Ұлттық АҚпараттандыру орталығы жалпы орта білім берудің қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша электрондық оқулықтарды құрастырудың стандарты



Дата28.04.2016
өлшемі258.67 Kb.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТАНДЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Жалпы орта білім берудің қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша электрондық оқулықтарды құрастырудың стандарты

(қазақ тіліндегі)


Алматы, 2010

Баспаға Ұлттық ақпараттандыру орталығының

Ғылыми кеңесі ұсынған

Пікір айтушылар:

Мусин Қ.С., педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Мұхамбетжанова С.Т., педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Жалпы орта білім берудің қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша электрондық оқулықтарды құрастырудың стандарты

(қазақ тіліндегі). – ҰАО, Алматы. – 16 б.

Құралда қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың оқу процесіндегі жетістіктердің заңдылықтары мен қағидалары және мектептің оқу пәні ретіндегі тілді, әдебиетті, тарихты оқытудың өзіне тән ерекшеліктері ескеріліп, жалпы орта білім берудің қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша электрондық оқулықтарды құрастыруға қойылатын стандарттау талаптарының сыры ашылады.


Кіріспе
Қоғамның динамикалық дамуы, қоғамдық өндірістің дамуының индустриялықтан ақпараттық (постиндустриялық) кезеңге өтуі жалпы орта білім берудің қазақстандық жүйесін қайта құру мен жаңарту үшін маңызды алғы шарт болып саналады. Атап айтқанда, білім беру жаңа өміршең формаға бейімделуді, әлеументтік тәжірибенің қайта өндіріс процесін қолдауды, қоғамдық сана мен практикада жаңа саяси шындықты, дамудың жаңа бағдарын бекітуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мектеп өз оқушыларында жинақылық, динамикалық, құрастырушылық сияқты сапаларды дамыта отырып, оларды өзгерістерге бейімделуге дайындайды. Мектептегі қоғамдық-гуманитарлық бағыттың негізгі міндеті креативтілікті, командада жұмыс істеу білігін, жобалық ойлау мен талдаушылық қабілетті, әлеуметтік біліктілікті, командада, топта бірлесіп жұмыс істеу үшін, өзінің ой-өрісін кеңейту үшін тілдік білімдер мен сөйлеу машықтарын пайдалану біліктерін қалыптастыру болып саналады.

Білім беру жұйесінде бүгінгі таңда келешекке бағдарланған болатын және мектеп бітірушілердің тек біздің елдегі ғана емес, шет елдегі өз құрдастарымен де бәсекелесуге тура келетінін ескеретін стандарттар қажет. Стандарттардың негізгі мақсаты – бұл өнім сапасын бағалаудың қазіргі жүйелерін жетілдіру мен жаңаларын дайындау үшін біртұтас әдіснамалық негізді құру.

Біздің көзқарас бойынша, жалпы орта білім беру үшін электрондық оқулықтарды әзірлеу стандартының негізіне қойылатын педагогикалық және техникалық талаптардың үйлесімдігін ескеретін қағидалар, тиімді ақпараттық білімдік орта дайындау мақсатымен, басып озатын және кешенді стандарттау әдістері болуы тиіс. Стандарттаудың басып озатын қағидасы, болжам бойынша, келешек уақытта оңтайлы болатын стандарттау объектісіне көтеріңкі (практикада қол жеткізген деңгейге қатысы бойынша) нормалар мен талаптар тағайындауға саяды. Кешенді стандарттау қағидасына стандарттау объектісіне қойылатын талаптар жүйесінің үйлесімі жатады. Бірегей білімдік өнім ретінде бағдарламалық өнімді дайындаудың барлық тарабын енгізе отырып, кешенді стандарттау білімдік процесс субъектілерінің мұқтаждықтарын аса толық және оңтайлы қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Стандарт өзі психологиялық-педагогикалық ғылымдар мен ақпараттық-қатынастық технологиялардың соңғы жетістіктерін ескеріп, бағдарламалық өнімдердің қажетті сапасы мен тиімділігін қамтамасыз ететін психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, техникалық және дизайн-эргономикалық талаптарды жиынтығы болып табылуы тиіс.

Пәндік ақпараттық білімдік ортаны әзірлеу көзқарасы тұрғысынан электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар мұғалімге оларды педагогикалық іс-әрекеттің әр түрлі кезеңінде жаңа материалды жаппай түсіндіру, тұлғалық танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, оқу материалын бекіту мен қайталау мүмкіндігін, оқушыға ЭО-ты мұғалімнің басшалығымен сабақта да, үйде де, өзіндік жұмыс кезінде де пайдалану мүмкіндігін, ата-аналарға баланы оқыту мақсатын, оның оқу траекториясын көру және оқу жетістіктерін қадағалау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

Стандарт құлшыныстық-мақсатты, мағыналы, операциялық іс-әрекеттік және бағалау-нәтижелік құрамдас бөлікке жалпы педагогикалық талаптарды енгізуі тиіс.

Стандарт оқушыларды тарихи ғылымдардың негізгі мәліметтерімен қаруландыруды, оқу процесін оқушылар тілдік, көркемдік және тарихы мазмұн арқылы ең оңтайлы және тиімді білім мен тәрбие алуды және дамуды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін құлшыныстық мақсаттық, мағыналы, операциялық іс әрекеттік және бағалау-нәтижелік құрамдас бөліктерге қойылатын жалпы педагогикалық талаптарды енгізуі тиіс.

Білімді қалыптастыру болмыстың аяқталған бейнесін беретін бір реттік акт болып саналмайды. Білімнің шыңдалуы – бұл нығайту, тереңдету және т.б. өз кезеңдері бар процесс және егерде электрондық оқулықтың ақпараттық білімдік ортамен қамтамасыз етілген құрылымы, мазмұны және әдістемесі танымның осы объективтік заңына сәйкес болған жағдай кезінде ғана оқыту ғылыми негізделген және нәтижелі болады.

Бұл демек, электрондық оқулықтарды құрастыру сананың әртүрлі көрістерінің даму, жұмыс істеу объективтік заңдарына сәйкес болатын болса, мысалы, оқу материалын еске сақтау және ұмыту, онда оларды пайдалану тиімді түрде жүзеге асады. Электрондық оқулықтар негізінде оқыту процесіндегі білімдерді қалыптастыруда барлық оқушылар үшін білмеуден білуге, толық емес, үстірт, үзінді білімнен аса толық, терең түсінген, жүйеленген және әрекетті білімге жетудің бірқатар ортақ негізгі кезеңдерін бөліп алуға болады.

Осыдан шығатын түйін, қолданбалы бағдарламалық өнімдерді дайындау стандартының мағыналық ядросы білімдерді игеру: қабылдау, ұғыну, түсіну, қорыту, бекіту және практикада қолдану процесінің психологиялық және педагогикалық сипаттамасын дайындайды. Электрондық оқулықтарды құрастыру кезінде осы кезеңдерді жүзеге асыру, еске сақтаудың беріктілігін ғана емес және де жад қызметінің табысты дамуын қамтамасыз етеді. Қолданбалы бағдарламалық өнімдерді дайындау кезінде авторлар-дайындаушылар оларды дайындаудың психологиялық және педагогикалық ережелерін неғұрлым жіті бақылайтын болса, мектеп солғұрлым жақсы және тым қаныққан ақпараттық білімдік орта алатын болады.


Жалпы орта білім берудің қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша электрондық оқулықтарды құрастырудың стандарты

1. Қолдану саласы

Осы стандарт жалпы орта білім берудің қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша электрондық оқулықтарды құрастыруға қойылатын педагогикалық, психологиялық, дидактикалық, әдістемелік, техникалық және дизайн-эргономикалық талаптардың жиынтығын, сондай-ақ олардың басылымдық мәліметтері мен құжаттамаларына қойылатын талаптарды ұсынады.

Стандарт электрондық басылымдарды өндіру үшін арналған және білімдік мекемелер үшін дайындалынатын барлық электрондық оқулықтар үшін қолданылады..

2. Нормативтік сілтемелер

Осы стандартта келесі стандарттарға сілтемелер пайдаланылды:

МБС 7.82-2001. СИБИД. Библиографиялық жазба. Электрондық ресурстардың библиографиялық сипаттамасы. Жалпы талаптар мен құрастыру ережелері.

МБС 7.83-2001. СИБИД. Электрондық басылымдар. Негізгі түрлері және басылымдық мәліметтер.

МБС 7.4-95. СИБИД. Басылымдар. Басылымдық мәліметтер.

МБС 7.9-95 (АБО 214-76). СИБИД. Реферат және түсініктеме. Жалпы талаптар.

ҚР СТ 1087-2002. Бағдарламалық құжаттаманың біртұтас жүйесі. Пайдаланушының басшылығы. Құрамына, мазмүнына және әзірлеуіне талаптар.

ҚР СТ 1.5-2004 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Стандарттардың дайындалуына, баяндалуына, безендірілуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар.

ҚР МЖМБС 2.003-2002 Қазақстан Республикасының Жалпы орта білім беру Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Негізгі ережелер.
3. Анықтамалар
3.1. Осы стандартта МБС 7.83-2001-ге сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылады.

3.2. Осы стандартта оған толықтыруға келесі анықтамаға сәйкес терминдер пайдаланылады.

3.2.1. Электрондық оқулық – оқыту процесінің заңдылықтарын және құрамдас бөліктерінің құрамын ескеріп білімдік процесс субъектілерінің интерактивтік қашықтықтық өзара әрекеттестігі ретінде электрондық оқытудың ақпарқатынастық білімдік ортасын қамтамасыз ететін қолданбалы бағдарламалық өнім.
4. Қысқартулар
МЖМБС – мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты

АБО – ақпараттық білімдік орта

ЭО – электрондық оқулық
5. Жалпы талаптар
5.1. Қазақстандық білім беру мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжаттарға сәйкестігі;

5.2. Электрондық оқулықты дайындау технологиясының ғылыми негізделген педагогикалық тұжырымдамасының бар болуы;

5.3. Оқу процесінің заңдылықтары мен қағидаларын есепке алу;

5.4. Тілді, әдебиетті және тарихты оқыту әдістемесі саласындағы педагогика ғылымының жетістіктерін есепке алу;

5.5. мектеп оқушыларының ғылым негіздерінің жүйесін меңгеруге және олардың тұлғааралық пен этносаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға бағытталған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндердің өзіндік ерекшеліктерін есепке алу.
6. Техникалық талаптар

6.1. Инсталляция мен деинсталляцияның қарапайымдылығы, сенімділігі мен толықтығы, іске қосудың жеңілдігі;

6.2. Windows 98/NT/2000/XP операциялық жүйелеріндегі жұмыс істеудің әдептілігі;

6.3. Электродық оқулық құрылымындағы оңай бағдарлануға мүмкіндік беретін бағыттаудың қарапайымдылығы;

6.4. ЭО-дың барлық мәлім етілген қызметтері мен мүмкіндіктерінің жұмыстық қабілеттерінің сенімділігі мен орнықтылығы;

6.5. Гетерогендігі (әр түрлі компьютерлердегі жұмыс істеудің орнықтылығы);

6.6. Техникалық құрамдас бөліктердің, сүйемелдейтін құралдардың (қажетті жүйелік бағдарламалардың, қаріптердің, плагиндердің, плеерлердің және басқалардың бар болуы) жеткіліктілігі;

6.8. Пайдаланушыларды рұқсат етілмеген әрекеттерден қорғаныстың бар болуы.


7. Электрондық оқулықтарға қойылатын жалпы

педагогикалық талаптар
7.1. Ғылымилық қағиданы қамтамасыз ету:

7.1.1. Оқу материалының мазмұнын, қазақ, орыс және шетел әдебиеттерінің авторлары туралы, тарихи және саяси қайраткерлер туралы биографиялық мағлұматтарды баяндаудың ғылыми дұрыстығы.

7.1.2. Оқу материалын баяндаудың қайшылықсыздығы.

7.1.3. Пайдаланылатын терминологиялардың қазіргі заманғы түсіндірмелерге сәйкестігі.

7.1.4. Оқу материалын баяндаудың толықтығы, теориялық ұғымдарды оқушылардың түсінуі үшін жеткіліктілігі және олардың дәлелдемесінің айқындылығы.

7.1.5. Ғылыми танымның негізгі әдістерін есепке алу (салыстыру, бақылау, абстракциялау, қорыту, нақтылау, аналогия, индукция және дедукция, талдау және жинақтау, эксперимент және т.б.)


7.2. Ұғымдылық қағидасын қамтамасыз ету:

7.2.1. Оқу материалын оқып білудің теориялық күрделілігі мен тереңдігін оқушылардың нақты жасы мен жеке ерекшеліктеріне үйлесімді ұсыну.

7.2.2. Оқу материалын оқушылдардың танымдық тәжірибесіне сүйеніп баяндау.

7.2.3. Деңгейлік саралау мүмкіндігі.

7.2.4. Оқушыларда парасаттық, адамгершілік, физикалық артық жүктемелердің болмауы.

7.2.5. Әдебиет бойынша ЭО-та оқу және оқып білу үшін, оқу және талқылау үшін, қосымша оқу үшін мәтіндердің бар болуы.


7.3. Көрнекілік қағидасын қамтамасыз ету

7.3.1. Оқу материалын қабылдауға және қайта өңдеуге сезім мүшелерін мақсатқа лайықты қатыстыру;

7.3.2. Оқу материалын барынша көрінерлік ету, оның ішінде:

• объективтік ақиқат заттардың және т.б. табиғи көрнекілігі;

• көлемдік көрнекіліктер: макеттер, фигуралар және т.б.;

• бейнелік көрнекіліктер: картиналар, фотографиялар, суреттер және т.б.;

• дыбыстық көрнекіліктер: әуен, дыбыстық фон және т.б.;

• символикалық және графикалық көрнекіліктер: графикалар, схемалар, формулалар және т.б.;

• көркемдік көрнекіліктер және т.б.

7.3.4. Көрнекіліктің ойлау қабілеті дамуының жас ерекшеліктеріне сәйкес пайдалану.

7.3.5. Тіл мен әдебиет бойынша ЭО-та ауызша және жазбаша сөздердің, көркем шығармалардың, оның ішінде актерлердің немесе авторлардың орындауындағы, тарих бойынша құжаттық көздердің (бейне, фотографиялар, құжаттардың көшірмелері, оқып білетін дәуірдің нақты мәтіндері) бар болуы.

7.3.6. Нақты бейнелік және көрнекілік-пәрменді ойлаудан абстрактылы, сөздік-логикалық ойлауға өтуді ынталандыру.


7.4. Жүйелілік қағидасын қамтамасыз ету.

7.4.1. Оқу процесінің құрылымдық құрамдас бөліктеріне сәйкестігі.

7.4.2. Ақпараттық білімдік ортаның педагогикалық архитектурасының бар болуы.

7.4.3. Тірегі бар ақпараттық білімдік ортаны айқын дидактикалық бірліктерге (модульдерге, ішкі модульдерге, бөлімдерге) ұйымдастыру.


7.5. Білімдерді игеру беріктілігі қағидасын қамтамасыз ету.

7.5.1. Оқу жетістіктерін жүйелі түрде бақылаудың, тексерудің, бағалаудың және өзін-өзі бағалаудың бар болуы;

7.5.2.Білімдерді бекітуге арналған интерактивтік тапсырмалардың қажетті санының бар болуы.
7.6. Саналылық қағидасы мен интерактивтікті қамтамасыз ету

7.6.1. Пайдаланушылар үшін оқу міндеттерінің айқын қойылымы.

7.6.2. Оқушылар мүддесіне тірек және ілім түрткілерін қалыптастыру.

7.6.3. Оқытудың өз траекториясын таңдау мүмкіндігі.

7.6.4. Оқушылардың белсенді ақыл-ой іс-әрекетін ұйымдастыру.

7.6.5. Шынайы уақыт режімінде өзара әрекеттестікті және кері байланыстарды ұйымдастыру.

7.6.6. Құрастыру мен жобалаудың шығармашылық міндеттерінің бар болуы.

7.6.7. Жалпы адамзаттық мәдениеттің бөлшегі ретінде тіл, әдебиет және тарих пәндерінің техникалық және көрнекілік құралдарымен осы пәндерге қарым-қатынасты, тұлғалық мәдениетті тәрбиелеу.


7.7. Теорияның практикамен байланыс қағидасын қамтамасыз ету.

7.7.1. Адамдар мен қоғам өміріндегі өзекті мәселелерді білдіретін танымдық және практикалық міндеттерді шешу процесіндегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік және гуманитарлық білімдерді өз беттерімен табысты қолдануға бағытталған мазмұнның, интерактивтік тапсырмалар мен тестілік сұрақтардың практикалық бағдарланғыштығы.

7.7.2. Тіл мен әдебиет бойынша ЭО үшін коммуникативтік маңыздылықа, жоғары тілдік пен көркемдікке ие мәтіндерді іріктеу.

7.7.3. Пәндік ақпараттық ортаның қазіргі заманғы қоғамның даму процесіне бағдарлануы.



7.7.4. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша Интернет ресурстарға сілтемелердің бар болуы.
8. Электрондық оқулықтардың ақпараттық білімдік ортасы оқу процесінің мына құрамдас бөліктерін есепке алып дайындалынады:

 құлшыныстық мақсатты;

 мазмұндылықты;

 операциялық іс-әрекеттікті

 бағалау-нәтижелікті.
9. Ақпараттық білімдік ортаның әрбір құрамдас бөлігі білімдерді игерудің негізгі процестерін – қабылдауды, ұғынуды, түсінуді, қорытуды, бекітуді практикада қолдануды – бейнелеуі тиіс.

9.1. ЭО-тың құлшыныстық-мақсатты құрамдас бөліктері:

9.1.1. Пән бойынша бойынша оқу бағдарламасын көрнекілік және көрінерлік түрде ұсыну; мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілі, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілі туралы, мәдениет аралық өзара әрекеттестік құрал ретінде шетел тілі туралы түсініктерді қалыптастыру; ана тілінде және шетел тілінде қарым-қатынасқа құлшыныс, әдеби және тарихи мұраның құндылық маңызын жете түсіну негізінде оқыту мақсаттарының айқын түсініктерін қабылдауға;


9.1.2. жергілікті, жүйелік және қызметтік білімдердің логикалық құрылымдық жиынтығы; оқып білетің тілдік құбылыстардың, әдеби және тарихи процесстердің, ауызша мен жазбаша сөйлеу іс-әрекеттері тәсілдерінің елеулі, елеулі емес белгілері мен қасиеттерінің логикалық тобы ретінде оқыту мақсаттарын ұғынуға;

9.1.3. модульге дыбыстық түсініктеме беру арқылы ұйымдастырылған ақпараттық білімдік ортаның; логикалық ойлауды, кеңістік елестетуді, алгоритмдік мәдениетті дамытудың қызметтік торабы ретінде модульді түсінуге;

9.1.4. пән бойынша модульдегі базалық ұғымдарды, әлем туралы білімдердің біртұтас жүйесін, отандық және әлемдік мәдениет мұрасына қарым-қатынасты қорытуға;

9.1.5. ұзақ уақыттық жадқа ауыстыруға мүмкіндік туғызатын модульді, оқып білетін материалға оқушылардың психологиялық көңіл-күйін, қызығушылық пен танымдық белсенділігін оятуды, орнықты назарын ұйымдастыруды бекітуге;

9.1.6. қайтадан шығармашылық ой елегінен өткізу, толықтыру арқылы модулді, қажетті оқу ақпаратын (мәтіндік, графикалық, көркемдік және б.) іздестіру құралы ретінде модульді қолдану және онымен жұмыс істеуді практикалық қолдануға;

бағытталатын болуы тиіс.
9.2. ЭО-тың мазмұндық құрамдас бөліктері:
9.2.1. танылытын заттардың, құбылыстар мен процестердің сезілетін сыртқы қасиеттері, сапалары мен белгілері ретінде оқушылардың санасына оқу-танымдық ақпаратты ұсынатын; ұсынылатын ережелердің дұрыстығын дәлелдейтін айқын және көз жеткізетін мысалдар мен деректердің жеткілікті санын, танылатын тілдік құбылыстар мен тарихи процесстердің түсініктерін енгізетін; анықтамалардың, ұғымдардың анимацияланған түсініктерін, тек шынайы объектілердің ғана емес, және де ғылыми заңдылықтардың, теориялардың, ұғымдардың маңызды қасиеттеріне динамикалық түсініктемелерді қамтамасыз ететін гипермәтінді қабылдауға;
9.2.2. келесі операцияларды: түсініктерде тіркелген оқып білетін құбылыстардың қабылданған қасиеттері мен белгілерін талдау, олардың маңыздылық дәрежесі бойынша осы заттар мен құбылыстардың мәнін ашу, оқып білетін заттардың, құбылыстар мен процесстердің мәнін (себеп пен салдарын) қалыптастыру үшін оқушыларды:

- конспектілеуге – оқылғанның мазмұнын қысқаша баяндауға, қысқаша жазуға (бірінші немесе үшінші адамның атынан);

- мәтіннің жай немесе күрделі жоспарын құруға;

тезирлеуге – оқылғанның/тыңдалғанның және көргеннің негізгі ойларын қысқаша баяндауға;

-дәйектеуге – мәтіннен сөзбе сөз үзінді келтіруге;

-формальды логикалық модельді құруға — оқылғанды/тыңдалғанды және көргенді сөзбен схемалық бейнелеуге;

-тақырыптық тезаурусты құруға – бөлім, тақырып және т.б. бойынша базалық ұғымдардың, түйінді сөздердің реттелген кешенін құруға тарту арқылы оқу-танымдық ақпаратты ұғынуға;


9.2.3 гипермәтінді және білім алушылардың ойлау іс-әрекетін – мәселелілік элементтері, мәселелік баяндалуы (көрсеткіштік және сұқбаттық мәселелік баяндалуы) бар хабарламалық баяндалатын оқып білетін құбылыстарды салыстыруды және талдауды – белсенді ету; оқып білетін материалдың дұрыс айқын бейнелерін жасау; әлемді және басқа адамдарды тану құралы ретінде ана, мемлекеттік және басқа тілдердің құндылық мәнін түсіну, қоғамдық процестердің немесе көркемдік құбылыстардың мәнін түсіну, мәтінді қабылдаудың оқырмандық мәдениетін дамыту және авторлық көзқарасты түсіну, анықтамаларды, анимацияланған қарталарды көрінерлік көрсетуге, тарихи оқиғалардың және олардың дамуын статикада емес, динамикада демонстрациялау; ережелерді, көркемдік мәтіндерді, тарихи оқиғаларға түсініктемелерді және т.б. әлденеше рет тыңдау мүмкіндіктерін түсінуге;
9.2.4. оқып білетін құбылыстардың маңызды және маңызды емес белгілерін ажырату; пайымдау (пікір айту), болжамдар мен теориялық қорытындылар ұсыну; мектеп оқушыларының көңіл-күй, мінез-құлық, парасаттық саладағы сезімдерін дамыту, көру-бейнелік жадын дамыту оқу ақпаратын қорытуға;
9.2.5. жаңа мәтіндік көздерге оқып білген заттарды, құбылыстар мен процестерді тасымалдау, қызметтік сауаттылықты қалыптастыру – әр түрлі формада берілген ақпаратты қабылдай және талдай білу, оқығанды, яғни сезініп оқығанды түсіну кезінде ғана мүмкін болатын ақпаратты шығарып алу; лексикалық қорды байыту арқылы парасаттық және сөздік біліктерді жетілдіру, логикалық ойлауды дамыту арқылы оқып білетін материалды бекітуге;
9.2.6. оқушылардың әдебиет, тарих бойынша алынған білімдерін, біліктерін, әсерлерін, абстакты теориялық білімдерін болмыстың нақты міндеттердің шешімін, сөйлеу ойларының дұрыстығын ресімдеуді, орфографиялық қырағылықты тудыруды, орфографияны пайдалануды, мәтінді құрастыру мен талдауды, оқушылардың барлық төрт қызметтік типін: ақпаратты шығарып алу мақсатымен (зерттеп білетін оқуды), негізгі ақпаратты (таныстыру ақпаратын), әр түрлі ақпарат көздерінде бағдарды анықтау мақсатымен ішінара ақпаратты (қарап шығу ақпаратын), қажетті материалдарды жедел іріктеу «іздестіру ақпаратын) – дамытуды; мәтінде сипатталатын құбылыстар мен оқиғаларды өзіндік бағалау білігін, басқа өнерлер қатарында әдебиеттің ерекшелігі туралы түсініктерді қалыптастыруды, көркемдік шығармаларды өз бетімен оқу қажеттілігін; көркемдік шығармашылық қабілетті, бейімділікті және қиялды көрсетуге ұмтылысты практикалық қолдануға

бағытталатын болуы тиіс.
9.3. ЭО-тың операциялық іс-әрекеттік құрамдас бөліктері мыналарға бағытталған болуы тиіс:

9.3.1. оқушылардың тапсырмаларды өз беттерімен орындау біліктерін мақсатты түрде қалыптастыруға бағытталған міндеттерді, мәселелердің мәнін, сұрақтарды, педагогикалық нұсқауларды дәл және айқын тұжырымдау арқылы интерактивтік тапсырмалардың шарттарын қабылдауға;


9.3.2. мәтінді өзіндік шығармашылық оқып білуді ұйғаратын, сол немесе басқа мазмұнға қатысты өзінің түсінікті ұстанымын қалыптастыратын; орындалуы мәтінді толық түсінетіні туралы куәландыратын тапсырмаларды, бастапқы көздерді, ақпаратты табудың; оқудың сауаттылығы бойынша мәтіннің мазмұнына немесе оның формасына және оны бағалау рефлекциясына мәтіннің түсініктемесін берудің; қайта жаңғыртушылық, ауызша, жазбаша, жаттығушылық, графикалық, мәселелік-іздестірушілік жаттығуларды, диктанттардың, қартамен жұмыстың әр түрін орындаудың оқу-танымдық оқырмандық іс-әрекет тәсілдерін ұғынуға,

9.3.3. жай механикалық есте сақтауды емес, жауапты құрастыруды талап ететін ойлау іс-әрекетіне бағдарланған және бақыланатын жаттығушылық әрекеттер (ауызша-жазбаша, жаңғыртылатын, жаттығушылық, жобалық, графикалық, мәселелік іздестірушілік, эвристикалық, зерттеушілік, шығармашылық тапсырмалар; практикалық жұмыстарды және б.) мүмкіндігін ұсынатын тапсырмалардың алуан түрлі формаларының есебінен іс-әрекеттердің барынша мүмкін түрлерін енгізу, форма мен мазмұнның біртұтастығындағы көркемдік шығармалардың, негізгі тарихи-әдеби мағлұматтардың және теориялық-әдеби ұғымдардың мәтіндерін меңгеру, базалық әдебиет зерттеушілік ұғымдарды және әдебиеттің тарихы бойынша қажетті мағлұматтарды пайдаланып көркемдік шығармаларды оқу мен талдау біліктерін игеру; шығармалардағы нақты тарихи және жалпы адамзаттық мазмұнды, анықтау, өзіңнің мәтіндеріңді дайындау кезінде қазақ/орыс әдеби тілдерін сауатты пайдалану негізінде оқу ақпаратын түсінуге;


9.3.4. жаттығуларды, жобалық және шығармашылық тапсырмаларды жүргізу реттерін; практикалық жұмыстарды шешу алгоритмін; ақпаратты іздестіру, жүйелеу, талдау мен топтастыру біліктерін қалыптастыруды қамтамасыз ететін алуан түрлі интерактивтік тапсырмаларды орындау, оқулықтың ашылған мәтіндік ақпаратын кестелерге, схемаларға, диаграммаларға түрлендіру, оқиғалар мен құбылыстардың ортақ және айрықша элементтерін анықтау, олардың жеке элементтерінің (деректердің, ұғымдардың, ұсақ-түйектердің) арасындағы көп жақты байланыстар мен қатынастарды анықтау тәсілдерін қорытуға;

9.3.5. білімдерді ұзақ уақыттық жадқа аударуға және олар үшін қолдан келетін және маңызды оқу мәселелерін шешуге; мұғалімнің түсіндіргенін қайта айтып беруге, картинаның сипаттамасынан кейін оның мазмұнын сипаттауға, жай және күрделі жоспарды құруға, таныс салыстыруға жаттығуға, схема бойынша тарихи тұлға туралы айтып беруге, іздестіруді талап етпейтін жауап беруге, контурлық картаға оқиғалар орнын орналастыруға, хронологиялық кестелер құруға, оқудың жете түсініктілігіне, дұрыстығы мен мәнерлігіне, деректерді, хронологияларды, карталарды білуді анықтауға; оқылатын тарихи деректердің, тілдік немесе әдеби құбылысьтардың, олардың арасындағы байланыстардың мәнін түсіну мен меңгеруге мүмкіндік туғызатын оқып білу материалын бекітуге,


9.3.6. практикаға: қолданбалы сипаттағы шығармалардың бар болуы, шамалы үзілістен кейін жаңа жағдайда, оқылатын құбылыстардың, заңдардың, заңдылықтардың, себеп-салдарлық тәуелділіктердің жаңа мысалдарында игерілген оқу материалын қолдануға интерактивтік тапсырмалардың, проблемаларды шешу үшін жағдаяттар мен белгіленген мақсаттарға байланысты тілдік білімдер мен сөйлеу машықтарын пайдаланудың бар болуы; қоғамдық және құқықтық мәселелерді шешуге іздестіру жүргізуді білу, стандарттық жағдаяттарда стандарттық емес шешімді табу, меңгерілген білімдерді, біліктерді және машықтарды шығармашылық жобалдарда қолдану; білім алушы өз ниетін жүзеге асыратын эссені жазу, ауызша және жазбаша сөйлеуде өз ойын айқын, дәл және сауатты баяндауды талап ететін жағдайда өз атынан әрекет ету, безендіру, түсініктеме беру, дәлелдеме беру және дәлелдеу үшін ақпаратты әр түрлі формада (ауызша сөзбен, графиктердің, символдардың, суреттердің және құрылымдық схемалардың көмегімен) өңдеу және ұсыну; оқу және өмірлік міндеттерді шешу үшін ауызша және жазбаша қатынастың алуан түрлі тілдік құралдарын пайдалану; қарым-қатынастың оқу-еңбек, тұрмыстық және мәдени сферасының ауқымында сұқбаттық қарым-қатынасты жүзеге асыруды білу; қоғамдық оқиғалардың, процесстердің және құбылыстардың өзекті мәнін талдай және түсіндіре білу; жеке қатынасты айту қабілеті, оқып білетін фактілердің бағасын негіздеу және беру.
9.4. ЭО-тың бағалау-нәтижелік құрамдас бөлігі:

9.4.1. тестілеуші бағдарламаларды, қорытатын тестілерді, оқушылардың оқу жетістіктерін тәуелсіз бақылау мен бағалауды қамтамасыз ететін негізделген педагогикалық тағайындаулары мен нұсқаулары бар бақылау жұмыстарын; нәтиже, дұрыс және дұрыс емес жауаптардың саны көрсетілімін қабылдауға;


9.4.2. бақылау-түзетуші, бақылау-ескертуші, бақылау-ынталандырушы және бақылау-қорытушы сияқты; бастапқы, аралық, қорытынды сияқты; көп деңгейлік сияқты бақылаудың алуан түрі бар тестілейтін бағдарламалардың мәнін ұғынуға;
9.4.3. тестілейтін бағдарламалардың мазмұнын, олардың электрондық оқулықтың мазмұнымен сәйкестігін және тестілік материалдың білім алушы іс-әрекетінің бағаланатын деңгейімен сәйкестігін қорытуға; лексиқалық қорды байыту арқылы зияткерлік пен сөйлеу біліктілігін жетілдіруге, тестілерді орындау кезінде логикалық ойлауды дамытуға;
9.4.4. сұрақтарды кездейсоқ таңдау әдісімен тестілерді бағдарламалау негізінде білімдерді ұзақ уақыттық жадқа ауыстыруға мүмкіндік туғызатын оқып білетін материалды; оқу машықтарын өзіндік бақылауды ұйымдастыру біліктерін бекітуге;

9.4.5.на практику, на приложимость абстрактных теоретических знаний и формирование умения применять полученные знания для решения конкретных практических задач действительности; способность к творческому осмыслению тем сочинений и изложений как показателю лингвистического развития учащихся; творческое применение исторических знаний, умение работать с историческими и литературными источниками, осмысливать исторические события и художественные произведения на основе сравнительного анализа.

9.4.5. абстрактылы теориялық білімдердің қосымшасын және болмыстың нақты практикалық міндеттерін шешу үшін алынған білімдерді қолдану біліктерін қалыптастыруды; оқушылардың лингвистикалық даму көрсеткіші ретінде шығармалар мен мазмұндамалардың тақырыптарын шығармашылық ұғыну қабілетін; тарихи білімдерді шығармашылық қолдануды, тарихи және әдеби көздермен жұмыс істеу білігін, тарихи оқиғалар мен көркем шығармаларды салыстырмалық талдау негізінде ұғынуды практикада қолдануға

бағытталған болуы тиіс.
10. Дизайн-эргономикалық талаптар
10.1. Интерфейстің бір түрлілігі: көмек, жазбалар, анықтамалар жүйесі, электрондық оқулықтың әр түрлі құрамдас бөліктерін және қоғамдық-гуманитарлық пәндердің ерекшеліктерін ескеретін, басқаларды айқын ажыратуды қамтамасыз ететін бір типті таңбашаларды (икондарды) және басқа арнайы символдарды пайдалану.

10.2. Монитор экранында түстік көзге көрінерлік ортаның қолайлылығы: пайдаланылатын түстердің тұрақтылығы, фонға қатысы бойынша кескін қанықтылығының ұтымдылығы; орнықты көру бірлестігіне түстердің сәйкестігі, бір экранда толқын ұзындықтары әр түрлі төрттен артық түстерді пайдаланудың мүмкін еместігі және т.б.

10.3. Бейнеқатарлардың, бейнеүзінділердің, анимацияның, безендірудердің, графикалық және фотобейнелердің, динамикалық модельдердің, қаріптік және суретті мәтіннің және т.б. жоғары сапасы.

10.4. Дыбыстық сүйемелдеудің жоғары сапасы: кадрды сүйемелдейтін мақамның (дыбыс ырғағының) сапасы, дыбыстық сүйемелдеу ырғағының жағымдылығы, дыбыстық фонның, әуеннің және т.б. сапасы.

10.5. Бағыттау жылдамдығының қолайлығы, қарапайымдылығы, біркелкілігі: бір беттен екінші бетке орын ауыстыру кезіндегі жауап уақыты, жауапқа реакция немесе басқару әрекеті 10 секундтан артық болмауы тиіс.

10.6. Пернетақтаны, тышқанды, микрофонды, сканерді, принтерді және басқа құрылғыларды пайдаланудың мақсатқа лайықтылығы, әдептілігі және қолайлылығы.

10.7. Нұсқаулар мен көмектің бар болуы, олармен жұмыс істеудің қолайлылығы.

10.8. Қаріптер мен графикалық шешімдердің оқушылар жасына сәйкестігі: 1-4 сынып үшін ЭО-тың қарпінің кеглі 14-тен аз емес, 5-9 сынып үшін 12-ден аз емес.


11. Басылымдық мәліметтердің құрамы
11.1. ЭО-тың әр түрлі орындарында орналастырылатын сол бір мәліметтердің арасында айырмашылық болуға рұқсат етілмейді. ЭО-тың барлық нұсқалары үшін ортақ басылымдық элементтер айырмашылықсыз берілетін болуы тиіс.

11.2. ЭО-тың басылымдық мәліметтерінің негізгі элементтері болып келесі төмендегілер саналады:

- электрондық басылымдарды әзірлеуге қатысқан авторлар және басқа жеке адамдар мен заңды адамдар туралы мәліметтер;

- электрондық басылымның бас тақырыбы;

- тақырып үстіндегі мәліметтер;

- тақырып астындағы мәліметтер ;

- басылымдық мәліметтер;

- басып шығару мәліметтері;

- ең аз жүйелік талаптар;

- топтастыру көрсеткіштері (УДК және ББК);

- халықаралық стандарттық нөмірлер (ISBN, ISSN);

- авторлық құқықты қорғау белгісі;

- штрих-кодтар;

- библиография;

- түсініктеме.

11.2.1. ЭО-тағы автордың есімі, бас тақырып, тақырып үстіндегі мәліметтер, басылымдық мәліметтер, топтастыру көрсеткіштері, халықаралық стандарттық нөмірлер, авторлық құқықты қорғау белгісі ГОСТ 7.4 анықтаған формада келтіріледі.

11.2.2. Тақырып үстіндегі мәліметтер дайындаушы ұйымның атын енгізеді.

110.2.3. Басылымдық мәліметтер шығарушы баспаның орнын, дайындаушының есімін және ЭО-тың шыққан жылын енгізеді.

11.2.3.1. ЭО-тың басылып шыққан орны дайындаушы мекеменің заңды мекен-жайы болып есептеледі.

11.2.3.2. Басылымды дайындау мен басып шығаруды жүзеге асыратын дайындаушы заңды тұлға болып саналады. Дайындаушының есімі оны тіркеу кезінде тағайындалған үлгіде келтіріледі. Бөлім немесе филиал шығарған ЭО-та дайындаушының есімі, ал содан кейін бөлімнің немесе филиалдың атауы көрсетіледі. Бірнеше дайындаушы бірлесіп шығаратын ЭО-та әрбір дайындаушы-әріптестің тұрған орны мен есімі көрсетіледі.

11.2.3.3. Басылымның шыққан жылын «жыл» немесе қысқарған «ж.» сөзінсіз араб цифрларымен белгілейді.

11.2.4. Барлық басылымдарда авторлық құқықты қорғау белгісі зияткерлік меншікті қорғау бойынша халықаралық заңға сәйкес келтіріледі. Авторлық қорғау белгісі шеңбер ішіндегі «С» әрпінен, құқық иесінің атауынан және шығарманың басылған жылынан тұрады.

11.2.5. Тақырып астындағы мәліметтер өзіне бас тақырыпты түсіндіретін мәліметтерді, негізгі ақпараттың табиғаты бойынша ЭО-тың түрі, тағайындалу мақсаты, басып шығару кезеңділігі туралы мәліметтерді, нұсқа туралы мәліметтерді енгізеді.

11.2.6. ЭО-тың басып шығару мәліметтері өзіне келесі мәліметтерді енгізеді: дайындаушының атауын, оның пошталық және электрондық адресін, телефонын; мәліметтердің Мб-тағы көлемін; дыбыстық және бейне үзінділердің минут бойынша ұзақтығын; басылымның жиынтығын (тасуыштардың саны, ілеспе құжаттаманың бар болуы және т.б.); таралымы (жергілікті электрондық басылым үшін), басып шығару қызметіне лицензия нөмірін және оны беру айы-күнін.

11.2.7. Компьютерге (типі, процессор, жиілік; қатқыл дискідегі бос жадтың көлімі, жедел жадтың көлемі); операциялық жүйеге; бейнежүйеге; акустикалық жүйеге; қажетті қосымша бағдарламалық жасақтамаға (электрондық басылымның құрамына кірмейтін) және жабдыққа барынша аз жүйелік талаптарды енгізеді.

11.2.8.Штрих-кодтар мұқабаның, түптеу жапқышының соңғы жағына, супер мұқабаның төменгі сол жақ немесе оң жақ бұрышына келтіріле алады. Штрих-кодтарды EAN стандартымен сәйкес дайындайды.

11.2.9. Библиографиялық сипаттама МС7.82-мен сәйкес келтіріледі.

11.2.10. Түсініктеме МС 7.9-бен сәйкес дайындалынады және безендіріледі.

11.3. Егерде дайындаушы электрондық оқулықтың елеулі ерекшеліктерін бейнелейді деп есептейтін болса, онда ол электрондық оқулық туралы өзінің пікірі бойынша кез келген басқа мәліметтерді үстемелей алады.
12. Басылымдық мәліметтерді орналастыру
12.1. Басылымдың мәліметтерді орналастырудың негізгі орны электрондық оқулықтағы титуль парағының рөлін орындайтын титульдық экран. Титульдық экран өзара өтулермен байланысты бірнеше бөліктерден тұра алады.

12.2. СD-дағы электрондық оқулықтардағы басылымдық мәліметтер де ЭО-ты әзірлеудің келесі элементтерінде орналасады: электрондық тасуышта тікелей тұрған этикеткеде; алғашқы буманың бет, ішкі және артқы жақтарында, екінші ретті буманың бет, артқы және (егерде қалыңдығы мүмкіндік беретін болса) бүйір жақтарында; қағаз тасуыштағы жолдама құжаттамада. Екінші ретті бума мен жолдама құжаттама жоқ бола алады; Екінші ретті бума мен жолдама құжаттама жоқ бола алады.

12.3. Жергілікті электрондық басылдымдардағы басылымдық мәліметтер мен барынша аз жүйелік талаптар тек сыртқы дайындау элементтерінде ғана келтіруге ұқсат етеді де титульдық экранда келтірілмейді.

12.4. Электрондық оқулықтағы басылымдық мәліметтердің жеке элементтерін келтіру және оларды орналастыру міндеттілігі 1-кестеде келтірілген.



1-кесте — Басылымдық мәліметтердің элементтерін келтіру міндеттілігі

Басылымдық мәліметтердің элементтері


Орналастыру орны

Титульдық экран

Тасуыштың этикеткасы



Алғашқы қорап

Екінші ретті қорап

Жеке басылған ілеспе құжаттама

Электрондық басылымды әзірлеуге қатысқан авторлар мен басқа жеке және заңды тұлғалар туралы мәліметтер

О

О

О

О

О

Тақырыбы

О

О

О

О

О

Тақырып үстіндегі мәліметтер

Ф

Ф

Ф

Ф

Ф

Тақырып астындағы мәліметтер

Ф

Ф

Ф

Ф

Ф

Басылымдық мәліметтер

О

О

О

О

О

Шығарылымдық мәліметтер

Ф

Н

О

О

Н

Ең аз жүйелік талаптар

Ф

Ф

О

О

О

Топтастыру көрсеткіштері, мемлекеттік тіркеу нөмірі, халықаралық стандарттық нөмірлер

Ф

Ф

Ф

Ф

Ф

Авторлық құқықты қорғау белгілері

О

О

О

О

О

Штрих-код

Н

Ф

Ф

Ф

Н

Библиографиялық сипаттама

Ф

Н

Ф

О

Ф

Түсініктеме

Ф

Н

Ф

О

Ф

Ескерту: О — элемент міндетті түрде келтірілетінін білдіреді,

Ф — факультатив түрінде, Н — элемент келтірілмейді.








Каталог: doc -> 025
doc -> Аэробус а-320 Самолет а-320 — флагман семейства среднемагистральных узкофюзеляжных самолетов европейского концерна Airbus. Самолет полностью сертифицирован для полетов в России и за рубежом. Технические характеристики
doc -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
025 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «Ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ» АҚ
025 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «парасат» Ұлттық Ғылыми-технологиялық холдингі ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ
025 -> Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ
025 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «парасат» Ұлттық Ғылыми-технологиялық холдингі ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ
025 -> Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет