«Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты 1 мамыр – Халықтар бірлігі күніне арналған ертеңгілік Мақсаты



жүктеу 239.49 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі239.49 Kb.
: wp-content -> uploads -> 2011
2011 -> Электив курс бойынша «аив-инфекциясының эпидемиологиясы, емдеуі және алдын алу» мпф қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының 5 Курс студенттеріне 2011-2012 оқу жылына емтихан тест сұрақтары
2011 -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы»
2011 -> Юрий Башмет и симфонический оркестр «Новая Россия»
2011 -> Хром қосындыларының Әсері кезіндегі шажырқай лимфа түйіндерінің ЖҰмсақ бауының микроанатомиялық ҚҰрылымы
2011 -> Абстракционизм
«Ұлт бірлігі – ұлы байлық»

атты 1 мамыр – Халықтар бірлігі күніне арналған ертеңгілік

Мақсаты: көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Плакаттар, қабырға газеттері, буклеттер.
Барысы.

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, қадірлі балалар!

Қош келдіңіздер!

Құрметті қонақтар, балалар

1-Мамыр – Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты болсын!

Бүгінгі күн ерекше, өйткені 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты ертеңгіл өткізіліп отыр. Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған. Сіздерді бүгінгі Халықаралық ынтымақ күні 1 - Мамыр мерекесімен құттықтау үшін сөз құрметті қонақтарға беріледі. (Құттықтау сөз )

Ата-бабам ежелден-ақ дос қылған,

Татар, қазақ болашақты тосты алдан,

Сол достығын тағы міне дәріптеп,

Бүгінгі күн мерекеде жайнаған.
Бүгінгі мерекеге біздің орталықтағы барлық топ бүлдіршіндері өздерінің өнерлерін алып келіп отыр.

Сіздердің алдарыңызда шағын концерттік бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер.



Хор. «Менің Қазақстаным»

Ендігі кезекте, «Балапан» тобының бүлдіршіндері қазақ халқының ән-жырын тарту етеді.



Алтыншаш

Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге,

Шәй қайнатып береді,

Осы үйдің бәріне.

Ерасыл

Аппақ күміс сақалды,

Жақсы көрем атамды,

Өсиетін айтатын,

Адал бол деп қашанда.

Нұрару

Әкелер мен апалар,

Ел үшін қызмет жасаған.

Мақтанышы елінің,

Бірлік туын биік ұстаған.

Қара жорға биі. Орындайтын орталық бүлдіршіндері.

Ән. «Апатайым» Орындайтын «Балапан» тобы бүлдіршіндері Алтыншаш пен Ерасыл.

Сырдың бойын ежелден жайлаған,

Орыс, қазақ қатар қонған бай далам,

Халықтардың достығының айғағы

Бүгінгі күн мерекеде жайнаған.

Ендігі кезекті сіздердің алдарыңызда «Балдырған» тобының бүлдіршіндері орыс халқының өнерлерін тарту етеді.



Орыс биі. Орындайтын «Балдырған» тобы бүлдіршіндері Берікбол мен Нұрай.

Жүргізуші: Ән-жыр десе көмейі бүлкілдеген,

Ақ маржандай көңілі үлпілдеген,

Өзбек менің өз ағам – дейді қазақ

Дастарханнан дәм-тұзы бөлінбеген. – дей келе сіздердің алдарыңызда «Балдәурен» тобы бүлдіршіндері өзбек халқының өнерін тарту етеді.


Өзбек биі. Орындайтын «Балдәурен» тобының бүлдіршіні Нұрсила.

Жүргізуші: Тәуелсіздік кеңдігің

Кескен халық бірлігі

Ынтымағы барша елдің

Нұрын шашқан күн бүгін.

Олай болса, балаларымыздың мамыр мерекесіне арналған өздерінің тақпақтарын тыңдайық.

Нұрсила

Қуанышты май келді,

Алақай-ай, алақай,

Шырқа шаттық әндерді,

Көшеге шық, балақай.
Ақару

Жайнап кеткен қия бел,

Қырдың гүлін жия бер,

Туған жердің сырларын,

Көңіліңе құя бер.

Әсел

Тулар әне қадалған,

От-жалындап алаулар,

Соғылды әне барабан,

Желбірейді жалаулар.

Сабыржан

Барлық елдің бөбегі,

Бір-бірімен туысқан,

Бәрімізге төгеді,

Өз шуағым күміс таң.
Құрметті қонақтар, балалар сіздерге шексіз алғысымызды айтамыз. Қазақстанымыздың қуаттылығы мен басымызға қонған бақытымыз бірлігіміздің берекесін арттыра берсін, бейбітшілік мәңгі ажырамас серігімізге айналып, еліміз бен жеріміз, халқымыз аман болсын. Бұл мереке бізбен бірге ғасырларға ұлассын. Бейбіт аспан астында достығымыз нығайып, денсаулығымыз өркендей берсін деген игі тілекпен бүгінгі мерекемізге қатысқандарыңызға рахмет айтамыз.

Қош сау болыңыздар!




«9 мамыр – Желбірейді Жеңіс туы !»

Ұлы Жеңіс күніне арналған ертеңгілік
Мақсаты:


  1. Білімділік: Балаларға Ұлы Отан соғысы, жеңіс, ерлік, батырлық туралы түсінік, ұғым беру, білімдерін жетілдіру.

  2. Тәрбиелілік: Отанды қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға, сүюге, үлкенді құрметтеуге, отан үшін шайқасқа түскен аға- апаларымыздың рухына бас июге, үлкенге – ізет, кішіге-қызмет етуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: Балалардың ақыл-ойын, қиялын,тілін, сөз байлығын, ән айту қабілетін дамыту.


Көрнекіліктер: Альбом, буклеттер.
Барысы:

Жүргізуші :
Қамықпаған қиындықтың үрейінен,

Өздеріңе силап қырдың гүлінен

Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атанып

Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары

Жігерменен құштарлықтың құралы

Күрескердің арманы мен ұраны

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Құрметті ұстаздар мен балалар! Баршамызға белгілі 9 мамыр 5 жылға созылған ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын өз ордасында күйрете талқандап, әділетті елімізге жеңіс әкелген күн. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қанша бала жетім қалды, қанша ана жесір қалды, қаншама қыршын боздақтарымыз отан үшін өмірін қиды. Соғыс зардабы қаншама жүректерге жазылмас жара салды.

Биыл міне, сол жеңіске де 66 жыл толыпты. Бірақ, бізге – тыныш жылдар, бақытты өмір сыйлаған ата-бабаларымыздың ерлігін ұмыттырмақ емес!

Ерлер есімі – ел есінде мәңгілік сақталады. Қазір біздің орталық балаларының Жеңіс күніне арнап дайындаған ертеңгілігін тамашалаңыздар.

Ақару: Бұлт түнеріп аспаннан

Талай көзден жас тамды

Тұтқиылдан жау тиіп

Қырғын соғыс басталды.



Нұрсила: Жерден , көлден. Аспаннан

Соқты жауды ел күнде

Отан үшін от кешіп

Жақындай түсті Берлинге!


Би : «Катюша» ( Орталық мамандарының орындауында)
Әсел: Тылдағы ел де ерледі

Тынымсыз күн-түн терледі

Ерлердің жоғын білдірмей

Жауды да жеңіп кел деді.



Ақмарал: Бәріде майдан үшін

Бәріде жеңіс үшін

Біздер үшін жанын қиған

Бас иеміз жандарға.


Жүргізуші :
Осы сұрапыл соғыста ер азаматтармен бірдей біздің апаларымызда өздерінің естен кетпес ерліктерін көрсетіп, отан үшін қан майданда жараланған солдаттардың жанын сақтап өз көмектерін аяған жоқ.

Сұм соғыстың өзі өрімдей жап-жас Әлия мен Мәншүк қыздарымызды ала кетті. Мәншүк 19 жасқа келгенде соғысқа аттанды. Ол пулеметші, мерген болған. Мәншүк ерлікпен қаза болды, елі үшін отқа түсіп, жас өмірін отан үшін қиды.


Ақмарал: Әлия орыс қаласын

Азат етіп болды мерт

Ол жеңісті көрген жоқ

Келді кейін азат күн


Пулеметті сөйлетіп

Қорғады алтын бесігін

Ұмытпаймыз өрлетіп

Мәншүк апа есімін


Жүргізуші :
Ана нәзік, ана мейірімді бұл мереке тек ер- азаматтарымыз үшін ғана емес, аналарымызға және барша халықтың мерекесі, елінде қалған аналар соғысқа кеткен азаматтарының тілеуін тілеп, күні-түні еңбек даласында аянбай еңбек етті.

Өзінің нәзіктігіне қарамастан шырылдаған баласымен қоса, тылда еңбек еткен,

ауылымызда аналар жетерлік. Ендеше құрметті де аяулы аналар сіздерді де Ұлы Жеңіс мерекесімен

құттықтаймыз!


Аналар осылайша жүзге жеткін

Ұл-қызын енді өзіңді еркелетсін

Әрқашан шаттықтардан орын алып

Уайымның не екенін білмей өткің!


Ән : «Ана туралы баллада» ( Нұралы.Л)
Жүргізуші :
Балалар жеңіске жету қиынға түсті. Оның жолында миллиондаған азаматтар мерт болды. Олар Отан үшін, біз үшін, сендер үшін, болашақ үшін, ұрпақ үшін шайқасқа түсті. Олар бірлік пен ерліктің арқасында жеңіс сағатын қолдарына тигізді.
Берікбол: Жаралғандай жалыннан,

Жайсаң батыр Бауыржан

Естігенде есімін,

Жау есінен жаңылған.



Нұрай : Жеңіс, алақай жеңіс!

Жасасын жеңіс

Болмасын соғыс!

Болмасын соғыс!

Болмасын!
Жүргізуші :
Талай тарих кезеңдерін өткізіп

Сырын, жырын заманына шерткізіп

66 жыл өтті міне еліміз

Жеңіс күннің даңқын жатыр жеткізіп.


Жүргізуші :
Алаулап гүл тұрады

Туған жер құлпырады

Бейбітшілік болса!

Түрленіп бақша, бағы

Тірлік те жақсарады

Бейбітшілік болса!

Үйлер де құламайды

Ешкімде жыламайды

Бейбітшілік болса!

Балалар болады аман

Аналар болады аман

Бейбітшілік болса!- деп дана халқым, дара халқым тегін айтпаған.


Хор : «Әрқашан күн сөнбесін!»
Жүргізуші :
Балалар ендігі жерде соғыстың өзі түгілі аты аталмасын, жер бетінде, бүкіл әлдемде тек бейбітшілік, бейбіт өмір болсын, әрқашан күн сөнбесін деп аспанға бейбітшілік құстарын ұшырайық! Балалар қолдарындағы қағаз құстармен бұлғап тұрады.
Жүргізуші:
Балалар, біз аға-апаларымыз үшін қарыздармыз. Отан үшін жанын аямай, орасан зор қайсарлық, батырлық, ерлік көрсеткен ержүрек батырларды бүгінгі күнде еске алу, ұмытпай есімдерін тарихта жаңғыртып отыру- сіздердің және біздердің парызымыз!

Ешқашанда енді соғыс болмасыншы

Гүлдері ата-ананың солмасыншы

Жеңерміз қиындықты қайыспастан

Тек қана елге амандық орнасыншы

Бейбіт болып әрбір күніміз

Береке тола берсін жылымз

Биіктерге тұрсын мәңгі желбіреп

Көк аспанмен түстес біздің туымыз – деп құрметті мекеме қызметкерлері,

балалар осымен мерекелік ертеңгілімізді аяқтаймыз!



«Армысыз, Әз Наурыз!»

атты ертеңгіліктің жүргізілу барысы
Әсем безендірілген залда музыка әуені ойналады.
Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, ата-аналар, балалар!

«Мейірім» ауылына бүгінгі Наурыз мерекесіне Қош келдіңіздер!
Наурызым, құт әкелсін елімізге,

Береке, ырыс келсін жерімізге.

Барыс жылын қуанышпен шығарып сап,

Бақыт боп қоян кірсін төрімізге.


Жаңа Жыл елімізді жарылқасын,

Қиналып әр отбасы тарықпасын.

Ата-әже келгенде қаунғандай,

Балалардан қуаныш арылмасын, - деп ақын жырлағандай, табиғаттың бастауы көгілдір көктем де келіп жетті. Тіршіліктің жасаруымен қатар келетін, сұлулықтың жаршысы, бейбітшілік пен берекенің бастау Ұлыстық Ұлы күні наурыз мерекесі құтты болсын!


Кел Наурызым, күлімдеп кел, күл,

Жүректерге нұрлы шуақ құйып кел.

Алауласын арман-тілек, үміттер,

Арайласын ардақты ел, сүйікті ел.


Кел, Наурызым, шарықтап кел, шалқып кел,

Шаттық әнін асқақтата айтып кел.

Береке мен бірлігімді қайтып бер,

Ырысым мен несібемді артық бер.


Дәстүрімізге айналған Ұлыстық Ұлы күні қарсаңында «Мейірім» ауылында өтіп жатқан бүгінгі мерекеде сіздерді құттықтау үшін сөз ардагер аталарымыз бен аналарымызға беріледі. (Құттықтау сөз )
Құтты болсын, халқым, Наурыз тойыңыз,

Орындалсын мақсатыңыз, ойыңыз.

Ақ тілекпен Жаңа Жылды қарсы алып,

Қоян жылы бақыт, нұрға толыңыз.

Наруыз келсе, құт келгені халайық,

Шашу шашып, ел болып қарсы алайық.

Ақ түйенің қарны бүгін жарылсын,

Әжелерден бүгін шашу шашылсын.

(Ақ әжелер шашу шашады)
Жиналдық Наурыз тойға бәріміз де,

Үлкен-кіші, жасымыз, кәріміз де.

Енді ортаны ашайық,

Ән мен күйді шалқытып,

Інжу, маржан шашайық.
Жиналған халық таң қалсын,

Өнерден күмбез жасайық.


Сіздердің алдарыңызда «Балдырған», «Балдәурен» тобының бишілері «Ертегіле елінде» биімен.
Енді балаларымыздың мерекелік өлеңдерін тамашалайық.
Сабыржан:

Қош келдің, Наурызым ардақты,

Халқым саған бар үмітін арнапты.

Жылда осылай келе бергін жасарып,

Гүлге бөлеп, Нұрға бөлеп аймақты.
Нұрсила:

Жыл басы – Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке,

Тіршілік жаңа оянды.
Берікбол:

Жасың құтты болсын,

Өмір жасың ұзақ болсын.

Ұлыс оң болсын,

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс береке берсін,

Пәле, жала жерге енсін.
Әсел:

Наурыз, шаттық әніміз,

Салтанатты сәніміз.

Ән салып жас, кәріміз,

Би билейік бәріміз.

Дана:

Ей, балалар, балалар,

Енді маған қараңдар.

Наурызды тойлайық,

Қызып ойын ойнайық.
Ерасыл:

Көктем қандай тамаша,

Желбірейміз жараса.

Үлкендерден қалыспай,

Ән саламыз таласа.
Қырмызы:

Наурыз келді тамаша,

Ән айтамыз таласа.

Апам- атам той тойлап,

Қуанып жүр балаша.
Ақмарал:

Наурыз келді, алақай!

Кел, билейік, балақай.

Бізге қарап тұр,

Тойға шашу шашайық.
Ақару:

Кел, балалар, ойнайық,

Наурыз тойын тойлайық.

Баянды боп мереке,

Қыр гүліндей жайнайық.
Сіздерге бүгін балалармен бірге ауылымыздың күміс көмей, жезтаңдай әнші қызымыз Ләззат та ән шашуын алып келіп отыр.

Ән. «Наурыз тойы».

Орындайтын «Мейірім» ауылының әнші қызы Ләззат.
Үкілі камшат, бүрмелі көйлек,

Тұрғандай өзі қимылсыз билеп.

Иықтан шашы төгіліп жерге,

Күмісті шашбау жарасып белге.


Би. «Наурыз биі».

Орындайтын «Мейірім» ауылының «Сыр сұлуы» бишілер тобы.
Әдет-ғұрып, салт-дәстүрі қазақтың,

Жарасымды, үйлесімді ғажап шын,

Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

Насихаттап жаңартудан қашпайық.


Енді сергіту сәті ретінде сіздермен бірге салт-дәстүрлерді есімізге түсірейік.

«Ата-мұрам - асыл қазынам» дейді атам қазақ. Олай болса, алдарыңызға алып шыққалы отырған конверттерде салт-дәстүрге байланысты тапсырмалар бар (сұрақ-жауап кезеңі).


«Мейірім» ауылында өтіп жатқан наурыз меркемізге «Қазыналы қарттарым» әжелер тобы келіп отыр. Олай болса, әжелерді қарсы алайық.
Ауылдың алты ауызы.

Ән.Ауылымыздың қызы Гүлназдың орындауында «Аппақ гүлдер».
Әжелерде қонақ кәде сұрау. Ән «Дедім-ай-ау»
«Сырлы аяқтың сыры кетсе де сыны кетпейді» деген.
«Тұсау кесер» рәсімі.

Құрметті әжелер, осы жерде «Мейірім» ауылының кішкентай бүлдіршіні Нұртайдың тұсауын кестіргелі отырмыз. Қалай қарайсыздар? Біздің қазақ ырымшыл қазақпыз. Не нәрсені де жақсылыққа жоримыз. Тұсау кесер рәсімі орындалады. Сыйлықтарды беру рәсімі, бата беру.

Әженің батасы.
Наурыз мерекесіне ауылымыздың ақсақалы Айдар ағайдан бата сұраймыз.
Осымен бүгінгі мерекелі ән-шашуымызды аяқтаймыз. Келіп, көңіл бөліп қатысқандарыңыз үшін рахмет!

Енді «Мейірім» ауылының наурыз дастарханынан дәм татыңыздар.




«Нұрын төккен маған, шуағымсың сен!»

атты ертеңгіліктің жүргізілу барысы
Әсем безендірілген залда баяу музыка әуені ойналады.
Жүргізуші: Наурыз күні – Ана күні, әлем күні,

Әлемді тебірентер ана үні.

Анасыз жан туған жоқ жер бетінде,

Ұғып ал, бөбектерім, сендер мұны.

Ардақты анам, асыл анам, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды талай бөліп, үн қаттың.

Әлпештедің, аяладың, өсірдің,

Кең құшағың аясындай гүл бағың.


Қымбатты балалар, сүйікті аналар, қонақтар!
Бүгінгі 8 наурыз – Аналар мерекесіне арналған ертеңгілігімізге хош келдіңіздер!

Мерекелеріңіз құтты болсын!


Гүлдей нәзік балдәурен бал жандары,

Балалардың орындалсын арманы.

Жарқын болсын болашағы сәбидің,

Алтын болсын арайланған таңдары.


Мерекелік құттықтау сөз беріледі.

Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар, Сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар. Балаларымызды қошеметпен ортаға шақырайық.


Сіздердің алдарыңызда «Балапан»тобы, «Балдырған»тобы, «Балдәурен»тобы, «Балауса»тобы, «Жігер» тобының балалары.

(Қолдарына «ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!» деген жазу әріптерін ұстап, балалар ортаға тізбектеліп шығады).


Нұрсила:

Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге.

Шәй қайнатып береді,

Үйіміздің бәріне.
Сабыржан:

Ананың әрбір сөзі, ой-талабы,

Жүректің тереңінде сақталады.

Өсеміз елін сүйген ұландар боп,

Ардақты ана еңбегі ақталады.

Ақмарал:

Құрт пен майын жинаған,

Балаларға сыйлаған,

Бұл әжемнің өмірі,

Таусылмайтын жыр маған.
Ақ ару:

Шашымды өріп тараған,

Қабағыма қараған,

Үлкен-кіші демейді,

Сыйлайды оны бар адам.

Дана:

Анашымды сағынам,

Оған ешкім жетпейді.

Анасының жанынан

Бөбегі де кетпейді.
Досбол:

Өзім мені өсірген,

Айналайын, ақ әжем.

Тентек болсам кешірген,

Балдай тәтті бал әжем.

«Әлемнің жарығын сыйладың сен маған, даланың әр гүлін жинадың сен маған»,- деп өлең жолдарында айтылғандай, бүгінгі күн бізге махаббаты мен жақсылығын сыйлаған ардақты аналар, сіздерге арналады.


Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық,

Әнімен бастап берсін тойдың басын,

Сабыржан әншімізді қарсы алайық!



Ән. Сабыржанның орындауында «Анаға сәлем» әні.

Ән. Нұрсиланың орындауында «Менің анам алтын» әні.

Жүргізуші:
Ауылын жамандықтың алыс қылсын,

Жүйріктер енді біраз шабыс қылсын.

Өнерпаз бүлдіршіндер жұршылыққа,

Өздерін жақынырақ таныстырсын.


«Қара жорға» биі

«Балдырған» тобының бишілері.

«Сиқырлы қоржын» көрсетілімі. Біздің сиқыршымыз Ғаламат Сіздерге өз өнерін көрсетеді.
Атамның ән-күйі ғажайып,

Әжемнің әлдиі ғажайып,

Анамның мейірі ғажайып,

Әкемнің пейілі ғажайып,

Осындай жақсы әдет ғажайып,

Қалмасыншы ешқашанда азайып.


«Шөжелерім» биі. Орындайтындар «Балдәурен» тобының бишілері.

Жүргізуші:


  • Қане, балалар, денемізді еркін ұстап, алақанды ашып, тіземізге қоямыз. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Алдымызда биік заңғар тау. Біз осы таудың төбесінде серуендеп жүрміз. Жан-жағымызда табиғаттың әсем сұлулығы, орман-тоғай, егістік алқабы. Таудан сылдырап аққан бұлақ. Қасымызда мамаларымыз бен папаларымыз. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Енді қолымызды жүрегімізге қойып, тыңдайық, жүрегіміз не дейді?

-Дүниеде ең қымбат кім?

- Ол – ана. Ақару

- Дүниеде ең жұмсақ не?

- Ол – ананың алақаны. Сабыржан

- Дүниеде ең тәтті не?

- Ол – ананың ақ сүті. Ақмарал
Жанымызды жайнатқан,

Сіздерсіз ғой, аналар.

Зор денсаулық, мол бақыт,

Тілейміз біз, балалар, - дей отырып, құрметті аналар, Сіздерге арналған сыйлықтарымыз бар. Балаларымыздың қолдарымен арнайы жасалған сыйлықтарын табыстауға рұқсат етіңіздер.


«Анамызға сыйлық».

Балалардың қолымен дайындалған сыйлықтарын аналарға табыс ету.

Бүгін бізге қонаққа аудандық оқушылар үйінің өнерпаздары келді. Балалар, сіздерге арнап қуыршақ театрын ала келіпті. Ендеше, «Бауырсақ» ертегісін тамашалайық.
Ана деген өмірдегі ұлы есім,

Бақ тілесе анадай-ақ тілесін.

Ана деген ардақты ат, сен оны

Ана жайлы ән тыңдасаң білесің.


Ән. «Ананың жүрегі» Ләззат Нұралы.

Құрметті қонақтар, ата-аналар, балалар! Бүгінгі мерекеде өзінің жүрекжарды лебізін білдіруге келіп отырған кісілерге сөз беріледі.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Құрметті қонақтар, аналар, балалар! Осымен бүгінгі мерекелік ән-шашуымызды аяқтаймыз. Көңіл қойып, тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет!



«Бізді жетелеген болашаққа деген сенім»

ашық есік күні
Бағдарламасы:
9.00 Қонақтарды күтіп алу.

9.00-9.30 Балалар шығармашылығынан

көрме.

Көрмені таныстырушы Г.Айдарова



9.30-11.00 Орталықта жүргізілетін түзету,

дамыту сабақтарына қатысу.

11:00-11.10 «Орталық тынысы»

ОБОО директоры М.Е.Адамова

11.10-11.17 «Емдік оңалту жұмыстары»

Бала дәрігері Г.Суюндикова

11.20-11.40 Дөңгелек стол. Ата-аналармен пікір

алмасу.


Әлеуметтік педагог Н.Еспанова

«Тірек-қимыл аппаратында

кемістіктері бар балалардың

сөйлеу тілі бұзылыстарының

сипаты»

Логопед А.Фазылова



11.35-11.42 «Алтын сарай» тренинг

Дефектолог Г.Садық

11.45-12.00 Балалардың ән-шашуы.

«Бізді жетелеген болашаққа деген сенім»


  1. Әлеуметтік педагог Н.Еспанованың баяндамасы.

2. Ата-аналармен пікірлесу.

3. Қорытындылау.

Барлық адам баласы өмірге келіп, дүниені тани бастағанда бақытты. өз-өзіне сенімді болуды аңсайды, соған қиял жүгіртеді. Жұмыста,қызметте,оқуда табысқа жетуді мақсат тұтады. Бала болсын,ата-ана болсын алдында не күтіп тұрғанын болжай алмайды. Сондықтан жақсылыққа да, жамандыққа да шүкіршілік етіп әр нәрсеге дайын болуымыз керек. Тағдырымызға мойынсынбай күресуіміз керек,оның алдын алу қажет.

К.Маркс «Өмір дегеніміз - күрес»

М.Мақатаев «Өмір - өзен»

Ж.Жолдыбаев «Өмір - орман»

Жалпы үшеуі де дұрыс сияқты,өйткені Өмір адамның соңғы деміне дейін тәрбие.

Қ .Р. Президенті Н. Назарбаевтың 2002 жыл 11 шілде «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңы шықты. Осы Заң кемтар балаларды қолдаудың нысандары мен әдістерін айқындап, дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасауға, оларды тәрбиелеуге, оқытуға бйланысты келелі мәселелерді шешуге бағытталған. Соның айғағы ретінде біздің ауданымыздан ашылған №3 Облыстық балалар оңалту орталығы.

Дамуында кез-келген ауытқуы бар балалар үшін ең маңыздысы бұл аз мөлшерде өзіне қызымет көрсету дағдыларын, қоршаған дүниені бағдарлауға үйрену және қаншалықты мүмкін болса соншалықты дербес өмір сүруге бейімделу. Сондықтан да сіздер мен біздің міндетіміз қоғамдағы осындай балалардың қарапайым өмірін қамтамасыз ету, оқыту мен тәрбиелеудің тиімді жолдарын қарастыру. Оңалту жұмыстары тек арнайы ауруханаларда немесе сауықтыру орталықтарында ғана жүруі мүмкін деп ойлайтын ата-ана қателеседі. Негізгі оңалту жұмысы отбасында күнделікті және жүйелі түрде, ұзақ уақыт, барлық жанұя мүшелерінің, жақындарының қолдауымен жүргізілуі керек. Сонда ғана сіз бен біз екі жақты жүргізген жұмыстың арқасында белгілі бір нәтижеге қол жеткіземіз. Біздің орталығымыздағы балаларымыздың көбі балалар церебрельді параличі (балалар сал ауруы) ДЦП қайта қалпына келтіру ұзақ уақытта кешенді емді, баланың ата-анасының шыдамдылығын қажет етеді. Емдеу жұмыстары неғұрлым ерте басталса, соғұрлым оң нәтижесі болады. Ем – дәрі-дәрмекпен, массаждың түрлі әдістері, емдік дене шынықтыру жұмыстары, ортопедтік көмек, физиотерапиялық ем-домның жүргізілуі түрінде жасалынады. Осының ішінде бізде қазір ЛФК, емдік уқалау, физиотерапия түрлері жүргізіліп жатыр. Баланы оңалтуға көмектесетін әдістің, тәрбиенің бірі ойын арқылы жүзеге асады. Мысалы: психологиялық дене бітімдік бұзылуы бар балаларда истерикалық, айқайлап ауруы ұстауы, мінез-құлқындағы ызаланып және агрессия болады, олар мұны тілегіне жету үшін жиі қайталанады. Сондықтан жанұяда баланы мадақтап, мейірімділікпен қарап, ашу-ызасын қойдыратын ерекше бір жылы қарым-қатынасқа түсіп, сәбидің өзіне-өзі сенімділігін тудырып, жақсы мінез-құлқын мадақтау керек. Қорыта келе, сіздің ерекше қажеттілігі бар сәбиіңізге нәтижелі оңалту тілейміз. Өмірде оптимистік көзқараспен төзімділік пен шыдамдылық болсын. Тірек қимыл аппаратының бұзулулары мен байланысты мүгедектеріне қарамастан, осындай диогназы бар көптеген адамдардың арасында дарынды ғалымдар, суретшілер, спортшылар бар екенін білеміз. Олай болса, «Болашаққа жетелеген сенімдеріңіз » сәтті болсын
Тірек-қимыл аппаратында кемістіктері бар балалардың сөйлеу тілі бұзылыстарының сипаты
І. Тірек-қимыл аппаратында кемістіктері бар балалардың сөйлеу тілі бұзылыстарының сипаты.

ІІ. Дизартриядағы түзету жұмыстарының бағыттары.

ІІІ. Балалардың сөйлеу тіл бұзылыстарының алдын-алу мәселелері.

ІҮ. Баламен түзету жұмысына отбасының алатын орны.

Балалар сал ауруы (параличі) іштегі нәрестенің жатырда даму кезеңінде, туылғанда, балаланың алғашқы жасындағы даму деңгейінде бас миына патологиялық әсер ететін түрлі зиянды факторлар әсерінен пайда болады. Зақымдану ең алдымен бас миының қозғалыс ядроларына тиіп, бас миының даму бұзылысы-даму кешігуіне әкеп соғады.

Церебральді параличі бар балалардың сөйлеу тілінің фонетикалық жағының бұзылыстары дизартрияның бұзылыстары ретінде квалификацияланады.

Ең таралған түрі- бульбарлы дизартрия. Мұнда бұлшық еттер тонусының бұзылыстары байқалады.

Дизартриядағы түзету жұмыстарының бағыттары.

1. Логопедиялық жұмысқа дизартриясы бар балалардың жалпы және қолының ұсақ моторикасын дамыту:


  • сөйлеу моторикасын жетілдіру,

  • сілекей ағуын жою,

  • артикуляциялық аппарат мүшелерінің массажы,

  • арнайы артикуляциялық гимнастиканы жүргізу.

2. Сөйлеу тіл бұзылыстарын дамыту:

- дыбыс айту бойынша,

- сөйлеу тілінің лексика-грамматика жағын жетілдіру жұмыстары.

3. Фонематикалық талдауды қалыптастыру:

- тыныс алу,

- дауысты дамыту жұмыстарын енгізу керек.

Жұмыс мерзімі ұзақ.

Қимыл - бұзылыстары бар балаларға ерте көмек беру, анықтау міндеттері мен мазмұны.

Дамуында ауытқуы бар балалардың және оның отбасының тағдыры көбіне неғұрлым ерте және квалификацияланған диагностикаға, ақаудың себептерін уақтылы айқындауға, қажетті алдын-алу шараларын жүргізуге байланысты.

Дамуында ауытқуы бар балаларды ерте айқындау үшін бір жасқа дейін балаларды уақтылы, жан-жақты тексеру және түзету жұмыстарын ерте бастау керек.

Баламен жүргізілетін түзету жұмысына отбасы белсене қатысу керек.

Сөлеу тілі кемістігін жоюдағы ең басты рольді жанұя атқарады. Монда ғана белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге болады.



Практикалық жұмыс

« Релаксация »
Күні: 18.05.2011жыл

Тақырыбы: «Алтын сарай» релаксация жұмысы

Аталған жұмыс педагогикалық ұжыммен жұмыс істейтін психологтың қызметіне арналған.



Мақсаты: Әркімге өз орнын тауып, топ мүшелеріне өзін біртұтас жүйенің ішінде дара екенін сезіндіру мүмкіндігі бар. Өмірде болып жатқан күйбең тіршіліктен бір мезгіл тынығу, шешімін таппай жүрген мәселелерді уақытша ұмыту, түйсіну процесін дамыту мақсатында қолданылады.

Осы жұмыс педагогикалық әдістемелік семинарда оқылуы мүмкін және психодрама сияқты түзету мақсатында сахналануы мүмкін. Осылайша педагогтар мен психологтың өзара қарым-қатынасы қалыптастырады.



Көрнекілігі: магнитофон

Барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологтың кіріспе сөзі.

Менің сіздердің назарларыңызға ұсынғалы отырған практикалық жұмысын «Алтын сарай» релаксация жұмысы. Аталған жұмыс педагогикалық ұжыммен жұмыс істейтін психологтың қызметіне арналған.

Мақсаты: Мұнда, әркімге өз орнын тауып, топ мүшелеріне өзін біртұтас жүйенің ішінде дара екенін сезіндіру мүмкіндігі бар. Өмірде болып жатқан күйбең тіршіліктен бір мезгіл тынығу, шешімін таппай жүрген мәселелерді уақытша ұмыту, түйсіну процесін дамыту мақсатында қолданылады.

Бұл жұмыс педагогикалық әдістемелік семинарда оқылуы мүмкін және психодрама сияқты түзету мақсатында сахналануы мүмкін. Осылайша педагогтар мен психологтың өзара қарым-қатынасы қалыптастырады.


ІІ.Психологиялық дайындық. Енді сіздерден сұрайтыным, ыңғайланып отырып, өздеріңізге кедергі келтірмейтіндей етіп заттарыңызды жинақтап, менің нұсқам бойынша ойша жүріп отыру.

Негізгі бөлім.

Дайын болсақ, бастайық. Музыка.

Көзімізді жұмып, терең дем алып, еркін тыныстайық. Сіз көктемгі табиғат аясында серуендеп жүріп келесіз. Мамыражай мамыр айы. Ағаштар жапырақтарын жайқалтып, гүлдеп, жасыл желекке айналған. Әрбір ағаштың жанынан өткен сайын жасыл жапырақтың иісін сезініңіз.

Сіз қызғалдақтардың арасында келе жатырсыз. Қызғалдақ гүлі қызыл-сары түспен әсем кілемдей құлпырады. Алдыңызда биік заңғар тау көрінеді. Таудан салқын самал жел еседі. Құлағыңызға бұлақтан сылдырап аққан судың дауысы келеді. //

Самал желдің бетіңізден өпкен лебін, райхан гүлінің иісін, судың аққан дыбысын, құстардың сайраған әнін естіңіз. Осының барлығына жаныңызды ашыңыз: салқынға, тыныштыққа, дыбысқа... Бүкіл айнала сіздің денеңізді бастан аяқ толтырсын. «Иә» деген сөз барлық әсерге енсін, осы сөзбен сіздің жаман көңіл-күйіңіз кетсін. Иә, бұл мен (атыңызды атаңыз). Иә, менің тамаша бүгінім мен ертеңім. Өз өткеніңізге, бүгініңізге, ертеңіңізге күлімдеңіз. //

Бұл жағымды сезім өте нәзік, жұқа, жаңа ғана ашылған раушан гүл секілді, ол сіздің жүрегіңізде ашылады, сөйтіп бүкіл денеңізге хош иісі таралады. Өзіңізге айтыңыз: «Мен салмақтымын, төзімдімін, қиындықты жеңіп келемін, келешекте мені жақсы күндер күтіп тұрғанына сенімдімін».

Осындай жағымды көңіл-күймен келе жатқанда алдыңыздан алтын күмбезді зәулім сарай көрінеді. Сізден кол созым жерде тұрған алтын сарайға қарай беттейсіз. Жақындаған сәтте алдыңыздан сарайдың қақпасы ашылады. Табиғаттың әсем әуенімен үйлескен бұлбұл құстардың сайраған әнімен сарайдың есігін ашасыз.

Сіз аттап ендіңіз. Сарайдың іші ерекше безендірілген бөлмелерге толы. Сіз алғашқы бөлмеге кірдіңіз. Бөлмеде уылжып піскен жемістер дастарханда жайнап тұр. Өзіңіз ұнататын жемісті таңдап алып, дәм татыңыз.

Сіз «жеміс бөлмесінен» шығып, жоғарғы бөлмеге аяқ бастыңыз. Бұл бөлмеде, сіз, аяулы анаңызды, асқар тау әкеңізді, бірге туған бауырларыңызды, ағайын туыстарыңызды көріп, ерекше күйге бөленіп, сағынышыңызды басып, қауышасыз. //

Келесі бөлмеде сізді дастархан басында бала күннен бірге өскен дос – жарандарыңыз құшақ жайып қарсы алады.

Жоғары қарай көтеріліп, соңғы бөлменің есігін аштыңыз. Әсем өрнектелген сандықтардың есіктері айқара ашылып, ішінен алтын теңгелер, бағалы гауһар тастар төгіліп жатыр. Сандықтарға жақындап, көңіліңізге ұнаған інжу-маржаннан, алтын теңгелерден қоржынды толтырып алып, бөлмеден шықтыңыз.

Жоғарыдан төменге қарай аяқ басып келесіз… ойыңызда дәл осы шақта бір ғана сұрақ: Осы байлықты кіммен бөліссем екен? Ата-анаммен бе? Туған бауырларымен бе? Қиын сәтте қолын созған достарыммен бе? Кіммен бөлісемін? Кімге жақсылық жасаймын?

Терең дем алып, көзімізді ашайық.

Қорытынды бөлім. Құрметті ата-аналар, сіздер «алтын сарайға» саяхат жасап, оралдыңыздар. Ендігі кезекте «Алтын сарайдан» алған әсерлеріңізбен бөлісейік. Көкейде тұрған сұрақтар, алған әсерлеріңіз жайлы еш қысылмай, ортаға салайық. ...............................................................................

Бүгінгі шара өз мәресіне жетіп, сіздер жақсы әсер алдыңыздар деп ойлаймын. Өмірлеріңіз «Алтын сарайдың» бөлмелеріндей жақсылыққа, бақытқа, қуанышқа, байлыққа толы болсын. Бір тамшы мейірім біздің балалар үшін бір қоржын алтынмен тең. Бір тамшы мейірім оларды бақытты етеді. Олай болса, балаларымыздың өмірлері жақсы болуы үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасап, қамқорлығымызды аямайық. Рахмет!











©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет