Ұлы ұстаз (Мұхтар Әуезов туралы естелік)



жүктеу 65.96 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі65.96 Kb.
: doc
doc -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
doc -> Аэробус а-320 Самолет а-320 — флагман семейства среднемагистральных узкофюзеляжных самолетов европейского концерна Airbus. Самолет полностью сертифицирован для полетов в России и за рубежом. Технические характеристики
doc -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
Ұлы ұстаз
(Мұхтар Әуезов туралы естелік)

Әлемдіқ мәдениетке қазақ халқы қандай көркемдік игіліктер қосты дегенде,ауызға алынар есімнің бірі - Әуезов.Ол әлемдік құбылыс. Әуезов ғасырлар бойы жиналып келген қазақ топырағындағы асыл құнарлардың жарқырап қайта көрінуінің үлгісі.Ауыз әдебиетіндегі сарындар, мотив, идея,тіл өрнектері,бояулар Әуезов дүкенінде қайта жаңғырды. Қазақтың реалистік әдебиетіндегі халықтық арнадан, ұлы Абай айдынынан нәр алған М.Әуезов қазақ әдебиетіне реалистік дәстүрлердің тереңдеп сіңгенін танытты.

Мұхтар Әуезов ауыл мектебі, медреседе ғана емес, Семей семинариясында, Орта Азия, Ленинград унивеситеттерінде оқып алдыңғы қатарлы мәдениетінің тоғысуынан туған дүниежүзілік мәні бар құбылыс.Әуезов әлемі - Шығыстың ежелгі өнері мен Батыстың алдыңғы қатарлы мәдениетінің тоғысуынан туған дүниежүзілік мәні бар құбылыс. М.Әуезов өнері – қазақ халқының қайта түлеу заманында туған өнер. Бұл - бүгінгі ұлттық өнердің көркеюінің тамаша айғағы. Әуезовты терең зерттеп, жан-жақты ұғып білу қажет Н. Погодин М.Әуезовті Шолоховпен, Абаймен, ал Ш.Айтматов Пушкинмен теңдес санайды.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы Шығыс Қазахстан облысы Абай ауданында дүниеге келген.Әкесі Омархан мен атасы Әуез сауатты адамдар болған.Қабілетті жас Мұхтар сөз өнері дәстүріне бай ортада өскен.Алты жасында атасының үйретуімен Абайдың өлеңдерін жаттап, оны ұлы Абайдың өзіне айтып берген. Ол жақта ұзатылған қызға жасау ретінде Абай өлеңдерін қөшіріп беретін дәстүр болған. Мұхтар атасы Әуездің қолында өсті. Әуез – Шығыс әдебиетінен хабардар көзі ашық адам. Атасы Әуез бен әжесі Дінасыл Мұхтарды «Қоңыр » деп атаған. Кейін Мұхтар мұны бүркеншік ат етті. Абай мен Мұхтардың балалық шақтары ұқсас. Мұхтар 9 жасында тұңғыш рет ауылынан сапарға аттанады. Семейдегі орыс мектебіне кіреді. Қаладағы 5 кластық училищені бітірген соң семинарияға түсіп оқиды. Мұхтардың студенттік өмірі – карама-қарсы контраста өткен. Ол тарихи фактілерді қазақ өміріндегі жағдайлармен іштей салыстырып отырған. Мұхтар азамат ретінде де,қаламгер ретінде де тез ер жеткен.

Алғашқы әңгімесі «Қорғансыздың күнінен» үлкен талант,терең мәдениет үлгісін көреміз. Мұның бірнеше себебі бар еді:


  1. Ол – ғасырлар бойы жиналған қазақ халқының әдеби-мәдени қазыналарын жете игерді.

  2. Халқына сөзімен, жазуымен қызмет етуді өмірлік мақсат етті.

  3. Әлеуметтік аренаға революция заманында шықты.

  4. Әлем әдебиеті, орыс әдебиеті классикасынан сабақ алды.

Уақыт толқыны көптеген байлықтардың көзін ашты асыл қазынаның бірі – Мұхтар Әуезов. Алаш жастарының құрылтайына қатысты, Губеревком қызметкері, 1922-23 ж.

КазЦИК-тің президиум САГУ – де тыңдаушы, кейін ЛГУ – ге ауысады. Славян бөлімінде оқиды. Ол Ленинградта оқып білім алған тұңғыш қазақ студенттерінің бірі еді. Т.Нұртазин, А.Жұбанов, Ә.Марғұландар кейін ұлттық мәдениет пен ғылымның тұлғалары болды. САГУ аспирантурасында М.Әуезов фольклор,әдебиет тарихына байланысты зерттеулер жүргізеді Қазахстан Республикасы Ғылым академиясының толық мүшесі, университет профессоры,Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар комитетінің мүшесі. Әуезов шығармалары қамтыған географиялық аймақ өте көлемді. Онда қазақтың қаласы, даласы, солтүстігі,,оңтүстігі,батысы, шығысы – түгел. М.Әуезов Америка,Индия,Жапонияда болды. Мұхтар қазақтың киіз үйінен шығып, ХХғ.цивилизация биігіне көтерілді. Ол қазақтың психологиясын,әдет-ғұрпын, салт-санасын,күллі өмірін Ресейге,Англияға,Францияға,әлемнің төрт бұрышына таныстырды.

Мұхтар Әуезов-шығармалары ұлттық шеңберден шығындап көтеріліп,әлемдік мәдениеттің қымбат қазынасына толымды қор болып қосылған ұлы суреткер.Сондықтан бүгінгі таңда туған жекелеген байсалды еңбектерге қарамастан,оның мұрасы әлі ұзақ уақыт жан-жақты,сан алуан,әр бағыттағы зерттеулердің объектісі болуы қажет.

М.Әуезов-идеялық,көркемдік,бейнейлік жанрлық ретпен де, ізденіс өрістері,қаламгерлік эвалюция тұрғысынан да ақтара қарап,саралауды талап етеді.

Мазасыз, ауыр сауалдардың сарқынды жауабын сарыла іздеген қаламгер. Сонда тапқан биі, жүгінген қазысы-жалпы гуманизм,адамшылық.Қоршаған орта жайлы автор: «Әуелі адам баласының келешектегі адамшылығына ірге болатын істі сол адамның шыққан ортасы бір жасап беріп,соған өзі киген тонын кигізеді».

30-жылдардардың аяғында М.Әуезов білімі жөнінен, рухани толысуы жағынан көтерілді. Ол Абай тақырыбына осындай шақта келді.Автор Абайға лайықты сөз өрнекткерін тапқан.Бұл трагедия қөғамдық мәні бар күрделі жағдайларды көрсетеді. Шығармада тартыс әрекет бірлігі мықты.

Мұхтар Әуезов -өз заманының ең

ұлы жазушыларының бірі.
Алғашқы мақаласы « Адамдық негізі -әйелді» жиырма жасында жазған Мұхтар «Қазақ әдедиетінің қазіргі дәуірі» очеркіне дейін негізінен өсу үстінде көрінеді. Бұл ойдың тереңдеуінен, пікірдің өткірленуінен, білімнің молаюынан,стильдің айқындалуынан байқаймыз.

Сонымен М.Әуезов күнделікті мәселелерге араласу,солар туралы мақала жазу арқылы саяси-әлеуметтік жағынан тез ер жеткен.

М.Әуезов-қазақ фольклоры мен әдебиетінің тұңғыш зерттеушілерінің бірі.Еңбектерін жүйелесек: 1.Абай жайлы, 2.Театр драматургия,аударма жайлы,3.Проза жайлы,4.Дүние жүзі халықтары әдебиеті жайлы,5.Фольклор жайлы деп бес салаға бөліп қарауға болады.

Ұлы ақын туындыларын орысшаға аударуға да мұрындық болды.Ұзақ жылдар ҚазПИ-де,КазМУ-де оқыған арнаулы курсың негізінде туған «Абай Құнанбаев» атты монография Абай туралы зерттеулердің басты арналарын белгілеп отыр.

Түбірлі сөзді айтсақ Әуезов тағдыры – бақытты тағдыр.Қазақтың ұлттық драматургиясын жасау бақыты,қазақтың ұлттық эпопеясын жазу бақыты,ең бастысы тұнғыш рет әлем әдебиетін қазақ халқының рухани дүниесімен жалғастыру бақыт! Мұхтар Әуезов маңдайына біткен.Жиырмасыншы жылдардағы прозасымен-ақ,тырнақалды драмалық із қалдырған.

Абай!


Қазақ өнері,мәдениеті,әдебиеті тарихында бұдан зор ілтипатқа алынған,мұндай көп сыр шертер,мұндай жүрек тебірентер есім жоқ Абай ескілік атаулыға,бұрынғы сөз үлгілеріне бас шұлғи беретін эпигон емес, өз эстетикасына,идеялық авторлық мұратына орай халық фольклорын шеберлікпен пайдаланып,айырықша сапалы туындылар берген ұлы жаңашыл.

«Абай жолы» эпопеясы-қазақ прозасы шыққан ең биік заңғар,ұлттың көркемдік дамуындағы жаңа тенденциялардың,жаңа қайнарлардың басы.Бұл шығармалардың әсемдік,сұлүлық қасиеттерін,ғажап практикалық рухын,идеяларын,өз тарапынан қайта-қайта ашары хақ.Өйткені, ұздік шығарма-ұлы табиғат анасының өзі іспетті,әркімге айтар сыры әр түрлі.Әуезовтың құбылыстарды таңдау,эстетикалық баға беру көрегендігін,оны идеямен байланыстыру тапқырлығын,материалды орналастырудағы шеберлігін ежіктегіштік,бір сөзді ,бір сөйлемді, бір ситуацияны, суреткер даралығын көрсетпек әурешілікпен де «Абай жолы» эпопеясының маңынан жүре алмайсың.

Шындығында,барлап оқыған адамға «Абай жолы» қандай шығарма? Кейбіреулер тіпті «Бұл шығарма тек өнер адамдарын көрсетуге арналған» деп айта бастады.

Кеңес өкіметінен біраз қуғын көрген Мұхтар Әуезов қайткен күнде де Абай туралы шығармасын реализм еркіне жіберіп қойған жоқ. Бірақ ,заман ағымымен келісе бермейтін наразылығын ашық та білдірген жоқ. Патшалықтың да, Кеңес өкіметінің де отаршылдығын қөзге түсе бермейтін су асты ағымындай бүркемелеп айтып кетті.

Сонымен мұндай бүркемелерді кейіперлердің диалогтары, монологтары және пейзаждардан аңғаруға болады.

Енді шығармадан үзінділер алып, соған тоқталайық.

Бірінші кітапта мынандай көрініс бар.

«Абай кұз бойы өзінше бір оқшау, жалғыз болған.Көбінше домбыра тартып, күй күңіренте береді.Шешен қоңыр домбыра биыл тіпті ділмар болып алғандай.Көп-көп сырлар айтады...Нелер айтады? Желді аяқ желмаясы жасытқан Асан қайғы да,ашты күйін бебеулетіп Алшағыр да – барлығы да тыным таппай безек қағады.Ылғи бір көргеніне көне алмай,аңсағанын ала алмай, зар-зар шеккен күйінділер.Бәрінің де қасиеті – іздене талпынады,толғана ширығады»(А., 1990, 260-бет).

Мұнда «көргеніне көне алмай,аңсағанын ала алмай» кеткен қазақ халқының өткен ғасырлардағы мұңды күйін зар заман өкілі Абай күңірентеді.

Демек, Абай да, оны жазған Мұхтар Әуезов те көргендеріне көне алмай, аңсағандарын ала алмай күйінділер.

Абай жолы халық жолы десек, ол жолдың сүрлуі де жаңадан пайда болған жоқ, баяғы ата-баба салып кеткен жол.

Абай монологынан да Әуезовтың ішкі сырын, арманын байқауға болады.

«Жауыз да бар бұл күнде, қара борандатқан дауыл да бар. Бірақ бүгін күні тумаса да, туар күнге атой беріп жатқан қауым да бар. Мынау Базаралы айтқан «Армансызбын» деген жалынды сөз, жан сөзі ғой. Ал ол ұран тастаған қалың ел ше?...Намысқа шапқан,кекке шапқан елдік қасиет бұл емес пе!?Беймезгіл күнде болымсыз болса да белгі берген осы қимыл талай сырды танытпай ма?...Қолынан шанда бір заманда келсе де,осындай мінез бен іс келген қауым қандай! Болашақ заманға да түйір-тйүір қасиет,әлденендей игілік ұрығын, дәнін тастар қауым болмас па?»-деп оңашалана ойлаған бір ойының байлауын Абай осындай үмітпен аяқтады» (517-бет).

Абайдың бұл толғанысы Базаралы бастауымен Оразбай ауылын шауып, кек алған аз ғана ел туралы болғанымен, анда-санда бір бұрқ ететін қазақ жеріндегі тарихи көтерілістерді еске түсіреді.Махамбет ереіулінен бастап,Әуезов өз заманында болған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті меңзеп отыр.Жазушының өзі айтқан «беймезгіл қүндегі болымсыз қимылдар» болашаққа да түйір-түйір қасиетін тастағандай жетпіс жылдан соң Желтоқсан оқиғасы болып қайталанды.

Қазіргі кезде «Абай жолы» эпопеясы бостандық жолына түскен қазақ халқының тағдырындай социалистік реализм шырмауынан босап,тынысы кеңіп, еркіндік алды.Эпопея – ескі мен жаңаның, таптар күресі жолындағы халық емес, туелсіздік жолындағы халық күресі туралы шығарма.

Бұл эпикалық шығарма әлем әдебиетіндегі ерекше қыбылыс ретінде бағаланады.



Ұлы жазушы кенеттен қайтыс болған соң,оның еңбегін бағалау,есімін құрметтеу шаралары қолға алынды.

1961 ж.Қазахстан үкіметінің қаулысымен Қазахстан ҒА-ның Әдебиет және өнер ин-на оның есімі берілді,институт-құрамында ғылыми бөлім ретінде Әуезов үйі ашылды (1963),ескерткіштер орнатылды.Қазақ драма театры,Алматы Астана,Семей және басқа қалалар мен облыстардағы аудан,ауыл,көше,мектептер Әуезов,есімімен аталады.Ұлы жазушының туғанына 100 жыл толуы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік деңгейде аталып өтті.Қазақ теледидары ұлы жазушы шығармаларына арналған 12 сериалы телехабар түсірді.Әдебиеттану ғылымында ұлы жазушының әдеби және ғыл.мұраларын,өмір жолын зерттейтін Әуезовтану саласы жеке ғыл.пән ретінде қалыптасты.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет