Ұлтын сүймес ұлан бар ма? 5-6 сынып оқушылары үшін қазақтың салт-дәстүрлері бойынша дайындалған мерекелік бағдарлама Мақсаты



жүктеу 86.3 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі86.3 Kb.
: doc
doc -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
doc -> Аэробус а-320 Самолет а-320 — флагман семейства среднемагистральных узкофюзеляжных самолетов европейского концерна Airbus. Самолет полностью сертифицирован для полетов в России и за рубежом. Технические характеристики
doc -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
Ұлтын сүймес ұлан бар ма?

5-6 сынып оқушылары үшін

қазақтың салт-дәстүрлері

бойынша дайындалған мерекелік бағдарлама


Мақсаты: ұлттық қазынамыз салт-дәстүрлерімізбен таныстырып, рухани байлықты қадірлеп- қастерлеу керектігін түсіндіру, бүлдіршіндердің отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру.

Көрнекілігі: «Салт-дәстүрің салтанатың!» тақырыптық сөресін ұйымдастырылады. Мерекелік салтанатқа байланысты, магнитофон таспасында күй ойналып, сахна төріне, көрнекті жерге әдет – ғұрыпқа байланысты нақыл сөздерді де жазып қоюға болады.
Кітапханашының сөзі: Балалар, әр ұлттың өзіндік ерекшелігі, салт- дәстүрі, діні, тілі болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз де ананың ақ сүтімен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Үлкен кісілерді тыңдап, олардың сөздерін еске сақтап, құрметтеуіміз керек.

Бүгінгі кездесуіміз қазақ халқының салт- дәстүрі жайлы болатынын естеріңе салып өтемін.



Кітапханашының сөзі:балалар сендер «салт-дәстүр» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Салт – дәстүр - әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс – тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы. Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық - өнеге тәжірибесін құраған.

Мыс., той, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу , ерулік бұлардың бәрі ата салты болып саналады. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени – тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы мәдениеттің байлығы.

Қазақ халқы салт - дәстүрге бай халық. Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салт-дәстүр көрінісі. Мысалы: ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың т.б. салт-дәстүрге жатады.

2-жүргізуші: ДӘСТҮР – белгілі бір ұлттың немесе халықтың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын, тарихи қалыптасқан, олардың әлеметтік ортасында ұзақ уақыт бойы сақталып отырған әлеуметтік –мәдени құндылықтар жиынтығы.

ДӘСТҮР кең мағыналы ұғым. Мысалы қазақтың өю-өрнек, сәулет, ән –күй өнерінде де тамаша дәстүр сабақтастығы сақталған. Бұл жөнінде де өткен заман ғұламалары тебірене айтқан Мыс., Шоқан Уәлиханов «Түркі тектес халықатрдың ішінде поэзиялық қабілеті жағынан қазақ бірінші орын алады» десе, Г. Н. Потанин: қазақта ақындық творчество аса дамыған, ақын деген сахараға сыймайды» дейді. Жастарды ұлттық рұхта тәрбиелеуде дәстүрдің орны ерекше.

Ұлтымыздың тамаша дәстүрлеріне үлкенді сыйлау, қонақжайлылық, қайырымдылық, бауырмалдық, балажандылық, төзімділік, арлылық т. б. жатады.


1- жүргізуші: Балалар сендерді алда жазғы демалыс күтіп тұр емес пе? Шамалы уақыттан соң, сендердің бірің ауылға, енді бірің демалыс орындарына асығасыңдар. Ауылдағы ата-әжелеріңнен көптеген аңыз -әңгімелер естіп, жаңа күш жинап қайтатындарың белгілі. Ауылда салт-дәстүр, ырым деген ұлттық үрдістер өз алдына үлкен мектеп болып қалыптасқан. Оның оқытушылары ата- әжелер, үлкендер екенін естен шығармаңдар.



  1. оқушы

Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең

Жұрт айтады надан деп.

Ата-бабаң ардақты,

Жамандыққа бармапты.

Ардай тұтып үлкенді

Ата жолын жалғапты.


2-оқушы

Бауырласқан тәніміз

Бұзылмаған антымыз.

Кең даланың ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз,

Өзге ұлттай біздің де



Бар дәстүр мен салтымыз.
1-жүргізушінің сөзі: Қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін басқа жұрт өкілдері де әділ бағалаған. Мысалы қыр халқын алғаш зерттеушілердің бірі А. И. Левшин (1799-1879) қазақ дәстүрі жайында былай деп жазды: «Қазақтардың басқа Азия халықтарына қарағанда қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға құрмет көрсету, баланы аялап, жанындай жақсы көруі – айырықша қасиеті».
Кітапханашы: Салт-дәстүрлеріміз : отау көтеру, тәрбие, отбасы, тұрмыс, еңбек, наурыз, дәстүрлері, ислам тағылымдары, қаза ғұрыптары болып бөлінеді. Тәрбие дәстүрлеріне тоқталып, өздеріңе сол туралы қысқаша мәлімдеп берейін.

«Базарлық» (дәстүр). Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші – көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады.

«Байғазы» (дәстүр). Байғазы балаалрдың, жастардың жаңа киімі үшін (мысалы: қамшы, шана, ертоқым) берілетін ақшалай, заттай сый. Байғазы сұраудың еш артықтығы жоқ. Жеңгелері, шешелері «байғазыға байдың қызы» деп те айтады. Байғазы балалардың көңіл- күйін көтеретін дәстүр.
«Бәсіре» (дәстүр). Бала туған кезде немесе есі кіріп, оң-солын таныған соң, «сүндет тойына» немесе мектепке барғанда атасы немесе әке-шешесі оған тай атайды. Оны «бәсіре» тай дейді. Бала оны ерекше күтімге алады, бағады, үйретеді. Сол арқылы мал бағуға, еңбекке үйренеді. «Бәсіре» атау баланың көңілін өсіреді, өмірге бейімделеді. Өз қатарына «бәсіре тайым бар» деп мақтанып, өсіп жүреді. Мұның бәрі баланың қөңілін өсіріп, ынталандырып тәрбиелеудің бір жолы.
«Тілашар» (дәстүр). Тілашар тойына арнап шашу шашады. Әр отбасы баласы 7 жасқа толған соң, оны медресеге, мектепке оқуға береді. Бұл да бала өміріндегі елеулі оқиға, есте қаларлық елеулі кезең болып табылады. Осы күні балаға жаңа киім кигізіп, оқу –жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны дәстүрлі «тілашар» тойы деп атйды. Үлкен – кішілер балаға өсті, азамат болды «ғалым бол», «ақын бол» деген сияқты тілек білдіріп бата береді. Жаңа киіміне байғазы, тағамдар ұсынады. Бұл тәрбиеден бала өскендігінің белгісін сезінеді, оқуға құмарлығы артады. Жақын –жуық адамдар баланың ата-анасына құтты болсын айтып, балаға сәт – сапар тілейді.
«Ашамайға мінгізу» (салт). Баланың сана - сезімін жетілдіру үшін жасалатын тәрбиелік салттың бірі- осф ашамайға мінгізу салтанаты болып табылады. Жас бал есі кіріп 6-7 жасқа келген соң оған жеке тай атап, ашамай істетіп қамшы өріп «сен азамат болдың» деген сенім ұялатып, үйретілген жуас атйға әсем ашамай ерттеп мінгізіп, жүргізеді. Бұл баланың көңілін өсіреді, басқа балалар алдында мерейі көтеріліп, мақтаныш сезімде болады, тез есейеді.

2-жүргізуші: Оны еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеудің ұлттық әдістемелік жолының бірі - осы ашамайға мінгізу арқылы көрінеді. Осы қуанышты сәтте баланың атасы:

Ал ақ тілек, ақ тілек,

Атқа тоқым сал білек,

Атқа жақсы шаба біл,

Жасыңнан малды баға біл,

Өнеге, өнер таба біл,

Аймағыңа жаға біл,

Атқа міндің, ақ жол болсын- деп бата беретін болған.

Мерекеге қатысушы балалар «Әдептілік әліппесі» әнін орындайды.

Кітапханашының сөзі: Қазақта «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген мәтел бар. Өмір тәжірибесі мол халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген және оны үйреткен, жаттатқан. Мұның әлеуметтік зор мәні болған. Қазір де солай. Оның себебі, біріншіден, әр адам жеті аатға дейін жақын туыс саналады. Екіншіден, қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған. Бұрынғы адамдар бір-бірімен танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы осыдан шыққан. Сондықтан әр қазақ баласы өз ата-тегін білу тектілік әрі ұлттық тәртіп пен жөн білудің бір саласы болып саналған.

Жеті ата (дәстүр). Жеті ата әкеден төмен емес, жоғары таратылады. Оның дәлелі: «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген қазақ даналығына тоқталсақ, әр адам өзінен кейінгі баласының, немересінің, әрі кетсе шөбересінің, атын білер. Одан әрі білу үшін адам 100 жылдан астам өмір сүруі керек емес пе? Ал, ғасырдан аса беретін адам бар ма?

Олай болса жеті аталарыңды білемісің соны байқайын:




  1. Бала.

  2. Әке.

  3. Ата.

  4. Арғы ат.

  5. Баба.

  6. Түп ата.

  7. Тек ата. (Ата –тек деген сөз осыдан шыққан сөз). «Жеті қазына» 34 бет. 2001ж.

1-жүргіуші:Бала тәлімі мен тәрбиесіне қатысты ырымдар мен кәделер де бар.

Олар мынадай: кіндік кесер, ат қою, бесікке салу, тыштырма, қырқынан шығару, тұсау кесу, тіл ашар, аузына түкіру, шідерге сигізу. т. б.

Енді сендерге түсінікті болу үшін осы аталғандардың біразына тоқталып, өздеріңмен бірге соны талқылап көрелік.

Кітапханашы: Ендігі сәтте құрметті ата –аналар сіздермен,

Салт-дәстүріңді білесің бе? атты ойынымызды бастаймыз. Мен сіздерге салт –дәстүр атауларын /түрлерін/ атаймын, сіздер соны шамаларыңыз жеткенінше түсіндіруге тиіссіздер. Ол үшін сіздер екіжұпқа бөлініп, жарысуға дайындалыңыздар.

Ойын шарты бойынша, әр топтың дұрыс жауабына 1 ұпай /1 жетон/ берілетінін ескертеміз.



Кітапханашы карточкадағы мына і сөздерді дауыстап оқыған кезде, балалар шамалары келгенше осы аталған салт-дәстүрлер жайлы өз ойларын айтуға тиіс. «Шілдехана» , «Ат қою» , «Бесікке салу», «Тыштырма» , «Қырқынан шығару» , «Тұсау кесер».
3-оқушы:

«Әлди-әлди ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем

Айыр қалпақ киісіп,

Ақырып жауға тиісіп,

Батыр болар ме екенсің?

Бармақтарың майысып,

Түрлі ою ойысып,

Шебер болар ма екенсің?

Таңдайларың тақылдап,

Сөзіңді жұрт мақұлдап

Шешен болар ма екенсің?



4-оқушы:

Қаз – қаз балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Тағы, тағы баса ғой,

Тақымыңды жаз балам.

Қаз баса ғой, қарағым,

Құтты болсын қадамың!
Сынып оқушыларының орындауында «Салт –дәстүр» әні орындалады.

2-жүргізушінің сөзі: «Қызға қырық үйден тыю, ұлға отыз үйден тыю» (мақал). Халқымыздың тәрбиелік құралдарының күнделікті қолданатын үлгі-өнеге түрлерінің бірі – тыйым, яғни тыйым сөздер.

Кітапханашының сөзі: «Тыйым» (дәстүр, тәрбие). Бұл – балалар мен жастарға «жирен жаман әдеттен» дегендей жаман істерден сақтандырып, жақсылыққа еліктеу, бейімдеу мақсатынан шыққан таза халықтық педагогикалық ұғым. Міне , осы арқылы ата –бабаларымыз, жастарымызды теріс мінез, орынсыз қимылдардан сақтандырып отырған. Халық ұғымында тізені құшақтау –жалғыз қалудың, үлкеннің жолын кесу- әдепсіздіктің, қолды төбеге қою – ел-жұрттан безінудің, асты төгу- ысыраптың белгісі деп танылған, және ондай ерсі істерге қатаң тыйым салған. Ел ішінде тыйым түрлеріне байланысты сөздер көптеп саналады.

1-жүргізуші: Қазақи ырымдарды білесің бе?

Кітапханашының сөзі: Ырым – халықтың жақсы ниетінен туған ғұрып. Ырым жолдары мен түрлері өте көп. Мысалы, шешен болсын деп аузына түкіру, отаншыл болсын деп туған жерге аунату, сондай болсын деп батырдың сарқытын жегізу немесе оның атын қою сияқты ырымдар бар. Мысалы, әкесі Шыңғыс ырымдап Шоқанға Сегіз Серінің (Мұхаммед -Қанапия) атын қойғызған. Абай, Абылай, Олжас, Сәкен есімдерін қазір де ата-аналар өз балаларына ырымдап, қойып жүр.

Жалпы айтқанда, ырым –халықтың сенімі мен ақ ниетінен, шын көңілінен туған ұлттық ерекшелік көрінісі.



2-жүргізуші: Мұны есіңде сақта!!!

балалардың назарына әдемі, үлкен плакатқа жазылған мынадай сөздерді ұсынады.



1-бала: Нанның қоқымын жесең – бай боласың.

2-бала: Бөбек алақанын шапалақтаса –қонақ келеді.

3-бала: Дастарқаны жалаң қолмен сүртпе – дастарханың жұтайды.

4-бала: Кірдің суын баспа – ауруға шалдығасың.

5-бала: Дастархан басында керілмейді – тосыннан болатын ауыр жағдайдың белгісі.

6-бала: Аяқ киіміңді төрге шығарма – дұшпаның басқа шығады.

7-бала: Аяқ киіміңе қарап, басыңды салбыратып жүрме - өрісі кеңімейтін, ісі жүрмейтін жасық, ынжық адамдар ғана сөйтіп жүреді.

8-бала: Аяғыңды айқастырып отырма – тәкаппарлық пен кесірліктің белгісі.
Шашыңды жайма.

Түнде үй сыпырма, түнде тырнағыңды алма.

Тұзды, күлді шашпа.

Нанды жерге тастама, үстіне басқа зат қойма.

Бейуақытта жылама, ұйықтама.

Үйге жүгіріп күлме.

Адамға қарап түкірме, есінеме.

Жалғыз ағашты кеспе.

Бүйіріңді таянба, жер тепкілеме.

Бөркіңді (бас киімді) теріс киме.

Үлкендердің жолын кеспе.

Бос бесікті тербетпе.

Өтірік жылама.

Адамды айналма.

Ақты төкпе.

Осылайша, балалар біртіндеп тыйым сөздерді айтып шығады.

Мереке соңында «Салт-дәстүріңді білесің бе?, «Тыйым сөздерді есіңде сақта!» ойындарының қортындысы шығарылып, ата-аналар мен балалар, әдет ғұрыпқа байланысты мақал-мәтелдер айтып жарысады.
Мақал-мәтелдер:

Оқып ойыңды түзет, Өтірік сөз ұят,

Үйреніп сөзіңді түзет. Шын сөз мият.
Балаға міндет, Жан қиналмай жұмыс бітпес,

Анаға құрмет. Талап қылмай мұратқа жетпес.


Көпшіл болсаң - өсесің,

Кекшіл болсаң өшесің. Сыйға сый- сыраға бал.


Әдебиеттер тізімі:


  1. «Қазақстан» Ұлттық энциклопедия Т. 3 /Бас ред. Ә. Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2001.- [ қараңыз: Дәстүр]

  2. «Қазақстан» Ұлттық энциклопедия Т. 7 /Бас ред. Ә. Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2001.- [ қараңыз: Салт-дәстүр]

  3. Кенжеахметұлы, С. Қазақ халқыынң салт-дәстүрлері /С. Кенжеахметұлы .- Алматы: «Алматыкітап» ЖШС, 2005 .- 284.- суретті

  4. Тиым сөздер / Бала би.- №9.- 2005

  5. Қазақи тиым сөздер / Мөлдір бұлақ .-№ 1-12.-2003

Құрастырған: Жанашева К.А.

№2 балалар кітапханасы



- филиалының меңгерушісі



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет