Ұлықтаудың орнына,өзгелерді биіктетеміз. Бұл да сананың құлданғанын білдіреді. Бекболат Тілеухан. Әскери институтымызға



жүктеу 70.86 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі70.86 Kb.
: sites -> all -> files -> sites -> default -> files
files -> Абайдың көркем мәтіні
files -> Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институты
files -> Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін квота бойынша білім беру гранттарына ие болған талапкерлердің тізімі
files -> «Жетім қарға бөрі басына саңғыған» тұл заман және оның қаһармандары
files -> Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін квота бойынша білім беру гранттарына ие болған талапкерлердің тізімі
files -> Мұсылман өркениеті: медреседен – университетке Аязби Бейсенқұлов, филол.ғ. к., доцент
«...Нағыз алып,баһадүр батырларымызды

ұлықтаудың орнына,өзгелерді биіктетеміз.

Бұл да сананың құлданғанын білдіреді».

Бекболат Тілеухан.

Әскери институтымызға

қазақ ұлты тұңғыш генералының есімін беруге кім қарсы?

немесе «Үлкен жетіліктің» бірегей тұлғасы Шақшақ Қошқарұлы

Жәнібек тархан жәйлі.
Қазақ ұлтында кейінгі ешбір жан таласпауы тиіс«Үлкен жетілік» бар. Бұлар ұлт тағдыры«Ақтабан шұбырындыға» түскен қилы заманда елдің елдігін, тұтастығын сақтап қалған нағыз алыптар.Атап айтар болсақ, Үйсін Төле би, Қаз дауысты Қазыбек,Кіші жүз Әйтеке би және солардың әрі үзеңгілес серіктері,әрі елдің қорғаны бола білген Қаракерей Қабанбай,Қанжығалы Бөгенбай, Қошқарұлы Жәнібек, Шапырашты Наурызбай.

Қазақстан егемендік алғаннан бері бұл алыптардың есімдері қайтадан жаңғырып,ұлттың шын мақтанышына айналды. Десек те осылардың өздерін «география» арқылы бөлу белең алып кеткендей.Ең білімсіздік те осы жерден туындап жатады.«Ақтабан шұбырындыға»ұшыраған,жоңғардың қайқы қылышынан ұлттың қаны судай шашылған, боздағы құл, аруы күңге айналған кер заманда тұтастықты сақтап қалу үшін «географияға» бөлінуді білмей қазақ үшін, қазақтың болашағы үшін жұдырықтай жұмыла алған осынау «Үлкен жетілікке» ХХІ ғасырдағы сауатты, білімді ұрпақ «географиялық» бөліс тәсілімен қараса онда тұтастай ұлттың ұтылғаны болып шығар еді. Мұны ең алдымен жергілікті билік басындағылар,әсіресе ономастика саласымен айналысып жүрген лауазымды тұлғалар мықтап еске ұстауы тиіс. Бұлай айтып отырғандағы басты себеп мынау еді...

Ынталы топ өкілдері «Үлкен жетіліктің» бірегей тұлғасы Қошқарұлы Жәнібекті лайықты «тұғырына қондыру» мақсатында республика Қорғаныс министрлігіне қарасты Алматы қаласындағы Құрлық әскерлері әскери институтына даңқты генералдың есімін беру жөнінде білімді ұсыныс жасайды. Бұған Қорғаныс министрлігіндегі жауапты тұлғалар «Ұсыныстарыңыз орынды екен. Бірақ мәселені шешетін Алматы қалалық ономастика басқармасы ғой, соған, солардың төрелігіне жүгініңіздер» дегенді айтады. Дұрыс-ақ. Еліміздегі заң бойынша солай. Ал заңды баршамыз құрметтеуге тиіспіз.

Осыны және ҚР Парламенті Сенатының депутаты Х.Валиевтің жасаған депутаттық сауал негізінде ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің ұсыныс-жауаптарын басшылыққа алған ынталы топ өз ұсыныстарын Алматы қалалық әкімшілігінің ономастика басқармасына жөнелтеді. Бұл жақтан нақты тындырылған іс туралы хабардың орнына ынталы топ жетекшісі Әуезхан Жүсіповтің атына шақырту хат түседі. Ал жасы сексеннен асқан ардагер ақсақал Алматыға барып қайтуға денсаулығы көтермейтіндіктен осы іспен айналысуды маған тапсырды. Содан үлкеннің аманатын арқалап басқарма бастығы Мамай Ахетовтың қабылдауында болдым. Естігендерім мынау болды: «ұсыныс хат қазір қалалық әкімнің орынбасары Серік Сейдумановтың алдында жатыр. Атауларды өзгертуді біраз уақытқа кешіктіре тұру керек деп шешілген, себебі осы тақылеттес 89 ұсыныс түсті. Атауға талас көп. Бірінің өтінішін орындасаңыз, екіншісі ренжитіндері және белгілі. Мәселен таяуда ғана бақилық сапарға аттанған ақиық ақындар Тұманбай Молдағалиев пен Қадыр Мырза Әлі ағаларымызға Алматыдағы бір көшенің атын беру туралы ұсыныс та осылайша кешіктірілуде».

Мынадай сөзді естіген кезде айтпақ ойын одан әрі жалғастыруды күтпей «дүрсе қоя бердім». «Қарағым-ау не айтып отырсың? Тұманбай Молдағалиев пен Қадыр Мырза Әлі жақсы ақындар. Бірақ олардың өздері де көздері тірі болса қазақтың тұңғыш генералымен, ұлтты «Ақтабан шұбырындыдан» құтқарған «Үлкен жетіліктің» бірегей тұлғасымен еш таласпас еді ғой. Осыны түсіну керек емес пе?! Күні кеше ортамызда жүрген бұл ақындар түгіл, тұтастай қазақ деген ұлт сол «Үлкен жетіліктің» алдында қарыздар екенін түсіну керек емес пе?! Оның үстіне Әскери институт ұлттың алғашқы генералының есімімен аталса бұл нағыз жарасымды іс емес пе?!

Әріберідесін ұлт ардақтылары Дінмұхаммед Қонаев пен Бауыржан Момышұлы секілді біртуар тұлғалардың өздері де бұл ұсынысты қолдап шығар еді ғой. Сонау бір 1941 жылдың ауыр күндерінің бірінде Бауыржан Момышұлы бастаған полктің жауынгерлерін Алматыдан шығарып салып тұрып Мұхаң /Мұхтар Әуезов/ айтқан екен. – Шақшақ Жәнібек бабаларың жорыққа аттанарда:-«Егескен дауға кездестір,құрсаулы жауға кездестір»-деп өзіне-өзі егес бата етеді екен.Сол бабаларыңның аруағы сіздерді қолдай берсін дегенде,Баукең: - «О аруақ,қолдай гөр»-деп айқай салған екен.Сіздер неге осыны түсінбейсіздер?» дедім де шыға жөнелдім. Кетерімде өзімді қабылдаған азамат «Бұл пікіріңізді Сейдуманов мырзаға жеткізіңіз» деп қала әкімі орынбасарына «кірудің» жөн жосығын түсіндірді. Әрине мен әкімнің орынбасарына бармадым. Өйткені бұған дейін «түсінгісі келмеген» адамды түсіндіру мүмкін емес екенін білдім.

Сөйтсем ынталы топтың жетекшісі Әуезхан Жүсіпов ағамыз қала әкімінің орынбасарына кіріп, мән-жайды түсіндіруге Хамзин Жантемір деген азаматты және жұмсаса керек. Ол үлкен кісінің тапсырмасын аяқ асты етпей, арнайы барғанда Серік Сейдуманов мырзадан мынадай әңгіме естіпті: «Әскери институтты Қошқарұлы Жәнібектің атымен атау Қорғаныс министрлігінің құзырындағы шаруа. Сондықтан ұсыныстарыңызды сол жаққа тапсырыңыздар».

Жоғарыда айттық: «Ұсынысты Алматы қалалық әкімшілігіндегі ономастика басқармасына тапсырыңдар» деген ҚР Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті мен Қорғаныс министрлігіндегі жауапты тұлғалар болатын, енді келіп «Ұсынысты Қорғаныс министрлігіне түсіріңіздер», дегенді Алматы қалалық әкімшілігіндегі жауапты тұлғалар айтып отыр. Бұл не, «аққу, шортан, шаян» әрекеті секілді тірлік пе, әлде қазағымның «сен саларда мен салар, атқа жемді кім салар» дегенінің кері ме? Ол жағын жаратушының өзі білмесе біз білмедік.

Ең бастысы сеңді орыннан қозғалтуға еш жақтың да қатысқысы келмейтінін ұққандаймыз. Сондай-ақ «Жоқ, бұлай істей алмаймыз, Қошқарұлы Жәнібек ондай құрметке лайық емес» дегенді де айтып шыққан бірі болмады. Себебі қазіргі қызметтерінде отырған оқыған, тоқығаны бір басына жетерлік азаматтар қазақ басына «Ақтабан шұбырынды» заманы түскен кезде бұл тұлғаның елге қандай еңбегі сіңгенін білуге тиіс. Айтқандай, білмеулері де мүмкін-ау. Білмесе республика Қорғаныс министрлігіндегі және Алматы қалалық әкімшілігіндегі ономастика мәселесімен айналысуға тиісті лауазымды тұлғаларға тарихи ақиқаттан деректер бере кетейік.

2006 жылы Алматы қаласындағы «Арыс» баспасы ҚР Генералдар кеңесі қауымдастығының төралқа төрағасы, әділет Генерал майоры, профессор Р.Е.Қайдаровтың басшылығымен «Генералы Казахстана» атты кітап орыс тілінде жарық көрді. Кітапта: «Указ императрицы Элизоветы Петровны о присвоени звания Тархана Шакшак Жанибек батыру был опубликован 26 августа 1742 года. Поэтому Тархана Жанибека следует считать первым, признанным соседними народами, военным главнокомандующим казахского народа», – делінген. Иә, сөйтіп қазақ ұлтында халықаралық деңгейде мойындалған, заңдастырылған тұңғыш генерал пайда болды, ол – Шақшақ Қошқарұлы Жәнібек батыр еді.

Осы кітаптың он сегізінші бетінде белгілі орыс тарихшысы А.И.Левшиннің 1723 жылы: «Не будь Жанибека Тархана, вся Северная часть казахской степи очутилась бы под копытами войска джунгарского хунтайчы Сыбана Рабтана» – деген сөзі де берілген.

Аталған кітапқа алғы сөз жазған республика Президенті, ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев былай деген: «Это книга рассказывает о людях, посвятивших свою жизнь высокому служению Родине, – славной плеяде генералов Казахстана».

Жәнібек Тарханның өмірі мен ұлтына сіңірген қызметі жайлы тарихшылар В.Бартальд, И.Крафт, В.В.Вельяминов – Зернов, И.Андреев, И.Ф.Бларамберг, И.Рычков өз заманында тамсана жазып кеткен. Тархан Жәнібек жайлы ұлт тарихын біраз зерттеген Шоқан Уәлиханов та ілтипатпен ақиқатты жазған. Сол заман тарихына зер салған адам Тархан Жәнібек батырдың өзінің қалың қолымен 1728 жылы Бұланты өзенінің Сарысуға құяр тұсында, сондай-ақ 1730 жылы Балқаш көлінің маңындағы атақты «Аңырақай» шайқасында жоңғарлардың әскерлеріне шешуші соққы бергендігі жайлы тайға таңба басылғандай жазылған. Бұл лайықты бағалауға тұрарлық ерліктің өзі емей немене?!

Қорыта айтқанда бұл күндері әлем мойындаған қарқынды даму арнасындағы гүлденген Қазақстан Республикасының жер бетінде болуының өзі жоғарыда есімдері аталған, ұлт мақтанышы – «Үлкен жетіліктің» ұрпаққа қалдырған бағасы өлшеусіз сыйы. Осы «Үлкен жетіліктің» ішінде Шақшақ Қошқарұлы Жәнібек Тарханның есімі «жетімсіреп» жүргендей. Ал ұлт Көшбасшысы Н.А.Назарбаев болса былай деген: «Ұлы тұлғаларды білмейінше, бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Сондықтан да халқы мен елінің алдындағы өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген, қандай қиын-қыстау жағдайда оны адал орындаудан жалтармаған адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де, жұртының нағыз азаматы болып қала бермек. Тарихтың қай кезеңінде болсын олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген».

Елбасымыз тарихи тұлғаларды қалай бағалау керектігі жайлы осылайша ой айтқанда мұны ең алдымен атқарушы биліктегі лауазымды тұлғалар түсінуі керек емес пе?! Ал біз олардың бүгінгі әңгіме өзегіне алынған Қошқарұлы Жәнібек Тарханның есімін ардақтауға қатысты істе мұндай түсінігін байқай алмадық. Өкінішті-ақ.

Жәнібек Тархан өзінің күш-жігерін, білім парасатын, ұлтының тарихтан жойылып кетпеуі үшін жұмсағанда әрине теңдессіз бұл еңбегін бүгінгі ұрпаққа «сатқан жоқ». Ол заманында ел басына түскен ауыртпалықты өз мойнымен көтерген, тарих, ондағы ұлт алдындағы жауапкершілігін түсінген бірегей тұлға болды. Мұндай тұлғалар ұрпақтың қандай құрметіне де лайық. Демек аталған мәселе қай жерде шешілуге тиісті болса сол қызметте отырған тұлғалар осы мақаланы оқыған соң Жәнібек Тархан алдындағы емес, қазақ ұлты алдындағы өз жауапкершілігін түсініп, «сеңді орнынан қозғайды» деп үміттенеміз.

Шақшақ Жәнібек тархан - қазақ халқының тарихында өз орнын нық қалдырған ұлы тұлғалардың бірі.Қаншама шындықты көрсетейін делінгенімен,қазірдің өзінде,егеменді ел болдық деп бөрік аспанға ақтырылғанымен,әлі объективті тарих жазылып жатқан жоқ.Бұрын өткен билікке бұра тартып көрсетсе,енді бүгінгі биліктің сойылын соға,бірімен-бірі жарыса жағымпазданып,әрлі-берлі жазып жатқан түрі бар.

Әріберідесін лауазымды жеке тұлғалар түгіл, қоғам және қоғамдық пікір уақыт қанатында өзгеріп тұратыны дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Ендеше бәрібір атаусыз қалмайтын Жәнібек Тарханның ұлтқа қызметін бүгінгі ұрпақтың лайықты бағалауы қызметте отырғандардың білім-білдігіне, парасаты мен арына таразы. Ертеңгі ұрпақ бүгінгілердің өрескел қатесін түзетіп жүрмесін десек те тарихи тұлғаларды бағалауда «алауыздық» болмаса екен.



Ынталы топ өкілдерінің дер кезінде көтерген мәселесі дұрыс шешіледі деп сенеміз. Сондықтан да Алматы қалалық әкімдігі мен ономастика жөніндегі комиссиядағы жігіттерге өкпемен, ренішпен емес, үмітпен қараймыз.
Жұмабек ЖАНДІЛДИН

Журналист.

Халықаралық Еуразиялық

экономикалық академияның

корреспондент мүшесі.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет