Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына орай «Армысың, әз Наурыз!» мерекелік қойылымы



жүктеу 38.06 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі38.06 Kb.
: files -> sites
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі
sites -> Абайдың көркем мәтіні
sites -> Шалгымбаева Самал Тойшанқызы Астана қаласы №58 мектеп- гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
sites -> Музыка 2 вариант
sites -> Сабақ жоспары: «Абай Құнанбаев»
sites -> Тақырыбы: «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» атты Абай оқулары байқауы Байқаудың мақсаты
sites -> Сабақтың тақырыбы: Квартет Сабақтың мақсаты
sites -> Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институты
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
sites -> Вопросы к экзамену по дисциплине «конституционное право зарубежных стран»

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына орай «Армысың, әз Наурыз!» мерекелік қойылымы




Сахнада «Сарыарқа» күйі орындалады (Осы кезде «Тазша бала» Наурыздың келуін паш етуге жүгіріп шығады.) (3 «Ә» сынып оқушысы)
Армысыздар, халайық!
Бармысыздар, халайық!
Ақ қар кетіп, көктем жетіп,
Наурызды қарсы алайық!
Көктем келді, Наурыз келді,
Жер көгеріп, жайнай берді.
Дастарханы аққа толып,
Жақсылық пен бақыт келді.

«О, біздің сахнаға «Наурыз аруы» келе жатыр», - деп Тазша бала Наурыз аруын қарсы алады.

Сахна төріне «Наурыз аруы» нөкерлерімен шығады. (1 «Ә» қыздары)
- Мынау «Тазша бала» ғой. Хош келдің, Тазша бала.
О, халайық, тойларыңыз тойға ұлассын!

Кернейлетіп қуанышты салтанат

Мәз-мәйрам боп құлпырады шартарап.

Бүгін шаттық, қыздырыңдар думанды.

Ұлыс күні, барлығыңа Қыдыр қонсын аралап.

Қолына домбыра ұстап, 1-ші сынып оқушысы сахнаға шығады. «Домбыра» әні орындалады. (1 «Ә» Сейтжанов Мухаммед)

Сахнаға ұлттық киім киінген балалар шығады, бір –бірін төс қағыстырып, құттықтайды.

1 — оқушы

Қош келіпсіз, құрметті ата – аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған.

Балғын шақты біз бақытты балалар!

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!
2 — оқушы (Мухаметжан Нұрлан 4 «Ә»)
Аманбысың, армысың, халқым менің!
Ақтарған кең даламның алтын кенін,
Мереке басы болсын берекелі,
Ардақты Наурыз тойы, салтым менің.

3 — оқушы ( Орынғали Ақниет 4 «Ә»)

Наурыз тойы тамаша,

Наурыз тойы жаңаша.

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

Наурыз тойы салтанат,

Наурыз тойы мархабат.

Ән жүректен ән тарап,

Шаттанады шартарап.

4 — оқушы (Азименов Асылжан 4 «Ә»)

Ал, халайық тұрмайық.

Әндетейік, шырқайық.

Ортамызды ашайық.

Думандатып би билеп,

Ән мен күйді төгілдіріп,

Інжу — маржан шашайық.

Жиналған жұрт таң қалсын,

Өнерден күмбез жасайық!

Наурыз қыз: Рахмет, жарайсыңдар, балалар!



«Тазша бала»

Наурызбенен құттықтап,


Алыс-жақын қауышты.
Көктемдегі жарқын сәт,
Көңілдерге ауысты.
Халық әні (Атабаева Ақбаян 3 «Ә»)

Наурыз қыз

«Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар»

Наурыз қыз: Ал енді балалар Қыдыр ата келіп, біздерге батасын берсін.

(ҚЫДЫР АТА ШЫҒЫП БАТАСЫН БЕРЕДІ)

Наурыз бата

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсың мерейін.

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле – жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерің көк болсын!

Уайым – қайғы жоқ болсын,

Қуаныштарың көп болсын!

Наурыз қыз: Наурыз великий праздник нашего народа, уходящий корнями в глубину веков, возвещающий о начале нового года, праздник единства и благополучия.

Наурыз – великий праздник-


Пригласил сегодня нас!
Все мы вместе веселимся-
Русский, немец и казах,
Украинец и татарин,
Молдаванин и еврей!..
Шанырак нас всех согреет.
Вместе будет веселей!



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет