Ұлытау бахтияр Қожахметов



жүктеу 60.68 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі60.68 Kb.
: u text
u text -> Ұлытау қорығында атқарылған археологиялық зерттеулер
u text -> Тасына тарих тұНҒАН
u text -> Жібек жолы бойындағы Ұлытау өңіріндегі көне қалалар мен керуен сарайлар
u text -> АудандағЫ Өсімдіктер




ҰЛЫТАУ

Бахтияр Қожахметов
Әр адамның санасында өз қара шаңырағы,Отаны,Атамекені жарық дүниенің кіндігіндей сезіледі. Ұлттық мәдениет, туған халықтың әдет-ғұрпы содан бастау алады.Қазақтар үшін сондай ата-баба мекені -Ұлытау.

«Ұлы», «тау» деген - қазақтың төл ұғымы. Оның ұлылығы тек атының халық арасында әйгілі болуында ғана емес , ұлт тарихындағы қазақ руларын біріктірген аса ұлы оқиғалар туғызған тарихи мәнділігінде.

«Кіндік жұрт» аталып кеткен, ұлттық сананы қайта өркендеткен соңғы жылдары терең тарихымен ғалымдарды, журналистер мен туристерді тамсандырған Ұлытау небір мақтау сөзге де лайық . Ұлытау - «қазақ халқының бесігі» , «көшпелі халық мәдениетінің , дала өркениетінің алтын кіндігі».

Ұлытау - ежелгі заманның көне сырларын ішіне бүккен шежірелі өлке. Ол ежелгі де әр алуан әдемі ескерткіштерінің көптігімен кім - кімді де тәнті етеді.Өзінің ғажайып сұлулығымен, құнарлығымен бабаларымызды ынтықтырған қасиетті жерден палеолит,неолит дәуірлерінің туындысы - алғашқы адамдардың мыңдаған еңбек құралдарын әр бұлақтың маңынан,көгалды жазықтардан кездестіресіз.

Қаракенгір өзені жағасындағы Дүзен мазарына жақын орналасқан палеолит дәуірінен қалған көнекөз шеберхана Қазақстандағы ең ірі де әйгілі ескерткіш санатында. Тас ғасырының мылқау куәлігі Жетіқоңыр археологтердің көп жылдардан бері назарында.Қола дәуірінің ескерткіштері - елді мекендер,мазарлар мен Беғазы – Дәндібай мәдениетінің асқақ кесенелері кез - келген өзен алқаптарынан кездеседі.Ежелгі патша әулеттері жерленген Айбас дарасы,Үйтас-Айдос,Ақоба,Талдысай обалары көптеген ғалымдар мен зерттеушілердің ынта-ықыласын ұдайы өзіне аударып отырса,Қорғасын елді мекеніне жақын орналасқан обалар мен Терісақкан өзені жанындағы Қараоба екі жарым мың жылдан аса уақыт бойы жолаушылар үшін қиыр далада қағылган қазықтай нақты нысана болып келеді.

«Мұртты» қорғандар - Ұлытаудағы таңдай қақтырар көрікті нысандар.Олардың кұпиясы әлі күнге беймәлім. Бұларды мазар үстіндегі ескерткіш дейміз бе,әлде ежелгі расытхана дейміз бе,тіпті,осылардың бәрінің басын құрайтын тұлғалы ескерткіш дейміз бе-әйтеуір бұлардың қай-қайсысы да таңғажайып дүниелер. Классикалық үлгідегі осындай ескерткіштердің «мұрты» үнемі шығысқа қарап тұрады.Ұлытауда сақталған олардың сан алуан бағдарымен,пішінімен ,санының көптігімен таңғалдырады.

Жазық жерлерде орналасқан ғұндар дәуіріндегі әдемі шатқалды қорғандар өзінің асқақтығымен,сұлулығымен көзге түседі.Ежелгі түркі,оғыз-қыпшақтар мәдениетінің ізін де осы жерлерден ұшыратамыз.Арғанаты,Кішітау тауларындағы Тілеуқабыл аңғары мен Қорғантас шатқалындағы түркінің айшықты тастарымен өрнектелген оба қоршаулары бәз қалпында сақталған. «Балбал» деп аталатын кейбір сомтастар өрнегінің қатары кей жерлерде 250 метрге жетеді.

Ұлытаудың ежелгі түрғындарының таудан металл пештер қалдығы, пішінді металл құю тәсілі-бұдан үш мың жыл бұрын жергілікті тайпалардың мыс, қалайы, күміс, алтынды қазып алып, өңдеп, Иран,Үнді,Грекия, т.б. елдерге шығарғандарына бірден-бір дәлел.Мұны «тарих атасы» деп жүрген Геродот өз еңбектерінде растап отыр. Қола дәуірінде өмір сүрген Елуқұдық,Сорқұдық секілді металл өндіру орталықтары кейінгі орта ғасырларға дейін өндірісін тоқтатпаған.

Ежелгі шеберлер қолымен тасқа қашалып салынган суреттердің тұтастай галереясы Ұлытаудың өзіндік мәдениетінің көрікті беттерін құрайды.Тіршілік ету,аң аулау бейнелері, ғажайып жануарлар әлемі,ежелгі адамдардьң дүниетанымын танытатын суреттер Теректі әулие, Зыңғыртас, Арғанаты таулары жартасында, Байқоңыр, Тамды, Жаңғабыл, Жетіқыз өзендерінің бойларында тұр.Бүл өлке орта ғасырларда «Дешті қьпшақ» (араб тілінен аударғанда - қыпшақтар елі)аталған.Оның аумағы кейіннен қыпшақтардың,қимақтардың,ұлы оғыздардың ірі рулық бірлестіктері арасында бөліске түскен.Ұлытау ешқашан бір ғана тайпаның,не бір ғана рудың иелігінде болмаған. Бұл берекелі жер көшпелі тайпа көсемдерінің сүйікті мекені еді,ол қашанда қасиетті,әрі киелі қоныс саналған.

Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының бұл жерде тұрақты қоныс еткені тегін емес.Шығыс Еуропаны тізе бүктірген Бату өз жорығын осы жерден бастаған.Ұлытау жерінде Шыңғыс ұрпақтарымен байланысты сәулеттік ескерткіштер жетерлік.Бұлар-Жошы,Құтлық-Темір,Болған ана,Келін-там мазарлары. Осы далада,аңызда айтылатындай, Шыңғыс ханға ұлы Жошының өлімін жеткізген атақты «Ақсақ құлан»(ХШ ғ) күйі дүниеге келеді.

XIV ғасырда,шамамен VII-VIII ғасырларда өмір сүрген түркі руларының негізін қалаушылардың бірі Алаша хан қабіріне мазар тұрғызылды.Ұлытау тауы биігінің бірінде ұлы қолбасшы, саясаткер және шешен,Алтын Орда әмірі Едіге жатыр.Оның аты Алтай,Орал,Солтүстік Кавказ,Қырым және Өзбекстан халықтарының батырлық әңгімелері мен эпостарында сақталған.Алтын Орданың жігерлі ханы Тоқтамысқа да Ұлытаудан топырақ бұйырған. Халық аңызы өмірінің соңғы кезеңінде қарапайым пенде болып,Египеттің ұлы билеушісі,қыпшақ Бейбарыс осы далаға оралғанын бүгінгі күнге жеткізеді. Ұлытау тарихының білгірі,академик Әлкей Марғүланның жазуынша,Тұранның кұдіретті ханы Афрасиаб өмірінің соңғы кезін Ұлытауда өткізген.

Құдіретті Ақсак Темір өзінің Ұлытауда болтаны туралы Алтыншокы тауында тасқа қашап белгі қалдырған.Ұлытаудың ғажайып гранит шыңдары Бұқар ханы Абдоллахты және Құдияр ханның қоқандық жауынгерлерін ұмытқан жоқ.Монголдардың тұрақты қонысы-Қарақорымға беттеген ортағасырлық көптеген еуропалық және орыс елшілері Ұлытау бұлағының суын ішіп, шөлін басты.Кетбұғы,Керей,Жәнібек,Қасым,Тәуке,Барақ, Көшім, Абылай, Әбілқайыр,Ақжол би, Қазыбек би және т.б. тарихи тұлғалардың өмірбаяны Ұлытау атымен байланысты.

Ұлытау-Қазақстанның географиялық орталығы.Картадан оның Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігі, сондай-ақ шығысы мен батысы аралығында бірдей қашықтықта орналасқанын көресіз. Оның әскер шоғырландыруға және жасақты Ұлытаудың айналасындағы бұлақтары мол жайылымға орналастыруға қолайлы орын болғаны сондықтан болар.

«Ақтабан шұбырынды» жылдарында Ұлытаудың даңқы оңтүстік - шығысында қазақ руларының біріккен күші алғаш рет жоңғарларға тойтарыс беруімен шықты.Содан бері осы шатқал Қалмаққырған аталады .Ұлытаудьң тұғырлы таулары патшалық-отаршылдық саясат жылдары қарсыласу мен тәуелсіздік ошағы болып қала берді. Бұған XIX ғасырдың ортасындағы Кенесары Қасымұлы, 1916-1917 жылдардағы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілістер куә.

Ұлытау географиялық жағынан қолайлы жерге орналасқан. Ұлытау арқылы Ұлы Жібек жолының «Сарысу» немесе «мыс жол» аталған негізгі тармақтарының бірі өткен.Оның дәлелі-керуен жолы бойында орналасқан ондаған керуен-сарайлар,бекініс-қоныстар,феодалдық қорғандар, қарауыл мұнаралар.Бұл қоныстарда қалалық мәдениет,қол өнері,сауда-саттық дамыганын Басқамыр,Жошы-орда,Аяққамыр,Орда-базар қалашықтарына жүргізілген археологиялық зерттеулер нәтижесі дәлелдеді.Ғалымдар болжауынша, бұл сауда жолы Ұлы Жібек жолына дейін пайда болып, біздің ғасырдың отызыншы жылдарына дейін сақталды,осы өлкенің мәдениетінің дамуына үлес қосты. Табиғаттың өзі бұл жерге қисапсыз қазына сыйлаған. Фирдауси өз поэма-эпосы «Шахнамада»Ұлытау өңірін әдемі суреттеген. Ұлытаудың ғажайып көріністерін VI ғасырда араб саяхатшысы Әл-Идриси өзінің қолжазбаларында суреттеген. Ұлытау жөнінде қазақ халқының ертегісі «Ер Төстікте» де айтылады.Әйгілі Асанқайғы Сарыарқаның көптеген түкпірін аралап,елге құт жерұйық іздегенде,көзіне Ұлытау түскен.Академик Қаныш Сәтбаев Ұлытау даласын Қазақстанның қазынасы атаған. Өйткені,Менделеев кестесі элементтерінің көбі Ұлытау аймағының қойнауынан табылған.Ғасырдың заманалық мәні бар оқиғасы - адамның ғарышқа ұшуы да Ұлытаумен-ғарыш аймағы Байқоңырмен байланысты.

Ұлытау өзінің жер бедерімен, терек -қайыңымен Көкшетау,Баянауыл, Қарқаралының шипажай орындарын еске салады.Бұл өңір Қазақстанның тарихи орталығы десек те болады.Қазақтардың бүкілдүниежүзілік құрылтайында форумға қатысушылар ең әуелі казақ халқының осы қасиетті орнына баруды қалағаны да тегін емес. Сол күндері Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев осында қазақ мемлекетінің калыптасуындағы Ұлытаудың тарихи рөлін құрметтеп,ескерткіш-белгі орнатуға қатысты.

Ұлытау — шын мәнінде географиялық феномен.Терістік дала мен түстік шөлдің арасындағы таулы-ойпаңды бұл өлке жол тартып келе жатқан жүргіншілерге қайнары -салқын суын, терегі мен ақ қайыңы көлеңкесін сыйлайды. Ұлытауда жүзіктің көзіндей әдемі-әдемі көлдер бар.Көктем сайын Барақкөл,Қоскөл,Ащыкөл,Құркөлдерге Үндістаннан,Жерорта теңізінен,Азия,Африка жағалауларынан оралған құстар жыртылып айырылады.Осы арадан ақбөкендердің де жосылған жолдары кес-кестеп өтіп жатыр.

Өте сирек кездесетін тарихи археолгиялық ескерткіштер мен табиғат көркін сақтау мақсатында осында 1992 жылы табиғи-тарихи қорық-мұражай құрылды.



Көшпенділердің үш мың жылдық рухын бойына сіңірген,аты аңызға бөленген, ақындар жыр еткен,көп ғасыр адамды еліктіріп,өзіне тартқан бұл өлке өзінің құпияларын әлі де ашып болған жоқ.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет