiн мұз бетiн полиэтилендi жабындымен жаппай қаптап, адам ойына келмейтiн iстердi атқаруда. Бiз қайтемiз?! Ұшар басындағы ақ қар, көк мұздары жылдам ерiп, күн өткен сайын аласарып бара жатқан мұзарттарымызды аман сақтау үшiн сиқырлы жабындылармен жабамыз ба? Алапаттың алдын алу үшiн өсiмдiк әлемiн мейлiнше көбейте түсу керек дейдi мамандар. 2020 жылға дейiн ауаны ластайтын парниктi газдардың шамасын 40 пайызға кемiтсе жетiп жатыр. Иә, айтар ауызға оңай болғанымен, өркениет дамыған сайын, Жер-ананың бауыры ластана бермек.

Қазақстанда астық өндiрiсi, ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп сияқты салаларды ауа райының ғаламдық өзгерiстерiне бейiмдеу механизмдерi жасалуда. Мәселен, суды үнемдеу, күн сәулесiн пайдаланатын электр көздерiн дамыту, ауыл шаруашылығы саласында ыстыққа шыдамды дақылдарды өсiру, өсiмдiк түрлерiн аудандастыру қажет болады. Айтпақшы, шағын электростансалар парниктiк газдардың азаюына әсер етедi. Бес шағын электростанса жылына 3,5 тонна СО2 қалдығын азайтуға мүмкiндiк бередi екен. Оңтүстiк Қазақстан облысында қазiр 5 фермерлiк шаруашылық фотоэлектрлi қондырғыны пайдалану жобасына қатысуда.

Жалпы, ғаламдық жылыну – 40 жылдан берi қозғалып отырған мәселе. Қазақстанда да бұл – бұрыннан бар проблема. Өйткенi, таудағы мұздықтардың 40 пайызы ерiп кеткен. Ендi қалған мұздықтар бұдан да тез еруi мүмкiн. Бiздегi таулардың мұздықтары ғана емес, дүние жүзiндегi мұздықтардың барлығы дерлiк ерiп жатыр. Гималай, Кавказ, Альпi, Памир, Тянь-Шань, Анд тауларында да мұздықтар азайып барады. Сондықтан болашақта миллиондаған адам ауызсусыз қалуы мүмкiн. Бiр ғана Гималай тауынан бастау алатын өзендер Қытай мен Үндiстанды ауызсумен қамтамасыз етiп отыр. Сол сияқты елiмiз де мұздықтардан айырылса, ауызсусыз қалады. Бұл – бiр. Екiншiден, сел қаупi төнедi. Қалада жаңбыр жауса, тауға қар түседi. Ал егер мұздықтар ерiп кетсе, бiрден сел ағады. Онда Алматыны су шайып кетедi.

Соңғы 200 жыл iшiнде өндiрiс қатты дамыды. Мұнай, көмiр, ағаш өртелiп жатыр. Амазониядағы ағаштар қырқылды. Ал Гольстрим сол жақтан бастау алады. Ол басқа жаққа бұрылып кетсе, Еуропада мұздық пайда болады. Мұнай, көмiр жерастында миллиондаған жылдар бойы жиналады. Мұнай, көмiр өртелiп, ауаға СО2 көмiрқышқыл газы ретiнде таралды. Бұдан бөлек метан газы да бөлiнедi. Бұның зардабы көмiрқышқыл газынан да зор. Сол парниктiк газдар жер бетiн қыздырып жатыр.

– Тығырықтан шығудың жолы бар ма?

– Бар, улы газдарды тек планктондар мен өсiмдiктер ғана сiңiре алады. Осы себептi әрбiр тал шөп, әрбiр ағашты сақтау қажет. Елiмiзде оттегi газын жинап жатқан ешкiм жоқ. Көмiр жағуды қою қажет. Мұнай өртеудi доғару керек. Содан кейiн энергетиканың балама көздерiн пайдалануды жолға қоюға тиiспiз. Мәселен, шетелде күннiң сәулесi мен желдiң күшiн пайдалану жағын қарастырып жатыр.

Әр адам қолынан келгенше экологияның жақсаруына үлес қоса алады. Бұл жұмысты қарапайым ғана ағаш егуден бастау керек. Екiншiден, мұздықтарды сақтап қалуға да әркiм атсалыса алады. Iле Алатауын әкпен ақтау туралы айтқаным бар. Бiрақ, мен тауды ақтаңдар деп тұрғаным жоқ. Сол мұздықтардың астындағы тастарды ақтау керек деген пiкiр бiлдiрдiм. Сонда күннiң сәулесi қайтадан ауаға таралады. Өйткенi, мұздықтардың астындағы қара тастар күн сәулесiнiң әсерiнен қатты қызады да, мұздықтар содан еридi.

Улы газ жылынуға жол ашты

Ғалымдардың пiкiрiнше, өнеркәсiптерден бөлiнетiн улы газдар ғаламдық жылынуға жол ашты. Ауа райын зерттеушi ғалымдардың көбi климаттың жиi өзгеруiне атмосферада парниктi газ концентраттарының артуын себеп санайды. Сондай-ақ, электростанциялардың, қоғамдық көлiктердiң көбеюi мен зауыттар түтiнi де себепкер дейдi олар. Жалпы, ауаның ластануына кез келген адам өз үлесiн қосып келедi десек өтiрiк емес. Мысалы, Google.com сайтынан екi сауалға жауап алудың өзiнен ауаға жеткiлiктi мөлшерде көмiр қышқыл газы бөлiнедi екен. Демек, адам баласы түйiнiн шешуге тиiс тағы бiр мәселе — қалдықтарды тиiмдi пайдалану. ХХ ғасырға дейiнгi кезеңде тек органикалық қалдықтар ғана болған. loopy.by сайтының мәлiмдеуiнше, бүгiнде жер бетiн мекендеген адам баласының өзi жылына 2,1 трлн. тоннға жуық қалдық «өндiредi». Оның 40 пайызы бөтелке, пакет, қорап, қалта сияқты тұрмыстық қалдықтардан тұрады.

«Қоқыс дағдарысына» бiзден өзге елдерде аса мән берiлiп отыр. Атап айтсақ, Италияның Неапол қаласы тұрғындарының бұл мәселенi шешумен айналысқанына қазiрдiң өзiнде 15 жылдай уақыт болған. Тiптi, қоқыспен күреспегенi үшiн Италия үкiметi отставкаға кеткен. Соған қарағанда алдағы уақытта «қоқыс дағдарысы» әлем елдерi бойынша саяси дағдарысқа әкеп соғуы ықтимал. Зерттеушi мамандар дамыған алпауыт елдердiң бiрi Қытай да алдағы жылдар еншiсiнде қоқыстан көз аша алмауы мүмкiн деседi.

Қазақстан да соңғы екi-үш жылдан берi қоқыс қалдықтарын тиiмдi пайдалану мәселесiне мойын бұрғанымен аймақтарда бұл мәселе шешiмiне жете қойған жоқ.

БҰҰ-ның бастамасымен осыған байланысты 1997 жылы Киото хаттамасына қол қойылды. Бұған бiрнеше елдер де қол қойған. Бүгiнде бiздiң елiмiз де бұдан тысқары қалып отырған жоқ. Жақында қоршаған ортаны қорғау және ғаламдық жылыну мәселелерi аясында Мемлекет басшысы Киото механизмi шеңберiнде болашақ өзара тиiмдi ынтымақтастықтың Жол картасын әзiрлейтiн жұмыс тобын құруды ұсынды.

Ал мұхиттар деңгейiнiң көтерiлуi ғаламдық жылынудың индикаторы болып отыр. Әлем бойынша соңғы онжылдықтан ауа райы күрт өзгердi. Айталық, Бразилияның елдi мекендерiн су алып кеттi. Үндiстанда, Бенгалияда, Бангладеште «Айла» тропикалық циклоны тұрды. Гондураста жер сiлкiнiп, цунами жұрттың зәресiн алды. Бельгияда, Австрияда және Германияның солтүстiгiнде құмды дауыл көз аштырмады. Биыл шiлдеде Орталық Ресейдiң кей аймақтарын құйын соқты. Ну орманды Ресейiңiз бұрын болмаған 40 градус ыстықтан өртке оранды. Қаза тапқандар да бар. Мыңдаған гектар ормандарды өрт шалды. Ал Американың Вирджиния штаты торнадоның құрбаны болғаны кеше ғана. Мұны не деуге болады? Бұл табиғат — ананың SOS дабылы емес пе?! Сiрескен мұздар қалай еридi. Ол ауа температурасының тым артып-төмендеуiнен. Бұл жаһандық жылынудың симптомдары. Зерттеушiлердiң болжамынша, алып мұздардың еруi келер ғасыр еншiсiне тиесiлi болатын. Бiрақ мұздар келер уақытты күтпей, қазiрдiң өзiнде-ақ су болып ерiп кетудiң алдында тұр. Антарктидада осы жылдың көктемiнде мұзды көпiр жарылды. Солтүстiк полюсте мұздардың ерiп кетуiнен жаңа аралдар пайда болды. Ғалымдардың есебiнше, Арктикадағы мұз осы ғасырдың орта шенiнде түгелдей ерiп бiтедi. Салдарынан әлемнiң көптеген қалаларын су басады. Онда Лондон, Нью-Йорк, Токио, Амстердам, Шанхай мен Бомбей қалаларының тағдыры қыл үстiнде тұр дей берiңiз.

Тықыр таянып қалғаны ма?

Дiндарлар ауа райының жиi құбылуын ақырзаманның жақындап қалғанымен байланыстырады. Шынымен-ақ, бiр тықырдың таянып қалғаны ма? Ислам дiнi бойынша топан су ақырзаманның, ақырет күнiнiң тақағанын бiлдiредi. Қасиеттi Құран Кәрiмдегi аяттардың 80 пайызы қиямет-қайым жайлы айтылса, оның жартысы зiлзала мен топан су өзге де табиғи апаттар туралы. Тiптi пайғамбарымыздың хадистерiнде де зiлзала туралы сөз етiледi. Мәселен, Әбу Һурайра риуаят еткен хадисте пайғамбарымыз: «Жер сiлкiну жиiлемегенше Қиямет күнi басталмайды», – деп айтқан.

Бiрде хазiретi Омар көпшiлiктiң алдында насихат айтып отырады. Осы кезде қайта-қайта жер сiлкiнiп, Алланың сүйiктi құлының насихатын бұза бердi. Ойы мен сөзiн бөле бергенiне ашуланған Омар жердi жұдырығымен бiр соғып қалып: «Ей, Алланың жаратылған мақұлығы, Раббының атымен тыныштал!» – деп айтты. Сол кезде жер бiрден тынышталып, қайта сiлкiнбей қалды. Осы оқиға туралы Ислам ғалымдары Омар хикаясынан кейiн Сауд Арабияда, яғни қасиеттi Мекке қаласында мүлде жер сiлкiнiсi болмағанын айтады. Олардың айтуынша, қиямет- қайымға дейiн Арабия түбегiнде жер сiлкiнiсi болмайтын көрiнедi. Расында, Омардың оқиғасына дейiн мыңдаған жылдар бойы Меккеде жер сiлкiнiсi жиi болып тұрған екен. Содан берi мың жарым жыл өтсе де қасиеттi жерде бiрде-бiр жер сiлкiнiсi, зiлзала бола қойған жоқ. Бұл Алланың құдiретi емес пе? Ақырзаман дегенiңiз ақ пен қараның, жақсы мен жаманның таразыға салынатын уақыты. Топан су, жел, дауыл, өрт сынды сұрапыл дүлей алдымен дiннен безген, Құдайын ұмытқан елдердi шарпиды дейдi. Әйтсе де, адам баласында бiр үмiт бар. Сонымен, ғаламдық жылынуды туғызған себеп-салдарлар жетерлiк. Ал, бұған таяу жылдарда нүкте қойыла ма? Әлде ғалам тұтастай жылынып, тiптi, күйiп, жоғалып кетер ме екен? Бiр жолы бар деседi… Үмiт қой. «Үмiтсiз — шайтан» деген. Теория бойынша, қатер бар. Қатер болғанда да қандай!. Бiрiншiден, өнеркәсiптен бөлiнген көмiр қышқыл газы әлемдiк парниктi эфектiге әсер етуде. Мәселен, 1979-2003 жылдар аралығында Арктиканы көмкерген мұзды қабат 16 пайызға жұқарған. Дегенмен, ықтимал заманақыр қатерiн сейiлтетiн де деректер бар. Арктика жылынып жатқанда келесi полюстағы Антарктида мұздары қалыңдап жатқан көрiнедi. Ол да дәтке қуат тәрiздi… Сондықтан жаманға емес, жақсыға сенiңiз. Бұдан бөлек ғаламдық жылынуды әлемдiк қаржы дағдарысы тоқтататын көрiнедi. Себебi, дағдарыс үнемге жол ашады. Үнем адамның тұтынушылық мүмкiндiгiн шектейдi. Ендеше, қазiргi дағдарыс — ғаламдық жылыну деген бәледен құтылу жолы болмақ. Бұған батыстағылар «жасыл экономика» деп те айдар тақты. Атмосфераны ең көп ластайтын — АҚШ пен Қытай

Көмiр қышқыл газының тарату қаупiн азайту жөнiнде жекелеген әлем елдерi бiр ымыраға келе алмай отыр. Атмосфераның ластануына ең көп үлес қосатын екi ел бар. Ол –АҚШ пен Қытай. Ал бұл екi ел 2012 жылы аяқталатын ғаламдық көмiр қышқыл газының таралуын азайту жөнiндегi Киото хаттамасына қол қоймаған. Бiрақ Копенгаген жиынында Бейжiң мен Вашингтон өз еркiмен көмiр қышқыл газының таралуын азайтуға ниеттенiп отырғандығын жариялады. Мәселен, АҚШ үкiметi 2020 жылға дейiн газ эмиссиясын шығару деңгейiн 17 пайызға қысқартуға уәде еттi. Ал Қытай болса газ эмиссиясын шығару деңгейiн 2020 жылға дейiн 40-45 пайызға қысқартуға сөз бердi. Алайда, көптеген сарапшылар Бейжiң мен Вашингтонның болжамына күмән келтiрiп отыр. Еуропа Одағының болжамына сәйкес, осы мәселеге қатысты айтарлықтай өзгерiстердiң болуы үшiн 2020 жылға дейiн дамушы елдерге шамамен 150 миллиард доллар бөлiнуi тиiс. Бұл ғаламдық экономикалық рецессияның салдарын жоюға тырысып жатқан батыс елдерi үшiн қиындық туғызбақ.

Миланда өткен БҰҰ конференциясында АҚШ нелiктен Киото келiсiмiне қол қоймады? Себебi, оның көкейiн тесiп бара жатқан мұнай мәселесi. Жыл сайын өндiрiлетiн әлемдiк мұнайдың көбiн тұтынатын да осы ел. Ғаламдық апаттың алдын алу үшiн түзiлген Киото келiсiмiнде парниктiк эффектiнiң 55%-ын туғызып отырған 55 ел қол қою керек болса, АҚШ пен Ресей олай етуден бас тартуда. Себебi, Киото келiсiмiне қол қойған елдер 2012 жылға дейiн ауаны ластайтын көмiр қышқыл газын 92%-ға қысқартуға мәжбүр болады екен. «Олай етсек, кедейлiкке ұрынамыз» деп Ресей де мәмiлеге келер емес.

Ал болашақта «қара алтын» үшiн болар соғыс Орталық Азия елдерi мен Қапқазда жалғасын табуы мүмкiн. Себебi мұнай өндiрудi шектейтiндей жағдайда оның әлемдiк экономикадағы құны шарықтап өсетiнi сөзсiз. Сондықтан ғалымдар ендiгi жерде ауаның ластануын азайту мақсатында мұнайды алмастыратын жаңа нәрсе ойлап табуға кiрiсiп кеттi.



Ғаламдық жылынудың әсерлері

Ғаламдық жылынудың оң және терiс әсерi бар. Әрине, терiс әсерi басымырақ. Бiз климаттың өзгеруiне бейiмделуiмiз керек. Қазақстанда осы бағдарлама бойынша баяу болса да жұмыс қолға алына бастады. Тұрақты негiзде климаттың өзгеруi бойынша БҰҰ конвенциясымен Қазақстан Республикасының ұлттық хабарламаларын дайындау үшiн институциялық қуат арттырылмақ.

Қазақстан аумағы үшiн климаттың өзгеру индекстерi есептелген (ауа температурасы және жауын-шашын саны), 2030, 2050, 2100 жылға дейiнгi мерзiмде ел климатының өзгеру сценарий жасалған. Климаттың өзгеруiне байланысты мал өсiмiне әсерi, агрометеорологиялық факторларға мал өсiмi көрсеткiшiнiң тәуелдiлiгi анықталды, Қазақстанның қазiргi су ресурстарының осал тұстарының бағасы берiлдi. Жаһандық жылынуда ең бiрiншi терiс құбылыс қуаңшылық артады. Аталмыш проблема бiздiң елiмiз үшiн өзектi. Қазақстан жерiнiң 66 пайыз бөлiгiне құрғақшылық пен деградацияға ұшырау қаупi төнiп тұр. Бұл су ресурстарының тапшылығына алып келуi де мүмкiн. Қуаңшылықтың қайталануы бойынша Батыс Қазақстан облысы қазiр 38 пайызды құрайтын болса, ол 2030 жылы 45 пайызға жоғарылайды. Ал Солтүстiк Қазақстан облысы бүгiнде 22 пайызды құраса, 2030 жылы 27-ге жетуi әбден мүмкiн. Өтпелi кезеңдерде ауа райы күрт құбылады. Қазiр жер шарының температурасы соңғы жүз жыл iшiнде 1,1 градусқа артты деп есептеп отырмыз. Ал Қазақстанның соңғы жүз жыл iшiнде орташа температурасы 1,5 пайызға көтерiлген. Өйткенi мемлекетiмiз континенттiң дәл ортасында орналасқан. Климат бұл жағдайда қатты болады, шөлейт аймақтар көбейедi. Ал теңiз, мұхиттарға жақындаған сайын, климат жұмсарады. Соңғы қырық жылмен есептегенде орташа температура. Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында 1,2, 1,3 градусқа дейiн өскен. Бiрқатар аймақтарында қыстық температура жазға қарағанда артты. Ал Оңтүстiк Қазақстанда айтарлықтай өзгерген жоқ.

Жалпы, жер климатына қатысты 2085 жылға дейiн екi сценарийлi болжамды ұстанып отырмыз. Бiрiншiсi, ол бiздiң тiлмен айтқанда қатты климат 4-5 градусқа көтерiлуi мүмкiн. Екiншiсi, жұмсақ климат- ол 1,5 градусқа жылынады. Алла сақтасын деймiз, бiрақ алғашқы болжамның адамзатқа қаупi көп.Ал жылы кезеңнiң ұзақтығының артуының да оң әсерi бар. Мәселен, бидай өнiмiнiң сапасы артады. Дәннiң сапасында белок құрамы көбейедi. Оған түнгi және күндiзгi температура айырмашылығының өсуi оң әсер бередi. Мал шаруашылығында қысқы жағдай жұмсарады. Қысқы жайылымның аумағы ұлғаяды. Кейбiр жерлерде жайылым өсiмдiктерiнiң өнiмдiлiгi жоғарылайды. Мүмкiн Оңтүстiк Қазақстан облысында тропиктiк өсiмдiктер өсiруге болатын шығар. Қалай десек те климат жылынуының пайдасынан зияны көп.



Озон қабатының бұзылуы - ғаламдық экологиялық проблема. Ең алғаш озон тесігін 1985 жылы Джо Фармен бастаған Ұлыбритания оқымыстылары анықтаған. Тесіктің диаметрі 1000 км-ден көп болған және ол Оңтүстік жарты шарда Антарктида да байқалған.

Атмосфераның озон мәселесінің адам қызметіне өзара байланысты екі аспектісі бар: жоғары қабаттағы бұзылу («озон қабаты») және жер маңы кеңістігіндегі концентрациясының артуы. Озон қабаты полюстерде 9-30 км, экваторда – 18-32 км биіктікте орналасқан. Егер қабаттағы озонды таза күйде бөліп алса, оның қалыңдығы 3 мм құрайды. Атмосфераның жоғары қабатындағы озон оттегі молекулаларының ультракүлгін сәулелер әсерінен ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Бос оттегінің оттегі молекуласына қосылуынан озон түзіледі. Соңғы жылдары атмосфераның жоғары қабатындағы озонның мөлшерінің кемуі байқалуда. Солтүстік жарты шардың орталық және жоғары ендіктерінде бұл кему 3% құраған. Мәліметтер бойынша озонның 1%-ға кемуі терінің ісігімен ауыру деңгейін 5-7%-ға арттыруы мүмкін. Озонның ең көп мөлшері Антарктиданың үстінде жойылған. Мұнда соңғы 30 жылда озонның мөлшері 40-50% -ға кеміген. Озонның концентрациясының кемуі нәтижесінде түзілетін тесіктерді «озон тесіктері» деп атайды. «Тесіктің» көлемі жылына 4%-ға артып отыр. Қазіргі кезде оның мөлшері АҚШ-тың көлемінен артық. Сонымен қатар, көшіп жүретін тесіктердің пайда болуы жиілеп барады. Оның мөлшері 10-100мың км2. «Озон тесіктерінің» пайда болу себептері әлі де болса толық анықталмаған. Олар алғаш рет осы ғасырдың 80- жылдарында байқалған. Аз уақыттық бақылау қандай да бір нақты қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді. Қазіргі озон қабатын бұзатын негізгі антропогенді фактор фреондар (хладондар) болып есептеледі. Бұл хлорфтор көміртектер бөлме температурасында қайнайды. Олар тоңазытқыш құрылғыларда, әр түрлі баллондарда тасымалдаушы газ ретінде, т.б. қолданылады. Көптеген мемлекеттер фреондардың өнідірісін 50% кеміту және оларды басқа пропиленттермен алмастыру туралы міндеттеме қолданды. Бірақ, жоғары дәрежедегі тұрақтылығына байланысты фреондар атмосферада өте ұзақ уақыт сақтала алады. Сонымен қатар, озонның түзілуі мен жиналуына электромагнитті сәулелер, лазер сәулелері, электр разрядтары әсер етеді. Озон қабаты интенсиві түрде көктемде бұзыла бастайды. Себебі, қыстағы төмен температура мен бұлттылықтың артуы фреондардың құрамындағы хлордың бөлініп шығуына әкеледі. Ал көктемдегі температураның жоғарылауы хлордың озонға әсерін арттырады. Поляр маңы аймақтарындағы озон қабатының интенсивті түрде бұзылуын осы аудандардағы озонның бұзылуына себепкер хлордың метанды топпен аз мөлшерде жабылуына байланысты. Озон қабатының бұзылуының тағы бір себебі ретінде атмосфераға оттегін бөліп шығаратын негізгі фактор ретінде ормандардың жойылуы аталады. Космосқа ұшу апппараттарын шығару атмосферадағы ядролық жарылыс, атмосфераның жоғарғы қабаттарына азот оксидтері мен кейбір көмірсулардың шығарылуына әкелетін ірі өрттердің озон қабатының бұзылуын Галлей кометасымен де байланыстырады. Атмосфераның төменгі қабаттарында озон күшті антиоксидант және бактериоцид болып табылады. Ол жағымсыз иістерді, кейбір канценрогенді заттарды бұзуға қабілетті. Бірақ, жоғары концентрацияда озон күшті у болып табылады. Адамда ол тыныс алуды қиындатады, көзді тітіркендіреді, өсімдіктердің ассимиляциялық аппаратын зақымдап, хлорофилді бұзады.

Озон қабаты - стратосфераның бір бөлігі. Ол - озоносфера қабаты, 15-50 км биіктікте болады. Экватордан полюстерге қарай озон қабаты қалыңдап отырады. Бұл қабатта энергияға бай күннің ультра-күлгін сәулелері O2 формасындағы оттегіні O3 формалы озонға айналдырады (3O2 → 2O3). Ультра-күлгін сәулелердің толқын ұзындықтарына байланысты (175-200 нм, кейде 242 нм-ге дейінгі аралықтағы толқын ұзындығы) кейде озоннан O2 формасындағы оттегі қайта түзіледі (2O3 → 3O2). Аталған екі реакция (процесс) да ультра-күлгін сәулелердің энергиясының көмегімен іске асады.

Озон қабатын үнемі екі процесс арқылы толықтырып тұратын цикл Озон-Оттегі циклі деп аталады. 

Озоннан оттегі, оттегіден озон түзетін химиялық реакцияны 1930 жылы Сидней Чэпман ұсынды. Соның құрметіне Чэпман механизмі деп аталады. 

Жерде озонның 6-10% концентрациясы бар, аз мөлшерде болғандықтан тіршілік етушілерге зияны жоқ. Ал былайынша, озон өте активті газ. Айналасындағы тіршілік иелеріне зияны тиеді. Негізінде, озонның орташа концентрация мөлшері 8 мл/м³ болады. Озон қабатының басты қызметі - күн сәулесіндегі зиянды ультра-күлгін сәулелерді жер бетіне жібермей, өзінің бойына сіңіріп ұстап қалу. Осылайша жер бетіндегі тіршілік иелері күннің кері әсерлерінен қорғалады.
Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проекторсызба – кестелер, видео-, дыбыс аппаратурасы.

Оқытудың әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру, кіріспе лекция

Деңгейлік тапсырмалар:

1деңгей. Фотохимиялық смог туралыжазыңыз.

2-деңгей. Табиғи смогты түсіндіріңіз.

3-деңгей. Жердегі жылу балансы жайлы көрсетіңіз.



ОБСӨЖ тапсырмалары: Атмосфераның химиялық компоненттері: азот оксидтері, күкірт диоксиді, көміртегі моноксиді, көміртегі диоксиді, метан.

СӨЖ тапсырмалары: Су ортасында жүретін биохимиялық процесстер.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Жұмаділлаева С., Баешов А., Жарменов А. Қоршаған орта химиясы. – Алматы, 1998.

2. Джумадуллаева С., Баешов А., Жарменов А., Мамырбекова А. Практикум по химии окружающей среды. Учебник. – Алматы, 2000.

3. Голдовская Л.Ф. «Химия окружающей среды ».М.: Мир, 2005.

4. Зилов Е.А. Химия окружающей среды.-Иркутск, 2006.

Лекция №7 Литосфераның химиялық экологиясы.

Лекция мақсаты мен міндеттері: Литосфераның химиялық құрамы мен магматикалық, тұнбалық, метаморфтық таулы жыныстар жайлы жалпы түсінік қалыптастыру.

Лекция мазмұны: Топырақ литосфераның бір бөлігі ретінде

Литосфера - жер қабаты (грек. lithos- тас, sphaira - шар) - жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосферамен шектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі - шөгінді қабық; ол шөгінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның қалыңдығы әр орында әр түрлі болып келеді. Шөгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік қабаттың астында аралық немесе «базальттық» аса тығыз жыныстар қабаты жатады.

Литосфера - Жер планетасының біршама берік тау жыныстары кешендерінен тұратын, төменгі жапсары ішінара балқымалы яки онша берік емес атмосфера қабатымен шектелетін ең сыртқы қабаты. Литосфера жер қыртысын (Жердің ең сыртқы қатты қабыршағын) және осы қыртыс пен атмосфера аралығын қамтитын қатты заттардан тұратын, литосфералық мантия деп аталатын жоғарғы мантияның ең жоғарғы қабатын біріктіреді. Литосфералық мантия қабаты жер қыртысынан Мохоровичич шегі арқылы дараланады, бұл қабатты құрайтын тау жыныстарының құрамы негізінен оливин мен пироксеннен тұратын аса негізді жыныстарға сәйкес келетін болса керек. Литосфераның беткі жазықтығы атмосферамен немесе гидросферамен шектеледі. Литосфера қалыңдығы 50-200 шақырым аралығында деп есептелінеді.

Литосфера – Жердің 30-40 км қалыңдықтағы беткі қатты қабығы. Литосфераның төменгі бөлігінде мантия орналасқан, ол жердің ярдосымен шектеседі, температурасы 57000С дейін жетеді, қысымы 350 МПа. Литосфераның жоғары шекарасы – атмосфера мен гидросфера.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет