Ұлы Отан соғысына қатысқан Мөрәлі Шәменовке арналған құжаттамалық көрме өткізілді



жүктеу 11.05 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі11.05 Kb.
: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қоғамтану» Мамандығы: : 0301000
2014 -> Ұлт тарихы толқынындағЫ Ұлы тұЛҒалар
2014 -> Конкурс ережесі «Астана Опера»
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
Ұлы Отан соғысына қатысқан Мөрәлі Шәменовке арналған құжаттамалық көрме өткізілді

2015 жылғы 3 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатында Ұлы Отан соғысына қатысқан Мөрәлі Шәменовке арналған құжаттамалық көрме өткізілді.


М. Шәменов 1916 жылғы 15 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, «Коммунизм» совхозында туған.
Еңбек жолын бастауыш сыныптардың мұғалімі ретінде бастаған, гидротехник болып, кейіннен пошта бөлімінің бастығы болып қызмет еткен.
Соғыстың бірінші күндерінен бастап, Кеңес Армиясының 1101 атқыштар полкі 326 атқыштар дивизиясының құрамында болды. Взвод командирі, барлау ротасының командирі және 1943 жылдың наурызынан бастап, 326 атқыштар дивизиясының барлау бастығы болды.
Көрмеде М. Шәменовті полктің қорғаныс және шабуыл жасау айқастарында көрсеткен ерлігі және батырлығы үшін берілген «Ерлігі үшін» медалімен, «Қызыл Жұлдыз», «Қызыл Ту», «Отан соғысының бірінші және екінші дәрежелі» ордендерімен марапаттау туралы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының марапаттау қағаздары мен бұйрықтары, өмірбаян, жеке іс парағы, капитан М. Шәменовке 1945 жылғы 5 мамырда Бойценбург қаласының коменданты болғаны туралы берілген куәлік, оның жарқын бейнесін еске алуға арналған басқа да құжаттар, қызметтік және отбасылық фотосуреттер қойылды.
Мөрәлі Шәменовтың жеке мұрағатының құжаттары Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатындағы мемлекеттік сақтауда оның ұлы Атамұрат Шәменовтың жеке қорының құрамында сақталған.
Көрме Атамұрат Шәменовтың және «Хабар» телеарнасының журналистері мен «Айқын» газетінің тілішілеррінің қатысуымен көрме өткізілді.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет