Липидтердің класқа бөлу Жоспар



жүктеу 304.33 Kb.
Дата24.04.2016
өлшемі304.33 Kb.
: ld
ld -> -
ld -> Шпаргалка " Мұртты обалар" көп тараған аймақ "Ақ жалды жүйрік аттардың иелері" деп аталған тайпа "
ld -> Қазақстан тарихының тақырыбына шпаргалкалары Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі? Тас дәуірі
ld -> Разработка научно-технологических основ производства катализаторов дегидрирования для синтеза изопрена
ld -> Учебно-методическое пособие для студентов геологического факультета Казань 2004 Печатается по решению
ld -> Реферат Основные элементы и профессиональные правила оформления рекламного объявления
ld -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерін «электрондық үкіметтің» шлюзімен біріктіру мүмкіндіктерін зерделеу жөніндегі жұмыс жоспары
ld -> Абай Құнанбайұлы Жүрегіңнің түбіне терең бойла
ld -> Төлеу Көбдіковтің елінде
Липидтердің класқа бөлу
Жоспар:

1.Кіріспе

Негізгі бөлім


    1. Липидтердің класқа бөлу

    1. Майлардың химиялық, физикалық қасиеттері

    1. Май тәріздес заттар (липоидтар)

    2. Липидтер алмасуы

  1. Өзіндік зерттеу

Техника қауіпсіздігі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
3. Тіркелген мәліметтер


Кіріспе

Липидтер дегеніміз - табиғи заттар тобы. Олар іс жүзінде суда ерімейді, бірақ полярсыз еріткіштерде (хлороформ, эфир, ыстық этанол, күкіртті көміртегінде) ериді. Белоктармен, углеводтармен қатар липидтерде мал, адам және өсімдіктердің барлық тканньдері клеткаларының құрамына кіреді. Липид гректің lipos- май деген сөзінен шыққан.


Липидтер мынадай биологиялық қызмет атқарады:


  1. липидтер энергия қорының (депосының) негізгі түрі және тірі организм үшін көміртегі атомдарын беруші; қор болып жиналған липидтердің құрамы мен мөлшері мал азықтандыруға және олардың қоңдылығына байланысты болады;

  2. липидтер клетка мембранасының құрылымдық және рецепторлық бөлігі; белгілі бір мүшедегі немесе тканьдегі құрылымдық липидтердің тұрақты мөлшері және белгілі химиялық құрамы болады; ондай липидтер жануарды азықтандыруға және олардың ауруына байланысты өзгермейді;

  3. Липидтер басқа да биологиялық тұрғыдан маңызды органикалық қосылыстардың алғы заты бола алады;

  4. Қорғаныс қызметін атқарады, организмдерді ыстық суықтан, электер және механикалық әсерлерден (соққыдан, қағылып соғылудан, қатты суықтан) қорғайды;

  5. Липидтерде көптеген витаминдер ериді, олардың құрамында алмастыруға келмейтін май қышқылдары бар, ондай қышқылдар организмнің қалыпты тіршілігі үшін қажет.


Липидтерді класқа бөлу.
Химиялық құрамы мен құрылымы жөнінде липидтер екі класқа бөлінеді:

  1. Майлар немесе бейтарап майлар- қарапайым липидтер деп саналады, мұндай липидтерге триглицеридтер (Триацилглицериндер) жатады.

  2. Май тәріздес заттар немесе липоидтар- күрделі липидтер. Мұндай липидтерге фосфолипидтер, балауыз, сфинголипидтер, стеролдар және стеридтер жатады.

Мал организмдегі тері майы шелінде, шалбырда, шашырқайда, қойдың құйрығында, түйеннің өркешінде орналасады. Өсімдік организмдегі май тұқымында (дәнінде), сабағында тамырында болады. Азықтық майдың көп бөлігін мақта, күнбағыз дәнегінен, соя мен жүгері дәнінен алады.Сол сияқты сүттен және мал етіненде май алынды.

Мал мүшелерімен тканьдеріндегі липид мөлшері әр түрлі. Мысалы, бұлшық етте 2% шамасындай май, 0,5% фосфолипидтер, 0,1% стеролдар бар. Майлы тканьдерде (шарбыда, тері асты шелінде) майдың мөлшері 50% және одан да көбірек.



Майлар.

Май дегеніміз триглицеридтердің қоспасы. Триглицерид – үш атомды спирт глицерин мен май қышқылыының үш молекуласынан құралған күрделі эфир.

Майдың құрылымын 1811 жылы француз ғалымы Шевраль анықтады, ал екінші француз ғалымы М. Бертло 1854 жылы майды синтездік жолмен алды.

Молекуласындағы май қышқылдарының санына байланысты моно, ди- және триглецерид түзіледі. Егер күрделі эфир глицериннің бір гидроксильдік тобынан құралса ол – моноглицерид. Оның құрамына май қышқылының екі молекуласы кірсе, ди глицерид түзіледі, сол сияқты егер глицериннің үш гидроксильдік тобының үшеуіде эфирленсе, онда триглицерид құралады. Табиғи майларда негізінен триглицеридтер ғана кездеседі. Триглицеридтердің түзілу теңдеуі мынадай:


СН2 - ОН С17Н35С- ОН
2СН - ОН + С17Н33С- ОН → 3Н2О + СН- О-С- С17Н33


  1. СН2- ОН С3Н7С-ОН

Триглицеридтердің атауы олардың молекулаларының құрамына кіретін май қышқылдары атауынан шығады. Жоғарыда келтірілген триглицерид құрамына стеарин қышқылы (бірінші жағдайда), олеин қышқылы (екінші жағдайда) және май қышқылы (үшінші жағдайда) кірген. Сондықтан ол 1-стеарил 2-олеин-3 бутилглицерин деп аталады.



Майларды алу. Майларды тек табиғи көзден ғана алуға болады. Мал тканінен майды қайырып, ыдысқа салып, отты басып қойып қыздыру жолымен бөліп алады. Ал өсімдіктер майын сығымдап немесе органикалық еріткіштермен (хлоорформмен, бензолмен немесе эфирмен) экстракция жасап, әсер ету жолымен алынады.

Май адамға және малға қоректік өнім ретінде қажет. Олардың құрамында алмастыруға келмейтін май қышқылдары бар. Биологиялық маңызы жөнінен май белоктан кем емес. Май азықтық мақсаттан басқа техникада майлаушы ретінде қажет, өнеркәіпте майдан әртүрлі сабын, бояу, олифа сияқты заттар дайындалады.


Химиялық құрамы.

Гидролиздеген кезде май глицеринге және май қышқылдарына жіктеледі. Май қышқылдары дегеніміз- карбон қышқылдары. Оның құрамында көміртегі атомдарының ұзын тізбегі бар, Бұл қышқылдарға жалпы қабылданған (тривиалдық) немесе системалық атаулары қалыптасқан. Мысалы, молекула құрамында көміртегінің төрт атомы (С4) бар қышқыл май қышқылы деп аталады. (тривиалдық атауы), сол қышқыл систематикалық номенклатурада бутан қышқылы деп аталады. Молекула құрамында көміртегінің 18 атомы бар (С18) қаныққан қышқыл тиісінше стеарин қышқылы немесе октадекан қышқылы деп аталады.

Майлардың құрамына әр түрлі май қышқылдары кіреді. Мысалы, табиғи майлардың ішіндегі ең күрделісі деп табылған сүт майында 497 май бар екендігі анықталды.

Май қышқылы негізгі бес топқа бөлінеді.



1.Қаныққан май қышқылдарының молекула құрамында көміртегінің 4-24 атомдары болады және олар түзу тізбекке орналасады. Табиғи майларда көміртегі атомдары жұп болады. Май қышқылдары құрамындағы көміртегін нөмірлеу карбоксил тобы тұрған атомнан басталады. Кейде көміртегі атомдары грек алфавиті әріптерімен де белгіленеді. Мұндай жағдайда карбоксил топқа ең жақын орналасқаны көміртегі атомы α- әріпімен белгіленеді.

СН3 – СН2-СН2-СН2-СН2- СООН

ع δ γ β α

2. Молекуласында бір, екі, үш, және одан да көп қос байланыстары бар қанықпаған май қышқылдары. Мұндағы қос байланыстың орны ∆ белгісімен көрсетіледі де, оның шекесіне нөмерлі индекс қойылады. Мысалы, ∆9 деген белгі мынаны білдіреді. Карбоксильдік топтан есептегенде 9 көміртегі атомынан кейін қос байланыс орналасады, яғни қос байланыс молекуласындағы 9- және 10 көміртегі атомдарының арасында орналасады. Қышқыл молекуласындағы қос байланыстарыды әрқашанда бір метилен тобы (-СН2) бөліп тұрады. Сол сияқты С10:0 белгісі май қышқылдарының молекуласы қос байланыссыз екенін көрсетеді. С18:2 белгісі молекула құрамыфнда екі қос байланыс бар екенін және оның 18 көміртегі атомынан құралғанын білдіреді.

Мұнда да қос байланысты қосылыстар үшін цис-изомерия және транс-изомерия тән, олар ∆ белгісінің алдына қойылыды. Мысалы, цис-∆9 немесе транс-∆9. Табиғи майларда әрқашанда цис-конфигурациялы қанықпаған қышқылдар кездеседі. Молекула құрамында екі немесе одан да көп қос байланысы бар қанықпаған май қышқылдары полиқанықпаған қышқылдар деп аталады.



3. Тармақталған тізбекті май қышқылдары. Мұндай май қышқылдары табиғи майларда шамалы ғана мөлшерде кездеседі. Күйіс қайыратын мал майында болады. Олар тармақталған көміртегі атомдарының тізбегі бар амин қышқылдары радикалдарынан тұрады.

4. Оксимай қышқылдары. Бұлар майда сирек кездеседі, әдетте олардың құрамында көміртегі атомдарының ұзын тізбегі бар. Мысалы, цереброн СН3(СН2)21 СНОНСООН.

5. Циклды май қышқылдары. Олар кейбір өсімдіктер майларында табылған.

Төмендегі 2-таблицада мал майында кездесетін негізгі қаныққан және қанықпаған май қышқылдары берілген.


2. Мал майындағы негізгі май қышқылдары


Тривиалдық атауы

(С атомдарының және қос байланыстың саны)



Систематикалық атауы

Формуласы

Май қышқылы (С4:0)

Капрон қышқылы (С6:0)

Каприл қышқылы (С10:0)

Каприл қышқылы (С3:0)

Лаурин қышқылы (С12:0)

Миристин қышқылы (С14:0)

Пальмитин қышқылы (С16:0)

Стеарин қышқылы (С18:0)

Арахин қышқылы (С20:0)

Беген қышқылы (С22:0)

Лигноцерин қышқылы (С24:0)


Бутан қышқылы

Гексан қышқылы

Окиан қышқылы

Декан қышқылы

Додекан қышқылы

Тетрадекан қышқылы


Гексадекан қышқылы
Октадекан қышқылы
Әйкозан қышқылы

Докозан қышқылы

Тетракозан қышқылы


СН3-(СН2)2- СООН

СН3-(СН2)4- СООН

СН3- (СН2)6 – СООН

СН3- (СН2)8- СООН

СН3- (СН2)10- СООН

СН3- (СН2)12- СООН


СН3- (СН2)14 – СООН
СН3-(СН2)16 – СООН
СН3-(СН2)18 – СООН

СН3- (СН2)20- СООН

СН3- (СН2)22 - СООН



Қанықпаған май қышқылдары


Пальмитоолеин қышқылы (С16:0)

Олеин қышқылы (СН18:1)

Вакцен қышқылы (С18:1)

Линол қышқылы (С18:2)

Линолен қышқылы (С18:3)

Арахидон қышқылы (С20:4)

Клупанодан қышқылы (С22:5)


Цис-∆9-гексадекан қышқылы

Цис-∆9- октадекан қышқылы

Транс- ∆11- октадекан қышқылы

Тұтас цис-∆9,12,16- октадекатриен

Тұтас цис-∆5,8,11,14 эйкозтетраен қышқылы

Тұтас цис-∆7,10,13,16,19 докозапентаен қышқылы





СН3- (СН2)5- СН=СН-(СН2)7 – СООН

СН3- (СН2)7-СН=СН-(СН2)7-СООН

СН3-(СН2)5-СН=СН-(СН2)9

СН3-СН2-(СН=СНСН2)3-(СН2)6-СООН

СН3-(СН2)4-(СН=СНСН2

-(СН2)6- СООН

СН3-СН2(СН =СНСН2)5- (СН2)4 - СООН



Май қышқылдарының физикалық қасиеттері
Май қышқылдарының қасиеттері оның құрамындағы көміртегі атомдары тізбегінің ұзындығына және қанықпау дәрежесіне байланысты. Мысалы, миристин қышқылының (С14:0) балқу температурасы 54,40С. Ал С атомының тізбегі ұзарған сайын қышқылдың балқу температурасы да артады. Осыған орай, пальмитин қышқылының балқу температурасы 62,90С, стеарин қышқылыныкі 69,60С.

Қанықпаған қышқылдарда қос байланыс санының артуына байланысты балқу температурасы төмендейді. Мысалы, олеин қышқылының (С18:1) балқу температурасы +13,40С. Полиқанықпаған қышқылдардың балқу температурасы бұдан да төмен.

С18:2 – 5,00С; С18:3 – 11,00С; С20:4- 49,50С; С22:5 -78,00С.

Қаныққан май қышқылдары С4:0 – С8:0 үй температурасында сұйық зат. С10:0- ден бастап олар қатая бастайды. Қанықпаған май қышқылдары әдетте сұйық күйде болады.

Май қышқылдарының тізбегінде полярсыз байланыстары С-С, С-Н көп. Ондай байланыстар полярлық- СООН тобына қарамай бүкіл молекулаға полярсыз сипат береді. Гидорфобтық ұзын құйрық және гидрофильдік бас (-СООН) май қышқылдарына және липидтерге тән ерекше қасиет береді – олар бір мезгілде өзара гидрофильдік және гидрофобтық әрекеттесуге кіріседі. Осындай қасиеттерінің арқасында липидтер эмульсия түзеді, мембрананың тұрақты құрамдас бөлігіне жатады.

Май қышқылдарының химиялық қасиеттері. Барлық карбон қышқылдары сияқты, май қышқылдары өздеріне тән химиялық реакцияларға қатысады- күрделі эфирлер, тұздар, амидтер және басқа да заттар түзеді. Біз бұл аталған реакцияларды қазір қарастырмаймыз. Май қышқылдарының триглицериндтер молекуласындағы қос байланысқа тәуелді кейбір реакциялары майлардың химиялық қасиеттеріне қатысты баяндалады.
Май – энергияның негізгі қоры.
Май – қуаты мол энергитикалық материал. 1г май толық тотыққан кезде бөлініп шығатын энергия мөлшері 9,4 ккал. Ал 1г углевод және 1г белоктан 4,1 ккал энергия шығады. Май қышқылдары организмде триглицеридтер түрінде жиналады. Өйткені көп жиналған бос май қышқылдары улы келеді. Энергия сыйымдылығына байланысты май мен углевод, белоктар арасындағы үлкен айырмашылық мынаған байланысты.

Май қышқылдары жоғары дәрежеде тотықсызданған қосылыстар. Олардың құрамында оттегі жоқ (карбоксильдік топтағыдан басқа). Сол сияқты триглицериндтер гидробты келеді, ал белоктар мен углеводтар болса гидрофильді. Белоктар мен углеводтар суға жақын және соған сәйкес жоғары гиратталған. Мысалы, 1г құрғақ гликоген 2г сумен байланысады. Сондықтан да мүлде жиналған суы жоқ 1г майдағы энергия қоры, гидратталған 1г гликогенде жиналған энергия қоры ретінде гликоген емес, триглицериндтердің арнайы таңдап алынуы осыған байланысты. Массасы 70 кг болатын адамда триглицериндтер үлесі шамамен 11 кг. Егер осындай мөлшердегі энергия қоры гликоген түрінде жиналса, онда дененің массасы 55 кг ауыр болар еді. яғни 70+55= 125 кг (Л.Страйер, 1985 жыл).


Майлардың физикалық қасеттері.
Майлардың физикалық және химиялық құрамындағы қышқылдарына байланысты. Мал майы (сиыр майы, сүт майы және басқалар) 40-60% қаныққан май қышқылдарынан (негізінен миристин, пальмитин және стеарин қышқылдары), 30-35% моноқанықпаған май қышқылдарынан тұрады.Мал майында полиқанықпаған май қышқылдары аз. Жылқы майы мен қаз майында полиқанақпаған май қышқылдары көп. Сондықтан да олардың май қатпайды.

Өсімдік майында әдетте қаныққан май қышқылдары аз (10-20%), қанықпаған қышқылдар көп (80-90%). Қанықпаған қышқылдардың құрамы өсімдік түріне байланысты. Зәйтүн майының 79% олеин қышқылынан; күнбағыс майының 75% линол қышқылынан тұрады. Өсімдік майлары сұйық күйде болады.

Триглицеридтердің иісі жоқ, бірақ төменгі молекулалары май қышқылдары (май қышқылы мен капрон қышқылы) бар триглицеридтер дәмі жағымды келеді. Бұл жағдайда сүт майының және сары майдың өздеріне тән жағымды дәміне байланысты. Жоғары молекулалы май қышқылдарының иісі жоқ. Ал өзінің құрамындағы С атом тізбегінің қысқаруына байланысты жағымсыз иіс пайда бола бастайды, ондай иіс тізбегінің ұзындығы С4- С6 болатын қышқылдарға тән.

Майдың азық- түлік ретінде бағалылығы оның балқу температурасына байланысты. Майдың балқу температурасы мал денесі температурасына жақындаған сайын, май жақсы эмульсияланады, асқазанда жақсы қорытылып, организмге оңай сіңеді.

Әр түрлі майлардың балку температурасы мынадай мөлшерде ауыткиды (С0 есебімен):

Сиыр сүтінің майы 28-42

Қой сүтінің майы 29-36

Ешкі майы 27-39

Адам сүтінің майы 32

Сиыр майы Шошқа майы 42-50

Кокос майы 20-28

Пальма майы 27-42


Майлардың химиялық қасиеттері.
Триглицеридтер химиялық тұрғыда бейтарап, инертті келеді. Оларға мынадай реакциялар тән:

1.Гидролиз рекациясы. Бұл реакция әсіресе майларға тән нәрсе. Тірі организмде гидролиз реакциясы катализатор (фермент) әсерімен жүреді, ал организмнен тыс жерде сілті катализатор қызметін атқарады және қыздыру қажет.
СН2- О- С- R СН2 – ОН
СН- О- С-R + 3Н2О → СН – ОН +3R- СООН

Май қышқылдары

СН2 – О-С- R СН2-ОН

Триглицерид Глицерин


Егер майдың гидролиздеуі сілтінің әсерімен жүретін болса, ондай реакцияны сабындану деп атайды. Бұл кезде май қышқылдарының тұзы түзіледі, ондай тұздар сабын деп аталады. Сабын дегеніміз – май қышқылдары натрий тұздарының қоспасы. Мысалы, С17Н35СООNа тұздарға жатады. Май қышқылдарының калий тұздары сұйық боладығ олар медициналық сабын деп аталды.

2. Гидрогендену реакциясы. Әдетте мұндай реакция сұйық майдан қатты май алу мақсатымен іске асырылады. Мавргарин өндірісінде саломас алу үшін қолданылады. Мұндағы катализатор - никель немесе платина.

3. Гидроасқын тотықтардың түзілу реакциясы. Бұл реакция ферменттредің қатысынсыз өтеді. Липидтердің қос байланысы бар. Май қышқылдарын қүшті тотықтырғыштар тотықтырады. Мысалы, сутегінің асқын тотығы Н2О2, супер тотық – анион радикал О2- немесе гидроксил- радикал ОН. Мұндай тотықтырғыштар клеткада болады. Қанықпаған май қышқылдары тотығу процесі кезінде гидропертотыққа айналады:

>С= О<+ Н2О2 → НО- О- С- С<

Қанықпаған Тотықтырғыш Гидроасқын тотық қышқылдың фрагменті

Линол қышқылы мысалында гидроасқын тотықтардың түзілуін былай көрсетуге болады:

СН3 – (СН2)4- СН =СН- СН2-СН = СН- (СН2)7- СООН +2 * ОН → СН3-

Линол қышқылы Тотықтырғыш

(СН2)4- СН- СН = СН-СН = СН- (СН2)7 – СООН

О- О –Н


Линол қышқылының гидроасқын тотығы

4. Майлардың асқын тотығып ашуы, бұзылуы. Триглицеридтердің құрамына кіретін май қышқылы гидролиз кезінде оңай бөлініп шығады. Ол қышқылдың жағымсыз дәмі, сасық иісі бар, сүт майын және сары майды бүлдіретін осы қышқыл. Триглицериді ұзақ сақтау кезінде және қанықпаған қышқылдар тотығуының жағымсыз кезінде оттегінің әсерінен гидроасқын тотықтар ғана түзіліп қана қоймайды сонымен қатар мұнда йқұрылымды асқын тотықтарда түзіледі:

- СН = СН - + О2 → - СН- СН –

О - О


Қанықпаған қышқыл Асқын тотық

молекуласының фрагменті


5. Майдың «кебуі». Өсімдік майлары әсіресе зығыр майы қыздыру кезінде қоюланады да бара- бара қатайып түссіз жарғақ секілденіп қалады. Бұл қанықпаған қышқылдардың полимерленуіне, сөйтіп полимер түзілуге және оттегін қосып алуға байланысты мәселе. Соның нәтижесінде О2 есебінен майдың массасы ұлғаяды. Осындай жолмен олифа майлы бояулар, лактар, политура алынады.
Май тәріздес заттар (липоидтер)
Май тәріздес заттарды кейде күрделі липидтер деп атайды. Олар 4 топқа бөлінеді: 1) фосфолипидтер (фосфатидтер), 2) балауыз, 3) сфинголипидтер, 4) стеролдар (стериндер) мен стеридтер.

Фосфолипидтер.

Липоидтардың ішінде әсіресе көп таралғаны фосфолипидтер. Олар майға жақын, глицериннің екі гидроксильдік тобы май қышқылдары мен этирленген. Үшінші гидроксильдік топ фосфор қышқылының күрделі эфирін түзеді, оған азоттық негіз қосылады. Липоидтердің азоттық негіздеріне холин, этаноламин (коламин), серин жатады.


HOCH 2 – CH2 – N+ ≡ (СН3)3 НОСН2 – СН2 – NH3+

Холин Этаноламин (коламин)

НОСН2 – СН- СОО-

NH+3

Серин (цвиттер – ион)

Фосфолипидтер мен сфинголипидтер басқа липидтерден бір құрылымдық ерекшелігі бойынша ажыратылады. Олардың молекуласында әртүрлі екі топ бар: полярсыз гидрофоб «құйрық», полярлы гидрофиль «бас». Екі түрлі табиғаты бар қосылыстар анфипатиялық (гректің «екі жақты» және «сезім» деген сөздерінен шыққан) деп аталады.

Балауыз.

Жоғары молекулалы май қышқылдарының және С16- С30 бір атомдық жоғары спирттердің күрделі эфирлері балауыздың негізін құрайды. Балауыздың құрамында бос май қышқылдары спирттер, углеводтар, бояушы және иісті заттар болады. Оның кұрамы күрделі.

Іс жүзінде ара балының балауызы, спермацет (кашалот киттінің бас қуысынан алынады), ланолин (қойдың тері майынан алынады) құрамының негізін күрделі эфир пальмитомирицил құрайды:

О

СН3 – (СН2)14 – С- О- СН2 – (СН2)28 – СН3



Ланолин құрамында холестерол, пальмитин қышқылы, миристин қышқылы, олеин қышқылы, капрон қышқылы көп болады.

Балауыз – метаболизмнің соңғы өнімі. Ол жұқа қабық түрінде орналасады және қорғаныс қызметін атқарады. Балауыз су құстарына, жануарларға қажет, ол құстың қауырсынына, жануарлардың терісіне су жұқпайтын қасиет береді. Араның әр 8 кг балынан 1 кг балауыз жиналады.



Сфинголипидтер.

Фосфолипидтермен бірге сфинголипидтерде клетка мембранасының барлық түрінен табылған. Сфинголипидтердің фосфолипидтерден айырмасы- олардың құрамында глицерин болмайды. Сфинголипидтердің 4 түрі бар:

1)фосфосфинголипидтер, 2) цереброзиттер, 3) ганглиозидтер, 4) сульфолипидтер.

Соңғы үшеуінің құрамында қант бар, олар гликолипидтер деп аталады. Барлық сфинголипидтердің негізінде сфингозин бар. Сфингозин қанақпаған аминоспирт. Оынң көміртегі тізбегі ұзын.

СН3- (СН2)12 –СН = СН- СН- СН- СН2 ОН

ОН NH2

Алғышқы сфинголипидтер деп церамидті санайды. Ол сфингозиннен және моноқанықпаған май қышқылынан (олейн қышқылынан) амндтік байланыстың көмегімен түзіледі.

СН2 ОН О СН2 ОН О

СН- NH НО- С СН- NH С

CHOH (СН2)7 CHOH (СН2)7

CH + СН →H2O + CH СН

CH СН CH СН

(СН2)12 (СН2)7 (СН2)12 (СН2)7

СН3 СН3 СН3 СН3

Сфингозин Олеин Церамид

қышқылы


Қантты, аминқанттарды, фосфат туындыларын және басқа да бөліктерді қосып алу арқылы церамидтен фосфолипидтердің барлық төрт тобы түзіледі.

Фосфосфинголипидтер – цереамидтер туындысы, сфингозин құрамындағы алғашқы спиртік топ фосфат туындыларымен қосылып, мұнда этерленген. Әсіресе көп таралған фосфосфинголипид- цереаминдтен және фосфохолинннен құралған сфингомиелин. Сфингомиелин көпшілік клеткалардың мембрана құрамына кіреді.

СН3 – (СН2)12 –СН = СН-СН- СН-СН2 –О –Р- О СН2- СН2- +N≡ (СН3)3

ОН NH OH


Сфингомиелин C = O Фосфохолин қалдығы

R

Церброзиттер- сфинголипидтердің ішіндегі ең қарапайымы, цереамидтен және қанттың бір қалдығынан (галактозадан немесе глюкозадан) құралады. Церамидтер құрамында олеин қышқылынан басқада жоғары иолекулалы май қышқұылы болуы, мысалы, стерарин қышқылы, лигноцерин қышқылы болуы мүмкін. Құрамында галактоза бар цероброзидтер көп мөлшерде сүт қоректі жануарлардың миында және нерв тканінде кездеседі. Басқа ткандерде көбінесе құрамында глюкоза бар цереброзиттер кездеседі.

β

СН3 –(СН2)12 – СН = СН- СН- СН- СН2 – О ← I галактоза



ОН NH (R- май қышқылының радикалы)

C = O


R

Цереброзид (галактоцереброзид)



Ганглиозидтер. Ганглиозидтер әсіресе күрделі цинголипидтерге жатады ол мынадай бөліктерден тұрады: церамид, глюкоза (глю), галактоза (гал), N- ацетилгалактозамен (N-ац. Гал. амин), сиал қышқылы (ск).

β β


СН3 – (СН2)12 – СН = СН- СН –СН – О ← 1 глю 4 ←

ОН NH


C = O

β R


← 1глю 4 ← 1 N-ац. Гал. ам.

  1. 3

↑ β ↑ β

2 1


сқ гал

Ганглиозид G м1

Ганглиозидтер қысқарған түрде мынадай әріптермен белгіленеді: Gм, Gд, Gт және сол сияқты цифрлық индекс жалғанады. М, Д, Т (моно-, ди, три) әріптері G ганглиозид молекуладағы сиал қышқылдары қалдықтарының санын көрсетеді. Ганглизид формуласында берілген (бета)- қанттардағы β- гликозидтік байланысты көрсетеді.

Сульфолипидтер. Бұлардың құрамында коб\алентті байланысқан күкірт бар. Сульфолипидтерге мидан бөліп алынған цереброзидсульфат жатады. Бұл сфингозиннен, галактозадан, цереброн қышқылынан және күкірт қышқылынан құралады.

СН3 – (СН2)21 – СН – СООН

ОН

Цереброн қышқылы



Стеролдар мен стеридтер.

Стеролдар дегеніміз- полициклдік спирттер циклопентанолпергидрофенантреннің туындысы. Бұлардың әсіресе маңыздылары холестерол, 7- дегидрохолестерол, эргостерол.

Стеридтер дегеніміз – стеролдар мен май қышқылдарының күрделі эфирі, мал организмінде холестерол және стеридтер (холестеридтер) таралағн, сол сияқты 7- дигидрохолестерол кездеседі. Стеридтер құрамына көбінесе стерарин қышқылы, пальмитин қышқылы немесе олеин қышқылы кіреді.

Холестрол мал және адамдағы барлық стероидтық гормондардың (бүйрек үсті қабығының гормоннының, еркек пен әйелдің жыныстық гормондарының) алғы заты. Бұдан өт қышқылдары түзіледі, ондай қышқылдар майлардың қорытылуына және организмге сіңуіне қатысады.

Басқа липидтер сияқты, стеролдар мен стеридтерде суда ерімейді, бірақ ісінеді және тұрақты эмульция түзе алады. Олар органикалық еріткіштерде (хлороформда, эфирде, ыстық спиртте) ериді.
Липидтер алмасуы.

Липидтердің қарында қорытылуы
Майдың қорытылуы қарында басталады. Бірақ онда толық жіктеліп қорытылып бітпейді. Қарынның қозғала алатын ерекшелігіне байланысты, майдан қою эмульсия түзіледі. Бұл құбылыс ферменттердің әсерін жеңілтетеді. Қарындағы қоректердің ішінде липаза бар. Бірақ оның қасиеттері ұйқы безі липазасынан өзгеше, ұйқы безі липазасының ең қолайлы рН деңгейі 6-7 болса, қарын липазасы рН көрсеткіші 3,5 болғанда активті. Бұл липаза көбінесе көміртегі атомдарының тізбегі ұзын емес, орташа болатын май қышқылдар эфирлерін гидролиздейді. Бұл кезде босап шыққан май қышқылдары тікелей қарын арқылы сіңіеді. Жаңа туған сүтқоректілерде липаза ерекшк қызмет атқарады. Өйткені сүтте төменгі молекулалық май қышқылдарының триглицеридтер болады.
Майлардың ішекте қорытылуы.
Майлардың негізгі қорытылуы 12 елі ішекте өтеді, оған әсер етуші ұйқы безінің липаза ферменті. Мұнда қоректік заттар жиынтығы өттің, ұйқы безі солінің және ішек секреттерінің әсеріне ұшырайды. Липидтердің қорытылуында және олардың гидролизі өнімдерінің сіңуінде өт қышқылдары маңызды рол атқарады.

Өт қышқылдары өтпен бірге өт қалтасыфнан шығады. Торт түрлі өт қышқылы белгілі. Олар: холь қышқылы, хенодеоксихоль қышқылы, дезоксихоль қышқылы, литохоль қышқылы. Бұл қышқылдар өт құрамында тиісінше 50,30,15,5% мөлшерінде кездеседі. Бұлар пептидтік байланыс арқылы глицинмен немесе тауринмен байланысқан. Соның әсерінен осы қышқылдар ас қорытушы барлық ферменттерге төзімді келеді. Мұндай комплексті байланысу өт қышқылдарының ерігіштігін жақсартады. Өт қышқылдарының байланыспаған тұздары рН көрсеткіші 7-ден төмен кезде тұнбаға шөгеді. Өт қышқылдарының глицинмен немесе тауринмен қосылған комплекстері натрий тұздары түрінде кездеседі.

Өт қышқылдарының қызметі – липидтердің эмульсияға айналуын және еруін стимулдеу. Сөйтіп липаза ферментінің әсерін жеңілдету.
Майды эмульсияға айналдыру.

Майлар гидрофобты, сулы ортада ерімейді. Май қышқылдарының ерігіш амфипатиялық қасиеті бар. Өт қышқылдары сырттай активті заттар. Өйткені олардың стероидтық жағы гидрофорбты, ал полярлы «басы» (қышқылдық топ бар жері) гидрофильді болып келеді. Өт қышқылдарының гидрофобты жағы май түйірікшіктерімен өзара әрекеттеседі, ал олардың гидрофильдік тобы сулы ортаға қараған жақ бетке жиналып топтасады да, полярлы еріткіш – сумен түйіседі. Өт қышқылдары, бос май қышқылдары мен моноглицеридтердің қатысында май түйіршіктері сыртна жинақталады да жұқа қабықша түзеді. Осының нәтижесінде екі эаттың – сумен майдың арасындағы сыртқы керіліс бірден азаяды. Осылайша беттік керілістің азаюы және ішектің жиырылып- созылуы нәтижесінде үлкен май түйіршіктері босайды да, бөлшектеніп, ұсақ- ұсақ май түйіршіктеріне айналады. Осылай пайда болған майдың өте ұсақ бөліктерінің сыртқы қабатында сол беттік активті заттардан құралған жұқа қабықшасы болады, ол қабықша май бөлшектерін біріктірмейді. Май осылайша эмульсияланады да суда еритіндей қалыпқа түседі. Эмулбсияланғаннан кейін майдың беттік аумағы өте ұлғаяды. Эмулсиялану деңгейі жоғары болған сайын және май түйіршіктері кішірейген сайын оған ферменттің әсер ету оңайлайды. Сөйтіп глицеридтер гидролизінің жылдамдығы да артады.

Өттің және ұйқы безі сөлінің реакциясы нашар сілтілік, ол қарынның қышқыл реакциясын бейтараптайды.
Триглицеридтердің гидролизі.
Май түйіршіктерінің сыртына колипаза белогі (м.м 10000) тартылады. Сөйтіп сол жерде ұйқы безінің липаза ферментті де жинақталады. Колипаза қызметі- молярлық қатынасы 2:1 (липаза : колипаза) комплекс түзу арқылы липаза ферментін активтендіру. Осы кезде рН көрсеткіші 9-дан 6-ға дейін өзгереді.Бұл- липаза ферментінің әсері үшін ең қолайлы жағдай. Ал колипаза липазаны май түйіршіктерінің бетінде ұстап тұрады. Өт қышқылы, колипаза және липаза үшеуі өзара әрекеттесіп, үш жақты комплекс түзеді деген болжам бар. Липаза әсерін күшейту үшін кальций иондары қажет.

Ұйқы безінің липаза ферменті триглицеридтер құрамындағы негізінен бір және үш жағдайынд2ағы май қышқылдарын босатады да, 2- моноглицерид түзеді. Екі моноглицеридтер гидролизін ұйқы безінің басқа ферменті-

эфирлік гидролаза катализдейді.

O


  1. CH2 –O – C –R CH2 – OH

O липаза O

2. CH – O –C-R + 2H2O → CH – O- C- R +2R- COOH

O

3. CH2 –O –C- R CH2 - OH



Триглицерид 2- моноглицерид Май қышқылдары

СН2 –ОН CH2 - OH

О Эфирлік

гидролаза

2 СН- О – С-R+ H2O → CH- OH +R – COOH

CH2 – OH CH2 – OH

2- моноглицерид Глицерин Май қышқылы

Май гидролизі өнімдерін сіңіру.
Таңбалап триглицеридтерді зерттеу мынаны көрсетеді: азық құрамындағы триглицеридтердің шамамен 40% глицеринге және май қышқылына гидролизденеді, 3 = 10% шамасындайы триглицеридтер түрінде сіңеді, басқа бөлігі негізінен 2- ші моноглицеридтерге дейін гидролизденеді.

Молекуласында 10 атомға дейін көміртегі бар май қышқылдары және глицерин ішекте портальдық қан айналу жүйесі арқылы сорылады және одан әрі қарай бауырға барады. Көміртегі атомдарының тізбегі ұзын май қышқылдары моноглицеридтер, триглицеридтер өт қышқылдарының көмегі арқылы диаметрі 4-5нм мицеллаларға айналып бірігеді. Эмульсияның бір түрінде 106 шамасына дейін мицелла болады. Бұл мицеллалар, сірә клеткаға диффузия долымен енетін болуы керек. Сілемейлі қабаттың клетка ішіне енген мицеллелар ажырап липидтерге, өт қышқылдарына бөлініп жіктеледі. Ол заттар ішек вена тамырлары арқылы портальдық қан ағысына қосылады. Одан бауыр өт қышқылдарын бөліп алады және өтпен бірге қайтадан 12 елі ішекке енеді.

Ішектің клегей қабатының клеткалары ішіндегі май қышқылдары тиісіті ферменттердің, АТФ, Мg2+ және А коферментті қатысында қышқылдардың активті түрі А ацилкоферментер түзеді. Моноглицеридтер фосфатиттік қышқылдарға одан кейін триглицеридтерге айналды. Триглицеридтер май тамышылары түрінде эндопалазмалық ретикулумде пайда болады. Фосфолипидтер, белоктар, холестерол- үшеуі бірімен бірі әрекеттеседі де, β- липопротеидтер түзеді.β- Липопротеитдтер майға әсер етіп, оны қалыптастырады. Осылайшы пйда болған түйіршіктер хиломикрондар деп аталады, олардың орташа диаметрі 1мкм . Холимикрондар қанға қосылады, негізінен төс ойық венаға және лимфалық тамырларға барады. Сүтқоректі жануарлар ішегінің клегей қабатының клеткалары бөліп шығаратын липидтер қанмен, лимфалық жүйе арқылы басқа тканьдерге тек қана хиломикрондар түрінде тасымалданады. Ал төмен молекулалы май қышқылдары альбуминмен байланысқан түрінде жеткізіледі.

Фосфолипидтердің және холестерол эфирлерінің қорытылуы.

Ұйқы безі солінің құрамында А1 фосфолипаза және А2 фосфолипаза ферменттері болады. Ол екеуі тиісінше 1 және 2 жағдайындағы май қышқылдарын ыдыратады. Осы ферменттер А1 профосфолипаза және А2 профосфолипаза сияқты алғы заттар түрінде синтезделеді. Одан кейін ішекте оларда трипсин ферменті активтендіреді де, активті А1 фосфолипаза және А2 фосфолипаза ферменттері түзіледі. Бұл ферменттердің әсері етуі үшін өт қышқылдарының тұздары және Са2+ иондары қажет. Осы екі фосфолипазаның әсері нәтижесінде фосфолипидтер лизофосфатидилхолинге айналады. Лизофосфатидилхолиннің беттік активтілігі өте жоғары болады да, қоректік липидтердің эмульсиялануына әсер етеді.

СН2 - ОН С17Н35С-

НСl + Nа HCO3 → NаCl + H2 CO3 < CO2

Майларға липмза әсер ету үшін, олар алдымен өте ұсақ бөлшектерге яғни эмульсияға айналуға қажет. Ол үшін, бірінші фактор жоғарыда көрсетілген реакциялардың нәтижесінде бөлінген СО2. Эмульция түзуге қатысатын ең күшті фактор өт қышқылдарының тұздары, әсіресе натрий тұздары. Өт қышқылдарының өттің құрамында болады. Олар майлардың ұсақ бөлшектеріне адсорбциялаланып, олардың бір-бірінің ірі бөлшектері түзуіне кедергі жасайды. Өт қышқылдарының май мен судың арасындағы тартылыс күшін азайтып ірі бөлшектердің майда бөлшектерге айналуына мүмкіндік береді. Липаның майлармен бөлшектерге жанасу беткейі өседі.

Фосфолипидке фосфолиапза А2 әсерінен түзілетін заттар лизофосфатидтер деп аталады, олар өте улы, яғни гемолиттік қабілеті бар, сондықтан эритролипазаның ұшырауы мүмкін. Мұндай жағдайда лизофолипазаның көмегі өте зор. Жыланның, қара құрттың уынан, кейбір өсімдіктерде фосфолипазаның гидролизінің нәтижесінде түзілетін лизолециндер мен лизокефалиндердің әсерінен эритроциттер гемолизге ұшырайды.

Фосфолипаза С және Д фосфолипидтердің гидролизін анықтайды. Сонымен фосфолипидтердің гидролизінің түзілетін заттары глицерин, май қышқылдары, фосфор қышқылы, аминоспирттер / холин этаноамин, инозит, серин- болып табылады. Майлар гидролизінің түзілген заттар ішектің қабырғаларында болады,олар сіңіріле бастайды. Глицерин суда жақсы ериді және ішектің кілегейлі қабатында оңай сіңіеді.

Жоғары май қышқылдары: С15Н31 СООН- пальмитин; С17Н35СООН – стеарин; С17Н33СООН олеин тек өт қышқылы болғанда ғана жақсы сіңіріледі; өт қышқылы ма йқышқылдары мен холин деп аталатын суда еритін ішек түтіктерінен оңай сіңірілетін комплекстер түзеді. СН3 СООН холеин қышқылы.

Өт қышқылын организм өте ұтымды жұмсайды. Тәулігіне 50 г май ыдырағанда 150 г өт қышқылы жұмасалады, ал оның 15 г ғана синтезделеді. Май қышқылдарынан және өт қышқылдарынан тұратын комплекс ішек түтіктерінің эпителей клеткаларында қайтадан бастапқы қалпына келеді, яғни өт қышқылына және май қышқылдарына ыдырайды. Өт қышқылы вена тамырлары арқылы бауырға, одан өтке өтіп, жұмсалған өт қышқылының орнын толықтырып отырады. Ішектің қабырғаларында глицйерин және май қышқылдары ғана өзгерістерег ғана ұшырайды. Эпителий клеткаларында триглицеридтердің жеке- жеке компоненттерінен ресинтезі жүреді. Глицерин АТФ- тың қатысуымен фосфорилденеді, бұл фосфорилденуді глицерокиназа ферменті катализ деп аталады.


СН2 ОН +АТФ СН2ОН О= СН- СНОН- СН2ОФЗФГА

СНОН → СНОН НОСН2 – С- СН2ОФЗФДОЛ

СН2 ОН СН2О ФЛ О

Көрсетілген реакция нәтижесінде түзілген глицеролфосфаттың біразы триглицеридтердің қайтадан синтездеуіне /ресинтезіне/ жұмсалады, ал қалған мөлшері тотығып фосфодиоксиацетон, фосфоглицерин альдегидтінің алмасуына айтып өткендей фосфоглицерин қышқылының түзілуіне және оның әрі қарай тотығуына жұмсалады. Ішек эпителий клекаларындағы триглицеридтердің ресинтезі бірден моноациглицеридтерден фосфатид қышқылының түзілуінсіз жүруі мүмкін. Бұл реакция трансацилаза ферменттінің қатысуымен жүреді.

+Ацил+Кол

Моноцилглицерин → Диацилглицерин

↓+ Ацил – КоА НSКол

Экзогендік холиннің фосфорлипидтердің түзілу реакциясына қатысуы оның АТФ пен және ЦТФ активтелуінен кейін ғана мүмкін. Ішек қабырғаларында ресинтезделген триглицеридтер, фосфорлипидтер белокпен комплекс түзеді, түзілген комплекстің 70% жуығы лимфа жүйелеріне, 30% жуығы қақпаты венаға келіп түседі. Майлардың өте аз ғана мөлшері моно- және диглицерид күйінде ішек қабырғасы арқылы қанға сіңірілуі мүмкін деген деректер бар. Ондай болған жағдайда олар эмульция болуы керек және бөлшектерінің диаметрі 0,15 пен 0,3 микроннан үлкен болмауы қажет. Сонда ғана олар лимфа ағынымен қан капиллярына өте алады. Кеудедегі лимфа ағынымен сіңірілген триглицеридтер, фосфаридтер, басқа да липоидтер венаға өтіп, хиломикрон деген атпен белгілі ұсақ бөлшек түрінде қан айналысына түседі. Хиломикронның құрамы- 0,2-1,0% дейін белоктан және 99% липидтерден /оның ішінде 88% трицилглицерид, 8% фосфолипид, 4%- холестерин/ тұрады. Холимикрондардың организмде бірінші өтетін органы өкпе. Егерде хиломикрондардың мөлшері қалпты жағдайдан артық болса, біршама бөлімі өкпеде ұсталып қалады. Сондықтан өкпе артерия қанына түсетін майды реттеуші буфер болып табылады.

Өкпеде липаза ферменті болғандықтан майлар гидролизге ұшырауы мүмкін, сонымен қатар май қышқылының және кетондық денелердің тотығуына да мүмкіндік береді. Майлар өепенің мезенхималық элементтерінде ұсталып қала алады. Сондықтан, егер мезенхималық элементтер нашар дамыған болса, өкпенің тыныс алуы күшейіп, қан ағысы жылдамдаған / мысалы, әншілерде/ артерия қанына майдың артық мөлшері түсіп, май тканьдерінде артық қор ретінде жиналуы мүмкін. Қақпақты венаға түскен нейральды майлар бауырға және шеткейде орналасқан тканьдерге май қорлары бар жерлерге жеткізіледі.
Қан құрамындағы майлар.
Аш қарында адам қанындағы майдың жалпы мөлшері 600-800мг% - 1% - тен артық болмауы керек. Егерде 1процент артық болса, онда қалыпты жағдайдан артық болады.

Жалпы майдың құрамында: фосфолипидтер – 150-200 мг% бос холестерин және оның эфирлері -150-250 %; бос май қышқылдары – 40 мг%.Тамақтанғаннан соң 3- сағаттан кейін алиментарлы /тағамдық/ гиперлипемия пайда болады, мұның ұзақтығы 5-6 сағат мөлшерінде 0,3-0,15 микронға тең. Бұл тамырлар триглицеридтердің белокпен, фосфоатидтермен, холестериннің эфирімен тұрақтанған эмульсия жылдамдататын және тромбопластикалық активтілікті арттыратын қабілеті бар. Егерде қанның сары суында хиломикртондар көп болса, онда оның түсі сүттің түсі сияқты болады. Бірақ тамақтанғаннан кейін, 8-9 сағаттан соң қанның сары суы біртіндеп мөлдірленеді. Гиперлипемияның ұзақтығы тамақтың құрамында организмге түскен майдың табиғатына тәуелді болады. Өсімдік май, жануар майына қарағанда тезірек сіңіріледі. Қанның сары суының мөлдірлігін липопротеиндік липаза ферменттінің жұмысына тәуелді. Липопротеиндік липаза ферментті жүрек эндотелиінде, май тканьдерінде, өкпеде тағы басқа органдарда табылған.

Соңғы кезде ғалымдар «мөлдірлену эффектісі» деген ұғымға көп көңіл бөлуде. «Мөлдірліну эффектісін» гепариннің липопортеиндлипаза ферментін активтендіру әсерімен түсіндіріледі. Егер де қанға гепаринді жіберсе, қан сары суы, 8-9 сағат ішінде емес, бірнеше минут ішінде мөлдірленеді де, майдың қандағы жалпы мөлшері осы күйінде қалады, ал дисперсиялануы күшейіп, тканьдерге сіңіруі жеңілдейді. Эндотелий деңгейінде май қышқылдары альбуминен ыдырайды және бұлшықеттеріндегі май қышқылдарының тотығуымен қамтамасыз етіледі.
Қанның липопротеидтері
Қанның құрамында хиломикрондардан басқа α – және β- липопротеидтер болады. Липопротеидтердің синтезі бауырда, яғни бауырдағы триглицеридтердің, фосфатидтердің, холестериннің және беолктың қатысуымен жүреді. Қазіргі кезде бауырда тек қана β- липопротеидтер синтезделеді деген ұғым бар, сонан соң барып қанда β- липопротеидтердің синтезі жүреді. Екінші жағынан α- липопротеидтердің синтезі α- глобулендерден, β- липопротеидтердің синтезі β- глобулиндермен байланысты деген өз көзқарастар бар. Α- липопротеидтердің молекулалық салмағы 200000-300000 дейін, яғни бұл липопротеидтердің жеңіл фракциясы. α липопротеидтердің 50% жуығы белоктардан тұрады. Холинтерин мен оның эфирлері аз кездеседі. β липопротеидтер құрамында белоктар мен фосфатидтердің гидрофилді молекуласы болғандықтан оңай еритін фракция жатады. Олардың молекулалық салмағы 3200000,25% белоктан, 75% майдан, оның ішінде бөлігін холестерин және оның эфирлері алады. β – липопротеидтерде 700 моль холестерин 1800 моль холестериннің эфирі, 900 моль фл, 400 моль ТГ болады. Дегенмен белоктың молекулалары шеткейде орналасқандықтан β – липопротеидтер тканьдерде энергия көзі мен ппластикалық материал үшін қолданылады. Кейбір науқастарда, мысалы, атеросклероэ, ревматизм ауруларында қандағы β- липопротеидтердің мөлшері шамадағыдан артық болады.


Майлар және олардың қоры
Май тканьдеріне түсетін майдың біразыв эпителиальды клеткаларында синтезделеді. Дегенмен май тканін тек ғана майдың жиналатын орны деп қарауға болмайды, себебі май тканьдерінің майдың алмасуы жүріп отырады. Мысалы, тышқандарда денедегі барлық майдың жартысы 5-6 күн ішінде жаңарып отырады. Май тканьдерінде триглицеридтердің синтезі мен ыдырауы, май қышқылдарының гидрогензациясы мен дигидрогенизациясы, белоктардың синтезі мен ыдырауы, глюкозаның гликолиттік және пентозофосфаттық жолмен алмасуы, көмірсулардың және белоктардың алмасуынан түзілетін заттардың үздіксіз жүріп отырады. Сондықтан май тканьдеріндегі май қорының жиналуы тек дайын күйінде келіп түскен майлардың есебінен ғана емес, көмірсулар мен белоктар түзілуі есебінен де толықтырылып отырады. Мысалы, киттерде тюленьдерде, дельфиндерде, торайларда негізінен тамақтың көзі көмірсулық болғанына қарамастан, май қорының көп болуы жоғарыда айтылғанға дәлел бола алады.

Көмірсулардың және кейбір амин қышқылдарының алмасуынан түзілетін пирожүзім қышқылы ацетил- КоЛ – ға айналады, ал ацетил – КоЛ көптеген реакциялардың көмегімен май қышқылына айналады.

Көмірсулардың кейбір аминқышқылдарының алмасуы нәтижесінде түзілетін α – фосфоглицерин альдегиді α- глицеролфосфатқа айналады. Ал май қышқылынан және α- глицерол фосфаттық қатысуымен май тканьдерінде майлар синтезі жүреді. Майдың шамадан тыс қор ретінде жинаулы тамақпен ғана емес, көмірсулардың артық мөлшерінің есебінен ғана емес, майлардың энергия көзі ретінде жеткіліксіз жұмсалуынан да / алиментарлық семіздік/ болады. Метаболиттік семіздік көмірсулардан майдың синтезделуінің жылдамдығының күшеюінен пайда болады. Май организмге қажеттілігіне қарай, эмульсия түрінде қан плазмасы арқылы бауырға жеткізіледі. Бауырдан әрі қарай органдарға және тканьдерге жеткізіліп, энергитикалық және пластикалық материал есебінде қолданылады. Қандағы бос май қышқылының көбеюі, қорлық майдың жұмсалуының күшейгендігін көрсетеді, себебі май қышқылы май қорының бірі ретінде, организм энергия қажет емес кезінде сақталады. Сонымен, май тканьдеріндегі негізінен энергитикалық қор ретінде жұмсалады.

Клеткадағы липидтер.
Клетка құрамындағы майлар әрі қарай қор ретінде, әрі құрылымдық комнонент ретінде кездеседі. Қорлық майдың мөлшері әртүрлі факторлардан: тамақтың құрамында, нерв жүйесіне, жасқа, жынысқа сәйкес әртүрлі болады. Тамақтағы май мөлшерінің көбеюіне байланысты майдың қорға жиналуы да артады. Егерде қалыпты жағдайда адам салмағының 18% майдан тұрса, мөлшерден тыс тамақ ішудің салдарынан оның мөлшері адам салмағының 50% дейін жетуі мүмкін. Клеткадағы қорлық майдың мөлшері тамақтануға сәйкес ауытқып отырса, құрылымдық майдың мөлшері тұрақты болады. Бұл майлар клетка, ядро мембраналарының, микросомо, тағы басқа органоидтардың мембранасының құрамына кіреді. Құрылымдық майлар барлық белоктармен байланысқан күйде болады, сондықтан оларды бөліп алу үшін белок- липидтік комплексті ыдырату қажет. Егерде май тканьіндегі майлар сумен бірге қызыл түске боялса, құрылымдық майлардың боялуы үшін оларды ыстық спиртпен өңдеп, белоктан ыдыратын алу қажет.

Адам организмі аштыққа ұшыраған кезде тканьдегі май қоры кемейтін болса, құрылымдық майлардың мөлшері өзгеріссіз қалады, яғни барлық салмақтың 23% болады.




Өзіндік жұмыс
Осы ғылыми жұмысты зерттеу бойынша Асанбаева Ләззат апайдың практикалық сабақ өту барысында тірі организмдегі липидтер туралы жалпы мағлұмат алдық.

Осы мағлұматтар барысында біз липидтердің жалпы қызтеті, тармақтары, алмасуы, алынуы туралы жалпы түсінік алдық.

Липидтер жалпы тірі организмдерде мынадай қызметтер атқарады:


  1. қорғаныс қызметін атқарады

  2. қор болып жиналып организмді азықтандыруға және малдардың қоңдылығына себепші болады.

  3. Липидтер организмнің қалыпты тіршілігін қамтамасыз етеді.

Липидтер негізінен қарапайым және күрделі липидтер болып жіктелед. Қарапайым липидтерге триглицеридтер жатады. Күрделі липидтерге фосфолипидтер, балауыз, сфинголипидтер және стеролдар мен стеридтер жатады.

Мал мүшелерімен тканьдеріндегі липид молшері әртүрлі болып келеді. Мысалы, бұлшық етте 2 % шамасындай май, 0,5% фосфолипидтер, 0,1% стеролдар бар. Майлы ттканьдерде (шарбыда, тері асты шелінде) майдың мөлшері 50% және оданда көбірек болады.

Майларды тек табиғи көзден ғана алуға ғана болады. Мал тканьінен майды қайырып, ыдысқа салып, отты басып қойып қыздыру жолымен бөліп алады. Ал өсімдіктер майын сығымдап немесе органикалық еріткеіштермен экстракция жасап, әсер ету жолмен алынады.

Липидтердің алмасуы негізінен қарында ішекте қорытылуы және майды эмульсияға айналдыру, гидролиздеу арқылы және май гидролизі өнімдерін сіңіру арқылы жүзеге асады.

Жалпы липидтер организмде үлкен роль атқарады. Липидтер тірі организді түрлі әсерлерден қорғайды және азық ретінде пайдалынады. Азықтық майдың көп бөлігін мақта, күнбағыс дәнегінің соя мен жүгері дәнінен алады. Сол сияқты сүттен және мал етінен де май алынады.


Аннотация
Бұл курстық жұмыс мына бөлімдерден тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу техника қауіпсіздігі, қорыиынды, тіркелген мәліметтер.

Кіріспе бөлімде тірі организмдегі липидтердің қызметі туралы жалпы түсінік қамтылған.

Негізгі бөлімде липидтерді класқа бөлу, майлардың химиялық құрамы, физикалық қасиеттері май тәрідес заттар (липоидтар) липидтердің алмасуы, май гидролизі өнімдерін сіңіру, фосфолипидтердің және холестерал эфирлердің қорытылуы туралы жалпы түсінік қамтылған.

Өзіндік зерттеу бөлімінде тірі организмдегі липидтердің қызметі, алмасуы туралы айтылған.

Техникалық қауіпсіздік бөлімінде
Қорытынды бөлімінде өз ойымызды тұжырымдап, тірі организмдегі липидтердің маңызы зор екені айтылады.

Тіркелген мәліменттер май қышқылдары туралы таблица көрсетілген.



Анықтамалар.


  1. Липидтер дегеніміз – табиғи заттар тобы.

  2. Триглицерид – үш атомды спирт глицерин мен май қышқылдарының күрделі эфирі.

  3. Сабын дегеніміз – май қышқылдары натрий тұздарының қоспасы.

  4. Амфипатиялық – екі түрлі табиғаты бар қосылыстар.

  5. Балауыз – метоболизмнің соңғы өнімі қорғаныш қызметін атқарады.

  6. Стеролдар дегеніміз –полециклдік спирттер циклопентпноллергидрофенантреннің туындысы.


Қысқартылған сөздер
Глю – глюкоза

  1. Гал – галактоза

  2. N – ац, гал, амин - ацетилгалактозамин

  3. Gм, Gg, Gт – ганглиоздтердің қысқарған түрі.

  4. G- ганглиозид молекуладағы май қышқылы қаалдықтарының санын көрсетеді.

  5. М, Д,Т, - моно, ди,- три ганглиозид.


Қорытынды
Қорыта келгенде липидтер мал, адам және өсімдіктердің барлық тканьдері клеткаларының құрамына кіріп, өте маңызды қызмет атқарады. Олар қор боып жиналып, құрамы және мөлшері мал азықтандыруға және қоңдылығына себепші болады. Липидтер клетка мембранасының құрылымдық және рецепторлық бөлігі. Құрылымдық липидтердің тұрақты мөлшері және белгілі химиялық құрамы болады: ондай липидтер жануарды азықтандыруға және олардың ауруына байланысты өзгермейді. Липидтер қорғаныс қызметін атқарады, организмдерді ыстық суықтан, әртүрлі әсерлерден қорғайды.Липидтерде көптеген витаминдер ериді, құрамында алмастыруға келмейтін май қышқылдары болады, ондай қышқылдар организмнің қалыпты тіршілігі үшін қажет.

Липидтер азық ретінде де маңызы зор. Азықтық майдың көп бөлігін біз өсімдіктердің, мал организмінен аламыз.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет