Лекциялар конспектісі 1 бөлім Құрастырғандар б.ғ. к доцент С. Е. Келдібеков. Ассистент Нұрмағанбетов Н



жүктеу 1.54 Mb.
бет1/13
Дата17.04.2016
өлшемі1.54 Mb.
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
: CDO -> 2008-2009
CDO -> Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев
CDO -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
2008-2009 -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
2008-2009 -> Үстірт (Маңқыстау)
2008-2009 -> Лекция: 15 сағат Семинар: 15 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
2008-2009 -> «Түркі халықтарының тарихы» пәні бойынша
2008-2009 -> Лектор: аға оқытушы Сариева Ш. Ж
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
“Сырдария” университеті


“Химия - биология” факультеті
“Биология” кафедрасы

Бекітілді

Факультет оқу - әдістемелік кеңесі

№1 хаттама 1.09.06.

Доцент Ибраимов Ш. И.

(төраға аты – жөні)

Геоботаника
Лекциялар конспектісі
1 – бөлім

Құрастырғандар б.ғ.к. доцент С. Е. Келдібеков.

Ассистент Нұрмағанбетов Н.

Жетісай – 2006 ж

Кіріспе

Курстың мақсаты


Өсімдіктер қауымдастықтарының құралу себептері, заңдылықтары. Оларды басқара білу жолдарын үйрету, өнімділігін арттыру жолдарын үйрену.
Курстың міндеті

Студенттер нені меңгеруі қажет :


Өсімдіктер қауымдастығы, олардың құралу заңдылықтарын білу. Өнімділігін анықтай білу.

Лекция № 1



Тақырып : Геоботаника пәніне кіріспе.
Лекция жоспар :

  1. Гоботаника пәнінің міндеті, мақсаты

  2. Гоботаника пәнінің әдістемелері биол пәндер арас орны

  3. Геоботаника пәнінің қысқаша тарихы

  4. Қазақстан Республикасында геобот даму тарихы


Глоссари:

Фито – ценоз өсімдіктер қауымдастықтары

Фитоценология -өсімдіктер қауым үйренетін ғылым – геобот

Ассоциация - өсімдіктер қауым ең кіші бірлігі.
Лекция мақсаты: Студенттерге геоботаника пәнінің мақсаты мен міндетін, биология пәндерінің арасындағы орнын, әдістерін, қауымдастықтарын таныстыратын оған топтарды құру себептерін және геоботаниканың даму тарихын үйрететін ғылым.
Лекция мазмұны:

Ботаника ғылымында өсімдіктерді жер – шары көлемінде үйренуде екі негізгі бағыт көзделген. Бұл бөлімге енген пәндер өздерінің зерттеу объектерімен, мақсатымен және оларды үйрену әдістемелерімен бір – бірінен ажыралып тұрады. Бірінші бағытта ботаниканың дербес өсімдіктерді олардың органдарын, ұлпаларын, клеткаларының құрылыстарын, систематикалық бірліктерін (түр, туыс, тұқым) – таралуы генетикалық өзара байланыстары, флорасы үйреніледі. Олардың барлығын қоса өсімдіктерді үйренетін немесе фитология деп атайды. Фитологияның негізгі мақсаты өсімдіктерді олардың ерекшеліктерін үйреніп оңтайлы пайдалану жолдарын үйрену.

Екінші бөлім Геоботаника оның үйрену бағыты жеке өсімдіктердің флорасы (түрлер) құрылысы биологиялық ерекшеліктері болмастан бір бүтін өсімдіктер қауымдастықтары. Жер шарында түрлі өсімдіктер қауымдастықтары бар мыс : орман, шөл, батпақты сулы т.б. Табиғатта таралған өсімдіктер қауымдастықтарынан басқа адам қолымен жаратылған мәдени өсімдіктер қауымдастықтары бар (егінді өсімдіктер, ағаштарды отырғызу т.б.).

Геоботаника пәнінің негізгі мақсаты : өсімдіктер қауымдастық топтарының құралуы себептері, заңдылықтары, оларды басқара білу, өнімділігін арттыру жолдарымен оңтайлы пайдалану жолдарын үйрену. Геоботаниканы фитологиядан ажыратып үйреніп болмайды. Соның үшін геоботаника жеке өсімдіктер түрлерін білуі, олардың биологиялық экологиялық ерекшеліктерін терең білуі шарт.

Геоботаниканың өзіне тән ерекшеліктері фитологиялық зерттеулерден басқа өсімдіктер қауымдастықтарының құрылуына түрлі экологиялық факторлардың әсері, өсімдіктердің өзара әсерлерін үйрену.

Геоботаника пәні өсімдіктер қауымдастығын (фитоценоз) үйренгені үшін бұл пәнді фитоценология деп те атайды.

Фитоценоз деп кез – келген бір анық өсімдіктер тобы аталады. Олардың құрамындағы өсімдіктер өмір сүру жағдайы өзара қарым – қатынасы жағынан өсімдіктер мен өмір сүру ортасында бір жүйеде болады.

Геоботаниканың негізгі міндеті :


  1. Табиғат және адамдар қолымен жаратылған өсімдіктер. Фитоценозын үйрену, олардың құрамын анықтау

  2. Фитоценоздардың флоралық құрамын, құрылысын анықтау

  3. Фитоценоздар олардың флористық құрамының таралуын климаттық, топографиялық, биотикалық және антропоген факторларға байланыстылығы, геоботаникалық райондарға бөлінуі өсімдіктер қауымдастықтарының карталарын түзу.

  4. Өсімдіктердің фитоценозда өзара әсерлері және өскен орталарының әсерлерін үйрену.

  5. Өсімдіктер қауымдастықтарының типтерін системаға салу.

  6. Экономикалық (шаруашылық) өсімдіктер қауымдастықтарына беру.

Геоботаника пәнінің негізгі әдістемелері :

Бақылау, салыстырмалы зерттеу. Геоботаника пәнінде экологиялық әдістемелер қолданылады. Онда әрбір особь, түрлер және өсімдіктер қауымдастықтарын экологиялық факторлардың әсерлері үйреніледі. Фитоценология физиология, өсімдіктер систематикасы пәндерімен байланысты болғаны үшін осы пәндердің әдістемелері өсімдіктер қауымдастықтарын үйренуде қолданылады. Қауымдастықтардың флоралық құрамы үйренілгенде систематикалық, таксономиялық бірліктер анықталынады. Экологиялық әдістемелер қолданылады. Өсімдіктер қауымдастықтарының шаруашылық маңыздарын анықтауда биохимиялық және биохимиялық әдістер қолданылады. Қауымдастықтардың өнімдерін өңдей қымбатты продукталар алу үшін биотехнология әдістер қолданылады.

Геоботаника пәні ХVIII-XIX ғасыр бастарында шет елдерде жеке ғылым ретінде өсімдіктер географиясы және экологиясы ретінде пайда бола бастады. А. Гумбольдт бірінші рет кейбір өсімдіктердің жер бетінде жылулық әсерінде таралуы туралы түсінік берген. Бұл ғылымда өсімдіктер географиясы деп атаған.

Сол уақыттарда Декандоль Франция ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өсімдіктерін үйрену нәтижесінде өсімдіктер экологиясы оқулығын (эпирреология) жазды. Оқулықта негізінен өсімдіктер арасындағы өзара өмір сүру үшін күрес, бір – біріне әсерлері туралы идеялар берілген 1899ж Швейцария ботанигі Турман өсімдіктер қауымдастықтары және флора арасындағы айырмашылықты екі объект үйренетін пән ретінде қарайды сөйтіп ботаника – географиялық идеяны алдына қояды.

ХІХ ғасырдың бастарында неміс ботанигі Л. Гризебах ғылымға “геоботаника” деген терминді ендірді. Ол геоботаника 3 бөлімге бөлген : климатикалық, топографиялық және тарихи – геологиялық.

Россияда Геоботаника ауыл шаруашылығы талабы бойына дамыды. Олар орман өсімдіктері, жайлау – шалғын өсімдіктері батпақты сулы өсімдіктері қауымдастықтарын үйренген. Бұл ғалымдар : Докучаев, Костычев,Танфильев, Шенников т.б.

Россияда геоботаника ғылымының дамуында көп еңбек сіңірген негізін жаратқан ғалымдар Алехин, Сукачев, Шенниковтар. Бұл ғылымдар фитоценология, биоценология терминдерін жаратқан ғалымдар.

Қазақстан Республикасында – геоботаника ғылымы совет мемлекеті дәуірінде басталып дамыды. Қазақстан геоботаникасының негізгі мақсаты мен міндеті шалғын жайлау өсімдіктері қауымдастықтарын үйрену олардың өнімділігін арттыру, оңтайлы пайдалану жолдарын іздеу болып есептелінеді.

Қазақстан геоботаника пәніне көп еңбек сіңірген ғалымдар академик, Павлов, Быков, Байтуллин, Мухитдиннов т.б. Қазіргі күнде бұрынғы СССР құрамына енген республикада экспериментал геоботаника бағыты дамымақта. Ресейде орманшылық геоботаникасы, Түркіменстан Қазақстанда жайлау шалғын өсімдіктері эксперименталды геоботаникасы экспериментал геоботаниканың негізгі міндеті мен мақсаты.

Өсімдіктер қауымдастықтарын пайдалы жем шөптік, дәрі-дәрмектік өсімдіктермен байыту.

Пайдалы өсімдіктердің қауымдастықтарда өнімділігін арттыру, минерал органикалық тыңайтқыштар арқылы өнімділігін көтеру.

Қазақстанда қазіргі уақытта экспериментал геоботаника қаласында : жайлау – шалғын өсімдіктерімен байыту бағыты бойынша Изень, Терескен өсімдіктерін көбйту олардың өнімділігін арттыру саласында минерал органы тыңайьқыштарды қолдану. Тау бөктерлері (Алатау) өсімдіктер қауымдастықтарын игеру. Құнды дәрілік өсімдіктердің түрлерін көбейту т.б.





  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет