Лекция тезистерінің жинағын дайындаған: ХҚту профессоры, Х.ғ. к. Жұмаділлаева С. А



бет7/10
Дата01.12.2019
өлшемі3.39 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проекторсызба – кестелер, видео-, дыбыс аппаратурасы.

Оқытудың әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру, кіріспе лекция

Деңгейлік тапсырмалар:

1деңгей. Топырақтың химиялық құрамын жазыңыз.

2-деңгей. Жер бетіне жақын ауаның химиялық құрамын түсіндіріңіз.

3-деңгей. Мұнаймен ластану кезіндегі топырақ қасиетінің өзгеруін көрсетіңіз.



ОБСӨЖ тапсырмалары: Литосфераның құрылысы. Жер қыртысыныңхимиялық және минералдық құрамы

СӨЖ тапсырмалары: Қоршаған ортадағы химиялық заттардың миграциясы.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Жұмаділлаева С., Баешов А., Жарменов А. Қоршаған орта химиясы. – Алматы, 1998.

2. Джумадуллаева С., Баешов А., Жарменов А., Мамырбекова А. Практикум по химии окружающей среды. Учебник. – Алматы, 2000.

3. Голдовская Л.Ф. «Химия окружающей среды ».М.: Мир, 2005.



4. Зилов Е.А. Химия окружающей среды.-Иркутск, 2006.
Лекция №9 Қоршаған ортаның химиялық ластануы.

Лекция мақсаты мен міндеті: Органикалық заттардың химиялық экологиясы мен қоршаған ортадағы органикалық заттар, олардың тірі ағзаға әсері туралы түсінік қалыптастыру.

Лекция мәтіні: Химиялық ластану  қоршаған ортаның табиғи химиялық қасиеттері-нің қарастырылып отырған уақыт кезеңі үшін қайсыбір заттектердің көпжылдық орташа ауытқуларынан асып түсетіндей болып өзгеруі немесе қоршаған ортаға әдетте онда болмайтын заттектердің түсуі немесе нормадан артық шамада түсуі.

Химиялық ластануға қоршаған ортада табиғи, табиғи – антропогенді және антропогенді немесе тіршілік ортада болып жатқан физикалық – химиялық процестер кезінде зиянды, улы заттардың пайда болуын жатқызамыз. Дамуы жоғары елдерде соңғы екі – үш онжылдықта қолданылған шараларға байланысты қоршаған ортаның химиялық ластануы екінші орынға түсіп, бірінші орынға радиоактивті ластану шығып отыр. Біздің елімізді қоршаған ортаның химиялық ластану қаупі әлі де жоғары болып тұр.

Қазіргі кезде химиктерге химиялық заттардың 4 – 5 млн түрі белгілі. Олардың саны жыл сайын 10% өсіп отырады. Адам организміне әр түрлі жолдармен (тамақпен, ауамен, сумен) түсіп тұратын организмге жат химиялық ластаушы заттарды ксенобиотиктер (грек. ксенос – жат, биос - өмір) деп айтады.

Жердің геосферасы бойынша атмосфераның, гидросфераның және литосфераның ластануын айтады. Қоршаған ортаның компоненттері мен ластану орындары бойынша химиялық ластануды келесі түрлерге бөледі:

1) ауаның ластануы (мысалы, адамдар тұратын аймақтар, жұмыс істейтін жерлер);
2) тұрмыстық және өндірістік бөлмелердің;
3) жербетілік және жерасты суларының;
4) топырақтың;
5) тамақтың және т.б.
Ортаның химиялық ластаушы көздерін мынадай үлкен топтарға бөлеміз:
1) қоршаған ортаға сұйықтық, газды және қатты түрдегі өндірістік қалдықтарын шығаратын техникалық қондырғылар;
2) ластанушы заттар шығаратын немесе оларды жинақтап, сақтайтын шаруашылықтар;
3) ластаушы заттар келіп тұратын (трансшекаралық жылду) аймақтар;
4) планетарлық ластануға әкелетін атмосфералық жауын – шашын, тұрмыстық, өндірістік және ауылшарушылық қалдықты сулар

Қоршаған ортаның ластануы–адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді. Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т.б.), антропо-гендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады.

Органикалық заттардың химиялық экологиясы

Топырақтың қатты фазасының біршама бөлігі органикалық қосылыстар үлесіне тиесілі. Жыл сайын топырақта өсетін өсімдіктер майда жәндіктер мен микробтар топырақ бетінде, оның қабаттарында көптеген қалдықтар қалдырады. Hегізгici органикалық қалдықтар. Топыраққа жылма-жыл түсетін өсімдіктер мен өлген жәндіктердің қалдықтары eкi бағытта өзгегеріске ұшырайды. Біріншіден, топырактағы микроорганизмдердің әсерінен ыдырап, шіріп, жай минералды қосылыстарға ажырайды. Екіншіден, осы организмдер қалдықтары микробтардың әрекетінен күрделі биохимиялық өзгерістерге ұшырап, олардан тұрақты органикалық зат – топырақ қарашіріндici – гумус (немесе қарашірік) пайда болады.

Органикалық қалдықтардың біразы толық ыдырап минералданса, біразы қайтадан топырақта органикалық заттардың осы жаңа күрделі түрге, биохимиялык синтез аркылы қара шіріндігe (гумуске) айналады. Минералдану мен гуминдену npoцесін микроорганизмдер жүргізеді.

Гумус заттарының түзілуіне көптеген зерттеушілер көңіл бөлген. Oларғa химиялық талдау жасап, мәліметтер жинап, түзілу жолдарын анықтай бастады. Бұл жөнінде ең алғаш көзқарастарын білдірген М.В.Ломоносов, П.А.Костычев, С.П.Кравков, А.Г.Трусов т.б. болды. Гумустың құрылуының жалпы сызбасын қағазға түcipгeн В.Р.Вильямс еді. Ол топырақтың тек кана биологиялық жағына көңіл бөледі. Одан кейін топырақтың гумусының көзі лигнин деген көзқарас туды (Ж.Фишер, 1921, В.Фукс, 1936). Бұл көзқарас бойынша гумус ешқандай да ерекше құрылым емес, ол лигнин мен протеин комплексі дегенді айтты, ТМД елдерінің топырақтарындағы органикалық заттарды толық зерттеуде, топырактағы гумустың мөлшерін анықтауды И.В.Тюриннің үлесі ерекше. Ол бұл процестің күрделілігін көрсетті. Бұл ғалымның зерттеулерін М.М.Кононова жалғастырып, гумус заттары – ароматикалық құрылымдардың жеке молекулалары ферменттердің қатысуымен өтетін, конденсация арқылы түзілген заттар екенін ашты М.М.Кононованың айтуы бойынша барлық өсімдіктер қалдықтары гумустену кезінде микроорганизмдермен ciңipy жолынан өтедi екен. Л.Н.Александрова бойынша гумификация – органикалық қалдықтардың тузілуі арқасында жоғары молекулярлық қосылыстардың күрделі биофизика-химиялық құбылыстар арқылы органикалық түзілімдердің ерекше класы – гумусты түзуі.



Қоршаған ортаның ластануы

Ластану

Ластану туралы әңгіме айтпас бұрын, ластану жайлы ұғымды қалай қабылдаймыз, қалай түсінеміз соны ажыратуымыз керек. Әркім мұндай ластануды түсінеді, бірақ оның нақты анықтамасын беруге келгенде түрлі тұжырымдамаларды кездестіреді.Оның бірнеше мысалдары:




"Топырақтың , ауаның өзгерісі

немесе азық-түліктің өзгерісі, адамның өмір сүру қызметіне, денсаулығына жағымсыз әсері ластану деп аталады. » (Миллер, 1993, 1, 37 б.)


"Кез келген қатты, сұйық немесе газ тәрізді заттар, микроорганизмдер және энергия мөлшері ( дауыс, шу, радиация) адам денсаулығына, жануарлармен өсімдіктердің өсуіне, экожүйеге зияны қоршаған ортаның ластануы деп аталады." (Коробкин, 2000, 279 б.)

"Қоршаған ортаның ластануының қолайсыз жағдайы толық немесе ішінара адам қызметінің нәтижесі болып табылатын, тікелей және жанама энергия бөле өзгереді, қоршаған ортаның физико-химиялық қасиеттері және сәуле бөлуіне жағдай жасайды." (Рамад, 1981,167 б.)


Бірінші орында адамға берілген жағымсыз әсері.
Бірінші орында адам денсаулығы және экожүйе.

Адам қызметінің нәтижесінде алынған өзгерістер.


Ластанудың алуан түрлі жіктелуі белгілі.

1. Ластану нысандарына қарай жіктелуі: су ластануы (беткі және жер асты суларының), атмосфераның ластануы, топырақтың ластануы, ғарыштық кеңістіктің ластануы және т.б;

2. Ластанудың ауқымы ( масштабы) бойынша жіктелуі:

локальді ( жергілікті), региональді ( аймақтық), глобальді (ғаламдық).

3. Әсер етуші факторлардың табиғатына қарай ластануы: физикалық, химиялық, биологиялық (сурет-8).

4. Қоршаған орта нысандарына әсер етуші сипатына қарай (кесте-1).

Ластаушы заттар қоршаған ортаға зиянды немесе зиян келтірмейтін кез келген бөгде затты қоспа түрінде немесе бөгде зат түрінде кездеседі. Оларды контаминант деп атайды (ағылшынша - қоспа, бөгде зат, лас зат).

Егер заттар қоршаған ортаның деградациясын (бұзылуы) туғызатын болса мұндай заттарды-полутанттар деп атайды (ағылшынша- ластағыш зат). Ластағыш заттар табиғатқа бірнеше жолдармен әсер етеді.

Қазіргі уақытта әлемде күнделікті 80000 химиялық синтетикалық заттар пайдаланылады. Шамамен 10000-дай заттар өнеркәсіпте өндірілетін және ауылшаруашылықтағы өнімдер болып табылады.



Cурет-8.Табиғаттағы әсер етуші заттардың ластануының классификациясы. (Коробкин,2000)


Кесте-1. Әсер ету сипаты бойынша қоршаған орта ластануының классификациясы (Коробкин, 2000ж.)

Ортаның ластануы

Ингредиентті (табиғи биогеоценоздарға тән емес заттардың жиынтығы)

Биоценотикалық(популяциялар

және қауымдастықтар құрамының

және құрылмының бұзылуы)


Параметрлік

(қоршаған ортаның сапалық көрсеткштерінің өзгерістері)



Стациальды-деструкциялық (ландшафтардың қайта құрылуы)

Минеральды

Органикалық

Алаңдаушылықтың кешенді факторы

Электромагнитті

Орман

1.Отын жағудан қалған қалдықтар

2.Химиялық өндірістің қалдықтары

3.Шахта қалдығы мен үйінділері

4.Металлургия қалдықтары



1.Улы химикаттар мен тыңайтқыштар

2.ДВС-дағы жану өнімдері

3.Мұнай және мұнай өнімдерінің төтенше қалдықтары


1.Тұрмыстық қоқыс қалдықтары

2.Микробиологиялық препараттар

3.Тағам өндірісінің қалдықтары

4.Мал шаруашылығы фермаларының қалдықтары



1.Популяция балансының бұзылуы

2.Продукция және акклиматизация түрлері

3.Құру,аулау,браконерлік

4.Қайта кәсіптену



Жылу

Шу

Жеңіл



Радиациялық

1.Су ағынын реттеу

2.Жол құрылысы

3.Топырақ эрозиясы

4.Урбанизация

5.Орман және жазық дала өрті

6.Жердің құрғап кетуі


Қоршаған ортадағы ластаушы заттар былай жіктеледі:

- биологиялық заттар- микроорганизмдердің тозуы және жойылуы.

Әдетте организмдердің өнімдерін ең көп ластаушыларға мыналар кіреді:

- тұрмыстық-ауылшаруашылық ақаба сулар.

- химиялық заттар- химиялық реакция барысында өзгеріске ұшыраған заттар.

Ластаушылар әсерінен ауырлық күшін анықтау факторлары:

1) олардың биологиялық белсенділігі (күші немесе тіршіліктегі басқа да уытты әсерлер);

2) концентрациясы;

3) өмір сүру уақыты мен тұрақтылығы;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет