Лекциялар конспектісі Құрастырған б.ғ. к доцент С. Е. Келдібеков Жетісай-2006ж. Кіріспе Курстың мақсаты



жүктеу 0.69 Mb.
бет1/4
Дата17.04.2016
өлшемі0.69 Mb.
түріЛекция
  1   2   3   4
: CDO -> Sillabus -> Bio
Bio -> Пәнінен Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «биология» кафедрасы
Bio -> Лекция 30 сағат Практикалық (семинар) сабақтар 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат СӨЖ 45 сағат
Bio -> I.«Омыртқасыздар зоологиясы» пәні бойынша
Bio -> Оқу-әдістемелік кешен
Bio -> «Жаратылыстану» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «Тұрмыстық химия» пәні бойынша
Bio -> Сабақтың тақырыбы: Геоботаникалық негізгі ғылыми мектептер. Жоспары: Фитоценоз. Биоценоз Биогеоценоз
Bio -> «Химия-биология» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен
Bio -> “Химия және Биология” факультеті

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

“Сырдария” университеті



Жаратылыстану факультеті

Биология кафедрасы

“Бекітілді”

Факультет оқу-әдістемелік кеңесі

№1 хаттама 1.02.06.

(төраға, аты-жөні)




Биогеоценология

Лекциялар конспектісі


Құрастырған б.ғ.к. доцент С.Е. Келдібеков




Жетісай-2006ж.


Кіріспе
Курстың мақсаты

Биогеоценология пәнінің өсімдіктер , жануарлар, микроорганизмдердің өлі табиғатпен байланысын, экожүйелер туралы түсініктерді студенттерге түсіндіріп беру.


Курстың міндеті


Биогеоценология ғылымының алдына қойған міндеттерінің ең бастыларының өсімдіктер, жануарлар әлемі және өлі табиғаттың өзара байланысын анықтап беру. Биогеоценология пәні өсімдіктер жануарлар экологиясы және экожүйелер мен тығыз байланысты.


Студенттер нені игеруі қажет

- өсімдіктер, жануарлар әлемінің алуан түрлілігі

- өсімдіктер жануарлар және өлі табиғаттың өзара байланысы

- биоценоздар экологиясы



белгілері

  • биоценоздар элементтердің классификациясы, олар ішіндегі

өзгешеліктерін игере білуі қажет.


Лекция №1


Тықырып : Биогеоценология ғылымы.

Жоспары

  1. Биогеоценология ғылымының анықтамасы


2. Биогеоценология ғылымының тарихы

3. В.Н Сукачев - Биогеоценология ғылымының негізін салушы

Биогеоценология ғылымының өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдердің өлі табиғатпен байланысын үйренетін ғылым. В.Н. Сукачев 1944 жылдан бастап ғылымға биогеоценоз терминін енгізген Биогеоценоз ғылымымен біоценоз ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты біогеоценоз биоценоздың синонимы деп. жазған А.Н. Толмачев (1953) Бірақта біогеоценоз терминінің ролі ғылымда кеңірек түсініледі. Негізгі себептері:

1”Биоценоздың” негізгі авторы Мебуисаны түсінігінде биоценоздың сыртқы орта мен байланысы анық жазылмаған. Көпшілік авторлар түрліше түсіген және түрліше атаған. Мысалы Аболин Эпиморфа терминін қолданған. Тэнсли –Экосистема, Ларин –микроландшафт т.б. Бұл термин –түсініктерде биогеоценоздық негізгі түсініктері жазылған. В.Н. Вернадский 20-жылдары биогеохимия терминін ғылымға енгізді. Соң ол термин кеңінен таралды. Биогеохимияда тірі заттардың өлі заттар мен заталмасуы және олармен өзара байланысы түсінілген. Бихимия терминінде биогеоценоздық негізі мағаналары кездеседі.

Биогеоценоз термині ғылымға енгенге дейін көпшілік зертеушілер заттардың және энергияның айналымның түрлі қауымдастықтарда зертеген . Мұндай бағыттағы ізденулерді биогеоценологиялық зертеулер деп. аталса болады. Бірақта биогеоценологиялық зертеулер зоологтар топырақтану ғылымдарында басталған. Соң В.Н. Сукачев, С.В. Вонн, Е.М. Лавренколар геоботаникада ғылымның бұл саласымен шұғылданды .

Биогеоценоз түсінігінің ғылымда анықтамасын В.Н. Сукачев “совет үлкен энциклопедиясының ” 52-басылымда жазған. Оның пікірі бойынша біоценоз-жануарлар микроорганизмдердің белгілі бір территорияда топырақ және суменен біргелесіп қауымдастықта тіршілік етуі. Бұл компонентер жеке –дара өзара байланысты комплексті құрайды.

В.Н. Сукачев (1957) түсіндіруі бойынша Биогеоценоздардың табиғатта ажыратуда Биогеоценоздар шекарасыны белгілеуде фитоценоздардың шекараларын пайдалану негіз етіп алынуы керек.

Нәтижеде Биогеоценоздар көбірек фитценозға басымдылық берілуі керек.

Біогеоценоз жай ландшафт түсінігіне жақын. Ландшафт ғылымының негізін салушы. Б.Б. Полғнов (1413) Биогеоценозды географиялық Л.С. Брег- ландшафт. В.Н.Сукачев геобиоценоз, И.В. Ларин- микроландшафт деп. бөледі.

Орта Азия тақырларының Биогеоценоздарын зерттеу нәтижелерінде Л.Е. Родин, М.М.Гомербах (1954)биценологиялық қауымдастықтарда топырақ балдырлары, жоғарғы сатыдағы өсімдіктер, қарапайым жануарлардың қаумдастықтары олардың топырақ пен байланысын, таралуын жалпы тақырлар Биогеоценоздарын құрайтындықтарын анықтаған.

Қорыта айтқанда Біогеоценоз-өсімдіктерді жануарлар микроорганиздердің топырақпен,сыртқы ортамен қаумдастық түзіп тіршілік етуі.

Бақылау сұрақтары


    1. Биогеоценология ғылымының үйренетін обьекті

    2. Биогеоценология ғылымының негзгі авторы.

    3. Биогеоценология ғылымының дамуында В.Н. Сукачевтың қызметтері.

Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары

Биогеоценология пәні : мақсаты, міндеті, даму тарихы

Әдебиеттер

Негізгі


  1. Беклемишев В.Н. Биогеоценологические основы сравнительной

паразитологий М –1978

2. Вернадский В.Н. Биосфера М.Мысль 1970

3. Культиасов И.М.Экология растений М.Изд МГУ 1982


  1. Одум. Ю. Экология М.1986 т-1,т-2

  2. Пианка Н.Ф. Эволюционная экология М.1981

Қосымша:


1. Гиляров А.М. Популяционная экология М.1990. 7.Лене Ж.Основы

биогеография М.2003.

2. Леме Ж. Основы биогеографий М. 2003.

Лекция №2

Тақырыбы: Биоценоздар экологиясы.

Жоспар:


  1. Табиғатта кездесетін негізгі бірліктер

  2. Бірліктер ортасындағы өзара байланыстар

  3. Биоценоздардың белгілі бір экологиялық жағдайларға бейімделуі

Жер жүзінің құрылық және су жағдайында түрлі микроорганизмдер, өсімдік, және жануарлардан құралған біріліктер (қауымдастықтар)кездеседі және әрекет жасайды. Табиғат бірліктеріне енген организмдер бір-бірімен және сыртқы ортамен әрдайым байланыста болады яғни тірі оргнанизм денесіндегі клеткалар, ұлпалар, қан тамырлар және дене түзілісі сияқты биологиялық бірліктердің арасындағы түрлер және климаттық факторлар бір-бірімен байланысты болады.

Табиғи биологиялық бірліктердің негізі – бұл атаулар арқылы тірі табиғаттық бір бөлігінің жайдағы тірі организмдер әр түрлі түрлер түзетін бірліктер түсініледі. Бірлік (қауым ) ішіндегі кейбір организмдер тірішілігін бөлек қаралмайды. Биологиялық бірліктерді көп және әр түрлі түрлер олардың өлі және тірі компонентерімен байланыстары құрайды.

Бір түр өкілдерінің саны ,тығыздығы, туылуы, өлуі, өзгнріп тұруы тарқалуы жағдайлары олардың бір-бірлеріне қарым-қатынастарына түзетін биологиялықбірліктер деп жоғары жәрежеде құралған популяциялардың құрамы түсініледі.

Биологиялық бірліктер оны түзетін түрлердің жиындысы және олар ортасындағы қармы қатынастардың жиынтығын болып қалмастан ерекшеліктері бар Эмержент –экосистема ерекшеліктеріне ие болып, бұл ерекшеліктер бірліктерді жеке дара үйренгенде ашылады.

Себебі бірліктер күрделі бөлектерден құралған (топырақ, өсімдік,ылғалдылық) Мысалы теңіз жағалауы пляждардың Эмереженти-ерекшеліктері оны түзуші құм, тас бөлектерінің үлкен кішілігіне байланысты .

Немесе адам қолымен жаратылған пироетық ерекшелігі оның иісі оны пайда ететін қосындыларға (ұн, май, тұқымға) байланысты.

Биологиялық түрлердің ерекшеліктеріне түрлердіғ әр түрлілігі олар ортасындағы бәсекелестік, құрлысы азықтық байланыстары өкімділік түрлердің мекне жайлар ғаналар бойына таралуы жатады. Бұл ерекшеліктер әрбір белгілі жайда организмде сезілерлі және шегаралық оранор дәрежесінде көріледі.

Табиғйи бірліктерде кездесетін организмдер толығымен үйреніледі. Бірақ кейбір жағдайларда биологиялық бірліктер ішінде бір систематикалық топ (өсімдік жануарлар) үйреніледі.

Қорыта айтқанда Биоценоздар (өсімдік жануарлар, микроорганизмдер) белгілібір экологиялық жағдайларға бейімделіп тіршілік етеді. Олардың қауымдастары, бір экологиялық жағдайларда тіршілік етеді.


Бақылау сұрақтары

  1. Табиғаттағы негізгі бірліктер

  2. Бірліктердің негізгі құрамы

  3. Биоценоздардың экологиялық жағдайларға бейімделуі

Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары фитоценоздар экологиялық таралу заңдылықтары.


Әдебиеттер

Негізгі


  1. Беклемишев В.Н. Биогеоценологические основы сравнительной

паразитологий М –1978

2. Вернадский В.Н. Биосфера М.Мысль 1970

3. Культиасов И.М.Экология растений М.Изд МГУ 1982

4. Одум. Ю. Экология М.1986 т-1,т-2

5. Пианка Н.Ф. Эволюционная экология М.1981
Қосымша:

1. Гиляров А.М. Популяционная экология М.1990. 7.Лене Ж.Основы

биогеография М.2003.

2. Леме Ж. Основы биогеографий М. 2003.



Лекция №3

Тақырып. Биоценоздардың пайда болу заңдылықтары

Жоспар:


  1. Биологиялық бірлік экосистеманың бір бөлімі

  2. Биологиялық бірліктердің морфологиялық сыртқы көрнісін өзгерту ерекшеліктері.

  3. Биоценоздардың пайда болу заңдылықтары

Белгілі бір територія немесе биотопта тарқалған популяциялар түрлер пайда ететін үлкен немесе кіші топтар- биологиялық бірліктерді белгілейді. Бұл тірі организмдердің өзіне тән ұйымдастыру бірлігі есептелінеді және өз ерекшеліктеріне, өзгеру, бір-бірімен сыртқы ортамен барлық уақытта байланыста болу қабілетіне ие болады. Әрбір биологиялық бір лік-тірі біоценоз (экосистеманың) бір бөлімі есептелінеді. Олардың әрбірі өзінің түрлер саны құрамы сипати, бір лік іщіндегі атқаратын функциясымен ерекшелінеді. Биологиялық бірліктерге енуші организмдердің ерекшеліктері және олар ортасындағы қарым-қатынастар күрделі.

Бұл қарым-қатынастар өз ретінде тірі және өлі компоненттердің бір-бірімен болатын байланыстары тола биологиялық бірліктердің тұрғындығына қамтамассыз етеді. Әрбір Биологиялықбірліктің ішіне енетін организмдердің характерін белгілері болады.

Биологиялық бірліктер жеке-жеке бір-біріне байланысты болмаған жайдайдакездеспейді Биологиялықбірлік барлық уақытта өзінің морфологиялық сыртқы көрнісін өзгертіріп отырады (ағаштардың көктемгі жазғы қысқы көрнісі) осыған байланыстыолардың қызметі өнімділігі өзгеріп отырады.

Биологиялық бірліктердің тіршілік ету мекне жайына ажырату мен (шөл, адыр, тау) олардың бір-бірінен айырмашылығы анық көрінеді.

Организмдердің Биологиялықбірліктеріне анықтауға түрлердің кездесуі қалың, сиректілігі, жануарлар саны, түрлердің құрамы топтары анықталынады. Олардың тарқалуы сыртқы ортамен қарым-қатынасы тіршілік ету жағдайының өзгеруі және климаттық организмдерге әсері сияқты мәселелер өзінің орнына табады. Мысалы шөлде сексеул (Haloxylon perstcum-carox physodes) немесе адырда (Atreplextatartca+Avenafatna) Альп зерттелгенде айтылған ерекшеліктерді анықтау мүмкін. Бірақта көпшілік жағдайда белгілі жерделі топырақтағы кездесетін микроорганизмдер екі жағдайда да еске алынбаған. Осы себепті сексаул-алабұта өсімдіктерінің бірліктері толық емес. Олар өсімдіктер топтары дәрежесінде қаралған. Олардың бұтақтары, денесінде бактериялар, саңырау құлақтар, балдырлар, касекомдар кездеседі.

Осылардың барлығы толығымен зерттелгенде биологиялық бірліктер толық болады. Осылардан басқа жер үстінде барлық уақыта кездесетін жануарлар тобі (тышқан, жулан, құстар т.б. ) қосылуы керек.

Лоар бір Биологиялық бірліктен екіншісіне өтіп өздерінің тарқалу шегараларына өзгертіріп тұрады.(арыстан, жолбарыс, лось, киік) ұсақ жануарлар (келтекесек, құрттар) өсімдіктерсияқты өз шегараларынан кем шығады.

Келтірушілер, құмырсқалар, қоңыздар, белгілі жайға бейімделген тірі организмдердің Биологиялық бірліктері әрдайым өзгеріп тұрады. Мунда бір лік ішінде термик, химиялық және биоэкологиялық жағдайлар негізінде мезгілдер бойынша өзгерулері болады.
Бақылау сұрақтары.


  1. Биоценоздардың пайда болу заңдылықтары

  2. Биологиялық бірліктердің морфологиялық ерекшеліктері

  3. Экосистеманың бірлік бөлімдері

Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары Биоценоздардың пайда болу заңдылықтары.
Әдебиеттер

Негізгі


  1. Беклемишев В.Н. Биогеоценологические основы сравнительной

паразитологий М –1978

2. Вернадский В.Н. Биосфера М.Мысль 1970

3. Культиасов И.М.Экология растений М.Изд МГУ 1982

4. Одум. Ю. Экология М.1986 т-1,т-2

5. Пианка Н.Ф. Эволюционная экология М.1981

Қосымша:


1. Гиляров А.М. Популяционная экология М.1990. 7.Лене Ж.Основы

биогеография М.2003.

2. Леме Ж. Основы биогеографий М. 2003.




  1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет