Лекциялар 30 с Лабораториялық сабақтар 15с СӨЖ 45с обсөЖ 45с



жүктеу 1.32 Mb.
бет4/9
Дата02.05.2016
өлшемі1.32 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
: CDO -> Sillabus -> Bio
Bio -> Пәнінен Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «биология» кафедрасы
Bio -> Лекция 30 сағат Практикалық (семинар) сабақтар 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат СӨЖ 45 сағат
Bio -> I.«Омыртқасыздар зоологиясы» пәні бойынша
Bio -> Оқу-әдістемелік кешен
Bio -> Лекциялар конспектісі Құрастырған б.ғ. к доцент С. Е. Келдібеков Жетісай-2006ж. Кіріспе Курстың мақсаты
Bio -> «Жаратылыстану» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «Тұрмыстық химия» пәні бойынша
Bio -> Сабақтың тақырыбы: Геоботаникалық негізгі ғылыми мектептер. Жоспары: Фитоценоз. Биоценоз Биогеоценоз
Bio -> «Химия-биология» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен
Лекция 14

Тақырыбы: Ас қорыту жүйесіне жалпы шолу. Бас, мойын,кеудедегі ас қорыту мүшелері
Жоспар:

1.Ас қорыту жүйесіне жалпы щолу

2. Ауыз қуысындағы ас қорыту мүшелері

3. Тіл мен тістердің құрылысы

4. Жұтқыншақ пен өңеш

Лекция мәтіні
Ішкі мүшелер туралы ілім спланхнология деп аталады.. Грекше спланха- ішкі мүше. Ішкі мүшелер негізінен дене қуыстарында, кеуде, құрсақ және жамбас қуыстарында орналасады. Сондай-ақ бас пен мойында да ішкі мүшелер болады.Ішкі мүшелер ағзаның зат алмасу қызметіне қатысады.

Ас қорыту жүйесіне ауыз қуысы ондағы мүшелер, жұтқыншақ, өңеш,асқазан, жіңішке ішек, тоқ ішек, бауыр, ұйқы безі сияқты мүшелер жатады. Бұл мүшелердің негізгі қызметі асты шайнау, езу, химиялық жолмен қорыту, ұсақтау, сору, сіңіру болып табылады. Ас қорыту мүшелері бас, мойын, көкірек бөлімдерінде және құрсақ, жамбас қуыстарында орналасады.

Адамның бас және мойын бөлігінде ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңештің бір бөлігі, көкіректе өңештің негізгі бөлігі, құрсақта асқазан, ұлтабар, құрсақ қуысында аш ішек, бүйен, тоқ ішектер, қима ішек,бауыр ,ұйқыбез,,ал жамбас қуысында тік ішек орналасады. Ас қорыту жүйесін асқорыту түтігі деп қарастыруға болады.Түтіктің бір ұшы ауыз тесігі,екінші ұшы көтен тесігі.

Ауыз қуысы- асқорыту жолының алғашқы бөлігі. Ауыз таңдай, тіл құрмау, ұрт бүлшық еттері, ерін, тамақ тесігімен шектелген болып келеді.

Ерін астыңғы және үстінгі еріндерден тұрады.

Езу- еріндердің жалғасқан жері.

Таңдай алдыңғы қатты және артқы жұмсақ бөліктерден тұрады. Жұмсақ таңдайдың артында таңдай бадамшасы орналасады.

Тіл -қимылдап тұратын бұлшық етті мүше . Тіл үш бөліктен: тіл түбірі, денесі, және тілдің ұшынан тұрады. Тілдің үстінгі бетін майда емізітер қаптап тұрады.Ауыз қуысының бездері ірі және майда бездерге бөлінеді. Ірі бездерге шықшыт безі, тіл асты безі, жақасты безі жатады.



Тістер ауыз қуысындағы астыңғы және үстінгі жақ сүйектерінің иектеріндегі тіс ұяларында орналасады. Олар сүт тісі және тұрақты тіс болып 2-ге бөлінеді. Тұрақты тіс 32. Тіс қатарында 8 тіс орналасады, 2-і күрек, 1-і сүйір, 2-і кіші азу, 3-і үлкен азу тіс деп аталады. Формуласы: 2+1+2+3

2+1+2+3
Бірінші шыққан 20 тіс -сүт тістер. 2 1 0 2



2 1 0 2
Тістердің әрқайсысы тіс сауытынан тіс мойнынан және тіс түбірінен тұрады. Эмаль, дентин және цемент тістің қатты заттары.

Күрек тістер І

Сүйір тістер С

Кіші азу тстер Р

Үлкен азу тістер М

Жұтқыншақ ұзын еттерден тұратын ұзын қалташа. Онда 7 тесік бар. 2-уі хоана,2-уі Евстахий, қалған үшеуіне ауыз тесігі,өңештің ауызы,көмейдің ауызы жатады. Жұтқыншақтың ұзындығы 12-14 смжәне үш бөліктен:мұрын ,ауыз,көмей-жұтқыншақ бөлімдерінен тұрады.

Өңеш- асқазан қуысын жұтқыншаққа жалғастыратын бұлшық етті түтік.Оның қабырғасы 3 қабаттан: кілегейлі,бұлшық етті,дәнекер ұлпалы қабаттардан түзілген. Өңеш 3бөліктен:мойын,кеуде,құрсақ бөлімдерінен тұрады.



Лекция 15

Тақырыбы: Құрсақтағы ас қорыту мүшелері Ас қорыту жүйесінің үлкен бездері

Жоспар:

  1. Қарынның құрылысы

  2. Жіңішкеішек пен тоқ ішек

3.Ас қорыту жүйесінің үлкен бездері
Лекция мәтіні
Қарын-ас қорыту жолының ең кеңейген бөлігі. Қарынның шыға беріс сүйірленген бөлігін таз қарын,жоғары бөлігін денесі деп атайды. Қарынның кілегейлі қабатында шұңқырлар мен алаңдар, қатпарлар дәне бездер болады. . Қарынның бұлшық еттіқабаты ұзына бойы,сақиналы,ішкі қиғаш қабаттардан тұрады. . Қарынның сыйымдылығы 3 литр.ұзындығы 25-30 см ,ені 12-14 см

Жіңішке ішек қарыннан басталып тоқ ішектің бүйен бөлігімен шектеледі,ол асқорыту жүйесінің ең ұзын бөлігі.Тірі кезде ұзындығы 2,2-4,4 ,мәйітте 5-6 метрге дейін жетеді. Жіңішке ішек ұлтабар,аш ішек және мықын ішек деп аталатын бөліктерден тұрады.

Тоқ ішектер - асқорыту жүйесінің соңғы бөлігі.Ол мықын ішектің қосылған жерінен басталып,тік ішектің артқы тесігімен аяқталады. Тоқ ішектер буылтықтанып тұрады және үш бөлімге: бүйен ішек,жиек ішек,тік ішекке бөлінеді. Бүйен ішек тоқ ішектің қалталанған бөлімі,оның түбінде ұзындығы2-12 см құрт тәрізді өсінді немесе соқыр ішек болады. Жиек ішек өрлеме,көлденең,төмендеу,қима бөліктерден тұрады.

Ұйқы безі салмағы 70-80 г,ұзындығы20 см келетін ірі без.Ол бас, дене ,құйрық бөлімдерден құралған. Ұйқы безі тәулігіне 2 литрдей сөл бөлелі.

Бауыр-адам денесіндегі ең үлкен без.Ұзындығы 26-30 см,ені 20-25 см,қалыңдығы 6-9 см.Ол оң және сол бөліктерден құралған. Бауыр сегіз сегменттен тұрады және оң,солөт жолдарының, өт қабының жолымен қосылып ,өт қабымен байланысады.

Өт қабының түбі ,денесі,мойны бар,пішіні алмұрт тәрізді болады.

Адамның ішкі мүшелері ішперде .байламдар,қатпарлар, шашырақай, шарбылар арқылы әр түрлі тірек –қимыл мүшелеріне бекініп тұрады.

Лекция .16

Тақырыбы: Тыныс алу жүйесі

Жоспар:

1.Мұрын қуысы.

2.Көмекей оның құрылысы мен қызметі.

3. Көмекейдің бұлшық еттері



Лекция мәтіні
Тыныс алу жүйесі ағзаның өмірлік маңызы бар қызметтерінің бірі-сыртқы орта мн ағза арасындағы газ алмасуды қамтамасыз етеді.Сондай-ақ иіс сезу және дыбыс шығарып сөйлеу қызметтерін атқарады.

Тыныс мүшелеріне мұрын қуысы,көмекей,кеңірдек,екі бронхы және екі өкпе жатады.Тыныс алу жүйесі екі бөлімнен тұрады: ауа өтетін жолдар және тыныс алу жүйесінің респираторлық бөлімі өкпенің альвеолары. Мұрын қуысы сүйекті негіз бен шеміршектен құралған. . Мұрын қуысының төрт қабырғасы бар: ол-жоғарғы,төменгі және екі бүйір қабырғалары.Жоғарғы қабырғасы сүйектен, екі бүйірі шеміршектерден тұрады.

Мұрынның пердесі мұрын қуысын екі бөлікке бөліп тұрады.Бұл жерде оның сүйекті де шеміршекті де бөліктері болады. Мұрынның төменгі қабырғасы таңдай және жоғарғы жақ сүйектерінен құралған. . Мұрынның қуысының ішкі беті кілегейлі қабатпен қапталған. Мұрынның кілегейлі қабатында қан тамырлары көп болады.Мұрын қуысы көп қабат кірпікті эпителиймен қапталған. Эпителий қабатында көптеген колба тәрізді бездер бар.Олар секреттерімен қылшықтарды ылғалдандырып тұрады.Соның әсерінен мұрын қуысына кірген шаң тозаңдар ұсталынып қалып отырады.

Мұрын қуысында ауа жылынып ,тазаланып өтеді.Ауа жүретін жолдары:жоғарғы,ортаңғы,төменгі мұрын қолқандары. Мұрын қуысына маңдай сүйегінің қуысы, сына сүйегінің және тор сүйегінің қуыстары жалғасып жатады. Мұрын қуысы тыныс және иіс сезу бөлімдеріне бөлінеді, иіс сезу мүшесі –иіс сезу жасушалары рецепторлары жоғарғы мұрын қуысында орналасқан.

Мұрын қуысы арқылы ауа мұрынның артқы тесіктеріменәуелі жұтқыншаққа одан әрі көмекейге өтеді.

Көмекей-тыныс жолы әрі дыбыс шығаратын негізгі мүше болып табылады. Көмекей4-6-шы мойын омыртқалар тұсыында жоғарғы жағынан тіласты сүйекке ,алтөменгі жағынан кеңірдекке жалғасып жатады. Көмекейдің қалқандық қыры тері астында білініп тұрады. Көмекей серпімді және гиалинды шеміршектерден тұрады

Тақ шеміршектерге қалқан шеміршек,сақина тәрізді шеміршек,көмекей қақпағы жатады.

Жұп шеміршектері:қалақша тәрізді,мүйіз тәрізді,( қалақша үстінде) сына тәрізді (мүйіз бен көмекей қақпағының ішкі жағында)

Көмекей, қуысы жоғарғы,ортаңғы төменгі үш бөліктен тұрады.

Оның пішіні құм сағатқа ұқсайды.Жоғарғы бөлімі –көмекейдің кіре-берісінен дыбыс байламына дейін созылып жатады. Көмекейдің жоғарғы тесігі жұту кезінде қақпашасымен жабылады да, тыныс алған кезде ашық жағдайда тұрады. Ортаңғы бөлімі -ең тар бөлімі.Бұл бөлімінде дыбыс сіңірлері болады..Төменгі бөлімі-дыбыс саңылауы төмен жатады,ол екі бүйірінен төмен қарай кеңейе келіп,кеңірдекке жалғасады.

Дыбыс сіңірінің алдыңғы шеті қалқан шеміршекке жалғасып,артқы шеті қалақша шеміршекке жабысады.Екі дыбыс сіңірінің арасын дыбыс саңылауы дейді.Дем алғанда дыбыс сіңірі қозғалмайды,арасындағы саңылау ашық тұрады, содан дыбыс шықпайды.

Сөйлегенде,дыбыс шығарғанда көмекейдің шеміршектері қозғалады даекі сіңірі керіліп кетеді.Керілгенде екі сіңір бір-біріне жақындап, қатарласып қалады.Дем шығарғанда өкпеден шыққанг ауа әбден керіліп тұрған сіңірді тербетеді.Тербелуден дыбыс шығады.

Көмекейдің бұлшық еттері екі түрлі :

1.Тұтасымен қимылдайтын бұлшық еттер

2.Дара қимылдайтын және меншікті бұлшық еттер,

а)қақпақшаның бұлшық еттері

б) дыбыс аппараты бұлшық еттері

Бұл бұлшық еттердің барлығы көлденең жолақты бұлшық еттеріне жатады. Дыбыс аппараты басқаратын бұлшық еттер қызметіне қарай төртке бөлінеді:

1.дыбыс саңылауын тарылтатын бұлшық еттер

2.дыбыс саңылауын кеңейтетін бұлшық еттер



    1. дыбыс байламдарын керетін бұлшық еттер

    2. дыбыс байламдарын босататын бұлшық еттер

Көмекейдің ішкі беті кілегейлі қабатпен астарланып жатады . Кілегейлі қабат көп қатарлы эпителийден түзілген.Онда көптеген бездер орналасады және тітіркендіргіштерге : шаң немесе тамақ түйіршіктеріне қорғаныстық жөтелу , қақырыну,түшкіру рефлекстері пайда болады.

Дыбыс байламы көп қабатты жазық эпителиймен қапталған.Олардың кілегей бездері болмайды.Көмекей мүшесі өте күрделі құрылыстыәсіресе ол адамда сөйлеу қызметіне байланысты күшті дамыған.


Лекция .17

Тақырыбы: Төменгі тыныс жолдары және өкпе

Жоспар:

1.Кеңірдек, бронхылар, құрылысы

2.Өкпе, оның құрылысы мен қызметі.

3. Өкпенің сыртқы сір қабаты



Лекция мәтіні
Кеңірдек 6-шы мойын омыртқаның тұсынан сақина тәрізді шеміршектен басталып,4-ші көкірек омыртқа тұсында аяқталады.Осы жерден кеңірдек оң және сол бронхыға бөлінеді. Кеңірдектің екіге бөлінген жерін кеңірдектің бифуркациясы дейді.

Кеңірдек 16-20-ға жуық гиалинді шеміршекті сақиналардан тұрады.ұзындығы 9-10 см,ені 1,5 см. Сақиналар сіңір байлам арқылы жалғанып тұрады. Кеңірдектің мұндай құрылысы ауаның еркін өтуіне жағдай жасайды.

Сақиналы байлам басты бұру үшін созу үшін, кеңірдектің ұзаруына қысқаруына жағдай жасайды.

Бронхылар құрылысы жағынан кеңірдекке ұқсас.Оң жақ бронхы-қысқа әрі жуан,ұзындығы3см,6-8 жартылай шеміршекті сақинадан тұрады. Сол жақ бронхы-ұзын әрі жіңішке,ұзындығы 4-5 см,-9-12 жартылай шеміршекті сақинадан тұрады.

Өкпе –тыныс алу мүшесі.Адамның өкпесі екеу долады, кеуде қуысының екі жағына толып орналасады.Екі өкпені бронхылар қосып тұрады.Өкпе конус тәрізді болып келеді. Өкпенің бұғана сүйегі жағындағы жерін ұшы деп ,ал диафрагма ға тиіп тұратын етегін негізі деп атайды. Өкпенің қабырғаға жанасып тұрған беті дөңес,жүрекке жанасып тұрған беті –ойыс болады.Екі өкпенің арасын өкпе аралық қуыс дейді.Оң өкпе сол өкпеге қарағанда үлкендеу.

Өкпенің ішкі бетіндегі бронхылар ,артериялар кіретін және вена мен лимфа тамырлары шығатын жерін өкпе қақпасы деп аталады. Өкпенің терең сайлары болады .Олар өкпені бірнеше бөліктерге бөліп тұрады.Оң өкпе үш бөліктен тұрады. Оларды жоғарғы,ортаңғы төменгі бөлімдер деп атайды.

Сол өкпе екі бөліктен тұрады. Оларды жоғарғы, төменгі бөлімдер деп атайды. Бронхылар өкпеге кіретін жерінде бөлінеді.Оң бронхы 3 бұтаққа , сол бронхы 2 бұтаққа бөлініп ,өкпе бөліктеріне қарай барады. Бронхылар әрі қарай бұтақталған сайын тарамы жіңішкеріп, саны көбейе береді.

Осылайша үшінші рет пайда болған бронхыларды сегментарлы деп атаймыз.Бұдан кіші бронхыларды бронхиолалар деп атаймыз.

Респираторлық бөлімнің функциялық-анатомиялық бірлігіе –ацинус түзеді.Ацинустар жиынтығынан –бөлекшелер, бөлекшелерден сегменттер, сегменттерден –бөліктер ,ал бқліктерден тұтас өкпе құралады.Өкпенің ацинустық күмбездерінде ғана газдардың алмасуы жүреді.

Плевра -өкпенің сыртқы сір қабаты. Плевра өкпені сыртынан қаптап жатады.Егер плевра өкпенің сыртын жауып жатса ,өкпелік(висцералды),ал егер кеуденің қуысын астарлап жатса париеталды немесе қабыртқалық плевра деп атаймыз.Бұл екі плевра арасында плевра аралық қуысы болады.Плевра қуысында аздаған сұйықтық бар, сондықтан плевраның беті дымқыл болады.Өкпе қимылдағанда бір-біріне қажалмайды.

Өкпенің көкет жанынан да қосымша плевралық қуыс қойнаулары бар..Ол өкпенің етегінде қабыртқа плеврасы мен көкет плеврасының аралығында болады.Осы қуысқысымы сыртқы атмосфералық қысымнан төмен болады.

Лекция 18

Тақырыбы: Зәр шығару жүйесі. Жыныс мүшелеріы .
Жоспар:

1.Несеп және жыныс мүшелеріне жалпы сипаттама..



2.Несеп мүшелерінің:бүйрек, зәрағар түтіктер,қуықтың құрылысы.

3.Аталық және аналық жыныс мүшелері.



Лекция мәтіні
Несеп жыныс мүшелері физиологиялық жағынан әр түрлі қызммет атқаратын 2 жүйеден несеп жүйесі және жыныс жүйесінен тұрады . Несеп жүйесі зәрді сыртқа шығару ал жыныс жүйесі көбю қызметтерін атқарады. Несеп жыныс жүйелерінің бірге қарастырыылу себебі зәр шығару мүшелерінің қызметі жыныстық қызметке де байланысты болады.,яғни бір мүше екі түрлі қызмет атқарады.Мысалы еркектердің зәр және шәует шығаратын түтіктері бірігіп ортақ түтік түзеді,ал әйелдерде бұл түтіктер бөлек болғанымен қынаптың кіре берісінде ортақ несеп жыныс мүшелері түрінде ашылады.

Несеп мүшелеріне мыналар жатады:



  1. оң және сол бүйрек

  2. оң және сол зәрағар түтіктер

  3. қуық

  4. зәр шығаратын үрпі жолы.

Бүйрек құрсақ қуысында І-ІІ бел омыртқаалаардың тұсында орналасқан жұп безді мүше. Бүйрек құрсақ қуысыныың артын ала ішперденің сыртындағы байламдарға байланып тұрады. Оң бүйрек сол бүйрекке қарағанда жарты омыртқадай төмен орналасады. Бүйректің ұзындығы-12 см, қалыңдығы-4 см,ені –6 см, салмағы 120 г, шеткі жиегі дөңес, ортаңғы жиегі ойыс болып келеді.Ішкі артерия ,жүйке кіретін, вена,сарысу тамырлары зәрағар түтігі шығатынжағын бүйрек қақпасы деп атайды. Бүйректі екіге қақ жарып қарағанда оның ішкі қойнаудан және оны айналдыра қоршап жатқан бүйрек затынан тұратыны көрінеді.

Бүйрек заты екі бөліктен тұрады:

1.қыртыс заты

2.милы(жұмсақ) заты.

Қыртыс зат қызыл қоңыр түсті қалыңдыығы 4 мм болады. Бүйректің құрылымдық бірлігі-нефрондар осы қыртыс затты құрайды.Нефрон капилляр тамырлары және Шумлянский –Боумен капсуласынан түзілген.Жұмсақ зат сүййір пішінді бүйрек пирамидаларынан түзілген.Пирамидалардың түбі бүйректің ьеткі жағында,ұштары бүййрек қуысына бағыытталған.Екі немесе бірнеше пирамиданың ұштары бірігіп емізіктер құрайды.Кіші тостағанша лар әрқайсысына 2-3 емізік тесіктері ашылатын құрылымдар.2-3 кіші тостағанша лардың бірігуінен үлкен тостағаншалар түзіледі. 2-3 үлкен тостағанша лардың бірігуінен үлкен астаушалар түзіледі.

Зәрағар түтік бүйрек пен қуықты жалғай тын жұп мүше .Оның ұзындығы 30 см,ені 4-7 мм Ол бүйрек қақпасынан басталып жамбас қуысында қуықтың артқы қабырғасынан ішке ашылады. Зәрағар түтік жамбас және құрсақ бөлімдерінен тұрады.

Әйелдердің зәрағар түтігі еркектердікінен 2-3 см қысқа. Зәрағар түтіктің қабырғасы 3 қабаттан тұрады:ортаңғы қос қабатты бұлшық ет, ішкі кілегейлі,сыртқы дәнекер ұлпалы қабаттар.Бұлшық еттің ұзына бойы қабаты қалталанып,әлсін -әлсін жиырылып,зәрді қуыққа айдап отырады.

Қуық зәр уақытша жиналатын қуысты тақ мүше.Ол жамбастың шат қасағасының арт жағында орналасқан.Қуық бос кезде алмұрт пішінді зәрге қатты толғанда жұмыртқа тәрізденіп созылады.Қуықтың сыйымдылығы 750мл.Оның қабырғасы өте созылғыш.Бос кезде гі қалыңдығы 15 мм, толған кезде 2-3 мм-ге дейін жұқарады.

Қуықтың қабаттары

А) кілегейлі қабат

Б) кілегей асты қабаты

В) Бұлшық етті қабат

Г) сір қабаты

Бұлшық еттер 3 қабаттан түзіледі, Ішкі және сыртқы қабаты тік ортаңғысы сақиналы болып орналасады.

Аталық жыныс мүшелері былай жіктеледі :

Еркектің жыныс мүшелер:

1)Ішкі жыныс мүшелері.

2) Сыртқы жыныс мүшелері болып бөлінеді.

Ішкі жыныс мүшелеріне ен,ен қосымшасы,ұрық шығаратын шашатын жолдар,шәует қуықшасы, қуық алды безі,бадана безі жатады. Еркектің ішкі жыныс мүшелері ұрық түзуге оны шәуетке айналдыру қызметін атқарады.

Еркектің сыртқы жыныс мүшелері ұма және еркектің жыныс мүшесі болып екіге бөлінеді

Ұма немесе ен қалтасы өзара қатынаспайтын ортасы пердемен бөлінген бұлшық етті тері қалта тәрізді мүше. Ұма еркектің жыныс мүшесінің түбінде төмен салбырап орналасады.Оның қабырғасы жеті қабаттан тұрады.

Еркектің жыныс мүшесі зәрді қуықтан сыртқа шығару және аталық ұрықты аналық жыныс жолына енгізу қызметін атқарады.Ол 2 үңгірлі денеден 1 кеуекті денеден тұрады Кеуекті дененің іші қуыс онда зәр шығаратын үрпі жолы орналасқан

Үрпі тесігі ұзындығы 18 см қуықтан басталып, жыныс мүшесінің басындағы жіп саңылаулы тесікпен аяқталатын түтік.

Аналық жыныс мүшелері былай жіктеледі :

Әйелдің жыныс мүшелері де

1)Ішкі жыныс мүшелері.

2) Сыртқы жыныс мүшелері болып бөлінеді.

Ішкі жыныс мүшелеріне аналық жыныс безі,бездің сағағы, жатыр түтіктері, жатыр ,қынап жатады.

Сыртқы жыныс мүшелері әйелдің бәтек аймағы, клитор немесе шошақай және қызперде болып үшке бөлінеді.

Аналық жыныс безі пішіні жалпақ, сопақ ұзындығы 2,5 см ,ені 1,5 см, салмағы 5-8 г жұп мүше. Аналық жыныс жасушасы алдымен құрсақ қуысына түседі .Одан жатыр түтігі салпыншақтары ның жәрдемімен жатыр түтігіне шығып сол арқылы жатыр қуысына барады.

Жатыр алмұрт пішінді бұлшық етті қуыс тақ мүше Ол жамбас қуысында түбі жоғары қарап орналасады.Жатыр мойыннан,мойнақтан,денеден ,түбінен,жатыр қуысынан тұрады.

Қынап сыңар алдынан артына қарай қысыңқы ұзындығы 8-10 смшамасындағы түтік.Оның кіре берісін қынап тесігі деп атайды.

Әйел бәтегінің аймағына бәтектің үлкен жыныс ернеулері және кіші жыныс ернеулері ,қынаптың кіре берісі жатады Мұнда көптеген бездер орналасқан.

Лекция 19

Тақырыбы:Ішкі секрециялық бездер.

Жоспар:

1. Ішкі секрециялық бездерге жалпы сипаттама

2.Нейрогенді,бронхиогенді,хроммафинді бездер топтары.

3.Энтодермалды және мезодермалды аралас бездер.

Лекция мәтіні
Адам денесіндегі бездер сыртқы,ішкі болып екіге бөлінеді

Ішкі бездер өнімін ( секрет-өнім) тікелей қанға немесе жұлын сұйықтығына шығарады. Ішкі секреция бездерінің өнімдері гормон деп аталады. Ішкі бездердің көпшілігі өте кішкентай, барлығының салмағы 100 грамнан аспайды.Алайда олардың ағза үшін маңызы өте зор.Олар бөлетін гормондар ағзадағы зат алмасу, даму және өсу жыныстық жетілу, сияқты өзгерістерге әсер етеді

Эндокринді бездер шығу тегі мен орналасуына қарай мынадай бес топқа бөлінеді:

1.Нейрогенді бездер тобы :гипофиз,эпифиз

2.бронхиогенді бездер тобы:қалқанша,қалқанша маңы,айырша

3.хроммафинді бездер тобы:бүйрекбез және параганглий

4.Энтодермалды аралас бездер:ұйқыбез

5. мезодермалды аралас бездер жыныс безі ,қуық түбі безі.

Гипофиз немесе төменгі ми қосалқысы сына сүйектегі түрік ері шұңқырында орналасады. Ұзындығы 8-10 мм,ені 12-15 мм, салмағы 0,3-0,7 г.Без үш бөлімнен : алдыңғы,ортаңғы және артқы бөлімдерден тұрады, алдыңғы,ортаңғы бөліктерін аденогипофиз, ал артқы бөлігін нейро гипофиз деп атайды. Аденогипофизде 20 шақты гормондар бөлінеді..Нейрогипофизде окситоцин және вазопрессин гормондары синтезделеді

Эпифиз немесе томпақ безаралық ми төмпегінің үстінде орналасады. Ұзындығы 1,2 мм,ені 5-8 мм, салмағы 0,25 г.Қызметі жете тексерілмеген,бірақ жыныс мұшелерінің дамуына кедергі келтіретін гормон бөледі деген жорамал бар.

Қалқанша без -ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең үлкен сыңар без.Оның түсі сарғыш-қызыл, жұмсақ болады. Ұзындығы 50 мм,ені 50-60 мм, салмағы 30-50г. Қалқанша без оң,сол және аралық үш бөліктен тұрады.Гормондары тироксин,трийодтиронин,тирокальцитропин..Гиперсекреция жағдайында Базед ауруы,ал гипосекреция жағдайында миксидема ,кретинизм аурулары дамиды.

Қалқанша маңы безі -ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең кіші сыңар без.Ұзындығы 4-8 мм,ені 3-4 мм, салмағы 0,05-0,09 г.Гормоны паратгормон ағзадағы кальций ,фосфор алмасуына әсер етеді.

Айырша без төс сүйегі алқасының артында орналасады. Айырша без кәмелетке келгенше жасөспірімдердің жыныстық жетілуін тежеп тұрады. Айырша без оң және сол бөліктерден тұрады.

Бүйрекбез екі бүйректің үстінде орналасқан сарғыш түсті жұп мүше Ұзындығы 49-60 мм,ені 15-20 мм, салмағы 11-20 г.Бұл без адреналин т.б. зат алмасуға қатты әсер ететін гормондар бөледі.

Ұйқы безі күрделі көпіршікті аралас без.Бұны аралшық безі деп атайды .Гормоны-инсулин.

Жыныс бездері жыныс жасушаларынан басқа өздеріне тән жыныстық гормондар бөледі.Бұл гормондар екінші реттік жыныс белгілерінің дамуына ықпал етеді.


Лекция 20

Тақырыбы:. Тамырлар жүйесі.Қан жасушалары.

Жоспар:

.

1.Тамырлар жүйесіне жалпы шолу.



2.Қан айналым жүйесі және сарысу жүйесі

3.Қан жасушалары.



Лекция мәтіні
Тамырлар жүйелеріне қан және сарысу тамырлары,сонымен бірге қан жасайтын мүшелер: жілік майы,айырша без ,көкбауыр жатады. Тамырлар жүйелері ішінде қан немесе сарысу сұйықтықтары бір бағытта ғана ағатын бір-біріне ұласқан,іші қуыс түтіктерден тұрады.

Тамырлар жүйесі олардың морфологиялық құрылыстары мен қызметтеріне қарай 2-ге бөлінеді:



      1. Қан айналым жүйесі

      2. Сарысу жүйесі.

Тамырлардың іші қуыс болады,олар бір –бірімен байланысып тұйық жүйе құрайды.

Қан ағзаның сұйық ортасына жатады.Ол 2 бөліктен



        1. қан плазмасынан 55-60 процент

        2. қан жасушаларынан 40-45 процент тұрады

Қан плазмасы ашқылтым келген сұйық сарғылт зат 90-92 процент судан,8-10 процент құрғақ заттардан тұрады.

Қан жасушалары 3 топқа бөлінеді

1.эритроциттер

2.лейкоциттер

3.тромбоциттер

Эритроциттер – екi жаққа бүгiлген диск тәрiздi, диаметрi 7 микрон және қалыңдығы 8 микрон болатын қанның қызыл клеткалары. Жетiлген эритроциттерде ядро жоқ. Ядроның болмауы және екi жақты бүгiлу линзасы эритроциттiң бетiн үлкейтедi. Адамның барлық эритроцитiнiң жалпы ауданы 3 мың м2, ол 1500 рет дене бетiнен үлкен. Адам организмiнде 25000 миллиард эритроциттер бар. Эритроциттiң сырты мембранамен қапталған, iшi күрделi белок гемоглобин бар. Әр эритроцитте 270 млн. Гемоглобин молекуласы бар. Гемоглобин 4 белокты жiпшеден және 4 темiр атомынан тұрады, ол оған қызыл түс бередi. Гемоглобиннiң белоксыз, темiр атомы бар бөлiгi гем деп аталады. Гемоглобин қанның тынысалу пигментi деп аталады. Эритроциттiң қызметi – газдарды тасымалдау. Әр гем оттегi молекуласын қосып немесе бере алады, сөйтiп тұрақсыз қосылыс оксигемоглобин – HbO түзедi. Ұлпа капиллярларында оксигемоглобин оттегiн бередi және көмiр қышқыл газын қосып алып, карбогемоглобин деген зат түзедi – HbСO. Өкпеге қан ағынымен түсiп, карбогемоглобин ыдырап, түзiлген көмiр қышқыл газы тыныс алғанда шығады.Гемоглобин организмде улы газбен тұрақты қосылыс түзе алады, оны карбоксигемоглобин деп атайды, егер улы газбен ұзақ уақыт тыныс алса, өлiмге әкеп соғады. Гемоглобиннiң улы газбен ұқсастығы оттегiге қарағанда 300 рет күштi, сондықтан атмосферада улы газдың аз мөлшерiнiң өзi гемоглабин молекуласының газ молекуласымен тез қозғалуына әкеп соқтырып, эритроциттер оттегiмен байланыса алмай, адам тұншығып өледi.

Эритроциттер – сүйек кемiгiнде болатын, қан жасайтын мүше – кемiкте, жiлiк майында түзiледi. Олардың өмiр сүру ұзақтығы 4-айға жуық, 120-130 күн. Эритроциттер бауыр мен өтте бұзылады. Тәулiк сайын 15 млн. эритроциттер түзiлiп, соншасы бұзылады. Қан кеткенде эритроциттiң орнын оттегi қоры басады, өтте 300 мл –ге дейiн қан жиналып, сақталады.



Лейкоциттер – қанның ақ клеткалары, олардың ядролары әртүрлi. Лейкоцит өлшемi 8 ден 12 микрон. 1 мм2 – та 6-8 мың лейкоциттер бар. Лейкоциттiң 5 түрi: бүршiктi – нейтрофилдер, эозинофилдер, базофилдер және бүршiксiз – лимфоциттер, моноциттер. Қанда нейтрофилдер көп – лейкоциттiң барлық санының 70%-iн құрайды. Нейтрофилдер мен моноциттер амеба тәрiздi қозғалады. Бөгде заттармен байланысып, оларды қоршап қорытады. Бұл құбылысты орыс ғалымы И.И.Мечников зерттеп, фагоцитоз деп атады. Моноциттер қаннан шығып, қабынған жерде жиналып, макрофагоциттарға – үлкен фагоциттаушы клеткаларға айналады. Эозинофилдер организмге гельминттер жұққанда паразиттi инфекциялардан қорғайды. Базофилдер гепарин бөледi, ол қанның ұюын төмендетедi және гистамин бөледi, ол капиллярларды кеңейтедi. 

Лимфоциттер организмнiң қорғаныш реакцияларында үлкен роль атқарады. Лейкоциттердiң 25-30% - i лимфоциттер. Лимфоциттер кемiкте, жiлiк майында, өтте, лимфа түйiндерiнде, миндалинада, соқыр iшекте, қалқанша безде түзiледi. Лимфоциттер арасында қызметтерi әртүрлi түрлерi бар. Бiр лимфоциттер тимуста (қалқанша безде) түзiледi және оларды Т- лимфоциттер деп атайды, кейбiр лимфоциттер миндалинада, соқыр iшектiң лимфоидтты ұлпасында, тоқ iшектiң лимфоидтты ұлпаларда түзiледi, оларды Б – лимфоциттер деп атайды. Т- лимфоциттер iшiнде бөгде заттарды (антигендердi) танитындары бар, олар Т- лимфоциттер – хелперлер деп атайды., кейбiреулерi ферменттерi арқылы бөгде заттарды жоятындары бар, оларды Т- лимфоциттер – киллерлер немесе өлтiрушi – клеткалар. Б- лимфоциттер басқаша әрекет жасайды. Лимфоциттер – хелперлер көмегiмен антигендердi танып, антиденелердi түзедi, олар бөгде заттарды нейтралдап, фагоцитозға дайындайды. Т- лимфоциттер және Б – лимфоциттер арасында антигендер құрылысын есте сақтайтын клеткалар бар, олар есте сақтау – клеткалары деп аталады. Олар қанда ұзақ сақталады. Лейкоциттердiң айтылған түрлерi организмдi бөгде заттар – антигендер әсерiнен және бөгде заттар енуiнен (олар бактериялар, вирустар, улар) сақтайды. Лейкоциттердiң өмiр ұзақтығы түрлерiне байланысты, бiрнеше сағаттан бiрнеше жылға дейiн. Лейкоциттер өтте, лимфа түйiндерiнде немесе қабыну процесi жүрiп жатқан жерде бұзылады. Лейкоциттер санының қалыпты мөлшерден өсiп кетуiн лейкоцитоз деп атайды. Мұндай көрiнiстi ауырғанда немесе қабыну процесiнде байқауға болады.

Тромбоциттер немесе қан пластинкалары – майда ядросыз, дөңгелек диаметрi 1-4 микрон болатын клеткалар. Олар жiлiк майында түзiлiп, қанда 5-11 күн айналады, кейiн олар бауырда немесе өтте бұзылады. Олардың саны 1 мл3 –те 200-300 мыңға жетедi. Тамыр бұзылғанда, тромбоциттер қанның ұюына қажеттi заттарды түзiп, тромбтың түзiлуiн және қанның тоқтауын қамтамасыз етедi.



Моноциттер нейтрофилдерден үлкен, олар макрофагтарға айналып, микробтардың көп бөлiгiн өлтiредi. Сонымен бiрге, макрофагтар ақпаратты Т-лимфоцит – хелперлерге бередi. Арнайы клеткалық иммунитетте лимфоциттер негiзгi роль атқарады. Т-лимфоциттер арасында лимфациттер – хелперлер бар, олар макрофагтан патогендi организмдер табиғат туралы ақпаратты Б-лимфоцитке бередi, олар арнайы антиденелердi көп мөлшерде бөле бастады – бұл гуморальдi клеткалардың иммунитетi. Антиденелер антигендермен кiлт – құлып типiнде комплекс түзiп, оларды залалсыздандырады. Клеткалық арнайы иммунитеттi Т-лимфоциттер – киллерлер атқарады, микробтың қабығын бұзады.

Лекция 21

Тақырыбы:

Жүрек құрылысы және қызметі. Кіші қан айналу шеңберінің артериялары мен веналары.



Жоспар:

1.Жүрек,оның қалыптасуы,сыртқы пішіні,қапшығы.

2. Жүрек қабықтары:эпикард,миокард,эндокард.

3. Жүрек жұмысының кезеңдері.

4. Кіші қан айналу шеңберінің артериялары мен веналары.

Лекция мәтіні
Басқа тамырлар жүйесіне ұқсап ұрықтық мезодерманның мезенхимиясынан дамып, үшінші аптада қызметіне кіріседі. Жүрек алғашқы эмбриондық дамуда эндодермамен ішкі жапырақша аралығында екі түтікше тәрізденіп басталады.Оның ішкі қабырғасы эндокарт-мезохимадан, ал ішкі мезодермадан біртіндеп қалыңдау, нәтижесінде жүректің миокард қабаты мен сір қабаты эпикард пен үлпершегі-перикард паида болады. Жүрек конус тәрізді етті мүше, оның жоғарғы толық жағын негізі, ал төменгі жағын жүректің ұшы дейді. Орта салмағы 250-300г.орта есеппен жүрекке 300 см қан сияды. Ол жүрек қапшығының перикардтың ішінде орналасқан. Жүрек қабығының сыртқы-эпикард, ортанғысы миокард, ішкі-эндокард.

Эпикард жүректің сыртын жауып жатқан жұқа қабықша. Эпикард қабаты жүректің негізінен перикардқа, яғни жүрек қапшығының ішкі бетіне көшеді. Перикард пен эпикард аралығындағы қуыстықта /саңылауда/ сероздық ылғал болады. Ол жүрек жиырылып жұмыс істеп тұрғанда қабықшаларының өзәра үйкелесуіне себеп болады.

Эпикардтың ішкі бетіне миокард тығыз бірігіп жатады. Миокард –қалың ет қабаты. Қалыңдығы әр түрлі. Жүрек етінің қаңқа етінен айырмашылығы ет талшықтары өзара көлденең қосылыстар түзіп торлана жатады. Сол себептен де жүрек еті жиырылса, тұтасынан жиырылады. Жүрекшелер қабырғасының ет талшықтары екі бағытта орналасқан:-ішкі-әр жүрекшені жеке орайды. Беткей екі жүрекшені бірдей орайды. Веналардың ашылар жерінде сақиналы ет талшықтары бар. Жүрек қарыншаларының миокардтық қабаты 3-сыртқы /беткі/, ортаңғы және ішкі. Бұнда ортаңғы қабат әрбір қарыншаны жеке орап жатады. Беткі және ішкі бұлшық еттер екі қарыншаны бірдей орайды.

Миокардтың қалың етінде ерекшк құрылыста келген түйіндер мен шоқтар орналасқан. Олар жүрек еттерінің еріксіз жиырылып реттеліп соғуына әсер етеді. Сондықтан оларды жүректің өткізгіш жүйесі дейді. Бірінші негізгі түйін оң қарынша миокордасының қалың етінде, жоғарғы қуысты вена мен құлақша аралығында орналасқан. Оны синус /Кис-Фляк/ түйіні дейді,- жүрекшені жиырады.

Екінші түйін жүрекшелер аралық перденің төменгі бөлігінде қарыншаларға жақын жатады-жүрекше-қарынша немесе атриовентрикулярлық Ашоф-Товар түйіні дейді.Төменде қарынша аралығында гис шоғыры бар, ол екі аяқшаға бөлініп, екі қарыншаға өтеді. Жүрек жұмысы 3 кезеңмен өтеді:

1.Екі жүрекше жиырылады да жақтаулы қақпақшалары ашылып қан қарыншаларға өтеді.

2.Қарыншалар жиырылып айшық қақпақшалар ашылумен қан айналу шеңберлріне жіберіледі.

3.жүректің біраз тыныштық күйі өтеді.-жүрек еттерінің жиырылуын систола, босалуын диастола, ал аз уақыт тыныштықкүйін пауза дейді.

Эндокард-ішкі қабаты. Жұқа қабықша құрылысы жағынан қан тамырларының ішкі қабырғаға ұқсас.

Лекция 22.

Тақырыбы:

Үлкен қан айналу шеңберінің артериялары мен веналары .



Жоспар:

1.Қолқа тамыры,оның бөлімдері. Қолқа бөлімдерінің әртүрлі мүшелерді қанмен жабдықтауы.

2. Үлкен қан айналу шеңберінің веналары.

Лекция мәтіні


Үлкен қан айналу шеңберінің артерияларының ішіндегі ең жуаны қолқа (аорта) болып табылады. .Қолқа тамыры жүректің сол жақ қарыншасынан өте жуан болып басталады да азырақ жоғары көтеріліподан соң иіліп, жүректің сыртынан омыртқа жотасын бойлай төмендеп4-ші бел омыртқаның тұсына дейін созылады.Құрылысы мен орналасқан жеріне қарай қолқа тамыры 3 бөлікке бөлінеді.

1.Өрлеуші қолқа.

2. Қолқа иіні.

3.Төмендеуші қолқа

Өрлеуші қолқаның түбінен жүректің екі оң және сол тәждік артериялары басталады. Өрлеуші қолқаның ұзындығы 5-6 см.Ол жүрек үлпершегінің ішінде жатады.

Қолқа иінінің дөңес жағынан оңнан солға қарай есептегенде үш үлкен тамырлар шығады.

1.Иық-бас бағанасы

2.Сол жақтағы жалпы ұйқы артериясы.

3.Сол жақтағы бұғана асты артериясы

Иық-бас бағанасы қолқа доғасының бірінші тармағы. Оның ұзындығы 5-6 см..Ол төс-бұғана байламының тұсында оң жалпы ұйқы артериясы және оң бұғанаасты артериясына бөлінеді.Жалпы ұйқы артериялары қалқанша шеміршектің жоғарғы жиегіне жеткенге дейін тұтас келеді де осы жерден ол сыртқы және ішкі ұйқы артериясына тармақталады.Бұл артериялар мойын және бас мүшелерін қанмен жабдықтайды.Бас мойынжәне тұлғаның жоғарғы бөлігін бұғанаасты артериясы қанмен қамтамасыз етеді .

Төмендеуші қолқа 2 бөлімнен тұрады:


  1. кеуде қолқасы

  2. құрсақ қолқасы

Кеуде қолқасы көкірек бөліміндегі және құрсақтағы мүшелерді қанмен жабдықтайды.

Құрсақ қолқасы ішкі тамырларға,қабырғалық тамырларға,және 4-ші бел омыртқаның тұсында оң және сол мықын артерияларына бөлінеді.Бұл артериялар жамбас бөлікті және аяқты қанмен қамтамасыз етеді.

Вена тамырларының қабырғасы артерия тамырларының қабырғасына қарағанда жұқа болады. Вена тамырлары артерия тамырларымен қабат жатады,осыған орай олардың аттары да аттас болып келеді .Бірақ кейбір веналар артерия тамырларына топографиялық жағынан ешқандай байланысы болмайды. Сондықтан веналарды екі топқа бөледі:

1.Беткі веналар

2.Батыңқы веналар.

Вена тамырлары адам денесінде орналасуына қарай және қай мүшелерден веналық қан жинайтындыықтарына қарай:ми,бас,мойын бөлігі,кеуде .құрсақ қуыстары,қол-аяқ мүшелері және тері асты веналары болып бөлінеді.

Осы аталған барлық веналар үш жүйеге біріктіріледі.

1.Жүректегі вена жүйесі

2.Жоғарғы қуысты вена күретамырлар жүйесі

3.Төменгі қуысты вена күретамырлар жүйесі

Қақпа венасының жүйесі қарынның, барлық ішектердің ,ұйқы бездік,талақтық тамырларын жинақтап бауырға келіп енеді.Үлкен қан айналым шеңберлерінің барлық веналық қаны жоғарғы қуысты вена күретамырлар жүйесі мен төменгі қуысты вена күретамырлар жүйесіарқылы жүректің оң жақ құлақшасына келіп құяды

Үлкен қан айналым шеңберлерінің веналарына жататын жоғарғы қуысты вена күретамырлар жүйесівеналық қанды бастан,екі қолдан,иыық белдеулерінен және кеуденің кейбір мүшелерінен оның қабырғаларынан жинайды.

Төменгі қуысты вена күретамырлар жүйесін құрсақ бөліктің веналары,мықынның жалпы веналары,аяқ веналары деп талдауға болады.

Лекция 23.

Тақырыбы:

Лимфа жүйесі және қан жасайтын органдар.



Жоспар:

1. Лимфа жүйесі

2.Лимфа түйіндері,лімфа бездері

3.Қан жасайтын органдар



Лекция мәтіні
Лимфа жүйесі деп вена жүйесін толықтырып тұратын тамырлар жүйесін айтамыз. Лимфа жүйесіне лимфа саңылаулары,лимфа капиллярлары,лимфа тамырлары мен лимфа бездері жатады. Лимфа жүйесінің ағза үшін маңызы өте зор.Ол зат алмасу және фагоцитарлық процесстерге қатысады.

Лимфа капиллярлары лимфа жүйесінің бастапқы тамыры болып табылады.

Лимфа саңылауларына плевра мен жүрек қабының қуысы,мижәне жұлын қабықтарының аралықтары,ішектің сероздық қуысы,ми қарыншаларының қуысы,жұлын каналы, ішкі құлақтың лимфа қуысы ,буын қуыстары жатады.

Лимфа тамырлары лимфа капиллярларының бірігуінен пайда болады.Олар орналасуына қарай беткей және терең тамырлар болып екіге бөлінеді

Лимфа бездері тізе буынында ,тақым астында,жамбас,шат,шынтақ буынында,қолтық,жақ астында,мойында,бронхыда,ішек шажырақайында кездеседі.

Ағзадағы барлық лимфа тамырлары көкірек және оң жақ лимфа өзектеріне барып аяқталады.

Қан жасайтын мүшелерге сүйек майлары , лимфа бездері және көкбауыр жатады.

Қан және лимфа тамырлары әр уақытта қүрамына формалық элементтер кіретін қан жәнс лимфамен толтырылған. Олардың қызметі мен қүрылысы әр алуан (эритроциттер оттегі мен көмір қышқыл газын тасымалдайды, әртүрлі лейкоциттер организмнің рсттеуші және қорғаныс реакцияларына қатысады). Мүндай реакциялардьгң ішінде бөтентекті заттар мен жасушаларды залалсыздандыруға арналған иммундық реак-циялар ерекше бөлінеді. Бүл реакциялар негізінсн лимфоциттер және макрофагтардың қызметі арқылы жүзеге асады.

Формалық элементтер жілік майындағы бағаналық жасушалардың өсіп-өну нәтижесінде дамиды. Жасушалардың бір бөлігі осы жерде пайда болып, одан әрі айырша безде дамиды. Сондықтан жілік майы мен айырша без орталық қан өндіруші ағзалар деп аталады) Жасушалардың арнаулы формаларға айналу жолдарындағы өзгерістерінің едәуір бөлігі лимфа түйіндері мен көкбауырда іске асады. Сондықтан оларды шеткі қан өндіруші және иммундык жүйе ағзалары деп атайды. М.Р. Сапиннің деректері бойынша иммундык жүйе ағзаларына жілік майы, айырша без, қуыс ағзалар, асқорыту жәнс тынысалу жүйелеріндегі қуыс ағзалар қабырғаларындағы лимфоидты тін жиынтықтары (мықын ішек пен соқыр ішектің лимфоидты топтары және жекеленген лимфа түйіндері), лимфа түйіндері, көкбауыр жатадьт.

Иммундык жүйенің орталық ағзасы айырша без болып табылады.

Тимус – айырша без – көкірек артында средостепияда орналасқан, кішкентай мимфойдты мүше. Тимус балалық кезде жақсы дамып , жас өспірім кезеңде жойылады. Тимустың эндокринді емес ролінің негізі – тимуста –Т – лимфоциттері пісіп жетіледі, олар иммундық реакцияға жауапты. Тимустың эндокринді қызметі – тимозин және тимопоэтин гормоны түзіледі, олар иммундық жүйенің дамуы мен түзілуін реттейді. Егер тимустың белсенділігі ересек кезеңде сақталса, аутоиммунды аурулар дамиды, әғни өзінің антиденелері өздерінің белоктарын жояды. Мұндай ауруларға миастения жатады Сүт қоректілердің айырша безі тимус сыртынан дәнекер капсуламен қапталған жұп бөлімді мүше. Ол сыртынан капсуламен қапталады, одан шығатын жапырақтар паренхиманы бөліктерге бөледі. Құстарда тимустың бөліктері мойын бөлімінде өңештің екі жағында орналасады. Әр бөліктің қыртыс, милық заттары болады.Сыртқы қыртыс қабықта пісіп жетілмеген бөлінуге ұшырайтын клеткалар лимфобластар орналасады, оларда Т- лимфоциттер түзіледі. Лимфобластарды үлкен алып эпиталды клеткалар күтуші клеткалар қоршап тұрады. Ал мишық қабатта азғантай мөлшерді лимфоциттер көп мөлшерде жұлдыз тәрізді эпителиальды клеткалар мен Гассаль денешіктері болады .Гассаль денешігі деп- ортасында секрет бөлетін клеткаларын мүйізделген эпителиальды клеткалар қоршаған концентрлі жиынтықты айтады. Тимустың қыртыс қабатында сонымен қатар макрофагттар аз мөлшерде микрофагтар (эозинофил, нейтрфил) клеткалары семіз клеткалар болады. Тимуста митоз процесі өте интенсивті жүреді. Тимустың иммундық жүйенің орталық мүшелерінің бірі ретіндегі маңызын 1961 ж Джон Миллер дәлелдеді. Ол тимоэктомерленген тышқандарда 1,5-3 айдан кейін вассинг синдромы, азып кету синдромы дамитынын клеткалық иммунитеттің күшті бұзылатынын анықтады Қазіргі уақыта тимус ұлпасынан он шақты пептидті гуморальды факторлар бөліп алынып идентификацияланып химиялық жолмен синтезделген

Иммундық жүйе ағзалары сырттан келетін немесе организмнің өзінде түзілетін генетикалық жағынан бөтентектіжасушалар мен заттардан организмнің қорғануын (иммунитетін) қамтамасыз етеді



Көкбауыр, liеп (грекше - splen), кан тамырларымсн молынан жабдықталған лимфоидты ағза. Көкбауырда қантамыр жүйесі тінмен тығыз араласқан, соның нәтижесінде бұл жерде қан көкбауырда пайда болып дамитын лейкоциттердің жаңа қорымен молығады. Сонымен қатар көкбауыр арқылы өтетін қан ондағы макрофагтардың фагоцитоздык кызметін аяқтағаи қызыл қан түйіршіктер (эритроциттер "бейіті") мен

қан арнасына келіп түсксн ауру тудырушы микробтардан, бөгде заттардан және т. б. арылады.

Бір адамның өзінде, тамырларының көкбауырдың көлемі ондағы тамырлардың қанға азырақ немесе көбірек толуына байланысты едәуір дәрежеде өзгеріп отырады. Орташа есеппен алғанда көкбауырдың ұзындығы 12 см. ені 8 см, қалыңдығы 3-4 см, салмағы 170 г шамасындай (100-200 г). асқорыту кезінде көкбауыр үлкейеді. Оның беті күлгін реңді қошқыл қызғылт түсті.

Пішіні жағынан көкбауыр кофе дәні сияқты. Көкбауырдың екі беті (facies diaphragmatica, facies visceralis), екі жиегі (жоғарғы жоне төменгі), екі шеті (алдыңғы және артқы) болады. Ең жалпақ және

латералды жаққа қараған facies diaphragmatica дөңес және көкетке жанасып жатады. Висцералды ойыс бетінде, асқазанға жанасып жатқан алаңның facies gastrica астында бойлық жүлге hylus lienalis қақпа бар, ол арқылы көкбауырға тамырлар мсн нервтер кіреді. Қақпаның артқы жағында facics gastrica жатады, бұл жерде көкбауыр сол жақ бүйрекүсті безімен және бүйрекпен жанасады. Көкбауырдың алдыңғы шеті жанында оның colon-мен және lig. phrenicocolicum жанасып тұратын жері байқалады, бұл facies colica.

Лекция 24.

Тақырыбы:Жүйке жүйесі.Жұлынның құрылысы.

Жоспар:

1.Жүйке жүйесіне жалпы шолу.

2.Жүйкелердің құрылысы,ерекшеліктері,негізгі қасиеттері.

3.Орталық жүйке жүйесі

4.Жұлын және оның құрылысы.

Лекция мәтіні
Ағзадағы мүшелер мен мүшелер жүйелерінің қызметтерін реттеп ,үйлестіріп,басқарып,сыртқы ортамен байланыстырып отыратын арнаулы жүйе жүйке жүйесі деп аталады

Ағзаны сыртқы ортамен байланыстырып,оған бейімдеп отыратын жүйке жүйесінің әрекеті жүйке жүйесінің жоғарғы дәрежелі қызметі болып табылады.Ал тек қана денедегі мүшелердің қызметін ғана реттеп,келістіретін және басқаратын жүйке жүйесінің әрекеті жүйке жүйесінің төменгі дәрежелі қызметі болып табылады.

Жүйке жүйесі морфологиялық құрылымдары мен қызметтеріне қарай 3 бөлімге бөлінеді.

1.Орталық жүйке жүйесі: ОЖЖ ,бұл бөлімге жұлын мен ми жатады



  1. Қиян(перифериялық) немесе шеткі жүйке жүйесі:бұл бөлімге мидан шыққан 12 жұп және жұлыннан шыққан 31 жұп жүйкелер жатады.

  2. Ерекшеленген (вегетативті) жүйке жүйесі:ВЖЖ.

Жұлыннан немесе мидан шыққан бірнеше бірнеше жүйке талшықтары бірігеді де, сыртын талшық қаптайды.Оны жүйке тамыры деп атайды.

Орталық жүйке жүйесіне филогенетикалық жағынан өте әріден басталған жұлын және ең жас,біртіндеп дамып келе жатқан ми жатады.

Бұл екі бөлімнің генетикалық, морфологиялық құрылысы мен қызметі бір-бірімен тығыз байланыстыжәне біртұтас құрылым.Жұлын мен миды 3 қабатты қабықша қаптайды:

1.жұмсақ немесе қан тамырлы қабық ,ең ішкі қан тамырларына бай жұлын мен мидың үстіңгі бетімен бірігіп жататын қабық

2.торлы қабық өте жұқа қантамырсыз қабық

3. қатты қабық ең сыртқы дәнекер ұлпалы қабық

Жұлын тек омыртқа жотасының ішіндегі ұңғылда орналасады.Ересек адамдарда оның ұзындығы 45 см,ені 15 мм,салмағы 36 гр.Жұлын жжоғарғы жағынан ауыз омыртқаның тұсында сопақша миға жалғасады, ал оның төменгі жағы 2-ші бел омыртқадан төмен қарай ат құйрықтанып,,негізгі жіпшесі 2-ші құйымшақ омыртқаға дейін жетеді де сол жерге бекиді

Жұлынның ұзына бойында оның жуандығы біркелкі болмайды;бас жағы 8жуан,құйрық жағы жіңішке болады. Жұлынның 2 жері жуандау ; мойын буылтығы және бел-сегізкөз буылтығы болады. Жұлынның алдыңғы және артыңғы жағында екі жүлге :алдыңғы орталық сай және артыңғы орталық 8жүлгесі болады,жәе бүйірлерінде оң бүйір және сол бүйір жүлгелері болады

Жұлынның ортасында өте тар тесігі болады.Олортақ өзек деп аталады. Жұлынның көлденең кесіндісінен оның ақ зат пен сұр заттан тұратыны байқалады. Сұр заты қанатын жазған көбелекке ұқсас , алға шығып тұрған бөлігі алдыңғы аша , артқы бөлігі артқы аша деп аталады.Ақ зат жұлынның сұр затын қоршап жатады, ол жүйке талшықтарынан және аксондардан түзілген. Жұлынның әртүрлі деңгейлеріндегі ақ заты мен сұр затының пішіндері және қатынасы әр түрлі болады
Лекция 25. Тақырыбы: Бас миы. Мидың бөлімдері.

Жоспар:

1.Ортаңғы ми,артқы ми,сопақша мидың құрылысы мен қызметтері.

2.Аралық мидың құрылысы мен қызметі.

3.Үлкен ми сыңарларының құрылысы мен қызметі.

4.Ми қыртысы

Лекция мәтіні
Орталық жүйке жүйесінің екінші үлкен бөлімі бас миы.Адамдарда орта есеппен мидың салмағы еркектерде 1375 г,әйелдерде 1245 г, тік қимасы 16-17 см,көлденеңі-14 см,көлемі-1220 куб см болады.

Ми бас сүйегінің ішінде орналасады.Дамуына ,құрылыс ерекшеліктеріне және қызметтеріне байланысты ми бес бөлімге бөлінеді

1.үлкен ми

2.аралық ми

3.ортаңғы ми

4.артқы ми

5.сопақша ми

Сопақша ми тікелей жұлынның жалғасы болып есептеледі.Сондықтан құрылысы жағынан жұлынға ұқсас болады.Орталық түтік мидың 4-ші қарыншасын түзеді.Сопақша мида 8-12-ші ми жүйкелерінің орталықтары жатады. Сопақша мида мидың 4-ші қарыншасының түп жағында күшті дамыған мидың торлы түзілімі болады. Сопақша мидың қуысы ,сайлары, нәзік және сына тәрізді шоқтары, жіп тәрізді денешіктері болады. Сопақша мида тыныс алу ,ас қорыту,қан айналым және басқа жүйелердің орталықтары орналасады және де ол жұлын сияқты рефлекстік ,өткізгіштік қызметтер атқарады.

Артқы ми екі бөлімнен тұрады:алдыңғы бөлімін ми көпірі артқы бөлігін мишық деп атайды.

Ми көпірі сопақша мидың үстінде орналасқан жалпақ ақ жал.Ол үстіңгі жағынан ортаңғы мимен шектеледі .Ми көпірі шекараларынан 6-7-8-ші ми жүйкелерінің түбірлері басталады.Ми көпірі өткізгіштік және рефлекторлық қызметтер атқарады.

Мишық ми көпірі мен сопақша мидың артқы жағында орналасады.Оның салмағы ересек адамдарда 120-150 грамм болады.Мишық бастың бүкіл артқы бөлігін тұрады ,оны үлкен ми сыыыыыыыыңарының шүйде бөлігі үстіңгі жағынан жауып тұрады.Екеуінің арасындағы саңылауды мидың көлденең саңылауы деп атайды.Мишық екі сыңардан және оларды біріктіретін құрт тәрізді мүшеден тұрады ,және де сұр зат пен ақ заттан түзіледі.Сұр зат мишықтың сыыртқы бетінде орналасып, оның қыртысын түзеді .Ақ зат8 сұр заттың ішінде орналасқан ,олардың іішіінде 4 жұп ядролар болады.Мишықтың негізгі қызметі- денені қозғалтып, қимылға келтіру,тепе теңдік алма кезектік қызметтерді ,яғни үйлесімділікті рефлекс жолымен басқару.

Ортаңғы ми мидың сабақшасынан төрт төмпешіктен,мидың қуысы ми суағарынан және ми бүркенішінен құралады.Төрт төмпешіктер мишықтың алдыңғы жағында жатады,оның алдыңғы екеуінде бағдарлап көру орталығы, артыңғы екеуінде бағдарлап есту орталығы жатады. Ортаңғы мидың ақ затының арасында күңгірт заттар жатады. Оларды орталық сұр зат, қызыл ядролар, қара субстанция деп бөледі. Ортаңғы мидың ішкі қабырғасында 3,4-ші ми жүйкелерінің орталықтары жатады . Қуысы- ми суағары- ұзындығы 1,5 см келетін жіңішке өзек .Ол мидың 4-ші қарыншасын 3-ші қарыншасымен байланыстырып тұрады. Аралық ми ортаңғы мидың және мидың ақ затының үстінде орналасады.Аралық миға таламус(көру төмпегі)пен гипоталамус және оның ішкі қуысы мидың 3-ші қарыншасы жатады.Таламус аймағы нағыз таламус,артқы таламус және эпиталамус аймақтарына бөлінеді .Таламуста 40 шақты ядро ,әртүрлі орталықтар болады.Гипоталамуста дене қызуын реттейтін ,зат алмасуды реттейтін ,ішкі бездерге әсер ететі н 32-ден астам ядро лар орналасқан.

Үлкен ми –милардың ішіндегі ең үлкені ,ол ми сауытының едәуір бөлігін толтырып тұрады.Үлкен миды тік бағытта дәл ортасынан терең ұзынша жүлге мидың екі сыңарына бөледі.Оларды оң және сол жақ ми сыарлары деп атайды.Бұл ми сыңарлары дәнекер ақ дене арқылы бірігеді.Әрбір ми сыңарының ішінде бір-бірден қуыс болады .Ол қуыстар мидың 1-ші және 2-ші қарыншалары немесе бүйір қарыншлары деп аталады. Мидың ұзын жүлгесі шүйде тұсында көлденең жүлгеге тіреледі.Әрбір ми сыңарында жүлгелер иірімдер болады.

Үлкен мидың маңдай,төбе, самай, шүйде,жиек және аралшық деп аталатын бөлімдері болады.Бұл алты бөлімді бүйір,орталық төбе,шүйде,белдеу және терең жүлге бөліп тұрады.Үлкен ми құрылысы ,қызметі және шығу тегіне байланысты 3 бөлімге бөлінеді.

1)Орталық түйіндер-базальды ганглий

2)Үлкен мидың бүйір қарыншалары

3)Үлкен мидың қыртысы.

Орталық түйіндерге жолақты дене,шарбақ де2не , баламша тәрізді ядролар жатады.Жолақты дене құйрықты ядро мен бұршақ тәрізді ядродан тұрады.Бүйір қарынша жұптасып орналасып,қарыншалардың қуысы 4 мүйіске бөлінеді.

Ми қыртысы 6 қабаттан тұрады.


    1. Молекулалық қабат

    2. Сырқы түйіршікті қабат

    3. Пирамидалық қабат

    4. Ішкі түйіршікті қабат

    5. Түйінді ганглиозды қабат

    6. Көп құрылысты қабат

Ми қыртысының қалыңдығы орта есеппен 2-3 мм-ге жетеді.Онда көптеген шамамен 14 млн-дай нейрондар болады.Үлкен мидың әрекетін жоғары дәрежелі жүйке қызметі деп атайды.

Лекция 26.

Тақырыбы:Жүйке жүйесінің вегатативтік бөлігі

Жоспар:



  1. 1. Қиян жүйке жүйесі

2. Жүйке жүйесінің вегетативті(ерекшеленген) бөлігі.

3. Симпатикалық бөлім және парасимпатикалық бөлім



Лекция мәтіні
Қиян жүйке жүйесіне 12 жұп ми жүйкелері және 31 жұп жұлын жүйкелері жатады.Қиян жүйке жүйесін соматикалық жүйке жүйесі деп те атайды. Соматикалық жүйкелер адамның денесіндегі алшақ жатқан мүшелерді бұлшық ет,буын ,терілерді жүйкелермен жабдықтайды.Жүйке жасушасының өсінділерінен түзілген талшықтар ұзын жіпке ұқсас жұмыр ақ түсті болып келеді.Бұл талшықтардың бірнеше мыңы бірігіп,жүйке тамырын түзеді.Бірнеше жүйке талшықтары буда түзеді. Құрамындағы талшықтардың морфологиясына және қызметтеріне қарай жүйкелер:

      1. Сездіргіш жүйке (рецептордан басталып,ми немесе жұлын түйіндерінде үзіліп өтеді)

      2. Қозғалтқыш жүйке (мидан,жұлыннан басталып,үзілмей мүшеге жетеді.)

      3. Аралас жүйке (құрамында сездіргіш жүйке мен қозғалтқыш жүйкелердің екеуі де болады.) болып бөлінеді.

Адамдарда жұлын жүйкелері 31 жұп болады,халық оны 62 тамыр деп те атайды.Жұлын жүйкелерін мынадай топтарға бөледі:

        1. Мойын жүйкелері 8 жұп

        2. Көкірек жүйкелері 12 жұп

        3. Бел жүйкелері 5 жұп

        4. Сегізкөз жүйкелері 5 жұп

        5. Құйымшақ жүйкелері 1 жұп

Жұлын жүйкелері жұлынның алдыңғы және артқы түбірлерінің қосылуынан пайда болады.

Ми жүйкелері деп адамдарда 12 жұп блып,мидан басталып бас мүшелерін жүйкелендіретін жүйкелерді айтады.Атқаратын қызметіне қарай олар:

1.Сезімтал

2.Қозғалтқыш

3.Нім шығарғыш

4.Аралас жүйкелер болып жіктеледі.

Олар рим сандарымен белгіленеді.

I.жұп иіс сезу жүйкесі

II.жұп көру жүйкесі

III.жұп көзді қимылдататын жүйке

IV.жұп шығыр жүйкесі

V.жұп үшкіл жүйке

VI.жұп бұрушы жүйке

VII.жұп бет жүйкесі

VIII.жұп кіреберіс-құрыш жүйкесі

IX.жұп тіл-жұтқыншақ жүйкесі

X.жұп кезбе жүйке

XI.жұп қосымша жүйке

XII.жұп тіласты жүйкесі

Бұл жүйкелер мидан басталып,бастың әртүрлі мүшалерін жүйкелендіріп,әрқайсысы өзіне тән қызметтер атқарады.

Жүйке жүйесінің вегетативті(ерекшеленген) бөлігі.

Жүйке жүйесінің барлық ішкі мүшелерді,қан және сарысу тамырларын,бездерді,бірыңғай салалы және кейбір көлденең жолақты бұлшық еттерді жүйкемен жабдықтайтын бөлігі вегетативті(ерекшеленген) жүйке жүйесі деп аталады. Вегетативті(ерекшеленген) жүйке жүйесі де орталық және қиян бөлімдерден тұрады.Орталық бөлімдері ми мен жұлында жатып,ядролар және орталықтар түзеді.Шткі бөлігі бірнеше жүйке түйінінен және жүйке талшықтарынан түзіледі.Ерекше жүйке жүйесінің қозуды тарататын нейронының денесі мүшеге жақын шеткі түйіндерде жатады.Ал аралық нейрон біреу немесе бірнешеу болып орталық ми және жұлын жүйкелері алдыңғы түбірлерінде орналасады.Құрылысы мен қызметтеріне байланысты ерекшеленген жүйке жүйесі 2 бөлімге бөлінеді.

1.симпатикалық бөлім

2.парасимпатикалық бөлім

Симпатикалық бөлім орталық жүйке жүйесінің тек жұлын бөлігінен шығып,омыртқа жотасын бойлай жататын 21-22 тізбек симпатикалық жүйке түйіндерін түзеді. Симпатикалық бөлім жүйкелері өзделімен жалғасқан мүшелерді қоздырады және зат алмасуды арттырады.

Парасимпатикалық бөлім ми мен жұлыннан 2 бөлек болып тарқалады.Ол орталық ми мен сегізкөз бөлігі және қиян бөліктерден тұрады.Парасимпатикалық жүйкелердің түйіндері мүшелердің өзінде немесе жанында болады. Парасимпатикалық жүйкелерден келген қозулар симпатикалық қозуларға қарама –қарсы әсер етеді.


Лекция 27.

Тақырыбы: Сезім мүшелеріне жалпы шолу
Жоспар:

1.Сезім мүшелеріне жалпы шолу.

2. Анализаторлардың бөлімдері

3.Экстрорецепторлар


Лекция мәтіні
Ағза сытқы ортаның өткізгіштігін, сезу мүшелері бұл анатомиялық құрылысты комплекс, олар арқылы организм сыртқы тітіркендіргіш энергияны қабылдап, оларды жүйке импульсына айналдырып, бас мидың керекті бөліміне өткізеді.

Ағзаға әсер ететін түрлі тітіркендіргіштер, сезімтал жүйке талшықтарының ұштары – рецепторлар арқылы қабылданады. Олар арнаулы сезім мүшелерінде немесе денеде орналасқан.

Сезім мүшелеріне – көру, есту, дәм, иіс, тері мүшелері жатады.

Осы аталған 5 сезім мүшелерінің ми қыртысындағы орталықтарға және жүйкелерге жалғасып жататын тізбектері олардың анализаторы болып саналады.



Сезім органдары


Жүйке жасушалары арқылы Арнаулы жасушалар арқылы

Тітіркендіргіштерді қабылдайтын: тітіркендіргіштерді қабылдайтын

1. Көру мүшелері 1. Есту мүшелері

2. Иіс сезу мүшелері 2. Тепе- теңдік мүшелері

3. Тері 3. Дәм сезу мүшелері
Үлкен ми сыңарлары бөліктерінің күрделі даму нәтижесінде сезім органдарының орталықтары пайда болады. Олар анализаторлардың рецепторлары мен жүйке талшықтары арқылы байланысады. Рецепторлар арқылы қабылдалған қозу ми қыртыстарына жеткізіліп отырылады, онда талдау, талқылау процестері жүріп, сезім ажыратылады. Сондықтан да адам дүниедегі бар затты сезім органдары арқылы қабылдап, анализаторлары арқылы түсінік алады.

Анализатор – сыртқы және ішкі ортадан туған тітіркендіргіштерді қабылдап, оған талдау жасайтын күрделі жүйке механизмі.

Орыс ғалымы И. П. Павловтың айтуы бойынша анализатор – белгілі бір қызмет атқаратын күрделі жүйке болып табылады. Оның өзі үш бөлімнен тұрады:

1. Шеткі рецепторлар

2. Өткізгіш жолдары- жүйкелерден және

3. Орталық ми бөліктерінен тұрады.


Анализатор

Шеткі (перифериалық) Аралық өткізгіш Орталық үлкен ми

Сыртқы ортадан жолдары Талдау, талқылау процесі

факторларды қабылдау жүріп, сезім



ажыратылады

Ішкі - сыртқы

Тітіркендіргіштерді қабылдайтын анализаторлардың шеткі бөлігіне, сезімтал жүйкелерінің ұштары – рецепторлары, оның өткізгіш бөлігіне – жұлын мен мидан шығатын жүйке талшықтары, ал анализаторлардың орталық бөлігіне – ми және ми қыртысындағы аймақтар жатады.

Ми қыртысының аймақтарында жоғарғы дәрежеде анықтау, талдау (анализ, синтез) процестері өтеді.

Рецепторларды екі үлкен топқа бөледі: Интеро- рецепторлар – тітіркенулерді ішкі ортадан қабылдайтын рецепторларды айтады. Мысалы: қан тамырларының қабырғасындағы хеме бароцепторлар қанның химиялық құрамының өзгеруін қабылдайды.

Экстрорецепторлар- тітіркенулерді сыртқы ортадан қабылдайтын рецепторлар.

Бұлшық еттердің, сіңірлердің, буын байламдарының құрамындағы рецепторлар, ол интерорецепторлардың бір түрі. Проприорецепторлар жәрдемімен буын және бұлшық ет қызметі алма-кезек, бір-бірінің қызметіне сәйкес қозғалып, жүру, қимылдар т.б. қызмет атқарады.
Лекция 28. Тақырыбы: Көру мүшесі

Жоспар:

1.Көру мүшесінің құрылысы

2. Көру мүшесінің қабаттары

3. Көз алмасы.Көздің қорғаныш аппараты



Лекция мәтіні
Көру органдары. Көз алмасынан, көру жүйкесінен және қосымша мүшелерден тұрады.

Көз алмасы үш қабаттан:

1. Сыртқы тығыз талшықты ( фиброзды)

2. Ортаңғы тамырлы қабық

3. Ішкі торлы қабықтан түзілген.
1. Талшықты қабық - өте тығыз, ол ( склер) артыңғы және алдыңғы ақ қабық бөлімдерден тұрады. Ол көз алмасын сырт жағынан қорғап, оған белгілі бір пішін беріп тұрады. Тамырсыз болғандықтан оны “ мүйізді қабық” деп аталады. Бұл қабық арқылы көз алмасының ішіне сәуле сындырылып өтеді.

Фиброз қабығының артқы бөлігін ақ қабық деп атайды. Бұл қабықтың белдеу бөлігіне көздің тік еті төрт жағынан келіп тіркеледі. Ақ қабық көз алмасының артқы жағынан шыққан көру жүйкесінің сырт жағын жауып, жүйке қабығын түзеді талшықты қабық пен ақ қабықтың қосылған жерінде көз алмасының вена қаны өтетін тамыр кеңістігі жатады.


2. Тамырлы қабық – талшықты қабықтың астында жатқан, көз алмасының ортаңғы қабығы болып саналады. Ол құрылысы жағынан бір-біріне тең емес үш бөліктен алдыңғы - нұрлы, ортаңғы – кірпікті дене, артқы – меншікті тамырлы қабықтан тұрады.

Нұрлы қабық – тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігі болып саналады.

Нұрлы қабықтың дәнекер ұлпасы негізінде пигментті жасушалар тамырлар және біріңғай салалы ет ұлпалардан тұрады. Көздің түсінің әртүрлі болуы, осы пигментті жасушалардың мөлшеріне және орналасу тереңдігіне байланысты келеді. Нұрлы қабықтың ет талшықтары екі бағытта орналасқан Дөңгелек ( сақиналы бағытта) жатқан талшықтары қарашық тесігін тарылтса, сәулелі талшықтары көз қарашығын кеңейтеді. Осының нәтижесінде нұрлы қабықтың ет талшықтары көзге түсетін жарық сәулесін реттеп отырады.

Кірпікті дене- тамырлы қабықтың ортаңғы бөлігі, пішіні сақина тәрізді.

Кірпікті дененің сыртқы қабатын біріңғай салалы ет ұлпасы түзеді. Бұл еттер не жиырылып,не босап көз бұршағының пішінін өзгертіп, көздің көруін икемдеп тұрады.

Меншікті тамырлы қабық тамырлы қабықтың ең үлкен артқы бөлігі болып саналады. Қан тамырларына бай болып келеді.

3. Торлы қабық- көз алмасының ішкі жағын астарлап жатқан қабық. Бұл артқы және алдыңғы бөліктерден түзілген. Артқы бөлігі көру бөлігі бұл жерде жүйкесінің шоғыры жатады. Бұл шоғыр тор қабықтың түйінді жасушалар талшықтарының жинағынан түзілген. Олар көз алмасының артқы жағында көру жүйкесінің сабағын түзеді.

Көз алмасының ішкі ортасы көз бұршағы мен қоймалжың келген шыны тәрізді денеден түзілген. Көз бұршағын өте мөлдір талшықтардан түзіліп түссіз қабықшамен жабылады. Осы қабықшасынан басталып, кірпікті дененің ет талшықтарына тіркелетін белдеулері арқылы көз бұршағы өз орнына бекемделіп тұрады. Сонымен қатар кірпікті дененің ет талшықтарының жиырылуы нәтижесінде көз бұршағының қалыңдығы өзгеріп, көздің әртүрлі қашықтықта жатқан заттарды көруіне себеп болады. Көз бұршағының әртүрлі қашықтықтағы заттарды көруіне икемделуін “ аккомодация ” деп атайды. Жас ұлғайған сайын көз бұршағының жалпы тығыздығы артып көздің көру қабілеті нашарлайды.

Көз (көз алмасы) – мөлдір келген қоймалжың затқа толы келеді. Бұнда қан тамырлары мен жүйке талшықтары болмайды.

Көру органының қосымша аппараттары. Бұған көз алмасын қимылға келтіріп, көзді қорғап тұратын құрылыстар жатады.

Көздің қорғаныш аппаратына - қабақ, кірпік және көз жас безі жатады. Қабақ тері қатпарларынан түзілген. Жоғарғы қабақ төменгіге қарағанда қимылды келеді.

Жоғарғы және төменгі қабақтардың жиектерінде кірпіктер орналасқан. Қабақтардың сырты терімен, іші қызыл түсті кілегей қабықшамен жабылған. Кілегей қабықшасы көз алмасының талшықты қабығының бетіне жалғасып жатады. Оны жалпы “ коньюнктизм” дейді.

Көз жасының аппараты. Екі қабықтың біріккен жерін көз бұрышы дейді, оның кеңірек келген ішкі бұрышын “көз бұлағы” дейді. Оның түбінде ет өсіндісі жатады. Әрбір қабақ жиегінде нүктелер болады. Олар жас түтікшелерінің ашылатын тесіктері. Көз жасын көз жасының бездері бөліп тұрады.

Көздің бұлшық еттері көз алмасын қимылға келтіріп тұрады. Олардың төртеуін тік, екеуін қиғаш еттер дейді.

Көру анализаторының өткізгіш және орталық бөлімдері.

Көру анализаторының өткізгіш жолы көз алмасының тор қабығындағы рецепторлардан басталады.

Көру мүшесінен келген бейнелерді талдайтын және анықтайтын орталық көру анализаторының жүйкедегі ядролық аймақтарында орналасқан. Сөйтіп көру мүшесінің орталығы үлкен мидың шүйде аймағында болады.

Лекция 29.

Тақырыбы: Есту, тепе-теңдік сақтау мүшесі.

Жоспар:

1.Есту мүшесі.

2. Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ

3. Тепе-теңдік сақтау мүшесі



Лекция мәтіні
Сезім мүшелерінің ішіндегі ең күрделі, себебі рецептор- клеткаларының бірнеше түрі болады. Дыбыс толқынын қабылдайтын рецепторлар. Дененің сыртқы жазықтықтағы жағдайын анықтайтын рецепторлар. Қимылдың жылдамдығы және бағытын өзгеруін қабылдайтын рецепторлар.

Орналасуына және қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы және ішкі құлаққа бөлінеді. Сыртқы құлақ дыбыс толқынын жинақтап ортаңғы құлаққа өткізеді, ортаңғы құлақ ішкі қабылдау рецепторларына береді.

Ішкі құлаққа есту мүшелерінің басқа тепе-теңдік аппаратыда жатады. Бұлар самай сүйегінің тасша бөлігінің ішінде орналасқан.

Сыртқы құлақ – құлақ қалқаны, сыртқы дыбыс жолы және дабыл жарғағы жатады.

Дабыл жарғағы – сыртқы құлақты ортаңғы құлақты бөліп тұратын перде. Оның сыртқы беті эпителиімен, ал ортаңғы құлаққа қараған ішкі беті кілегей қабықшамен жабылған.

Құлақ қалқаны – серпімді шеміршектен түзілген.

Сыртқы дыбыс жолы – ұзындығы 2,5 – 3 см, ішкі жағын астарлап жатқан теріде көптеген бездер болады, олар мойын мен құлақ күкіртін шығарады.

Ортаңғы құлақ – дабыл қуысы, есту сүйекшелері және есту түтігі жатады.

Дабыл қуысы – самай сүйегінің тасша бөлігінде орналасқан саңылау тәрізді қуыс болып келеді.

Дабыл қуысында үш есту сүйекшелері жатады. Олар пішіндеріне қарай –балғаша, үзеңгіше және төсше деп аталады.

Бұл сүйектер бір-бірімен буынды қосылыстар жасап, дабыл қуысының сыртқы қабырғасынан ішкі қабырғасына дейін өзара жалғасып жатады.

Балғаша сүйектің басы- мойны, сабы болады.

Төсше сүйегі бір жағымен балғаша сүйекпен, екінші жағымен үзеңгіше сүйекке жалғасады. Үзеңгіше сүйек адам денесіндегі ең ұсақ сүйек оның негізі мен қос аяқшалары болады.

Ішкі құлақ немесе сүйекті лабиринт – самай сүйектің тасша бөлігінің ішінде жатады. Оның өзі бірінің- ішінде бірі жатқан сүйекті және жарғақты лабиринттен түзілген. Сүйекті лабиринт үш бөліктен тұрады:



  1. Орталық – кіреберіс.

  2. Алдыңғы жағын – ұлу.

  3. Артқы бөлігі иірім каналдар деп атайды.

Кіреберіс бөлігі ортаңғы құлақ пен ішкі дыбыс жолының аралығында орналасқан.

Кіреберістің бір жағынан – ұлу, екінші жағынан үш иірімді каналдар ашылады.

Ұлу – кіреберістің алдыңғы жағынан басталып, екі жарым иірім жасап аяқталады. Иірімніің қуысында спиральды пластинка жатады. Ұлу қуысы екі сатыға бөлінеді:



  1. Жоғарғы бөлігін “кіреберіс сатысы”.

  2. Төменгі бөлігін – дабыл сатысы

Кіреберіс сатысы кіреберістен басталады, дабыл сатысы жарғақпен жабылған ұлу терезесінен басталады.

Жарғақты лабиринт –жұқа дәнекер ұлпасы жарғақтан түзілген, ол сүйекті лабиринттің ішінде орналасқан. Жарғақты лабиринттің ішінде эндолимфа сұйықтығы жатады, сүйекті лабиринт пен жарғақты лабиринттің аралығында перилимфа сұйықтығы жатады.

Ұлудың жарғақты бөлігі дыбыс қабылдайтын аппараттың маңызды бөлімі болып саналады. Құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолы арқылы енген дыбыс толқыны дыбыс жарғағын тербетеді. Бұл тербелу ( импульсі) есту сүйекшелерінің тізбегінен кіреберіс терезесінен одан перилимфа сұйықтығына беріледі. Перилимфа сұйықтығы ұлу қабырғасындағы ұлу жүйкесінің ұштарына одан орталыққа береді.

Лабиринттің кіреберіс бөлігімен иірімді каналдары адамның тепе-теңдік аппараты болып саналады.

Есту тепе-теңдік анализаторларының өткізгіш және орталық бөлімдері. Есту анализаторының өткізгіш бөлігі сезімтал нейрондарынан басталады. Олардың дендрит ұштары дыбыс толқынын қабылдаса, нейриттері кіреберіс жүйкесімен бірігіп –кіреберіс- ұлу жүйкесін түзіп, ішкі есту тесігінен өтеді. Бұл екеуі мидың VІІІ жұп жүйкесі болып саналады. Есту анализаторының орталығы ми сыңарларының самай аймағында жатады.

Тепе-теңдік анализаторының өткізгіш бөлігіне сезімтал нейрондар жатады.

Бұл нейрондардан шыққан нейриттер кіреберіс жүйкесін түзіп (ұлу жүйкесімен қосылып) миға қарай бағыт алады.



Лекция 30.

Тақырыбы: Дәм ,иіс және тері анализаторы

Жоспар:

        1. Дәм анализаторының құрылысы

        2. Адамның иіс анализаторы

        3. Тері анализаторы терінің қабаттары.

Лекция мәтіні

Дәм анализаторы. Дәмді қабылдайтын рецепторлар тілдің кілегей қабықшасындағы дәм емізікшелерінде орналасқан.

Дәм емізікшелеріне тіл, жұтқыншақ (ІХ), бет (VІІ) және кезкелген (Х) жүйкелерінің ұштары (рецепторлар) келіп аяқталады. Осы жүйке ұштары арқылы ащы, тәтті, тұзды және қышқыл дәмдер қабылданады. Қабылданған жүйке импульстері сопақша мидың ромба ойысындағы ядроларда аяқталады, ал осы ядролардан басталған нейрондар талшықтары мидың көру төмпегінің сыртқы бөлігіне барады. Осы сыртқы ядродан басталған қосымша нейрондар арқылы жүретін импульс ми сыңарларының дәм сезу орталығына жетеді.

Иіс анализаторы. Мұрын қуысының кілегей қабықшасының жоғарғы бөлігі саналады. Бұл жерде иіс, сезім қабылдайтын жүйке элементтері бар.

Иіс жасушаларының пішіні ұршық тәрізді болады. Олардың бір ұшы кілегей қабықшадан басталса, екінші жағы өткізгіш бөлігін түзіп, иіс жүйкелерінің құрамына кіреді. Иіс жүйкесінің талшықтары тор сүйегі арқылы ми сауытының ішіне еніп, мидың маңдайбөлігінің астыңғы жағындағы иіс орталығына жетіп аяқталады.

Адамның иіс анализаторы басқа жануарға қарағанда нашар дамыған.

Тері анализаторы. Теріде сезімтал жүйкелер рецепторлары,тері ,май бездері,ет ұлпалары орналасады.

Тері беткей,меншікті ,шел қабаттарынапн түзілген.Беткей қабаты –эпидермис эктодермадан дамып,көп қабатты эпителий ұлпасынан түзілген.Эпидермистің тереңінде миелинді (пигмент) заты орналасады.Ол теріге белгілі бір түс беріп тұрады.Терінің меншікті қабаты мезодермадан пайда болып,дәнекер ұлпа мен серпімді талшықтардан түзілген.Бұл қабатта қан тамырларының торы мен сезімтал жүйке ұштары орналасады.Терінің шел немесе май қабаты ,негізінен май ұлпасынан түзілген,бұл ұлпада дәнекер ұлпаның коллагенді және серпімді талшықты торлары түзеді.

Тері бездері-өздерінің шығаратын затына байланыстымай бездері,тер бездері және сүт бездері болып бөлінеді.

Тырнақ-саусақтың тырнақ бақайшағының сыртын жауып жатқанмүйізді пластинка.Тырнақ терінің сыртқы эпидермис қабатының туындысы болып табылады.

Шаш та терінің сыртқы эпидермис қабатының туындысы болып табылады.Оның тері қабатындағы бөлігін түбі ,ал теріден шығып тұрған бөлігін талшығы деп атайды.Шаштың түбін шаш қапшығы қоршап жатады,оның сыртқы жағында еттер бар.Ол еттер жиырылғанда(қорыққанда ,тоңғанда)шаш талшығы көтеріледі.

Тері рецепторлары денеге тиген қатты жұмсақты,ыстық суықты,қысымды қабылдайды-бұны механикалық,химиялық,температуралық тітіркендіргіштер дейді. Тері рецепторлары тері анализаторларының шеткі бөлігі болып саналады.Ал,орталығы болып үлкен ми сыңарларындағы артқы орталық қатпар есептеледі.




Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Негізгі


1. Жандар Керімбектің Ермаханы.Тәнтану. А. 2004

2. А.Р.Рахышев .Адам анатомиясы А.2005.1-2 тт

М. Юсупова . Адам анатомиясының практикумы . А. Мектеп . 1984.

3. Воробьев В .П. Атлас анатомии человека , тт 1-3 ; М-Л ., Мегдиз , 1938-1942.

4. Гримяцкий М. А. Анатомия человека . М.1950.

5. Иваницкий М. Ф. Анатомия человека. М 1965.

6. Курепина М. М., Воккен Г. Г. Анатомия человека. М. 1971.

7. Привес Г. М. Анатомия человека. Л. 1974.


Қосымша :

8. Анохин П.К. биология и нейрофизиология условного рефлекса . М. Медицина . 1968.

9. Асратян Э. А. Физиология центральной нервной системы . М. Медгиз. 1953.

10. Беленов Н. Ю. Условный рефлекс и подкорковые оброзования мозга . М. 1965.

11. Бенритов И. С. Структура и функции коры большого мозга . М. Наука . 1969.

12. Бруновт е.П. Малахова Г. Я. Основы анатомии, физиологии и гигиены .А .1970.

13.Гарибьян Р. Б. Марков Н . Г. Анатомия и физиология человека . А. 1973.

14. Гримяцкий М.А. Анатомия человека .М. 1970.

14.Кабанов А. Н. Чарбовская А.П. Анатомия , физиология и гигиена детей дошкольного возраста. М. Просвещение. 1969.

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі.
«Сырдария» университеті



1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет