Лекция тезистерінің жинағын дайындаған: ХҚту профессоры, Х.ғ. к. Жұмаділлаева С. А



бет8/10
Дата01.12.2019
өлшемі3.39 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проекторсызба – кестелер, видео-, дыбыс аппаратурасы.

Оқытудың әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру, кіріспе лекция

Деңгейлік тапсырмалар:

1деңгей. Топырақтың химиялық құрамын жазыңыз.

2-деңгей. Топырақтың органо-минералдық құрамы түсіндіріңіз.

3-деңгей. Нормалаудың қасиетін көрсетіңіз.



ОБСӨЖ тапсырмалары: Топырақ литосфераның маңызды компоненті ретінде. Топырақ туралы түсінік, оның функциялары.

СӨЖ тапсырмалары: Атмосфера – биосфераның сыртқы қабықшасы. Атмосфераның ластануы.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Жұмаділлаева С., Баешов А., Жарменов А. Қоршаған орта химиясы. – Алматы, 1998.

2. Джумадуллаева С., Баешов А., Жарменов А., Мамырбекова А. Практикум по химии окружающей среды. Учебник. – Алматы, 2000.

3. Голдовская Л.Ф. «Химия окружающей среды ».М.: Мир, 2005.

4. Зилов Е.А. Химия окружающей среды.-Иркутск, 2006.


Лекция №10 Қоршаған ортаның радиоактивті заттармен ластануы.

Лекция мақсаты мен міндеті: Радиоактивтілік туралы түсінік пен радиоактивтілік түрлері және сол заттардың және ауыр мелалдардың қоршаған ортаға түсу көздері жайлы түсінік қалыптастыру.

Лекция мазмұны: Жыл өткен сайын адамдардың радиоактивті сәулеленумен зақымдануы көбеие түсуде. Өйткені жыл сайын атом электр станциялары салып, олар іске қосылып жатыр. Сондай-ақ неше түрлі тездеткіштер (ускорительдер) сыналып, атом бомбалары жарылып жатыр. Олардан қаншама радиоактивті сәулелер бөлініп шығып, адамзат баласына неше түрлі зиян келтіріп, әлі де келтіруде. Сондықтан да адамзат баласын радиациядан қорғау осы кездегі кезек күттірмейтін өзекті мәселеге айналып отыр.ағаштарды радиациядан қорғау үшін неше түрлі киімдер тігуді қажетті етеді. Олардың құрамында қорғасын болады. Ол гамма сәулесін тұтып қалып, адам денелеріне сәулені артпайды.Космостан келетін космостық сәулелерден практика жүзінде адамзат баласының қорғануға ешқандай мүмкіндігі жок. Ол 1000км атмосфералық қабаттан лезде өтіп кетеді де жер шарына түгелдей таралды. Космонавтарды да космос сәулесін қорғау оңай шаруа емес екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Әлем ғалымдарының болжаулары бойынша 21 ғасырдың алғашқы ширегінде планетамызда энергетикалық қордың тапшылығы сезілу қаупі бар, оның шикізатына деген талас күшеюде. Мұндай адамзат цивилизациясына төңген экологиялық қауіп-қатер ең жоғарғы мемлекетаралық деңгейде мойындалып отыр. Тіпті, экологиялық апаттың туындауы ғылыми-техникалық прогрестің «даму» құбылысына деген көзқарасты дүдәмалдыққа әкеліп отыруы жер-жерде байқалуда. Сөйтіп адамзат құндылығының кейбір шкалаларын қайта қарастыру қажеттілігі пайда болуда.
Бүгінгі таңда иондаушы сәулелердің антропогендік көздері көптеп табылуда. Олар қоршаған ортаны ластаумен қатар әртүрлі биологиялық кері нәтижеліктің басты себепкері болуы әбден мүмкін.
Адамзат баласы жер бетінде пайда болған кезден бастап, табиғи радиоактивті заттардан қажетті дозасын алып отырған, әсіресе, радиоактивті сәулені жерден алады. Қалған бөлігі космос сәулесімен келеді. Жылына адам 200 мР радиация қабылдайды. Жер шарының әрбір аймақтарында тұратын халықтар әр түрлі мөлшерде радиация алады. Жылына жалпы алғанда 50-ден 1000 мР радияция қабылдайды.

Ластанудың бұл түрі химиялық кейін екінші ортаға шықты. Радиациялық ластанудың мынадай топтарға бөледі:


1) Радиоактивті заттардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын альфа — (гелий ядросы), бетта –(жылдам электрондар) бөлшектердің және гамма – сәулеленулердің әсерінен болатын радиациялық ластану (физикалық ластану түрі);
2) Қоршаған ортадағы радиоактивті заттардың мөлшерінің көбеюіне байланысты болатын ластану (химиялық ластану түрі).
Ортаның радиациялық ластануына атом қаруын сынау аз үлесін қосқан жоқ, ол радионуклидті жауын-шашынның түсуіне әкелді. Радионуклидтер – бұл элементтердің электрондарды атомдардан шығарып, оларды басқа атомдарға оң және теріс йондар жұбын түзуімен қосаға қабілетті радиобелсенді сәулелену шығаратын изотоптары. Мұндай сәулеленуді иондаушы деп атайды. Кейбір заттарда барлық изотоптар радиобелсенді болып табылады. Атап айтқанда. Оларға технеций, прометий, сондай-ақ Д.И.Менделеев кестесінің полоний басталып трансурандылармен бітетін барлық элементтері жатады.
Гелий ядроларының (альфа –сәулелену) немесе жылдам электрондардан (бетта – сәулелену) тұратын бөлшектер ағынын корпускулалық сәулелену деп атайды. Электромагнитті иондаушы сәулелену – бұл гамма — сәулелену мен оған жақын рентгендік сәулелену. Альфа және бетта-сәулелену организмнен тысқары тұрып та оған әсер ете алады.
Иондаушы сәулелену жоғары дамыған ағзаларға, бірінші кезекте – адамға аса күшті әсер етеді. Оған микроағзалар төзімдірек келеді. Эксперименттік зерттеулер белсенділігі 3,7-1014 Бк (10 мың Ки) гамма сәулеленудің (кобальт-60, цезий-137) қуатты көздерінің қасында жоғарғы топтағы бірде-бір өсімдік немесе жануар тірі қалмайтындығын көрсеткен. Түрлі радинуклидтердің организмге әсері аса сан алуандығымен ерекшелінеді, әйтсе де жалпы алғанда, оларға мутагенді және бластомогенді эффект тән. Мысалы, 131-иодтың аз мөлшерінде қалқанша бездің қызметі бұзылады, ал көп мөлшерінде – зиянды ісіктер түзіледі.
Радиациялық ластанудың көздері. Радиациялық қауіптердің әсерлері шыққан тегі бойынша табиғи және антропогенді болып бөлінеді. Табиғи факторларға қазба рудалары, жер қабаттарындағы радиоактивті элементтердің бөлінуі кезіндегі сәулелену және т.б. жатады. Радиациялық өндіруге және қолдануға, атом энергиясын өндіруге және ядер қаруын сынауға байланысты жұмыстар жатады. Сонымен адам өміріне өте қауіпті радиациялық антропогендік әсерлер адамзаттың мына іс-әрекетімен тығыз байланысты:
•Атом өнеткәсібі;
•Ядролық жарылыстар;
•Ядролық энергетика;
•Медицина мен ғылым.
Бұлар қоршаған ортаны радиоактивті элементтермен және радияциялық сәулелермен ластайды. Юұдан басқа атом өнеркәсібі радиоактивті қалдықтардың көзі болып, адамзатқа жаңа үлкен қауіп және әлі шешімін таппаған мәселені – оларды көму мен жою мәселелеріналып келді.
Келесі бір қауіпті радинуклид – стронций-90, ол ядролық сынақтардың нәтижесінде түзіледі (жартылай бөліну периоды 27,7 жыл). Ол ағзаға асқазан-ішек трактісі , өкпе, тері жабыны арқылы түсіп, қаңқа мен жұмсақ ұлпаларға жиналады. Стронций қанда патологиялық құбылыстар тудырады, ішке қанның құйылуына, сүйек кемігінің құрлысының бұзылуына әкеледі. Зақымданған соң ұзақ мерзімнен кейін (келесі ұрпақтарда) ісіктер, ақ қан ауруы болуы мүмкін.
Қазіргі гигиена ғылымының өзекті мəселесі адам өмір сүретін ортаның зиянды жəне қауіпті факторларын анықтау ғана емес, сонымен қатар олардың халық денсаулығына тигізетін қауіп-қатерін бағалай білу болып табылады. Қауіп-қатер туғызатын əртүрлі факторлар нақты елдің, аймақтың жағдайларына да тəуелді екенін ескеру қажет.

3.радиоактивті заттардан қорғану.


Радиоактивті қалдықтар және олардың жіктелуі мен залалсыздандыру жолдары


Сәулелену құрамы бойынша

Агрегаттық күйі бойынша

Радиоактивті қалдықтардың жіктелуі



  • Газ

  • Сұйық

  • Қатты

  • α-сәулелену (гелий ионының сәулесі);

  • β-сәулелену (электрон);

  • γ – сәулелену

  • нейтронды сәулелену





  • Қысқа мерзімдік (Т -1 жылдан аз)

  • Орта мерзімдік (Т – бір жылдан 100 жылға дейін)

  • Ұзақ мерзімдік (Т- 100 жылдан көп)



  • Активтілігі төмен (0,1 Ки/м2 төмен)

  • Активтілігі орташа (0,1-1000 Ки/м2)

  • Активтілігі жоғары (1000 Ки/м2 жоғары)



Активтілігіне байланысты:

Жартылай ыдырау периодына қарай

Радиактивті қалдықтардың шығу көздері:



  • Құрамында табиғи радионуклидтері бар шикізаттарды алу және өңдеу кезінде -90%

  • Атомдық энергетика -5%

  • Әскери өндіріс -4%

  • Халық шаруашылығы -1%

Радиоактивті қалдықтарды көму немесе утилизациялау тәсілдері

Шынылау. Активтілік деңгейінің жоғары болуы көму тәсілі кезінде, мың жылға дейін қатты күйде сақтауға мүскіндік беретін шынылау әдісін қолдануға мәжбүр етеді. Радиоактивті қалдықтарды көмі кезінде Ресейде борсиликатты шыны қолданылады. Оның тұрақты формасы затты осындай матрица құрамында мың жылға дейін сақтауға мүмкіндік береді.

Жағу. Осы әдіспен радиоактивті қалдықтарды толық утилизациялау мүмкін болмайды. Оны экологияға зиян әкелетін заттарды аздаған мөлшерде азайту үшін қолданады. Осындай тәсілді қолданған кезде қоршаған орта үшін белгілі бір дәрежеде қауіп төндіреді, өйткені жанған нуклидті бөлшектер ауаға енеді. Бірақ бұл тәсіл кейбір маттериалдарды жоюда қолданылады.

  • ағаш;

  • макулатура;

  • киім;

  • резеңке;

  • ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар).

Тығыздау. Бұл кең таралған және сенімді тәсілдердің бірі болып табылады, өйткені қауіптілік деңгейі төмен қалдықтардың көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Осындай әрекетке арналған пресс қондырғыларының диапозоны жеткілікті жоғарыболады және 5-1000 т аралығында өзгереді. Тығыздану коэффиценті мұндай жағдайларда, өңделетін материалға байланысты 10-ға тең немесе одан да жоғары болуы мүмкін. Мұндай технология кезінде төмен қысым күші бар гидравликалық немесе пневматикалық пресс қолданады.

Цементтеу. Радиоактивті қалдықтардың көму орнын цементтеу Ресейде кең қолданылған әдіс. Құрамына түрлі химиялық заттар кіретін арнайы сұйық ерітінді қолданылады. Табиғи орта олардың беріктігіне еш әсер етпейді, демек оларды эксплутациялау мерзімі шектелмеген. Біл тәсілдің маңызы радиактивті қалдықтарды контейнерге салып, бетіне арнайы дайындалған ерітіндіні құйып, қатырады және жабық территорияға сақтау үшін көшіреді.Бұл технология активтілігі орташа деңгейдегі қалдықтар үшін қолданылады.

Дампинг. Теңізге жақын орналасқан көптеген мемлекеттер әр түрлі материалдарды және заттарды теңізге көмеді, дәлірек айтқанда радиоактивті қалдықтарды, жарылғыш және химиялық заттарды, құрылыс қалдықтарын, өнеркәсіп қалдықтарын.

Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проекторсызба – кестелер, видео-, дыбыс аппаратурасы.

Оқытудың әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру, кіріспе лекция

Деңгейлік тапсырмалар:

1деңгей. Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі – радиациялық ластану жайлыжазыңыз.

2-деңгей.Судың ластануын түсіндіріңіз.

3-деңгей. Қазақстан территориясында радиациялық ластану себептерін көрсетіңіз.



ОБСӨЖ тапсырмалары: Радиацияның табиғаты және оның биологиялық әрекеті. Қоршаған ортаның радиациялық қауіптілігі.

СӨЖ тапсырмалары: Атмосфера ауасының өндіріс шығарындыларымен ластануы.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Жұмаділлаева С., Баешов А., Жарменов А. Қоршаған орта химиясы. – Алматы, 1998.

2. Джумадуллаева С., Баешов А., Жарменов А., Мамырбекова А. Практикум по химии окружающей среды. Учебник. – Алматы, 2000.

3. Голдовская Л.Ф. «Химия окружающей среды ».М.: Мир, 2005.

4. Зилов Е.А. Химия окружающей среды.-Иркутск, 2006.
Өндірістік_қалдықтар._Химиялық_қалдықтардың_жіктелуі.__Лекция_мақсаты_мен_міндеттері'>Лекция №11. Өндірістік қалдықтар. Химиялық қалдықтардың жіктелуі.

Лекция мақсаты мен міндеттері: Өндірістік қалдықтар мен химиялық қалдықтардың жіктелуі.

Өндірістің қатты қалдықтарын рекуперациялау және утилизациялау жайлы мәліметтерге шолу.



Лекция мазмұны: Қалдық туралы жалпы түсінік, олардың құрылымы, классификациясы. Қалдықтар бұл шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың, басқада өндірісітк процестердің соңғы мақсатына дейін жетпей қалған қалдығы, дайын өнімді алғанда немесе толық және жартылай өзінің қолдану қасиеттерін жоғалтқанда пайда болады.

Адам баласының планета үстінде жинаған заттардың жалпы аумағы, жылына 4 трлн.т. жетеді. Жылына әлемдік экономикада 120 Гт қазба материалдарынан және биомассадан, барлығы 9 Гт (7,5 %) ғана өндіріс кезінде материалдарды өнімге пайдаланылады. Бұл көлемінің 80% артығы қайтадан негізгі және айналмалы материалды өндіріске енеді, яғни өндіріске қайтарылады. Тек 1,5 Гт адамдардың жеке тынысын қамтамасыз етеді. Қалдықтар өндірістік қызметтен, қолданыстан да пайда болуы мүмкін. Оыған сәйкес олар өндірістік қалдықтар және тұтыну қалдықтары болып бөлінеді. Өндірістік процесте ақаба сулар, түтінді газдар, жылу қалдықтары пайда болады.

Өндірістік қалдықтар өнімді дайындағанда толық немесе жартылай өзінің тұтыну қасиетін жоғалтқан шикізат, материал және жартылай фабрикаттардың қалдығы, сонымен бірге шикізатты физико-химиялық немесе механикалық қайта өңдегендегі өнім, олар сәйкес өңдеуден өткеннен кейін халықшаруашылығында пайдалануы мүмкін. Қалдықтардың проблемасы әіресе үлкен қалаларда өзекті мәселе, оларда үлкен өндірістік кәсіпорындар, адамдардың көп болуы. т.б. бұл қалалардың экологиялық жағдайы көптеген факторларға байланысты. Оларға автокөлік газдары, жылу станцияларының атмосфераны ластауы, кәіпорындардың тастандылары, онымен қатар табиғи сулардың сұйық қалдығымен латануы.

Тұтыну қалдықтарына әртүрлі себептерге байланыты ары қарай қолданылмайтын бұйымдар, детальдар жатықызылады. Бұл қалдықтарда өндірістік және тұрмыстық болып бөлінеді. Өндірістік қалдықтарға жабдықтардан, металдардан, резенкелеарден, пластмалардан, шынылардан шықан қалдықтар. Тұрмыстық қалдықтарына азықтық қалдықтар, тұрмыстық бұйымдарға арналған аяқ киім, киім-кешек тұрмыстық ақаба сулар жатады.

Қалдықтардың жіктелуі. Қалдықтардың жіктелуі өнеркәіптің салаларына, агрегаттық күйіне негізделген. Әрбір жағдайда аспектіне сәйкес қарастырамыз: тазалануы, қайта өңдеуі, қалдықты көмуі, токсинді әсерінің алдын алу. Әрбір өндірістік саланың өзінің қалдықтарының классификациясы болады. Қалдықтардың жіктелуі әртүрлі көрсеткішке байланысты ең негізгі адам денсаулығына қауіптілігі, зиянды қалдықтар, мысалы: инфекциялық, токсинді, радиоактивті болып бөлінеді.

Зиянды заттар жіктелуі және жалпы қауіптілік талаптары стандартына сәйкес, барлық өндірістік қалдықтар 4 қауіптілік класына бөлінеді.


Кластар Заттарға мінездеме:

Бірінші төтенше қауіпті

Екінші жоғарғы қауіпті

Үшінші орташа қауіпті

Төртінші аз қауіпті.
Қалдықтардың химиялық құрамына байланыты оның қай қауіптілік класына жататынын летальды дозасына, сонымен бірге ПДК (ШРК) на байланысты анықтайды.

Қалдықтар күйіне байланысты қатты, сұйық және газ тәрізді болып бөлінеді. Қалдықтар шығатын жеріне байланысты тұрмыстық, өндірістік ауылшаруашылық болып бөлінеді. Құрамына байланысты негізгі көрсеткіші қалдықтың шығуы болып еептеледі – органикалық неорганикалық, онымен қатар жанатын немесе жанбайтын қалдықтар болып бөлінеді. Негізгі топқа энергия түріндегі қалдықтар энергетикалық деп аталады.

Тұрмыстық және өндірістік қалдықтардың барлық түрлерін қатты және ұйық деп бөледі.

Қатты қалдықтар бұл металл, ағаш, платмассалар, және бақа материалдардың қалдықтары жатады, минералды және органикалық қалдықтар жатады. Ұйық қалдықтарға өңдеуден кейінгі қалдықтардағы сулар және газдарды дымқыл тазарту жүйесінде пайда болған минералды немесе органикалық шаңдар жатады.

Өндірістік және қолданған қалдықтардың түрлерін пайдалану мүмкінділігіне байланысты материалды ресуртарға, ал екінші жағынан экономикалық даму сатысында өңдеу тиімсіз болатын қалдықтарға бөлуге болады. Өңделетін қалдықтар пайда болатын жеріне немесе арнайы жабдықталған басқа кәсіпорындарда қайтадан өңдеуден өтеді. Кейбір өндірістік қалдықтар пайдалану қасиетінен айырылған соң қазіргі кезде өз орындарын таба алмай келеді. Бұл қалдықтар қоршаған ортаға зияны болмаса көміледі.Санитарлық гигиена жағынан қауіптілік тудырса, қалдықтарды алдын ала қауіпіздендірлігеннен кейін көмеді.

Қалдықтардың формасы және түріне байланысты 13 топқа бөледі:

1. Гальваношламдар және тұнбалар. Химиялық реактивтердің және реагентер қалдықтары; құрамында хром, никель, мыс, кобальт, мырыш, қорғасын болатын химиялық реактивтерді және реагентдерді;

2. Су құбырларының және канализациялардың қалдық сулары, құрамында мұнай бар өндірістік тұнбалар;

3. Салқындатқыш сұйытқыштар, лак бояу, өндірістердің қалдықтары, мұнай қалдықтары;

4. Пластмассалар, полимерлер, синтетикалық талшықтар, мата емес синтетикалық материалдар қалдықтары;

5. Резина техникалық бұйымдар, вулканизаторлар қалдықтары;

6. Ағаш қалдықтары;

7. Қағаз қалдықтары;

8. Қара және түсті металдардың, темір қалдықтары;

9. Шлактар, күлдер шаңдар қалдықтары;

10. Тамақ қалдықтары;

11. Жеңіл өнеркәсіп қалдықтары;

12. Әйнек қалдықтары;

13. Құрылыс индустриясының қалдықтары.

Қалдықтарды екіншілік шикізат ретінде толық пайдалану үшін олардың өндірістік жіктелуі жасалған. Мысалы: металдардың бөлшектері және қалдықтардың физикалық қаиеттеріне байланысты кластарға, химиялық құрамына байланысты сұрыптарға бөлінеді.

Қалдықтардың химиялық құрамы табиғи минералды қор құрамынан ерекшелінеді. Кейбір жағдайларда қалдықтар құрамындағы компоненттер төмен болады. Ал кейбіреуі табиғи шикізатқа жоғары болады.

Қалдықтардың көптеген түрлерін қоршаған ортаға зиянсыз және отынның дәстүрлік түрлерінің орнына пайдаланылады және жылу алуға болады. Қалдықтардың көптеген түрлері қоршаған ортаға, қала мен ауыл халқына жоғары төменділігіне байланысты үлкен қауіп төндіреді. Оларға арнайы қауіпсіздіктің алдын алу шараларынсыз көму және қоймаға орналастыру адамдарға және табиғатқа маңызды нәтижеге әкелуі мүмкін.

Бұл әсіресе радиоактивті жарылысқа қауіпті қалдықтар, жеңіл ұшатын уландырғыш заттарға қатысты, осыған қарамастан кейбір қалдықтардың өзінің химиялық құрамымен физикалық күйімен ешқандай зияны жоқ. Оларды көмуге, көлдерге, теңіздерге батырып жіберуге болады. Топырақтың химиялық ластануын нормаландыру ШРК бойынша қойылады. ШРК өз шамасы бойынша су және ауа қабылданған ШРК –дан ерекшеленеді. Бұл ерекшелік топпен байланысқа түсетін орта арқылы зиянды заттардың түсуімен түсіндіріледі.



Қатты қалдықтарды өңдеу процестері. Қатты қалдықтарды жою (ұнтақтау, ұсақтау, нығыздау және компактілеу).

Қатты қалдықтарды өңдеу үшін бөлшектеу мен ұнтақтау, классификация мен сұрыптау, қатты ортада байту, тұндыру магнитті және электрлік сепарациялық кептіру және грануляция, термохимиялық күйдіру, экстракция және т.б процестер қолданылады.

Қатты қалдықтарды механикалық өңдеу. Химиялық реагенттердің әсерінсіз өртеу, бірақ қолданылмайтын өнеркәсіптік қалдықтар үшін, механикалық өңдеудің екі түрі қолданылады: ұнтақтау мен топтатыру (престеу). Бұл органикалық және бейорганикалық қалдықтарға қатысты. Ұнтақтағаннан соң, фракциялау арқылы қалдықтарды қолдануға болатын өнімдерге айналдыруға болады. Қатты материалдарды керек көлемге дейін жаншу, соғу, сындыру, кесу, тілу сияқты әдістермен жеткізуге болады.

Бөлшектеу және ұнтақтау. Материал мен өнімнің көлеміне қарай ұнтақтауды бірнеше класқа бөледі (1 кесте).

Бөлшектеу мен ұнтақтауды құрғақ және дымқыл деп бөледі. Қатты қалдықтады минералдық негізде бөлшектеу мен ұнтақтау үшін арнайы машиналарды қолданады.


Кесте 1. Ұнтақтау кластары


Ұнтақтау класы

Ұнтақтағанға дейінгі бөлшектің көлемі, мм

Ұнтақтағаннан кейінгі бөлшектің көлемі

Ұнтақтау дәрежесі

Бөлшектеу










Ірі

1500-300

300-100

2-6

Орташа

300-100

50-10

5-10

Ұсақ ұнтақтау

50-10

10-2

10-50

Жұқа

15-5

2-0,05

50

Коллоидты

12-0,1

75,103-1,10-4

-

Бөлшектеу мен ұнтақтау дробилка немесе мельница деп аталатын машиналардың көмегімен іске асырады.

Қатты қалдықтарды ұнтақтайтын негізгі құрылғыларды мынадай кластарға бөледі:

-үгіту және сындыру арқылы ұнтақтағыш, оралған тішелі және тағы басқа үгіткіштер,

-жаншитын үгіткіш, жайпақ орамды үгіткіш, роликті-сақиналы, вертикальды, горизонтальды, және басқада мельницалар;

- соғу әсерімен үгіткіштер, балғалап үгіткіштер, дезинтеграторлар, барабандар;

- соғу және коллоидты үгіткіштер, вибрациялы реактрондар;

-басқа үгіткіштер; пуансондар, аралар.

Бөлшектеу үшін жаншу принципімен жұмы ісстейтін конусты, валикті үгіткіштер және соғатын үгіткіштер (балғалы, роторлы, дезинтеграторлы) қолданылады.

Беткейлі үгіткіштер материалды қозғалмайтын металдың арасы мен тербелмелі бетін ардайым жаншып тұрады. Қозғалмайтын үгіткіш тігінен, қозғалмалы –соған бұрышталып орналасады.

Конусты бөлшектегіш ірі орташа және ұсақтап бөлшектеу сатысында қолданылады, оларды бөлшектейтін беті екі конус тәрізді. Конусты бөлшектегіштің салатын тесігінің ең үлкен көлемі 2000 мл.

Валик тәрізді бөлшектегіштер орташа және ұсақ бөлшектеу үшін қолданылады.

Балға тәрізді бөлшектегіш барабанда орналасқан қалдықтарды балғаның күшімен сындырады. Бұл бөлшектегіш жұқа және пластик тәрізді материалды ірілеп бөлшектеу үшін қолданылады.

Шахталы диірмен бөлшектегіш. Балға тәрізді бөлшектегіш. Диірменнің сыртқы жағы арнайы фундаментпен құйылған және муфти двигательмен қосылған. Өндірістік және тұрмыстық қоқыстарды бөлшектеуге арналған.

Дезинтеграторлар екі ротордан тұрады: үлкен және кіші диаметрлі.Бұл аппарат жұмсақ және жұқа материалдарды орташа және ұсақтап бөлшектеу үшін қолданылады.

Электрогировикалық әсер сұйықтықта жоғары вольтты разрядты қолдануға негізделген.

Жару арқылы жою. Бөлшектегі материал бөлшегіне қысым көрсету. Жару әдісін көмір, асбест, темір, ағаш сияқты материалдарды жою үшін қолданылады.

Себу және класқа бөлу. Қатты қалдықтарды бөлшектеуде, матеиалдарды ұнтақтау дәрежесі әртүрлі, ол қалдықтардың қаттылығына және формаларына байланысты.

Бөлшекті және ұнтақ материалдарды бөлшектеуге бөлу үшін әр әдістер қолданылады:

-себу немесе елеу

-гравитационды-инерциялық күштің әерімен бөлу

-гравитационды орталық күштің әсерімен бөлу

Құрғақ ұнтақтауда көбінесе ауа, сирекрек түтінді немесе инертті газдар, ал дымқылда су қолданылады.



Престеу және қалдықтарды жинақтау. Қатты қалдықтарды престеу мен жинақтау оларды көліктермен тасымалдау негізінде олардың көлемін азайту транспорттық шығындарды азайтады, табиғатты қорғау технологияларының тиімділігі артады.

Қатты қалдықтарды байыту нәтижесінде бірнеше өнімдер алынады: концентраттау, аралық өнімдер, құйрықтар.

Концентраттар –байыту компоненттері, онда пайдалы компоненттер жоғары ал зиянды қоспалар төмен.

Құйрықтар–зиянды қоспалармен қалдықтардың пайдалы компоненттеріне кіретін байыту өнімдері. Құйрықтар белгілі бір технологиялық циклдің қалдығы ретінде өндірістің бақа саласында шикізат ретінде қолданылуы мүмкін.

Аралық өнімдердің негізгі компоненттері концентратқа қарағанда аз мөлшерде болады.

4. Қатты қалдықтарды залалсыздандыру. Қатты және тұрмыстық қалдықтардың мәселесі, қалдықтардың морфологиялық құрамының күрделі болуымен байланысты.

Селективті жинау технологиясы: шынылар, молекулалар, полимерлі және металды шөлмектер, тұрмыстық және қатты қалдықтарды 2 жүйелі жою түрі бар. Селективті жинау арнайы контейнерлерде жиналады, олар тұрмыстық және қатты қалдықтар жиналған жерлерде болады: дүкендерде, сауда-саттық нүктелерінде, демалыс орындарында, тұрғылықты аудандарда түрлі контейнерлер жинайды.

Ресей Федерациясында жинау, өңдеу жүйелері мүлдем жоқ. Тұрмыстық қалдықтарды қабылдау үшін 0,1 ден 0,8 м3 станционарлық контейнерлер қолданылады. Бұл контейнерлерге асфальттар және бетондар салынады. Ең бірінші тұрмыстық қалдықтарды өңдеу сатысында ұсақтау болып табылады, ол үшін балғалы, соққы көрініс мельницалары қолданылады.

Металды және қағазды тұрмыстық қалдықтарды өңдеу процестері жақсы дамыған. Қалдықтарды жинау біткеннен кейін, оларды жылдам өңдеу керек. Контейнерлердегі жиналған қалдықтар оңай өңделеді.



Қатты қалдықтарды утилизациялау. Мамандардың айтуы бойынша өндірістік, тұрмыстық қалдықтар қайта өңдеуге жарамды. Қалдықтарды қайта өңдеу және қолдану бір іс, оларды қоқсықтан тазалау қажет. Қоқыстан қара металл, қағаз, пластик, пластмаса және органикалық зат алынады. Құрамында тағам, көкөніс өнімдері болса, органикалық заттың бөлігінен малға азық жасалынады, қалған бөлігінен копост дайындалады, одан қалға қалдықты 50% жағылады.

Қалдықтарды жою кезеңдеріне және технологиялық циклін қолданумен байланысты әрекетті айтады. Жою үрдісінде іс-әрекеттің бірнеше түрлерін белгілеуге болады: қалдықтарды жою, екінші шикізатты қайта өңдеу, сонымен қатар биотаралатын фракциялардың қайта жұмысының саны.

Қоқыс сұрыпталатын кешенді пайдалануы:


  • қоқыс сұрыптаушы станция өзара байланысқан түйіршіктер мен

агрегаттардың қасиетінің жиынтығы;

  • қоқыс сұрыптаушы станцияның саны.

Қоқыс сұрыптайтын станция келесі негізгі көрсеткіштер бойынша топтастырылады:

  • сұрыптаудың желіс саны;

  • қоқыс сұрыптаушы станция негізгі элементтерінің фундаменттерінің

орналасу деңгейі.

Ұсынылатын технологияның үрдісі өзіне келесі этаптарды қосады:



  1. Сұрыптау орнына бөлек емес жиналатын қалдықтардың тиеуі;

  2. Қалдықтардың алғашқы қабылдауы мен беруі;

  3. Қалдықтардың механикалық сепарациясы;

  4. Қалдықтардың магниттік сепарациясы;

  5. Жойылмайтың қалдықты жоюуы;

  6. Жойылмайтың қалдықтарды көліктін көмуге шығару;

  7. Бір түрлі жойылатын қалдықтар компоненттерін шығару мен тасуы.

Ұсынылып отырған технология қаражат шығын көрсетпейді, температуралық режімі кәдімгідей. Осыдан шыға отыра, қоршаған ортаны қорғауға негізгі талаптарға осы санатты объект үшін санитарлық қорғау аймағының кешенін жобалау және құрылыс кезінде нақтау болып табылады.

Қалдықтарды өңдеу және өртеу. Тұрмыстық қоқысты залалсыздандырудың бір әдісі биотоп деп аталатын биологиялық өңдеу. Залалсыздандыру және өңдеу қоқыстың өздігінен жануы есебінен жүзеге асады, сондықтан биотермиялық деп атайды. Бұл процесс аэробты жағдайда жылу сүйгіш және әртүрлі микроағзалардың өсіп жетілуінің нәтижесінде болады.

Қазіргі кезде қоқыс зауыттарда қалдықтарды залалсыздандыру процессін механикаландырылған биотермиялық жолмен жүзеге асырады.



5. Қазақстандағы қоқыс өңдейтін зауыттар. Қазақстанның аумағында өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының 20 млрд. тоннадан астамы, оның iшiнде 6,7 млрд. тонна улы заттар жинақталған, әрi олардың ұлғаю үрдiсi байқалуда.

Бұл ескiрген технологияларды қолданумен, сапасыз шикiзатпен және отынмен, кәсiпорындардың өндiрiс қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта құнарландыруға қаражат жоқтығымен түсiндiрiледi.

Уытты қалдықтарды қоса алғанда, өндiрiс қалдықтары әлi күнге, көбiнесе тиiстi экологиялық нормалар мен талаптарды сақтамастан, түрлi жинақтағыштарда қойылып, сақталады. Осының нәтижесiнде көптеген өңiрлердiң топырағы, жер асты және жер үстi сулары қарқынды ластануға ұшыраған. Қойылатын қалдықтардың үнемi ұлғайып отырған көлемi жаңа техногендiк ландшафтар қалыптастырады. Yйiндiлер мен террикондар биiктiгi өскен сайын олар шаң құраудың неғұрлым қарқынды көздерiне айналады.

Қатты тұрмыстық қалдықтардың негiзгi массасы құрауыштарға бөлшектенбестен шығарылып, ашық күресiндерге тасылады және қойылады, оның 97%-i Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және санитарлық заңнамасы талаптарына сай емес. Оларды орналастыру және жайғастыру жобасыз және қоршаған ортаға әсерi бағаланбастан жүргiзiлген.

Республикада қатты тұрмыстық қалдықтардың шамамен тек 5%-i ғана кәдеге жаратылады немесе жағылады. Өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарға байланысты проблемаларды шешу үшiн өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетiлдiру жөнiндегi салалық және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу қажет. Осы бағдарламалар шеңберiнде қатты қалдықтарды басқару жүйесiнiң әзiрленуi, қалдықтарды басқару құрылымын реформалау, қалдықтардың жинақталуын кемiтуге бағытталған нормативтiк құжаттарды әзiрлеу және енгiзу, қалдықтарды басқарудың есебiн жүргiзу және бақылау жүйесiн ұйымдастыру, қалдықтарды ұқсату және қайталама пайдалану жөнiндегі үлгiлiк бағдарламаны әзiрлеу, неғұрлым таза өндiрiстi енгiзу жөнiндегi ғылыми зерттеулердi жүргiзуқалдықтарды басқарудың үдемелi жүйелерiне мамандарды оқытуды ұйымдастыру, өндiрiстiк қалдықтарды көму мен өнеркәсiптiк және басқа да ақаба суларды жерге төгу шарттары бойынша республика аумағын аудандарға бөлу көзделуi тиiс.

Павлодарда қоқыс өңдейтін зауыты.16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Павлодарда қуаттылығы жылына 70 мың тонна қалдық өндіретін, құны 60 млн. еуро болатын қоқыс өңдейтін зауыт салу жоспарланып отыр.

 Железинка, Көктөбе, Баянауыл, Ертіс аудандарының орталықтары мен Ақсу қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары құрылысының жобалық құжаттары жасалды.



Маңғыстаудағы мұнай қалдықтарын өңдеу зауыты. Маңғыстау облысының аумағында қазір шамамен 2,5 млн тоннадай мұнай қалдығы жатыр. Қатты мұнай қалдықтарының біразы, 1,6 млн тоннасы Жаңаөзен қаласының айналасына төгілген. Сонымен қатар бұл жерлердегі мұнай құбырларындағы апат салдарынан төгілген қара алтын бүгінде мұнай көлшіктеріне айналған. Бұл өз кезегінде қоршаған ортаға қауіп төндіріп, ауаны ластап жатыр. Жаңа ашылған кәсіпорын осы мәселені шешуді көздейді. Зауыт әзірге жылына 100 мың тонна қалдық өңдеуге қауқарлы. «Тапсырыс молайса, өндіріс қуатын арттыратын боламыз»,-дейді кәсіпорын басшысы. Зауыт мұнай қалдықтарынан қалдық қалдырмайтын инновациялық технологиямен жабдықталған. Мұнда жерде жатқан қара алтын қалдықтарынан үш бірдей өнім алынады.

Алғашқы өнім – кәдімгі құм. Таратып айтсақ, жерде жатқан мұнай қалдықтарын топырағымен қосып, алғашқы өңдеу жүргізетін контейнерлерге салады. Өңдеу процесі дұрыс жүру үшін су қосылады. Онда арнайы құрал-жабдықтардың көмегімен қалдықтар екіге айырылады. Майлы су мен құм алынады. Құм – зауыттан шыққан алғашқы өнім болып табылады. Оны жол төсеуге, құрылыс саласына жұмсауға болады. Ал, майлы судан екінші өнім алу үшін келесі цехқа жіберіледі.Екінші цех автоматты түрде басқарылады. Мұнда білікті деген мамандар еңбек етіп жатыр. Олар құмнан айырылып келген майлы суды арнайы технологияның көмегімен сүзгіден өткізеді. Бірнеше мәрте тазартылған майлы судан техникалық су шығады.

Мұнай қалдығынан шығатын соңғы өнім – кемелерге қажетті жанармай. Қазір тәулігіне 30-40 текше метрдей сұйық отын шығарылып жатыр.

Қазірде 7 млн.астам химиялық заттар түрі мәлім. Оның 600 мыңдайы ғана кең көлемде қолданыста. Халықаралық нарықта жыл сайын 500-ден 1000-ға дейін жаңа химиялық қоспалар мен қосылыстардың түрлері шығарылуда. Химиялық заттардың жұмысшыларға әсері түрлі кәсіптік салада жұмыс жасау кезінде табиғи шикізатты өңдеу және алу, өндірістік өнімдерді дайындау мен тасымалдауда, транспортта жұмыс жасау барысында, ауылшаруашылығында және басқа да еңбек ету аясында байқалады. Әсіресе түрлі қоспалармен жұмыс жасау химиялық өндірісте байқалады,шикізат өнімдері,аралық қосылыстар жүмысшылардың денсаулығына зиянды әсерін тигізбей қоймайды.

Еңбек ету барысында адам ағзасына әсер етіп,оның жұмыс жасау қабілетін төмендететін немесе денсаулығына нұқсан келтіретін-химиялық заттардың қатарына өндірістік немесе кәсіптік улану жатады. Олар өндірістік улану немесе токсиндік заттар,яғни,токсиканттар деп аталады. «Өндірістік улану» ұғымына да кең мағынада жұмсалатын термин «зиянды зат» ұғымы. Зиянды заттар құрамында улар да, фиброгенді негіздегі аэрозолдар да кездеседі.

Өндірістік у-белгілі бір жағдайларда (мысалы жұмыс аумағы ауасы үшін шекті-рауалы концентрациясынан асып кеткен жағдайда), кәсіпорын қызметкерлерінің улануын туындатуы мүмкін,өндірістің бастапқы аралық, жанамалы немесе соңғы өнімі болып саналатын у.


Өндірістік улар қатарына көп жағдайда,шикізаттық,аралық және өндірістің қалдық өнімдері жатады, сондай-ақ қоспалар, қосалқы заттар да өндірістік улар қатарына жатқызылады. Мысалы, химиялық зауыттарда шикізат ретінде бензол, күкірт көміртегі, анилин, хлор және басқа да улы заттарды қолданады.

Улардың әсер етуі жалпы резорбтивті немесе тікелей болуы мүмкін. Жалпы әсер етуі қанға удың сіңірілуі нәтижесінде пайда болады. Мұндағы жағдайда салыстырмалы таңдау жиі болады. Сол дене мүшесінің ерекше зақымдануы болады. Мысалы, марганецпен уланған нерв жүйесі, бензолмен уланған-қан айналым мүшелерін айтуға болады.

Тікелей әсер етуде удың тиген жерінде ұлпаның зақымдануы, ісу, тері және шырышты қабаттың іріңдеуі – әсіресе, қышқыл және сілтілік ерітінділермен және бумен жұмыс жасау барысында туындайды. Тікелей әсер ету түрі нерв талшықтарының рефлекторлық реакциялануы және ұлпа ыдырау барысындағы өнімдерді сорып алуға қатысты жалпы құбылыстармен сипатталады.

Халық шаруашылығында қолданылатын химиялық заттардың саны көп. Олар былай жіктеледі:



Химиялық систематикасы:

-органикалық;

-бейорганикалық;

-элементті-органикалық.



Ағзаға әсер ету қасиеттері бойынша:

1) Тұншықтыратын:


-қарапайым тұншықтырғыш, демалатын ауадан (азот, сутегі, гелий) оттегін қысу;
-химиялық әсер ету, жасуша мен қан арасында газ алмасудың бұзылуы (СО, синилді қышқыл);
2) Тітіркендіргіш — өкпе немесе демалу жолдарының сілемейлі қабықшасының тітіркенуі.
3) Ұшпа анашалар:
-қанға түскеннен кейін жүйке жүйесіне әсер етеді:
-соңы толық анықталмаған анаша заттары (эфирлер, майлы, азот тұнбасы);
-ішкі ағзаға кері әсер ететін заттар (галаген өндіретін майлы қатар);
-қан жүйесіне әсер ететін заттар (араматты көмірсутектер);
- жүйке жүйесіне әсер ететін заттар (алкаголь, майлы қатардағы күкіртті қосылыстар);
-қанға және қан айналымына әсер ететін органикалық азотты қосылыстар (анилин, нитробензол).
4) Әртүрлі әсер ететін металлорганикалық және бейорганикалық қосылыстар (сынап, қорғасын, фосфор).

Зақымдануына байланысты:
- нейтротропты;
-гепатотропты;
-невротоксикалық;
-кардиотоксикалық;
-қан уы.

Спецификалық әсеріне байланысты:
-аллергендер;
-тератогендер;
-мутагендер;
-супермутагендер;
-концерогендер (күшті, әлсіз, орташа).

Қауіптілігіне байланысты (класстар):
1- төтенше қауіпті (Be, Cd, Pb, Hg, Tl).
2- жоғары қауіпті (Sb, As, Ba,Se),
3- жай қауіпті (Cr, Ag, Al),
4- азғана қауіпті (Cu, Fe, Mn, Zn, Ni, Ge, Sr, Rb, Cs).

Агрегатты күйде:
-газ;
-бу;
-аэрозольдар.

Улы химикаттар (пестицидтер):
-инсектицидтар;
-гербицидтар;
-фунгицидтар
Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проекторсызба – кестелер, видео-, дыбыс аппаратурасы.

Оқытудың әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру, кіріспе лекция

Деңгейлік тапсырмалар:

1деңгей. Қазақстандағы қоқыс өңдейтін зауыттар жазыңыз.

2-деңгей. Қара алтын қалдықтарынан үш бірдей өнім алынады ашып түсіндіріңіз.

3-деңгей. Қалдықтардың формасы және түріне байланысты 13 топқа бөледі атап көрсетіңіз.



ОБСӨЖ тапсырмалары:Қалпына келмейтін энергетикалық ресурстар: көмірсутектік отын, ядролық энергия, сутектік отын.

СӨЖ тапсырмалары: Қышқыл жаңбырлар.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Жұмаділлаева С., Баешов А., Жарменов А. Қоршаған орта химиясы. – Алматы, 1998.

2. Джумадуллаева С., Баешов А., Жарменов А., Мамырбекова А. Практикум по химии окружающей среды. Учебник. – Алматы, 2000.

3. Голдовская Л.Ф. «Химия окружающей среды ».М.: Мир, 2005.

4. Зилов Е.А. Химия окружающей среды.-Иркутск
Лекция №12 Химиялық экология және энергетика.

Лекция мақсаты мен міндеті: Энергия түрлері және оның сапасының коэффициентері.Қалпына келетін және келмейтін энергетикалық ресурстар жайлы түсінік қалыптастыру.

Лекция мазмұны: Энергетикалық ресурстар. Энергетикалық  ресурстарға барлық механикалық, химиялық және физикалық энергия көздері жатады. Энергетикалық ресурстар олардың табиғатына, алу жолдарына және басқа да нышанына байланысты топтастырылады.

Қатты органикалық отын және уран ресурстарының көп мөлшері өнеркәсібі дамыған елдердің жерінде болса, мұндай ресурстары мен гидроэнергия негізінде дамып келе жатқан Азия, Африка және Латын Америка елдерінде.

Жер қойнауындағы отын қоры болып көмір, мұнай, газ және уран рудалары саналады. Көмірдің дүниежүзілік қоры 9-11 трлн тонна, оның ішінде 50 пайызы ТМД елдеріның жерлерінде шоғырланған. Жылына орта есеппен пайдалануға жерден алынатын мөлшер 4,2 млрд.тонна.

Дүние жүзілік мұнай қоры 840 млрд. Дүниежүзілік табиғи газдың қоры 300-500 трлн м3. Табиғи газдардың үлкен қорлары Иракта, Сауд Аравиясында, Алжирде, Ливияда, Нигерияда, Венесуэллада, Мексикада, АҚШ-та, Канадада, Австралияда, Ұлыбританияда, Норвегияда, Голландияда, Ресейде, Қазақстанда.  Жыл сайын Ресей 800-850 млрд. м3   табиғи газ өндірсе, Қазақстанда 5-7 млрд м шамасында өндіріледі

Күн- өте үлкен қуатты энергия көзі. Оның 22 күн ішінде жерге берген энергия қуаты бүкіл Жер әлеміндегі органикалық отынның қуатына тең. Күн қуатын өнеркәсіп пен тұрмыс жағдайында қалай қолдануға болатыны бұл да шешілмеген проблеманың бірі.

Жел энергиясынан электр тоғын алу процестеріне экологиялық тұрғыдан қарасақ, мұны таза технологияға жатқызуға болады.

Жалпы геотермальдық энергия қоры 200 гВт  шамасында, негізінде ол Тынық мұхиттың төңірегінде шоғырланған.

Тағы бір энергия көзі – биомасса. Оның құрамындағы күкірттің мөлшері 0,1%, ал күлділігі-3-5%-тен аспайды. Биомассадан алынған газды оын ретінде пайдаланып, турбогенераторлардың көмегімен электр тоғын ал жолы басқа белгілі әдістермен бәсекелеске алады.

Пайдасы мен бірге мұнай өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері де аз емес. Қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері де аз емес. Қоршаған ортаның ластануы іздеу барлау және мұнай, газ өндіретін ұңғымалар құрлысынан басталады. Бұл кездегі ластаушы көздерге бұрғылау қондырғыларында орнатылған дизельдерден шығатын түтіндер, азот пен көміртек оксидтері, шаң, бұрғылау ертінділері және т.б. бұрғы мұнарасынан 800 м алшақтыққа дейін топырақ және өсімдіктер бұрғылау сұйығымен ластанып, зардап шегетіні ғылыми түрде дәлелденген.

Мұнайды алғанда табиғатқа тиетін зардаптар мынадай:

- Апатты жағдайлардың болуын азайту мақсатында көптеген шаралар қолдануға тиіс. Мысалы, коррозиямен күресідің нәтижелі жолдарын іздестіру және тасымалдау құбырларын жиі тексеру, жөндеу жұмыстарын уақытылы ұйымдастыру.

-мұнайды жер бетіне шығару үшін біраз жер ресурстарының әртүрлі құрлыс обьектілерін салуға айналымнан шеттелуі, жер сұрқының бұзылуы, ластануы.

-ластаушы заттар бөлініп, атмосфераның, жер бетіндегі және жер астындағы сулардың, топырақтың олармен ластануы

-мұнаймен қоса жер бетіне жоғары минералды судың шығуы

-бұрғылауда шыққан қалдықтарды көму

-мұнайдың төгілуі.

Негізінде негативті әсерді мұнай шығаратын кәсіпорындар атмосфералық ауаға тигізеді. Осы өндірістен шығатын ластаушы компоненттерге көмірсутектері, көміртек оксиді, қатты заттар жатады. Осы салада мұнаймен бірге қосыла шығатын газ әлі толығымен қолдануын таппағанына байланысты, жыл сайын оның көлемінің 20 пайызы пайдасыз алуда жағылады, сондықтан қоршаған ортаны ластаумен қатар табиғи ресурс ысыраптанылады. Осыған байланысты бұл газдарды кәдеге асыру жолдарын іздестіру қажет.Бұрғылайтын қондырғылар мен магистральды газ-мұнай тасымалдайтын құбырлар кездейсоқ апатты жағдайға ұшыратуы мүмкін, осы кезде қоршаған ортаның, әсіресе жер бетіндегі сулардың ластануы орын алады. Апаттық жағдайдың тууының негізгі себебі тасымалдау құбырларының коррозия процесіне ұшырап, жарылуы, сонымен қатар құрылыс техникасының осы құбырларды басып езіп кетуіне немесе технологиялық және құрлыстық ақаудың болуына да байланысты келеді.Мұнай шығаратын өндірістер басқалармен салыстырғанда суды көп жұмсайтын болғандықтан, олардың суаттарға жіберетін ластанған ақаба суларының көлемі де жеткілікті. Қазақсанда мұнай өңдейтін кәсіпорындар 1945 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Бірінші іске қосылған Атырау мұнай өңдеу зауыты, ол 1959 жылға дейін тек сырттан әкелінген шикізатты өңдеді, яғни Түркменістан мен Әзірбайжанның мұнайын. Қазіргі кезде республикада жұмыс істейтін тағы да екі мұнай өңдейті зауыт бар- Павлодар мен Шымкент мұнай өңдеу зауыттары. Ақтау қаласында мұнайдың ілеспе газынан алынатын этан фракциясын өңдеп этилен, этилбензол, стирол және полистирол шығаратын біріктірген ірі тоннажды өндіріс пен пластмасса зауты жұмыс істейді. Бұл зауытта бояу өңбейтін алуан түрлі пластмассалар алынады. Мұнай өңдейтін зауыттар ауа мен су бассейндерін ластайтын көздің бірі. Ластаушы заттар шығаратын негізгі көздерге- мұнайды күкірттен тазарту мен катализаторларды регенерациялау процестері, қыздырғыштар және қазандықтар жатады. Сонымен қатар мұнайдан, одан алынған өнімдерді  сақтайтын ыдыстардан, су мен мұнай сепараторларынан әртүрлі заттар бөлініп, қоршаған ортаны ластап отырады.Мұнай өңдейтін өндірістің кәсіпорындары атмосфераны көмірсутектермен, күкіртті оксидпен, көміртек оксидімен, азот оксидімен ластайды. Бұл кәсіпорындар көп мөлшерде суды қажет етеді, ал олардан шыққан ақаба суларда көп мөлшерде мұнай өнімдері, сульфат, хлорид, азот қосылыстары, фенол, ауыр металдардың тұздары болғандықтан, суаттар осы заттармен ластанып отырады. Топырақты да ластайтын осы қосылыстар.
Радиоактивтi сәулелердiң биологиялық әсерi. Биологиялық қорғаныс

Радиоактивтi сәулелер өздерi түскен затқа, әсiресе тiрi тканьге өте күштi әсер етедi. Радиоактивтi сәулелердiң организмге әсерi оларда бос химиялық радикалдардың пайда болуымен және клеткадағы мутациямен байланысты. Ал бұл өте қатерлi. Ол сәуле ауруына немесе қатерлi iсiкке алып келуi мүмкiн. Иондаушы сәулелердiң әсерi сәулелену дозасы деп аталатын ерекше шамамен бағаланады.


Сәулелену дозасы D деп сәулелену энергиясының сәулеленген дененiң массасына қатынасын айтады. Доза бiрлiгi ретiнде грей деп аталатын шама алынады. Грей деп массасы 1 кг денеге 1 Дж энергия түскен кезде, шамасы сол затқа жұтылған энергияға тең болатын шаманы айтады.
Жұтылған сәуле дозасының сәулелену уақытына қатынасын сәулелену дозасының қуаты деп атайды.
Иондаушы сәулелердiң кез-келген затқа әсерi бәрiнен бұрын атомдар мен молекулалардың иондалуымен анықталады. Сондықтан иондаушы сәулелердiң сандық өлшемi ретiнде экспозициялану дозасы деп аталатын шаманы алады. Ол иондаушы сәуленiң ауаға әсерiмен анықталады, яғни экспозициялану дозасы деп ауаны фотондармен сәулелендiру кезiнде құрғақ ауада туындылайтын бiртектi зарядтардың сол ауа массасына қатынасын айтады.
X=q/M
Күнi бүгiнге дейiн экспозициялау дозасының рентген деп аталатын жүйеден тыс бiрлiгi қолданылады. 1 Р = 2,58•10-4 Кл/кг
Жұтылған доза мөлшерi бiрдей болғанымен әртүрлi сәулелердiң биологиялық әсерi әртүрлi болады. Мысалы альфа-сәуленiң 1Гр-нiң тiрi организмге әсерi гамма-сәуленiң 20 Гр-нiң әсерiндей болады. Әртүрлi сәулелердiң әртүрлi биологиялық әсерi k - сапа коэффициентiмен сипатталады. Жұтылған дозаның сапа коэффициентiне көбейтiндiсi эквиваленттi доза Н деп аталады. H=D• k. Эквиваленттi дозаның өлшем бiрлiгi зиверт (Зв).
Жоғарыда айтқанымыздай, радиоактивтi сәулелердiң тiрi организмге әсерi клеткадағы атомдар мен молекулаларды иондауымен байланысты. Бұл сәуленiң тiрi клеткаға әсерiнiң бiр қатерлi салдары осы клетканың бөлiнуі арқылы жаңа клетка пайда болу функциясының бұзылуы. Қатердiң кейбiр белгiлерi сәулелене салысымен бiлiнсе, кейбiрi бiраз уақыттан соң ғана белгi бередi. Мысалы сәуле әсерiне ұшыраған адам лейкоздан орташа алғанда 10 жылдан кейiн қайтыс болады. Iсiк ауруына шалдығудың ықтималдылығы алған дозаның мөлшерiне пропорционал.
Иондаушы сәулелердiң биологиялық әсерi және олардың адам өмiрiне қауiпсiз дозасы жөнiндегi мәселе Жер бетiнде иондаушы радиацияның табиғи фонының болуымен байланысты. Бұл радиация Жер бетiнде саналы өмiр қалыптаспай тұрып та болған. Бүкiл өмiр эволюциясы осы табиғи радиация фонында қалыптасты. Сондықтар табиғи фон деңгейiндегi радиация адам өмiрiне ешқандай қауiп тудырмайды. Радиацияның табиғи фоны бiр жағынан Жер қыртысындағы радиоактивтi элементтердiң ыдырауымен екiншi жағынан ғарыштан келетiн сәулелермен байланысты. Сонымен қатар радиация деңгейiнiң артуына ядролық жарылыстардың да әсерi мол.
Кейбiр мамандық иелерi өз кәсiбiне байланысты табиғи фонға қосымша сәуле әсерiне ұшырайды. Олар, мысалы, рентгенолог-дәрiгерлер, атом станцияларының қызметкерлерi, ғарышкерлер, ғалым-физиктер т.с.с. Сондықтан, сәулеленудiң адам өмiрiне қауiпсiз деңгейiн анықтау қажет болатын. Оның мәнi бiр жыл үшiн 50 мЗв-ға тең.

Энергияның таза гравитациялық көздерін қолдану мүмкіндіктері

Күн энергиясы

Күн − энергияның іс жүзінде сарқылмайтын көзі. Оны тікелей немесе жанама, яғни фотосинтездің өнімдері, судың айналымы, ауа массаларының қозғалысы және т.б. арқылы пайдалануға болады.

Көбінесе күн энергиясын жинау әртүрлі коллекторлардың көмегімен жүршізіледі. Қазіргі кездің өзінде көптеген елдеоде (АҚШ, Израиль және т.б.) жылумен, ыстық сумен қамтамасыз етуде күн энергиясын пайдаланады. Парниктерде қарапайым құрылғылардың көмегімен күн энергиясын жинауға болады. тәуліктің жарық кезеңінде жылуды жинау үшін беттік ауданы мен жылу сыйымдылығы жоғары материалды орналастырады. Олар: тастар, су, металл, құм және т.б. болуы мүмкін. Күндіз олар жылуды жинайды, ал түнде бөліп шығарады. Мұндай құрылғылар Ресейдің, Қазақстанның және Орта Азияның оңтүстік бөліктерінің теплицаларында кеңінен қолданылады.

Күнді электр энергиясын өндіруде пайдалануға болады. күн энергиясын электр энергиясына айналдыру фотоэлементтердің көмегімен жүзеге асырылады. Бірақ фотоэлементтерді қолданудың қияндығы олардың өте қымбат болуы мен үлкен аудан алуына байланысты. Күн радиациясына бай елдерде шаруашылықтың жекелеген салаларын толық күн энергиясымен электрификациялау жобалары жасалған. Мұндай энергияны пайдалану жоғары дәрежедегі экологгиялылығына байланысты дәстүрлі жолмен алынған энергиядан пайдалы болып шығады.

Күн энергиясын электр энергиясына айналдырудың екінші жолы, бұл − турбогенераторды қозғалысқа келтіретін суды буға айналдыру процесі. Бұл жағдайда күн сәулелерін жинайтын көптеген линзалар бар энергомұнаралар және арнайы күн тоғандары жасалады.

Күн энергиясын фотосинтез немесе биомасса арқылы алуға болады. фотосинтез энергиясын алудың ең қарапайым жолы − органикалық затты жағу. Өнеркәсіптік даму жолына түспеген елдер үшін бұл негізгі әдіс болып табылады. Бірақ органикалық затты басқа отын көзіне айналдыру жолын пайдаланғанда алдымен оны экологиялық жағынан тиімді түрге, яғни органикалық затты биогазға не этил спиртіне айналдырып алу қажет.

Параболалық концентраторлар

Күн сәулесінен Жер бетіне келетін апталық күн энергиясының мөлшері мұнай, газ, көмір және уранның әлемдік қорынан алынатын энергиядан әлдеқайда көбірек. Күн энергиясы жылуын әртүрлі әдіспен алуға болады. Қазіргі таңдағы жаңа технология бұл − параболалық концентраторлар.

Бұл қондырғыда сұйық­жылу тасығыш түтікшелері арқылы күн сәулесін қабылдайтын параболалық айналалар қолданылады. Түтікшелердегі сұйықтық 400ºС­қа қызады және жылуалмастырғыштар арқылы өтіп, электр қуатын өндіретін турбогенераторды қозғалысқа келтіретін бу бөлінеді.

80-жылдары Оңтүстік Калифорния шөлінде “Luz International” фирмасы орналастырған осындай тоғыз жүйе қазіргі таңда күннің жылу энергиясын алуда маңызды роль атқаруда. Бұл электростанциялар электр қуатын Оңтүстік Калифорнияның коммуналды электр желісіне беріп отырады. 1984 жылы “Luz International” Деггеттада (Оңтүстік Калифорния) қуаты 13,8МВт “Solar Electric Generating System I” (SEGSI) электрогенераторлық жүйе орналастырған. Қабылдау түтікшелерінде май 343ºС дейін қыздырылып, электр энергиясын тудыратын бу өндіріледі. «SEGSI» қондырғысының жылу бөлуі 6 сағатқа арналған. Сонымен қатар, табиғи газ жағатын пештер орналастырылған, олар күн радиациясы жоқ кезде қолданылады. Осы компания қуаты 30МВт “SEGS II - VII” аналогтық электростанциялар салды. 1990 жылы Харпер Лейкте қуаты 80МВт болатын “SEGS VIII және IX” қондырғылары салынды.

Бұл гелиоқондырғы параболалық тарелкалы айналар батереясы түрінде (спутниктік тарелкаларға ұқсас), олар күн энергиясын әрбір тарелканың шағылыстыру нүктесінде орналасқан қабылдағыштарға шағылыстырады. Қабылдағыштағы сұйықтық 1000 градусқа дейін қызып, двигатель мен генераторда электр қуатының пайда болуына септігін тигізеді.

Бұл технология жоспарларының бірі − STEP (Solar Total Energy Project) америка штаты Джорджияда жасалған. Бұл 1982-1989 жылдары Шенандоада жұмыс жасаған ірі параболалық айналар жүйесі. Ол әрқайсысының диаметрі 7 метрден тұратын 114 айнадан тұрады. Жүйе электр қуаты үшін жоғары қысымды бу, тоқыма өнеркәсібі үшін орташа қысымды бу және сол тоқыма өндірісінде ауа конденсациясы үшін төмен қысымды бу шығаратын.

Бұл жүйеде айналмалы шағылыстырушы гелиостаттар қолданылады. Олар күн сәулесін жинақтап мұнара басында орналасқан орталық қабылдағышқа жеткізеді. Қабылдағыштар жылуды жұтып, турбогенераторды іске қосады. Қабылдағышта циркуляцияланған сұйықтық жылуды бу түрінде жылу аккумуляторларына жеткізеді. Бу электр энергиясын алу үшін турбинаны айналдырады. Қабылдағыштағы температуралар 538 градустан 1482ºС­қа дейін жетеді. Алғашқы “Solar One” деп аталатын мұнаралы электростанция Барстоуда (Оңтүстік Калифорния) электр энергиясын өндірді. Өндіріс 1980-жылдары жұмыс жасады. Мұнда қуаты 10МВт су­бу жүйесі қолданылды. Жел энергиясы

Біз ауалық мұхиттың түбінде-желдер әлемінде өмір сүреміз. Қозғалыстағы ауалық массалардың энергиясы орасан көп. Жел энергиясының қоры, ғаламшарымыздағы барлық өзендердің гидроэнергияларының қорынан жүз есе көп. Біз тұратын ауалық мұхитта тыныштық емес. Біздің мемлекетіміздің төңірегінде соғатын желдер, елімізді электрэнергиясымен қамтамасыздандырады. Еліміздегі климаттық жағдайлар жел энергетикасын дамытуға қолайлы.

Әр түрлі авторлардың бағалауынша Жер бетіндегі жел энергиясының потенциялы 1200 ТВт дейін жетеді, бірақ осы потенциалды қолдануға Жер бетінің әр төңірегінде біркелкі емес. Вертикаль қимадан өтетін жел қозғалысының қуаты, энергияны түрлендіруге жеткілікті болу үшін 20-30 м биіктікте желдің жылдық орташа жылдамдығы көп болуы қажет. Жел қозғалысының орташа жылдық меншікті қуаты 500Вт/м2-қа (желдің жылдамдығы 7 м/с ) жететін жерде орнатылған жел энергетикалық құрылғы 500 Вт/м2-тың 175-ін ғана электр энергиясына түрлендіреді.

Жел қозғалысының энергиясы жел жылдамдығының үшінші дәрежесіне пропорционал. Бірақ, идеалды құрылғының көмегімен де бұл энергияны толығымен электр энергиясына айналдыруға мүмкіндік жоқ.  Жел қозғалысының энергиясын пайдалы қолдану коэффициенті (ПҚК), теориялық есептеулер бойынша 59,3% құрайды. Басылымға шыққан мәліміттер бойынша, практикада жел энергиясының ең  үлкен ПҚК-і  реалды жел агрегатында жуықтап алғанда 50% жақын болады, бірақ бұл тек қана проектіде қарастырылған  желдің оптималды жылдамдықтарында ғана. Одан басқа, жел қозғалысының энергиясының бір бөлігі механикалық энергия электр энергиясына түрленген кезде жоғалады, оның ПӘК-і 75-95%.  Осының барлығын ескере отырып, реалды агрегат проектіде қарастырылған тұрақты жылдамдықтар диапозонында жұмыс  істесе ғана, желдік агрегаттың меншікті электрлік қуаты жел қозғалысының қуатының 30-40%-ын құрайды. Бірақ кейбір кезде, желдің жылдамдығы есептелген жылдамдықтардың шектерінен шығып кетеді. Бір жағдайда желдің жылдамдығы тым төмен болады, бұл жағдай да жел агрегаты жұмыс істей алмайды. Екінші жағдайда желдің жылдамдығы тым көп болады, бұл жағдайда агрегат істен шығып қалмау үшін оны тоқтатуға тура келеді. Егер желдің жылдамдығы номиналды жылдамдықтың мәнінен асса, генератордың номиналды қуатынан аспау үшін, желдің механикалық энергиясының барлығы қолданылмайды. Осы фактілердің барлығын ескере отырып, жыл бойындағы электр энергиясының меншікті шығарылуы жел энергиясының 15-30% -ын құрайды.

Жел агрегатының жұмыс істеу схемасы төмендегідей жасалған. Жел доңғалағы динамо-машинаны-электр тогының генераторын қозғалысқа келтіреді.  Бұл біруақытта параллель жалғанған аккумуляторлар батареясын зарядтайды. Аккумуляторлық батареялардың клеммаларындағы кернеу генератордың клеммаларындағы кернеуден азайғанда батарея автоматты түрде генераторға жалғанады да, керісінше жағдайда ағытылады.

Қазіргі кезде жел электроагрегаттары электр тогымен мұнайшыларды қамтамасыздандырады; олар жетуге қиын жерлерде жұмыс істейді, алыс аралдарда, Арктикада және  үлкен халық топтары тұратын жерлерден алыс орналасқан мыңдаған ауылшаруашылық фермаларда да жұмыс істейді. Мэн штатында тұратын американец Генри Клюз екі мачта құрып, оған екі жел двигателі мен генераторларды орналастырды. Әр-біреуі 6В, 60В және 2В-тан тұратын 20 аккумулятор оған желсіз күні жұмыс істейді, ал бензин двигателі оған резерв ретінде тұрады. Бір айда Клюз жел агрегаттарынан 250кВт*сағ энергия алады; бұл оған барлық шаруашылығын жарықтандыруға және электр аппаратураны (телевизор, тоңазытқыш т.б.) жұмыс істетуге жетеді. Жел электрлік агрегаттарды кеңінен қолайлы жағдайларда қолдануға  олардың қымбаттылығы кедергі жасайды.

Қазіргі заманда жел электрлік генераторлардың әр-түрлі прототиптері шығарылған. Құрылғыны проектілеуде ең үлкен қиыншылық ол кез келген желдің жылдамдығында пропеллердің айналу жиілігі біркелкі болуы тиіс.Өйткені генераторды желіге қосқанда ол жиілігі 60 немесе 50 Гц айнымалы ток тудыру керек. Сондықтан лопасттердің көлбеулік бұрышы реттеліп отыруы тиіс: жел күшті болғанда бұл бұрыш сүйірірек болуы тиіс, жел қозғалысы әлсіздеу болғанда бұл бұрыш арту керек. Лопасттерді реттеумен қатар  генератор мачтада желге қарсы автоматты түрде айнауы тиіс.  

Ертеден келе жатқан энергия көзі ретінде желдің рөлі ерекше. Жүздеген жылдардан бері жел механикалық энергия көзі ретінде қолданылып келді (мысалы, диірмендер, ағаш кесу құрылғылары және т.б.). бірақ оны электр энергиясын алуда пайдалану тек соңғы жылдарда ғана қызығушылық туғыза бастады. Зерттеулер жел двигателінің үнемі жел тұрып тұратын аудандарда жергілікті халықтың энергияға деген қажеттілігін қамтамасыз ете алатынын көрсетті. Бірақ ірі жел құрылғылары бағасының қымбаттығына, қатты шу мен вибрацияға байланысты өзін ақтамайды. Жел турбиналарын жеке үйлерді, энергияның қажеттілігі үлкен емес, шағын өнеркәсіп орындарын қамтамасыз етуде қолдануға болады. Жел энергиясын пайдалану жұмыстары Канадада, Нидерландыда, Данияда, Швецияда, Германияда және т.б. елдерде жүргізілуде.



Теңіз, мұхит және термалдық сулардың энергетикалық ресурстарын пайдалану.

Теңіздер мен мұхиттардың су массалары энергетикалық ресурстарға бай. Оларға судың толысуы мен қайтуы, теңіз ағыстарының энергиясы, сонымен қатар әртүрлі тереңдіктердің температураларының градиенті жатады. Бұл энергияны өндіру бағасының қымбат болуына байланысты қазір өте аз мөлшерде қолданылуда.



Дүние жүзінде қазір 2-3 толысу­қайту электростанциялары жұмыс істейді. Мұндай электростанциялардың аз болуы тек өндірілетін энергияның қымбаттығына ғана емес, сондай­ақ жоғары дәрежеде экологиялық болмауына да байланысты. Электростанцияларды салу кезінде бұғаздар плотинамен жабылады, ал бұл ағзалардың тіршілік ету жағдайларын өзгертеді. Мұхит суларынан энергия өндіру үшін әртүрлі тереңдіктегі сулардың температура градиентін пайдалануға болады. осы энергияны өндіруге арналған құрылғыларды пайлану қазір тек сынақ кезеңінде.

ҚОРЫТЫНДЫ

Ғалымдардың айтуынша соңғы жылдары дүниежүзінде ауа-райы 1 – 1,5 градусқа жылыныпты. Сол сияқты бүгінде қандай озық технология қолданса да климаттың өзгеруін тоқтату мүмкін емес екені белгілі болып отыр. Ал кейбір ғалымдар өгерісті тежеуге болатыны туралы айта бастады. Қалай тежелмек? Енді соған жауап іздеп көрелік. Біреу білер, біреу білмес, «температураның көтерілуіне» карбон, диоксид, метан сияқты тұрмыстық газдардың ықпалы өте зор. Демек, әлемде бұл газдарды өндіру жылдан-жылға артып келеді. Ал, Қазақстанда бұл мәселеден шет қалып отырған жоқ. Мамандардың айтуынша, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Тараз, Теміртау және Өскемен қалаларында ауаның ластануы басым. Өйткені бұл қалаларда қара және түсті металл өнеркәсіптері, химиялық және мұнай өңдеу кәсіпорындары көп. Міне сондықтанда атмосфераға шығарылатын улы газ қалдықтардың мөлшеріне шектеу қойылуы қажет. Демек осы салада Киота келісімі бар. Алайда, соған АҚШ күні бүгінге дейін кірмей отыр. Ал үлкен алып кәсіпорындар қай елде? Сол АҚШ-та, Қытайда, Ресейде. Ал, қоршаған орта мен экология мәселесіне мойын түбегейлі бұрылмаса, іс насырға шабуы әбден мүмкін. Өйткені әлемнің әр түпкірінде апат көбею үстінде. Ал, ғалымдары болса, осы мәселеге бас ауырта бастады. Мысалы, Кембридж ғалымдары оны ғаламдық климаттың жылынуына әкеліп тіресе, Ресейлік ғалымдар адам мен табиғат арасындағы тенсіздік, лас қалдықтардың әуе кеңістігіне көп бөлінуінен деп отыр. Өйткені мамандардың айтуынша 1999 жылы әлемде ірі 8 апат болса, 2000 жылы оның саны 13-ке жетті. 1999 жылғы, оқиғалардың ішінде Түркиядағы зілзала Лас-Вегастағы күшті нөсер, Канададағы қар көшкіні болса, 2000 жылы апаттар легіне Ирусалимге соңғы 10 жылда жауған қалың қар, сол сияқты Оңтүстік-шығыс Еуропадағы су тасқыны, Суматра аралындағы жер сілкінісі, Швейцариядағы 30 градусқа жеткен қатты аязды және т.б. толып жатқан оқиғаларды жатқызуға болады. Ал өнеркәсіп қалдықтары көлемі мен зияндылығы жөнінен өте күрделі әрі қауіпті болып келеді. Өйткені олар су, дала, орман т.б. кешендерді ластап, айнала қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Демек бұдан бүкіл тіршілік атаулы және адамдар ауруға шалдығуы мүмкін. Қазақстанда 6 ірі уран өндіретін геологиялық ошақ бар. Соның бірі облыстың Шиелі ауданының территориясында өндіріледі. Демек табиғаттың ластануы әсерінен екі жыл сайын Қазақстан Чернобльдің қасіретін қайталауы мүмкін. Өйткені, бұл республикада әр азамат Батыс елдердегі межеден үш есе артық радиация алады деген сөз. Сол сияқты шаруашылық қызметтің салдарынан әр жылы 7-9 млн. түрлі газ ауаға ұшып жатса, соларға 8-10 млн. текше метр зиянды қалдықтар қосылады. Ал, он жыл бұрын бекітілген «мұнай туралы» заңда айтылса да қара алтын өндіретін кәсіпорындар қоршаған ортаны ластауын тоқтататын түрі жоқ. Соның салдарынан газ босқа жанып республикада жылына 25 млрд. текше метр газ ысырап болады. Сол сияқты кешегі Кеңестер одағының отарында болған 70 жылда Қазақстан үлкен шикі зат ошағына айналды. Бүгінгі күні солақай саясаттың әсерінен 25 млрд. тонна, оның ішінде 300 млн. тонна радиоактивті қалдықтар ашық жатыр. Біздің облыста жылына орташа есеппен 200 мың тоннадай қалдықтар сыртқа шығарылады. Оның шамамен 143 мың тоннадайы тұрмыстық қалдықтар болса, 57 мың тоннадайы өндірістік қалдықтар. Сол сияқты уранның радиациялық әсері адам ағзасына түссе, зардабы үш ұрпаққа дейін берілетіні жөнінде ғалымдар дәлелдеп отыр. Өйткені соңғы жылдары елімізде туа-бітті ауру-сырқауды балалар саны артып бара жатқаны өкінішті. Қазақстан бойынша 16 мыңға жуық бірінші, екінші, үшінші деңгейлі мүгедек балалар Денсаулық сақтау министрлігінің есебіне тіркелгн. Облыста жүйке аурулары диспансерінде ақыл-есі кем 1100 бала есепте тұрады, 21 мың мүгедек бар. Сол сияқты облыста сиям егіздері де ара-тұра тіркеліп тұрады. Негізінен, өнеткәсіп қалдықтары тау-тау болып үйіліп жатады. Оны өңдеу баяу жүргізілуде. Демек осының бәрі желмен, сумен, ауаға, топыраққа тарап қоршаған ортаны ластап жатыр. Сол сияқты республикада жыл сайын шамамен өнеркәсіптерден бір миллиард тонна қалдық шығарылса, тұрмыстық қалдықтар 14 млн. тонна құрайды. Демек қалдықтардың ішінде ең улысы түсті металлургия кәсіпорындарынан бөлінеді. Олардың көлемі республика жерінде 54 млн. тонна деп есептелінеді. Сол сияқты республика жерінде соғыс полигондары болған аумақтар 30 млн. гектардан асады. Мұндағы соғыс тезникасының қалдықтары, ракета сынықтары, бақылау объектілері ешбір көмусіз шашылып жатыр. Олар, негізінен – Семей, Нарын, Азғыр, Тайсойған және Байқоңыр ғарыш айлағы, Сарышаған сынақ полигондары. Сол сияқты шағын қалалар, поселкалар, ауылдар маңында шоғырланған өндірістік және тұрмыстық қалдықтар да жеткілікті. Олардың көбі сол маңдағы көл, өзен және шұңқырларға шығарылады. Демек қалдықтардың ішінде пластикалық заттар мен пластмасса бұйымдарын жою өте қиын. Өйткені оларды жағу ауаға зиянды көміртек оксидтерін көптеп шығарады. Олардың табиғи шіруі мүмкін емес. Сол сияқты қалдықтарды біз көбіне қоқыс дейміз. Ал әрбір отбасындағы бір адам тәулігіне 1,2 – 1,4 кг қоқыс шығарады екен. Мысалы, олар Қағаз, тамақ, шыны, металл, тоқыма бұйымдары, пластмасса, резина өнімдерінің қалдықтары т.б. қалдықтары жатады. Ал осы қалдықтарды біз күнделікті шығарып отырмыз. Мысалы, жылына қаламыз бойынша 300 мың кубтай қоқыс шығарылуы керек, яғни бір күнде 800 куб қалдық шығарылатын болса, бізде оның 200-250 кубқа жуығы шығарылады екен. Сонда күл-қоқыстың 20-30 пайызы ғана полигонға апарылады да, қалғанын қала сыртына жақын жерлерге апарып төге салады немесе өртейді. Міне осының бәрі қоршаған табиғи ортаға өзімен бірге үлкен мәселе туғызады.т Сондықтан да өндіріс және тұрмыс қалдықтарын залалсыздандыру бүгінгі күні халықаралық проблемаға айналып барады. Ең бастысы зиянды заттарды пайдалы заттарға айналдыру. Ол үшін үлкен қалаларда қалдықтарды өңдейтін зауыт салынуы керек. Алғашқы осындай зауыт 1981 жылы ГФР-де ашылған, оның қуаттылығы – тәулігіне 300 тонна, ал жылына 75 мың тонна қоқыс өңдейді. Қазір Ұлыбритания, АҚШ, Жапония, Швеция т.б. елдерде қалдықты өңдеудің жетілдірілген технологиясы қолданылады. Қазақстанда қалдықтарды өңдеу проблемасы әзірге шешілмей келеді. Алматы қаласында біраз зауыттар өндірістік қалдықтардан шлакты белоктар, құрылыс материалдары және жол төсемдерін жасауда. Өйткені өндірістік қалдықты өстіп пайдаланбасақ, игермесек, үйіндінің ішінде қаламыз. Демек сөз түйіні бір күні болмаса бір күні осы адам баласының қолымен табиғи ортаға жасалып жатқан экологиялық бассыздықтарға, яғни табиғи түрде реттелетін процестерге кедергі келтіретін адамзатты енді түрлі апаттар, климаттың өзгеру салдарынан болатын жаңалықтар күтіп тұрған сияқты. Өйткені Парниктік газ қалдықтары атмосфераға жайылып, ол жақта да түрлі өзгерістер тудырып жатыр. Міне осының бәрі айналып келіп жаһандық жылынуға соқтырады. Демек жоғарыда сөз болған ғалымның бұл жөнінде келтірген пікіріне сенсек, жердің қазіргі басты жауы – адам екені сөзсіз. Және де осы айтылған жәйттердің бәрі әлемнің әрбір елінде кездеседі десек, ол артық айтқандық емес. Сондықтан біз энергияжүйеміздің қызметін әлем елі болып қайта қарауымыз керек. Ол үшін,я, энергия тұтынуды азайту керек, я болмаса, энергия көздерін қауіпсіз ету жолдарын іздеу керек сияқты. Яғни, бір сөзбен айтқанда табиғи желдің күшін пайдаланып, сол сияқты Күн сәулесінің энергиясын жинақтап адамзат игілігіне құдайдың құдіретімен бздерге ұдайы беріліп тұрған таусылмайтын, сарқылмайтын, тегін қуаттар көздерін жарату жолдарын қарастыру керек. Өйткені, бұлар табиғатта таза қалпында сақтап қалуға өлшеусіз жәрдемі мол, себебі олар – табиғаттың өзінен туындаған заттар. Міне сондықтан да болашақ – осы көздерді тиімді пайдалану жолын, әлем елі болып мұны бүгінгі күннен бастап қолға алғаны бірден-бір дұрыс шешім болар еді. Сонда Жер-анамызды таза күйінде сақтауда мұның тигізер пайдасы орасан. Нақ бүгінгі таңда облыста Жаңақорған ауданында Бесарық округінде байланыс т.б. мекемелер жел мен күн энергиясын пайдалануда.

Қорыта айтқанда дәстүрлі емес қуат көздерін тиімді пайдалану – бүгінгі күн талабы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет